SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
Оқушы: Өтегенов Айбол Cерікұлы
Жетекші оқытушысы: Эшанкулов Абида Камалович
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Мал азығын таратуды механикаландыру
Жоспары:
Мал азығын таратуды механикаландыруға қойылатын зоотехникалық талаптар.
Азық таратқыштардың жіктелімі.
Жылжымалы азық таратқыштар.
Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар.
Тұрақты азықтаратқыштар.
Мал азығын таратуды механикаландыруға қойылатын
зоотехникалық талаптар.
Мал мен құстың күйі және өнімділігі оларды азықтандырудың деңгейі, сапасы мен
құнарлылығымен қатар, белгілі дәрежеде азықтың өз уақытында және дұрыс
таратылуына да байланысты. Азық таратуға жұмсалатын жалпы еңбек шығындары – мал
мен құсты күтіп-баптауға жұмсалатын жалпы еңбек шығындарының 40% -ын құрайды.
Сондықтан малға азық таратуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше.
Азықтаратқыш құрылғыларға мынадай зоотехникалық талаптар қойылады:
азықты мал мен құсқа тарату бірқалыпты және дәл мөлшерде болуы керек;
бір немесе бірнеше малға азықты жекелей мөлшерлеп бере алуы;
жұмыс істегенде шуының аз болуы;
азықты былғамау және оның фракцияларға бөлініп кетпеуін қамтамасыз етуі тиіс,
малды және құсты жарақаттамауы қажет;
электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Әрбір мал басына таратылатын азықтың белгіленген нормадан ауытқу мөлшерінің шегі
мынадай:
ірі сабақты азықтар үшін - + 15 % :
дәнді азықтар үшін - + 5 %.
Бір қоражайдағы малға азық тарату уақыты 20-30 минуттан аспағаны жөн.
Сондай-ақ азықтаратқыштар мал азығының барлық түрлерін және әртүрлі қоюлықтағы
азықтарды үлестіріп бере алатын әмбебап болуы, өнімділігі жоғары және азық мөлшерін
тарату нормасын ең төменгі шамадан ең жоғарғы шамаға дейін реттеу мүмкіндігіне ие
болуы қарастырылуы қажет.
Олардың сенімділігі жоғары (жұмысқа дайындық коэфициенті 0,98-ден кем болмауы
керек), өзін-өзі ақтау мерзімі 2 жылдан аспауы керек. Сонымен бірге
азықтаратқыштардың азық қалдықтарынан және басқа да ластағыштардан оңай
тазартылуы қамтамасыз етілуі қажет.
Азық таратқыштардың жіктелімі.
Азықтаратқыштар негізінен екі операцияны орындайды: азық жеткізу және белгіленген
норма бойынша азықты науа бойымен мөлшерлеп тарату.
Мөлшерлеп тарату функциясы негізгі болып табылады, бұл азықтаратқыштың басқа
тасымалдау құрылғыларынан айырмашылығын көрсетеді. Азықтаратқыштардың
құрылысының мал қоражайларының түрліше типтеріне , мал мен құсты күтіп-баптаудың
жүйесі мен тәсіліне, жемшөптің физикалық-химиялық ерекшеліктеріне байланысты алуан
түрлі болып келуі - осы факторларға қатысты.
Жұмыс процесінің сипатына байланысты азықтаратқыштарды екі негізгі түрге
жіктейді: жылжымалы және тұрақты.
Жылжымалы азықтаратқыштар тіркемелі, аспалы, жетектегі және өздігінен
жүретін болып келеді.
Тұрақты азықтаратқыштар азық тасушы органының түріне байланысты:
механикалық немесе тасымалдағышты, пневматикалық, гидравликалық және
гравитациялық (өздігінен сырғитын) болып жіктеледі.
Әмбебап азықтаратқыш құрылғылар жемшөп цехынан мал қораларына азықтың
барлық түрлерін (ірі сабақты, шырынды, дәнді) және әртүрлі қоюлықтағы (құрғақ,
ылғалды, жартылай сұйық) жемшөпті үлестіре алады.
Шанақты типтегі жылжымалы азықтаратқыш құрылғылар азықты жемшөп
цехынан мал қораларына жеткізіп, қора жайдың ішіне немесе сыртына орналасқан
науаларға таратады.
Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыш құрылғылар мал азығын бір
немесе бірнеше қатарласа орналасқан қоражайларда рельсті және басқа да жүру
жолдарымен үлестіреді.
Тұрақты азықтаратқыш құрылғылар – бір немесе бірнеше қатарласа
орналасқан қоражайларда орнатылған және жемшөпті платформамен, шынжырлы-
қырғышты және басқа да тасымалдағыштармен үлестіретін жабдықтар.
Азықтаратқыштар және олардың жұмыс органдары қол күшімен, іштен жанатын
қозғалтқыштармен, аккумлятордан немесе айналмалы ток көінен қоректенетін
электроқозғалтқыштармен қозғалысқа келтіріледі.
Азықтаратқыштардың жемшөп тарату тасқынды-технологиялық желісі сұлбасының
негізгі нұсқалары:
1 – жылжымалы азықтаратқыш; 2 – тұрақты азықтаратқыш; 3 – науадан тысқары орнатылған
азықтаратқыш; 4 – таспалы азықтаратқыш.
2. Жылжымалы азық таратқыштар.
Ірі қараға арналған фермалар мен кешендерде трактордың қуат беру білігінен жетек
алатын тіркемелі шанақты азық таратқыштар кең түрде қолданылады.
а)Тракторға тіркелетін КТУ-10А әмбебап азықтаратқышы ұсақталған ірі
Тракторға тіркелетін КТУ-10 әмбебап азықтаратқышы ұсақталған ірі сабақты мал
азығын тасымалдауға және оны ақырларға бір жағынан немесе екі жағынан бірдей
таратуға арналған. Ол екіосьті рессорлы пневматикалық шинасы бар, шанағының
сиымдылығы 10 м3, ал шанақтың ернеуін өсіоген кезде -15м3 болатын тіркемеден
тұрады. Оның негізгі тораптары: жүріс бөлігі, жетек, битерлер, көлденең
тасымалдағыш, тіркеуіш және электр жабдықтары жүйесі.
КТУ-10А әмбебап азықтаратқышы:
1 – науа; 2, 3, 4 – битерлер; 5, 13 – кергіш құралдар; 6, 10, 12 – транспортерлер; 7 – карданды білік; 8 –
тіркеме; 9 – шынжырлы беріліс; 11 – жүріс дөңгелектері.
Жұмысы: Тасымалдағыш пен битерлер жемшөпті тиісті мөлшерде ақырларға
түсіруге арналған. Егер азықты екі жағына түсіретін болса, онда көлденең тасымалдағыш
екі кіші полотноға бөлінеді, ал бір жағына түсіретін болса, онда екі кіші полтноларды
қосып бір тасмалдағыш жасайды.
КТУ-10 азықтаратқышы жемшөпті ақырларға бір жағынан бастап таратқанда
бойлық тасымалдағыш шанақтағы азықты трактордың жүру бағытымен алға жылжытады,
яғни битерлер блогы мен көлденең тасымалдағыштарға береді. Еденге орнатылған
немесе үсітнен жүруге болатын ернеуі төмен қосарланған оттықтарға азықты тіркеменің
артқы жағынан таратқанда жемшөп мөлшерін бойлық тасымалдағыштың жылдамдығы,
сондай-ақ агрегаттың (трактордың) жүру жылдамдығы арқылы реттеуге болады. Ал
бойлық тасымалдағыштың жылжу бағытын шаппалы механизмнің қаптамасын оңға
немесе солға бұру арқылы өзгертеді. Түсірілетін азық мөлшерін қаптаманың фиксаторын
сектор шкаласының тиісті бөлігіне қарсы бекіту арқылы реттейді. Азықтаратқыштың
барлық механизмдері трактордың қуат беру білігінен жетек алады.Қораның ішінде,
трактор өтетін жерде ақырларға азық таратқанда агрегат бірінші жылдамдықта, ашық
алаңда азық таратқанда екінші жылдамдықта жұмыс істейді.
КТУ-10А азықтаратқышы жұмысының технологиялық сұлбасы:
а – бүйірінен тарату; 1 – екі жағынан; 2 – бір жағынан; б – бойлық тарату.
КТУ-10 азықтаратқышының – екі нұсқасы бар. Оның бірі жүріп бара жатқан бағыты
бойынша жемшөпті оң жағынан таратады және оған қоса арт жағынан түсіре алады. Ал
екіншісінде – жемшөп екі жағынан бірдей немесе бір жағынан таратылады және ол да арт
жағынан түсіреді. Азықтаратқыштардың артқы дөңгелектері гидравликалық
тежегіштермен жабдықталған. Тежегіштерді трактордың кабинасынан басқарады. КТУ-
10 азықтаратқышы ақырларға азық салумен бірге, ТВК-80Б, РК-50 және тағы сол сияқты
азықтаратқыштардың таспалы тасымалдағыштарына жемшөп беріп тұратын тұрақты
қоректендіруші-мөлшерлегіш ретінде ле пайдалануға болады.
Тұрақты қоректендіруші-мөлшерлегіш ретінде пайдаланғанда , оның жұмыс
органдары электрлі жетекке қосылады. Машинаның бір бүйірінен басқарушы –
операторға арналып орын жасалады.Ол жерде мөлшерлегішті жүргізіп-тоқтататын
басқару пульті, қоректендіруші тасымалдағышты іске қосатын және оның жылдамдығын
реттейтін тұтқа орнатылған. Шынжырлы беріліс арқылы машинаның алдыңғы
жағындағы раманың астына орнатылған электроқозғалтқышынан жұмыс органдары
қозғалысқа келтіріледі. Элекроқозғалтқыштың қуаты – 7,5 кВт.
б) Жылжымалы шағын РММ-5,0 азықтаратқышы ұнтақталған собықты,
жапырақты жемшөпті-жүгеріні, әртүрлі дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды,
пішендемені немесе олардың сусымалы азықтармен қоспасын , сүрлемді, қызылшаның
шырындысын, тамыртүйнектерді және басқа да ұсақталған азықтарды тасымалдауға
және бір немесе екі жағынан бірдей таратуға арналған.
Оны әртүрлі жүктерді (жемшөп, мал астына төселетін төсеніш және т.б.) бір орнынан
екінші орынға тасымалдайтын құрал ретінде де пайдалануға болады. Оның ықшам етіп
жасалуы – ені 2 м болатын қоралардың ішінде пайдалануға болады.. Машина бірөсьті
жартылай тіркемеден, ернеуі биіктетілген қораптан, бойлық тасымалдағыштан, битерлер
блогынан, екі көлденең тасымалдағыштан және жетек механизмінен тұрады.
в) Тіркемелі РПС-10 азықтаратқыш – араластырғыш белгілі бір мөлшердегі
рацион компоненттерін (құнарландырылған азықтар мен әртүрлі қоспалар, ұнтақталған
пішен, пішендеме мен сүрлем, түйіршіктелген және ұсақталған басқа да компоненттер)
қабылдауға, тасымалдауға , оларды араластыруға және дайын болған азық қоспасын
бірқалыпты таратып беруге арналған. Сонымен бірге оны басқа да сұйық азықтарды және
олардың қоспаларын тасымалдауға және таратып беруге пайдалануға болады. Ол бірөсьті
жартылай тіркемеден, қалақты азық араластырғыш жемшөпті ішіне құюға және сыртқа
шығаруға арналған люктері бар, сыйымдылығы 1,7 м3 – лік цистернадан, бір сағатта 0,75
л. қоспаларды таратуға арналған шестернялы насостан және резеңке киігізілген гофрлы
шланганың ұшына шашыратқышы бар азықтаратқыштан тұрады.
Ақырлардың 1 м өн бойы 0,15-1,3 кг аралығында қоспа салуды реттеу үшін
тесігінің диаметрлері әртүрлі шашыратқыштарды пайдаланады. Машина 14кН
кластағы тракторларға тіркеледі және оның жұмыс органдары трактордың қуат
беру білігі арқылы қозғалысқа келеді.
г) Тіркемелі КУТ-3А азықтаратқышы дәнді азықтарды , ұсақталған көк
балауса мен тамыртүйнектерді, құрама қоспаларды ірі қара мал, шошқа және
құстарға таратуға арналған. Онымен әртүрлі үстемелерді азыққа қосу арқылы
араластырып, таратуға болады.
Азықтаратқыштың негізгі бөліктері: рама, сыйымдылығы 3 м3 шанақ, жүріс
бөлігі, шынжырлы - тақтайшалы тасымалдағыш, бағыттауыш науалары бар шнек
және жетек. Таратқыш ақырды бойлай қозғалғанда трактордың қуат алу білігінен
іске қосылады.
Тасымалдағыштың тақтайшалары азықты шнектің қабылдау терезелеріне
береді, шнек азықты ақырларға түсіреді.Азықтаратқышты араластырғыш ретінде
қолданғанда, шнектің қабылдау терезелерін жауып қояды. шанаққа тиелген азық
тасымалдағышпен араластырады. таратқыштың өнімділігі - 47т/сағ, ал тарату
кезіндегі қозғалыс жылдамдығы – 0,8 – 1,37 км/сағ.
Жылжымалы азықтаратқыштардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштері КТУ-10А РММ-5,0 РПС-10 АРС-10 РКМ-1,7
Жүккөтергіштігі, кг 3500 1750 4000 2700 1700
Сиымдылығы, м3 10 5 10 10 1,7
Азық беру жылдамдығы, т/сағ 20-50 3-38 26 33 0,2-2,8
Жүру жылдамдығы, км/сағ:
Жұмысшы жағдайдағы
тасымалдаудағысы
1,7-2,5 0,86-2,8 1,5-5,0 2,5-8,0 1,65-2,8
23 16-ға
дейін
20-ға
дейін
60-қа
дейін
25-ке
дейін
Алдыңғы немесе артқы екі
доңғалақтың арақашықтығы, мм
300 310 - - 365
Бұрылу радиусы (сыртқы
доңғалақтың ізімен), м
6,5 4,6 3,0 - -
Габариттік мөлшері, мм:
ұзындығы
ені
биіктігі
6175
2300
2440
5260
1870
1920
5570
2320
2625
7300
2850
2970
3150
2220
1860
Массасы, кг 2380 1490 3800 8800 835
Қызмет етуші адам саны 1 1 1 1 1
3. Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар.
Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар – рельсті және басқа да
жолдармен қозғалатын және бір немесе жапсарлас орналасқан бірнеше қораларда
азық таратуға арналған құрылғылар. олардың азық тасушы органдары – алмалы
шанақтар және азық қолмен түсірілетін контейнерлер. Бұл құрылғылар азық
тарату жағынан әмбебап, яғни қоюлығы әр түрлі азықтың барлық түрін малға
тарата алады. Бірақ, бұлардың өнімділігі төмен және қол еңбегін көп қажет
етеді.Мұндай конструкциялар металды да көп қажет етеді, сондықтан рельсті
жолда алмалы шанақтар мен контейнерлердің қолданылуы шектелуі болып келеді.
а) Қозғалысы шектеулі КСП-Ф-0,8А азықтаратқышы мегежіндерге
ылғалды азық қоспаларын, ал торайларға майсыздандырылған сүт, құрамажем
және басқа да құрғақ үстемелерді даярлап, жеке және топтық ақырларға
мөлшерлеп таратуға арналған. азықты ақырға мөлшерлеп беруді автоматты немесе
қол режиімімен таратуға болады.
Агрегат төртдоңғалақтығы жүріс арбасынан және үш шанақтан тұрады. екі
жанындағы шанақтар құрғақ азықты жинауға, ал біреуі(ортаңғысы) – азық
қоспаларын даярлауға арналған.
Шанақ - араластырғыш бұрама типті бұлғауыштан және шанақтың түбіне
бекітілген екі көлбеу қотарғыш шнектен тұрады. Азық шанақ-араластырғыштан
қотарғыш шнектерге шиберлі тосқауылдың терезелерінен түседі. Азықты шанаққа
тиеген кезде, тосқауылмен терезелері жабылып тұрады.
Құрғақ азық шанақтарының ішіне шнек-қоректендіргіштер орнатылған.
Олар бұлғауыш білігімен жұдырықша муфталар арқылы іске қосылады.
Майсыздандырылған сүтті тарату үшін азықтаратқышта құю құрылғыларымен
жабдықталған екі фляга қарастырылған.
Азықтаратқыштың құрғақ азықты таратқанда өнімділігі - 0,5, ал ылғалды
азық қоспасын таратқанда - 4,0 т/сағ.
б) Қозғалысы шектеулі КС-1,5 азықтаратқышы ылғалды азықтық
қоспаларды даярлап, қайта толықтыру және бордақылау фермаларындағы
шошқаларға таратып беруге арналған. Оның негізгі бөліктері: электр жетегі бар
өздігінен жүретін арба, шнек-араластырғыш (7) және қалақты бұлғаушы (2) бар
шанақ (1) , қотарушы (таратушы) шнектер (4), тосқауылдар (6), таратқыш қорап,
мотр-редуктор, траверса, тегістегіш және басқару пульті.
КС-1,5 азықтаратқышы:
1 – таратқыш; 2 – жүріс бөлігі; 3 – рама; 4 – таратқышы автоматты түрде тоқтату құрылғысы; 5 –
мотор-редуктор; 6 – қотарушы-шнек; 7 – қалақты бұлғауыш; 8 – шанақ, 9 – траверса; 10 – шнек-
бұлғауыш; 11 – тегістегіш; 12 – басқару пульті; 13 – электр жабдығы; 14 – азық беру нормасының
кестесі; 15 шкала; 16 – штурвал; 17 – жұмысшының алаңшасы.
Оның жұмыс істеу процесі былайша жүреді. Шанаққа (1) даяр азықты
немесе азықтық қоспа компоненттерін тиейді. Бұл кезде қотарушы терезелер
шиберлі тосқауылдармен (6) жабылып тұрады. Егер азықты араластыру қажет
болса, ол үшін шнек-араластырғышты (7) және қалақшалы бұлғауышты (2) іске
қосады. Азықты араластыру ұзақтығы 4-20 мин. Бұдан кейін жүріс арбасы мен
қотарушы шнектердң жетегін іске қосады да, шиберлі тосқауылдар (6) ашылады.
Таратқыш рельсті жолмен ақырды бойлай қозғалады да , азықты бірқалыпты
қотарады. Азық беру нормасы шиберлі тосқауылдың ашылу нормасын өзгерту
арқылы реттеледі.
Машинаның өнімділігі – 30-70 т/сағ, шанақтың мыйымдылығы - 2,0 м3.
4. Тұрақты азықтаратқыштар.
Ірі қара малға азықты ТВК-80А, РВК-Ф-74, КРС-15, РК-50А және т.б.
таспалы мен қырғышты тұрақты азықтаратқыштармен үлестіреді. Тұрақты
азықтаратқыштардың жұмыс жасау принципі мынаған негізделген: қораның бір
шетінде орналасқан шанақтан азық мөлшерлегіш құрылғы арқылы
тасымалдағышқа тікелей беріледі де, одан әрі азықтандыру алаңын түгел қамтиды.
Бұл азықтаратқыштарды іс жүзінде кез келген мал қораларына орналастыруға
болады.
а) ТВК-80А таратқыш-тасымалдағышы ұзындығы 76,2 м-ден аспайтын
сиыр қораларында орнатылады. Ол жетек және керу стансаларынан, қырғышты
шынжырдан, 55 басқа арналған ағаш ақырлар жиынтығынан, шанақтан және
электр жабдығынан тұрады.
Тасымалдағышты іске қосқан соң жемшөп біркелкі үлеспен қабылдау
шанағына беріледі. Ақырлардың ішімен жүріп отырған тасымалдағыш шынжыры
жемшөпті алғашқы сиырдан соңғысына дейін жылжытып отырады. Азық соңғы
сиырдың тұсына келгенде тасымалдағыштың жетегі автоматты түрде
ажыратылады да , тасымалдағыш тоқтайды. Ақырдағы жемшөп қалдығы
тасымалдағышты кері қарай жүргізу арқылы тазаланады. Шанаққа азықты тиеуді
механикаландырылған жағдайда, осы тасымалдағышпен азық тарату уақыты 4-5
минуттан аспайды.
Тұрақты азықтаратқыштардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштері ТВК-80Б КЛО-75 КЛК-75 РК-50А РКУ-200
Азық беру жылдамдығы,
т/сағ
9,5-37,5 - - 3-30 1-10
Ақырдың ұзындығы, м 74,4 75,0 75,0 - -
Азықтанатын малдың
саны, бас
62 62 62 200 200
Электрқозғалтқыштың
пайдаланатын қуаты, кВт
5,5 5,5 5,5 9,0 13,4
Таспаның жылжу
жылдамдығы, м/с
0,5 - - 0,24 0,24
Малды азықтандыруға
кететін уақыт, мин
3,0/6,0 3,0 4,5 8,7 -
Массасы, кг 3930 - - 6200 5600
Қорытынды бөлім
Қазақстан әлем елдері арасында жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Осы
уақытқа дейін біздің тұрмыс-салтымызды қалыптастырып, болмысымызды билеген
дала факторы Қазақстанның индустриялық-аграрлық ел ретінде болашағын
айқындауда әлі өлшеусіз ықпал ететін болады. Дала болған жерде ауыл болады, ауыл
шаруашылығы – кәсіптің негізгі түрінің бірі болып қалады. Ауыл шаруашылығын
қарқынды дамыту үшін мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламалар іске асырылып
келеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 28 пайызға өсіп, 772 млрд. теңгеге
жетті. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласында өсу қарқыны 30 пайызды
құрады Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өсті, төрт түлік мал
саны артты.
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және олардың сапасын жақсартып,
шығынды азайтуда өндірістік процесстерді механикаландыру және электрлендірудің
ролі зор. Отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер нарықтық жағдайда
бәсекелестік қабілеті үлкен өнімдер шығаруы тиіс. Ол үшін ең озық техника мен
технологиялар жүйесін фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары
өндіріске енгізіп, еңбек, отын, энергия және басқа да материалдық-техникалық
қорлар шығынын азайтып, табыс алуы керек.
Шаруашылықтар қолданысындағы технологиялар мен машиналар жиынтығы
заман талаптарына толық сәйкес келмейді. Мал шаруашылығына ғылым мен техника
жетістіктерін енгізу үшін, осы саланы жетік білетін, біліктілігі жоғары мамандар
даярлау қажет.
Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу мекемелері түпкілікті жаңа
технологиялар мен машиналар жүйелерін жасау үстінде. Олар мал мен құс ұстаудың
тиімді әдістерін, мал азығы қорларын өңдеудің жаңа технологияларын, витаминді
азықтық қоспалардың жаңа рецепттерін және т.б. осы заманғы талаптарға сай
жүргізуде. Аталған жұмыстардың фермерлік шаруашылықтар мен шаруа
қожалықтары іс-тәжірибесінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау үшін өндірістік
сынақтан өткізіледі.
Мал шаруашылығында қолданылып жүрген технологиялар мен машиналар
жиынтығы халықаралық стандарттарға сай өнім шығару үшін қайта қаралып,
жетілдіруді қажет етеді. аталған жәйт Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда
ұйымына кіру кезеңінде шешуші роь атқарады, яғни саладан түсетін өнімдерге
қойылатын талаптар қатаңдай түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1. Ю.И.Воронов, Л.Н.Ковалев, А.Н.Устинов «Ауыл шаруашылығы машиналары»
Алматы «Мектеп» 1988 ж.
2. М.Алшынбаев , Б.Алиев «Ауыл шаруашылығы машиналары» Алматы
«Қайнар» 1979 ж.
3. Ш.Н.Нұртаев, Е.Т.Сапарбаев «Мал шаруашылығын механикаландыру және
электрлендіру» Алматы, «Агроуниверситет» баспасы , 2006 ж.
4. Н.Әліпбеков «Ауыл шаруашылығы машиналары пәні бойынша лаборатриялық-
тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік құрал» Астана «Фолиант»– 2003
ж.
5. В.И. Фортуна «МТП пайдалану» Москва «Колос» 1979 ж.
6. В.Е.Комаристов, Н.Ф.Дунай «Ауыл шаруашылығы машиналары» Москва
«Колос» 1984 ж.

More Related Content

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

студент шығарма өтегенов айбол

  • 1. Оқушы: Өтегенов Айбол Cерікұлы Жетекші оқытушысы: Эшанкулов Абида Камалович Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Мал азығын таратуды механикаландыру Жоспары: Мал азығын таратуды механикаландыруға қойылатын зоотехникалық талаптар. Азық таратқыштардың жіктелімі. Жылжымалы азық таратқыштар. Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар. Тұрақты азықтаратқыштар. Мал азығын таратуды механикаландыруға қойылатын зоотехникалық талаптар. Мал мен құстың күйі және өнімділігі оларды азықтандырудың деңгейі, сапасы мен құнарлылығымен қатар, белгілі дәрежеде азықтың өз уақытында және дұрыс таратылуына да байланысты. Азық таратуға жұмсалатын жалпы еңбек шығындары – мал мен құсты күтіп-баптауға жұмсалатын жалпы еңбек шығындарының 40% -ын құрайды. Сондықтан малға азық таратуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Азықтаратқыш құрылғыларға мынадай зоотехникалық талаптар қойылады: азықты мал мен құсқа тарату бірқалыпты және дәл мөлшерде болуы керек; бір немесе бірнеше малға азықты жекелей мөлшерлеп бере алуы; жұмыс істегенде шуының аз болуы; азықты былғамау және оның фракцияларға бөлініп кетпеуін қамтамасыз етуі тиіс, малды және құсты жарақаттамауы қажет; электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір мал басына таратылатын азықтың белгіленген нормадан ауытқу мөлшерінің шегі мынадай: ірі сабақты азықтар үшін - + 15 % : дәнді азықтар үшін - + 5 %. Бір қоражайдағы малға азық тарату уақыты 20-30 минуттан аспағаны жөн. Сондай-ақ азықтаратқыштар мал азығының барлық түрлерін және әртүрлі қоюлықтағы азықтарды үлестіріп бере алатын әмбебап болуы, өнімділігі жоғары және азық мөлшерін тарату нормасын ең төменгі шамадан ең жоғарғы шамаға дейін реттеу мүмкіндігіне ие болуы қарастырылуы қажет. Олардың сенімділігі жоғары (жұмысқа дайындық коэфициенті 0,98-ден кем болмауы керек), өзін-өзі ақтау мерзімі 2 жылдан аспауы керек. Сонымен бірге азықтаратқыштардың азық қалдықтарынан және басқа да ластағыштардан оңай тазартылуы қамтамасыз етілуі қажет. Азық таратқыштардың жіктелімі. Азықтаратқыштар негізінен екі операцияны орындайды: азық жеткізу және белгіленген норма бойынша азықты науа бойымен мөлшерлеп тарату. Мөлшерлеп тарату функциясы негізгі болып табылады, бұл азықтаратқыштың басқа тасымалдау құрылғыларынан айырмашылығын көрсетеді. Азықтаратқыштардың құрылысының мал қоражайларының түрліше типтеріне , мал мен құсты күтіп-баптаудың жүйесі мен тәсіліне, жемшөптің физикалық-химиялық ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі болып келуі - осы факторларға қатысты. Жұмыс процесінің сипатына байланысты азықтаратқыштарды екі негізгі түрге жіктейді: жылжымалы және тұрақты.
  • 2. Жылжымалы азықтаратқыштар тіркемелі, аспалы, жетектегі және өздігінен жүретін болып келеді. Тұрақты азықтаратқыштар азық тасушы органының түріне байланысты: механикалық немесе тасымалдағышты, пневматикалық, гидравликалық және гравитациялық (өздігінен сырғитын) болып жіктеледі. Әмбебап азықтаратқыш құрылғылар жемшөп цехынан мал қораларына азықтың барлық түрлерін (ірі сабақты, шырынды, дәнді) және әртүрлі қоюлықтағы (құрғақ, ылғалды, жартылай сұйық) жемшөпті үлестіре алады. Шанақты типтегі жылжымалы азықтаратқыш құрылғылар азықты жемшөп цехынан мал қораларына жеткізіп, қора жайдың ішіне немесе сыртына орналасқан науаларға таратады. Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыш құрылғылар мал азығын бір немесе бірнеше қатарласа орналасқан қоражайларда рельсті және басқа да жүру жолдарымен үлестіреді. Тұрақты азықтаратқыш құрылғылар – бір немесе бірнеше қатарласа орналасқан қоражайларда орнатылған және жемшөпті платформамен, шынжырлы- қырғышты және басқа да тасымалдағыштармен үлестіретін жабдықтар. Азықтаратқыштар және олардың жұмыс органдары қол күшімен, іштен жанатын қозғалтқыштармен, аккумлятордан немесе айналмалы ток көінен қоректенетін электроқозғалтқыштармен қозғалысқа келтіріледі. Азықтаратқыштардың жемшөп тарату тасқынды-технологиялық желісі сұлбасының негізгі нұсқалары: 1 – жылжымалы азықтаратқыш; 2 – тұрақты азықтаратқыш; 3 – науадан тысқары орнатылған азықтаратқыш; 4 – таспалы азықтаратқыш. 2. Жылжымалы азық таратқыштар. Ірі қараға арналған фермалар мен кешендерде трактордың қуат беру білігінен жетек алатын тіркемелі шанақты азық таратқыштар кең түрде қолданылады. а)Тракторға тіркелетін КТУ-10А әмбебап азықтаратқышы ұсақталған ірі Тракторға тіркелетін КТУ-10 әмбебап азықтаратқышы ұсақталған ірі сабақты мал азығын тасымалдауға және оны ақырларға бір жағынан немесе екі жағынан бірдей таратуға арналған. Ол екіосьті рессорлы пневматикалық шинасы бар, шанағының сиымдылығы 10 м3, ал шанақтың ернеуін өсіоген кезде -15м3 болатын тіркемеден тұрады. Оның негізгі тораптары: жүріс бөлігі, жетек, битерлер, көлденең тасымалдағыш, тіркеуіш және электр жабдықтары жүйесі.
  • 3. КТУ-10А әмбебап азықтаратқышы: 1 – науа; 2, 3, 4 – битерлер; 5, 13 – кергіш құралдар; 6, 10, 12 – транспортерлер; 7 – карданды білік; 8 – тіркеме; 9 – шынжырлы беріліс; 11 – жүріс дөңгелектері. Жұмысы: Тасымалдағыш пен битерлер жемшөпті тиісті мөлшерде ақырларға түсіруге арналған. Егер азықты екі жағына түсіретін болса, онда көлденең тасымалдағыш екі кіші полотноға бөлінеді, ал бір жағына түсіретін болса, онда екі кіші полтноларды қосып бір тасмалдағыш жасайды. КТУ-10 азықтаратқышы жемшөпті ақырларға бір жағынан бастап таратқанда бойлық тасымалдағыш шанақтағы азықты трактордың жүру бағытымен алға жылжытады, яғни битерлер блогы мен көлденең тасымалдағыштарға береді. Еденге орнатылған немесе үсітнен жүруге болатын ернеуі төмен қосарланған оттықтарға азықты тіркеменің артқы жағынан таратқанда жемшөп мөлшерін бойлық тасымалдағыштың жылдамдығы, сондай-ақ агрегаттың (трактордың) жүру жылдамдығы арқылы реттеуге болады. Ал бойлық тасымалдағыштың жылжу бағытын шаппалы механизмнің қаптамасын оңға немесе солға бұру арқылы өзгертеді. Түсірілетін азық мөлшерін қаптаманың фиксаторын сектор шкаласының тиісті бөлігіне қарсы бекіту арқылы реттейді. Азықтаратқыштың барлық механизмдері трактордың қуат беру білігінен жетек алады.Қораның ішінде, трактор өтетін жерде ақырларға азық таратқанда агрегат бірінші жылдамдықта, ашық алаңда азық таратқанда екінші жылдамдықта жұмыс істейді. КТУ-10А азықтаратқышы жұмысының технологиялық сұлбасы: а – бүйірінен тарату; 1 – екі жағынан; 2 – бір жағынан; б – бойлық тарату. КТУ-10 азықтаратқышының – екі нұсқасы бар. Оның бірі жүріп бара жатқан бағыты бойынша жемшөпті оң жағынан таратады және оған қоса арт жағынан түсіре алады. Ал екіншісінде – жемшөп екі жағынан бірдей немесе бір жағынан таратылады және ол да арт жағынан түсіреді. Азықтаратқыштардың артқы дөңгелектері гидравликалық тежегіштермен жабдықталған. Тежегіштерді трактордың кабинасынан басқарады. КТУ- 10 азықтаратқышы ақырларға азық салумен бірге, ТВК-80Б, РК-50 және тағы сол сияқты азықтаратқыштардың таспалы тасымалдағыштарына жемшөп беріп тұратын тұрақты қоректендіруші-мөлшерлегіш ретінде ле пайдалануға болады. Тұрақты қоректендіруші-мөлшерлегіш ретінде пайдаланғанда , оның жұмыс органдары электрлі жетекке қосылады. Машинаның бір бүйірінен басқарушы – операторға арналып орын жасалады.Ол жерде мөлшерлегішті жүргізіп-тоқтататын басқару пульті, қоректендіруші тасымалдағышты іске қосатын және оның жылдамдығын реттейтін тұтқа орнатылған. Шынжырлы беріліс арқылы машинаның алдыңғы жағындағы раманың астына орнатылған электроқозғалтқышынан жұмыс органдары қозғалысқа келтіріледі. Элекроқозғалтқыштың қуаты – 7,5 кВт. б) Жылжымалы шағын РММ-5,0 азықтаратқышы ұнтақталған собықты, жапырақты жемшөпті-жүгеріні, әртүрлі дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды,
  • 4. пішендемені немесе олардың сусымалы азықтармен қоспасын , сүрлемді, қызылшаның шырындысын, тамыртүйнектерді және басқа да ұсақталған азықтарды тасымалдауға және бір немесе екі жағынан бірдей таратуға арналған. Оны әртүрлі жүктерді (жемшөп, мал астына төселетін төсеніш және т.б.) бір орнынан екінші орынға тасымалдайтын құрал ретінде де пайдалануға болады. Оның ықшам етіп жасалуы – ені 2 м болатын қоралардың ішінде пайдалануға болады.. Машина бірөсьті жартылай тіркемеден, ернеуі биіктетілген қораптан, бойлық тасымалдағыштан, битерлер блогынан, екі көлденең тасымалдағыштан және жетек механизмінен тұрады. в) Тіркемелі РПС-10 азықтаратқыш – араластырғыш белгілі бір мөлшердегі рацион компоненттерін (құнарландырылған азықтар мен әртүрлі қоспалар, ұнтақталған пішен, пішендеме мен сүрлем, түйіршіктелген және ұсақталған басқа да компоненттер) қабылдауға, тасымалдауға , оларды араластыруға және дайын болған азық қоспасын бірқалыпты таратып беруге арналған. Сонымен бірге оны басқа да сұйық азықтарды және олардың қоспаларын тасымалдауға және таратып беруге пайдалануға болады. Ол бірөсьті жартылай тіркемеден, қалақты азық араластырғыш жемшөпті ішіне құюға және сыртқа шығаруға арналған люктері бар, сыйымдылығы 1,7 м3 – лік цистернадан, бір сағатта 0,75 л. қоспаларды таратуға арналған шестернялы насостан және резеңке киігізілген гофрлы шланганың ұшына шашыратқышы бар азықтаратқыштан тұрады. Ақырлардың 1 м өн бойы 0,15-1,3 кг аралығында қоспа салуды реттеу үшін тесігінің диаметрлері әртүрлі шашыратқыштарды пайдаланады. Машина 14кН кластағы тракторларға тіркеледі және оның жұмыс органдары трактордың қуат беру білігі арқылы қозғалысқа келеді. г) Тіркемелі КУТ-3А азықтаратқышы дәнді азықтарды , ұсақталған көк балауса мен тамыртүйнектерді, құрама қоспаларды ірі қара мал, шошқа және құстарға таратуға арналған. Онымен әртүрлі үстемелерді азыққа қосу арқылы араластырып, таратуға болады. Азықтаратқыштың негізгі бөліктері: рама, сыйымдылығы 3 м3 шанақ, жүріс бөлігі, шынжырлы - тақтайшалы тасымалдағыш, бағыттауыш науалары бар шнек және жетек. Таратқыш ақырды бойлай қозғалғанда трактордың қуат алу білігінен іске қосылады. Тасымалдағыштың тақтайшалары азықты шнектің қабылдау терезелеріне береді, шнек азықты ақырларға түсіреді.Азықтаратқышты араластырғыш ретінде қолданғанда, шнектің қабылдау терезелерін жауып қояды. шанаққа тиелген азық тасымалдағышпен араластырады. таратқыштың өнімділігі - 47т/сағ, ал тарату кезіндегі қозғалыс жылдамдығы – 0,8 – 1,37 км/сағ. Жылжымалы азықтаратқыштардың техникалық сипаттамасы Көрсеткіштері КТУ-10А РММ-5,0 РПС-10 АРС-10 РКМ-1,7 Жүккөтергіштігі, кг 3500 1750 4000 2700 1700 Сиымдылығы, м3 10 5 10 10 1,7 Азық беру жылдамдығы, т/сағ 20-50 3-38 26 33 0,2-2,8 Жүру жылдамдығы, км/сағ: Жұмысшы жағдайдағы тасымалдаудағысы 1,7-2,5 0,86-2,8 1,5-5,0 2,5-8,0 1,65-2,8 23 16-ға дейін 20-ға дейін 60-қа дейін 25-ке дейін Алдыңғы немесе артқы екі доңғалақтың арақашықтығы, мм 300 310 - - 365 Бұрылу радиусы (сыртқы доңғалақтың ізімен), м 6,5 4,6 3,0 - - Габариттік мөлшері, мм: ұзындығы ені биіктігі 6175 2300 2440 5260 1870 1920 5570 2320 2625 7300 2850 2970 3150 2220 1860 Массасы, кг 2380 1490 3800 8800 835
  • 5. Қызмет етуші адам саны 1 1 1 1 1 3. Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар. Қозғалысы шектеулі жылжымалы азықтаратқыштар – рельсті және басқа да жолдармен қозғалатын және бір немесе жапсарлас орналасқан бірнеше қораларда азық таратуға арналған құрылғылар. олардың азық тасушы органдары – алмалы шанақтар және азық қолмен түсірілетін контейнерлер. Бұл құрылғылар азық тарату жағынан әмбебап, яғни қоюлығы әр түрлі азықтың барлық түрін малға тарата алады. Бірақ, бұлардың өнімділігі төмен және қол еңбегін көп қажет етеді.Мұндай конструкциялар металды да көп қажет етеді, сондықтан рельсті жолда алмалы шанақтар мен контейнерлердің қолданылуы шектелуі болып келеді. а) Қозғалысы шектеулі КСП-Ф-0,8А азықтаратқышы мегежіндерге ылғалды азық қоспаларын, ал торайларға майсыздандырылған сүт, құрамажем және басқа да құрғақ үстемелерді даярлап, жеке және топтық ақырларға мөлшерлеп таратуға арналған. азықты ақырға мөлшерлеп беруді автоматты немесе қол режиімімен таратуға болады. Агрегат төртдоңғалақтығы жүріс арбасынан және үш шанақтан тұрады. екі жанындағы шанақтар құрғақ азықты жинауға, ал біреуі(ортаңғысы) – азық қоспаларын даярлауға арналған. Шанақ - араластырғыш бұрама типті бұлғауыштан және шанақтың түбіне бекітілген екі көлбеу қотарғыш шнектен тұрады. Азық шанақ-араластырғыштан қотарғыш шнектерге шиберлі тосқауылдың терезелерінен түседі. Азықты шанаққа тиеген кезде, тосқауылмен терезелері жабылып тұрады. Құрғақ азық шанақтарының ішіне шнек-қоректендіргіштер орнатылған. Олар бұлғауыш білігімен жұдырықша муфталар арқылы іске қосылады. Майсыздандырылған сүтті тарату үшін азықтаратқышта құю құрылғыларымен жабдықталған екі фляга қарастырылған. Азықтаратқыштың құрғақ азықты таратқанда өнімділігі - 0,5, ал ылғалды азық қоспасын таратқанда - 4,0 т/сағ. б) Қозғалысы шектеулі КС-1,5 азықтаратқышы ылғалды азықтық қоспаларды даярлап, қайта толықтыру және бордақылау фермаларындағы шошқаларға таратып беруге арналған. Оның негізгі бөліктері: электр жетегі бар өздігінен жүретін арба, шнек-араластырғыш (7) және қалақты бұлғаушы (2) бар шанақ (1) , қотарушы (таратушы) шнектер (4), тосқауылдар (6), таратқыш қорап, мотр-редуктор, траверса, тегістегіш және басқару пульті. КС-1,5 азықтаратқышы: 1 – таратқыш; 2 – жүріс бөлігі; 3 – рама; 4 – таратқышы автоматты түрде тоқтату құрылғысы; 5 – мотор-редуктор; 6 – қотарушы-шнек; 7 – қалақты бұлғауыш; 8 – шанақ, 9 – траверса; 10 – шнек-
  • 6. бұлғауыш; 11 – тегістегіш; 12 – басқару пульті; 13 – электр жабдығы; 14 – азық беру нормасының кестесі; 15 шкала; 16 – штурвал; 17 – жұмысшының алаңшасы. Оның жұмыс істеу процесі былайша жүреді. Шанаққа (1) даяр азықты немесе азықтық қоспа компоненттерін тиейді. Бұл кезде қотарушы терезелер шиберлі тосқауылдармен (6) жабылып тұрады. Егер азықты араластыру қажет болса, ол үшін шнек-араластырғышты (7) және қалақшалы бұлғауышты (2) іске қосады. Азықты араластыру ұзақтығы 4-20 мин. Бұдан кейін жүріс арбасы мен қотарушы шнектердң жетегін іске қосады да, шиберлі тосқауылдар (6) ашылады. Таратқыш рельсті жолмен ақырды бойлай қозғалады да , азықты бірқалыпты қотарады. Азық беру нормасы шиберлі тосқауылдың ашылу нормасын өзгерту арқылы реттеледі. Машинаның өнімділігі – 30-70 т/сағ, шанақтың мыйымдылығы - 2,0 м3. 4. Тұрақты азықтаратқыштар. Ірі қара малға азықты ТВК-80А, РВК-Ф-74, КРС-15, РК-50А және т.б. таспалы мен қырғышты тұрақты азықтаратқыштармен үлестіреді. Тұрақты азықтаратқыштардың жұмыс жасау принципі мынаған негізделген: қораның бір шетінде орналасқан шанақтан азық мөлшерлегіш құрылғы арқылы тасымалдағышқа тікелей беріледі де, одан әрі азықтандыру алаңын түгел қамтиды. Бұл азықтаратқыштарды іс жүзінде кез келген мал қораларына орналастыруға болады. а) ТВК-80А таратқыш-тасымалдағышы ұзындығы 76,2 м-ден аспайтын сиыр қораларында орнатылады. Ол жетек және керу стансаларынан, қырғышты шынжырдан, 55 басқа арналған ағаш ақырлар жиынтығынан, шанақтан және электр жабдығынан тұрады. Тасымалдағышты іске қосқан соң жемшөп біркелкі үлеспен қабылдау шанағына беріледі. Ақырлардың ішімен жүріп отырған тасымалдағыш шынжыры жемшөпті алғашқы сиырдан соңғысына дейін жылжытып отырады. Азық соңғы сиырдың тұсына келгенде тасымалдағыштың жетегі автоматты түрде ажыратылады да , тасымалдағыш тоқтайды. Ақырдағы жемшөп қалдығы тасымалдағышты кері қарай жүргізу арқылы тазаланады. Шанаққа азықты тиеуді механикаландырылған жағдайда, осы тасымалдағышпен азық тарату уақыты 4-5 минуттан аспайды. Тұрақты азықтаратқыштардың техникалық сипаттамасы Көрсеткіштері ТВК-80Б КЛО-75 КЛК-75 РК-50А РКУ-200 Азық беру жылдамдығы, т/сағ 9,5-37,5 - - 3-30 1-10 Ақырдың ұзындығы, м 74,4 75,0 75,0 - - Азықтанатын малдың саны, бас 62 62 62 200 200 Электрқозғалтқыштың пайдаланатын қуаты, кВт 5,5 5,5 5,5 9,0 13,4 Таспаның жылжу жылдамдығы, м/с 0,5 - - 0,24 0,24 Малды азықтандыруға кететін уақыт, мин 3,0/6,0 3,0 4,5 8,7 - Массасы, кг 3930 - - 6200 5600
  • 7. Қорытынды бөлім Қазақстан әлем елдері арасында жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Осы уақытқа дейін біздің тұрмыс-салтымызды қалыптастырып, болмысымызды билеген дала факторы Қазақстанның индустриялық-аграрлық ел ретінде болашағын айқындауда әлі өлшеусіз ықпал ететін болады. Дала болған жерде ауыл болады, ауыл шаруашылығы – кәсіптің негізгі түрінің бірі болып қалады. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламалар іске асырылып келеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 28 пайызға өсіп, 772 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласында өсу қарқыны 30 пайызды құрады Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өсті, төрт түлік мал саны артты. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және олардың сапасын жақсартып, шығынды азайтуда өндірістік процесстерді механикаландыру және электрлендірудің ролі зор. Отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер нарықтық жағдайда бәсекелестік қабілеті үлкен өнімдер шығаруы тиіс. Ол үшін ең озық техника мен технологиялар жүйесін фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары өндіріске енгізіп, еңбек, отын, энергия және басқа да материалдық-техникалық қорлар шығынын азайтып, табыс алуы керек. Шаруашылықтар қолданысындағы технологиялар мен машиналар жиынтығы заман талаптарына толық сәйкес келмейді. Мал шаруашылығына ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін, осы саланы жетік білетін, біліктілігі жоғары мамандар даярлау қажет. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу мекемелері түпкілікті жаңа технологиялар мен машиналар жүйелерін жасау үстінде. Олар мал мен құс ұстаудың тиімді әдістерін, мал азығы қорларын өңдеудің жаңа технологияларын, витаминді азықтық қоспалардың жаңа рецепттерін және т.б. осы заманғы талаптарға сай жүргізуде. Аталған жұмыстардың фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары іс-тәжірибесінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау үшін өндірістік сынақтан өткізіледі. Мал шаруашылығында қолданылып жүрген технологиялар мен машиналар жиынтығы халықаралық стандарттарға сай өнім шығару үшін қайта қаралып, жетілдіруді қажет етеді. аталған жәйт Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезеңінде шешуші роь атқарады, яғни саладан түсетін өнімдерге қойылатын талаптар қатаңдай түседі.
  • 8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі : 1. Ю.И.Воронов, Л.Н.Ковалев, А.Н.Устинов «Ауыл шаруашылығы машиналары» Алматы «Мектеп» 1988 ж. 2. М.Алшынбаев , Б.Алиев «Ауыл шаруашылығы машиналары» Алматы «Қайнар» 1979 ж. 3. Ш.Н.Нұртаев, Е.Т.Сапарбаев «Мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру» Алматы, «Агроуниверситет» баспасы , 2006 ж. 4. Н.Әліпбеков «Ауыл шаруашылығы машиналары пәні бойынша лаборатриялық- тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік құрал» Астана «Фолиант»– 2003 ж. 5. В.И. Фортуна «МТП пайдалану» Москва «Колос» 1979 ж. 6. В.Е.Комаристов, Н.Ф.Дунай «Ауыл шаруашылығы машиналары» Москва «Колос» 1984 ж.