SlideShare a Scribd company logo
1 of 23
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Адам болмысы – философия
мәселесі ретінде
Сабақтың мақсаты: Адам болмысы жайында философиялық
дүниетанымдарын қалыптастыру.
Білімділік: Адам болмысын – философия мәселесі ретінде жан-
жақты талқылау арқылы ойларын қорытып, алған білімдерін
бекіту.
Дамытушылық: Студенттердің логикалық ой-өрісін,
дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіре отырып, өз ойларын
еркін жеткізе білулеріне үлес қоса отырып, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Студенттердің өз Отанын сүюге, елін, жерін
қорғауға деген ынта-жігерін арттыруға, сонымен қатар
жауапкершілігі жоғары, тұлға ретінде қалыптасуларына жол
ашу.
Адам болмысының басты ешекшелігі – ақыл-ой иесі,
санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның , рухани
дүниенің иесі екендігінде. Адам табиғаттың бөлшегі,
төл баласы,өркені, сонымен бірге ол тарихты ,
әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи-қоғамдық
дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп
қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи
және әлеуметтік ортаға әсер етуге, өзгеріп,
түрлендіруге қабілетті. Адам ең әуелі тіршілік иесі,
“сүйек пен еттен жаралған пенде” есебінде өмір сүреді.
Оның тәні, денесі – табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге
келеді,тіршілік иесі есебінде әрекет жасайды, мезгілі
жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, өйткені ол
болмыс иесі
Адам болмысы
екі деңгейде
қарастырылады
1. Тәндік
Физикалық
Соматикалық
2. Жан мен рух
болмысы, рухани
Математика әдісін пайдаланып, адам
болмысын былай өрнектеуге болады:
АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС +
МАТЕРИАЛДЫК БОЛМЫС= (ЖАН +
РУХ) + (НАЗІК ДЕНЕ + ТӘН)
Адам өмірі формуладағы осы төрт
қосындының өзара үйлесімділігіне
тікелей байланысты.
Абай Құнанабаев
(1845-1905)
1. Үй тапсырмасы.
Абайдың
қара сөздері.
Бұл тапсырмаға 8
минут уақыт беріледі.
ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем,
жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға
қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен
демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып,
аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней
болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу
күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге
үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем
екен деген.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп
білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай,
хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі
жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз
бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде,
ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл
кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына
неге салмайды екеміз?Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді,
тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай
барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен.
Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық,
ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса,
сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай
болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу
кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық
дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.Көкіректе сәуле жоқ,
көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта,
бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның
баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп
таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға
жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке
жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға
лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты
өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір
қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның
азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес
пе?Осы екеуі маған қалай таласады?» - деп.Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы
болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей
алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған
қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның
денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ
төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің,
тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын
ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын -
мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын
алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын
- мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз
осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.Сонда ғылым бұл үшеуінің
сөзін тыңдап болып, айтыпты:- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан
басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай
қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде
жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де
рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі
дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің,
соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші,
әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді.
Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің
де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы
үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы
үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік
қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды
таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті
СЕГІЗІНШІ СӨЗ Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?Біреу - болыс,
біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға
сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл
айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол
не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы
бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп
аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап,
шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін
деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.Байлар, олар
өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде
жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық,
адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай
тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі,
ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол
малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі,
қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның
бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы
тимейді.Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.Онша-мұнша қой жүнді
қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым,
ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не
қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана
алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.
2 – тапсырма «Дода». Бұл тапсырмаға барлығы 10
минут уақыт беріледі.
Топтар 1
ұяшық
2
ұяшық
3
ұяшық
4
ұяшық
Болмыс 10 20 30 40*
Материя
10 20 30* 40
Субстан
ция
10 20* 30 40
Мағынасын түсіндіріңіз
Суреттегі бейнені
атаңыз
Суреттегі қай ойшылдың
мүсіні?
3-тапсырма “Кім жылдам?” Бұл тапсырмаға 6 минут уақыт
беріледі.
Болмыс тобына:
1. Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат
2. «Дүниеде таңқаларлық нәрселер көп, ал олардың ең
ғажабы - Адам»
3. «Адам баласын замана өстіртеді, кімде-кім жаман болса,
замандасының бәрі виноват»
Материя тобына:
1. Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
2. «Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың мөлшері»
3. «Ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең
пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа
біреуді жамандағанды сүймейді»
Субстанция тобына:
1. Адамның ең асылы,
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес жасығы,
Тайғақ мінез екі сөз
Сөз мінезі құбылса,
Ар – иманы жоқ деп біл
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл
2. «Менің білетінім - ештеңе білмейтінім, ал басқалары
мұны да білмейді»
3. ««Менің» болуымның міндетті шарты «Сенің»
болуың, басқалардың болуы»
4 – тапсырма “Зерде”. Бұл тапсырмаға 10 минут уақыт
беріледі.
Сәбилік кезең
Балалық шақ
Мектептегі кезең
Студенттік шақ
Есейген шақ
Қартайған шақ

More Related Content

Similar to ча

Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxАдамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxKalimaBakhiyeva
 
Адамгершілік азаматтық тұлға
Адамгершілік   азаматтық тұлғаАдамгершілік   азаматтық тұлға
Адамгершілік азаматтық тұлғаRauan Ibraikhan
 
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің   ізденісіндеБілім сапасы- мұғалімнің   ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісіндеАйбек Қуандықұлы
 
789вавауаууц
789вавауаууц789вавауаууц
789вавауаууцnurlan93kz
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxssuser85477d
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерNurlan Abilhanov
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағымnurbolat84
 

Similar to ча (16)

сабак (1)
сабак (1)сабак (1)
сабак (1)
 
ана т¦л¦ 4 сынып
ана т¦л¦ 4 сыныпана т¦л¦ 4 сынып
ана т¦л¦ 4 сынып
 
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxАдамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
 
Адамгершілік азаматтық тұлға
Адамгершілік   азаматтық тұлғаАдамгершілік   азаматтық тұлға
Адамгершілік азаматтық тұлға
 
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің   ізденісіндеБілім сапасы- мұғалімнің   ізденісінде
Білім сапасы- мұғалімнің ізденісінде
 
12333
1233312333
12333
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
789вавауаууц
789вавауаууц789вавауаууц
789вавауаууц
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
есеп және оның бөліктері111 копия
есеп және оның бөліктері111   копияесеп және оның бөліктері111   копия
есеп және оның бөліктері111 копия
 
адам бойындағы қасиеттері
адам бойындағы қасиеттеріадам бойындағы қасиеттері
адам бойындағы қасиеттері
 
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізіИмандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізі
 
Адам және отбасы
Адам және отбасыАдам және отбасы
Адам және отбасы
 
ұйқыдан тұрғанда
ұйқыдан тұрғандаұйқыдан тұрғанда
ұйқыдан тұрғанда
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

ча

  • 1. Ашық сабақ Тақырыбы: Адам болмысы – философия мәселесі ретінде
  • 2. Сабақтың мақсаты: Адам болмысы жайында философиялық дүниетанымдарын қалыптастыру. Білімділік: Адам болмысын – философия мәселесі ретінде жан- жақты талқылау арқылы ойларын қорытып, алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіре отырып, өз ойларын еркін жеткізе білулеріне үлес қоса отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: Студенттердің өз Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға деген ынта-жігерін арттыруға, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, тұлға ретінде қалыптасуларына жол ашу.
  • 3. Адам болмысының басты ешекшелігі – ақыл-ой иесі, санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның , рухани дүниенің иесі екендігінде. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы,өркені, сонымен бірге ол тарихты , әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи-қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті. Адам ең әуелі тіршілік иесі, “сүйек пен еттен жаралған пенде” есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі – табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді,тіршілік иесі есебінде әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, өйткені ол болмыс иесі
  • 4. Адам болмысы екі деңгейде қарастырылады 1. Тәндік Физикалық Соматикалық 2. Жан мен рух болмысы, рухани
  • 5. Математика әдісін пайдаланып, адам болмысын былай өрнектеуге болады: АДАМ = РУХАНИ БОЛМЫС + МАТЕРИАЛДЫК БОЛМЫС= (ЖАН + РУХ) + (НАЗІК ДЕНЕ + ТӘН) Адам өмірі формуладағы осы төрт қосындының өзара үйлесімділігіне тікелей байланысты.
  • 7. 1. Үй тапсырмасы. Абайдың қара сөздері. Бұл тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі.
  • 8. ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке
  • 9. ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе?Осы екеуі маған қалай таласады?» - деп.Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті
  • 10. СЕГІЗІНШІ СӨЗ Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.
  • 11. 2 – тапсырма «Дода». Бұл тапсырмаға барлығы 10 минут уақыт беріледі. Топтар 1 ұяшық 2 ұяшық 3 ұяшық 4 ұяшық Болмыс 10 20 30 40* Материя 10 20 30* 40 Субстан ция 10 20* 30 40
  • 15. 3-тапсырма “Кім жылдам?” Бұл тапсырмаға 6 минут уақыт беріледі. Болмыс тобына: 1. Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де – Қызыққа тоймас адамзат 2. «Дүниеде таңқаларлық нәрселер көп, ал олардың ең ғажабы - Адам» 3. «Адам баласын замана өстіртеді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват»
  • 16. Материя тобына: 1. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? 2. «Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың мөлшері» 3. «Ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреуді жамандағанды сүймейді»
  • 17. Субстанция тобына: 1. Адамның ең асылы, Қиянатсыз ақ бейіл. Ең зиянкес жасығы, Тайғақ мінез екі сөз Сөз мінезі құбылса, Ар – иманы жоқ деп біл Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл 2. «Менің білетінім - ештеңе білмейтінім, ал басқалары мұны да білмейді» 3. ««Менің» болуымның міндетті шарты «Сенің» болуың, басқалардың болуы»
  • 18. 4 – тапсырма “Зерде”. Бұл тапсырмаға 10 минут уақыт беріледі. Сәбилік кезең