SlideShare a Scribd company logo
1 of 25
Судың жер бетінде кездесетін процестерге әсері және халық
шаруашылығында атқаратын рөлі.
КІРІСПЕ
Су туралы ата-бабаларымыз өте ертеден-ақ құнды пікірлер айтқан. Су қазақ
халқы үшін философиялық ой түюдің негізі болды. Әлемдегі түрлі жүріп
жатқан құбылыстарды су арқылы не сумен салыстыра қабылдады.
«Аққан суда тоқтау жоқ, тіршілікте талас жоқ» деген нақыл сөзде әлемдік
шексіз дүниенің мәнгілік екенін, олар тоқтаусыз үнемі қозғалыста болатынын
ағын сумен салыстырады. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі
– су. Су – өмір көзі, жер нәрі, тіршілік көзі. Сусыз ешбір организм өмір сүре
алмайды. Өйткені барлық тіршілік көзі оранизмдегі суға байланысты. Су –
тіршіліктің тірегі. Сусыз тіршілік болмайды.
Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының
маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық құрамымен,
ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау.
Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және
адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.
Су-зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі
мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол
қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық
шаруашылығында, медицинада, және т.б.толып жатқан салаларда кеңінен
қолданылады. Су-физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының
зерттеу объектісі.
Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен
қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту
арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.
«АУЫЗ СУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ»
1
Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін
басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының
70%-ін немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ
құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен
әсерін тигізеді.
Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан
кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса
тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары
температураларда да (300ºС-ден жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау
жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер +40ºС-ден жоғары
температурада сұйық күйінде болады. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген
мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша
дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр.
Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр.
Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия
мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік
Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр.
Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.
Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды
жақсартудағы ролімен тікелœей байланысты. Адамның санасының өсуінің
нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.
Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе
алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың
жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және
қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту
мен оны қолдануға бақылау жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес,
халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.
Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көп
аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр.
Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км3
, ал
бұл 1995 жылғы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м3
келœеді.
Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде.
Мысалы, 1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м3
-ге дейін
төмендеуі мүмкін.
2
Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз
пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су
қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың
сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады.
Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана
қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және
буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар
қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады.
БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін
құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су мәселœесі пайда болады. Бұл жағдайда
су мәселœесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне
айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып
пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының
азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд.
м3
таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде
орнына қайтып келмейді.
Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселœелері
бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты
түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының
деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта
бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің
негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.
Деректер бойынша 2005 ж. әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық
ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық
және қоғамдық шиелœеністерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу
Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта
қалғандықты,саяси тұрақсыздықты әкеліп отыр.
Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі
болып отыр.
Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз
айларында жарты миллионға жуық палестиндерге Иордан өзенінің батыс
жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль мемлекетіне деген қатты
наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш төменгі жақтарында кейде кеуіп
қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей
мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999
жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру
3
басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі
азайып келœеді.
Жеке елді, аймақты таза сумен қамтамасыз ету мәселœелері тек сол елге ғана
қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай
дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап
етеді. Үлкен ойшылдықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі
стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды
бағыттамаларының бірі болып тұр.
БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды Халықаралық таза ауыз су жылыʼʼ ʼʼдеп
белгіледі.
Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды
тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың
сарқылуы мәселœесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл
әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек
құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол
бермеу;
5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау
нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау
әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды
тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже
береді.
Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына
шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген
сұраныс күрт өсіп кетті және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді.
Көптеген өндіріс мекемелœері осы ағынды суларды су құбырларымен
өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен
көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық
қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға
соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың
денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы,
әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда
артық екендігі анықталып отыр.
4
Мәселœен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын
болғандықтан қазір қатты ластанып отыр.
Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың
құрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары)
иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды
суларымен келœеді.
Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің суында сынап өте көп. Оның
құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал
Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі
улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш
көлінің суы Балшахмед өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларыныңʼʼ ʼʼ
әсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық
пайдалану және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай
жіберудің салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен
көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды
жіберуден болып отыр.
Су құбырларын көп ластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз, химия,
мұнай өндірістері, металлургиялық және тау-кен өндірістік мекемелœері
жатады.
Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарылаудың ең басты жолы -
өндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау,
аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу.
Осындай қор сақтайтын технологияның бірі - Әл-Фараби атындағы қазақтың
ұлттық университетінің жасаған, суды лазермен активизациялау. Белгілі
жиілікте, аз қуатпен суды лазердің сәулесі арқылы активизацияланғанда
сингитті оттегі қозады, содан барып, суды тез активизациялайды.
Су қоймаларын, өзенді тазарту, мал шаруашылығына қажетті жоғары белокты
жемшөп алу үшін лазерлі агрогидроэнергетикалық модуль жасалды. Мұны
технологиялық жағынан сынау және өндіріске енгізу Алматы қаласының
Сорбұлақ көлінде, Ертіс өзенінде және Бұқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол
үшін өзен және су қоймаларын тазартудың тиімділігін анықтау жұмыстары
атқарылады. Бұл лазерлі агроэнергетикалық модульді қолдану арқылы
биологиялық сапасы жоғары су алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бұл
модуль судағы ауыр металдардың иондарын және улы органикалық заттарды
айтарлықтай кемітеді. Гидроегістікке лазерді қолдану көк балаусаның өнімін 8-
10 есе жоғарылатады, судың бактериялық ластығын 10 есе, қорғасынның
иондарын 40, никельді 80, кадмийді 55, сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке
5
қысқартуға болатындығы дәлелденді. Суды резонансты лазерлі әдіспен өңдеу
анаэробты бактериялардың және вирустардың өмір сүруін тоқтатады,
эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін төмендетеді, хлор және басқа
тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетін жоғарылатады.
Сонымен, өсімдіктерге, жануарларға және адамға қажетті биологиялық жоғары
сапалы судың алынуына жағдай туғызады.
Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық
жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді пайдалану
керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет.
Мысалы, аэрозольді әдісті қолданғанда ауа, өсімдік және топырақ кішігірім
тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады.
Тағы бір айта келетін жай – ағын суларды су құбырларына жіберіп, суды
ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс
қажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ
қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып
машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті
өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты
бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек.
Біздің Қазақстанда минералды (құрамында 1-6 г/л тұзы бар) су қорлары өте көп,
оларды тиімді пайдалану қажет. Ал ол үшін суды тұщыту керек. Ал өндіріс
орындары мен шаруашылықтар лас ағынды және аяқ суларды су құбырларына
жібермегендері жөн. Ластанған су көздерін лазер технологиясы арқылы
тазартқан тиімді. Ол әрі арзан, адамның денсаулығына да зиянды әсер етпейді.
Бұл ғылыми озық әдіс бойынша еліміздің кез келген өзендері мен көлдерінің
суларын тұщытып, ауыз суға пайдалана аламыз.
Су объектілерін зерттеу әдістері.
Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай
негізгі әдістерді пайдаланады, олар 1) тұрақты бақылау (стационар); 2)
экспедициялық, 3) тәжірибелік (эксперименттік), 4)теориялық
Тұрақты бақылау әдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі
элементтерінің мерзімдік қозғалысын зерттеу үшін қызмет етеді.
Гидрологиялық режим дегеніміз-су объектілерінің жайкүйінің белгілі бір
заңдылықпен құбылуы яғни су деңгейінің, шығынының температурасының, мұз
қату құбылыстарының және т.б. сипаттамаларының тәуліктік, маусымдық және
көпжылдық құбылмалылығы. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау
гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар
6
бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына
сәйкестендірілген. Бақылау материалдары өңдеуден өткен соң географиялық
қорытындылар шығару үшін, атластар мен гидрологиялық сипаттамалардың
картасын жасау, сонымен бірге теориялық және қолданбалық мақсаттар үшін
кеңінен пайдаланылады.
Экспедициялық әдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің физика-
географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға, далалық
ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер
мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімді түрде пайдалануға жағдай
туғызады.
Тәжірибелік (эксперименттік) әдіс жалпы гидрологиялық құбылыстар- мен
қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді.
Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен
арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыраққа
сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен булану және басқа да көптеген
құбылыстар зерттеледі.
Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттардың физиканың
жалпы заңдары және математикалық тәсілдердің көмегімен тексеріліп отырады.
Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер
жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдаланылған жағдайда алынатын
болады.
Судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері
Химиялық таза су массасы бойынша 11,19% сутегі және 88,81% оттегіден
тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының
нәтижесінде пайда болады.Судың молекуласында сутегі мен оттегінің
атомдары тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарына орналасқан:төбесінде
оттегі атом орналасса,негізінен орналасқан қос бұрышта – сутегінің бір-бір
атомы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы шамамен 105ºС, ал сутегі мен оттегі
ядроларының ара қашықтығы шамамен 0,97*10 8см,және сутегі ядроларының
арақашықтығы 1,53*108см.
Бу күйіндегі су негізінен қарапайым гидрольдер деп аталатын
молекулалардан (Н2О) тұрса,ал сұйық күйінде дигидроль(Н2О)2 мен
тригидрольден (Н2О)3 тұрады.Қатты (мұз) күйіндегі суда тригидроль (Н2О)3
молекулалары басым болады.Температурамен қысымның өзгеруіне сәйкес
7
гидроль,дигидроль және тригидрольдердің өзара қатынастары да өзгеріске
душар болады.
Судың сұйық немесе қатты күйінен буға айналу және керісінше,бу³³дан
сұйық күйге өтуі су немесе мұз бетіндегі бу қысымының белгілі бір
дәрежесінде мүмкін болады және ол температураға тәуелді.Тепературасы
0,0075ºС-ге тең болса,ал қысым-6,1гПа,онда бір мезгілде бу,мұз және сұйық су
орнықты тепе-теңдік жағдайда болады.
Сұйық фазада судың молекулаларының құрылымы кварцтың кристалдық
торына сәйкес келсе,қатты (мұз) фазада тридимидттің торына тура
келеді.Тридимит торының тығыздығы кварцқа қарағанда 10%-тей
артық.Мұздың тығыздығы суға қарағанда аз.Су мұз күйіне ауысқан жағдайда
оның меншікті көлемі 10%-ке ұлғаяды.Таза мұздың тығыздығы 0ºС
температурада 0,9167*10³ кг/м³,ал судың тығыздығы-0,99987*10³кг/м³,
сондықтан да мұз су бетінде қалқып жүреді,сонысымен су көзін түбіне дейін
қатып қалудан сақтайды.
Температураның 0ºС-ден +4ºС-ге дейін өсу барысында судың тығыздығы ең
жоғары шамасына (0,99997*10³кг/м³)жетеді, ал одан әрі өскен сайын
молекулалардың ара қашықтықтарының өсуіне байланысты судың тығыздығы
кеми береді.
Теңіз суы үшін ең жоғары тығыздық температурасының тұздылығына
тәуелді. Теңіз суы шамамен – 1,0-2,0ºС температура аралығында қатады, ал
100,08-100,64ºС-де (қалыпты қысымжағдайында) қайнайды. Суға ең жоғарғы
меншікті жылу сыйымдылығы сәйкес келеді.
Судың меншікті жылу сыйымдылығы деп 1кг суды 1Қ-ге ( немесе 1ºС-ге)
жылытуға кететін жылудың мөлшерін айтамыз. Судың жылу сыйымдылығы–
4,19*10³Дж/(кг*Қ).
Ауа мен жер қабығы жыныстарының меншікті жылу сыйымдылығы
айтарлықтай аз; ауа - 993 Дж/ (кг*Қ), кварц -796 Дж/=(кг*Қ) гранит -838 Дж/
(кг*Қ).
Судың үлкен жылу сыйымдылығына иелік етуі құрлықтағы судың салқындау
және жылу процестерінде айтарлықтай рөл атқарады, сонымен қатар су
көздеріне жақын аймақтардың климаттық жағдайының қалыптасуына әсері мол
болады.
Табиғатта су айналымы
Су үздіксіз қозғалыста болады. Ол үздіксіз айналым процесінде буға, одан
суға айналып отырады.
8
Жыл сайын жер бетінен 577 мың текше километр су буланады. Оның көбі
(505 мың км³) мұхит бетінен, азырағы (72 мың км³) құрлықтан буланады.
Бу атмосферада белгілі бір жағдайларға байланысты конденсацияланады,
яғни жауын-шашынға айналады. Жауын-шашын жер бетіне қар, жаңбыр немесе
бұршақ түрінде түседі. Құрлыққа жауған жауын-шашын топыраққа сіңу
жолымен жер асты суларын байытады, жер беткейлерімен ағып келіп тұрақты
немесе уақытша ағын суларды құрайды, ал қалған бөлігі тағы да булануға
түседі.
Бұл жер беті мен атмосфера арасындағы үздіксіз жүретін тұйық ылғал алмасу
табиғаттағы су айналымы деп аталады. (1.2-сурет). Су айналымының екі түрі
болады.
1.Кіші немесе мұхиттық су айналымы, яғни мұхиттар мен теңіздердің
бетінен буланған ылғал құрлыққа тасмалданбай, су бетінен аспанға тік
көтеріліп конденсацияға ұшырап, теңіздер мен мұхиттардың бетіне жауын-
шашын болып қайта оралады.
2.Үлкен айналым. Бұл – ылғалдың ауа ағымдарының күшімен мұхиттардың
үстінен құрлықтарға тасмалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын-
шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты
жолымен қайта оралу процесі.
Су буының мұхит бетінен келген кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық
аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі және қайтып оралмайды, яғни үлкен
айналымға қатыспайды.
Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес.
Біздің ғаламшардың көлемінде әдетте ылғал айналымының мынадай типтері
қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхит аралық,
атмосфера, топырақ және биосфера аралық. Ылғал айналымының барлық
типтері тұйықталмаған болып келеді.
Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықішілік ылғал
айналымының негізгі элементтері болып табылады.(1.3-сурет)
Қарастырылып отырған аумақтан сыртқа кететін су буының мөлшері – С
мына теңдеу арқылы өрнектеледі
С=А – Х + Е
Мұндағы А – сырттан келген су буының мөлшері; Х – екі түрден тұратын
жауын-шашын мөлшері; Х - адвективтік жауын-шашын, Х - жергіліктіᴀ ᴇ
буланудан құралған жауын-шашын; Е – булану.
Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау.
Судың күйлері жөніндегі негізгі түсініктер
9
Суды қорғау деп адамзатың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін
жақсартуға, қалпына келтірілуге және оларды сақтауға бағытталған әрекетін
айтамыз.
Бұрынғы ТМД-ның және басқа да тәуелсіз республикалардың Негізгі
Заңдарында: «...судың физикалық-химиялық және гидробиологиялық
қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы мен оның өзін-өзі тазарту қабілетінің
нашарлануының әсерінен адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, балық
қорларының азаюына, сумен қамтамасыз ету жұмысын нашарлатуға және тағы
басқа да қолайсыз құбылыстарға әкеліп соғатын ластанудан, қоқыстанудан
және сарқылудан барлық су көздері қорғалуға тиіс», - деп жазылған.
Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей
немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске
ұшырауының, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез
келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың ластану деп атаймыз.
Әдетте су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін
бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, метал сынықтары, құрылыс
қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын қоқыстану деп атаймыз.
Судың сарқылуы деп адамдардың әрекетінің әсерінен тұрақты сипатта су
мөлшерінің кемуін айтамыз.
Су көздерінің ластану дәрежесі судағы зиянды қоспалардың шоғырлануымен
анықталады және халық шаруашылығы салаларының талаптарына сәйкес
бағаланады. Ең қатаң талаптар су пайдаланудың шаруашылық – ауыз су мәдени
– тұрмыстық салаларына қойылады. Себебі, ластануды бірінші кезекте
адамдардың денсаулығына қатерлі екендігінде және олардың өмірлерінің
санитарлық жағдайының нашарлауына әкеліп соғуының мүмкін болуында.
Судың органолептикалық қасиеттері оның иісін, дәмін және ондағы
тасынды қоспаларды сипаттайды, әр адамға жағымсыз әсер етеді. Бұл қасиеттер
балл-мен бағаланады.(22-кесте).
Су пайдаланудың мәдени-тұрмыстық жерде судың 1-2баллдан аспауы қажет.
Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсетіп қолданады. Әдетте
судың дәмдік қасиеттерінің иістік қасиеттерінің шегінен асқанда көрініс береді.
Ауыз су ретіндепайдаланылатын су көздері үшін судың түсі 20 см түтікшеде,
әл басқа жағдайлардың ішінде- 10 см түтікшеде байқалмауы шарт.
Иістердің күшею көрсеткіші
Балл Белгілері
0 (иіс жоқ)
1 (өте әлсіз)
Иіс сезілмейді
Пайдаланушыға сезілмейді, бірақ
10
2 (әлсіз)
3 (елеулі)
4 (анық, айқын)
5 (өте күшті)
зертхана жағдайында білінеді.
Пайдаланушыға байқалмайтын, бірақ
көңіл аударса сезілетін иіс.
Суды ішуге жағымсыз ететін, оңай
сезілетін иіс.
Өзіне көңіл аудартатын және суды
ішуге ұнамсыз ететін иіс.
Суды ішуге жарамсыз ететін
соншалықты күшті иіс.
Табиғат суларының негізгі ластану көздері
Өнеркәсіп ағындылары. Табиғат су көздерін ластаудың ең көп бөлігін
халық шаруашылығының мұнай өңдеу, химия, сабын қайнату, целлюлоза-қағаз,
текстиль, металлургия тау-кен салаларының кәсіпорындары береді.
Өнеркәсіп ағындыларының барлығы дерлік әр түрлі дәрежеде судың
сапасына кері әсер ететін мұнай шикізаттарымен ластанған. Тіпті, судың
құрамында мұнайдың елеусіз мөлшерінің (0,2...0,4 мг/л) кездесуі суға арнайы
иіс береді, ол иіс суды сорғыдан өткізіп, хлорлаған соң да кетпейді.
Химия кәсіпорындарының ағындыларында, әсіресе орман-химиялық, аналин-
бояу, коксохимия және басқа да салаларының ағындыларында кездесетін
фенолдық қосындылар үлкен қауіп төндіреді. Фенолдық сулар өте күшті
антисептикалық қасиеттерге ие бола отырып, судағы биологиялық процестерді
бұзады, мұрын жаратын жағымсыз иіс береді.
Электрохимия өндірісінің, кенбайыту фабрикаларының, пестицид
шығаратын кәсіпорындардың және шахтылар мен кенорындарының су
ағындыларында едәуірмөлшерде мырыш (Zn) пен мыс (Cu) кездеседі.
Соңғы кездерде кейбір өнеркәсіп су ағындыларында пайда болған
синтетикалық беттік-белсенді заттар судың биохимиялық тазалағыш қабілетін
бірден нашарлатады.
Үй-жай шаруашылығының ағындылары. Қалалар мен басқа да елді
мекендер ластанған заттарлдың үлкен мөлшерін береді. Үй-жай
шаруашылығының ағындыларының құрамында зәрнәжісті , олардан басқа да
едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды
пайдаланудан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтану
орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Үй-жай шаруашылығының
ағындыларында ауру тудырушы микробтар мен вирустардың және
гельенттердің жұмыртқаларының болуы бұл суларды аса қауіпті етеді. Үй-жай
11
ағындылары біркелкі құйылмайтындығымен ерекшеленеді, сонысымен қоса
құбырларының жұмысын қиындатады.
Елді-мекендер жауын-шашын мен қар еру кездерінде көшелер мен
кәсіпорындардың аулаларынан ағатын сулармен су көздерін қосымша
былғайды. Олардың мұнай шикізаттары және басқа да арнайы ластаушылар
болады.
Ауыл шаруашылығын химияландыру. Ауыл шаруашылығын интенсив-
тендіру минералды тыңайтқыштар мен дақылдарды арамшөптерден,
зиянкестерден және аурулардан қорғаудың химиялық тәсілдерін қолдану
қарқынының жылдамдығын еселеп өсіру арқылы жүргізіледі. Нәтижеде
қоршаған ортаға химиялық заттар, соның ішінде пестициттер көптеп төгіледі.
Олардың бірқатары сыртқы әсерге берік және ұзақ уақыт өзінің қасеттерін
сақтай алады. Пестицидтер алғашында топырақтарда шоғырланады, сонан соң
жер үсті су көздеріне немесе жер асты қабаттарына сіңу арқылы жуылып
құйылады. Егіс алқаптарын авиацияның көмегімен баптау кезінде пестицидтер
су көздеріне тікелей төгілуі мүмкін.
Ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда егіске пайдаланылған
тыңайтқыштардың құрамындағы азоттың 20, фосфордың 2,5, калийдің 30
проценті су көздеріне жетеді екен. Яғни ауыл шаруашылығы су көздерін
биогендік заттармен ластайтын негізгі халық шаруашылық саласы болып
табылады.
Биогендік заттар су объектілерінде фитопланктондардың (судың «көктеуі»)
жылдам өсіп-өнуіне жәрдемдеседі, зиянкес су ағзаларының өсуіне ықпал етеді,
су көзінің эвтрофиялық дамуына түрткі болады (судағы қоректік заттар мен
алғашқы шикізаттардың болуы), ең бастысы судағы өзін-өзі тазарту процесіне
кері ықпал етеді.
Топыраққа қосылатын азот нитрификациялық процестердің өсерінен оңай
еритін және тұрақсыз нитрат формасына ауысады, топырақ ылғалдарын
ластайды, сөйтіп жер асты суларрын пайдалануға жарамсыз етеді. Нитраттық
азоттың ауыз судың құрамындағы мүмкіндік шегі – 10 мг/л.
Су көздерінің биогендік заттармен ластануы суармалы егістер дамыған
аудандарда байқалуда. Мысалы, күріш егістігіне пайдаланылған
тыңайтқыштардың 14...18 проценті коллектор – тастанды сулар арқылы пайдаға
аспай су көздерін ластауға ат салысады.
Суармалы егістіктерден су көздеріне пестицидтермен былғанған әрі
тұздылығы айтарлықтай қайтарма сулар көптеп түседі. Осындай қайтарма
12
сулардың мөлшері бұрынғы ТМД-да 1975 жылы 39,8 текше километрге жетті
(алынған судың 28,5%-і). Нәтижеде, Сырдария мен Әмударияөзендері төменгі
ағыстарында одан әрі пайдалануға жарамсыз халге жетіп отыр. Алдағы уақытта
суармалы егістік алқаптарының қайтарма суларының көлемі суғару
жүйелерінің жетілдірілуі арқылы біртіндеп азаюға тиіс.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының су көздерін пестицидтермен ластайтын
халық шаруашылығының бірден бір саласы болып отыр.
Ашық су көздеріне пестицидтер, олар шашылған аумақтан жаңбыр, қар
суларымен, ауыл шаруашылық алқаптарын авиа және басқа да жолдармен
өңдеудің технологиясы бұзылған жағдайда, оларды өндіретін кәсіпорындардың
ақаба суларын тастау нәтижесінде және дұрыс сақталмаған жағдайда немесе
тасымалдау кезінде түседі.
Мал шаруашылық ағындылары. Өзен, көл аңғарларына орналасқан
көптеген мал фермалары (шошқа, қой, сиыр) және 50...100 мың бас малға
есептелген мал кешендері айтарлықтай ластану көздері болып табылады.
Малдарды суғаруды жеңілдету үшін, әдетте мал фермаларын су көздерінің
жағасына немесе жақын жерге орналастырады. Сұйық қалдықтар жинайтын
орын мен малақ қоймалары болмаған жағдайда, бұл қалдықтар жаңбыр суымен
оңай жуылып , су көздерін ластайды.
Көк-жасыл су өсімдіктерінің ыдырауынан (бұзылуынан) туындайтын
өнімдер. Көк-жасыл су өсімдіктері ең қарапайым, төменгі топқа жатады.
Көпшілік жағдайда бұл бір жасушалы ағзалар шоғырға бірігеді.
Кейбіреулерінің жасушалары шырыштың және өсінділердің көмегімен
ценобияға жіп тәрізді жалғасқан, сондықтан олар сыртынан қарағанда көп
жасушаға ұқсайды (11,2-сурет). Судың көктеуімен қабаттасып жүретін су
өсімдіктерінің шектен тыс дамуы судың сапасын күрт нашарлатады. Белсенді
түрде жүретін судағ ашу және шіру процестерінің нәтижесінде су қабаты улы
заттармен қанығады, оттегі азаяды, жағымсыз иіске ие болады. Бұлардың
барлығы балықтар және басқа да гидробионттардың ауруға шалдығуына және
қырылуына әкеліп соғады. Су ішуге және демалыс үшін жарамсыз болып
қалады. Судың өлі су өсімдіктерімен биологиялық ластануын өнеркәсіптік
ақаба сулармен ластануымен салыстыруға болады.
Көк-жасыл су өсімдіктерінің жаппай дамуы қалалар мен елді мекендерді
сумен қамтамасыз ету режимінің бұзылуына, балықтардың тұншығуына,
адамдардың демалу орындарын ластауына әкеліп соғуы себепті халық
шаруашылығына едәуір зиян келтіреді.
13
Су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шаралар.
Қазіргі кездегі өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көліктің және қалалар
мен елді мекендердің күртдамуы салдарынан су көздеріне тасталатын лас
сулардың көлемі аса көп мөлшерге жетіп отыр. Бұл сулардағы ластаушы
заттарды шектеуші белгілі шаралардың болмауынан, қалдық суларды таза су
қосу арқылы тұщшылау әдісі жеткіліксіз. Зиянды қоспалардың көп мөлшерде
шоғырлануы судың өзін-өзі тазартуына кедергі жасайды және судың ластануы
жылдамдайды.
Су көздерінің тазалығын сақтау үшін келесі шаралар іске асырылуы керек:
- үй-жай және өнеркәсіптік ағындылардың толық тазалануын қамтамасыз
ету;
- өнеркәсіп технологиясын жетілдіру және өзгерту;
- су аз қолданылатын және сусыз технологияларды іздестіру және іске
асыру;
- сумен қамтамасыз етудің айналымдық тәсілін тең түрде өндіріске кіргізу,
тазаланған ақаба суларды қайталап пайдалану арқылы су көздеріне
тасталатын , тіпті тазаланған сулардың көлемін азайту;
- тыңайтқыш пен пестицид қолданудың тиімді әдістері мен жолдарын
пайдалану;
- өзен мен су көздері алаптары мөлшерінде су қорғау шараларының
мемлекеттік жоспарын және келешектегі өнеркәсіптік күштерді
орналастыруды ескере отырып қарастыру және іске асыру.
Өнеркәсіпік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері. Қазіргі кездегі
ақаба суларды тазалаудың келесі тәсілдері қолданылады: механикалық,
физикалық және биохимиялық.
Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту,
тоспалау және центрофугалау арқылы бөліп алуға қызмет етеді. Бұл тәсілді,
басқа тазалау тәсілдерін қолданар алдында алдын алу мақсатында немесе
өнеркәсіп мақсатына пайдалануға болатын жағдайда қолданады. Механикалық
тазалаудан өткен суды, әдетте хлорлау арқылы залалсыздандыру қажет.
Менің зерттеу жұмысым осы механикалық тазалау әдісімен жасалды. Бұл
жобаны осы жылдан бастап қолға алып әрі қарай зерттеуге барымды саламын.
Ендеше қарапайым үй жағдайында краннын суын әртүрлі адам ағзасына
зиянды тұздардан тазалау әдісімен таныстырам.
Еки немесе бир жарым литрлік құты, 1,5 литр күбі, 5 қаптама
белсендендірілген көмір, мақта және дәке алдым. Күбінің түбін шамалы кесіп
14
алып тастадым, сосын сол күбіні құтының ауызына орналастырып, дәкенің
ішіне мақтаны салып оны жаксылап күбінің ішіне бірінші қабат жасап, екінші
қабатты тағы да сол дәке мен мақтадан жасап оның үстіне белсендендірілген
көмірді ұнтақтатып салып қайтадан үшінші қабатты дәке мен мақтадан
жасалған орналастырдым. Әрі қарай дайындаған сүзгіден ластанған ауыз суын
өткізіп таза мөлдір су алдым. Дәке мен мақтадан жасалған үшінші жоғарғы
қабатында көзге көрінетін лас заттар қалды, ал судың құрамындағы ауыр
қоспалар мен хлорды белсендендірілген көмір жояды. Осылайша біз
тұрмыстық жағдайда ауыз суын тазарта аламыз.
Химиялық және физика-химиялық тәсілдері коллоидтық және ерітінді
заттармен ластанған өнеркәсіптік ақаба суларды тазалау үшін қолданылады.
Бұл үшін ластану сипатына сәйкес суға арнайы реагенттер қосылады, су
қабатынан бу немесе ауа өткізіледі, электролиз және ион алмастырғыш
материалдар қолданылады.
Биохимиялық тазалау кейбір микроорганизмдердің дамуы үшін ақаба
сулардағы коллоидты және еріген органикалық заттарды пайдалану қасиетіне
негізделген. Бұл тәсілді су минералды және ерімеген органикалық заттардан
тазаланған соң қолданылады. Бұл тәсіл суды органикалық ластаушылардан
толық дерлік тазартады. Биохимиялық тазалауды табиғи жағдайда жүргізеді,
яғни суармалы егінжайларда, сорғыту алаңдарында немесе биологиялық
тоғандарда, әуіттерде, сонымен қатар жасанды жағдайда да, биологиялық
сорғыларда және аэротенкттерде жүргізіледі.
Суды тыңайтқыштар мен пестицидтермен ластанудан қорғау.
Ауылшаруашылық өнеркәсібін жеделдету барысында су көздерінің ластануын
міндетті түрде болмай қоймайтын құбылыс деп қарауға болмайды, керісінше
минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланған жағдайда қоршаған ортаны
қорғауда олар эффективті құралдың рөлін атқаруы мүмкін. Себебі, оларды
қолдану барысында топырақтың құрылымын жақсартады және су және жел
эрозиясына қырсылығын күшейтеді.
Тыңайтқыштар су көздеріне түсуін болдырмау үшін келесі шараларды іске
асыру керек:
- әрбір өсімдіктің (дақылдың) қажеттілігіне орай тыңайтқыш қосу
нормасын сақтау;
- тыңайтқыш салудың оптимальды мерзімін топырақтың биохимиялық
қасеттеріне сәйкес белгілеу;
- вегетация кезінде тыңайтқыш қосуды бөлшектеп жүргізу;
- тыңайтқыш су арқылы қосу;
15
Мысалы, бүркіп суғару кезінде, азотты тыңайтқышты сумен қосу барысында
оның әдеттегі дозасын екі есе кемітуге қол жеткізіледі; топыраққа керексіз
заттардың қосылуын азайтатын тыңайтқыштардың жиынтық түрлерін қолдану;
пайдалы, сіңімді заттарды топыраққа біртіндеп беретін, жуып-шаюға шыдамды
және пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК) жоғары болып келетін, біртіндеп,
жайлап әсер ететін, қорғайтын қабығы бар түйір түріндегі тыңайтқыштарды
немесе нашар еритін мочевинаның түрін пайдалану; топырақ бактерияларының
белсенділігін әлсірететін, аммонийлі азотты жеңіл еритін нитрат түріне
көшіретін реактивтерді қолдану; тыңайтқыштардың ашық аспан астында
сақталуын жою;
Су объектілеріне пестицидтердің түсуін шектеу мақсатында келесі шаралар
жүзеге асырылуы тиіс;
- оларды қолдану жүйесін жетілдіру. Күш ең алдымен тұрақты
препараттарды пайдалануды қысқартуға жұмсалуға тиіс; пестицидтерді
тек зиянкестермен күшті залалданған жағдайда ғана қолдану қажет;
- пестицидтердің қоршаған ортаға жайылуын азайту мақсатында, оларды
шашудың жаппай жалпылама тәсілдерінің орнына таспалы, ошақтық
және шектеулі тәсілдерін қолдану. Мұндай өңдеу барысында
пестицидтердің шығыны бірнеше есе кемиді және оның пайдалы әсері
қажеттілік қалыпта болады, себебі зиянкестердің табиғи жаулары
сақталып қалады.
- пестицидтердің орнына өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін
кеңінен қолдану;
- улық қасиеті өте аз мөлшердегі, қатерлілігі онша емес, суда ыдырау
жылдамдығы жоғары және миграциялық қабілеті мүмкіндігінше әлсіз
болып келетін пестицидтердің түрлерін табу;
- суармалы жерлерді авиашашу жолымен химиялық өңдеуден өткізуге
тыйым салу. Өте аз мөлшерде бүрку тәсілі пестицидтерді қолданудың
негізгі жолына айналуға тиіс.
Орман және гидротехникалық мелиорация, агротехникалық шаралар жүргізу
арқылы жағалау бойы су қорғау белдемдерін құру тыңайтқыштар мен
пестицидтердің ашық су көздеріне түсуін болдырмаудың жалпы өлшемі болып
табылады.
Орман мелиорациялары өзен алаптарының жоғары және орта бөліктерінде
қорғау белдеулерін құру арқылы жасалады. Нәтижеде жер үсті ағындысы
кемиді және су эрозиясы процесі әлсірейді. Орман белдеулерінің саны мен
16
түрлері алаптың климаттық, топографиялық, гидрологиялық және
гидрогеологиялық жағдайына байланысты айқындалады.
Агротехникалық шаралар ауыл шаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізуді
сақтауды қарастырады. Мысалы, эрозияға бейім үлескілерде жер жырту
жұмыстарын беткейлерге көлденең бағытта жүргізеді.
Соңынан ол жерге тамыр жүйесі жеткілікті дәрежеде дамыған өсімдік түрлері
өсіріледі. Жағалау бойы су қорғау белдемінде беткейлер ауыл
шаруашылығының айналымынан шығарылуы және шабындықтандырылуы
керек. Тік (құлама) беткейлерде мал жаюға тыйым салынады.
Гидротехникалық мелиорация негізінен топырақтағы су-ауа режимінің
қолайлы жағдайын сақтауға бағытталған. Суғару кезінде тыңайтқыштарды
шайып кететін немесе жер асты суларының деңгейін көтеруге және жердің
сортаңдануына әкеліп соғатын қалыпты суару қажеттілігінен асырмау.
Мелиорациялық шараларға сонымен бірге жыралардың, жағалаудың құлауын,
сырғуын болдырмау барысындағы жұмыстар да жатады. Бұл үшін тік
беткейлерді террасалау, беткейлерді бекіту және арнайы дренаж арықтарын
салу жұмыстары жүргізіледі. Жүйеге түскен кешенді мелиорациялық шаралар
табиғат суларының ластануына айтарлықтай кедергі келтіреді.
Мал шаруашылық кешендерінің ағындыларын пайдалану.
Мал шаруашылық ағындыларының мөлшерінің көптігі, өңдеу мен
тасымалдаудың күрделілігі, малақ сақтау қоймаларының санитарлық жағдайын
қамтамасыз етудің қиындығы, көп уақыттар бойы олардың су көздеріне кері
әсерімен күресу шешілуі қиын мәселе болып есептеліп келді. Бұл проблема дәл
қазір де малаққа тұншығып жатқан, көпшілік кішігірім және
мамандандырылған мал шаруашылық қожалықтары үшін шешіле қойған жоқ.
Көптеген ірілендірілген мал шаруашылық қожалықтары өз ағындыларын жем-
шөп базасын жасауға пайдалану барысында ірі жетістіктерге жетті.
Мал шаруашылық ағындыларын пайдалануға дайындаудың технологиясы
төмендегідей.
Қоражайды сыпырып тазартуды транспортердің гидрошаюшының немесе
гидроағызудың көмегімен шығарылған сұйық малақ жинау қоймасына
жеткізіледі. Одан сорғыштың немесе өз ағысымен, сыйымдылығы 4...6 айлық
жиынға есептелген тоспаларға келіп жиналады. Бұл жерде малақ санитарлық-
ветеринарлық шарттарға сәйкес жарты жыл сақталады. Осы уақытта малақ
қатты шөгіндіге және тазарған сұйыққа бөлініп, сұрыпталады. Сұйық бөлігі
шандорлық қондырғылар арқылы резервуарларға жиналып, одан-тәуліктік
реттегіш әуіздерге түсіп, одан таза сумен және қант зауыттарының ақабы
17
суларымен араластырылады. Алынған қоспаны жем-шөп дақылдарын ДДН-70,
ДДН-100 және «Волжанка» машиналарымен суғару үшін жабық суару
жүйелеріне жібереді.
Суды көк-жасыл су өсімдіктерімен ластанудан қорғау. Көк-жасыл
өсімдіктерінің жедел дамуы салдарынан судың көктеуі – бұл, адамдардың
табиғи биоценоздардың қалыптасуына килігуі нәтижесінде болатын заңды
құбылыс.
Көк-жасыл су өсімдіктерінің жаппай даму процесін зерттеуші шараларға
беткейдегі топырақтың жуып-шайылуы және ақаба сулар есебінен бөгендерге
келіп түсетін қосымша тамақ қорларын күрт азайту; су өсімдіктерін жинау және
оларды түрлі шаруашылық мақсаттарға пайдалану; бірінші кезекте
бөгендердегі биогендік элементтер мен органикалық заттардың айтарлықтай
қорын жинаған ластанған үлескілерді шөгінділерден тазарту және оларды
органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану; қосымша аэрация жасау арқылы
судың түп қабатының оттегімен қанығуының дәрежесін көтеру жатады.
Суды басқа да ластану көздерінен сақтандыру шаралары. Атом және
жылу электр стансаларының көмегімен жылумен ластану процесін, табиғи су
көздерін салқындатқыш ретінде пайдаланудан бас тарту және әрбір стансада
салқындатқыш әуіттер, бүріккіш бассейндер немесе қуатты су шашқыш
қондырғылар салу арқылы тоқтатуға болады. Ауа-райы салқын аймақтарда
салқындатқыш-әуіттерді балық өсіру үшін пайдаланған абзал. «Вегетациялық»
мерзімді жылы судың есебінен ұзартудың арқасында балық өнімдерін
айтарлықтай молайтуға болады. Мұндай су көздерінде өсімдікпен қоректенетін
балықтардың болуы, ондағы эвтрофикалық процестердің болмауына жағдай
жасайды.
Су көздерінің су көліктерінің қалдықтарымен ластануын болдырмау үшін,
барлық су көліктері, түгелімен қалдық суларын жағалаудағы немесе жүзбе
қабылдау пункттеріне тапсырулары тиіс. Мұндай пункттер өзен және теңіз
айлақтарында ұйымдастырылады. Бірте-бірте су көліктерінің жаңа,
экологиялық тұрғыдан таза түрлері, ескі көліктерді алмастыруы керек.
Табиғи су көздерінің атмосфера арқылы ластануын болдырмау үшін
кәсіпорындарда газ, күл, шаң тосқыш қондырғылары және т.б. шаралар қызмет
етуі тиіс. Бұл шаралар айтарлықтай күрделі, сондықтан зерттеуді қажет етеді.
Жалпы алғанда, тіпті ақаба суларды тазалаудың ең жетік әдістерін
пайдаланғанның өзінде, бұл шаралар табиғат суларының ластану мерзімін
алыстатқанымен, ластануды тоқтата алмайды,себебі экономикасы дамыған
жағдайдың өзінде ластанады екен. Сондықтан таза су проблемасы тек
18
шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етудің тұйық айналымдық жүйелеріне
өткен жағдайда ғана шешілуі мүмкін.
Су көздерінің өзін-өзі тазалауы және оны жеделдету
Судың өзін-өзі тазалау қабілеті, оның ең бір маңызды әрі бағалы
қасиеттерінің бірі. Өзін-өзі тазалау процестері микроорганизмдердің және су
өсімдіктерінің қызметімен, қүн радиацияның әсерінен және басқа да
факторлардың ықпалымен іске асырылады. Тазалау процесі әсіресе жазда
жедел жүреді.
Лас сулардың өзін-өзі тазалауы тек оларға көп еселеп таза су қосқан
жағдайда ғана (1:7...1:12) мүмкін.
Тұйық су көздерінде және жер асты суларында өзін-өзі тазалауы өте шабан
жүреді. Мысалы, Әлемдік Мұхиттың өзін-өзі толық тазалануы тек 2600жылда,
жер асты сулары – 5000 жылдан соң өтеді.
Судың өзін-өзі тазалау процесіндегі басты фактор – оның оттегіге қанығуы.
Еріген оттегінің әсерінен судағы органикалық заттардың тотығу және олардың
су түбіне минералдық шөгінді түрінде жиналу процесі жүреді.
Су оттегіне негізіне ауадан қанығады. Бұл процестің ағысы жылдам
өзендерде және күшті желдің әсерінен болатын толқындардың арқасында ең
жылдам түрде жүретіні байқалады. Бұған, сонымен қатар су өсімдіктерінің өмір
сүру жағдайы, күн радиациясының әсерімен жүретін фотосинтез нәтижесінде
суды оттегімен қанықтыруы арқылы ықпал етеді.
Су өсімдіктері фотосинтезден өзге, бірқатар суда еріген және бөлшек
заттарды өз бойына сіңіру арқылы, судың сапасын жақсартуға ат салысады.
Қысқаша айтсақ, су өсімдіктері ақаба суларды биологиялық процесінің
маңызды бір бөлігі болып табылады екен.
Судың сапасына аса оң ықпал ететін су өсімдіктерінің қатарына келесі
өсімдіктер жатады.
Су қорларының сарқылу себептері
Өзендер тұщы судың ең басты көзі болып табылады.Арналардың суға толы
болуы оларға құятын салаларға, яғни кішірігім өзендерге тікелей байланысты.
Бұрынғы ТМД аумағында ұзындығы 10км-ден ұзын өзендер саны 150мыңнан
астам, ал одан кішіректері – шамамен 2,6 млн. Олардың жалпы ұзындығы 10
млн км-ге жуық.
Кішігірім өзендер табиғи орта үшін үлкен маңызға ие. Олар микроклиматты
ауа мен топырақтың ылғалдығын реттеп, жайылымдармен ауыл шаруашылық
19
егістіктерінің өнімін анықтайды және ірі өзендердің төменгі деңгейдегі кезінде
қоректенуін қамтамасыз етеді.
Адамдардың табиғатқа көзсіз араласуы, онда қалыптасқан тепе-теңдікті
жояды. Орман ағаштарын кесу, батпақтарды құрғату, иірімдерді құрту және
арналарды түзеу жұмыстары алапқа түскен ылғалдың тікелей өзендерге түсіп,
кедергісіз теңіздерге кетуіне әкеліп соғады. Көктемгі еріген қар суы мен
жауын-шашын өзен аңғарларының беткейлері мен жағалауларды жуып шайса,
одан келіп түсетін тұнба тасындылар арналарды шөгінділерге толтырып бастау,
қайнарлардың көзін бітейді. Өзен аңғарларынао орналасқан бұталарды шабу
мен өзен арнасының жарқабағына дейін жер жырту шаралары топырақ
эрозиясының дамуына ықпал етеді.
Адамдардың сондай қызметінің арқасында әлемдегі көптеген өзендер зардап
шегуде, жекелеген өзен үлескілері толығымен немесе жартылай құрғап
қалуының арқасында олардың халық шаруашылық және әлеуметтік маңызы
жойылды. Мысалы, Белорусь республикасында жүргізілген, негізінен ойланбай,
астүсті жасалған батпақтарды құрғату жұмыстары ондағы айтарлықтай маңызы
бар 19 өзен шаруашылық және эстетикалық бағасының жойылуына әкеліп
соқты. Олардың ішінде Морочь, Турая, Неманка және т.б. өзендер бар.
Ресей, Украина, Белорусь, Прибалтика елднерінің кішірігім өзендері
негізінен батпақтардан бастау алады және ондағы ылғалмен қоректенеді.
Европаның ең ірі өзендерінің бірі Еділ де батпақтан басталады. Батпақтардың
рөлі тек өзендерді қоректендірумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар
көптеген құстар мен жануарлардың өсіп-өнетін орны, онда жидектер көптеп
өседі. Сондықтан да, кей жағдайларда батпақтарды құрғату науқаны кезіндегі
шығындардың мөлшері, алынатын болжамдық тиімділіктен әлдеқайда асып
кетті. Нәтижеде тағы да қосымша қаржы жұмсап батпақтарды өзінің бастапқы
қалпына келтіруге тура келді.
Су көздерінің сарқылуы негізінен келесі себептердің ықпалымен жүзеге
асады: өзен алаптары мен аңғарларындағы орман ағаштары мен бұталарды
кесу; алаптары батпақтарды құрғату; аңғар беткейлерін жырту; топырақтың
жел мен судың ықпалымен эрозияға ұшырауы; кішірігім өзендердегі
тоғандардың бұзылуы; табиғат суларын бақылаусыз және шашып-төгіп
пайдалану.
Тірі әлемге органикалық өмірдің негізі – сапалы таза су көзі
Қазақстан Республикасы Су Кодексіне сәйкес республиканың мемлекеттік
су қоры деп барлық су объектілерінің жиынтытығын, сондай-ақ мемлекеттік су
20
кадастрына енгізілген немесе енгізілуге жататын республика аумағы шектеріне
шоғырланған су қорларын айтамыз (жер үсті, жер асты және қайтармалы
сулар).
Елдің жер үсті су қорларының қосалқы қоры орта есеппен шамамен
жиылына 539км³ (текше шақырым) құрайды, соның ішінде 190км³ көлдерде
шоғырланған, өзендер мен су қоймаларының су қорлары сәйкестігіне қарай
100,5 және 95,5 км³, мұз айдындарының ғасырлық қосалқы су қорлары – 95 км³,
жер асты сулары - 58 км³, сондай-ақ республика аумағында ірі үш су қоймасы
орналасқан-Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі, 39 мыңға жуық өзендер
мен уақытша су ағыстары, 4000 тоған және 200-ден астам ірі су қоймалары бар.
Елдің ең үлкен су күре тамырлары – Ертіс, Іле, Сырдария, Есіл, Тобыл, Орал,
Торғай және Шу өзендері. Ал, республика көлдерінің саны өте көп. Каспий
және Арал теңіздерін, сондай-ақ тоғандар мен су қоймаларын есептемегенде,
яғни көлемі 1га және одан үлкен 48262 көл бар. Олардың жер үсті су
қабатының жалпы ауданы 45 км² шаршы шақырым. Сондай-ақ республика
аумағында 2720 мұз айдыны бар, мұз басудың жалпы ауданы 2 мың км²
құрайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, жалпы жер бетінде 1 млрд. 350 куб
шақырым су бар. Оның 97 пайызы ішуге жарамсыз. Ал, адамзат үшін
қаншалықты мөлшерде су қажет? Мәліметтерге сүйенсек негізгі норма
бойынша әрбір адам тәулігіне 125 литр су пайдалану керек, ал біздің еліміздегі
Арал аймағындағы ауылдарда 15 литрге дейін шектелген.
Су сапасының төмендеуіне ескіріп құрып бара жатқан құбырлар да себепкер.
Республикада сумен жабдықтау мәселесі түбегейлі он шешімін тапқан бірде-бір
аймақ жоқ. Әрбір төртінші су құбыры тазалық нормасына сай емес. Қызылорда
облысы аумағындағы ірі елді-мекендер мен қала тұрғындарының 70 пайызы
Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Ал, тұрғындардың қалған 30 пайызы ғана
ауыз суды құбырдан ішеді. Норма бойынша құбыр 15-20 жылға шыдау керек
болса, біздегі құбырлар 5-6 жылда шіріп, тесіліп істен шығып қалад. Өйткені,
ұдайы тұзы көп жерлерде жатқандықтан құбырлар тез істен шығады. Ал,
тесілген құбыр арқылы таза сумен бірге лас судың да қоса ағатыны белгілі.
Өзен суларында улы қоспалардың өте жоғары мөлшерде кездесуі тіршілік
дүниесіне үлкен қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 пайызы тікелей судан болып отыр
екен.
Су лас болмаса да тұзы өте көп болса, асқазан мен бүйрекке қауіпті. Сол
сияқты зәр шығару және де өт жолдары аурулары да өріс алып , ас қорыту
жүйесімен қан тамырлардың жүйесі бұзылады. Сондай-ақ мамандардың
айтуынша, қазіргі пайдаланып жүрген хлордың аса көптігінен адамдар қуық
21
рагіне де шалдығады. Бұл аурулар негізінен адамдарға жер асты және жер үсті
су ресурстары арқылы «бауыр басады». Өйткені, әр жыл сайын арықтар 5
текше шақырым лас сумен толығады екен. Ал, оның 3 текше шақырымы
мүлдем таза емес. Сонымен, сумен қамтамасыз ету мәселесі осылайша тұйыққа
тіркеліп тұр деуге толық негіз бар. Жалпы, әлем бойынша ауыз суға мұқтаж 2
млрд.адам бар деп жорамалдайды. Сондай-ақ, БҰҰ-ның соңғы баяндамасында
суды тиімді пайдалану 2025 жылға дейін өзгертілмесе, 2,7 млрд.адамға
«қайраңда қалу» қаупі ба, яғни суды шөлін қандырып ішетін жағдай да
болмауы мүмкін.
Нақ, бүгіндері Батыста жоғары сапалы табиғи судың құны мұнайдан да
басып отыр озды. Өйткені, су бағасы «соңғы сәндегі» байлықтан 6-8 есе
қымбат. Жалпы айтқанда су жоқ жерде өмір де жоқ. Бұрын табиғи су
қоймалары таза болғанда, қай кезде қандай суды пайдалану турасында
проблема қозғалмайтын еді. Ал, қазір жағдай басқаша. Өйткені, таза су
қымбатқа түсіп тұр, егер де оны барлық нәрсеге бірдей қолдансақ, онымыз
көзсіздік болған болар еді. Жалпы, адам баласының жауапсыз, жоспарсыз
әрекетінен бір кездері тіршілік, байлық берген Арал бүгінде табиғатқа, адам
баласына кері әсерін тигізуде.
Соңғы кездері дүниежүзі халықтары санының өсуі нәтижесінде бір адамға
шаққандағы су қорлары азаяды. Мәселен, егер 1950 жылы осы көрсеткіш орта
есеппен 33 мың м³ құраса, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш бір адамға жылына 7,1
мың м³ дейін қысқарды. 1960 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 2000
жылы Африкада жылына бір адамға 16,5-тен 5,1 дейін, Азияда 7,9-дан 3,3
дейін, Еуропада 5,4-тен 4000 м³ дейін төмендеді. Ал, дамушы елдерде тұратын
әлем халқының көпшілігі, нақтырақ айтқанда 40 пайызға жуығы қазірдің өзінде
су тапшылығынан туындаған күрделі проблемаларды бастан кешіріп отыр. Сол
сияқты республиканың кейбір аймақтарын абсолютті су тапшы аймақтарға
жатқызуға болады. Мысалы, жоғарыда сөз болғандай Арал аймағындағы
ауылдарда таза су 15 литрге дейін шектелген. Тіпті облыста ауылдық
мекендердің 12пайызы суды тасып ішеді, 24 елді мекен каналдар мен дария
суын пайдаланады, ал 54 пайызында скважиналар және құбырлы су жүйесі
жұмыс істейді. Ал, ішуге пайдаланат-ын судың тазалығы ешқандай
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейді. Міне, кейінгі кездері облыс
көлемінде жыл сайын вирусты гепатиттің етек алуының бірден-бір себебі –
ауыз су сапасының нашарлығынан, яғни Сырдариядан келетін судың
ластығынан. XXI ғасырдың орта шеніне қарай, сарапшылардың бағалаулары
бойынша, әлем халқының 65 пайызы су проблемасымен бетпе-бет келмек.
22
Сондықтан да әлем елдерінің алдында су қорларының үдемелі жетімсіздігін
бағындыру міндеті тұр.
Осы орайда 2003-2010 жылдарға арналған облыстықт «Таза су»
бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласының төңірегіндегі елді-мекендердің
халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 11,3 млн.
теңге қаралып, сол сияқты Қызылорда қаласынан қалдық суларға «биологиялық
тазарту станциясын салу» жобасы 2003-2005 жылдардағы республикалық
басым жобалары тізіміне кіргізіліп, оны қаладағы «Мелиоратор» ЖШС жеңіп
алды. Бүгінгі таңда бұл жеңімпаз серіктестік тиісті құрылыс жұмыстарын
жүргізуде. Өткен жылғы 1-ші жарты жылдықтың қорытындысымен осы жаңа
объектінің 402 млн.теңгенің жұмыстары орындалды. Үстіміздегі жылы оның
құрылысы аяқталады деп күтілуде.Сол сияқты Арал-Сарбұлақ топтық су
құбыры арқылы Арал қаласы мен Қазалы, Әйтеке би кенті тұрғындарын
қамтамасыз ету және Аралдың – 9, Қазалының – 4 елді-мекенге су құбырларын
тарту арқылы да оларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жолға қойылмақ.
Бүгінгі күні аталған жұмыстардың 2-і кезеңі толық іске қосылып, жұмыс
істеуде. Бұл су құбырын пайдалану басқармасы сол алғаш құрылған 1986
жылдары тек Арал қаласымен ғана шектелсе, ал қазірде 11 елді-мекен және
Қазалы ауданына қызмет жасауы қуанышты-ақ. Сол сияқты Арал ауданына
қарасты «Тоқабай» елді-мекені жер асты кермек скважина суын облыста
бірінші болып жел қондырғысы арқылы тұщыландырылып, оны тұрғындар
қазір де пайдалану үстінде. Судың қорын тиімді, үнемдеп пайдаланумен бірге
оның көздерін таза сақтау қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып
отыр. Өйткені, шаруашылықтың қай саласында пайдаланылса да су сапалы,
тұщы, әр түрлі зиянды қоспалардан таза болуы шарт. Міне, сонда ғана адамның
денсаулығы мен жануарлардың өсуі, олардың өнімділігі көтеріледі. Су тірі
әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық
өмірдің негізі екені сөзсіз. Қазіргі әлемде органикалық өмірдің негізі – сапалы,
таза су көзі.
Қорытынды
Ауыз су адамның қажеттілігін өтейтін негізгі шикізат көзі. Ата-бабамыз
Отын- олжа ,су-қорлық деп судың адам өміріндегі ,оның маңыздылығы туралы
айтып кеткен .Ата-баба көзі көріп ,айтып,жазып кеткен кешегі ертегіге ,аңыз
әдебиетке қосып жүрген немесе ата – әжелеріміздің аузынан естіген табиғат
байлығын таза ауа, сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бұл күнде мүшкіл халде
екенін баспа беттерінен оқып, көгілдір экраннан көріп жүрміз.
2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
өзінің халқына жолауында ауыз су мәселесіне ерекше тоқталды. Халықтың
әлеуметтік жағдайына, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат
23
тұжырымдап, елімізде елеулі қоры бар жер асты суларын өндіру мен үнемді
пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет екендігін баяндады.
Зерттеу қорытындысы бойынша ауыз суды түрлі әдістермен тазартуға
болатынын және де тұрмыстық жағдайда немесе қаланың сыртына демалуға
шыққанда қолға тиімді заттармен суды тазалауға болатынын және оның ішуге
жарамдығы анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан
халқына арналған Жолдаулары
2. Бірімжанов Б. А. Жалпы химия – Алматы, 2002 ж (3-4бет )
3. Бейсеева Г.Б. Бейсенова Ә.С. Адам экологиясы – Алматы, 2001 ж (26бет)
4. Химия мектепте журналы 2004ж (12-14бет)
5. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
6. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”,
“Дәнекер”. 2005 ж.
7. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.
8. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
9. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
24
25

More Related Content

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 
4 д баспаға
4 д баспаға4 д баспаға
4 д баспаға
 

су

  • 1. Судың жер бетінде кездесетін процестерге әсері және халық шаруашылығында атқаратын рөлі. КІРІСПЕ Су туралы ата-бабаларымыз өте ертеден-ақ құнды пікірлер айтқан. Су қазақ халқы үшін философиялық ой түюдің негізі болды. Әлемдегі түрлі жүріп жатқан құбылыстарды су арқылы не сумен салыстыра қабылдады. «Аққан суда тоқтау жоқ, тіршілікте талас жоқ» деген нақыл сөзде әлемдік шексіз дүниенің мәнгілік екенін, олар тоқтаусыз үнемі қозғалыста болатынын ағын сумен салыстырады. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі – су. Су – өмір көзі, жер нәрі, тіршілік көзі. Сусыз ешбір организм өмір сүре алмайды. Өйткені барлық тіршілік көзі оранизмдегі суға байланысты. Су – тіршіліктің тірегі. Сусыз тіршілік болмайды. Зерттеудің мақсаты: Адам денсаулығы үшін ауыз су сапасының маңыздылығын айта отырып, судың қасиеттерімен химиялық құрамымен, ағзада әсер ететін факторлардың болуы не болмауын сипаттау. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Су-зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада, және т.б.толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Су-физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу объектісі. Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады. «АУЫЗ СУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ» 1
  • 2. Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70%-ін немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300ºС-ден жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер +40ºС-ден жоғары температурада сұйық күйінде болады. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда. Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелœей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде. Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға бақылау жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді. Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км3 , ал бұл 1995 жылғы есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м3 келœеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде. Мысалы, 1970 жылы бұл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м3 -ге дейін төмендеуі мүмкін. 2
  • 3. Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады. БҰҰ деректері бойынша елдің суға деген сұранысы су қорының 40%-тін құрайтын болса, ол жағдайда бұл елде су мәселœесі пайда болады. Бұл жағдайда су мәселœесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бұл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына әкелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м3 таза судан айрылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. Таза суға деген жетіспеушілік пен оның ұқыпты түрде қолдану мәселœелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының денсаулығында және тұрмыстық жағдайының деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес. Деректер бойынша 2005 ж. әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиелœеністерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта қалғандықты,саяси тұрақсыздықты әкеліп отыр. Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз айларында жарты миллионға жуық палестиндерге Иордан өзенінің батыс жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль мемлекетіне деген қатты наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш төменгі жақтарында кейде кеуіп қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру 3
  • 4. басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келœеді. Жеке елді, аймақты таза сумен қамтамасыз ету мәселœелері тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді. Үлкен ойшылдықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып тұр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды Халықаралық таза ауыз су жылыʼʼ ʼʼдеп белгіледі. Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың сарқылуы мәселœесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет: 1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану; 2) өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану; 3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты; 4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу; 5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады. Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже береді. Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сұраныс күрт өсіп кетті және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелœері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып отыр. 4
  • 5. Мәселœен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың құрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келœеді. Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің суында сынап өте көп. Оның құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің суы Балшахмед өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларыныңʼʼ ʼʼ әсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану және өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің салдарынан өзендерге тұзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып отыр. Су құбырларын көп ластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз, химия, мұнай өндірістері, металлургиялық және тау-кен өндірістік мекемелœері жатады. Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарылаудың ең басты жолы - өндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау, аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу. Осындай қор сақтайтын технологияның бірі - Әл-Фараби атындағы қазақтың ұлттық университетінің жасаған, суды лазермен активизациялау. Белгілі жиілікте, аз қуатпен суды лазердің сәулесі арқылы активизацияланғанда сингитті оттегі қозады, содан барып, суды тез активизациялайды. Су қоймаларын, өзенді тазарту, мал шаруашылығына қажетті жоғары белокты жемшөп алу үшін лазерлі агрогидроэнергетикалық модуль жасалды. Мұны технологиялық жағынан сынау және өндіріске енгізу Алматы қаласының Сорбұлақ көлінде, Ертіс өзенінде және Бұқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол үшін өзен және су қоймаларын тазартудың тиімділігін анықтау жұмыстары атқарылады. Бұл лазерлі агроэнергетикалық модульді қолдану арқылы биологиялық сапасы жоғары су алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бұл модуль судағы ауыр металдардың иондарын және улы органикалық заттарды айтарлықтай кемітеді. Гидроегістікке лазерді қолдану көк балаусаның өнімін 8- 10 есе жоғарылатады, судың бактериялық ластығын 10 есе, қорғасынның иондарын 40, никельді 80, кадмийді 55, сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке 5
  • 6. қысқартуға болатындығы дәлелденді. Суды резонансты лазерлі әдіспен өңдеу анаэробты бактериялардың және вирустардың өмір сүруін тоқтатады, эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін төмендетеді, хлор және басқа тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетін жоғарылатады. Сонымен, өсімдіктерге, жануарларға және адамға қажетті биологиялық жоғары сапалы судың алынуына жағдай туғызады. Қазір ауыз суға деген сұраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет. Мысалы, аэрозольді әдісті қолданғанда ауа, өсімдік және топырақ кішігірім тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады. Тағы бір айта келетін жай – ағын суларды су құбырларына жіберіп, суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек. Біздің Қазақстанда минералды (құрамында 1-6 г/л тұзы бар) су қорлары өте көп, оларды тиімді пайдалану қажет. Ал ол үшін суды тұщыту керек. Ал өндіріс орындары мен шаруашылықтар лас ағынды және аяқ суларды су құбырларына жібермегендері жөн. Ластанған су көздерін лазер технологиясы арқылы тазартқан тиімді. Ол әрі арзан, адамның денсаулығына да зиянды әсер етпейді. Бұл ғылыми озық әдіс бойынша еліміздің кез келген өзендері мен көлдерінің суларын тұщытып, ауыз суға пайдалана аламыз. Су объектілерін зерттеу әдістері. Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай негізгі әдістерді пайдаланады, олар 1) тұрақты бақылау (стационар); 2) экспедициялық, 3) тәжірибелік (эксперименттік), 4)теориялық Тұрақты бақылау әдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалысын зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режим дегеніміз-су объектілерінің жайкүйінің белгілі бір заңдылықпен құбылуы яғни су деңгейінің, шығынының температурасының, мұз қату құбылыстарының және т.б. сипаттамаларының тәуліктік, маусымдық және көпжылдық құбылмалылығы. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар 6
  • 7. бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына сәйкестендірілген. Бақылау материалдары өңдеуден өткен соң географиялық қорытындылар шығару үшін, атластар мен гидрологиялық сипаттамалардың картасын жасау, сонымен бірге теориялық және қолданбалық мақсаттар үшін кеңінен пайдаланылады. Экспедициялық әдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің физика- географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға, далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімді түрде пайдалануға жағдай туғызады. Тәжірибелік (эксперименттік) әдіс жалпы гидрологиялық құбылыстар- мен қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыраққа сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен булану және басқа да көптеген құбылыстар зерттеледі. Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттардың физиканың жалпы заңдары және математикалық тәсілдердің көмегімен тексеріліп отырады. Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдаланылған жағдайда алынатын болады. Судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері Химиялық таза су массасы бойынша 11,19% сутегі және 88,81% оттегіден тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының нәтижесінде пайда болады.Судың молекуласында сутегі мен оттегінің атомдары тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарына орналасқан:төбесінде оттегі атом орналасса,негізінен орналасқан қос бұрышта – сутегінің бір-бір атомы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы шамамен 105ºС, ал сутегі мен оттегі ядроларының ара қашықтығы шамамен 0,97*10 8см,және сутегі ядроларының арақашықтығы 1,53*108см. Бу күйіндегі су негізінен қарапайым гидрольдер деп аталатын молекулалардан (Н2О) тұрса,ал сұйық күйінде дигидроль(Н2О)2 мен тригидрольден (Н2О)3 тұрады.Қатты (мұз) күйіндегі суда тригидроль (Н2О)3 молекулалары басым болады.Температурамен қысымның өзгеруіне сәйкес 7
  • 8. гидроль,дигидроль және тригидрольдердің өзара қатынастары да өзгеріске душар болады. Судың сұйық немесе қатты күйінен буға айналу және керісінше,бу³³дан сұйық күйге өтуі су немесе мұз бетіндегі бу қысымының белгілі бір дәрежесінде мүмкін болады және ол температураға тәуелді.Тепературасы 0,0075ºС-ге тең болса,ал қысым-6,1гПа,онда бір мезгілде бу,мұз және сұйық су орнықты тепе-теңдік жағдайда болады. Сұйық фазада судың молекулаларының құрылымы кварцтың кристалдық торына сәйкес келсе,қатты (мұз) фазада тридимидттің торына тура келеді.Тридимит торының тығыздығы кварцқа қарағанда 10%-тей артық.Мұздың тығыздығы суға қарағанда аз.Су мұз күйіне ауысқан жағдайда оның меншікті көлемі 10%-ке ұлғаяды.Таза мұздың тығыздығы 0ºС температурада 0,9167*10³ кг/м³,ал судың тығыздығы-0,99987*10³кг/м³, сондықтан да мұз су бетінде қалқып жүреді,сонысымен су көзін түбіне дейін қатып қалудан сақтайды. Температураның 0ºС-ден +4ºС-ге дейін өсу барысында судың тығыздығы ең жоғары шамасына (0,99997*10³кг/м³)жетеді, ал одан әрі өскен сайын молекулалардың ара қашықтықтарының өсуіне байланысты судың тығыздығы кеми береді. Теңіз суы үшін ең жоғары тығыздық температурасының тұздылығына тәуелді. Теңіз суы шамамен – 1,0-2,0ºС температура аралығында қатады, ал 100,08-100,64ºС-де (қалыпты қысымжағдайында) қайнайды. Суға ең жоғарғы меншікті жылу сыйымдылығы сәйкес келеді. Судың меншікті жылу сыйымдылығы деп 1кг суды 1Қ-ге ( немесе 1ºС-ге) жылытуға кететін жылудың мөлшерін айтамыз. Судың жылу сыйымдылығы– 4,19*10³Дж/(кг*Қ). Ауа мен жер қабығы жыныстарының меншікті жылу сыйымдылығы айтарлықтай аз; ауа - 993 Дж/ (кг*Қ), кварц -796 Дж/=(кг*Қ) гранит -838 Дж/ (кг*Қ). Судың үлкен жылу сыйымдылығына иелік етуі құрлықтағы судың салқындау және жылу процестерінде айтарлықтай рөл атқарады, сонымен қатар су көздеріне жақын аймақтардың климаттық жағдайының қалыптасуына әсері мол болады. Табиғатта су айналымы Су үздіксіз қозғалыста болады. Ол үздіксіз айналым процесінде буға, одан суға айналып отырады. 8
  • 9. Жыл сайын жер бетінен 577 мың текше километр су буланады. Оның көбі (505 мың км³) мұхит бетінен, азырағы (72 мың км³) құрлықтан буланады. Бу атмосферада белгілі бір жағдайларға байланысты конденсацияланады, яғни жауын-шашынға айналады. Жауын-шашын жер бетіне қар, жаңбыр немесе бұршақ түрінде түседі. Құрлыққа жауған жауын-шашын топыраққа сіңу жолымен жер асты суларын байытады, жер беткейлерімен ағып келіп тұрақты немесе уақытша ағын суларды құрайды, ал қалған бөлігі тағы да булануға түседі. Бұл жер беті мен атмосфера арасындағы үздіксіз жүретін тұйық ылғал алмасу табиғаттағы су айналымы деп аталады. (1.2-сурет). Су айналымының екі түрі болады. 1.Кіші немесе мұхиттық су айналымы, яғни мұхиттар мен теңіздердің бетінен буланған ылғал құрлыққа тасмалданбай, су бетінен аспанға тік көтеріліп конденсацияға ұшырап, теңіздер мен мұхиттардың бетіне жауын- шашын болып қайта оралады. 2.Үлкен айналым. Бұл – ылғалдың ауа ағымдарының күшімен мұхиттардың үстінен құрлықтарға тасмалдануы және оның құрлықтардың бетіне жауын- шашын ретінде түсіп, мұхиттар мен теңіздерге жер беті немесе жер асты жолымен қайта оралу процесі. Су буының мұхит бетінен келген кішігірім бөлігі құрлықтың тұйық аймақтарына жауын-шашын түрінде түседі және қайтып оралмайды, яғни үлкен айналымға қатыспайды. Судың жеке түрлерінің тасымалдану көлемі мен жылдамдығы біркелкі емес. Біздің ғаламшардың көлемінде әдетте ылғал айналымының мынадай типтері қарастырылады: жер мен ғарыш арасындағы, атмосфера мен мұхит аралық, атмосфера, топырақ және биосфера аралық. Ылғал айналымының барлық типтері тұйықталмаған болып келеді. Ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын және булану құрлықішілік ылғал айналымының негізгі элементтері болып табылады.(1.3-сурет) Қарастырылып отырған аумақтан сыртқа кететін су буының мөлшері – С мына теңдеу арқылы өрнектеледі С=А – Х + Е Мұндағы А – сырттан келген су буының мөлшері; Х – екі түрден тұратын жауын-шашын мөлшері; Х - адвективтік жауын-шашын, Х - жергіліктіᴀ ᴇ буланудан құралған жауын-шашын; Е – булану. Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау. Судың күйлері жөніндегі негізгі түсініктер 9
  • 10. Суды қорғау деп адамзатың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтірілуге және оларды сақтауға бағытталған әрекетін айтамыз. Бұрынғы ТМД-ның және басқа да тәуелсіз республикалардың Негізгі Заңдарында: «...судың физикалық-химиялық және гидробиологиялық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы мен оның өзін-өзі тазарту қабілетінің нашарлануының әсерінен адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, балық қорларының азаюына, сумен қамтамасыз ету жұмысын нашарлатуға және тағы басқа да қолайсыз құбылыстарға әкеліп соғатын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан барлық су көздері қорғалуға тиіс», - деп жазылған. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауының, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып қалуын судың ластану деп атаймыз. Әдетте су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, метал сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын қоқыстану деп атаймыз. Судың сарқылуы деп адамдардың әрекетінің әсерінен тұрақты сипатта су мөлшерінің кемуін айтамыз. Су көздерінің ластану дәрежесі судағы зиянды қоспалардың шоғырлануымен анықталады және халық шаруашылығы салаларының талаптарына сәйкес бағаланады. Ең қатаң талаптар су пайдаланудың шаруашылық – ауыз су мәдени – тұрмыстық салаларына қойылады. Себебі, ластануды бірінші кезекте адамдардың денсаулығына қатерлі екендігінде және олардың өмірлерінің санитарлық жағдайының нашарлауына әкеліп соғуының мүмкін болуында. Судың органолептикалық қасиеттері оның иісін, дәмін және ондағы тасынды қоспаларды сипаттайды, әр адамға жағымсыз әсер етеді. Бұл қасиеттер балл-мен бағаланады.(22-кесте). Су пайдаланудың мәдени-тұрмыстық жерде судың 1-2баллдан аспауы қажет. Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсетіп қолданады. Әдетте судың дәмдік қасиеттерінің иістік қасиеттерінің шегінен асқанда көрініс береді. Ауыз су ретіндепайдаланылатын су көздері үшін судың түсі 20 см түтікшеде, әл басқа жағдайлардың ішінде- 10 см түтікшеде байқалмауы шарт. Иістердің күшею көрсеткіші Балл Белгілері 0 (иіс жоқ) 1 (өте әлсіз) Иіс сезілмейді Пайдаланушыға сезілмейді, бірақ 10
  • 11. 2 (әлсіз) 3 (елеулі) 4 (анық, айқын) 5 (өте күшті) зертхана жағдайында білінеді. Пайдаланушыға байқалмайтын, бірақ көңіл аударса сезілетін иіс. Суды ішуге жағымсыз ететін, оңай сезілетін иіс. Өзіне көңіл аудартатын және суды ішуге ұнамсыз ететін иіс. Суды ішуге жарамсыз ететін соншалықты күшті иіс. Табиғат суларының негізгі ластану көздері Өнеркәсіп ағындылары. Табиғат су көздерін ластаудың ең көп бөлігін халық шаруашылығының мұнай өңдеу, химия, сабын қайнату, целлюлоза-қағаз, текстиль, металлургия тау-кен салаларының кәсіпорындары береді. Өнеркәсіп ағындыларының барлығы дерлік әр түрлі дәрежеде судың сапасына кері әсер ететін мұнай шикізаттарымен ластанған. Тіпті, судың құрамында мұнайдың елеусіз мөлшерінің (0,2...0,4 мг/л) кездесуі суға арнайы иіс береді, ол иіс суды сорғыдан өткізіп, хлорлаған соң да кетпейді. Химия кәсіпорындарының ағындыларында, әсіресе орман-химиялық, аналин- бояу, коксохимия және басқа да салаларының ағындыларында кездесетін фенолдық қосындылар үлкен қауіп төндіреді. Фенолдық сулар өте күшті антисептикалық қасиеттерге ие бола отырып, судағы биологиялық процестерді бұзады, мұрын жаратын жағымсыз иіс береді. Электрохимия өндірісінің, кенбайыту фабрикаларының, пестицид шығаратын кәсіпорындардың және шахтылар мен кенорындарының су ағындыларында едәуірмөлшерде мырыш (Zn) пен мыс (Cu) кездеседі. Соңғы кездерде кейбір өнеркәсіп су ағындыларында пайда болған синтетикалық беттік-белсенді заттар судың биохимиялық тазалағыш қабілетін бірден нашарлатады. Үй-жай шаруашылығының ағындылары. Қалалар мен басқа да елді мекендер ластанған заттарлдың үлкен мөлшерін береді. Үй-жай шаруашылығының ағындыларының құрамында зәрнәжісті , олардан басқа да едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды пайдаланудан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, қоғамдық тамақтану орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Үй-жай шаруашылығының ағындыларында ауру тудырушы микробтар мен вирустардың және гельенттердің жұмыртқаларының болуы бұл суларды аса қауіпті етеді. Үй-жай 11
  • 12. ағындылары біркелкі құйылмайтындығымен ерекшеленеді, сонысымен қоса құбырларының жұмысын қиындатады. Елді-мекендер жауын-шашын мен қар еру кездерінде көшелер мен кәсіпорындардың аулаларынан ағатын сулармен су көздерін қосымша былғайды. Олардың мұнай шикізаттары және басқа да арнайы ластаушылар болады. Ауыл шаруашылығын химияландыру. Ауыл шаруашылығын интенсив- тендіру минералды тыңайтқыштар мен дақылдарды арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғаудың химиялық тәсілдерін қолдану қарқынының жылдамдығын еселеп өсіру арқылы жүргізіледі. Нәтижеде қоршаған ортаға химиялық заттар, соның ішінде пестициттер көптеп төгіледі. Олардың бірқатары сыртқы әсерге берік және ұзақ уақыт өзінің қасеттерін сақтай алады. Пестицидтер алғашында топырақтарда шоғырланады, сонан соң жер үсті су көздеріне немесе жер асты қабаттарына сіңу арқылы жуылып құйылады. Егіс алқаптарын авиацияның көмегімен баптау кезінде пестицидтер су көздеріне тікелей төгілуі мүмкін. Ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда егіске пайдаланылған тыңайтқыштардың құрамындағы азоттың 20, фосфордың 2,5, калийдің 30 проценті су көздеріне жетеді екен. Яғни ауыл шаруашылығы су көздерін биогендік заттармен ластайтын негізгі халық шаруашылық саласы болып табылады. Биогендік заттар су объектілерінде фитопланктондардың (судың «көктеуі») жылдам өсіп-өнуіне жәрдемдеседі, зиянкес су ағзаларының өсуіне ықпал етеді, су көзінің эвтрофиялық дамуына түрткі болады (судағы қоректік заттар мен алғашқы шикізаттардың болуы), ең бастысы судағы өзін-өзі тазарту процесіне кері ықпал етеді. Топыраққа қосылатын азот нитрификациялық процестердің өсерінен оңай еритін және тұрақсыз нитрат формасына ауысады, топырақ ылғалдарын ластайды, сөйтіп жер асты суларрын пайдалануға жарамсыз етеді. Нитраттық азоттың ауыз судың құрамындағы мүмкіндік шегі – 10 мг/л. Су көздерінің биогендік заттармен ластануы суармалы егістер дамыған аудандарда байқалуда. Мысалы, күріш егістігіне пайдаланылған тыңайтқыштардың 14...18 проценті коллектор – тастанды сулар арқылы пайдаға аспай су көздерін ластауға ат салысады. Суармалы егістіктерден су көздеріне пестицидтермен былғанған әрі тұздылығы айтарлықтай қайтарма сулар көптеп түседі. Осындай қайтарма 12
  • 13. сулардың мөлшері бұрынғы ТМД-да 1975 жылы 39,8 текше километрге жетті (алынған судың 28,5%-і). Нәтижеде, Сырдария мен Әмударияөзендері төменгі ағыстарында одан әрі пайдалануға жарамсыз халге жетіп отыр. Алдағы уақытта суармалы егістік алқаптарының қайтарма суларының көлемі суғару жүйелерінің жетілдірілуі арқылы біртіндеп азаюға тиіс. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының су көздерін пестицидтермен ластайтын халық шаруашылығының бірден бір саласы болып отыр. Ашық су көздеріне пестицидтер, олар шашылған аумақтан жаңбыр, қар суларымен, ауыл шаруашылық алқаптарын авиа және басқа да жолдармен өңдеудің технологиясы бұзылған жағдайда, оларды өндіретін кәсіпорындардың ақаба суларын тастау нәтижесінде және дұрыс сақталмаған жағдайда немесе тасымалдау кезінде түседі. Мал шаруашылық ағындылары. Өзен, көл аңғарларына орналасқан көптеген мал фермалары (шошқа, қой, сиыр) және 50...100 мың бас малға есептелген мал кешендері айтарлықтай ластану көздері болып табылады. Малдарды суғаруды жеңілдету үшін, әдетте мал фермаларын су көздерінің жағасына немесе жақын жерге орналастырады. Сұйық қалдықтар жинайтын орын мен малақ қоймалары болмаған жағдайда, бұл қалдықтар жаңбыр суымен оңай жуылып , су көздерін ластайды. Көк-жасыл су өсімдіктерінің ыдырауынан (бұзылуынан) туындайтын өнімдер. Көк-жасыл су өсімдіктері ең қарапайым, төменгі топқа жатады. Көпшілік жағдайда бұл бір жасушалы ағзалар шоғырға бірігеді. Кейбіреулерінің жасушалары шырыштың және өсінділердің көмегімен ценобияға жіп тәрізді жалғасқан, сондықтан олар сыртынан қарағанда көп жасушаға ұқсайды (11,2-сурет). Судың көктеуімен қабаттасып жүретін су өсімдіктерінің шектен тыс дамуы судың сапасын күрт нашарлатады. Белсенді түрде жүретін судағ ашу және шіру процестерінің нәтижесінде су қабаты улы заттармен қанығады, оттегі азаяды, жағымсыз иіске ие болады. Бұлардың барлығы балықтар және басқа да гидробионттардың ауруға шалдығуына және қырылуына әкеліп соғады. Су ішуге және демалыс үшін жарамсыз болып қалады. Судың өлі су өсімдіктерімен биологиялық ластануын өнеркәсіптік ақаба сулармен ластануымен салыстыруға болады. Көк-жасыл су өсімдіктерінің жаппай дамуы қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету режимінің бұзылуына, балықтардың тұншығуына, адамдардың демалу орындарын ластауына әкеліп соғуы себепті халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. 13
  • 14. Су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шаралар. Қазіргі кездегі өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көліктің және қалалар мен елді мекендердің күртдамуы салдарынан су көздеріне тасталатын лас сулардың көлемі аса көп мөлшерге жетіп отыр. Бұл сулардағы ластаушы заттарды шектеуші белгілі шаралардың болмауынан, қалдық суларды таза су қосу арқылы тұщшылау әдісі жеткіліксіз. Зиянды қоспалардың көп мөлшерде шоғырлануы судың өзін-өзі тазартуына кедергі жасайды және судың ластануы жылдамдайды. Су көздерінің тазалығын сақтау үшін келесі шаралар іске асырылуы керек: - үй-жай және өнеркәсіптік ағындылардың толық тазалануын қамтамасыз ету; - өнеркәсіп технологиясын жетілдіру және өзгерту; - су аз қолданылатын және сусыз технологияларды іздестіру және іске асыру; - сумен қамтамасыз етудің айналымдық тәсілін тең түрде өндіріске кіргізу, тазаланған ақаба суларды қайталап пайдалану арқылы су көздеріне тасталатын , тіпті тазаланған сулардың көлемін азайту; - тыңайтқыш пен пестицид қолданудың тиімді әдістері мен жолдарын пайдалану; - өзен мен су көздері алаптары мөлшерінде су қорғау шараларының мемлекеттік жоспарын және келешектегі өнеркәсіптік күштерді орналастыруды ескере отырып қарастыру және іске асыру. Өнеркәсіпік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері. Қазіргі кездегі ақаба суларды тазалаудың келесі тәсілдері қолданылады: механикалық, физикалық және биохимиялық. Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту, тоспалау және центрофугалау арқылы бөліп алуға қызмет етеді. Бұл тәсілді, басқа тазалау тәсілдерін қолданар алдында алдын алу мақсатында немесе өнеркәсіп мақсатына пайдалануға болатын жағдайда қолданады. Механикалық тазалаудан өткен суды, әдетте хлорлау арқылы залалсыздандыру қажет. Менің зерттеу жұмысым осы механикалық тазалау әдісімен жасалды. Бұл жобаны осы жылдан бастап қолға алып әрі қарай зерттеуге барымды саламын. Ендеше қарапайым үй жағдайында краннын суын әртүрлі адам ағзасына зиянды тұздардан тазалау әдісімен таныстырам. Еки немесе бир жарым литрлік құты, 1,5 литр күбі, 5 қаптама белсендендірілген көмір, мақта және дәке алдым. Күбінің түбін шамалы кесіп 14
  • 15. алып тастадым, сосын сол күбіні құтының ауызына орналастырып, дәкенің ішіне мақтаны салып оны жаксылап күбінің ішіне бірінші қабат жасап, екінші қабатты тағы да сол дәке мен мақтадан жасап оның үстіне белсендендірілген көмірді ұнтақтатып салып қайтадан үшінші қабатты дәке мен мақтадан жасалған орналастырдым. Әрі қарай дайындаған сүзгіден ластанған ауыз суын өткізіп таза мөлдір су алдым. Дәке мен мақтадан жасалған үшінші жоғарғы қабатында көзге көрінетін лас заттар қалды, ал судың құрамындағы ауыр қоспалар мен хлорды белсендендірілген көмір жояды. Осылайша біз тұрмыстық жағдайда ауыз суын тазарта аламыз. Химиялық және физика-химиялық тәсілдері коллоидтық және ерітінді заттармен ластанған өнеркәсіптік ақаба суларды тазалау үшін қолданылады. Бұл үшін ластану сипатына сәйкес суға арнайы реагенттер қосылады, су қабатынан бу немесе ауа өткізіледі, электролиз және ион алмастырғыш материалдар қолданылады. Биохимиялық тазалау кейбір микроорганизмдердің дамуы үшін ақаба сулардағы коллоидты және еріген органикалық заттарды пайдалану қасиетіне негізделген. Бұл тәсілді су минералды және ерімеген органикалық заттардан тазаланған соң қолданылады. Бұл тәсіл суды органикалық ластаушылардан толық дерлік тазартады. Биохимиялық тазалауды табиғи жағдайда жүргізеді, яғни суармалы егінжайларда, сорғыту алаңдарында немесе биологиялық тоғандарда, әуіттерде, сонымен қатар жасанды жағдайда да, биологиялық сорғыларда және аэротенкттерде жүргізіледі. Суды тыңайтқыштар мен пестицидтермен ластанудан қорғау. Ауылшаруашылық өнеркәсібін жеделдету барысында су көздерінің ластануын міндетті түрде болмай қоймайтын құбылыс деп қарауға болмайды, керісінше минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланған жағдайда қоршаған ортаны қорғауда олар эффективті құралдың рөлін атқаруы мүмкін. Себебі, оларды қолдану барысында топырақтың құрылымын жақсартады және су және жел эрозиясына қырсылығын күшейтеді. Тыңайтқыштар су көздеріне түсуін болдырмау үшін келесі шараларды іске асыру керек: - әрбір өсімдіктің (дақылдың) қажеттілігіне орай тыңайтқыш қосу нормасын сақтау; - тыңайтқыш салудың оптимальды мерзімін топырақтың биохимиялық қасеттеріне сәйкес белгілеу; - вегетация кезінде тыңайтқыш қосуды бөлшектеп жүргізу; - тыңайтқыш су арқылы қосу; 15
  • 16. Мысалы, бүркіп суғару кезінде, азотты тыңайтқышты сумен қосу барысында оның әдеттегі дозасын екі есе кемітуге қол жеткізіледі; топыраққа керексіз заттардың қосылуын азайтатын тыңайтқыштардың жиынтық түрлерін қолдану; пайдалы, сіңімді заттарды топыраққа біртіндеп беретін, жуып-шаюға шыдамды және пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК) жоғары болып келетін, біртіндеп, жайлап әсер ететін, қорғайтын қабығы бар түйір түріндегі тыңайтқыштарды немесе нашар еритін мочевинаның түрін пайдалану; топырақ бактерияларының белсенділігін әлсірететін, аммонийлі азотты жеңіл еритін нитрат түріне көшіретін реактивтерді қолдану; тыңайтқыштардың ашық аспан астында сақталуын жою; Су объектілеріне пестицидтердің түсуін шектеу мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылуы тиіс; - оларды қолдану жүйесін жетілдіру. Күш ең алдымен тұрақты препараттарды пайдалануды қысқартуға жұмсалуға тиіс; пестицидтерді тек зиянкестермен күшті залалданған жағдайда ғана қолдану қажет; - пестицидтердің қоршаған ортаға жайылуын азайту мақсатында, оларды шашудың жаппай жалпылама тәсілдерінің орнына таспалы, ошақтық және шектеулі тәсілдерін қолдану. Мұндай өңдеу барысында пестицидтердің шығыны бірнеше есе кемиді және оның пайдалы әсері қажеттілік қалыпта болады, себебі зиянкестердің табиғи жаулары сақталып қалады. - пестицидтердің орнына өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану; - улық қасиеті өте аз мөлшердегі, қатерлілігі онша емес, суда ыдырау жылдамдығы жоғары және миграциялық қабілеті мүмкіндігінше әлсіз болып келетін пестицидтердің түрлерін табу; - суармалы жерлерді авиашашу жолымен химиялық өңдеуден өткізуге тыйым салу. Өте аз мөлшерде бүрку тәсілі пестицидтерді қолданудың негізгі жолына айналуға тиіс. Орман және гидротехникалық мелиорация, агротехникалық шаралар жүргізу арқылы жағалау бойы су қорғау белдемдерін құру тыңайтқыштар мен пестицидтердің ашық су көздеріне түсуін болдырмаудың жалпы өлшемі болып табылады. Орман мелиорациялары өзен алаптарының жоғары және орта бөліктерінде қорғау белдеулерін құру арқылы жасалады. Нәтижеде жер үсті ағындысы кемиді және су эрозиясы процесі әлсірейді. Орман белдеулерінің саны мен 16
  • 17. түрлері алаптың климаттық, топографиялық, гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайына байланысты айқындалады. Агротехникалық шаралар ауыл шаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізуді сақтауды қарастырады. Мысалы, эрозияға бейім үлескілерде жер жырту жұмыстарын беткейлерге көлденең бағытта жүргізеді. Соңынан ол жерге тамыр жүйесі жеткілікті дәрежеде дамыған өсімдік түрлері өсіріледі. Жағалау бойы су қорғау белдемінде беткейлер ауыл шаруашылығының айналымынан шығарылуы және шабындықтандырылуы керек. Тік (құлама) беткейлерде мал жаюға тыйым салынады. Гидротехникалық мелиорация негізінен топырақтағы су-ауа режимінің қолайлы жағдайын сақтауға бағытталған. Суғару кезінде тыңайтқыштарды шайып кететін немесе жер асты суларының деңгейін көтеруге және жердің сортаңдануына әкеліп соғатын қалыпты суару қажеттілігінен асырмау. Мелиорациялық шараларға сонымен бірге жыралардың, жағалаудың құлауын, сырғуын болдырмау барысындағы жұмыстар да жатады. Бұл үшін тік беткейлерді террасалау, беткейлерді бекіту және арнайы дренаж арықтарын салу жұмыстары жүргізіледі. Жүйеге түскен кешенді мелиорациялық шаралар табиғат суларының ластануына айтарлықтай кедергі келтіреді. Мал шаруашылық кешендерінің ағындыларын пайдалану. Мал шаруашылық ағындыларының мөлшерінің көптігі, өңдеу мен тасымалдаудың күрделілігі, малақ сақтау қоймаларының санитарлық жағдайын қамтамасыз етудің қиындығы, көп уақыттар бойы олардың су көздеріне кері әсерімен күресу шешілуі қиын мәселе болып есептеліп келді. Бұл проблема дәл қазір де малаққа тұншығып жатқан, көпшілік кішігірім және мамандандырылған мал шаруашылық қожалықтары үшін шешіле қойған жоқ. Көптеген ірілендірілген мал шаруашылық қожалықтары өз ағындыларын жем- шөп базасын жасауға пайдалану барысында ірі жетістіктерге жетті. Мал шаруашылық ағындыларын пайдалануға дайындаудың технологиясы төмендегідей. Қоражайды сыпырып тазартуды транспортердің гидрошаюшының немесе гидроағызудың көмегімен шығарылған сұйық малақ жинау қоймасына жеткізіледі. Одан сорғыштың немесе өз ағысымен, сыйымдылығы 4...6 айлық жиынға есептелген тоспаларға келіп жиналады. Бұл жерде малақ санитарлық- ветеринарлық шарттарға сәйкес жарты жыл сақталады. Осы уақытта малақ қатты шөгіндіге және тазарған сұйыққа бөлініп, сұрыпталады. Сұйық бөлігі шандорлық қондырғылар арқылы резервуарларға жиналып, одан-тәуліктік реттегіш әуіздерге түсіп, одан таза сумен және қант зауыттарының ақабы 17
  • 18. суларымен араластырылады. Алынған қоспаны жем-шөп дақылдарын ДДН-70, ДДН-100 және «Волжанка» машиналарымен суғару үшін жабық суару жүйелеріне жібереді. Суды көк-жасыл су өсімдіктерімен ластанудан қорғау. Көк-жасыл өсімдіктерінің жедел дамуы салдарынан судың көктеуі – бұл, адамдардың табиғи биоценоздардың қалыптасуына килігуі нәтижесінде болатын заңды құбылыс. Көк-жасыл су өсімдіктерінің жаппай даму процесін зерттеуші шараларға беткейдегі топырақтың жуып-шайылуы және ақаба сулар есебінен бөгендерге келіп түсетін қосымша тамақ қорларын күрт азайту; су өсімдіктерін жинау және оларды түрлі шаруашылық мақсаттарға пайдалану; бірінші кезекте бөгендердегі биогендік элементтер мен органикалық заттардың айтарлықтай қорын жинаған ластанған үлескілерді шөгінділерден тазарту және оларды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану; қосымша аэрация жасау арқылы судың түп қабатының оттегімен қанығуының дәрежесін көтеру жатады. Суды басқа да ластану көздерінен сақтандыру шаралары. Атом және жылу электр стансаларының көмегімен жылумен ластану процесін, табиғи су көздерін салқындатқыш ретінде пайдаланудан бас тарту және әрбір стансада салқындатқыш әуіттер, бүріккіш бассейндер немесе қуатты су шашқыш қондырғылар салу арқылы тоқтатуға болады. Ауа-райы салқын аймақтарда салқындатқыш-әуіттерді балық өсіру үшін пайдаланған абзал. «Вегетациялық» мерзімді жылы судың есебінен ұзартудың арқасында балық өнімдерін айтарлықтай молайтуға болады. Мұндай су көздерінде өсімдікпен қоректенетін балықтардың болуы, ондағы эвтрофикалық процестердің болмауына жағдай жасайды. Су көздерінің су көліктерінің қалдықтарымен ластануын болдырмау үшін, барлық су көліктері, түгелімен қалдық суларын жағалаудағы немесе жүзбе қабылдау пункттеріне тапсырулары тиіс. Мұндай пункттер өзен және теңіз айлақтарында ұйымдастырылады. Бірте-бірте су көліктерінің жаңа, экологиялық тұрғыдан таза түрлері, ескі көліктерді алмастыруы керек. Табиғи су көздерінің атмосфера арқылы ластануын болдырмау үшін кәсіпорындарда газ, күл, шаң тосқыш қондырғылары және т.б. шаралар қызмет етуі тиіс. Бұл шаралар айтарлықтай күрделі, сондықтан зерттеуді қажет етеді. Жалпы алғанда, тіпті ақаба суларды тазалаудың ең жетік әдістерін пайдаланғанның өзінде, бұл шаралар табиғат суларының ластану мерзімін алыстатқанымен, ластануды тоқтата алмайды,себебі экономикасы дамыған жағдайдың өзінде ластанады екен. Сондықтан таза су проблемасы тек 18
  • 19. шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етудің тұйық айналымдық жүйелеріне өткен жағдайда ғана шешілуі мүмкін. Су көздерінің өзін-өзі тазалауы және оны жеделдету Судың өзін-өзі тазалау қабілеті, оның ең бір маңызды әрі бағалы қасиеттерінің бірі. Өзін-өзі тазалау процестері микроорганизмдердің және су өсімдіктерінің қызметімен, қүн радиацияның әсерінен және басқа да факторлардың ықпалымен іске асырылады. Тазалау процесі әсіресе жазда жедел жүреді. Лас сулардың өзін-өзі тазалауы тек оларға көп еселеп таза су қосқан жағдайда ғана (1:7...1:12) мүмкін. Тұйық су көздерінде және жер асты суларында өзін-өзі тазалауы өте шабан жүреді. Мысалы, Әлемдік Мұхиттың өзін-өзі толық тазалануы тек 2600жылда, жер асты сулары – 5000 жылдан соң өтеді. Судың өзін-өзі тазалау процесіндегі басты фактор – оның оттегіге қанығуы. Еріген оттегінің әсерінен судағы органикалық заттардың тотығу және олардың су түбіне минералдық шөгінді түрінде жиналу процесі жүреді. Су оттегіне негізіне ауадан қанығады. Бұл процестің ағысы жылдам өзендерде және күшті желдің әсерінен болатын толқындардың арқасында ең жылдам түрде жүретіні байқалады. Бұған, сонымен қатар су өсімдіктерінің өмір сүру жағдайы, күн радиациясының әсерімен жүретін фотосинтез нәтижесінде суды оттегімен қанықтыруы арқылы ықпал етеді. Су өсімдіктері фотосинтезден өзге, бірқатар суда еріген және бөлшек заттарды өз бойына сіңіру арқылы, судың сапасын жақсартуға ат салысады. Қысқаша айтсақ, су өсімдіктері ақаба суларды биологиялық процесінің маңызды бір бөлігі болып табылады екен. Судың сапасына аса оң ықпал ететін су өсімдіктерінің қатарына келесі өсімдіктер жатады. Су қорларының сарқылу себептері Өзендер тұщы судың ең басты көзі болып табылады.Арналардың суға толы болуы оларға құятын салаларға, яғни кішірігім өзендерге тікелей байланысты. Бұрынғы ТМД аумағында ұзындығы 10км-ден ұзын өзендер саны 150мыңнан астам, ал одан кішіректері – шамамен 2,6 млн. Олардың жалпы ұзындығы 10 млн км-ге жуық. Кішігірім өзендер табиғи орта үшін үлкен маңызға ие. Олар микроклиматты ауа мен топырақтың ылғалдығын реттеп, жайылымдармен ауыл шаруашылық 19
  • 20. егістіктерінің өнімін анықтайды және ірі өзендердің төменгі деңгейдегі кезінде қоректенуін қамтамасыз етеді. Адамдардың табиғатқа көзсіз араласуы, онда қалыптасқан тепе-теңдікті жояды. Орман ағаштарын кесу, батпақтарды құрғату, иірімдерді құрту және арналарды түзеу жұмыстары алапқа түскен ылғалдың тікелей өзендерге түсіп, кедергісіз теңіздерге кетуіне әкеліп соғады. Көктемгі еріген қар суы мен жауын-шашын өзен аңғарларының беткейлері мен жағалауларды жуып шайса, одан келіп түсетін тұнба тасындылар арналарды шөгінділерге толтырып бастау, қайнарлардың көзін бітейді. Өзен аңғарларынао орналасқан бұталарды шабу мен өзен арнасының жарқабағына дейін жер жырту шаралары топырақ эрозиясының дамуына ықпал етеді. Адамдардың сондай қызметінің арқасында әлемдегі көптеген өзендер зардап шегуде, жекелеген өзен үлескілері толығымен немесе жартылай құрғап қалуының арқасында олардың халық шаруашылық және әлеуметтік маңызы жойылды. Мысалы, Белорусь республикасында жүргізілген, негізінен ойланбай, астүсті жасалған батпақтарды құрғату жұмыстары ондағы айтарлықтай маңызы бар 19 өзен шаруашылық және эстетикалық бағасының жойылуына әкеліп соқты. Олардың ішінде Морочь, Турая, Неманка және т.б. өзендер бар. Ресей, Украина, Белорусь, Прибалтика елднерінің кішірігім өзендері негізінен батпақтардан бастау алады және ондағы ылғалмен қоректенеді. Европаның ең ірі өзендерінің бірі Еділ де батпақтан басталады. Батпақтардың рөлі тек өзендерді қоректендірумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар көптеген құстар мен жануарлардың өсіп-өнетін орны, онда жидектер көптеп өседі. Сондықтан да, кей жағдайларда батпақтарды құрғату науқаны кезіндегі шығындардың мөлшері, алынатын болжамдық тиімділіктен әлдеқайда асып кетті. Нәтижеде тағы да қосымша қаржы жұмсап батпақтарды өзінің бастапқы қалпына келтіруге тура келді. Су көздерінің сарқылуы негізінен келесі себептердің ықпалымен жүзеге асады: өзен алаптары мен аңғарларындағы орман ағаштары мен бұталарды кесу; алаптары батпақтарды құрғату; аңғар беткейлерін жырту; топырақтың жел мен судың ықпалымен эрозияға ұшырауы; кішірігім өзендердегі тоғандардың бұзылуы; табиғат суларын бақылаусыз және шашып-төгіп пайдалану. Тірі әлемге органикалық өмірдің негізі – сапалы таза су көзі Қазақстан Республикасы Су Кодексіне сәйкес республиканың мемлекеттік су қоры деп барлық су объектілерінің жиынтытығын, сондай-ақ мемлекеттік су 20
  • 21. кадастрына енгізілген немесе енгізілуге жататын республика аумағы шектеріне шоғырланған су қорларын айтамыз (жер үсті, жер асты және қайтармалы сулар). Елдің жер үсті су қорларының қосалқы қоры орта есеппен шамамен жиылына 539км³ (текше шақырым) құрайды, соның ішінде 190км³ көлдерде шоғырланған, өзендер мен су қоймаларының су қорлары сәйкестігіне қарай 100,5 және 95,5 км³, мұз айдындарының ғасырлық қосалқы су қорлары – 95 км³, жер асты сулары - 58 км³, сондай-ақ республика аумағында ірі үш су қоймасы орналасқан-Каспий және Арал теңіздері, Балқаш көлі, 39 мыңға жуық өзендер мен уақытша су ағыстары, 4000 тоған және 200-ден астам ірі су қоймалары бар. Елдің ең үлкен су күре тамырлары – Ертіс, Іле, Сырдария, Есіл, Тобыл, Орал, Торғай және Шу өзендері. Ал, республика көлдерінің саны өте көп. Каспий және Арал теңіздерін, сондай-ақ тоғандар мен су қоймаларын есептемегенде, яғни көлемі 1га және одан үлкен 48262 көл бар. Олардың жер үсті су қабатының жалпы ауданы 45 км² шаршы шақырым. Сондай-ақ республика аумағында 2720 мұз айдыны бар, мұз басудың жалпы ауданы 2 мың км² құрайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, жалпы жер бетінде 1 млрд. 350 куб шақырым су бар. Оның 97 пайызы ішуге жарамсыз. Ал, адамзат үшін қаншалықты мөлшерде су қажет? Мәліметтерге сүйенсек негізгі норма бойынша әрбір адам тәулігіне 125 литр су пайдалану керек, ал біздің еліміздегі Арал аймағындағы ауылдарда 15 литрге дейін шектелген. Су сапасының төмендеуіне ескіріп құрып бара жатқан құбырлар да себепкер. Республикада сумен жабдықтау мәселесі түбегейлі он шешімін тапқан бірде-бір аймақ жоқ. Әрбір төртінші су құбыры тазалық нормасына сай емес. Қызылорда облысы аумағындағы ірі елді-мекендер мен қала тұрғындарының 70 пайызы Сырдария өзенінің суын ішіп отыр. Ал, тұрғындардың қалған 30 пайызы ғана ауыз суды құбырдан ішеді. Норма бойынша құбыр 15-20 жылға шыдау керек болса, біздегі құбырлар 5-6 жылда шіріп, тесіліп істен шығып қалад. Өйткені, ұдайы тұзы көп жерлерде жатқандықтан құбырлар тез істен шығады. Ал, тесілген құбыр арқылы таза сумен бірге лас судың да қоса ағатыны белгілі. Өзен суларында улы қоспалардың өте жоғары мөлшерде кездесуі тіршілік дүниесіне үлкен қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 пайызы тікелей судан болып отыр екен. Су лас болмаса да тұзы өте көп болса, асқазан мен бүйрекке қауіпті. Сол сияқты зәр шығару және де өт жолдары аурулары да өріс алып , ас қорыту жүйесімен қан тамырлардың жүйесі бұзылады. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, қазіргі пайдаланып жүрген хлордың аса көптігінен адамдар қуық 21
  • 22. рагіне де шалдығады. Бұл аурулар негізінен адамдарға жер асты және жер үсті су ресурстары арқылы «бауыр басады». Өйткені, әр жыл сайын арықтар 5 текше шақырым лас сумен толығады екен. Ал, оның 3 текше шақырымы мүлдем таза емес. Сонымен, сумен қамтамасыз ету мәселесі осылайша тұйыққа тіркеліп тұр деуге толық негіз бар. Жалпы, әлем бойынша ауыз суға мұқтаж 2 млрд.адам бар деп жорамалдайды. Сондай-ақ, БҰҰ-ның соңғы баяндамасында суды тиімді пайдалану 2025 жылға дейін өзгертілмесе, 2,7 млрд.адамға «қайраңда қалу» қаупі ба, яғни суды шөлін қандырып ішетін жағдай да болмауы мүмкін. Нақ, бүгіндері Батыста жоғары сапалы табиғи судың құны мұнайдан да басып отыр озды. Өйткені, су бағасы «соңғы сәндегі» байлықтан 6-8 есе қымбат. Жалпы айтқанда су жоқ жерде өмір де жоқ. Бұрын табиғи су қоймалары таза болғанда, қай кезде қандай суды пайдалану турасында проблема қозғалмайтын еді. Ал, қазір жағдай басқаша. Өйткені, таза су қымбатқа түсіп тұр, егер де оны барлық нәрсеге бірдей қолдансақ, онымыз көзсіздік болған болар еді. Жалпы, адам баласының жауапсыз, жоспарсыз әрекетінен бір кездері тіршілік, байлық берген Арал бүгінде табиғатқа, адам баласына кері әсерін тигізуде. Соңғы кездері дүниежүзі халықтары санының өсуі нәтижесінде бір адамға шаққандағы су қорлары азаяды. Мәселен, егер 1950 жылы осы көрсеткіш орта есеппен 33 мың м³ құраса, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш бір адамға жылына 7,1 мың м³ дейін қысқарды. 1960 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 2000 жылы Африкада жылына бір адамға 16,5-тен 5,1 дейін, Азияда 7,9-дан 3,3 дейін, Еуропада 5,4-тен 4000 м³ дейін төмендеді. Ал, дамушы елдерде тұратын әлем халқының көпшілігі, нақтырақ айтқанда 40 пайызға жуығы қазірдің өзінде су тапшылығынан туындаған күрделі проблемаларды бастан кешіріп отыр. Сол сияқты республиканың кейбір аймақтарын абсолютті су тапшы аймақтарға жатқызуға болады. Мысалы, жоғарыда сөз болғандай Арал аймағындағы ауылдарда таза су 15 литрге дейін шектелген. Тіпті облыста ауылдық мекендердің 12пайызы суды тасып ішеді, 24 елді мекен каналдар мен дария суын пайдаланады, ал 54 пайызында скважиналар және құбырлы су жүйесі жұмыс істейді. Ал, ішуге пайдаланат-ын судың тазалығы ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейді. Міне, кейінгі кездері облыс көлемінде жыл сайын вирусты гепатиттің етек алуының бірден-бір себебі – ауыз су сапасының нашарлығынан, яғни Сырдариядан келетін судың ластығынан. XXI ғасырдың орта шеніне қарай, сарапшылардың бағалаулары бойынша, әлем халқының 65 пайызы су проблемасымен бетпе-бет келмек. 22
  • 23. Сондықтан да әлем елдерінің алдында су қорларының үдемелі жетімсіздігін бағындыру міндеті тұр. Осы орайда 2003-2010 жылдарға арналған облыстықт «Таза су» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласының төңірегіндегі елді-мекендердің халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 11,3 млн. теңге қаралып, сол сияқты Қызылорда қаласынан қалдық суларға «биологиялық тазарту станциясын салу» жобасы 2003-2005 жылдардағы республикалық басым жобалары тізіміне кіргізіліп, оны қаладағы «Мелиоратор» ЖШС жеңіп алды. Бүгінгі таңда бұл жеңімпаз серіктестік тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылғы 1-ші жарты жылдықтың қорытындысымен осы жаңа объектінің 402 млн.теңгенің жұмыстары орындалды. Үстіміздегі жылы оның құрылысы аяқталады деп күтілуде.Сол сияқты Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры арқылы Арал қаласы мен Қазалы, Әйтеке би кенті тұрғындарын қамтамасыз ету және Аралдың – 9, Қазалының – 4 елді-мекенге су құбырларын тарту арқылы да оларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жолға қойылмақ. Бүгінгі күні аталған жұмыстардың 2-і кезеңі толық іске қосылып, жұмыс істеуде. Бұл су құбырын пайдалану басқармасы сол алғаш құрылған 1986 жылдары тек Арал қаласымен ғана шектелсе, ал қазірде 11 елді-мекен және Қазалы ауданына қызмет жасауы қуанышты-ақ. Сол сияқты Арал ауданына қарасты «Тоқабай» елді-мекені жер асты кермек скважина суын облыста бірінші болып жел қондырғысы арқылы тұщыландырылып, оны тұрғындар қазір де пайдалану үстінде. Судың қорын тиімді, үнемдеп пайдаланумен бірге оның көздерін таза сақтау қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, шаруашылықтың қай саласында пайдаланылса да су сапалы, тұщы, әр түрлі зиянды қоспалардан таза болуы шарт. Міне, сонда ғана адамның денсаулығы мен жануарлардың өсуі, олардың өнімділігі көтеріледі. Су тірі әлемде барлық зат алмасу процесіне қатысатын болғандықтан органикалық өмірдің негізі екені сөзсіз. Қазіргі әлемде органикалық өмірдің негізі – сапалы, таза су көзі. Қорытынды Ауыз су адамның қажеттілігін өтейтін негізгі шикізат көзі. Ата-бабамыз Отын- олжа ,су-қорлық деп судың адам өміріндегі ,оның маңыздылығы туралы айтып кеткен .Ата-баба көзі көріп ,айтып,жазып кеткен кешегі ертегіге ,аңыз әдебиетке қосып жүрген немесе ата – әжелеріміздің аузынан естіген табиғат байлығын таза ауа, сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бұл күнде мүшкіл халде екенін баспа беттерінен оқып, көгілдір экраннан көріп жүрміз. 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халқына жолауында ауыз су мәселесіне ерекше тоқталды. Халықтың әлеуметтік жағдайына, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат 23
  • 24. тұжырымдап, елімізде елеулі қоры бар жер асты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет екендігін баяндады. Зерттеу қорытындысы бойынша ауыз суды түрлі әдістермен тазартуға болатынын және де тұрмыстық жағдайда немесе қаланың сыртына демалуға шыққанда қолға тиімді заттармен суды тазалауға болатынын және оның ішуге жарамдығы анықталды. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына арналған Жолдаулары 2. Бірімжанов Б. А. Жалпы химия – Алматы, 2002 ж (3-4бет ) 3. Бейсеева Г.Б. Бейсенова Ә.С. Адам экологиясы – Алматы, 2001 ж (26бет) 4. Химия мектепте журналы 2004ж (12-14бет) 5. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж. 6. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж. 7. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”. 8. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж. 9. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж. 24
  • 25. 25