SlideShare a Scribd company logo
1 of 70
Тақырыбы: Қазақстан –
тоталитарлық лагерьлер өлкесі
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
“Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-
лицей - интернаты” КММ
Жакупбаева Кумия Кажиевна – тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі
Қазақстаннның 1930 – 1950 жылдардағы әкімшіл-
әміршіл жүйе аясында қалыптасқан, сталиндік
жазалау шараларын жүзеге асыру үшін ең өктем де
сорақы істері – Қазақстанда лагерьлер жүйесінің
қаптауы, жаппай сталиндік террордың құрбанына
айналған ұлт зиялыларының тәлкекке толы
тағдырларын нақты мысалдармен баяндай отыра,
бүгінгі ұрпаққа өткенге өкініш болған, ал бүгінде
Қазақстан халқының мақтанышына айналған асыл
азаматтарымыздың рухына бас иіп, боздақтарымызды
әркез жадымызда ұстап, ерлік істерін ұрпаққа аманат
ету.
Мақсаты:
«Тағдырдың бұйыруымен
Қазақстан миллиондаған жер
аударылған адамдардың, ондаған
мың жазықсыз жандардың
қонысына айналды»
Н.Ә.Назарбаев
1918 жылы 5-тамыздаПенза уезі
Кучинск губерниясында кулактар
көтерілісі бұрқ ете қалғанда, Ленин
Пензаға жеделхат жолдап, Кеңес
үкімеіне қарсы шыққандарға,
кулактарға, ақ гвардияшыларға,
басқа да бүлікшілерге аяусыз террор
ұйымдастырып, бір жерде ұстап,
қинайтын лагерь ашу керектігі
туралы бұйрық берді.
Мемлекет ішіндегі империяға
айналған 53 лагерьден тұратын
кеңестік ГУЛАГ жүйесінің құрылуы
осылай басталған еді. 20 – 30
жылдары Колымада, Магаданда,
Сібірде, Уралда, Қазақстанда
лагерьлер ашылды.
Республикадағы
казармалық
сипаттың көрінісі
Мемлекеттік меншік
нығайып, өндіріс
құрал-
жабдықтарына
қоғамдық меншік
орнап, шаруалар
жерден шеттетілді;
Республикалардың
заң шығару
бастамасы
болмады.
Бюрократиялық
орталықтар
нығайып,
республикалар іш
жүзінде толық
егемендік
алмады;
ГУЛАГ- еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас
басқармасы (1930 – 1950). ГУЛАГ-тың
құрылуы Сталиннің бұйрығымен 1929 жылдан
бастап жүзеге аса бастады. 1930 жылдың 25
сәуірінен бастап ОГПУ-дың № 13063
бұйрығымен УЛАГ (Управление
исправительно-трудовых лагерей) құрылды.
1930 жылдан бастап бұл атау ГУЛАГ (Главное
управление исправительно-трудовых лагерей )
болып өзгертілді.1934 жылдың 10 -шілдесінде
Ішкі Істер жөнінен арнайы комиссариат
құрылып,оның құрамына ГУЛАГ кірді. 1934
жылдың 27- қазанынан бастап барлық
Ұлттық комиссариаттың еңбекпен түзеу
лагерьлері ГУЛАГ-қа өтті.
КСРО халқына қарсы
қанды террорды мемлекет
саясатына айналдырғандар:
И.В.Сталин, Н.И.Ежов,
Ф.И.Голощекин, Л.П.Берия,
Л.М.Каганович, В.М.Молотов,
Г.Рошаль, І.Құрамысов
ОГПУ
үштіктерінің
жазалау
шаралары
КСРО-дан
тыс
жерлерге
қудалау
ату
жазасы
жер
аудару
еңбекпен
түзеу
лагерьлерін
е қамау
Сталиндік қуғын-
сүргін кезеңдері
1 кезең – 1929-1933 жылдар
2 кезең – 1937-1938 жылдар
3 кезең – 1947-1953жылдар
Жалпы ГУЛАГ-тың құрамында 953 лагерь, мыңдаған лагерьлік пункттер
мен бөлімшелер,425 колония,2000 спецкомендатура болса,соның ішінде
Қазақстанда 11 ірі лагерь (КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный, СтепЛАГ,
Ақтөбе, ЖезқазғанЛАГ, Петропавл, Кеңгір, Өскемен, Дальный,
ҚамысЛАГ), 15-ке жуық лагерьлік пункттер (Ақтөбе, Жамбыл, Ырғыз,
Қазалы, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Семей, Түркістан, Орал,
Шымкент, Екібастұз) болды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету
лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56
еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету
колониялары орналасты.1953 жылы 1- қаңтарда Қазақстанда 1 млн-ға
жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде,
колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы
қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы
ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы
Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
Архивтерде сақталған ГУЛАГ
фотосуреттері
Қазақстан жерінде болған ірі
лагерьлер
КарЛАГ
АЛЖИР
СтепЛАГ
Өскемен
Кеңгір
Песчанный
Қамыс
ЛАГ
Жезқазған
Петропавл
Дальный
Ақтөбе
КАРЛАГ – даладағы тамұқ
КарЛАГ-тың құрылу мақсаты
Қазақстан аумағында қарқынды дамып
келе жатқан өнеркәсіп өндірістері-
Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған,
Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін
азық-түліктік белдеулерді қалыптастыру.
Осы өндіріс ошақтары үшін
сотталғандардың тегін жұмыс күші
ретінде пайдалану
КарЛАГ(1930-1950) 1930 жылы
ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр
айында КСРО ХКК-ның «Қазақ еңбекпен
түзету лагерін ұйымдастыру туралы»
қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда «110
мың гектар жер алып, бүкіл жұмыстар
Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы
лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты
арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылды.
КарЛаг орталығы Долинка кенті, оған
қарасты лагерьлер ұзындығы мен
көлденеңі 300x200 шақырымды алып
жатқан орталық қазақстанды тұтас
қамтиды. Мұнан басқа КарЛаг-тың
орталығынан 350шақырым
қашықтықта жатқан Ақмола және
650шақырым қашықтықта
орналасқан Балқаш бөлімшелері
жұмыс істеді.КарЛаг-қа 120мың га
егістік, 41 мың га шабындық жерлер
берілді.
1931 жылы КарЛАГ аумағы 53 000 мың гектар
болса,1941 жылы 178650 гектар болды.Егер 1931
жылы КарЛАГ-та 14 бөлімше,64 учаске болса,
1941 жылы 22 бөлімше,159 учаске, ал 1953 жылы
26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды.Әрбір
бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық
бөлімшелеріне бөлініп,учаске,нүкте,ферма деп
аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығының
фермасы,7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі
болды.Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь
орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650
шақырымға жететін.
КарЛАГ картасы
КарЛаг-тың қарамағындағы “Дубовка” шахтасында
жылына 6 мың тонна көмір өндірілген.Кейіннен соттың
көмегімен Шерубай – Нұра , Тентек аймақтарының көмірі
игеріліп Долинка шахтасы салынды. Сотталғандар мұнан
бөлек бірқатар өнеркәсіп орындарында, соғыс
техникасының қосалқы бөлшектерін жасайтын шағын
кәсіпорындарда істеді. Тек 1940 жылға дейін ғана бұл
жерлерде 37мың тұтқын , 8мың жалдамалы ерікті еңбек
еткен. Еңбектері – тегін. Бар алатыны –аштан қатырмау
үшін тостағанның түбіне шөкімдей қылып салып беретін
татымсыз ботқа мен бір тілім нан. Шахтинск,Тентек
КарЛаг тұтқындарының қолымен салынған.
1931жылдың 1-шілдесіндегі ақпарат бойынша КарЛАГ-та 21323 тұтқын
47 ұлттардан құралған. Олардың 2276-кулактар
5307-орташалар
5140-кедейлер
506-батырақтар
2864-колхозшылар
1939 жылы сотталғандар көтеріліске шықты.
Олардың 349-3-жылға
68-5жылға
18-8жылға
105-10жылға
сотталып, 9адамға ату жазасы кесілді.
(«Ана тілі» газеті)
Карлагтың әкімшілік орталығы,
Қарағандыдан 35 шақырым жердегі
Долинкада 4 жасқа дейінгі
балаларға арналған «Мамочкин
дом», қазақшалағанда,
«Анашымның үй» атты арнаулы
мекеме жұмыс істеген.
Шамамен алғанда 1940жылдан 1950 жылға
дейін КарЛаг-та 40мың тұтқын өлген.Ұлы Отан
соғысы жылдарында көрсеткіш бұдан да көп
болған.Өліктердің көбейіп кеткені соншалық
1943 жылдың 16-шы наурызында “бірнеше
мүрдені жалпы молаға қатар жерлеуге” ,
“табытсыз әрі ақыретсіз жерлеуге”, “1.5метрлік
тереңдікке толғанша өлік салуға ” рұқсат беретін
үкім шығарған.
Жаңарқа аудандық партия комитетінің
хатшысы Ж.Сүлейменовтың Қарағанды облыс
партия комитетіне жазған хатында: «Аудан
аумағындағы Ортау,Алғабас,Жайдақ
шатқалдарында ҚарЛАГ бөлімшелерін ашу
кезінде лагерь жұмысшыларының атақты
адамдардың бейіттерін қирату фактілері аз
емес. Соның бірі Жидебай батырдың ұлы
Сыздықтың моласы бұзылған, тағы оншақты
моланы бұзған,атқораға айналдырып
жіберген» деп жазылған.
Карлаг басқармасының бас
әкімшілік ғимараты орналасқан
Долинка кентінің бұрынғы
атауы – Қоңыртөбе. Ол
қазақтың байырғы атақонысы
болған.
Долинка
КарЛаг-та отырған тұтқындар:
Түркімен КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы
Нәдірбай Айтақов,А.П.Безруков –спортқа еңбегі сіңген
шебер,П.С.Степанов-қарт большевик,ғалым
А.Л.Чижевский-салмақсыздық жағдайдағы қан
айналымы теориясы жөніндегі еңбектің
авторы.Профессор В.Л.Прежецлавский-жылу техникасы
жөніндегі ірі маман, Архангельский –Қазақстанда
ғылым акдемиясының ашылуына үлес қосушы
Ғалымдар- Корнилов, Зайцев, Страхович, Василец,
дәрігерлер- Колесников, Подзолов, суретшілер-
Григорьев, Самусев, жазушы,ақындар – Заболоцкий ,
Есенин, өнер адамдары – Гельмут Вейс, Арам
Мурадьян және т.б.
АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен
изменников Родины) (1938-1953)-әйелдерге
арналған аса ірі лагерь. Алғашқыда бұл жерде
«26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның
негізінде 1937 жылы 3- желтоқсанда НКВД-
ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды
лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың
әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда
болды. 1938жылы 6 -қаңтарда алғашқы
әйелдер легі келді.
АЛЖИР
УкраинаМәскеу
Орта АзияГрузия Армения
Ленинград
Рахиль Михайловна Мессерер –
Плисецкая естелігінен:
«Басында 18 га жерді жемістер
салу үшін күректің көмегімен
қолмен жыртамыз куніне 14-
15сағат жұмыс істейміз, таңғы
сағат 4-те тұрамыз, сағат 10-да
ұйықтаймыз».
8мыңға жуық әйелдер ғана жазалау мерзімін өтеп шықты.
1942 жылдың өзінде 50 әйел-тұтқын атылды. Кейін лагерь
өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен
тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа
айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті
Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмола деген атауға ие
болды.Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа
келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары
мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері
салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция
өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері
болатын.1937-1953 жылы АЛЖИРде 20мыңдай тұтқын
әйелдер отырған деген дерек бар. Ең сұмдығы бойына
нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады.
Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1507 нәресте
дүниеге келіп,олардың басым көпшілігі аштық пен
суықтың құрбаны болған.
АЛЖИРде болған атақты адамдардың жарлары: Тұрар
Рысқұловтың әйелі Әзиза мен енесі Арифа
Есенғұлова,Сәкен Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам,Бейімбет
Майлиннің әйелі Гүлжамал,Темірбек Жүргеновтың әйелі
Дәмеш,Нығмет Нұрмақовтың әйелі Зупнун,атақты
балерина Майя Плицескаяның анасы Юлия,атақты бард-
ақын Булат Окуджаваның анасы,жазушы Галина
Серебрякова,Лениннің сүйікті серігі- Бухариннің әйелі
Анна Ларина,адмирал Колчактың туыстары,маршал
Тухачевскидің екі қарындасы,маршал Блюхердің
шешесі,атақты әнші Лидия Русланова, Колчактың әйелі
Анна Васильевна , Анна Боркова, Рабиға Асфендиярова,
Наталья Иличина Сац, Тимур Аркадьевич Гайдардың
анасы.
Аяғындай ажалдың жылжымалы
Құлағыма келеді шынжыр әні
«Алжирде» өткен әйел тағдырлары
Түкпірінен тарихтың шыңғырады.
Песчаный лагері (ПесчаныйЛАГ)
1949жылы 5-қазанда құрылған.
Басшылары:Борисов,Сергиенко,Звонов.
1952 жылы 1-қаңтардағы есеп бойынша
39 612 тұтқын болған.Тұтқында болған
зиялылар:Лев Николаевич Гумилев-
шығыстанушы, Ривкин Герц Лейзерович-
еврей ақыны.
Песчаный лагері
СтепЛАГ
СтепЛАГ(Cтепной лагерь)№4саяси
тұтқындарға арналған ГУЛАГ құрамындағы
Кеңгір поселкесі,Қарағанды облысында
орналасқан. 1948 жылдың 8-сәуірінен бастап
Александр Чечевтің басшылығымен ашылды.
1950 жылы құрамында 9 лагерь бөлімшесі
болса, 1954 жылы 6 лагерь бөлімшесі болған.
СтепЛАГ лагерінің негізгі жұмысшы көзін
тұтқынға түскен неміс жауынгерлері құрады.
Жезқазған лагері 1940 жылы16- сәуірде
Борис Чирковтың басшылығымен
құрылды.Лагерьдің неізгі мақсаты-
тұтқындардың еңбегін кен өндіруде
пайдалану . Өнеркәсіп пен құрылыс
нысандарында 7 мыңнан астам
тұтқындар жұмыс істеді.
Жезқазған лагері
МВД КСРО бұйрығымен 1952 жылы 24 сәуіурде 5
мың тұтқынға жоспарланған Дальный лагері
ашылды. 1952 жылы лагерьде ірі бас көтеру
болды.Бұл лагерьде болған тұтқындар Екібастұз
көмір кенішінде жұмыс істеді,кірпіш,цемент зауыттар
құрылысына қатысты. Тұтқында болған
зиялылар:Григорьев Григорий Иванович-зерттеуші,
Панин Дмитрий Михайлович-жазушы.
Дальный лагері
1945 жылдың наурыз айнда КарЛАГ-тың
Кеңгір бөлімшесі негізінде соғыс
тұтқындарына арналған №50 лагері
құрылды.Жылдың аяғына дейін ол №39
лагерьге айналдырылды. Тұтқынға түскен
неміс жауынгерлерінің алғашқы 8мың
адамдық эшелоны Кеңгірге 1945 жылғы
23-сәуірде келіп түсті.
Кеңгір
Кеңгір лагерінде 1954 жылы 16- маусымда
тұтқындардың көтерілісі басталды. 40 күнге
созылған болса да еркіндік алған.
Степлаг аймағында тұтқында отырған венгр
Ференц Варкони естелік жазып, кітабын АҚШ пен
Германияда шығартқан. 1956 жылы Нью-Йоркте
Кеңгір тұтқындарын қолдаған митинг өткізіліп,
сол кездегі АҚШ президенті Д.Эйзенхауэрге хат
жолдады. Бұл тарихта «Кеңгір көтерілісі » деген
атқа ие болды. (Тілеу Көлбаев,тарих ғылымының
докторы)
ОГПУ-НКВД-МВД Спасск ерекше лагерь бөлімшесі
Қарағандыдан 45 шақырым жерде
орналасқан.Спасск-революцияға дейінгі Қазақстанға
қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының
орталығы болған жер.1931 жылға дейін Спасск
Қарағанды ауданының орталығы болды. 1931
жылдың наурызынан Қарағанды еңбекпен түзеу
лагерінің қарамағына берілді.Бұл жерден ешкім тірі
қайтпайтын.
Спасск
СПАССК тұтқындарының ұлт
айырмашылықтары
«Наркомдық» деген термин
бойынша әр адамға 450 грамм
және осы нормаға сәйкес
арпадан пісірілген сорпа және
ботқа. Тамақ екі рет беріледі,
ал нан бір рет. Айына бір рет
430 грамм қант беріледі.
Сонымен бірге күзетшілерге
жұмсалатын-
тамақ,киім,аяқкиім,күзетші
иттері үшін шығындарды
қосқанда барлығы әрбір
тұтқын үшін 1947 жылға
дейін 87 тиын жұмсалды. Ең
ауыр жұмыс атқарғандарға
нан нормасы- 850 грамм.
Лагерьлерде болған
тұтқындардың естеліктері:
КарЛаг-та 5 жыл тұтқында болған Борис
Ширяев тұтқында болған кезін былай еске
алады: «Аста нанның берілу мөлшері қалай
жұмыс істегеніңе байланысты болатын.
Жұмыстың 100%нормасын орындағандарға
(кейбіреудің бұл жұмыс нормасын орындауға
физикалық тұрғыда күші жетпейтін) 900
грамм нан берілсе,50% орындаағандарға 300
грамм берілетін. 12 сағаттық жұмыс күні үшін
бұл нан мөлшері өте мардымсыз еді».
СтепЛаг лагерінің бұрынғы тұтқыны Р.Ахметов
былай деп еске алады: «Біздер фашистік
концлагерьдегідей тұрдық.Мұнда әрбір тұтқынға
арнаулы шифр-номер берілетін.Бізді ешқашан аты-
жөнімізбен атамайтын, шифр-номерімізбен
шақыратын.
Тәулігіне бірнеше адам қайтыс болып жатты.Кемінде
20-25 адам сиятындай терең әрі кең шұңқыр
қазылып,оған жалаңаш денелер,аяқ-қолдары мен
бастары лақтырылды. Бұлар-денесіне терісі жабысып
қалған қаңқалар ғана еді.Бір тәулікте қайтыс
болатын адамдардың көп болғандағы
соншалық,олардың барлығына бірдей қабір қазуға
мүмкіндік болмайтын».
Юрий Аркадьевич Бродский тұтқында
өткізген жылдарын көзіне жас алып
еске алады: «Тұтқындарға көрсетілген
азаптың ауырлығы соншалық ,қыстың
қақаған аязды күні тұтқындарды
жартылай жалаңаштап,сыртқа
бағаналарға байлап қоятын.Осылай
тұтқындар қыстың қаһарлы түнін
өткізетін.Шыдағандары
шыдайды,шыдамағандары сол жерде
үсіктен өліп кететін...»
Тарихшылардың айтуынша, кеңес үкіметі 4000-
нан астам «алашордашылардың» бірін
қалтырмай өлім жазасына кескен. Қазақ
халқының маңдайына біткен асыл азаматтар
1937-1938 жылдары атылды. Атудан аман
қалғандар: Мұхтар Әуезов және Әлімхан
Ермеков.
Шетелдік ақпарат бойынша Сталиндік басқару
жүйесінің салдарынан 1 млн. 777 мың адам
атылған.
Әлімхан Әбеуұлы
Ермеков (1891 - 1970) —
Алаш қозғалысының
жас та, алғыр, іскер
қайраткері. Алашорда
үкіметінің мүшесі,
табиғатынан зерек тұлға,
математика
ғылымдарынан тұңғыш
қазақ профессоры.
Мұхтар Омарханұлы
Әуезов – Ұлы жазушы,
қоғам қайраткері, ғұлама
ғалым,Қазақстан Ғылым
академиясының академигі
(1946), филология ғылым-
дарының
докторы, профессор(1946)
Қазақ КСР-ның еңбек
сіңірген ғылым қайраткері
(1957).
Репрессияға ұшыраған
ұлт зиялылары
 Сәкен (Сәдуақас )
Сейфуллин -
қазақ совет
әдебиетінің
негізін
салушылардың
бірі, ақын, қоғам,
мемлекет
қайраткері.
Сұлтанбек
Қожанов-
ұстаз,
ғалым,мемле-
кет және
қоғам
қайраткері
Бейімбет Майлин-
қазақтың көрнекті
жазушысы, қазақ
әдебиетін
қалаушылардың
бірі.
Сауатсыздықты
жою ұранын
ұстанған.
Жұмат Шанин-
режиссер,
драматург,актер,
ұлттық театр
өнерінің негізін
қалаушы. Қазақ
КСР-ның халық
артисі.
Тұрар Рысқұлов-
мемлекет
қайраткері
Санжар Асфендияров-
көрнекті мемлекет
және қоғам
қайраткері, дарынды
ғалым-тарихшы,
профессор, педагог.
Темірбек
Жүргенов-
мемлекет
қайраткері,
алғашқы музыка
театрын
ұйымдастырушы
Нығмет
Нұрмақов-
мемлекет
және қоғам
қайраткері
Сүлеймен
Есқараев –
мемлекет
қайраткері,
Қазақ КСР-ның
тұңғыш прокуроры.
1990 жылдың
қыркүйегінде
Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев:
«30-40 жылдар
аралығында және 50 –
жылдар басында
заңсыз қуғын –
cүргіннен зардап шегіп,
кейіннен ақталған
азаматтарға жәрдем
көрсету жөніндегі
шаралар туралы»
жарлық шығарды.
Сыр жасырады анасынан баласы,
Қосылды ғой ақ пен қара арасы.
Жатты уланып шаққан сөздің уынан
Заман, адам, уақыттың да санасы.
Бұдан өткен болмайды ғой азабың,
Жан – жүйкеңді тоздырады азалы үн.
Халық ұлы, халық жауы атанды
Бұдан өткен болмайды ғой азабың!
«Біздің заманымыз –
өткен заманның баласы,
келер заманның – атасы»
А.Байтұрсынов
Қолданылған әдебиеттер:
А. Рор «ГУЛАГ-тың суық жұлдыздары» (2006)
Э. Эплбаум «Қызыл террордың шырмалаңы» (2006)
Cталиндік ГУЛАГ-тың тарихы. 1920 жылдардың
аяғы мен 1950 жылдардың басы (2004)
Cмирнов «Мемориал» (1998)
Солженицын «ГУЛАГ-та өмір сүрген» (естеліктер
жинағы) (2001)
Дюков «Репрессия жылдары» (2007)
Артеменко «Репрессияның шырмалаңы» (2001)
Ақанов, Аухадиев «Азалы кітап» (атылғандар тізімі)
М. Мусин «Түнекте тұншыққандар»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

More Related Content

What's hot

Презентация.еңбек жағдайлары.
Презентация.еңбек жағдайлары.Презентация.еңбек жағдайлары.
Презентация.еңбек жағдайлары.nyunuks
 
Всеволод Нестайко
Всеволод НестайкоВсеволод Нестайко
Всеволод Нестайкоestet13
 
9 розвиток космонавтики в Україні
9 розвиток космонавтики в Україні9 розвиток космонавтики в Україні
9 розвиток космонавтики в УкраїніRomanPankiv3
 
україна – космічна держава
україна – космічна державаукраїна – космічна держава
україна – космічна державаНадія Кривенко
 
Гумористичні самоцвіти Степана Руданського
Гумористичні самоцвіти Степана РуданськогоГумористичні самоцвіти Степана Руданського
Гумористичні самоцвіти Степана РуданськогоБогдан Лісовенко
 
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрут
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрутЛюбов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрут
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрутRivne Regional Universal Scientific Library
 
Панас Мирний. Життєвий та творчий шлях
Панас Мирний. Життєвий та творчий шляхПанас Мирний. Життєвий та творчий шлях
Панас Мирний. Життєвий та творчий шляхElena Pritula
 
українські народні казки презентація
українські народні казки презентаціяукраїнські народні казки презентація
українські народні казки презентаціяmolchanovanata
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...270479
 
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуПісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуОлеся Калинич
 
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыСынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
Презентация. Меншік құқығы.
Презентация. Меншік құқығы.Презентация. Меншік құқығы.
Презентация. Меншік құқығы.nyunuks
 
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»Odesa National Scientific Library
 
Золотий переріз
Золотий перерізЗолотий переріз
Золотий перерізnatasha29091997
 
видатні жінки україни бібліографічний огляд
видатні жінки україни бібліографічний оглядвидатні жінки україни бібліографічний огляд
видатні жінки україни бібліографічний оглядСветлана Иохим
 

What's hot (20)

Презентация.еңбек жағдайлары.
Презентация.еңбек жағдайлары.Презентация.еңбек жағдайлары.
Презентация.еңбек жағдайлары.
 
Всеволод Нестайко
Всеволод НестайкоВсеволод Нестайко
Всеволод Нестайко
 
Презентація-огляд «Вони боролися за волю України»
Презентація-огляд «Вони боролися за волю України» Презентація-огляд «Вони боролися за волю України»
Презентація-огляд «Вони боролися за волю України»
 
9 розвиток космонавтики в Україні
9 розвиток космонавтики в Україні9 розвиток космонавтики в Україні
9 розвиток космонавтики в Україні
 
україна – космічна держава
україна – космічна державаукраїна – космічна держава
україна – космічна держава
 
Гумористичні самоцвіти Степана Руданського
Гумористичні самоцвіти Степана РуданськогоГумористичні самоцвіти Степана Руданського
Гумористичні самоцвіти Степана Руданського
 
Моя країна – прекрасна і незалежна Україна!
Моя країна – прекрасна і незалежна Україна!Моя країна – прекрасна і незалежна Україна!
Моя країна – прекрасна і незалежна Україна!
 
Тәуелсіздік күніне арналған презентация
Тәуелсіздік күніне арналған презентацияТәуелсіздік күніне арналған презентация
Тәуелсіздік күніне арналған презентация
 
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрут
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрутЛюбов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрут
Любов Антонівна Пшенична. "Не вмію я жити впівсили". Письменницький маршрут
 
Панас Мирний. Життєвий та творчий шлях
Панас Мирний. Життєвий та творчий шляхПанас Мирний. Життєвий та творчий шлях
Панас Мирний. Життєвий та творчий шлях
 
українські народні казки презентація
українські народні казки презентаціяукраїнські народні казки презентація
українські народні казки презентація
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
Сценарій свята до дня народження Т.Г. Шевченка «Т.Г. Шевченко – великий син у...
 
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуПісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
 
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыСынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосы
 
Kipling
KiplingKipling
Kipling
 
Презентация. Меншік құқығы.
Презентация. Меншік құқығы.Презентация. Меншік құқығы.
Презентация. Меншік құқығы.
 
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»
«Мова – душа народу: до Міжнародного дня рідної мови»
 
Золотий переріз
Золотий перерізЗолотий переріз
Золотий переріз
 
видатні жінки україни бібліографічний огляд
видатні жінки україни бібліографічний оглядвидатні жінки україни бібліографічний огляд
видатні жінки україни бібліографічний огляд
 

Similar to Қазақстан тоталитарлық лагерьлер өлкесі

Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxErnurAkhmetov
 
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмалары
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмаларықазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмалары
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмаларыoquzaman
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
олжас
олжасолжас
олжасDan41k
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)Nina Panasenko
 
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылысАйбек Қуандықұлы
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptxBotaMalgazhdar1
 
әбдіжәміл нұрпейісов
әбдіжәміл нұрпейісовәбдіжәміл нұрпейісов
әбдіжәміл нұрпейісовrs95
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімErmahan Zhabaev
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021ssuser19e2ac
 

Similar to Қазақстан тоталитарлық лагерьлер өлкесі (20)

Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
 
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмалары
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмаларықазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмалары
қазақстан тарихы пәнінен 6 7 сынып тапсырмалары
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
желтоқсан
желтоқсанжелтоқсан
желтоқсан
 
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып асқазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
 
олжас
олжасолжас
олжас
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
KATALOG FOLIANT
KATALOG FOLIANTKATALOG FOLIANT
KATALOG FOLIANT
 
ілияс енсееберлин
ілияс енсееберлинілияс енсееберлин
ілияс енсееберлин
 
әдістемелік әзірлеме
әдістемелік әзірлемеәдістемелік әзірлеме
әдістемелік әзірлеме
 
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
 
әбдіжәміл нұрпейісов
әбдіжәміл нұрпейісовәбдіжәміл нұрпейісов
әбдіжәміл нұрпейісов
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кім
 
Sww
SwwSww
Sww
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 

More from Айбек Қуандықұлы

Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Айбек Қуандықұлы
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарАйбек Қуандықұлы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіАйбек Қуандықұлы
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаАйбек Қуандықұлы
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек Қуандықұлы
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуАйбек Қуандықұлы
 

More from Айбек Қуандықұлы (20)

Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
 
Корей халық аспаптары
Корей халық аспаптарыКорей халық аспаптары
Корей халық аспаптары
 
Англия мен Франция
Англия мен ФранцияАнглия мен Франция
Англия мен Франция
 
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
 
Италия мен Испания
Италия мен ИспанияИталия мен Испания
Италия мен Испания
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
 
Ғажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлеміҒажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлемі
 
Open lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its seasonOpen lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its season
 
Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.
 
Ғылыми жоба
Ғылыми жобаҒылыми жоба
Ғылыми жоба
 
Мың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілерМың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілер
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техника
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Тұмар түйіндер
 Тұмар түйіндер Тұмар түйіндер
Тұмар түйіндер
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
 

Қазақстан тоталитарлық лагерьлер өлкесі

  • 1. Тақырыбы: Қазақстан – тоталитарлық лагерьлер өлкесі Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы “Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп- лицей - интернаты” КММ Жакупбаева Кумия Кажиевна – тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі
  • 2. Қазақстаннның 1930 – 1950 жылдардағы әкімшіл- әміршіл жүйе аясында қалыптасқан, сталиндік жазалау шараларын жүзеге асыру үшін ең өктем де сорақы істері – Қазақстанда лагерьлер жүйесінің қаптауы, жаппай сталиндік террордың құрбанына айналған ұлт зиялыларының тәлкекке толы тағдырларын нақты мысалдармен баяндай отыра, бүгінгі ұрпаққа өткенге өкініш болған, ал бүгінде Қазақстан халқының мақтанышына айналған асыл азаматтарымыздың рухына бас иіп, боздақтарымызды әркез жадымызда ұстап, ерлік істерін ұрпаққа аманат ету. Мақсаты:
  • 3. «Тағдырдың бұйыруымен Қазақстан миллиондаған жер аударылған адамдардың, ондаған мың жазықсыз жандардың қонысына айналды» Н.Ә.Назарбаев
  • 4. 1918 жылы 5-тамыздаПенза уезі Кучинск губерниясында кулактар көтерілісі бұрқ ете қалғанда, Ленин Пензаға жеделхат жолдап, Кеңес үкімеіне қарсы шыққандарға, кулактарға, ақ гвардияшыларға, басқа да бүлікшілерге аяусыз террор ұйымдастырып, бір жерде ұстап, қинайтын лагерь ашу керектігі туралы бұйрық берді. Мемлекет ішіндегі империяға айналған 53 лагерьден тұратын кеңестік ГУЛАГ жүйесінің құрылуы осылай басталған еді. 20 – 30 жылдары Колымада, Магаданда, Сібірде, Уралда, Қазақстанда лагерьлер ашылды.
  • 5. Республикадағы казармалық сипаттың көрінісі Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал- жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді; Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. Бюрократиялық орталықтар нығайып, республикалар іш жүзінде толық егемендік алмады;
  • 6. ГУЛАГ- еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасы (1930 – 1950). ГУЛАГ-тың құрылуы Сталиннің бұйрығымен 1929 жылдан бастап жүзеге аса бастады. 1930 жылдың 25 сәуірінен бастап ОГПУ-дың № 13063 бұйрығымен УЛАГ (Управление исправительно-трудовых лагерей) құрылды. 1930 жылдан бастап бұл атау ГУЛАГ (Главное управление исправительно-трудовых лагерей ) болып өзгертілді.1934 жылдың 10 -шілдесінде Ішкі Істер жөнінен арнайы комиссариат құрылып,оның құрамына ГУЛАГ кірді. 1934 жылдың 27- қазанынан бастап барлық Ұлттық комиссариаттың еңбекпен түзеу лагерьлері ГУЛАГ-қа өтті.
  • 7. КСРО халқына қарсы қанды террорды мемлекет саясатына айналдырғандар: И.В.Сталин, Н.И.Ежов, Ф.И.Голощекин, Л.П.Берия, Л.М.Каганович, В.М.Молотов, Г.Рошаль, І.Құрамысов
  • 9. Сталиндік қуғын- сүргін кезеңдері 1 кезең – 1929-1933 жылдар 2 кезең – 1937-1938 жылдар 3 кезең – 1947-1953жылдар
  • 10.
  • 11.
  • 12. Жалпы ГУЛАГ-тың құрамында 953 лагерь, мыңдаған лагерьлік пункттер мен бөлімшелер,425 колония,2000 спецкомендатура болса,соның ішінде Қазақстанда 11 ірі лагерь (КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный, СтепЛАГ, Ақтөбе, ЖезқазғанЛАГ, Петропавл, Кеңгір, Өскемен, Дальный, ҚамысЛАГ), 15-ке жуық лагерьлік пункттер (Ақтөбе, Жамбыл, Ырғыз, Қазалы, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Семей, Түркістан, Орал, Шымкент, Екібастұз) болды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 жылы 1- қаңтарда Қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
  • 13.
  • 15. Қазақстан жерінде болған ірі лагерьлер КарЛАГ АЛЖИР СтепЛАГ Өскемен Кеңгір Песчанный Қамыс ЛАГ Жезқазған Петропавл Дальный Ақтөбе
  • 17. КарЛАГ-тың құрылу мақсаты Қазақстан аумағында қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп өндірістері- Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған, Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін азық-түліктік белдеулерді қалыптастыру. Осы өндіріс ошақтары үшін сотталғандардың тегін жұмыс күші ретінде пайдалану
  • 18. КарЛАГ(1930-1950) 1930 жылы ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК-ның «Қазақ еңбекпен түзету лагерін ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда «110 мың гектар жер алып, бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылды.
  • 19. КарЛаг орталығы Долинка кенті, оған қарасты лагерьлер ұзындығы мен көлденеңі 300x200 шақырымды алып жатқан орталық қазақстанды тұтас қамтиды. Мұнан басқа КарЛаг-тың орталығынан 350шақырым қашықтықта жатқан Ақмола және 650шақырым қашықтықта орналасқан Балқаш бөлімшелері жұмыс істеді.КарЛаг-қа 120мың га егістік, 41 мың га шабындық жерлер берілді.
  • 20. 1931 жылы КарЛАГ аумағы 53 000 мың гектар болса,1941 жылы 178650 гектар болды.Егер 1931 жылы КарЛАГ-та 14 бөлімше,64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше,159 учаске, ал 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды.Әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп,учаске,нүкте,ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығының фермасы,7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды.Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650 шақырымға жететін.
  • 22.
  • 23. КарЛаг-тың қарамағындағы “Дубовка” шахтасында жылына 6 мың тонна көмір өндірілген.Кейіннен соттың көмегімен Шерубай – Нұра , Тентек аймақтарының көмірі игеріліп Долинка шахтасы салынды. Сотталғандар мұнан бөлек бірқатар өнеркәсіп орындарында, соғыс техникасының қосалқы бөлшектерін жасайтын шағын кәсіпорындарда істеді. Тек 1940 жылға дейін ғана бұл жерлерде 37мың тұтқын , 8мың жалдамалы ерікті еңбек еткен. Еңбектері – тегін. Бар алатыны –аштан қатырмау үшін тостағанның түбіне шөкімдей қылып салып беретін татымсыз ботқа мен бір тілім нан. Шахтинск,Тентек КарЛаг тұтқындарының қолымен салынған.
  • 24.
  • 25. 1931жылдың 1-шілдесіндегі ақпарат бойынша КарЛАГ-та 21323 тұтқын 47 ұлттардан құралған. Олардың 2276-кулактар 5307-орташалар 5140-кедейлер 506-батырақтар 2864-колхозшылар 1939 жылы сотталғандар көтеріліске шықты. Олардың 349-3-жылға 68-5жылға 18-8жылға 105-10жылға сотталып, 9адамға ату жазасы кесілді. («Ана тілі» газеті)
  • 26. Карлагтың әкімшілік орталығы, Қарағандыдан 35 шақырым жердегі Долинкада 4 жасқа дейінгі балаларға арналған «Мамочкин дом», қазақшалағанда, «Анашымның үй» атты арнаулы мекеме жұмыс істеген.
  • 27. Шамамен алғанда 1940жылдан 1950 жылға дейін КарЛаг-та 40мың тұтқын өлген.Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткіш бұдан да көп болған.Өліктердің көбейіп кеткені соншалық 1943 жылдың 16-шы наурызында “бірнеше мүрдені жалпы молаға қатар жерлеуге” , “табытсыз әрі ақыретсіз жерлеуге”, “1.5метрлік тереңдікке толғанша өлік салуға ” рұқсат беретін үкім шығарған.
  • 28.
  • 29. Жаңарқа аудандық партия комитетінің хатшысы Ж.Сүлейменовтың Қарағанды облыс партия комитетіне жазған хатында: «Аудан аумағындағы Ортау,Алғабас,Жайдақ шатқалдарында ҚарЛАГ бөлімшелерін ашу кезінде лагерь жұмысшыларының атақты адамдардың бейіттерін қирату фактілері аз емес. Соның бірі Жидебай батырдың ұлы Сыздықтың моласы бұзылған, тағы оншақты моланы бұзған,атқораға айналдырып жіберген» деп жазылған.
  • 30. Карлаг басқармасының бас әкімшілік ғимараты орналасқан Долинка кентінің бұрынғы атауы – Қоңыртөбе. Ол қазақтың байырғы атақонысы болған. Долинка
  • 31. КарЛаг-та отырған тұтқындар: Түркімен КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Нәдірбай Айтақов,А.П.Безруков –спортқа еңбегі сіңген шебер,П.С.Степанов-қарт большевик,ғалым А.Л.Чижевский-салмақсыздық жағдайдағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы.Профессор В.Л.Прежецлавский-жылу техникасы жөніндегі ірі маман, Архангельский –Қазақстанда ғылым акдемиясының ашылуына үлес қосушы Ғалымдар- Корнилов, Зайцев, Страхович, Василец, дәрігерлер- Колесников, Подзолов, суретшілер- Григорьев, Самусев, жазушы,ақындар – Заболоцкий , Есенин, өнер адамдары – Гельмут Вейс, Арам Мурадьян және т.б.
  • 32. АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) (1938-1953)-әйелдерге арналған аса ірі лагерь. Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1937 жылы 3- желтоқсанда НКВД- ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды. 1938жылы 6 -қаңтарда алғашқы әйелдер легі келді.
  • 33.
  • 35. Рахиль Михайловна Мессерер – Плисецкая естелігінен: «Басында 18 га жерді жемістер салу үшін күректің көмегімен қолмен жыртамыз куніне 14- 15сағат жұмыс істейміз, таңғы сағат 4-те тұрамыз, сағат 10-да ұйықтаймыз».
  • 36.
  • 37. 8мыңға жуық әйелдер ғана жазалау мерзімін өтеп шықты. 1942 жылдың өзінде 50 әйел-тұтқын атылды. Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмола деген атауға ие болды.Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.1937-1953 жылы АЛЖИРде 20мыңдай тұтқын әйелдер отырған деген дерек бар. Ең сұмдығы бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1507 нәресте дүниеге келіп,олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болған.
  • 38.
  • 39. АЛЖИРде болған атақты адамдардың жарлары: Тұрар Рысқұловтың әйелі Әзиза мен енесі Арифа Есенғұлова,Сәкен Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам,Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал,Темірбек Жүргеновтың әйелі Дәмеш,Нығмет Нұрмақовтың әйелі Зупнун,атақты балерина Майя Плицескаяның анасы Юлия,атақты бард- ақын Булат Окуджаваның анасы,жазушы Галина Серебрякова,Лениннің сүйікті серігі- Бухариннің әйелі Анна Ларина,адмирал Колчактың туыстары,маршал Тухачевскидің екі қарындасы,маршал Блюхердің шешесі,атақты әнші Лидия Русланова, Колчактың әйелі Анна Васильевна , Анна Боркова, Рабиға Асфендиярова, Наталья Иличина Сац, Тимур Аркадьевич Гайдардың анасы.
  • 40. Аяғындай ажалдың жылжымалы Құлағыма келеді шынжыр әні «Алжирде» өткен әйел тағдырлары Түкпірінен тарихтың шыңғырады.
  • 41. Песчаный лагері (ПесчаныйЛАГ) 1949жылы 5-қазанда құрылған. Басшылары:Борисов,Сергиенко,Звонов. 1952 жылы 1-қаңтардағы есеп бойынша 39 612 тұтқын болған.Тұтқында болған зиялылар:Лев Николаевич Гумилев- шығыстанушы, Ривкин Герц Лейзерович- еврей ақыны. Песчаный лагері
  • 42. СтепЛАГ СтепЛАГ(Cтепной лагерь)№4саяси тұтқындарға арналған ГУЛАГ құрамындағы Кеңгір поселкесі,Қарағанды облысында орналасқан. 1948 жылдың 8-сәуірінен бастап Александр Чечевтің басшылығымен ашылды. 1950 жылы құрамында 9 лагерь бөлімшесі болса, 1954 жылы 6 лагерь бөлімшесі болған. СтепЛАГ лагерінің негізгі жұмысшы көзін тұтқынға түскен неміс жауынгерлері құрады.
  • 43. Жезқазған лагері 1940 жылы16- сәуірде Борис Чирковтың басшылығымен құрылды.Лагерьдің неізгі мақсаты- тұтқындардың еңбегін кен өндіруде пайдалану . Өнеркәсіп пен құрылыс нысандарында 7 мыңнан астам тұтқындар жұмыс істеді. Жезқазған лагері
  • 44. МВД КСРО бұйрығымен 1952 жылы 24 сәуіурде 5 мың тұтқынға жоспарланған Дальный лагері ашылды. 1952 жылы лагерьде ірі бас көтеру болды.Бұл лагерьде болған тұтқындар Екібастұз көмір кенішінде жұмыс істеді,кірпіш,цемент зауыттар құрылысына қатысты. Тұтқында болған зиялылар:Григорьев Григорий Иванович-зерттеуші, Панин Дмитрий Михайлович-жазушы. Дальный лагері
  • 45. 1945 жылдың наурыз айнда КарЛАГ-тың Кеңгір бөлімшесі негізінде соғыс тұтқындарына арналған №50 лагері құрылды.Жылдың аяғына дейін ол №39 лагерьге айналдырылды. Тұтқынға түскен неміс жауынгерлерінің алғашқы 8мың адамдық эшелоны Кеңгірге 1945 жылғы 23-сәуірде келіп түсті. Кеңгір
  • 46. Кеңгір лагерінде 1954 жылы 16- маусымда тұтқындардың көтерілісі басталды. 40 күнге созылған болса да еркіндік алған. Степлаг аймағында тұтқында отырған венгр Ференц Варкони естелік жазып, кітабын АҚШ пен Германияда шығартқан. 1956 жылы Нью-Йоркте Кеңгір тұтқындарын қолдаған митинг өткізіліп, сол кездегі АҚШ президенті Д.Эйзенхауэрге хат жолдады. Бұл тарихта «Кеңгір көтерілісі » деген атқа ие болды. (Тілеу Көлбаев,тарих ғылымының докторы)
  • 47. ОГПУ-НКВД-МВД Спасск ерекше лагерь бөлімшесі Қарағандыдан 45 шақырым жерде орналасқан.Спасск-революцияға дейінгі Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер.1931 жылға дейін Спасск Қарағанды ауданының орталығы болды. 1931 жылдың наурызынан Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің қарамағына берілді.Бұл жерден ешкім тірі қайтпайтын. Спасск
  • 49. «Наркомдық» деген термин бойынша әр адамға 450 грамм және осы нормаға сәйкес арпадан пісірілген сорпа және ботқа. Тамақ екі рет беріледі, ал нан бір рет. Айына бір рет 430 грамм қант беріледі. Сонымен бірге күзетшілерге жұмсалатын- тамақ,киім,аяқкиім,күзетші иттері үшін шығындарды қосқанда барлығы әрбір тұтқын үшін 1947 жылға дейін 87 тиын жұмсалды. Ең ауыр жұмыс атқарғандарға нан нормасы- 850 грамм.
  • 50. Лагерьлерде болған тұтқындардың естеліктері: КарЛаг-та 5 жыл тұтқында болған Борис Ширяев тұтқында болған кезін былай еске алады: «Аста нанның берілу мөлшері қалай жұмыс істегеніңе байланысты болатын. Жұмыстың 100%нормасын орындағандарға (кейбіреудің бұл жұмыс нормасын орындауға физикалық тұрғыда күші жетпейтін) 900 грамм нан берілсе,50% орындаағандарға 300 грамм берілетін. 12 сағаттық жұмыс күні үшін бұл нан мөлшері өте мардымсыз еді».
  • 51. СтепЛаг лагерінің бұрынғы тұтқыны Р.Ахметов былай деп еске алады: «Біздер фашистік концлагерьдегідей тұрдық.Мұнда әрбір тұтқынға арнаулы шифр-номер берілетін.Бізді ешқашан аты- жөнімізбен атамайтын, шифр-номерімізбен шақыратын. Тәулігіне бірнеше адам қайтыс болып жатты.Кемінде 20-25 адам сиятындай терең әрі кең шұңқыр қазылып,оған жалаңаш денелер,аяқ-қолдары мен бастары лақтырылды. Бұлар-денесіне терісі жабысып қалған қаңқалар ғана еді.Бір тәулікте қайтыс болатын адамдардың көп болғандағы соншалық,олардың барлығына бірдей қабір қазуға мүмкіндік болмайтын».
  • 52. Юрий Аркадьевич Бродский тұтқында өткізген жылдарын көзіне жас алып еске алады: «Тұтқындарға көрсетілген азаптың ауырлығы соншалық ,қыстың қақаған аязды күні тұтқындарды жартылай жалаңаштап,сыртқа бағаналарға байлап қоятын.Осылай тұтқындар қыстың қаһарлы түнін өткізетін.Шыдағандары шыдайды,шыдамағандары сол жерде үсіктен өліп кететін...»
  • 53. Тарихшылардың айтуынша, кеңес үкіметі 4000- нан астам «алашордашылардың» бірін қалтырмай өлім жазасына кескен. Қазақ халқының маңдайына біткен асыл азаматтар 1937-1938 жылдары атылды. Атудан аман қалғандар: Мұхтар Әуезов және Әлімхан Ермеков. Шетелдік ақпарат бойынша Сталиндік басқару жүйесінің салдарынан 1 млн. 777 мың адам атылған.
  • 54. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 - 1970) — Алаш қозғалысының жас та, алғыр, іскер қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұңғыш қазақ профессоры.
  • 55. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым,Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылым- дарының докторы, профессор(1946) Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
  • 57.  Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин - қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері.
  • 59. Бейімбет Майлин- қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалаушылардың бірі. Сауатсыздықты жою ұранын ұстанған.
  • 60. Жұмат Шанин- режиссер, драматург,актер, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы. Қазақ КСР-ның халық артисі.
  • 62. Санжар Асфендияров- көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог.
  • 66. 1990 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «30-40 жылдар аралығында және 50 – жылдар басында заңсыз қуғын – cүргіннен зардап шегіп, кейіннен ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлық шығарды.
  • 67. Сыр жасырады анасынан баласы, Қосылды ғой ақ пен қара арасы. Жатты уланып шаққан сөздің уынан Заман, адам, уақыттың да санасы. Бұдан өткен болмайды ғой азабың, Жан – жүйкеңді тоздырады азалы үн. Халық ұлы, халық жауы атанды Бұдан өткен болмайды ғой азабың!
  • 68. «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның – атасы» А.Байтұрсынов
  • 69. Қолданылған әдебиеттер: А. Рор «ГУЛАГ-тың суық жұлдыздары» (2006) Э. Эплбаум «Қызыл террордың шырмалаңы» (2006) Cталиндік ГУЛАГ-тың тарихы. 1920 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басы (2004) Cмирнов «Мемориал» (1998) Солженицын «ГУЛАГ-та өмір сүрген» (естеліктер жинағы) (2001) Дюков «Репрессия жылдары» (2007) Артеменко «Репрессияның шырмалаңы» (2001) Ақанов, Аухадиев «Азалы кітап» (атылғандар тізімі) М. Мусин «Түнекте тұншыққандар»