SlideShare a Scribd company logo
«Даналық» колледжі
«Психология негіздері және
коммуникативтік дағдылар»
пәні бойынша әдістемелік әзірлеме
Тақырып «Эмоциялық үрдістер және жағдайлар»
Мамандық: Медбикелік ісі
Астана, 2017
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі», 2 курс
Оқу пәні: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар»
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Эмоциялық үрдістер және жағдайлар»
Академиялық сабақтың уақыты: 80 минут
Сабақты өткізу әдістері: тәжірибелі – иллюстративті, интерактивті, тренинг әдісі.
Студенттермен жұмыс жасау түрлері: өздігінен жұмыс жасау түрлері
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, слайдтар, плакат,
музыка, бейнематериал.
Мақсаты:
Білімділік:
Студенттердің түрлі эмоциялары мен сезімдерін дамыту. қоршаған ортаға сенім мен
тілектестік, түсіністік сезімдерін қалыптастыру. Студенттердің бойындағы қорқыныш,
мазасыздану, үрей сезімдерінен арылуға көмек көрсету.
Дамутышылық:
Студенттердің интеллектуалдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
Студенттерде медицина қызметкеріне жағымды имидж қалыптастыру, этика,
деонтологиялық әдептерге үйрету, мамандыққа деген мақтаныш сезімін тудырып,
мейірімділікке тәрбиелеу.
Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар, психологиялық сана тұжырымдамасы,
сана-сезім.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану.
Сабақ тақырыбын оқытуда жоспарланған нәтижелер:
Кәсіптік және
мамандық
біліктіліктері
Студент білуі тиіс
Студент орындауы
тиіс
Науқастарға
мейірбикелік күтім
жасауды
ұйымдастыруда және
олармен тиімді қарым-
қатынас орната білу
техникасы.
Эмоция жайлы түсінік,
олардың түрлерін және
науқастармен қарым-
қатынас жасауды өз
эмоцияларын ұстай білуі.
Теориялық білімдерін
пысықтау;
ойын ойнау;
студенттердің өз бетімен
жұмысы;
тренинг.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі - ( 5 мин)
II. Өткен тақырыпты қайталау - (20 мин)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру– (10 мин )
IV. Өткен тақырыпты бекіту– (40 мин)
 Пантомимика ойыны – ( 10 мин)
 Студенттердің өз бетімен жұмысы – (10 мин);
 Тренинг өткізу-(20мин)
V. Сабақты қорытындылау (2 мин)
VI. Бағаларға түсінік беру – (2 мин)
VII. Үй тапсырмасы – (1 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу, олардың қатысуын, жұмыс кабинеттің дайындығын тексеру.
Студенттерді үш топқа бөлу.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
Студенттердің өз топтарын таныстыруы. Әр топқа бөлінген студенттердің тақырып
бойынша дайындаған презентацияларын, бейнематериалдарын тамашалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы
және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас
негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция)
немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік
қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның
іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және
т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян
келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с.
эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның
іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын,
оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда
болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы
— бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі
ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық ерекшелігімен ерекшеленеді. Ол
даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің
төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі –із қалдыру. Сондықтан да,
мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен
ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым
тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған –еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-
ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.
Лабюерде (ХҮІІІғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада
қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік,
дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.
Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт
ерік қасиеті дейді.
И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре
пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі
туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп
көрсетеді.
Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және
тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері
де бар дейді.
Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген
пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара
талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті
ерекшелігі.
К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара
интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды
күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент
ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».
IV.Өткен тақырыпты бекіту– (30 мин)
 Пантомимика ойыны
Пантомимика ойыны арқылы студенттерде жағымды эмоция қалыптастыру.
Пантомимика- ым-ишара және сөйлеу интонациясымен қатар эмоционалдық қалыпты
білдіретін форманың бір түрі болып табылатын адам денесінің қозғалысы, яғни
адамдардың қарым-қатынас құралы.
 Студенттердің өз бетімен жұмысы
а)студенттерді сауалнама арқылы эмоционалды жағдайын анықтау,
б)эмоция тақырыбына эссе жазу.
 Тренинг өткізу:
1)«Эмоция» жаттығуы.
Шаршадым «УҺ!» дедім.
Ренжідім «ТУҺ!» дедім.
Қорықтым «ОЙ!» дедім
Өкіндім «АҺ!» дедім.
Шарасыз «ЕҺ!» дедім.
Таңырқап «О!» дедім.
Кейідім «И!» дедім.
Біліп ап «Е!» дедім.
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
2)Қызығушылықты ояту.
Мақсаты: Күн бойы эмоция мен сезімге талдау жасау, жақсы психоэмоциялық көңіл-
күй туғызуға үйрету.
Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портіретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері
еске түсіріңдер. Барлақ оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарына
келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен
сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін
эмоция сәтіндегі жеке ерекшіліктерге талдау жасалады.
3)«Менің эмоцияларым» жаттығуы.
Мақсаты: Өз эмоцияларын орындап, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған карточкалар «қайғы-бет, қуаныш-
ерін, кербездік-оң қол, мақтаншақ-арқа, үрей-аяқ, таңдану-қас».
Нұсқау: Алдарыңызға берілген карточкалар арқылы берілген тапсырмаларды
орыңдаңыздар.
Топ сол тапсырманың шешімін табу керек.
Талдау: Эмоция дегенді қалай түсінесің?
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?
4) Мини лекция. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?»
Жағымсыз эмоциялардын қалай айырылуға болады?
Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында айтуға болады.
Егер сен жалғыз болсаң, көпшікті не су орамалды қысып тартуға болады. Өйткені,
барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады.
Спорттық қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар
спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады. Адамға табиғатта
жағымды әсерт етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, тіпті қиын деген жағдайлардың
өзінде де жағымды әсер етеді. 3-4 қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде
миға баратын импульистер көбейеді, ал ол стресс кезінде үлкен көмек. Табиғат бізді
күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай.
VІ. Сабақты қорытындылау
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл
білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің
бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды
емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа
мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі
күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра
түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі таңда кеңінен жан-жақты қаралып
жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және
экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең
тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.
Сіздер болашақ медицина қызметкерлері болғандықтан, сезімге, ашуға берілмей өз
эмоцияларыңызды ұстай білгендеріңіз жөн.
VII. Бағаларға түсінік беру
VІII. Үйге тапсырма
Эмоционалды жағдайға байланысы бейне кейс дайындау.
Әдебиеттер:
1. Островская И.В. Психология. Учебник –«ГЕОТАР-МЕДИА», 2006
2. Лакосина Н.Д. «Медицинская психология»-М.,Академа, 2008
3. Матвеев «Основы медицинской психологии, этики и деонтологии»
4. Асимов М.А. «Коммуникативные навыки»- АЛМАТЫ; ЭВЕРО, 2009
5. Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений»-ПИТЕР, 2009.

More Related Content

Similar to сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык

тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
Asem Sarsembayeva
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
ssuserf01f10
 
медеуова эльмира
медеуова эльмирамедеуова эльмира
медеуова эльмира
oquzaman
 
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptxпсихологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
AigulRakhmetova1
 
конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2
akkemir
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Bilim All
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
Asem Sarsembayeva
 
ашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гойашык сабак жоспары гой
логика.ppt
логика.pptлогика.ppt
логика.ppt
ssuser6a99a3
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
Asem Sarsembayeva
 
педагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетикапедагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетика
Asem Sarsembayeva
 
жоба
жобажоба
тұтығу
тұтығутұтығу
тұтығу
Erjan Beisenhojaev
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
nurlan93kz
 
элективтұ курс , азалы,ұ226
элективтұ курс ,  азалы,ұ226элективтұ курс ,  азалы,ұ226
элективтұ курс , азалы,ұ226
nurbolat84
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
nurlan93kz
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
Asem Sarsembayeva
 
психология.pptx
психология.pptxпсихология.pptx
психология.pptx
KaroKadyr
 
980342.pptx (1).ppt
980342.pptx (1).ppt980342.pptx (1).ppt
980342.pptx (1).ppt
DINORADinora1
 
тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
Asem Sarsembayeva
 

Similar to сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык (20)

тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
 
медеуова эльмира
медеуова эльмирамедеуова эльмира
медеуова эльмира
 
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptxпсихологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
психологиялық педагогикалық сипаттамасы.pptx
 
конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
ашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гойашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гой
 
логика.ppt
логика.pptлогика.ppt
логика.ppt
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
 
педагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетикапедагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетика
 
жоба
жобажоба
жоба
 
тұтығу
тұтығутұтығу
тұтығу
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
элективтұ курс , азалы,ұ226
элективтұ курс ,  азалы,ұ226элективтұ курс ,  азалы,ұ226
элективтұ курс , азалы,ұ226
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
психология.pptx
психология.pptxпсихология.pptx
психология.pptx
 
980342.pptx (1).ppt
980342.pptx (1).ppt980342.pptx (1).ppt
980342.pptx (1).ppt
 
тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
 

сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык

  • 1. «Даналық» колледжі «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша әдістемелік әзірлеме Тақырып «Эмоциялық үрдістер және жағдайлар» Мамандық: Медбикелік ісі Астана, 2017
  • 2. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі», 2 курс Оқу пәні: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың тақырыбы: «Эмоциялық үрдістер және жағдайлар» Академиялық сабақтың уақыты: 80 минут Сабақты өткізу әдістері: тәжірибелі – иллюстративті, интерактивті, тренинг әдісі. Студенттермен жұмыс жасау түрлері: өздігінен жұмыс жасау түрлері Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, слайдтар, плакат, музыка, бейнематериал. Мақсаты: Білімділік: Студенттердің түрлі эмоциялары мен сезімдерін дамыту. қоршаған ортаға сенім мен тілектестік, түсіністік сезімдерін қалыптастыру. Студенттердің бойындағы қорқыныш, мазасыздану, үрей сезімдерінен арылуға көмек көрсету. Дамутышылық: Студенттердің интеллектуалдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Студенттерде медицина қызметкеріне жағымды имидж қалыптастыру, этика, деонтологиялық әдептерге үйрету, мамандыққа деген мақтаныш сезімін тудырып, мейірімділікке тәрбиелеу. Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар, психологиялық сана тұжырымдамасы, сана-сезім. Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану. Сабақ тақырыбын оқытуда жоспарланған нәтижелер: Кәсіптік және мамандық біліктіліктері Студент білуі тиіс Студент орындауы тиіс Науқастарға мейірбикелік күтім жасауды ұйымдастыруда және олармен тиімді қарым- қатынас орната білу техникасы. Эмоция жайлы түсінік, олардың түрлерін және науқастармен қарым- қатынас жасауды өз эмоцияларын ұстай білуі. Теориялық білімдерін пысықтау; ойын ойнау; студенттердің өз бетімен жұмысы; тренинг. Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі - ( 5 мин) II. Өткен тақырыпты қайталау - (20 мин) III. Жаңа тақырыпты түсіндіру– (10 мин ) IV. Өткен тақырыпты бекіту– (40 мин)  Пантомимика ойыны – ( 10 мин)  Студенттердің өз бетімен жұмысы – (10 мин);  Тренинг өткізу-(20мин) V. Сабақты қорытындылау (2 мин)
  • 3. VI. Бағаларға түсінік беру – (2 мин) VII. Үй тапсырмасы – (1 мин) Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Студенттермен амандасу, олардың қатысуын, жұмыс кабинеттің дайындығын тексеру. Студенттерді үш топқа бөлу. ІІ. Өткен тақырыпты қайталау Студенттердің өз топтарын таныстыруы. Әр топқа бөлінген студенттердің тақырып бойынша дайындаған презентацияларын, бейнематериалдарын тамашалау. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді. Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық ерекшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі –із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған –еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ- ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді. Лабюерде (ХҮІІІғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті дейді. И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
  • 4. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі. К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы». IV.Өткен тақырыпты бекіту– (30 мин)  Пантомимика ойыны Пантомимика ойыны арқылы студенттерде жағымды эмоция қалыптастыру. Пантомимика- ым-ишара және сөйлеу интонациясымен қатар эмоционалдық қалыпты білдіретін форманың бір түрі болып табылатын адам денесінің қозғалысы, яғни адамдардың қарым-қатынас құралы.  Студенттердің өз бетімен жұмысы а)студенттерді сауалнама арқылы эмоционалды жағдайын анықтау, б)эмоция тақырыбына эссе жазу.  Тренинг өткізу: 1)«Эмоция» жаттығуы. Шаршадым «УҺ!» дедім. Ренжідім «ТУҺ!» дедім. Қорықтым «ОЙ!» дедім Өкіндім «АҺ!» дедім. Шарасыз «ЕҺ!» дедім. Таңырқап «О!» дедім. Кейідім «И!» дедім. Біліп ап «Е!» дедім. Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім. 2)Қызығушылықты ояту. Мақсаты: Күн бойы эмоция мен сезімге талдау жасау, жақсы психоэмоциялық көңіл- күй туғызуға үйрету. Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портіретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлақ оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарына келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшіліктерге талдау жасалады. 3)«Менің эмоцияларым» жаттығуы. Мақсаты: Өз эмоцияларын орындап, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
  • 5. Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған карточкалар «қайғы-бет, қуаныш- ерін, кербездік-оң қол, мақтаншақ-арқа, үрей-аяқ, таңдану-қас». Нұсқау: Алдарыңызға берілген карточкалар арқылы берілген тапсырмаларды орыңдаңыздар. Топ сол тапсырманың шешімін табу керек. Талдау: Эмоция дегенді қалай түсінесің? Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай? 4) Мини лекция. «Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?» Жағымсыз эмоциялардын қалай айырылуға болады? Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында айтуға болады. Егер сен жалғыз болсаң, көпшікті не су орамалды қысып тартуға болады. Өйткені, барлық қысым қолдың, саусақтың, иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады. Спорттық қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді. Байқасаңыздар спортшылардың денсаулығымен қатар жаны да сау болады. Адамға табиғатта жағымды әсерт етеді. Серуен, тамашалау, бақылау, тіпті қиын деген жағдайлардың өзінде де жағымды әсер етеді. 3-4 қысқа дем алу, сонша рет дем шығару. Бұл кезде миға баратын импульистер көбейеді, ал ол стресс кезінде үлкен көмек. Табиғат бізді күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтардан қорғаныс ретінде жаратқандай. VІ. Сабақты қорытындылау Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі таңда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде. Сіздер болашақ медицина қызметкерлері болғандықтан, сезімге, ашуға берілмей өз эмоцияларыңызды ұстай білгендеріңіз жөн. VII. Бағаларға түсінік беру VІII. Үйге тапсырма Эмоционалды жағдайға байланысы бейне кейс дайындау. Әдебиеттер: 1. Островская И.В. Психология. Учебник –«ГЕОТАР-МЕДИА», 2006 2. Лакосина Н.Д. «Медицинская психология»-М.,Академа, 2008 3. Матвеев «Основы медицинской психологии, этики и деонтологии» 4. Асимов М.А. «Коммуникативные навыки»- АЛМАТЫ; ЭВЕРО, 2009 5. Ильин Е.П. «Психология общения межличностных отношений»-ПИТЕР, 2009.