SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Оқушы: Сман Серғазы Дарханбайұлы
Жетекші оқытушысы: Айтқұл Мейіржан Сметұлы
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Жол құрылыс машиналары
Жол құрылыс машиналары
Жол құрылыс машиналары – автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және
жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар, гидротехкалық,
азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром, т.б. құрылыстарды салу үшін де пайдаланылады. Жол
салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр
жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю,
т.б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар
көмегімен жүргізіледі. Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол
тығыздағыштар, вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол
негізін төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар,
цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш,
қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б. машиналар
пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар
тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады
Құрылыс машиналары — әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар
мен механикаландырылған құрал-жабдықтар.
Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы
әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар,
бір шөмішті экскаваторлар мен көпшөмішті роторлы
экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай
Құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі
тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс
машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш
машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына
арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех. машиналар жатады.
Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады.
Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалыңд. 40 — 50 см, ал салмағы 12 т
дірілдемелі таптауыш машина қалыңд. 80 — 120 см жер қыртысын нығыздай алады.
Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы
ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында
арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-
түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске
асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр
табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында
балластер, жол төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және
сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.
Жер қазу – тасымалдау машиналары деп жұмыс органдары пышақ, екіі жұмысшы
бірдей атқаратын – массивтерден қабаттар айырып және сол екпінімен төсеу орнына
топырақты тасымалдайды. Бұл группаларға келесі машиналар жатады: бульдозерлер,
скреперлер, автогрейдерлер және грейдерлер. Бұл машиналардың бульдозерлержәне
скреперлер өнеркәсіптік және азаматтың құрылыста кңінен қолданылады.
Жер қазу - тасымалдау машиналарының әр моделінің индексі болады, онда әріптік
және сандық белгілеулер ендірілген. Индекстің бастапқы екі әріпі машинаның группасын
белгілейді, қалған сандық – модельдің тіркелген реттік номері, индекстің сандық
бөлімінен кейін әріптер – реттік модернизациясын (А,Б,В,....) және машинаның климаттық
атқаруы. Жоғарыда көрсетілген әріптерден басқа өздігінен жүретін скреперлердің
модернизацияланған индексіне М және П әріптері мүмкін. Автоматтандырылған басқару
жүйесі бар бульдозерлер және скреперлер индексіне соңғысына 1 деген сан қойылады,
келесі индекстің үш негізгі санынан кейін, ал модернизацияланған машиналарда әріптен
кейін қойылады. Автогрейдерлердің индексіне жоғарыда көрсетілген саннан және
әріптенкейін тере арқылы үш сан қойылады. 1,2,4,6, олардың модернификациясын
белгілейді
Бұтакескіштер екі типі болады: кесу апаратты бойынша пассивті және активті. Бірінші
типтегі бұтакескіш горизонталь пышықпен жабдықтаған, пышақ лезвиясі жүріс бағытына
28-320 бұрышпен орналасқан. Олар өзегі қатты, диаметрі 2-3-см-ден кем болмаған
бұталарды жақсы кеседі, бірақ құнарлы топырақ қабатын сырғытады.
Екінші типтегі бұтакескіштер түзусызықты қозғалыстан бөлек, айналма және ілгері-кейін
қозғалатын пышақтармен жабдықталған.
Бұтакескіш ДП-24 алқапты диамерті 120мм-ге дейін болған өзек өскінді бұталар мен
майда ормандардан тазалауға арналған. Бұтакескіштің негізгі бөлігі: итергіш рама 14,
корпус 11, қорған 12, шлифтеу машинасы мен гидрожүйеден тұрады.
Томарларды көшіру мен тастарды жинауға арналған машиналар. Игерілген алаңның
тастар мен томарлары көшіріліп, алаң сыртына шығарылады. Технологиялық процесс
өзіне мына операцияларды қамтиды: томарларды көшіруге дайындау,көшіру, тамырдан
топырақты сілку, көшірілген тамырларды алаң сыртына шығару, шұқырларды көму, жер
бетін тегістеу және топырақты алғашқы өңдеу. Томар көшіруде тура және бөліктеу
әдістері қолданылады. Бірінші жағдайда көшірілген томарлар мен тастар алаң сыртына
бірден шығарылады, ал екінші жағдайда томарлар алаңда қалдырылады, және тамыр
топырағын оңтүстікке бұрып қалдырады.
Тас және тамыр топырағы кепкеннен соң оның топырағын алдын ала сілкіп алаң
сыртына шығарылады. Жиналған томарлар үлкен үйім етіп қаланып өртенеді, өртеу үшін
огнеметтер қолданылады. Бөліктеу әдісі бойынша көшіргенде құнарлы топырақ қабаты
сыртқа аз шығарылады. Жуан ағаштарды көшіргенде оның бұтақтары жерден 40-60см
биіктікте бұталады.
Батпақты және құрғақ топырақтан томарды қопару қиын, ал құмды және торфтыдан
жеңіл қопарылады.
Томарларды қопару және жинау үшін қопарғыш ДП-25, қопарғыш жинағыш КСП-20, Д-
695 және Д-8, қопарғыш тырма К-1 және қопарғыш машиналар К-15Б және МТП-26
қолданылады.
Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар,
машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп,
көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері
жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына
байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі
тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр
моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы
және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді.
Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады.
Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен
жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары
атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы
ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне
жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін
жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай
аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар,
тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы
қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль
шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау
кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар,
Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл
шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға,
өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін
культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән
тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17
түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп
орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-
жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер,
жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді
шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық
дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген
сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта,
картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика
заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын
машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш
сілкуіштер жатады. Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке
шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын
машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін
машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт
тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл
елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін
жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен
жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық
және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор,
бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын,
тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін
суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру
машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.),
Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын
машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын,
алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш
тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа
т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Н.Нұртаев, М.О.Кәрібаев «Орман шаруашылығын механикаландыру». –Алматы:
2006ж.
2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. –Алматы: 2003ж.
3. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығын
жүргізудің негізгі қағидалары. – Алматы: 2002ж.
4. Варава В.М. Механизация лесохозяйственных работ. Учебное пособие. –Л: ЛТА, 1990.
5. Алшынбай М.Р. Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы. –Алматы:
«Агроуниверситет» баспасы, 1999ж.

More Related Content

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 
4 д баспаға
4 д баспаға4 д баспаға
4 д баспаға
 
статья торгаева м.м.
статья торгаева м.м.статья торгаева м.м.
статья торгаева м.м.
 
семинар практикум вариативность
семинар практикум вариативностьсеминар практикум вариативность
семинар практикум вариативность
 
семинар практикум вариативность
семинар практикум вариативностьсеминар практикум вариативность
семинар практикум вариативность
 
03
0303
03
 

студент шығарма сман с.

  • 1. Оқушы: Сман Серғазы Дарханбайұлы Жетекші оқытушысы: Айтқұл Мейіржан Сметұлы Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Жол құрылыс машиналары Жол құрылыс машиналары Жол құрылыс машиналары – автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар, гидротехкалық, азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром, т.б. құрылыстарды салу үшін де пайдаланылады. Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т.б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі. Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол негізін төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады Құрылыс машиналары — әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар.
  • 2. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көпшөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады. Атқаратын жұмыс түріне қарай Құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех. машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалыңд. 40 — 50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңд. 80 — 120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады. Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу- түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады. Жер қазу – тасымалдау машиналары деп жұмыс органдары пышақ, екіі жұмысшы бірдей атқаратын – массивтерден қабаттар айырып және сол екпінімен төсеу орнына топырақты тасымалдайды. Бұл группаларға келесі машиналар жатады: бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер және грейдерлер. Бұл машиналардың бульдозерлержәне скреперлер өнеркәсіптік және азаматтың құрылыста кңінен қолданылады. Жер қазу - тасымалдау машиналарының әр моделінің индексі болады, онда әріптік және сандық белгілеулер ендірілген. Индекстің бастапқы екі әріпі машинаның группасын белгілейді, қалған сандық – модельдің тіркелген реттік номері, индекстің сандық бөлімінен кейін әріптер – реттік модернизациясын (А,Б,В,....) және машинаның климаттық атқаруы. Жоғарыда көрсетілген әріптерден басқа өздігінен жүретін скреперлердің модернизацияланған индексіне М және П әріптері мүмкін. Автоматтандырылған басқару жүйесі бар бульдозерлер және скреперлер индексіне соңғысына 1 деген сан қойылады, келесі индекстің үш негізгі санынан кейін, ал модернизацияланған машиналарда әріптен кейін қойылады. Автогрейдерлердің индексіне жоғарыда көрсетілген саннан және әріптенкейін тере арқылы үш сан қойылады. 1,2,4,6, олардың модернификациясын белгілейді
  • 3. Бұтакескіштер екі типі болады: кесу апаратты бойынша пассивті және активті. Бірінші типтегі бұтакескіш горизонталь пышықпен жабдықтаған, пышақ лезвиясі жүріс бағытына 28-320 бұрышпен орналасқан. Олар өзегі қатты, диаметрі 2-3-см-ден кем болмаған бұталарды жақсы кеседі, бірақ құнарлы топырақ қабатын сырғытады. Екінші типтегі бұтакескіштер түзусызықты қозғалыстан бөлек, айналма және ілгері-кейін қозғалатын пышақтармен жабдықталған. Бұтакескіш ДП-24 алқапты диамерті 120мм-ге дейін болған өзек өскінді бұталар мен майда ормандардан тазалауға арналған. Бұтакескіштің негізгі бөлігі: итергіш рама 14, корпус 11, қорған 12, шлифтеу машинасы мен гидрожүйеден тұрады. Томарларды көшіру мен тастарды жинауға арналған машиналар. Игерілген алаңның тастар мен томарлары көшіріліп, алаң сыртына шығарылады. Технологиялық процесс өзіне мына операцияларды қамтиды: томарларды көшіруге дайындау,көшіру, тамырдан топырақты сілку, көшірілген тамырларды алаң сыртына шығару, шұқырларды көму, жер бетін тегістеу және топырақты алғашқы өңдеу. Томар көшіруде тура және бөліктеу әдістері қолданылады. Бірінші жағдайда көшірілген томарлар мен тастар алаң сыртына бірден шығарылады, ал екінші жағдайда томарлар алаңда қалдырылады, және тамыр топырағын оңтүстікке бұрып қалдырады. Тас және тамыр топырағы кепкеннен соң оның топырағын алдын ала сілкіп алаң сыртына шығарылады. Жиналған томарлар үлкен үйім етіп қаланып өртенеді, өртеу үшін
  • 4. огнеметтер қолданылады. Бөліктеу әдісі бойынша көшіргенде құнарлы топырақ қабаты сыртқа аз шығарылады. Жуан ағаштарды көшіргенде оның бұтақтары жерден 40-60см биіктікте бұталады. Батпақты және құрғақ топырақтан томарды қопару қиын, ал құмды және торфтыдан жеңіл қопарылады. Томарларды қопару және жинау үшін қопарғыш ДП-25, қопарғыш жинағыш КСП-20, Д- 695 және Д-8, қопарғыш тырма К-1 және қопарғыш машиналар К-15Б және МТП-26 қолданылады. Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш- жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады. Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке
  • 5. шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ш.Н.Нұртаев, М.О.Кәрібаев «Орман шаруашылығын механикаландыру». –Алматы: 2006ж. 2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. –Алматы: 2003ж. 3. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығын жүргізудің негізгі қағидалары. – Алматы: 2002ж. 4. Варава В.М. Механизация лесохозяйственных работ. Учебное пособие. –Л: ЛТА, 1990. 5. Алшынбай М.Р. Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы. –Алматы: «Агроуниверситет» баспасы, 1999ж.