SlideShare a Scribd company logo
1 of 28
Рудный қаласының әкімшілігі
«Рудный қалалық білім бөлімі» ММ
«№15 орта мектебі» КММ
"Бөлме ауасы құрамындағы көмірқышқыл газының әсері "
Здоровая природная среда- основа реализации стратегии "Казахстан-2050"
Бағыты: Қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Жақсыбай Маржан
11 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Мустафина Рыскүл Сабенқызы
Химия –биология пәндері мұғалімі
Рудный қ, 2017 о.ж.
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………….............4
Негізгі бөлім………………………………………………….........5-20
1.1 Көмірқышқыл газының ағзаға әсері.....................……….......….....5
1.2. Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері...............5-11
1.3 Желдету...........................................................................................11-15
1.4 Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын
заттар ....................................................................…… 16-18
1.5 Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі.........18-19
1.6 Бөлмелердегі көмірқышқыл газы....................................19-20
2. Зерттеу бөлімі..................................................................................21-24
2.1.Сауалнама........................................................................................21
2.2. Сынама жүргізу............................................................................21-24
3.Қорытынды......................................................................................25-27
4.Ұсыныстар.........................................................................................28
5.Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................29
6. Қосымша........................................................................................30
Абстракт
Өзектілігі: Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерден тыс
көбейген кезде адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Соңғы кезде оқушылар
арасында тыныс жолдары аурулары көбейіп келеді. Казіргі кезде адам
күнделікті уақытының 90% бөлме немесе ғимарат ішінде өткізеді. Бұл
химиялық қосылыстың нормадан тыс мөлшері денсаулыққа кері әсерін
тигізеді.
СО2 - түссіз, аздап қышқылтым дәмі бар газ. Ауаның құрамындағы үлесі
-0,03 %.
Зерттеу мақсаты: Сынып бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының
мөлшерін анықтау.
Міндеттері:
1) Көмірқышқыл газының адам ағзасына әсері туралы әдебиеттерге шолу
жасау және көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшерін анықтау.
2) Көмірқышқыл газының ауадағы мөлшерінің тұрақты болу жағдайларын
және онымен уланудың алдын алу шаралары туралы мәліметтер жинақтау.
3) Сынып бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерінің
оқушылардың денсаулығы және сабақ үлгіріміне әсерін зерттеу.
4) Көмірқышқыл газының мөлшерін азайту шаралары туралы ұсыныстар
жасау.
5) Зерттеу нәтижелерін қорытындылау.
Гипотеза: Оқушылардың денсаулығына және оқу үлгіріміне сынып
бөлмесіндегі көмірқышқыл газының мөлшері әсерін тигізеді.
Зерттеу нысаны: Сынып бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының мөлшері.
Зерттеу әдістері:
1.Теориялық: Әдебиеттерге шолу, интернет желісі.
2.Эмпирикалық: Бақылау, химиялық эксперимент, сауалнама, графиктік
әдістері.
Абстракт
Актуальность: Мы обратили внимание на то, что учащиеся в конце
учебного дня жалуются на головную боль, наблюдается усталость, вялость в
поведении. Одной из причин плохого самочувствия могло быть повышение
концентрации СО2 в классном помещении, где занимаются эти учащиеся.
Цель работы: оценка содержания углекислого газа в воздухе учебной
комнаты учащихся 4 класса.
Задачи:
измерить содержание углекислого газа в классном помещении при
различных условиях;
- проанализировать полученные результаты;
- выработать рекомендации по снижению СО2 в классном помещении.
Гипотеза: Содержание углекислого газа влияет на и успеваемость
учащихся.
Предмет изучения: углекислый газ, которая образуется в результате
окислительно-восстановительных процессов, протекающих в организме.
Методы выполнения работы:
- химический эксперимент;
- физические исследования;
- изучение статистических данных.
Для определения концентрации содержания СО2 в воздухе классного
помещения были взяты пробы воздуха:
- вне помещения здания школы;
- в классном помещении в начале и конце урока; - в классном помещении
после проветривания при помощи фрамуги и после сквозного проветривания;
- в рекреации, примыкающей к классному помещению 4 класса.
Практическое применение: На уроках биология, химии и технологии
рассказать о значении углекислого газа, проветриваний помещении для
профилактики заболеваний и его влиянии концентрации углекислого газа на
успеваемость учащихся.
Abstract
Relevance: We noticed that the students at the end of the school day complain of
headache, there is fatigue, lethargy in behavior. One of the causes of poor health
could be the increase of CO2 concentration in classrooms where these students are.
Purpose: to assess the content of carbon dioxide in the air of classrooms at grade 4
Objectives:
to measure the carbon dioxide content in the classroom under different conditions;
- analyze the results obtained;
- to develop recommendations for reducing CO2 in the classroom.
Hypothesis: the carbon dioxide Content affects the academic performance of
students.
The subject of carbon dioxide, which is formed by redox processes in the body.
Methods of executing works:
- chemical experiment;
- physical studies;
- a study of the data.
To determine the concentration of CO2 in the air classrooms were sampled air:
-outside of the school building;
- in the classroom at the beginning and the end of the lesson; - in the classroom
after airing through transoms and after through airing;
- in the recreation room adjacent to the class room 4 class.
Practical application:
the lessons of biology, chemistry and technology tell us about the significance of
carbon dioxide, airing the room for the prevention of diseases and the influence of
carbon dioxide concentration on student achievement.
Кіріспе
«Ауадай қажет» деген мақал тегін емес. Халық даналығы қателеспейді.
Адам тағамсыз 5 аптаға дейін тіршілік ете алады, сусыз 5 күн, аусыз 5
минутта өмір сүре алмайды. Адамға көмірқышқыл газы да оттегі сияқты
қажет.
Көмір қышқылы ағзаның қорғаныш жүйесі қызметін
ынталандырады, белгілі бір мөлшерде ағзаны физикалық және
интеллектуалды жүктемесімен күресуге көмектеседі. Балғын теңіз немесе
қала сыртындағы ауа құрамында шамамен 0,03-0,04% көмір қышқыл газы
болады бұл мөлшері тыныс алуға қажет. Кейде ауа тарылғандай болады, сол
кезде ауа құрамындағы оттегі азайып тыныс алу қиындап бас айнала
бастайды да шаршап –шалғығу байқалады. Сондай кезде адам ашушаң, әлсіз
және шаршау белгілері білініп күйзеледі., оның мәні мынада ауаның
құрамында оттегі жеткілікті мөлшерде, етк көмірқышқыл газы мөлшерден
тыс көтерілген.
Казіргі кезде мектептегі оқушылардың денсаулығының жағдаймен
қатар деңсаулықты сақтау көп аландатады. Әрине мектептегі негізгі мәселе
білім беру міндеті және оқу сапасы мен үлгірім болғанымен оқушы
денсаулығы маңызды.
Оқушылар арасында әр-түрлі ауру түрлерінің дең алуы ауаның
ластануы және бөлмелерде ауа құрамындағы көмірқышқыл газының деңгейі
жоғарылауына тәуелді деген гипотезанын дәлелденгені туралы білеміз.
Мектептегі сынып бөлмелеріндегі ауа құрамындағы көмірқышқыл
газының мөлшері оқушылардың оқу үлгірімінің төмендеуіне әкеп соқтырған
мен қатар оқушылар арасында аурулардың кең тарауына себеп болатыны
дәлелденген.
Бөлмелердегі ауа құрамындағы көмірқышқыл газы аз мөлшерде де улы.
Көмірқышқыл газы жасуша мембранасына әсер ету барысында қан
құрамындағы биохимиялық өзгерістерге әкеп соқтырады. Ондай қан
құрамындағы өзгеріс ацидоз деп аталады. Ацидоз- ағзадағы қышқылды-
сілтілік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Ұзақ уақытты ацидоз жүрек-
қантамыр аурулары мен қатар семіздік, иммунитетің төмендеуі, бүйрек
жұмысының бұзылуы, бас және буын аурулары мен қоса жалпы шаршап-
шалдығуға әкеп соқтырады. Көмірқышқыл газының ауа құрамындағы
жоғары мөлшері әсерінен тағы көздің, ауыз-мұрын қабынуы да осы жайтқа
байланысты.
Көмірқышқыл газының ағзаға әсері
Оқу күнінің сонында оқушылардың бастары ауырып шаршап-
шалдығатынын байқадық. Шаршап-шалдығу мен бас ауруларының себебі
оқушылардың сабақ оқитын бөлмелеріндегі ауа құрамындағы
көмірқышқылы газының мөлшерінің жоғарылауы болуы тиіс деген ой келді.
Жұмысымыздың негізгі мақсаты 4 сынып оқушылары оқитын сынып
бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау
болды.
Зерттеу нысаны: Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері
Зертеу әдістері:
- химиялық тәжірибе;
- физикалық зерттеу;
- математикалық есептеулер;
- статистикалық деректерді зерттеу.
Бөлмедегі ауа құрамындағы көмірқышқыл газының концентрациясын
анықтау үшін сынып бөлмесінің ауа сынамасы алынды:
- мектеп ғимаратынан тыс жердегі ;
-Сабақтың алдында және сабақ сонында;
-Сынып бөлмесін терезені ашып желдеткеннен соң және өтпе желмен
желдеткенссоң;
- 4 сынып бөлмесінің жанындағы рекреацияда.
Біздің алдымызда төмендегідей міндеттер тұрды:
- Сынып бөлмесінің әр-түрлі жағдайдағы көмірқышқыл газының мөлшерін
өлшеп анықтау;
- алынған нәтижелерді талдау;
- сынып бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін
төмендетуге арналған ұсыныстар жасау.
Казіргі кездің адамы уақытының 90% бөлмеде өткізеді. Аналар сәбилерін
көбінесе шамадан тыс толып отырған балабақшаларға апарады, мектеп
оқушылары да күнделікті толған сыныптарда отырса, студенттер де толық
аудиторияларда отырады, ересектердің көбісі көп уақытын белгіленге 8
сағаттан тыс бөлмелерде (кабинет, офис) отырады.
Адамға толы бөлмелерге кіргенде ауа тар екенін сезе бастайсыздар. Ауа
тар немесе ауаның құрамында оттегі аз деген ой келеді. Бірақ олай емес ауа
құрамында оттегі өз мөлшерінде, ал көмірқышқыл гназының деңгейі
жоғарылады. Сол кезде ағзада қандай өзгерістер жүреді екен? Бұл
қаншалықты қауіп?
Ғалымдар ауаның құрамының өзгеріу қан құрамының өзгеруіне әкеп
соқтырады дегенді айтып дәлелдеуде. Қан құрымындағы өзгерістер жүйке
жүйесіне кері әсерін тигізіп ми, тыныс жолдары мен ойлау қабілетінің
төмендеуне себеп болады. Жабық бөлмелерде оттегінің ауа құрамындағы
деңгейнің төмендеуінен гөрі көмірқышқылының мөлшері тез жоғарылайды.
Жасаған өлшеулер сынып бөлмесіндегі СО2 деңгейі 1000 ррm (0,1%)
жеткенде де оттегінің деңгейі қалыпты қалатының көрсетеді.
Көмірқышқыл газының мөлшері бөлмедегі адам саны, олардың салмағы және
немен шұғылданып жатқанына да тәуелді екенін естен шығармағын жөн.
«Ауаның тарылуы» мен СО2 -нің деңгейі арасынеда байланыс тығыз.
Көмірқышқыл газының ауа құрамындағы деңгейі 0,08%-ге жеткенде-ақ
адам «ауа жетіспеу» жағдайын сезеді. Бұл ауадағы СО2 деңгейінің
жоғарылауы дегенді білдіреді.
Индиялық ғалымдар ауа құрамындағы СО2 –нің мөлшері 0,06 % -ға
жеткенде де азот оксиді сияқты улы екенін дәлелдеді.
Қазіргі кезде бөлме ішінде күннен-күнге химиялық және биологиялық
ластаушы заттардың жаңа көздері пайда болуда, онымен бір уақытта шудан
қорғану, жылу жоғалтуын азайту мақсатында бөлмелердің
герметикалылығын арттыру беталысы өсуде. Бұлар бөлмеде ауа алмасуының
күрт төмендеуіне және аудағы ластаушы заттардың концентрациясының
жоғарылауына әкеп соғады. Осыған байланысты, шешуді қажет ететін,
бөлмедегі ауа сапасының нашарлау мәселесі барған сайын маңызды болып
отыр
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі ауа ортасын
ластайтын маңызды көздерінің бірі адамдардың тыныс алуынан шыққан ауа
болып табылады. Оның құрамында, атмосфералық ауамен салыстырғанда,
оттегінің мөлшері аз, көмірқышқыл газы 100 есе көп, ол су буымен қаныққан,
дене температурасына дейін қызған және ионсызданған. Бұдан басқа, оның
құрамында адам ағзасының зат алмасу үрдісінде пайда болатын ұшқыш
өнімдері - антропотоксиндер болады. Олардың құрамына 30-дан аса газ
түріндегі өмір сүру үрдісінің өнімдері (иіс газы, аммиак, ацетон,
көмірсутектер, күкірсутек, альдегидтер, органикалық қышқылдар,
диэтиламин, метиацетат, крезол, фенол. т.б.) кіреді. Бұлардан басқа,
бөлмелердің ауасына тағы терінің бетіндегі, киімдегі, бөлме шаңындағы
органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайда болатын 400-ге жуық ұшқыш
заттар түседі.
Адамның өзіне қарағанда, бөлме ауасын ластаушы заттардың маңыздырақ
көзі, гидро- және жылуоқшаулау, еденді жабу, қабырғаларды өңдеу, есіктер
мен терезелерді пластиктен жасау үшін құрылыста қолданылатын
полимерлік материалдар болып табылады. Олардан жиһаздар, синтетикалық
кілем заттары, линолеум, синтетикалық желім, заттың жиектерін сылайтын
заттар, сырлар және т.б. жасалады. Олардың ескіруінің немесе дұрыс
пайдаланылмауының нәтижесінде құрылымының бұзылуы үрдісінде ауаға әр
түрлі қосылыстар (бензол, стирол, формальдегид, винилхлорид, циклогексан,
аммиак, ацетон, бутилакрилат, циклогексан, т.б.) бөлініп шығады. Бұл
заттардың ішіндегі көпшілігінің уытты, сенсибилизациялаушы,
тітіркендіргіш, ал кейбіреулерінің, канцерогенді де әсері бар. Олардың
ауадағы концентрациялары өте жоғары мөлшерге жетуі мүмкін. Мысалы,
формальдегидтің тұрғын үй бөлмелеріндегі концентрациясын жеке
жағдайларда оның өнеркәсіп жағдайындағы бөлініп шығатын мөлшерімен
салыстыруға болады.
Пәтердегі барлық бөлмелердің ауасын газ плиталар едәуір ластайды, олар 1
сағат бойына жұмыс істегенде, атмосфералық ауадағы, ШРЕК-нен бірнеше
рет асатын, СО2, формальдегид, азот тотықтары, бензол, бенз(а)пирен
концентрацияларының едәуір жоғарлауына әкеп соғады. Табиғи газ
жанғанда, сондай-ақ бөлмеге, мәні бойынша өкпе обыры пайда болуының
екінші себебі болатын, радон бөлінеді. Пәтерлердегі радон көздеріне,
сонымен қатар ғимарат астындағы грунт және құрылыс материалдары,
сыртқы ауа, су құбырларындағы су, әсіресе, артезиан суы жатады. Радонның
біраз мөлшерін алюминий өндірісінің қалдықтарынан, домна пешінің
шлактарынан, тас көмірдің күлінен, фосфор кендерін өңдеу өнімдерінен
жасалған құрылыс материалдары бөледі (XII - тарау).
Жабық бөлмелердің ауа ортасын ластайтын ең таралған көздерінің бірі
темекі шегу болып табылады. Темекі түтінінің құрамында 4 мыңға жақын
химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде бөлмелердің ауасында уытты
(стирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин, фенол, никотин) және
канцерогенді заттар (нитрозоаминдер, полоний-210) және т.б. жоғары
концентрациясында кездеседі. Темекі шегу өкпе обыры себептірінің ішінде
бірінші орынды алады, және де пассивті темекі шегетіндер де ауырады.
Құрылыста кеңінен қолданылатын басқа канцерогенді зат та – асбест
бөлмелер ішінде қауіпті болып табылады. Егер, асбоцементті плиталарының
бүтіндігі бұзылса, мысалы, жөндеу жұмыстары кезінде, асбест талшықтары
ауаға түсіп, тіпті қысқа уақыт әсер етуінің өзінде, ұзақ жасырын кезеңінен
(10 және одан да көп жылдардан) кейін өкпе рагі, өкпеқабының және
ішастарының мезотелиомасы дамуына әкеледі. Тұрмыстық химия
заттарының да аллергиялық және жиі, уытты әсері болады.
Үй ауасы ортасының едәуір ластануының көріністерінің бірі, «ауру
ғимараттар синдромы» болып табылады. Ауру ғимараттар санатының біріне
- «уақытша ауру» - жақында салынған немесе қайта құрылған ғимараттар
жатады. Оларда болған кезде, адамдарда әлсіздік, қажғыштық, бас ауыруы,
көз коньюктивасының, мұрын, тамақтың шырышты қабыгының тітіркенуі
пайда болады. Біраз уақыт өткеннен соң, құрылыс материалдарының және
беттерді қаптайтын материалдардың құрамындағы ұшқыш заттардың бөлініп
шығуы азаюына, линолеумді ауыстыруға, желдетілуге, т.б. байланысты, бұл
құбылыстар кетеді. Ғимараттардың басқа санаты - «үнемі
ауру» ғимараттар. Бұлардың ауасындағы ластаушы заттардың мөлшері
ШРЕК-тен аспайды, бірақ мұндай ғимараттардың ішінде болу кезінде,
адамдарда ауруның барлық белгілері байқалады, ал ғимараттардан шыққан
кезде, бұл белгілер азайып немесе жойылып кетеді. «Ауру ғимараттар»
синдромының пайда болу себебі, ластаушы заттардың уландыратын
әсерлерінің синергизм эффектісі болып табылады деп болжайды.
3.3. Желдету. Дұрыс ұйымдастырылған ауа алмасуы (желдету), яғни жабық
бөлмедегі ластанған ауаны таза ауамен алмастыру, бөлмелердегі ауаның
ластануымен күресу шараларының бірі болып табылады. Желдету, бұдан
басқа, микроклиматты жақсартуға мүмкіндік тұғызады және эпидемияға
қарсы маңызы бар.
Желдетудің табиғи және жасанды түрлері бар. Табиғи желдету кезінде ауа
бөлмеге табиғи жолмен беріледі және шығады, ал жасанды желдету кезінде -
механикалық қоздырғыш құралдар көмегімен іске асырылады.
Тұрғын үйлердің көбінде ауа алмасуы үшін табиғи желдету және оны
күшейтетін құралдар қоланылады. Ол сыртқы және бөлмедегі ауа
температурасының айырмашылығы және желдің күші есебінен жүзеге
асырылады. Бөлме ішіндегі жылы және жеңіл ауаны сыртқы ауыр, суық ауа
терезе және есік, құрылыс қондырғыларының саңылаулары мен бос
қуыстары арқылы ығыстырып шығарады. Желдің күші ғимараттың жел
соғып тұрған жағына қосымша қысым түсіреді; нәтижесінде ауа үлкенрек
жылдамдықпен бөлмеге енеді. Ғимараттың жел соғып тұрған жағына қарсы,
ық жағында түзілген, қысымы бәсен ауа бөлмедегі ауаны сорып алуға жағдай
жасайды.
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда қалыпты микроклиматты кәдімгі
жасанды желдету құралдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмаған
жағдайларда ауаны кондиционерлеу қолданылады. Ауаны кондиционерлеу
деп, бөлмеде берілген қолайлы температура, ылғалдылық және ауаның
қозғалу жылдамдығын, егер қажет болса, ауаны иондандыруды да,
қамтамасыз етуді және автоматты түрде сақтап тұруды түсінеді.
Кондиционерлер орталық және жергілікті болып бөлінеді.
Орталық кондиционерлер бүкіл ғимаратқа немесе бөлмелердің жекелеген
топтарына қолданылады. Жергілікті немесе бөлмелік кондиционерлер
(климатизерлер) жеке бөлмелерге орнатылады. Кондиционерлер бөлмеде
берілген температураны, ылғалдылықты, ауаның берілу жылдамдығын
сақтап тұрады, шаңнан, иістерден тазартылған, ал кейбір жағдайларда
(мысалы, операциялық бөлмелерде), бактерицидтік сүзгілерден өткен, ауа
береді. Кондиционерлеуші қондырғылар ыстық климат жағдайында өте
қажет: адамның жағдайы жақсарады, еңбекке қабілеттілігі едәуір
жоғарылайды, жоғары температураның денсаулыққа қолайсыз әсер ету
мүмкіншілігі төмендейді. Олардың аурухана мекемелерінде маңызы зор,
өйткені, қолайлы локальный климат жағдайларын жасап, стерильді
бөлмелерде ауаның тазалығын жоғары дәрежеде сақтап тұрады.
Ауа алмасуды бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:
желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу есесін. Желдетудің
қажетті көлемі - бұл, бөлме ішіндегі зиянды заттардың мөлшері рұқсат
етілген деңгейден асып кетпеуі үшін,бір адамға бір сағат ішінде бөлмеге
берілуі қажет таза ауаның мөлшері.
Әдетте, ауасы негізінде адамдардын есебінен ластанатын тұрғын үй
бөлмелері мен аудиторияларда желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс
алу кезінде шығарған көмір қышқыл газыныңмөлшері мен (жоғарыда қара)
оның ауадағы рұқсат етілген концентрациясына байланысты анықталады.
Алайда, ауада басқа көздерден келіп түсетін улы және қауіпті ластаушы
заттар болса, есептеуді, бөлінген ластаушы заттардың концентрациясы мен
олардың ШРЕК-ің ескере отырып, жүргізеді. Ересек адам жеңіл дене
еңбегі кезінде сағатына 22 л жуық көмірқышқыл газын ауаға бөледі.
Бөлмелерде көмірқышқыл газының рұқсат етілген деңгейін (0,1%) сақтап
тұру үшін, тыныс шығарудан ауаға бөлінген 22 л СО2 шамамен 36-37
м3
атмосфералық ауамен сұйылуы керек, яғни, желдетудің қажетті көлемі 36-
37 м3
болуы керек. Желдетудің көрсетілген көлемдерін ең төменгі мөлшер
деп санау қажет. Жабық бөлмелерде ауа ортасының қолайлы жағдайлары
желдету көлемі тек 80-120 м3/сағ болғанда қамтамасыз етіледі. Желдетудің
мұндай көлемі бір адамға шаққандағы ауаның кубы мен ауа алмасу есесін
арттыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ауа кубы деп, жан басына шаққанда бір адамға келетін бөлменің көлемін
түсінеді, ал ауа алмасу есесі- бір сағат ішінде бөлменің ауасы неше рет
атмосфералық ауамен алмасатынын көрсететін сан. Ауа алмасу есесін К=V:P
формула бойынша анықтайды, бұндағы К- бір сағат ішіндегі ауа алмасу есесі,
V- бір адамға есептегендегі желдету көлемі (м3/сағ), P- бір адамға
есептегендегі ауа кубы (м3). Ауа енуі бойынша алмасу еселігін «+» белгімен,
ал сорып әкету бойынша еселігін «-» белгімен белгілейді. Мысалы, «+2/-3»
дегеніміз, бұл сағатына берілген бөлменің көлемінен екі есе артық ауа
берілетінін, 3 есе артық ауа шығарылатынын көрсетеді. Ауа алмасу
нормативтері әр түрлі бөлмелер үшін, олардың ластану сипатына, бөлмені
пайдалану мақсатына байланысты өз алдына белгіленеді (1-кесте).
Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын
заттар
Ластаушылардың көздері
Ластаушы заттар
Адам
Өмір сүру үрдісінде бөлінетін
антропотоксиндер
Атмосфералық ауа
Азот, күкірт, көміртек тотықтары, күйе,
шаң, қорғасын, автокөліктен бөлінетін
газдар және басқа химиялық қосылыстар
Құрылыста және бөлмелерді
өңдеуде, жиһаздар жасауда, кілем
тоқуда, киім тігуде, т.б.
қолданылатын материалдар
Полимерлік материалдардың
құрылымының бұзылу өнімдері - бензол,
стирол, формальдегид, винилхлорид,
циклогексан, аммиак және т.б.
Газ плиталары, үйді жылытатын
құралдар
Тұрмыста қолданылатын газдың толық
жанбаған өнімдері, ароматты
көмірсутектер, радон
Тұрмыстық химия заттарын
қолдану
Кір жуатын ұнтақтар, косметикалық
заттар, дезодоранттар,
зарарсыздандыратын препараттар,
пестицидтер, т.б.
Ғимараттардың құрылыс
конструкциялары және олар
орналасқан жердің топырағы
Олардан бөлінетін зиянды заттар
Темекі түтіні Стирол, бензол, ксилол, акролеин,
гидразин, фенол, никотин,
нитрозоаминдер, полоний-210, көміртек,
азот, күкірт тотықтары, т.б.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір
қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда
ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері
жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан
қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де
танып қалады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда қалыпты
микроклиматты кәдімгі жасанды желдету құралдарымен қамтамасыз ету
мүмкін болмаған жағдайларда ауаны кондиционерлеу қолданылады. Ауаны
кондиционерлеу деп, бөлмеде берілген қолайлы температура, ылғалдылық
және ауаның қозғалу жылдамдығын, егер қажет болса, ауаны иондандыруды
да, қамтамасыз етуді және автоматты түрде сақтап тұруды түсінеді.
Кондиционерлер орталық және жергілікті болып бөлінеді.
Кондиционерлеудің кемшіліктеріне ауаны тазарту барысында жеңіл
иондардың азаюы, озонның концентрациясының төмендеуі,
кондиционерленген бөлмелерде ұзақ уақыт болған кезде ауаның
қолайсыздығын сезіну жатады. Ауаның иондық құрамын түзету үшін әр
түрлі типті аэроионизаторлар қолданылады. Кондиционерлер мен ауаны
ылғалдағыштарда суы тұщы суаттарда табиғи мекендеушілер болып
табылатын, легионеллалар өзіне көбірек қолайлы жағдай табады. Олар
легионеллез (легионерлер ауруы, понтиак қызбасы, питтсбург пневмониясы,
т.б.) дамуының себебі болады. Сондықтан, пайдаланылатын суды, ауаны
және ауа жүретін жолдардың бетін зарарсыздандыру маңызды болып
табылады. Ауа алмасуды бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер
қолданылады: желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу
есесін. Желдетудің қажетті көлемі - бұл, бөлме ішіндегі зиянды заттардың
мөлшері рұқсат етілген деңгейден асып кетпеуі үшін,бір адамға бір сағат
ішінде бөлмеге берілуі қажет таза ауаның мөлшері. Әдетте, ауасы негізінде
адамдардын есебінен ластанатын тұрғын үй бөлмелері мен аудиторияларда
желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс алу кезінде шығарған көмір
қышқыл газыныңмөлшері мен (жоғарыда қара) оның ауадағы рұқсат етілген
концентрациясына байланысты анықталады. Алайда, ауада басқа көздерден
келіп түсетін улы және қауіпті ластаушы заттар болса, есептеуді, бөлінген
ластаушы заттардың концентрациясы мен олардың ШРЕК-ің ескере отырып,
жүргізеді.
Ересек адам жеңіл дене еңбегі кезінде сағатына 22 л жуық көмірқышқыл
газын ауаға бөледі. Бөлмелерде көмірқышқыл газының рұқсат етілген
деңгейін (0,1%) сақтап тұру үшін, тыныс шығарудан ауаға бөлінген 22 л
СО2 шамамен 36-37 м3
атмосфералық ауамен сұйылуы керек, яғни,
желдетудің қажетті көлемі 36-37 м3
болуы керек. Желдетудің көрсетілген
көлемдерін ең төменгі мөлшер деп санау қажет. Жабық бөлмелерде ауа
ортасының қолайлы жағдайлары желдету көлемі тек 80-120 м3/сағ болғанда
қамтамасыз етіледі. Желдетудің мұндай көлемі бір адамға шаққандағы
ауаның кубы мен ауа алмасу есесін арттыру арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі
Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы
жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа
алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ау алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе
толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру.
Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан
әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады.
Бөлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу
қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа
беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне
байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді.
Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне
байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған)
және механикалық желдету жүйелері болып бөлінеді.
Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және
сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау
конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.
Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен,
бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін
фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі
– табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады.
Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын
қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай
жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды.
Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету
жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы
желдету жүйелері болып бөлінеді.Ауаны ластанудан тазарту үшін жалпы
алмасу жүйелерін таңдайды;
- Мардымсыз ғана ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде ауа шығару
жүйелерін ғана қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер,
фрамугалар және ойықтар арқылы кіреді;
- Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бөлмелер мен әжетханалардан ауа шығару
жүйелерін ғана қарастырады.
Бөлмелердегі көмірқышқыл газы.
CO2 шоғырлануы сынып бөлмесі сияқты бөлмелерде ондағы адамдар
болғандықтан ауа ластанудың тамаша көрсеткіші болып табылады. Сынып
бөлмесіндегі көмірқышқыл газының шоғырлануы бірнеше есе өсуі мүмкін,
және сабақтың аяғына қарай 4000 ppm асуы мүмкін, ал бөлме ішіндегі ауада
көмірқышқыл газының ең 62-2001 Қалпының ұсынысына сәйкес "Бөлмелер
ішіндегі ауаның көнерлік сапасын қамтамасыз ету үшін ауа алмастыру").
Адам денсаулығына СО2 ықпалы бөлме ішіндегі газдың шоғырлануына
байланысты түрленеді: бөлме ішіндегі ауада көміртек қышқылының 600 ppm
шоғырланған кезде, адамдар кенет өздерін нашар сезіне бастайды.
Көмірқышқыл газының шоғырлануы 1000 ppm асқан жағдайда, бөлме
ішіндегі адамдардың көпшілігі көмірқышқыл газымен уланудың классикалық
белгілерін бастайды (тыныстың қиындалуы, тамыр соғуының жиіленуі,
бастың ауруы, естудің төмендеуі, гипервентиляция, жүрек айну, терлеу және
шаршағандық). Мектептер мен жоғары оқу орындарында көмірқышқыл
газының шоғырлануының жоғарлуынан сабақты ауру салдарынан босатуы
жиілейді, үлгерім нашарлайды. Бұндай мектептерде тыныс алатын жұқпа
аурулары мен демікпе негізгі аурулар болып табылады. Көмірқышқыл
газының жоғары шоғырланған сынып бөлмелеріндегі оқушыларда ауыр
тыныс алу, ентікпе, құрғақ жөтел және ринит жиі байқалады, бұндай балалар
ерекше жұтқынщшаққа (гланды) ие.
Көмірқышқыл газы мөлшерден тыс болған жағдайда көптеген тыныс алу
жолдарының ауруларына әкеп соқтырады. Сол себептен казіргі кезде
аллергиялық аурулар, созылмалы бронхит, астма тәрізді аурулар оқушылар
арасында кенінен таралып барады.
Осы жобаның аясында сынып бөлмелерінен көмірқышқыл газының
мөлшерін анықтау үшін сынамалық пробалар алынды. Сабақ басталмастан
бұрын және сабақ аяқталған сон сынама пробалар алынып өлшенді.
Сонымен қатар өлшеуіміздің толық болуы үшін мектеп ауласы мен
рекреациялардан да сынама пробалар алу жүргізілді. Алынған нәтижелерді
қорытындылап талдау жүргіздік.
Сынама нәтижелері ауаның құрамында оттегінің үлесі көмірқышқыл
газының мөлшері жоғарылаған кезде де бірқалыпты болатынын көрсетті.
Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін қалыпты жағдайдан
тыс болдырмау үшін ұсыныстар жасағанды жөн көрдік.
Зерттеу бөлімі
Біз 4 сынып оқитын сынып бөлмесін алған себебіміз бастауыш
сыныптар мектепте барлық сабақтарын бір кабинетте өтеді дене шынықтыру
сабағынан басқасы.
Зерттеулер жүргізілер алдында осы сынып оқушыларына сауалнама
алдық, сауалнамаға 26 оқушы қатысты:
1.Бірінші сабақта қөңіл күйін қандай?
А.Жақсы, Б.орташа, В.нашар
2. Сабақтан сон басын ауыра ма?
А. Ауырмайды, Б. Ауырады, В. Жиі ауырады, Г. Кейде ауырады.
3. Сыныпты желдетесіздер ме?
А. Кейде, Б. Үнемі желдетеміз, В. Желдетпейміз.
Осы сынып бөлмесінің ауа құрамындағы СО2 мөлшерін есептеу
үшін зерттеу сынамалар алдық.
Сынама зертеу үшін бізге мына құралдар қажет болды:
-Дәрігерлік шприц 100-150 мл;
-Химиялық стакан сыймдылығы 50-100 мл;
-Натрий карбонатының -0,005% ертінідісі (200 мл дистелденген суға 1г
натрий карбонатын ерітіп 0,5 мл 1% фенолфталеин ерітіндісін қосу керек.)
Дайындалған ерітінді 100 мл колбаға құйып дистелденген сумен
араластырады.
Көмірқышқыл газын анықтау үшін шприцпен натрий карбонаты
ерітіндісінен 20 мл сорып алып содан сон шприцке ауа мөлшерін де сорып
аламыз да 1 минуттай сілкілеп араластырамыз. Егер ерітінді қызғылт
(розовый) түске енсе онда ауаны шприцтен шығарып жіберіп тағыда
ауаның жаңа көлемін шприцпен сорып аламыз да 1 минуттай ерітіндіні
сілкілеп араластырамыз. Ерітініді түссізденген ше ауаның жаңа мөлшерін
қоса береміз. Егер ерітінді 1 минут аралығында түссізденген жағдайда
тәжірибені ауаның аз көлемін сору арқылы жүргіземіз.
Реакция: Na2CO3+H2O+CO2→2NaHCO3.
Зерттелуге натрий карбонатының түссізденуіне алынған ауа көлемі ескере
отырып қажет мөлшерін арнайы кесте бойынша есептейміз.
кесте "Көмірқышқылының ауа құрамындағы мөлшері»
Ауа
көлемі,
мл.
СО2концентр.
(%)
Ауа
көлемі,
мл.
СО2
концентр.
(%)
Ауа
көлемі,
мл.
СО2
концентр.
(%)
80 0,32 330 0,116 410 0,084
160 0,208 340 0,112 420 0,080
200 0,182 350 0,108 430 0,076
240 0,156 360 0,104 440 0,070
260 0,144 370 0,100 450 0,066
Кесте. Ауадағы көмірқышқылының 20 мл 0,005 % сода ерітіндісін
түссіздендіруге жұмсалатын мөлшерінің ауа көлеміне тәуелділігі
Біз 2 қабат рекреация (4 «А» сынып жанындағы) және 4 «А» сынып
бөлмесінің атмосфералық ауа құрамындағы көмірқышқылының
концентрациясын өлшедік. Біз бұл сыныпты ең көп оқушы оқитын болған
сон таңдадық. (28 оқушы). Өлшеулер желтоқсан аралығында жүргізілді.
Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге белгілеп отырдық айының 14-18
аралығында және наурыз айының 7-11
дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма
Ауакөлtмімл.
КонцентрацияСО2
Ауакөлемімл.
КонцентрацияСО2
Ауакөлемімл.
КонцентрацияСО2
Ауакөлемімл.
КонцентрацияСО2
Ауакөлемімл.
КонцентрацияСО2
Атмосфер
алық ауа
360 0,104 340 0,112 340 0,112 320 0,120 320 0,120
Сабақтан
соң
80 0,18 100 0,144 100 0,144 80 0,18 100 0,144
Терезені
ашып
желдеткен
нен соң
120 0,12 160 0,09 140 0,102 120 0,12 140 0,102
Есік-
терезені
- - - - 160 0,09 200 0,072 170 0,084
Рекреация 100 0,144 80 0,18 80 0,18 100 0,144 80 0,18
Көмірқышқылының мектеп бөлмелеріндегі апта бойы концентрациясы
Есептеулер мына формула бойынша жүргізілді: (%),
N – шприцпен алынған ашық атмосфералық ауа көлемі саны; Ni- шприцпен
алынған жабық бөлме ауа көлемінің саны; 0,04% - ауадағы көмірқышқыл
газының мөлшері.
Сынамалардан соң жасалған талдаулардан мынаны көруге болады:
- зерттелуге алынған бөлмелердің СО2 мөлшері гигиеналық норматив
бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген концентрациясы (0.7 - 0,1) аспайды;
- сынып бөлмесінде көмірқышқыл газының мөлшері сынып
оқушыларының толық (28 оқушы) сабаққа қатысқан күндерінде байқалады,
демек сынып бөлмелерінің САНПИН нормаларына сай 25 оқушы санынан
аспауы қажет екені көрінеді;
- Мұғалім ауа режимін сақтау мақсатында сынып бөлмесін үзіліс сайын
желдетіп отырады, сол себептен сабақ басталар уақытта СО2
концентрациясы төмен;
- Ауаның СО2-нан тазарту қарқындылығы бойынша ашық фрамугалар
арқылы желдетуден гөрі өтпелі желдету тиімді, бірақ оны пайдаланған кезде
өте сақ болған дұрыс, өкпек желден салқын тиюі мүмкін;
- СО2 мөлшерінің төмендеуі үзіліс кезінде байқалады, себебі оқушылар
сыныптан шығып тынығады, дегенмен фрамуга арқылы желдеткендіктен
көмірқышқылының мөлшері төмендеуі бұл уақытта шамалы;
-Бөлмелерде көмірқышқылының арту себептерінің бірі пластикалық терезе
орнату, пластикалық терезелер табиғи желдетуді жояды, сол себептен
көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарылайды. Терезе рамаларын
ауыстырғанда табиғи материал ағаш рамаларды таңдаған жөн;
- Рекреациялардағы үзіліс кезінде көмірқышқылының мөлшерінің жоғары
болуы себебі оқушылардың үзіліске рекреацияларға шығуына байланысты
және де рекреациялар желдетілмейді.
Осы жобаның аясында сынып бөлмелерінен көмірқышқыл газының
мөлшерін анықтау үшін сынамалық пробалар алынды. Сабақ
басталмастан бұрын және сабақ аяқталған сон сынама пробалар алынып
өлшенді. Сонымен қатар өлшеуіміздің толық болуы үшін мектеп ауласы
мен рекреациялардан да сынама пробалар алу жүргізілді. Алынған
нәтижелерді қорытындылап талдау жүргіздік.
Сынама нәтижелері ауаның құрамында оттегінің үлесі көмірқышқыл
газының мөлшері жоғарылаған кезде де бірқалыпты болатынын
көрсетті. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін
қалыпты жағдайдан тыс болдырмау үшін ұсыныстар жасағанды жөн
көрдік.
Қорытынды
Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау өзекті мәселелердің бірі, себебі,
жасөспірім балалардың арасындағы аурушаңдық құрылымда бірінші орында
тыныс алу мүшелерінің аурулары, екінші орында-теріасты талшықтарының
аурулары, үшінші орында- ас қорыту ағзаларының аурулары. Сол себептен
оқушылардың қандай ауамен тыныс алатыны аландататын мәселе. Сонымен
қатар көптеген елдерді аллергиялық аурулар да кен таралып барады. Осы
жайттарды зерттей келе ғалымдар тыныс алу жолдарының ауруларының
таралуына ғимараттар мен бөлмелердегі ауаның қүрамындағы
көмірқышқыл газының мөлшерінің жоғарылауы себеп деген гипотеза айтты.
Осыдан кейін жасалған зерттеулер гипотезаның дұрыстығын дәлелдеген.
Балалар аурулары арасында тыныс алу жолдары аурулары басым, оның
ішінде аллергия, бронхиалды астма ауруларымен ауыратын балалар ауа
құрамындағы көмірқышқыл газының жоғарылауына тым сезімтал болады,
сол себептен осы балалар аурушан болып келеді.
Зерттеу жүргізілген 4 «А» сынып оқушыларының арасында:
4 оқушы – созылмалы тыныс ауруларына шалдыққан;
-2 оқушы- созылмалы тонзиллит;
-1 оқушы - тамақ аденоиды
- 1 оқушы бронхиалды астма ауруларымен ауырады.
Оқушылардың арасында бұл аурулардың таралуына жол бермеу
керек. Шетел ғалымдары көмірқышқыл газының төменгі мөлшері де
аурулардың көбеюіне әсер ететінін дәлелдеген екен. Ендеше мынандай
сұрақ туындайды, мына техногенді ғасырда бұл мәселені қалай шешуге
болады?
Біріншіден бөлме өсімдіктері көмегімен, бірақ өсімдіктердің ауадан
көмірқышқыл газын сіңіру тек жарықтың әсерінен болатынын білеміз, демек
өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіруі бұл мәселені толық шеше
алмайды. Көмірқышқылын ауа құрамынан арнайы адсорбер-
құрылғыларымен жоюға болады. Ондай құрылғылар бізде жоқ
болғандықтан бұл да мәселені шешпейді.
Ең тиімді және қолайлысы ол мұғалімдердің сынып бөлмелерін желдетіп
отыруы, ал жылы кезде өтпелі желдету (сквозное проветривание) жүргізу
қажет, мектеп бөлмелерінде желдетуге ұсынылатын мерзім аралығында есік
терезелерді белгілі уақытта ашып желдетіп отыру.
Кесте
Сыртқы температура
Бөлмені желдету ұзақтығы (мин)
Кіші үзілісте Ұзақ үзілісте ауысым
аралығында
+10 –тан +6-дейін 4 -10 25 - 35
+5 тан 0-дейін 3 - 7 20 - 30
0 тан 5-дейін 2 - 5 15 - 25
5 тен 10-дейін 1 - 3 10 - 15
10-тан төмен 1 - 1,5 5 - 10
Бұл ата-аналар назарын аударатын жағдай, балаларының денсаулығына
көңіл бөлген жөн, мектепте сынып бөлмесінде қандай ауамен тыныс алады,
бөлме желдетіліп отыра ма деген сұрақтар да аландату керек, егер оқушы
жиі түшкіре берсе, жөтеле берсе немесе аллергия белгілері көрініс беретін
болса және вирусты аурулары жиі қайталана берсе. Егер бала демалыс
күндері жақсы сезініп, оқу күндері өзін нашар сезініп жөтел, түшкіру жиі
қайталанса. Мұның барлығы сыныпта көмірқышқыл газының деңгейі
қалыпты деңгейден асып кеткенін білдіреді және дұрыс желдетілмеуінде
деуге болады. Бөлме ауасы құрамындағы көмірқышқылының мөлшерін
анықтап өлшейтін арнайы құрылғылар санэпидстанция қызметінде болады.
Сондай құрылғылармен ауаның құрамын өлшеуге де болады.
Біз зерттеулер жүргізген сыныпта 28 оқушы оқиды, сауалнама нәтижелері
бойынша оқушылар 4-5 сабақ уақытында өздерін нашар сезінеді. Себебі осы
уақытта сынып бөлмесінің ауа құрамында көмірқышқылының
концентрациясы жоғары болады, оны біз зерттеулер жүргізе келе анықтадық.
Сонымен қатар сонғы 4-5 сабақ кезінде оқушылардың сабаққа деген зейіні
төмендейтіні анықталды. Оқушылар шаршап-шалдығып сабаққа дұрыс көніл
бермейді.Осынын нәтижесінде көптеген оқушылардың оқу үлгірімі де сол
пәндерден нашарлайтыны анықталды. Демек сынып бөлмесіндегі ауа
құрамындағы көмірқышқылы оқушылардың денсаулығына да және оқу
үлгіріміне де әсер ететіні анықталып дәлелденді.
Ұсыныстар:
Жас жеткіншектердің қандай ауамен тыныс алуы өте маңызды, себебі
ауаның сапасы оқушылардың денсаулығына және оқу үлгіріміне де әсер
етеді. Сол себептен мұғалімдер мен мектеп басшыларына ұсынамыз:
1.Сынып бөлмелерін үнемі үзіліс арасында желдетіп отыруды ұмытпау;
2. Сынып бөлмелерін үзіліс кезінде шаң-тозаннан тазарту жұмыстарын
жасап отыру;
3. Ата-аналар және мұғалімдер бөлмелердегі ауа құрамынын сапасына назар
аударып отыру;
4.Сынып бөлмелерін гүлдендіру және гүлдерге дұрыс күтім жасау;
5.Сынып сағаттарында оқушыларға бөлмелердегі ауа құрамындағы
көмірқышқылының адам ағзасына әсері туралы түсіндірме жұмыстарын
жүргізу.
Қосымша
Көмірқышқыл газының түрлі деңгейлерінде физиологиялық теріс көріністері.
СO2, ppm деңгейі
физиологиялық көріністері
Атмосфералық ауа
380-400
Сұлулық және денсаулық үшін тамаша ауа.
400-600
Ауаның орташа мөлшері. Балалар бөлмесі, жатын,
кеңселер, мектептер мен балабақшалар үшін ұсынылады.
600-1000
Ауаның сапасы туралы шағымдар бар. Демікпесі бар
адамдарда жиі шағымдар болып тұрады.
Жоғары 1000
Бас ауруы, ыңғайсыздық, әлсіздік, көңіл
концентрациясы, жұмысына қателер саны артуы
құлайды. Ол сондай-ақ тыныс алу және қан айналым
жүйесі бар проблемалар болуы мүмкін қан жағымсыз
өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Жоғары 2000
Оқушылар жұмысында қателер саны айтарлықтай өседі,
студенттердің 70% -ға жұмысқа құлықсыз.
.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Шилькорт Е.О, Губернский Ю.Д. « Сколько воздуха нужно человеку»
журнал АВОК № 4.2008
2. доктор мед.наук Ревич Б.А.«Климат, качество атмосферы и здоровье»
издательство «Адаманть»,2006.
3. И.В.Гурина. Безопасный уровень углекислого газа требует ревизии.
Журнал «Экологический Вестник России» (№10, 2008).
4. Дополнительные материалы к урокам и внеклассным мероприятиям по
биологии и экологии в 10-11 классах / авт.-сост. М.М.Боднарук,
Н.В.Ковылина. – 2-е изд., стереотип. – Волгоград: Учитель, 2008 г.
5. http://www.enontek.ru.
6. Колчанова Л.В., Колчанов Р.А. «Инновационный подход к ученическому
эксперименту», «Химия в школе» №5, 2009г.
8. Гигиенические требования к условиям обучения в общеобразовательных
учреждениях otherreferats.allbest.ru›Медицина›00016079_0.html
жақсыбай м көмірқышқылы

More Related Content

Viewers also liked

Viewers also liked (13)

көмірқышықылPower point
көмірқышықылPower pointкөмірқышықылPower point
көмірқышықылPower point
 
Certificate Tyrolit Academy Safety Training_Kusheim_ASEEM SYED
Certificate Tyrolit Academy Safety Training_Kusheim_ASEEM SYEDCertificate Tyrolit Academy Safety Training_Kusheim_ASEEM SYED
Certificate Tyrolit Academy Safety Training_Kusheim_ASEEM SYED
 
Vs510 sz
Vs510 szVs510 sz
Vs510 sz
 
Expo 2017
Expo 2017Expo 2017
Expo 2017
 
Із сміття в пінгвіни, або історія одного птаха
Із сміття в пінгвіни, або історія одного птахаІз сміття в пінгвіни, або історія одного птаха
Із сміття в пінгвіни, або історія одного птаха
 
2 a taldea
2 a taldea2 a taldea
2 a taldea
 
Moscow commercial real estate market 2017 – InterTech presentation
Moscow commercial real estate market 2017 – InterTech presentationMoscow commercial real estate market 2017 – InterTech presentation
Moscow commercial real estate market 2017 – InterTech presentation
 
2012 Annual Report: Rural Advancement Foundation International-USA
2012 Annual Report: Rural Advancement Foundation International-USA2012 Annual Report: Rural Advancement Foundation International-USA
2012 Annual Report: Rural Advancement Foundation International-USA
 
MATERIAL DIDACTICO DE APOYO 6º GRADO
MATERIAL DIDACTICO DE APOYO 6º GRADOMATERIAL DIDACTICO DE APOYO 6º GRADO
MATERIAL DIDACTICO DE APOYO 6º GRADO
 
Board of Governors
Board of GovernorsBoard of Governors
Board of Governors
 
Message from the Mountaintop #MCSS17
Message from the Mountaintop #MCSS17Message from the Mountaintop #MCSS17
Message from the Mountaintop #MCSS17
 
SQL Server 2016: Just a Few of Our DBA's Favorite Things
SQL Server 2016: Just a Few of Our DBA's Favorite ThingsSQL Server 2016: Just a Few of Our DBA's Favorite Things
SQL Server 2016: Just a Few of Our DBA's Favorite Things
 
Аттестационные матеиралы Кудинцовой Л.М.
Аттестационные  матеиралы Кудинцовой Л.М.Аттестационные  матеиралы Кудинцовой Л.М.
Аттестационные матеиралы Кудинцовой Л.М.
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

жақсыбай м көмірқышқылы

  • 1. Рудный қаласының әкімшілігі «Рудный қалалық білім бөлімі» ММ «№15 орта мектебі» КММ "Бөлме ауасы құрамындағы көмірқышқыл газының әсері " Здоровая природная среда- основа реализации стратегии "Казахстан-2050" Бағыты: Қоршаған ортаны қорғау Орындаған: Жақсыбай Маржан 11 «А» сынып оқушысы Жетекшісі: Мустафина Рыскүл Сабенқызы Химия –биология пәндері мұғалімі Рудный қ, 2017 о.ж.
  • 2. Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………….............4 Негізгі бөлім………………………………………………….........5-20 1.1 Көмірқышқыл газының ағзаға әсері.....................……….......….....5 1.2. Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері...............5-11 1.3 Желдету...........................................................................................11-15 1.4 Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар ....................................................................…… 16-18 1.5 Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі.........18-19 1.6 Бөлмелердегі көмірқышқыл газы....................................19-20 2. Зерттеу бөлімі..................................................................................21-24 2.1.Сауалнама........................................................................................21 2.2. Сынама жүргізу............................................................................21-24 3.Қорытынды......................................................................................25-27 4.Ұсыныстар.........................................................................................28 5.Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................29 6. Қосымша........................................................................................30
  • 3. Абстракт Өзектілігі: Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерден тыс көбейген кезде адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Соңғы кезде оқушылар арасында тыныс жолдары аурулары көбейіп келеді. Казіргі кезде адам күнделікті уақытының 90% бөлме немесе ғимарат ішінде өткізеді. Бұл химиялық қосылыстың нормадан тыс мөлшері денсаулыққа кері әсерін тигізеді. СО2 - түссіз, аздап қышқылтым дәмі бар газ. Ауаның құрамындағы үлесі -0,03 %. Зерттеу мақсаты: Сынып бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау. Міндеттері: 1) Көмірқышқыл газының адам ағзасына әсері туралы әдебиеттерге шолу жасау және көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшерін анықтау. 2) Көмірқышқыл газының ауадағы мөлшерінің тұрақты болу жағдайларын және онымен уланудың алдын алу шаралары туралы мәліметтер жинақтау. 3) Сынып бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерінің оқушылардың денсаулығы және сабақ үлгіріміне әсерін зерттеу. 4) Көмірқышқыл газының мөлшерін азайту шаралары туралы ұсыныстар жасау. 5) Зерттеу нәтижелерін қорытындылау. Гипотеза: Оқушылардың денсаулығына және оқу үлгіріміне сынып бөлмесіндегі көмірқышқыл газының мөлшері әсерін тигізеді. Зерттеу нысаны: Сынып бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының мөлшері. Зерттеу әдістері: 1.Теориялық: Әдебиеттерге шолу, интернет желісі. 2.Эмпирикалық: Бақылау, химиялық эксперимент, сауалнама, графиктік әдістері.
  • 4. Абстракт Актуальность: Мы обратили внимание на то, что учащиеся в конце учебного дня жалуются на головную боль, наблюдается усталость, вялость в поведении. Одной из причин плохого самочувствия могло быть повышение концентрации СО2 в классном помещении, где занимаются эти учащиеся. Цель работы: оценка содержания углекислого газа в воздухе учебной комнаты учащихся 4 класса. Задачи: измерить содержание углекислого газа в классном помещении при различных условиях; - проанализировать полученные результаты; - выработать рекомендации по снижению СО2 в классном помещении. Гипотеза: Содержание углекислого газа влияет на и успеваемость учащихся. Предмет изучения: углекислый газ, которая образуется в результате окислительно-восстановительных процессов, протекающих в организме. Методы выполнения работы: - химический эксперимент; - физические исследования; - изучение статистических данных. Для определения концентрации содержания СО2 в воздухе классного помещения были взяты пробы воздуха: - вне помещения здания школы; - в классном помещении в начале и конце урока; - в классном помещении после проветривания при помощи фрамуги и после сквозного проветривания; - в рекреации, примыкающей к классному помещению 4 класса. Практическое применение: На уроках биология, химии и технологии рассказать о значении углекислого газа, проветриваний помещении для профилактики заболеваний и его влиянии концентрации углекислого газа на успеваемость учащихся.
  • 5. Abstract Relevance: We noticed that the students at the end of the school day complain of headache, there is fatigue, lethargy in behavior. One of the causes of poor health could be the increase of CO2 concentration in classrooms where these students are. Purpose: to assess the content of carbon dioxide in the air of classrooms at grade 4 Objectives: to measure the carbon dioxide content in the classroom under different conditions; - analyze the results obtained; - to develop recommendations for reducing CO2 in the classroom. Hypothesis: the carbon dioxide Content affects the academic performance of students. The subject of carbon dioxide, which is formed by redox processes in the body. Methods of executing works: - chemical experiment; - physical studies; - a study of the data. To determine the concentration of CO2 in the air classrooms were sampled air: -outside of the school building; - in the classroom at the beginning and the end of the lesson; - in the classroom after airing through transoms and after through airing; - in the recreation room adjacent to the class room 4 class. Practical application: the lessons of biology, chemistry and technology tell us about the significance of carbon dioxide, airing the room for the prevention of diseases and the influence of carbon dioxide concentration on student achievement.
  • 6. Кіріспе «Ауадай қажет» деген мақал тегін емес. Халық даналығы қателеспейді. Адам тағамсыз 5 аптаға дейін тіршілік ете алады, сусыз 5 күн, аусыз 5 минутта өмір сүре алмайды. Адамға көмірқышқыл газы да оттегі сияқты қажет. Көмір қышқылы ағзаның қорғаныш жүйесі қызметін ынталандырады, белгілі бір мөлшерде ағзаны физикалық және интеллектуалды жүктемесімен күресуге көмектеседі. Балғын теңіз немесе қала сыртындағы ауа құрамында шамамен 0,03-0,04% көмір қышқыл газы болады бұл мөлшері тыныс алуға қажет. Кейде ауа тарылғандай болады, сол кезде ауа құрамындағы оттегі азайып тыныс алу қиындап бас айнала бастайды да шаршап –шалғығу байқалады. Сондай кезде адам ашушаң, әлсіз және шаршау белгілері білініп күйзеледі., оның мәні мынада ауаның құрамында оттегі жеткілікті мөлшерде, етк көмірқышқыл газы мөлшерден тыс көтерілген. Казіргі кезде мектептегі оқушылардың денсаулығының жағдаймен қатар деңсаулықты сақтау көп аландатады. Әрине мектептегі негізгі мәселе білім беру міндеті және оқу сапасы мен үлгірім болғанымен оқушы денсаулығы маңызды. Оқушылар арасында әр-түрлі ауру түрлерінің дең алуы ауаның ластануы және бөлмелерде ауа құрамындағы көмірқышқыл газының деңгейі жоғарылауына тәуелді деген гипотезанын дәлелденгені туралы білеміз. Мектептегі сынып бөлмелеріндегі ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері оқушылардың оқу үлгірімінің төмендеуіне әкеп соқтырған мен қатар оқушылар арасында аурулардың кең тарауына себеп болатыны дәлелденген.
  • 7. Бөлмелердегі ауа құрамындағы көмірқышқыл газы аз мөлшерде де улы. Көмірқышқыл газы жасуша мембранасына әсер ету барысында қан құрамындағы биохимиялық өзгерістерге әкеп соқтырады. Ондай қан құрамындағы өзгеріс ацидоз деп аталады. Ацидоз- ағзадағы қышқылды- сілтілік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Ұзақ уақытты ацидоз жүрек- қантамыр аурулары мен қатар семіздік, иммунитетің төмендеуі, бүйрек жұмысының бұзылуы, бас және буын аурулары мен қоса жалпы шаршап- шалдығуға әкеп соқтырады. Көмірқышқыл газының ауа құрамындағы жоғары мөлшері әсерінен тағы көздің, ауыз-мұрын қабынуы да осы жайтқа байланысты. Көмірқышқыл газының ағзаға әсері Оқу күнінің сонында оқушылардың бастары ауырып шаршап- шалдығатынын байқадық. Шаршап-шалдығу мен бас ауруларының себебі оқушылардың сабақ оқитын бөлмелеріндегі ауа құрамындағы көмірқышқылы газының мөлшерінің жоғарылауы болуы тиіс деген ой келді. Жұмысымыздың негізгі мақсаты 4 сынып оқушылары оқитын сынып бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау болды. Зерттеу нысаны: Ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері Зертеу әдістері: - химиялық тәжірибе; - физикалық зерттеу; - математикалық есептеулер; - статистикалық деректерді зерттеу. Бөлмедегі ауа құрамындағы көмірқышқыл газының концентрациясын анықтау үшін сынып бөлмесінің ауа сынамасы алынды: - мектеп ғимаратынан тыс жердегі ; -Сабақтың алдында және сабақ сонында;
  • 8. -Сынып бөлмесін терезені ашып желдеткеннен соң және өтпе желмен желдеткенссоң; - 4 сынып бөлмесінің жанындағы рекреацияда. Біздің алдымызда төмендегідей міндеттер тұрды: - Сынып бөлмесінің әр-түрлі жағдайдағы көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеп анықтау; - алынған нәтижелерді талдау; - сынып бөлмесінің ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін төмендетуге арналған ұсыныстар жасау. Казіргі кездің адамы уақытының 90% бөлмеде өткізеді. Аналар сәбилерін көбінесе шамадан тыс толып отырған балабақшаларға апарады, мектеп оқушылары да күнделікті толған сыныптарда отырса, студенттер де толық аудиторияларда отырады, ересектердің көбісі көп уақытын белгіленге 8 сағаттан тыс бөлмелерде (кабинет, офис) отырады. Адамға толы бөлмелерге кіргенде ауа тар екенін сезе бастайсыздар. Ауа тар немесе ауаның құрамында оттегі аз деген ой келеді. Бірақ олай емес ауа құрамында оттегі өз мөлшерінде, ал көмірқышқыл гназының деңгейі жоғарылады. Сол кезде ағзада қандай өзгерістер жүреді екен? Бұл қаншалықты қауіп? Ғалымдар ауаның құрамының өзгеріу қан құрамының өзгеруіне әкеп соқтырады дегенді айтып дәлелдеуде. Қан құрымындағы өзгерістер жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп ми, тыныс жолдары мен ойлау қабілетінің төмендеуне себеп болады. Жабық бөлмелерде оттегінің ауа құрамындағы деңгейнің төмендеуінен гөрі көмірқышқылының мөлшері тез жоғарылайды. Жасаған өлшеулер сынып бөлмесіндегі СО2 деңгейі 1000 ррm (0,1%) жеткенде де оттегінің деңгейі қалыпты қалатының көрсетеді. Көмірқышқыл газының мөлшері бөлмедегі адам саны, олардың салмағы және немен шұғылданып жатқанына да тәуелді екенін естен шығармағын жөн. «Ауаның тарылуы» мен СО2 -нің деңгейі арасынеда байланыс тығыз. Көмірқышқыл газының ауа құрамындағы деңгейі 0,08%-ге жеткенде-ақ
  • 9. адам «ауа жетіспеу» жағдайын сезеді. Бұл ауадағы СО2 деңгейінің жоғарылауы дегенді білдіреді. Индиялық ғалымдар ауа құрамындағы СО2 –нің мөлшері 0,06 % -ға жеткенде де азот оксиді сияқты улы екенін дәлелдеді. Қазіргі кезде бөлме ішінде күннен-күнге химиялық және биологиялық ластаушы заттардың жаңа көздері пайда болуда, онымен бір уақытта шудан қорғану, жылу жоғалтуын азайту мақсатында бөлмелердің герметикалылығын арттыру беталысы өсуде. Бұлар бөлмеде ауа алмасуының күрт төмендеуіне және аудағы ластаушы заттардың концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады. Осыған байланысты, шешуді қажет ететін, бөлмедегі ауа сапасының нашарлау мәселесі барған сайын маңызды болып отыр Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі ауа ортасын ластайтын маңызды көздерінің бірі адамдардың тыныс алуынан шыққан ауа болып табылады. Оның құрамында, атмосфералық ауамен салыстырғанда, оттегінің мөлшері аз, көмірқышқыл газы 100 есе көп, ол су буымен қаныққан, дене температурасына дейін қызған және ионсызданған. Бұдан басқа, оның құрамында адам ағзасының зат алмасу үрдісінде пайда болатын ұшқыш өнімдері - антропотоксиндер болады. Олардың құрамына 30-дан аса газ түріндегі өмір сүру үрдісінің өнімдері (иіс газы, аммиак, ацетон, көмірсутектер, күкірсутек, альдегидтер, органикалық қышқылдар, диэтиламин, метиацетат, крезол, фенол. т.б.) кіреді. Бұлардан басқа, бөлмелердің ауасына тағы терінің бетіндегі, киімдегі, бөлме шаңындағы органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайда болатын 400-ге жуық ұшқыш заттар түседі. Адамның өзіне қарағанда, бөлме ауасын ластаушы заттардың маңыздырақ көзі, гидро- және жылуоқшаулау, еденді жабу, қабырғаларды өңдеу, есіктер мен терезелерді пластиктен жасау үшін құрылыста қолданылатын полимерлік материалдар болып табылады. Олардан жиһаздар, синтетикалық
  • 10. кілем заттары, линолеум, синтетикалық желім, заттың жиектерін сылайтын заттар, сырлар және т.б. жасалады. Олардың ескіруінің немесе дұрыс пайдаланылмауының нәтижесінде құрылымының бұзылуы үрдісінде ауаға әр түрлі қосылыстар (бензол, стирол, формальдегид, винилхлорид, циклогексан, аммиак, ацетон, бутилакрилат, циклогексан, т.б.) бөлініп шығады. Бұл заттардың ішіндегі көпшілігінің уытты, сенсибилизациялаушы, тітіркендіргіш, ал кейбіреулерінің, канцерогенді де әсері бар. Олардың ауадағы концентрациялары өте жоғары мөлшерге жетуі мүмкін. Мысалы, формальдегидтің тұрғын үй бөлмелеріндегі концентрациясын жеке жағдайларда оның өнеркәсіп жағдайындағы бөлініп шығатын мөлшерімен салыстыруға болады. Пәтердегі барлық бөлмелердің ауасын газ плиталар едәуір ластайды, олар 1 сағат бойына жұмыс істегенде, атмосфералық ауадағы, ШРЕК-нен бірнеше рет асатын, СО2, формальдегид, азот тотықтары, бензол, бенз(а)пирен концентрацияларының едәуір жоғарлауына әкеп соғады. Табиғи газ жанғанда, сондай-ақ бөлмеге, мәні бойынша өкпе обыры пайда болуының екінші себебі болатын, радон бөлінеді. Пәтерлердегі радон көздеріне, сонымен қатар ғимарат астындағы грунт және құрылыс материалдары, сыртқы ауа, су құбырларындағы су, әсіресе, артезиан суы жатады. Радонның біраз мөлшерін алюминий өндірісінің қалдықтарынан, домна пешінің шлактарынан, тас көмірдің күлінен, фосфор кендерін өңдеу өнімдерінен жасалған құрылыс материалдары бөледі (XII - тарау). Жабық бөлмелердің ауа ортасын ластайтын ең таралған көздерінің бірі темекі шегу болып табылады. Темекі түтінінің құрамында 4 мыңға жақын химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде бөлмелердің ауасында уытты (стирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин, фенол, никотин) және канцерогенді заттар (нитрозоаминдер, полоний-210) және т.б. жоғары концентрациясында кездеседі. Темекі шегу өкпе обыры себептірінің ішінде бірінші орынды алады, және де пассивті темекі шегетіндер де ауырады.
  • 11. Құрылыста кеңінен қолданылатын басқа канцерогенді зат та – асбест бөлмелер ішінде қауіпті болып табылады. Егер, асбоцементті плиталарының бүтіндігі бұзылса, мысалы, жөндеу жұмыстары кезінде, асбест талшықтары ауаға түсіп, тіпті қысқа уақыт әсер етуінің өзінде, ұзақ жасырын кезеңінен (10 және одан да көп жылдардан) кейін өкпе рагі, өкпеқабының және ішастарының мезотелиомасы дамуына әкеледі. Тұрмыстық химия заттарының да аллергиялық және жиі, уытты әсері болады. Үй ауасы ортасының едәуір ластануының көріністерінің бірі, «ауру ғимараттар синдромы» болып табылады. Ауру ғимараттар санатының біріне - «уақытша ауру» - жақында салынған немесе қайта құрылған ғимараттар жатады. Оларда болған кезде, адамдарда әлсіздік, қажғыштық, бас ауыруы, көз коньюктивасының, мұрын, тамақтың шырышты қабыгының тітіркенуі пайда болады. Біраз уақыт өткеннен соң, құрылыс материалдарының және беттерді қаптайтын материалдардың құрамындағы ұшқыш заттардың бөлініп шығуы азаюына, линолеумді ауыстыруға, желдетілуге, т.б. байланысты, бұл құбылыстар кетеді. Ғимараттардың басқа санаты - «үнемі ауру» ғимараттар. Бұлардың ауасындағы ластаушы заттардың мөлшері ШРЕК-тен аспайды, бірақ мұндай ғимараттардың ішінде болу кезінде, адамдарда ауруның барлық белгілері байқалады, ал ғимараттардан шыққан кезде, бұл белгілер азайып немесе жойылып кетеді. «Ауру ғимараттар» синдромының пайда болу себебі, ластаушы заттардың уландыратын әсерлерінің синергизм эффектісі болып табылады деп болжайды. 3.3. Желдету. Дұрыс ұйымдастырылған ауа алмасуы (желдету), яғни жабық бөлмедегі ластанған ауаны таза ауамен алмастыру, бөлмелердегі ауаның ластануымен күресу шараларының бірі болып табылады. Желдету, бұдан басқа, микроклиматты жақсартуға мүмкіндік тұғызады және эпидемияға қарсы маңызы бар. Желдетудің табиғи және жасанды түрлері бар. Табиғи желдету кезінде ауа
  • 12. бөлмеге табиғи жолмен беріледі және шығады, ал жасанды желдету кезінде - механикалық қоздырғыш құралдар көмегімен іске асырылады. Тұрғын үйлердің көбінде ауа алмасуы үшін табиғи желдету және оны күшейтетін құралдар қоланылады. Ол сыртқы және бөлмедегі ауа температурасының айырмашылығы және желдің күші есебінен жүзеге асырылады. Бөлме ішіндегі жылы және жеңіл ауаны сыртқы ауыр, суық ауа терезе және есік, құрылыс қондырғыларының саңылаулары мен бос қуыстары арқылы ығыстырып шығарады. Желдің күші ғимараттың жел соғып тұрған жағына қосымша қысым түсіреді; нәтижесінде ауа үлкенрек жылдамдықпен бөлмеге енеді. Ғимараттың жел соғып тұрған жағына қарсы, ық жағында түзілген, қысымы бәсен ауа бөлмедегі ауаны сорып алуға жағдай жасайды. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда қалыпты микроклиматты кәдімгі жасанды желдету құралдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда ауаны кондиционерлеу қолданылады. Ауаны кондиционерлеу деп, бөлмеде берілген қолайлы температура, ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдығын, егер қажет болса, ауаны иондандыруды да, қамтамасыз етуді және автоматты түрде сақтап тұруды түсінеді. Кондиционерлер орталық және жергілікті болып бөлінеді. Орталық кондиционерлер бүкіл ғимаратқа немесе бөлмелердің жекелеген топтарына қолданылады. Жергілікті немесе бөлмелік кондиционерлер (климатизерлер) жеке бөлмелерге орнатылады. Кондиционерлер бөлмеде берілген температураны, ылғалдылықты, ауаның берілу жылдамдығын сақтап тұрады, шаңнан, иістерден тазартылған, ал кейбір жағдайларда (мысалы, операциялық бөлмелерде), бактерицидтік сүзгілерден өткен, ауа береді. Кондиционерлеуші қондырғылар ыстық климат жағдайында өте қажет: адамның жағдайы жақсарады, еңбекке қабілеттілігі едәуір жоғарылайды, жоғары температураның денсаулыққа қолайсыз әсер ету
  • 13. мүмкіншілігі төмендейді. Олардың аурухана мекемелерінде маңызы зор, өйткені, қолайлы локальный климат жағдайларын жасап, стерильді бөлмелерде ауаның тазалығын жоғары дәрежеде сақтап тұрады. Ауа алмасуды бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады: желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу есесін. Желдетудің қажетті көлемі - бұл, бөлме ішіндегі зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден асып кетпеуі үшін,бір адамға бір сағат ішінде бөлмеге берілуі қажет таза ауаның мөлшері. Әдетте, ауасы негізінде адамдардын есебінен ластанатын тұрғын үй бөлмелері мен аудиторияларда желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс алу кезінде шығарған көмір қышқыл газыныңмөлшері мен (жоғарыда қара) оның ауадағы рұқсат етілген концентрациясына байланысты анықталады. Алайда, ауада басқа көздерден келіп түсетін улы және қауіпті ластаушы заттар болса, есептеуді, бөлінген ластаушы заттардың концентрациясы мен олардың ШРЕК-ің ескере отырып, жүргізеді. Ересек адам жеңіл дене еңбегі кезінде сағатына 22 л жуық көмірқышқыл газын ауаға бөледі. Бөлмелерде көмірқышқыл газының рұқсат етілген деңгейін (0,1%) сақтап тұру үшін, тыныс шығарудан ауаға бөлінген 22 л СО2 шамамен 36-37 м3 атмосфералық ауамен сұйылуы керек, яғни, желдетудің қажетті көлемі 36- 37 м3 болуы керек. Желдетудің көрсетілген көлемдерін ең төменгі мөлшер деп санау қажет. Жабық бөлмелерде ауа ортасының қолайлы жағдайлары желдету көлемі тек 80-120 м3/сағ болғанда қамтамасыз етіледі. Желдетудің мұндай көлемі бір адамға шаққандағы ауаның кубы мен ауа алмасу есесін арттыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ауа кубы деп, жан басына шаққанда бір адамға келетін бөлменің көлемін түсінеді, ал ауа алмасу есесі- бір сағат ішінде бөлменің ауасы неше рет атмосфералық ауамен алмасатынын көрсететін сан. Ауа алмасу есесін К=V:P формула бойынша анықтайды, бұндағы К- бір сағат ішіндегі ауа алмасу есесі,
  • 14. V- бір адамға есептегендегі желдету көлемі (м3/сағ), P- бір адамға есептегендегі ауа кубы (м3). Ауа енуі бойынша алмасу еселігін «+» белгімен, ал сорып әкету бойынша еселігін «-» белгімен белгілейді. Мысалы, «+2/-3» дегеніміз, бұл сағатына берілген бөлменің көлемінен екі есе артық ауа берілетінін, 3 есе артық ауа шығарылатынын көрсетеді. Ауа алмасу нормативтері әр түрлі бөлмелер үшін, олардың ластану сипатына, бөлмені пайдалану мақсатына байланысты өз алдына белгіленеді (1-кесте). Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар Ластаушылардың көздері Ластаушы заттар Адам Өмір сүру үрдісінде бөлінетін антропотоксиндер Атмосфералық ауа Азот, күкірт, көміртек тотықтары, күйе, шаң, қорғасын, автокөліктен бөлінетін газдар және басқа химиялық қосылыстар Құрылыста және бөлмелерді өңдеуде, жиһаздар жасауда, кілем тоқуда, киім тігуде, т.б. қолданылатын материалдар Полимерлік материалдардың құрылымының бұзылу өнімдері - бензол, стирол, формальдегид, винилхлорид, циклогексан, аммиак және т.б. Газ плиталары, үйді жылытатын құралдар Тұрмыста қолданылатын газдың толық жанбаған өнімдері, ароматты көмірсутектер, радон Тұрмыстық химия заттарын қолдану Кір жуатын ұнтақтар, косметикалық заттар, дезодоранттар, зарарсыздандыратын препараттар, пестицидтер, т.б. Ғимараттардың құрылыс конструкциялары және олар орналасқан жердің топырағы Олардан бөлінетін зиянды заттар Темекі түтіні Стирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин, фенол, никотин,
  • 15. нитрозоаминдер, полоний-210, көміртек, азот, күкірт тотықтары, т.б. Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда қалыпты микроклиматты кәдімгі жасанды желдету құралдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда ауаны кондиционерлеу қолданылады. Ауаны кондиционерлеу деп, бөлмеде берілген қолайлы температура, ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдығын, егер қажет болса, ауаны иондандыруды да, қамтамасыз етуді және автоматты түрде сақтап тұруды түсінеді. Кондиционерлер орталық және жергілікті болып бөлінеді. Кондиционерлеудің кемшіліктеріне ауаны тазарту барысында жеңіл иондардың азаюы, озонның концентрациясының төмендеуі, кондиционерленген бөлмелерде ұзақ уақыт болған кезде ауаның қолайсыздығын сезіну жатады. Ауаның иондық құрамын түзету үшін әр түрлі типті аэроионизаторлар қолданылады. Кондиционерлер мен ауаны ылғалдағыштарда суы тұщы суаттарда табиғи мекендеушілер болып табылатын, легионеллалар өзіне көбірек қолайлы жағдай табады. Олар легионеллез (легионерлер ауруы, понтиак қызбасы, питтсбург пневмониясы, т.б.) дамуының себебі болады. Сондықтан, пайдаланылатын суды, ауаны және ауа жүретін жолдардың бетін зарарсыздандыру маңызды болып табылады. Ауа алмасуды бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады: желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу есесін. Желдетудің қажетті көлемі - бұл, бөлме ішіндегі зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден асып кетпеуі үшін,бір адамға бір сағат ішінде бөлмеге берілуі қажет таза ауаның мөлшері. Әдетте, ауасы негізінде
  • 16. адамдардын есебінен ластанатын тұрғын үй бөлмелері мен аудиторияларда желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс алу кезінде шығарған көмір қышқыл газыныңмөлшері мен (жоғарыда қара) оның ауадағы рұқсат етілген концентрациясына байланысты анықталады. Алайда, ауада басқа көздерден келіп түсетін улы және қауіпті ластаушы заттар болса, есептеуді, бөлінген ластаушы заттардың концентрациясы мен олардың ШРЕК-ің ескере отырып, жүргізеді. Ересек адам жеңіл дене еңбегі кезінде сағатына 22 л жуық көмірқышқыл газын ауаға бөледі. Бөлмелерде көмірқышқыл газының рұқсат етілген деңгейін (0,1%) сақтап тұру үшін, тыныс шығарудан ауаға бөлінген 22 л СО2 шамамен 36-37 м3 атмосфералық ауамен сұйылуы керек, яғни, желдетудің қажетті көлемі 36-37 м3 болуы керек. Желдетудің көрсетілген көлемдерін ең төменгі мөлшер деп санау қажет. Жабық бөлмелерде ауа ортасының қолайлы жағдайлары желдету көлемі тек 80-120 м3/сағ болғанда қамтамасыз етіледі. Желдетудің мұндай көлемі бір адамға шаққандағы ауаның кубы мен ауа алмасу есесін арттыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс. Ау алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру. Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады. Бөлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа
  • 17. беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді. Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) және механикалық желдету жүйелері болып бөлінеді. Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді. Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі – табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады. Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды. Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету жүйелері болып бөлінеді.Ауаны ластанудан тазарту үшін жалпы алмасу жүйелерін таңдайды; - Мардымсыз ғана ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер, фрамугалар және ойықтар арқылы кіреді; - Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бөлмелер мен әжетханалардан ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады. Бөлмелердегі көмірқышқыл газы.
  • 18. CO2 шоғырлануы сынып бөлмесі сияқты бөлмелерде ондағы адамдар болғандықтан ауа ластанудың тамаша көрсеткіші болып табылады. Сынып бөлмесіндегі көмірқышқыл газының шоғырлануы бірнеше есе өсуі мүмкін, және сабақтың аяғына қарай 4000 ppm асуы мүмкін, ал бөлме ішіндегі ауада көмірқышқыл газының ең 62-2001 Қалпының ұсынысына сәйкес "Бөлмелер ішіндегі ауаның көнерлік сапасын қамтамасыз ету үшін ауа алмастыру"). Адам денсаулығына СО2 ықпалы бөлме ішіндегі газдың шоғырлануына байланысты түрленеді: бөлме ішіндегі ауада көміртек қышқылының 600 ppm шоғырланған кезде, адамдар кенет өздерін нашар сезіне бастайды. Көмірқышқыл газының шоғырлануы 1000 ppm асқан жағдайда, бөлме ішіндегі адамдардың көпшілігі көмірқышқыл газымен уланудың классикалық белгілерін бастайды (тыныстың қиындалуы, тамыр соғуының жиіленуі, бастың ауруы, естудің төмендеуі, гипервентиляция, жүрек айну, терлеу және шаршағандық). Мектептер мен жоғары оқу орындарында көмірқышқыл газының шоғырлануының жоғарлуынан сабақты ауру салдарынан босатуы жиілейді, үлгерім нашарлайды. Бұндай мектептерде тыныс алатын жұқпа аурулары мен демікпе негізгі аурулар болып табылады. Көмірқышқыл газының жоғары шоғырланған сынып бөлмелеріндегі оқушыларда ауыр тыныс алу, ентікпе, құрғақ жөтел және ринит жиі байқалады, бұндай балалар ерекше жұтқынщшаққа (гланды) ие. Көмірқышқыл газы мөлшерден тыс болған жағдайда көптеген тыныс алу жолдарының ауруларына әкеп соқтырады. Сол себептен казіргі кезде аллергиялық аурулар, созылмалы бронхит, астма тәрізді аурулар оқушылар арасында кенінен таралып барады. Осы жобаның аясында сынып бөлмелерінен көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау үшін сынамалық пробалар алынды. Сабақ басталмастан бұрын және сабақ аяқталған сон сынама пробалар алынып өлшенді. Сонымен қатар өлшеуіміздің толық болуы үшін мектеп ауласы мен рекреациялардан да сынама пробалар алу жүргізілді. Алынған нәтижелерді қорытындылап талдау жүргіздік.
  • 19. Сынама нәтижелері ауаның құрамында оттегінің үлесі көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылаған кезде де бірқалыпты болатынын көрсетті. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін қалыпты жағдайдан тыс болдырмау үшін ұсыныстар жасағанды жөн көрдік. Зерттеу бөлімі Біз 4 сынып оқитын сынып бөлмесін алған себебіміз бастауыш сыныптар мектепте барлық сабақтарын бір кабинетте өтеді дене шынықтыру сабағынан басқасы. Зерттеулер жүргізілер алдында осы сынып оқушыларына сауалнама алдық, сауалнамаға 26 оқушы қатысты: 1.Бірінші сабақта қөңіл күйін қандай? А.Жақсы, Б.орташа, В.нашар 2. Сабақтан сон басын ауыра ма? А. Ауырмайды, Б. Ауырады, В. Жиі ауырады, Г. Кейде ауырады. 3. Сыныпты желдетесіздер ме? А. Кейде, Б. Үнемі желдетеміз, В. Желдетпейміз. Осы сынып бөлмесінің ауа құрамындағы СО2 мөлшерін есептеу үшін зерттеу сынамалар алдық. Сынама зертеу үшін бізге мына құралдар қажет болды: -Дәрігерлік шприц 100-150 мл; -Химиялық стакан сыймдылығы 50-100 мл; -Натрий карбонатының -0,005% ертінідісі (200 мл дистелденген суға 1г натрий карбонатын ерітіп 0,5 мл 1% фенолфталеин ерітіндісін қосу керек.) Дайындалған ерітінді 100 мл колбаға құйып дистелденген сумен араластырады. Көмірқышқыл газын анықтау үшін шприцпен натрий карбонаты ерітіндісінен 20 мл сорып алып содан сон шприцке ауа мөлшерін де сорып аламыз да 1 минуттай сілкілеп араластырамыз. Егер ерітінді қызғылт
  • 20. (розовый) түске енсе онда ауаны шприцтен шығарып жіберіп тағыда ауаның жаңа көлемін шприцпен сорып аламыз да 1 минуттай ерітіндіні сілкілеп араластырамыз. Ерітініді түссізденген ше ауаның жаңа мөлшерін қоса береміз. Егер ерітінді 1 минут аралығында түссізденген жағдайда тәжірибені ауаның аз көлемін сору арқылы жүргіземіз. Реакция: Na2CO3+H2O+CO2→2NaHCO3. Зерттелуге натрий карбонатының түссізденуіне алынған ауа көлемі ескере отырып қажет мөлшерін арнайы кесте бойынша есептейміз. кесте "Көмірқышқылының ауа құрамындағы мөлшері» Ауа көлемі, мл. СО2концентр. (%) Ауа көлемі, мл. СО2 концентр. (%) Ауа көлемі, мл. СО2 концентр. (%) 80 0,32 330 0,116 410 0,084 160 0,208 340 0,112 420 0,080 200 0,182 350 0,108 430 0,076 240 0,156 360 0,104 440 0,070 260 0,144 370 0,100 450 0,066 Кесте. Ауадағы көмірқышқылының 20 мл 0,005 % сода ерітіндісін түссіздендіруге жұмсалатын мөлшерінің ауа көлеміне тәуелділігі Біз 2 қабат рекреация (4 «А» сынып жанындағы) және 4 «А» сынып бөлмесінің атмосфералық ауа құрамындағы көмірқышқылының концентрациясын өлшедік. Біз бұл сыныпты ең көп оқушы оқитын болған сон таңдадық. (28 оқушы). Өлшеулер желтоқсан аралығында жүргізілді. Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге белгілеп отырдық айының 14-18 аралығында және наурыз айының 7-11 дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма
  • 21. Ауакөлtмімл. КонцентрацияСО2 Ауакөлемімл. КонцентрацияСО2 Ауакөлемімл. КонцентрацияСО2 Ауакөлемімл. КонцентрацияСО2 Ауакөлемімл. КонцентрацияСО2 Атмосфер алық ауа 360 0,104 340 0,112 340 0,112 320 0,120 320 0,120 Сабақтан соң 80 0,18 100 0,144 100 0,144 80 0,18 100 0,144 Терезені ашып желдеткен нен соң 120 0,12 160 0,09 140 0,102 120 0,12 140 0,102 Есік- терезені - - - - 160 0,09 200 0,072 170 0,084 Рекреация 100 0,144 80 0,18 80 0,18 100 0,144 80 0,18 Көмірқышқылының мектеп бөлмелеріндегі апта бойы концентрациясы Есептеулер мына формула бойынша жүргізілді: (%), N – шприцпен алынған ашық атмосфералық ауа көлемі саны; Ni- шприцпен алынған жабық бөлме ауа көлемінің саны; 0,04% - ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері. Сынамалардан соң жасалған талдаулардан мынаны көруге болады: - зерттелуге алынған бөлмелердің СО2 мөлшері гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген концентрациясы (0.7 - 0,1) аспайды; - сынып бөлмесінде көмірқышқыл газының мөлшері сынып оқушыларының толық (28 оқушы) сабаққа қатысқан күндерінде байқалады, демек сынып бөлмелерінің САНПИН нормаларына сай 25 оқушы санынан аспауы қажет екені көрінеді; - Мұғалім ауа режимін сақтау мақсатында сынып бөлмесін үзіліс сайын желдетіп отырады, сол себептен сабақ басталар уақытта СО2 концентрациясы төмен;
  • 22. - Ауаның СО2-нан тазарту қарқындылығы бойынша ашық фрамугалар арқылы желдетуден гөрі өтпелі желдету тиімді, бірақ оны пайдаланған кезде өте сақ болған дұрыс, өкпек желден салқын тиюі мүмкін; - СО2 мөлшерінің төмендеуі үзіліс кезінде байқалады, себебі оқушылар сыныптан шығып тынығады, дегенмен фрамуга арқылы желдеткендіктен көмірқышқылының мөлшері төмендеуі бұл уақытта шамалы; -Бөлмелерде көмірқышқылының арту себептерінің бірі пластикалық терезе орнату, пластикалық терезелер табиғи желдетуді жояды, сол себептен көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарылайды. Терезе рамаларын ауыстырғанда табиғи материал ағаш рамаларды таңдаған жөн; - Рекреациялардағы үзіліс кезінде көмірқышқылының мөлшерінің жоғары болуы себебі оқушылардың үзіліске рекреацияларға шығуына байланысты және де рекреациялар желдетілмейді. Осы жобаның аясында сынып бөлмелерінен көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау үшін сынамалық пробалар алынды. Сабақ басталмастан бұрын және сабақ аяқталған сон сынама пробалар алынып өлшенді. Сонымен қатар өлшеуіміздің толық болуы үшін мектеп ауласы мен рекреациялардан да сынама пробалар алу жүргізілді. Алынған нәтижелерді қорытындылап талдау жүргіздік. Сынама нәтижелері ауаның құрамында оттегінің үлесі көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылаған кезде де бірқалыпты болатынын көрсетті. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін қалыпты жағдайдан тыс болдырмау үшін ұсыныстар жасағанды жөн көрдік.
  • 23. Қорытынды Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау өзекті мәселелердің бірі, себебі, жасөспірім балалардың арасындағы аурушаңдық құрылымда бірінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары, екінші орында-теріасты талшықтарының аурулары, үшінші орында- ас қорыту ағзаларының аурулары. Сол себептен оқушылардың қандай ауамен тыныс алатыны аландататын мәселе. Сонымен қатар көптеген елдерді аллергиялық аурулар да кен таралып барады. Осы жайттарды зерттей келе ғалымдар тыныс алу жолдарының ауруларының таралуына ғимараттар мен бөлмелердегі ауаның қүрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерінің жоғарылауы себеп деген гипотеза айтты. Осыдан кейін жасалған зерттеулер гипотезаның дұрыстығын дәлелдеген. Балалар аурулары арасында тыныс алу жолдары аурулары басым, оның ішінде аллергия, бронхиалды астма ауруларымен ауыратын балалар ауа құрамындағы көмірқышқыл газының жоғарылауына тым сезімтал болады, сол себептен осы балалар аурушан болып келеді. Зерттеу жүргізілген 4 «А» сынып оқушыларының арасында: 4 оқушы – созылмалы тыныс ауруларына шалдыққан; -2 оқушы- созылмалы тонзиллит; -1 оқушы - тамақ аденоиды - 1 оқушы бронхиалды астма ауруларымен ауырады. Оқушылардың арасында бұл аурулардың таралуына жол бермеу керек. Шетел ғалымдары көмірқышқыл газының төменгі мөлшері де аурулардың көбеюіне әсер ететінін дәлелдеген екен. Ендеше мынандай сұрақ туындайды, мына техногенді ғасырда бұл мәселені қалай шешуге болады?
  • 24. Біріншіден бөлме өсімдіктері көмегімен, бірақ өсімдіктердің ауадан көмірқышқыл газын сіңіру тек жарықтың әсерінен болатынын білеміз, демек өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіруі бұл мәселені толық шеше алмайды. Көмірқышқылын ауа құрамынан арнайы адсорбер- құрылғыларымен жоюға болады. Ондай құрылғылар бізде жоқ болғандықтан бұл да мәселені шешпейді. Ең тиімді және қолайлысы ол мұғалімдердің сынып бөлмелерін желдетіп отыруы, ал жылы кезде өтпелі желдету (сквозное проветривание) жүргізу қажет, мектеп бөлмелерінде желдетуге ұсынылатын мерзім аралығында есік терезелерді белгілі уақытта ашып желдетіп отыру. Кесте Сыртқы температура Бөлмені желдету ұзақтығы (мин) Кіші үзілісте Ұзақ үзілісте ауысым аралығында +10 –тан +6-дейін 4 -10 25 - 35 +5 тан 0-дейін 3 - 7 20 - 30 0 тан 5-дейін 2 - 5 15 - 25 5 тен 10-дейін 1 - 3 10 - 15 10-тан төмен 1 - 1,5 5 - 10 Бұл ата-аналар назарын аударатын жағдай, балаларының денсаулығына көңіл бөлген жөн, мектепте сынып бөлмесінде қандай ауамен тыныс алады, бөлме желдетіліп отыра ма деген сұрақтар да аландату керек, егер оқушы жиі түшкіре берсе, жөтеле берсе немесе аллергия белгілері көрініс беретін болса және вирусты аурулары жиі қайталана берсе. Егер бала демалыс күндері жақсы сезініп, оқу күндері өзін нашар сезініп жөтел, түшкіру жиі қайталанса. Мұның барлығы сыныпта көмірқышқыл газының деңгейі қалыпты деңгейден асып кеткенін білдіреді және дұрыс желдетілмеуінде деуге болады. Бөлме ауасы құрамындағы көмірқышқылының мөлшерін анықтап өлшейтін арнайы құрылғылар санэпидстанция қызметінде болады. Сондай құрылғылармен ауаның құрамын өлшеуге де болады. Біз зерттеулер жүргізген сыныпта 28 оқушы оқиды, сауалнама нәтижелері бойынша оқушылар 4-5 сабақ уақытында өздерін нашар сезінеді. Себебі осы уақытта сынып бөлмесінің ауа құрамында көмірқышқылының
  • 25. концентрациясы жоғары болады, оны біз зерттеулер жүргізе келе анықтадық. Сонымен қатар сонғы 4-5 сабақ кезінде оқушылардың сабаққа деген зейіні төмендейтіні анықталды. Оқушылар шаршап-шалдығып сабаққа дұрыс көніл бермейді.Осынын нәтижесінде көптеген оқушылардың оқу үлгірімі де сол пәндерден нашарлайтыны анықталды. Демек сынып бөлмесіндегі ауа құрамындағы көмірқышқылы оқушылардың денсаулығына да және оқу үлгіріміне де әсер ететіні анықталып дәлелденді. Ұсыныстар: Жас жеткіншектердің қандай ауамен тыныс алуы өте маңызды, себебі ауаның сапасы оқушылардың денсаулығына және оқу үлгіріміне де әсер етеді. Сол себептен мұғалімдер мен мектеп басшыларына ұсынамыз: 1.Сынып бөлмелерін үнемі үзіліс арасында желдетіп отыруды ұмытпау; 2. Сынып бөлмелерін үзіліс кезінде шаң-тозаннан тазарту жұмыстарын жасап отыру; 3. Ата-аналар және мұғалімдер бөлмелердегі ауа құрамынын сапасына назар аударып отыру; 4.Сынып бөлмелерін гүлдендіру және гүлдерге дұрыс күтім жасау; 5.Сынып сағаттарында оқушыларға бөлмелердегі ауа құрамындағы көмірқышқылының адам ағзасына әсері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
  • 26. Қосымша Көмірқышқыл газының түрлі деңгейлерінде физиологиялық теріс көріністері. СO2, ppm деңгейі физиологиялық көріністері Атмосфералық ауа 380-400 Сұлулық және денсаулық үшін тамаша ауа. 400-600 Ауаның орташа мөлшері. Балалар бөлмесі, жатын, кеңселер, мектептер мен балабақшалар үшін ұсынылады. 600-1000 Ауаның сапасы туралы шағымдар бар. Демікпесі бар адамдарда жиі шағымдар болып тұрады. Жоғары 1000 Бас ауруы, ыңғайсыздық, әлсіздік, көңіл концентрациясы, жұмысына қателер саны артуы құлайды. Ол сондай-ақ тыныс алу және қан айналым жүйесі бар проблемалар болуы мүмкін қан жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін. Жоғары 2000 Оқушылар жұмысында қателер саны айтарлықтай өседі, студенттердің 70% -ға жұмысқа құлықсыз. .
  • 27. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Шилькорт Е.О, Губернский Ю.Д. « Сколько воздуха нужно человеку» журнал АВОК № 4.2008 2. доктор мед.наук Ревич Б.А.«Климат, качество атмосферы и здоровье» издательство «Адаманть»,2006. 3. И.В.Гурина. Безопасный уровень углекислого газа требует ревизии. Журнал «Экологический Вестник России» (№10, 2008). 4. Дополнительные материалы к урокам и внеклассным мероприятиям по биологии и экологии в 10-11 классах / авт.-сост. М.М.Боднарук, Н.В.Ковылина. – 2-е изд., стереотип. – Волгоград: Учитель, 2008 г. 5. http://www.enontek.ru. 6. Колчанова Л.В., Колчанов Р.А. «Инновационный подход к ученическому эксперименту», «Химия в школе» №5, 2009г. 8. Гигиенические требования к условиям обучения в общеобразовательных учреждениях otherreferats.allbest.ru›Медицина›00016079_0.html