SlideShare a Scribd company logo
1 of 9
Стратегиялық даму және актуарлық есептерулер департаменті, 2019
Дербес кеңес беру
(электрондық зейнетақы калькуляторы пайдаланылған мастер-класс,
сондай-ақ филиалдардағы зейнетақыны жоспарлау мәселесі бойынша кеңес беру туралы толық
ақпарат)
Зейнетақы жоспарлау
 Адамдар еңбек қызметі үдерісінде зейнетақыға қатысты көптеген табыстар мен шығыстарға ие
болады, десек те жағдай әрдайым тұрақты бола бермейді (жұмысынан, еңбекке қабілетінен
айрылу, жалақысының төмендеуі және т.б.);
 Зейнет жасына жақындаған сайын зейнеттегі өмірі туралы әркім ойлана бастайды, бірақ
көбінесе қандай да бір шара қолдану үшін өте аз уақыт қалады. Сондықтан зейнетақымен
қамсыздандыруды жоспарлау зейнетке шыққанға дейін біраз уақыт бұрын басталуы тиіс.
Зейнетақыны тиімді жоспарлау үшін төмендегі мәселелерді ескерген жөн:
Ағымдағы жағдайда зейнетақының мөлшері қандай болуы мүмкін (болжам) және
болжам мен күтілетін нәтиженің ара салмағы қандай?
Болашақ зейнетақының мөлшері неге байланысты және еңбек қызметі үдерісінде
қандай әрекеттер жасау қажет?
2
55
60
65
70
75
80
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
Көптеген шетелдік зерттеулер адамдардың
зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуетті болжалды
өмір ұзақтығын толық бағаламайтынын, осыған
орай келешекте өздерінің негізгі қажеттілігін
қамтамасыз етуге жеткілікті етіп жинамай ұзақ
өмір сүру тәуекелін қиындатып жіберетінін
көрсетіп отыр.
0.00
1.00
2.00
3.00
4.00
5.00
6.00
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
Германия Япония Корея США Россия Казахстан
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕР
КҮТІЛЕТІН ӨМІР ҰЗАҚТЫҒЫ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ 60 ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ОДАН
ҮЛКЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАТЫНАСЫ
ТУҒАННАН БАСТАП КҮТІЛЕТІН ӨМІР ҰЗАҚТЫҒЫ, ҚР
Германия Жапония Корея АҚШ Ресей Қазақстан
Зейнетақы төлемдерінің актуарлық болжамдары
(«БЖЗҚ» АҚ есебі бойынша)
29% 29%
№1 сценарий бойынша болжамдар:
• нетто-инвестициялық табыс = 0% (инвест. табыс =
инфляция)
• жалақы өсімі = 2%
жарналар жиілігі = 8 (нақты жай-күйі)
• қамту = жұмыспен қамтылған халықтың 73%
№2 сценарий бойынша болжамдар:
• нетто-инвестициялық табыс = 1% (инвест. табыс =
инфляция + 1%)
• жалақы өсімі = 2%
• жарналар жиілігі = 10
• қамту = жұмыспен қамтылған халықтың 76%
Зейнетақы төлемдерінің құрылымы:
№1 сценарий
Зейнетақы төлемдерінің құрылымы:
№2 сценарий
4
Кез-келген сценарий кезінде еңбек зейнетақысының «аяқталуы»
есебімен зейнеткерлер табысындағы ЖЗЖ маңызы арта бермек
Болжамды зейнетақы калькуляторы
Жеке салымшының болашақтағы зейнетақы төлемдерін есептеу
үшін әзірленген.
Болжамды болып табылады, себебі инвестициялық табыстылық
бойынша жорамалдар мен жалақы өсіміне негізделген.
4 құрамдауыштан тұрады:
Ортақ (еңбек) зейнетақысы
Базалық зейнетақы
БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнетақы
Ерікті жарналар есебінен зейнетақы
2-слайдта көрсетілген сауалдарға жауап беру үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның сайтында Болжамды
зейнетақы калькуляторы ұсынылған, ол:
5
Актуарлық жорамалдар
Экономикалық сценарийлер
6
Нақты инвестициялық табысСценарийлер
1-сценарий (оптимистік) 2,00%
2-сценарий (реалистік) 1,00%
1-сценарий (пессимистік) 0,00%
«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы
Болжамды зейнетақы калькуляторы
7
БЖЗҚ-дағы дербес кеңес беру
8
«БЖЗҚ» АҚ-ның қызмет көрсету кеңселерінде әр
қалаған адам зейнетақы жоспарлау бойынша
дербес кеңес ала алады:
 жинақтарының ағымдағы мөлшері туралы
ақпарат алу
 ағымдағы жағдайлар сақталған кезде зейнетақы
калькуляторының көмегімен зейнетақысының
күтілетін мөлшерін есептеу
 алынған нәтижені өзі қалайтын зейнетақы
мөлшерімен салыстыру
 қалаулы нәтижеге жету үшін міндетті және ерікті
зейнетақы жарналарының қажетті мөлшерін
айқындау
 ерікті зейнетақы жинақтарын қалыптастыру
шарттары бойынша кеңес алуДербес кеңес беру өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған
арнайы алаңда жүзеге асырылады
«БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдарының жалпы саны – 196
2018 жылы жүзеге асырылған (сәуір - желтоқсан) дербес кеңес берулердің жалпы саны – 500 230
Благодарим за внимание!
www.enpf.kz
enpf@enpf.kz
1418

More Related Content

More from MukhamedArgyn

Планирование и расчет пенсии_каз
Планирование и расчет пенсии_казПланирование и расчет пенсии_каз
Планирование и расчет пенсии_казMukhamedArgyn
 
Планирование и расчет пенсии каз
Планирование и расчет пенсии казПланирование и расчет пенсии каз
Планирование и расчет пенсии казMukhamedArgyn
 
Персональное консультирование
Персональное консультированиеПерсональное консультирование
Персональное консультированиеMukhamedArgyn
 
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)MukhamedArgyn
 
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)MukhamedArgyn
 
Управление ПА-01.11.19 rus
Управление ПА-01.11.19 rusУправление ПА-01.11.19 rus
Управление ПА-01.11.19 rusMukhamedArgyn
 
Управление ПА KZ-01.11.19
Управление ПА KZ-01.11.19Управление ПА KZ-01.11.19
Управление ПА KZ-01.11.19MukhamedArgyn
 
ПА-01.08.19 — дополнительно
ПА-01.08.19 — дополнительноПА-01.08.19 — дополнительно
ПА-01.08.19 — дополнительноMukhamedArgyn
 
ПА KZ-01.08.19 —доп
ПА KZ-01.08.19 —допПА KZ-01.08.19 —доп
ПА KZ-01.08.19 —допMukhamedArgyn
 
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)MukhamedArgyn
 
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)MukhamedArgyn
 
О пенсионных системах и деятельности Фонда
О пенсионных системах и деятельности ФондаО пенсионных системах и деятельности Фонда
О пенсионных системах и деятельности ФондаMukhamedArgyn
 

More from MukhamedArgyn (12)

Планирование и расчет пенсии_каз
Планирование и расчет пенсии_казПланирование и расчет пенсии_каз
Планирование и расчет пенсии_каз
 
Планирование и расчет пенсии каз
Планирование и расчет пенсии казПланирование и расчет пенсии каз
Планирование и расчет пенсии каз
 
Персональное консультирование
Персональное консультированиеПерсональное консультирование
Персональное консультирование
 
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(ru)
 
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)
2019_Обеспечение равного доступа к пенсионным услугам(kz)
 
Управление ПА-01.11.19 rus
Управление ПА-01.11.19 rusУправление ПА-01.11.19 rus
Управление ПА-01.11.19 rus
 
Управление ПА KZ-01.11.19
Управление ПА KZ-01.11.19Управление ПА KZ-01.11.19
Управление ПА KZ-01.11.19
 
ПА-01.08.19 — дополнительно
ПА-01.08.19 — дополнительноПА-01.08.19 — дополнительно
ПА-01.08.19 — дополнительно
 
ПА KZ-01.08.19 —доп
ПА KZ-01.08.19 —допПА KZ-01.08.19 —доп
ПА KZ-01.08.19 —доп
 
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)
Перспективы развития АО ЕНПФ и НПС РК (УНС+ДПВ)
 
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)
Презентация для ШФЖ_ДОВИ_03.12.2019г. (рус.)
 
О пенсионных системах и деятельности Фонда
О пенсионных системах и деятельности ФондаО пенсионных системах и деятельности Фонда
О пенсионных системах и деятельности Фонда
 

Дербес кеңес беру

  • 1. Стратегиялық даму және актуарлық есептерулер департаменті, 2019 Дербес кеңес беру (электрондық зейнетақы калькуляторы пайдаланылған мастер-класс, сондай-ақ филиалдардағы зейнетақыны жоспарлау мәселесі бойынша кеңес беру туралы толық ақпарат)
  • 2. Зейнетақы жоспарлау  Адамдар еңбек қызметі үдерісінде зейнетақыға қатысты көптеген табыстар мен шығыстарға ие болады, десек те жағдай әрдайым тұрақты бола бермейді (жұмысынан, еңбекке қабілетінен айрылу, жалақысының төмендеуі және т.б.);  Зейнет жасына жақындаған сайын зейнеттегі өмірі туралы әркім ойлана бастайды, бірақ көбінесе қандай да бір шара қолдану үшін өте аз уақыт қалады. Сондықтан зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлау зейнетке шыққанға дейін біраз уақыт бұрын басталуы тиіс. Зейнетақыны тиімді жоспарлау үшін төмендегі мәселелерді ескерген жөн: Ағымдағы жағдайда зейнетақының мөлшері қандай болуы мүмкін (болжам) және болжам мен күтілетін нәтиженің ара салмағы қандай? Болашақ зейнетақының мөлшері неге байланысты және еңбек қызметі үдерісінде қандай әрекеттер жасау қажет? 2
  • 3. 55 60 65 70 75 80 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 Көптеген шетелдік зерттеулер адамдардың зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуетті болжалды өмір ұзақтығын толық бағаламайтынын, осыған орай келешекте өздерінің негізгі қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті етіп жинамай ұзақ өмір сүру тәуекелін қиындатып жіберетінін көрсетіп отыр. 0.00 1.00 2.00 3.00 4.00 5.00 6.00 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 Германия Япония Корея США Россия Казахстан ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕР КҮТІЛЕТІН ӨМІР ҰЗАҚТЫҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ 60 ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ОДАН ҮЛКЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАТЫНАСЫ ТУҒАННАН БАСТАП КҮТІЛЕТІН ӨМІР ҰЗАҚТЫҒЫ, ҚР Германия Жапония Корея АҚШ Ресей Қазақстан
  • 4. Зейнетақы төлемдерінің актуарлық болжамдары («БЖЗҚ» АҚ есебі бойынша) 29% 29% №1 сценарий бойынша болжамдар: • нетто-инвестициялық табыс = 0% (инвест. табыс = инфляция) • жалақы өсімі = 2% жарналар жиілігі = 8 (нақты жай-күйі) • қамту = жұмыспен қамтылған халықтың 73% №2 сценарий бойынша болжамдар: • нетто-инвестициялық табыс = 1% (инвест. табыс = инфляция + 1%) • жалақы өсімі = 2% • жарналар жиілігі = 10 • қамту = жұмыспен қамтылған халықтың 76% Зейнетақы төлемдерінің құрылымы: №1 сценарий Зейнетақы төлемдерінің құрылымы: №2 сценарий 4 Кез-келген сценарий кезінде еңбек зейнетақысының «аяқталуы» есебімен зейнеткерлер табысындағы ЖЗЖ маңызы арта бермек
  • 5. Болжамды зейнетақы калькуляторы Жеке салымшының болашақтағы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін әзірленген. Болжамды болып табылады, себебі инвестициялық табыстылық бойынша жорамалдар мен жалақы өсіміне негізделген. 4 құрамдауыштан тұрады: Ортақ (еңбек) зейнетақысы Базалық зейнетақы БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнетақы Ерікті жарналар есебінен зейнетақы 2-слайдта көрсетілген сауалдарға жауап беру үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның сайтында Болжамды зейнетақы калькуляторы ұсынылған, ол: 5
  • 6. Актуарлық жорамалдар Экономикалық сценарийлер 6 Нақты инвестициялық табысСценарийлер 1-сценарий (оптимистік) 2,00% 2-сценарий (реалистік) 1,00% 1-сценарий (пессимистік) 0,00%
  • 7. «БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы Болжамды зейнетақы калькуляторы 7
  • 8. БЖЗҚ-дағы дербес кеңес беру 8 «БЖЗҚ» АҚ-ның қызмет көрсету кеңселерінде әр қалаған адам зейнетақы жоспарлау бойынша дербес кеңес ала алады:  жинақтарының ағымдағы мөлшері туралы ақпарат алу  ағымдағы жағдайлар сақталған кезде зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақысының күтілетін мөлшерін есептеу  алынған нәтижені өзі қалайтын зейнетақы мөлшерімен салыстыру  қалаулы нәтижеге жету үшін міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының қажетті мөлшерін айқындау  ерікті зейнетақы жинақтарын қалыптастыру шарттары бойынша кеңес алуДербес кеңес беру өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған арнайы алаңда жүзеге асырылады «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдарының жалпы саны – 196 2018 жылы жүзеге асырылған (сәуір - желтоқсан) дербес кеңес берулердің жалпы саны – 500 230

Editor's Notes

  1. Болжалды өмір ұзақтығы (БӨҰ) – халықтың өлім деңгейін сипаттайтын маңызды интегралды демографиялық көрсеткіш. Қарапайым тілмен айтқанда, ол белгілі бір жасқа келген адамның алдағы өмірінің орташа жыл санын білдіреді. Әдетте, болжалды өмір ұзақтығы деп туған кезде, яғни 0 жастағы болжалды өмір ұзақтығы түсініледі. «Дүниежүзілік халықтың қартаюы (2017)» бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есебіне сай 1950-1955 жылдардан бері туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығы Солтүстік Америка, Еуропа және Мұхит аралдарында 10 жасқа, сондай-ақ Латын Америкасы мен Кариб аралдарында 25 жасқа өскен. Ұлғайған орташа өмір ұзақтығының негізгі факторлары бала өлімімен жемісті күрес, денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсетуді дамыту болып отыр. Болжам бойынша бұл төрт өңірдің әрқайсысында болжалды өмір ұзақтығы жуырдағы он жылдықта 80 жастан асып түседі. Азия 1950-1955 жылдардан бері туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығына 30 жас қосып, үлкен табысқа қол жеткізіп отыр. Болжамға сай Азия өңірі өмірдің ақырғы кезеңінің көрсеткішін жақсартып, болжалды өмір ұзақтығын 2010-2015 жылдардағы 72 жастан 2045-2050 жылдары 78 жасқа дейін ұлғайтуды жалғастырады. Африкада болжалды өмір ұзақтығы төмен. Бұл көптеген елдердегі бала мен ана өлімінің тұрақты жоғары тәуекеліне байланысты. Сонымен қатар ВИЧ/СПИД-тен шектен тыс көп адамның қайтыс болуына, соңғы ширек ғасыр ішіндегі саяси жанжалдарға байланысты болып отыр. Дегенмен, Африка 1950-1955 жылдардан бері туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығына 23 жас қосқан. Болжамға сай 2010-2015 жылдардағы 60 жастан 2045-2050 жылдары 71 жасқа дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар зейнет жасынан бастап болжалды өмір ұзақтығы қызығушылық тудырады. Ғаламдық ауқымда 60 жастағы адамдар орташа алғанда әлі 20 жыл өмір сүре алар еді. Алты өңір ішінде 60 жастағы болжалды өмір ұзақтығының ең жоғарғысы Солтүстік Америка мен Мұхит аралдарында – 24 жас, ал ең азы Африкада – 17 жас. Әдетте, әйелдер ерлерге қарағанда көбірек өмір сүреді. Ғаламдық деңгейде 2010-2015 жылдары әйелдердің туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығы ерлердің болжалды өмір ұзақтығынан 4,6 жасқа артық болған.   Болжалды өмір ұзақтығына әсер ететін факторлар Экономикалық жағдай болжалды өмір ұзақтығына әсер етеді. Мысалы, Ұлыбританияда болжалды өмір ұзақтығы кедей аудандарға қарағанда, бақуатты аудандарда бірнеше жасқа жоғары. Бұл диета, өмір салты, сондай-ақ медициналық қызмет қолжетімділігіне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл ішінара әсерге байланысты болуы мүмкін: созылмалы және өмірге қауіпті сырқаты бар адамдардың бақуатты болу немесе бақуатты аудандарда тұру мүмкіндігі аздау. Болжалды өмір ұзақтығына қоршаған ортаны өнеркәсіптік ластауға байланысты экологияның нашарлауы да әсер етеді. Көмір кеншілерінде болжалды өмір ұзақтығы орташа мәнмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады. Адамның болжалды өмір ұзақтығына әсер ететін басқа факторлар – генетика, наша қолдану, темекі тарту, алкогольді шектен тыс қолдану, семіздікке ұшырау, денсаулық сақтауға қолжетімділік, диета және дене жаттығулары. Қазақстандағы болжалды өмір ұзақтығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректеріне сай Қазақстанда болжалды өмір ұзақтығының әлемдегідей өскені байқалады. 2017 жылғы деректер бойынша туғаннан бастап болжалды өмір ұзақтығы – 72,95 жас, ерлер арасында – 68,72 жас, әйелдер арасында – 76,92 жас. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сай 60-64 жастағы адамдардың болжалды өмір ұзақтығы Қазақстанда да өскен: 2000-2016 жылдар аралығында бұл жастағы ерлер арасында болжалды өмір ұзақтығы 13 жастан 15 жасқа дейін, әйелдер арасында 18 жастан 20 жасқа дейін өскен. ! Көптеген шетелдік зерттеулер адамдардың зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуетті болжалды өмір ұзақтығын толық бағаламайтынын көрсетіп отыр. Осыған орай келешекте өздерінің негізгі қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті етіп жинамай ұзақ өмір сүру тәуекелін қиындатып жібереді. Шетелдік зерттеулерге сүйенсек, адамдар өздерінің болжалды өмір мерзімі туралы біледі, бірақ қалған өмірін жете бағаламауға бейім: The Retirement Advantage (АҚШ) зерттеуі АҚШ-та 50 жастан асқан ерлердің болжалды өмір ұзақтығын ресми деректермен салыстырғанда орташа 6 жасқа жете бағаламайтынын анықтаған, әйелдерде бұл айырмашылық – 8 жас; MGM Advantage (Ұлыбритания) сауалнамасы Ұлыбританияда 55-64 жастағы ерлердің болжалды өмір ұзақтығын ресми деректермен салыстырғанда орташа 5 жасқа жете бағаламайтынын анықтаған, әйелдерде бұл айырмашылық – 10 жас; Manulife Asset Management (Канада) зерттеуі Қытай, Малайзия, Индонезия, Жапония, Филиппин сияқты Азия елдерінде адамдардың көпшілігінің зейнетке шыққаннан кейінгі әлеуетті болжалды өмір ұзақтығын жете бағаламайтынын, осыған орай өз жинақтарын жеткілікті етіп жинамайтынын анықтаған.   Халықаралық сауалнамалар мен зерттеулерге сүйенсек, ерлер болжалды өмір ұзақтығын орташа алғанда 5+ жасқа, ал әйелдер 8+ жасқа жете бағаламайды.   Экономикалық тұрғыдан сауатты адамдар да өздерінің болжалды өмір ұзақтығын жете бағаламайды екен. Атап айтқанда, 2013 жылы Азияның сегіз ірі нарығында 4 000 инвестор арасында The Manulife Investor Sentiment Index (MISI) сауалнамасы жүргізілген. Сауалнама арқылы инвесторлардың зейнетақы жинақтарының есебінен қаншалықты өмір сүруді жоспарлап отырғаны анықталған. Сауалнама нәтижесі болжалды өмір ұзақтығы бойынша ARDM ресми болжамдық деректерімен салыстырылған. Бұл инвесторлардың болжалды өмір ұзақтығына қатысты тұспалдарының шынымен болуы мүмкіннің арасындағы елеулі айырмашылықты көрсеткен. Болжалды өмір ұзақтығын жете бағаламау айырмашылығы Филиппинде салыстырмалы түрде елеусіз 2 жас болса, Малайзияда таңғалдыратын 13,5 жас болған. Орташа алғанда, елдер бойынша айырмашылық – 9 жасқа жуық.