SlideShare a Scribd company logo
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Қазақстанның ХХХ-жылдығы ауылы
Молда Мұса атындағы жалпы орта
менктебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Света Полатовна
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
1. Қысқы мерекелер туралы түсініктерін кеңейту. жаңа жыл
мерекесінің ерекшелігін меңгерту.
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кеш барысындаөзін еркін
ұстауды, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру.
3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа,
көпшілік алдындағы ұстамдылыққа тәбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген сахна. шырша, шарлар, жалаушалар,
нақыл сөздерібар плакаттар.
Барысы:
Ән: «Шырша жырын айтамыз.»
-Құрметті бүгінгі кештің қонақтары сіздерді жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймыз!Жаңа жыл бақыт, берекесімен келсін! Балалардың өздеріңізге
арнаған аз ғана мерекелік қойылымынқабыл алыңыздар.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
- Қыстатойланатын мерекелер.
-Президент күні, Тәуелсіздік, Жаңа жыл.
-Жаңа жылда қандай қонақ шақыратын едік.
-Аяз ата, Ақшақар.
-Олай болсабүгін біз қонақ шақырып мерекені солқонақтармен бірге
қарсыалайық. (Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.)
-Қош келдіңіздер, Аяз ата мен Ақшақар!
-Саламатсыңдар ма, балалар. СендердіЖаңа жылдарыңменқұттықтау үшін,
өнерлеріңді тамашалау үшін, немерем екеуміз сонау алыстан арнайы келдік.
Сендергеарнап ақ қошқарды сыйлыққа ала келдік.(Құттықтау сөзі)
Ән: Жаңа жыл келді. (Әли, Уәли)
(Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақша қар, Жылан жылы, Мыстан кемпір, Алдар
Көсе, Бай, Кемпір, Қоян, Қасқыр, Тасбақа, Арыстан, Маша, Аю.)
-Төрлетіңіз ата, төргешығып демалыңыз. Біз сіздергеән салып, би билеп
береміз. Жылқы жылын, шығарыпсалып, Берекелі де, мерекелі қой жылын ала
келгеніңізге көп рахмет.
Ақшақар қошақанды ертіп алып шыршаның жанына билеп жүреді. Осының
бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады. Мыстан кемпір Ақшақардың
қошақанына қызығып, өз айласын асырып, ұрлап алып кетеді. Осы кезде
Ақшақар қошақанын жоғалтып қорқып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып
қалады. Қолына қошақан тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады.
(Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянмен билеп келе жатқан
Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.
Қасқыр:
-Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?
Мыстан кемпір:
-Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың
өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап
алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
(Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан
кемпірдің артына тығылады.)
Қоян:
-Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп
қоймайсыз ба?
Қасқыр:
-Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде
Мыстан кемпір Ақшақардың Ақ Қошақанын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз
көмектесейік.
(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян
ақылдасады).
Қасқыр:
-Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік.
Сен бәрінің берекесін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Сіз бібенен
бірге ойын ойнап жарысыңыз, Жеңсек Ақ Қошақанды өзімізге қайтарып
бересіз.
Мыстан кемпір:
- Жақсы, келістік. Өз сөздеріңненайнып кетіп жүрмеңдер.
(Ойын: Сөредегіконфеттер.
Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, ойындажеңіске өзі
жетіп алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянғаашуланып, өкпесі
қара қазандай болып, уәдесінен айнып, «Қап, бәлем!»-деп Қоянды қуа
жөнеледі. Қоянодан әрмен қашады.)
Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп
жүргенАрыстан мен Тасбақағажолығады.
Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның
көңілді-күйін көріп ашуланады.
Ән: Анашым. (Нұргүл)
Би: Вальс.
Мыстан кемпір:
-Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра
алмады. . Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі
Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ
Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
Арыстан мен Тасбақаның сөзі:
Тасбақа:
- Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман
қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың Ақ Қошақанын қайтарғаның дұрыс
болар.
Мыстан кемпір:
-Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер.
Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!
Тасбақа:
-Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.
Мыстан кемпір:
-Шарт дейсіндер ме?! (қарқылдап күледі).
- Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып,жарыстырып.
Енді сендер не істемексіңдер?
Тасбақамен Арыстан жарыса сөйлеп:
-Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек,
сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.
Мыстан кемпірдің биі
/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап
етеді/.
Арыстан мен Тасбақаның биі:мектеп оқушыларымен бірге билейді.
Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды
талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап
шығады.
Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз
жөндеріне кетеді.
Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға
кездеседі.
Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын,
өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.
Мыстан кемпір:
-Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра
алмады. . Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі
Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ
Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
(Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны
қорғамақ болып, бауырынажасырады.)
Аю:
-Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы
сіздің қолыңыздағы Ақ Қошақанда тұр ма?
Мыстан кемпір:
-Әрине. Жаңа ылға жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың Ақ
Қошақаны менің қолымда тұрғанжоқ па?
Аю:
-Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр
талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда
сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға
қайтарасыз.
Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.
Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.
Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға
аты белгілі болған атақты Алдар Көсеауылына табан тірейді.
Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты
байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан
кемпір мен Алдар Көсеекеуінің әңгімелеріне араласады.
Мыстан кемпір:
-Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.
Алдар Көсе:Елдің бәрін шулатып жүргенсенсің бе?
Би: Хаттуба. Мавлюда
Ән: Қошақаным. Ұлдар
Мыстан кемпір:
-Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі
менен айласын асыра алмады.
-Керім болсаң, мына менің қолымдағы Ақ Қошақанды алып көр.
Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды
халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын
жасайды.
Алдар Көсе:
- Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе
жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп,
Мыстанның жанындағы Ақ Қошақанды айдап жібереді.
Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай
қалады.
Алдар Көсе:
-Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына андағы көп қошақандардың ішінен
Ақ Қошақанды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп
миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен
Ақшақардан кешірім сұрайсың.
Мыстан кемпір әр қошақанды бір ұстап, қанша іздесе де, Ақ Қошақанды
таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.
Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып
шыршаныңжанына келеді.
Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар
Көсе Ақ Қошақанды Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі.
балаларды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны
қарсылап алады. Жаңа жылды көптен күткен балалар қуанып ән айтып
береді.
Аяз атаныңқоштасу сөзі:
-Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап
келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі
екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын
бұлғап шығып кетеді).
Би: Ақшақарлар
Балалар: Сау болыңыздар!
Ән: Жаңа жыл, жыңа жыл, жаңа жыл!
-Қымбатты оқушылар, сендердімектептегі алғашқы жетістіктеріңмен
құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлегенсапарларың сәтті болсын!
Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата-аналарда

More Related Content

What's hot

332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjknurlan93kz
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріBilim All
 
Ульсан жазбалары
Ульсан жазбаларыУльсан жазбалары
Ульсан жазбаларыSan Askaruly
 
Ертегіде қонақта
Ертегіде қонақтаЕртегіде қонақта
Ертегіде қонақтаBilim All
 
Ertegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpekErtegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpekErnur Esenjolov
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАйбек Қуандықұлы
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанsanvia
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыAsem Sarsembayeva
 

What's hot (20)

332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk
 
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожалучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
 
799fgg
799fgg799fgg
799fgg
 
tr
trtr
tr
 
көкөністер айтысыD
көкөністер айтысыDкөкөністер айтысыD
көкөністер айтысыD
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
 
ойында озған бала. кітапша
ойында озған бала. кітапшаойында озған бала. кітапша
ойында озған бала. кітапша
 
сценарий 8 наурыз
сценарий 8 наурызсценарий 8 наурыз
сценарий 8 наурыз
 
d Tyutu1)
d  Tyutu1)d  Tyutu1)
d Tyutu1)
 
Ульсан жазбалары
Ульсан жазбаларыУльсан жазбалары
Ульсан жазбалары
 
Ertegi ottik
Ertegi ottikErtegi ottik
Ertegi ottik
 
Ертегіде қонақта
Ертегіде қонақтаЕртегіде қонақта
Ертегіде қонақта
 
қыс
қысқыс
қыс
 
Ertegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpekErtegi shoshakai shelpek
Ertegi shoshakai shelpek
 
к¦тапша математика
к¦тапша математикак¦тапша математика
к¦тапша математика
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
 
фффв
фффвфффв
фффв
 
армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялаған
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағы
 

Similar to 654ererer

дана жайдарман апай
дана жайдарман апайдана жайдарман апай
дана жайдарман апайAsem Sarsembayeva
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаевdimissanova
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)oquzaman
 
Наурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанНаурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанErjan Beisenhojaev
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отанымBilim All
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.Asem Sarsembayeva
 
Ұлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаҰлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаErjan Beisenhojaev
 

Similar to 654ererer (17)

дана жайдарман апай
дана жайдарман апайдана жайдарман апай
дана жайдарман апай
 
тарбие сагаты
тарбие сагатытарбие сагаты
тарбие сагаты
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаев
 
қыс
қысқыс
қыс
 
алия
алияалия
алия
 
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
 
дюсекина
дюсекинадюсекина
дюсекина
 
наурызв
наурызвнаурызв
наурызв
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)
г. щучинск, бекенева к.а. конкурсная работа (1)
 
сейткалиева
сейткалиевасейткалиева
сейткалиева
 
Наурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанНаурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думан
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отаным
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
 
Ұлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаҰлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математика
 

More from nurlan93kz

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 

More from nurlan93kz (20)

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 

654ererer

  • 1. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Қазақстанның ХХХ-жылдығы ауылы Молда Мұса атындағы жалпы орта менктебі Бастауыш сынып мұғалімі Искакова Света Полатовна «Қош келдің, Жаңа жыл!» Мақсаты: 1. Қысқы мерекелер туралы түсініктерін кеңейту. жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін меңгерту. 2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кеш барысындаөзін еркін ұстауды, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру. 3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа тәбиелеу. Көрнекілігі: Әсем безендірілген сахна. шырша, шарлар, жалаушалар, нақыл сөздерібар плакаттар. Барысы: Ән: «Шырша жырын айтамыз.» -Құрметті бүгінгі кештің қонақтары сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!Жаңа жыл бақыт, берекесімен келсін! Балалардың өздеріңізге арнаған аз ғана мерекелік қойылымынқабыл алыңыздар. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс. - Қыстатойланатын мерекелер. -Президент күні, Тәуелсіздік, Жаңа жыл. -Жаңа жылда қандай қонақ шақыратын едік. -Аяз ата, Ақшақар. -Олай болсабүгін біз қонақ шақырып мерекені солқонақтармен бірге қарсыалайық. (Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.) -Қош келдіңіздер, Аяз ата мен Ақшақар! -Саламатсыңдар ма, балалар. СендердіЖаңа жылдарыңменқұттықтау үшін, өнерлеріңді тамашалау үшін, немерем екеуміз сонау алыстан арнайы келдік. Сендергеарнап ақ қошқарды сыйлыққа ала келдік.(Құттықтау сөзі) Ән: Жаңа жыл келді. (Әли, Уәли) (Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақша қар, Жылан жылы, Мыстан кемпір, Алдар Көсе, Бай, Кемпір, Қоян, Қасқыр, Тасбақа, Арыстан, Маша, Аю.)
  • 2. -Төрлетіңіз ата, төргешығып демалыңыз. Біз сіздергеән салып, би билеп береміз. Жылқы жылын, шығарыпсалып, Берекелі де, мерекелі қой жылын ала келгеніңізге көп рахмет. Ақшақар қошақанды ертіп алып шыршаның жанына билеп жүреді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады. Мыстан кемпір Ақшақардың қошақанына қызығып, өз айласын асырып, ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар қошақанын жоғалтып қорқып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына қошақан тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. (Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянмен билеп келе жатқан Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды. Қасқыр: -Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар? Мыстан кемпір: -Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі. (Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.) Қоян: -Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба? Қасқыр: -Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың Ақ Қошақанын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік. (Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады). Қасқыр: -Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекесін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Сіз бібенен бірге ойын ойнап жарысыңыз, Жеңсек Ақ Қошақанды өзімізге қайтарып бересіз. Мыстан кемпір:
  • 3. - Жақсы, келістік. Өз сөздеріңненайнып кетіп жүрмеңдер. (Ойын: Сөредегіконфеттер. Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, ойындажеңіске өзі жетіп алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянғаашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, «Қап, бәлем!»-деп Қоянды қуа жөнеледі. Қоянодан әрмен қашады.) Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүргенАрыстан мен Тасбақағажолығады. Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді-күйін көріп ашуланады. Ән: Анашым. (Нұргүл) Би: Вальс. Мыстан кемпір: -Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. . Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі. Арыстан мен Тасбақаның сөзі: Тасбақа: - Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың Ақ Қошақанын қайтарғаның дұрыс болар. Мыстан кемпір: -Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем! Тасбақа: -Біздің сізге қояр бір шартымыз бар. Мыстан кемпір: -Шарт дейсіндер ме?! (қарқылдап күледі). - Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып,жарыстырып. Енді сендер не істемексіңдер?
  • 4. Тасбақамен Арыстан жарыса сөйлеп: -Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың. Мыстан кемпірдің биі /Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/. Арыстан мен Тасбақаның биі:мектеп оқушыларымен бірге билейді. Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады. Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді. Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі. Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады. Мыстан кемпір: -Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. . Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі. (Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырынажасырады.) Аю: -Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы Ақ Қошақанда тұр ма? Мыстан кемпір: -Әрине. Жаңа ылға жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың Ақ Қошақаны менің қолымда тұрғанжоқ па? Аю: -Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда
  • 5. сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз. Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық. Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын. Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсеауылына табан тірейді. Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсеекеуінің әңгімелеріне араласады. Мыстан кемпір: -Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар. Алдар Көсе:Елдің бәрін шулатып жүргенсенсің бе? Би: Хаттуба. Мавлюда Ән: Қошақаным. Ұлдар Мыстан кемпір: -Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. -Керім болсаң, мына менің қолымдағы Ақ Қошақанды алып көр. Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды. Алдар Көсе: - Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның жанындағы Ақ Қошақанды айдап жібереді. Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады. Алдар Көсе:
  • 6. -Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына андағы көп қошақандардың ішінен Ақ Қошақанды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың. Мыстан кемпір әр қошақанды бір ұстап, қанша іздесе де, Ақ Қошақанды таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады. Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаныңжанына келеді. Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе Ақ Қошақанды Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі. балаларды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады. Жаңа жылды көптен күткен балалар қуанып ән айтып береді. Аяз атаныңқоштасу сөзі: -Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді). Би: Ақшақарлар Балалар: Сау болыңыздар! Ән: Жаңа жыл, жыңа жыл, жаңа жыл! -Қымбатты оқушылар, сендердімектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлегенсапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі: 1. Мектебіміздің директоры. 2. Ата-аналарда