SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды
дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық
үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті
тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық
тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы
әсер алуына байланысты инновациялықтехнологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай
оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді
болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге
құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып,
олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен
көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол
ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу,
сұхбаттасу, "миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне
жаңа инновациялықтехнологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық
қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға
бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік "Мендік” пікірі
қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың
өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға
болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі
тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге
пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және
мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол
курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін
айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу
ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның
арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір-
бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді
орындауға белсене қатысатын болады.
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.
Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын
басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп,
білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып
отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтықболып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы
білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға
бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің
қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі
бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге
және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі,
оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында
мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан
пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны
рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта
Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам
қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір
білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде
осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер
кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән
анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп
атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар
жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа
негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе
мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске
асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін
тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа
білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма
қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған
өзгерістерге тоқталғым келеді.
Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу
атмосфераны қалыптастыру кезеңі
Топ ережесін құру Пострді қорғау
Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлекция
7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке,
жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын
ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы
қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды.
Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр
топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз
тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа
ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп
айтады..
7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде
белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам
бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани
биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа
жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны
сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге
құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы
тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз
«Менің көңіл –күйім» жаттығу.
Мақсаты;Оқушылардың өз көңіл –күйін игеріп,басқаруларын дамыту. Алдарыңыздағы
дөңгелекшелерге дәл қазіргі уақыттағы өз көңіл – күйлеріңізді суреттеп салып беріңдер.
Талқылау;Көңіл –күй дегеніміз не?
Адам көңілді болғанда қандай күйде болады?
Адам көңілсіз болғанда қандай күйде болады?
Көңіл –күйдің денсаулыққа әсері бола ма?
(Балалардың жауаптары тыңдалды)
«Сыйлық»жаттығу.
Мақсаты;Тұлғааралық қарым –қатынасты дамыту және ұжымдық ауызбіршілікті
қалыптастыру.Оқушылар тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты
көрсету керек,ал көршісі заттың атын атап,сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.
Талдау; Саған кімнің сыйлықалғыс ұсынғаны ұнады?
Сыйлық алғанда қандай көңіл –күйде болдың?Жаттығу сендерге ұнады ма?
«Шын мен өтірік» жаттығуы.
Мақсаты;Ойдың өзгешілігін түзету,қиялды дамыту.
Психолог; Бір –біріміздің танып біліп алдық.Қазір барлығымыз екі сөйлем айтамыз.
Біреуі –шын,біреуі –өтірік.Содан соң әрқайсыларымыз бірінен кейін біріңіз дайындаған
сөйлемдеріңді айтасыңдар.Тыңдап отырған қатысушылар осы бір сөйлемнің қайсысы өтірік,қайсысы
шын екенін айту керек.Сөйлеп отырған қатысушының көзіне,сөйлеу барысына мұқият қараңыздар.
Талдау;Қай сөйлемді ойлау оңай?Шын немесе өтірік екенін анықтаңдар. Не нәрсеге назар
аудардыңдар?Қандай байқаулар жасалынды?Кім тапты, кім таппады?
«Жан жүрек сыры» жаттығуы.
Қатысушыларға қағаздан жасалған кішкентай жүректер таратылып,оған жылы,мейірімді сөздер
жазылулары сұралады.Жансыз жүректі жандандыру.Тақтадағы үлкен жүрекке қолдарыңыздағы жылы
сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру керек.
ТалдауҚалай ойлайсыздар жүрегіміз жандандыма?Қайтіп?Неліктен?Ең бастысы сүйе білу керек.Әр
уақытта жақсы сөз айтуға,қайырымды іс жасауға бейім болу керек.
Қорытынды;
Психологиялық ойын –жаттығулар
Психологиялық. Жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым –қатынас мәдениетіне
тәрбиелеп,өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі.Ойын жаттығулар арқылы баланың
білімділік дағдыларын күнделікті іс –әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері
қарастырылады. Психологиялық ойын –жаттығулар баланың жан дүниесінің,рухани жай- күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді.Баланың сезім әрекетін,әсерленушілік деңгейін анықтау,өз –өзіне деген
сенімділігін арттыру үшін қолданылады. Балалар екі топқа бөлінеді.
«Балалар,айтыңдаршы,біздің топта өсіп тұрған гүлдерге су құймасақ, оларға не болады?» Дұрыс
айтасыңдар,қурап, солып қалады.Енді мына топтағы балалар гүлдер болсын,ал екінші топ
бағбандар.Бағбандар қазір гүлзарға барады.Ондағы гүлдердің ерекшелігі көптен су құймағаннан
емес,көптен жылы сөз естімегендіктен солып,қурап жатыр.Қане бастарынан сыйпап жылы сөзімізбен
гүлдерге нәр берейікші».Балалар жылы сөздерін айтып,бастарынан сыйпап гүл –балалардың тірілтіп
алады. Рольдерімен ауысады.
Толқындар.Психолог барлық айналасына жиналып алып,былай дейді; «Теңізде үнемі аздаған
толқын соғып тұрады және сол толқын жайлап келіп саған тигенде сондай жағымды болады.Қазір біз
толқынға айналып,толқынша қозғалайықшы.Толқын сияқты қимылдап,күнге шағылысқан кезде
қалай күлімдейтінін салайыйықшы».Балалар толқын сияқты қозғалған қимылдар жасайды.
Содан соң психолог кезекпен теңізде суға түсіп жүрген адам болуды ұсынады.Түсіп жүрген адам
ортада да қалғаны толқындар болып айналасында жаймен сыйпап,гуілдеген дыбыс шығарады.
Радио. Балалар шеңберге отырады.Психолог балаларға арқасын беріп жайғасады да хабарлайды;
«Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Бір кішкентай қыз жоғалып кетті (шашының
түсін,киімін,бойын,сырғасын,т.б.ерекшеліктерін нақты айтады)Сол қыз мені естіп тұрса директорға
келсін» дейді.Балалар тыңдап болған соң бір бірлеріне қарайды.Кім туралы айтылып жатқаны анықтап
сол қыздың атын атауға тиіс.Үйреген соң директордың орнына қалаған бала отыра алады.
Қате айна. «Балалар,таңертең тұрып жуынатын бөлмеге барып айнаға қарасақ ол біздің барлық
қимылдарымызды керісінше жасап тұр;оң қолымызды көтерсек айнада солды көтереді,оң көзімізді
жұмсақ,сол көз жұмылады, басымызды оңға бұрсақ,айна солға бұрып тұр.Қазір осы айна сияқты ойнап
көрейік.Екі –екіге бөліне қойыңдар.Біреуің адам боласыңдар,екінші айна боласың.Сосын рольдеріңіді
ауыстырасыңдар».Қиындық келтіріп жатса көмектесуге болады.
«Сенің портретің» жаттығу.Мақсаты;Өзінің жақсы қасиеттерін және қабілетін көрсете
білуге көмектесу.Педагог балаға оның қасиеттері мен қабілеті туралы айтады; «Сен батырсың,себебі
досыңды құтқардың.Сен ақылдысың,себебі,көп білесің.Сен мейірімдісің,себебі басқаларға
көмектесесің.Сен суретті де жақсы саласың».Содан соң балаға қайтадан сұрақ қояды; «Сен
ақылдысың ба»? «Сен батырсың ба?», «Сен күштісің ба?».Бала сұрақтарға жауап берген кезде педагог
оның жауаптарына назар аударуы тиіс.Ол өзінің қасиеттерін санап қана қоймай,оны түсіндіре білуі
керек. «Мен батырмын,себебі.», «Мен күштімін,себебі.».
«Бағдаршам» жаттығу. Мақсаты;тез ашуланғыш,агрессивті балаларды жаттықтыру.
Педагог балаға ұсынады; «Егер сен жағымсыз нәрсе жасағың келсе,өзіңе бағдаршамның қызыл шамын
елестет».(суретті пайдалануға да болады).
«Шеңбер бойындағы доп» ойыны.Мақсаты; шыдамсыз,импульсивті балаларды өзін –өзі
устауға үйрету.
Педагогтың белгісі бойынша балалар допты шеңбер бойынша бір –біріне береді. «Тоқта»деген белгі
берілген кезде тоқтатылады.Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтай алмаған балалар ойыннан
шығарылады.
«Ата –ана баланың қарым –қатынасы» атты тренинг
Мақсаты; ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар ; нақыл сөздер,ақ парақ,маркер.
Тренинг барысы;
Психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады)
-Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар.Қош келіпсіздер.
Әрбір адам –өмірге келген қонақ.Өмір өте мәнді мағыналы,мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай
ғана қысқа өмірде»адамдардың бір –бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі
тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдарымен таныстырып өтейін.
«Қазір және осы жерде», Теңдік және ынтамастық; Топта болған жағдай,дәл осы жерде қалу
керек,сыртқа айтпау;Тренигке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасы емес іс –
әрекетін сынға алыңыз;Пікілер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек;Топтың
жұмыс тәртібін,сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.
1. «Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
«Жанұя», «Бала», «Ата –ана» сөзіне ассоцияларын айтады.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны,
1.Балаңыздың туған күні қашан?
2.Балаңыздың сынып жетекшісі кім?
3.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5.Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6.Баланың сүйікті асы қандай?
7.Балаңыздың сүйікті түсі?
8.Балаңыздың ренжіген қалай білесіз?
9.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11.Балаңыз сізді ренжіткенде,ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
12.Балаңыздың телефон номері?
13.Балаңыздың ең жақын досы?
14.Балаңыздың үлгі тұтатын адамы?
15Балаңыздың сүйікті пәні?
1-жаттығу. «Бір күні»
Жайлы әуен ойнап тұрады.Көзімізді жұмамыз,терең демаламыз,өзімізді еркін сезінеміз әр күнді қалай
өткізетінімізді көз алдымызға елестетеміз(2 секунд)
Көзімізді ашып,бір күнімізді қорытып шығарамыз.
Талдау.
2-жаттығу. «Уақыт».
Әр күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кететінін жазыңыз.
Бірнеше ата –ана бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді.
Талдау. Ата –аналармен пікірлесу.
Талдау сұрақтары;
1.Әр күніңізді осылай өткізу сізге ұнай ма?
2.Әр күніңізді осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба?
3.Бір күнде балаңызға қанша уақыт бөлдіңіз?
3 –жаттығу «Ойынды айтуды ұмытпа»
1.Қарым –қатынас дегеніміз не?
Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім, еңбек,жан дүниесі туралы ашылып
сөйлесуі,қарым –қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.
2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба?
3.Бала үшін қарым –қатынас қажет пе?
4.Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?
5.Баламен ата –ана арасындағы қарым –қатынастар ылғи жақсы бола бере ме,әлде қарым –қатынаста
қиындықтар туа ма?Туса олар не себептен болады.
6.Бала мен ата –ана арасндағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз?
7.Қарым –қатынасқа үйрену керек пе?
Жақсы қарым –қатыс үшін ең алдымен сабырлық,салиқалық қажет.
«Эмоция» ойыны (шармен)
Үш топқа шар беріп,үрлеуін сұраймын.Бірінші топ шарды үрлеп,аузын байлап,жарады Екінші топ
шарды үрлеп,желін жаймен шығарады.Қай шардың жарылуы ұнады.
Талдау;Біздің эмоцияларымыздыда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа
адамдармен қарым –қатынасыңа зияня тиеді. Адамдармен қарым –қатынаста сабырлық қажет.
Ой жинақтау.
Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен
талдау)
Достық
Ата –ана Сыйластық Бала
Түсіністік
Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде ; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам
бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана,екінші жақсы
ұстаз,үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен.Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы
қатынаста болады

More Related Content

What's hot

Lesson Study жұмыс істеу
Lesson Study жұмыс істеуLesson Study жұмыс істеу
Lesson Study жұмыс істеу
lyazat66
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд
Dan41k
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
Saule Abdykanova
 

What's hot (20)

3sdgdfg
 3sdgdfg 3sdgdfg
3sdgdfg
 
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігіматематика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
конферен
конференконферен
конферен
 
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
 
Lesson Study жұмыс істеу
Lesson Study жұмыс істеуLesson Study жұмыс істеу
Lesson Study жұмыс істеу
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
5п
5п5п
5п
 
Жаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісіЖаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісі
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд
 
джонисова на конкурс
джонисова на конкурсджонисова на конкурс
джонисова на конкурс
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
9.педагогикалық әдеп
9.педагогикалық әдеп9.педагогикалық әдеп
9.педагогикалық әдеп
 
презен11
презен11презен11
презен11
 
презентация спк қазақша
презентация спк қазақшапрезентация спк қазақша
презентация спк қазақша
 
педагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетикапедагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетика
 
666kmkk
666kmkk666kmkk
666kmkk
 
огх
огхогх
огх
 

Viewers also liked

Viewers also liked (11)

топқа бөлу
топқа бөлутопқа бөлу
топқа бөлу
 
багалау п
багалау пбагалау п
багалау п
 
медаль топ
медаль топмедаль топ
медаль топ
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
аспандиярова лк
аспандиярова лкаспандиярова лк
аспандиярова лк
 
гульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білемізгульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білеміз
 
жеңімпаздардың тізімі
жеңімпаздардың тізіміжеңімпаздардың тізімі
жеңімпаздардың тізімі
 
ляззат сабак
ляззат сабакляззат сабак
ляззат сабак
 
список победителей
список победителейсписок победителей
список победителей
 

талдау

  • 1. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялықтехнологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, "миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялықтехнологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік "Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын. 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Диалог бойынша оқыту Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір- бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
  • 2. Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады. Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады. Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтықболып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма
  • 3. қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу атмосфераны қалыптастыру кезеңі Топ ережесін құру Пострді қорғау Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлекция 7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді. Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады.. 7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз
  • 4. «Менің көңіл –күйім» жаттығу. Мақсаты;Оқушылардың өз көңіл –күйін игеріп,басқаруларын дамыту. Алдарыңыздағы дөңгелекшелерге дәл қазіргі уақыттағы өз көңіл – күйлеріңізді суреттеп салып беріңдер. Талқылау;Көңіл –күй дегеніміз не? Адам көңілді болғанда қандай күйде болады? Адам көңілсіз болғанда қандай күйде болады? Көңіл –күйдің денсаулыққа әсері бола ма? (Балалардың жауаптары тыңдалды) «Сыйлық»жаттығу. Мақсаты;Тұлғааралық қарым –қатынасты дамыту және ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру.Оқушылар тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек,ал көршісі заттың атын атап,сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды. Талдау; Саған кімнің сыйлықалғыс ұсынғаны ұнады? Сыйлық алғанда қандай көңіл –күйде болдың?Жаттығу сендерге ұнады ма? «Шын мен өтірік» жаттығуы. Мақсаты;Ойдың өзгешілігін түзету,қиялды дамыту. Психолог; Бір –біріміздің танып біліп алдық.Қазір барлығымыз екі сөйлем айтамыз. Біреуі –шын,біреуі –өтірік.Содан соң әрқайсыларымыз бірінен кейін біріңіз дайындаған сөйлемдеріңді айтасыңдар.Тыңдап отырған қатысушылар осы бір сөйлемнің қайсысы өтірік,қайсысы шын екенін айту керек.Сөйлеп отырған қатысушының көзіне,сөйлеу барысына мұқият қараңыздар. Талдау;Қай сөйлемді ойлау оңай?Шын немесе өтірік екенін анықтаңдар. Не нәрсеге назар аудардыңдар?Қандай байқаулар жасалынды?Кім тапты, кім таппады? «Жан жүрек сыры» жаттығуы. Қатысушыларға қағаздан жасалған кішкентай жүректер таратылып,оған жылы,мейірімді сөздер жазылулары сұралады.Жансыз жүректі жандандыру.Тақтадағы үлкен жүрекке қолдарыңыздағы жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру керек. ТалдауҚалай ойлайсыздар жүрегіміз жандандыма?Қайтіп?Неліктен?Ең бастысы сүйе білу керек.Әр уақытта жақсы сөз айтуға,қайырымды іс жасауға бейім болу керек. Қорытынды; Психологиялық ойын –жаттығулар Психологиялық. Жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым –қатынас мәдениетіне тәрбиелеп,өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі.Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс –әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойын –жаттығулар баланың жан дүниесінің,рухани жай- күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді.Баланың сезім әрекетін,әсерленушілік деңгейін анықтау,өз –өзіне деген сенімділігін арттыру үшін қолданылады. Балалар екі топқа бөлінеді. «Балалар,айтыңдаршы,біздің топта өсіп тұрған гүлдерге су құймасақ, оларға не болады?» Дұрыс айтасыңдар,қурап, солып қалады.Енді мына топтағы балалар гүлдер болсын,ал екінші топ бағбандар.Бағбандар қазір гүлзарға барады.Ондағы гүлдердің ерекшелігі көптен су құймағаннан емес,көптен жылы сөз естімегендіктен солып,қурап жатыр.Қане бастарынан сыйпап жылы сөзімізбен гүлдерге нәр берейікші».Балалар жылы сөздерін айтып,бастарынан сыйпап гүл –балалардың тірілтіп алады. Рольдерімен ауысады. Толқындар.Психолог барлық айналасына жиналып алып,былай дейді; «Теңізде үнемі аздаған толқын соғып тұрады және сол толқын жайлап келіп саған тигенде сондай жағымды болады.Қазір біз толқынға айналып,толқынша қозғалайықшы.Толқын сияқты қимылдап,күнге шағылысқан кезде қалай күлімдейтінін салайыйықшы».Балалар толқын сияқты қозғалған қимылдар жасайды. Содан соң психолог кезекпен теңізде суға түсіп жүрген адам болуды ұсынады.Түсіп жүрген адам ортада да қалғаны толқындар болып айналасында жаймен сыйпап,гуілдеген дыбыс шығарады. Радио. Балалар шеңберге отырады.Психолог балаларға арқасын беріп жайғасады да хабарлайды; «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Бір кішкентай қыз жоғалып кетті (шашының түсін,киімін,бойын,сырғасын,т.б.ерекшеліктерін нақты айтады)Сол қыз мені естіп тұрса директорға келсін» дейді.Балалар тыңдап болған соң бір бірлеріне қарайды.Кім туралы айтылып жатқаны анықтап сол қыздың атын атауға тиіс.Үйреген соң директордың орнына қалаған бала отыра алады.
  • 5. Қате айна. «Балалар,таңертең тұрып жуынатын бөлмеге барып айнаға қарасақ ол біздің барлық қимылдарымызды керісінше жасап тұр;оң қолымызды көтерсек айнада солды көтереді,оң көзімізді жұмсақ,сол көз жұмылады, басымызды оңға бұрсақ,айна солға бұрып тұр.Қазір осы айна сияқты ойнап көрейік.Екі –екіге бөліне қойыңдар.Біреуің адам боласыңдар,екінші айна боласың.Сосын рольдеріңіді ауыстырасыңдар».Қиындық келтіріп жатса көмектесуге болады. «Сенің портретің» жаттығу.Мақсаты;Өзінің жақсы қасиеттерін және қабілетін көрсете білуге көмектесу.Педагог балаға оның қасиеттері мен қабілеті туралы айтады; «Сен батырсың,себебі досыңды құтқардың.Сен ақылдысың,себебі,көп білесің.Сен мейірімдісің,себебі басқаларға көмектесесің.Сен суретті де жақсы саласың».Содан соң балаға қайтадан сұрақ қояды; «Сен ақылдысың ба»? «Сен батырсың ба?», «Сен күштісің ба?».Бала сұрақтарға жауап берген кезде педагог оның жауаптарына назар аударуы тиіс.Ол өзінің қасиеттерін санап қана қоймай,оны түсіндіре білуі керек. «Мен батырмын,себебі.», «Мен күштімін,себебі.». «Бағдаршам» жаттығу. Мақсаты;тез ашуланғыш,агрессивті балаларды жаттықтыру. Педагог балаға ұсынады; «Егер сен жағымсыз нәрсе жасағың келсе,өзіңе бағдаршамның қызыл шамын елестет».(суретті пайдалануға да болады). «Шеңбер бойындағы доп» ойыны.Мақсаты; шыдамсыз,импульсивті балаларды өзін –өзі устауға үйрету. Педагогтың белгісі бойынша балалар допты шеңбер бойынша бір –біріне береді. «Тоқта»деген белгі берілген кезде тоқтатылады.Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтай алмаған балалар ойыннан шығарылады. «Ата –ана баланың қарым –қатынасы» атты тренинг Мақсаты; ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру. Қажетті құралдар ; нақыл сөздер,ақ парақ,маркер. Тренинг барысы; Психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады) -Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар.Қош келіпсіздер. Әрбір адам –өмірге келген қонақ.Өмір өте мәнді мағыналы,мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде»адамдардың бір –бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдарымен таныстырып өтейін. «Қазір және осы жерде», Теңдік және ынтамастық; Топта болған жағдай,дәл осы жерде қалу керек,сыртқа айтпау;Тренигке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасы емес іс – әрекетін сынға алыңыз;Пікілер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек;Топтың жұмыс тәртібін,сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет. 1. «Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді) «Жанұя», «Бала», «Ата –ана» сөзіне ассоцияларын айтады. 2. «Қызықты сұрақтар» ойыны, 1.Балаңыздың туған күні қашан? 2.Балаңыздың сынып жетекшісі кім? 3.Балаңыздың аяқ киім өлшемі? 4. Балаңыздың парталас көршісі кім? 5.Бүгін сабақтан қандай баға алды? 6.Баланың сүйікті асы қандай? 7.Балаңыздың сүйікті түсі? 8.Балаңыздың ренжіген қалай білесіз? 9.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады? 10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 11.Балаңыз сізді ренжіткенде,ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі? 12.Балаңыздың телефон номері? 13.Балаңыздың ең жақын досы? 14.Балаңыздың үлгі тұтатын адамы? 15Балаңыздың сүйікті пәні? 1-жаттығу. «Бір күні» Жайлы әуен ойнап тұрады.Көзімізді жұмамыз,терең демаламыз,өзімізді еркін сезінеміз әр күнді қалай өткізетінімізді көз алдымызға елестетеміз(2 секунд)
  • 6. Көзімізді ашып,бір күнімізді қорытып шығарамыз. Талдау. 2-жаттығу. «Уақыт». Әр күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кететінін жазыңыз. Бірнеше ата –ана бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді. Талдау. Ата –аналармен пікірлесу. Талдау сұрақтары; 1.Әр күніңізді осылай өткізу сізге ұнай ма? 2.Әр күніңізді осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба? 3.Бір күнде балаңызға қанша уақыт бөлдіңіз? 3 –жаттығу «Ойынды айтуды ұмытпа» 1.Қарым –қатынас дегеніміз не? Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім, еңбек,жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі,қарым –қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады. 2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба? 3.Бала үшін қарым –қатынас қажет пе? 4.Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек? 5.Баламен ата –ана арасындағы қарым –қатынастар ылғи жақсы бола бере ме,әлде қарым –қатынаста қиындықтар туа ма?Туса олар не себептен болады. 6.Бала мен ата –ана арасндағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз? 7.Қарым –қатынасқа үйрену керек пе? Жақсы қарым –қатыс үшін ең алдымен сабырлық,салиқалық қажет. «Эмоция» ойыны (шармен) Үш топқа шар беріп,үрлеуін сұраймын.Бірінші топ шарды үрлеп,аузын байлап,жарады Екінші топ шарды үрлеп,желін жаймен шығарады.Қай шардың жарылуы ұнады. Талдау;Біздің эмоцияларымыздыда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым –қатынасыңа зияня тиеді. Адамдармен қарым –қатынаста сабырлық қажет. Ой жинақтау. Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен талдау) Достық Ата –ана Сыйластық Бала Түсіністік Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде ; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана,екінші жақсы ұстаз,үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен.Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болады