SlideShare a Scribd company logo
Атырау қалалық лицейі КММ
Тренинг:
«Тәуелсіз елдің көшбасшысы болуға
ұмтыламыз!»
9 «А» сынып жетекшісі:
Хайреденова Арайлым Жеңісқызы
Атырау 2016 ж.
Атырау облысы
Атырау қаласы
Атырау қалалық лицейінің
8 «А» сынып жетекшісі
Хайреденова Арайлым
Жеңісқызы
Тренинг «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»
Мақсаты:
«Сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін дамыту,
көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық
нормаларды сақтауын қалыптастыру. Оқушылардың
ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін дамытып, ойлау
қабілетін арттырып, әртүрлі деңгейдегі қиындықтар мен
мәселелерді шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру. Тәуелсіз ел
болашағын ойлайтын, патриот ұл-қыздарды тәрбиелеу.
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен
татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді,
патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін,
ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық».
Н.Ә.Назарбаев
Сынып жетекші сөзі:
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына
білдіреді) - нақты формальды және формальды емес ұйымдағы
бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы
басқарудың көрінісі.
Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат
мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін
ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі
қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері
бар.
Біздің ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен
қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту ғасыры
болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан,
жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі
дағдыларды үйренумен болады.
Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен
жариялаймын. Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер. Бәріңізге сәттілік
тілеймін.
Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
Тренингте жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
І. Мотивациялық кезең:
1. Ортада жайлы психологиялық ахуал орнату.
«Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы.
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін
сезінуі үшін.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімдерін және
өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
- Өмір ағымынан қалмау;
- Әрдайым білімге талпыну;
- Әрқашан жақсылық жасау;
- Биікке ұмтылу т.б.
ІІ. Операциялық кезең:
1. Кіріспе тапсырма
Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі
1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би
2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин
3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко
Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп
ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады ).
Түйін: Жалпы жауап: Бұлар өз істерінің көшбасшылары. Олай
болса біз бүгінгі тренингте «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!»
/Слайдта тренинг тақырыбы шығады. /
«Аквариум» ойыны. Өз аттарыңды балықтың суретіне жазып,
аквариумға апарып салыңдар. /Аквариумның суретіне апарып
балықтарды жабыстырады. Сол кезде кімнің алға ұмтылатыны
айқындалады / Мұғалім қорытады.
Психологиялық тест «Геометриялық фигуралар»
1. «Ой қозғау» жаттығуы.
Ең алдымен «Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге
ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген
сұрақтарға жауап іздеп, күн сәулесінің шуағына жазайық.
/Күннің суреті ортаға әкелінеді. Шашақтарына жазып, мұғалім
тақтаға іледі/
Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.
2. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы
қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік
қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты
таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға
сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша
өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық
деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты
болсын!
«Менің бойымдағы сіздер білмейтін жақсы қасиет . . . »
жаттығуы.
Мақсаты: Оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау.
Оқушылар өз аттарын тігінен жазып, әр әріпке өздерінің таң
қалдыратын қасиеттерін жазып, іледі де , бір-бірінікін оқиды.
Түйін: Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап,
талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді
қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал
болмайды.
3.Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы». Слайдта көрініп тұрады.
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең
негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге
бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі
жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы
сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым
сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген
құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп,
өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген
тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын
мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа
жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезі
мен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың
мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған
жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар
тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық
тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен
санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды.
Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап
жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс
баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа
технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқару да өзінің
білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне
ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен
күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір
орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.
13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес
өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше
болғанын қалайды.
Олай болса, іске сәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
«Көшбасшы» ұғымын постер арқылы ашу.
Үш тілде жазып, қорғау. Топқа бөлінбейміз. Кім қазақ тілінде, кім
орыс тілінде, кім ағылшын тілінде қорғай аламын десе, сол
бойынша топқа бөлінеді.
«Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек
бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр
делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз.
Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді
табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім
киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
«Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді
кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу
керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі.
Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады.
Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады,
өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою
керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып,
автопортретін толықтыруына болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның
көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
1. «Жақсылық тамшысы» жаттығуы.
Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы
үлгісіндегі қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі
жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Тақтаға
тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы
істерін жария етеді.
- Оқушылар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды
қосқанда үлкен теңізге айналды. (Мен тамшылар ілінген плакат
астына көкпеңбек теңіз суретін апарып ілемін. ). Яғни, әр адамның
жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап,
адамдар бақытты өмір сүреді.
ІІІ. Рефлексиялық кезең:
«Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:
/музыканың ақырын әуені ойналады/
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар
.....
Біздің еліміздің «Ұлт көшбасшысы кім?»
- Н.Ә.Назарбаев.
Олай болса Ұлт көшбасшысына арнаған арнауымызға кезек
берейік: Оқушылар ойы:
Үш тілде жазуға болады.
Тақтада «Болашақ Қазақстан» деген жазу тұрады. Соған
топтастыру стратегиясы арқылы жазылған ойларды апарып іледі.
 Ана тілін еркін меңгерген, орыс тілін игерген, ағылшын тілін
білетін ұрпақтың Қазақстаны.
 Ұлты тату, этникалық толерантты Қазақстан.
 Кез-келген Қазақстан азаматы кез-келген әлем еліне барып
жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген
Қазақстан.
 Индустриалды-инновациясы өркендеген Қазақстан
 Терезесі тең, керегесі кең Өркениетті Қазақстан.
 Ауылы мен қаласы қатар өскен қуатты Қазақстан.
Бәрі хормен:
«Олай болса осы тәуелсіз еліміздің намысын қоғайтын,
бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы
үшін жауап беретін көшбасшы ұрпақ болуға ұмтыламыз! »
«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы.
Оқушылар, сендердің бүгінгі жұмыстарыңа рахмет айтамын. Бір –
бірімізге қол шапалақтау арқылы алғыс білдірейік. Барлығымыз
шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің
үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай
біріктіреміз де, бәріміз бірге «Біз біргеміз», «Біз көшбасшымыз»
деп айтамыз.

More Related Content

What's hot

оюунгэрэл хичээл
оюунгэрэл хичээлоюунгэрэл хичээл
оюунгэрэл хичээлoyungerel85
 
другорядні члени речення
другорядні члени реченнядругорядні члени речення
другорядні члени речення
Тетяна Шинкаренко
 
эсрэг өгүүлбэр99
эсрэг өгүүлбэр99эсрэг өгүүлбэр99
эсрэг өгүүлбэр99sainaa88
 
нараа багш 1
нараа багш 1нараа багш 1
нараа багш 1nayna-1
 
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах ньМэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
ᠯᠣᠪᠰᠠᠡ ᠯᠦᠦ
 
тема.речення з однорідними членами
тема.речення з однорідними членамитема.речення з однорідними членами
тема.речення з однорідними членами
Валентина Кодола
 
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалдМонгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
National University Of Mongolia
 
бие даалт уран зохиол
бие даалт уран зохиол бие даалт уран зохиол
бие даалт уран зохиол dashkaa53
 
хонхны баяр
хонхны баярхонхны баяр
хонхны баяр
Erdenejargal Narantuya
 
Навчальний посібник "Школа для кожного"
Навчальний посібник "Школа для кожного"Навчальний посібник "Школа для кожного"
Навчальний посібник "Школа для кожного"
UNDP Ukraine
 
заримдаг гийгүүлэгч,
заримдаг гийгүүлэгч,заримдаг гийгүүлэгч,
заримдаг гийгүүлэгч,gundegmaa_84
 
Історія вокальної музики
Історія вокальної музикиІсторія вокальної музики
Історія вокальної музики
Саша Коменда
 
орос хэлний тест. 8 9
орос хэлний тест. 8 9орос хэлний тест. 8 9
орос хэлний тест. 8 9
monhtsetseg97
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
Айбек Қуандықұлы
 
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
SuvaSuva1
 
тусах ба эс тусах
тусах ба эс тусахтусах ба эс тусах
тусах ба эс тусахseegiii
 

What's hot (20)

оюунгэрэл хичээл
оюунгэрэл хичээлоюунгэрэл хичээл
оюунгэрэл хичээл
 
другорядні члени речення
другорядні члени реченнядругорядні члени речення
другорядні члени речення
 
эсрэг өгүүлбэр99
эсрэг өгүүлбэр99эсрэг өгүүлбэр99
эсрэг өгүүлбэр99
 
нараа багш 1
нараа багш 1нараа багш 1
нараа багш 1
 
хичээл 7
хичээл 7хичээл 7
хичээл 7
 
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах ньМэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
Мэргэжлийн боловсрол сургалтын хөгжлийн чиг хандлага олон улсад уялдах нь
 
тема.речення з однорідними членами
тема.речення з однорідними членамитема.речення з однорідними членами
тема.речення з однорідними членами
 
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалдМонгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
Монгол хэлний хэлц үгийг ангилах асуудалд
 
бие даалт уран зохиол
бие даалт уран зохиол бие даалт уран зохиол
бие даалт уран зохиол
 
хонхны баяр
хонхны баярхонхны баяр
хонхны баяр
 
Навчальний посібник "Школа для кожного"
Навчальний посібник "Школа для кожного"Навчальний посібник "Школа для кожного"
Навчальний посібник "Школа для кожного"
 
заримдаг гийгүүлэгч,
заримдаг гийгүүлэгч,заримдаг гийгүүлэгч,
заримдаг гийгүүлэгч,
 
Історія вокальної музики
Історія вокальної музикиІсторія вокальної музики
Історія вокальної музики
 
Mongol angli helnii niilmel uguulberiin zeregtsuulel
Mongol angli helnii niilmel uguulberiin zeregtsuulelMongol angli helnii niilmel uguulberiin zeregtsuulel
Mongol angli helnii niilmel uguulberiin zeregtsuulel
 
орос хэлний тест. 8 9
орос хэлний тест. 8 9орос хэлний тест. 8 9
орос хэлний тест. 8 9
 
эхийн тухай
эхийн тухайэхийн тухай
эхийн тухай
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
8. өгүүлбэрийг дэлгэрүүлэх ба хураах.pdf
 
тусах ба эс тусах
тусах ба эс тусахтусах ба эс тусах
тусах ба эс тусах
 
хэлц үг
хэлц үгхэлц үг
хэлц үг
 

Similar to Көшбасшы болуға ұмтыламыз!

456gfd
456gfd456gfd
Ddddd
DddddDdddd
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
oquzaman
 
Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік
Bilim All
 
коучинг қмж көшбасшылық
коучинг қмж көшбасшылықкоучинг қмж көшбасшылық
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің   ізденісіндеБілім сапасы- мұғалімнің   ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
Айбек Қуандықұлы
 
666
666666
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сабақтың тақырыб6
сабақтың тақырыб6сабақтың тақырыб6
16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt
Nurlan Abilhanov
 
медеуова эльмира
медеуова эльмирамедеуова эльмира
медеуова эльмира
oquzaman
 
дос және мен.ppt
дос және мен.pptдос және мен.ppt
дос және мен.ppt
ssuser8c7445
 
1414gf
1414gf1414gf
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
ssuser85477d
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Nurlan Abilhanov
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
Asem Sarsembayeva
 
586fd
586fd586fd

Similar to Көшбасшы болуға ұмтыламыз! (20)

456gfd
456gfd456gfd
456gfd
 
Ddddd
DddddDdddd
Ddddd
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік
 
коучинг қмж көшбасшылық
коучинг қмж көшбасшылықкоучинг қмж көшбасшылық
коучинг қмж көшбасшылық
 
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің   ізденісіндеБілім сапасы- мұғалімнің   ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
 
666
666666
666
 
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сб данияровой 2я
 
сабақтың тақырыб6
сабақтың тақырыб6сабақтың тақырыб6
сабақтың тақырыб6
 
16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt
 
медеуова эльмира
медеуова эльмирамедеуова эльмира
медеуова эльмира
 
дос және мен.ppt
дос және мен.pptдос және мен.ppt
дос және мен.ppt
 
1414gf
1414gf1414gf
1414gf
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
 
586fd
586fd586fd
586fd
 
55 _
55  _55  _
55 _
 

Көшбасшы болуға ұмтыламыз!

  • 1. Атырау қалалық лицейі КММ Тренинг: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы болуға ұмтыламыз!» 9 «А» сынып жетекшісі: Хайреденова Арайлым Жеңісқызы
  • 2. Атырау 2016 ж. Атырау облысы Атырау қаласы Атырау қалалық лицейінің 8 «А» сынып жетекшісі Хайреденова Арайлым Жеңісқызы Тренинг «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!» Мақсаты: «Сынып оқушыларының көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру. Оқушылардың ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін дамытып, ойлау қабілетін арттырып, әртүрлі деңгейдегі қиындықтар мен мәселелерді шешу жолында еңбектенуге жұмылдыру. Тәуелсіз ел болашағын ойлайтын, патриот ұл-қыздарды тәрбиелеу. «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық». Н.Ә.Назарбаев Сынып жетекші сөзі: Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) - нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
  • 3. Біздің ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады. Сізге осындай дағдыларды үйренуге мүмкіндік туғанын қуанышпен жариялаймын. Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. Тренингте жұмыс істеу ережесі: 1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 2. Белсенді қатысу. 3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. І. Мотивациялық кезең: 1. Ортада жайлы психологиялық ахуал орнату. «Өзін- өзі таныстыру» жаттығуы. Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады. Мысалы: - Өмір ағымынан қалмау; - Әрдайым білімге талпыну; - Әрқашан жақсылық жасау; - Биікке ұмтылу т.б. ІІ. Операциялық кезең: 1. Кіріспе тапсырма Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі 1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би 2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин 3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады ).
  • 4. Түйін: Жалпы жауап: Бұлар өз істерінің көшбасшылары. Олай болса біз бүгінгі тренингте «Көшбасшы болуға ұмтыламыз!» /Слайдта тренинг тақырыбы шығады. / «Аквариум» ойыны. Өз аттарыңды балықтың суретіне жазып, аквариумға апарып салыңдар. /Аквариумның суретіне апарып балықтарды жабыстырады. Сол кезде кімнің алға ұмтылатыны айқындалады / Мұғалім қорытады. Психологиялық тест «Геометриялық фигуралар» 1. «Ой қозғау» жаттығуы. Ең алдымен «Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, күн сәулесінің шуағына жазайық. /Күннің суреті ортаға әкелінеді. Шашақтарына жазып, мұғалім тақтаға іледі/ Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді. 2. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! «Менің бойымдағы сіздер білмейтін жақсы қасиет . . . » жаттығуы. Мақсаты: Оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау. Оқушылар өз аттарын тігінен жазып, әр әріпке өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін жазып, іледі де , бір-бірінікін оқиды. Түйін: Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді
  • 5. қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды. 3.Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы». Слайдта көрініп тұрады. Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс. Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер: 1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс. 2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді. 4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезі мен өзгелерге үлгі бола алады. 5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады. 6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар. 7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
  • 6. 8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді. 9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқару да өзінің білімділігін де пайдаланады. 10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады. 11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі. 12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады. 13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды. Олай болса, іске сәт! «Сіз көшбасшы болуға лайықсыз» «Көшбасшы» ұғымын постер арқылы ашу. Үш тілде жазып, қорғау. Топқа бөлінбейміз. Кім қазақ тілінде, кім орыс тілінде, кім ағылшын тілінде қорғай аламын десе, сол бойынша топқа бөлінеді. «Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
  • 7. Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады. Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 1. «Жақсылық тамшысы» жаттығуы. Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Тақтаға тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді. - Оқушылар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналды. (Мен тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек теңіз суретін апарып ілемін. ). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
  • 8. ІІІ. Рефлексиялық кезең: «Жүйрік ой» жаттығуы Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ - Маған қажет қасиеттер, мыналар...... - Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... - Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... Біздің еліміздің «Ұлт көшбасшысы кім?» - Н.Ә.Назарбаев. Олай болса Ұлт көшбасшысына арнаған арнауымызға кезек берейік: Оқушылар ойы: Үш тілде жазуға болады. Тақтада «Болашақ Қазақстан» деген жазу тұрады. Соған топтастыру стратегиясы арқылы жазылған ойларды апарып іледі.  Ана тілін еркін меңгерген, орыс тілін игерген, ағылшын тілін білетін ұрпақтың Қазақстаны.  Ұлты тату, этникалық толерантты Қазақстан.  Кез-келген Қазақстан азаматы кез-келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген Қазақстан.  Индустриалды-инновациясы өркендеген Қазақстан  Терезесі тең, керегесі кең Өркениетті Қазақстан.  Ауылы мен қаласы қатар өскен қуатты Қазақстан. Бәрі хормен: «Олай болса осы тәуелсіз еліміздің намысын қоғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін көшбасшы ұрпақ болуға ұмтыламыз! » «Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы. Оқушылар, сендердің бүгінгі жұмыстарыңа рахмет айтамын. Бір – бірімізге қол шапалақтау арқылы алғыс білдірейік. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай
  • 9. біріктіреміз де, бәріміз бірге «Біз біргеміз», «Біз көшбасшымыз» деп айтамыз.