SlideShare a Scribd company logo
1 of 34
Әл-Фараби атындағы кітапхана
Кітапхана қорының топтамасы
Алаш көсемі
Ахмет Байтұрсынұлының
туғанына 145 жыл
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы
(қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891
жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін
бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің
мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға
қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910
жылдың басына дейін отырады. 1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында
болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта
ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І
жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де
ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша
хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда
Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан)
орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын
басқарады.
Ағартушы 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери
төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін
атқарады. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген
осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл,
Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына
енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында ұстаздық етеді. 1922-1925
жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ
педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет
атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде
қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан
«Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды.
Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш»
(1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде
өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер
аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.
Байтұрсынұлы, А. Әліп-би / Ахмет
Байтұрсынұлы. Қызыл-Орда, 1926. – 116 б.
Байтұрсынов, А. Ахмет. Шығармалары [Текст] :
өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / А. Ахмет.
Байтұрсынов. - Алматы : Жазушы, 1989. - 318,[2] б.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері
Ахмет Байтұрсыновтың бұл шығармалар жинағына
бұрын «Маса», «Қырық мысал» кітаптарында жарық
көрген өлеңдері мен аудармалары және «Әдебиет
танытқыш» деп аталатын зерттеу еңбегі
топтастырылды.
Сыздықова, Рәбиға. Ахмет Байтұрсынов [Мәтін] / Р.
Сыздықова ; Қазақ ССР "Білім" қоғамы. - Алматы :
Қазақ ССР "Білім" қоғамы, 1990. - 49, [3] б.
Бұл кітапшада ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің
тұңғыш оқулықтарын жазып, графикасын реттеуші, сол
арқылы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын
қалаушы ағартушы ғалым, ірі мәдениет және қоғам
қайраткері, тамаша публицист әрі ақын Ахмет
байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызмет жолы, білім-
ғылымдағы еңбегі мен азаматтық бейнесі сөз болады.
Мұнда А.Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық
мұрасы мен әлеуметтік қызметі жөніндегі бірсыпыра
материалдар және оларды талдап-таныту тұңғыш рет
ұсынылып отыр.
Байтұрсынов, Ахмет. Ақ жол [Мәтін] : өлеңдер мен
тәржімелер, публистикалық мақалалар және әдеби зерттеу
/ А. Байтұрсынов. - Алматы : Жалын, 1991. - 460, [4] б.
А. Байтұрсыновтың бұл жинағына өзінің көзі тірісінде-ақ
«революциялық рухтағы алғашқы сөз», «елшілік ұраны»
деп бағаланған атақты кітаптары – «Қырық мысал» мен
«маса», әйгілі «әдебиет танытқыш», сондай-ақ ауыз
әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз
ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» мен
«ер сайын» және қазақ жұртын өнер-білім шұғыласына,
рухани жетілуге үндеген көсем сөздері еніп отыр.
Байтұрсынов, Ахмет. Тіл тағылымы [Мәтін] : қаз.
тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері / А.
Байтұрсынов. - Алматы : Ана тілі, 1992. - 444, [2] б.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ бабаларының ана
тілінде сауат ашуына арналған алғашқы әліппелер
мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш
оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен
қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын
құралдардың да иесі. Бұл кітапта сол оқулықтар мен
методикалық құралдырдың қолда бар
басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр.
Кәкішев, С. Ахаң туралы ақиқат [Текст] :
монография / С. Кәкішев. - Алматы : Қазақстан, 1992.
- 109,[3] б.
«Ахаң туралы ақиқат» деп аталатын бұл кітапта
қуғынға ұшыраған қазақ зиялысы, білікті ғалымы,
жазушысы Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі бізге
белгісіз болып келген тұстары: шыққан тегі,
туыстары, өскен ортасы, басына түскен ауыр күндері
бар шындығымен алдымызға тартылады. Сондай-ақ
бұл шығармада аханның үрім-бұтағының кешегі,
бүгінгі тіршілік-тынысы да әңгімеленеді.
Кітап авторы Самырат Кәкішев – Аханның немересі.
Байтұрсынұлы, А. Жоқтау [Текст] : монография / А.
Ахмет. Байтұрсынұлы. - Алматы : Ахмет
Байтұрсынұлы атын. қор, 1993. - 93,[3] б.
Ахмет Байтұрсыновтың «жоқтау» деп аталатын бұл
кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген, сондай-
ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген
тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылаған
«23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ
тарихының төрт жүз жылын алған.
Байтұрсынов А. Жан сөзімді кім түсінер? – Алматы:
Қазақстан: А.Байтұрсынұлы атындағы қор, 1994. –
112 б.
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар…
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлының бұл кітабында өзінің көзі
тірісінде жарық көрген «Маса», «Қырық мысал»
сияқты өлеңдері мен аудармалары басылған
кітаптардағы поэтикалық шығармалары
топтастырылып беріліп отыр.
Байтұрсынұлы, А. Жаңа низам [Текст] : монография /
А. Ахмет. Байтұрсынұлы. - Алматы : Жеті жарғы, 1996.
- 123,[3] б.
Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына
кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай
һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек.
Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы
керектердің жолында жұмыс істеу керек...
Ахмет Байтұрсынұлы
Казахская литература [Текст] : информ. - лит. сб.:
(конец ХІХ-начало ХХ вв.) / [Сост.:М.Сергеева,
М.Чирчик]. - Алматы : Эксперим. изд., 1998. - 197,[3]с.
Настоящий сборник включает в себя тексты
произведений Ш.Кудайбердыева, А.Байтұрсынова,
М.Дулатова, С.Кубеева, С.Торайгырова, с.донентаева на
казахском языке и их переводы, обзорно-
информационные статьи. Значительное место в книге
отведено теме, посвященной силлабической системе
стихосложения, изложенной просто и доступно.
Ахметтану тағылымдары [Текст] : (ғылыми мақалалар
жинағы) / ҚР Ғылым м-гі, ҒА, А. Байтұрсынов атын. тіл
білімі ин-ты; [жауапы ред. Н. Уәлиұлы]. - Алматы :
Ғылым, 1998. - 294 б.
Жинаққа қазақ филологиясының негізін салушы ғұлама
ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл
толуына арналған. Ахметтану тағылымдары атты
республикалық ғылыми-теориялық конференция
материалдары, сондай-ақ Тіл білімі иснтитуты өткізген
«ахмет байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі» атты тұрақты
ғылыми – теориялық семинардағы (1998) баяндамалар еніп
отыр.
Ұлттық рухтың ұлы тіні [Текст] : [Ғылыми мақалалар
жинағы] / [Б. Қапалбеков, А. Бексейітова]; ҚР Білім және
ғылым м-гі, А. Байтұрсынұлы атын. тіл білімі ин-ты;
Жауапты ред. Е. Жанпейісова. - Алматы : Ғылым, 1999. -
567,[1] б.
Жинаққа А.Байтұрсынұлының 50 жасқа және туғанына
125 жыл толуына орай ұйымдастырылған, отандық және
шетел ғалымдарының қатысуымен өткен халықаралық
симпозиум мен конференциялардың, Тіл білімі институты
жанындағы «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі»
деп аталатын тұрақты ғылыми-теориялық семинардың
материалдары, әр кезде түрлі ғылыми, энциклопедиялық,
библиографиялық басылымдарда жарияланған мақалалар
енді.
В книге на материале творчества недавно возвращенной
нам плеяды деятелей духовной культуры первой трети хх
века – Ш.Кудайбердиева, Ахмета байтурсынова,
Ж.аймауытова, М.Жумабаева, М.Дулатова и М.Ауезова
показано, что вехи развития казахской литературы – это вехи
художественного постижения человека.
Исмакова, А. С. Возвращение плеяды. Экзистенциальная
проблематика в творчестве Ш. Кудайбердиева, А.
Байтурсынова, Ж. Аймауытова, М. Жумабаева, М.
Дулатова и М. Ауэзова [Текст] : монография / Отв. ред. С.
Кирабаев; М-во образования и науки РК, Ин-т лит. и
искусства им. М. О. Ауэзова. - Алматы : Ғылым, 2002. -
198,[2] с.
Байтұрсынұлы, А. Қырық мысал [Текст] : өлеңдер /
Байтұрсынұлы, Ахмет. - Алматы : Жазушы, 2002. - 119,[2] б.
Ұлт ұстазының ұсынылып отырған «Қырық мысалы»
Ахаңның көзі тірісінде-ақ «революциялық рухтағы алғашқы
сөз», «елшілдік ұраны» деп бағаланаған. Қазақ халқының
ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен бұл
шығармалар Крыловтан жасалған таза аударма емес,
автордың төлтума туындысы деген дұрыс.
Машқан, Н. Т. А. Байтұрсынов - қазақ жазуының
реформаторы [Текст] : монография / әл-Фараби атын.
ҚазМҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2002. - 153,[2] б.
Бұл монография – реформатор тілші-ғалымның қазақ
әліпбиіне әкелген жаңалықтары мен өзгерістері
жөнінен терең зерттелген арнайы, әрі құнды еңбек.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш [Мәтін] :
зерттеу мен өлеңдер / А. Байтұрсынов. - Алматы :
Атамұра, 2003. - 206, [2] б.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайтаркері
ахмет байтұрсыновтың бұл жинағына «әдебиет
танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері
топтастырылған.
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-
том. – Алматы, «Алаш», 2003. – 408 б.
А.Байтұрсыновтың бес томдық шығармалар
жинағының 1-томына «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер
кітабы және «Қазақтың бас ақыны», «Әдебиет
танытқыш» атты әдеби-ғылыми зерттеулері еніп отыр.
Бұл басылымның басты ерекшелігі – 1989, 1991
жылдары жарық көрген А.Байтұрсынұлының
шығармалар жинарқтарындағы еңбектерінің
түпнұсқаларымен салыстырылып, өзгеріске ұшыраған
сөйлемдер, алынып тасталған ғылыми талдаулар қайта
қалпына келтіріліп, толықтырылды.
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т.
Тіл – құралы – Алматы: «Алаш», 2005. – 352 б.
Бұл жинақта «тіл – құрал» оқулықтары мен методикалық
құралдардың қолда бар басылымдарының мәтіндері толық
ұсынылып отыр.
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.
– 4-т. Әліппелер мен мақалалар жинағы. – Алматы:
«Алаш», 2006. – 320 б.
Жинаққа Қазақша алифба (1912), Әліп-би (1926),
Сауат ашқыш (1926) атты әліппелері және сол
жылдары өзекті мәселелері көтерген түрлі
тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді.
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.
– 5-т. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2006. – 288 б.
Бұл жинаққа ұлттық рухымыздың ұлы тіні, ұлағатты
ұлт ұстазы, қазақ жұртының ар-ожданы атанған
Ахмет Байтұрсыновтың «Ер сайын», «23 жоқтау»,
сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен жаңа
табылған кейбір туындылары және әр жылдары
жазылған көсемсөздері топтастырылды.
Байтұрсынұлы, А. Маса [Текст] : өлеңдер мен көсемсөздер
/ А. Байтұрсынұлы. - Алматы : Раритет, 2005. - 207,[1] б.
Қазақтың жерін ғана алып қоймай, ой-санасын да отарлауға
айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл
қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас
қайратпен халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы
қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлындай ұлы тұлға
бұрынғы-соңғы ұзақ тарихымызда сирек.
Ұсынылып отырған кітаптағы Ұлт Ұстазының ешқашан
ескірмес елшілдік сөздері қазір де көкейкесті.
Әбдиманұлы, Өмірхан. Ахмет Байтұрсынұлы [Текст] :
зерттеу-эссе / Әбдиманұлы, Өмірхан. - Алматы :
Арда, 2007. - 293, [3] б.
Қазақ халқының тарихи-рухани өмірінде өлшеусіз
еңбек еткен аса ірі тұлғаларадың – Шоқан, Ыбырай,
Абайдан кейінгі бірегей перзенті Ахаң – Ахмет
Байтұрсынұлы екені хақ. Бұл еңбекте осы бір ұлы да
ұлағатты тұлғаның тағдыр-талайы шығармашылық
даналығымен ұластыра зерделеніп, жан-жақты баға
беріледі.
Байтұрсынов, Ахмет. Тіл тағылымы [Мәтін] :
антология / А. Байтұрсынов ; құраст. А. Ж. Құдабаев.
- Павлодар : С. Торайғыров атын. Павлодар мем. ун-
ті, 2008. - 170, [2] б.
Бұл кітапқа автордың қазақ жазуы, емлесі,
терминологиясы жайында жазған мақалалары,
сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту
мәселелеріне арналған еңбектері енді.
«Ұлағатты ұлт ұстазы»: Р.Имаханбетова,
Қ.байдебеков. – Алматы: «Сардар» баспа үйі,
2010. – 276 [24] б.
Бұл анықтамалық-көрсеткіште тарихи тұлға һәм
ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлының ғұмыр
жолының негізгі кезеңдері, шығармашылық
еңбектерінің хронологиялық тізбесі, қайраткердің
өмірі мен еңбектері туралы қорғалған зерттеулер
мен түрлі материалдар көрсеткіші берілді.
Сонымен қатар, ұлт ұстазы туралы таңдаулы
мақалалар мен арнау өлеңдер топтастырылды.
«А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің
көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-
әдістемелік конференция материалдары/ғыл.ред.
А.Б.Салқынбай, - Алматы, 2012. – 319 б.
«А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің
көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-
әдістемелік конференция материалдарында қазақ
тіл білімінің негізін салушы А.байұрсынов
еңбектеріндегі негізгі ғылыми концепциялар
бүгінгі күннің талаптарына сәйкес талданады.
Байтұрсынов А. Қазақ тіл білімінің
мәселелері/Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай»
баспасы, 2013. – 640 б.
Кітапқа мемлекет және қоғам қайраткерінің төл
терминологиямыз бен оқу ағартуға, емле мен
әдістемеге қатысты мақалалары да енгізілді.
Араб харпіндегі түпнұсқадан қазіргі жазі үлгімізге
салыстырыла аударылған бұл асыл қазына-мұра
тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жанашырларына
арналады.
Байтұрсынов А. Шығармалары/ Ахмет Байтұрсынұлы.
– Алматы: «Өлке» баспасы, 2013. – 240 б.
Бұл кітапқа Алаш азаматы Ахмет Байтұрсынұлының
өзекжарды өлеңдері, мақалалары және аударма
мысалдары еніп отыр.
Байтұрсынұлы, А. Алты
томдық шығармалар жинағы
[Мәтін] : [жинақ] / А.
Байтұрсынұлы. - Алматы :
Ел-шежіре, 2013.
Бұл кітап ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылық болмысын тануға арналған тәуелсіз еліміздегі
тұңғыш оқу құралы. Сондықтан да «Ахметтану» атты оқу
құралында А. Байтұрсынұлының қазыналы мұрасы шығармашылық
даналығымен, даралығымен ұштастырыла берілген.
Әбдиманұлы Ө. Ахметтану:
оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы. –
Алматы: Қазақ университеті,
2015. – 273 б.
Имаханбет, Райхан Сахыбекқызы. Ахмет
Байтұрсынұлы музей-үйі [Мәтін] : ұлт ұстазы
А. Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу
тарихы : құрылымы, дамуы, жүйеленуі,
зерттелуі / Р. С. Имаханбет. - Алматы : Өнер,
2017. - 286 б.
Ғылыми жинақта Ахмет Байтұрсынұлы музей-
үйінің жалпы ахуалы, келелі мәселелері, ғалым
мұрасының зерттелуі мұрағат деректері
негізінде баяндалған.
Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] :
фотожинақ / [құраст.: Р.
Сахыбекқызы, Қ. Байдебекұлы]. -
Алматы : Орхон, 2017. - 235 с.
Фотожинақта Алматы және Торғай
қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-
үйі қорының мұрағаттық деректері, шежірелі
фотосуреттері, тарихи тұлғаны өз дәуірі мен
бүгінгі тәуелсіздік кезеңдегі ұлт ұстазын
ұлықтаған ресми жиындар мен арнайы
ісшаралар материалдары топтастырылған.

More Related Content

What's hot

4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2
4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-24 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2
4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2cgf gfgfg
 
лекция № 1 кости черепа
лекция № 1 кости черепалекция № 1 кости черепа
лекция № 1 кости черепаlali100226
 
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptx
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptxMotiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptx
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptxBiloldinSayfuddinov
 
Цікаві факти про тварин
Цікаві факти про тваринЦікаві факти про тварин
Цікаві факти про тваринssuser8be0a0
 
ідейно художній аналіз на камені
ідейно художній аналіз на каменіідейно художній аналіз на камені
ідейно художній аналіз на каменіmesnyanko
 
The god of small things
The god of small thingsThe god of small things
The god of small thingspaarul mishra
 
Ислам әдебиеті
Ислам әдебиетіИслам әдебиеті
Ислам әдебиетіBilim All
 
Gyan Buddhir Lorai Season-I Prelimnary round
Gyan Buddhir Lorai Season-I  Prelimnary roundGyan Buddhir Lorai Season-I  Prelimnary round
Gyan Buddhir Lorai Season-I Prelimnary roundShyamal Saha
 
A moderate question sets(QUIZ) in bengali
A moderate question sets(QUIZ) in bengaliA moderate question sets(QUIZ) in bengali
A moderate question sets(QUIZ) in bengaliKingsuk Maity
 
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той»  әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той»  әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...ssuser7a793e
 
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9Qui9 (Ultimate Quizzing)
 
Міфічні істоти у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі Українки
Міфічні істоти  у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі УкраїнкиМіфічні істоти  у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі Українки
Міфічні істоти у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі УкраїнкиОксана Мельник
 
Jim Jarmusch
Jim JarmuschJim Jarmusch
Jim Jarmuschlilbittyh
 

What's hot (20)

4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2
4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-24 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2
4 klas-ukrayinska-mova-savchenko-2021-2
 
лекция № 1 кости черепа
лекция № 1 кости черепалекция № 1 кости черепа
лекция № 1 кости черепа
 
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptx
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptxMotiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptx
Motiv va motivatsiya_file_6316540a467c0.pptx
 
Ліна Костенко
Ліна КостенкоЛіна Костенко
Ліна Костенко
 
Цікаві факти про тварин
Цікаві факти про тваринЦікаві факти про тварин
Цікаві факти про тварин
 
ідейно художній аналіз на камені
ідейно художній аналіз на каменіідейно художній аналіз на камені
ідейно художній аналіз на камені
 
2nd half (somnath)
2nd half (somnath)2nd half (somnath)
2nd half (somnath)
 
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырауАқтамберді жырау
Ақтамберді жырау
 
The god of small things
The god of small thingsThe god of small things
The god of small things
 
Ислам әдебиеті
Ислам әдебиетіИслам әдебиеті
Ислам әдебиеті
 
Gyan Buddhir Lorai Season-I Prelimnary round
Gyan Buddhir Lorai Season-I  Prelimnary roundGyan Buddhir Lorai Season-I  Prelimnary round
Gyan Buddhir Lorai Season-I Prelimnary round
 
A moderate question sets(QUIZ) in bengali
A moderate question sets(QUIZ) in bengaliA moderate question sets(QUIZ) in bengali
A moderate question sets(QUIZ) in bengali
 
Зат есім
Зат есімЗат есім
Зат есім
 
What Happens Next: The Movie Quiz
What Happens Next: The Movie QuizWhat Happens Next: The Movie Quiz
What Happens Next: The Movie Quiz
 
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той»  әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той»  әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...
13-сабақ. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел то...
 
Ұлттық шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнерҰлттық шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
 
MIx bag Quiz
MIx bag QuizMIx bag Quiz
MIx bag Quiz
 
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9
Written School Quiz on Mahatma Gandhi by Qui9
 
Міфічні істоти у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі Українки
Міфічні істоти  у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі УкраїнкиМіфічні істоти  у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі Українки
Міфічні істоти у драмі-феєрії "Лісова пісня" Лесі Українки
 
Jim Jarmusch
Jim JarmuschJim Jarmusch
Jim Jarmusch
 

Similar to Akhmet baitursinov

ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылAbilkair Zhakupov
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”Auyelbek Mombayev
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххssuser8a5811
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)guldika
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылAuyelbek Mombayev
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіAuyelbek Mombayev
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 

Similar to Akhmet baitursinov (20)

ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Kanyshsatbaev
KanyshsatbaevKanyshsatbaev
Kanyshsatbaev
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
Abaikunanbaiuly
AbaikunanbaiulyAbaikunanbaiuly
Abaikunanbaiuly
 
Magzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaevMagzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaev
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
 
Iliaszhansugirov
IliaszhansugirovIliaszhansugirov
Iliaszhansugirov
 
Al farabi1150 zhyldygyna
Al farabi1150 zhyldygynaAl farabi1150 zhyldygyna
Al farabi1150 zhyldygyna
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзенті
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 

More from Abilkair Zhakupov (16)

Law
LawLaw
Law
 
History
HistoryHistory
History
 
Mechmat
MechmatMechmat
Mechmat
 
Jour
JourJour
Jour
 
Geog
GeogGeog
Geog
 
It
ItIt
It
 
Phistech
PhistechPhistech
Phistech
 
Biology and biotech
Biology and biotechBiology and biotech
Biology and biotech
 
Zhana basilimdar
Zhana basilimdarZhana basilimdar
Zhana basilimdar
 
Sovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasovSovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasov
 
Noviepost
NoviepostNoviepost
Noviepost
 
Qasym qaysenov
Qasym qaysenovQasym qaysenov
Qasym qaysenov
 
Новые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультетНовые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультет
 
Пузиков м
Пузиков мПузиков м
Пузиков м
 
Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.
 
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орайФилософ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
 

Akhmet baitursinov

  • 1. Әл-Фараби атындағы кітапхана Кітапхана қорының топтамасы Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл
  • 2. Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады. 1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады.
  • 3. Ағартушы 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады. 1920 жылы ол басында "Ұшқын" газетінің, кейіннен аты "Еңбек туы" боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге "Қазақстан" мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 1909 жылы шыққан «Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған «Маса» жинақтары халықты оятуға себепші болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.
  • 4. Байтұрсынұлы, А. Әліп-би / Ахмет Байтұрсынұлы. Қызыл-Орда, 1926. – 116 б.
  • 5. Байтұрсынов, А. Ахмет. Шығармалары [Текст] : өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / А. Ахмет. Байтұрсынов. - Алматы : Жазушы, 1989. - 318,[2] б. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл шығармалар жинағына бұрын «Маса», «Қырық мысал» кітаптарында жарық көрген өлеңдері мен аудармалары және «Әдебиет танытқыш» деп аталатын зерттеу еңбегі топтастырылды.
  • 6. Сыздықова, Рәбиға. Ахмет Байтұрсынов [Мәтін] / Р. Сыздықова ; Қазақ ССР "Білім" қоғамы. - Алматы : Қазақ ССР "Білім" қоғамы, 1990. - 49, [3] б. Бұл кітапшада ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің тұңғыш оқулықтарын жазып, графикасын реттеуші, сол арқылы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы ғалым, ірі мәдениет және қоғам қайраткері, тамаша публицист әрі ақын Ахмет байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызмет жолы, білім- ғылымдағы еңбегі мен азаматтық бейнесі сөз болады. Мұнда А.Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы мен әлеуметтік қызметі жөніндегі бірсыпыра материалдар және оларды талдап-таныту тұңғыш рет ұсынылып отыр.
  • 7. Байтұрсынов, Ахмет. Ақ жол [Мәтін] : өлеңдер мен тәржімелер, публистикалық мақалалар және әдеби зерттеу / А. Байтұрсынов. - Алматы : Жалын, 1991. - 460, [4] б. А. Байтұрсыновтың бұл жинағына өзінің көзі тірісінде-ақ «революциялық рухтағы алғашқы сөз», «елшілік ұраны» деп бағаланған атақты кітаптары – «Қырық мысал» мен «маса», әйгілі «әдебиет танытқыш», сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» мен «ер сайын» және қазақ жұртын өнер-білім шұғыласына, рухани жетілуге үндеген көсем сөздері еніп отыр.
  • 8. Байтұрсынов, Ахмет. Тіл тағылымы [Мәтін] : қаз. тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері / А. Байтұрсынов. - Алматы : Ана тілі, 1992. - 444, [2] б. Ахмет Байтұрсынов – қазақ бабаларының ана тілінде сауат ашуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі. Бұл кітапта сол оқулықтар мен методикалық құралдырдың қолда бар басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр.
  • 9. Кәкішев, С. Ахаң туралы ақиқат [Текст] : монография / С. Кәкішев. - Алматы : Қазақстан, 1992. - 109,[3] б. «Ахаң туралы ақиқат» деп аталатын бұл кітапта қуғынға ұшыраған қазақ зиялысы, білікті ғалымы, жазушысы Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі бізге белгісіз болып келген тұстары: шыққан тегі, туыстары, өскен ортасы, басына түскен ауыр күндері бар шындығымен алдымызға тартылады. Сондай-ақ бұл шығармада аханның үрім-бұтағының кешегі, бүгінгі тіршілік-тынысы да әңгімеленеді. Кітап авторы Самырат Кәкішев – Аханның немересі.
  • 10. Байтұрсынұлы, А. Жоқтау [Текст] : монография / А. Ахмет. Байтұрсынұлы. - Алматы : Ахмет Байтұрсынұлы атын. қор, 1993. - 93,[3] б. Ахмет Байтұрсыновтың «жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген, сондай- ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылаған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.
  • 11. Байтұрсынов А. Жан сөзімді кім түсінер? – Алматы: Қазақстан: А.Байтұрсынұлы атындағы қор, 1994. – 112 б. Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар… Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлының бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген «Маса», «Қырық мысал» сияқты өлеңдері мен аудармалары басылған кітаптардағы поэтикалық шығармалары топтастырылып беріліп отыр.
  • 12. Байтұрсынұлы, А. Жаңа низам [Текст] : монография / А. Ахмет. Байтұрсынұлы. - Алматы : Жеті жарғы, 1996. - 123,[3] б. Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек... Ахмет Байтұрсынұлы
  • 13. Казахская литература [Текст] : информ. - лит. сб.: (конец ХІХ-начало ХХ вв.) / [Сост.:М.Сергеева, М.Чирчик]. - Алматы : Эксперим. изд., 1998. - 197,[3]с. Настоящий сборник включает в себя тексты произведений Ш.Кудайбердыева, А.Байтұрсынова, М.Дулатова, С.Кубеева, С.Торайгырова, с.донентаева на казахском языке и их переводы, обзорно- информационные статьи. Значительное место в книге отведено теме, посвященной силлабической системе стихосложения, изложенной просто и доступно.
  • 14. Ахметтану тағылымдары [Текст] : (ғылыми мақалалар жинағы) / ҚР Ғылым м-гі, ҒА, А. Байтұрсынов атын. тіл білімі ин-ты; [жауапы ред. Н. Уәлиұлы]. - Алматы : Ғылым, 1998. - 294 б. Жинаққа қазақ филологиясының негізін салушы ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына арналған. Ахметтану тағылымдары атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары, сондай-ақ Тіл білімі иснтитуты өткізген «ахмет байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі» атты тұрақты ғылыми – теориялық семинардағы (1998) баяндамалар еніп отыр.
  • 15. Ұлттық рухтың ұлы тіні [Текст] : [Ғылыми мақалалар жинағы] / [Б. Қапалбеков, А. Бексейітова]; ҚР Білім және ғылым м-гі, А. Байтұрсынұлы атын. тіл білімі ин-ты; Жауапты ред. Е. Жанпейісова. - Алматы : Ғылым, 1999. - 567,[1] б. Жинаққа А.Байтұрсынұлының 50 жасқа және туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған, отандық және шетел ғалымдарының қатысуымен өткен халықаралық симпозиум мен конференциялардың, Тіл білімі институты жанындағы «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі» деп аталатын тұрақты ғылыми-теориялық семинардың материалдары, әр кезде түрлі ғылыми, энциклопедиялық, библиографиялық басылымдарда жарияланған мақалалар енді.
  • 16. В книге на материале творчества недавно возвращенной нам плеяды деятелей духовной культуры первой трети хх века – Ш.Кудайбердиева, Ахмета байтурсынова, Ж.аймауытова, М.Жумабаева, М.Дулатова и М.Ауезова показано, что вехи развития казахской литературы – это вехи художественного постижения человека. Исмакова, А. С. Возвращение плеяды. Экзистенциальная проблематика в творчестве Ш. Кудайбердиева, А. Байтурсынова, Ж. Аймауытова, М. Жумабаева, М. Дулатова и М. Ауэзова [Текст] : монография / Отв. ред. С. Кирабаев; М-во образования и науки РК, Ин-т лит. и искусства им. М. О. Ауэзова. - Алматы : Ғылым, 2002. - 198,[2] с.
  • 17. Байтұрсынұлы, А. Қырық мысал [Текст] : өлеңдер / Байтұрсынұлы, Ахмет. - Алматы : Жазушы, 2002. - 119,[2] б. Ұлт ұстазының ұсынылып отырған «Қырық мысалы» Ахаңның көзі тірісінде-ақ «революциялық рухтағы алғашқы сөз», «елшілдік ұраны» деп бағаланаған. Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен бұл шығармалар Крыловтан жасалған таза аударма емес, автордың төлтума туындысы деген дұрыс.
  • 18. Машқан, Н. Т. А. Байтұрсынов - қазақ жазуының реформаторы [Текст] : монография / әл-Фараби атын. ҚазМҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2002. - 153,[2] б. Бұл монография – реформатор тілші-ғалымның қазақ әліпбиіне әкелген жаңалықтары мен өзгерістері жөнінен терең зерттелген арнайы, әрі құнды еңбек.
  • 19. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш [Мәтін] : зерттеу мен өлеңдер / А. Байтұрсынов. - Алматы : Атамұра, 2003. - 206, [2] б. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайтаркері ахмет байтұрсыновтың бұл жинағына «әдебиет танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері топтастырылған.
  • 20. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1- том. – Алматы, «Алаш», 2003. – 408 б. А.Байтұрсыновтың бес томдық шығармалар жинағының 1-томына «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер кітабы және «Қазақтың бас ақыны», «Әдебиет танытқыш» атты әдеби-ғылыми зерттеулері еніп отыр. Бұл басылымның басты ерекшелігі – 1989, 1991 жылдары жарық көрген А.Байтұрсынұлының шығармалар жинарқтарындағы еңбектерінің түпнұсқаларымен салыстырылып, өзгеріске ұшыраған сөйлемдер, алынып тасталған ғылыми талдаулар қайта қалпына келтіріліп, толықтырылды.
  • 21. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т. Тіл – құралы – Алматы: «Алаш», 2005. – 352 б. Бұл жинақта «тіл – құрал» оқулықтары мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының мәтіндері толық ұсынылып отыр.
  • 22. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 4-т. Әліппелер мен мақалалар жинағы. – Алматы: «Алаш», 2006. – 320 б. Жинаққа Қазақша алифба (1912), Әліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты әліппелері және сол жылдары өзекті мәселелері көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді.
  • 23. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 5-т. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2006. – 288 б. Бұл жинаққа ұлттық рухымыздың ұлы тіні, ұлағатты ұлт ұстазы, қазақ жұртының ар-ожданы атанған Ахмет Байтұрсыновтың «Ер сайын», «23 жоқтау», сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен жаңа табылған кейбір туындылары және әр жылдары жазылған көсемсөздері топтастырылды.
  • 24. Байтұрсынұлы, А. Маса [Текст] : өлеңдер мен көсемсөздер / А. Байтұрсынұлы. - Алматы : Раритет, 2005. - 207,[1] б. Қазақтың жерін ғана алып қоймай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратпен халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлындай ұлы тұлға бұрынғы-соңғы ұзақ тарихымызда сирек. Ұсынылып отырған кітаптағы Ұлт Ұстазының ешқашан ескірмес елшілдік сөздері қазір де көкейкесті.
  • 25. Әбдиманұлы, Өмірхан. Ахмет Байтұрсынұлы [Текст] : зерттеу-эссе / Әбдиманұлы, Өмірхан. - Алматы : Арда, 2007. - 293, [3] б. Қазақ халқының тарихи-рухани өмірінде өлшеусіз еңбек еткен аса ірі тұлғаларадың – Шоқан, Ыбырай, Абайдан кейінгі бірегей перзенті Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы екені хақ. Бұл еңбекте осы бір ұлы да ұлағатты тұлғаның тағдыр-талайы шығармашылық даналығымен ұластыра зерделеніп, жан-жақты баға беріледі.
  • 26. Байтұрсынов, Ахмет. Тіл тағылымы [Мәтін] : антология / А. Байтұрсынов ; құраст. А. Ж. Құдабаев. - Павлодар : С. Торайғыров атын. Павлодар мем. ун- ті, 2008. - 170, [2] б. Бұл кітапқа автордың қазақ жазуы, емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектері енді.
  • 27. «Ұлағатты ұлт ұстазы»: Р.Имаханбетова, Қ.байдебеков. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2010. – 276 [24] б. Бұл анықтамалық-көрсеткіште тарихи тұлға һәм ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлының ғұмыр жолының негізгі кезеңдері, шығармашылық еңбектерінің хронологиялық тізбесі, қайраткердің өмірі мен еңбектері туралы қорғалған зерттеулер мен түрлі материалдар көрсеткіші берілді. Сонымен қатар, ұлт ұстазы туралы таңдаулы мақалалар мен арнау өлеңдер топтастырылды.
  • 28. «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми- әдістемелік конференция материалдары/ғыл.ред. А.Б.Салқынбай, - Алматы, 2012. – 319 б. «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми- әдістемелік конференция материалдарында қазақ тіл білімінің негізін салушы А.байұрсынов еңбектеріндегі негізгі ғылыми концепциялар бүгінгі күннің талаптарына сәйкес талданады.
  • 29. Байтұрсынов А. Қазақ тіл білімінің мәселелері/Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 б. Кітапқа мемлекет және қоғам қайраткерінің төл терминологиямыз бен оқу ағартуға, емле мен әдістемеге қатысты мақалалары да енгізілді. Араб харпіндегі түпнұсқадан қазіргі жазі үлгімізге салыстырыла аударылған бұл асыл қазына-мұра тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жанашырларына арналады.
  • 30. Байтұрсынов А. Шығармалары/ Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2013. – 240 б. Бұл кітапқа Алаш азаматы Ахмет Байтұрсынұлының өзекжарды өлеңдері, мақалалары және аударма мысалдары еніп отыр.
  • 31. Байтұрсынұлы, А. Алты томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : [жинақ] / А. Байтұрсынұлы. - Алматы : Ел-шежіре, 2013.
  • 32. Бұл кітап ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық болмысын тануға арналған тәуелсіз еліміздегі тұңғыш оқу құралы. Сондықтан да «Ахметтану» атты оқу құралында А. Байтұрсынұлының қазыналы мұрасы шығармашылық даналығымен, даралығымен ұштастырыла берілген. Әбдиманұлы Ө. Ахметтану: оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 273 б.
  • 33. Имаханбет, Райхан Сахыбекқызы. Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі [Мәтін] : ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу тарихы : құрылымы, дамуы, жүйеленуі, зерттелуі / Р. С. Имаханбет. - Алматы : Өнер, 2017. - 286 б. Ғылыми жинақта Ахмет Байтұрсынұлы музей- үйінің жалпы ахуалы, келелі мәселелері, ғалым мұрасының зерттелуі мұрағат деректері негізінде баяндалған.
  • 34. Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] : фотожинақ / [құраст.: Р. Сахыбекқызы, Қ. Байдебекұлы]. - Алматы : Орхон, 2017. - 235 с. Фотожинақта Алматы және Торғай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей- үйі қорының мұрағаттық деректері, шежірелі фотосуреттері, тарихи тұлғаны өз дәуірі мен бүгінгі тәуелсіздік кезеңдегі ұлт ұстазын ұлықтаған ресми жиындар мен арнайы ісшаралар материалдары топтастырылған.