SlideShare a Scribd company logo
1 of 33
4.2 БӨЛІМ
«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің
электрондық портфолиосы» аудандық
конкурсына қатысушы бастауыш сынып
мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна
жайлы ұсыныс
«Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы»
аудандық конкурсынақатысушы Бурабай кентіС.Сейфуллин атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ
Балтабаевна жайлы ұсыныс
Абишева Г.Б жоғары білімді, 19 жыл 6 ай педагогикалық еңбек өтілі бар
бірінші санатты мұғалім. Гульназ Балтабаевна өз пәні бойыншатерең білімі
бар, пәнді оқыту әдістемесін терең меңгерген. Ізденіс пен шығармашылық,
психологиялық-педагогикалыққұзырлылықжәне шеберлік мұғалім
жұмысыныңұстанымы қаланған фундамент болыптабылады. Гульназ
Балтабаевнаның сабақтарындаүнемі шығармашылық атмосфера үстемдік
етеді, олар әр түрлі және әдістемелік жағынан сауатты құрылған.
Педагогикалық қызметін талдай білуі, қазіргі оқыту технологияларын игеруі
әр түрлі кәсіптік мәселелерді шешуге көмектеседі. Оның іс-тәжірибесін
Бурабай аудандық білім бөлімі жинақтаған. Мұғалім аудан, облыстық
деңгейде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Осыныңбарлығы оқыту
мен тәрбиелеуде Гульназ Балтабаевнаға жоғары жетістіктерге жетуге
көмектеседі. Оқушылары мектепшілік, халықаралық олимпиадаларға
қатысып, жүлделі орындарғаие болуда. Гульназ Балтабаевна оқушылар мен
ата-аналар және әріптестерінің арасындабеделді. Мұғалім тұлғасының
кәсіптік қызметінің мәнділігі-оның үнемі өзіндік жетілуге ұмтылуы болып
табылады. Шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері мен
«Ең үздік бастауыш сыныпмұғалімінің электрондықпортфолиосы»
конкурсыныңмектепішілік кезеңіндегі жеңісі үшін конкурстыңаудандық
кезеңіне қатысуға үміткер ретінде ұсынылыпотыр.
Мектеп директоры Э.Шлейнингер
Орын.Нурушева А.Н.
Тел.71-2-64
4.3 БӨЛІМ
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы
орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Гульназ Балтабаевнаға
М І Н Е З Д Е М Е
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Гульназ Балтабаевнаға
М І Н Е З Д Е М Е
Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ол бастауыш сыныпты оқыту барысында «Жеті модуль» элементтерін
қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
проблемасы төңірегінде жұмыс жасайды . Педагогикалық тәжірибесі мол,
бастауышты оқыту әдістемесін жетік меңгерген мұғалім. Ұстаз өз
жұмысының басты мақсаты – оқу үрдісінің белсенді субьектісі ретінде,
оқушының тұлға ретінде, шығармашылығын дамыту деп санайды. Мұғалім
маманының шебері, шығармашылық ізденіс жолындағы адам. Мұғалім өзін-
өзі жетілдіру мақсатында бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың
қызығушылығын арттыру барысындағы жұмыспен айналысады.
Оқушының жеткілікті білім алуына үлкен үлес қосып, әр түрлі әдіс-тәсілдер,
жаңа технологияларды, жеті модульді қолданады. Мұғалімнің негізгі
жұмысы- қойылған соңғы мақсатқа жету. Гульназ Балтабаевна сабағында
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жеке дара жұмыс
жасап, үй жұмысын нақты толық орындауға, сауатты жазып, өз ойларын
емін-еркін жеткізуге көп көңіл бөледі. Мұғалім сабағында балаларды
туған елін сүйе білуге, Республикасының мақтанышы болуға тәрбиелейді.
Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жол береді. Оның
оқушылары олипиадаларға, ғылыми жобаларға қатысып отырады.
Мұғалім әр оқушының шығармашылық даму жағынан жағдай жасап,
оларды ұйымшыл болуға қалыптастырады. Осы жұмысты ұйымдастыру
барысында оқушыларының үлгілі білім алу мақсатын көздейді.
Гульназ Балтабаевнаның басшылығымен оқушылары сайыстар мен
жарыстарғақатысыпжүлделі орындарға ие болып жүр. 2014-2015 оқу жылы
оқушылары Халықаралық «Новый урок» олимпиадасына, математика
пәнінен қатысып, жүлделі ІІ, ІІІ орындаға ие болды. 2013-2014 оқу жылы
Амантаева Эльмира ауданда, «Ұлттық ойындардың адам денсаулығына
пайдасы» атты ғылыми жобаға қатысты. 2009-2010 ғылыми жобаға қатысып,
Нығметжанов Адиль ІІ орын, Курманкулов Шахназар ІІІ орындарға ие
болды. 2014-2015 оқу жылы Қайырбай Даурен “Менің отаным -
Қазақстан”атты аудандық сайысқа қатысып, грамотамен марапатталды.
Оқушылары мектепшілік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие
болды.Сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады. Оқушылардың
тақпақтары «Бурабай» газетіне жарияланды. Сонымен қатар «Ақбота»,
«Кенгуру» «Пони» сайыстарына белсенді қатысады.
2014-2015 оқу жылы облыстық семинарда «Сабақты зерттеу» тәсілі
эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде» баяндама оқыды.
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы
орта мектебінің директоры Шлейнингер Э
4.4 БӨЛІМ
Резюме
Абишева Гульназ Балтабаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай кенті С.Сейфуллин
атындағы орта ме
Өзім туралы
мағлұмат
 Жылым және туған жерім: 24/08/1975, Рессей
Алтайский край
 Ұлтым: қазақ
Білімім Жоғары, 2003 ж. Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау
педагогикалық институты, диплом ЖБ № 0358638
 2003 ж, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 2015 ж, бастауыш сыныпмұғалімі
Диплом бойынша
мамандығым  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бастауыш сынып
мұғалімі
Санатым
 Бірінші, 2011ж
Оқытатын пәнім
 Бастауыш сынып
Жалпы еңбек
өтілім  19 жыл 4 ай
Педагогикалық
еңбек өтілім  19 жыл 4 ай
Нақты оқу
мекемесіндегі
еңбек өтілім
 17 жыл 4 ай
Қызығушылығым
мен әуестігім
Электронды оқулықтар, видео роликтер жасау
Білетін тілдерім Орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілі (Сөздікпен)
Хобби Кітап оқу, іс тігу, спорттықойындар, ас мәзірін дайындау
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Бурабай кенті
Телефон 8(716-30)72244
Факс 8(716-30)72244
Электронды почта
gulnaz1919@mail.ru
АБИШЕВА ГУЛЬНАЗ БАЛТАБАЕВНА
4.5 БӨЛІМ
Кадрларды есепке алу
бойынша жеке іс-қағазы
Абишева Гульназ Балтабаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай кенті С.Сейфуллин
атындағы орта мектебі
4.6 БӨЛІМ
Жеке куәлігінің
көшірмесі
Абишева Гульназ Балтабаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай кенті С.Сейфуллин
атындағы орта мектебі
4.7 БӨЛІМ
Баспасөзде басылған
еңбектері
Абишева Гульназ Балтабаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай кенті С.Сейфуллин
атындағы орта мектебі
4.8 Бөлім
Педагогикалық
қызметінің нәтижесі
Педагогикалық қызметінің нәтижесі:
Марапатталған мерзімі Марапаттамалар формасы Кім марапаттады
2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең
үздік интерактивтік мұғалім»
Мадақтама, «Білгір мұғалім»
номинациясы
Аудандық білім бөлімі
2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық
мерейтойына арналған «Алаштың
үні, халқымның мұңы» сайысы,
«Ең үздік эмблема» номинациясы
«Бурабай» газетінің
редакторы
2012-2013 оқу жылы Облыстық сырттай конкурс
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
«Менің жаңа форматтағы педагог
ретінде қалыптасуым» эссе
эсселер жинағы
кітабына енді
2012-2013 оқу жылы Облыстық cырттай сайыс
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
“Ойшыл іскер”
-
2012-2013 оқу жылы Алғыс хат, мектепшілік ата
аналар комитетінің қызметіне
үлес қосқаны үшін
Ата-аналар комитеті
2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство
«Новый урок» ІІІ орын
ООО «Новый урок»
2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство
«Новый урок» олимпиадасына
оқушыларды дайындағаны үшін
ООО «Новый урок»
2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый
урок» олимпиадасына
оқушыларды дайындағаны үшін
ООО «Новый урок»
2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый
урок» Блиц турнирге қатысқаны
үшін
ООО «Новый урок»
2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең
үздік өзін-өзі тану мұғалімі»,
3 орын
Аудандық білім бөлімі
2014-2015 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп
жұмысына белсене қатысқаны
үшін
Мектеп әкімшілігі
2015-2016 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп
жұмысына белсене қатысқаны
үшін
Мектеп әкімшілігі
2015-2016 оқу жылы Алғыс хат Бурабай кентінің әкімі
2015-2016 оқу жылы Құрмет грамотасы, Ауданның
білім беру жүйесіндегі жоғары
жетістіктері және өскелең
ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор
үлесі үшін
Бурабай ауданының
әкімі
2015-2016 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық
портфолиом» сырттай аудандық
сайыс
Аудандық білім бөлімі
2015-2016 оқу жылы Сертификат Республика «Азия -Издат»
мұғалімдерінің әдістемелік
мақалалар жинағына мақаласы
жарияланғаны үшін
редакторы,
2015-2016 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы
сабақ» номинациясы бойынша
«Заманауи педагог: бастама және
шығармашылық» сырттай
конкурсына қатысқаны үшін
Ақмола облысының
білім басқармасы
4.9 Бөлім
«Менің педагогикалық
философиям»
эссе
«Менің педагогикалық философиям»
Эссе
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымббат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин
Мен қалай шабыттандырамын? Бастауыш сынып оқушылары өз ұстаздарына
ұқсағысы келеді. Олар мұғалім сияқты киінгісі, сөйлегісі келіп, еліктей бастайды.
Оқушылардың өмірін,оқуын,тәрбиесін, психологиясын түсіне білуім қажет. Дәстүрлі
сабақпен қазіргі сабақты салыстыра отырып, өз қателіктерімді жоя бастадым. Баланың
мазасын алмай, жауап беруге мүмкіндік беремін. Дауыс ырғағыма көңіл бөлемін. Тым
ақырын немесе тым қатты сөйлемеймін, балаға қолдау көрсетемін, мадақтаймын, бағыт-
бағдар беремін. Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы балалардың мінезін,оқуға деген көз
қарасын анықтап алдым. Сонымен бірге дарынды баланы да анықтап алдым. Оқу
процесіндегі 7 молдульді қолданудағы өзгерістерге мен ғана емес,оқушылар да қуана
қарады. Дәстүрлі сабақта баланы неге сабақ оқымайсың? Неге білмейсің?-деп
жазғыратын кездерім болатын. Ал қазір мүлдем өзгеше көзқарас пайда болды. Мен
баланы тыңдай білуге, нені түсінбегенін? неге түсінбегенін, анықтап алып, осы
кемшіліктерді жоюдың жолын іздестіремін. Яғни, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарымда
қолданамын, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, сабаққа назарын
аударамын. Оқушылар өз жұмыстарын қорғаған кезде, өздерінің жұмысының
дұрыстығын дәлелдейді, өздерін мұғалім деп санайды. Қателерін түсініп, өздерін және
достарын бағалауға үйренеді. Балаларды шабыттандыру үшін, көшбасшылықтың да
маңызы зор. Яғни балаларды үнемі түсініп, оның проблемасын түсінуге тырысу керек.
Бала өзінің қиыншылықтарын, сұрақтарын мұғалімге қорықпай айтса, кеңес сұраса,
демек ол оқушы мұғалімге толық сенеді. Оқушылар кейде ата анасына айтпайтын
сырларын мұғалімге айтатын кездері де болады. Сондықтан қиыншылықтарды жеңе
білуге көмектеу, кеңес беру, мадақтау, көтермелеу, мақтау арқылы баланың сенімін
арттыруымыз керек. Бала кішкентай болғанымен мұғалімді, үлкендердің іс әрекеттерін
түсінеді. Бетін қайтарған адамдарды жек көріп кетуі мүмкін. Ешқашан балаға дауыс
көтеріп, жаман сөздермен жүрегін жаралауға болмайды. Олар өте сезімтал келеді.
Сондықтан әсіресе бастауыш сынып мұғалімдер бұл мәселеге немқұрайлық қарамауы
керек. Бұл өте маңызды.
Жалпы сыныптағы өзгерістер барлық оқушыларға да, маған да ұнайды. Уақыт зымырап
тез өтіп кетеді. Балалардың сабақтағы белсенділігі арта түсті. Жазған эссе,әңгімелерін
авторлық орындықта оқиды. Бір-бірін бағалайды, өз-өзін бағалайды. Өздерін
бұрынғыдай емес, еркін сезіне бастады. Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Жеті
модульді сабақтарымда кеңінен қолданып, терең түсіне бастадым. Өз сабағымда жеті
модульді қолданудың нәтижесінде балалардың білімдерін жетілдіруіме сенімдімін.
Диалогтық оқытуды да кеңінен қолданамын. Бұрын сөйлемейтін оқушылар топтан
қалмай өз ойларын айта бастады.Оқушылардың жұппен, топпен, мұғаліммен сабақтағы
жұмыс барысында диалогтық оқытудың маңызы зор. Баланың өз ойын айтуға
мүмкіншілігі туады. Бір-бірін толықтырып, қателерін түзетеді. Формативтік бағалауда
оқушылар өздерін, достарын бағалауды үйренді. Неге сол бағаны қойғандарын өздері
түсіндіріп кетеді.
Мен педагогикалық кеңесте, семинарда, конкурстарда, ата-аналар жиналысында, барлық
қоғамдық жерлерде өз мәдениеттілігімді көрсетумен бірге, дұрыс сөйлей білуге, сын
тұрғысынан ойлануға үйрендім. Көпшілік алдында бұрынғыдай баяндаманы оқымай, өз
жұмысымның жетістігін АКТ-ның көмегімен, дұрыс жеткізе білуім өте маңызды екенін
түсіндім. Сабақта да АКТ-ны кеңінен қолданамын.
Менің ойымша, шебер ұстаз дегеніміз: шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді,
мәдениетті болу керек. Өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін оқушыларға білім беру
мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Сонда ғана
балаларды сабақ оқуға, өмірге басқаша көзқараспен қарауға, адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеп, шабыттандыра аламыз. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған
білімдерін практикада қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Ол
үшін еңбек етуге дайынмын. Бір-біріне деген қарым-қатынас өзгерді. Сынып
атмосферасы да өзгерді. Балалар бір-бірін тыңдауға, толықтырып, түзетуге, түсіндіруге
үйренді.Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек
қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әріптестеріме сәттілік
тілеймін!
Абишева Гульназ Балтабайқызы
Бурабай ауданы,
С Сейфуллин атындағы ОМ- нің
бастауыш сынып мұғалімі
4.10 Бөлім
Әдістемелік бірлестік
хаттамасының көшірмесі
18.02.2016жылғы «Ең үздік бастауышсынып мұғалімінің электрондық
портфолиосы» мектепішілік сайысын өткізу бойынша комиссия
отырысының хаттамасынан
№2 көшірме
Білім бөлімінің 18.02.2016жылғы № 44-П бұйрығыныңнегізінде «Ең үздік
бастауышсынып мұғалімінің электрондықпортфолиосы» мектепішілік
сайысы өткізілді. Сайысқа 5 педагог қатысты.
Сайыстықкомиссия шешімінің негізінде бастауыш сынып мұғалімі жүлделі
орынғаие болды.
Бағалау бойыншасайыстықкомиссия отырысына қатысты:
Сайыстықкомиссия төрағасы:
Шлейнингер Э.В. , мектеп директоры
Сайыстықкомиссия мүшелері:
Абдрахманова А.Б. мектепішілік
кәсіподақ комитетінің төрағасы
Нурушева А.Н. мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Коваль Т.Н. мектеп директорыныңоқу
ісі жөніндегі орынбасары
Нурумова Ж.Д. мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4.1 Бөлім
Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы
орта мектебінің
бастауыш сынып әдістемелік
орталығының педагогына арналған
ақпараттық картасы
Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып әдістемелік орталығының педагогына арналған
ақпараттық картасы
1. Мүғалім: Абишева Гульназ Балтабаевна, Бурабай кенті С.Сейфуллин
атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,еңбек өтілі – 19 жыл,
санаты - бірінші
2. Тәжірибе тақырыбы: «Оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту»
3. Тәжірибенің негізгі мазмұны:
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзітануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жолтабу үшін дұрыс ойтүйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару»,«ойлаптабу»
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, соларқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте«шығармашылық
қайталанбайтын тарихи-қоғамдықмәні бар, жоғары сападағы жаңалық
ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог
Л.С. Выготский «шығармашылықдеп жаңалық ашатын әрекетті атаған».
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз»
демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат.
Сондықтан балабақшаның,психологтыңең басты міндеті-рухани бай, жан-
жақты дамығандарынды тұлға қалыптастыру. Әр психологтыңалдындағы
ізгі мұраты-әр баланың «менін» ашу, сол«менді» шығармашылық тұлғаға
жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзіізденімпаздықтан туады. Баланың
өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу.
Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесібалабақшадан басталады.
Кез-келген тәрбиеленуші психологтыңбасшылығыменорындаған
шығармашылық жұмысыныңнәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін
дамытады.Оқушылардыңбелсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы
шығармашылығындамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай
алатын жеке тұлғаны дайындау балабақшаның алдында тұрғанүлкен міндет
екені белгілі.
Уақыт талабына сай балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін,
оқытудыңжаңа ақпараттық технологиясынпайдаланған жөн деп ойлаймын
Кім және қашан зерттеді: В.Ф.Шаталов, Р.Штейнердің,
С.Н.Лысенковтың, П.Эрдниевтің, Л.В.Занковтың, Л.С.Выготскийт.б.
Жан-жақты жинақтаутәжірибесінің шешімі:
Семинарларға, сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға
қатысу арқылы енгізу, АКТ-ны білім үрдісіне енгізе отырып, алған
тақырып бойынша жұмысты жалғастыру.
1. Қорғау формасы:
Ашық сабақтар;
Сыныптан тыс іс шаралар;
Педкеңестерде сөйлеу, аудандық семинарда сөйлеу;
2. Жинақтау материалының тізімдемесі:
 Бастауыш сынып сабақтары бойынша ашық сабақтар жинағы
 Ғылыми жобалар жинақтары
 «Шығармашылық тапсырмалар» кітапша
 «Ребустар» кітапша
 Электрондық оқулық Математика 1сынып
3. Сыныптан тыс іс шаралар әзірлемелері кітапша
4. Жинақтау нәтижесі бойынша мұғалімнің марапаттары
(наградалары, атағы):
 2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең үздік интерактивтік
мұғалім» Мадақтама, «Білгір мұғалім» номинациясы
 2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық
мерейтойына арналған «Алаштың үні, халқымның мұңы»
сайысы, «Ең үздік эмблема» номинациясы
 2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану
мұғалімі», 3 орын
 2014-2015 оқу жылы Құрметграмотасы, Ауданның білім беру
жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты
тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін
 2014-2015 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық
портфолиом» сырттайаудандықсайыс
 2014-2015 оқу жылы Сертификат Республика мұғалімдерінің
әдістемелік мақалалар жинағына мақаласы жарияланғаны үшін
 2014-2015 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы сабақ»
номинациясы бойынша«Заманауи педагог:бастама және
шығармашылық» сырттай конкурсынақатысқаны үшін
5. Тәжірибенің тиімділігін тексеру: бастауыш сынып бойынша
оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды оқытудың мотивациясын
көтеру, шығармашылықтарын арттыру
6. Ізбасарлары: бастауыш сынып мұғалімдері.

More Related Content

What's hot

Презентація досвіду
Презентація досвідуПрезентація досвіду
Презентація досвідуgrabeshko
 
школа молодого педагога тренінг
школа молодого педагога тренінгшкола молодого педагога тренінг
школа молодого педагога тренінгazazin
 
cảm biến đo gia tốc và rung
cảm biến đo gia tốc và rungcảm biến đo gia tốc và rung
cảm biến đo gia tốc và rungTony Tun
 
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»wer1201
 
Bao cao dong co BLDC
Bao cao dong co BLDCBao cao dong co BLDC
Bao cao dong co BLDCBằng Vũ
 
Planificare exercitii si aplicatii SPSU
Planificare exercitii si aplicatii SPSUPlanificare exercitii si aplicatii SPSU
Planificare exercitii si aplicatii SPSUPompierii Români
 
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.Віктор Пилип
 
презентація принципи виховання. тема 2
презентація принципи виховання. тема 2презентація принципи виховання. тема 2
презентація принципи виховання. тема 2mad psychologist
 
Портфоліо вчителя фізичної культури
Портфоліо вчителя фізичної культуриПортфоліо вчителя фізичної культури
Портфоліо вчителя фізичної культуриЕкатерина Корзун
 
компетентнісний підхід до навчально виховного процесу в нвк ім. в. чорновола
компетентнісний підхід до навчально  виховного процесу  в нвк ім. в. чорноволакомпетентнісний підхід до навчально  виховного процесу  в нвк ім. в. чорновола
компетентнісний підхід до навчально виховного процесу в нвк ім. в. чорноволаTatyana Maslennikova
 
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thở
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thởThiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thở
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thởMan_Ebook
 
Звіт-презентація директора ліцею за 2022-2023 н. р..ppt
Звіт-презентація  директора ліцею за 2022-2023 н. р..pptЗвіт-презентація  директора ліцею за 2022-2023 н. р..ppt
Звіт-презентація директора ліцею за 2022-2023 н. р..pptsaliuk03
 
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»school11-rv
 
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...KhoTi1
 
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.Конотоп
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.КонотопТворчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.Конотоп
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.КонотопЮлія Артюх
 

What's hot (20)

Презентація досвіду
Презентація досвідуПрезентація досвіду
Презентація досвіду
 
школа молодого педагога тренінг
школа молодого педагога тренінгшкола молодого педагога тренінг
школа молодого педагога тренінг
 
cảm biến đo gia tốc và rung
cảm biến đo gia tốc và rungcảm biến đo gia tốc và rung
cảm biến đo gia tốc và rung
 
Ltdktd2
Ltdktd2Ltdktd2
Ltdktd2
 
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»
Портфоліо учасника конкурсу «Джерело творчості»
 
Bao cao dong co BLDC
Bao cao dong co BLDCBao cao dong co BLDC
Bao cao dong co BLDC
 
Cảm biến gia tốc
Cảm biến gia tốcCảm biến gia tốc
Cảm biến gia tốc
 
Planificare exercitii si aplicatii SPSU
Planificare exercitii si aplicatii SPSUPlanificare exercitii si aplicatii SPSU
Planificare exercitii si aplicatii SPSU
 
Chuong 1
Chuong 1Chuong 1
Chuong 1
 
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.
Портфоліо майстра виробничого навчання Величко. О. М.
 
презентація принципи виховання. тема 2
презентація принципи виховання. тема 2презентація принципи виховання. тема 2
презентація принципи виховання. тема 2
 
Портфоліо вчителя фізичної культури
Портфоліо вчителя фізичної культуриПортфоліо вчителя фізичної культури
Портфоліо вчителя фізичної культури
 
компетентнісний підхід до навчально виховного процесу в нвк ім. в. чорновола
компетентнісний підхід до навчально  виховного процесу  в нвк ім. в. чорноволакомпетентнісний підхід до навчально  виховного процесу  в нвк ім. в. чорновола
компетентнісний підхід до навчально виховного процесу в нвк ім. в. чорновола
 
Đề tài: Nghiên cứu chế tạo robot hút bụi tự động, HAY
Đề tài: Nghiên cứu chế tạo robot hút bụi tự động, HAYĐề tài: Nghiên cứu chế tạo robot hút bụi tự động, HAY
Đề tài: Nghiên cứu chế tạo robot hút bụi tự động, HAY
 
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thở
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thởThiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thở
Thiết kế, chế tạo thiết bị đo và cảnh báo nồng độ cồn trong hơi thở
 
Звіт-презентація директора ліцею за 2022-2023 н. р..ppt
Звіт-презентація  директора ліцею за 2022-2023 н. р..pptЗвіт-презентація  директора ліцею за 2022-2023 н. р..ppt
Звіт-презентація директора ліцею за 2022-2023 н. р..ppt
 
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»
Методи та форми роботи з технології «Критичне мислення»
 
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...
LUẬN VĂN THIẾT KẾ HỆ THỐNG NHÚNG VỚI VI ĐIỀU KHIỂN LÕI MỀM VÀ HỆ ĐIỀU HÀNH TR...
 
Gyroscope
GyroscopeGyroscope
Gyroscope
 
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.Конотоп
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.КонотопТворчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.Конотоп
Творчий звіт учителя музичного мистецтва Тимошиної А.В, СШ 9, м.Конотоп
 

Similar to Абишева Гульназ Балтабаевна

мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктеріAsem Sarsembayeva
 
бекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуjбекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуjNurlan Abilhanov
 
презентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointпрезентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointAbylay Kurmanov
 
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыЖыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыАйбек Қуандықұлы
 
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...Людмила Верховцева
 
Школа №3 Сатпаев
Школа №3 СатпаевШкола №3 Сатпаев
Школа №3 Сатпаевmistershkola14
 
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыБірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыErjan Beisenhojaev
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысnurbolat84
 
work
workwork
workDNT_
 
рефлексивтік есеп
рефлексивтік есепрефлексивтік есеп
рефлексивтік есепnurbolat84
 

Similar to Абишева Гульназ Балтабаевна (20)

орынай (2)
орынай (2)орынай (2)
орынай (2)
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
 
бекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуjбекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуj
 
22 наурыз
22   наурыз22   наурыз
22 наурыз
 
презентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointпрезентация Microsoft power point
презентация Microsoft power point
 
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыЖыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
 
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
 
Школа №3 Сатпаев
Школа №3 СатпаевШкола №3 Сатпаев
Школа №3 Сатпаев
 
кәсіби істің өзін өзі талдауы
кәсіби  істің өзін өзі  талдауыкәсіби  істің өзін өзі  талдауы
кәсіби істің өзін өзі талдауы
 
Teacher
TeacherTeacher
Teacher
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 
Портфолио Раушан
Портфолио РаушанПортфолио Раушан
Портфолио Раушан
 
1330586406234
13305864062341330586406234
1330586406234
 
Сынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосыСынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосы
 
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыБірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
work
workwork
work
 
рефлексивтік есеп
рефлексивтік есепрефлексивтік есеп
рефлексивтік есеп
 
Хамзина А.Ж.
Хамзина А.Ж.Хамзина А.Ж.
Хамзина А.Ж.
 
26
2626
26
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдеріNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
 

Абишева Гульназ Балтабаевна

  • 1. 4.2 БӨЛІМ «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» аудандық конкурсына қатысушы бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна жайлы ұсыныс
  • 2. «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» аудандық конкурсынақатысушы Бурабай кентіС.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевна жайлы ұсыныс Абишева Г.Б жоғары білімді, 19 жыл 6 ай педагогикалық еңбек өтілі бар бірінші санатты мұғалім. Гульназ Балтабаевна өз пәні бойыншатерең білімі бар, пәнді оқыту әдістемесін терең меңгерген. Ізденіс пен шығармашылық, психологиялық-педагогикалыққұзырлылықжәне шеберлік мұғалім жұмысыныңұстанымы қаланған фундамент болыптабылады. Гульназ Балтабаевнаның сабақтарындаүнемі шығармашылық атмосфера үстемдік етеді, олар әр түрлі және әдістемелік жағынан сауатты құрылған. Педагогикалық қызметін талдай білуі, қазіргі оқыту технологияларын игеруі әр түрлі кәсіптік мәселелерді шешуге көмектеседі. Оның іс-тәжірибесін Бурабай аудандық білім бөлімі жинақтаған. Мұғалім аудан, облыстық деңгейде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Осыныңбарлығы оқыту мен тәрбиелеуде Гульназ Балтабаевнаға жоғары жетістіктерге жетуге көмектеседі. Оқушылары мектепшілік, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарғаие болуда. Гульназ Балтабаевна оқушылар мен ата-аналар және әріптестерінің арасындабеделді. Мұғалім тұлғасының кәсіптік қызметінің мәнділігі-оның үнемі өзіндік жетілуге ұмтылуы болып табылады. Шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары жетістіктері мен «Ең үздік бастауыш сыныпмұғалімінің электрондықпортфолиосы» конкурсыныңмектепішілік кезеңіндегі жеңісі үшін конкурстыңаудандық кезеңіне қатысуға үміткер ретінде ұсынылыпотыр. Мектеп директоры Э.Шлейнингер Орын.Нурушева А.Н. Тел.71-2-64
  • 3. 4.3 БӨЛІМ Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевнаға М І Н Е З Д Е М Е
  • 4. Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Гульназ Балтабаевнаға М І Н Е З Д Е М Е Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол бастауыш сыныпты оқыту барысында «Жеті модуль» элементтерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» проблемасы төңірегінде жұмыс жасайды . Педагогикалық тәжірибесі мол, бастауышты оқыту әдістемесін жетік меңгерген мұғалім. Ұстаз өз жұмысының басты мақсаты – оқу үрдісінің белсенді субьектісі ретінде, оқушының тұлға ретінде, шығармашылығын дамыту деп санайды. Мұғалім маманының шебері, шығармашылық ізденіс жолындағы адам. Мұғалім өзін- өзі жетілдіру мақсатында бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру барысындағы жұмыспен айналысады. Оқушының жеткілікті білім алуына үлкен үлес қосып, әр түрлі әдіс-тәсілдер, жаңа технологияларды, жеті модульді қолданады. Мұғалімнің негізгі жұмысы- қойылған соңғы мақсатқа жету. Гульназ Балтабаевна сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жеке дара жұмыс жасап, үй жұмысын нақты толық орындауға, сауатты жазып, өз ойларын емін-еркін жеткізуге көп көңіл бөледі. Мұғалім сабағында балаларды туған елін сүйе білуге, Республикасының мақтанышы болуға тәрбиелейді. Ол оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жол береді. Оның оқушылары олипиадаларға, ғылыми жобаларға қатысып отырады. Мұғалім әр оқушының шығармашылық даму жағынан жағдай жасап, оларды ұйымшыл болуға қалыптастырады. Осы жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларының үлгілі білім алу мақсатын көздейді. Гульназ Балтабаевнаның басшылығымен оқушылары сайыстар мен жарыстарғақатысыпжүлделі орындарға ие болып жүр. 2014-2015 оқу жылы оқушылары Халықаралық «Новый урок» олимпиадасына, математика пәнінен қатысып, жүлделі ІІ, ІІІ орындаға ие болды. 2013-2014 оқу жылы Амантаева Эльмира ауданда, «Ұлттық ойындардың адам денсаулығына пайдасы» атты ғылыми жобаға қатысты. 2009-2010 ғылыми жобаға қатысып, Нығметжанов Адиль ІІ орын, Курманкулов Шахназар ІІІ орындарға ие болды. 2014-2015 оқу жылы Қайырбай Даурен “Менің отаным - Қазақстан”атты аудандық сайысқа қатысып, грамотамен марапатталды. Оқушылары мектепшілік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысады. Оқушылардың тақпақтары «Бурабай» газетіне жарияланды. Сонымен қатар «Ақбота», «Кенгуру» «Пони» сайыстарына белсенді қатысады. 2014-2015 оқу жылы облыстық семинарда «Сабақты зерттеу» тәсілі эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны ретінде» баяндама оқыды. Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры Шлейнингер Э
  • 5. 4.4 БӨЛІМ Резюме Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта ме
  • 6. Өзім туралы мағлұмат  Жылым және туған жерім: 24/08/1975, Рессей Алтайский край  Ұлтым: қазақ Білімім Жоғары, 2003 ж. Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау педагогикалық институты, диплом ЖБ № 0358638  2003 ж, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  2015 ж, бастауыш сыныпмұғалімі Диплом бойынша мамандығым  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі Санатым  Бірінші, 2011ж Оқытатын пәнім  Бастауыш сынып Жалпы еңбек өтілім  19 жыл 4 ай Педагогикалық еңбек өтілім  19 жыл 4 ай Нақты оқу мекемесіндегі еңбек өтілім  17 жыл 4 ай Қызығушылығым мен әуестігім Электронды оқулықтар, видео роликтер жасау Білетін тілдерім Орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілі (Сөздікпен) Хобби Кітап оқу, іс тігу, спорттықойындар, ас мәзірін дайындау Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті Телефон 8(716-30)72244 Факс 8(716-30)72244 Электронды почта gulnaz1919@mail.ru АБИШЕВА ГУЛЬНАЗ БАЛТАБАЕВНА
  • 7. 4.5 БӨЛІМ Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-қағазы Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
  • 8.
  • 9.
  • 10. 4.6 БӨЛІМ Жеке куәлігінің көшірмесі Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
  • 11.
  • 12. 4.7 БӨЛІМ Баспасөзде басылған еңбектері Абишева Гульназ Балтабаевна бастауыш сынып мұғалімі Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
  • 13.
  • 14.
  • 15.
  • 16.
  • 17.
  • 18.
  • 19.
  • 20.
  • 21.
  • 22.
  • 24. Педагогикалық қызметінің нәтижесі: Марапатталған мерзімі Марапаттамалар формасы Кім марапаттады 2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең үздік интерактивтік мұғалім» Мадақтама, «Білгір мұғалім» номинациясы Аудандық білім бөлімі 2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық мерейтойына арналған «Алаштың үні, халқымның мұңы» сайысы, «Ең үздік эмблема» номинациясы «Бурабай» газетінің редакторы 2012-2013 оқу жылы Облыстық сырттай конкурс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым» эссе эсселер жинағы кітабына енді 2012-2013 оқу жылы Облыстық cырттай сайыс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы “Ойшыл іскер” - 2012-2013 оқу жылы Алғыс хат, мектепшілік ата аналар комитетінің қызметіне үлес қосқаны үшін Ата-аналар комитеті 2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство «Новый урок» ІІІ орын ООО «Новый урок» 2014-2015 оқу жылы Халықаралық свидетельство «Новый урок» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін ООО «Новый урок» 2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый урок» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін ООО «Новый урок» 2014-2015 оқу жылы Халықаралық Алғыс хат «Новый урок» Блиц турнирге қатысқаны үшін ООО «Новый урок» 2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану мұғалімі», 3 орын Аудандық білім бөлімі 2014-2015 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп жұмысына белсене қатысқаны үшін Мектеп әкімшілігі 2015-2016 оқу жылы Мадақтама грамота. Мектеп жұмысына белсене қатысқаны үшін Мектеп әкімшілігі 2015-2016 оқу жылы Алғыс хат Бурабай кентінің әкімі 2015-2016 оқу жылы Құрмет грамотасы, Ауданның білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Бурабай ауданының әкімі 2015-2016 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық портфолиом» сырттай аудандық сайыс Аудандық білім бөлімі 2015-2016 оқу жылы Сертификат Республика «Азия -Издат»
  • 25. мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына мақаласы жарияланғаны үшін редакторы, 2015-2016 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы сабақ» номинациясы бойынша «Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» сырттай конкурсына қатысқаны үшін Ақмола облысының білім басқармасы
  • 27. «Менің педагогикалық философиям» Эссе Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымббат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ы.Алтынсарин Мен қалай шабыттандырамын? Бастауыш сынып оқушылары өз ұстаздарына ұқсағысы келеді. Олар мұғалім сияқты киінгісі, сөйлегісі келіп, еліктей бастайды. Оқушылардың өмірін,оқуын,тәрбиесін, психологиясын түсіне білуім қажет. Дәстүрлі сабақпен қазіргі сабақты салыстыра отырып, өз қателіктерімді жоя бастадым. Баланың мазасын алмай, жауап беруге мүмкіндік беремін. Дауыс ырғағыма көңіл бөлемін. Тым ақырын немесе тым қатты сөйлемеймін, балаға қолдау көрсетемін, мадақтаймын, бағыт- бағдар беремін. Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы балалардың мінезін,оқуға деген көз қарасын анықтап алдым. Сонымен бірге дарынды баланы да анықтап алдым. Оқу процесіндегі 7 молдульді қолданудағы өзгерістерге мен ғана емес,оқушылар да қуана қарады. Дәстүрлі сабақта баланы неге сабақ оқымайсың? Неге білмейсің?-деп жазғыратын кездерім болатын. Ал қазір мүлдем өзгеше көзқарас пайда болды. Мен баланы тыңдай білуге, нені түсінбегенін? неге түсінбегенін, анықтап алып, осы кемшіліктерді жоюдың жолын іздестіремін. Яғни, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарымда қолданамын, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, сабаққа назарын аударамын. Оқушылар өз жұмыстарын қорғаған кезде, өздерінің жұмысының дұрыстығын дәлелдейді, өздерін мұғалім деп санайды. Қателерін түсініп, өздерін және достарын бағалауға үйренеді. Балаларды шабыттандыру үшін, көшбасшылықтың да маңызы зор. Яғни балаларды үнемі түсініп, оның проблемасын түсінуге тырысу керек. Бала өзінің қиыншылықтарын, сұрақтарын мұғалімге қорықпай айтса, кеңес сұраса, демек ол оқушы мұғалімге толық сенеді. Оқушылар кейде ата анасына айтпайтын сырларын мұғалімге айтатын кездері де болады. Сондықтан қиыншылықтарды жеңе білуге көмектеу, кеңес беру, мадақтау, көтермелеу, мақтау арқылы баланың сенімін арттыруымыз керек. Бала кішкентай болғанымен мұғалімді, үлкендердің іс әрекеттерін түсінеді. Бетін қайтарған адамдарды жек көріп кетуі мүмкін. Ешқашан балаға дауыс көтеріп, жаман сөздермен жүрегін жаралауға болмайды. Олар өте сезімтал келеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып мұғалімдер бұл мәселеге немқұрайлық қарамауы керек. Бұл өте маңызды. Жалпы сыныптағы өзгерістер барлық оқушыларға да, маған да ұнайды. Уақыт зымырап тез өтіп кетеді. Балалардың сабақтағы белсенділігі арта түсті. Жазған эссе,әңгімелерін авторлық орындықта оқиды. Бір-бірін бағалайды, өз-өзін бағалайды. Өздерін бұрынғыдай емес, еркін сезіне бастады. Өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Жеті модульді сабақтарымда кеңінен қолданып, терең түсіне бастадым. Өз сабағымда жеті модульді қолданудың нәтижесінде балалардың білімдерін жетілдіруіме сенімдімін. Диалогтық оқытуды да кеңінен қолданамын. Бұрын сөйлемейтін оқушылар топтан қалмай өз ойларын айта бастады.Оқушылардың жұппен, топпен, мұғаліммен сабақтағы жұмыс барысында диалогтық оқытудың маңызы зор. Баланың өз ойын айтуға мүмкіншілігі туады. Бір-бірін толықтырып, қателерін түзетеді. Формативтік бағалауда оқушылар өздерін, достарын бағалауды үйренді. Неге сол бағаны қойғандарын өздері түсіндіріп кетеді. Мен педагогикалық кеңесте, семинарда, конкурстарда, ата-аналар жиналысында, барлық қоғамдық жерлерде өз мәдениеттілігімді көрсетумен бірге, дұрыс сөйлей білуге, сын тұрғысынан ойлануға үйрендім. Көпшілік алдында бұрынғыдай баяндаманы оқымай, өз жұмысымның жетістігін АКТ-ның көмегімен, дұрыс жеткізе білуім өте маңызды екенін түсіндім. Сабақта да АКТ-ны кеңінен қолданамын. Менің ойымша, шебер ұстаз дегеніміз: шебер, шығармашыл, ой өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін оқушыларға білім беру
  • 28. мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Сонда ғана балаларды сабақ оқуға, өмірге басқаша көзқараспен қарауға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, шабыттандыра аламыз. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін практикада қолдана алатын оқушыларды жетілдіру біздің қолымызда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Бір-біріне деген қарым-қатынас өзгерді. Сынып атмосферасы да өзгерді. Балалар бір-бірін тыңдауға, толықтырып, түзетуге, түсіндіруге үйренді.Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әріптестеріме сәттілік тілеймін! Абишева Гульназ Балтабайқызы Бурабай ауданы, С Сейфуллин атындағы ОМ- нің бастауыш сынып мұғалімі
  • 30. 18.02.2016жылғы «Ең үздік бастауышсынып мұғалімінің электрондық портфолиосы» мектепішілік сайысын өткізу бойынша комиссия отырысының хаттамасынан №2 көшірме Білім бөлімінің 18.02.2016жылғы № 44-П бұйрығыныңнегізінде «Ең үздік бастауышсынып мұғалімінің электрондықпортфолиосы» мектепішілік сайысы өткізілді. Сайысқа 5 педагог қатысты. Сайыстықкомиссия шешімінің негізінде бастауыш сынып мұғалімі жүлделі орынғаие болды. Бағалау бойыншасайыстықкомиссия отырысына қатысты: Сайыстықкомиссия төрағасы: Шлейнингер Э.В. , мектеп директоры Сайыстықкомиссия мүшелері: Абдрахманова А.Б. мектепішілік кәсіподақ комитетінің төрағасы Нурушева А.Н. мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Коваль Т.Н. мектеп директорыныңоқу ісі жөніндегі орынбасары Нурумова Ж.Д. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • 31. 4.1 Бөлім Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік орталығының педагогына арналған ақпараттық картасы
  • 32. Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік орталығының педагогына арналған ақпараттық картасы 1. Мүғалім: Абишева Гульназ Балтабаевна, Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,еңбек өтілі – 19 жыл, санаты - бірінші 2. Тәжірибе тақырыбы: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» 3. Тәжірибенің негізгі мазмұны: Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзітануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жолтабу үшін дұрыс ойтүйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару»,«ойлаптабу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, соларқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте«шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдықмәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылықдеп жаңалық ашатын әрекетті атаған». «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан балабақшаның,психологтыңең басты міндеті-рухани бай, жан- жақты дамығандарынды тұлға қалыптастыру. Әр психологтыңалдындағы ізгі мұраты-әр баланың «менін» ашу, сол«менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзіізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесібалабақшадан басталады. Кез-келген тәрбиеленуші психологтыңбасшылығыменорындаған шығармашылық жұмысыныңнәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардыңбелсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығындамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау балабақшаның алдында тұрғанүлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудыңжаңа ақпараттық технологиясынпайдаланған жөн деп ойлаймын Кім және қашан зерттеді: В.Ф.Шаталов, Р.Штейнердің, С.Н.Лысенковтың, П.Эрдниевтің, Л.В.Занковтың, Л.С.Выготскийт.б. Жан-жақты жинақтаутәжірибесінің шешімі: Семинарларға, сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу арқылы енгізу, АКТ-ны білім үрдісіне енгізе отырып, алған тақырып бойынша жұмысты жалғастыру. 1. Қорғау формасы: Ашық сабақтар;
  • 33. Сыныптан тыс іс шаралар; Педкеңестерде сөйлеу, аудандық семинарда сөйлеу; 2. Жинақтау материалының тізімдемесі:  Бастауыш сынып сабақтары бойынша ашық сабақтар жинағы  Ғылыми жобалар жинақтары  «Шығармашылық тапсырмалар» кітапша  «Ребустар» кітапша  Электрондық оқулық Математика 1сынып 3. Сыныптан тыс іс шаралар әзірлемелері кітапша 4. Жинақтау нәтижесі бойынша мұғалімнің марапаттары (наградалары, атағы):  2011-2012 оқу жылы Аудандық «Ең үздік интерактивтік мұғалім» Мадақтама, «Білгір мұғалім» номинациясы  2011-2012 оқу жылы «Бурабай» газетінің 20жылдық мерейтойына арналған «Алаштың үні, халқымның мұңы» сайысы, «Ең үздік эмблема» номинациясы  2014-2015 оқу жылы Аудандық «Ең үздік өзін-өзі тану мұғалімі», 3 орын  2014-2015 оқу жылы Құрметграмотасы, Ауданның білім беру жүйесіндегі жоғары жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін  2014-2015 оқу жылы Мадақтама «Менің электрондық портфолиом» сырттайаудандықсайыс  2014-2015 оқу жылы Сертификат Республика мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына мақаласы жарияланғаны үшін  2014-2015 оқу жылы Сертификат «Үздік сындарлы сабақ» номинациясы бойынша«Заманауи педагог:бастама және шығармашылық» сырттай конкурсынақатысқаны үшін 5. Тәжірибенің тиімділігін тексеру: бастауыш сынып бойынша оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды оқытудың мотивациясын көтеру, шығармашылықтарын арттыру 6. Ізбасарлары: бастауыш сынып мұғалімдері.