SlideShare a Scribd company logo
1 of 9
Сабақтың тақырыбы: Галогендер. VIIА топ элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Хлордың оттекті қосылыстары. Галогендердің медицинада қолданылуы.
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді зерттеп, игеру сабағы.
Уақыты: 90 мин
Тақырыпты таңдаудың әдістемелік негіздемесі: Берілген тақырыптың маңызы
зор. Себебі медицинадағы оқылатын арнайы пәндермен байланысы бар. Мысалы
хлордың дезинфекциялау қасиетін су қорындағы суды микроорганизмдерден
тазарту үшін қолданылады. Ас тұзы ретінде хлор тұзы тұрақты түрде тамақта
пайдаланылады, хлорофилдің құрамына кіреді. Ішуге қолданылатын судың құрамында
фтор қосылыстары жетіспесе тіс зақымданады. Йод өсімдік және жануар тектес
организмдерге қажет зат, себебі зат алмасу процесіне қатысады. Адам организмінде
қалқанша безде жиналған. Сондықтан галогендер және олардың қосылыстары медицина
маманының болашақтағы жұмысына қажетті білім. Бұл сабақ «Бейметалдар»тарауындағы
«Көміртек, Азот, Оттек, Күкірт және олардың қосылыстарымен салыстырылып өткізіледі,
сондықтан білім алушылар өздерінің танымдық іс-әрекеттерін көрсетуге мүмкіндік алады
(қызығуы, ынтасы, салыстыру, анализ, қиялы мен қабылдауы).
Сабақтың мақсаты:
- Галогендердің ПЖ орнына байланысты сипаттама беру, физикалық – химиялық
қасиеттерін зерттеу,оларға тән сапалық реакцияларды айқындау, табиғатта таралуын,
медицинада қолданылуын қарастыру.
Сабақтың міндеттері:
- Білімалушының ойын дамыту, белсенділігін арттыру, өзіндік ізденіс арқылы
білімдерін талдай білуге үйрету; логикалық ойлаумен экспериментті талдау және
болжай білуге коммуникативтік дағдысымен ақпараттық ептілігін дамыту.
- Білім алушыны шығармашылық ізденіске, іскерлікке, пәнге қызығушылыққа,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;топта жұмыс істеу арқылы біреудің жауабын
тыңдап, одан қорытыңды шығара білуге тәрбиелеу.
Білім алушы білуі керек:
- Галогендердің ПЖ орнын анықтау алу
- Галогендердің физикалық қасиеттерін сипаттау
- Галогендердің химиялық қасиеттерін білу
- Галогендердің тұрмыстағы және медицинадағы маңызын білу
- Галогендердің физиологиялық әсерін білу
Білім алушы істей білуі керек:
- Галогендердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу
- Хлордың оттекті қосылыстарындағы хлордың тотығу дәрежелерін анықтай білу
- Айналымдарды жүзеге асыру
- Заттардың атын атау
- Галогендердің сапалық реакциясын жаза білу
Пәнаралық байланыс:
Биология «Жасуша құрылысы»
Физиология «Зат алмасу»
Медбикелік ісі негіздері «Зарарсыздандыру»
Математика «Арифметикалық есептеу жолдары»
Физика «Атом құрылысы»
Тарих: «Заттардың шуғуы жайындағы тарихи деректер»
Пәнішілік байланыс:
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі қосылыстары
- Ион алмасу реакциялары
- Көміртек, азот, оттек топшаларының элементтері
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта
- Интерактивті тақтаға арналған маркер
- Электрондық оқулық (Бейорганикалық химия)
- Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі
- Металдардың белсенділік қатары
- Дидактикалық таратпа тапсырмалары
Білім алушылар келесі құзыреттерге ие болу керек:
Базалық құзыреттер:
БҚ1 – Оқыту
Химияның негізгі теорияларын меңгеру.
БҚ2 – Этика
Жеткілікті дәрежеде химия тілімен ауызша ақпаратты формула, теңдеу, кесте,
сызбаға айналдыру.
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕР:
КҚ1 – денсаулықты нығайту
Химиялық өндірістің ғылыми принципі, қоршаған ортаның химиялық ластануы.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
- Сабақ өткізуге қажетті мәліметтер жинақтау
- Электронды оқулықтан қажетті материалдарды іріктеу
- Білім алушыларға жекелеген материалдар
- Сабақты өткізуге презентация дайындау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Оқытушының кіріспе сөзі (сабақта әнгімелесу, жеке білім алушымен жұмыс,
жұптық, топтық жұмыс әдістері «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы (технологиясы)
қолданылады). Слайд №1
2. Өткен тақырып бойынша білім деңгейін тексеру
Қызығушылықты ояту. Қосымша№1; Слайд №2 - №9
3. Жаңа тақырыпты зерттеп, игеру
«Негізгі бөлім – мағынаны ажырату»
А) Әдеби – монтаж Қосымша №2; Слайд №10
Б) Мұғалімнің ақпараты (тақырыпты түсіндіру)
4. Жаңа тақырыпты бекіту
«Ой толғаныс» Қосымша №4; №5; Слайд №16- №18
А) Кроссворд шешу
Б) ҚЕ туралы жасырын сөйлемді табу.
В) Тест тапсырмасын орындау Қосымша №6; Слайд №19 - №20
5. Сабақты қорытындылау
«Түртіп алу жүйесі – рефлексия» Қосымша № 7; Слайд №21
1) Оқушылардың пікірін тыңдау
2) Білімін бағалау,түсіндіру
6. Үй тапсырмасы Слайд №22
Ақпаратта берілген мәліметтерді қарастырып (оқып), лекция дәптерге жазып келу.
Қосымша №1
1) Көміртек туралы өлең – шумақтары
Қала бар «Периодтық жүйе» деген
Тұрады халқы шексіз көп элементтер
Қаланың бір көрікті көшесі бар,
Аталады бұл көше «Бейметалдар»
Сол көшеде тұрады бір ақсақал
Оның аты – Көміртек – Ұзын сақал.
«Ұзын» сақал атаудың себебі бар
Ұзақ жолды жүріпті бұл ақсақал.
Сол қалаға көшпес бұрын жүріпті екен,
Аралап талай-талай елді мекен
Қостанай мен Шығысты, Балқаш пенен Шымкентті.
Барып келді Ақтауға,
Бір күнде ел мекенді аралап,
Кез келді бір қалаға не ғажап!
Сол қаланың бір көркем көшесінде,
Ол жайғасты алтыншы пәтерінде.
Танысты ақсақал бәріменен, күкірт,
Азот, фосформен.
Сүреді көміртек ата өз өмірін
Сол қалада ең жақын достары менен.
Яғни көміртек туралы қысқаша:
1. ПЖ орны, Атом құрылысы, Ашылу тарихы, негізгі қосылыстары.
2. Көміртектің биологиялық маңызы
2) «Алмастың атасының үйіне барғандағы бастан кешкен оқиғалары»
туралы әңгіме
Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне
демалуға келді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанды. Бір күніқой
жайып жүріп Алмас қара тас тауып алды. Онымен сурет салып, көрді де қара із
қалдырғанын байқады...Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап үйқысы келеді.
Бала үйықтапкеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып
түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан әкті су
ағады. Жарқырап күн де шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су,
ұсақкепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты
ақтасқа айналдырғанын көріп, таң-тамаша қалады. Ақ тасты алып жерге сызып
көріпті. Оның да өзіндік ақ ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болады?
Жауабы: С → С02 → Н2С03→ Са(НС03)2→СаСО3
3) Жұмбақ №1: Мен туралы аңыз көп. Ақша жасайды, алтын деген түк емес
дейді, талайды ақшамен жарылқайды дейді, сенбейсіздер. Мен — Ақбаймын,
Карабай және Қазбек деген сыңарларым бар. Үшеуміз егіз болғанымызбен түріміз де,
мінезіміз де ұқсамайды. Мәселен, менің міңезім нашар, қызбалаумын, тез тұтанып
шыға келем. Өзім улы заттар қоймасында жүмыс істеймін. Екі ағам маған қарағанда
момындау. Қарабай- әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді.
Қазбек сіріңке зауытының директоры. Менің баска ағайындарым ауыл
шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады. Қазбек Ольга деген орыс қызына
үйленді, бала шаға өте көп. Мен және Менің туыстарым кім?
Жауабы: Ақ фосфор, қара фосфор, қызыл фосфор, Р2О5
4) Жұмбақ №2
Бірінші буыным көп сөзінің антонимі,
Екінші буыным тілсіз жау.
Ал, өзім химиялық элементпін.
Бұл қай химиялық элемент туралы айтылып отыр?
Элементтің ПЖ орны, маңызды қосылыстары, медицинада
қолданылатындары
Жауабы: Азот; 2 период, 5 топтың негізгі топшасы, N2O, NO, NO2, NH3,
NH4OH, HNO3 және оның тұздары
5) «Химиялық ертегі»
- Ерте, ерте, ертеде, ешкіжүнікелтеде, күкіртаттыпатшаның екі
баласыболыпты. Біреуітөртжасқакелгендекүкіртті газ,
екіншісіалтыжасқакелгендекүкіртанггидридідегенатпенәйгіліболды.
Біреуініңмінезіөткіртүссіз газ болса, екіншісіұшыпжүретінсұйықтық,
соныменқоймайауадатүтінденеді. Өткірбаласыныңөткірлігісондай, оттекпентотығып,
күкіртангидридінеаналаалады. Оларсумендосболыпты.
Бірақөткірмінездісісуменқосылғандағанаәлсірейтінкөрінеді, ал
екіншісісуменқосылғандакерісіншекүшейеді.
- Патша екі баласының да суменқосылыпадамзатқаадалқызмететкеніне риза
болыпты.
- Ал балалар, осы ертегіні химия тілінеаударып, не туралыайтылғанын
тиісті реакция теңдеуімен жазыңыздар.
Жауабы: SO2+О2→SO3; SO2+H2O→ H2SO3; SO3+H2O→ H2SO4
6) Жұмбақ №3
- Түссізауыр, сұйықтық
- Су құйылсақызыптұр
- Ылғалтартыпауадан,
- Күштілігіартыптұр,
- Ал, кәнекей, айтыңдар
Қайқышқылды айтыптұр?
Жауабы: (Күкіртқышқылы)
Қосымша №2
«Галогендер» атты әдеби монтаж.
Бастаушы:
Ғалымдар іздеп жаңалық
Элемент ашты сан алып,
Олардың бәрін білеміз
Тұр кестеде қамалып.
Галогендер қатары
Жақындап бері келіңдер,
Таныстырып біздерге
Сыр шертіп бір беріңдер.
Фтор:
Жұртқа әйгілі кесірі
Галогендер өкілі
Тоғызыншыторға қамалған
Фтор сері мен болам!
Иісім күшті,сары түсті
Активтігім керемет.
Мендей ылаң, зиян қылған
Болмаған еш элемент.
Талай ғалым қиған жанын
Мені табу кезінде.
Сутегін мен шын көңілмен
Қосып алам өзіме.
Аспанға аттым аспаптарын
Дэви,Нокс,Георгтың.
Сөйтіп жүріп Муассон атты
Ер ғалымға жолықтым.
Тұзымды алып,суға салып
Электролиз жолымен,
Аты шулы,аса улы
Таза затым алынды.
Тұрмаспын тек, ыдысты жеп
Зығырқыдым әркімді.
Сондықтан мен шыны жеген
Озбыр газбын әйгілі.
Қосылысым кальциймен
Білесің бе шпатты.
Қорытқанда металды
Шихтаға соны қосады.
Дифтордихлор метанды
Қасиеті соншалық
«Фреон»деп атайды.
Қолдан аяз жасайды
Негізделіп осыған
Тоңазытқыш жасайды.
Қосылысым тағы бар
Тетрафтор этилен
Полимерім тамаша
Пластмасса тефлон.
Қышқылға, суға төзімді
Пайдаланам жер көкке.
Өмірдің жаңа көзі деп
Айтпаған мені ел текке!
Баяндадым мен достар
Азды-көпті сырымды.
Сөз берейін ендеше
Жетекшіміз сөз ертекке
Бастаушы:
Жетер фтор!
Күшіңе де,ісіңе де
Қауым берер төрелік.
Келші бері хлор енді
Сені тыңдап көрелік!
Хлор:
Газбын өткір иісті
Салмағым ауыр ауадан.
Өткенталай соғыста
Тұншыққан менен көп адам.
Емеспін мен зиянды
Жақтарым көп пайдалы.
Білесің бе ас тұзын
Көрдің бе онсыз ас ішіп,
Қосылысым күміспен Фото қағаз жасайды.
Сынапты қоспам бар жерде
Бактерия болмайды.
Кальцийменен қоспамнан
Кептіргіштер жасайды.
Жерде де,мұхитта да,көлде де,
Кездесем дала менен шөлде де.
Бос жүру жағына осал ем
Қосылам бар жерде металмен,
Глаубер де, Шеелле де, Пристли де
Алам деп өзімді бос күйде
Жұмсаған ұзақ жыл еңбегін.
Мен де алғаш ешкімге көнбедім.
Ақыры ғалымға бағындым
Жап-жасыл газ болып алындым
Түсімнен хлор деп атайды
Көп улы препарат жасайды.
Суды мен микроптан тазарттым,
О, адам!
Матаны қарайған ағарттым.
Мен түзген фосген мен иприттен
Жасадың қырғынның қаруын.
Қағазды, каучукты, дәріні
Алуда мені адам жараттың.
Бірақ сен кенеттен
Өзіңе жау қылып алдың аздаған
Бастаушы:
Газ күйінде кездесетін
Фтор,хлор сөйледі.
Галогеннің сұйық түрі
Бром,сөйле,сен енді
Бром:
Айтуға өзім қаймығам
Атым нашар қойылған.
Сұйықпын иісім жағымсыз
Ғалымдар маған сондықтан
Сасық деп ерекше ат берген.
Талай сыр бар өзімде
Қолданам дәрі-дәрмекке.
Менің көмегіммен түсірілген
Келеді көп адам
Әсерлі киноны көрмекке.
Ашуланған адамның зілін басар,
Мен әйгілі броммын көңіл ашар.
Байсалдылық беремін ашушаңға
Болсамдағы сұйықтық иісім нашар.
Қосылыс боп кездестік табиғатта
Металменен тұз түзіліп әр уақытта.
Фото ісінде кең түрде өріс алған
Күміс тұзым сезімтал ақ жарыққа.
Мені алғаш бос күйінде Балар алды
Бұл еңбек ерекше бағаланды.
Мені шашып АҚШ-та полицейлер
Демострация топтарын жазалады.
Бастаушы:
Жеке-жеке галогендер
Қасиетін жыр етті.
Осылардың кіші інісі
Тыңдайықшы йодты.
Қажет болған ұдайы
Йод,енді сен сөйле!
Йод:
Күлгін түсті кристалды денемін Кездесетін изотопым тым көп-ақ
Көп жылдардан пайдаға асып келемін Еріп жүрген теңіз мұхит суында.
Соғыста жарақат алған адамның Қыздырсаңыз сұйылмастан бірден-ақ
Қансыратпай өмірін сақтап қалғанмын. Айналамын күлгін йод буына.
Әсер еткен өсуіне органның
Кіремін мен құрамына гармонның.
Мен жетпесем,дендерің сау болмайды
Мойныңа үлкен бейнет орнайды.
Бәрі тұрып бәр дауыспен
Тұз түзетін элементпіз
Пайдалымыз бәріміз.
Тыңайтқышпыз біріміз
Кейбіріміз дәріміз.
Гүлдетеміз бау-бақшаны
Көбейтеміз дәнді біз.
Осы тұрған төртеуіміз
Бәріміз де достармыз.
Адамға түрлі нәр беріп,
Игілігін қоштармыз.
1-Баяндама
Фтордың қосылыстары ертеден белгілі болды,бірақ мұны алу жолында талай
ғалымдар қаза тапқан. Фтордай зиянын тигізген ешбір элемент жоқ,оның зерттеуші
ғалымдарға келтірген қиындығы толып жатыр. Одан Ирландия ғылым академиясының
мүшесі Томас Нокс қаза тапты. Сол академияның мүшесі Георг Нокс мүгедек болып
қалды. Нансидің атақты химигі Никлес көп ауырып,соның зардабынан қайтыс болды.
Брюссель химигі П.Лайет та өлімге ұшырады. Францияның атақты ғалымы Гей-Люссак
пен Тенар,ағылшын ғалымы Х.Дэви фтормен уланған болатын. Осылайша көп ғалымдар
соңына түссе де,ұстатпай жүрген фторды ақыры 1886 жылы француз химигі Анри
Муассон ашты. Фторға (фториос-бұзушы) ат берген-Ампер.
Фтор-сары жасыл газ. Фтормен жұмыс істегенде сақтық ережелерін қатаң сақтау
қажет.
2-Баяндама
1774 жыл химиялық элементтердің ашылуына сәтті жыл болды. Хлорды таза
күйінде 1774 жылы Шееле алады. Шееле пиролюзит пен тұз қышқылын ретортада
қыздырып, реакцияластырып,одан шыққангаздыжинап, оның түсін, иісін, әрекетшілдігін
тағы басқа қасиеттерін зерттейді. Шееленің түсінуінше, хлор-жай зат.
Шееленің мұндай түсінігін сол уақыттағы атақты химиктер Лавуазье,Берцелиус
Мақұлдамаған. Лавуазье де, Берцелиус те заманында прогресшіл болған
ғалымдар. Лавуазьенің,Берцелиустің түсіндіруіне сүйеніп,ғалымдар бұл газды тотыққан
тұз Қышқылы, яғни тұз қышқылының оттекпен қосылысы деп ойлады. Оның құрамынан
жаңа элементті айырып алмақ болды.
Сөйтіп 1774 жылы ашылған хлор беделге бағынушылықтың әлегінен 36 жыл бойы
таласта болып,өзінің правосын кейін жеңіп алады.Хлордың сілтілік металдармен оңай
қосылысып, Хлоридтер (яғни тұздар) түзу қасиетіне қарап, Швейгер 1811 жылы
галогендеген ат ұсынады. Галоген грек тілінен аударғанда тұз тудырушы,тұз жасаушы
деген мағына береді.
3-Баяндама
Бромның ашылу тарихы.
Бромды 1825 жылы француздың жас ғалымы Антуан Жерар Балар ашқан.Балар
орта мектепті бітіргеннен кейін проф.Ж.Ангаданың қолында жай препаратор болып
қызмет істейді. Бірақ ол жаратылысында түртіншек,әуесқой адам еді. Әуелде ол
шалшықтардың ащы суын зерттейді. Суды суалтып, ас тұзы кристалданып болған кезде,
ол суда натрий сулфатының қалғанын байқайды. Сондықтан жас ғалым мұндай қалдық
суды зерттеп,оған хлор жіберіп көреді. Сөйтсе, ол қызыл-қоңыр түске боялып кетіпті.
Содан кейін Балар теңіз суымен де тәжірбие жасап байқайды,сөйтіп одан да қызықты
нәтижелер алады. Мәселен, қоспаға эфир араластырса,қызғылт түс беретін зат сол эфир
қабатына ауады екен. Одан әрі бромның улылығы,кездесетін жерлері,бром
қосылыстарының қолданылатын жерлері жөнінде айтылды.
4-Баяндама
Йод.Бір қызығы бұл элементті сабын қайнатып,селитра жасайтын фабриканың иесі
Куртуа 1811 жылы ашқан.ХІХ ғ басында бұл элементті Наполеонның басқыншылық
соғысына көп мөлшерде оқ-дәріні жасау үшін калий селитрасы керек еді. Оны бұрын Үнді
елінен алдыратын. Алайда Үнді елінің қоры сарқылған кез еді.Сақар деген бос жатқан тұз
емес,оны бір елдерде (Россия) ағаш күлінен,ал Францияда теңіз балдырынан жинап
кептіріп,өртеп,оныңкүлін шаймалап,барып алған. Куртуа аптека ұстайды екен. Ол
бірде күлшаймалаған қазанның түбінде жаңа тұз қалғанын байқайды. Оған алдымен
күкірт қышқылымен әсер етіп өреді,сөйтсе одан будақтап күлгін түсті бу шығыпты. Бұл
жаңа затты Гей-Люссак (грекше-күлгін түсті деген сөзден алып)йод деп атайды.
Қосымша №4
Г
А
Л
О
Г
Е
Н
Д
Е
Р
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған
мемлекет.
2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент.
3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті,
тұншықтырғыш , улы газ).
4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент.
5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер.
6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты.
7. 1886 жылы фторды ашқан химик.
8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.
9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.
10. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.
Қосымша № 5 Жасырын сөйлем:
Қосымша № 6 Екі нұсқада тест тапсырмасы
І – нұсқа
1. Галогендер тобына жататындар:
а) Si, Ca, Mg, Ba, In
б) F, C1, Br, I, At
в) C1, I, K, At, Na
г) C1, F, Ne, Xe, Cu
2. Галогендердің сытрқы энергетикалық
деңгейі мына электронды формуламен
сипатталады:
а) 1s2 2s2
б) 1s2 …….ns2 np3
в) 1s2…….ns2np5
г) 1s2…….ns2np4
3. Галогендер атомының белсенділігі мына
қатарда артады:
а) F, C1, Br, I, At
б) C1, Br, I, F, At
в) At, I, Br, C1, F
г) I, At, C1, Br, F
4. Галоген тобына жатпайтын элемент:
ІІ – нұсқа
1.1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле
күшті тотықтырғыштарға
концентрлі тұз қышқылын әсер ету арқылы
алынған элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
2. Галогендердің ішіндегі ең әлсіз
тотықтырғыш элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
3. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға
жұмсалатын элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
Х Р М Ж Ұ Ш К А Ф
Л О Е Н М А П А Т
Т С І С Ы Р Т Ж А
Е Г Ж І Т А У А С
Н Е Ә Р І Н Қ Е Т
Д Е Т И Б Е А Ж
а) I
б) Br
в) Cr
г) Cl
5. Мүмкін болатын химиялық әрекеттесу:
а) NaF + Cl2
б) NaBr + І2
в) NaCl + Br2
г) NaCl + F2
6. Тұз қышқылы мына заттармен
әрекеттеседі:
а) Cu, CuO, Cu(OH)2
б) АgNO3, Ca, NaOH
в) Zn, ZnO, CO2
г) NaOH, Na2O, H2SO4
7. Бөлме температурасында қатты күйде
болатын элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
8. Хлордың судағы ерітіндісі:
а) хлорсутек
б) тұз қышқылы
в) хлор қышқылы
г) хлорсуы
9. Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін
өнім:
а) темір хлориді (ІІ)
б) темір оксиді (ІІІ)
в) темір хлориді (ІІІ)
г) темір бромиді (ІІІ)
10. Галогендердің ішіндегі күшті
тотықтырғышы:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
11. 1826ж француз ғалымы Балар ашқан
(«сасық» деген атпен белгілі) галоген;
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
12. Фтор бос күйінде:
а) сұйық улы зат
б) қатты улы зат
в) улы газ
г) қара сұр түсті улы газ
г) I2
4. Тұз қышқылының тұздары:
а) хлоридтер
б) хлорсутек
в) хлорсуы
г) хлор қышқылы
5. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы
Германия қай элементті тұншықтырғыш улы
зат ретінде қолданды:
а) F2
б) Br2
в) Cl2
г) I2
6. 1886 жылы француз химигі Г.
Муассонмен ашылған галоген:
а) F2
б) Br2 в) Cl2 г) I2
7. Хлор электрондық құрылымына сай неше
валентті бола алады:
а) І, ІІ, ІІІ
б) І, V, VI
в) II, IV, VI
г) I, III, V, VII
8. Хлордың салыстырмалы атомдық
массасы нешеге тең:
а) 35,5
б) 34,7
в) 40,5
г) 45,5
9. Бромның судағы ерітіндісі қалай
аталады?
а) бромсутек
б) бромидтер
в) бромсутек қышқылы
г) бром суы
10. Теңіз балдырларында кездесетін
элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
11. Хлор газы ауадан неше есе ауыр:
а) 2 есе
б) 1,5 есе
в) 2,5 есе
г) 3 есе
12. Қалқанша безінің құрамында болатын
галоген
а) фтор
б) хлор
в) йод
г) бром
Қосымша № 4. Жауабы:
1. Германия
2. Астат
3. Хлор
4. Фтор
5. Галоген
6. Бернер
7. Муассон
8. Йод
9. Хлорсутек
10. Бром
Қосымша № 5. Жауабы: Хлормен жұмыс істегенде тәжірибені тартпа шкафта
жасау қажет
Қосымша № 7
Тест жауаптары
І-нұсқа
1-б
2-в
3-в
4-в
5-г
6-б
7-г
8-г
9-в
10-а
11-в
12-в
ІІ-нұсқа
1-б
2-г
3-а
4-а
5-в
6-а
7-г
8-а
9-г
10-г
11-в
12-в
Бағалардың критерийлары:
2 қате кетсе - «5»
4 қате кетсе - «4»
5 қате - «3»
5 қатеден көп болса - «2»

More Related Content

What's hot

повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.Оксана Жукова
 
Names and formulas of ionic compounds
Names and formulas of ionic compoundsNames and formulas of ionic compounds
Names and formulas of ionic compoundsKamal Metwalli
 
відкритий урок у 9 класі
відкритий урок у 9 класівідкритий урок у 9 класі
відкритий урок у 9 класіYevtushenko Irina
 
Periodic Table of Elements
Periodic Table of ElementsPeriodic Table of Elements
Periodic Table of ElementsHeather Harris
 
Electron configuration
Electron configurationElectron configuration
Electron configurationRaphaelZuela
 
Electron arrangement part 3 electron configuration
Electron arrangement part 3   electron configurationElectron arrangement part 3   electron configuration
Electron arrangement part 3 electron configurationumer123456789101112131415
 
Electrolysis part 3 aqueous solution
Electrolysis part 3 aqueous solutionElectrolysis part 3 aqueous solution
Electrolysis part 3 aqueous solutionkaiying
 
презентація до уроку хімії
презентація до уроку хіміїпрезентація до уроку хімії
презентація до уроку хіміїNatalya Mihnevich
 
Boardworks ionic bonding
Boardworks ionic bondingBoardworks ionic bonding
Boardworks ionic bondingHenry Sergio Jr
 
A T O M & E L E M E N T
A T O M &  E L E M E N TA T O M &  E L E M E N T
A T O M & E L E M E N Troszelan
 
Elements, Compounds, Mixtures
Elements, Compounds, MixturesElements, Compounds, Mixtures
Elements, Compounds, MixturessYhira
 
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptxschool8zv
 
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.labinskiir-33
 
The Periodic Table
The Periodic TableThe Periodic Table
The Periodic TableOhMiss
 
Chemical bonding part 1
Chemical bonding part 1Chemical bonding part 1
Chemical bonding part 1Hoshi94
 

What's hot (20)

повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.повітря, його склад. оксиген. кисень.
повітря, його склад. оксиген. кисень.
 
оксиген
оксигеноксиген
оксиген
 
Names and formulas of ionic compounds
Names and formulas of ionic compoundsNames and formulas of ionic compounds
Names and formulas of ionic compounds
 
Будова речовин
Будова речовинБудова речовин
Будова речовин
 
відкритий урок у 9 класі
відкритий урок у 9 класівідкритий урок у 9 класі
відкритий урок у 9 класі
 
Periodic Table of Elements
Periodic Table of ElementsPeriodic Table of Elements
Periodic Table of Elements
 
Electron configuration
Electron configurationElectron configuration
Electron configuration
 
Амінокислоти
АмінокислотиАмінокислоти
Амінокислоти
 
Electron arrangement part 3 electron configuration
Electron arrangement part 3   electron configurationElectron arrangement part 3   electron configuration
Electron arrangement part 3 electron configuration
 
Electrolysis part 3 aqueous solution
Electrolysis part 3 aqueous solutionElectrolysis part 3 aqueous solution
Electrolysis part 3 aqueous solution
 
презентація до уроку хімії
презентація до уроку хіміїпрезентація до уроку хімії
презентація до уроку хімії
 
Boardworks ionic bonding
Boardworks ionic bondingBoardworks ionic bonding
Boardworks ionic bonding
 
A T O M & E L E M E N T
A T O M &  E L E M E N TA T O M &  E L E M E N T
A T O M & E L E M E N T
 
Elements, Compounds, Mixtures
Elements, Compounds, MixturesElements, Compounds, Mixtures
Elements, Compounds, Mixtures
 
закон збереження маси
закон збереження масизакон збереження маси
закон збереження маси
 
Element Classification
Element ClassificationElement Classification
Element Classification
 
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
9 клас повторення з хімії 9 клас pptx
 
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.
Метан. Молекулярна, структурна і електронна формули метану. Поширення в природі.
 
The Periodic Table
The Periodic TableThe Periodic Table
The Periodic Table
 
Chemical bonding part 1
Chemical bonding part 1Chemical bonding part 1
Chemical bonding part 1
 

Similar to методич.разраб.

Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"
Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"
Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"oquzaman
 
Кроссворд химия 9-10 сыныптар
Кроссворд химия 9-10 сыныптарКроссворд химия 9-10 сыныптар
Кроссворд химия 9-10 сыныптарTurar Toizhanov
 
жүзден жүйрік презентация 22.04.2014
жүзден жүйрік презентация  22.04.2014жүзден жүйрік презентация  22.04.2014
жүзден жүйрік презентация 22.04.2014Asem Sarsembayeva
 
қызықты физика әлемінде
қызықты физика әлемінде қызықты физика әлемінде
қызықты физика әлемінде nurlan93kz
 
1. участник шингельбаева
1. участник шингельбаева1. участник шингельбаева
1. участник шингельбаеваAsem Sarsembayeva
 
1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу1111уууууууууууууууууу
1111ууууууууууууууууууnurlan93kz
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикаoquzaman
 
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың эксперименті
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың экспериментіКүн энергиясының көмегімен сутекті алудың эксперименті
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың экспериментіBilim All
 
эд кислот оснований и солей
эд кислот оснований и солейэд кислот оснований и солей
эд кислот оснований и солейTalgatAubakirov
 

Similar to методич.разраб. (13)

пв
пвпв
пв
 
Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"
Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"
Открытый урок "Химия пәні заттар және олардың қасиеттері"
 
сутегі
сутегісутегі
сутегі
 
Кроссворд химия 9-10 сыныптар
Кроссворд химия 9-10 сыныптарКроссворд химия 9-10 сыныптар
Кроссворд химия 9-10 сыныптар
 
жүзден жүйрік презентация 22.04.2014
жүзден жүйрік презентация  22.04.2014жүзден жүйрік презентация  22.04.2014
жүзден жүйрік презентация 22.04.2014
 
қызықты физика әлемінде
қызықты физика әлемінде қызықты физика әлемінде
қызықты физика әлемінде
 
1. участник шингельбаева
1. участник шингельбаева1. участник шингельбаева
1. участник шингельбаева
 
1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу
 
йца
йцайца
йца
 
9nm
  9nm  9nm
9nm
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
 
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың эксперименті
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың экспериментіКүн энергиясының көмегімен сутекті алудың эксперименті
Күн энергиясының көмегімен сутекті алудың эксперименті
 
эд кислот оснований и солей
эд кислот оснований и солейэд кислот оснований и солей
эд кислот оснований и солей
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

методич.разраб.

  • 1. Сабақтың тақырыбы: Галогендер. VIIА топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Хлордың оттекті қосылыстары. Галогендердің медицинада қолданылуы. Сабақтың типі: Аралас. Сабақтың түрі: Жаңа білімді зерттеп, игеру сабағы. Уақыты: 90 мин Тақырыпты таңдаудың әдістемелік негіздемесі: Берілген тақырыптың маңызы зор. Себебі медицинадағы оқылатын арнайы пәндермен байланысы бар. Мысалы хлордың дезинфекциялау қасиетін су қорындағы суды микроорганизмдерден тазарту үшін қолданылады. Ас тұзы ретінде хлор тұзы тұрақты түрде тамақта пайдаланылады, хлорофилдің құрамына кіреді. Ішуге қолданылатын судың құрамында фтор қосылыстары жетіспесе тіс зақымданады. Йод өсімдік және жануар тектес организмдерге қажет зат, себебі зат алмасу процесіне қатысады. Адам организмінде қалқанша безде жиналған. Сондықтан галогендер және олардың қосылыстары медицина маманының болашақтағы жұмысына қажетті білім. Бұл сабақ «Бейметалдар»тарауындағы «Көміртек, Азот, Оттек, Күкірт және олардың қосылыстарымен салыстырылып өткізіледі, сондықтан білім алушылар өздерінің танымдық іс-әрекеттерін көрсетуге мүмкіндік алады (қызығуы, ынтасы, салыстыру, анализ, қиялы мен қабылдауы). Сабақтың мақсаты: - Галогендердің ПЖ орнына байланысты сипаттама беру, физикалық – химиялық қасиеттерін зерттеу,оларға тән сапалық реакцияларды айқындау, табиғатта таралуын, медицинада қолданылуын қарастыру. Сабақтың міндеттері: - Білімалушының ойын дамыту, белсенділігін арттыру, өзіндік ізденіс арқылы білімдерін талдай білуге үйрету; логикалық ойлаумен экспериментті талдау және болжай білуге коммуникативтік дағдысымен ақпараттық ептілігін дамыту. - Білім алушыны шығармашылық ізденіске, іскерлікке, пәнге қызығушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;топта жұмыс істеу арқылы біреудің жауабын тыңдап, одан қорытыңды шығара білуге тәрбиелеу. Білім алушы білуі керек: - Галогендердің ПЖ орнын анықтау алу - Галогендердің физикалық қасиеттерін сипаттау - Галогендердің химиялық қасиеттерін білу - Галогендердің тұрмыстағы және медицинадағы маңызын білу - Галогендердің физиологиялық әсерін білу Білім алушы істей білуі керек: - Галогендердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу - Хлордың оттекті қосылыстарындағы хлордың тотығу дәрежелерін анықтай білу - Айналымдарды жүзеге асыру - Заттардың атын атау - Галогендердің сапалық реакциясын жаза білу Пәнаралық байланыс: Биология «Жасуша құрылысы» Физиология «Зат алмасу» Медбикелік ісі негіздері «Зарарсыздандыру» Математика «Арифметикалық есептеу жолдары» Физика «Атом құрылысы» Тарих: «Заттардың шуғуы жайындағы тарихи деректер» Пәнішілік байланыс: - Бейорганикалық қосылыстардың негізгі қосылыстары - Ион алмасу реакциялары - Көміртек, азот, оттек топшаларының элементтері Сабақтың көрнекілігі: - Интерактивті тақта - Интерактивті тақтаға арналған маркер - Электрондық оқулық (Бейорганикалық химия) - Д.И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі
  • 2. - Металдардың белсенділік қатары - Дидактикалық таратпа тапсырмалары Білім алушылар келесі құзыреттерге ие болу керек: Базалық құзыреттер: БҚ1 – Оқыту Химияның негізгі теорияларын меңгеру. БҚ2 – Этика Жеткілікті дәрежеде химия тілімен ауызша ақпаратты формула, теңдеу, кесте, сызбаға айналдыру. КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕР: КҚ1 – денсаулықты нығайту Химиялық өндірістің ғылыми принципі, қоршаған ортаның химиялық ластануы. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: - Сабақ өткізуге қажетті мәліметтер жинақтау - Электронды оқулықтан қажетті материалдарды іріктеу - Білім алушыларға жекелеген материалдар - Сабақты өткізуге презентация дайындау Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2) Оқытушының кіріспе сөзі (сабақта әнгімелесу, жеке білім алушымен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс әдістері «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы (технологиясы) қолданылады). Слайд №1 2. Өткен тақырып бойынша білім деңгейін тексеру Қызығушылықты ояту. Қосымша№1; Слайд №2 - №9 3. Жаңа тақырыпты зерттеп, игеру «Негізгі бөлім – мағынаны ажырату» А) Әдеби – монтаж Қосымша №2; Слайд №10 Б) Мұғалімнің ақпараты (тақырыпты түсіндіру) 4. Жаңа тақырыпты бекіту «Ой толғаныс» Қосымша №4; №5; Слайд №16- №18 А) Кроссворд шешу Б) ҚЕ туралы жасырын сөйлемді табу. В) Тест тапсырмасын орындау Қосымша №6; Слайд №19 - №20 5. Сабақты қорытындылау «Түртіп алу жүйесі – рефлексия» Қосымша № 7; Слайд №21 1) Оқушылардың пікірін тыңдау 2) Білімін бағалау,түсіндіру 6. Үй тапсырмасы Слайд №22 Ақпаратта берілген мәліметтерді қарастырып (оқып), лекция дәптерге жазып келу. Қосымша №1 1) Көміртек туралы өлең – шумақтары Қала бар «Периодтық жүйе» деген Тұрады халқы шексіз көп элементтер Қаланың бір көрікті көшесі бар, Аталады бұл көше «Бейметалдар» Сол көшеде тұрады бір ақсақал Оның аты – Көміртек – Ұзын сақал. «Ұзын» сақал атаудың себебі бар Ұзақ жолды жүріпті бұл ақсақал. Сол қалаға көшпес бұрын жүріпті екен, Аралап талай-талай елді мекен Қостанай мен Шығысты, Балқаш пенен Шымкентті. Барып келді Ақтауға,
  • 3. Бір күнде ел мекенді аралап, Кез келді бір қалаға не ғажап! Сол қаланың бір көркем көшесінде, Ол жайғасты алтыншы пәтерінде. Танысты ақсақал бәріменен, күкірт, Азот, фосформен. Сүреді көміртек ата өз өмірін Сол қалада ең жақын достары менен. Яғни көміртек туралы қысқаша: 1. ПЖ орны, Атом құрылысы, Ашылу тарихы, негізгі қосылыстары. 2. Көміртектің биологиялық маңызы 2) «Алмастың атасының үйіне барғандағы бастан кешкен оқиғалары» туралы әңгіме Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанды. Бір күніқой жайып жүріп Алмас қара тас тауып алды. Онымен сурет салып, көрді де қара із қалдырғанын байқады...Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап үйқысы келеді. Бала үйықтапкеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан әкті су ағады. Жарқырап күн де шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұсақкепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақтасқа айналдырғанын көріп, таң-тамаша қалады. Ақ тасты алып жерге сызып көріпті. Оның да өзіндік ақ ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болады? Жауабы: С → С02 → Н2С03→ Са(НС03)2→СаСО3 3) Жұмбақ №1: Мен туралы аңыз көп. Ақша жасайды, алтын деген түк емес дейді, талайды ақшамен жарылқайды дейді, сенбейсіздер. Мен — Ақбаймын, Карабай және Қазбек деген сыңарларым бар. Үшеуміз егіз болғанымызбен түріміз де, мінезіміз де ұқсамайды. Мәселен, менің міңезім нашар, қызбалаумын, тез тұтанып шыға келем. Өзім улы заттар қоймасында жүмыс істеймін. Екі ағам маған қарағанда момындау. Қарабай- әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Қазбек сіріңке зауытының директоры. Менің баска ағайындарым ауыл шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады. Қазбек Ольга деген орыс қызына үйленді, бала шаға өте көп. Мен және Менің туыстарым кім? Жауабы: Ақ фосфор, қара фосфор, қызыл фосфор, Р2О5 4) Жұмбақ №2 Бірінші буыным көп сөзінің антонимі, Екінші буыным тілсіз жау. Ал, өзім химиялық элементпін. Бұл қай химиялық элемент туралы айтылып отыр? Элементтің ПЖ орны, маңызды қосылыстары, медицинада қолданылатындары Жауабы: Азот; 2 период, 5 топтың негізгі топшасы, N2O, NO, NO2, NH3, NH4OH, HNO3 және оның тұздары 5) «Химиялық ертегі» - Ерте, ерте, ертеде, ешкіжүнікелтеде, күкіртаттыпатшаның екі баласыболыпты. Біреуітөртжасқакелгендекүкіртті газ, екіншісіалтыжасқакелгендекүкіртанггидридідегенатпенәйгіліболды. Біреуініңмінезіөткіртүссіз газ болса, екіншісіұшыпжүретінсұйықтық, соныменқоймайауадатүтінденеді. Өткірбаласыныңөткірлігісондай, оттекпентотығып, күкіртангидридінеаналаалады. Оларсумендосболыпты. Бірақөткірмінездісісуменқосылғандағанаәлсірейтінкөрінеді, ал екіншісісуменқосылғандакерісіншекүшейеді. - Патша екі баласының да суменқосылыпадамзатқаадалқызмететкеніне риза болыпты. - Ал балалар, осы ертегіні химия тілінеаударып, не туралыайтылғанын тиісті реакция теңдеуімен жазыңыздар.
  • 4. Жауабы: SO2+О2→SO3; SO2+H2O→ H2SO3; SO3+H2O→ H2SO4 6) Жұмбақ №3 - Түссізауыр, сұйықтық - Су құйылсақызыптұр - Ылғалтартыпауадан, - Күштілігіартыптұр, - Ал, кәнекей, айтыңдар Қайқышқылды айтыптұр? Жауабы: (Күкіртқышқылы) Қосымша №2 «Галогендер» атты әдеби монтаж. Бастаушы: Ғалымдар іздеп жаңалық Элемент ашты сан алып, Олардың бәрін білеміз Тұр кестеде қамалып. Галогендер қатары Жақындап бері келіңдер, Таныстырып біздерге Сыр шертіп бір беріңдер. Фтор: Жұртқа әйгілі кесірі Галогендер өкілі Тоғызыншыторға қамалған Фтор сері мен болам! Иісім күшті,сары түсті Активтігім керемет. Мендей ылаң, зиян қылған Болмаған еш элемент. Талай ғалым қиған жанын Мені табу кезінде. Сутегін мен шын көңілмен Қосып алам өзіме. Аспанға аттым аспаптарын Дэви,Нокс,Георгтың. Сөйтіп жүріп Муассон атты Ер ғалымға жолықтым. Тұзымды алып,суға салып Электролиз жолымен, Аты шулы,аса улы Таза затым алынды. Тұрмаспын тек, ыдысты жеп Зығырқыдым әркімді. Сондықтан мен шыны жеген Озбыр газбын әйгілі. Қосылысым кальциймен Білесің бе шпатты. Қорытқанда металды Шихтаға соны қосады. Дифтордихлор метанды Қасиеті соншалық «Фреон»деп атайды. Қолдан аяз жасайды Негізделіп осыған Тоңазытқыш жасайды. Қосылысым тағы бар Тетрафтор этилен Полимерім тамаша Пластмасса тефлон. Қышқылға, суға төзімді Пайдаланам жер көкке. Өмірдің жаңа көзі деп Айтпаған мені ел текке! Баяндадым мен достар Азды-көпті сырымды. Сөз берейін ендеше Жетекшіміз сөз ертекке Бастаушы: Жетер фтор! Күшіңе де,ісіңе де Қауым берер төрелік. Келші бері хлор енді Сені тыңдап көрелік! Хлор: Газбын өткір иісті Салмағым ауыр ауадан. Өткенталай соғыста Тұншыққан менен көп адам. Емеспін мен зиянды Жақтарым көп пайдалы. Білесің бе ас тұзын Көрдің бе онсыз ас ішіп, Қосылысым күміспен Фото қағаз жасайды.
  • 5. Сынапты қоспам бар жерде Бактерия болмайды. Кальцийменен қоспамнан Кептіргіштер жасайды. Жерде де,мұхитта да,көлде де, Кездесем дала менен шөлде де. Бос жүру жағына осал ем Қосылам бар жерде металмен, Глаубер де, Шеелле де, Пристли де Алам деп өзімді бос күйде Жұмсаған ұзақ жыл еңбегін. Мен де алғаш ешкімге көнбедім. Ақыры ғалымға бағындым Жап-жасыл газ болып алындым Түсімнен хлор деп атайды Көп улы препарат жасайды. Суды мен микроптан тазарттым, О, адам! Матаны қарайған ағарттым. Мен түзген фосген мен иприттен Жасадың қырғынның қаруын. Қағазды, каучукты, дәріні Алуда мені адам жараттың. Бірақ сен кенеттен Өзіңе жау қылып алдың аздаған Бастаушы: Газ күйінде кездесетін Фтор,хлор сөйледі. Галогеннің сұйық түрі Бром,сөйле,сен енді Бром: Айтуға өзім қаймығам Атым нашар қойылған. Сұйықпын иісім жағымсыз Ғалымдар маған сондықтан Сасық деп ерекше ат берген. Талай сыр бар өзімде Қолданам дәрі-дәрмекке. Менің көмегіммен түсірілген Келеді көп адам Әсерлі киноны көрмекке. Ашуланған адамның зілін басар, Мен әйгілі броммын көңіл ашар. Байсалдылық беремін ашушаңға Болсамдағы сұйықтық иісім нашар. Қосылыс боп кездестік табиғатта Металменен тұз түзіліп әр уақытта. Фото ісінде кең түрде өріс алған Күміс тұзым сезімтал ақ жарыққа. Мені алғаш бос күйінде Балар алды Бұл еңбек ерекше бағаланды. Мені шашып АҚШ-та полицейлер Демострация топтарын жазалады. Бастаушы: Жеке-жеке галогендер Қасиетін жыр етті. Осылардың кіші інісі Тыңдайықшы йодты. Қажет болған ұдайы Йод,енді сен сөйле! Йод: Күлгін түсті кристалды денемін Кездесетін изотопым тым көп-ақ Көп жылдардан пайдаға асып келемін Еріп жүрген теңіз мұхит суында. Соғыста жарақат алған адамның Қыздырсаңыз сұйылмастан бірден-ақ Қансыратпай өмірін сақтап қалғанмын. Айналамын күлгін йод буына. Әсер еткен өсуіне органның Кіремін мен құрамына гармонның. Мен жетпесем,дендерің сау болмайды Мойныңа үлкен бейнет орнайды. Бәрі тұрып бәр дауыспен Тұз түзетін элементпіз Пайдалымыз бәріміз. Тыңайтқышпыз біріміз Кейбіріміз дәріміз. Гүлдетеміз бау-бақшаны Көбейтеміз дәнді біз. Осы тұрған төртеуіміз Бәріміз де достармыз. Адамға түрлі нәр беріп, Игілігін қоштармыз. 1-Баяндама Фтордың қосылыстары ертеден белгілі болды,бірақ мұны алу жолында талай ғалымдар қаза тапқан. Фтордай зиянын тигізген ешбір элемент жоқ,оның зерттеуші ғалымдарға келтірген қиындығы толып жатыр. Одан Ирландия ғылым академиясының
  • 6. мүшесі Томас Нокс қаза тапты. Сол академияның мүшесі Георг Нокс мүгедек болып қалды. Нансидің атақты химигі Никлес көп ауырып,соның зардабынан қайтыс болды. Брюссель химигі П.Лайет та өлімге ұшырады. Францияның атақты ғалымы Гей-Люссак пен Тенар,ағылшын ғалымы Х.Дэви фтормен уланған болатын. Осылайша көп ғалымдар соңына түссе де,ұстатпай жүрген фторды ақыры 1886 жылы француз химигі Анри Муассон ашты. Фторға (фториос-бұзушы) ат берген-Ампер. Фтор-сары жасыл газ. Фтормен жұмыс істегенде сақтық ережелерін қатаң сақтау қажет. 2-Баяндама 1774 жыл химиялық элементтердің ашылуына сәтті жыл болды. Хлорды таза күйінде 1774 жылы Шееле алады. Шееле пиролюзит пен тұз қышқылын ретортада қыздырып, реакцияластырып,одан шыққангаздыжинап, оның түсін, иісін, әрекетшілдігін тағы басқа қасиеттерін зерттейді. Шееленің түсінуінше, хлор-жай зат. Шееленің мұндай түсінігін сол уақыттағы атақты химиктер Лавуазье,Берцелиус Мақұлдамаған. Лавуазье де, Берцелиус те заманында прогресшіл болған ғалымдар. Лавуазьенің,Берцелиустің түсіндіруіне сүйеніп,ғалымдар бұл газды тотыққан тұз Қышқылы, яғни тұз қышқылының оттекпен қосылысы деп ойлады. Оның құрамынан жаңа элементті айырып алмақ болды. Сөйтіп 1774 жылы ашылған хлор беделге бағынушылықтың әлегінен 36 жыл бойы таласта болып,өзінің правосын кейін жеңіп алады.Хлордың сілтілік металдармен оңай қосылысып, Хлоридтер (яғни тұздар) түзу қасиетіне қарап, Швейгер 1811 жылы галогендеген ат ұсынады. Галоген грек тілінен аударғанда тұз тудырушы,тұз жасаушы деген мағына береді. 3-Баяндама Бромның ашылу тарихы. Бромды 1825 жылы француздың жас ғалымы Антуан Жерар Балар ашқан.Балар орта мектепті бітіргеннен кейін проф.Ж.Ангаданың қолында жай препаратор болып қызмет істейді. Бірақ ол жаратылысында түртіншек,әуесқой адам еді. Әуелде ол шалшықтардың ащы суын зерттейді. Суды суалтып, ас тұзы кристалданып болған кезде, ол суда натрий сулфатының қалғанын байқайды. Сондықтан жас ғалым мұндай қалдық суды зерттеп,оған хлор жіберіп көреді. Сөйтсе, ол қызыл-қоңыр түске боялып кетіпті. Содан кейін Балар теңіз суымен де тәжірбие жасап байқайды,сөйтіп одан да қызықты нәтижелер алады. Мәселен, қоспаға эфир араластырса,қызғылт түс беретін зат сол эфир қабатына ауады екен. Одан әрі бромның улылығы,кездесетін жерлері,бром қосылыстарының қолданылатын жерлері жөнінде айтылды. 4-Баяндама Йод.Бір қызығы бұл элементті сабын қайнатып,селитра жасайтын фабриканың иесі Куртуа 1811 жылы ашқан.ХІХ ғ басында бұл элементті Наполеонның басқыншылық соғысына көп мөлшерде оқ-дәріні жасау үшін калий селитрасы керек еді. Оны бұрын Үнді елінен алдыратын. Алайда Үнді елінің қоры сарқылған кез еді.Сақар деген бос жатқан тұз емес,оны бір елдерде (Россия) ағаш күлінен,ал Францияда теңіз балдырынан жинап кептіріп,өртеп,оныңкүлін шаймалап,барып алған. Куртуа аптека ұстайды екен. Ол бірде күлшаймалаған қазанның түбінде жаңа тұз қалғанын байқайды. Оған алдымен күкірт қышқылымен әсер етіп өреді,сөйтсе одан будақтап күлгін түсті бу шығыпты. Бұл жаңа затты Гей-Люссак (грекше-күлгін түсті деген сөзден алып)йод деп атайды. Қосымша №4 Г А Л О Г
  • 7. Е Н Д Е Р 1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған мемлекет. 2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент. 3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ). 4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент. 5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер. 6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты. 7. 1886 жылы фторды ашқан химик. 8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл. 9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді. 10. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент. Қосымша № 5 Жасырын сөйлем: Қосымша № 6 Екі нұсқада тест тапсырмасы І – нұсқа 1. Галогендер тобына жататындар: а) Si, Ca, Mg, Ba, In б) F, C1, Br, I, At в) C1, I, K, At, Na г) C1, F, Ne, Xe, Cu 2. Галогендердің сытрқы энергетикалық деңгейі мына электронды формуламен сипатталады: а) 1s2 2s2 б) 1s2 …….ns2 np3 в) 1s2…….ns2np5 г) 1s2…….ns2np4 3. Галогендер атомының белсенділігі мына қатарда артады: а) F, C1, Br, I, At б) C1, Br, I, F, At в) At, I, Br, C1, F г) I, At, C1, Br, F 4. Галоген тобына жатпайтын элемент: ІІ – нұсқа 1.1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле күшті тотықтырғыштарға концентрлі тұз қышқылын әсер ету арқылы алынған элемент: а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 2. Галогендердің ішіндегі ең әлсіз тотықтырғыш элемент: а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 3. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент: а) F2 б) Cl2 в) Br2 Х Р М Ж Ұ Ш К А Ф Л О Е Н М А П А Т Т С І С Ы Р Т Ж А Е Г Ж І Т А У А С Н Е Ә Р І Н Қ Е Т Д Е Т И Б Е А Ж
  • 8. а) I б) Br в) Cr г) Cl 5. Мүмкін болатын химиялық әрекеттесу: а) NaF + Cl2 б) NaBr + І2 в) NaCl + Br2 г) NaCl + F2 6. Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттеседі: а) Cu, CuO, Cu(OH)2 б) АgNO3, Ca, NaOH в) Zn, ZnO, CO2 г) NaOH, Na2O, H2SO4 7. Бөлме температурасында қатты күйде болатын элемент: а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 8. Хлордың судағы ерітіндісі: а) хлорсутек б) тұз қышқылы в) хлор қышқылы г) хлорсуы 9. Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім: а) темір хлориді (ІІ) б) темір оксиді (ІІІ) в) темір хлориді (ІІІ) г) темір бромиді (ІІІ) 10. Галогендердің ішіндегі күшті тотықтырғышы: а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 11. 1826ж француз ғалымы Балар ашқан («сасық» деген атпен белгілі) галоген; а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 12. Фтор бос күйінде: а) сұйық улы зат б) қатты улы зат в) улы газ г) қара сұр түсті улы газ г) I2 4. Тұз қышқылының тұздары: а) хлоридтер б) хлорсутек в) хлорсуы г) хлор қышқылы 5. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Германия қай элементті тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданды: а) F2 б) Br2 в) Cl2 г) I2 6. 1886 жылы француз химигі Г. Муассонмен ашылған галоген: а) F2 б) Br2 в) Cl2 г) I2 7. Хлор электрондық құрылымына сай неше валентті бола алады: а) І, ІІ, ІІІ б) І, V, VI в) II, IV, VI г) I, III, V, VII 8. Хлордың салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең: а) 35,5 б) 34,7 в) 40,5 г) 45,5 9. Бромның судағы ерітіндісі қалай аталады? а) бромсутек б) бромидтер в) бромсутек қышқылы г) бром суы 10. Теңіз балдырларында кездесетін элемент: а) F2 б) Cl2 в) Br2 г) I2 11. Хлор газы ауадан неше есе ауыр: а) 2 есе б) 1,5 есе в) 2,5 есе г) 3 есе 12. Қалқанша безінің құрамында болатын галоген а) фтор б) хлор в) йод г) бром
  • 9. Қосымша № 4. Жауабы: 1. Германия 2. Астат 3. Хлор 4. Фтор 5. Галоген 6. Бернер 7. Муассон 8. Йод 9. Хлорсутек 10. Бром Қосымша № 5. Жауабы: Хлормен жұмыс істегенде тәжірибені тартпа шкафта жасау қажет Қосымша № 7 Тест жауаптары І-нұсқа 1-б 2-в 3-в 4-в 5-г 6-б 7-г 8-г 9-в 10-а 11-в 12-в ІІ-нұсқа 1-б 2-г 3-а 4-а 5-в 6-а 7-г 8-а 9-г 10-г 11-в 12-в Бағалардың критерийлары: 2 қате кетсе - «5» 4 қате кетсе - «4» 5 қате - «3» 5 қатеден көп болса - «2»