2. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен
күрес жүргізу мақсатында 4 желтоқсан
2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық
профилактикасы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданған.
2016 жылдан бастап Бас прокуратурамен
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз
Қазақстан» жобасы жасақталып,
республиканың барлық аумақтарымен
кешенді жұмыстар атқарылуда.
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-
зомбылық туралы заң
3. Дегенмен, бұл салада
заңнамалық негіз толыққанды
жасалмаған. Сондықтан,
мәселелердің саны тоқталар
емес. 2020 жылдың 23
қыркүйегінде Мәжіліс
депутаттары отбасылық-
тұрмыстық зорлық-
зомбылыққа қарсы іс-қимыл
туралы жаңа заң жобасын
бірінші оқылымда мақұлдаған
еді. Қазір бұған қатысты
халықтың пікірі екіге бөлінді.
4. Біз қазір дамыған қоғамда өмір сүретінімізге
қарамастан, отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайлары өте жиі кездеседі. Қазақстан
Республикасының Конституциясы адамның қадір-
қасиетіне қол сұғылмайтындығын, әркімнің өз ар-
намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екенін
регламенттейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі тұлғалар
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік
жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың
әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы
болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110-баптарына
(азаптау), 131-баптарына сәйкес қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
5. Карантин кезеңінде Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық
зорлық-зомбылық деңгейі 25% - ға өсті.
"Бұл бағыттағы Статистика (отбасылық-тұрмыстық зорлық –
зомбылық-ҚазТАГ) коронавирус пандемиясы кезеңінде ғана 20-25% - ға
тұрақты өсуде. Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, 2017 жылдан
бері тұрақты өсу жүріп жатыр, онда отбасылық-тұрмыстық саладағы
құқық бұзушылықтар саны 446 оқиға болды, ал 2019 жылы 1 мыңнан
астам жағдай болды, әсіресе карантин кезеңінде олардың саны артты",
— деді Балаева дүйсенбіде халықпен есеп беру кездесуінде.
6. Мәселен, ӘҚБтК-нің 73-бабында отбасылық-
тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы
әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтілді -
әкімшілік қамаққа алу енді үш тәуліктің орнына бес
тәулікті құрайды. Сонымен бірге, 73-1-бап
(денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру), оның
санкциясы бұрын болған айыппұлдың орнына
ескерту жасауды немесе он бес тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Дәл
осындай ескерту 73-2-баптың (ұрып-соғу) бөлігінде
айыппұлды алмастырды.
"Немолчи" қорының басшысы Дина
Смаилова, "Немолчи Дети" қорының
директоры, қоғам қайраткері Алмат
Мұхамеджанов түзетулерге қатты
ренжігендерін атап өтті.
7. Сондай-ақ, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін құқық бұзушыға
ескерту немесе он бес тәулікке дейін, ал заңды бір жыл ішінде
қайталап бұзған жағдайда - жиырма тәулікке қамауға алу қаупі бар.
Ұрып-соғу үшін жазаны қарастыратын бап ескерту нормасымен де
толықтырылған. Сондай-ақ, бұзушы он тәулікке темір тордың
артында болуы мүмкін, ал жәбірленуші полицияға қайта жүгінген
кезде, бұзушы ешқандай ескертусіз кемінде он бес тәулік мерзімге
қамауға алынады.
8. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне сәйкес ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, егер ата-ана
міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана
жалтарса, өзінің ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, балаға қатыгездікпен қараса,
оның ішінде оған дене немесе психикалық зорлық-зомбылық жасаса, оның
жыныстық тиіспеушілігіне оқталса, спирттік ішімдіктерді немесе есірткі
құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) сол тектестерді теріс
пайдаланса (75-бап), Егер баланы ата-аналарымен тастап кету ата-анасының мінез-
құлқының салдарынан ата-анасына байланысты емес мән-жайлар бойынша ол үшін
қауіпті болса, бірақ бұл ретте ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру үшін
жеткілікті негіздер анықталмаса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі
(79-бап).
9. Қылмыстық процесте
жәбірленушілерді процестік
мәжбүрлеу шаралары мен қауіпсіздік
шаралары қылмыстық құқық
бұзушылық құрамы бар тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың жолын кесу
және жәбірленушінің, куәнің және
қылмыстық сот ісін жүргізуге
қатысатын басқа да адамдардың,
олардың отбасы мүшелері мен жақын
туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында қылмыстық қудалауды
жүзеге асыратын және қылмыстық
процесті жүргізетін органдар
қолданады.