SlideShare a Scribd company logo
№ 3 тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесін баптау және
басқару әдістері. Стандартты программалармен жұмыс істеу. Жарлық және
буманы құру, атын ауыстыру. Ақпарат тасмалдаушылармен жұмыс істеу.
Сағатсаны:180 минут
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, компьютерменжұмыс
Сабақты жүргізу әдісі: машықтық, көргізбелі, түсіндірмелі
Сабақтың мақсаты: Windows негізгі нысандарыныңанықтамалары мен
сипаттамалары туралы оқушыға түсінік беру
1. Білім беру: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
- Информатика пәнін, мазмұнын, информация өлшем бірлігін
- Компьютерде информация көрсетебілу
- Теориялықсабақта алған білімін өз бетінше талдауға және тәжірибе
жүзінде білімін қолдануды;
2. Тәрбиелік:
- Құрал-жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауды үйрету;
- Өз ісіне жауапты, ұқыпты, білімділікке, еңбексүйгіштікке,
еркіндікке, адамгершілікке баулы;
- Оқу орнынқадірлеу, колледжішілік ережеге бағыну;
3. Ой-өрісін кеңейту:
- Тәжірибе сабағыменбайланыстыраотыра білуді үйрету;
- Өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл аудару;
4. Дамытушылық:
- Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін дамыту;
- Жаңа технологияны меңгерту;
- Компьютерменжұмыс істеу қабілетін жетілдіру;
- Ғылыми-оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс
істеп білуге үйрету;
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) компьютерлер, проектор, интерактивті тақта
ә) тесттер, сөзжұмбақ
б) лекция материалдары
Әдебиеттер:
1. Әдістемелік: жұмыс бағдарламасынанкөшірме, дәріс, тесттер.
2. Материалдық: Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов «Жаңа
информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. ҚР
ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты
компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» .
Ғаламтор материалдары.
Әдістемелік: жұмыс бағдарламасының көшірмесі, практикалық сабақтың
әзірлемесі.
Жаңа тәсілдер іскерлік пен дағдылар қалыптастыру: тесттерді
компьютер арқылы тапсыру, компьютерде тапсырмалар орындау.
Дәріс сабағының логико-структуралық сызылмасы мен хронокартасы
1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут
2. Оқушылардың білімін тексеру - 40 минут
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 55 минут
4. Студенттердің өзіндік жұмысы - 60 минут
5. Жаңа тақырыпты пысықтау - 10 минут
6. Сабақты қорытындылау - 5 минут
7. Үйге тапсырма - 5 минут
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
а) сәлемдесу,
б) студенттерді түгелдеу,
в) өткен сабақтың тақырыбын, жоспарын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (40 мин)
А) ауызша
Б) тест
«Ою-өрнек» перфокартасы
1. Компьютердің негізгі тораптарын қамтитын қорап?
А) желілік орта
Б) жүйелік қорап
С) себет
2. Компьютердежұмыс істеу негізінде барлық мәлімет қандай тақша арқылы
өңделеді?
А) аналық немесе жүйелік
Б) тінтуір
С) пернетақта
3. Сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?
А) принтер
Б) пернетақта
С) колонка
4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын
құрылғы?
А) порттар
Б) желілік тақша
С) сканер
5. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?
А) колонка,
Б) монитор
С) сканер
6. Бейне беттегі жиектермен қоршаған тік төртбұрышты аймақ
А) жүйелік қорап
Б) тінтуір
С) терезе
7. Корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар оларға
әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады
А) терезе
Б) порттар
С) принтер
8. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар?
А) жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір
Б) модем
С) тінтуір
9. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге пайдаланушы мен
компьютер арасындағы ақпараттың байланысты қамтамасыз етуге арналған
құрылғы
А) монитор
Б) терезе
С) сканер
10. Компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара
мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы?
А) монитор
Б) модем
С) пернетақта
11. Қандай амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады?
А) желілік тақша
Б) порттар
С) Windows
12. Дәл кәзір іске қосылып тұрған бағдарламалардың бір бөлігін, сондай-ақ
жүйелік уақытты көрсетеді?
А) индикаторлар үстелі
Б) желілік орта
С) бастау
13. Терезелердің белгішелері тапсырмалар үстелі бастау батырмасы
орналасады?
А) құжаттар
Б) бастау
С) себет, желілік орта
14. Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жүргізетін шағын
манипулятор
А) тінтуір
Б) пернетақта
С) монитор
15. Бұл алуан түрлі тасмалданушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және
жазуға арналған физикалық құрылғылар
А) диск жетектері
Б) процессор
С) тұрғылықты диск
16. Микропроцессор компьютердегі мәліметтер өңдеу құрылғысы
А) дыбыстық тақша
Б) процессор
С) жүйелік қорап
№ 1 дұрыс жауабы
1
Б
2
А
3
А
4
С
5
А
6
С
7
Б
8
А
9
А
10
Б
11
С
12
А
13
С
14
А
15
А
16
Б
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (55 минут)
Windows операциялық жүйесін баптау және
басқару әдістері.
1. Стандартты программаменжұмыс істеу.
2. Жарлық пен буманы құру және атын ауыстыру
3. Ақпарат тасымалдаушыларымен жұмыс істеу.
Операциялық жүйлер- компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы
программаларменбайланысы бар нақты программа. Компьютерлер үшін кең
тараған операциялық жүйе Windows 98, Windows 2000, Windows NT,
Windows XP жатады.
Windows 98, Windows NT, Windows XP көп мақсатты жүйелер болып
саналады. Көп мақсаттылық – бір компьютерде бір уақытта қатарласа
бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып
жатуы.
Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды
ұйымдастырады, компьютер құрылғыларымен өзара байланыста жұмыс
істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын
қамтамасыз етеді.
Белгілі бір қосамша қызмет атқаруға керекті программалар тобы
утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық
программаларды, мәліметтерді архивтеу прогроаммаларын, компьютердің
жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды (тест программалар)
айтуға болады.
Сервистік программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен
жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы есептер шығаруға болады. Мұндай
программалар «қолданбалы» деп аталады. Қолданбалы программалар сан
есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік
процессор, графикалық редаутор, баспаханалық жүйелер) жалпы көпшілікке
қызмет кешендерін де жатқызуға болады.
Қолданбалы программалық жасақтама – белгілі бір мамандық
саласында нақты септер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі
бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебеп болып екіге бөлінеді.
Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама
әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану
аймағы да шектеулі.
Әмбебеп программалық жасақтама бұл программалар тек бір есепті
шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын
түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді
түгел қамти алатын болады.
Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап
программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- Мәтін редакторлары;
- Графикалық редакторлар;
- Электрондық кестелер;
- Оқыту және ойнау программалары;
- Информациялық жүйелер т.б
Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар
мәтін редакторы деп аталады. Мәтіндік редакторлары экранда мәтіндерді
түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтың оң,сол жақ жиектерін
түзетуге, мәтіндерді дискілерге ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден
тауып алуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
Графиктік редакторлар – графиктік информацияны дайындау мен
өңдеуге арналған программаболыптабылады. Соныменқатар графикалық
редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп – схемалар, сызбалар, суреттер
түрлерде бере алады.
Электрондық кестелержүйесінде миллионнан аса торлар(ұяшықтар)
болады. Олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе
формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу
арқылы толтырылады.
Стандартты программаның түрлері
1. Блокнот
2. Калькулятор
3. Paint
4. WordPat
Paint графикалық редакторы
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік береді.Бұл
программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық
шығармаларға дейін жасауға болады.
Wordpad мәтіндік редакторы
Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Ол мәтін мен
абзацты пішіндеуге,шекараларды жылжытуға,шегініс орнатуға ,әртүрлі
қаріпті қолдануға,сонымен қатар графикалық кескіндерді ,дыбыс үзінділері
мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Калькулятор
Қарапайым калькулятор-арифметикалық амалдардан басқа санаулы
әрекеттерді және бірнеше функцияларды орындайды.
• Инженерлік калькулятор-қарапайым калькуляторға ұқсас,бірақ оның
батырмалары көбірек ,олардың кейбіреулері 2-3міндет атқарады.
Блокнот
Бұл программағамекенжай мен телефоннан басқа,танысың жайлы да кез
келген деректерді енгізіп,сақтауға болады.
«Операциялықжүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» тақырыбы
бойынша:
 Жұмы үстелінің құрылымын орналастыру. (олай болса студенттер
жұмыс үстелі файлдардан, бумалардан және жарлықтардан тұрады
екен.
Компьютердегібарлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол
тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен
қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар,
бумалар және жарлықтар.
 Файлдар
Файл- байттардыңатауы бар кейбір тізбегі. Файлдар атауының
ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.
 Бумалар
Бума - ақпаратты реттеу үшін құрылады. Мысалы бума ретінде
оқушының портфелі бар. Ол портфелге дәл бүгін өзіне керек
оқулықтар мен дәптер құралдарын салады, яғни оқушы ақпаратты
сабақ кестесі бойыншареттейді. Оқушы портфелдің әр бөліміне оқу
құралдарынорныменорналастырады. Мұны компьютер тіліне
аударсақ, онда оқушы ішкі буманы құрады. Ақпаратты сақтаудың
мұндай құрылымы бұтақтаруы (иерархия)деп аталады.Буманың 2
түрі бар:
Жүйелік бумалар (Компьютер, корзинажатады)
Жұмысшы бумалар (өзіміз құрғанбумалар жатады)
 Бума құруалгоритмі: контекстік менюді шақыру – Создать (Құру) -
Папку (Буманы) командаларын орындаймыз.
 Жарлықтар
Жарлық - кез келген программағақол жеткізуді жеңілдететін сілтеме.
Мысалы компьютерімізді Антивирустық программаларғатексерту
үшін Пуск – Программы – Kaspersky Anti-Virus командаларын
орындауқажет болып бірнеше терезе ашамыз. Осының бәріне уақыт
жоғалтпау үшін жұмыс үстелінде әр программаның жарлығынан
тышқанды екі рет шертсе болғаны.
 Жарлық құру алгоритмі: Қажетті нысанныңүстінде шақырылған
контекстік менюден – Жарлық құру(Создать ярлык) бұйрығын
орындау
Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне
орналастыруғаарналған бұйрық:Қажетті нысанның үстінде
шақырылған контекстік менюден – Отправить – Рабочий стол(Создать
ярлык) командасынорындаукерек.
 Нысандардың атауынөзгертуалгоритмі: Нысандардың
контекстік менюін шақыру - Переименовать командасынорындау
керек.
Нысандардыңқасиеттері: Нысандардың контекстік менюін шақыру -
Свойства(қасиеттер) командасынорындаукерек.
Ақпарат тасушылары
Қазіргі адамның өмірі ақпарат тасушы техникасымен тығыз байлынысты
болғандықтан, күнделікті өмірімізде ақпараттың шексіз көлеміне тап
боламыз. Ол ақпарат қарапайым фотоаппаратта қолданылатын жады
картасында, көлікте орналасқан аудио ойнатқышқа
арналған CD тасушысында, тіпті өткен ғасырдың 80 жылдары пайда
болған бейнетаспада сақталуы мүмкін. Әрине, соңғысы қазіргі таңда өте
сирек кездесетін техно құрылғы болғанымен, оныңадам баласына ұзақ уақыт
қызмет жасағаны жайлы ұмытпағанымыз жөн.
Компьютеріңіз жоғары сапалы бейнефильмдерге толы шығар? Ал бір он
шақты жыл бұрын адам баласына ақпаратты сақтап, оны бір жерден екінші
жерге тасымалдау үшін 3 дюймілі дискета да жетіп жататын. Ол дискетаның
не екенін көбіміз білмейміз де. Қолданушылардың ақпаратты жадыда сақтау
сұранысы адам баласын ақпарат сақтаудағы жаңа алгоритмдерді ойлап
табуға итермелеп отырды, техника да бір орында тұра бермейтінін сіз бен біз
жақсы білеміз.
Бүгінгі біздің әңгімеміз ақпарат тасушылардағы эволюция, яғни олардың
даму жолы жайлы болмақ.
Алғашқы ақпарат тасушының рөлін қағаздан, ағаштан сондай-ақ, пластиктен
жасалған төртбұрышты перфокарта атқарды.
Алғашқы ақпарат тасушы ХІХ ғ.пайда болған. Сол кезде компьютер жайлы
еш әңгіме де болмағанымен, француз өнертапқышы Жозеф-Мари
Жаккардтың тігін машиналарында қолданыс
тапқан перфокарталар қазіргі заманауи "флешкалардың" атасы деуге
толықтай негіз бар. Екеуі де белгілі бір ақпаратты сақтап отырды.
Перфокарталардың көмегімен тігінші ою-өрнектің суретін бағыттап отырды.
ХІХ ғ. 30 жылдарында перфокарталар Чарльзя Бэббидждің алғашқы
есептеуіш машиналары мен Семен Корсаковтың механикалық
құрылғыларында пайдаланыла бастады. Өлшемі 187,325 × 82,55 мен
қалыңдығы 0,178 мм болатын сандар қатары жазылған және белгілі бір
орындарында тесіктері бар перфокарталардың осындай
түрі IBMкомпаниясымен қолданысқа 1928 жылы жіберілді. Перфокарталар
өткен ғасырдың 80 жылдарына дейін қолданылғанымен, адамның ақпарат
сақтаудағы сұранысты толықтай қанағаттандыра алмады. Кейін
перфокарталарды пластикалық дискеталар ығыстырып жіберді.
Дискетаның иілгіш магнитті диск екенін
біріміз білсек, біріміз білмейміз. Магнитті
диск механикалық бұзылудан сақталуы
үшін пластикалық корпуспен және
ферромагниттік қаппен қапталды. 1967
жылы IBMкомпаниясының зерханасында
диаметрі 8 дюйм болатын алғашқы дискета пайда болды. Ал 1971 жылы
сыйымдылығы 80 килобайт болатын ақпарат тасушы көпшілікке көрсетілді.
Уақыт өте келе, дискеталардың өлшемдері кішірейіп, сыйымдылығы арта
түсті. Осылайша 1991 жылға таман 3,5 дюймілі көлемі 1,44
мегабайттық дискета пайда болды. Өкінішке орай, дискеталарды берік
ақпарат тасушы деп атауға болмайтын. Оған бірнеше себеп болатын. Атап
айтсақ, дискеталардағы магниттік лента магнит өрісінің кесірінен
магниттелініп істен шығып отыратын. Дисководтарда да дискеталар жиі-жиі
бұзылып қалатын. Бір сөзбен айтқанда,, дискеталардың ғұмыры ұзаққа
бармады. Әр заттың өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Ақпарат тасушылар дәуіріндегі келесі
қадам - оптикалық
дисктер. Дисктен ақпараттың оқылуы
оптикалық сәулелену
процесі арқылы жүзеге асады. Осындай
құрылғылардың алғашқы үлгілері бейне
мен аудионы сақтау үшін
қолданылатын. Оптикалық дисктердің алғашқы даналары өткен ғасырдың 70
жылдарында пайда болды. Оптикалық дисктердің екінші ұрпағына 1996-1997
жылы пайда болған DVD дисктерін жатқызуға болады. Өлшемдері кәдімгі
CD дисктеріндей болғанымен, олардың ақпаратты сақтау сыйымдылығы
әлдеқайда үлкен болды. СD мен DVD дисктерінен ақпаратты оқуға, сондай-
ақ бір немесе бірнеше мәрте ақпарат жазуға болатын мүмкіндікті атап кету
керек. Ал қазір оптикалық дисктердің үшінші ұрпағы кең қолданысқа еніп
барады. HD DVD мен Blu-ray "форматтар соғысында" екіншісі басым түсті.
Бүгінгі таңда мұндай дисктің біреуі 23,3 тен 128 гигабайтқа дейін ақпаратты
сақтай алады. Мұндай мүмкіндік дискте қолданылатын "қабаттар" санына
байланысты. Қаншама ақпаратты сақтай алғанымен, мұндай дисктердің бір
өте үлкен кемшілігі бар. Олар механикалық бұзылуға төтеп бере алмайды.
Тіпті, дискке иненің ұшындай дақ немесе сызық түссе, ақпараттың бұзылуы
орын алуы мүмкін. Бұған қоса, ақпаратты дискке көшіру жылдамдығы көп
жағдайда қолданушылардың көңілінен шықпайды, қайта жазу циклдері де
дисктің параметрлеріне қатты тәуелді боп тұрады. Осының салдарынан
дисктердің орнын басу үшін ақылгөйлер 100 мың көшіру/өшіру циклға
дейін жұмыс істейтін флеш-жадыларды ойлап тапты.
1984 жылы Toshiba компаниясының
инженері Фудзио Масуока флеш-
жадыны ойлап тапты.
Коммерциялық қолданысқа
арналған алғашқы флеш-
чипті Intel компаниясы 1988 жылы шығарды. Қазіргі таңда флеш жадылар
ұялы телефондарда, фото,бейнекамераларында, мобильді құрылғыларда,
компьютерлерде қолданылып келеді. Флеш жадылардың көлемі мен
өлшемдері әр түрлі болады. Қазіргі таңда флеш-жадылар жүзден астам
гигабайт ақпаратты сақтай алады. Қазіргі кезде қарапайым "флешка" үйдің
кілті секілді әр адамның қалтасынан таба аласыз. Бұған таң қалудың қажеті
жоқ.
Жоғарыдаайтылған барлық ақпарат тасушылар ажыратылмалы болған. Енді
компьютерлердеіштей орнатылған, яғни қатқыл дисктер жайлы айтып
кетсек.
Қатқыл дискте орналасқанқатты
пластиналардың беті ферромагнетиктің
қабатымен қапталған. Көп жағдайда қатқыл дисккомпьютердің ішіне
орнатылады. Алғашқы қатқыл диск IBM компаниясының
инженерлерімен 1956 жылы құрастырылды. Көлемібар жоғы бес-ақ
мегабайт болды. Қазіргізаманауи терабайттық дисктерменсалыстыруға
келмейді. Уақыт өте келе, қатқыл дисктердің көлемі үлкейді, өлшемдері
сәйкесінше кішірейіп отырған. Заманауидисктер3 терабайтқа дейін
ақпаратты сақтай алады. Алда жады тағы үлкейетініне сенімдіміз...
ІҮ. Студенттердің өзіндік жұмысы – 60 минут
Компьютердегітәжірибелікжұмыс
А деңгейі
1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық
құрыңдар;
2. Құрған жарлықтардың атауын ауыстырыңдар;
3. Құрған жарлықты Қоржын(Корзина) апарыңдар.
В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар;
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар;
3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар;
4. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
С деңгейі
1. Мәтіндік редактордажарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін
сипаттаңдар;
2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар;
3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар;
4. Осы екі файлды Жұмыс деген атаудағы бумаға сақтаңдар;
5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар;
6. Жұмыс бумасынжасырынетіңдер;
7. Жұмыс бумасынжойыңдар;
8. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.
Сиқырлы сөздітап
• Б к с п р о г
• Л а т а н д р а м
• А л ь к у л а р т м а
• К н о т я т о р т ы
Калькулятор
Sin X^3 X^y
Pi log X^2
Tan cos ln
• 1…………. Берілген санның синусын есептейді.
• 2…………. Берілген санның косинусын есептейді.
• 3…………. Берілген санның тангенсін есептейді.
• 4…………. Х-тің Y дәрежесін есептейді.
• 5…………. Санның кубын табады.
• 6…………. Санның квадратынтабады.
• 7…………. Берілген санның натураллогарифмін есептейді.
• 8…………. Берілген санның ондық логарифмін есептейді.
• 9…………. П-мәнін шығарады.
Paint графикалық редакторы
Қылқалам
Бұрыш
дөңгеленгендоғал
тік төртбұрыш
Қарындаш
Тік төртбұрыш
Құю(заливка)
Масштаб
Түс таңдау
Сызық
Қисық
Белгілеу
Ерікті аймақты
белгілеу
Бүріккіш
Өшіргіш
Эллипс
Жазу
Көпбұрыш
Блокнот
Калькулятор
Word pad
1)........құралы,бұлқисық(дұрыс емес)пішінді үзіндіні
таңдау қызметін атқарады.
2)............құралы деп аталады және суреттің тік
төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
3)............бұлсуреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге
арналған
4).............құралы,тұйықконтурдыңішін кескін немесе
фон түсімен бояйды
5)............ құралы,кескіннің немесе оның фонын
суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
6).............бұлсуреттің жеке үзінділерін үлкейтуге
мүмкіндік береді
7).............бұлкез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта
сызуғаарналған
8)............еріктісызықтарды салуға арналған.осы
құралдыңқажетті түрін таңдап алуға болады
9)......пульверизатор эффектісін береді
10)……..бұлсуретішіне мәтінді орналастырады
11)..........түзусызықты салуға арналған
12)............тегістелген,қабаттасқансызықтар салуға
мүмкіндік береді
13).............тіктөртбұрыштар салуға арналған
14)..............еріктіпішінді тұйық көпбұрыштар салады
15)..............шеңбер және эллипс салуға арналған
16)...............бұрыштарыдөңгеленгенквадраттар мен тік
төртбұрыштар салуғамүмкіндік береді.
17)............бір ғана шрифт түрін пайдаланатын
қарапайым мәтіндік редактор. Әдетте ол телеграмма,
хат сияқты қысқа мәліметтерді дайындауда
қолданылады.
18)............. әдеттегіинженерлік, арифметикалық
калькулятор сияқты жұмыс істейді.
19).............мәтіндік редакторы – құрамынажиі
пайдаланылатын командаларды орындауғаарналған
аспаптар панелі енгізілген.
Қызықты ребустар
Ү. Жаңа сабақты пысықтау (10 мин)
Ақпарат түрлеріне, қасиеттеріне шолу. Өлшем бірліктерін айту.
Құрылғылары туралы анықтамалар.
СҰРАҚТАР
1. Калькулятор түрі?
2. Бір ғана шрифт түрін пайдаланатын қарапайым
мәтіндік редактор?
3. Адам,құрылғы және программаныңөзараәрекеттестіктерін
қамтамасыз ететін құралдар мен ережелер ?
4 Калькулятордыңтүрі?
5. Word………..редактор
6. Стандартты программаныңесептеуіш құралы?
7. Жүйенің кез келген обьектісін іздеп табуға және олармен қажетті
әрекеттер жасауға болатынпрограмманы ата?
ҮІ. Сабақты қортындылау (5 мин)
Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі
тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
ҮІІ. Үйге тапсырма (5 мин) лекция. Ғаламтордан қосымша мәліметтер
дайындау. Суреттер.

More Related Content

Similar to сабак 3 м-с практика

Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.pptИнформатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
UlzhanAbuova
 
дәріс 29
дәріс 29дәріс 29
дәріс 29
Jax38
 
есептеуіш техниканың даму тарихы
есептеуіш техниканың  даму тарихыесептеуіш техниканың  даму тарихы
есептеуіш техниканың даму тарихы
Dan41k
 
Интернет технология және Web бағдарламалау
Интернет технология және Web бағдарламалауИнтернет технология және Web бағдарламалау
Интернет технология және Web бағдарламалау
Rauan Ibraikhan
 
жалпы мағлұмат Ms dos
жалпы мағлұмат Ms dosжалпы мағлұмат Ms dos
жалпы мағлұмат Ms dos
Nurik4321
 

Similar to сабак 3 м-с практика (20)

Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.pptИнформатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
Информатикадан _ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ_ интеллектуалды ойын.ppt
 
Пішін және басқару элементтері
Пішін және басқару элементтері  Пішін және басқару элементтері
Пішін және басқару элементтері
 
Интернетке қосу және браузерлер түрі
Интернетке қосу және браузерлер түріИнтернетке қосу және браузерлер түрі
Интернетке қосу және браузерлер түрі
 
дәріс 29
дәріс 29дәріс 29
дәріс 29
 
есептеуіш техниканың даму тарихы
есептеуіш техниканың  даму тарихыесептеуіш техниканың  даму тарихы
есептеуіш техниканың даму тарихы
 
Интернет технология және Web бағдарламалау
Интернет технология және Web бағдарламалауИнтернет технология және Web бағдарламалау
Интернет технология және Web бағдарламалау
 
жалпы мағлұмат Ms dos
жалпы мағлұмат Ms dosжалпы мағлұмат Ms dos
жалпы мағлұмат Ms dos
 
ашык сабак жоспары
ашык сабак жоспарыашык сабак жоспары
ашык сабак жоспары
 
Мәтіндік редакторлар
Мәтіндік редакторларМәтіндік редакторлар
Мәтіндік редакторлар
 
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустарКомпьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
 
УМК по предмету _Желілік технологияға кіріспе_.doc
УМК по предмету _Желілік технологияға кіріспе_.docУМК по предмету _Желілік технологияға кіріспе_.doc
УМК по предмету _Желілік технологияға кіріспе_.doc
 
архиваторлар
архиваторларархиваторлар
архиваторлар
 
жансая диплом
жансая дипломжансая диплом
жансая диплом
 
көшерова ашык сабакв
көшерова  ашык сабаквкөшерова  ашык сабакв
көшерова ашык сабакв
 
Arxivator virus
Arxivator virusArxivator virus
Arxivator virus
 
Мастер класс Teamviewer шығару
Мастер класс   Teamviewer шығаруМастер класс   Teamviewer шығару
Мастер класс Teamviewer шығару
 
Айнымалылар және деректер түрлері
Айнымалылар және деректер түрлеріАйнымалылар және деректер түрлері
Айнымалылар және деректер түрлері
 
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысыДербес компьютер. Компьютердің құрылысы
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы
 
885в
885в885в
885в
 
2 osi
2 osi2 osi
2 osi
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

сабак 3 м-с практика

  • 1. № 3 тәжірибелік сабақ Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесін баптау және басқару әдістері. Стандартты программалармен жұмыс істеу. Жарлық және буманы құру, атын ауыстыру. Ақпарат тасмалдаушылармен жұмыс істеу. Сағатсаны:180 минут Сабақтың түрі: Аралас сабақ, компьютерменжұмыс Сабақты жүргізу әдісі: машықтық, көргізбелі, түсіндірмелі Сабақтың мақсаты: Windows негізгі нысандарыныңанықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыға түсінік беру 1. Білім беру: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс: - Информатика пәнін, мазмұнын, информация өлшем бірлігін - Компьютерде информация көрсетебілу - Теориялықсабақта алған білімін өз бетінше талдауға және тәжірибе жүзінде білімін қолдануды; 2. Тәрбиелік: - Құрал-жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауды үйрету; - Өз ісіне жауапты, ұқыпты, білімділікке, еңбексүйгіштікке, еркіндікке, адамгершілікке баулы; - Оқу орнынқадірлеу, колледжішілік ережеге бағыну; 3. Ой-өрісін кеңейту: - Тәжірибе сабағыменбайланыстыраотыра білуді үйрету; - Өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл аудару; 4. Дамытушылық: - Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін дамыту; - Жаңа технологияны меңгерту; - Компьютерменжұмыс істеу қабілетін жетілдіру; - Ғылыми-оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеп білуге үйрету; Материалды-техникалық жабдықталуы: а) компьютерлер, проектор, интерактивті тақта ә) тесттер, сөзжұмбақ б) лекция материалдары Әдебиеттер: 1. Әдістемелік: жұмыс бағдарламасынанкөшірме, дәріс, тесттер. 2. Материалдық: Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты
  • 2. компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» . Ғаламтор материалдары. Әдістемелік: жұмыс бағдарламасының көшірмесі, практикалық сабақтың әзірлемесі. Жаңа тәсілдер іскерлік пен дағдылар қалыптастыру: тесттерді компьютер арқылы тапсыру, компьютерде тапсырмалар орындау. Дәріс сабағының логико-структуралық сызылмасы мен хронокартасы 1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут 2. Оқушылардың білімін тексеру - 40 минут 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 55 минут 4. Студенттердің өзіндік жұмысы - 60 минут 5. Жаңа тақырыпты пысықтау - 10 минут 6. Сабақты қорытындылау - 5 минут 7. Үйге тапсырма - 5 минут Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) а) сәлемдесу, б) студенттерді түгелдеу, в) өткен сабақтың тақырыбын, жоспарын айту ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (40 мин) А) ауызша Б) тест «Ою-өрнек» перфокартасы 1. Компьютердің негізгі тораптарын қамтитын қорап? А) желілік орта Б) жүйелік қорап С) себет 2. Компьютердежұмыс істеу негізінде барлық мәлімет қандай тақша арқылы өңделеді? А) аналық немесе жүйелік Б) тінтуір С) пернетақта 3. Сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? А) принтер Б) пернетақта С) колонка
  • 3. 4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы? А) порттар Б) желілік тақша С) сканер 5. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? А) колонка, Б) монитор С) сканер 6. Бейне беттегі жиектермен қоршаған тік төртбұрышты аймақ А) жүйелік қорап Б) тінтуір С) терезе 7. Корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады А) терезе Б) порттар С) принтер 8. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар? А) жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір Б) модем С) тінтуір 9. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттың байланысты қамтамасыз етуге арналған құрылғы А) монитор Б) терезе С) сканер 10. Компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы? А) монитор Б) модем С) пернетақта 11. Қандай амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады? А) желілік тақша Б) порттар С) Windows 12. Дәл кәзір іске қосылып тұрған бағдарламалардың бір бөлігін, сондай-ақ жүйелік уақытты көрсетеді? А) индикаторлар үстелі Б) желілік орта С) бастау 13. Терезелердің белгішелері тапсырмалар үстелі бастау батырмасы орналасады? А) құжаттар
  • 4. Б) бастау С) себет, желілік орта 14. Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жүргізетін шағын манипулятор А) тінтуір Б) пернетақта С) монитор 15. Бұл алуан түрлі тасмалданушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар А) диск жетектері Б) процессор С) тұрғылықты диск 16. Микропроцессор компьютердегі мәліметтер өңдеу құрылғысы А) дыбыстық тақша Б) процессор С) жүйелік қорап № 1 дұрыс жауабы 1 Б 2 А 3 А 4 С 5 А 6 С 7 Б 8 А 9 А 10 Б 11 С 12 А 13 С 14 А 15 А 16 Б ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (55 минут) Windows операциялық жүйесін баптау және басқару әдістері.
  • 5. 1. Стандартты программаменжұмыс істеу. 2. Жарлық пен буманы құру және атын ауыстыру 3. Ақпарат тасымалдаушыларымен жұмыс істеу. Операциялық жүйлер- компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программаларменбайланысы бар нақты программа. Компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйе Windows 98, Windows 2000, Windows NT, Windows XP жатады. Windows 98, Windows NT, Windows XP көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық – бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларымен өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Белгілі бір қосамша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық программаларды, мәліметтерді архивтеу прогроаммаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды (тест программалар) айтуға болады. Сервистік программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы есептер шығаруға болады. Мұндай программалар «қолданбалы» деп аталады. Қолданбалы программалар сан есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редаутор, баспаханалық жүйелер) жалпы көпшілікке қызмет кешендерін де жатқызуға болады.
  • 6. Қолданбалы программалық жасақтама – белгілі бір мамандық саласында нақты септер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебеп болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Әмбебеп программалық жасақтама бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болады. Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар: - Мәтін редакторлары; - Графикалық редакторлар; - Электрондық кестелер; - Оқыту және ойнау программалары; - Информациялық жүйелер т.б Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Мәтіндік редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтың оң,сол жақ жиектерін түзетуге, мәтіндерді дискілерге ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Графиктік редакторлар – графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программаболыптабылады. Соныменқатар графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп – схемалар, сызбалар, суреттер түрлерде бере алады. Электрондық кестелержүйесінде миллионнан аса торлар(ұяшықтар) болады. Олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Стандартты программаның түрлері 1. Блокнот 2. Калькулятор 3. Paint 4. WordPat Paint графикалық редакторы Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік береді.Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Wordpad мәтіндік редакторы
  • 7. Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Ол мәтін мен абзацты пішіндеуге,шекараларды жылжытуға,шегініс орнатуға ,әртүрлі қаріпті қолдануға,сонымен қатар графикалық кескіндерді ,дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Калькулятор Қарапайым калькулятор-арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды орындайды. • Инженерлік калькулятор-қарапайым калькуляторға ұқсас,бірақ оның батырмалары көбірек ,олардың кейбіреулері 2-3міндет атқарады. Блокнот Бұл программағамекенжай мен телефоннан басқа,танысың жайлы да кез келген деректерді енгізіп,сақтауға болады. «Операциялықжүйенің негізгі нысандары мен оны басқару» тақырыбы бойынша:  Жұмы үстелінің құрылымын орналастыру. (олай болса студенттер жұмыс үстелі файлдардан, бумалардан және жарлықтардан тұрады екен. Компьютердегібарлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.  Файлдар Файл- байттардыңатауы бар кейбір тізбегі. Файлдар атауының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.  Бумалар Бума - ақпаратты реттеу үшін құрылады. Мысалы бума ретінде оқушының портфелі бар. Ол портфелге дәл бүгін өзіне керек оқулықтар мен дәптер құралдарын салады, яғни оқушы ақпаратты сабақ кестесі бойыншареттейді. Оқушы портфелдің әр бөліміне оқу құралдарынорныменорналастырады. Мұны компьютер тіліне аударсақ, онда оқушы ішкі буманы құрады. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақтаруы (иерархия)деп аталады.Буманың 2 түрі бар: Жүйелік бумалар (Компьютер, корзинажатады) Жұмысшы бумалар (өзіміз құрғанбумалар жатады)  Бума құруалгоритмі: контекстік менюді шақыру – Создать (Құру) - Папку (Буманы) командаларын орындаймыз.  Жарлықтар Жарлық - кез келген программағақол жеткізуді жеңілдететін сілтеме. Мысалы компьютерімізді Антивирустық программаларғатексерту үшін Пуск – Программы – Kaspersky Anti-Virus командаларын
  • 8. орындауқажет болып бірнеше терезе ашамыз. Осының бәріне уақыт жоғалтпау үшін жұмыс үстелінде әр программаның жарлығынан тышқанды екі рет шертсе болғаны.  Жарлық құру алгоритмі: Қажетті нысанныңүстінде шақырылған контекстік менюден – Жарлық құру(Создать ярлык) бұйрығын орындау Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруғаарналған бұйрық:Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік менюден – Отправить – Рабочий стол(Создать ярлык) командасынорындаукерек.  Нысандардың атауынөзгертуалгоритмі: Нысандардың контекстік менюін шақыру - Переименовать командасынорындау керек. Нысандардыңқасиеттері: Нысандардың контекстік менюін шақыру - Свойства(қасиеттер) командасынорындаукерек. Ақпарат тасушылары Қазіргі адамның өмірі ақпарат тасушы техникасымен тығыз байлынысты болғандықтан, күнделікті өмірімізде ақпараттың шексіз көлеміне тап боламыз. Ол ақпарат қарапайым фотоаппаратта қолданылатын жады картасында, көлікте орналасқан аудио ойнатқышқа арналған CD тасушысында, тіпті өткен ғасырдың 80 жылдары пайда болған бейнетаспада сақталуы мүмкін. Әрине, соңғысы қазіргі таңда өте сирек кездесетін техно құрылғы болғанымен, оныңадам баласына ұзақ уақыт қызмет жасағаны жайлы ұмытпағанымыз жөн.
  • 9. Компьютеріңіз жоғары сапалы бейнефильмдерге толы шығар? Ал бір он шақты жыл бұрын адам баласына ақпаратты сақтап, оны бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін 3 дюймілі дискета да жетіп жататын. Ол дискетаның не екенін көбіміз білмейміз де. Қолданушылардың ақпаратты жадыда сақтау сұранысы адам баласын ақпарат сақтаудағы жаңа алгоритмдерді ойлап табуға итермелеп отырды, техника да бір орында тұра бермейтінін сіз бен біз жақсы білеміз. Бүгінгі біздің әңгімеміз ақпарат тасушылардағы эволюция, яғни олардың даму жолы жайлы болмақ. Алғашқы ақпарат тасушының рөлін қағаздан, ағаштан сондай-ақ, пластиктен жасалған төртбұрышты перфокарта атқарды. Алғашқы ақпарат тасушы ХІХ ғ.пайда болған. Сол кезде компьютер жайлы еш әңгіме де болмағанымен, француз өнертапқышы Жозеф-Мари Жаккардтың тігін машиналарында қолданыс тапқан перфокарталар қазіргі заманауи "флешкалардың" атасы деуге толықтай негіз бар. Екеуі де белгілі бір ақпаратты сақтап отырды. Перфокарталардың көмегімен тігінші ою-өрнектің суретін бағыттап отырды. ХІХ ғ. 30 жылдарында перфокарталар Чарльзя Бэббидждің алғашқы есептеуіш машиналары мен Семен Корсаковтың механикалық құрылғыларында пайдаланыла бастады. Өлшемі 187,325 × 82,55 мен қалыңдығы 0,178 мм болатын сандар қатары жазылған және белгілі бір орындарында тесіктері бар перфокарталардың осындай түрі IBMкомпаниясымен қолданысқа 1928 жылы жіберілді. Перфокарталар өткен ғасырдың 80 жылдарына дейін қолданылғанымен, адамның ақпарат сақтаудағы сұранысты толықтай қанағаттандыра алмады. Кейін
  • 10. перфокарталарды пластикалық дискеталар ығыстырып жіберді. Дискетаның иілгіш магнитті диск екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Магнитті диск механикалық бұзылудан сақталуы үшін пластикалық корпуспен және ферромагниттік қаппен қапталды. 1967 жылы IBMкомпаниясының зерханасында диаметрі 8 дюйм болатын алғашқы дискета пайда болды. Ал 1971 жылы сыйымдылығы 80 килобайт болатын ақпарат тасушы көпшілікке көрсетілді. Уақыт өте келе, дискеталардың өлшемдері кішірейіп, сыйымдылығы арта түсті. Осылайша 1991 жылға таман 3,5 дюймілі көлемі 1,44 мегабайттық дискета пайда болды. Өкінішке орай, дискеталарды берік ақпарат тасушы деп атауға болмайтын. Оған бірнеше себеп болатын. Атап айтсақ, дискеталардағы магниттік лента магнит өрісінің кесірінен магниттелініп істен шығып отыратын. Дисководтарда да дискеталар жиі-жиі бұзылып қалатын. Бір сөзбен айтқанда,, дискеталардың ғұмыры ұзаққа бармады. Әр заттың өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Ақпарат тасушылар дәуіріндегі келесі қадам - оптикалық дисктер. Дисктен ақпараттың оқылуы оптикалық сәулелену процесі арқылы жүзеге асады. Осындай құрылғылардың алғашқы үлгілері бейне мен аудионы сақтау үшін қолданылатын. Оптикалық дисктердің алғашқы даналары өткен ғасырдың 70 жылдарында пайда болды. Оптикалық дисктердің екінші ұрпағына 1996-1997 жылы пайда болған DVD дисктерін жатқызуға болады. Өлшемдері кәдімгі CD дисктеріндей болғанымен, олардың ақпаратты сақтау сыйымдылығы әлдеқайда үлкен болды. СD мен DVD дисктерінен ақпаратты оқуға, сондай- ақ бір немесе бірнеше мәрте ақпарат жазуға болатын мүмкіндікті атап кету
  • 11. керек. Ал қазір оптикалық дисктердің үшінші ұрпағы кең қолданысқа еніп барады. HD DVD мен Blu-ray "форматтар соғысында" екіншісі басым түсті. Бүгінгі таңда мұндай дисктің біреуі 23,3 тен 128 гигабайтқа дейін ақпаратты сақтай алады. Мұндай мүмкіндік дискте қолданылатын "қабаттар" санына байланысты. Қаншама ақпаратты сақтай алғанымен, мұндай дисктердің бір өте үлкен кемшілігі бар. Олар механикалық бұзылуға төтеп бере алмайды. Тіпті, дискке иненің ұшындай дақ немесе сызық түссе, ақпараттың бұзылуы орын алуы мүмкін. Бұған қоса, ақпаратты дискке көшіру жылдамдығы көп жағдайда қолданушылардың көңілінен шықпайды, қайта жазу циклдері де дисктің параметрлеріне қатты тәуелді боп тұрады. Осының салдарынан дисктердің орнын басу үшін ақылгөйлер 100 мың көшіру/өшіру циклға дейін жұмыс істейтін флеш-жадыларды ойлап тапты. 1984 жылы Toshiba компаниясының инженері Фудзио Масуока флеш- жадыны ойлап тапты. Коммерциялық қолданысқа арналған алғашқы флеш- чипті Intel компаниясы 1988 жылы шығарды. Қазіргі таңда флеш жадылар ұялы телефондарда, фото,бейнекамераларында, мобильді құрылғыларда, компьютерлерде қолданылып келеді. Флеш жадылардың көлемі мен өлшемдері әр түрлі болады. Қазіргі таңда флеш-жадылар жүзден астам гигабайт ақпаратты сақтай алады. Қазіргі кезде қарапайым "флешка" үйдің кілті секілді әр адамның қалтасынан таба аласыз. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Жоғарыдаайтылған барлық ақпарат тасушылар ажыратылмалы болған. Енді компьютерлердеіштей орнатылған, яғни қатқыл дисктер жайлы айтып кетсек. Қатқыл дискте орналасқанқатты пластиналардың беті ферромагнетиктің
  • 12. қабатымен қапталған. Көп жағдайда қатқыл дисккомпьютердің ішіне орнатылады. Алғашқы қатқыл диск IBM компаниясының инженерлерімен 1956 жылы құрастырылды. Көлемібар жоғы бес-ақ мегабайт болды. Қазіргізаманауи терабайттық дисктерменсалыстыруға келмейді. Уақыт өте келе, қатқыл дисктердің көлемі үлкейді, өлшемдері сәйкесінше кішірейіп отырған. Заманауидисктер3 терабайтқа дейін ақпаратты сақтай алады. Алда жады тағы үлкейетініне сенімдіміз... ІҮ. Студенттердің өзіндік жұмысы – 60 минут Компьютердегітәжірибелікжұмыс А деңгейі 1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар; 2. Құрған жарлықтардың атауын ауыстырыңдар; 3. Құрған жарлықты Қоржын(Корзина) апарыңдар. В деңгейі 1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар; 2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар; 3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар; 4. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар. С деңгейі 1. Мәтіндік редактордажарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар; 2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар; 3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар; 4. Осы екі файлды Жұмыс деген атаудағы бумаға сақтаңдар; 5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар; 6. Жұмыс бумасынжасырынетіңдер; 7. Жұмыс бумасынжойыңдар; 8. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер. Сиқырлы сөздітап • Б к с п р о г • Л а т а н д р а м • А л ь к у л а р т м а • К н о т я т о р т ы
  • 13. Калькулятор Sin X^3 X^y Pi log X^2 Tan cos ln • 1…………. Берілген санның синусын есептейді. • 2…………. Берілген санның косинусын есептейді. • 3…………. Берілген санның тангенсін есептейді. • 4…………. Х-тің Y дәрежесін есептейді. • 5…………. Санның кубын табады. • 6…………. Санның квадратынтабады. • 7…………. Берілген санның натураллогарифмін есептейді. • 8…………. Берілген санның ондық логарифмін есептейді. • 9…………. П-мәнін шығарады. Paint графикалық редакторы Қылқалам Бұрыш дөңгеленгендоғал тік төртбұрыш Қарындаш Тік төртбұрыш Құю(заливка) Масштаб Түс таңдау Сызық Қисық Белгілеу Ерікті аймақты белгілеу Бүріккіш Өшіргіш Эллипс Жазу Көпбұрыш Блокнот Калькулятор Word pad 1)........құралы,бұлқисық(дұрыс емес)пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады. 2)............құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады 3)............бұлсуреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған 4).............құралы,тұйықконтурдыңішін кескін немесе фон түсімен бояйды 5)............ құралы,кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді 6).............бұлсуреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді 7).............бұлкез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуғаарналған 8)............еріктісызықтарды салуға арналған.осы құралдыңқажетті түрін таңдап алуға болады 9)......пульверизатор эффектісін береді 10)……..бұлсуретішіне мәтінді орналастырады 11)..........түзусызықты салуға арналған 12)............тегістелген,қабаттасқансызықтар салуға мүмкіндік береді 13).............тіктөртбұрыштар салуға арналған 14)..............еріктіпішінді тұйық көпбұрыштар салады 15)..............шеңбер және эллипс салуға арналған 16)...............бұрыштарыдөңгеленгенквадраттар мен тік төртбұрыштар салуғамүмкіндік береді.
  • 14. 17)............бір ғана шрифт түрін пайдаланатын қарапайым мәтіндік редактор. Әдетте ол телеграмма, хат сияқты қысқа мәліметтерді дайындауда қолданылады. 18)............. әдеттегіинженерлік, арифметикалық калькулятор сияқты жұмыс істейді. 19).............мәтіндік редакторы – құрамынажиі пайдаланылатын командаларды орындауғаарналған аспаптар панелі енгізілген. Қызықты ребустар Ү. Жаңа сабақты пысықтау (10 мин) Ақпарат түрлеріне, қасиеттеріне шолу. Өлшем бірліктерін айту. Құрылғылары туралы анықтамалар. СҰРАҚТАР 1. Калькулятор түрі? 2. Бір ғана шрифт түрін пайдаланатын қарапайым мәтіндік редактор? 3. Адам,құрылғы және программаныңөзараәрекеттестіктерін қамтамасыз ететін құралдар мен ережелер ? 4 Калькулятордыңтүрі?
  • 15. 5. Word………..редактор 6. Стандартты программаныңесептеуіш құралы? 7. Жүйенің кез келген обьектісін іздеп табуға және олармен қажетті әрекеттер жасауға болатынпрограмманы ата? ҮІ. Сабақты қортындылау (5 мин) Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді. ҮІІ. Үйге тапсырма (5 мин) лекция. Ғаламтордан қосымша мәліметтер дайындау. Суреттер.