ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР: АНЫҚТАУ,ОҚЫТУ ЖӘНЕ
ДАМЫТУ
Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге
байланысты біздің мемлекетіміздегі білім саласының алдында
жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін,
қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың
жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастыру міндеті тұр. Осы орайда тәжірибемде өзіндік көзқарасым
қалыптасқан.
Бұл міндетті шешу жолында алдыңызда отырған оқушылардың
барлығын бірдей деп есептегенмен, ойлауы, дамуы, шығармашылығы
жоғары дамыған, өзіндік жұмыстарды орындауды жақсы көретін, өздерін
қызықтырған сұрақтарға жауап іздейтін, өз құрдастарынан ерекшеленетін,
даму деңгейі жоғары оқушылар кездеседі.
Бұл оқушыларды «дарынды» оқушылар деп атап жүрміз. Оқыту
үрдісінде кездесетін қиындықтың бірі - «дарынды оқушы және оның
икемділігін әрі қарай арттыру жолдары» ұстаздар мен психологтар назарын
аударуда. Көптеген жағдайда дарынды оқушылардың танымдылық қабілетін
арттырумен шектелсек, кей уақытта ондай оқушымен пәнді тереңдетіп
оқытумен айналыстық. «Дарындылық» деген ұғымның нақты анықтамасы
ешқандай әдебиетте берілмеген, ғылыми еңбектерде дарындылықтың әр
түріне тоқаталады: интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық,
берілген.Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуді неден бастау қажет?
Бірінші кезең дарынды оқушыны анықтаудан басталады. Бастауыш
сыныпта дарынды оқушыны психологиялық ерекшеліктеріне қарай, сөйлеу,
есте сақтау, қисынды ойлау деңгейлеріне қарай анықтайды.
Екінші кезеңде дарынды оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді
білу қажеттігі туындайды.
Дарынды оқушылардың ерекшелігі:
1
2.
1. Ойлау ерекшелігі:
-шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
- әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қою, «Неге», «не үшін»
деген сұрақтарды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
- көп көлемді білімді меңгеру, ұмытпау, есте сақтау қабілетінің
жоғары болуы.
2. Ішкі сезім ерекшелігі:
- сезім сүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
- интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы
(ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқу жеңіл, өз
ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп,
пайдалана алады, құрдастарынан көп біледі);
- жан дүниесінің тереңдігі;
- кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгірім таныту:
3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
- өз талап – тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
- жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
4. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында :
- оқуда - есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
- математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар
арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор
қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне
қажет жағдайда қолдана алады;
- қоршаған дүниені танып-білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда
болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-
қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
- шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады,
көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік – қолданбалы еңбекте заттарды
өзі жасап аяқтайды.
2
3.
«Дарындылық дамуының бастауы– оқушының танымдық қабілеті» -
демекші,танымдық қабілетттің дамуы: баяу және белсенді болып екіге
бөлінеді. Баяу формасы – жаңалықты игерудің жай жаттанды түрі мен жай
сабақтармен шектелсе, белсенді формасы – шығармашылық қабілеті
қалыптасатын зерттеу жұмыстары түрінде көрінеді.Кейбір оқушының
танымдық қабілеті өте жоғары, басқа оқушылар алдында өнеге – үлгі болып,
көмектесіп жүрсе, кейбір оқушыларға оқу өте жеңіл болғанымен, өз
жолдастарымен тіл табыса алмайды, оқу жалықтырып жіберетін жағдайлар
кездеседі. Біздің алдымызда тұрған міндет - кейінгі оқушымен жұмыс
жүргізіп, жағымсыз қылықтарды жою, қажеттілігі мен қабілетін
қалыптастырып, дамыту, белсенділігін арттыру.Мұны жалпыға білім беру
жағдайында қалай жүзеге асыруға болады?
Деңгейлеп оқыту және саралап – даралап оқыту арқылы дарынды
оқушының дамуына және шығармашылық белсенділігін арттыруға болады.
Осы мақсатта «12 жылдық бағдарламамен оқытатын 3 – сыныптың қазақ тілі
пәнінен деңгейлік тапсырмалар жинағын құрастырдым. Бұл
тапсырмалардағы ең соңғы шығармашылық тапсырма «дарынды»
оқушыларға арналған.
Оқу бағдарламасын игеруде:
1. Ең басты мәселені шешуде тереңдете отырып оқытуды
қалыптастыру.
2. Ойлаудың өнімді түрін, яғни оқығанын өмірде пайдалан алу
дағдысын дамыта отырып, алған білімі арқылы жаңаны ойлап табуға
бағытталған жұмыс түрлері.
«Өрмекші» сызбасын тіл сабақтарында пайдалану арқылы қол жеткізуге
болады. Мәтін бойынша негізгі ойдан төмен қарай өрбитін фактілер негізінде
орындалады.
3
4.
3.Үнемі жаңалық арқылыдамытуға, алатын білімге деген
құштарлығын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін қолдану.Мысалы:
а) «Күн күркірегенде» , «Ормандағы демалыс» тақырыптарына әңгіме
құрау, мәтінді аяқтау;
4. Өздеріне қажет білім көздерінің жеткілікті болуын және оларды дұрыс
пайдалана алуын қамтамасыз ету.
5.Математика пәніндегі периметрді, ауданды табуға берілетін
формулаларды алдын ала қорытындылап, өз бетімен шығарды.
Р т = (а+b) · 2 Р ш = а · 4 S ш = a ² Sт = а · b
6. Оқушының басқа адамдармен, қоршаған ортамен байланысы,
мәдениеттілігі.
7. Күрделі ойлау дағдысын шығармашылық және орындау шеберлігін
қалыптастыру бағытында пайдалануға назар аудару.
Дарынды оқушымен жұмыс тек сабақ үстіндегі тапсырмалармен
шектеліп қалмайды. Ол мектептен тыс, мектеп ішіндегі шаралармен
жалғасын тауып, сабақтасып жатады. Бұл жұмыстар оқу процесіндегі игерген
білім, білік дағдыларын әрі қарай тереңдңтң отырып, зерттеу,
шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қолданады. Оны жеке
оқушымен де, шағын топпен де жүргізуге болады. Біздің гимназиядағы
«Қызықты математика», «Математикалық логика», «Тіл дамыту», «Сөйлеу
мәдениеті» таңдау пәндерінің бастауыш сынып оқушыларның қабілеттерін
ашып, дамытуға қосар үлесі шексіз. Дарынды оқушылар қатысатын
көңілділер, тапқырлар, ойшылдар сайысы, түрлі үйірмелер, олимпиада, білім
сайыстарын жоспарлы түрде өткізіп тұру олардың өздерін тануға, жаңа
білімді игеруге деген құлшынысын қалыптастыратын таптырмас құралдың
бірі болмақ.Дарынды оқушының шығармашылығын қалыптастыруда белгілі
бір тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды. Зерттеу
тақырыбын алуда:
4
5.
1. Оқушыға қызықтыболуын, оны қызықтыруын.
2. Шешімі болуын, зерттеушілерге ол тақырыптың пайдасы болуын.
3. Кездейсоқ, таңқалдыратын, күтпеген жағдаяттар кездесетіндей.
4. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, өзіңіз талдай алатын,
өзіңізді осы тақырып төңірегінде дарындымын есептей алатын орта туралы.
5. Жұмыс тез аяқталатын болуына назар аудару қажет.
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмысты жүргізгенде оқушыға мақсатқа
жетуге бағыттайтын барлық мүмкіншілікті, жолды көрсетіп беру,
қалыптасқан, белгілі және белгісіз, зерттеуді қажетсінетін жолдарды
анықтап, талдау, таңдау жасау, әрбір әрекетті бағалау қажет. Олардың
зерттеу тақырыбы қиялдауға ұласып кетсе де, нәтижеге жеткендігі болып
табылатынын естен шығармау керек.
Зерттеу тақырыбын оқушының өзі қорғауын да назардан тыс
қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата – аналар және өз құрдастары алдында
қорғай алады. Қорғау кезеңінде оқушы ашқан жаңалығын ұсынуға үйренеді,
басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді.
Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды
оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды, өздерін қорғай білетін,
білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу
жолдана тоқталдық. Бұндай оқушыларға керемет бір жаңалақты ашып,
әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму
деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі бар
болғандықтан, біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер
арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табылуына көмектесу.
5
6.