This document discusses mass media in Ukraine. It provides learning objectives about reading texts to understand main ideas and details. Students are instructed to work in pairs asking each other questions about their news habits. Key terms related to mass media are defined. Games are included to ask questions to practice vocabulary. National and local newspapers and popular magazines in Ukraine are discussed. Reading strategies are outlined and a crossword puzzle reviews mass media terms. Homework involves analyzing a newspaper article. The document ends with questions to summarize learning about mass media's role and influence.
This document discusses mass media in Ukraine. It provides learning objectives about reading texts to understand main ideas and details. Students are instructed to work in pairs asking each other questions about their news habits. Key terms related to mass media are defined. Games are included to ask questions to practice vocabulary. National and local newspapers and popular magazines in Ukraine are discussed. Reading strategies are outlined and a crossword puzzle reviews mass media terms. Homework involves analyzing a newspaper article. The document ends with questions to summarize learning about mass media's role and influence.
В. О. Сухомлинський — автор 41 монографії і брошури, більше 600 статей, 1200 оповідань і казок. Загальний тираж його книг становить близько 4 млн екземплярів на різних мовах народів світу. В квітні 1970 року він закінчив роботу «Проблеми виховання всесторонньо розвинутої особи» — доповідь для захисту докторської дисертації по сукупності робіт. Всі праці Сухомлинського дають переконливе уявлення не тільки про різносторонність педагогічних підходів Сухомлинського, але і про цілісність всього його педагогічного мислення.
Макс Кідрук – один з найвідоміших в Україні молодих письменників. Сучасна молодь зачитується його романами і кожна зустріч автора з публікою стає справжньою подією. В чому ж секрет успіху письменника? Про це у нашій презентації «Хто є хто в українській літературі: Макс Кідрук».
Хрестоматія з літературного читання для 1-2 класівUlyana_M
До Хрестоматії увійшли твори авторів, доданих до програми Літературного читання в рамках оновлення навчальних програм для 1-4 класів. Насамперед, це твори письменників, яких немає в чинних підручниках: Сашка Дерманського, Івана Андрусяка, Галини Малик, Лесі Вороніної, Катерини Бабкіної, Галини Ткачук, Григорія Фальковича, Оксани Лущевської, Василя Голобородько, Тетяни Стус, Тараса та Мар’яни Прохаськів, та інших – всього близько 40 імен.
Esta presentación es propiedad de Nacactfca: http://www.nacactfca.org
Tiene fines pedagógicos, si te interesa bajarla, visita la página oficial de Nacactfca.
Espero que los coaches, atletas y entrenadores la disfruten.
В. О. Сухомлинський — автор 41 монографії і брошури, більше 600 статей, 1200 оповідань і казок. Загальний тираж його книг становить близько 4 млн екземплярів на різних мовах народів світу. В квітні 1970 року він закінчив роботу «Проблеми виховання всесторонньо розвинутої особи» — доповідь для захисту докторської дисертації по сукупності робіт. Всі праці Сухомлинського дають переконливе уявлення не тільки про різносторонність педагогічних підходів Сухомлинського, але і про цілісність всього його педагогічного мислення.
Макс Кідрук – один з найвідоміших в Україні молодих письменників. Сучасна молодь зачитується його романами і кожна зустріч автора з публікою стає справжньою подією. В чому ж секрет успіху письменника? Про це у нашій презентації «Хто є хто в українській літературі: Макс Кідрук».
Хрестоматія з літературного читання для 1-2 класівUlyana_M
До Хрестоматії увійшли твори авторів, доданих до програми Літературного читання в рамках оновлення навчальних програм для 1-4 класів. Насамперед, це твори письменників, яких немає в чинних підручниках: Сашка Дерманського, Івана Андрусяка, Галини Малик, Лесі Вороніної, Катерини Бабкіної, Галини Ткачук, Григорія Фальковича, Оксани Лущевської, Василя Голобородько, Тетяни Стус, Тараса та Мар’яни Прохаськів, та інших – всього близько 40 імен.
Esta presentación es propiedad de Nacactfca: http://www.nacactfca.org
Tiene fines pedagógicos, si te interesa bajarla, visita la página oficial de Nacactfca.
Espero que los coaches, atletas y entrenadores la disfruten.
Төрт түлікті сазбалшықпен мүсіндеудің қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті бала тұлғасын дайындау.
Балалардың сазбалшықпен мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық
қабілетін қалыптастыру, көркемдік талғамын жетілдіру.
Аты-жөні:Абдильдина Мереке Кенесбековна
Қызметі:Балабақша тәрбиешісі
Жұмыс орны:Қарағанды қаласы білім бөлімі,
№68 Мектеп интернат балабақша кешені
Бағыты:«Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет», «Таным»
Қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту.
Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің түрлері жайында мағлұматтар бере отырып,
ертегілер жайында әңгімелеу. Ертегінің мазмұнынтүсінікті тілмен жеткізе отырып,
оқушылардың өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін жетілдіру.
Біріншіден, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу
ХХІ ғасыр –ақпараттық қоғамның дәуірі,әртүрлі технологиялық мәдениеттің дамыған дәуірі болып саналады.Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны айқын.
Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Атырау қаласы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі
Жумабаева Жаныл Кенжебаевнаның PISA тапсырмалары бойынша өткізген бір сабағының таныстырылымы
1. Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы
№3 Явленка орта мектебі
Математика және информатика пәнінің мұғалімі
Қозбаева Сәндігүл Барқытқызы
www.themegallery.com
Company Logo
4. Жеті санымен байланысты
ұғымдар
Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың ұғымында
киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салтдәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып,
әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі
сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін
түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың
басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу
себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ,
араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7
санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға
тән құбылыс.
Company Logo
5. Жеті ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілала.
Жеті күн: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, соңғы күні, азна. Дүйсенбі, Сейсенбі,
Сәрсенбі (сәтті күн). Бейсенбі, Жұма (қасиетті күн). Сенбі, Жексенбі.
Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда,
Сейпілмәлік-Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы.
Жеті қат көк: ―шексіз аспан‖ деген мағына береді. Оған жататындар: Ай,
Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс
астрономиясында ―Жеті қат көк‖ деп аталады.
Жеті жоқ: Аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада
бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, таста тамыр жоқ,
Жеті ғалам: Күншығыс, Күнбатыс, Түстік, Терістік, Аспан – жоғарғы ғалам. Жер –
орта ғалам. Жер асты – төменгі ғалам.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен
мылтық, жүйрік тазы (ит).
Жеті шәріп (жеті дүние): Мекке шәріп, Мәдине шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп,
Құдыс шәріп (Мысыр), Қағым шәріп, Кәләм шәріп (құран).
Жеті жетекші:
Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі талап, жолаушысы ой,
жолдасы кәсіп, қорғаны сабыр, қорғаушысы-мінез, сынаушысы-халық
Company Logo
6.
Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында
қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған кӛне
мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа
халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген
әсерінен гӛрі әр қайсысының ӛзіндік дүние
танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған
жӛн.
www.themegallery.com
Company Logo
8. Аластау
Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған.
Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды,
үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үйішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды,
аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына
іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды
немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді
аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге
кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.
www.themegallery.com
Company Logo
9. Шашу
Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің,
жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың
белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады.
Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да
оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі
дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары
«тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.
10. Жол беру
Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдетғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам
үлкенге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде төрге
отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп
сақталады.
www.themegallery.com
Company Logo
11. Сүйінші
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық.
Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан
сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен
сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші
сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.
www.themegallery.com
Company Logo
12. Кӛрімдік
Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа
алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және
лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес
жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да
танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік
екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы
көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
www.themegallery.com
Company Logo
13. Той
Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары
той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі
заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату,
үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату,
үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес,
көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың
жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жаржар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
www.themegallery.com
Company Logo
14. Айдар
Айдар – ғұрып. Балалардың төбе шашын ұзарта өсіріп,
моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» деп атайды.
Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы,
Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары
болған.
www.themegallery.com
Company Logo
15. Тыйым сӛздер
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым
сӛздер. Бұл сӛздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат
пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден
сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз
қалудың, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты
тӛгу – ысыраптың белгісі деп таныған және де ондай
ерсі істерге қатаң тыйым салған.
Мұндай тыйым сӛздер ел ішінде ӛте кӛп.
Дастарханды , тамақты баспа
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме
Малды,ыдысты, тамақты теппе
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме
Босағаны керме, босағада отырма
Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма және т.б.
17. Асылған ет (бешбармақ)
Қазақ халқының басты тағамы. қой немесе сиыр, жылқы еті
болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің
майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр
салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп
туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың
басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен
кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге,
бүйрек, құлақ балаларға тартылады.
www.themegallery.com
Company Logo
18. Бауырсақ
Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта
жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де
қыздырылған майға қуырылып дайындалады
www.themegallery.com
Company Logo
19. Шелпек
Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске
алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап
әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз
нан болады.
www.themegallery.com
Company Logo
20. Шұбат
Шұбат – түйенің сүтінен ашытылып, тері, ағаш,
қыш ыдыстарға құйып сақтап піседі, екі-үш
күннен соң ішсе ӛте дәмді. Ол да ӛте шипалы.
Қаймақ – сүттен алынады. Оның түрлері: піскен
қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал
қаймақ. Бұл жердегі бал қаймақ – бал қосып
қоюлатылған түрі.
www.themegallery.com
Company Logo
21. Құрт
Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді.
Ашыған сүттен іркіт жинап, қазанға құйып
қайнатып, суыған соң қапшыққа салып
суын сорғытады, сосын әртүрлі үлгіде
жасап кептіреді. Құртты жақсы көрмейтін
қазақ жоқ.
22. Қатық
Қатық – ұйытылған сүттен жасап, қорек етеді. Дәмі
тіл үйіреді. Айран – сиыр сүтінен ашытып жасап,
ішеді. Оны жылдың төрт мезгілінде жасап ішуге
болады. Ұйытылған айран - әрі тамақ, әрі сусын.
Адам денсаулығына өте пайдалы.
www.themegallery.com
Company Logo
24. Балаға ат қою
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен
әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды.
Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің
атың…» деп үш рет қайталайды.
www.themegallery.com
Company Logo
25. Бесікке салу
Шілдехана ӛткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі
аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел
бесіктің ӛзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен
аластап шығады. Содан кейін кӛрпешелер мен жастықшаларды баптап
салады. Баланы жатқызып, бӛлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып
байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен кӛрпе
жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып
мінсін деп қамшы іледі,кӛз тимесін деп тұмар тағады, қырандай кӛреген
болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
www.themegallery.com
Company Logo
26. Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай,
сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын
деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы
дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап
байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі
жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы
адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
27. Қырқынан шығару
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады.
Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар
салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз
омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп,
баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы
шомылдыруға қатысқан әйелдер бӛліседі. Келесі кезекте баланың
шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына
қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге кӛмеді. Бала қырқынан
шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына
байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бӛліседі.
28. Қазақтың ұлттық ойындары
Халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды ӛмір сүруге
дағдыландырып, қиындыққа тӛзе білуге, қиын сәттен жол таба
білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан
бәйге», «Аударыспақ» ойындары адамды тӛзімділікке үйретуге, ерікжігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық
ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да
салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Ӛйткені, әрбір адам ӛзінен
ӛрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты,
білікті де күшті болып ӛсуін ӛмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да
қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар
қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды.
Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған. Тәрбиелік мәні зор ұлттық
ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?!
www.themegallery.com
Company Logo
30. Қыз қуу
Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп
шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ,
ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның
бір маңдайында қатынасушылар орағытып ӛту үшін қарақшы
қойылады. Бұған кӛбінесе қызыл жалау қағылады.
Жарыс жекелей де ӛтеді. Егер екі топқа бӛлінсе, онда қыздар мен
жігіттердің саны тең болуы қажет.
Тӛрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып,
шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының
басын жіберіп, шаба жӛнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп,
жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол
бетімен – қарақшыдан сӛреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда –
жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе ӛзін қамшының
астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.
Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа
шығуға, қарақшыға жетпей сӛреге оралуға рұқсат етілмейді.
www.themegallery.com
Company Logo
31. Күміс ілу
«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды
керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз
ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп,
ӛзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін
тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл
ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып
келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін
бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі
керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.
www.themegallery.com
Company Logo
32. Сақина жасыру
Ойынды ӛткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін
кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дӛңгелене
отырады. Ойыншылар тізелерін кӛтеріп, оның үстіне
алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына
сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп,
сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы
қолын әрбір ойыншының қолына салысымен,
алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін,
ойын жүргізуші ӛз қалауынша ойыншының бірінен:
«сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық
ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде
екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба
алмаса, ӛлең айтып, би билеп, т.б. ӛнер кӛрсетеді де, ӛз
қызметін қайтадан атқарады.
33. Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы
түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан
немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын
буып, аралығын үш-тӛрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да
жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы
ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі тӛмен етіліп үш арқан тартылады.
Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, тӛменгі арқанға
табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның
екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі.
Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар
қосылып, думандатып әкетеді
34. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен
аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол,
батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында
ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе
жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап,
қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді
қалыптастырған.
35. Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті
құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге
жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ
бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық
ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не
бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі
шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар
деп аталатын өте кең тараған түрлері болған
36. Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар
25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның
жолында айналып өтетін көл, сай-сала, белбелестер тәрізді кедергілі жерлер болуға
тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен
аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде
жарияланады.
37. «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын
қазақ арасына тең тараған кӛңілді кӛрініс.
Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны
қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады.
Енді қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе
бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз
қуып жетсе, оны қамшының астына алады.
Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе
жатыр.
39. Қырық ӛтірік
Қырық Ӛтірік–қазақтың тұрмыс-салт ертегісі. ―
ҚЫРЫҚ ӨТІРІК‖ ертегісінің ұқсас нұсқалары
қарақалпақ, татар, өзбек, түркімен, хакас
және бурят халықтарының фольклорында
кездеседі. Ертегінің негізгі сюжеті тазша баланың
немесе тапқыр жігіттің қырық ауыз өтірікті
табанда құрастырып, ханның қызына үйленуі
туралы оқиғаға құрылған. Ертегінің әңгіме түрінде
және өлеңмен жазылған нұсқалары бар. ― ҚЫРЫҚ
ӨТІРІК ‖ қазақ ауыз әдебиетінде ―Тазшаның қырық
өтірігі‖, ―Тазша бала әңгімесі‖ деп те аталады.
www.themegallery.com
Company Logo
40. Қырқынан шығару
Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері
шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ
халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп
есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”,
“Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда
болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың
туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып
шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде
беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің
өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет
болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Баланы қырқынан шығарудың тағы бір ерекшелігі бар. Қырық күннен сәби
ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару
салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан- жүйесінің
қалыптасып денесі сау болып өсуіне деген ақ батадан (тілектен) шыққан.
41. Осы жерде “қырқы” деген сөзге мән беру керек.
Қайтыс болған адамныңда “қырқы” беріледі. Бірақ баланы
“қырқынан шығарылады” деп, өлген адамға “қырқы берілді”
деп айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.
Бар тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де
бар.
Олар мынадай: құрсақ шашу, жарыс қазан, кіндік кесер,
атқою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шақыру, тұсау кесу,
тіл ашар, ашамайға мінгізу, аузына түкіру, шідерге сигізу т.б.
www.themegallery.com
Company Logo
42. Қырық күн шілде
Шілде — парсының «Чіллә»,
яғни қырық деген сөзінен шыққан.
Сол себепті болар, шілдеде 40
күн ыстық болады
www.themegallery.com
Company Logo
43. Қырымның қырық батыры
«Қырымның қырық батыры» эпопеясы XIV XVII ғасыр арасындағы Алтын Орда мен
Ноғай Ордасында орын алған тарихи
оқиғаларды суреттейді. Эпопея 41 батырдың
ерлігін суреттейтін 36 жырдан тұрады. 1942
жылы Алматы қаласында атақты Мұрын
жырау Сеңгірбекұлынан (Тілеген
Сеңгірбекұлы) жазылып алынған.
www.themegallery.com
Company Logo
45. Бес намаз
Парыз намаздар - «айн парыз» (жалқы парыз), «кифая парыз»
(жалпы парыз) болып екіге бөлінеді: Айн парыз намазы балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы
оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес
уақыт намаз бен жұма намазы жатады. Жұма намазы сол күнгі
бесін намазының орнына жамағатпен оқылатын екі рәкәғат
намаз. Жұмадан кешіккен адам сол күннің бесін намазын
оқиды. Кифая намазы - бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі
жақындары мен таныстары,жалпы мұсылмандардың оқитын
жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп
жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды.
Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі
күнәһар болады.
www.themegallery.com
Company Logo
46. Бес парыз
1. Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің
пайғамбарлық қасиетін мойындау.
2. Намаз оқу.
3. Ораза тұту.
4. Садақа беру.
5. Қажылыққа бару.
www.themegallery.com
Company Logo
47. Бес ӛсиет
1. Топасқа сенбе.
2. Жауға иілме.
3. Әрқашан сақ жүр.
4. Аш үйге қонба.
5. Жарлыдан сый алма.
www.themegallery.com
Company Logo
48. Бес борыш
1. Аллаға, пайғамбарға байланысты
борыш.
2. Адамның ӛзіне байланысты борыш.
3. Мемлекет пен халыққа борыш.
4. Үй-іші, жақындарға борыш.
5. Адамгершілік әлеміне
борыш.(Мұхамбет пайғамбар).
www.themegallery.com
Company Logo
52. Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай,
сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын
деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы
дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап
байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі
жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы
адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
53. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа
келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер
жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп
байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды
жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған
үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну
құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып,
бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.