SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті
№3 Аршалы орта мектебі
Тақырыбы:
«Физикалық құбылыстар және лирика»
(Абай лирикасы)
Сыныбы: 8 сынып
Пән мұғалімі: Туркестанбаева А.А.
Сабақтың тақырыбы: «Физикалық құбылыстар және лирика» (Абай лирикасы)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
• Ұлы ақын Абайдың өлеңдеріндегі физикалық құбылыстарды
сипаттау.
• Әлем туралы деректерді танып білу және ақын Абаймен
Әлемді ұштастыра отырып нақты мәлімет беру.
2. дамытушылық:
• Ой- өрісін, сөйлеу дағдысын, танымдылық белсенділігін
арттыру.
3. тәрбиелік:
• Табиғатты сүюге, оны қорғай білуге;
• дүниетанымды қалыптастыру;
• құштарлыққа тәрбиелеу;
• адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне
қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу;
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың көрнекіліктер: слайд, электрондық оқулық, компьютер,
видеопроектор, экран, табиғат бейнеленген суреттер, әдеби кітаптар, интернет
материалдары, энциклопедиялар, «Есептер жинағы» (гуманитарлық және
жаратылыстану бағыт).
Пән аралық байланысы: Қазақ тілі және әдебиет, дүниетану, жаратылыстану,
информатика, дінтану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Физикалық құбылыстар мен ақын еңбектерін қайталап, еске түсіру.
3. Зерттеу бөлімі
Абайдың дүние құрылымы туралы моделі.
Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері.
Дүние құрылымы туралы Абай моделі .
Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.
4. Қорытынды.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу.
Ә) оқушыларды түгелдеу.
Б) оқушыларды сабаққа дайындау
Қазіргі уақытта орта мектептер екі бағытта жұмыс істейді. Бірі
жаратылыстану бағыты болса, екіншісі – гуманитарлық бағыт болып
табылады. ОҚО облысындағы №7 Ж.Жабаев орта мектебі жаратылыстану
бағытта жұмыс жасағанымен, физика пәні мен гуманитарлық пәндер
арасындағы байланыстарды қарастыруды жөн көрдік.
Физика табиғат жайындағы ғылым, ол табиғаттағы құбылыстардың
пайда болу себептерін түсіндіреді, ал әдебиет сол пайда болған
құбылыстарды әсерлеп, суреттеп жеткізеді. Осы сабақта қазақтың Ұлы
ақыны Абай шығармашылығында кездесетін физикалық құбылыстарға
тоқталып, оларды зерттеуді қарастырдық.
Сонымен қатар, табиғатты сүюге, қазіргі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
2014жылғы 17 қаңтарындағы халыққа жолдаған Жолдауында көрсеткен
“Жасыл” экономика бағдарламасына өз үлестерін қосуға, табиғатты аялап,
қорғай білуге шақыру.
2. Физикалық құбылыстар мен ақын еңбектерін қайталап, еске түсіру.
І. Физикалық құбылыстардың Абай өлеңінде қалай жырланатыны туралы
таныстыру мақсатында оқушыларға өздері білетін Абай өлеңдері оқытылады.
Сонымен қатар, «Есептер жинағы» (гуманитарлық бағыт) оқулығындағы
жаттығуларға тоқталамыз. Мысалы: Абайдың
“Біреудің кісісі өлсе қаралы –ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы-ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады-ол?
деген шумағын алайық. Адамды физикада не деп қабылдаймыз? Көзден
аққан жас тамшысының формасы қандай, қалай қозғалады деген сұрақты қоя
отырып, жас тамшысының салмағын және құрамындағы бөлшектер және
Жердің тарту күші әсерінен домалай қозғалатынын түсіндіруге болады. Ал
дыбыстың толқындарының таралуы арқылы “Зарланып неге әнге салады –
ол” дегенде адам үнін естиміз.
“Сылдырап өңкей келісім ,
Тас бұлақтың суындай ,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай”
деген өлең шумағында «тасты» егжей-тегжейін талдауға болады.
Тастың физикалық қасиеті қандай, күйі қандай, бөлшектері қалай
орналасады? Бұлақ суындағы тамшысының формасы қандай, қозғалыс
бағытының жылдамдығын анықтайтын параметрлер қандай? Бұл сұрақтарға
молекулалық физика тұрғысынан және Бернулли заңы бойынша оңай жауап
береді.
“Кірлеу” процесі қалай жүзеге асады? Бұны диффузия құбылысымен
тығыз байланыстыра отырып жауап береді.
ІІ. Абайдың табиғат туралы өлеңдері. Енді Абайдың табиғаттың
әртүрлі жыл мезгілдерін суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:
“Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,
Сіркіреп, бұлт тамшылап, жаңбыр жауар”
деген өлең шумағындағы бірнеше сөздерді физикалық тұрғыдан
түсіндіруге болады. Күркіреу, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы,
тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденцация құбылысын
түсіндіруде қолдануға болады.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басқан.
Жазғытұры (1890) өлеңінде Абай табиғат әлеміне кірген
жаңалықтың иесі - ата-анадай елжіреген Күннің көзі көбірек
айтылады. Күн сәулесінің көктемде жер бетіне мол түсетіндігін,
Самарқанның көк тасын да жібітетінді деген аңызды мысалға келтіре
отырып, қардың еріп, жердің бусанып жібитіндігі түсіндіріледі.
Ал, 1886 жылы жазылған “Жаз” өлеңінде жазғы табиғаттың көркем
көрінісін мен сан алуан қызықты құбылысын асқан шеберлікпен
суреттейтіндігін, ауылдың қарбалас тіршілігі, қимыл-қозғалысын тамаша
өлеңге қосатындығын төменгі өлең жолдарынан кездестіруге болады. Бұл
өлең жолдарында жыл мезгіліне байланысты күннің ұзаруы айтылған.
механика бөлімінің қозғалыс заңдары да сөз етілген.
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Енді келесі жыл мезгіліне көшелік, “Күз “(1889).
Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал мен кемпір түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.
Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық–көркемдік
тұрғыда берілген көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу
көрінісін тамаша суреттей білген. Күзде күннің қысқарып, жылу берілулігі
азаятындығы бейнеленеді.
Ақ киімді денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға
болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың
бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындығы айтылған.
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
деген өлең жолында ауылдың бір орыннан екіншіші орынға көшкенде
механикалық қозғалыс болатындығын көреміз.
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп…
деген Абай өлеңінен толқындық құбылыс түсндіріледі.
ІІІ. Дүние құрылымы туралы Абай моделі былай болған
Бас жоғары қараған
Мойын төмен,
Қарашы, дене біткен ретімен
деп Абай адам құрылысы мен дүние құрылымын байланыстыра білген. Біз
аңыз ертегілерден 7 қат жер астына түссең де, 7 қат көкке ұшсаң да деген сөз
тіркестерін кездестіреміз, тіпті мұсылман аңызында аспанның жеті қабаты
бар деп түсіндіріледі. Қазіргі ғылыми тұрғыда дәлелденген ғарыш
бөліктерімен сәйкес келеді.
Ғарыш-күрсі
(мегалактика)
Жұлдыздар
Сайрандар
Құйрықты Жұлдыздар(комета)
Тек зат
Сират
6.адрон
5.лептон
4.фотон
3.ядро
2.атом
1.молекула
Усақ әлем (микро әлем)
Қарсы қазық
Сфера
Эллипсоид
Параболид
Қос қуысты айналу
гиперболиды
Конустық бет
Бақи (мәңгілік)
Фәни (белгісіздік)
ТемірқазықТемірқазық
Нұр
Нысан(галактика)
Абай тек қана табиғатты суреттемеген, табиғаттағы дыбыстарды ести
білген, оны әнге қосқан.
Абайдың “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңі бойынша мынадай сұрақтар
қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән-күй,
яғни музыкалық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты
адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясы
қандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз.
ІV. Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.
«Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз
жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар
іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы
мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр».
Иссак Ньютон.
«Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен
бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады».
Птолемей
Әлем - шексіз мұхит.
Уақыт - тынымсыз жел.
Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер,
Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар.
Абай.
Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы. Ақылы мен сезімі
басым адам ғана ғалым бола алады. Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол
бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және
ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады.
Абай.
Қорытынды.
Абайдың кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр
сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді
танып білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға
ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.
Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында Венн диаграмасын
пайдаланады.
Әлем Абай
1 Күн
2. Күн жүйесіндегі
ғаламшарлар
3. Жұлдыздар,
шоқжұлдыздар
4. Ай
5. Жер
6. Галактика
7. Адам ғарыштық
тіршілік иесі
1. Абайдың өлеңдері
физикалық
сипаттамаФизика
Білімді бағалау.
Үй тапсырмасы:
 Әр оқушы Абайдың бір өлеңін алып, физикалық көзқараспен талқылау,
 Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
«Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз
жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар
іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы
мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр».
Иссак Ньютон.
«Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен
бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады».
Птолемей
Әлем - шексіз мұхит.
Уақыт - тынымсыз жел.
Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер,
Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар.
Абай.
Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы. Ақылы мен сезімі
басым адам ғана ғалым бола алады. Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол
бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және
ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады.
Абай.
Қорытынды.
Абайдың кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр
сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді
танып білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға
ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.
Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында Венн диаграмасын
пайдаланады.
Әлем Абай
1 Күн
2. Күн жүйесіндегі
ғаламшарлар
3. Жұлдыздар,
шоқжұлдыздар
4. Ай
5. Жер
6. Галактика
7. Адам ғарыштық
тіршілік иесі
1. Абайдың өлеңдері
физикалық
сипаттамаФизика
Білімді бағалау.
Үй тапсырмасы:
 Әр оқушы Абайдың бір өлеңін алып, физикалық көзқараспен талқылау,
 Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

More Related Content

Viewers also liked

информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақ
информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақинформатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақ
информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақoquzaman
 
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстаринформатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарoquzaman
 
244152892 monologos-de-la-vagina-pdf
244152892 monologos-de-la-vagina-pdf244152892 monologos-de-la-vagina-pdf
244152892 monologos-de-la-vagina-pdfVictor Gandica
 
Capturas adrian TICS BITNAMI
Capturas adrian TICS BITNAMICapturas adrian TICS BITNAMI
Capturas adrian TICS BITNAMIenfasis trujillo
 
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitants
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitantsL'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitants
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitantsJean-Christophe Elineau
 
Уроки музичного мистецтва. 5 клас
Уроки музичного мистецтва. 5 класУроки музичного мистецтва. 5 клас
Уроки музичного мистецтва. 5 класКовпитська ЗОШ
 
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)Nico Meisenzahl
 
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастырусүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруoquzaman
 
по ступенькам бизнеса
по ступенькам бизнесапо ступенькам бизнеса
по ступенькам бизнесаoquzaman
 
фотоэффект
фотоэффектфотоэффект
фотоэффектoquzaman
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншаoquzaman
 
2. хижинская а.а. горячие блюда и закуски из овощей
2. хижинская а.а. горячие  блюда и закуски из овощей2. хижинская а.а. горячие  блюда и закуски из овощей
2. хижинская а.а. горячие блюда и закуски из овощейoquzaman
 
презентация к докладу
презентация к докладупрезентация к докладу
презентация к докладуoquzaman
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2oquzaman
 
урок ппроизводственного обучения
урок ппроизводственного обученияурок ппроизводственного обучения
урок ппроизводственного обученияoquzaman
 

Viewers also liked (20)

информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақ
информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақинформатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақ
информатикадан ағылшын, өзін өзі тану пәндерімен кіріктірілген сабақ
 
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстаринформатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар
 
244152892 monologos-de-la-vagina-pdf
244152892 monologos-de-la-vagina-pdf244152892 monologos-de-la-vagina-pdf
244152892 monologos-de-la-vagina-pdf
 
Le BOOK de BATISAFE
Le BOOK de BATISAFELe BOOK de BATISAFE
Le BOOK de BATISAFE
 
Convocatoria ACTUES
Convocatoria ACTUESConvocatoria ACTUES
Convocatoria ACTUES
 
Capturas adrian TICS BITNAMI
Capturas adrian TICS BITNAMICapturas adrian TICS BITNAMI
Capturas adrian TICS BITNAMI
 
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitants
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitantsL'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitants
L'ouverture des données publiques dans une commune de 800 habitants
 
Уроки музичного мистецтва. 5 клас
Уроки музичного мистецтва. 5 класУроки музичного мистецтва. 5 клас
Уроки музичного мистецтва. 5 клас
 
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)
IBM Connections Adminblast - Connect17 (DEV 1268)
 
MLA Guidelines
MLA GuidelinesMLA Guidelines
MLA Guidelines
 
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастырусүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
 
сыныптан тыс жұмыс үздік тарихшы
сыныптан тыс жұмыс      үздік тарихшысыныптан тыс жұмыс      үздік тарихшы
сыныптан тыс жұмыс үздік тарихшы
 
по ступенькам бизнеса
по ступенькам бизнесапо ступенькам бизнеса
по ступенькам бизнеса
 
фотоэффект
фотоэффектфотоэффект
фотоэффект
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат
 
2. хижинская а.а. горячие блюда и закуски из овощей
2. хижинская а.а. горячие  блюда и закуски из овощей2. хижинская а.а. горячие  блюда и закуски из овощей
2. хижинская а.а. горячие блюда и закуски из овощей
 
презентация к докладу
презентация к докладупрезентация к докладу
презентация к докладу
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2
 
урок ппроизводственного обучения
урок ппроизводственного обученияурок ппроизводственного обучения
урок ппроизводственного обучения
 

Similar to физикалық құбылыстар және лирика

№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptxssuser7a793e
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.Asem Sarsembayeva
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неRauan Ibraikhan
 
Интелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысИнтелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысErjan Beisenhojaev
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptxssuser7a793e
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанsanvia
 
дина сырымқызы шығару4
дина сырымқызы шығару4дина сырымқызы шығару4
дина сырымқызы шығару4Nurlan Abilhanov
 

Similar to физикалық құбылыстар және лирика (20)

Dvdvvd
DvdvvdDvdvvd
Dvdvvd
 
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
 
5555858gf
5555858gf5555858gf
5555858gf
 
963fd
963fd963fd
963fd
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
 
барышева л.№32мг
барышева л.№32мгбарышева л.№32мг
барышева л.№32мг
 
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 
Интелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысИнтелектуалды сайыс
Интелектуалды сайыс
 
Zac
ZacZac
Zac
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
 
1119 korshaghan semi6
1119 korshaghan semi61119 korshaghan semi6
1119 korshaghan semi6
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
сынып сағаты
сынып сағатысынып сағаты
сынып сағаты
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялаған
 
Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)
 
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастырубес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
 
дина сырымқызы шығару4
дина сырымқызы шығару4дина сырымқызы шығару4
дина сырымқызы шығару4
 

физикалық құбылыстар және лирика

  • 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті №3 Аршалы орта мектебі Тақырыбы: «Физикалық құбылыстар және лирика» (Абай лирикасы) Сыныбы: 8 сынып Пән мұғалімі: Туркестанбаева А.А.
  • 2. Сабақтың тақырыбы: «Физикалық құбылыстар және лирика» (Абай лирикасы) Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: • Ұлы ақын Абайдың өлеңдеріндегі физикалық құбылыстарды сипаттау. • Әлем туралы деректерді танып білу және ақын Абаймен Әлемді ұштастыра отырып нақты мәлімет беру. 2. дамытушылық: • Ой- өрісін, сөйлеу дағдысын, танымдылық белсенділігін арттыру. 3. тәрбиелік: • Табиғатты сүюге, оны қорғай білуге; • дүниетанымды қалыптастыру; • құштарлыққа тәрбиелеу; • адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу; Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы Сабақтың көрнекіліктер: слайд, электрондық оқулық, компьютер, видеопроектор, экран, табиғат бейнеленген суреттер, әдеби кітаптар, интернет материалдары, энциклопедиялар, «Есептер жинағы» (гуманитарлық және жаратылыстану бағыт). Пән аралық байланысы: Қазақ тілі және әдебиет, дүниетану, жаратылыстану, информатика, дінтану. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 2. Физикалық құбылыстар мен ақын еңбектерін қайталап, еске түсіру. 3. Зерттеу бөлімі Абайдың дүние құрылымы туралы моделі. Табиғатты жырлаған Абай өлеңдері. Дүние құрылымы туралы Абай моделі . Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі. 4. Қорытынды. 5. Бағалау. 6. Үйге тапсырма. І. Ұйымдастыру кезеңі: А) сәлемдесу. Ә) оқушыларды түгелдеу. Б) оқушыларды сабаққа дайындау
  • 3. Қазіргі уақытта орта мектептер екі бағытта жұмыс істейді. Бірі жаратылыстану бағыты болса, екіншісі – гуманитарлық бағыт болып табылады. ОҚО облысындағы №7 Ж.Жабаев орта мектебі жаратылыстану бағытта жұмыс жасағанымен, физика пәні мен гуманитарлық пәндер арасындағы байланыстарды қарастыруды жөн көрдік. Физика табиғат жайындағы ғылым, ол табиғаттағы құбылыстардың пайда болу себептерін түсіндіреді, ал әдебиет сол пайда болған құбылыстарды әсерлеп, суреттеп жеткізеді. Осы сабақта қазақтың Ұлы ақыны Абай шығармашылығында кездесетін физикалық құбылыстарға тоқталып, оларды зерттеуді қарастырдық. Сонымен қатар, табиғатты сүюге, қазіргі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014жылғы 17 қаңтарындағы халыққа жолдаған Жолдауында көрсеткен “Жасыл” экономика бағдарламасына өз үлестерін қосуға, табиғатты аялап, қорғай білуге шақыру. 2. Физикалық құбылыстар мен ақын еңбектерін қайталап, еске түсіру. І. Физикалық құбылыстардың Абай өлеңінде қалай жырланатыны туралы таныстыру мақсатында оқушыларға өздері білетін Абай өлеңдері оқытылады. Сонымен қатар, «Есептер жинағы» (гуманитарлық бағыт) оқулығындағы жаттығуларға тоқталамыз. Мысалы: Абайдың “Біреудің кісісі өлсе қаралы –ол, Қаза көрген жүрегі жаралы-ол. Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады-ол? деген шумағын алайық. Адамды физикада не деп қабылдаймыз? Көзден аққан жас тамшысының формасы қандай, қалай қозғалады деген сұрақты қоя отырып, жас тамшысының салмағын және құрамындағы бөлшектер және Жердің тарту күші әсерінен домалай қозғалатынын түсіндіруге болады. Ал дыбыстың толқындарының таралуы арқылы “Зарланып неге әнге салады – ол” дегенде адам үнін естиміз. “Сылдырап өңкей келісім , Тас бұлақтың суындай , Кірлеген жүрек өз ішін Тұра алмас әсте жуынбай” деген өлең шумағында «тасты» егжей-тегжейін талдауға болады. Тастың физикалық қасиеті қандай, күйі қандай, бөлшектері қалай орналасады? Бұлақ суындағы тамшысының формасы қандай, қозғалыс бағытының жылдамдығын анықтайтын параметрлер қандай? Бұл сұрақтарға молекулалық физика тұрғысынан және Бернулли заңы бойынша оңай жауап береді. “Кірлеу” процесі қалай жүзеге асады? Бұны диффузия құбылысымен тығыз байланыстыра отырып жауап береді.
  • 4. ІІ. Абайдың табиғат туралы өлеңдері. Енді Абайдың табиғаттың әртүрлі жыл мезгілдерін суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық: “Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан, Сіркіреп, бұлт тамшылап, жаңбыр жауар” деген өлең шумағындағы бірнеше сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндіруге болады. Күркіреу, бұлттың пайда болуы, жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен құлауы. Физикада конденцация құбылысын түсіндіруде қолдануға болады. Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып, Шаруа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басқан. Жазғытұры (1890) өлеңінде Абай табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі - ата-анадай елжіреген Күннің көзі көбірек айтылады. Күн сәулесінің көктемде жер бетіне мол түсетіндігін, Самарқанның көк тасын да жібітетінді деген аңызды мысалға келтіре отырып, қардың еріп, жердің бусанып жібитіндігі түсіндіріледі. Ал, 1886 жылы жазылған “Жаз” өлеңінде жазғы табиғаттың көркем көрінісін мен сан алуан қызықты құбылысын асқан шеберлікпен суреттейтіндігін, ауылдың қарбалас тіршілігі, қимыл-қозғалысын тамаша өлеңге қосатындығын төменгі өлең жолдарынан кездестіруге болады. Бұл өлең жолдарында жыл мезгіліне байланысты күннің ұзаруы айтылған. механика бөлімінің қозғалыс заңдары да сөз етілген. Жаздыкүні шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып, өсіп толғанда Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Енді келесі жыл мезгіліне көшелік, “Күз “(1889). Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай, Қайыршы шал мен кемпір түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш-қурай. Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық–көркемдік тұрғыда берілген көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін тамаша суреттей білген. Күзде күннің қысқарып, жылу берілулігі азаятындығы бейнеленеді. Ақ киімді денелі,ақ сақалды, Соқыр мылқау, танымас тірі жанды. Үсті басы ақ қырау түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.
  • 5. Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындығы айтылған. Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда деген өлең жолында ауылдың бір орыннан екіншіші орынға көшкенде механикалық қозғалыс болатындығын көреміз. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп… деген Абай өлеңінен толқындық құбылыс түсндіріледі. ІІІ. Дүние құрылымы туралы Абай моделі былай болған Бас жоғары қараған Мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен деп Абай адам құрылысы мен дүние құрылымын байланыстыра білген. Біз аңыз ертегілерден 7 қат жер астына түссең де, 7 қат көкке ұшсаң да деген сөз тіркестерін кездестіреміз, тіпті мұсылман аңызында аспанның жеті қабаты бар деп түсіндіріледі. Қазіргі ғылыми тұрғыда дәлелденген ғарыш бөліктерімен сәйкес келеді. Ғарыш-күрсі (мегалактика) Жұлдыздар Сайрандар Құйрықты Жұлдыздар(комета) Тек зат Сират 6.адрон 5.лептон 4.фотон 3.ядро 2.атом 1.молекула Усақ әлем (микро әлем) Қарсы қазық Сфера Эллипсоид Параболид Қос қуысты айналу гиперболиды Конустық бет Бақи (мәңгілік) Фәни (белгісіздік) ТемірқазықТемірқазық Нұр Нысан(галактика) Абай тек қана табиғатты суреттемеген, табиғаттағы дыбыстарды ести білген, оны әнге қосқан. Абайдың “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән-күй, яғни музыкалық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясы қандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз. ІV. Дүние құрылымы туралы ғалымдардың пікірі.
  • 6. «Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр». Иссак Ньютон. «Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады». Птолемей Әлем - шексіз мұхит. Уақыт - тынымсыз жел. Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер, Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар. Абай. Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы. Ақылы мен сезімі басым адам ғана ғалым бола алады. Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады. Абай. Қорытынды. Абайдың кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады. Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында Венн диаграмасын пайдаланады. Әлем Абай 1 Күн 2. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар 3. Жұлдыздар, шоқжұлдыздар 4. Ай 5. Жер 6. Галактика 7. Адам ғарыштық тіршілік иесі 1. Абайдың өлеңдері физикалық сипаттамаФизика Білімді бағалау. Үй тапсырмасы:  Әр оқушы Абайдың бір өлеңін алып, физикалық көзқараспен талқылау,  Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
  • 7. «Әлем мені өзіне қалай елестететінін білмеймін, өзіме–өзім теңіз жағасында ойнап отырған және домалақ тас немесе аса әдемі ракушкалар іздеуді ермек қылатын бала болып көрінемін, ал сонда ақиқаттың ұлы мұқиты менің алдымда тіптен сыры ашылмастан жатыр». Иссак Ньютон. «Әлемнің центрінде Жер орналасқан, ал оның айналасында өзімен бірге жеті планетаны ілестіретін жеті сфера айналады». Птолемей Әлем - шексіз мұхит. Уақыт - тынымсыз жел. Алдынғы буын ағалар, артқы буын інілер, Ұрпақтардың алмасуында өмірдің барлық жалғастығы бар. Абай. Ғалым мен ойшыл- адамзат баласының мақтанышы. Ақылы мен сезімі басым адам ғана ғалым бола алады. Ғылымды біз ойдан шығармаймыз, ол бізді қоршаған әлем туралы түсінігімізді, бақылауымыздың және ойларымыздың нәтижесі ретінде көрініс табады. Абай. Қорытынды. Абайдың кез-келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады. Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында Венн диаграмасын пайдаланады. Әлем Абай 1 Күн 2. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар 3. Жұлдыздар, шоқжұлдыздар 4. Ай 5. Жер 6. Галактика 7. Адам ғарыштық тіршілік иесі 1. Абайдың өлеңдері физикалық сипаттамаФизика Білімді бағалау. Үй тапсырмасы:  Әр оқушы Абайдың бір өлеңін алып, физикалық көзқараспен талқылау,  Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.