SlideShare a Scribd company logo
1 of 32
Download to read offline
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды

Îòòû¢
Бір солдат жолда батыл адымдап келе жатты. Арқасында
қапшығы, бүйірінде асынған қылышы бар. Ол соғысқа
қатысып, жеңіспен еліне оралып келе жатқан. Кенеттен
алдынан кәрі мыстан кемпір шыға келеді. Оның түрі сондай
қорқынышты, сүйкімсіз.
– Қайырлы күн, солдат! – деп амандасады мыстан.
– Қайырлы күн, кәрі мыстан! – дейді солдат.
Мыстан оған жақын маңдағы ағашты
көрсетіп, былай деп тіл қатады:

2
– Егер сен мына биік ағаштың ұшар басына өрмелеп
шықсаң, үңірейген қуысты көресің. Қуыстан қарағанда ағаштың іші үлкен үңгір екенін байқайсың. Ол үңгірде үш бөлме бар. Әр бөлмеде бір-бір алып сандық және
оны күзететін иттер бар. Мен саған өз алжапқышымды
беремін, иттерді соған отырғызып, сандықтағы ақшаны қалтаң толғанша ал. Ал маған сол жерде қалған
оттығымды әкеп бер.
Солдат беліне жіп байлап, жіптің екінші ұшын
кемпірге ұстатып, талдың басына өрмелеп шығады. Қуыс арқылы ішке кіріп,
төмен қарай сырғанап үңгірге
түседі.

3
Үңгірдің ішінде, расында да, үш бөлме бар екен. Мыстан кемпір
айтқандай, үш бөлмедегі алып сандықтарды үш ит күзетіп отыр.
Солдат бірінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі алақандай үлкен
екен. Солдат оны мыстанның алжапқышына отырғызып, қалтасын
сандықтағы мыс тиындарға нығыздап толтырады.
Екінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі бірінші иттікінен де
үлкен. Солдат оны да алжапқышқа салып, сандықты ашады. Қараса,
іші толған күміс тиындар екен. Солдат қалтасындағы мыс тиындарды
күміспен ауыстырады.

4
Солдат үшінші бөлмеге енгенде, көзі алғашқы екеуінікінен де үлкен итті
көріп, таң қалады. Ол бадырақ көз үшінші итті де алжапқышқа отырғызып,
сандықты ашады. Сандық толы алтындарды көріп, есі шығады. Бұрынғы мыс,
күміс тиындарды лақтырып жіберіп, қалтасы, қапшығы, бас киімі мен аяқ
киімі толғанша алтын салып алады. Осы кезде ол өзін дәулетті
адамдардың қатарында сезінеді, бойын даңққұмарлық
билейді. Сөйтіп ол мыстан тапсырған оттықты алып,
шығар ауызға беттейді.

5
Солдат жіпті қозғап, «мені шығарып ал» деп кемпірге белгі береді.
Мыстан жіпті тартып, шығарып алады да, солдаттан:
– Оттықты алдың ба? – деп сұрайды.
– Әрине, алдым. Ол саған не үшін керек? Соның жауабын білгім келеді, –
дейді солдат.
– Онда сенің шаруаң болмасын! – деп дөрекі жауап қайтарады мыстан,
– Қалтаң толы алтын, байлыққа белшеңнен батырдым. Оттығымды өзіме
қайтар!

6
Мұны естіген солдат ашуланып, қылышын суырып алады. Қорқып кеткен
мыстан көзден ғайып болады. Солдат қайтадан жолға түседі.
Сәлден кейін солдат салтанаты асқан, дәулеті тасқан тамаша қалаға келіп
жетеді. Осы көркем қаладағы ең беделді қонақүйге тоқтап, жайлы бөлме мен
сүйікті асына тапсырыс береді. Өйткені ол қазір ауқатты адамдардың қатарына қосылды ғой. Дегенмен, қонақүй қызметкерлері
әлі жаңа киім сатып алуға үлгермеген солдатқа қарап: «Осынша
бай адамның сырт киімі мен етігі неге көнетоз?» деп бас қатырумен болады. Келесі күні солдат қонақүйге сықырлаған су жаңа
етік пен қонымды көйлек киіп оралады.

7
Осылайша кедей солдат ойламаған жерден байбатшаға айналады. Қала тұрғындары ауқатты мырзаға құрметпен қарап, оған қала патшасы мен оның
сұлу қызы туралы әңгімелеп береді. Олардың айтуынша, ханшайым елден асқан ажарлы екен. Бірақ
әкесі оны биік мұнаралы, мыстан соғылған үлкен қорғанда ешкімге көрсетпей, жасырын ұстайтын көрінеді. Ата-анасынан басқа ешкім ол сарайға аттап кіре
алмайды екен. «Мен ондай аруды көруге тиіспін», –
деп ойлайды солдат. Бірақ ханшайымның сарайына
енуге рұқсат жоқ еді.

8
Өмірінде қарны тойып ас ішпеген солдатымыз енді алтынның буына мастанып, көңілді өмір сүріп жатады. Сауық-сайран құрып, кедейлерге жәрдемдеседі. Себебі ол қалтасында көк тиыны жоқ адамның өмірі қандай болатынын
жақсы түсінетін. Сөйтіп, күн өткен сайын достары да көбейеді. Олар мұның
байлығын, мырзалығын жыр етіп, мақтаумен болады. Алайда ысырапшылдықтың соңы жақсылыққа апармайтыны
белгілі. Бір күні солдаттың алтынының қоры таусылып,
оны байқаған пайдакүнем достары ізін суытады.

9
Бірде кешкісін шырақ сатып алуға да ақшасы жетпеген
солдаттың есіне мыстанның оттығы түседі. Ол оттықты алып
тұтатқан еді, о ғажап, кенет үңгірдің бірінші бөлмесіндегі
бадырақ көз ит есіктен кіріп келіп: «Не бұйырасыз, мәртебелі
мырзам?» деп сұрайды.
Солдат оттықтың құнын сол кезде ғана түсінеді. «Маған
ақша әкел!» деп бұйырады итке. Сәлден кейін ит ақша толы
қапты солдаттың алдына тастайды.

10
Солдат жайлап сиқырлы оттықтың құпиясын біліп алады. Оны
бір рет ұрғанда, мыс сандықты күзететін ит пайда болып, екі рет
соққанда, күміс сандықтың иесі шығады. Ал үшіншісінде алтын
сандықты қорыған ит алдына келіп тұрады. Осылайша солдат
қайтадан мырза қалпына енеді, әдемі
бөлмеде тұрып, қымбат киімдер киетін
болады. Жоғалып кеткен достары да
қасынан табылып, сый-құрметтерін
аямайды.

11
Бір күні солдат оттығын тұтатып, бірінші бөлмедегі итті
алдына келтіреді.
– Қазір түн ортасы екенін білемін, – дейді солдат оған, – бірақ
ханшайымды бір көруге ынтықпын. Өтінемін, оны осында алып
келші.
Ит көзден ғайып болады, сәлден соң ханшайымды арқалап жетіп келеді. Иттің арқасында маужырап ұйықтап жатқан патша
қызын көргенде солдат оның асқан сұлулығына тәнті болып,
бетінен сүйіп алады.

12
Солдат көркем ханшайымды тағы да ұстай тұрғысы
келеді, бірақ оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсініп, итке: «Ханшайымды апарып таста!» деп
бұйрық береді. Ит патша қызын арқалап, өз төсегіне
апарып жатқызады.
Ертеңгісін патша мен патшайым таңғы астарын
ішіп отырғанда, ханшайым түнде қызық түс көргенін
айтады.
– Мені көзі бадырайған бір ит арқалап, солдаттың
үйіне апарды. Солдат мені бетімнен сүйді, – дейді ол.
– Өте қызық түс көріпсің, – деп күледі патшайым.

13
Бірақ ханшайымның бұл түсі атаанасына маза бермейді. Көңілдерінде: «Шынында да біреу, мүмкін,
қызымызды ұрлап әкетіп жүрген
болар», – деген күдік ұялайды. Келесі түні олар шын-өтірігін білу үшін
қыздың қасына бір күтуші әйелді
отырғызады. Түн ортасында екінші
бөлмедегі ит келіп, ханшайымды
көтеріп кетеді. Күтуші әйел ұрының

14
ізін байқап, соңына түседі. Ит кірген үлкен
үйдің қақпасына бормен айқыштап сызып,
белгі салып кетеді.
Күтуші әйел сарайға қайта оралып, төсегіне
жатқаны сол еді, қызды арқалап ит те жетеді.
Бірақ ит қақпадағы айқыш сызықты байқап
қалады. Сөйтіп ол амалын асырып, бормен
қаладағы барлық үйлердің қақпасын сызып
шығады. Мұнысы асқан тапқырлық болды,
енді қай қақпаны сызғанын тауып көрсін!

15
Таңертең қызын ұрлап әкетіп жүрген ұрыны ұстап алып, жазалау
үшін патша мен патшайым күзетшілерін ертіп, күтуші әйелдің соңынан жүріп отырады. Олар белгісі бар қақпаны іздейді. Бірақ қаладағы
барлық қақпаларға белгі салынғанын көріп, қатты таң қалады. Сөйтіп,
патша мен патшайым сарайға бос қайтады. Енді патшайым қулығын
асырмақ болып шешеді. Ол жібек матадан дорба тігіп, оның түбін
сөгіп қояды. Дорбаға сұлы дәндерін салып, оны ұйқыға жатар кезде
ханшайымның мойнына асады. «Дорбаның тесігінен төгілген дәндер
арқылы ханшайымның қайда барғанын біліп аламыз» деп ойлайды.

16
Түн ортасында үшінші бөлмедегі ит келіп, сұлу
қызды дегбірсіздене күтіп отырған солдатқа
арқалап ала жөнеледі. Солдат ханшайымға ессіз
ғашық болып, оған үйлену үшін ханзада болуды армандап жүрген еді. Бұл
жолы бадырақ көз ит ханшайымды
солдаттың үйіне әкелгенде дорбадан
төгілген дәндерді байқамайды.

17
Келесі күні таңертең патша мен патшайым шашылған дәннің ізіне түсіп, қыздарының барған үйін жаңылыспай тауып алады. Байғұс солдат түрмеге қамалады.
Түрменің іші қараңғы әрі суық болатын. Оған:
– Сені ертең дарға асамыз! – деп ескертеді.
Мұны естіген солдаттың ұнжырғасы түсіп кетеді. Өкініштісі, оның оттығы қонақүйде қалып қойған еді.

18
Таң атады. Солдат түрменің темір тормен бекітілген
терезесінен қала адамдарының өзін қалай дарға асқанын көруге асығып, жиналып жатқанын байқайды.
Міне, патша жауынгерлері де барабан соғып, адымдап
келе жатыр. «Өмірмен қоштасатын сәттің келгені ме?
– деп ойлайды солдат. – Ойпыр-ай, дардан құтылудың
ешқандай жолының болмағаны ма?! Оттығымды қалай
алдырсам екен?»

19
Сәлден соң терезеден қолтығына етік қыстырып, жанталаса
жүгіріп бара жатқан етікшінің көмекшісі көрінеді. Асығып келе
жатқан оның аяғындағы тері шәркейінің бірі шешіліп қалып,
ұшып кетеді. Шәркей солдат отырған түрме терезесінің алдына
кеп топ ете түседі. Бала солдатқа:
– Шәркейімді беріп жіберіңізші, – деп өтінеді.
– Әй, етікшінің шәкірті! Егер менің үйіме барып, оттығымды
алып келсең, мен саған шәркейіңді қайтарамын, әрі төрт алтын
тиын беремін, – дейді солдат балаға. – Бірақ уақыт тым аз, екі
өкпеңді қолыңа алып жүгіргенің дұрыс!
Етікші бала жанұшыра жүгіріп барып, оттықты солдатқа әкеп
береді. Оны көрген солдаттың қуанышы қойнына сыймайды. Ол
балаға алғысын білдіріп, шәркейінің ішіне төрт
емес, бес алтын тиын салып қайтарып береді.

20
21
Үлкен дар ағашы қаланың сыртына құрылыпты. Сол жерге қара құрым халық жиналған. Топырлаған жұртты солдаттар бері жібермей тұр.
Патша мен патшайым төрешілер мен патша көмекшілерінің алдындағы
тақта отыр екен.
Қылмыскерді дарға асатын уақыт таяп қалады. Солдатты жендеттер
дар ағашының қасына әкеледі. Патша мен патшайым оның мойнына арқан ілінердің алдында:
– Қылмыскерді жазалардың алдында оның соңғы сөзін орындау –
бұзылмас дәстүр! Тілегіңді айт! – дейді.

22
Солдат:
– Менің өлер алдындағы ақырғы тілегім – шылым шегу, – дейді.
Патша оның тілегін қабыл алады. Солдат оттығын алып, үш рет ұрып қалғанда алдына үш ит қатарласа тұра қалады.
– Айтқанымды орындаңдар! Патша мен патшайым берген жарлығын ұмытсын! Қызын маған үйлендірсін! Осы жерде үлкен той болсын! – деп бұйырады.
Бірінші ит құрылып тұрған дарға көзін қадайды, сол кезде дар жоқ болып кетеді. Екінші ит назарын дәл осы сәтте не үшін жиналғандарын ұмытып тұрған
патша мен патшайымға аударады. Сол-ақ екен патша мен патшайым:
– Балам, біздің қызымызды ал, бізге күйеу бала бол! – деген ұсынысын жасайды.
Енді үшінші ит таң-тамаша болып тұрған нөпір халықты, оларды қоршап
тұрған солдаттарды шолып шығады.
Сонда көпшілік:
– Мәртебелі солдат, сен бізге патша бол, ханшайымға
үйлен! – деп өтінеді.

23
Сөйтіп, жиналған қауым солдатты қолпаштап, патшаның
күймесіне отырғызады, ал үш ит күйменің алдына түсіп,
алақайлап жүгіреді. Балалар ысқырып, солдаттар құрмет
көрсетеді. Ханшайым мыс мұнарадан шығып, солдаттың
жарына айналады.
Үйлену тойы сегіз күн, сегіз түнге ұласады. Бадырақ көз
иттер де үстелге отырып, адамдармен бірге ас ішеді. Олардың да бақыттан бастары айналып, адамдарға еркелеумен
болады. Тойға жиналғандар тоғызыншы күн дегенде барып
тарқайды.

24
жол
ман
тыр
Шы

Солдат а аш а апаратын
жолды таба алмай т р, көмектесіп жібер.

25
мақ
Сана

Сары және ызыл
айналарды саны нешеу?

Жауабы: 7 сары айна жəне 6 қызыл айна.

26
тап
ығын
шыл
ырма
Ай

27
елер
нүкт
айып
Ғаж

Н ктелерді санына арай бір-біріне сызы ар ылы ос.
Шы ан суретті боя.

28
тші
суре
ас
Ж

Солдатты суретін өз беті ше салып йрен.

29
қ сан Out
Odd
Т а One
Ертегіге атысы
жо кейіпкерлерді тап.
ал аны нешеу?

30
Жауабы: 1. Солдат; 2. Ханшайым; 3. Оттық; 4. Мыстан;
5. Ағаш; 6. Етікші; 7. Патша; 8. Патшайым; 9. Алжапқыш; 10. Ит.

1.

О

Д

Т

А

Л

2.

Н

А

Ш

Х

Й

М Ы

3.

Т

Ы

О

Т

Қ

4.

С

А

М

Т

Ы

Н

5.

Ш

А

Ғ

А

6.

Т

І

К

Е

І

Ш

7.

П

Ш

А

Т

А

8.

Ш

П

А

Т

А

Й

М

Ы

9.

Ш

А

П

Ж

А

Л

Қ

Ы

10.

Т

31

С

И
А

Әріптерден сөз

тап
ан ,
Ойл

ра.
ндір
есте
әйк
С
1

a

Сәйкес көле келерді тап.

2

ə

3

б
Жауабы: 1 – ə, 2 – б, 3 – г, 4 – а, 5 – в.

32

5

4

в

г

More Related Content

What's hot (8)

654ererer
654ererer654ererer
654ererer
 
Ertegi meiirimdi keit
Ertegi meiirimdi keitErtegi meiirimdi keit
Ertegi meiirimdi keit
 
ғылыми жоба
ғылыми жобағылыми жоба
ғылыми жоба
 
Kilmis_5_tom
Kilmis_5_tomKilmis_5_tom
Kilmis_5_tom
 
Kilmis_2_tom
Kilmis_2_tomKilmis_2_tom
Kilmis_2_tom
 
Ertegi
Ertegi Ertegi
Ertegi
 
к¦тапша математика
к¦тапша математикак¦тапша математика
к¦тапша математика
 
256fd
256fd256fd
256fd
 

More from Ernur Esenjolov (8)

The walking dead_120_rus
The walking dead_120_rusThe walking dead_120_rus
The walking dead_120_rus
 
Naruto
NarutoNaruto
Naruto
 
Ertegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahatiErtegi gulliverdin sayahati
Ertegi gulliverdin sayahati
 
Ertegi maugli
Ertegi maugliErtegi maugli
Ertegi maugli
 
Ertegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpekErtegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpek
 
Kot vasilij
Kot vasilijKot vasilij
Kot vasilij
 
Domik dlja zajchika
Domik dlja zajchikaDomik dlja zajchika
Domik dlja zajchika
 
Abdusamat qasym
Abdusamat qasymAbdusamat qasym
Abdusamat qasym
 

Ertegi ottik

  • 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды Îòòû¢
  • 2. Бір солдат жолда батыл адымдап келе жатты. Арқасында қапшығы, бүйірінде асынған қылышы бар. Ол соғысқа қатысып, жеңіспен еліне оралып келе жатқан. Кенеттен алдынан кәрі мыстан кемпір шыға келеді. Оның түрі сондай қорқынышты, сүйкімсіз. – Қайырлы күн, солдат! – деп амандасады мыстан. – Қайырлы күн, кәрі мыстан! – дейді солдат. Мыстан оған жақын маңдағы ағашты көрсетіп, былай деп тіл қатады: 2
  • 3. – Егер сен мына биік ағаштың ұшар басына өрмелеп шықсаң, үңірейген қуысты көресің. Қуыстан қарағанда ағаштың іші үлкен үңгір екенін байқайсың. Ол үңгірде үш бөлме бар. Әр бөлмеде бір-бір алып сандық және оны күзететін иттер бар. Мен саған өз алжапқышымды беремін, иттерді соған отырғызып, сандықтағы ақшаны қалтаң толғанша ал. Ал маған сол жерде қалған оттығымды әкеп бер. Солдат беліне жіп байлап, жіптің екінші ұшын кемпірге ұстатып, талдың басына өрмелеп шығады. Қуыс арқылы ішке кіріп, төмен қарай сырғанап үңгірге түседі. 3
  • 4. Үңгірдің ішінде, расында да, үш бөлме бар екен. Мыстан кемпір айтқандай, үш бөлмедегі алып сандықтарды үш ит күзетіп отыр. Солдат бірінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі алақандай үлкен екен. Солдат оны мыстанның алжапқышына отырғызып, қалтасын сандықтағы мыс тиындарға нығыздап толтырады. Екінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі бірінші иттікінен де үлкен. Солдат оны да алжапқышқа салып, сандықты ашады. Қараса, іші толған күміс тиындар екен. Солдат қалтасындағы мыс тиындарды күміспен ауыстырады. 4
  • 5. Солдат үшінші бөлмеге енгенде, көзі алғашқы екеуінікінен де үлкен итті көріп, таң қалады. Ол бадырақ көз үшінші итті де алжапқышқа отырғызып, сандықты ашады. Сандық толы алтындарды көріп, есі шығады. Бұрынғы мыс, күміс тиындарды лақтырып жіберіп, қалтасы, қапшығы, бас киімі мен аяқ киімі толғанша алтын салып алады. Осы кезде ол өзін дәулетті адамдардың қатарында сезінеді, бойын даңққұмарлық билейді. Сөйтіп ол мыстан тапсырған оттықты алып, шығар ауызға беттейді. 5
  • 6. Солдат жіпті қозғап, «мені шығарып ал» деп кемпірге белгі береді. Мыстан жіпті тартып, шығарып алады да, солдаттан: – Оттықты алдың ба? – деп сұрайды. – Әрине, алдым. Ол саған не үшін керек? Соның жауабын білгім келеді, – дейді солдат. – Онда сенің шаруаң болмасын! – деп дөрекі жауап қайтарады мыстан, – Қалтаң толы алтын, байлыққа белшеңнен батырдым. Оттығымды өзіме қайтар! 6
  • 7. Мұны естіген солдат ашуланып, қылышын суырып алады. Қорқып кеткен мыстан көзден ғайып болады. Солдат қайтадан жолға түседі. Сәлден кейін солдат салтанаты асқан, дәулеті тасқан тамаша қалаға келіп жетеді. Осы көркем қаладағы ең беделді қонақүйге тоқтап, жайлы бөлме мен сүйікті асына тапсырыс береді. Өйткені ол қазір ауқатты адамдардың қатарына қосылды ғой. Дегенмен, қонақүй қызметкерлері әлі жаңа киім сатып алуға үлгермеген солдатқа қарап: «Осынша бай адамның сырт киімі мен етігі неге көнетоз?» деп бас қатырумен болады. Келесі күні солдат қонақүйге сықырлаған су жаңа етік пен қонымды көйлек киіп оралады. 7
  • 8. Осылайша кедей солдат ойламаған жерден байбатшаға айналады. Қала тұрғындары ауқатты мырзаға құрметпен қарап, оған қала патшасы мен оның сұлу қызы туралы әңгімелеп береді. Олардың айтуынша, ханшайым елден асқан ажарлы екен. Бірақ әкесі оны биік мұнаралы, мыстан соғылған үлкен қорғанда ешкімге көрсетпей, жасырын ұстайтын көрінеді. Ата-анасынан басқа ешкім ол сарайға аттап кіре алмайды екен. «Мен ондай аруды көруге тиіспін», – деп ойлайды солдат. Бірақ ханшайымның сарайына енуге рұқсат жоқ еді. 8
  • 9. Өмірінде қарны тойып ас ішпеген солдатымыз енді алтынның буына мастанып, көңілді өмір сүріп жатады. Сауық-сайран құрып, кедейлерге жәрдемдеседі. Себебі ол қалтасында көк тиыны жоқ адамның өмірі қандай болатынын жақсы түсінетін. Сөйтіп, күн өткен сайын достары да көбейеді. Олар мұның байлығын, мырзалығын жыр етіп, мақтаумен болады. Алайда ысырапшылдықтың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бір күні солдаттың алтынының қоры таусылып, оны байқаған пайдакүнем достары ізін суытады. 9
  • 10. Бірде кешкісін шырақ сатып алуға да ақшасы жетпеген солдаттың есіне мыстанның оттығы түседі. Ол оттықты алып тұтатқан еді, о ғажап, кенет үңгірдің бірінші бөлмесіндегі бадырақ көз ит есіктен кіріп келіп: «Не бұйырасыз, мәртебелі мырзам?» деп сұрайды. Солдат оттықтың құнын сол кезде ғана түсінеді. «Маған ақша әкел!» деп бұйырады итке. Сәлден кейін ит ақша толы қапты солдаттың алдына тастайды. 10
  • 11. Солдат жайлап сиқырлы оттықтың құпиясын біліп алады. Оны бір рет ұрғанда, мыс сандықты күзететін ит пайда болып, екі рет соққанда, күміс сандықтың иесі шығады. Ал үшіншісінде алтын сандықты қорыған ит алдына келіп тұрады. Осылайша солдат қайтадан мырза қалпына енеді, әдемі бөлмеде тұрып, қымбат киімдер киетін болады. Жоғалып кеткен достары да қасынан табылып, сый-құрметтерін аямайды. 11
  • 12. Бір күні солдат оттығын тұтатып, бірінші бөлмедегі итті алдына келтіреді. – Қазір түн ортасы екенін білемін, – дейді солдат оған, – бірақ ханшайымды бір көруге ынтықпын. Өтінемін, оны осында алып келші. Ит көзден ғайып болады, сәлден соң ханшайымды арқалап жетіп келеді. Иттің арқасында маужырап ұйықтап жатқан патша қызын көргенде солдат оның асқан сұлулығына тәнті болып, бетінен сүйіп алады. 12
  • 13. Солдат көркем ханшайымды тағы да ұстай тұрғысы келеді, бірақ оның соңы жақсылыққа апармайтынын түсініп, итке: «Ханшайымды апарып таста!» деп бұйрық береді. Ит патша қызын арқалап, өз төсегіне апарып жатқызады. Ертеңгісін патша мен патшайым таңғы астарын ішіп отырғанда, ханшайым түнде қызық түс көргенін айтады. – Мені көзі бадырайған бір ит арқалап, солдаттың үйіне апарды. Солдат мені бетімнен сүйді, – дейді ол. – Өте қызық түс көріпсің, – деп күледі патшайым. 13
  • 14. Бірақ ханшайымның бұл түсі атаанасына маза бермейді. Көңілдерінде: «Шынында да біреу, мүмкін, қызымызды ұрлап әкетіп жүрген болар», – деген күдік ұялайды. Келесі түні олар шын-өтірігін білу үшін қыздың қасына бір күтуші әйелді отырғызады. Түн ортасында екінші бөлмедегі ит келіп, ханшайымды көтеріп кетеді. Күтуші әйел ұрының 14
  • 15. ізін байқап, соңына түседі. Ит кірген үлкен үйдің қақпасына бормен айқыштап сызып, белгі салып кетеді. Күтуші әйел сарайға қайта оралып, төсегіне жатқаны сол еді, қызды арқалап ит те жетеді. Бірақ ит қақпадағы айқыш сызықты байқап қалады. Сөйтіп ол амалын асырып, бормен қаладағы барлық үйлердің қақпасын сызып шығады. Мұнысы асқан тапқырлық болды, енді қай қақпаны сызғанын тауып көрсін! 15
  • 16. Таңертең қызын ұрлап әкетіп жүрген ұрыны ұстап алып, жазалау үшін патша мен патшайым күзетшілерін ертіп, күтуші әйелдің соңынан жүріп отырады. Олар белгісі бар қақпаны іздейді. Бірақ қаладағы барлық қақпаларға белгі салынғанын көріп, қатты таң қалады. Сөйтіп, патша мен патшайым сарайға бос қайтады. Енді патшайым қулығын асырмақ болып шешеді. Ол жібек матадан дорба тігіп, оның түбін сөгіп қояды. Дорбаға сұлы дәндерін салып, оны ұйқыға жатар кезде ханшайымның мойнына асады. «Дорбаның тесігінен төгілген дәндер арқылы ханшайымның қайда барғанын біліп аламыз» деп ойлайды. 16
  • 17. Түн ортасында үшінші бөлмедегі ит келіп, сұлу қызды дегбірсіздене күтіп отырған солдатқа арқалап ала жөнеледі. Солдат ханшайымға ессіз ғашық болып, оған үйлену үшін ханзада болуды армандап жүрген еді. Бұл жолы бадырақ көз ит ханшайымды солдаттың үйіне әкелгенде дорбадан төгілген дәндерді байқамайды. 17
  • 18. Келесі күні таңертең патша мен патшайым шашылған дәннің ізіне түсіп, қыздарының барған үйін жаңылыспай тауып алады. Байғұс солдат түрмеге қамалады. Түрменің іші қараңғы әрі суық болатын. Оған: – Сені ертең дарға асамыз! – деп ескертеді. Мұны естіген солдаттың ұнжырғасы түсіп кетеді. Өкініштісі, оның оттығы қонақүйде қалып қойған еді. 18
  • 19. Таң атады. Солдат түрменің темір тормен бекітілген терезесінен қала адамдарының өзін қалай дарға асқанын көруге асығып, жиналып жатқанын байқайды. Міне, патша жауынгерлері де барабан соғып, адымдап келе жатыр. «Өмірмен қоштасатын сәттің келгені ме? – деп ойлайды солдат. – Ойпыр-ай, дардан құтылудың ешқандай жолының болмағаны ма?! Оттығымды қалай алдырсам екен?» 19
  • 20. Сәлден соң терезеден қолтығына етік қыстырып, жанталаса жүгіріп бара жатқан етікшінің көмекшісі көрінеді. Асығып келе жатқан оның аяғындағы тері шәркейінің бірі шешіліп қалып, ұшып кетеді. Шәркей солдат отырған түрме терезесінің алдына кеп топ ете түседі. Бала солдатқа: – Шәркейімді беріп жіберіңізші, – деп өтінеді. – Әй, етікшінің шәкірті! Егер менің үйіме барып, оттығымды алып келсең, мен саған шәркейіңді қайтарамын, әрі төрт алтын тиын беремін, – дейді солдат балаға. – Бірақ уақыт тым аз, екі өкпеңді қолыңа алып жүгіргенің дұрыс! Етікші бала жанұшыра жүгіріп барып, оттықты солдатқа әкеп береді. Оны көрген солдаттың қуанышы қойнына сыймайды. Ол балаға алғысын білдіріп, шәркейінің ішіне төрт емес, бес алтын тиын салып қайтарып береді. 20
  • 21. 21
  • 22. Үлкен дар ағашы қаланың сыртына құрылыпты. Сол жерге қара құрым халық жиналған. Топырлаған жұртты солдаттар бері жібермей тұр. Патша мен патшайым төрешілер мен патша көмекшілерінің алдындағы тақта отыр екен. Қылмыскерді дарға асатын уақыт таяп қалады. Солдатты жендеттер дар ағашының қасына әкеледі. Патша мен патшайым оның мойнына арқан ілінердің алдында: – Қылмыскерді жазалардың алдында оның соңғы сөзін орындау – бұзылмас дәстүр! Тілегіңді айт! – дейді. 22
  • 23. Солдат: – Менің өлер алдындағы ақырғы тілегім – шылым шегу, – дейді. Патша оның тілегін қабыл алады. Солдат оттығын алып, үш рет ұрып қалғанда алдына үш ит қатарласа тұра қалады. – Айтқанымды орындаңдар! Патша мен патшайым берген жарлығын ұмытсын! Қызын маған үйлендірсін! Осы жерде үлкен той болсын! – деп бұйырады. Бірінші ит құрылып тұрған дарға көзін қадайды, сол кезде дар жоқ болып кетеді. Екінші ит назарын дәл осы сәтте не үшін жиналғандарын ұмытып тұрған патша мен патшайымға аударады. Сол-ақ екен патша мен патшайым: – Балам, біздің қызымызды ал, бізге күйеу бала бол! – деген ұсынысын жасайды. Енді үшінші ит таң-тамаша болып тұрған нөпір халықты, оларды қоршап тұрған солдаттарды шолып шығады. Сонда көпшілік: – Мәртебелі солдат, сен бізге патша бол, ханшайымға үйлен! – деп өтінеді. 23
  • 24. Сөйтіп, жиналған қауым солдатты қолпаштап, патшаның күймесіне отырғызады, ал үш ит күйменің алдына түсіп, алақайлап жүгіреді. Балалар ысқырып, солдаттар құрмет көрсетеді. Ханшайым мыс мұнарадан шығып, солдаттың жарына айналады. Үйлену тойы сегіз күн, сегіз түнге ұласады. Бадырақ көз иттер де үстелге отырып, адамдармен бірге ас ішеді. Олардың да бақыттан бастары айналып, адамдарға еркелеумен болады. Тойға жиналғандар тоғызыншы күн дегенде барып тарқайды. 24
  • 25. жол ман тыр Шы Солдат а аш а апаратын жолды таба алмай т р, көмектесіп жібер. 25
  • 26. мақ Сана Сары және ызыл айналарды саны нешеу? Жауабы: 7 сары айна жəне 6 қызыл айна. 26
  • 28. елер нүкт айып Ғаж Н ктелерді санына арай бір-біріне сызы ар ылы ос. Шы ан суретті боя. 28
  • 29. тші суре ас Ж Солдатты суретін өз беті ше салып йрен. 29
  • 30. қ сан Out Odd Т а One Ертегіге атысы жо кейіпкерлерді тап. ал аны нешеу? 30
  • 31. Жауабы: 1. Солдат; 2. Ханшайым; 3. Оттық; 4. Мыстан; 5. Ағаш; 6. Етікші; 7. Патша; 8. Патшайым; 9. Алжапқыш; 10. Ит. 1. О Д Т А Л 2. Н А Ш Х Й М Ы 3. Т Ы О Т Қ 4. С А М Т Ы Н 5. Ш А Ғ А 6. Т І К Е І Ш 7. П Ш А Т А 8. Ш П А Т А Й М Ы 9. Ш А П Ж А Л Қ Ы 10. Т 31 С И А Әріптерден сөз тап ан , Ойл ра.
  • 32. ндір есте әйк С 1 a Сәйкес көле келерді тап. 2 ə 3 б Жауабы: 1 – ə, 2 – б, 3 – г, 4 – а, 5 – в. 32 5 4 в г