№3 Красный Ярорта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Бала құқығын қорғау»
Орындаған: Ғалымжанова Г.А.
КӨКШЕТАУ, 2009
2.
Байгабулова Гүлжанар Айтжанқызы
Ақмолаоблысы Көкшетау қаласы
№3 Красный Яр орта мектебі
Құқық пәнінің мұғалімі
Сабақтың түрі: сыныптан тыс ашық сабақ
Пәні: Құқық негіздері
Сыныбы: 10 « А, Б» сыныптар
Сабақ тақырыбы: «Бала құқығын қорғау»
Сабақ мақсаты: білімділік-оқушыларға құқықтың пайда болу негіздері, құқық
тарихы, құқық ұғымы, құқықтың қайнар көздері,
нормалары, құқықтық қатынастар, адам
құқықтары мен бостандықтары туралы толық
білім беру.
дамытушылық-оқушылардың құқық туралы білімдерін
кеңейту арқылы ақыл ой-өрісін, таным
белсенділігін, өз бетімен жұмысын дамыту.
тәрбиелік-заңгер ретінде өзін қорғай білуге, мемлекет
басқару ісіне араласы құқығын пайдалануға
үйрету, құқықтық тәрбие арқылы адамның
бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыруға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс-ойын
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс
Көрнекі-құралдар: нақыл сөздері, мақал-мәтелдер, оқулықтар, карточкалар,
газет
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар және ұстаздар!» Бүгінгі күні
біз, құқық теориясын талдау мәселесіне кірісу үшін, жарыс-ойын түрде өтетін
сабағымызды бастайық. Ол үшін екі топтың ұпайын санап бақылайтын әділ
қазылармен таныстырып өтейік:
1. Төлегенова Гүлжауһар Қыдыралиқызы
2. Әлібекова Ермек Мейрамқызы
Бүгінгі жарыс-ойынымызда өздерінің білімдерін, қабілеттерін көрсететін осы
екі командағы сөз берейік.
Команданың командирлары өз топтарын таныстырады.
1 топ-«Мирас», 2 топ-«Қыран».
Енді ойынымызды бастайық. Ойының шарты:
3.
1 тур «Бәйге»-(әртопқа сұрақ қойылады, 2 минуттың ішінде 15 сұраққа жауап
беруі тиіс)
2 тур «Ойталқы»-(оқушыларға талдауға оқиғалы ситуациялар оқылып, сұрақтар
қойылады, олар сұрақтарға жауап арқылы пікірлерін ұсынуы тиіс)
3 тур «Мағынасын аш»-(оқушылар берілген барлық мақал-мәтелдердің
мағынасын дұрыс ашу керек)
4 тур «Бір сөз-көп сөз»-(оқушылар берілген бір сөзден 1 имнут ішінде көп сөз
құрулары керек, әріптердің қайталануына рұқсат беріледі)
5 тур Капитандар сайысы «Ойлан тап»-(көп әріптердің ішінен құқыққа
байланысты сөздерді тауып алу керек)
6 тур «Мені түсін»-(әр топқа сөздер беріледі, сол сөзді басқа топ тауып алу үшін
ол сөздің мағынасын түсіндіру керек).
1 тур «Бәйге»
«Мирас» тобының сұрақтары.
1. Қ.Р. тұңғыш Конституцияның қабылдануы?
2. Заң шығарушы орган?
3. Мемлекеттің қызметтерін атаңдар?
4. Қ.Р. Конституцияның бөлімдерін атаңдар?
5. Билік дегеніміз не?
6. Сайлау комиссияларының түрлерін атаңыздар?
7. Белсенді сайлау құқығы дегеніміз не?
8. Сайлау жүйесінің түрлері?
9. Қ.Р-ның тұңғыш президенттік сайлау нешінші жылы сайланды?
10.Монархия дегеніміз не?
11.Құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы?
12.Қ.Р. азаматтығын қандай жағдайда алады?
13.Қазақ тарихында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
14.Тіл туралы мақал-мәтелдер.
15.Қазақстан халықтары бірлігінің мерекесі?
«Қыран» тобының сұрақтары.
1. Өзгертулер мен толықтырулар нәтижесінде Қ.Р.-ның Конституциясы
нешінші жылы қабылданды?
2. Қ.Р.қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасайды?
3. Атқарушы орган?
4. Мемлекет дегеніміз не?
5. Биліктің тармақтарын атаңыз?
6. Конституция бойынша Президент болып сайлану үшін қандай
қызметтерден өтуі тиіс?
7. Судьялардың мәртебесі қандай?
8. Қ.Р. Жоғарғы Сотының төрағасын кім сайлайды?
9. Сайлау құқығының неше және қандай түрлері бар?
4.
10.Сайлау құқығының қағидаларынатаңыз?
11.Құқық дегеніміз не?
12.Білім туралы мақал-мәтелдер
13.Қ.Р.Тәуелсіздік туралы Заңының қабылдануы?
14.Республика астанасы Астана қаласына қай жылы көшірілді?
15.«Жеті жарғы» байырғы әдет құқығы жинағының құрылған ғасыры?
2 тур «Ойталқы»
«Мирас» тобы.
1. Данияр биыл мектеп бітірген болатын. Президенттік сайлауға қатыса
алмайды. өйткені, оған ешбір шақыру қағазы келмеді. Сондықтан ол «Мен
Республика азаматы емеспін» деп ойлайды?
• Данияр дұрыс ойлай ма?
• Данияр не істеуі қажет?
• Даниярдың орнында сіздер не істер едіңдер?
2. Бүркіт пен Ораз көшеде келе жатып:
Бүркіт: «Кеше Жандос Маралға хат жазды, ол хатта не жазылғанын білгім
келеді?»
Ораз: «Менің де»
Бүркіт: «Ендеше үйіне барып, хатты тауып, оқып білейік?»
Ораз: «Үйіне қалай кіреміз, хатты қалай аламыз, үйінде әжесі бар емес пе?»
Бүркіт: «Әжесі болса да, құлағы дұрыс естіртпейді»
Ораз: «Онда кеттік»
Екеуі Маралдың үйіне барып, хатты алып, оқып қайтады, күледі.
• Орал мен Бүркіттің ісін бағалаңдар?
• Бұзған құқық түрлерін атаңыздар?
• Қандай оқиғаларға бұл істері әкелуі мүмкін еді?
3. Қ.Р.-ның азаматы С. АҚШ-та 10 жылдан астам еңбек етіп келеді. Осы уақыт
аралығында АҚШ азаматы Қ-мен заңды некеге тұрды. Жақында олардың
отбасында сәби дүниеге келмекші. Жұбайлардың арасында болашақ сәбиге
қай елдің азаматтығы беретіндігі туралы дау туды. С. өзінің болашақта
еліне қайтып оралатындығын, сәбиге Қ.Р-ның азаматтығын алу жөн
екендігін айтып үзілді-кесілді қарсы шықты.
• Дау-жанжалды ҚР-ның заңнамаларына сйкес қалай дұрыс шешуге
болады?
• Шетелдерде дүниеге келген ҚР-ның азаматтарының балалары
азаматтықты қалай алады?
4. Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10-сыныпта оқитын мектеп
оқушылары түр ортасында тұрғын үйлердің ауласында би ұйымдастырды.
Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай-шуынан тұрғындар
ұйқыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне
құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра
береді.
• Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді?
5.
• Оларды жауапкершіліккетартуға негіз бар ма?
«Қыран» тобы
1. 4 сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып,
қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 сыныпқа келген соң,
өзін-өзі бір есейіп қалғандай сезінеді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір
есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айында тынымсыз
еңбекке толы күндері өтіп жатыр. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып,
бойындағы бір ерекше қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп,
мектептегі «Тұмар» пікір-сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге
келеді. Осы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жаздырып қойғанын,
қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман
ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал Жалғастың бар ойлағаны
өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі
ата-анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас
тағы да ата-анасымен келісуге мәжбүр болды.
• Жалғастың ата-анасының іс-әрекетін қалай бағалайсыз?
• Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
2. Қ.Р-ның Парламенті еліміздегі жеке меншікті келісуі дұрыс па? Оның
орнына мемлекеттік меншікті ғана қорғау туралы заңды бекітті делік. Ал
Президент бұл заңға қол қойды. Заң Конституция нормасына қайшы болып
шықты.
• Заңсыздықты жою туралы қай органға шағымдануға болады?
• Оның тәртібі қалай?
3. Алматы облысының тұрғыны азамат К. өзінің көптен бері жоғалтып жүрген
малын көршісінің ұрлауы мүмкін деп күдіктенді. Көршісі ұйықтауға
жатқанын пайдаланып, түн ішінде мал қорасының, содан соң оның үйінің
есігін бұзып кірген.
• Бұл іс-әрекетті заң тұрғысынан қалай саралауға болады?
4. Ақтөбе облысының аумағындағы мұнай кеніштерінде еңбек ететін Ж. Және
Х. Қытай Халық Республикасының азаматтары. Олардың отбасында
К.есімді сәби дүниеге келді. Осыған байланысты сәбидің ата-анасы
балаларына ҚР-ның азаматтығын беру туралы өтініш жасады.
• Заңға сәйкес сәбиге қай елдің азаматтығы берілетіндігін анықтаңдар.
• ҚХР-да тұратын отандастарымызға азаматтық берудің тәртібін
түсіндіріңдер.
3 тур «Мағынасын аш».
«Мирас» тобына:
1. Адал тірлік етпесең, ұрлық етіп ас жерсің.
2. Білген кісі ұрыны пақыр дейді,
Білмеген кісі ұрыны батыр дейді.
3. Ұры қасық, ел теңіз.
4. Жаман ұры жанындағысын қармалайды.
5. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
6.
6. Әділдік әкімгеде, әлсізге де,
әркімге де бірдей.
7. Тәтті өмірдің сұрауы қатты.
8. Жақсы адам-жұрттың тасы.
9. Адамның жүзіне емес, сөзіне бақ.
10.Адамның басы-құрайды тасы.
«Қыран» тобына:
1. Ұрымын дегенше құрыдым де.
2. Өзіне не етсең, алдына сол келер.
3. Ұры бірігенде ауыз жаласады,
Айырыларда итше таласады.
4. Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
5. Ұрынның қасында ұры жүреді.
6. Жамандық қылғанға-
Жақсылық қыл.
7. Ұрының арты-қуыс.
8. Жақсы адам алғыс алар,
Жаман адам қарғыс алар.
9. Өтірік өрге баспайды.
10. Жалқаудың ертеңі таусылмайды.
4 тур «Бір сөз-көп сөз»
МЕМЛЕКЕТТЕНДІРІЛГЕН
5 тур «Ойлан тап» капитандар сайысы.
«Мирас» тобы: «Қыран» тобы:
1. құқық 1. үкімет
2. президент 2. республика
3. сайлау 3. өкімет
4. жаза 4. әкім
5. заң 5. кодекс
6. әкімшілік 6. сенат
7. сот 7. мәжіліс
8. конституция 8. партия
9. азамат 9. тәуекел
10.саясат 10. адам
6 тур «Мені түсін».
«Мирас» тобы:
1. қылмыс
2. әділдік
3. еңбек ету
«Қыран» тобы:
1. ҚР-ның азаматы