SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Оқушы: Исмаилов Ақылбек Бауыржанұлы
Жетекші оқытушысы: Ахмет Абдулла Садуахасұлы
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: «Жерді негізгі және тұқым себу алдында
өңдеу технологиясы»
Кіріспе
Республикамыздың ауылшаруашылық саласы тәуелсіздік алған жылдардан бастап
ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерісті бастан кешірді. Ауылшаруашылық
мақсатына арналған жерге деген құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие,
қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. Еліміздің аграрлық
саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2050»
стратегиялық бағдарламасын негізге ала отырып, даму жолына түсті. Бұл орайда
ауылшаруашылық мамандарының кәсіби біліктілігіне деген талап та жоғары. Қазіргі
ауылшаруашылық дамуының жаңа кезеңінде тек кәсіби даярлығы жоғары жұмысшы ғана
еңбек ете алады. Қазіргі тракторшы-машинистер өндірістің міндеті мен мақсатын терең
тұсінумен қатар, білімге, іскерлік пен дағдыға ие болуы керек.
Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың күрделі саласы. Халық тұтынатын азық-
түліктің, тауарлардың төрттен үш бөлігі ауыл шаруашылық өнімдерінен жасалады.
Қазіргі уақытта бүкіл халық шаруашылығында істелінетін жұмыс күшінің төрттен бірі, ал
өндірілетін өнімнің үштен бірі ауыл шаруашылғының үлесіне тиіп отыр. Күллі өндірістік
қордың бестен бірі ауыл шаруашылғында шоғырланған. Экономиканың дамуы, халықтың
әл-ауқатын одан әрі жақсарту, қала мен ауылдың арасындағы байланысты дамыта беру –
осының бәрі ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауларында
және ел Үкіметінің қаулы-қарарларында аграрлық мәселені саяси бағыттың үлкен бір
тармағы деп қарайды. Жаңа техника мен технологияны жетілдіре отырып, ауыл
шаруашылығының барлық салаларын комплексті механикаландыру еңбек өнімділігін
арттырудың бірден бірі факторы екендігі түсінікті де.
Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны
көбеюде.Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын
көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгеру міндеті тұр.
Республикамыздың нарықтық экономика бағадарламасында белгіленген ауқымды
шаралар кешенін іске асырудың түпкі нәтижесі – еңбек құралдарын, өндіріс экономикасы
мен технологиясын ұйымдастыруды жаңа жаңа қағидаттарына (принциптеріне)
байланысты жүйелі түрде қайта құру. Ал бұл ауылшаруашылығы жұмысшылары
еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертеді, яғни ол барған сайын индустриялды
еңбектің бір түріне айналады. Ауыл шаруашылығы дамуының жаңа жағдайында тек
кәсіби даярлығы жоғары, көп бағытты жұмысшы ғана табысты еңбек ете алады. Қазіргі
мамандар өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетін білімге, іскерлік пен дағдыға
икемдей білуі керек. Ол өзінің әр қимылын шығармашылық тұрғыда ойластыру, қабілетін
нақтылы жағдайға бағдарлау, бірнеше мамандықты игеруі, зерттеуші әрі шыншыл болуы
қажет. Сондықтан болашақ техник-механиктердің кәсіби шеберліктері бүгінгі күн
талабына, ғылыми-техникалық ілгерілеудің (прогрес) жетістіктеріне сай болуы өте қажет.
Қазіргі заманғы техниканы пайдаланудың ұтымды әдістерін, өндірістік жұмыстарды
және жаңа технологияны жақсы меңгеру – экономиканы жақсы меңгерген, мол даярлығы
бар, білімді мамандардың ғана қолынан келеді. Демек, біздер болашақ ауыл шаруашылық
мамандары ретінде өз мамандығымыздың қыр-сырына қаныға отырып, ғылыми-іздену
дағдыларымызды да жетілдіруіміз керек. Осы шығармашылық жұмысымда Оңтүстік
Қазақстан облысында жердің негізгі және тұқым себу алдында өңдеу технологиясына
талдау жасай отырып, тиімді машиналар жайлы ұсыныс – пікір жасауға талпыныс
жасалынды.
АННОТАЦИЯ
Бұл шығармашылық жұмыстың мақсаты - қазіргі қолданыстағы бірнеше жылдардан
бері пайдаланылып келе жатқан ескі жерді өңдеу техникаларының жаңадан шығарылып
жатқан отандық және шет елдік техникаларымен салыстыра отырып, жерді негізгі және
тұқым себу алдында өңдеу технологиясын іске асыру барысында қай техниканың
экономикалық тұрғыдан тиімділігін көрсету
Жер өңдеу нәтижесінде өсімдіктердің дамуына, демек, одан бітік өнім алуға
қолайлы жағдай туады. Ол топырақтың ауа, су және қоректену режимдерін жақсартып,
пайдалы бактериялардың тіршілік әрекеттерін арттырады, тыңайтқыштарды сіңіріп,
зиянды өсімдіктерді құртуға көмектеседі.
Топырақ өңдеудің екі жолы бар: негізгі және тұқым себу алдында өңдеу. Әдетте
дәнді дақылдарды жинау соңынан аңызды тікелей сыдыра жырту және күзде (зябь)
жырту негізгі өңдеуге жатады. Жаздық дақылдарды егуге қажетті жерді ерте көктемде
тырмалау немесе бетін тегістеп, культивациялау, қажет болған жағдайда таптау тұқым
седу алдындағы өңдеу болып табылады. Күздік дақылдарға қажетті жерді
культивациялау, тырмалау және кей жағдайда жерді таптау парды тұқым себу алдында
өңдеуге жатады.
Мен төмендегі бөлімдерде бүгінгі таңдағы шаруа қожалықтарындағы қолда бар
техникалармен атқарып жатқан жер өңдеу жұмыстарының түрлеріне көрсете отырып,
атқарылатын жұмыстардың реттілігіне тоқталамын.
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Жерді негізгі өңдеу технологиясы
1. Аңызды сыдыра жырту
а) Сыдыра жыртуға қойылатын агротехникалық талаптар. Аңызды сыдыра
жырту егінді жинап болысымен бірден, бірақ одан кейін екі-үш күннен кешіктірмей
жүргізілуге тиіс. Топырақты дискілі сыдыра жыртқышпен 5-7 сантиметр, ал түрендісімен
14-16 сантиметр тереңдікте өңдейді. Арамшөптер мен сабақтар түгелдей қырқылуға тиіс.
Шүйелер мен алағаттыққа жол берілмейді. Өңделген егістіктің беті тегіс болуға, дискілі
құралдардың орта батереяларының түйіскен жеріндегі борозда сыдыра жырту
тереңдігінен аспауға тиіс. Өңделгеннен кейінгі топырақ аса үгітілмеген майда түйірлі
болғаны абзал.
б) Агрегатты жұмысқа әзірлеу. «Беларусь» тракторы доңғалақтарының із
аралығын 1500 мм қояды. ЛДТ-5 сыдырта жыртқышымен жұмыс істеу үшін,
трактордағы аспа механизмінің бойлық тарқышының артқы ұштарын алып тастап,
тіркеменің сырғалы көлденең салмағын орнатады. Қиғаш тіректерді дөңгелек тесіктер
арқылы бойлық тартқышпен жалғап, шектеуші шынжырмен тартып тастайды. Т-150
және Т-150К тракторларында ЛДГ-10 және ЛДГ-15 сыдырта жыртқыштармен жұмыс
істеу үшін, аспа механизмін ең жоғары жағдайға келтіріп, орталық тартқышты
көтергіштің оң рычагына қапсырма шегемен бекітеді. К-700, К-701 тракторларының
аспалы жүйесін де ЛДГ-20 сыдырта жыртқышымен жұмыс істеу үшін осылай әзірлейді.
в) Агрегат жүрісінің тәсілдері. Дискілі сыдыра жыртқыш агрегаттармен сыдыра
жыртқанда ұршықты жүріс – негізгі жүріс тәсілі болып табылады. танаптың бойлық
ұзындығы агрегаттың 40-50 жұмыс алымындай егістіктерде , сондай-ақ дұрыс емес
пішінді егістіктерде агрегаттың айналып жүруіне жол беріледі. Топырақ қабатын
жақсылап босату мақсатында топырағы тығыз егістіктерде диагоналды, ал қажет болған
ретте диагоналды-шаршылы жүріс тәсілін қолданады.
Түренді сыдыра жыртқышпен сыдырғылағанда жерді жырту мен аша жыртуды
алмастыра отыру әдісі дұрысырақ болып табылады.
г) Агрегаттардың загондағы жұмысы. Дискілі сыдырғы агрегат бірінші рет 20-30
метр жүріп барады да тоқтайды және сыдырғы алымының бүкіл енінің барлық бойынан
топырақты өңдеудің тереңдігін тексереді. Егер қажет болса, тиісті реттеулер жүргізеді.
Жұмыс кезінде агрегатты сыдыра жыртқыштардың жүріс жолдары арасындағы өңделген
жапсарлас алаңдарды жабуы кемінде 15 см болатындай етіп жүргізеді.
д) Сыдырғылау сапасын бақылау. Аңызды сыдырғылау сапасын топырақты
өңдеудің тереңдігі мен өсімдіктердің қырқылу дәрежесі, танаптың жалдануы мен
шүйлердің болуына қарай бақылайды.Өңдеудің тереңдігін тереңдік өлшеуішпен
учаскенің диагоналы бойынша текесереді. 10 өлшемнен орта мәнін шығарып, оны
топырақтың қопсуы дәрежесіне (20 пайыз) кемітеді. Берілген тереңдіктен ауытқу 1 см
аспаса үш балл, 2 см аспаса екі балл және 3 см асса бір балл деп бағалайды. Түренді
сыдыра жыртқыштардың жұмыс сапасын, топырақ қабатын аударатын агрегаттардың
жұмысын бағалағандай бағалайды.
2. Жер жырту
Жер жырту топырақ өңдеудің негізгі тәсілі болып табылады. Басқа агрегаттардың
жұмыс жағдайлары, сондай-ақ шығымдылық та жер жырту сапасына байланысты. Жер
жыртуға жұмсалатын қуат барлық егіс жұмыстарына жұмсалатын қуаттың 30-35
пайызына жуықтайды. Сондықтан жер жырту агротехникалық талаптарға қатаң сәйкес
және еңбек пен механикалық қуат шығындарын барынша аз жұмсай отырып жүргізілуге
тиіс.
а) Жер жыртуға қойылатын агротехникалық талаптар. Жер жырту
жұмыстарының басталуы мен олардың орындалу ұзақтығын шаруашылық агрономы
агротехникалық мерзімдер мен топырақтың жағдайына сәйкес белгілейді. Сүдігер мен
парды қайта жыртудан және органикалық тыңайтқыштар көмуден басқа, аудара жер
жыртудың барлық түрін шым аударғышы бар соқалар атқарады. Жерді жырту тереңдігі
берілген тереңдікке сәйкес келуге тиіс: орта тереңдіктің берілгеннен мүмкін болатын
ауытқуы, беті тегіс егістіктер мен учаскелерде ± 1 см, ойлы-қырлы және көзге ұрып
тұрған микробедерлі учаскелерде ±2 см.
Топырақ қабаты аударылып, ұсақ түйірлерге майдаланады да , қуыссыз
жатқызылады. Барлық корпустардан қабаттар бірдей мөлшерлі, ал борозда түп-түзу
болуға тиіс. Танаптың бойылық ұзындығы 500 метр болғанда, жыртылған жер
қатарының ± 1 метрден аспайтындай қисаюына жол беріледі. Барлық арамшөптер, сабақ
қалдықтары мен енгізілген тыңайтқыштардың ең кемінде 95 пайызы көмілуге тиіс.
Жыртылған егістіктің беті теп-тегіс, тұтас болсын. Соқаның іргелес жолдарының
арасында алшақтыққа, сондай-ақ жасырын және ашық шүйлепр жыртылмаған алаңдарға
жол берілмейді. Жалдардың биіктігі 5 см аспағаны абзал.
Топырақ ылғалдылығы барынша мол егістіктерді жыртқан кезде, көлемі 10 шаршы
см асатын тоң кесектер, барлық егістік көлемінің 10-15 пайызынан аспауға тиіс.
Жер жыртатын агрегаттардың мүмкін болатын құрамдары
мен жұмыс режимі
№ Соқа
маркасы
Алым ені Топырақтың ең
көп меншікті
кедергісі, Н/см2
(кгс/см2
)
Өңдеудің
шекті
тереңдігі,
см
Жүрістің жол
берілетін
жылдамдығы,
км/сағ.
Мынадай
кН(тс) класты
тракторларымен
агрегатталады
1 ПЛП-6-35 1,4 - 2,10 9 (0,9) 30 8-12 30 - 40 (3-4)
2 ПЛН-5-35 1,4 – 1,75 9 (0,9) 30 6 - 10 30 - 40 (3-4)
3 ПЛН-4-35 1,40 9 (0,9) 30 10-ға дейін 30 (3)
4 ПЛН-3-35 1,05 9 (0,9) 30 7-10 14 - 20 (1,4-2)
б) Агрегаттарды жұмысқа әзірлеу. Жер жыртатын агрегаттарды жұмысқа
әзірлеуге тракторды, соқаны және агрегат құрамына енетін басқа да құралдарды әзірлеу,
оларды бір-біріне жалғау және берілген жұмыс жағдайларына қарай технологиялық
реттеу жатады.
«Кировец» тракторын әзірлеген кезде аспа механизміндегі тік қиғаш тіректердің
үстіңгі және төменгі стакандарын біріктіретін саусақтарды дөңгелек тесіктерге
орналастырады. Тік қиғаш тесіктердің ұзындығын, топсалар осьтерінің арасындағы
қашықтықты 865 мм, ал жоғарғы орталық тарқыштың ұзындығын 1200±125 мм қояды.
Доңғалақтар шинасындағы ауаның қысымы 0,12-0,14 мегапаскаль (1,2-1,4 кгс/см2
) болуға
тиіс.
Бәрін әзірлеп болғаннай кейін соқаны тракторға тіркейді. Мұның өзінде трактор
аспасының төменгі тартқыштарының көлденең қиғаш тіректірінің ұзындығын, олар
соқаны транспорттық жағдайға келтіруге бөгет болмайтындай және төменгі жағдайда,
төменгі тартқыштар ұштары орташа жағдайдан 25-30 мм шегінде еркін көлденең
тербелетіндей етіп реттейді.
ДТ-75, ДТ-75А шынжыр табанды тракторларын тіркемелі соқалармен агрегаттаған
кезде, аспаның механизмін ең жоғары жағдайға қояды, жоғарғы орталық тартқышты
көтергіштің сол рычагына қапсырма шегемен бекітеді. Сырғалы тіркеме бекіткіш шегені
тығыз топыраққа төменгі жағдайға, ал борпылдақ топырақта жоғары жағдайға қояды.
Топырақ неғұрлым ауыр болған сайын тіркеме соғұпрлым төмен қойылуға тиіс. Соқа
тіркемесінің көлденең салмағы тығыз топырақты жыртқанда төмендеткіштің жоғары
тесіктеріне, ал орташа және борпылдақ топырақта төменгі тесіктеріне қояды.
в) Агрегат жүрісінің тәсілі мен бағытын таңдау. Жер жыртқанда мынадай
негізгі: жаба жырту, аша жырту, загондарды ауыстыра отырып жаба және аша жырту,
загонсыз айналым және ұршықты жүру тәсілдерін қолданады. Ұршықты тәсіл аударатын
соқамен ғана іске асырылады. Жер жыртқанда агрегат жүрісінің тәсілін (ұршықтыдан
басқасын) ең алдымен үйме жалдар мен айырма бороздалардың өте аз пайда болуын
ескере отырып таңдау керек.
г) Жер жырту сапасын бақылау . Жер жырту сапасының негізгі бағалау
көрсеткіштері мыналар: берілген тереңдіктен ауытқу, егістік бетінің тегістігі мен
жалдылығы. Жұмыс кезінде ашық борозда бойынша загонның басында, ортасында және
аяғында жыртылған жердің тереңдігін кем дегенде 10 жерден тексеріп, оның орташа
мәнін табады. Жұмысты қабылдағанда жыртылу тереңдігін, ағаш немесе темір
стерженьді учаскенің диагоналы бойынша өңделіп тегістелген қабаттың түпкі бетіне
жеткенше ендіру арқылы тексереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мухин А.А. Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс
жүргізу технологиясы. - Алматы: «Қайнар», 1988.
2. Фортуна В.И. Эксплуатация машинно-тракторного парка. –М: «Колос», 1979 .
3. Воронов Ю.И., Ковалев Л.И., Устинов Н.Н. Ауыл шаруашылық машиналары.
- Алматы: «Мектеп» 1988 .
4. Родичев В.А., Родичева П.И.Тракторлар мен автомобилдер. –Алматы:
«Мектеп»,1987.
5. Момынбаев Б., Алиев Б . Ауыл шаруашылығы техникалары. –Алматы: НАЗ-9
ЖШС 2009 .
1. Мухин А.А. Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс
жүргізу технологиясы. - Алматы: «Қайнар», 1988.
2. Фортуна В.И. Эксплуатация машинно-тракторного парка. –М: «Колос», 1979 .
3. Воронов Ю.И., Ковалев Л.И., Устинов Н.Н. Ауыл шаруашылық машиналары.
- Алматы: «Мектеп» 1988 .
4. Родичев В.А., Родичева П.И.Тракторлар мен автомобилдер. –Алматы:
«Мектеп»,1987.
5. Момынбаев Б., Алиев Б . Ауыл шаруашылығы техникалары. –Алматы: НАЗ-9
ЖШС 2009 .

More Related Content

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

студент шығармасы исмаилов а.

  • 1. Оқушы: Исмаилов Ақылбек Бауыржанұлы Жетекші оқытушысы: Ахмет Абдулла Садуахасұлы Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: «Жерді негізгі және тұқым себу алдында өңдеу технологиясы» Кіріспе Республикамыздың ауылшаруашылық саласы тәуелсіздік алған жылдардан бастап ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерісті бастан кешірді. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерге деген құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. Еліміздің аграрлық саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын негізге ала отырып, даму жолына түсті. Бұл орайда ауылшаруашылық мамандарының кәсіби біліктілігіне деген талап та жоғары. Қазіргі ауылшаруашылық дамуының жаңа кезеңінде тек кәсіби даярлығы жоғары жұмысшы ғана еңбек ете алады. Қазіргі тракторшы-машинистер өндірістің міндеті мен мақсатын терең тұсінумен қатар, білімге, іскерлік пен дағдыға ие болуы керек. Ауыл шаруашылығы – экономикамыздың күрделі саласы. Халық тұтынатын азық- түліктің, тауарлардың төрттен үш бөлігі ауыл шаруашылық өнімдерінен жасалады. Қазіргі уақытта бүкіл халық шаруашылығында істелінетін жұмыс күшінің төрттен бірі, ал өндірілетін өнімнің үштен бірі ауыл шаруашылғының үлесіне тиіп отыр. Күллі өндірістік қордың бестен бірі ауыл шаруашылғында шоғырланған. Экономиканың дамуы, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту, қала мен ауылдың арасындағы байланысты дамыта беру – осының бәрі ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауларында және ел Үкіметінің қаулы-қарарларында аграрлық мәселені саяси бағыттың үлкен бір тармағы деп қарайды. Жаңа техника мен технологияны жетілдіре отырып, ауыл шаруашылығының барлық салаларын комплексті механикаландыру еңбек өнімділігін арттырудың бірден бірі факторы екендігі түсінікті де. Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны көбеюде.Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгеру міндеті тұр. Республикамыздың нарықтық экономика бағадарламасында белгіленген ауқымды шаралар кешенін іске асырудың түпкі нәтижесі – еңбек құралдарын, өндіріс экономикасы мен технологиясын ұйымдастыруды жаңа жаңа қағидаттарына (принциптеріне) байланысты жүйелі түрде қайта құру. Ал бұл ауылшаруашылығы жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертеді, яғни ол барған сайын индустриялды еңбектің бір түріне айналады. Ауыл шаруашылығы дамуының жаңа жағдайында тек кәсіби даярлығы жоғары, көп бағытты жұмысшы ғана табысты еңбек ете алады. Қазіргі мамандар өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетін білімге, іскерлік пен дағдыға икемдей білуі керек. Ол өзінің әр қимылын шығармашылық тұрғыда ойластыру, қабілетін нақтылы жағдайға бағдарлау, бірнеше мамандықты игеруі, зерттеуші әрі шыншыл болуы қажет. Сондықтан болашақ техник-механиктердің кәсіби шеберліктері бүгінгі күн талабына, ғылыми-техникалық ілгерілеудің (прогрес) жетістіктеріне сай болуы өте қажет. Қазіргі заманғы техниканы пайдаланудың ұтымды әдістерін, өндірістік жұмыстарды және жаңа технологияны жақсы меңгеру – экономиканы жақсы меңгерген, мол даярлығы бар, білімді мамандардың ғана қолынан келеді. Демек, біздер болашақ ауыл шаруашылық
  • 2. мамандары ретінде өз мамандығымыздың қыр-сырына қаныға отырып, ғылыми-іздену дағдыларымызды да жетілдіруіміз керек. Осы шығармашылық жұмысымда Оңтүстік Қазақстан облысында жердің негізгі және тұқым себу алдында өңдеу технологиясына талдау жасай отырып, тиімді машиналар жайлы ұсыныс – пікір жасауға талпыныс жасалынды. АННОТАЦИЯ Бұл шығармашылық жұмыстың мақсаты - қазіргі қолданыстағы бірнеше жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан ескі жерді өңдеу техникаларының жаңадан шығарылып жатқан отандық және шет елдік техникаларымен салыстыра отырып, жерді негізгі және тұқым себу алдында өңдеу технологиясын іске асыру барысында қай техниканың экономикалық тұрғыдан тиімділігін көрсету Жер өңдеу нәтижесінде өсімдіктердің дамуына, демек, одан бітік өнім алуға қолайлы жағдай туады. Ол топырақтың ауа, су және қоректену режимдерін жақсартып, пайдалы бактериялардың тіршілік әрекеттерін арттырады, тыңайтқыштарды сіңіріп, зиянды өсімдіктерді құртуға көмектеседі. Топырақ өңдеудің екі жолы бар: негізгі және тұқым себу алдында өңдеу. Әдетте дәнді дақылдарды жинау соңынан аңызды тікелей сыдыра жырту және күзде (зябь) жырту негізгі өңдеуге жатады. Жаздық дақылдарды егуге қажетті жерді ерте көктемде тырмалау немесе бетін тегістеп, культивациялау, қажет болған жағдайда таптау тұқым седу алдындағы өңдеу болып табылады. Күздік дақылдарға қажетті жерді культивациялау, тырмалау және кей жағдайда жерді таптау парды тұқым себу алдында өңдеуге жатады. Мен төмендегі бөлімдерде бүгінгі таңдағы шаруа қожалықтарындағы қолда бар техникалармен атқарып жатқан жер өңдеу жұмыстарының түрлеріне көрсете отырып, атқарылатын жұмыстардың реттілігіне тоқталамын. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ Жерді негізгі өңдеу технологиясы 1. Аңызды сыдыра жырту а) Сыдыра жыртуға қойылатын агротехникалық талаптар. Аңызды сыдыра жырту егінді жинап болысымен бірден, бірақ одан кейін екі-үш күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Топырақты дискілі сыдыра жыртқышпен 5-7 сантиметр, ал түрендісімен 14-16 сантиметр тереңдікте өңдейді. Арамшөптер мен сабақтар түгелдей қырқылуға тиіс. Шүйелер мен алағаттыққа жол берілмейді. Өңделген егістіктің беті тегіс болуға, дискілі құралдардың орта батереяларының түйіскен жеріндегі борозда сыдыра жырту тереңдігінен аспауға тиіс. Өңделгеннен кейінгі топырақ аса үгітілмеген майда түйірлі болғаны абзал. б) Агрегатты жұмысқа әзірлеу. «Беларусь» тракторы доңғалақтарының із аралығын 1500 мм қояды. ЛДТ-5 сыдырта жыртқышымен жұмыс істеу үшін, трактордағы аспа механизмінің бойлық тарқышының артқы ұштарын алып тастап, тіркеменің сырғалы көлденең салмағын орнатады. Қиғаш тіректерді дөңгелек тесіктер арқылы бойлық тартқышпен жалғап, шектеуші шынжырмен тартып тастайды. Т-150 және Т-150К тракторларында ЛДГ-10 және ЛДГ-15 сыдырта жыртқыштармен жұмыс істеу үшін, аспа механизмін ең жоғары жағдайға келтіріп, орталық тартқышты
  • 3. көтергіштің оң рычагына қапсырма шегемен бекітеді. К-700, К-701 тракторларының аспалы жүйесін де ЛДГ-20 сыдырта жыртқышымен жұмыс істеу үшін осылай әзірлейді. в) Агрегат жүрісінің тәсілдері. Дискілі сыдыра жыртқыш агрегаттармен сыдыра жыртқанда ұршықты жүріс – негізгі жүріс тәсілі болып табылады. танаптың бойлық ұзындығы агрегаттың 40-50 жұмыс алымындай егістіктерде , сондай-ақ дұрыс емес пішінді егістіктерде агрегаттың айналып жүруіне жол беріледі. Топырақ қабатын жақсылап босату мақсатында топырағы тығыз егістіктерде диагоналды, ал қажет болған ретте диагоналды-шаршылы жүріс тәсілін қолданады. Түренді сыдыра жыртқышпен сыдырғылағанда жерді жырту мен аша жыртуды алмастыра отыру әдісі дұрысырақ болып табылады. г) Агрегаттардың загондағы жұмысы. Дискілі сыдырғы агрегат бірінші рет 20-30 метр жүріп барады да тоқтайды және сыдырғы алымының бүкіл енінің барлық бойынан топырақты өңдеудің тереңдігін тексереді. Егер қажет болса, тиісті реттеулер жүргізеді. Жұмыс кезінде агрегатты сыдыра жыртқыштардың жүріс жолдары арасындағы өңделген жапсарлас алаңдарды жабуы кемінде 15 см болатындай етіп жүргізеді. д) Сыдырғылау сапасын бақылау. Аңызды сыдырғылау сапасын топырақты өңдеудің тереңдігі мен өсімдіктердің қырқылу дәрежесі, танаптың жалдануы мен шүйлердің болуына қарай бақылайды.Өңдеудің тереңдігін тереңдік өлшеуішпен учаскенің диагоналы бойынша текесереді. 10 өлшемнен орта мәнін шығарып, оны топырақтың қопсуы дәрежесіне (20 пайыз) кемітеді. Берілген тереңдіктен ауытқу 1 см аспаса үш балл, 2 см аспаса екі балл және 3 см асса бір балл деп бағалайды. Түренді сыдыра жыртқыштардың жұмыс сапасын, топырақ қабатын аударатын агрегаттардың жұмысын бағалағандай бағалайды. 2. Жер жырту Жер жырту топырақ өңдеудің негізгі тәсілі болып табылады. Басқа агрегаттардың жұмыс жағдайлары, сондай-ақ шығымдылық та жер жырту сапасына байланысты. Жер жыртуға жұмсалатын қуат барлық егіс жұмыстарына жұмсалатын қуаттың 30-35 пайызына жуықтайды. Сондықтан жер жырту агротехникалық талаптарға қатаң сәйкес және еңбек пен механикалық қуат шығындарын барынша аз жұмсай отырып жүргізілуге тиіс. а) Жер жыртуға қойылатын агротехникалық талаптар. Жер жырту жұмыстарының басталуы мен олардың орындалу ұзақтығын шаруашылық агрономы агротехникалық мерзімдер мен топырақтың жағдайына сәйкес белгілейді. Сүдігер мен парды қайта жыртудан және органикалық тыңайтқыштар көмуден басқа, аудара жер жыртудың барлық түрін шым аударғышы бар соқалар атқарады. Жерді жырту тереңдігі берілген тереңдікке сәйкес келуге тиіс: орта тереңдіктің берілгеннен мүмкін болатын ауытқуы, беті тегіс егістіктер мен учаскелерде ± 1 см, ойлы-қырлы және көзге ұрып тұрған микробедерлі учаскелерде ±2 см. Топырақ қабаты аударылып, ұсақ түйірлерге майдаланады да , қуыссыз жатқызылады. Барлық корпустардан қабаттар бірдей мөлшерлі, ал борозда түп-түзу болуға тиіс. Танаптың бойылық ұзындығы 500 метр болғанда, жыртылған жер қатарының ± 1 метрден аспайтындай қисаюына жол беріледі. Барлық арамшөптер, сабақ қалдықтары мен енгізілген тыңайтқыштардың ең кемінде 95 пайызы көмілуге тиіс. Жыртылған егістіктің беті теп-тегіс, тұтас болсын. Соқаның іргелес жолдарының арасында алшақтыққа, сондай-ақ жасырын және ашық шүйлепр жыртылмаған алаңдарға жол берілмейді. Жалдардың биіктігі 5 см аспағаны абзал. Топырақ ылғалдылығы барынша мол егістіктерді жыртқан кезде, көлемі 10 шаршы см асатын тоң кесектер, барлық егістік көлемінің 10-15 пайызынан аспауға тиіс.
  • 4. Жер жыртатын агрегаттардың мүмкін болатын құрамдары мен жұмыс режимі № Соқа маркасы Алым ені Топырақтың ең көп меншікті кедергісі, Н/см2 (кгс/см2 ) Өңдеудің шекті тереңдігі, см Жүрістің жол берілетін жылдамдығы, км/сағ. Мынадай кН(тс) класты тракторларымен агрегатталады 1 ПЛП-6-35 1,4 - 2,10 9 (0,9) 30 8-12 30 - 40 (3-4) 2 ПЛН-5-35 1,4 – 1,75 9 (0,9) 30 6 - 10 30 - 40 (3-4) 3 ПЛН-4-35 1,40 9 (0,9) 30 10-ға дейін 30 (3) 4 ПЛН-3-35 1,05 9 (0,9) 30 7-10 14 - 20 (1,4-2) б) Агрегаттарды жұмысқа әзірлеу. Жер жыртатын агрегаттарды жұмысқа әзірлеуге тракторды, соқаны және агрегат құрамына енетін басқа да құралдарды әзірлеу, оларды бір-біріне жалғау және берілген жұмыс жағдайларына қарай технологиялық реттеу жатады. «Кировец» тракторын әзірлеген кезде аспа механизміндегі тік қиғаш тіректердің үстіңгі және төменгі стакандарын біріктіретін саусақтарды дөңгелек тесіктерге орналастырады. Тік қиғаш тесіктердің ұзындығын, топсалар осьтерінің арасындағы қашықтықты 865 мм, ал жоғарғы орталық тарқыштың ұзындығын 1200±125 мм қояды. Доңғалақтар шинасындағы ауаның қысымы 0,12-0,14 мегапаскаль (1,2-1,4 кгс/см2 ) болуға тиіс. Бәрін әзірлеп болғаннай кейін соқаны тракторға тіркейді. Мұның өзінде трактор аспасының төменгі тартқыштарының көлденең қиғаш тіректірінің ұзындығын, олар соқаны транспорттық жағдайға келтіруге бөгет болмайтындай және төменгі жағдайда, төменгі тартқыштар ұштары орташа жағдайдан 25-30 мм шегінде еркін көлденең тербелетіндей етіп реттейді. ДТ-75, ДТ-75А шынжыр табанды тракторларын тіркемелі соқалармен агрегаттаған кезде, аспаның механизмін ең жоғары жағдайға қояды, жоғарғы орталық тартқышты көтергіштің сол рычагына қапсырма шегемен бекітеді. Сырғалы тіркеме бекіткіш шегені тығыз топыраққа төменгі жағдайға, ал борпылдақ топырақта жоғары жағдайға қояды. Топырақ неғұрлым ауыр болған сайын тіркеме соғұпрлым төмен қойылуға тиіс. Соқа тіркемесінің көлденең салмағы тығыз топырақты жыртқанда төмендеткіштің жоғары тесіктеріне, ал орташа және борпылдақ топырақта төменгі тесіктеріне қояды. в) Агрегат жүрісінің тәсілі мен бағытын таңдау. Жер жыртқанда мынадай негізгі: жаба жырту, аша жырту, загондарды ауыстыра отырып жаба және аша жырту, загонсыз айналым және ұршықты жүру тәсілдерін қолданады. Ұршықты тәсіл аударатын соқамен ғана іске асырылады. Жер жыртқанда агрегат жүрісінің тәсілін (ұршықтыдан басқасын) ең алдымен үйме жалдар мен айырма бороздалардың өте аз пайда болуын ескере отырып таңдау керек. г) Жер жырту сапасын бақылау . Жер жырту сапасының негізгі бағалау көрсеткіштері мыналар: берілген тереңдіктен ауытқу, егістік бетінің тегістігі мен жалдылығы. Жұмыс кезінде ашық борозда бойынша загонның басында, ортасында және аяғында жыртылған жердің тереңдігін кем дегенде 10 жерден тексеріп, оның орташа мәнін табады. Жұмысты қабылдағанда жыртылу тереңдігін, ағаш немесе темір стерженьді учаскенің диагоналы бойынша өңделіп тегістелген қабаттың түпкі бетіне жеткенше ендіру арқылы тексереді. Пайдаланылған әдебиеттер:
  • 5. 1. Мухин А.А. Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы. - Алматы: «Қайнар», 1988. 2. Фортуна В.И. Эксплуатация машинно-тракторного парка. –М: «Колос», 1979 . 3. Воронов Ю.И., Ковалев Л.И., Устинов Н.Н. Ауыл шаруашылық машиналары. - Алматы: «Мектеп» 1988 . 4. Родичев В.А., Родичева П.И.Тракторлар мен автомобилдер. –Алматы: «Мектеп»,1987. 5. Момынбаев Б., Алиев Б . Ауыл шаруашылығы техникалары. –Алматы: НАЗ-9 ЖШС 2009 .
  • 6. 1. Мухин А.А. Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы. - Алматы: «Қайнар», 1988. 2. Фортуна В.И. Эксплуатация машинно-тракторного парка. –М: «Колос», 1979 . 3. Воронов Ю.И., Ковалев Л.И., Устинов Н.Н. Ауыл шаруашылық машиналары. - Алматы: «Мектеп» 1988 . 4. Родичев В.А., Родичева П.И.Тракторлар мен автомобилдер. –Алматы: «Мектеп»,1987. 5. Момынбаев Б., Алиев Б . Ауыл шаруашылығы техникалары. –Алматы: НАЗ-9 ЖШС 2009 .