Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

8 сынып биология зейін және жады

177 views

Published on

сабақ

Published in: Education
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

8 сынып биология зейін және жады

  1. 1. САБАҚ Мектеп: Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі . Күні: 13.05.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова К.Қ. Сынып: 8 «А» Қатысқан оқушылар саны - 18 Қатыспағандар - 0 Сабақтың тақырыбы Зейін және жады Сабақтың мақсаты Зейін мен жады туралы түсінік қалыптастырып, есте сақтаудың негізгі ережелерін сипаттай алуға үйрету. Міңдеті  Зейін, жады, қажудың ерешелігін біледі,  түрлері мен қасиеттерін сипаттайды,  бір-бірінен ажыратады,  ағза үшін маңызын түсінеді. Оқушылар үшін оқу нәтижелері: 1. Тақырып бойынша терең білім алуы 2. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істегендегі белсенділігі 3. Сын тұрғысынан ойлауы 4. Постерлер жасай білу Қолданылған модульдер 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 2. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану 3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 5. Оқытуды басқару және көшбасшылық 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 7. Талантты және дарынды балаларды оқыту Сабақта қолданылатын материалдар: 1. Интербелсенді тақта 2. Постерлер 3. Үлестірме материалдар Пәнаралық байланыс Өнер, қоғам. Оқыту әдістері: СТО,Блум таксономиясы,ашық сұрақ, болжау, кері байланыс,рефлексия. 1. Жеке жұмыс 2.Жұптық жұмыс 3. Топтық жұмыс Осыған дейін меңгерілген білім Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері Жоспар Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Сабақтың басы: 5 минут Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту: Оқушылар назарына слайд арқылы төмендегі суреттер ұсынылады.
  2. 2. Оқушылар реттілігін есте сақтап қалып, дәптерлеріне рет-ретімен жазып шығу керек. Дәптерлерін парталас көршілерімен ауыстырып бір-бірін тексереді. Өтілген жаттығу мен суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, міңдетін хабарлау. Сабақтың ортасы: 4 минут 5 минут 3 минут 12 минут Мағынаны тану кезеңі: Оқушылар назарына «Адамның есте сақтау қабілеті» бейнебаяны ұсынылады. Бейнебаян туралы не айтасыздар? Есте сақтау үшін қабілеті жақсы болу үшін не істеу керек? Зейін- біздің барлық психикалық іс-әрекетіміздің біз үшін маңызды заттар мен құбылыстарға бағытталуы.Қандай да бір оқиғаның маңыздылығы біздің ішкі қажетсінулеріміз, қызығушылығымыз, белгілі бір мақсат арқылы анықталады. Орыс ғалымы А.А.Ухтомский доминант принципідеп аталған мінез-құлықты басқару принципін ашты. Доминант неғұрлым күшті болса, зейін де соғұрлым күшті болып есептеледі. Еріксіз зейін- қызықты кітап, кино, ойын, әңгіме т.б. күш жігерді қажет етпейді. Ерікті зейін – саналы түрде қойған мақсатқа байланысты, қайратты күшті қажет етеді. Жад (ес) – адамның өз тәжірибесін еске түсіруі, сақтауы және кейін елестетуі. Қысқа мерзімді жад – Қойын дәптерінен керекті телефон нөмерін тауып, оны теріп болған соң ұмытып қалу. Ұзақ уақыттық жад – бала кезде үйреткен нәрсе біздің есімізде мәңгі қалады, кейбір әсер өмір бой ұмытылмайды. Есте сақтаудың 2 әдісі бар 1. Механикалық есте сақтау – жаттап алу адамның өз білімін өмірде қолдана алмауға апарып соғады. 2. Саналы түрде есте сақтау – адам материалды 10 есе көп меңгеріп, терең түсініп, оған талдау жасайды. Әр оқушыға суреттердің қиындылары беріледі, суреттерді құрастыра отырып 3 топқа бөлінеді. Тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топқа берілген ақпаратты оқып, постер дайындап, өзге топтардың алдында қорғау. 1 топқа. Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда
  3. 3. қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:  1) интенсивтілігі;  2) жаңалығы;  3) аффективтілігі. П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс- әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:  1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;  2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;  3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады. Зейінің функциялары:  1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;  2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;  3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді 2- топқа.Жады. Есте сақтау қабілетінің ауызекі сөйлеу тіліндегі бізге таныс атаулары “жады”, “зерде”, “ес” болып, әртүрлі аталады. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның есте сақтау қабілетінің қайнар көзі оның миында тоғысқан. Мидың салмағы аса үлкен болмаса да, қас-қағым сәтте орташа есеппен 70 мың ақпаратты қабылдауға қуаты жетеді. Жалпы, әрбір адамның есінде сақталып қалған жәйттердің 90 пайызы оның 5-6 жасында жадына түйген оқиғалар болса, қалған 10 пайызын пенде есею барысында санасына сіңіреді екен. Зерттеушілер жады қызметі, түптеп келгенде, нейрондық байланыстардың жемісі дейді. Бір таңқаларлығы, адам миы бір мезгілде барлық сезім мүшелерінен хабар ала алғанымен, оны өзгеше жүйе бойынша жарыққа шығарады. Жадыда сақталған кез келген ақпарат «логикалық» және «эмоционалды» болып жіктелсе, зердеге жеткен ақпаратты сақтау барысында жады «ұзақ» және «қысқа» болып екіге бөлінеді. Күрделі есептердің шешімін ұзақ ойланбай-ақ, қас қағым сәтте айтатын, бір айтқаннан қағып алатын, есте сақтау қабілеті ерекше адамдарды көргенде, «Бұл олардың бойындағы ерекше дарын ба екен?» — деп таң қаламыз. Ондай жандарды ғылым тілінде «феноменальді» қабілет иелері дейді. — Жады ұш-қырлығы үнемі өз күшін жоғалтпау үшін дұрыс ойлау, оны есте сақтауды жүйелі түрде қалыптастырудың маңызы өте зор. Жалпы жады қызметінің бірнеше сатылары бар. Олар есте қалдыру, есте сақтау, еске түсіру, зердеге сақтаған ақпаратты орнықтырып, бекіту болып, түр-түрге бөлінеді. Адам баласы күнделікті өмірде өзіне қажет ақпаратты ғана қабылдап, санасына сіңіруге дағдылануы қажет. Ал егер миға түсетін ақпараттар ағыны шектен тыс
  4. 4. болса, ол бара-бара тек миға ғана емес, адам санасына, ойлау жүйесіне артық жүк болады. Сол себепті де жады қызметі нашарлай бастайды. Бір жағынан күнделікті компьютер алдында отыру, адам миының жұ-мысына шектеу қоюымен қатар, өзінше ойлау жүйесіне кедергі келтіреді. «Жады ұшқырлығы немесе феноменальді ес кез келген адамға тән қабілет емес. Мыңдаған адам- ның арасында бірді-екілі кездесуі мүмкін. Бұл бір жағынан адам миының бір айрықша мүмкіндігі, яғни адам атаулыға тән нормативтік нұсқаның бір түрі болса, екінші жағынан, ерекше дарын деуге де болады. Жады қызметінің де өзіне тән шеберлігі болады. Ұдайы ұштау арқылы ғана дамытуға болады. Олар — логикалық ойлауға арналған шахматты жиі ойнау, газет беттеріндегі сөзжұмбақтарды шешу. Зердені жақсартуға септігін тигізетін жаттығулармен айналысу да артықтық етпейді. 3- топқа. Мнемоника Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 7 арнайы тәсілін дайындап қойдық. 1. Мнемониканы пайдалану Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады. 2. Жаңа нәрсе үйрену Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды. 3. Ұйқыны қандыру керек! Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады. 4. Спортпен шұғылдану Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Бұд бірақ жаңалық емес. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады. 5. Дұрыс тамақтану Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек. 6. Медитация Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз
  5. 5. Шаттық шеңбері: Бүгінгісабақтабір-біріне тілек. Қызығушылықты ояту: Оқушылар назарына слайд арқылы төмендегі суреттер ұсынылады. 13 минут кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді. 7. Сөйлесу Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек. Талқылау Топтық бағалау. Кері байланыс. Сабақтың соңы 3 минут Рефлексия Бүгінгі күннің қорытындысы Шабадан, еттартқыш, себет Не маңызды, нені аласыз? Нені әлі оқу керек? Не қажет емес, себетке саласыз?
  6. 6. Оқушылар реттілігін есте сақтап қалып, дәптерлеріне рет-ретімен суретті салып, жазып шығу керек.
  7. 7. Дәптерлерін парталас көршілерімен ауыстырып бір-бірін тексереді Өтілген жаттығу мен суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжайды. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, міңдетін хабарлау
  8. 8. Мағынанытанукезеңі: Оқушылар назарына «Адамның есте сақтау қабілеті» бейнебаяны ұсынылады. Бейнебаян туралы не айтасыздар?
  9. 9. Есте сақтау үшін қабілеті жақсы болу үшін не істеу керек? Әр оқушыға суреттердің қиындылары беріледі, суреттердіқұрастыра отырып 3 топқа бөлінеді.
  10. 10. Тапсырма. Топтықжұмыс. Әр топқа берілген ақпаратты оқып, постер дайындап, өзгетоптардың алдындақорғау. 1-топ:Зейін
  11. 11. 2- топ: Жады 3-топ:Мнемоника Әр топқа берілген ақпаратты және кітаптан тақырыпты оқу
  12. 12. Топтық жұмыс. Әр топ берілген ақпаратты оқып, постер дайындайды.
  13. 13. Әр топ дайындығы.
  14. 14. Топтық жұмыс. Әр топ дайындаған постерлерін, өзге топтардың алдында қорғау. Талқылау 1-топ 2-топ
  15. 15. 3-топ Кері байланыс Рефлексия Бүгінгі күннің қорытындысы Шабадан, еттартқыш, себет Не маңызды, нені аласыз? Нені әлі оқу керек? Не қажет емес, себетке саласыз?

×