SlideShare a Scribd company logo
Жакупова Улжалғас Турапбаевна
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы.
Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз
(интеллектуалды-танымдық ойын)
Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды -
танымдық ойын
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы
қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау
қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой
ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін
өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін
білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты
ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің
тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілік: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері,
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, нақыл сөздер жазылған плакаттар,
қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері
қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу.
Қолданылған құрал - жабдықтар: компьютер, нөмірленген асықтар,
дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған
конверттер.
Ойынның барысы:
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар
және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық
мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының
жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош
келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не
екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген
қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз
қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында
ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне
деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы,
әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі
көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік таңының
жұлдызымыз» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер
сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық
жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы
топтарды шақырайық. Ортаға «Егемендік» және «Тәуелсіздік » топ мүшелері
шығады, орындарына жайғасады.
Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы
жазылған кесте көрсетіледі
Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен
сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып
өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын бес кезеңнен тұрады:
І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді», ойынды бастамас бұрын ет
қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» Бұл кезеңде дорбадан
нөмірленген асық аламыз, сол нөмірілген асықтың артында суреттер
жасырылған..
ІІІ кезең «Ой жарыс» “Қазақстанның қалалары” тақырыбына Астана,
Алматы қалаларына қатысты суреттерді жинақтау керек.
ІҮ кезең «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет
дайындау.
V кезең «Қазақта тұңғыш» Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады.
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның
барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл
кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол
сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Ең ащы көл (Қарасор)
2. Көлікті күтетін жер (Аялдама)
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
4. Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
5. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
8. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
9. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек
10. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
11. Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14. Ең үлкен жануар? (кит)
15. Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)
16. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30. 08)
17. Карта жинағы? ( Атлас)
18. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
20 Жер шарының моделі?( Глобус)
- Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей, І - кезеңіміз
аяқталды. Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз оянып, ой -
өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан
бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі кезеңдерде де осындай
жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар деймін. Ал, сөз
кезегін ойынның сарапшыларына, әділ - қазы алқасына береміз.
Сараптамаларыңыздың соңында ұпай санын айта өтсеңіздер. (Бірден
топтардың ұтыстарын айта өту керек)
- Рахмет, әділқазы алқасына.
Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең: «Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына
дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі конвертті
ашып суретке қол жеткізесіздер. Конверт ішінде қазақ халқының өнер,
мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сіздердің
негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап, менің беретін ақпаратыма құлақ
асу. Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің
тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен
сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер
өз кезектеріңізде тұлғаның аты - жөнін айту керексіздер. Ойынды І - кезеңде
басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт.
№1. Дінмұхамед Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел
ордендері мен медалдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің
отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл алтын институтын
тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы
жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. Ол 1955 — 60 және 1962
— 64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 — 62 және 1964 —
86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші
хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету
жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін
аянбай жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан босатылды.
№2. Қайраттың отбасы туралы мәлімет. Қайрат Шу қаласындағы таяу
жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селосындағы шопан баларына арналған
мектеп-интернатта оқыды. Қайрат бастауыш комсомол ұйымының хатшысы
ретінде қабырға газеттерін шығарып, өлең жазып, әр түрлі кештерді
ұйымдастырып жүретін. Әкесі-Ноғайбай орталау білімі бар, бақташы, шешесі
Дәметкен-сауыншы болатын. Шиеттей бала-шағасын асырап, бағу үшін
үнемі жүрді. Үйдің үлкені Есентай-электрик, одан кейінгі Гулнар сауда
саласында. Талғат- кооператив қызметкері., Ринат құрылыста қалды. Ал, ең
кішімді Меруерт пен Алтай әлі мектепте.1986 жылдың жазыенда Қайрат
оқуға келді. Сөйтіп «Сәулет-құрлыс» институтына оқуға түсті. Ол тірі
болғанда ақын болар ма еді?
№3 Қалқаман ұлы Бұқар жырау 1693 - 1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ
халқының рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты
әйгілі, ірі тұлға.. Ол - ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол қазақ
халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану мәселелерін өз
жырларында тірек еткен. Ол ел тарихында «Ақ табан шұбырынды, Алқа көл
сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі Абылайдың қасында болды.
Қиын сәттерде ақыл - кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ол жұртты
татулық - бірлікке, адамгершілікке үндеген - насихаттық жырлары да сан
алуан.
№4. Қашаубаев Әміре (1888 - 1934). Қазақтың атақты әншісі, актер әрі
музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты
Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты
руы. Ол есейе келе 1921 - 1924 жылдары Семейде құрылған қазақ
жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін
шыңдай түседі. Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы облыстық
филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің
шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке
қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т. б. әндерін айтып,
өзінің ерекше дауысымен Париж халқын таң қалдырып, қазақ деген
халықтың атын әлемге паш етеді.
Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға
қатысушы жастардың жан - жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған
шығарсыздар? Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі кезеңге көшпес
бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына
үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт
беремін.
Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны, отан үшін атқарған қызметтері жайлы
айту керек. Әр суретке 5 ұпай беріледі.
ІІІ кезең - «Ой жарыс» “Қазақстанның қалалары” тақырыбына Астана,
Алматы қалаларына қатысты суреттерді жинақтау керек. Әр топқа 5 ұпай
беріледі.
ІҮ кезең «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет
дайындау. Әр топқа 5 ұпай.
65 7
12
10
9
8
11
V кезең «Қазақта тұңғыш» Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Әр нақты
дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері?
2. Тұңғыш қазақ педагогі?
3. Тұңғыш қазақ геолог-ғалымы?
4. Тұңғыш қазақ ханы?
5. Тұңғыш қазақ көркем фильмі?
6. Тұңғыш қазақ ғалымы, этнографы, саяхатшысы?
7. Тұңғыш кәсіпқой қазақ балуаны?
8. Тұңғыш қазақстандық екі мәрте олимпиада чемпионы?
- Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның
нәтижесімен де таныстық. Ендеше,
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін – дей отырып, сергіту сәтіне кезек бериік.
- Рахмет, бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік,
жеңімпазды атасын.
Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды.
Қорытынды: - Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда
ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз
қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да
білімді болсын, ағайын!
Фамилия Имя Отчество Жакупова Улжалгас Турапбаевна
Должность Преповадатель
Место работы Жетысайский гуманинарно-технический
коллледж имени Гани Муратбаев
Тема и форма работы Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз
ФИО организатора Айдарханова Назим Ермахановна
Должность Методист
Место работы Жетысайский гуманинарно-технический
коллледж имени Гани Муратбаев

More Related Content

Viewers also liked

Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
Outsource Strategies International
 
Rotura de abastecimento
Rotura de abastecimentoRotura de abastecimento
Rotura de abastecimento
Carlos Mendes
 
Lista precios Evolution Digital Technology
Lista precios Evolution Digital TechnologyLista precios Evolution Digital Technology
Lista precios Evolution Digital Technology
Evolution Digital Technology
 
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียวความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
Klangpanya
 
Instagram on steroids contentixx 2017
Instagram on steroids   contentixx 2017Instagram on steroids   contentixx 2017
Instagram on steroids contentixx 2017
Andreas Kerndt
 
6 bsem yield management
6 bsem yield management6 bsem yield management
6 bsem yield management
RIYA YADAV
 
лог кас
лог каслог кас
творческий проект
творческий проекттворческий проект
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
PayNXT360
 
8 baños pequeños inspiradores
 8 baños pequeños inspiradores 8 baños pequeños inspiradores
8 baños pequeños inspiradores
María Isabel Martínez Martínez
 
Dpn 3
Dpn 3Dpn 3
Dewatering pada pekerjaan sipil
Dewatering pada pekerjaan sipilDewatering pada pekerjaan sipil
Dewatering pada pekerjaan sipil
agungtri07
 
Treball jonatan dani
Treball jonatan daniTreball jonatan dani
Treball jonatan dani
ciclesuperiorpm
 

Viewers also liked (13)

Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
Ensuring Accurate HCC Coding and Documentation
 
Rotura de abastecimento
Rotura de abastecimentoRotura de abastecimento
Rotura de abastecimento
 
Lista precios Evolution Digital Technology
Lista precios Evolution Digital TechnologyLista precios Evolution Digital Technology
Lista precios Evolution Digital Technology
 
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียวความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
ความมั่นคงทางพลังงานไม่ได้มีเพียงมิติเดียว
 
Instagram on steroids contentixx 2017
Instagram on steroids   contentixx 2017Instagram on steroids   contentixx 2017
Instagram on steroids contentixx 2017
 
6 bsem yield management
6 bsem yield management6 bsem yield management
6 bsem yield management
 
лог кас
лог каслог кас
лог кас
 
творческий проект
творческий проекттворческий проект
творческий проект
 
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
Increased competition from banks in mobile wallet segment to drive innovation...
 
8 baños pequeños inspiradores
 8 baños pequeños inspiradores 8 baños pequeños inspiradores
8 baños pequeños inspiradores
 
Dpn 3
Dpn 3Dpn 3
Dpn 3
 
Dewatering pada pekerjaan sipil
Dewatering pada pekerjaan sipilDewatering pada pekerjaan sipil
Dewatering pada pekerjaan sipil
 
Treball jonatan dani
Treball jonatan daniTreball jonatan dani
Treball jonatan dani
 

Similar to тау ж _лдыз

акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
Nurlan Abilhanov
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Erjan Beisenhojaev
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Erjan Beisenhojaev
 
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
Вспомогательный образовательный сайт
 
түркістан 4сынып
түркістан 4сыныптүркістан 4сынып
түркістан 4сынып
Asem Sarsembayeva
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
nurlan93kz
 
Өнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топӨнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топ
Nurlan Abilhanov
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
Asem Sarsembayeva
 
Мәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыМәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуы
Bilim All
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
BotaMalgazhdar1
 
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaevN 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
aiko zh
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
Asem Sarsembayeva
 
дюсекина
дюсекинадюсекина
дюсекина
Asem Sarsembayeva
 
88в
88в88в
Knowledge is power
Knowledge is powerKnowledge is power
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
ssuser16ee1a
 
00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу
nurlan93kz
 
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
Айбек Қуандықұлы
 

Similar to тау ж _лдыз (20)

акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
 
түркістан 4сынып
түркістан 4сыныптүркістан 4сынып
түркістан 4сынып
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
Өнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топӨнерін өрлеткен топ
Өнерін өрлеткен топ
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
Мәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыМәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуы
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
 
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaevN 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
 
дюсекина
дюсекинадюсекина
дюсекина
 
88в
88в88в
88в
 
Knowledge is power
Knowledge is powerKnowledge is power
Knowledge is power
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу
 
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
ЖҰлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
Вспомогательный образовательный сайт
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
Вспомогательный образовательный сайт
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

тау ж _лдыз

  • 1. Жакупова Улжалғас Турапбаевна Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің математика пәнінің оқытушысы. Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз (интеллектуалды-танымдық ойын) Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойын Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру; Көрнекілік: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу. Қолданылған құрал - жабдықтар: компьютер, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер. Ойынның барысы: Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер! Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық. Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық
  • 2. жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық. Ортаға «Егемендік» және «Тәуелсіздік » топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады. Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі Әр топ өздерімен таныстырып өтеді. Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз. Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер. Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру. Ойын бес кезеңнен тұрады: І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді», ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі. ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» Бұл кезеңде дорбадан нөмірленген асық аламыз, сол нөмірілген асықтың артында суреттер жасырылған.. ІІІ кезең «Ой жарыс» “Қазақстанның қалалары” тақырыбына Астана, Алматы қалаларына қатысты суреттерді жинақтау керек. ІҮ кезең «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет дайындау. V кезең «Қазақта тұңғыш» Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт. Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың І кезеңін бастайық. І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. 1. Ең ащы көл (Қарасор) 2. Көлікті күтетін жер (Аялдама) 3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі) 4. Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары) 5. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері) 7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
  • 3. 8. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/ 9. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек 10. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір) 11. Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш) 12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы) 13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды) 14. Ең үлкен жануар? (кит) 15. Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды) 16. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30. 08) 17. Карта жинағы? ( Атлас) 18. Құстың негізгі мекені? (Ұя) 19. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?) 20 Жер шарының моделі?( Глобус) - Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей, І - кезеңіміз аяқталды. Осындай ет қыздыру жаттығудан кейін, ойларыңыз оянып, ой - өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі кезеңдерде де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар деймін. Ал, сөз кезегін ойынның сарапшыларына, әділ - қазы алқасына береміз. Сараптамаларыңыздың соңында ұпай санын айта өтсеңіздер. (Бірден топтардың ұтыстарын айта өту керек) - Рахмет, әділқазы алқасына. Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік. ІІ кезең: «Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі конвертті ашып суретке қол жеткізесіздер. Конверт ішінде қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сіздердің негізгі әрекеттеріңіз суретке мұқият қарап, менің беретін ақпаратыма құлақ асу. Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтамын, ал сіздер өз кезектеріңізде тұлғаның аты - жөнін айту керексіздер. Ойынды І - кезеңде басым ұпайға ие болған топ бастаса болады. Ал, іске сәт. №1. Дінмұхамед Қонаев. Қазақтың біртуар ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медалдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Мәскеудің түсті металл алтын институтын тәмамдаған. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. Ол 1955 — 60 және 1962 — 64 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 — 62 және 1964 — 86 жж. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету
  • 4. жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол 1986 ж. Қызмет орнынан босатылды. №2. Қайраттың отбасы туралы мәлімет. Қайрат Шу қаласындағы таяу жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селосындағы шопан баларына арналған мектеп-интернатта оқыды. Қайрат бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретінде қабырға газеттерін шығарып, өлең жазып, әр түрлі кештерді ұйымдастырып жүретін. Әкесі-Ноғайбай орталау білімі бар, бақташы, шешесі Дәметкен-сауыншы болатын. Шиеттей бала-шағасын асырап, бағу үшін үнемі жүрді. Үйдің үлкені Есентай-электрик, одан кейінгі Гулнар сауда саласында. Талғат- кооператив қызметкері., Ринат құрылыста қалды. Ал, ең кішімді Меруерт пен Алтай әлі мектепте.1986 жылдың жазыенда Қайрат оқуға келді. Сөйтіп «Сәулет-құрлыс» институтына оқуға түсті. Ол тірі болғанда ақын болар ма еді? №3 Қалқаман ұлы Бұқар жырау 1693 - 1781. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениетінің көрнекті өкілінің бірі, әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға.. Ол - ХҮІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі. Ол қазақ халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану мәселелерін өз жырларында тірек еткен. Ол ел тарихында «Ақ табан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған қатерлі заманда, халық көсемі Абылайдың қасында болды. Қиын сәттерде ақыл - кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Ол жұртты татулық - бірлікке, адамгершілікке үндеген - насихаттық жырлары да сан алуан. №4. Қашаубаев Әміре (1888 - 1934). Қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы. Ол есейе келе 1921 - 1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі. Бүгінгі күні, ол кісінің атымен Семей қаласындағы облыстық филармония аталады. 1925 ж Халық Ағарту комиссары Луначарскийдің шақыруымен Парижде болатын дүниежүзілік көрмеде қойылатын концертке қатысады. Онда ол «Ағаш аяқ», «Дудар», «Екі жирен» т. б. әндерін айтып, өзінің ерекше дауысымен Париж халқын таң қалдырып, қазақ деген халықтың атын әлемге паш етеді. Құрметті сарапшыларға рахмет, міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы жастардың жан - жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған шығарсыздар? Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін. Әр суреттегі тұлғалардың өмірбаяны, отан үшін атқарған қызметтері жайлы айту керек. Әр суретке 5 ұпай беріледі.
  • 5. ІІІ кезең - «Ой жарыс» “Қазақстанның қалалары” тақырыбына Астана, Алматы қалаларына қатысты суреттерді жинақтау керек. Әр топқа 5 ұпай беріледі. ІҮ кезең «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында макет дайындау. Әр топқа 5 ұпай. 65 7 12 10 9 8 11
  • 6. V кезең «Қазақта тұңғыш» Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. 1. Тұңғыш қазақ ғарышкері? 2. Тұңғыш қазақ педагогі? 3. Тұңғыш қазақ геолог-ғалымы? 4. Тұңғыш қазақ ханы? 5. Тұңғыш қазақ көркем фильмі? 6. Тұңғыш қазақ ғалымы, этнографы, саяхатшысы? 7. Тұңғыш кәсіпқой қазақ балуаны? 8. Тұңғыш қазақстандық екі мәрте олимпиада чемпионы? - Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның нәтижесімен де таныстық. Ендеше, Тәуелсіздік таңы сендер, білемін, Болашаққа бар білімін берерін. Барыс текті жастар, сендер, білемін,
  • 7. Жалындатып биік шыңда жүрерін – дей отырып, сергіту сәтіне кезек бериік. - Рахмет, бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік, жеңімпазды атасын. Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды. Қорытынды: - Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын, ағайын!
  • 8. Фамилия Имя Отчество Жакупова Улжалгас Турапбаевна Должность Преповадатель Место работы Жетысайский гуманинарно-технический коллледж имени Гани Муратбаев Тема и форма работы Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз ФИО организатора Айдарханова Назим Ермахановна Должность Методист Место работы Жетысайский гуманинарно-технический коллледж имени Гани Муратбаев