SlideShare a Scribd company logo
1 of 63
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Мұханбетжанова Ә.
Умбетова Г.
Жасөспірім оқушылардың зияткерлік
дарындылығын қалыптастыру
Орал, 2017
ӘОЖ 376.5-053.6 (072)
Авторлар:
Мұханбетжанова Ә.М. - педагогика ғылымдарының докторы,
профессор.
Умбетова Г.М. – педагогика ғылымдарының магистрі.
Пікір жазған:
Даулетов Н. - педагогика ғылымдарының кандидаты,
профессор.
Мұханбетжанова Ә., Умбетова Г.
Жасөспірім оқушылардың зияткерлік дарындылығын
қалыптастыру. – Орал. Батыс Қазақстан инновациялық-
технологиялық университеті, – 2017.- 62 б.
Оқу-әдістемелік құралда жасөспірім кезеңдегі оқушылардың
зияткерлік дарындылығын анықтаудың, қалыптастырудың теориясы
мен практикасы берілді. Жасөспірім оқушылардың зияткерлік
дарындылық мәселесінің педагогикалық- психологиялық негіздері
туралы түсінік беріліп, жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік
дарындылығын қалыптастырудың мазмұны туралы білім мен оны
қолданудың практикалық білігін арттыруға жол ашады.
Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының студенттеріне,
магистранттарына, мектеп мұғалімдеріне және мектеп оқушыларына
арналған.
2
Кіріспе
Еліміздегі әлеуметтік саяси өзгерістерге байланысты білім беру
мекемелерінде өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік,
біліктілік, маңызды қабілеттерді қалыптастыру мақсатында
жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі туып отыр. Болашақта ел
тұтқасын ұстар білімді де, іскер де, тәрбиелі өнегелі ұрпақ
тәрбиелеу бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамассыз ететін білім
алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-
ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып
табылады» – делінген.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де
белсенді адамдар тобы. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды
көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені
даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында "Әр
баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның
дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны
белгілі. Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар
даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың
тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз
етеді. Жасөркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті,
дарындылықты дер кезінде тани білу, оның әрі қарай дамуына дұрыс
бағыт-бағдар бере білу ерекше іс болып табылады. Алайда әр баланың
жекелей қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.
Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның
санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты
дамыту бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады.
Егемендікке қолы жеткен елді өркендететін жас мемлекеттің
саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына үлес қосатын
бүгінгі мектеп оқушысын, ертеңгі қайраткерлердің зияткерлерлік
3
дарындылығын қалыптастырудың маңызы зор. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен
«Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту»
(1996ж.) жобасы іске қосылды. Жас таланттарды қолдау мемлекеттік
бағдарламасы жасалды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бұйрығымен (№256 бұйрық 24 наурыз 1998ж.) Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанынан
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ашылды.
«Дарын» орталығы Республикамыздың дарынды балаларымен жұмыс
жүйесін ұйымдастырады. Сонымен қатар, «Қазақстан
Республикасының дарынды балаларын анықтау, қолдау және дамыту
тұжырымдамасы» жасалды. Осы тұжырымдамада дарынды баланы
анықтау және қолдау үшін мынадай шарттар орындалуы қажет:
оқушыларды саралап оқыту, яғни оқушының ерекшеліктерін ескере
отырып биінді сыныптар қалыптастыру және жеке жоспар мен жеке
оқу бағдарламаларын қолдану.
Демек, мәселені зерделеу барысында зияткерлік дарындылықты
қалыптастыру мәселесіне бірқатар зерттеу жұмыстарының
жүргізілгені байқалады. Алайда, осындай бағытта жүргізіліп отырған
зерттеулердің жетістіктеріне қарамастан, бүгінгі күні, жалпы орта
білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жасөспірім кезеңдегі
оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселесі арнайы қарастырылмағаны
және педагогика ғылымында осы мәселенің теориялық негізі мен
жүзеге асыру жолдарының жеткілікті деңгейде зерттелмегені
айқындалады. Осыған байланысты, жасөспірім кезеңдегі
оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың
қажеттілігі мен мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік
тұрғыда жеткілікті қамтамассыз етілмеуінің арасында қарама-
қайшылық бар екендігі айқындалды. Мұның барлығы жасөспірім
кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастыру
және дамытудың жаңа құралдары мен бағыттарын іздеу мәселесін
анықтады.
Оқу-әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне оқушыларға
зияткерлік дарындылықты қалыптастыру технологиясын меңгертуге
бағытталған. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытумен қатар, осы
құрал арқылы оқушыларды альтернативті шешім табуға және ойлау
кедергілерін жеңіп оригиналды жауап ойлап табуға үйретеді. Бұл оқу-
әдістемелік құрал оқушылардың зияткерлік және шығармашылық
4
дарындылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар, табысқа жету
мотивациясын да қалыптастыруға әсерін тигізеді.
1. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік
дарындылық мәселесінің педагогикалық- психологиялық
негіздері
Қазіргі кезде қоғамымызда негізгі болып дарындылықтың
ғылымилығы ғана емес, сонымен бірге дарындылықтың өмірде
шынайы көрінуі, оны анықтаудағы әдістер, балада дарындылықтың
дамуы және оның әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Бүгін дарынды балаларды қамқорлау
бұл ертеңгі ғылым дамуы мен мәдениетті және әлеуметтік өмірді
сақтау болып табылады. Дарындылықты анықтаудың әдістері
баршылық, олардың өз қабілетін жүзеге асыру үшін өзіндік жобалар
жасалуда. Балалардың дер кезінде өз дарындылығын түсіну және өз
шығармашылығын жетілдіру, жауапкершілікті де өз мойына алу
мәселелері де жеткілікті келеді. Дарындылық әр жас шағында әртүрлі
көрінуі мүмкін және ол жастық шақ кезеңіне де тән болып келуі
мүмкін. Дарындылық әртүрлі жаста әр салада көрінуі мүмкін.
Мектепке дейінгі шақта сурет салуға, музыкаға, жалпы
шығармашылық қабілетке деген қабілеттілік ерте дамиды. Ең негізгі
міндет- дарындылық сипаттамасында оның өткінші, яғни белгілі жас
шағында көрінетінін немесе оның нақты ерекшелігін анықтау болып
табылады. Балада байқалатын дарындылық көрсеткіштерін көріп,
оның болашақтағы шығармашылық потенциалын бірден анықтауға
болмайды, себебі ол уақыт өте келе өзгеруі де мүмкін.
Қазіргі таңда дарындылық мәселесі барлық елде негізгі маңызды
мәселе болып табылады. Әртүрлі әдебиеттерді талдай келіп,
зияткерлік дарындылық мәселелері біздің елде және шетелде де
ғылыми зерттелу үстінде екені айқын болды. АҚШ-та зияткерлік
дарындылық мәселесін зерттеумен X. Гарднер, А.Г. Пассов, Дж. С.
Рензулли, Р.Дж. Стернберг, А.Дж. Таненнбаум айналысса,
шығармашылық дарындылықты зерттеуде танымал АҚШ
зерттеушілері Дж.Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор, Дж.
Кэррола, Б. Блуман, Ж. Брюно танымал болғаны белгілі, ал Англияда-
Дж.Фримен, Германияда - К.А. Хеллер, Г. Трост , Х.К.Урбан,
Израильде - Э.Ландау айналысады.
Ресей елінде зияткерлік дарындылықты Ю.Д. Бабаева, Д.Б.
Богоявленская, М.И. Воловикова, В.Н. Дружинин, Н.С. Лейтес, Л.И.
5
Ларионова, A.M. Матюшкин, В.И.Панов, А.И.Савенков, М.А. Холодная,
Н.Б. Шумакова, B.C. Юркевич зерттеген.
Елімізде дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің мынадай
бағыттары бойынша зерттеулер маңызды болып табылады: дарынды
балалармен жұмысты ұйымдастырудың басқару аспектісін
Ү.Б.Жексенбаева, Л.И.Нарықбаева; математика пәнін оқытуда
дарынды балалардың зияткерлік әлеуетін дамытуды Г.С.Байтуреева,
Ж.О.Үмбетова; мектепке дейінгі шақта балалардың дарындылығын
дамытуды О.А.Жумадиллаева; жалпы білім беретін мектептердің
педагогикалық процесінде дарындылықты дамыту шарттарын
С.В.Кузнецова, С.И.Қалиева зерттеген. Сонымен қатар дарынды
балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін Е.М. Арын;
А.М.Бултачеева; С.Н. Лактионова; Т.А. Линчевская зерттесе; дарынды
балардың диагностикасын Б.О. Байтукова, Н.Д.Иванова,
С.С.Мендигалиева, А.К.Сатова, интеллектуалды дарынды балалардың
дарындылығын дамытуды И.Б. Отческая, Н.Даулетов, А.М.
Мұханбетжанова және Н.Н.Хан, А.К. Ризуанованың, Ж. Есполованың
жұмыстарында оқушыны оқыту және тәрбиелеу процесіндегі
педагогтың шығармашылық рөліне көп көңіл бөлінген.
Дарындылық мәселесін зерттеген кезде негізгі мәселе
дарындылық түсінігін және зерттеу тұжырымдамасын анықтау болып
табылады. Осының негізінде дарынды балалардың идентификациясы
мен оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау қажет.
Э.Ландау дарындылыққа мынадай анықтама береді:
«дарындылық- бұл баланың ішкі дүниесі мен сыртқы ортасының өзара
әсерлесу жүйесі». Сыртқы орта баланың өзіне тән қабілетін
(интеллектісін, шығармашылығын, таланттын) ашуға мүмкіндік
береді. Осы өзара әсер арқылы дарынды баланың «Мен» жүйесі
нақтыланып, белгілі бір іс-әрекет жасауға ниеті, белсенділігі пайда
болып, оқушы табандылықтың нәтижесінде өз мақсатына қол
жеткізеді. Тек сыртқы ортамен байланыс кезінде ғана баланың
эмоционалды және зияткерлік дарындылығын белсендендіріп жүзеге
асырады. Э. Ландау бойынша, баланың рухани есеюі интеллектінің
жоғары көрсеткішіне жағымды әсер етеді.
Дж. Гилфордтың жұмысының көрсетуі бойынша дарынды
балалардың көпшілігі мектеп бітіру соңында депрессиялық күйде
болып құрдастары мен үлкендер арасында өз дарындылығын
көрсетуге тырысады. Дарынды балалар мектепте өздерін
«қысымшылдықта» сезінеді.
6
Көбінесе "Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген
пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі Е.Торранстың зерттеулері
бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады.
Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді,
тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын
оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз
жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік
туғызатын, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды.
Психолог П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының
шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын
оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.
В.Штерн дарындылыққа мынадай анықтама берді:
«Ақыл-ой дарындылығы- бұл өз ойын саналы жаңа талапқа бағыттауға
жалпы қабілеті бар, жаңа тапсырмалар мен жаңа өмір сүру жағдайына
бейімделіп келген жалпы ақыл-ой қабілеті бар балалар.» Бұндай
дарындылықтың мінездемесі дарындылықтың деңгейін салыстыруға
мүмкіндік береді.
Сексенінші жылдардың басында халықаралық жоба тыңдалып, онда
дарынды балалар болашақты болжап, нар тәуекел жағдайлардан қалай
шығу керектігін болжайтын болады делінген.
А.М. Матюшкиннің психологиялық тұжырымдамасындағы
дарындылық құрылымына тоқталайық. А.М. Матюшкиннің
тұжырымдамасына сәйкес таным процесіндегі шығармашылық жол -
ішкі мотивацияның негізгі шарты ретінде қарастырылып,
шығармашылық мүмкіндіктің көрінуін мәселені анықтау, оны
шешудің ерекше жолдарын іздеу және жағдайларды өз бетімен
реттеу, бейнелі ойлау мен қиял көрінуінің негізгі қажеттілігі ретінде
көрсеткен. А.С.Рубинштейн пікірі бойынша, тек арнайы және
жалпы қабілеттердің бірлігі ғана адамның дарындылығының
көрсеткіші. Тәжірибе жүзінде біз жиі арнайы қабілетпен (суретке,
әнге, спортқа, техникаға) бірге ақыл-ой дарындылығын да
кездестіреміз. Оқушылардың ақыл-ой дарындылығын жоғары
интеллект көрсеткішімен анықтайды. Бұл термин ақыл-ой
дарындылығының синонимі ретінде қолданады. Бірақ ақыл-ой
дарындылығы тек жоғары интеллект көрсеткіші ғана емес, сонымен
қатар тұлғаның мінезінің ерекше қасиеті болып табылады.
А.С.Рубинштейн пікірінше, ақыл-ой дарындылығы – бұл бір немесе
бірнеше ақыл-ой қасиетінің бірігуі.
7
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интеллектуалдың дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту»
мәселелері енгізілген.
А.К. Ризуанова дарындылыққа мынадай анықтама берген:
дарындылық-бұл белгілі бір іс-әрекетте жоғары жетістікке жетуге
мүмкіндік беретін тұлғаның психикалық қасиеті. Автор
дарындылықтың мынадай түрлерін жіктеп көрсеткен: инструменталды
және мотивациялық. Инструменталды дарындылыққа мыналар
жатады: оқытудың арнаы бағдарламаларының болуы, білімді
ұйымдастырудың ерекше түрі, білімнің ерекше сипаттамасы, білімді
меңгеру ерекшеліктері. Мотивациялық дарындылыққа: іс әрекет
процесіндегі таңдау сезімталдығы, жоғары танымдық қажеттілік, бір
іс әрекетке үнілу, қарама қайшы ақпаратты қабылдауға ұмтылу, өз
еңбегінің өнімділігіне талап қою, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
Дарындылық мәселесін түбегейлі зерттеген ғалым Ү.Б.
Жексенбаева зияткерлік дарындылыққа мынадай анықтама берген:
зияткерлік дарындылық-бұл жалпы және арнайы ақыл-ой қабілеті
жоғары дәрежеде дамыған және танымдық үрдісінің белсенділігімен,
оригиналды ойлауымен ерекшеленетін балалар. Автордың пікірінше,
дарынды балалардың ой-өрісінің деңгейі жоғары, қабілетті, тәрбиелі,
еңбексүйгіш, жауакершілігі мол, күш-жігері жоғары балалар
мектептегі жетістікпен бітіреді.
Қазақстандық ғалым Л. Нарикбаеваның пікірінше, зияткерлік
дарындылықтың дамуы әлеуметтік факторларға, соның ішінде
танымдық және менталды тәжірибеге де байланысты. Және оқушының
дарындылығын тек оның интеллект коэффициентінің жоғары
көрсеткіші бойынша анықталмайды, себебі зияткерлік көрсеткіші өмір
барысында ауысып отырады.
Сонымен, ғылыми еңбектерге жүргізілген талдаудың негізінде
біз жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылыққа мынадай анықтама
бердік: жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылық - бұл жоғары
дәрежеде дамыған интеллект көрсеткішіне, креативтілігіне,
мотивациялық бағыттылығына негізделген белгілі бір іс-әрекетті
табысты орындау кезіндегі тұлғаның индивидуалды қасиеттерінің
жиынтығы.
Біздің ойымызша, жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылық
оқытудың жаңа моделдері арқылы және зерттеушілік іс-әрекет үстінде
дамып отырады. Зияткерлік дарыныдылық қалыптасу үшін мұғалім
8
оқушының оқу үрдісін тиімді ұйымдастыра алу қажет. Мұғалім
оқушыларды әрдайым ізденушілік іс-әрекетке бағыттап отыруы қажет.
2. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік
дарындылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
зияткерлік дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту»
мәселелері енгізілген.
Дарынды балаларды дамыту және оқыту мәселесіне
педагогикада, психологияда, философияда, физиологияда көп көңіл
бөлінген. Осы бөлімде психологиялық-педагогикалық ғылымда
анықталған дарынды тұлғаны дамытуға арналған индивидуалды
бағыттарды қарастырамыз.
Осы тұрғыдан жасөспірім кезеңдегі оқушылардың
дарындылығын қалыптастыру және дамыту мәселесін шетелде Д.
Фримен, Б.Блум, С.Каплан, Дж.Рензулли, Х.Пассов, В.Уильямс өткен
ғасырдың 70-80 ж.ж. «толықтыру стратегиясын» біріктіруге
тырысқанын байқауға болады.
Ресейде дарынды балаларды оқыту және қалыптасытру, дамыту
мәселесі бойынша О.А. Верхозинаның, Н.С. Лейтестің, Н.Б. Шумакованың,
B.C. Юркевичтің, С.А. Ледневаның, A.M. Матюшкиннің, Г. Тросттың,
К.Урбанның, И.А. Ильницкаяның, Л. Холлингоуорттың, А.И.
Савенковтың, А.Н. Жигайловтың, А.М. Купринаның еңбектері танымал.
Елімізде дарынды балаларды оқыту және қалыптастыру, дамыту
мәселелерімен Ү.Б. Жексенбаева, Г. Нұрымбетова, И.Б. Отческая,
Н.Даулетов, Л. Нарикбаева және т.б. айналысқан.
Соның ішінде танымалы Дж.Рензуллидің – «оқу бағдарламасын
толықтыудың үш түрі». Автордың пікірі бойынша, толықтырудың
бірінші түрі балаларды қызықтыратын әртүрлі білім саласымен
таныстыру. Нәтижесінде баланың қызығушылық аймағы кеңейіп бала
нені терең білгісі келетіні туралы көзқарасы қалыптасады.
Толықтырудың екінші түрі бала ойлауын арнайы дамытуға
бағытталған. Бұл үшін бақылауышылықты жаттықтыратын арнайы
білім жүйесі және бағалау, салыстыру, талдау, синтездеу
операцияларын орындайтын қабілет жүйесі қажет. Осы қабілеттер
күрделі мәселені шешуге және күрделі танымдық процеске көшуге
қажет. Толықтырудың үшінші түрі балалардың өз бетті
шығармашылық тапсырмаларды шешуіне қажет. Баланы өзденушілік
9
шығармашылық жұмысқа баулу дарындылығын дамытып қана қоймай
оны тәрбиелейді.
Біздің ойымызша, автордың ұсынған оқу бағдарламасын
дарынды балаларды оқыту кезінде тиімді қолднауға болады.
Дарынды балалармен жұмыс кезіңде арнайы бағдарламалар
тиімді болып келеді. Сол бағдарламалардың келесі түрі - С.Каплан
бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламаны құрастырған кезде
автор мынадай талаптарды сақтау қажеттігін көрсетті: оқушының
зерттейтің тақырыбының негізгі сипаттамасы мен мәселесі;
мәселені қалыптастырудағы тәртіп; тақырып мазмұнының
мағыналылығы, өнімділігі, сыни ойлауды дамытуға бағытталуы.
Оның ойынша, баланың жеке қызығушылығына, оның зерттеу
мәселесі бойынша өзбетті жұмыстануына үлкен көңіл мен зейін
бөлінуі тиіс.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы
басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты
аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі) анықтау
мен айқындау болып табылады. Қазіргі уақытқа дарынды балаларды
анықтай білу үшін шетел зерттеушілері бағалаудың жинақтық әдісін
қолданды, мұнда педагогтардың да ата-аналардың да, психологтардың
да ойлары қаралды. Дарындылық тұжырымдамасының авторлары
дарынды балаларды анықтау – нақты баланың дамуына талдау
жасаумен қатысты ұзақ үрдіс деп тұжырымдады. Сапалы дарындылық
идентификациясын тестілеумен анықтау мүмкін емес. Сондықтан,
дарынды балаларды іріктеуде тек бір жакты қарастырмай, оларды
әрдайым арнай бағдарламалар немесе жеке білім арқылы іздестіріп
отыру қажет.
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен
байланысты ұзақ процесс. Дарынды баланы тәрбиелеу мен оқыту
барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың
барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа
сабақ беретін мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен
дәрігерінің пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер
жүргізген дұрыс.
Осы саладағы барлық әдебиеттердің теориялық талдауы
көрсетіп отырғандай, баланың бойындағы дарынына диагностика
жүргізудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жетілдіру жалпы
дарындылық атты құбылысты зерттеумен тығыз байланысты.
10
Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының
ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол
қабілетті балалар диагностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды
балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту
жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ
мерзімді диагностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты
пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диагностикасын
ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі-теориялық,
ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын
диагностика моделін өндеп шығару болып табылады.
Демек, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу –арнайы
бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте
күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті
кезең болып табылады.
Дарынды балалар мен жасөпірімдерді дамыту мәселесі-білім
беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы
үшін жағдайлар жасау мәселесі деп қарастырылуы қажет.
Дарындылық белгілері бар балаларды анықтап, олардың жетілуі мен
әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Тұлға дарындылығы өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами
қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы ерекшелігі болып
байқалады. Ү.Б. Жексенбаеваның анықтауынша, дарындылық өзара
байланысқан үш: ынталандырушылық, когнитивтік (танымдық), іс
жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас жүйе. Әрбір
толықтауыш дарындылықты дамытудың бірнеше белгісінен тұрады.
Ү.Б. Жексенбаева дарындылықты дамытудың басты белгілерін: үлкен,
жасөспірімдік және бозбалалық жастағы оқушыларға тән деп
келтірген. Оқушылар тәрбиелілігі белгілері мен көрсеткіштерін
анықтау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті
қарастырылмаған. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасын талдау
нәтижесінде кей ғалымдар шындыққа субъективті жанасуды негізге
алса, екіншілері ішкі және сыртқы байланыстар мен тұтастықты
айтады, ал үшіншілері түрлі қызмет аясында бірқалыпты тұлға
сапасының қалыптасуын, тұлға бағыттары деп түсіндіреді. Келесі
бөлімде қарастырылатын бала дарындылығы диагностикасының
белгілері мен көрсеткіштеріне келер болсақ, бірнеше ақпарат
көздерінде диагностика жүргізуде ақыл-ой, креативтілік пен қабілет
сияқты көрсеткіштерді межеге алу керек деп көрсеткен. Үміт
Бахытжановна өз еңбегінде дарындылық дамуының аса дарынды және
11
дарынды екі түрін көрсеткен. Аса дарынды балалар деңгейіне
жатқызылған оқушылар ерте жастан танып-білуге құштарлық,
таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның
табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез-құлық тән.
Қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылық біртіндеп
тұрақты танымдық сұранысқа айналып, үлкен жасөспірімдік және
бозбалалық жасқа келе қандай да бір білім саласындағы
басымшылдыққа ие болады. Осы танымдық сұраныс табиғи
қабілеттермен, яғни ой-өрістік немесе арнайы қабілеттермен
математикалық, техникалық, музыкалық, бейнелеу, спорт
толықтырылады. Үлкен мектеп жасында-өмірлік көзқарастың
қалыптасуы, өмірдің мәні мен келешек мамандықты таңдау шағында
құндылықтар жүйесі (отбасы, Отан, бейбіт өмір, ұлтаралық қатынас
мәдениеті ) жинақтала бастайды, олардың ішінде қайталанбас, ерекше
қабілеттермен байланысты қызмет түрі маңызды орынға ие. Бұл
жастағы балалар өзінің дарындылығын жеке өмірінің қалыптасуында
маңызды екенін ғана емес, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-
экономикалық хал-ахуалының дамуында да маңызды рөл
атқаратындығын түсінеді.
Қандай да бір білім беру мен қызмет саласында анық
байқалатын қабілеті бар оқушы өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттілікті
сезіне біледі. Оларға бәсекелестік пен көшбасшылық сияқты қасиеттер
тән, сондықтан да олар түрлі байқаулар, олимпиадалар,
конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып,
марапатталады. Мұндай оқушылар түрлі деңгейлік жарыстардан өте
келе республикалық және халықаралық білім сайыстарына қатысуға
іріктеледі және жоғары білім алу үшін республикалық, алыс-жақын
шетелдік атақты оқу орындарына сөзсіз оқуға түседі. Осы
жетістіктерге бұл топтағы дарынды балалар өздерінің жоғары ой-өрісі
мүмкіндіктерінің арқасында жетеді.
Жалпы оқу дағдылары жеткілікті әрі зерттеушілік әрекетте түрлі
тәсілдерді игере отырып, оның мазмұнына шығармашылық
элементтерін де қоса отырып, оның мазмұнына шығармашылық
элементтерін де қоса ұштастырады. Алайда олар көбіне берілген
жұмысты тікелей мұғалімнің көмегі мен бақылауы арқылы
орындайды.
Дарынды бала өз ісінен ляззат алуға бейім субъект
болғандықтан, жаңғырту әдісі оны жалықтырады және мұғалімнен
тәуелділікке төзе алмайды, сондықтан нәтижесінде дарын сөнеді.
12
Дарындылық сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс,
тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасауы қажет.
Дарынды баланы оқыту үшін жаңаша әдістерді қолдануды қажет етеді.
Жаңаша оқу- көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырманы орындау
арқылы оқу деген сөз. Мұндай тапсырмамен оқу оқушыдан өз бетінше
ізденуді талап ететіндіктен, оқу барысында «шығармашылық-ізденіс»
деп аталатын әдіс қолданылады. Шығармашылық-ізденіс оқушыға үш
мүмкіндік береді: өз бетінше оқу, тапсырманы іріленген
дидактикалық материалды игеру үшін орындау және бақылау жұмысы
ретінде пайдалану. Осылай мұғалім тек кеңесші, ақылшы қызметін
атқарып отырады.
Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге
болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және
тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс.
Дарынды балаларға қамқорлық қабілеттерін дамытуды жалпы
білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен
ұштастырылуын көздейді.
Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тәрбиелеу үрдісінің негізгі
фигурасы болып табылады. Көбінде оның тұлғалық, кәсіби
педагогикалық қасиеті тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін және
ерекшелігін анықтайды. Педагогтардың дарынды балалармен
жұмыстануындағы негізгі ерекшелік – бұл шығармашылық іс-
әрекеттегі жоғары мүмкіндікті жүзеге асырудағы қажеттілік пен
қабілеттілікті қалыптастыру. Баланың қабілетін дамытуға бағытталған
білікті мұғалімдер оның ішкі мотивациясын қалыптастыру қажеттілігін
атап өткен. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, дарындылықтың негізгі
ерекшелігі тұрақты мотивацияның (танымдық, іс-әрекеттік) болуы.
Рухани тұлғаны негізі ішкі мотивациясы, тұлғаның бағыттылығы және
құндылықтар жүйесін қалыптастыруына жағдай жасау қажет.
Осы жұмыстардың негізі дарынды балаларды мамандандыру
болып табылады. Бұл белгілі бір салада дарындылығы айқын көрінген
дарынды балалар туралы айтылып отыр. Дарынды балалармен жүйелі
жұмыстануда қоғамдық бірлестіктердің маңызы зор. Бұндай жүйелер
мемлекеттік құрылымдарды толықтырып, дарынды балаларға білім
беру мәселесін анық көрсетіп отырады. Жоғарыда келтірілген
стратегияларды дарынды балаларға білім беру жүйесімен айналасатын
педагогтар қолданады.
Дарынды балалармен жұмыстану бірнеше деңгейден тұрады. Бұл
жүйенің негізі мектеп болып табылады. Сонымен қатар, педагог
13
дарындылықты анықтай алатын қабілеті болу қажет. Педагог қажет
болған жағдайда дарынды баланы мектептен тыс ұйымдарға жолдауы
қажет және мектептің де білім беру жүйесі икемді, яғни қосымша
біліммен қамтылуы қажет. Жалпы білім беретін мектептер орташа
қабілетті оқушыларға бағытталған, онда аса қабілетті дарынды балаларға
көп көңіл бөлінбейді. Ал мемлекетке дарынды, талантты тұлғаларды
жоғалту үлкен қателік болып саналады. Жалпы білім беретін
мектептің жүйесінде қайта жаңғырту тапсырмалары жиі қолданылып,
дарынды балалардың ойлау қабілеті белсендендірілмейді.
Ал дарынды балалармен жұмыстанатын ұйымдар баланың
шығармашылық аймағын дамытуға тырысып, баланың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
3. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік
дарындылығын анықтауға арналған әдістемелер
Мемлекеттік білім стандарты оқушылардың білім деңгейіне
қоятын минимум талаптарын және оны жүзеге асырудағы
мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды. Оның маңыздылығы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілген.
Заңда: «Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның
жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге
бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықтықты саналы
түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған»,- деп
жазылған.
Ең алдымен, оқушыны ертеңгі өмірге даярлаудағы жалпы
білімнің алдында тұрған осы міндеттердің жүзеге асырылуы мектеп
стандартына тікелей байланысты. Әрбір жеке тұлғаның өзіндік
қабілетін дамыту бағытында білім беруге тиіс қандай да болмасын
жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын айқындауға қазіргі
мектеп стандарты ғылыми іргелі база бола алмайды. Әлемдік білім
беру стандарт деңгейінде, бағытында реформа жасау – басқа елдердің
тәжірибесін өзімізге тікелей пайдалану емес, білім берудің қатаң
заңдылықтарына сүйене отырып, өз жағдайымызға қолайлы, өзгенің
де, өзіміздің де ең озық тәжірибе негізінде, бүгінгі уақыт талабына
қарай өз білім беру жүйемізді жетілдіру бағытында ғана жүретін
үрдіс.
Қай елдің болмасын білім деңгейінің көрсеткіші – сол елдің
экономикалық дамуы. Жалпы даму, соның ішінде экономикалық даму
14
қоғамдағы әр қызметкердің кәсіби шеберлік деңгейіне қатынасты.
Кәсіби шеберліктің іргелі негізі мектепте қаланады. Мектеп кезеңі–
баланың табиғи мүмкіндігінің толықтай ашылып, қабілет-
икемділіктерінің қалыптасып жүретін уақыты. Жалпы білімінің
міндеті баланың жалпылама дамуын қамтамассыз ету ғана емес, ең
басты баланың жастай өз қабілеті мен қызығушылығына қарай белгілі
бір мамандыққа арнайы әзірлеу білу. Сондықтан біз оқушылардың
зияткерлік дарындылығын анықтау әдістемесіне тоқталмас бұрын,
оқушылардың зияткерлік дарындылығының даму дәрежесінің
индивидуалды ерекшеліктерін анықтадық. Сонымен қатар зияткерлік
дарындылықтың өлшемдерін: интеллект, креативтілік, тұлғаның
мотивациялық бағыттылығын анықтадық. Осы зияткерлік
дарындылықтың өлшемдері оқушыларға іс-әрекетті табысты
орындауға оригиналды идеялардың пайда болуына, жоғары
жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Оны біз төмендегі 9 кестеде
ұсынып отырмыз.
Кесте 9 – Зияткерлі дарынды оқушының өлшемдері және
көрсеткіштері
Зияткерлік
дарындыл
ықтың
құрылымы
Өлшемдері Көрсеткіштері
Жоғары Орташа төмен
Мотивациялықбағыттылығы
Проблемді
жағдайларды
шешу кезіндегі
қызығушылық
пен
табандылықтың
пайда болуы
Мотивациялық
бағыттылығы жоғары
дәрежеде көрсеткіші
мынадай қасиеттермен
сипатталады:
проблемді жағдайларды
шешу кезіндегі
қызығушылық пен
табандылықтың пайда
болуы.
Мотивациялық
бағыттылығы
орташа
дәрежедегі
балаларға
проблемаларды
шешу кезіндегі
әртүрлі
стратегияларды
қолдана алу
қабілеті тән.
Мотивациялық
бағыттылығы төмен
дәрежедегі балаларға
проблемді
жағдайларды шешу
алу қабілетін арттыру
мақсатында
жаттығуларды жиі
өткізу қажет
15
Зияткерлігі
1.Ақпаратты
жүйелеу және
реттеу қабілеті
2.Ақпаратты
есте сақтау және
қайта жаңғырта
алу қабілеті
3.Ерекшеліктерд
і байқай алу
қабілеті
4.Вербальді
емес интеллект
Зияткерлік
дарындылықтың жоғары
дәрежеде көрсеткіші
мынадай қасиеттермен
сипатталады:
интеллект деңгейінің
көрсеткіші орташа
деңгейден жоғары болуы,
ақпаратты жүйелеу және
реттеу қабілеті,
ақпаратты есте сақтау
және қайта жаңғырта алу
қабілеті, ерекшеліктерді
байқай алу қабілеті,
вербальді емес интеллект
Зияткерлік
дарындылықтың
орташа дәрежеде
көрсеткіші
мынадай
қасиеттермен
сипатталады:
ақпаратты жүйе-
леу және реттеу
қабілеті, ерекше-
ліктерді байқай
алу қабілеті,
математика
саласында пәндік
құзыреттілік
таныту.
Зияткерлік
дарындылықтың
төмен дәрежеде
көрсеткіші мынадай
қасиеттермен
сипатталады:
ақпаратты жүйелеу
және реттеу қабілеті
тән, бірақ вербальды
емес интеллект
төменгі даму
деңгейінде және бұл
топтағы оқушылар
ақпаратты есте
сақтап, қайта
жаңғырта алмайды
Креативтілігі
1.Жылдамдығы-
бұл тапсырманы
тез орындай алу
қабілеті
2.Оригиналдыл
ығы-бұл
проблемаларды
шешудегі жаңа
оригиналды
идеяларды таба
білу қабілеті
3.Икемділігі-
бұл
проблемаларды
шешу кезіндегі
әртүрлі
стратегияларды
қолдана алу
қабілеті
4. Өнделгендігі-
бұл пайда
болған
идеяларды
деталды өңдей
алу қабілеті
Креативтілігі жоғары
дәрежеде көрсеткіші
мынадай қасиеттермен
сипатталады:
тапсырманы тез орныдай
алу қабілеті,
проблемаларды шешудегі
жаңа оригиналды
идеяларды таба білу
қабілеті, проблемаларды
шешу кезіндегі әртүрлі
стратегияларды қолдана
алу қабілеті пайда болған
идеяларды деталды өңдей
алу қабілеті
Креативтілігі
орташа
дәрежеде
көрсеткіші
мынадай
қасиеттермен
сипатталады:
ойлаудың
оригиналдылығы,
икемділігі тән.
Бұл топтағы
оқушылардың
тапсырманы тез
орындау және
тапсырманы
детальды өндей
алу қабілетін
дамыту қажет.
Креативтілігі төмен
дәрежеде көрсеткіші
мынадай
қасиеттермен
сипатталады:
тапсырманы және
пайда болған
идеяларды детальды
өндеу алу қабілеті
тән. Бірақ бұл
топтағы
оқушылардың
тапсырманы орындау
кезіндегі
жылдамдығын, жаңа
оригиналды
идеяларды таба білу
қабілетін дамыту
мақсатында
шығармашылық
тапысрмаларды жиі
өткізіп креативтілігін
дамыту қ ажет.
Осы жасөспірімінің зияткерлік дарындылығын анықтауға
арналған диагностикалық кезеңінде зияткерлік дарындылықтың үш
өлшемін: интеллектіні, креативтілікті және мотивациялық
бағыттылықты анықтауға арналған әдістемелерді жүргізген жөн.
Жасөспірім оқушылардың интеллектісін, креативтілігін,
мотивациялық бағыттылығын анықтау үшін келесідей әдістерді
жүргізу қажет:
16
1. Оқушылардың интеллектісін анықтауға арналған Р.Кэттеллдің
мәдени-тәуелсіз интеллект тестісі
2. Оқушылардың креативтілігін анықтауға арналған Е.Торренстің
креативтілік тестісі.
3. Оқушылардың мотивациялық бағыттылығын анықтауға
арналған Т.Элерстің әдістемесі.
1) Оқушылардың интеллектісін анықтауға арналған
Р.Кэттеллдің мәдени-тәуелсіз интеллект тестісі
Нұсқау
Бұл тест бір – біріне ұқсас екі үлкен бөлімнен тұрады.
Әрбір бөлім төрт топты біріктіретін (бөлек тестілер) графикалық
тапсырмалардан тұрады.
Әрбір топта тапсырмалар (әрбір бөлек тестерде) олардың күрделігі
бойынша орналасқан. Барлық берілген тапсырмаларды ешқайсысы
дұрыс шешпеуі де мүмкін. Дегенменде, көбірек шешуге тырсыңыз.
Егер, сіз өз шешіміңіздің дұрыстығына сенімсіздік танытқан болсаңыз,
онда Сіз шешпегеннен гөрі, өзіңіз үшін мүмкін болатын жауапты
көрсетіңіз.
Барлық тапсырмалардың тек бір ған дұрыс жауабы бар. Бір топтың
тапсырмаларын шешуге уақыт шектеулі. Егер тапсырмаларды
берілген уақыттан бұрын орындаған болсаңыз, онда басқаларға
кедергі жасаймай, өз шешіміңізді қайтадан тексеріп шығыңыз.
Барлық жауаптарды арнайы парақтарға жазып алу қажет.
Осы тестіге еш нәрсе жазуға болмайды!
Алдын ала Сізге рұқсат етілмеген жағдайда, келесі тест
тапсырмаларына өтуге болмайды !
17
18
I БӨЛІМ
1 –ші тест
Әрбір қатардан, Сізге сол жақтағы үш фигураға сәйкес келетін оң
жақтағы бес фигурадан таңдау жасау қажет.
Сізге, өзіңіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін
әріптің астын сызуыңыз керек.
Мысалы .
Бірінші мысалалда а - дұрыс шешімі. Ол жауаптар парағында асты
сызылған, көрсетулі.
Алдыңғы екі беттен Сіз 12 тапсырманы көресіз, Сізге оны біздің
мысалымызға сәйкестендіріп шешу қажет болады.
19
1-ші тест
20
1-ші тест (жалғасы)
2-ші тест
Әрбір қатардан Сізге бес төрт бұрыш фигуралардан қалған төртеуінің
ерекшелігін анықтау қажет, яғни, сәйкес келмейтінін.
Сізге, сіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін әріптің
астын сызу керек болады.
Мысалы 1.
Бірінші мысалда дұрыс шешімі – d. Ол жауаптар парағында асты
сызылған, көрсетулі.
Осы жолы Сізге осылайша 14 тапсырманы шешу керек. Есіңізде
ұстаңыз, бұл жолы да тапсырмалар екі бетті орналасқан. Біреуін
аяқтаған соң, екіншісіне өтесіз.
21
2 –ші тест
22
2 –ші тест (жалғасы)
23
3-ші тест
Әрбір тапсырмадан сол жақтағы іші бос төртбұрыштың орнын жалпы
суреттермен толтыру үшін оң жақтағы суреттері бар төрт
бұрыштыдан таңдау керек.
Сізге, сіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін әріптің
астын сызу керек болады.
Мысал 1.
Б жауаптар парағындағы ірінші мысалда дұрыс шешімі – с. Ол 3 – ші
тестідегі жауаптар парағында асты сызылған.
2, 3-ші мысалдар .
Осы жолы Сізге 12 тапсырманы шешу керек болады, олар
төмендегідей екі бетте орналасқан.
24
3-ші тест
25
3-ші тест (жалғасы)
26
4 –ші тест
Әрбір тапсырмадан Сізге нүктенің дәл қай жерде тұрғанын анықтау
қажет, кейіннен нүктені дәл осы күйінде орналастыратындай оң
жақтағы бес фигураның ішінен таңдау керек. Жауаптың дұрыстығын
сәйкестендіретін әріпті сіздегі жауаптар парағында көрсету қажет.
Осы жолы Сізге 8 тапсырманы шешу ұсынылады, олар төмендегідей
екі бетте орналасқан. Есіңізде болса, мәтінге ештеңе жазуға
болмайтын, сондықтанда тапсырмалардағы суреттерге нүкте
салмауыңыз сұралады.
Мысал 1.
Бірінші мысалда с – дұрыс жауабы, өйткені тек осы жерде ғана
тікбұрыштан
тыс болуы үшін нүктені осы күйінде орналастыруға болады.
Сондықтанда сіздің жауаптары бар бланкіңіздегі төртінші мәтінде с
әрпінің асты сызылған.
Келесі мысалдар мен тапсырмалардан Сіз нүктені сәйкесінше орынға
енгізіп қана қоймай, тек Сіздің жауаптар парағында сәйкесінше
әріптерінің астын сызу керек.
2, 3-ші мысалдар .
27
28
4 –ші тест
29
4 –ші тест (жалғасы)
30
II БӨЛІМ
Тестінің екінші бөлімі бірінші бөлімдегідей, әртүрлі төрт тапсырма
топтарынан тұрады (бөлек тестілер). Олар тестінің бірінші бөліміндегі
төрт тапсырма топтары сияқты орналасқан.
Бұл жерде де әрбір тапсырманың тек бір ғана дұрыс шешімі бар. Өз
жауабыңызды жауаптар парағының кері бетіне жазуыңыз сұралады.
Осы тестте еш нәрсе жазуға болмайды!
1 –ші тест
Әрбір қатардан Сізге сол жақтағы үш фигураға сәйкес келетін оң
жақтағы бес фигурадан таңдау жасау қажет.
Сіздегі жауаптар парағында осы фигураға сәйкес келетін әріптің астын
сызып көрсетіңіз.
1, 2, 3.мысалдар
Бірінші мысалда а – дұрыс жауабы. Ол жауаптар парағында сызылған.
Төмендегідей екі беттен Сіз 12 тапсырманы көресіз, одан Сізге біздің
мысалымызбен сәйкескендіріп шешуіңіз қажет.
31
1-ші тест
32
1-ші тест (жалғасы)
2-ші тест
Әрбір қатардан Сізге бес төртбұрышты фигурадан қалған төртеуінің
ерекшелігін, яғни, сәйкес келмейтінін анықтау қажет.
1, 2. мысалдар
Бірінші мысалдағы дұрыс шешім – d. Бұл 2-ші тестідегі Сіздің
жауаптар парағында сызып көрсетілген.
Осы жолы Сізге осылайша 14 тапсырманы шешу керек болады.
Есіңізде болсын, осы жолы да тапсырмалар екі бетте орналасқан.
Біріншісін аяқтаған соң екіншісіне өтесіз.
33
2 –ші тест
34
2 –ші тест (жалғасы)
35
3 –ші тест
Әрбір тапсырмадан, жалпы суретті толықтыру үшін сол жақтағы бос
төртбұрыштының орнына сәйкес келетін, оң жақтағы суреттері бар
төртбұрыштыны таңдауыңыз сұралады.
1, 2, 3 мысалдар
Бірінші мысалда дұрыс шешім – с. Бұл 3-ші тестідегі Сіздің
жауаптары бар бланкіңізде сызып көрсетілген.
Осы жолы Сізге төмендегідей екі бетте орналасқан 12 тапсырманы
шешу керек болады.
36
3 –ші тест
37
3-ші тест (жалғасы)
38
Тест 4
Әрбір тапсырмадан Сізге нүктенің дәл қай жерде тұрғанын анықтау
қажет, кейіннен нүктені дәл осы күйінде орналастыру үшін оң
жақтағы бес фигураның ішінен таңдау жасау керек. Жауаптың
дұрыстығын сәйкестендіретін әріпті сіздегі жауаптар парағында
көрсету қажет. Осы жолы Сізге 8 тапсырманы шешу ұсынылады, олар
төмендегідей екі бетте орналасқан.
1, 2, 3 мысалдар
Бірінші мысалда с – дұрыс жауабы, өйткені тек осы жерде ғана
тікбұрыштан тыс болуы үшін нүктені осы күйінде орналастыруға
болады. Сондықтанда төртінші тестідегі сіздің жауаптар парағында с
әрпінің асты сызылған.
Келесі мысалдар мен тапсырмалардан Сіз нүктені сәйкесінше орынға
кіргізіп қана қоймай, тек Сіздің жауаптар парағындасәйкесінше
әріптерінің астын сызу керек.
39
4-ші тест
40
1) Оқушылардың креативтілігін анықтауға арналған Е. П.
Торренстің креативтілік тестісі
П. Торранстың креативтілік тестісі балалардың шығармашылық
дарындылығын анықтауға арналған. Бұл тест 5-6 жастан 17-18 жас
аралығындағы балаларға арналған. Тест «Суретті аяқта»
тапсырмасынан тұрады. «Суретті аяқта» тапсырмасы фигуралық
бейнелерден тұрады. Тест өткізер кезінде жайлы атмосфера орнату
қажет. Тест қызықты ойын ретінде өтуі қажет.
Бұл тестіні 15-35 адамнан тұратын оқушыларға өткізеді. Тест өткізу
уақыты 10 минут. Ал қағаз үлестіру нұсқауды оқу үшін 15-20 минут
уақыт беріледі.
Нұсқау: « Сіз тапсырманы орындау үшін сізге берілген фигуралардан
оларға сызықтар қосу арқылы жаңа суреттер ойлап салуларыңыз
керек. Суретіңізге ат қойыңыз. Сізге 10 минут уақыт беріледі».
Бұл тест П. Торранстың концепциясы бойынша ойлаудың 4 бағытын:
жылдамдығын, икемділігін, оригиналдылығын, өнделгендігін
анықтауға арналған.
Өнделу нәтижесі мынадай:
Жылдамдығын: аяқталған бейне арқылы санайды. Максимум 10 блл.
Икемділігін: Әртүрлі жауап категориялары.
Оригиналдылығын: Максимум 2 балл, минимум 0 балл.
Оригиналдылық категория жауаптарын №1 тізім бойынша
анықталады. П.Торранс егер бала 2 суретті қосып салса – 2 балл, 6-10
суретті қосса -10балл, 3-5 суретті қосып салса -5балл беру қажет
деген.
Өнделгендігі:
1 балл беріледі:
- жаңа деталь қосу;
- түсі, егер жауаптың негізі болса;
- штрих;
- көлемі;
- безендіру;
- безендіру түрлілігі;
- суреттің орналасуы 90 градустан ауысса;
- егер сурет екі бөлікке бөлініп салынса, 2 суретке де балл беріледі.
41
Стимулдық материал
42
№1 Тізім
Фигура 1
0 балл: 24абстрактілі узор 37адам басы, беті. 1көзілдірік 38ұс.
1 балл: 10қас 33 толқын 4жануар 4мысық 21бұлт 58 әлемде жоқ
жануар 10 жүрек 4 ит 8жарақат 28гүл 37адам 31алма
Фигура 2.
0 балл: 24абстрактілі ою 64ағаш және оның мүшесі. 64 рогатка 28
гүл
1 балл: 41әріп 13үй, құрылыс 42белгі 8құс, аяқ 45сан 37адам
Фигура 3
0 балл: 24абстрактілі ою 53дыбыс 37бет 51қайық 31 тағам
1 балл: 21 жел, жаңбыр 7 шар 64 ағаш 49 мост 4жануар 68
дөңгелек 67 садақ 35 ай 27 балық 48 шана 28 гүл
Фигура 4
0 балл: абстрактіліі ою 33 толқын 41 сұрақ бнлгісі 4 жылан 37
адам беті 4 құйрық
43
1 балл: 4мысық 32 отырғыш 36 қасық 4 тышқан 38 жәндік 1
көзілдірік 8 құс 27 ракушка 28 гүл
Фигура 5
0 балл: 24 абстрактілі ою 36 ваза 9 қайық 37 адам беті 65 зонт
1 балл: 33 өзен 47 саңырауқұлақ 10 ерін 22 корзина 31 лимон 67
пияз 33 орық 27 балық 25 жұмыртқа
Фигура 6
0 балл: 24 абстрактілі ою 11 басбалдақ 37 адам беті
1 балл: 33 таң 36 ваза 64 ағаш 19 жемпір 66 найзағай 37 адам 28
гүл
Фигура 7
1 бал: 47 саңырауқұлақ 36 линза, лупа 62 балта 1 көзілдірік 18
самокат 60 белгі 48 ракета
Фигура 8
0 балл: 24 абстрактілі ою 37 қыз 37 адам
1 балл: 41 әріп 36 ваза 64 ағаш 11 кітап 19 көйлек 2 ракета 28 гүл
67 щит
44
Фигура 9
0 балл: 24 абстрактілі ою 33 тау 4 жануар 41 әріп
1балл: 4 түйе 4 қасқыр 4мысық 4 түлкі 37 адам беті 4 ит
Фигура 10
0 балл: 24 абстрактілі ою, 8 қаз, үйрек 64 ағаш 37 адам беті
1 балл: 54 буратино 37 қыз 8 құс 45 сан 37 адам
Тест қорытындысы:
1. Жылдамдық немесе өнімділік. Бұл шығармашылық
ойлаудың спецификалық көрсеткіші.
2. Икемділік. Бұл әртүрлі идеялар мен стратегиялардың
көрсеткіші, бір аспектіден басқа аспектіге көше алу.
3. Оригиналдылық. Бұл жаңа жалпыға ұқсамайтын идеяларды
ұсына алу. Оригиналдылық көрсеткіші жоғары балалар
интеллектуалдылық белсенділігі жоғары балалар болып
табылады.
4. Өнделгендігі. Бұл көрсеткіші жоғары балалардың үлгерімі
де жоғары болады. Олар конструктивті іс-әрекетке икемді
болады, ал егер өнімділік көрсеткіші төмен болса, бұл
балаларды тәртіпті бұзатын балалар қатарына жатқызуға
болады.
Т-шкала бойынша өндеу таблицасы:
Т-
шкала
Оригиналдылық бал
4-8 класс
Өнделгенділік балы.
3-8 класс
100 - 110
95 - 101
90 - 92
85 - 83
45
80 20 75
75 18 68
65 17 62
60 15 55
55 13 48
50 11 39
45 9 30
40 7 23
35 5 16
30 3 11
25 1 7
20 - 2
Т-шкала 50+ - 10 жастық нормасына сәйкес келеді.
2) Оқушылардың мотивациялық бағыттылығын
анықтауға арналған Т.Элерстің әдістемесі
Бұл Хекхаузен анықтаған тұлғаның мотивациялық табысқа жетуін
анықтауға арналған әдістеме. Зерттелушіге 41 сұрақ беріледі. Әрбір
сұрақтың астында «иә», «жоқ» деген нұсқауы тұрады. Осы
нұсқаудың біреуін таңдау қажет. Бұл тест мектеп жасындағы
оқушыларға өткізуге арналған. Мотивациялық бағыттың көрінуі
кілтпен сәйкестендіріліп, жалпы балы бағаланады.
Нұсқауы:
Сізге 41 сұрақ беріледі. Сіз әрбір сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп
жауап беруіңіз керек.
Стимулдық материал.
1. Екі нұсқаудың біреуін таңдау қажет жағдайда, оны тез
таңдаған жөн.
2. Тапсырманы 100% орындай алмасам мен тез қозып
кетемін.
3. Мен жұмыс істеген кезде, айналамның барлығы
картаның бетінде тұрғандай көрінеді.
4. Проблемді жағдай болған кезде мен ең соңғы болып
шешім қабылдаймын.
5. Екі күн қатарынан бос жүрсем мен өзімді жайсыз
сезінемін.
46
6. Кейбір кездері мен табысым орта көрсеткіштерден де
төмен.
7. Өзіме деген қарым-қатынасым басқа адамдарға деген
қарым-қатынасқа қарағанда қаталдау.
8. Өзгелерге қарағанда, мен адамдарға адамгершілік
сезімімен қараймын.
9. Мен қиын тапсырмадан бас тартқан кезде өзімді
кіналаймын, себебі менің оны табысты орындауыма
барлық мүмкіндігім бар.
10. Жұмыс кезінде өзім аз уақыт демалып аламын.
11. Табандылық менім негізгі қасиетім емес.
12. Еңбектегі менім табыстарым әрдайым бірдей емес.
13. Мені қазіргі жасап отырған мәселемнен басқа
проблемалар көп толғандырады.
14. Мадақтаудан гөрі мені сынаған көп ынталандырады.
15. Менім жұмыстастарым мені іскер адам деп
санайтының білемін.
16. Кездесетін қиыншылықтар мені төзімді адам ретінде
қалыптастырады.
17. Менің ар-намысымды ояту өте жылдам.
18. Мен бір нәрсені құштарлықсыз істесем байқалып
тұрады.
19. Жұмысты орындау кезінде басқалардың көмегіне
жүгініп отырамын.
20. Кейде қазір жасайтын шаруаны ертеңге сырып
тастаймын
21. Тек өзіне ғана сену керек
22. Өмірде ақшадан маңыздырақ нәрсе жоқ.
23. Әрдайым бір нәрсені орындаған кезде басқаға ойымды
бөле алмаймын.
24. Басқа адамдарға қарағанда, ар-намысымды ондай
биікке қоймаймын.
25. Демалыс уақытымның соңына таман жұмысқа
шығатыныма қатты қуанамын.
26. Мен жұмысқа ыңғайланып тұрған кезде басқа
адамдардан гөрі табыстырақ орындаймын.
27. Мен табанды жұмыс істей алатын адамдармен тез тіл
табыса аламын.
28. Мен бос отырған кезімде өзімді ыңғайсыз сезінемін.
47
29. Мен жауапты істерді басқа адамдарға қарағанда жиі
орындаймын.
30. Шешім қабылдаған кезде дұрыс шешім қабылдауға
тырысамын.
31. Менім достарым мені жалқау деп санайды.
32. Менім табыстарым менім жұмыстарыма да
байланысты.
33. Басқарушының еркіне қарсы тұрудың пайдасы жоқ.
34. Кейде қандай жұмыс орындайтынды білмейсің
35. Бір нәрсе көңілімнен шықпаса мен шыдамсызбын
36. Мен өзімнің табыстарыма көп көңіл бөлмеймін.
37. Басқа адамдармен жұмыс жасаған кезде менім
жұмысым олардың жұмысының табыстырақ.
38. Қол алған жұмысымды аяғына дейін жеткізбеймін
39. Жұмысы аз адамдарға қызығамын
40. Мен басшылыққа ұмтылатын адамдарға қызғанышпен
қарамаймын
41. Мен дұрыс жолда тұрғанымды білсем аяғына дейін
барамын.
Өнделуі.
Кілті
• «Иә» жауабына 1 балдан келесі сұрақтарға
беріледі:2,3,4,5,7,8,9,10,14,15,16,17,21,22,25,26,
27,28,29,30,32,37,41
• «Жоқ» жауабына 1 балдан келесі сұрақтарға
беріледі: 6,19,18,20,24,31,36,38,39
• Мына сұрақтардың жауапары
саналмайды:1,12,19,28 ,33,34, 35, 40
Өңделу нәтижесі.
• 1 мен 10 балдың аралығы: табысқа жету мотивциясы төмен
• 11 мен 16 балдың аралығы: табысқа жету мотивациясы орташа
• 17 мен 20 балдың аралығы: табысқа жету мотивациясы жоғары
• 21 балдан жоғары: табысқа жету мотивациясы өте жоғары
Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қалыпты және жоғары
табысқа жету мотивациясы бар адамдар тәуекелге баруы
орташа деңгейде. Сәтсіздіктен қорқатын адамдарда керісінше
тәуекелге баруы жоғары деңгейде болады. Адамның табысқа
48
жету мотивациясы жоғары болған сайын, тәуекелге баруы
төмен болып келеді. Табысқа жету мотивациясы табысқа
жетуге сенімділігі артады.
Жоғары табысқа жету мотивациясы жоғары болған сайын,
ондай адамдар тәуекелге жиі барады және сәтсіз жиі оқиғалар
түспейді. Ал сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғары болып,
тәуекелге баратын адамдар керісінше, сәтсізідікке тап болады.
Керісінше адам сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғары болса,
онда табысқа жету мотивациясына кедергі жасайды.
4. Оқушылардың зияткерлік дарындылығын
қалыптасытудың әдістемесі мен технологиялары
Оқушыларға жүргізілген диагностикалық әдістемелердің
нәтижесін негізге ала отырып, эксперименталды топта оқушылардың
зияткерлік дарындылғын дамытуға арналған әдістер мен
технологияларды өткізуді жоспарладық. Қалыптастырушы
экспериментті ұйымдастыру негізінде оқушылардың зияткерлік
дарындылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтадық.
Қалыптастыру экспериментінде алға қойылған мақсат
жасөспірім оқушылардың мына қасиеттерін қалыптастыру:
• интеллект деңгейін көтеру;
• қиялын, еске сақтау қабілетін, зейінін арттыру;
• креативтілік және қабілетін арттыру;
• логикалық ойлауды, соның ішінде әртүрлі шешімдердің ішінен
логикалық негізделген шешімді таңдау;
• зерттеушілік іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыру;
• проблемді жағдаяттарды шешу кезіндегі табандылық пен
қызығушылықтың пайда болуы.
Осы жоғарыда айтылғандарды жүзеге асыру үшін зияткерлік
дарындылықты дамытудың әдістері ретінде біз интеллектуалды
тренингтер, жаттығу және топтық пікірталас, интеллектуалды
ойындарды таңдадық. Бұл әдістерді эксперименталды топта өткізбес
бұрын, әрқайсысына тоқталып кетуді жөн көрдік.
«Интеллектуалды ойындар» әдісі - оқушылардың ақыл-ойын
белсендендіріп ынталандырады. Оқушылар өздері тапсырманы шешу
үшін алгоритм құрастырып, ұқсас тапсырманы ойлап табуға
тырысады. Алгоритм бір шешімнен екінші шешімге өтуге мүмкіндік
береді. Бононың ойынша, адамға жаңа шешім табу қиын, себебі
49
адамның ойлау жүйесіне қалыптасқан пікірден алшақ кету қиын
болып табылады. Алгоритм бір шешімнен екінші шешімге ауысып
өтуге мүмкіндік береді. М.И. Мееровичтің пікірінше, алгоритм–бұл
талдауға арналған техникалық жүйенің даму заңдылығына негізделген
ойлау операциясының бірізділігі. Осы әдіс арқылы оқушылар ойлау
операцияларын меңгеріп алады. Тапсырманы талдау білу, жүйелеу
объектіні моделдеу – бұл қиялдың негізгі қызметтерінің бірі. Бұл М.И.
Мерович және Л.И. Шрагин ұсынған алгоримдік бағытта тиімді
орындалады, егер
• жүйенің негізгі қызметтері айқындалса;
• қасиеттері анықталса;
• объектінің құрамды бөліктері анықталса;
• жүйелі бірліктерді анықтаса.
Тренинг - бұл оқытудың ерекше түрі. Тренинг арқылы қажетті
жағдайға еніп, тұлғааралық қатынастың тәжірибесін жинақтауға
мүмкіндік болады. Кейде тренинг терминін «эксперименталды оқыту»
(ағылшын тілінен аударғанда experience- өмірлік тәжірибе) деген
мағынаны білдіреді. Тренинг ағылшынның «Training» - тәрбиелеу,
оқыту, дайындау ұғымдарынан шыққан. Ол жаттығу деген мағынаны
да білдіреді. Тренингтер-қысқа мерзім ішінде практикалық
қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге
бағытталған оқу сабақтары. Тренингтің басты мақсаты-үйренудің ең
тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша
тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету
керектігі мәселесімен айналасады. Әдетте тренингтерде интербелсенді
тәсілдер қолданады: іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлар
мен ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар, таныстырылымдар.
Интеллектулды тренинтер – бұл танымдық процестерді
дамытуға мақсатты бағытталған арнайы психологиялық сабақ.
Интеллектуалды тренингтердің синонимдері: қарым-қатынас тренингі,
тұлғалық өсу тренингі, тұлғалық даму тренингі, коммуникативті
тренингтер.
Тренингке қатысқан оқушылардың барлығы үлкен
құштарлықпен қатысты. Сондықтан тренинг кезінде оқушылардың
барлығын белсенді қатыстыруға тырыстық. Тренинг өткізілген
топтағы оқушылардың танымдық дамуы деңгейі орташа және
орташадан жоғары. Қалыптастыру жұмыстары кезінде танымдық
дамуы орташа деңгейдегі оқушылар жоғары дамуы деңгейіндегі
оқушылармен білімдерімен алмасып өз білімдерін толықтырып
50
отырды. Оқушылар арасында интеллект деңгейінің әртүрлі болуы
әсерінің жағымды жақтары: «жоғары интеллектуалды оқушылар
тренинг барысында бірден жоғары стандартты жауаптар берсе, қалған
топ мүшелері олардың интеллектуалды стратегияларымен танысып өз
тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік болды. Яғни оқушылардың
арасында өзара тығыз байланыс жүрді».
Тренингті өткізу кезінде мына ұстанымдар сақталды:
• Тренингке қатысушы оқушылардың арасында өзара жағымды
қатынасты орнату;
• Әрбір оқушының өзін-өзі диагностикалауға ұмтылуы;
• Тренингке қатысушылар арасында кері байланыстың болуы;
• Оқушылардың танымдық дамуының жетіліп отырылуы;
• Тұлғалық ерекшеліктерінің горманиясы;
• Тренинг барысында оқушылардың тез даму процесінің жүруі;
• Тренинг барысында сол кейіпке енуі;
• Тренингтің бірте-бірте күрделенуі;
Әрбір өткізілген тренинг келесі жоспар бойынша жүргізілді:
• Амандасу;
• Оқушылардың сол кездегі күйін бағалау;
• Тренинг тақырыбын, мақсатын анықтау;
• Қалыптастырушы тренингтерін өткізу
• Тренинг қортындысы (өздерінің тренингтен алған әсерін
сипаттап, жасалған жұмыстарын қорытындылап, өз
ұсыныстарын білдіреді.);
• Қоштасу.
Оқушылардың интеллект деңгейін көтеру мақсатында
интеллектуалды тренингтерді өткіздік.
Интеллектуалды тренингтердің мақсаты - оқушылар арасында
өзара байланысты орнату, оқушылардың интеллект көрсеткішінің
деңгейін көтеру, оқушылардың шығармашылық және логикалық
ойлауын дамыту, табысқа жету мотивациясын қалыптастыру.
Қалыптастырушы тренингтері басталмас бұрын, оқушылардың
арасында тығыз байланыс орнатып, кедергілерді жою мақсатында
«Қол алмасу» тренингі және «Пальминг» тренингі өткізілді. «Қол
аламасу» тренингі барысында барлығы дөңгелек шеңбер құрып, сағат
тілі бойынша бір-бірімен қол алмасып және әрбір оқушы асықпай
әрқайсысы бір-бірімен көз контактісін орната білді. «Пальминг»
трнингі барысында оқушылар денелерін тік ұстап, алақанымен көз
51
алмасын жұмып, ал мандайда саусақ ұштарын ұштастырады. Бет
әлбетін бос ұстап көзін жұмып, алақан көз алмасын сәл ғана жабады.
Көз алдына қап-қара бір нәрсені елестете білу қажет.
Оқушылардың интеллект деңгейін дамытуға арналған
интеллектуалды тренингтер өткізілді.
Соның ішінде «Арифметикалық ойын» тренингі оқушылардың
интеллект деңгейін дамыту мақсатында жүргізілді. Оқушыларға 1
мен 9 аралығындағы барлық сандарды қолдану арқылы, бірақ
орналасу тізбегін сақтай отырып, «+» және «-» таңбаларын қолданып
қорытындысында 100 шығару қажет еді. Оқушылар тапсырманы 9
және 1 таңбалары қолданып, бірақ орналасу тізбегін сақтай отырып
100 санын шығара білді. Бұл тренинг барысында оқушылар
бойындағы интеллект деңгейі артқанын байқауға болады. Және
оқушылардың барлығы белсене қатысты.
«Байланыстырушы сөзді тап» тренингі оқушылардың
логикалық ойлауын және ұқсас заттарды байланыстыра білу қабілетін
дамыту мақсатында жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар бір–
біріне ұқсас емес екі заттың атын атау қажет болды. Осы тренингті
орныдау арқылы оқушылар осы екі сөздің арасындағы
байланыстырушы сөзді атау арқылы олардың синтездеу , жалпылау
және логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығының артуына ықпал
етті. Сонымен қатар, оқушыларға жүргізілген «Ұқсастықтарды тап»
тренингі, «Қарама-қайшылықты тап» тренингі оқушылардың
зияткерлік қабілетін арттыру мен қатар, олардың бойында
шығармашылық қабілетінің артуына да ықпалын тигізді.
«Алгоритм бойынша әңгіме құрастыру» тренингі оқушылар
бойында логикалық және эмоционалды байланысты орната білу мен
қатар, оқушылардың креативтілігін, оригиналдығын дамытуға
мүмкіндік берді. Тренинг барысында оқушыларға оқылған әңгімеге
нақты мазмұны бойынша тақырып табу қажет және тақырып
әңгіменің бейнелі, логикалық байланысын, эмоционалды жағын
нақтылау қажет болды.
«Себеп жүйесін құрастыру» тренингі оқушылардың бойындағы
қиял қасиетін және креативтілігін арттыруға мүмкіндік берді. Тренинг
барысында оқушылар фантастикалық немесе шыни оқиғаны ойлап
тапты. Осы оқиғаның барлық себептері ашылды: іс-әрекеттегі
субъектісіне қатысушылар, мақсатты немесе мақсатсыз іс-әрекеттер,
уақытша немесе жүйелі, алыс немес жақын уақытты оқиғаларды ойлап
52
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
методичка умбетова г.

More Related Content

What's hot

готовність до школи
готовність до школиготовність до школи
готовність до школиviolet1975
 
Проект «Здоров’язберігаючі технології у системі роботи класного керівника»
Проект «Здоров’язберігаючі технології  у системі роботи  класного керівника»Проект «Здоров’язберігаючі технології  у системі роботи  класного керівника»
Проект «Здоров’язберігаючі технології у системі роботи класного керівника»Tetiana Taranchuk
 
Досвід роботи вихователя дошкільної групи
Досвід роботи вихователя дошкільної групиДосвід роботи вихователя дошкільної групи
Досвід роботи вихователя дошкільної групиОксана Томчишин
 
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИ
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИКонцепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИ
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИtsnua
 
12 презентація досвід кущев
12 презентація досвід кущев12 презентація досвід кущев
12 презентація досвід кущевmixalkoff
 
5а лессон стади
5а лессон стади5а лессон стади
5а лессон стадиnurbolat84
 
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКА
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКАПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКА
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКАvmakarets
 
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3Методичний кабінет
 
Гурток "Юні журналісти"
Гурток "Юні журналісти"Гурток "Юні журналісти"
Гурток "Юні журналісти"Nataliya Persikova
 
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗ
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗСоціалізація дошкільників в умовах ДНЗ
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗelena190381
 
успішна соціалізація дошкільника
успішна соціалізація дошкільника   успішна соціалізація дошкільника
успішна соціалізація дошкільника savonikgal
 
құрмалас сөйлем
құрмалас сөйлем құрмалас сөйлем
құрмалас сөйлем Bilim All
 
Конспект інтерактивної ділової гри
Конспект інтерактивної ділової гриКонспект інтерактивної ділової гри
Конспект інтерактивної ділової гриAlyona Bilyk
 
Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя
 Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя
Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителяrussoua
 
принципи, форми і методи навчання 1
принципи, форми і методи навчання 1принципи, форми і методи навчання 1
принципи, форми і методи навчання 1Роман Яременко
 
Презентація до атестації Титар І.М.
Презентація до атестації Титар І.М.Презентація до атестації Титар І.М.
Презентація до атестації Титар І.М.Володимир Мартин
 

What's hot (20)

портфолио ДНЗ №2
портфолио ДНЗ №2 портфолио ДНЗ №2
портфолио ДНЗ №2
 
готовність до школи
готовність до школиготовність до школи
готовність до школи
 
Проект «Здоров’язберігаючі технології у системі роботи класного керівника»
Проект «Здоров’язберігаючі технології  у системі роботи  класного керівника»Проект «Здоров’язберігаючі технології  у системі роботи  класного керівника»
Проект «Здоров’язберігаючі технології у системі роботи класного керівника»
 
Досвід роботи вихователя дошкільної групи
Досвід роботи вихователя дошкільної групиДосвід роботи вихователя дошкільної групи
Досвід роботи вихователя дошкільної групи
 
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИ
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИКонцепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИ
Концепція НОВОЇ УКРАЇНСЬКОЇ ШКОЛИ
 
12 презентація досвід кущев
12 презентація досвід кущев12 презентація досвід кущев
12 презентація досвід кущев
 
5а лессон стади
5а лессон стади5а лессон стади
5а лессон стади
 
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКА
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКАПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКА
ПОРАДИ БАТЬКАМ МАЙБУТНЬОГО ПЕРШОКЛАСНИКА
 
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3
Вокально хорова робота на заняттях ДНЗ №3
 
Гурток "Юні журналісти"
Гурток "Юні журналісти"Гурток "Юні журналісти"
Гурток "Юні журналісти"
 
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗ
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗСоціалізація дошкільників в умовах ДНЗ
Соціалізація дошкільників в умовах ДНЗ
 
успішна соціалізація дошкільника
успішна соціалізація дошкільника   успішна соціалізація дошкільника
успішна соціалізація дошкільника
 
құрмалас сөйлем
құрмалас сөйлем құрмалас сөйлем
құрмалас сөйлем
 
Krytychne myslennja
Krytychne myslennjaKrytychne myslennja
Krytychne myslennja
 
Конспект інтерактивної ділової гри
Конспект інтерактивної ділової гриКонспект інтерактивної ділової гри
Конспект інтерактивної ділової гри
 
Опис досвіду роботи
Опис досвіду роботиОпис досвіду роботи
Опис досвіду роботи
 
Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя
 Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя
Досвід роботи Стоцької К. В. - асистента вчителя
 
принципи, форми і методи навчання 1
принципи, форми і методи навчання 1принципи, форми і методи навчання 1
принципи, форми і методи навчання 1
 
авторлық бағдарлама
авторлық бағдарламаавторлық бағдарлама
авторлық бағдарлама
 
Презентація до атестації Титар І.М.
Презентація до атестації Титар І.М.Презентація до атестації Титар І.М.
Презентація до атестації Титар І.М.
 

Similar to методичка умбетова г.

Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016bekzhan90
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауErjan Beisenhojaev
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруNurlan Abilhanov
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.ssuserc6bdf11
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Bilim All
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріBilim All
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxssuser85477d
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewenurlan93kz
 
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...bekzhan90
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновнаoquzaman
 
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...salta dyussembayeva
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.oquzaman
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 

Similar to методичка умбетова г. (20)

жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
234953.pptx
234953.pptx234953.pptx
234953.pptx
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?
 
инновация
инновацияинновация
инновация
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновна
 
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
730 samopoz785
730 samopoz785730 samopoz785
730 samopoz785
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
 

методичка умбетова г.

  • 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Мұханбетжанова Ә. Умбетова Г. Жасөспірім оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастыру
  • 2. Орал, 2017 ӘОЖ 376.5-053.6 (072) Авторлар: Мұханбетжанова Ә.М. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Умбетова Г.М. – педагогика ғылымдарының магистрі. Пікір жазған: Даулетов Н. - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Мұханбетжанова Ә., Умбетова Г. Жасөспірім оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастыру. – Орал. Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, – 2017.- 62 б. Оқу-әдістемелік құралда жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын анықтаудың, қалыптастырудың теориясы мен практикасы берілді. Жасөспірім оқушылардың зияткерлік дарындылық мәселесінің педагогикалық- психологиялық негіздері туралы түсінік беріліп, жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың мазмұны туралы білім мен оны қолданудың практикалық білігін арттыруға жол ашады. Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, мектеп мұғалімдеріне және мектеп оқушыларына арналған. 2
  • 3. Кіріспе Еліміздегі әлеуметтік саяси өзгерістерге байланысты білім беру мекемелерінде өскелең ұрпақтың бойында рухани адамгершілік, біліктілік, маңызды қабілеттерді қалыптастыру мақсатында жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі туып отыр. Болашақта ел тұтқасын ұстар білімді де, іскер де, тәрбиелі өнегелі ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамассыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл- ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады» – делінген. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар тобы. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жасөркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты дер кезінде тани білу, оның әрі қарай дамуына дұрыс бағыт-бағдар бере білу ерекше іс болып табылады. Алайда әр баланың жекелей қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады. Егемендікке қолы жеткен елді өркендететін жас мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына үлес қосатын бүгінгі мектеп оқушысын, ертеңгі қайраткерлердің зияткерлерлік 3
  • 4. дарындылығын қалыптастырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» (1996ж.) жобасы іске қосылды. Жас таланттарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бұйрығымен (№256 бұйрық 24 наурыз 1998ж.) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанынан Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ашылды. «Дарын» орталығы Республикамыздың дарынды балаларымен жұмыс жүйесін ұйымдастырады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының дарынды балаларын анықтау, қолдау және дамыту тұжырымдамасы» жасалды. Осы тұжырымдамада дарынды баланы анықтау және қолдау үшін мынадай шарттар орындалуы қажет: оқушыларды саралап оқыту, яғни оқушының ерекшеліктерін ескере отырып биінді сыныптар қалыптастыру және жеке жоспар мен жеке оқу бағдарламаларын қолдану. Демек, мәселені зерделеу барысында зияткерлік дарындылықты қалыптастыру мәселесіне бірқатар зерттеу жұмыстарының жүргізілгені байқалады. Алайда, осындай бағытта жүргізіліп отырған зерттеулердің жетістіктеріне қарамастан, бүгінгі күні, жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселесі арнайы қарастырылмағаны және педагогика ғылымында осы мәселенің теориялық негізі мен жүзеге асыру жолдарының жеткілікті деңгейде зерттелмегені айқындалады. Осыған байланысты, жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың қажеттілігі мен мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда жеткілікті қамтамассыз етілмеуінің арасында қарама- қайшылық бар екендігі айқындалды. Мұның барлығы жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастыру және дамытудың жаңа құралдары мен бағыттарын іздеу мәселесін анықтады. Оқу-әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне оқушыларға зияткерлік дарындылықты қалыптастыру технологиясын меңгертуге бағытталған. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытумен қатар, осы құрал арқылы оқушыларды альтернативті шешім табуға және ойлау кедергілерін жеңіп оригиналды жауап ойлап табуға үйретеді. Бұл оқу- әдістемелік құрал оқушылардың зияткерлік және шығармашылық 4
  • 5. дарындылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар, табысқа жету мотивациясын да қалыптастыруға әсерін тигізеді. 1. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылық мәселесінің педагогикалық- психологиялық негіздері Қазіргі кезде қоғамымызда негізгі болып дарындылықтың ғылымилығы ғана емес, сонымен бірге дарындылықтың өмірде шынайы көрінуі, оны анықтаудағы әдістер, балада дарындылықтың дамуы және оның әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Бүгін дарынды балаларды қамқорлау бұл ертеңгі ғылым дамуы мен мәдениетті және әлеуметтік өмірді сақтау болып табылады. Дарындылықты анықтаудың әдістері баршылық, олардың өз қабілетін жүзеге асыру үшін өзіндік жобалар жасалуда. Балалардың дер кезінде өз дарындылығын түсіну және өз шығармашылығын жетілдіру, жауапкершілікті де өз мойына алу мәселелері де жеткілікті келеді. Дарындылық әр жас шағында әртүрлі көрінуі мүмкін және ол жастық шақ кезеңіне де тән болып келуі мүмкін. Дарындылық әртүрлі жаста әр салада көрінуі мүмкін. Мектепке дейінгі шақта сурет салуға, музыкаға, жалпы шығармашылық қабілетке деген қабілеттілік ерте дамиды. Ең негізгі міндет- дарындылық сипаттамасында оның өткінші, яғни белгілі жас шағында көрінетінін немесе оның нақты ерекшелігін анықтау болып табылады. Балада байқалатын дарындылық көрсеткіштерін көріп, оның болашақтағы шығармашылық потенциалын бірден анықтауға болмайды, себебі ол уақыт өте келе өзгеруі де мүмкін. Қазіргі таңда дарындылық мәселесі барлық елде негізгі маңызды мәселе болып табылады. Әртүрлі әдебиеттерді талдай келіп, зияткерлік дарындылық мәселелері біздің елде және шетелде де ғылыми зерттелу үстінде екені айқын болды. АҚШ-та зияткерлік дарындылық мәселесін зерттеумен X. Гарднер, А.Г. Пассов, Дж. С. Рензулли, Р.Дж. Стернберг, А.Дж. Таненнбаум айналысса, шығармашылық дарындылықты зерттеуде танымал АҚШ зерттеушілері Дж.Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор, Дж. Кэррола, Б. Блуман, Ж. Брюно танымал болғаны белгілі, ал Англияда- Дж.Фримен, Германияда - К.А. Хеллер, Г. Трост , Х.К.Урбан, Израильде - Э.Ландау айналысады. Ресей елінде зияткерлік дарындылықты Ю.Д. Бабаева, Д.Б. Богоявленская, М.И. Воловикова, В.Н. Дружинин, Н.С. Лейтес, Л.И. 5
  • 6. Ларионова, A.M. Матюшкин, В.И.Панов, А.И.Савенков, М.А. Холодная, Н.Б. Шумакова, B.C. Юркевич зерттеген. Елімізде дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің мынадай бағыттары бойынша зерттеулер маңызды болып табылады: дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың басқару аспектісін Ү.Б.Жексенбаева, Л.И.Нарықбаева; математика пәнін оқытуда дарынды балалардың зияткерлік әлеуетін дамытуды Г.С.Байтуреева, Ж.О.Үмбетова; мектепке дейінгі шақта балалардың дарындылығын дамытуды О.А.Жумадиллаева; жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесінде дарындылықты дамыту шарттарын С.В.Кузнецова, С.И.Қалиева зерттеген. Сонымен қатар дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін Е.М. Арын; А.М.Бултачеева; С.Н. Лактионова; Т.А. Линчевская зерттесе; дарынды балардың диагностикасын Б.О. Байтукова, Н.Д.Иванова, С.С.Мендигалиева, А.К.Сатова, интеллектуалды дарынды балалардың дарындылығын дамытуды И.Б. Отческая, Н.Даулетов, А.М. Мұханбетжанова және Н.Н.Хан, А.К. Ризуанованың, Ж. Есполованың жұмыстарында оқушыны оқыту және тәрбиелеу процесіндегі педагогтың шығармашылық рөліне көп көңіл бөлінген. Дарындылық мәселесін зерттеген кезде негізгі мәселе дарындылық түсінігін және зерттеу тұжырымдамасын анықтау болып табылады. Осының негізінде дарынды балалардың идентификациясы мен оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау қажет. Э.Ландау дарындылыққа мынадай анықтама береді: «дарындылық- бұл баланың ішкі дүниесі мен сыртқы ортасының өзара әсерлесу жүйесі». Сыртқы орта баланың өзіне тән қабілетін (интеллектісін, шығармашылығын, таланттын) ашуға мүмкіндік береді. Осы өзара әсер арқылы дарынды баланың «Мен» жүйесі нақтыланып, белгілі бір іс-әрекет жасауға ниеті, белсенділігі пайда болып, оқушы табандылықтың нәтижесінде өз мақсатына қол жеткізеді. Тек сыртқы ортамен байланыс кезінде ғана баланың эмоционалды және зияткерлік дарындылығын белсендендіріп жүзеге асырады. Э. Ландау бойынша, баланың рухани есеюі интеллектінің жоғары көрсеткішіне жағымды әсер етеді. Дж. Гилфордтың жұмысының көрсетуі бойынша дарынды балалардың көпшілігі мектеп бітіру соңында депрессиялық күйде болып құрдастары мен үлкендер арасында өз дарындылығын көрсетуге тырысады. Дарынды балалар мектепте өздерін «қысымшылдықта» сезінеді. 6
  • 7. Көбінесе "Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі Е.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Психолог П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. В.Штерн дарындылыққа мынадай анықтама берді: «Ақыл-ой дарындылығы- бұл өз ойын саналы жаңа талапқа бағыттауға жалпы қабілеті бар, жаңа тапсырмалар мен жаңа өмір сүру жағдайына бейімделіп келген жалпы ақыл-ой қабілеті бар балалар.» Бұндай дарындылықтың мінездемесі дарындылықтың деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Сексенінші жылдардың басында халықаралық жоба тыңдалып, онда дарынды балалар болашақты болжап, нар тәуекел жағдайлардан қалай шығу керектігін болжайтын болады делінген. А.М. Матюшкиннің психологиялық тұжырымдамасындағы дарындылық құрылымына тоқталайық. А.М. Матюшкиннің тұжырымдамасына сәйкес таным процесіндегі шығармашылық жол - ішкі мотивацияның негізгі шарты ретінде қарастырылып, шығармашылық мүмкіндіктің көрінуін мәселені анықтау, оны шешудің ерекше жолдарын іздеу және жағдайларды өз бетімен реттеу, бейнелі ойлау мен қиял көрінуінің негізгі қажеттілігі ретінде көрсеткен. А.С.Рубинштейн пікірі бойынша, тек арнайы және жалпы қабілеттердің бірлігі ғана адамның дарындылығының көрсеткіші. Тәжірибе жүзінде біз жиі арнайы қабілетпен (суретке, әнге, спортқа, техникаға) бірге ақыл-ой дарындылығын да кездестіреміз. Оқушылардың ақыл-ой дарындылығын жоғары интеллект көрсеткішімен анықтайды. Бұл термин ақыл-ой дарындылығының синонимі ретінде қолданады. Бірақ ақыл-ой дарындылығы тек жоғары интеллект көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар тұлғаның мінезінің ерекше қасиеті болып табылады. А.С.Рубинштейн пікірінше, ақыл-ой дарындылығы – бұл бір немесе бірнеше ақыл-ой қасиетінің бірігуі. 7
  • 8. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселелері енгізілген. А.К. Ризуанова дарындылыққа мынадай анықтама берген: дарындылық-бұл белгілі бір іс-әрекетте жоғары жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тұлғаның психикалық қасиеті. Автор дарындылықтың мынадай түрлерін жіктеп көрсеткен: инструменталды және мотивациялық. Инструменталды дарындылыққа мыналар жатады: оқытудың арнаы бағдарламаларының болуы, білімді ұйымдастырудың ерекше түрі, білімнің ерекше сипаттамасы, білімді меңгеру ерекшеліктері. Мотивациялық дарындылыққа: іс әрекет процесіндегі таңдау сезімталдығы, жоғары танымдық қажеттілік, бір іс әрекетке үнілу, қарама қайшы ақпаратты қабылдауға ұмтылу, өз еңбегінің өнімділігіне талап қою, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Дарындылық мәселесін түбегейлі зерттеген ғалым Ү.Б. Жексенбаева зияткерлік дарындылыққа мынадай анықтама берген: зияткерлік дарындылық-бұл жалпы және арнайы ақыл-ой қабілеті жоғары дәрежеде дамыған және танымдық үрдісінің белсенділігімен, оригиналды ойлауымен ерекшеленетін балалар. Автордың пікірінше, дарынды балалардың ой-өрісінің деңгейі жоғары, қабілетті, тәрбиелі, еңбексүйгіш, жауакершілігі мол, күш-жігері жоғары балалар мектептегі жетістікпен бітіреді. Қазақстандық ғалым Л. Нарикбаеваның пікірінше, зияткерлік дарындылықтың дамуы әлеуметтік факторларға, соның ішінде танымдық және менталды тәжірибеге де байланысты. Және оқушының дарындылығын тек оның интеллект коэффициентінің жоғары көрсеткіші бойынша анықталмайды, себебі зияткерлік көрсеткіші өмір барысында ауысып отырады. Сонымен, ғылыми еңбектерге жүргізілген талдаудың негізінде біз жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылыққа мынадай анықтама бердік: жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылық - бұл жоғары дәрежеде дамыған интеллект көрсеткішіне, креативтілігіне, мотивациялық бағыттылығына негізделген белгілі бір іс-әрекетті табысты орындау кезіндегі тұлғаның индивидуалды қасиеттерінің жиынтығы. Біздің ойымызша, жасөспірім кезеңдегі зияткерлік дарындылық оқытудың жаңа моделдері арқылы және зерттеушілік іс-әрекет үстінде дамып отырады. Зияткерлік дарыныдылық қалыптасу үшін мұғалім 8
  • 9. оқушының оқу үрдісін тиімді ұйымдастыра алу қажет. Мұғалім оқушыларды әрдайым ізденушілік іс-әрекетке бағыттап отыруы қажет. 2. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай зияткерлік дамуы мен жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселелері енгізілген. Дарынды балаларды дамыту және оқыту мәселесіне педагогикада, психологияда, философияда, физиологияда көп көңіл бөлінген. Осы бөлімде психологиялық-педагогикалық ғылымда анықталған дарынды тұлғаны дамытуға арналған индивидуалды бағыттарды қарастырамыз. Осы тұрғыдан жасөспірім кезеңдегі оқушылардың дарындылығын қалыптастыру және дамыту мәселесін шетелде Д. Фримен, Б.Блум, С.Каплан, Дж.Рензулли, Х.Пассов, В.Уильямс өткен ғасырдың 70-80 ж.ж. «толықтыру стратегиясын» біріктіруге тырысқанын байқауға болады. Ресейде дарынды балаларды оқыту және қалыптасытру, дамыту мәселесі бойынша О.А. Верхозинаның, Н.С. Лейтестің, Н.Б. Шумакованың, B.C. Юркевичтің, С.А. Ледневаның, A.M. Матюшкиннің, Г. Тросттың, К.Урбанның, И.А. Ильницкаяның, Л. Холлингоуорттың, А.И. Савенковтың, А.Н. Жигайловтың, А.М. Купринаның еңбектері танымал. Елімізде дарынды балаларды оқыту және қалыптастыру, дамыту мәселелерімен Ү.Б. Жексенбаева, Г. Нұрымбетова, И.Б. Отческая, Н.Даулетов, Л. Нарикбаева және т.б. айналысқан. Соның ішінде танымалы Дж.Рензуллидің – «оқу бағдарламасын толықтыудың үш түрі». Автордың пікірі бойынша, толықтырудың бірінші түрі балаларды қызықтыратын әртүрлі білім саласымен таныстыру. Нәтижесінде баланың қызығушылық аймағы кеңейіп бала нені терең білгісі келетіні туралы көзқарасы қалыптасады. Толықтырудың екінші түрі бала ойлауын арнайы дамытуға бағытталған. Бұл үшін бақылауышылықты жаттықтыратын арнайы білім жүйесі және бағалау, салыстыру, талдау, синтездеу операцияларын орындайтын қабілет жүйесі қажет. Осы қабілеттер күрделі мәселені шешуге және күрделі танымдық процеске көшуге қажет. Толықтырудың үшінші түрі балалардың өз бетті шығармашылық тапсырмаларды шешуіне қажет. Баланы өзденушілік 9
  • 10. шығармашылық жұмысқа баулу дарындылығын дамытып қана қоймай оны тәрбиелейді. Біздің ойымызша, автордың ұсынған оқу бағдарламасын дарынды балаларды оқыту кезінде тиімді қолднауға болады. Дарынды балалармен жұмыс кезіңде арнайы бағдарламалар тиімді болып келеді. Сол бағдарламалардың келесі түрі - С.Каплан бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламаны құрастырған кезде автор мынадай талаптарды сақтау қажеттігін көрсетті: оқушының зерттейтің тақырыбының негізгі сипаттамасы мен мәселесі; мәселені қалыптастырудағы тәртіп; тақырып мазмұнының мағыналылығы, өнімділігі, сыни ойлауды дамытуға бағытталуы. Оның ойынша, баланың жеке қызығушылығына, оның зерттеу мәселесі бойынша өзбетті жұмыстануына үлкен көңіл мен зейін бөлінуі тиіс. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі) анықтау мен айқындау болып табылады. Қазіргі уақытқа дарынды балаларды анықтай білу үшін шетел зерттеушілері бағалаудың жинақтық әдісін қолданды, мұнда педагогтардың да ата-аналардың да, психологтардың да ойлары қаралды. Дарындылық тұжырымдамасының авторлары дарынды балаларды анықтау – нақты баланың дамуына талдау жасаумен қатысты ұзақ үрдіс деп тұжырымдады. Сапалы дарындылық идентификациясын тестілеумен анықтау мүмкін емес. Сондықтан, дарынды балаларды іріктеуде тек бір жакты қарастырмай, оларды әрдайым арнай бағдарламалар немесе жеке білім арқылы іздестіріп отыру қажет. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарынды баланы тәрбиелеу мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен дәрігерінің пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс. Осы саладағы барлық әдебиеттердің теориялық талдауы көрсетіп отырғандай, баланың бойындағы дарынына диагностика жүргізудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жетілдіру жалпы дарындылық атты құбылысты зерттеумен тығыз байланысты. 10
  • 11. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диагностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диагностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі-теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика моделін өндеп шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу –арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Дарынды балалар мен жасөпірімдерді дамыту мәселесі-білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау мәселесі деп қарастырылуы қажет. Дарындылық белгілері бар балаларды анықтап, олардың жетілуі мен әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Тұлға дарындылығы өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы ерекшелігі болып байқалады. Ү.Б. Жексенбаеваның анықтауынша, дарындылық өзара байланысқан үш: ынталандырушылық, когнитивтік (танымдық), іс жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас жүйе. Әрбір толықтауыш дарындылықты дамытудың бірнеше белгісінен тұрады. Ү.Б. Жексенбаева дарындылықты дамытудың басты белгілерін: үлкен, жасөспірімдік және бозбалалық жастағы оқушыларға тән деп келтірген. Оқушылар тәрбиелілігі белгілері мен көрсеткіштерін анықтау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасын талдау нәтижесінде кей ғалымдар шындыққа субъективті жанасуды негізге алса, екіншілері ішкі және сыртқы байланыстар мен тұтастықты айтады, ал үшіншілері түрлі қызмет аясында бірқалыпты тұлға сапасының қалыптасуын, тұлға бағыттары деп түсіндіреді. Келесі бөлімде қарастырылатын бала дарындылығы диагностикасының белгілері мен көрсеткіштеріне келер болсақ, бірнеше ақпарат көздерінде диагностика жүргізуде ақыл-ой, креативтілік пен қабілет сияқты көрсеткіштерді межеге алу керек деп көрсеткен. Үміт Бахытжановна өз еңбегінде дарындылық дамуының аса дарынды және 11
  • 12. дарынды екі түрін көрсеткен. Аса дарынды балалар деңгейіне жатқызылған оқушылар ерте жастан танып-білуге құштарлық, таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез-құлық тән. Қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылық біртіндеп тұрақты танымдық сұранысқа айналып, үлкен жасөспірімдік және бозбалалық жасқа келе қандай да бір білім саласындағы басымшылдыққа ие болады. Осы танымдық сұраныс табиғи қабілеттермен, яғни ой-өрістік немесе арнайы қабілеттермен математикалық, техникалық, музыкалық, бейнелеу, спорт толықтырылады. Үлкен мектеп жасында-өмірлік көзқарастың қалыптасуы, өмірдің мәні мен келешек мамандықты таңдау шағында құндылықтар жүйесі (отбасы, Отан, бейбіт өмір, ұлтаралық қатынас мәдениеті ) жинақтала бастайды, олардың ішінде қайталанбас, ерекше қабілеттермен байланысты қызмет түрі маңызды орынға ие. Бұл жастағы балалар өзінің дарындылығын жеке өмірінің қалыптасуында маңызды екенін ғана емес, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік- экономикалық хал-ахуалының дамуында да маңызды рөл атқаратындығын түсінеді. Қандай да бір білім беру мен қызмет саласында анық байқалатын қабілеті бар оқушы өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттілікті сезіне біледі. Оларға бәсекелестік пен көшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан да олар түрлі байқаулар, олимпиадалар, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталады. Мұндай оқушылар түрлі деңгейлік жарыстардан өте келе республикалық және халықаралық білім сайыстарына қатысуға іріктеледі және жоғары білім алу үшін республикалық, алыс-жақын шетелдік атақты оқу орындарына сөзсіз оқуға түседі. Осы жетістіктерге бұл топтағы дарынды балалар өздерінің жоғары ой-өрісі мүмкіндіктерінің арқасында жетеді. Жалпы оқу дағдылары жеткілікті әрі зерттеушілік әрекетте түрлі тәсілдерді игере отырып, оның мазмұнына шығармашылық элементтерін де қоса отырып, оның мазмұнына шығармашылық элементтерін де қоса ұштастырады. Алайда олар көбіне берілген жұмысты тікелей мұғалімнің көмегі мен бақылауы арқылы орындайды. Дарынды бала өз ісінен ляззат алуға бейім субъект болғандықтан, жаңғырту әдісі оны жалықтырады және мұғалімнен тәуелділікке төзе алмайды, сондықтан нәтижесінде дарын сөнеді. 12
  • 13. Дарындылық сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасауы қажет. Дарынды баланы оқыту үшін жаңаша әдістерді қолдануды қажет етеді. Жаңаша оқу- көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырманы орындау арқылы оқу деген сөз. Мұндай тапсырмамен оқу оқушыдан өз бетінше ізденуді талап ететіндіктен, оқу барысында «шығармашылық-ізденіс» деп аталатын әдіс қолданылады. Шығармашылық-ізденіс оқушыға үш мүмкіндік береді: өз бетінше оқу, тапсырманы іріленген дидактикалық материалды игеру үшін орындау және бақылау жұмысы ретінде пайдалану. Осылай мұғалім тек кеңесші, ақылшы қызметін атқарып отырады. Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балаларға қамқорлық қабілеттерін дамытуды жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тәрбиелеу үрдісінің негізгі фигурасы болып табылады. Көбінде оның тұлғалық, кәсіби педагогикалық қасиеті тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін және ерекшелігін анықтайды. Педагогтардың дарынды балалармен жұмыстануындағы негізгі ерекшелік – бұл шығармашылық іс- әрекеттегі жоғары мүмкіндікті жүзеге асырудағы қажеттілік пен қабілеттілікті қалыптастыру. Баланың қабілетін дамытуға бағытталған білікті мұғалімдер оның ішкі мотивациясын қалыптастыру қажеттілігін атап өткен. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, дарындылықтың негізгі ерекшелігі тұрақты мотивацияның (танымдық, іс-әрекеттік) болуы. Рухани тұлғаны негізі ішкі мотивациясы, тұлғаның бағыттылығы және құндылықтар жүйесін қалыптастыруына жағдай жасау қажет. Осы жұмыстардың негізі дарынды балаларды мамандандыру болып табылады. Бұл белгілі бір салада дарындылығы айқын көрінген дарынды балалар туралы айтылып отыр. Дарынды балалармен жүйелі жұмыстануда қоғамдық бірлестіктердің маңызы зор. Бұндай жүйелер мемлекеттік құрылымдарды толықтырып, дарынды балаларға білім беру мәселесін анық көрсетіп отырады. Жоғарыда келтірілген стратегияларды дарынды балаларға білім беру жүйесімен айналасатын педагогтар қолданады. Дарынды балалармен жұмыстану бірнеше деңгейден тұрады. Бұл жүйенің негізі мектеп болып табылады. Сонымен қатар, педагог 13
  • 14. дарындылықты анықтай алатын қабілеті болу қажет. Педагог қажет болған жағдайда дарынды баланы мектептен тыс ұйымдарға жолдауы қажет және мектептің де білім беру жүйесі икемді, яғни қосымша біліммен қамтылуы қажет. Жалпы білім беретін мектептер орташа қабілетті оқушыларға бағытталған, онда аса қабілетті дарынды балаларға көп көңіл бөлінбейді. Ал мемлекетке дарынды, талантты тұлғаларды жоғалту үлкен қателік болып саналады. Жалпы білім беретін мектептің жүйесінде қайта жаңғырту тапсырмалары жиі қолданылып, дарынды балалардың ойлау қабілеті белсендендірілмейді. Ал дарынды балалармен жұмыстанатын ұйымдар баланың шығармашылық аймағын дамытуға тырысып, баланың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. 3. Жасөспірім кезеңдегі оқушылардың зияткерлік дарындылығын анықтауға арналған әдістемелер Мемлекеттік білім стандарты оқушылардың білім деңгейіне қоятын минимум талаптарын және оны жүзеге асырудағы мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды. Оның маңыздылығы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілген. Заңда: «Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықтықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған»,- деп жазылған. Ең алдымен, оқушыны ертеңгі өмірге даярлаудағы жалпы білімнің алдында тұрған осы міндеттердің жүзеге асырылуы мектеп стандартына тікелей байланысты. Әрбір жеке тұлғаның өзіндік қабілетін дамыту бағытында білім беруге тиіс қандай да болмасын жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнын айқындауға қазіргі мектеп стандарты ғылыми іргелі база бола алмайды. Әлемдік білім беру стандарт деңгейінде, бағытында реформа жасау – басқа елдердің тәжірибесін өзімізге тікелей пайдалану емес, білім берудің қатаң заңдылықтарына сүйене отырып, өз жағдайымызға қолайлы, өзгенің де, өзіміздің де ең озық тәжірибе негізінде, бүгінгі уақыт талабына қарай өз білім беру жүйемізді жетілдіру бағытында ғана жүретін үрдіс. Қай елдің болмасын білім деңгейінің көрсеткіші – сол елдің экономикалық дамуы. Жалпы даму, соның ішінде экономикалық даму 14
  • 15. қоғамдағы әр қызметкердің кәсіби шеберлік деңгейіне қатынасты. Кәсіби шеберліктің іргелі негізі мектепте қаланады. Мектеп кезеңі– баланың табиғи мүмкіндігінің толықтай ашылып, қабілет- икемділіктерінің қалыптасып жүретін уақыты. Жалпы білімінің міндеті баланың жалпылама дамуын қамтамассыз ету ғана емес, ең басты баланың жастай өз қабілеті мен қызығушылығына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлеу білу. Сондықтан біз оқушылардың зияткерлік дарындылығын анықтау әдістемесіне тоқталмас бұрын, оқушылардың зияткерлік дарындылығының даму дәрежесінің индивидуалды ерекшеліктерін анықтадық. Сонымен қатар зияткерлік дарындылықтың өлшемдерін: интеллект, креативтілік, тұлғаның мотивациялық бағыттылығын анықтадық. Осы зияткерлік дарындылықтың өлшемдері оқушыларға іс-әрекетті табысты орындауға оригиналды идеялардың пайда болуына, жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Оны біз төмендегі 9 кестеде ұсынып отырмыз. Кесте 9 – Зияткерлі дарынды оқушының өлшемдері және көрсеткіштері Зияткерлік дарындыл ықтың құрылымы Өлшемдері Көрсеткіштері Жоғары Орташа төмен Мотивациялықбағыттылығы Проблемді жағдайларды шешу кезіндегі қызығушылық пен табандылықтың пайда болуы Мотивациялық бағыттылығы жоғары дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: проблемді жағдайларды шешу кезіндегі қызығушылық пен табандылықтың пайда болуы. Мотивациялық бағыттылығы орташа дәрежедегі балаларға проблемаларды шешу кезіндегі әртүрлі стратегияларды қолдана алу қабілеті тән. Мотивациялық бағыттылығы төмен дәрежедегі балаларға проблемді жағдайларды шешу алу қабілетін арттыру мақсатында жаттығуларды жиі өткізу қажет 15
  • 16. Зияткерлігі 1.Ақпаратты жүйелеу және реттеу қабілеті 2.Ақпаратты есте сақтау және қайта жаңғырта алу қабілеті 3.Ерекшеліктерд і байқай алу қабілеті 4.Вербальді емес интеллект Зияткерлік дарындылықтың жоғары дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: интеллект деңгейінің көрсеткіші орташа деңгейден жоғары болуы, ақпаратты жүйелеу және реттеу қабілеті, ақпаратты есте сақтау және қайта жаңғырта алу қабілеті, ерекшеліктерді байқай алу қабілеті, вербальді емес интеллект Зияткерлік дарындылықтың орташа дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: ақпаратты жүйе- леу және реттеу қабілеті, ерекше- ліктерді байқай алу қабілеті, математика саласында пәндік құзыреттілік таныту. Зияткерлік дарындылықтың төмен дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: ақпаратты жүйелеу және реттеу қабілеті тән, бірақ вербальды емес интеллект төменгі даму деңгейінде және бұл топтағы оқушылар ақпаратты есте сақтап, қайта жаңғырта алмайды Креативтілігі 1.Жылдамдығы- бұл тапсырманы тез орындай алу қабілеті 2.Оригиналдыл ығы-бұл проблемаларды шешудегі жаңа оригиналды идеяларды таба білу қабілеті 3.Икемділігі- бұл проблемаларды шешу кезіндегі әртүрлі стратегияларды қолдана алу қабілеті 4. Өнделгендігі- бұл пайда болған идеяларды деталды өңдей алу қабілеті Креативтілігі жоғары дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: тапсырманы тез орныдай алу қабілеті, проблемаларды шешудегі жаңа оригиналды идеяларды таба білу қабілеті, проблемаларды шешу кезіндегі әртүрлі стратегияларды қолдана алу қабілеті пайда болған идеяларды деталды өңдей алу қабілеті Креативтілігі орташа дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: ойлаудың оригиналдылығы, икемділігі тән. Бұл топтағы оқушылардың тапсырманы тез орындау және тапсырманы детальды өндей алу қабілетін дамыту қажет. Креативтілігі төмен дәрежеде көрсеткіші мынадай қасиеттермен сипатталады: тапсырманы және пайда болған идеяларды детальды өндеу алу қабілеті тән. Бірақ бұл топтағы оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі жылдамдығын, жаңа оригиналды идеяларды таба білу қабілетін дамыту мақсатында шығармашылық тапысрмаларды жиі өткізіп креативтілігін дамыту қ ажет. Осы жасөспірімінің зияткерлік дарындылығын анықтауға арналған диагностикалық кезеңінде зияткерлік дарындылықтың үш өлшемін: интеллектіні, креативтілікті және мотивациялық бағыттылықты анықтауға арналған әдістемелерді жүргізген жөн. Жасөспірім оқушылардың интеллектісін, креативтілігін, мотивациялық бағыттылығын анықтау үшін келесідей әдістерді жүргізу қажет: 16
  • 17. 1. Оқушылардың интеллектісін анықтауға арналған Р.Кэттеллдің мәдени-тәуелсіз интеллект тестісі 2. Оқушылардың креативтілігін анықтауға арналған Е.Торренстің креативтілік тестісі. 3. Оқушылардың мотивациялық бағыттылығын анықтауға арналған Т.Элерстің әдістемесі. 1) Оқушылардың интеллектісін анықтауға арналған Р.Кэттеллдің мәдени-тәуелсіз интеллект тестісі Нұсқау Бұл тест бір – біріне ұқсас екі үлкен бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім төрт топты біріктіретін (бөлек тестілер) графикалық тапсырмалардан тұрады. Әрбір топта тапсырмалар (әрбір бөлек тестерде) олардың күрделігі бойынша орналасқан. Барлық берілген тапсырмаларды ешқайсысы дұрыс шешпеуі де мүмкін. Дегенменде, көбірек шешуге тырсыңыз. Егер, сіз өз шешіміңіздің дұрыстығына сенімсіздік танытқан болсаңыз, онда Сіз шешпегеннен гөрі, өзіңіз үшін мүмкін болатын жауапты көрсетіңіз. Барлық тапсырмалардың тек бір ған дұрыс жауабы бар. Бір топтың тапсырмаларын шешуге уақыт шектеулі. Егер тапсырмаларды берілген уақыттан бұрын орындаған болсаңыз, онда басқаларға кедергі жасаймай, өз шешіміңізді қайтадан тексеріп шығыңыз. Барлық жауаптарды арнайы парақтарға жазып алу қажет. Осы тестіге еш нәрсе жазуға болмайды! Алдын ала Сізге рұқсат етілмеген жағдайда, келесі тест тапсырмаларына өтуге болмайды ! 17
  • 18. 18
  • 19. I БӨЛІМ 1 –ші тест Әрбір қатардан, Сізге сол жақтағы үш фигураға сәйкес келетін оң жақтағы бес фигурадан таңдау жасау қажет. Сізге, өзіңіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін әріптің астын сызуыңыз керек. Мысалы . Бірінші мысалалда а - дұрыс шешімі. Ол жауаптар парағында асты сызылған, көрсетулі. Алдыңғы екі беттен Сіз 12 тапсырманы көресіз, Сізге оны біздің мысалымызға сәйкестендіріп шешу қажет болады. 19
  • 21. 1-ші тест (жалғасы) 2-ші тест Әрбір қатардан Сізге бес төрт бұрыш фигуралардан қалған төртеуінің ерекшелігін анықтау қажет, яғни, сәйкес келмейтінін. Сізге, сіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін әріптің астын сызу керек болады. Мысалы 1. Бірінші мысалда дұрыс шешімі – d. Ол жауаптар парағында асты сызылған, көрсетулі. Осы жолы Сізге осылайша 14 тапсырманы шешу керек. Есіңізде ұстаңыз, бұл жолы да тапсырмалар екі бетті орналасқан. Біреуін аяқтаған соң, екіншісіне өтесіз. 21
  • 23. 2 –ші тест (жалғасы) 23
  • 24. 3-ші тест Әрбір тапсырмадан сол жақтағы іші бос төртбұрыштың орнын жалпы суреттермен толтыру үшін оң жақтағы суреттері бар төрт бұрыштыдан таңдау керек. Сізге, сіздің жауаптар парағындағы фигураларға сәйкес келетін әріптің астын сызу керек болады. Мысал 1. Б жауаптар парағындағы ірінші мысалда дұрыс шешімі – с. Ол 3 – ші тестідегі жауаптар парағында асты сызылған. 2, 3-ші мысалдар . Осы жолы Сізге 12 тапсырманы шешу керек болады, олар төмендегідей екі бетте орналасқан. 24
  • 27. 4 –ші тест Әрбір тапсырмадан Сізге нүктенің дәл қай жерде тұрғанын анықтау қажет, кейіннен нүктені дәл осы күйінде орналастыратындай оң жақтағы бес фигураның ішінен таңдау керек. Жауаптың дұрыстығын сәйкестендіретін әріпті сіздегі жауаптар парағында көрсету қажет. Осы жолы Сізге 8 тапсырманы шешу ұсынылады, олар төмендегідей екі бетте орналасқан. Есіңізде болса, мәтінге ештеңе жазуға болмайтын, сондықтанда тапсырмалардағы суреттерге нүкте салмауыңыз сұралады. Мысал 1. Бірінші мысалда с – дұрыс жауабы, өйткені тек осы жерде ғана тікбұрыштан тыс болуы үшін нүктені осы күйінде орналастыруға болады. Сондықтанда сіздің жауаптары бар бланкіңіздегі төртінші мәтінде с әрпінің асты сызылған. Келесі мысалдар мен тапсырмалардан Сіз нүктені сәйкесінше орынға енгізіп қана қоймай, тек Сіздің жауаптар парағында сәйкесінше әріптерінің астын сызу керек. 2, 3-ші мысалдар . 27
  • 28. 28
  • 30. 4 –ші тест (жалғасы) 30
  • 31. II БӨЛІМ Тестінің екінші бөлімі бірінші бөлімдегідей, әртүрлі төрт тапсырма топтарынан тұрады (бөлек тестілер). Олар тестінің бірінші бөліміндегі төрт тапсырма топтары сияқты орналасқан. Бұл жерде де әрбір тапсырманың тек бір ғана дұрыс шешімі бар. Өз жауабыңызды жауаптар парағының кері бетіне жазуыңыз сұралады. Осы тестте еш нәрсе жазуға болмайды! 1 –ші тест Әрбір қатардан Сізге сол жақтағы үш фигураға сәйкес келетін оң жақтағы бес фигурадан таңдау жасау қажет. Сіздегі жауаптар парағында осы фигураға сәйкес келетін әріптің астын сызып көрсетіңіз. 1, 2, 3.мысалдар Бірінші мысалда а – дұрыс жауабы. Ол жауаптар парағында сызылған. Төмендегідей екі беттен Сіз 12 тапсырманы көресіз, одан Сізге біздің мысалымызбен сәйкескендіріп шешуіңіз қажет. 31
  • 33. 1-ші тест (жалғасы) 2-ші тест Әрбір қатардан Сізге бес төртбұрышты фигурадан қалған төртеуінің ерекшелігін, яғни, сәйкес келмейтінін анықтау қажет. 1, 2. мысалдар Бірінші мысалдағы дұрыс шешім – d. Бұл 2-ші тестідегі Сіздің жауаптар парағында сызып көрсетілген. Осы жолы Сізге осылайша 14 тапсырманы шешу керек болады. Есіңізде болсын, осы жолы да тапсырмалар екі бетте орналасқан. Біріншісін аяқтаған соң екіншісіне өтесіз. 33
  • 35. 2 –ші тест (жалғасы) 35
  • 36. 3 –ші тест Әрбір тапсырмадан, жалпы суретті толықтыру үшін сол жақтағы бос төртбұрыштының орнына сәйкес келетін, оң жақтағы суреттері бар төртбұрыштыны таңдауыңыз сұралады. 1, 2, 3 мысалдар Бірінші мысалда дұрыс шешім – с. Бұл 3-ші тестідегі Сіздің жауаптары бар бланкіңізде сызып көрсетілген. Осы жолы Сізге төмендегідей екі бетте орналасқан 12 тапсырманы шешу керек болады. 36
  • 39. Тест 4 Әрбір тапсырмадан Сізге нүктенің дәл қай жерде тұрғанын анықтау қажет, кейіннен нүктені дәл осы күйінде орналастыру үшін оң жақтағы бес фигураның ішінен таңдау жасау керек. Жауаптың дұрыстығын сәйкестендіретін әріпті сіздегі жауаптар парағында көрсету қажет. Осы жолы Сізге 8 тапсырманы шешу ұсынылады, олар төмендегідей екі бетте орналасқан. 1, 2, 3 мысалдар Бірінші мысалда с – дұрыс жауабы, өйткені тек осы жерде ғана тікбұрыштан тыс болуы үшін нүктені осы күйінде орналастыруға болады. Сондықтанда төртінші тестідегі сіздің жауаптар парағында с әрпінің асты сызылған. Келесі мысалдар мен тапсырмалардан Сіз нүктені сәйкесінше орынға кіргізіп қана қоймай, тек Сіздің жауаптар парағындасәйкесінше әріптерінің астын сызу керек. 39
  • 41. 1) Оқушылардың креативтілігін анықтауға арналған Е. П. Торренстің креативтілік тестісі П. Торранстың креативтілік тестісі балалардың шығармашылық дарындылығын анықтауға арналған. Бұл тест 5-6 жастан 17-18 жас аралығындағы балаларға арналған. Тест «Суретті аяқта» тапсырмасынан тұрады. «Суретті аяқта» тапсырмасы фигуралық бейнелерден тұрады. Тест өткізер кезінде жайлы атмосфера орнату қажет. Тест қызықты ойын ретінде өтуі қажет. Бұл тестіні 15-35 адамнан тұратын оқушыларға өткізеді. Тест өткізу уақыты 10 минут. Ал қағаз үлестіру нұсқауды оқу үшін 15-20 минут уақыт беріледі. Нұсқау: « Сіз тапсырманы орындау үшін сізге берілген фигуралардан оларға сызықтар қосу арқылы жаңа суреттер ойлап салуларыңыз керек. Суретіңізге ат қойыңыз. Сізге 10 минут уақыт беріледі». Бұл тест П. Торранстың концепциясы бойынша ойлаудың 4 бағытын: жылдамдығын, икемділігін, оригиналдылығын, өнделгендігін анықтауға арналған. Өнделу нәтижесі мынадай: Жылдамдығын: аяқталған бейне арқылы санайды. Максимум 10 блл. Икемділігін: Әртүрлі жауап категориялары. Оригиналдылығын: Максимум 2 балл, минимум 0 балл. Оригиналдылық категория жауаптарын №1 тізім бойынша анықталады. П.Торранс егер бала 2 суретті қосып салса – 2 балл, 6-10 суретті қосса -10балл, 3-5 суретті қосып салса -5балл беру қажет деген. Өнделгендігі: 1 балл беріледі: - жаңа деталь қосу; - түсі, егер жауаптың негізі болса; - штрих; - көлемі; - безендіру; - безендіру түрлілігі; - суреттің орналасуы 90 градустан ауысса; - егер сурет екі бөлікке бөлініп салынса, 2 суретке де балл беріледі. 41
  • 43. №1 Тізім Фигура 1 0 балл: 24абстрактілі узор 37адам басы, беті. 1көзілдірік 38ұс. 1 балл: 10қас 33 толқын 4жануар 4мысық 21бұлт 58 әлемде жоқ жануар 10 жүрек 4 ит 8жарақат 28гүл 37адам 31алма Фигура 2. 0 балл: 24абстрактілі ою 64ағаш және оның мүшесі. 64 рогатка 28 гүл 1 балл: 41әріп 13үй, құрылыс 42белгі 8құс, аяқ 45сан 37адам Фигура 3 0 балл: 24абстрактілі ою 53дыбыс 37бет 51қайық 31 тағам 1 балл: 21 жел, жаңбыр 7 шар 64 ағаш 49 мост 4жануар 68 дөңгелек 67 садақ 35 ай 27 балық 48 шана 28 гүл Фигура 4 0 балл: абстрактіліі ою 33 толқын 41 сұрақ бнлгісі 4 жылан 37 адам беті 4 құйрық 43
  • 44. 1 балл: 4мысық 32 отырғыш 36 қасық 4 тышқан 38 жәндік 1 көзілдірік 8 құс 27 ракушка 28 гүл Фигура 5 0 балл: 24 абстрактілі ою 36 ваза 9 қайық 37 адам беті 65 зонт 1 балл: 33 өзен 47 саңырауқұлақ 10 ерін 22 корзина 31 лимон 67 пияз 33 орық 27 балық 25 жұмыртқа Фигура 6 0 балл: 24 абстрактілі ою 11 басбалдақ 37 адам беті 1 балл: 33 таң 36 ваза 64 ағаш 19 жемпір 66 найзағай 37 адам 28 гүл Фигура 7 1 бал: 47 саңырауқұлақ 36 линза, лупа 62 балта 1 көзілдірік 18 самокат 60 белгі 48 ракета Фигура 8 0 балл: 24 абстрактілі ою 37 қыз 37 адам 1 балл: 41 әріп 36 ваза 64 ағаш 11 кітап 19 көйлек 2 ракета 28 гүл 67 щит 44
  • 45. Фигура 9 0 балл: 24 абстрактілі ою 33 тау 4 жануар 41 әріп 1балл: 4 түйе 4 қасқыр 4мысық 4 түлкі 37 адам беті 4 ит Фигура 10 0 балл: 24 абстрактілі ою, 8 қаз, үйрек 64 ағаш 37 адам беті 1 балл: 54 буратино 37 қыз 8 құс 45 сан 37 адам Тест қорытындысы: 1. Жылдамдық немесе өнімділік. Бұл шығармашылық ойлаудың спецификалық көрсеткіші. 2. Икемділік. Бұл әртүрлі идеялар мен стратегиялардың көрсеткіші, бір аспектіден басқа аспектіге көше алу. 3. Оригиналдылық. Бұл жаңа жалпыға ұқсамайтын идеяларды ұсына алу. Оригиналдылық көрсеткіші жоғары балалар интеллектуалдылық белсенділігі жоғары балалар болып табылады. 4. Өнделгендігі. Бұл көрсеткіші жоғары балалардың үлгерімі де жоғары болады. Олар конструктивті іс-әрекетке икемді болады, ал егер өнімділік көрсеткіші төмен болса, бұл балаларды тәртіпті бұзатын балалар қатарына жатқызуға болады. Т-шкала бойынша өндеу таблицасы: Т- шкала Оригиналдылық бал 4-8 класс Өнделгенділік балы. 3-8 класс 100 - 110 95 - 101 90 - 92 85 - 83 45
  • 46. 80 20 75 75 18 68 65 17 62 60 15 55 55 13 48 50 11 39 45 9 30 40 7 23 35 5 16 30 3 11 25 1 7 20 - 2 Т-шкала 50+ - 10 жастық нормасына сәйкес келеді. 2) Оқушылардың мотивациялық бағыттылығын анықтауға арналған Т.Элерстің әдістемесі Бұл Хекхаузен анықтаған тұлғаның мотивациялық табысқа жетуін анықтауға арналған әдістеме. Зерттелушіге 41 сұрақ беріледі. Әрбір сұрақтың астында «иә», «жоқ» деген нұсқауы тұрады. Осы нұсқаудың біреуін таңдау қажет. Бұл тест мектеп жасындағы оқушыларға өткізуге арналған. Мотивациялық бағыттың көрінуі кілтпен сәйкестендіріліп, жалпы балы бағаланады. Нұсқауы: Сізге 41 сұрақ беріледі. Сіз әрбір сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз керек. Стимулдық материал. 1. Екі нұсқаудың біреуін таңдау қажет жағдайда, оны тез таңдаған жөн. 2. Тапсырманы 100% орындай алмасам мен тез қозып кетемін. 3. Мен жұмыс істеген кезде, айналамның барлығы картаның бетінде тұрғандай көрінеді. 4. Проблемді жағдай болған кезде мен ең соңғы болып шешім қабылдаймын. 5. Екі күн қатарынан бос жүрсем мен өзімді жайсыз сезінемін. 46
  • 47. 6. Кейбір кездері мен табысым орта көрсеткіштерден де төмен. 7. Өзіме деген қарым-қатынасым басқа адамдарға деген қарым-қатынасқа қарағанда қаталдау. 8. Өзгелерге қарағанда, мен адамдарға адамгершілік сезімімен қараймын. 9. Мен қиын тапсырмадан бас тартқан кезде өзімді кіналаймын, себебі менің оны табысты орындауыма барлық мүмкіндігім бар. 10. Жұмыс кезінде өзім аз уақыт демалып аламын. 11. Табандылық менім негізгі қасиетім емес. 12. Еңбектегі менім табыстарым әрдайым бірдей емес. 13. Мені қазіргі жасап отырған мәселемнен басқа проблемалар көп толғандырады. 14. Мадақтаудан гөрі мені сынаған көп ынталандырады. 15. Менім жұмыстастарым мені іскер адам деп санайтының білемін. 16. Кездесетін қиыншылықтар мені төзімді адам ретінде қалыптастырады. 17. Менің ар-намысымды ояту өте жылдам. 18. Мен бір нәрсені құштарлықсыз істесем байқалып тұрады. 19. Жұмысты орындау кезінде басқалардың көмегіне жүгініп отырамын. 20. Кейде қазір жасайтын шаруаны ертеңге сырып тастаймын 21. Тек өзіне ғана сену керек 22. Өмірде ақшадан маңыздырақ нәрсе жоқ. 23. Әрдайым бір нәрсені орындаған кезде басқаға ойымды бөле алмаймын. 24. Басқа адамдарға қарағанда, ар-намысымды ондай биікке қоймаймын. 25. Демалыс уақытымның соңына таман жұмысқа шығатыныма қатты қуанамын. 26. Мен жұмысқа ыңғайланып тұрған кезде басқа адамдардан гөрі табыстырақ орындаймын. 27. Мен табанды жұмыс істей алатын адамдармен тез тіл табыса аламын. 28. Мен бос отырған кезімде өзімді ыңғайсыз сезінемін. 47
  • 48. 29. Мен жауапты істерді басқа адамдарға қарағанда жиі орындаймын. 30. Шешім қабылдаған кезде дұрыс шешім қабылдауға тырысамын. 31. Менім достарым мені жалқау деп санайды. 32. Менім табыстарым менім жұмыстарыма да байланысты. 33. Басқарушының еркіне қарсы тұрудың пайдасы жоқ. 34. Кейде қандай жұмыс орындайтынды білмейсің 35. Бір нәрсе көңілімнен шықпаса мен шыдамсызбын 36. Мен өзімнің табыстарыма көп көңіл бөлмеймін. 37. Басқа адамдармен жұмыс жасаған кезде менім жұмысым олардың жұмысының табыстырақ. 38. Қол алған жұмысымды аяғына дейін жеткізбеймін 39. Жұмысы аз адамдарға қызығамын 40. Мен басшылыққа ұмтылатын адамдарға қызғанышпен қарамаймын 41. Мен дұрыс жолда тұрғанымды білсем аяғына дейін барамын. Өнделуі. Кілті • «Иә» жауабына 1 балдан келесі сұрақтарға беріледі:2,3,4,5,7,8,9,10,14,15,16,17,21,22,25,26, 27,28,29,30,32,37,41 • «Жоқ» жауабына 1 балдан келесі сұрақтарға беріледі: 6,19,18,20,24,31,36,38,39 • Мына сұрақтардың жауапары саналмайды:1,12,19,28 ,33,34, 35, 40 Өңделу нәтижесі. • 1 мен 10 балдың аралығы: табысқа жету мотивциясы төмен • 11 мен 16 балдың аралығы: табысқа жету мотивациясы орташа • 17 мен 20 балдың аралығы: табысқа жету мотивациясы жоғары • 21 балдан жоғары: табысқа жету мотивациясы өте жоғары Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қалыпты және жоғары табысқа жету мотивациясы бар адамдар тәуекелге баруы орташа деңгейде. Сәтсіздіктен қорқатын адамдарда керісінше тәуекелге баруы жоғары деңгейде болады. Адамның табысқа 48
  • 49. жету мотивациясы жоғары болған сайын, тәуекелге баруы төмен болып келеді. Табысқа жету мотивациясы табысқа жетуге сенімділігі артады. Жоғары табысқа жету мотивациясы жоғары болған сайын, ондай адамдар тәуекелге жиі барады және сәтсіз жиі оқиғалар түспейді. Ал сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғары болып, тәуекелге баратын адамдар керісінше, сәтсізідікке тап болады. Керісінше адам сәтсіздіктен қашу мотивациясы жоғары болса, онда табысқа жету мотивациясына кедергі жасайды. 4. Оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптасытудың әдістемесі мен технологиялары Оқушыларға жүргізілген диагностикалық әдістемелердің нәтижесін негізге ала отырып, эксперименталды топта оқушылардың зияткерлік дарындылғын дамытуға арналған әдістер мен технологияларды өткізуді жоспарладық. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру негізінде оқушылардың зияткерлік дарындылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтадық. Қалыптастыру экспериментінде алға қойылған мақсат жасөспірім оқушылардың мына қасиеттерін қалыптастыру: • интеллект деңгейін көтеру; • қиялын, еске сақтау қабілетін, зейінін арттыру; • креативтілік және қабілетін арттыру; • логикалық ойлауды, соның ішінде әртүрлі шешімдердің ішінен логикалық негізделген шешімді таңдау; • зерттеушілік іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыру; • проблемді жағдаяттарды шешу кезіндегі табандылық пен қызығушылықтың пайда болуы. Осы жоғарыда айтылғандарды жүзеге асыру үшін зияткерлік дарындылықты дамытудың әдістері ретінде біз интеллектуалды тренингтер, жаттығу және топтық пікірталас, интеллектуалды ойындарды таңдадық. Бұл әдістерді эксперименталды топта өткізбес бұрын, әрқайсысына тоқталып кетуді жөн көрдік. «Интеллектуалды ойындар» әдісі - оқушылардың ақыл-ойын белсендендіріп ынталандырады. Оқушылар өздері тапсырманы шешу үшін алгоритм құрастырып, ұқсас тапсырманы ойлап табуға тырысады. Алгоритм бір шешімнен екінші шешімге өтуге мүмкіндік береді. Бононың ойынша, адамға жаңа шешім табу қиын, себебі 49
  • 50. адамның ойлау жүйесіне қалыптасқан пікірден алшақ кету қиын болып табылады. Алгоритм бір шешімнен екінші шешімге ауысып өтуге мүмкіндік береді. М.И. Мееровичтің пікірінше, алгоритм–бұл талдауға арналған техникалық жүйенің даму заңдылығына негізделген ойлау операциясының бірізділігі. Осы әдіс арқылы оқушылар ойлау операцияларын меңгеріп алады. Тапсырманы талдау білу, жүйелеу объектіні моделдеу – бұл қиялдың негізгі қызметтерінің бірі. Бұл М.И. Мерович және Л.И. Шрагин ұсынған алгоримдік бағытта тиімді орындалады, егер • жүйенің негізгі қызметтері айқындалса; • қасиеттері анықталса; • объектінің құрамды бөліктері анықталса; • жүйелі бірліктерді анықтаса. Тренинг - бұл оқытудың ерекше түрі. Тренинг арқылы қажетті жағдайға еніп, тұлғааралық қатынастың тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік болады. Кейде тренинг терминін «эксперименталды оқыту» (ағылшын тілінен аударғанда experience- өмірлік тәжірибе) деген мағынаны білдіреді. Тренинг ағылшынның «Training» - тәрбиелеу, оқыту, дайындау ұғымдарынан шыққан. Ол жаттығу деген мағынаны да білдіреді. Тренингтер-қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтің басты мақсаты-үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналасады. Әдетте тренингтерде интербелсенді тәсілдер қолданады: іскерлік және рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар, таныстырылымдар. Интеллектулды тренинтер – бұл танымдық процестерді дамытуға мақсатты бағытталған арнайы психологиялық сабақ. Интеллектуалды тренингтердің синонимдері: қарым-қатынас тренингі, тұлғалық өсу тренингі, тұлғалық даму тренингі, коммуникативті тренингтер. Тренингке қатысқан оқушылардың барлығы үлкен құштарлықпен қатысты. Сондықтан тренинг кезінде оқушылардың барлығын белсенді қатыстыруға тырыстық. Тренинг өткізілген топтағы оқушылардың танымдық дамуы деңгейі орташа және орташадан жоғары. Қалыптастыру жұмыстары кезінде танымдық дамуы орташа деңгейдегі оқушылар жоғары дамуы деңгейіндегі оқушылармен білімдерімен алмасып өз білімдерін толықтырып 50
  • 51. отырды. Оқушылар арасында интеллект деңгейінің әртүрлі болуы әсерінің жағымды жақтары: «жоғары интеллектуалды оқушылар тренинг барысында бірден жоғары стандартты жауаптар берсе, қалған топ мүшелері олардың интеллектуалды стратегияларымен танысып өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік болды. Яғни оқушылардың арасында өзара тығыз байланыс жүрді». Тренингті өткізу кезінде мына ұстанымдар сақталды: • Тренингке қатысушы оқушылардың арасында өзара жағымды қатынасты орнату; • Әрбір оқушының өзін-өзі диагностикалауға ұмтылуы; • Тренингке қатысушылар арасында кері байланыстың болуы; • Оқушылардың танымдық дамуының жетіліп отырылуы; • Тұлғалық ерекшеліктерінің горманиясы; • Тренинг барысында оқушылардың тез даму процесінің жүруі; • Тренинг барысында сол кейіпке енуі; • Тренингтің бірте-бірте күрделенуі; Әрбір өткізілген тренинг келесі жоспар бойынша жүргізілді: • Амандасу; • Оқушылардың сол кездегі күйін бағалау; • Тренинг тақырыбын, мақсатын анықтау; • Қалыптастырушы тренингтерін өткізу • Тренинг қортындысы (өздерінің тренингтен алған әсерін сипаттап, жасалған жұмыстарын қорытындылап, өз ұсыныстарын білдіреді.); • Қоштасу. Оқушылардың интеллект деңгейін көтеру мақсатында интеллектуалды тренингтерді өткіздік. Интеллектуалды тренингтердің мақсаты - оқушылар арасында өзара байланысты орнату, оқушылардың интеллект көрсеткішінің деңгейін көтеру, оқушылардың шығармашылық және логикалық ойлауын дамыту, табысқа жету мотивациясын қалыптастыру. Қалыптастырушы тренингтері басталмас бұрын, оқушылардың арасында тығыз байланыс орнатып, кедергілерді жою мақсатында «Қол алмасу» тренингі және «Пальминг» тренингі өткізілді. «Қол аламасу» тренингі барысында барлығы дөңгелек шеңбер құрып, сағат тілі бойынша бір-бірімен қол алмасып және әрбір оқушы асықпай әрқайсысы бір-бірімен көз контактісін орната білді. «Пальминг» трнингі барысында оқушылар денелерін тік ұстап, алақанымен көз 51
  • 52. алмасын жұмып, ал мандайда саусақ ұштарын ұштастырады. Бет әлбетін бос ұстап көзін жұмып, алақан көз алмасын сәл ғана жабады. Көз алдына қап-қара бір нәрсені елестете білу қажет. Оқушылардың интеллект деңгейін дамытуға арналған интеллектуалды тренингтер өткізілді. Соның ішінде «Арифметикалық ойын» тренингі оқушылардың интеллект деңгейін дамыту мақсатында жүргізілді. Оқушыларға 1 мен 9 аралығындағы барлық сандарды қолдану арқылы, бірақ орналасу тізбегін сақтай отырып, «+» және «-» таңбаларын қолданып қорытындысында 100 шығару қажет еді. Оқушылар тапсырманы 9 және 1 таңбалары қолданып, бірақ орналасу тізбегін сақтай отырып 100 санын шығара білді. Бұл тренинг барысында оқушылар бойындағы интеллект деңгейі артқанын байқауға болады. Және оқушылардың барлығы белсене қатысты. «Байланыстырушы сөзді тап» тренингі оқушылардың логикалық ойлауын және ұқсас заттарды байланыстыра білу қабілетін дамыту мақсатында жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар бір– біріне ұқсас емес екі заттың атын атау қажет болды. Осы тренингті орныдау арқылы оқушылар осы екі сөздің арасындағы байланыстырушы сөзді атау арқылы олардың синтездеу , жалпылау және логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығының артуына ықпал етті. Сонымен қатар, оқушыларға жүргізілген «Ұқсастықтарды тап» тренингі, «Қарама-қайшылықты тап» тренингі оқушылардың зияткерлік қабілетін арттыру мен қатар, олардың бойында шығармашылық қабілетінің артуына да ықпалын тигізді. «Алгоритм бойынша әңгіме құрастыру» тренингі оқушылар бойында логикалық және эмоционалды байланысты орната білу мен қатар, оқушылардың креативтілігін, оригиналдығын дамытуға мүмкіндік берді. Тренинг барысында оқушыларға оқылған әңгімеге нақты мазмұны бойынша тақырып табу қажет және тақырып әңгіменің бейнелі, логикалық байланысын, эмоционалды жағын нақтылау қажет болды. «Себеп жүйесін құрастыру» тренингі оқушылардың бойындағы қиял қасиетін және креативтілігін арттыруға мүмкіндік берді. Тренинг барысында оқушылар фантастикалық немесе шыни оқиғаны ойлап тапты. Осы оқиғаның барлық себептері ашылды: іс-әрекеттегі субъектісіне қатысушылар, мақсатты немесе мақсатсыз іс-әрекеттер, уақытша немесе жүйелі, алыс немес жақын уақытты оқиғаларды ойлап 52