SlideShare a Scribd company logo
1 of 10
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Топ: ЭЛС-912
Күні:15.04.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері. Жалпы және жалқы
есімдер.
Сабақтың мақсаты: Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат
Мұсабаевтың өмір жолдары туралы айту, олардың ерліктерін мақтаныш ету
және олардың бойындағы патриоттық сезімдер мен қасиеттерді балалар
бойларына дарыту.
1) Білімділік – білімдерін толықтыру, жалпы және жалқы есімдер туралы
айту, жаттығу жұмыстарын жазу және талдау.
Жалқы және жалпы есім туралы түсінікті өз бетімен анықтауына және өзіндік
жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығуларды орындағанда алған білімдерін
өз бетімен қолдана алуына жағдай жасау;
Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге,
нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне шығармашылық
ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге бағытталған тапсырмалар беру арқылы
тәрбиелеу;
2)Дамытушылық – жаңа білімді өздігінен меңгерту,тіл байлығын,
шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3)Тәрбиелік – туған елінің патриоты болуға, жақсы мен жаманды ажыратуға,
адамгершілікке,үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, ұжымшылдыққа,
бірлікке тәрбиелеу .
Сабақтың типі: сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, астрономия
Әдіс-тәсілдері:проблемалықсұрақ, талдау, ой қорыту.
Көрнекілік: оқулық, жазбалар, техникалық құралдар, слайд, жұмбақ-
жаңылтпаштар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Саламатсыңдар ма, балалар?
Отырыңдар!
Бүгін біздер үшін ерекше сабақ, өйткені сабағымызғакөпқонақтар келіп
отыр. Ендеше , орнымыздантұрып, амандасайық! Жаңа сабаққа көшпес
бұрынүйтапсырмасынтексеріп алайық.
Оқытушы:
Үй тапсырмасын тексеру:
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі?
Омоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним дегеніміз не?
Қазақстан астаналары туралы не білесіңдер?
Қазақстанныңбелгілі ғалымдары кімдер?
Қандай алғашқы және бүгінгі газеттерді білесіңдер?
Технология жаңалықтары туралы не айтасың?
Оқытушы:
Жарайсыңдар!
Енді, жаңа сабағымызғакөшейік.Балалар, мен сендерге осы сабаққа өздерің
дайындалып, білгендеріңді ортаға саласыңдар деген оймен алдын –ала
өздеріңе тапсырғам. Бүгінгі сабағымыздыңтақырыбы:Қазақ ғарышкерлері.
Жалпы және жалқы есімдер деп аталады, дәптерімізді ашып бүгінгі күннің
жадын және тақырыбынжазып қояйық. Сабақ тақырыбынасәйкес екі
командаға бөлініпсіңдер!
1 –команда«Зымыран» (Чингиз, Люба, Роман, Артур, Радион, Расим, Женя)
2- команда «Ғарышкер»(Бекжан, Азамат,Аслан, Данил,Ринат,Максим,Дима)
Жаңа сабақ түсіндіру: Әр команда өз ғарышкерлерін қорғайды.
Ғарышкерлердің өмірбаяндары мен қызметтеріне қысқаша шолу жасайды.
(Слайдқа байланысты қорғап шығады)
1 –команда «Зымыран» Тоқтар Әубәкіров туралы түсіндіреді.Тоқтар
Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы1946 ж
маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,«Бірінші май»
ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника
ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш
кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен
бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
1991ж қазанның 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта
өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. 1992 – 1993 жылы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры –
Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесініңдепутаты – Қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.1996 жылдан Қазақстан
Республикасы Президентінің кеңесшісі.2001 жылы 44 Қызылорда сайлау
округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат
болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
2- команда «Ғарышкер». Талғат Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы,
Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан
Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.Т.А.
Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе
жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның
30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.
Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құранкітапты,
туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.1994ж. ғарышқа 1-
ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-
ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік
табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут
ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.Ұшқанда
американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының
өкілі) Николай Бударинмен бірге,қонғанда ресей ғарышкерлері Николай
Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге қонған. 2001ж. ғарышқа 3-ші рет
ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Оқытушы:
Балалар жақсы, әрқайсың өз ғарышкерлеріңді қорғадыңдар. Енді, мен
сендердің қаншалықты өз беттеріңмен ізденгендеріңді сынағалы бірнеше
сұрақтар дайындап келдім. Өйткені тақырыбымыз ғарыш саласымен тығыз
байланысты болғандықтан, сендер барынша метериалды толық игерулерің
керек болатын. Ендеше іске сәт! Менің сұрақтарыма жауап беріңдер:
- Күнжүйесінде орналасқан неше ғаламшар бар? (8 ғаламшар)
- Тіршілік тараған планета? (жер)
- Ғарышқа еліміздің қай аймағынан аттанады? (Байқоңыр жерінен)
- Ең алғаш ғарышқа жол қашан ашылды? ( 1957 жылы 4 қазанда)
- Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай болуы керек? (оқушылар ойын тыңдау).
-Ғарышқа алғашында нелерді ұшырыпеді? (Лайка иті)
-Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр)
-Ғарышкерлер қандай ғылымдарды меңгерукерек? (математика, физика,
астрономия)
-Ғарышкерлер нелерге зерттеу жасайды? (атмосфераға, жерге, жұлдыздарға)
-Космосқаұшу туралы ғылымныңнегізін қалаған адам кім? (К.Э.
Циолковский)
- Оның арманын, ойынжүзеге асырғанбас конструктор кім? (Сергей
Павлович Королев)
- Лайкамен бірге жаттықтырылғаниттердің аттары қалай аталады? (Белка
мен Стрелка )
Өте жақсы, енді көңілімізді маған бөліп, тыңдайық! Мен жұмбақ оқимын
сендер шешімін табыңдар:
Жұмбақ шешу.( дәптерімізге көшіріп жазамыз.)
Самұрыққұс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
Аспанда бір алып құс,
Ызғыпұшып барады.
Қарап тұрсақғажайып,
Соңындаіз қалады. (Зымыран)
Құстанаумайды,
Көкте зулайды. ( Ұшақ )
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырғанталайыңды.
Жүдемес төрт маусымдамұңаймаса,
Тұрады нұрғамалып маңдайыңды. (Ай мен күн)
Жаңылтпаштар:
Айлар өтеді,
Күндер жылжиды.
Жылдар кетеді,
Уақыт сырғиды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Оқытушы: Жақсы, енді мектептен алған білімдеріңді естеріңе түсіріңдер,
жалпы және жалқы есімдер дегеніміз не? Ол қай сөз табына қатысты?
Мағынасына қарай зат есім 2-ге бөлінеді: жалпы есім (имена
нарицательные) және жалқы есім (имена собственные)
( естеріне түскендерін ортағасалады, болмасаслайдтан оқып, дәптерлеріне
жаздырамын)
Жалқы және жалпы есім.
Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын
білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана. Жалпы
есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін
зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана (это общее название
для всех однородных предметов и явлений)
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі.
Жалқы есімге адам аттары (антропонимдер), географиялық атаулар
(топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер),
аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты
мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер)
т. б. жатады. (это специальные собственные названия отдельных лиц,
единичных предметов)
1.Дәптермен жұмыс:
1.Слайдтағы мәтіндерді көшіріп жазамыз. Мәтіндерден жалпы және жалқы
есімдерді табу (кесте толтыру)
2.Тақтада жазып, талдаймыз.
2.Өздік жұмыс.
а) берілген суреттер бойынша үш тілде сөйлемдер құрастырады;
б) карточкадағы мәтінді орыс тіліне аудару
3. Проблемалық сұрақтарға жауап беру:
1. Қалай ойлайсыңдар бізге ғаламшарды игеру керек пе?
2. Не үшін космосты игереміз?
3. Болашақта Марста қалалар салынады деген болжамдар бар, сендердің
көзқарастарың?
4. Суреттер сөйлейді. (сөздер мен суреттердіжәне аудармасын сәйкестендір)
слайд
5. Сөзжұмбақты шешіңдер:
Қорытынды.
Сөзжұмбақты шешіңдер:
1. Ғарышқа ұшатын адам?
2. Ғарыштағы адамға қандай сəуле
қауіпті?
3. Ғарышкерлерді ғарышқа
апаратын аппарат?
8
3
5
2
1
4
6
7
Ғ А Р Ы Ш К Е Р
Р
А
Д
И
А
Ц
И
Я
З
Ы
М
Ы
Р
А
Н
4. Ауасыз кеңістік? В А К У У М
5. Күннен кейін төртінші
тұратын ғаламшар?
М
А
Р
С
К Ү Н
6. Күн жүйесінің ортасында не
орналасқан?
7. Тұңғыш ғарышта болған не?
И Т
8. Əлемдегі ең ірі жəне алғашқы
космодром қалай аталады?
Б
А
Й
Қ
О
Ң
Ы
Р
Ойын «Кім ғаламшарды жақсы біледі?» (суретте ғаламшарларды жүйелі
орналастыру)
Сабаққа қатысқандар бағаланады
Үй тапсырмасы: «Ғарыш әлемі- жұмбақ» эссежазу
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!
ашық сабағым
ашық сабағым
ашық сабағым
ашық сабағым

More Related Content

Similar to ашық сабағым

Similar to ашық сабағым (17)

Ғарыш
ҒарышҒарыш
Ғарыш
 
акерке
акеркеакерке
акерке
 
789п
789п789п
789п
 
808апапаааааааааааа
808апапаааааааааааа808апапаааааааааааа
808апапаааааааааааа
 
табиғат және адам
табиғат және адам табиғат және адам
табиғат және адам
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
 
Biologija ulgy
Biologija ulgyBiologija ulgy
Biologija ulgy
 
ұйымдастырылған оқу іс
ұйымдастырылған оқу ісұйымдастырылған оқу іс
ұйымдастырылған оқу іс
 
Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы
Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығыГеографиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы
Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы
 
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxДүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
 
kzk presentation.pptx
kzk presentation.pptxkzk presentation.pptx
kzk presentation.pptx
 
963fd
963fd963fd
963fd
 
алиев жб ашық сабақ
алиев жб ашық сабақ алиев жб ашық сабақ
алиев жб ашық сабақ
 
түркістан 4сынып
түркістан 4сыныптүркістан 4сынып
түркістан 4сынып
 
Малсақ бала
Малсақ балаМалсақ бала
Малсақ бала
 
материал для конкурса белхаирова
материал для конкурса белхаироваматериал для конкурса белхаирова
материал для конкурса белхаирова
 
S12
S12S12
S12
 

ашық сабағым

  • 1. Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Топ: ЭЛС-912 Күні:15.04.2017ж Сабақтың тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері. Жалпы және жалқы есімдер. Сабақтың мақсаты: Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмір жолдары туралы айту, олардың ерліктерін мақтаныш ету және олардың бойындағы патриоттық сезімдер мен қасиеттерді балалар бойларына дарыту. 1) Білімділік – білімдерін толықтыру, жалпы және жалқы есімдер туралы айту, жаттығу жұмыстарын жазу және талдау. Жалқы және жалпы есім туралы түсінікті өз бетімен анықтауына және өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығуларды орындағанда алған білімдерін өз бетімен қолдана алуына жағдай жасау; Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу; 2)Дамытушылық – жаңа білімді өздігінен меңгерту,тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. 3)Тәрбиелік – туған елінің патриоты болуға, жақсы мен жаманды ажыратуға, адамгершілікке,үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, ұжымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу . Сабақтың типі: сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, астрономия Әдіс-тәсілдері:проблемалықсұрақ, талдау, ой қорыту. Көрнекілік: оқулық, жазбалар, техникалық құралдар, слайд, жұмбақ- жаңылтпаштар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Саламатсыңдар ма, балалар? Отырыңдар! Бүгін біздер үшін ерекше сабақ, өйткені сабағымызғакөпқонақтар келіп отыр. Ендеше , орнымыздантұрып, амандасайық! Жаңа сабаққа көшпес бұрынүйтапсырмасынтексеріп алайық. Оқытушы: Үй тапсырмасын тексеру: Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің сөйлемдегі қызметі? Омоним дегеніміз не?
  • 2. Антоним дегеніміз не? Синоним дегеніміз не? Қазақстан астаналары туралы не білесіңдер? Қазақстанныңбелгілі ғалымдары кімдер? Қандай алғашқы және бүгінгі газеттерді білесіңдер? Технология жаңалықтары туралы не айтасың? Оқытушы: Жарайсыңдар! Енді, жаңа сабағымызғакөшейік.Балалар, мен сендерге осы сабаққа өздерің дайындалып, білгендеріңді ортаға саласыңдар деген оймен алдын –ала өздеріңе тапсырғам. Бүгінгі сабағымыздыңтақырыбы:Қазақ ғарышкерлері. Жалпы және жалқы есімдер деп аталады, дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын және тақырыбынжазып қояйық. Сабақ тақырыбынасәйкес екі командаға бөлініпсіңдер! 1 –команда«Зымыран» (Чингиз, Люба, Роман, Артур, Радион, Расим, Женя) 2- команда «Ғарышкер»(Бекжан, Азамат,Аслан, Данил,Ринат,Максим,Дима) Жаңа сабақ түсіндіру: Әр команда өз ғарышкерлерін қорғайды. Ғарышкерлердің өмірбаяндары мен қызметтеріне қысқаша шолу жасайды. (Слайдқа байланысты қорғап шығады) 1 –команда «Зымыран» Тоқтар Әубәкіров туралы түсіндіреді.Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,«Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1991ж қазанның 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесініңдепутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы. 2- команда «Ғарышкер». Талғат Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.Т.А. Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.
  • 3. Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құранкітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.1994ж. ғарышқа 1- ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2- ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге,қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге қонған. 2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. Оқытушы: Балалар жақсы, әрқайсың өз ғарышкерлеріңді қорғадыңдар. Енді, мен сендердің қаншалықты өз беттеріңмен ізденгендеріңді сынағалы бірнеше сұрақтар дайындап келдім. Өйткені тақырыбымыз ғарыш саласымен тығыз байланысты болғандықтан, сендер барынша метериалды толық игерулерің керек болатын. Ендеше іске сәт! Менің сұрақтарыма жауап беріңдер: - Күнжүйесінде орналасқан неше ғаламшар бар? (8 ғаламшар) - Тіршілік тараған планета? (жер) - Ғарышқа еліміздің қай аймағынан аттанады? (Байқоңыр жерінен) - Ең алғаш ғарышқа жол қашан ашылды? ( 1957 жылы 4 қазанда) - Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай болуы керек? (оқушылар ойын тыңдау). -Ғарышқа алғашында нелерді ұшырыпеді? (Лайка иті) -Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр) -Ғарышкерлер қандай ғылымдарды меңгерукерек? (математика, физика, астрономия) -Ғарышкерлер нелерге зерттеу жасайды? (атмосфераға, жерге, жұлдыздарға) -Космосқаұшу туралы ғылымныңнегізін қалаған адам кім? (К.Э. Циолковский) - Оның арманын, ойынжүзеге асырғанбас конструктор кім? (Сергей Павлович Королев) - Лайкамен бірге жаттықтырылғаниттердің аттары қалай аталады? (Белка мен Стрелка ) Өте жақсы, енді көңілімізді маған бөліп, тыңдайық! Мен жұмбақ оқимын сендер шешімін табыңдар: Жұмбақ шешу.( дәптерімізге көшіріп жазамыз.) Самұрыққұс самғады, Көктен өтіп. Айға жетіп, Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі) Аспанда бір алып құс, Ызғыпұшып барады. Қарап тұрсақғажайып, Соңындаіз қалады. (Зымыран)
  • 4. Құстанаумайды, Көкте зулайды. ( Ұшақ ) Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырғанталайыңды. Жүдемес төрт маусымдамұңаймаса, Тұрады нұрғамалып маңдайыңды. (Ай мен күн) Жаңылтпаштар: Айлар өтеді, Күндер жылжиды. Жылдар кетеді, Уақыт сырғиды. Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па? Оқытушы: Жақсы, енді мектептен алған білімдеріңді естеріңе түсіріңдер, жалпы және жалқы есімдер дегеніміз не? Ол қай сөз табына қатысты? Мағынасына қарай зат есім 2-ге бөлінеді: жалпы есім (имена нарицательные) және жалқы есім (имена собственные) ( естеріне түскендерін ортағасалады, болмасаслайдтан оқып, дәптерлеріне жаздырамын) Жалқы және жалпы есім. Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана. Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана (это общее название для всех однородных предметов и явлений) Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары (антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады. (это специальные собственные названия отдельных лиц, единичных предметов) 1.Дәптермен жұмыс: 1.Слайдтағы мәтіндерді көшіріп жазамыз. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді табу (кесте толтыру) 2.Тақтада жазып, талдаймыз.
  • 5. 2.Өздік жұмыс. а) берілген суреттер бойынша үш тілде сөйлемдер құрастырады; б) карточкадағы мәтінді орыс тіліне аудару 3. Проблемалық сұрақтарға жауап беру: 1. Қалай ойлайсыңдар бізге ғаламшарды игеру керек пе? 2. Не үшін космосты игереміз? 3. Болашақта Марста қалалар салынады деген болжамдар бар, сендердің көзқарастарың? 4. Суреттер сөйлейді. (сөздер мен суреттердіжәне аудармасын сәйкестендір) слайд 5. Сөзжұмбақты шешіңдер: Қорытынды. Сөзжұмбақты шешіңдер: 1. Ғарышқа ұшатын адам? 2. Ғарыштағы адамға қандай сəуле қауіпті? 3. Ғарышкерлерді ғарышқа апаратын аппарат? 8 3 5 2 1 4 6 7 Ғ А Р Ы Ш К Е Р Р А Д И А Ц И Я З Ы М Ы Р А Н 4. Ауасыз кеңістік? В А К У У М 5. Күннен кейін төртінші тұратын ғаламшар? М А Р С К Ү Н 6. Күн жүйесінің ортасында не орналасқан? 7. Тұңғыш ғарышта болған не? И Т 8. Əлемдегі ең ірі жəне алғашқы космодром қалай аталады? Б А Й Қ О Ң Ы Р Ойын «Кім ғаламшарды жақсы біледі?» (суретте ғаламшарларды жүйелі орналастыру)
  • 6. Сабаққа қатысқандар бағаланады Үй тапсырмасы: «Ғарыш әлемі- жұмбақ» эссежазу Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!