SlideShare a Scribd company logo
1 of 99
Download to read offline
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӚБЕ ӚҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу тҥрі кҥндізгі
2 курс студенттері (магистранттары) ҥшін
5B011600 – «География» мамандығына арналған
ВG 2303 Биогеография
пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешен
Ақтӛбе қ.
2015 ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҦРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушылар:
г.ғ.к., география кафедрасының доц. Сергеева А.М.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі
География кафедрасының
меңгерушісі, г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА
ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
III РЕЦЕНЗЕНТ
т.ғ.к., аға оқытушы Хибина З.Н.
(дәрежесі, атағы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
ІҤ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТІЛУІНЕ ҦСЫНЫЛДЫ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
Ҥ Қ.Жҧбанов атындағы АӚМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ
Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж.
ҤІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20 жыл
ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№ Тапсырма түрі
Апталар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 Үй жұмысы * * * * * * * * * * * * * * *
2 Лабораториялық жұмыс,
сем/практ. сабақтары
* * * * * * * * * * * * * * *
3 Дәріс сабағындағы тест
сұрақтары
4 Бақылау жұмысы * *
5 Тест тапсырмалары * *
6 Жазбаша сұрақ
7 Аралық бақылау * *
8 Мәнжазба, эссе........... * *
9 Презентация * *
10 Курстық жұмыс (болуы)
11 Тапсырмалардың
басқада түрлері (болуы)
Ескерту: *- тапсырма саны
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
№ Автор Атауы Шығарылған
баспасы
Шығарыл-
ған жылы
Дана
саны
1. В. П. Второв,
Н. Н. Дроздов.
Биогеография – М.: «Владос» 2000 25
2. Воронов А.Г.,
Дроздов Н.Н.,
Криволуцкий Д.А.,
Мяло Е.Г.
Биогеография с
основами экологии
– М:
«Академкнига»
2003 1
3. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері:
оқулық
– Алматы: РБК 1995 2
4. Шілдебаев Ж.Б.,
Сергеева А.М.,
Темірова А.М.,
Ізімова Р.І.
Биогеография – Алматы: "Дәуір" 2012 25
5 Темірова А.М.,
Сергеева А.М.
Биогеография – Ақтӛбе 2004 10
6 Фурсов В.И. Экологические
проблемы
окружающей среды
– Алматы: Ана
тілі
1991 6
7 Тонкопий М.С. Экология и
экономика
природопользования
– Алматы:
«ЭкономикС»
2003 1
8 Чигаркин А.В. Геоэкология
Казахстана
(географические
аспекты
природопользования
и охраны природы)
– Алматы, «Қазақ
университеті»
2006 1
9 Новиков Ю.В. Экология,
окружающая среда и
человек : Учебное
пособие
– М.: ФАИР-
ПРЕСС
2000 7
10 Оспанова Г.С. Экология: оқулық – Алматы:
«Экономика»
2002 28
11 Ақбасова А.Ж. Экология :
Жоғары оқу
орындарына
арналған оқу құралы
– Алматы : Бастау 2003 53
12 Машкин В.И.. –М:
2006
Зоогеография – М.: 2006 1
13 Бобылев Н.М.,
Кубанцев Б.С.
География животных
с основами зоологии
– М.: 1998 1
14 Петров К.М. Биогеография – М.,
«Академический
проект»
2006 1
15 Агаханянц О.Е.,
Кирвель И.И.
Биогеография с
основами экологии
– Минск, «Техно
принт»
2005 1
Дәрістік кешен
1-дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен
міндеттері
1-дәріс сабақтың жоспары
Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігі. Биогеография ғылымындағы
салыстырмалы географиялық зерттеу әдістері. Биогеография ғылымының
зерттелу тарихы.
1-дәріс сабақтың тезисі
Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігінің географиялық жіктелуін
анықтаумен айналысады. Білім негізі қазіргі кездегі физикалық-
географиялық (климаттық, гидрологиялық, геоморфологиялық, ландшафттық
және т.б.) және палеогеографиялық мінездемелерді санатқа ала отырып,
экологиялық ерекшеліктер мен әр түрлі түрлер, топтардың туыстық
байланысын географиялық заңдылықтар арқылы кӛрсету болып табылады.
Сонымен бірге ағзалар мен олардың қарым-қатынасының географиялық
таралуының себебін, біздің ғаламшар тіршілігінің құрылымдық-қызметтік
және тарихи ерекшеліктерін ашып кӛрсету басты міндеттердің бірі.
Биогеографиялық деректер туралы білімдер мен заңдылықтар биосфера
ресурстарын тиімді қолдану мен қорғау сияқты маңызды мәселелерге жауап
беру үшін ӛте қажет болып саналады. Осы тұрғыдан биогеография пәнінің
практикалық мақсаты – экология және басқа биологиялық ғылымдар, Жер
туралы ғылымдардың жалпы қызметімен бірлікте қарастырылады.
Биогеографияның ӛзіне тән ерекшелігі жағынан әр түрлі мекендердің
органикалық әлемдері туралы толық, кешенді ұғым алу болса, екінші
жағынан осы берілгендерді ашу, түсіндіру мен саралау салыстырмалы
географиялық жол кӛрсету болып табылады.
Биогеография ғылымы салыстырмалы географиялық зерттеу әдістері
кӛмегімен биосферадағы кездейсоқ және жоспарланған әр түрлі
құбылыстардың қорытындысына болжау жасай алады. Сондықтан бұл кезде
биогеография табиғаттың ӛзі қойған тәжірибелерін бақылаушы және
түсіндіруші ретінде ғана болады.
Биогеографияда биологиялық және географиялық ғылымдарға ортақ
түсініктер мен ұсынымдар қолданылады. Оған қоса биогеограф міндетті
түрде ӛсімдіктер мен жануарлардың жіктелімі мен экологиясын,
ландшафттану және физикалық-географиялық пәндерді, картография,
геохимия, топырақтану және басқа да математикалық мағлұматтар сияқты
маңызды бӛлімдерді білу қажет.
Белгілі бір аймаққа қоныстанған жануарлар мен ӛсімдіктердің әр түрлілігі
туралы айтқанда, ең бірінші биоценозға, қауымдастық түрлеріне тоқталамыз.
Егер бір аймақта тек қана қылқан жапырақты орман, ал екіншісінде
қылқанды, жалпақ жапырақты, аралас жапырақты, батпақты және тоған
болса, онда екінші аймақта ӛсімдігі мен жануарлар таралуының кӛптүрлілігі
басымырақ. Сонымен бірге тек қана орманы бар бірінші ауданда орманы,
тоғаны, батпағы бар, екінші ауданмен салыстырғанда ӛсімдіктер мен
жануарлар қосындысы соңғысында кӛп болуы мүмкін. Осы екі ауданда
берілген түрлердің саны басқа құбылысты, соның ішінде фауналық және
флоралық әр түрлілікті (байлықты) сипаттайды. Бұл байлық сонымен бірге
туыс, тұқымдас және т.б. жүйелік категориялармен де анықталуы мүмкін.
Берілген аймақтағы ӛсімдіктердің түрлері мен басқа жүйелік
категорияларының бірлестігін – сол аймақтың флорасы деп, ал
жануарлардың түрлері мен басқа жүйелік категорияларының бірлестігін –
сол аймақтың фаунасы деп атайды. Зооценоз бен фитоценозды, ӛсімдіктер
мен жануарлардың таралуымен байланысты биоценозды құрастырады. Ал
аумақтың әр түрлі рангтегі токсондармен қаныққанын кӛрсететін флора мен
фауна байланысын биота деп атаймыз. Швед ғалымы К.Линнейдің (1707-
1778) атақты еңбегі «Табиғат систематикасы» жазылып, осы еңбегінде ол
ӛсімдіктер мен жануарларды қос атпен атауды енгізді және жүйелік
категориялардың тармақтарын жасады.
XVI ғасырда дүниенің пайда болуынның географиялық таралу
заңдылықтарын діни кӛзқарастармен байланыстырады.
Биогеография ғылымындағы тұжырымдалған алғашқы еңбектер XVIII ғ.
аяғы мен XIX ғ. басында шықты. А. Гумбольд – биогеография ғылымының
негізін қалаушы. Ол геоботаникалық білімді жүйеге келтіріп, алғаш рет
ӛсімдіктер жамылғысының жер шарына таралуының климатқа
байланыстылығын дәлелдейді.
Жер шарының әр түрлі аудандарының флораларын салыстырмалы
зерттеу және ӛсімдіктердің таралу тәсілдері жайында ӛсімдіктердің жеке
түрлері мен бүкіл ӛсімдіктер жабындысына қазіргі географиялық ортаның
факторларының әсерін зерттеп, әр түрлі еңбектер жарыққа шыға бастады.
Жер шарының әр түрлі аудандарының флорасы бойынша жұмыстар, оның
ішінде К.Ф. Ледебурдың (1841-1853) Ресей флорасының алғашқы тӛрт
томдығы шықты. Осы кезеңдегі ірі ботаник-географтардың ішінен О.
Декандоль мен А. Декандольді (Франция) және Д. Гукерді (Англия) атауға
болады.
XIX ғасырдың ортасында ботаникалық географиядан жиналған
мәліметтердің мӛлшері, зоогеографиялық ақпараттарға қарағанда әлдеқайда
бай болды. Сондықтан сол кезеңде биогеографияның айқын
дифференсацияланған екі тармағы: ботаникалық география (ӛсімдіктер
географиясы) және зоологиялық география (жануарлар географиясы)
қалыптасты.
1859 жылы Ч. Дарвиннің табиғи сұрыптау жолымен түрдің пайда болу
теориясы шықты. Түрлердің пайда болуының он екінші және он үшінші
тараулары түрлердің географиялық таралу мәселелеріне арналған. Ч.
Дарвиннің осы еңбегінің жарыққа шығуына байланысты биогеография
ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады.
Ботаникалық географиядан А. Гризебах «Жер шарындағы ӛсімдіктер»
(1872), Е. Варминг «Ӛсімдіктердің географиялық экологиясы» (1896), И. Г.
Борщов «Арал-Каспий ӛлкелерінің ботаникалық географияға арналған
материалдары» (1865), ботаникалық географиядан А. Н. Бекетовтың алғашқы
(1896) оқулығы т.б. авторлардың еңбектері шыға бастады. П. Л. Склеттер
(1875) зоогеографиялық облыстардың жүйесін жасайды, осы жүйе азғантай
ӛзгеріспен қазіргі кезде де қолданылады. XX ғасырдың басына таман
жануарлар мен ӛсімдіктердің бірлестігі туралы ғылым – биоценология дами
бастады. XX ғасырда биогеографияға жалпы географиялық пікірлер енгізілді.
В. В. Докучаев табиғи белдеулер туралы ілімді, ал Л. С. Берг ландшафт
туралы ілімді жетілдіріп, қалыптастырғаннан кейін биогеография ғылымның
бір саласы ретінде дамыды.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
2-дәріс
Тақырыбы: Биосфераның ерекшеліктері мен компоненттері
2-дәріс сабақтың жоспары
Биосфера туралы ұғым. В.И. Вернадскийдің биосфера жайлы ілімі.
Табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар. Биогеосфералардың тепе-
теңдігі қамтамасыз ететін табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар.
2-дәріс сабақтың тезисі
Биосфера дегеніміз жер шарының тіршілік қабығы. Ол қабықшада
ӛсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және адамдар тipшілігi
жинақталған. Биосфераны "тіршілік әлемі" туралы ілім ретінде
қалыптастырған академик В.И. Вернадский. Биосфера қалыптасуында тipi
организмдер нeгізгi рольді атқарды. В.И. Вернадский бұл қабықшада үш
нeгізгi компоненттерін бӛліп кӛрсетті:
1) Tipi организмдер (олардың жиынтығы, тipi заттар);
2) Tipi заттар биогенді айналысқа eндірген минералды заттар;
3) Tipi заттар қызметі нәтижесінде пайда болған ӛнімдер, уақытша
биогенді айналымға қатыспайды.
Қaзipгi заманғы биосфера ӛте күрделі жүйе, ол кӛптеген компоненттерден
тұрады. Биосфера туралы ілімді жете зерттеп, негізін қалаған академик В.И.
Вернадский жер планетасын мекендейтін және органикалық заттарды үздіксіз
айналымға қосу үшін күн энергиясын пайдаланатын барлық организмдер
жиынтығын биосфера деп атады. В.И. Вернадский бойынша биосфера ұзақ
уақытта жетіліп, қалыптасқан бip-бірімен байланысқан ipi биологиялық
кешендер.
Биосфера тек қана организмдерді ғана емес, олармен бipгe планетада
жүріп жатқан барлық химиялық және геологиялық процестерді қамтиды.
Академик В.И. Вернадский кӛрсеткендей "тipi заттар" космос энергиясын
жинақтайды және ол энергиялар жердегі процестерде химиялық, механикалық,
жылу, электр және т.б. трансформацияланып, ӛлі материямен үздіксіз зат
алмасуда болып, жаңа тipi заттар түзіліп, органикалық дүниенің эволюциясына
үлесін қосады. Биосфера құрылымына жер бетіне жақын ең тығыз және
энергияға бай тропосфера, топырақ қабаттары, сулардың беткі қабаттары,
ӛсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер енеді. Биосферада энергиялық
қозғаушы күш – күн сәулесі. Биосфера қалыңдығы жер планетасының әр
аумағында түpлiше. Мысалы, жартастарда, тундрада, далада, шӛлде бірнеше
метр ғана болса, ормандарда алуан түрлі. Тipi организмдердің тіршілігі
(Аустралиядағы эвкалипт орманында, Солтүстік Америкадағы мамонт ағаштары
ормандарында және т.б.) жүздеген метр болады. Бірақ биогеосфераның жоғарғы
және тӛменгі шекаралары онша анық емес, олар бip-бipiнe кipiгiп кетуі де
мүмкін. Организмдер газдар құрамын қалыптастырады, әcipece ауаның
диффузия құбылысына байланысты жерге жақын қабаттарына әсер етеді,
бірақ та диффузия құбылысына байланысты организмдердің әcepi
биогеосфераның жоғарғы қабаттарына да жетеді. Озон қабатына да әсер
етеді. Организмдер озон қабатының қалыптасуына әсерін тигізіп, ауа, газ
құрамының тұрақтануына қатысады. Организмдер жер бетінде күн сәулесі
энергиясының ӛзгеріп жиналуына да әсер етеді. Академик В.И. Вернадский
бойынша планетадағы организмдер (тipi зат) жер қыртысындағы, әcipece
жоғарғы қабаттарының минералогиялық және химиялық құрылымына әсер
етіп қалыптасуына қатысады. Биогеоценотикалық байланыстар табиғатта
биогеосфераның әр түрлі бӛліктерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар әр түрлі және ӛте күрделі.
Табиғаттағы биогеосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуы ӛте қиын
жағдайларға алып келеді. Табиғи байлықтарды дұрыс пайдаланбаса,
шаруашылықтағы қателіктер апатқа ұшыратуы мүмкін. Техникалық
құралдармен, әр түрлі жаңа энергетикалық ресурстармен қаруланған адамзат
табиғи ресурстарды және биогеосфера құрылымын бақылауға алып және
ӛзінің қажеттілігіне байланысты ӛзгерте бастады. Бірақ адамдардың мұндай
қызметі кейде күткен нәтижелер бермейді. Биогеосфералардың тепе-теңдігі
қамтамасыз ететін табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар әр түрлі
және күрделі, олардың кейбіреулерін ескермеу ӛте қиын жағдайларға алып
кeлyi мүмкін. Табиғатта жүріп жатқан процестерге кipicy, тек терең кешендік
зерттеулердің нәтижесінде жасалған болжамдар негізінде келешекте оның
ешқандай зияны болмайтындығына кӛз жеткізіп барып, іске асырылуы керек.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
3-дәріс
Тақырыбы: Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері
3-дәріс сабақтың жоспары
Биогеоценоз. Биогеоценоздардың шекарасы. Биогеоценоздардың тipi
компоненттері. Биогеоценоз құрылысы. Биогеоценоз және экожүйенің
қатынасы.
3-дәріс сабақтың тезисі
Биогеоценоздарды терең түciнy және олардың тіршілігінің
заңдылықтарын білу үшін зерттеу жұмыстары ұзақ уақыт тікелей табиғи
жағдайда, питомниктерде, вегетациялық үйлерде және зертхана жағдайында
стационарлық жұмыстар жүргізілуі керек. Табиғатта биогеоценоздарды
зерттеу биогеоценоздардың белгілі бip типіне қатысты болуы керек.
Сондықтан кез-келген биогеоценотикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу
алдында табиғатта алдымен биогеценоздарды типке бӛлу керек.
Биогеоценоздар типін бӛліп алу сол жердің рельефі, топырағы және
ӛсімдіктер жабынының ерекшеліктері негізінде жасалады. Биогеоценоздар
типтерін бӛлумен қатар оларды зерттеу жұмыстары жүргізілетін белгілі бip
орындарды белгілеп алу ӛте жауапты міндет. Биосфераның iшкi біркелкі
бӛлігі биогеоценоз деп атайды. Бұл түciніктi ғылымға енгізген академик В.Н.
Сукачев. Ол биогеоценозға мынадай анықтама берді: планетадағы
атмосфера, тау жыныстары, ӛсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер әлемі,
топырақ және гидрологиялық жaғдaй сияқты біркелкі табиғи құбылыстардың
жиынтығы; құрамындағы компоненттер арасында ерекше ӛзара әрекеттестігі
бар, ӛзара және табиғаттың басқа да құбылыстарымен зат және энергия
алмасуы бар, iшкi қарама-қайшылықтағы біркелкі, тұрақты қозғалыста, дамуда
болатын жиынтық.
Биогеоценоз құрамына рельеф, жердің тартылысы, уақыт кірмейді,
ӛйткені олар материалдық денелер емес, биогеоценозға зат, энергия әкелмейді,
сондықтан биогеоценотикалық метаболизмге қатыспайды, бipaқ олар
биогеоценоздарға әр түрлі дәрежеде тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, рельеф
зат алмасу процестерінің бағытына қарқындылығына және
биогеоценоздардың кeңicтіктeгi орналасуына әсер етеді. Жоғарыда аталғандар
биогеоценоз компоненттері емес, олар тек факторлары. Биогеоценоздар
факторларына В. Н. Сукачев адамдар қызметін де жатқызады. Ол
биогеоценоздар компоненттерін пайдалануға байланысты. Биогеоценоз
құрылымы және қызметіне байланысты табиғаты әр түрлі тipi және ӛлі
компонеттерден тұрады. Биогеоценоз олардың тек механикалық қосындысы
емес, ол ӛте күрделі жүйе. Ол жүйе ерекше заңдылықтарға байланысты
дамиды. Биогеоценоздардың кеңістіктегі шекарасы фитоценоздар
шекарасымен анықталады. И. И. Пономорева (1978) бойынша биогеоценоз
құрылысын барлық уақытта тӛртке бӛлуге болады:
1. Абиотикалық орта, яғни ӛлі табиғаттың барлық факторларының
кешені, одан биоценоз тіршілікке қажетті нәрселерді алады және айырбас
ӛнімдерін сол ортаға бӛліп шығарады;
2. Жасыл ӛciмдіктep кешені, осы биогеоценозда тіршілік ететін барлық
организмдерді қажетті органикалық заттармен және энергиямен қамтамасыз
етеді. Бұл әрине продуценттер немесе түзушілер, олардың арасында
хемосинтездеуші организмдер де бар;
3. Консументтер немесе тұтынушылар, бұлар продуценттер жасаған
қоректік заттардың есебінен күн кӛрушілер;
4. Редуценттер немесе ipiтушілep. Бұларға микроорганизмдер –
бактериялар, саңырауқұлақтар немесе қарапайымдар жатады. Редуценттерге
жататын организмдер органикалық қосылыстарды минералды күйге дейін
ipiтeдi.
Бұл тӛрт буынның арасында тығыз байланыс бар. Әpбip буынның
қасиеті басқа буындардың қасиеттерін анықтайды. Биогеоценоздағы
организмдердің тіршілігі, процестері сыртқы ортамен қатынасу аясында
жүреді.
Биогеоценоз және экожүйенің қатынасын былайша түсінуге болады.
Биогеоценоз – бұл фитоценоздың шекарасындағы экожүйе. Географиялық
терминдерден биогеоценозға ең жақыны – фация. Фация дегеніміз –
ландшафттың ішкі компоненттер құрамы жағынан ең біркелкі бӛлшегі.
Академик В. Н. Сочаваның пікірінше, фация және биогеоценоз ұғымдары
синонимдер, бipaқ әр түрлі тұрғыдан қаралады. Фация геоботаникалық
тұрғыдан, биогеоценоз - энергетикалық тұрғыдан қарастырылады. Кӛп жағдайда
фация және биогеоценоз шекаралары сәйкес келмейді; биогеоценоз фациямен
салыстырғанда біркелкілеу, ұсақтау, оған қосымша фация ұғымына
типологиялық мағына беріледі. Биогеоценологияда биогеоценоздарды
зерттегенде зерттеу жұмыстары негізінен биогеоценоз компоненттерінің
байланыстарын ашуға және олардың арасындағы материалдық энергетикалық
қарым-қатынастарға талдау жасауға бағытталады. Фацияларды зерттеу
олардың морфологиясын, құрылымын, кеңістіктегі кездесуін сипаттауға
белгілі бip мекенді, ланшафтты, фацияны картаға түcipiп бӛлуге бағытталған.
Биогеоценоздар организмдер қауымдары мекендеген аумақтармен тікелей
байланысты.
Биогеоценоз – нағыз табиғи зертхана, онда бip уақытта әр түрлі процестер
және реакциялар жүріп жатады. Олардың ішіндегі биосфера үшін ең
маңыздысы әрине биогеоценоздың компоненттері және биогеоценозбен
қоршаған орта арасындағы зат және энергия алмасу процестері. Ол
процесті академик В. Н. Сукачев негізгі биогеоценотикалық процесс деп
атады және сол процестерді зерттеуді биогеоценологияның негізгі міндеті
деп санады. Биогеоценологияның бұл басты міндетін шешу биогеоценоз
компоненттерінің (фитоценоз, зооценоз, микробиоценоз) құрамын және
құрылымын талдамау мүмкін емес. Ол үшін биогеоценоз компоненттepi
арасындағы зат және энергия берілетін қоректену деңгейіне сандық баға
бepiп анықтау керек. Биогеоценотикалық жүйелердегі жұмыстардың
iшiндeгi ең маңыздысы ол әрине ӛсімдіктер биомассасының түзілуі.
Биогеоценоздардың тipi компоненттері - ӛсімдіктер, жануарлар және
микроорганизмдер, қызметтік тұрғыдан экотоптар ресурстарын әр түрлі
органикалық заттарға трансформациялайды, яғни күн cәyлeci тұрақты
органикалық заттарға айналады. Мұндай трансформация (ӛзгеруі)
организмдер қоректенуінде, тыныс алғанда, ӛсу процесінде іске асады.
Олардың ішінде үш бip-біpімен байланысты үш буынды ажыратуға болады:
1) алғашқы продуценттер немесе автотрофтар, олар алғашқы органикалық
заттарды түзеді;
2) консументтер-дайынорганикалықзаттардыпайдаланушылар;
3) редуценттер - органикалық заттарды бұзушылар.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
4-дәріс
Тақырыбы: Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші
факторлар
4-дәріс сабақтың жоспары
Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар.
Абиотикалық факторлар. Биотикалық факторлар (биогендер). Экологиялық
пирамидалар.
4-дәріс сабақтың тезисі
Тіршілік ортасы – қазіргі тіршілік етіп жатқан ағзалар негізінде пайда
болған табиғи күштер мен құбылыстар. Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза
(түрдің) дамуының барлық кезеңдеріне қажетті табиғи орта факторлар
жиынтығын айтады.
Тірі ағзалар тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда
экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен
мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" – тіршілік, "topos" – орын) деп
те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар
жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" – жалпы) деп атайды. Белгілі бір
аумақта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар мен орта жағдайларының
жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" – тіршілік, "ge" – Жер,"koinos"
– жалпы) деп атайды.
Биотоп (био... және грек. tpos – орын) – Жер бетінің (құрлықтың немесе
суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес ӛңірі (телімі).
Екі мағынада қолданылады: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен
сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы
ағзалардың немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша
ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. Биоценоздың жер
бедері, климаттық жағдайы шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы
немесе судағы алатын орны. Биотоп ӛзінің табиғи және тарихи қалыптасқан
географиялық орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор
жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе
биогеоценоздардың анорганикалық құрылымдарынан тұрады. Биотоп –
биоценоздың бӛлінбейтін құрамдас бӛлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі
бірлестік – биогеоценоз құрайды.
Экологиялық пирамидалар – экожүйедегі продуценттер, консументтер
(бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың
массасымен ӛрнектелген арақатынас (санмен ӛрнектелуі – Элтон сандарының
пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты – энергиялар пирамидасы).
Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша
бӛлінуі мынадай факторларға байланысты: 1) кез-келген экожүйеде ұсақ
жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек
кӛбейеді; 2) жыртқыштардың әр түріне оңтайлы кӛлемді жемтіктер азық
болады.
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты
сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас
үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің
биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы
биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың
азаюына байланысты энергияның тӛмендеуін кӛрсетеді. Продуценттер
фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоӛнімнің – фитомассаның
негізгі мӛлшерін жасайды. Ӛсімдіктердің ӛзінде заттек алмасу процесіне,
яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады.
Ӛсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі ӛсімдік
коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады.
Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.
Ортаның барлық факторларын бірнеше топтарға біріктіруге болады:
I. Абиотикалық факторлар (абиогендер): 1) климаттық – жарық, жылу,
ылғалдылық, су, ауа; 2) эдафикалық – жер бетінде тіршілік ететін ағзалар
үшін – топырақ, ал су ағзалары үшін – су; 3) жер бедер факторлары;
II. Биотикалық факторлар (биогендер): 1) ӛсімдіктердің ӛсімдіктерге
әсері; 2) жануарлардың ӛсімдікке әсері;
III. Антропогендік факторлар (адамның биоценоздарға әсері).
Орта факторлары әрқайсысы жеке-жеке әсер етпей, барлығы қосылып
бірлікте әсер етеді. Сондықтан бір фактордың әсері екінші фактордың әсер
ету дәрежесіне байланысты болады. Орта факторларының ішінен
биоценоздар мен ағзалардың жер бетіне таралуына үлкен әсер ететіні әрі
негізгі фактор климаттық – жарық, температуралық режим және жауын-
шашын режимі (ылғалдылық).
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
5-дәріс
Тақырыбы: Ареалогия мәселелері
5-дәріс сабақтың жоспары
Ареалогия ареалдар жӛніндегі биогеографияның маңызды салаларының
бірі. Биогеографиялық аудандастыру, фауналық және флоралық аймақтарды
бӛліп кӛрсетуге және ареалдарды талдау. Ӛсімдіктер мен жануарлардың
ареалдар карталарын құрастыру.
5-дәріс сабақтың тезисі
Ареал – белгілі бір түрдің популяциясы, ұзақ уақыт тұрақты түрде
кездесетін акваторияның немесе құрлықтың бір бӛлігі. Ареалогия ареалдар
жӛніндегі биогеографияның маңызды салаларының бірі болып табылады.
Ареалогияның негізгі міндеті – түрлердің, тірі ағзалардың жүйелік
таксондарының географиялық таралу заңдылықтарын талдау.
Биогеографиялық аудандастыру, фауналық және флоралық аймақтарды
бӛліп кӛрсетуге және ареалдарды талдауға негізделеді. Биогеографияда
зерттеудің басты нысаны түрдің таралу ареалы болып саналады, ӛйткені түр
– бұл тірі ағзалардың бастапқы және негізгі таксономиялық категориясы.
Ареал – биологиялық түрдің маңызды географиялық сипаттамасы. Ареалдың
қалыптасуы тірі ағзалардың эволюциялық процесі кезінде және қоршаған
орта жағдайларына байланысты жүзеге асады. Ареал жӛніндегі ұғым мен
түсініктер тек оны карталар, картосхемаларда кескіндеу, сұлбасын жасау
кезінде ғана мүмкін болады.
Бір түрдің толық бір ареалда мекендеп, таралуы табиғатта сирек
кездеседі. Түрдің популяциясы тек оған тән мекен ету ортасын қамтиды.
Түрлердің таралу сипатын, оның белгілі бір ландшафттың географиялық
жағдайға сабақтастығын ареалдың құрылымы анықтайды. Демек, ареал
қарапайым кӛптеген аумақтардан тұрады, бұларда бірнеше таксондар
кездеседі.
Ареалды әр түрлі дәрежеде зерттеуде түрдің белгілі бір қоршаған
ортаның жағдайларымен байланысын және оның оқшаулану себептерін
кӛрсетуге болады. Мекен ету ортасының кӛп бӛлігін қамтитын түр немесе
ӛсімдіктердің ӛсуі, сондай-ақ жануарларда бір түрдің жоғары санының болуы
ценоареал деп қарастырылады. Ценоареал ареалдағы түрдің орны мен
экологиялық-биологиялық қасиеттерін түсіндіруге және қолайлы аумақ
жасауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, түрдің ресурс ретінде маңыздылығы
жоғары болған жағдайда тиімді.
Ӛсімдіктер мен жануарлардың ареалдар карталары ағзалардың
таралуындағы жалпы географиялық заңдылықтарды анықтауға, салыстыруға
қолданылады.
Ареалдың кӛп бӛлігін салыстырмалы талдау, олардың әркелкі типтерінің
шектеулі санына байланыстылығын кӛрсетеді. Ӛсімдіктер мен жануарлардың
кейбір түрлерінің ареалдар карталарын талдау және салыстыру кезінде
олардың конфигурациясында, ӛлшемдерінде ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды байқауға мүмкіндік туғызады. Олар ӛз кезегінде
жануарлар мен ӛсімдіктердің географиялық таралуындағы кейбір жалпы
заңдылықтарды кӛрсетеді.
Түрлердің саны мен олардың ендік бойынша айырмашылықтары
ареалдардың жалпы географиялық бӛлінуіне негіз болып, тропиктік,
бореалды, арктикалық таралу типтерін ажыратуға себеп болады.
Ендіктік орналасу негізгі географиялық белгілердің бірі болып табылады,
және ол климаттық факторлармен анықталып, түрлердің таралуына тікелей
немесе жанама жағдайларда әсер етуі ықтимал.
Бір ендікте орналасқан ареалдар арасындағы айырмашылықтар мұхит-
құрлық сипатында бӛлінеді. Бұл әсіресе, ендік бағытында Евразия мен
Солтүстік Америка материктерінің аумақтарында континенті климаттық
жағдайларға байланысты анық байқалады. Евразияның гумидті
облыстарында ареал топтарының бӛлінуі олардың шығыс шекаралары Еділ
ӛзені мен Орал тауларына, батысы Орта Сібір таулы үстіртіне және Охот
теңізінің суайрық алабына жетеді.
Ареалдарда типке бӛлудегі негізгі белгілердің бірі болып, түрлердің саны
мен мӛлшерлері қолданылуы мүмкін. Бірнеше шаршы шақырымдарды одан
да аз аумақтарды алып жатқан ареалдармен қоса, аймақтар, материктер мен
жер шарын қамтитын ареалдар да кездеседі. Кейде түр биотикалық облыс
ретінде жергіліктілігімен ерекшеленеді. Мұндай түрлер эндемиктер, ал
ареалды эндемиктік деп атайды. Шағын ареалдарға аралдық, үңгірлік
формалар тән. Мәселен, тау аңғарлары, тау үстірттерінің жоғары ендіктері.
Бұл ареалдарды бунақденелі жәндіктердің жорғалаушы түрлері мекендейді.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
6-дәріс
Тақырыбы: Құрлықтың флоралық жіктелуі
6-дәріс сабақтың жоспары
Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Дүние жүзінде
патшалықтар: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық,
Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап. Патшалықтар жоғарғы түр және
тұқымдық энделизммен сипатталатын облыстарға бӛлінеді: сондай-ақ әрбір
облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тән.
6-дәріс сабақтың тезисі
Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Патшалық
атауы түгелімен максимальді ӛзіндік флорасымен сипатталатын және
жоғарғы эндемиктік таксондары бар аймақтарға беріледі. Дүние жүзінде
барлығы 6 патшалыққа бӛлінеді: Голарктикалық, Палеотропикалық,
Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап. Патшалықтар
жоғарғы түр және тұқымдық энделизммен сипатталатын облыстарға
бӛлінеді: сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың
белгілі бір жиынтығы тән. Құрлықтың флоралық жіктелуінде барлғы 34
облыс бар, олар ӛз кезегінде провинцияларға бӛлінеді. Тӛменгі
хронологиялық бірлік округ болып саналады.
Голарктикалық патшалық. Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі
Голарктикалық ең ірісі және барлық құрлықтың жартысынан астамын алып
жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына қарамастан,
патшалықтың жекелеген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз
байланысты және шығу тегі бір. Голарктикалық патшалық үш патшалықшаға
бӛлінеді: Бореальды, Ежелгі Жерорта теңіздік және Мадреандық.
Бореалды патшалықша Голарктикалық патшалық арасындағы -ең
кӛлемдісі, ол бай флорасымен сипатталады, басқаларымен салыстырғанда
эндемиктік түрлер мен тұқымдастар анағұрлым кӛбірек кездесетіндігімен
ерекшеленеді. Бореальдік патшалықшаның кейбір облыстарына ежелгі және
қарапайым тұқымдас пен түрдің маңызды бӛлігі тән. Оларды 4 облысқа бӛліп
қарастырады: 1. Циркумбореальды (Еуропа-Сібір-Канада) облысы; 2. Шығыс
Азия (Жапония-Қытай) облысы; 3. Атлантикалық-Солтүстік Америкалық
облыс; 4. Қатпарлы таулар облысы.
Ежелгі Жерорта теңіздік патшалықша батыстағы Макаронезиядан
бастау барлық Жерорта теңізін, Азияның Орталық және алдыңғы аудан
жіктері арқылы шығыстағы Монғолияға дейінгі орасан зор аумақты қамтиды.
1. Макаронезия облысы; 2. Жерорта теңіздік облыс; 3. Сахара-Аравия
облысы; 4. Иран-Тұран облысы.
Мадреан (Сонор) патшалықшасы. Солтүстік Америка мен Мексика
таулы қыратының оңтүстік-батыс бӛлігінің флорасы бореальды және Ежелгі
Жерортатеңіздік патшалықшадан ерекшелігі – толық және ӛз алдына
патшалықша ретінде қарастыруға болады.
Үнді-Малайзия патшалықшасы. Патшалықтың ауқымды
территориясының бӛлшектерге бӛлінуіне қарамастан, оның флорасы үшін әр
түрлі таксономиялық рангтың ортақ кӛптеген элементтері бар. Бұл
территорияға ӛте жоғары эндемизм тән: патшалықша флорасы 11 эндемиктік
түрлерден тұрады. Қазіргі деректерге сәйкес мұнда жер шарындағы ең ежелгі
флора - гүлді ӛсімдіктер шоғырланған. Патшалықша 5 облысқа бӛлінеді:
Үнді, Малайзия, Үндіқытай, Папуас және Фиджи.
Африка патшалықшасының құрамына Африка құрлығының үлкен бӛлігі,
Аравия түбегінің тропикалық шӛлдері, Иранның, Пәкістан мен Солтүтік-
батыс Үндістанның тропикалық шӛлдері кіреді. Ӛсімдік жамылғысы
тропикалық орманның ылғалды және ксерофильді түрінен, тропикалық сирек
ормандар мен бұталар, саваннаның түрлі формалары, шӛлдерден тұрады.
Мынадай облыстарға жіктеледі: Судан-Замбезий, Гвинея-Конголезия, Карру-
Намиб облысы, Әулие Елена және Вознесения аралдары.
Мадагаскар патшалықшасы Мадагаскар аралы мен оған кӛршілес
аралдар тобын - Маскарен, Сейшель, Амиран, Комор, т.б. қамтиды. Мұнда
тек бір облыс - Мадагаскар, Мадагаскар флорасы ежелгі географиялық
оқшаулану жағдайында қалыптасты. Ал бұл оның ӛзіндік және ерекше
жоғарғы эндемизмін анықтайды. Мұнда 9 эндемиктік тұқымдас, 450
эндемиктік түр, гүлді ӛсімдіктердің түр эндемизмі 89%-ға жетеді.
Полинезия патшалықшасы. Бұл патшалықшаға 2 облыс кіреді – Гавай
және Полинезия – эндемиктік тұқымдастар жоқ, таза аралдық флорасы бар.
Полинезия флорасы Үнді-Малайзия патшалықшасынан туындаған. Ол әр
түрлі дүние бӛліктеріндегі ӛсімдіктер миграциясының арқасында мұхит
аралдары мен архипелагтарда географиялық оқшаулану жағдайында дамыды.
Осылай Гавай облысы флорасының құрамында шығу тегі үнді-малайзиялық
ӛсімдіктер басым болып келеді.
Жаңа Каледония патшалықшасы бай, ӛзіндік флорасымен ерекшеленеді.
Патшалықша Жаңа Каледония облысынан ғана тұрады, оған Жаңа
Каледония, Пен (Куния) және Луайото аралдары кіреді. Осы аралдарға
бірнеше эндемиктік тұқымдастар мен шамамен 110 эндемиктік түрлер тән.
Түр эндемизмі 85 %-ға жетеді.
Неотропикалық патшалық. Неотропикалық патшалық 5 облысқа
жіктеледі - Кариб, Гвиана таулы үстірті, Амазонка, Бразилия және Анд. Ең
ежелгі және ӛзіндік флора Гвиана таулы үстіртінің облысында шоғырланған.
Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды,
ал биік тауларда - 95%-ға дейін бар деп есептеледі.
Голантарктикалық патшалық. Голантарктикалық патшалық бұл
салыстырамалы түрде кедей патшалық, 11 кіші эндемиктік тұқымдас пен
эндемиктік туыстың маңызды бӛлігінен тұрады. Голантарктикалық
патшалыққа 4 облыс кіреді – Хуан-Фернандес, Чили-Патагония,
Субантарктикалық аралдар облысы және Жаңа Зеландия.
Жаңа Зеландия облысының флорасы ерекше. Эндемиктік тұқымдастар
жоқ. Бірақ 50 эндемиктік түрлер бар, Жаңа Зеландия
қылқанжапырақтыларының флорасында 100%-ға жететін түр эндемизмі
жоғары.
Аустралия патшалығы. Аустралия флорасы ӛзгеше және эндемизмнің
жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнда эндемиктік тұқымдастар қатарынан
және 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Патшалық 3 облысқа жіктеледі
- Солтүстік-Шығыс Австралия, Оңтүстік Батыс Аустралия немесе
Эремей.
Кап патшалығы. Кап патшалығы кӛлемі бойынша ең кіші патшалық,
ерекше ӛзіне тән флорасының негізінде Африканың негізгі бӛлігінен
ерекшеленеді.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
7-дәріс
Тақырыбы: Құрлықтың фауналық аймақтары
7-дәріс сабақтың жоспары
Әр түрлі дәрежедегі фауналық аудандастыру категориясының бӛлінуі
негізінен эндемизмнің деңгейі. Патшалықтар – фауналық аудандастырудың
жоғарғы категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың
кӛпшілігі 4 патшалыққа жіктелуі. Бұл – Нотогей, Неогей, Палеогей,
Арктогей.
7-дәріс сабақтың тезисі
Әр түрлі дәрежедегі фауналық аудандастыру категориясының бӛлінуі
негізінен эндемизмнің деңгейі бойынша, яғни эндемиктік топтар саны
бойынша жүргізіледі. Осындай, патшалықтар эндемиктік отрядтың (қатар)
болуымен (немесе жоқ болуы), облыстар - эндемиктік тұқымдастың орналасу
сипаты бойынша, облысша-эндемиктік түрдің, кейде тұқымдастың таралу
сипаты бойынша анықталады. Патшалықтар – фауналық аудандастырудың
жоғарғы категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың
кӛпшілігі 4 патшалыққа жіктейді. Бұл – Нотогей, Неогей, Палеогей,
Арктогей. Олар негізінен сүтқоректілер фаунасының ескілік дәрежесімен
анықталады.
Нотогей патшалығы 2 облыстан тұрады - Аустралия және Антарктида.
Нотогей фаунасының кедейлігімен және кӛнелілігімен ерекшеленеді. Кӛнелік
Австралия, Антарктида және Оңтүстік Американың оңтүстігін біріктірген
оңтүстік праматериктің болуымен түсіндіріледі, ал Нотогей фаунасының
қазіргі кедейлігі патшалықтың әр түрлі аймақтарында аридтік және мұз басу
процестерімен географиялық оқшаулануына негізделеді.
Неогей патшалығына Неотропикалық облыс қана кіреді. Бұл патшалық
қалталылардың 2 тұқымдасының және шамамен бунақденелі
сүтқоректілердің болмауымен сипатталады.
Палеогей патшалығы 2 облысқа бӛлінеді: Эфиопия және Үнді-Малай. Бұл
патшалықта кесірткелер отряды, даман, түтікшетүсті, тұмсықты (пілдер),
маймылдар отряды (лемур, лори) эндемик болып табылады.
Арктогей патшалығы голарктика облысынан тұрады, бірақ ауқымды
кеңістікті алып жатыр: жер шарының бүкіл солтүстік тропикадан тыс бӛлігі.
Мұнда қалталы сүтқоректілер мүлдем кездеспеді. Сүтқоректілерден - су
тышқаны, құндыз, қосаяқтылар эндемиктерге жатады. Рептилийден улы тісті
кесірткелер тұқымдасы, құйрықты амфибий - бұрыштістілер тұқымдасы,
амбист, саламандр эндемик болып табылады.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
8-дәріс
Тақырыбы: Құрлықтың негізгі биомдары
8-дәріс сабақтың жоспары
Құрлықтың негізгі биомдарына сипаттама. Дүние жүзіндегі табиғат
зоналары. Әлемдегі биоалуантүрлілікті қорғау.
8-дәріс сабақтың тезисі
Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар. Тропиктік ормандар, сирек
ормандар мен бұталар. Саванналар. Мангрлар. Шӛлдер. Субтропиктік
ормандар және бұталар. Дала және прерилер. Қоңыржай белдеудің жалпақ
жапырақты ормандары
Қылқан жапырақты ормандар аймағы. Тундра және орманды тундралар.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
9-дәріс
Тақырыбы: Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері
9-дәріс сабақтың жоспары
Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы табиғи жағдайлар
мен ландшафттардың алуан түрлілігі. Қазақстанды биогеографиялық
аудандастыру мәселелері. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
9-дәріс сабақтың тезисі
Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы табиғи жағдайлар
мен ландшафттардың алуан түрлілігімен айқындалады. Еліміз Сібір тайгасы
мен Орта Азиялық шӛлдер, Тянь-Шань таулары арасында орналасқан.
Қазақстанда шӛлейтті ӛсімдіктер ӛсетін Үстірт, Бетпақ даланың тастақты
шӛлді жазықтары, Іле ӛзенінің оңтүстік жағалауындағы таулар және Оңтүстік
Балқаш маңының сексеуілді ормандары мен құмдары; Алматы облысындағы
бұталы таулар қарағайлы, қайыңды, шыршалы Алтай тауларындағы
ормандар, Іле мен Ертіс ӛзендерінің жағалауларындағы қарағайлы ормандар,
Жоңғар Алатауының ормандары, Батыс Тянь-Шань тауларының ормандары,
шӛлді аймақ ӛзендерінің сексеуілді және тоғайлы жазықтары, т.б. жер бедер
формалары бар.
Экологиялық дағдарыстың бірінші тобына қарқынды ӛндірістік игеру
аймақтары болып табылатын Каспий және Арал аймақтары жатады. Атырау,
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтӛбе және Қызылорда облыстарындағы
экологиялық жағдай табиғи апаттармен (Каспий теңізінің деңгейінің
ауытқуы, Арал теңізінің тартылуы) қиындай түседі, нәтижесінде табиғи-
антропогендік қысымның жалпы әсері ӛте зор.
Экологиялық дағдарыстың екінші тобына ауыл шаруашылығы және қала
ӛндірісінің дамуына байланысты қарқынды игеру аймақтары жатады: Шығыс
Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары.
Экологиялық дағдарыстың үшінші тобына биологиялық алуантүрлілікті
сақтау үшін ресурс қуаты бар облыстар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай,
Павлодар, Жамбыл облыстарының аймақтары жатады.
Қазақстан Республикасының жалпы барлық аумағында табиғатты
пайдалану тиімділігін қайта қарастыру және аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық дамуына сәйкес биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша
шаралар жасақтау талап етіледі.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
10-дәріс
Тақырыбы: Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның пайдаланылуына
экологиялық баға беру
10-дәріс сабақтың жоспары
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі. Орман ресурстарын
экономикалық бағалау. Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның
пайдаланылуына экологиялық баға беру.
10-дәріс сабақтың тезисі
Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі. Орман ресурстарының жалпы
аумағы - 26080,7 мың га, оның ішінде орман алқаптары 70,7% немесе 18450,7
мың га, орман аудандары – 44% немесе 11474,7 мың га құрайды. Ормансыз
алқаптар 29,2%, немесе 7360,0 мың га., соның ішінде: жайылым – 17,1%
немесе 4458,2 мың га, шабындықтар – 1,4% немесе 359,1 мың га, жыртылған
алқаптар – 0,4%, немесе 109,3 мың га. 2002 жылғы мәліметтер бойынша,
орман ресурстарының 2954 мың га алқабы уақытша пайдалануға берілген.
Орман ресурстарын экономикалық бағалау. Таулар, шӛлдер, далалар, су
қоймаларында, топырақты қорғау, жер асты суын реттеу және рекреациялық
қызметтер атқарады. Орман ресурстарының экономикалық бағаланбауының
басқару мен шешімдер қабылдауда кӛптеген қателіктерге әкеледі. Орманның
экономикалық және экологиялық маңызын жеткілікті сезінбеу ұлттық
игіліктің сақталуы үшін жауапкершілікті тӛмендетеді.
Жоспарсыз шаруашылық қызметі, шӛлейттену процестерінің дамуы,
жалпы табиғи және экологиялық жағдайлардың ӛзгеруі нәтижесінде ӛсімдік
қауымдастығының алуан түрлі және ландшафттардың алуан түрлілігі
жойылды. 1970-80 жылдары Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бӛлігінде
аршалы ормандардың жойылу процесі байқалды. Бұған Жамбыл фосфор
және Шымкент қаласындағы қорғасын-мырыш комбинаттары
қалдықтарының желмен таудың 100-ден астам шақырымдарға дейін таралуы
себеп болды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы пісте және бадам
тоғайларынан тек тау шатқалдары мен адам және мал жетпейтін жерлердегі
бӛлек ағаштары ғана қалды.
1940-60 жылдары Жоңғар және Іле Алатауының баурайында жемісті
ағаштар мен жидекті бұталар – алма, шабдалы, бӛріқарақат, ӛрік, долана,
таңқурай, қарақат, итмұрын және басқа бұталармен ӛседі. Осы ӛсімдік
түрлерінің маңызын ескере отырып, ГЭФ, ПРООН, ВБ және ЮНЭП сияқты 4
ірі жобамен Қазақстанға қолдау кӛрсетеді. Біздің алдымызда бағалы
ландшафттарды, генетикалық қорды жоғалтудың нақты қаупі тӛніп тұр. ҚР
Қызыл кітабына 1981 жылы 279 жоғары ӛсімдіктер саны енгізілді, ал 2001
жылы дайындалған басылымда енді 400 түрден астам түрлер енгізілген,
олардың ішінен тек 81 түрі ғана қорық аймақтарында қорғалады.
Сүтқоректілердің түр құрамының біршама бӛлігі таулы аймақтарда
(оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысы) мекендейді, ал балық түрлерінің басым
бӛлігі Каспий теңізі алабында.
Қызыл кітапқа 39 жыртқыш құстардың 15 түрі және 178 сүтқоректілердің
40 түрі енгізілген. Сирек кездесетін жануарларды табиғаттан алу процесі
(қарақұйрық, арқар, ителгі, дуадақ) «Жануарлар әлемінің бӛлек түрлерін
жеке жағдайларда аулауды шектеу және пайдалану ережелері туралы» заңда
реттеледі. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енген
құстар мен сүт қоректілерді (бүркіт, дуадақ, арқар, қарақұйрықтар) аулауға
квота беру жүргізіледі. Арнайы рұқсат беруде әрбір түр популяциясының
нақты жағдайы шешуші фактор болып табылады. Аң аулау үшін Ұлттық
Ғылым Академиясының Зоология институты – СИТЕС Ғылыми қоғамының
шешімімен бекітілген СИТЕС-КЛОХ әкімшілік органымен бекітіледі.
2000 жылы 10 бүркіт және 350 дуадақ түрлерін аулауға, 2001 жылы –
сәйкесінше 40 және 425 особь аулауға рұқсат берілген. 2002 жылы 10
ителгілерді аулауға квота берілген, ал дуадақ түрлерін аулауға берілетін
квота біршама азайтылған.
Қолданылатын негізгі әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.:
2003.
2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012.
Қосымша әдебиеттер
1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997.
3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӚБЕ ӚҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет Тарих
Кафедра География
5B011600 – «География»
шифр, мамандық
оқыту бағыты бойынша студенттерге арналған
ВG 2303 Биогеография
пәнді оқытудағы әдістемелік ҧсынымдар
Ақтӛбе қ.
2015 ж.
Орындаушы(лар)
г.ғ.к., география кафедрасының доц. Сергеева А.М.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
________________________ _______ __________________
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.
География кафедрасының
меңгерушісі, г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Пәнді оқыту процесінде үнемі қажетті ұсынылған әдебиеттер тізіміне
(негізгі және қосымша) назар аудару керек.
Әдебиеттер
Негізгі
1. Второв.П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. - М.: Владос – Пресс, 2001.
2. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Криволуцкий, Мяло Е.Г. Биогеография с
основами экологии. – М.: «Академкнига», 2003.
3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І.
Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. - 368 б.
4. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
5. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира.-М.: 1997.
6. Темірова А.М., Сергеева А.М. Биогеография. – Ақтӛбе: 2004.
7. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006.
8. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. –
Минск, «Техно принт», 2005.
Қосымша
9. Уиттекер Р. Сообщества и экосистемы.- М.: 1980.
10.Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. – Алматы:
«Ғылым», 2001
11.Виноградов Б.В. Основы ландшафтной экологии. – М.: ГЕОС, 1998
12.Кофанов А.И., Кудряшев В.А. Морская биогеография. –М.: «Наука»,
2000
13.Петров К.М. Биогеография океана. Биологическая структура глазами
географа.- СПб.: СПб унив., 1999
14.Атлас Казахской ССР. Т.1. Природные условия и ресурсы. – М., ГУГК
СССР, 1982.
15.Байтенов М.С. Флора Казахстана. Иллюстрированный определитель
семейств и родов. Том I. –Алматы, «Ғылым», 1998.
16.Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения
биологического разнообразия. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005.
17.Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы,
«Бастау», 1999.
18.Киселев В.Н. Биогеография с основами экологии. – Минск, 1995.
19.Красная Книга Казахстана. –Алматы, 1996.
20.Красная книга Казахской ССР. Редкие и находящиеся под угрозой
исчесновения виды животных и растений. Ч. 2. Растения. – Алма-Ата,
«Наука», 1981.
21.Қазақстанның географиялық атласы. – Алматы, «Глобус», 2003.
22.Лопатин И.К. Зоогеография. – Минск., 1989.
23.Охрана редких видов растений и растительности Казахстана. – Алма-
Ата, «Наука», 1987.
24.Перспективы формирования природно-заповедного фонда Казахстана.
– Алма-Ата, «Наука», 1987.
25.Физическая география Республики Казахстан. Учебное пособие. //под
общ. ред. Жаналиевой Г. М. – Алматы, «Қазақ университеті», 1998.
26.Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. –Алматы,
«Қазақ университеті», 2003.
27.Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. – Алматы, «Санат», 1995.
28.Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана (географические аспекты
природопользования и охраны природы). – Алматы, «Қазақ
университеті», 2006.
29.Чупахин В.М. Природное районирование Казахстана. – Алма-Ата,
1970.
30.Карта природно-заповедного фонда. Республики Казахстан. Масштаб
1: 3500000 // под ред. М.К. Назарчук. – Алматы, «Экопроект», 1998.
31.Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Позвоночные
животные //под общей редакций Е.В. Гвоздева. Ч. 1. – Алма-Ата,
«Наука», 1983.
32.Атлас Казахской ССР. Т.1. Природные условия и ресурсы. – М., ГУГК
СССР, 1982.
33.Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы,
«Бастау», 1999.
34.Ақбасова А.Ж. Экология : Жоғары оқу орындарына арналған оқу
құралы. - Алматы : Бастау, 2003. - 292 б.
35.Экологический кодекс Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ,
2009. - 172 с.
36.Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования: Учебник. –
Алматы: ЭкономикС, 2003. - 592 с.
37.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері: оқулық. - Алматы: РБК, 1995. - 292 б.
ресми сайттар:
38.Сайт Национального географического общества США - полный
перечень ресурсов по природопользованию. Режим доступа:
http://www.nationalgeographic.com/eye/links.html.
Пәннің тақырыптарын оқыту ҧсынымдары:
№ 1 Тақырыпты оқытуда «Биогеографиялық ғылым дамуының негізгі
кезеңдері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биогеографияның ғылым ретінде
қалыптасуы және даму кезеңдері. ХVІІІ ғ. биогеографияның ғылым ретінде
дамуы. Бұған дейінгі еңбектерді биология, медицина саласының ғалымдары
мен Ұлы географиялық ашылулар кезіндегі саяхатшылар күнделігі мен
мәліметтері негізінде жинақтап келген ғылымға неміс географы А.
Гумбольдтың үлесі. Биогеография ғылымы табиғаттағы ӛсімдіктер мен
жануарлардың таралуы заңдылығын зерттейтін ғылым. ХХ ғасырдың
аяғындағы биогеографияда жаңа бағыттардың қалыптасуы. «Популяциялық
биогеография», «Геногеография», «Популяциялық генетика», т.б.
№ 2 Тақырыпты оқытуда «Биосфера биотасының геохимиялық
ерекшеліктері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биосферадағы зат алмасу, азот,
кӛміртегі, оттегі, фосфор айналымдарының байланысын нақты мысалдармен
ашып кӛрсету.
№ 3 Тақырыпты оқытуда «Биоценоздар, оның қалыптасуы мен кезеңдері»
айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биоценоздардың түрлері мен жіктелуінің
кезеңдері. Биоценоздың негізгі заңдылықтарын сипаттау, талдау, мысалдар
келтіру.
№ 4 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтағы ӛсімдіктер мен жануарлардың
биіктік белдеулер бойынша таралуы» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Құрлықты
зоналық аудандастырудағы тікелей әсерлер мен жанама әсерлер. Биік
белдеулердегі түрлер, олардың шығу тегі, таралуы және даму ерекшелігі.
№ 5 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтың флоралық аудандастырылуы»
айрықша кӛңіл бӛлу керек: Материктердің флорасы мен фаунасын салыстыра
зерттеудің флоралық және фауналық аудандастыруға негізделуі. Құрлықты
флоралық аудандастырудағы қазіргі жүйе /А.Л. Тахтаджян (1978)/. Құрлықты
флоралық аудандауды жіктеу негіздері: патшалық, облыс, округтер мен
провинциялар. Патшалықтар: Голарктикалық, Палеотропикалық,
Неотропикалық, Голантарктикалық, Австралиялық, Кап. Патшалықтардың
ішіндегі ең ірісі және құрлықтың жартысынан кӛп бӛлігін алып жатырған-
Голарктикалық патшалық. Кап - патшалықтардың аумақ бойынша ең кішісі.
№ 6 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтың фауналық аудандастырылуы»
айрықша кӛңіл бӛлу керек: Құрлықты фауналық аудандастырудың қалыптасу
және даму кезеңдері. Құрлықты фауналық аудандастыруда зерттеуші
ғалымдардың үлесі. Фауналық аудандастырудың ерекше әдісі құрлықтағы
жануарларды омыртқалылар мен омыртқасыздардың топтарына жіктеу.
Аудандастырудың әр түрлі рангаларындағы айырмашылық эндемиктер.
Қазіргі құрлықты фауналық аудандастыруда П.П. Второв пен Н.Н. Дроздов
жасаған жүйенің қолданылуы.
№ 7 Тақырыпты оқытуда «Қазақстанның ұлттық табиғи бақтарына
сипаттама» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Қазақстанның ұлттық табиғи
бақтарының саны, негізгі қорғау нысандары, табиғатты қорғау заңы туралы
толық мағлұматтар беру.
№ 8 Тақырыпты оқытуда «Қазақстан табиғатын қорғау мәселелері»
айрықша кӛңіл бӛлу керек: Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның
пайдаланылуына экологиялық баға беріңіздер. Қазақстанда түрлер мен
түрлер бірлестігін қорғау мәселелері.
Ӛзіндік жҧмысты (ҥй тапсырмалары) орындауға арналған ҧсынымдар:
Оқытылған тақырып бойынша үй тапсырмасын орындауда келесілерді
білуі тиіс:
Тақырып бойынша теориялық материалдар «Биогеография» пәнінің
негізгі мақсат-міндеттері, ӛзекті мәселелерін, биосфера, биоценоз,
биогеоценоз, экожүйенің анықтамасын, оның негізгі түсінігі, элементтер
және олардың арасындағы байланысты, экожүйе мен геожүйе арасындағы
географиялық айырмашылықтардың негізін, геожүйеге экологиялық
факторлардың және олардың жергілікті әсер ету процестерін қарастырады.
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+
биогеография+

More Related Content

What's hot

Uhriin aj ahui
Uhriin aj ahuiUhriin aj ahui
Uhriin aj ahuiotgooPhh
 
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...Dasapta Erwin Irawan
 
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah Kota
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah KotaRencana Detail Tata Ruang Wilayah Kota
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah KotaPenataan Ruang
 
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)BiruDamar
 
RDTR Labang dsk.pdf
RDTR Labang dsk.pdfRDTR Labang dsk.pdf
RDTR Labang dsk.pdfApriadi Budi
 
DESA PUSAT PERTUMBUHAN
DESA PUSAT PERTUMBUHANDESA PUSAT PERTUMBUHAN
DESA PUSAT PERTUMBUHANArdi Novra
 
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdf
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdfGEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdf
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdfAde Fathurahman
 
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...ijtsrd
 
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografi
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografiMateri pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografi
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografiOperator Warnet Vast Raha
 
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...Deki Zulkarnain
 
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...jopiwildani
 
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...Nurlina Y.
 
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH LAKSMI WIJAYANTI
 
үхрийн махтай ногоотой шөл
үхрийн махтай ногоотой шөлүхрийн махтай ногоотой шөл
үхрийн махтай ногоотой шөлCaraByer
 
өрх сургалт-удирдамж
өрх сургалт-удирдамжөрх сургалт-удирдамж
өрх сургалт-удирдамжgalsan dorj
 
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունում
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունումԲնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունում
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունումHayk Akarmazyan
 
Pedoman umum tata ruang perdesaan
Pedoman umum tata ruang perdesaanPedoman umum tata ruang perdesaan
Pedoman umum tata ruang perdesaanHerman Purba
 

What's hot (20)

Uhriin aj ahui
Uhriin aj ahuiUhriin aj ahui
Uhriin aj ahui
 
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...
Analisis Kualitas Airtanah Dengan Statistik Multivariat Untuk Identifikasi Si...
 
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah Kota
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah KotaRencana Detail Tata Ruang Wilayah Kota
Rencana Detail Tata Ruang Wilayah Kota
 
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)
PPT pengetahuan dasar geografi kd 3.1 kelas X (Biru Damar Cahyanti, S.Pd)
 
RDTR Labang dsk.pdf
RDTR Labang dsk.pdfRDTR Labang dsk.pdf
RDTR Labang dsk.pdf
 
DESA PUSAT PERTUMBUHAN
DESA PUSAT PERTUMBUHANDESA PUSAT PERTUMBUHAN
DESA PUSAT PERTUMBUHAN
 
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdf
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdfGEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdf
GEO SMAN 1 KOTSI Modul Ajar 1 KELAS X.pdf
 
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...
Effect of Agricultural Transformation Agenda Support Program Phase 1 Atasp 1 ...
 
Байрзүйн зураг
Байрзүйн зурагБайрзүйн зураг
Байрзүйн зураг
 
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografi
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografiMateri pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografi
Materi pelajaran geografi sma kelas x hakikat geografi
 
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...
Permen pu20 tahun2007 tt pedoman teknis analisis aspek fisik dan lingkungan, ...
 
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...
X geografi kd 3.1_objek, aspek dan konsep geografi, meliputi objek formal dan...
 
Matriks itbx 2
Matriks itbx 2Matriks itbx 2
Matriks itbx 2
 
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...
Kesesuaian Pemanfaatan Ruang dan Keterpaduan Indikasi Program pada RTRW D.I. ...
 
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH
DRAFT RPP RENCANA PERLINDUNGAN DAN PENGELOLAAN LH
 
PENELITIAN GEOGRAFI
PENELITIAN GEOGRAFIPENELITIAN GEOGRAFI
PENELITIAN GEOGRAFI
 
үхрийн махтай ногоотой шөл
үхрийн махтай ногоотой шөлүхрийн махтай ногоотой шөл
үхрийн махтай ногоотой шөл
 
өрх сургалт-удирдамж
өрх сургалт-удирдамжөрх сургалт-удирдамж
өрх сургалт-удирдамж
 
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունում
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունումԲնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունում
Բնապահպանական միջոցառումներ արդյունաբերությունում
 
Pedoman umum tata ruang perdesaan
Pedoman umum tata ruang perdesaanPedoman umum tata ruang perdesaan
Pedoman umum tata ruang perdesaan
 

Similar to биогеография+

Теория биология Вернадский ппт .pptx
Теория биология  Вернадский ппт    .pptxТеория биология  Вернадский ппт    .pptx
Теория биология Вернадский ппт .pptxAyaulymAqtayeva1
 
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptx
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptxБИОСФЕРА Н. Еркин.pptx
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptxEralashRlh
 
генетика оқулық
генетика оқулықгенетика оқулық
генетика оқулықAsem Sarsembayeva
 
Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы Erjan Beisenhojaev
 
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Muhamedrahim Kursabaev61
 

Similar to биогеография+ (7)

биогеография
биогеографиябиогеография
биогеография
 
ггзн
ггзнггзн
ггзн
 
Теория биология Вернадский ппт .pptx
Теория биология  Вернадский ппт    .pptxТеория биология  Вернадский ппт    .pptx
Теория биология Вернадский ппт .pptx
 
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptx
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptxБИОСФЕРА Н. Еркин.pptx
БИОСФЕРА Н. Еркин.pptx
 
генетика оқулық
генетика оқулықгенетика оқулық
генетика оқулық
 
Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы
 
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

биогеография+

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӚБЕ ӚҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Оқу тҥрі кҥндізгі 2 курс студенттері (магистранттары) ҥшін 5B011600 – «География» мамандығына арналған ВG 2303 Биогеография пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Ақтӛбе қ. 2015 ж.
  • 2. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ҚҦРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ Орындаушылар: г.ғ.к., география кафедрасының доц. Сергеева А.М. (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні) “___”____________20__ ж. Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі География кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т. (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні) “___”____________20__ ж. ІІ КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж. III РЕЦЕНЗЕНТ т.ғ.к., аға оқытушы Хибина З.Н. (дәрежесі, атағы) (қолы) (аты-жөні) “___”____________20__ ж. ІҤ ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТІЛУІНЕ ҦСЫНЫЛДЫ Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж. Ҥ Қ.Жҧбанов атындағы АӚМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ Хаттама № ____ « __ » __________________ 20 __ ж. ҤІ АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20 жыл ТЕКСЕРУ МЕРЗІМДІЛІГІ 2 жыл
  • 3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі № Тапсырма түрі Апталар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 1 Үй жұмысы * * * * * * * * * * * * * * * 2 Лабораториялық жұмыс, сем/практ. сабақтары * * * * * * * * * * * * * * * 3 Дәріс сабағындағы тест сұрақтары 4 Бақылау жұмысы * * 5 Тест тапсырмалары * * 6 Жазбаша сұрақ 7 Аралық бақылау * * 8 Мәнжазба, эссе........... * * 9 Презентация * * 10 Курстық жұмыс (болуы) 11 Тапсырмалардың басқада түрлері (болуы) Ескерту: *- тапсырма саны
  • 4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ № Автор Атауы Шығарылған баспасы Шығарыл- ған жылы Дана саны 1. В. П. Второв, Н. Н. Дроздов. Биогеография – М.: «Владос» 2000 25 2. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Криволуцкий Д.А., Мяло Е.Г. Биогеография с основами экологии – М: «Академкнига» 2003 1 3. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері: оқулық – Алматы: РБК 1995 2 4. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография – Алматы: "Дәуір" 2012 25 5 Темірова А.М., Сергеева А.М. Биогеография – Ақтӛбе 2004 10 6 Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды – Алматы: Ана тілі 1991 6 7 Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования – Алматы: «ЭкономикС» 2003 1 8 Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана (географические аспекты природопользования и охраны природы) – Алматы, «Қазақ университеті» 2006 1 9 Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек : Учебное пособие – М.: ФАИР- ПРЕСС 2000 7 10 Оспанова Г.С. Экология: оқулық – Алматы: «Экономика» 2002 28 11 Ақбасова А.Ж. Экология : Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы – Алматы : Бастау 2003 53 12 Машкин В.И.. –М: 2006 Зоогеография – М.: 2006 1 13 Бобылев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами зоологии – М.: 1998 1 14 Петров К.М. Биогеография – М., «Академический проект» 2006 1 15 Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии – Минск, «Техно принт» 2005 1
  • 5. Дәрістік кешен 1-дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен міндеттері 1-дәріс сабақтың жоспары Биогеография пәні және оны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігі. Биогеография ғылымындағы салыстырмалы географиялық зерттеу әдістері. Биогеография ғылымының зерттелу тарихы. 1-дәріс сабақтың тезисі Биогеография ағзалар мен олардың бірлестігінің географиялық жіктелуін анықтаумен айналысады. Білім негізі қазіргі кездегі физикалық- географиялық (климаттық, гидрологиялық, геоморфологиялық, ландшафттық және т.б.) және палеогеографиялық мінездемелерді санатқа ала отырып, экологиялық ерекшеліктер мен әр түрлі түрлер, топтардың туыстық байланысын географиялық заңдылықтар арқылы кӛрсету болып табылады. Сонымен бірге ағзалар мен олардың қарым-қатынасының географиялық таралуының себебін, біздің ғаламшар тіршілігінің құрылымдық-қызметтік және тарихи ерекшеліктерін ашып кӛрсету басты міндеттердің бірі. Биогеографиялық деректер туралы білімдер мен заңдылықтар биосфера ресурстарын тиімді қолдану мен қорғау сияқты маңызды мәселелерге жауап беру үшін ӛте қажет болып саналады. Осы тұрғыдан биогеография пәнінің практикалық мақсаты – экология және басқа биологиялық ғылымдар, Жер туралы ғылымдардың жалпы қызметімен бірлікте қарастырылады. Биогеографияның ӛзіне тән ерекшелігі жағынан әр түрлі мекендердің органикалық әлемдері туралы толық, кешенді ұғым алу болса, екінші жағынан осы берілгендерді ашу, түсіндіру мен саралау салыстырмалы географиялық жол кӛрсету болып табылады. Биогеография ғылымы салыстырмалы географиялық зерттеу әдістері кӛмегімен биосферадағы кездейсоқ және жоспарланған әр түрлі құбылыстардың қорытындысына болжау жасай алады. Сондықтан бұл кезде биогеография табиғаттың ӛзі қойған тәжірибелерін бақылаушы және түсіндіруші ретінде ғана болады. Биогеографияда биологиялық және географиялық ғылымдарға ортақ түсініктер мен ұсынымдар қолданылады. Оған қоса биогеограф міндетті түрде ӛсімдіктер мен жануарлардың жіктелімі мен экологиясын, ландшафттану және физикалық-географиялық пәндерді, картография, геохимия, топырақтану және басқа да математикалық мағлұматтар сияқты маңызды бӛлімдерді білу қажет. Белгілі бір аймаққа қоныстанған жануарлар мен ӛсімдіктердің әр түрлілігі туралы айтқанда, ең бірінші биоценозға, қауымдастық түрлеріне тоқталамыз. Егер бір аймақта тек қана қылқан жапырақты орман, ал екіншісінде қылқанды, жалпақ жапырақты, аралас жапырақты, батпақты және тоған болса, онда екінші аймақта ӛсімдігі мен жануарлар таралуының кӛптүрлілігі
  • 6. басымырақ. Сонымен бірге тек қана орманы бар бірінші ауданда орманы, тоғаны, батпағы бар, екінші ауданмен салыстырғанда ӛсімдіктер мен жануарлар қосындысы соңғысында кӛп болуы мүмкін. Осы екі ауданда берілген түрлердің саны басқа құбылысты, соның ішінде фауналық және флоралық әр түрлілікті (байлықты) сипаттайды. Бұл байлық сонымен бірге туыс, тұқымдас және т.б. жүйелік категориялармен де анықталуы мүмкін. Берілген аймақтағы ӛсімдіктердің түрлері мен басқа жүйелік категорияларының бірлестігін – сол аймақтың флорасы деп, ал жануарлардың түрлері мен басқа жүйелік категорияларының бірлестігін – сол аймақтың фаунасы деп атайды. Зооценоз бен фитоценозды, ӛсімдіктер мен жануарлардың таралуымен байланысты биоценозды құрастырады. Ал аумақтың әр түрлі рангтегі токсондармен қаныққанын кӛрсететін флора мен фауна байланысын биота деп атаймыз. Швед ғалымы К.Линнейдің (1707- 1778) атақты еңбегі «Табиғат систематикасы» жазылып, осы еңбегінде ол ӛсімдіктер мен жануарларды қос атпен атауды енгізді және жүйелік категориялардың тармақтарын жасады. XVI ғасырда дүниенің пайда болуынның географиялық таралу заңдылықтарын діни кӛзқарастармен байланыстырады. Биогеография ғылымындағы тұжырымдалған алғашқы еңбектер XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шықты. А. Гумбольд – биогеография ғылымының негізін қалаушы. Ол геоботаникалық білімді жүйеге келтіріп, алғаш рет ӛсімдіктер жамылғысының жер шарына таралуының климатқа байланыстылығын дәлелдейді. Жер шарының әр түрлі аудандарының флораларын салыстырмалы зерттеу және ӛсімдіктердің таралу тәсілдері жайында ӛсімдіктердің жеке түрлері мен бүкіл ӛсімдіктер жабындысына қазіргі географиялық ортаның факторларының әсерін зерттеп, әр түрлі еңбектер жарыққа шыға бастады. Жер шарының әр түрлі аудандарының флорасы бойынша жұмыстар, оның ішінде К.Ф. Ледебурдың (1841-1853) Ресей флорасының алғашқы тӛрт томдығы шықты. Осы кезеңдегі ірі ботаник-географтардың ішінен О. Декандоль мен А. Декандольді (Франция) және Д. Гукерді (Англия) атауға болады. XIX ғасырдың ортасында ботаникалық географиядан жиналған мәліметтердің мӛлшері, зоогеографиялық ақпараттарға қарағанда әлдеқайда бай болды. Сондықтан сол кезеңде биогеографияның айқын дифференсацияланған екі тармағы: ботаникалық география (ӛсімдіктер географиясы) және зоологиялық география (жануарлар географиясы) қалыптасты. 1859 жылы Ч. Дарвиннің табиғи сұрыптау жолымен түрдің пайда болу теориясы шықты. Түрлердің пайда болуының он екінші және он үшінші тараулары түрлердің географиялық таралу мәселелеріне арналған. Ч. Дарвиннің осы еңбегінің жарыққа шығуына байланысты биогеография ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Ботаникалық географиядан А. Гризебах «Жер шарындағы ӛсімдіктер» (1872), Е. Варминг «Ӛсімдіктердің географиялық экологиясы» (1896), И. Г.
  • 7. Борщов «Арал-Каспий ӛлкелерінің ботаникалық географияға арналған материалдары» (1865), ботаникалық географиядан А. Н. Бекетовтың алғашқы (1896) оқулығы т.б. авторлардың еңбектері шыға бастады. П. Л. Склеттер (1875) зоогеографиялық облыстардың жүйесін жасайды, осы жүйе азғантай ӛзгеріспен қазіргі кезде де қолданылады. XX ғасырдың басына таман жануарлар мен ӛсімдіктердің бірлестігі туралы ғылым – биоценология дами бастады. XX ғасырда биогеографияға жалпы географиялық пікірлер енгізілді. В. В. Докучаев табиғи белдеулер туралы ілімді, ал Л. С. Берг ландшафт туралы ілімді жетілдіріп, қалыптастырғаннан кейін биогеография ғылымның бір саласы ретінде дамыды. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 2-дәріс Тақырыбы: Биосфераның ерекшеліктері мен компоненттері 2-дәріс сабақтың жоспары Биосфера туралы ұғым. В.И. Вернадскийдің биосфера жайлы ілімі. Табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар. Биогеосфералардың тепе- теңдігі қамтамасыз ететін табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар. 2-дәріс сабақтың тезисі Биосфера дегеніміз жер шарының тіршілік қабығы. Ол қабықшада ӛсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және адамдар тipшілігi жинақталған. Биосфераны "тіршілік әлемі" туралы ілім ретінде қалыптастырған академик В.И. Вернадский. Биосфера қалыптасуында тipi организмдер нeгізгi рольді атқарды. В.И. Вернадский бұл қабықшада үш нeгізгi компоненттерін бӛліп кӛрсетті: 1) Tipi организмдер (олардың жиынтығы, тipi заттар); 2) Tipi заттар биогенді айналысқа eндірген минералды заттар; 3) Tipi заттар қызметі нәтижесінде пайда болған ӛнімдер, уақытша биогенді айналымға қатыспайды. Қaзipгi заманғы биосфера ӛте күрделі жүйе, ол кӛптеген компоненттерден тұрады. Биосфера туралы ілімді жете зерттеп, негізін қалаған академик В.И. Вернадский жер планетасын мекендейтін және органикалық заттарды үздіксіз айналымға қосу үшін күн энергиясын пайдаланатын барлық организмдер
  • 8. жиынтығын биосфера деп атады. В.И. Вернадский бойынша биосфера ұзақ уақытта жетіліп, қалыптасқан бip-бірімен байланысқан ipi биологиялық кешендер. Биосфера тек қана организмдерді ғана емес, олармен бipгe планетада жүріп жатқан барлық химиялық және геологиялық процестерді қамтиды. Академик В.И. Вернадский кӛрсеткендей "тipi заттар" космос энергиясын жинақтайды және ол энергиялар жердегі процестерде химиялық, механикалық, жылу, электр және т.б. трансформацияланып, ӛлі материямен үздіксіз зат алмасуда болып, жаңа тipi заттар түзіліп, органикалық дүниенің эволюциясына үлесін қосады. Биосфера құрылымына жер бетіне жақын ең тығыз және энергияға бай тропосфера, топырақ қабаттары, сулардың беткі қабаттары, ӛсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер енеді. Биосферада энергиялық қозғаушы күш – күн сәулесі. Биосфера қалыңдығы жер планетасының әр аумағында түpлiше. Мысалы, жартастарда, тундрада, далада, шӛлде бірнеше метр ғана болса, ормандарда алуан түрлі. Тipi организмдердің тіршілігі (Аустралиядағы эвкалипт орманында, Солтүстік Америкадағы мамонт ағаштары ормандарында және т.б.) жүздеген метр болады. Бірақ биогеосфераның жоғарғы және тӛменгі шекаралары онша анық емес, олар бip-бipiнe кipiгiп кетуі де мүмкін. Организмдер газдар құрамын қалыптастырады, әcipece ауаның диффузия құбылысына байланысты жерге жақын қабаттарына әсер етеді, бірақ та диффузия құбылысына байланысты организмдердің әcepi биогеосфераның жоғарғы қабаттарына да жетеді. Озон қабатына да әсер етеді. Организмдер озон қабатының қалыптасуына әсерін тигізіп, ауа, газ құрамының тұрақтануына қатысады. Организмдер жер бетінде күн сәулесі энергиясының ӛзгеріп жиналуына да әсер етеді. Академик В.И. Вернадский бойынша планетадағы организмдер (тipi зат) жер қыртысындағы, әcipece жоғарғы қабаттарының минералогиялық және химиялық құрылымына әсер етіп қалыптасуына қатысады. Биогеоценотикалық байланыстар табиғатта биогеосфераның әр түрлі бӛліктерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар әр түрлі және ӛте күрделі. Табиғаттағы биогеосферадағы тепе-теңдіктің бұзылуы ӛте қиын жағдайларға алып келеді. Табиғи байлықтарды дұрыс пайдаланбаса, шаруашылықтағы қателіктер апатқа ұшыратуы мүмкін. Техникалық құралдармен, әр түрлі жаңа энергетикалық ресурстармен қаруланған адамзат табиғи ресурстарды және биогеосфера құрылымын бақылауға алып және ӛзінің қажеттілігіне байланысты ӛзгерте бастады. Бірақ адамдардың мұндай қызметі кейде күткен нәтижелер бермейді. Биогеосфералардың тепе-теңдігі қамтамасыз ететін табиғаттағы биогеоценотикалық байланыстар әр түрлі және күрделі, олардың кейбіреулерін ескермеу ӛте қиын жағдайларға алып кeлyi мүмкін. Табиғатта жүріп жатқан процестерге кipicy, тек терең кешендік зерттеулердің нәтижесінде жасалған болжамдар негізінде келешекте оның ешқандай зияны болмайтындығына кӛз жеткізіп барып, іске асырылуы керек. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003.
  • 9. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 3-дәріс Тақырыбы: Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері 3-дәріс сабақтың жоспары Биогеоценоз. Биогеоценоздардың шекарасы. Биогеоценоздардың тipi компоненттері. Биогеоценоз құрылысы. Биогеоценоз және экожүйенің қатынасы. 3-дәріс сабақтың тезисі Биогеоценоздарды терең түciнy және олардың тіршілігінің заңдылықтарын білу үшін зерттеу жұмыстары ұзақ уақыт тікелей табиғи жағдайда, питомниктерде, вегетациялық үйлерде және зертхана жағдайында стационарлық жұмыстар жүргізілуі керек. Табиғатта биогеоценоздарды зерттеу биогеоценоздардың белгілі бip типіне қатысты болуы керек. Сондықтан кез-келген биогеоценотикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу алдында табиғатта алдымен биогеценоздарды типке бӛлу керек. Биогеоценоздар типін бӛліп алу сол жердің рельефі, топырағы және ӛсімдіктер жабынының ерекшеліктері негізінде жасалады. Биогеоценоздар типтерін бӛлумен қатар оларды зерттеу жұмыстары жүргізілетін белгілі бip орындарды белгілеп алу ӛте жауапты міндет. Биосфераның iшкi біркелкі бӛлігі биогеоценоз деп атайды. Бұл түciніктi ғылымға енгізген академик В.Н. Сукачев. Ол биогеоценозға мынадай анықтама берді: планетадағы атмосфера, тау жыныстары, ӛсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер әлемі, топырақ және гидрологиялық жaғдaй сияқты біркелкі табиғи құбылыстардың жиынтығы; құрамындағы компоненттер арасында ерекше ӛзара әрекеттестігі бар, ӛзара және табиғаттың басқа да құбылыстарымен зат және энергия алмасуы бар, iшкi қарама-қайшылықтағы біркелкі, тұрақты қозғалыста, дамуда болатын жиынтық. Биогеоценоз құрамына рельеф, жердің тартылысы, уақыт кірмейді, ӛйткені олар материалдық денелер емес, биогеоценозға зат, энергия әкелмейді, сондықтан биогеоценотикалық метаболизмге қатыспайды, бipaқ олар биогеоценоздарға әр түрлі дәрежеде тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, рельеф зат алмасу процестерінің бағытына қарқындылығына және биогеоценоздардың кeңicтіктeгi орналасуына әсер етеді. Жоғарыда аталғандар биогеоценоз компоненттері емес, олар тек факторлары. Биогеоценоздар факторларына В. Н. Сукачев адамдар қызметін де жатқызады. Ол биогеоценоздар компоненттерін пайдалануға байланысты. Биогеоценоз
  • 10. құрылымы және қызметіне байланысты табиғаты әр түрлі тipi және ӛлі компонеттерден тұрады. Биогеоценоз олардың тек механикалық қосындысы емес, ол ӛте күрделі жүйе. Ол жүйе ерекше заңдылықтарға байланысты дамиды. Биогеоценоздардың кеңістіктегі шекарасы фитоценоздар шекарасымен анықталады. И. И. Пономорева (1978) бойынша биогеоценоз құрылысын барлық уақытта тӛртке бӛлуге болады: 1. Абиотикалық орта, яғни ӛлі табиғаттың барлық факторларының кешені, одан биоценоз тіршілікке қажетті нәрселерді алады және айырбас ӛнімдерін сол ортаға бӛліп шығарады; 2. Жасыл ӛciмдіктep кешені, осы биогеоценозда тіршілік ететін барлық организмдерді қажетті органикалық заттармен және энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл әрине продуценттер немесе түзушілер, олардың арасында хемосинтездеуші организмдер де бар; 3. Консументтер немесе тұтынушылар, бұлар продуценттер жасаған қоректік заттардың есебінен күн кӛрушілер; 4. Редуценттер немесе ipiтушілep. Бұларға микроорганизмдер – бактериялар, саңырауқұлақтар немесе қарапайымдар жатады. Редуценттерге жататын организмдер органикалық қосылыстарды минералды күйге дейін ipiтeдi. Бұл тӛрт буынның арасында тығыз байланыс бар. Әpбip буынның қасиеті басқа буындардың қасиеттерін анықтайды. Биогеоценоздағы организмдердің тіршілігі, процестері сыртқы ортамен қатынасу аясында жүреді. Биогеоценоз және экожүйенің қатынасын былайша түсінуге болады. Биогеоценоз – бұл фитоценоздың шекарасындағы экожүйе. Географиялық терминдерден биогеоценозға ең жақыны – фация. Фация дегеніміз – ландшафттың ішкі компоненттер құрамы жағынан ең біркелкі бӛлшегі. Академик В. Н. Сочаваның пікірінше, фация және биогеоценоз ұғымдары синонимдер, бipaқ әр түрлі тұрғыдан қаралады. Фация геоботаникалық тұрғыдан, биогеоценоз - энергетикалық тұрғыдан қарастырылады. Кӛп жағдайда фация және биогеоценоз шекаралары сәйкес келмейді; биогеоценоз фациямен салыстырғанда біркелкілеу, ұсақтау, оған қосымша фация ұғымына типологиялық мағына беріледі. Биогеоценологияда биогеоценоздарды зерттегенде зерттеу жұмыстары негізінен биогеоценоз компоненттерінің байланыстарын ашуға және олардың арасындағы материалдық энергетикалық қарым-қатынастарға талдау жасауға бағытталады. Фацияларды зерттеу олардың морфологиясын, құрылымын, кеңістіктегі кездесуін сипаттауға белгілі бip мекенді, ланшафтты, фацияны картаға түcipiп бӛлуге бағытталған. Биогеоценоздар организмдер қауымдары мекендеген аумақтармен тікелей байланысты. Биогеоценоз – нағыз табиғи зертхана, онда бip уақытта әр түрлі процестер және реакциялар жүріп жатады. Олардың ішіндегі биосфера үшін ең маңыздысы әрине биогеоценоздың компоненттері және биогеоценозбен қоршаған орта арасындағы зат және энергия алмасу процестері. Ол процесті академик В. Н. Сукачев негізгі биогеоценотикалық процесс деп
  • 11. атады және сол процестерді зерттеуді биогеоценологияның негізгі міндеті деп санады. Биогеоценологияның бұл басты міндетін шешу биогеоценоз компоненттерінің (фитоценоз, зооценоз, микробиоценоз) құрамын және құрылымын талдамау мүмкін емес. Ол үшін биогеоценоз компоненттepi арасындағы зат және энергия берілетін қоректену деңгейіне сандық баға бepiп анықтау керек. Биогеоценотикалық жүйелердегі жұмыстардың iшiндeгi ең маңыздысы ол әрине ӛсімдіктер биомассасының түзілуі. Биогеоценоздардың тipi компоненттері - ӛсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер, қызметтік тұрғыдан экотоптар ресурстарын әр түрлі органикалық заттарға трансформациялайды, яғни күн cәyлeci тұрақты органикалық заттарға айналады. Мұндай трансформация (ӛзгеруі) организмдер қоректенуінде, тыныс алғанда, ӛсу процесінде іске асады. Олардың ішінде үш бip-біpімен байланысты үш буынды ажыратуға болады: 1) алғашқы продуценттер немесе автотрофтар, олар алғашқы органикалық заттарды түзеді; 2) консументтер-дайынорганикалықзаттардыпайдаланушылар; 3) редуценттер - органикалық заттарды бұзушылар. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 4-дәріс Тақырыбы: Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар 4-дәріс сабақтың жоспары Экотоп, мекендеу ортасы, биотоп, ортаға әсер етуші факторлар. Абиотикалық факторлар. Биотикалық факторлар (биогендер). Экологиялық пирамидалар. 4-дәріс сабақтың тезисі Тіршілік ортасы – қазіргі тіршілік етіп жатқан ағзалар негізінде пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар. Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезеңдеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады. Тірі ағзалар тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен
  • 12. мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" – тіршілік, "topos" – орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" – жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумақта тіршілік ететін барлық тірі ағзалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" – тіршілік, "ge" – Жер,"koinos" – жалпы) деп атайды. Биотоп (био... және грек. tpos – орын) – Жер бетінің (құрлықтың немесе суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес ӛңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы ағзалардың немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. Биоценоздың жер бедері, климаттық жағдайы шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы немесе судағы алатын орны. Биотоп ӛзінің табиғи және тарихи қалыптасқан географиялық орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздардың анорганикалық құрылымдарынан тұрады. Биотоп – биоценоздың бӛлінбейтін құрамдас бӛлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі бірлестік – биогеоценоз құрайды. Экологиялық пирамидалар – экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен ӛрнектелген арақатынас (санмен ӛрнектелуі – Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты – энергиялар пирамидасы). Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бӛлінуі мынадай факторларға байланысты: 1) кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек кӛбейеді; 2) жыртқыштардың әр түріне оңтайлы кӛлемді жемтіктер азық болады. Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның тӛмендеуін кӛрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоӛнімнің – фитомассаның негізгі мӛлшерін жасайды. Ӛсімдіктердің ӛзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Ӛсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі ӛсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады. Ортаның барлық факторларын бірнеше топтарға біріктіруге болады: I. Абиотикалық факторлар (абиогендер): 1) климаттық – жарық, жылу, ылғалдылық, су, ауа; 2) эдафикалық – жер бетінде тіршілік ететін ағзалар үшін – топырақ, ал су ағзалары үшін – су; 3) жер бедер факторлары;
  • 13. II. Биотикалық факторлар (биогендер): 1) ӛсімдіктердің ӛсімдіктерге әсері; 2) жануарлардың ӛсімдікке әсері; III. Антропогендік факторлар (адамның биоценоздарға әсері). Орта факторлары әрқайсысы жеке-жеке әсер етпей, барлығы қосылып бірлікте әсер етеді. Сондықтан бір фактордың әсері екінші фактордың әсер ету дәрежесіне байланысты болады. Орта факторларының ішінен биоценоздар мен ағзалардың жер бетіне таралуына үлкен әсер ететіні әрі негізгі фактор климаттық – жарық, температуралық режим және жауын- шашын режимі (ылғалдылық). Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 5-дәріс Тақырыбы: Ареалогия мәселелері 5-дәріс сабақтың жоспары Ареалогия ареалдар жӛніндегі биогеографияның маңызды салаларының бірі. Биогеографиялық аудандастыру, фауналық және флоралық аймақтарды бӛліп кӛрсетуге және ареалдарды талдау. Ӛсімдіктер мен жануарлардың ареалдар карталарын құрастыру. 5-дәріс сабақтың тезисі Ареал – белгілі бір түрдің популяциясы, ұзақ уақыт тұрақты түрде кездесетін акваторияның немесе құрлықтың бір бӛлігі. Ареалогия ареалдар жӛніндегі биогеографияның маңызды салаларының бірі болып табылады. Ареалогияның негізгі міндеті – түрлердің, тірі ағзалардың жүйелік таксондарының географиялық таралу заңдылықтарын талдау. Биогеографиялық аудандастыру, фауналық және флоралық аймақтарды бӛліп кӛрсетуге және ареалдарды талдауға негізделеді. Биогеографияда зерттеудің басты нысаны түрдің таралу ареалы болып саналады, ӛйткені түр – бұл тірі ағзалардың бастапқы және негізгі таксономиялық категориясы. Ареал – биологиялық түрдің маңызды географиялық сипаттамасы. Ареалдың қалыптасуы тірі ағзалардың эволюциялық процесі кезінде және қоршаған орта жағдайларына байланысты жүзеге асады. Ареал жӛніндегі ұғым мен түсініктер тек оны карталар, картосхемаларда кескіндеу, сұлбасын жасау кезінде ғана мүмкін болады.
  • 14. Бір түрдің толық бір ареалда мекендеп, таралуы табиғатта сирек кездеседі. Түрдің популяциясы тек оған тән мекен ету ортасын қамтиды. Түрлердің таралу сипатын, оның белгілі бір ландшафттың географиялық жағдайға сабақтастығын ареалдың құрылымы анықтайды. Демек, ареал қарапайым кӛптеген аумақтардан тұрады, бұларда бірнеше таксондар кездеседі. Ареалды әр түрлі дәрежеде зерттеуде түрдің белгілі бір қоршаған ортаның жағдайларымен байланысын және оның оқшаулану себептерін кӛрсетуге болады. Мекен ету ортасының кӛп бӛлігін қамтитын түр немесе ӛсімдіктердің ӛсуі, сондай-ақ жануарларда бір түрдің жоғары санының болуы ценоареал деп қарастырылады. Ценоареал ареалдағы түрдің орны мен экологиялық-биологиялық қасиеттерін түсіндіруге және қолайлы аумақ жасауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, түрдің ресурс ретінде маңыздылығы жоғары болған жағдайда тиімді. Ӛсімдіктер мен жануарлардың ареалдар карталары ағзалардың таралуындағы жалпы географиялық заңдылықтарды анықтауға, салыстыруға қолданылады. Ареалдың кӛп бӛлігін салыстырмалы талдау, олардың әркелкі типтерінің шектеулі санына байланыстылығын кӛрсетеді. Ӛсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің ареалдар карталарын талдау және салыстыру кезінде олардың конфигурациясында, ӛлшемдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқауға мүмкіндік туғызады. Олар ӛз кезегінде жануарлар мен ӛсімдіктердің географиялық таралуындағы кейбір жалпы заңдылықтарды кӛрсетеді. Түрлердің саны мен олардың ендік бойынша айырмашылықтары ареалдардың жалпы географиялық бӛлінуіне негіз болып, тропиктік, бореалды, арктикалық таралу типтерін ажыратуға себеп болады. Ендіктік орналасу негізгі географиялық белгілердің бірі болып табылады, және ол климаттық факторлармен анықталып, түрлердің таралуына тікелей немесе жанама жағдайларда әсер етуі ықтимал. Бір ендікте орналасқан ареалдар арасындағы айырмашылықтар мұхит- құрлық сипатында бӛлінеді. Бұл әсіресе, ендік бағытында Евразия мен Солтүстік Америка материктерінің аумақтарында континенті климаттық жағдайларға байланысты анық байқалады. Евразияның гумидті облыстарында ареал топтарының бӛлінуі олардың шығыс шекаралары Еділ ӛзені мен Орал тауларына, батысы Орта Сібір таулы үстіртіне және Охот теңізінің суайрық алабына жетеді. Ареалдарда типке бӛлудегі негізгі белгілердің бірі болып, түрлердің саны мен мӛлшерлері қолданылуы мүмкін. Бірнеше шаршы шақырымдарды одан да аз аумақтарды алып жатқан ареалдармен қоса, аймақтар, материктер мен жер шарын қамтитын ареалдар да кездеседі. Кейде түр биотикалық облыс ретінде жергіліктілігімен ерекшеленеді. Мұндай түрлер эндемиктер, ал ареалды эндемиктік деп атайды. Шағын ареалдарға аралдық, үңгірлік формалар тән. Мәселен, тау аңғарлары, тау үстірттерінің жоғары ендіктері. Бұл ареалдарды бунақденелі жәндіктердің жорғалаушы түрлері мекендейді.
  • 15. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 6-дәріс Тақырыбы: Құрлықтың флоралық жіктелуі 6-дәріс сабақтың жоспары Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Дүние жүзінде патшалықтар: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап. Патшалықтар жоғарғы түр және тұқымдық энделизммен сипатталатын облыстарға бӛлінеді: сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тән. 6-дәріс сабақтың тезисі Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Патшалық атауы түгелімен максимальді ӛзіндік флорасымен сипатталатын және жоғарғы эндемиктік таксондары бар аймақтарға беріледі. Дүние жүзінде барлығы 6 патшалыққа бӛлінеді: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап. Патшалықтар жоғарғы түр және тұқымдық энделизммен сипатталатын облыстарға бӛлінеді: сондай-ақ әрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тән. Құрлықтың флоралық жіктелуінде барлғы 34 облыс бар, олар ӛз кезегінде провинцияларға бӛлінеді. Тӛменгі хронологиялық бірлік округ болып саналады. Голарктикалық патшалық. Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі Голарктикалық ең ірісі және барлық құрлықтың жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына қарамастан, патшалықтың жекелеген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз байланысты және шығу тегі бір. Голарктикалық патшалық үш патшалықшаға бӛлінеді: Бореальды, Ежелгі Жерорта теңіздік және Мадреандық. Бореалды патшалықша Голарктикалық патшалық арасындағы -ең кӛлемдісі, ол бай флорасымен сипатталады, басқаларымен салыстырғанда эндемиктік түрлер мен тұқымдастар анағұрлым кӛбірек кездесетіндігімен ерекшеленеді. Бореальдік патшалықшаның кейбір облыстарына ежелгі және қарапайым тұқымдас пен түрдің маңызды бӛлігі тән. Оларды 4 облысқа бӛліп қарастырады: 1. Циркумбореальды (Еуропа-Сібір-Канада) облысы; 2. Шығыс
  • 16. Азия (Жапония-Қытай) облысы; 3. Атлантикалық-Солтүстік Америкалық облыс; 4. Қатпарлы таулар облысы. Ежелгі Жерорта теңіздік патшалықша батыстағы Макаронезиядан бастау барлық Жерорта теңізін, Азияның Орталық және алдыңғы аудан жіктері арқылы шығыстағы Монғолияға дейінгі орасан зор аумақты қамтиды. 1. Макаронезия облысы; 2. Жерорта теңіздік облыс; 3. Сахара-Аравия облысы; 4. Иран-Тұран облысы. Мадреан (Сонор) патшалықшасы. Солтүстік Америка мен Мексика таулы қыратының оңтүстік-батыс бӛлігінің флорасы бореальды және Ежелгі Жерортатеңіздік патшалықшадан ерекшелігі – толық және ӛз алдына патшалықша ретінде қарастыруға болады. Үнді-Малайзия патшалықшасы. Патшалықтың ауқымды территориясының бӛлшектерге бӛлінуіне қарамастан, оның флорасы үшін әр түрлі таксономиялық рангтың ортақ кӛптеген элементтері бар. Бұл территорияға ӛте жоғары эндемизм тән: патшалықша флорасы 11 эндемиктік түрлерден тұрады. Қазіргі деректерге сәйкес мұнда жер шарындағы ең ежелгі флора - гүлді ӛсімдіктер шоғырланған. Патшалықша 5 облысқа бӛлінеді: Үнді, Малайзия, Үндіқытай, Папуас және Фиджи. Африка патшалықшасының құрамына Африка құрлығының үлкен бӛлігі, Аравия түбегінің тропикалық шӛлдері, Иранның, Пәкістан мен Солтүтік- батыс Үндістанның тропикалық шӛлдері кіреді. Ӛсімдік жамылғысы тропикалық орманның ылғалды және ксерофильді түрінен, тропикалық сирек ормандар мен бұталар, саваннаның түрлі формалары, шӛлдерден тұрады. Мынадай облыстарға жіктеледі: Судан-Замбезий, Гвинея-Конголезия, Карру- Намиб облысы, Әулие Елена және Вознесения аралдары. Мадагаскар патшалықшасы Мадагаскар аралы мен оған кӛршілес аралдар тобын - Маскарен, Сейшель, Амиран, Комор, т.б. қамтиды. Мұнда тек бір облыс - Мадагаскар, Мадагаскар флорасы ежелгі географиялық оқшаулану жағдайында қалыптасты. Ал бұл оның ӛзіндік және ерекше жоғарғы эндемизмін анықтайды. Мұнда 9 эндемиктік тұқымдас, 450 эндемиктік түр, гүлді ӛсімдіктердің түр эндемизмі 89%-ға жетеді. Полинезия патшалықшасы. Бұл патшалықшаға 2 облыс кіреді – Гавай және Полинезия – эндемиктік тұқымдастар жоқ, таза аралдық флорасы бар. Полинезия флорасы Үнді-Малайзия патшалықшасынан туындаған. Ол әр түрлі дүние бӛліктеріндегі ӛсімдіктер миграциясының арқасында мұхит аралдары мен архипелагтарда географиялық оқшаулану жағдайында дамыды. Осылай Гавай облысы флорасының құрамында шығу тегі үнді-малайзиялық ӛсімдіктер басым болып келеді. Жаңа Каледония патшалықшасы бай, ӛзіндік флорасымен ерекшеленеді. Патшалықша Жаңа Каледония облысынан ғана тұрады, оған Жаңа Каледония, Пен (Куния) және Луайото аралдары кіреді. Осы аралдарға бірнеше эндемиктік тұқымдастар мен шамамен 110 эндемиктік түрлер тән. Түр эндемизмі 85 %-ға жетеді. Неотропикалық патшалық. Неотропикалық патшалық 5 облысқа жіктеледі - Кариб, Гвиана таулы үстірті, Амазонка, Бразилия және Анд. Ең
  • 17. ежелгі және ӛзіндік флора Гвиана таулы үстіртінің облысында шоғырланған. Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды, ал биік тауларда - 95%-ға дейін бар деп есептеледі. Голантарктикалық патшалық. Голантарктикалық патшалық бұл салыстырамалы түрде кедей патшалық, 11 кіші эндемиктік тұқымдас пен эндемиктік туыстың маңызды бӛлігінен тұрады. Голантарктикалық патшалыққа 4 облыс кіреді – Хуан-Фернандес, Чили-Патагония, Субантарктикалық аралдар облысы және Жаңа Зеландия. Жаңа Зеландия облысының флорасы ерекше. Эндемиктік тұқымдастар жоқ. Бірақ 50 эндемиктік түрлер бар, Жаңа Зеландия қылқанжапырақтыларының флорасында 100%-ға жететін түр эндемизмі жоғары. Аустралия патшалығы. Аустралия флорасы ӛзгеше және эндемизмнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұнда эндемиктік тұқымдастар қатарынан және 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Патшалық 3 облысқа жіктеледі - Солтүстік-Шығыс Австралия, Оңтүстік Батыс Аустралия немесе Эремей. Кап патшалығы. Кап патшалығы кӛлемі бойынша ең кіші патшалық, ерекше ӛзіне тән флорасының негізінде Африканың негізгі бӛлігінен ерекшеленеді. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 7-дәріс Тақырыбы: Құрлықтың фауналық аймақтары 7-дәріс сабақтың жоспары Әр түрлі дәрежедегі фауналық аудандастыру категориясының бӛлінуі негізінен эндемизмнің деңгейі. Патшалықтар – фауналық аудандастырудың жоғарғы категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың кӛпшілігі 4 патшалыққа жіктелуі. Бұл – Нотогей, Неогей, Палеогей, Арктогей. 7-дәріс сабақтың тезисі Әр түрлі дәрежедегі фауналық аудандастыру категориясының бӛлінуі негізінен эндемизмнің деңгейі бойынша, яғни эндемиктік топтар саны
  • 18. бойынша жүргізіледі. Осындай, патшалықтар эндемиктік отрядтың (қатар) болуымен (немесе жоқ болуы), облыстар - эндемиктік тұқымдастың орналасу сипаты бойынша, облысша-эндемиктік түрдің, кейде тұқымдастың таралу сипаты бойынша анықталады. Патшалықтар – фауналық аудандастырудың жоғарғы категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың кӛпшілігі 4 патшалыққа жіктейді. Бұл – Нотогей, Неогей, Палеогей, Арктогей. Олар негізінен сүтқоректілер фаунасының ескілік дәрежесімен анықталады. Нотогей патшалығы 2 облыстан тұрады - Аустралия және Антарктида. Нотогей фаунасының кедейлігімен және кӛнелілігімен ерекшеленеді. Кӛнелік Австралия, Антарктида және Оңтүстік Американың оңтүстігін біріктірген оңтүстік праматериктің болуымен түсіндіріледі, ал Нотогей фаунасының қазіргі кедейлігі патшалықтың әр түрлі аймақтарында аридтік және мұз басу процестерімен географиялық оқшаулануына негізделеді. Неогей патшалығына Неотропикалық облыс қана кіреді. Бұл патшалық қалталылардың 2 тұқымдасының және шамамен бунақденелі сүтқоректілердің болмауымен сипатталады. Палеогей патшалығы 2 облысқа бӛлінеді: Эфиопия және Үнді-Малай. Бұл патшалықта кесірткелер отряды, даман, түтікшетүсті, тұмсықты (пілдер), маймылдар отряды (лемур, лори) эндемик болып табылады. Арктогей патшалығы голарктика облысынан тұрады, бірақ ауқымды кеңістікті алып жатыр: жер шарының бүкіл солтүстік тропикадан тыс бӛлігі. Мұнда қалталы сүтқоректілер мүлдем кездеспеді. Сүтқоректілерден - су тышқаны, құндыз, қосаяқтылар эндемиктерге жатады. Рептилийден улы тісті кесірткелер тұқымдасы, құйрықты амфибий - бұрыштістілер тұқымдасы, амбист, саламандр эндемик болып табылады. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 8-дәріс Тақырыбы: Құрлықтың негізгі биомдары 8-дәріс сабақтың жоспары Құрлықтың негізгі биомдарына сипаттама. Дүние жүзіндегі табиғат зоналары. Әлемдегі биоалуантүрлілікті қорғау.
  • 19. 8-дәріс сабақтың тезисі Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік ормандар. Тропиктік ормандар, сирек ормандар мен бұталар. Саванналар. Мангрлар. Шӛлдер. Субтропиктік ормандар және бұталар. Дала және прерилер. Қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары Қылқан жапырақты ормандар аймағы. Тундра және орманды тундралар. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 9-дәріс Тақырыбы: Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері 9-дәріс сабақтың жоспары Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы табиғи жағдайлар мен ландшафттардың алуан түрлілігі. Қазақстанды биогеографиялық аудандастыру мәселелері. Қазақстандағы экологиялық мәселелер. 9-дәріс сабақтың тезисі Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы табиғи жағдайлар мен ландшафттардың алуан түрлілігімен айқындалады. Еліміз Сібір тайгасы мен Орта Азиялық шӛлдер, Тянь-Шань таулары арасында орналасқан. Қазақстанда шӛлейтті ӛсімдіктер ӛсетін Үстірт, Бетпақ даланың тастақты шӛлді жазықтары, Іле ӛзенінің оңтүстік жағалауындағы таулар және Оңтүстік Балқаш маңының сексеуілді ормандары мен құмдары; Алматы облысындағы бұталы таулар қарағайлы, қайыңды, шыршалы Алтай тауларындағы ормандар, Іле мен Ертіс ӛзендерінің жағалауларындағы қарағайлы ормандар, Жоңғар Алатауының ормандары, Батыс Тянь-Шань тауларының ормандары, шӛлді аймақ ӛзендерінің сексеуілді және тоғайлы жазықтары, т.б. жер бедер формалары бар. Экологиялық дағдарыстың бірінші тобына қарқынды ӛндірістік игеру аймақтары болып табылатын Каспий және Арал аймақтары жатады. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтӛбе және Қызылорда облыстарындағы экологиялық жағдай табиғи апаттармен (Каспий теңізінің деңгейінің ауытқуы, Арал теңізінің тартылуы) қиындай түседі, нәтижесінде табиғи- антропогендік қысымның жалпы әсері ӛте зор.
  • 20. Экологиялық дағдарыстың екінші тобына ауыл шаруашылығы және қала ӛндірісінің дамуына байланысты қарқынды игеру аймақтары жатады: Шығыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары. Экологиялық дағдарыстың үшінші тобына биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін ресурс қуаты бар облыстар – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарының аймақтары жатады. Қазақстан Республикасының жалпы барлық аумағында табиғатты пайдалану тиімділігін қайта қарастыру және аймақтардың әлеуметтік- экономикалық дамуына сәйкес биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша шаралар жасақтау талап етіледі. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. 10-дәріс Тақырыбы: Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның пайдаланылуына экологиялық баға беру 10-дәріс сабақтың жоспары Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі. Орман ресурстарын экономикалық бағалау. Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның пайдаланылуына экологиялық баға беру. 10-дәріс сабақтың тезисі Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігі. Орман ресурстарының жалпы аумағы - 26080,7 мың га, оның ішінде орман алқаптары 70,7% немесе 18450,7 мың га, орман аудандары – 44% немесе 11474,7 мың га құрайды. Ормансыз алқаптар 29,2%, немесе 7360,0 мың га., соның ішінде: жайылым – 17,1% немесе 4458,2 мың га, шабындықтар – 1,4% немесе 359,1 мың га, жыртылған алқаптар – 0,4%, немесе 109,3 мың га. 2002 жылғы мәліметтер бойынша, орман ресурстарының 2954 мың га алқабы уақытша пайдалануға берілген. Орман ресурстарын экономикалық бағалау. Таулар, шӛлдер, далалар, су қоймаларында, топырақты қорғау, жер асты суын реттеу және рекреациялық қызметтер атқарады. Орман ресурстарының экономикалық бағаланбауының басқару мен шешімдер қабылдауда кӛптеген қателіктерге әкеледі. Орманның экономикалық және экологиялық маңызын жеткілікті сезінбеу ұлттық игіліктің сақталуы үшін жауапкершілікті тӛмендетеді.
  • 21. Жоспарсыз шаруашылық қызметі, шӛлейттену процестерінің дамуы, жалпы табиғи және экологиялық жағдайлардың ӛзгеруі нәтижесінде ӛсімдік қауымдастығының алуан түрлі және ландшафттардың алуан түрлілігі жойылды. 1970-80 жылдары Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бӛлігінде аршалы ормандардың жойылу процесі байқалды. Бұған Жамбыл фосфор және Шымкент қаласындағы қорғасын-мырыш комбинаттары қалдықтарының желмен таудың 100-ден астам шақырымдарға дейін таралуы себеп болды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы пісте және бадам тоғайларынан тек тау шатқалдары мен адам және мал жетпейтін жерлердегі бӛлек ағаштары ғана қалды. 1940-60 жылдары Жоңғар және Іле Алатауының баурайында жемісті ағаштар мен жидекті бұталар – алма, шабдалы, бӛріқарақат, ӛрік, долана, таңқурай, қарақат, итмұрын және басқа бұталармен ӛседі. Осы ӛсімдік түрлерінің маңызын ескере отырып, ГЭФ, ПРООН, ВБ және ЮНЭП сияқты 4 ірі жобамен Қазақстанға қолдау кӛрсетеді. Біздің алдымызда бағалы ландшафттарды, генетикалық қорды жоғалтудың нақты қаупі тӛніп тұр. ҚР Қызыл кітабына 1981 жылы 279 жоғары ӛсімдіктер саны енгізілді, ал 2001 жылы дайындалған басылымда енді 400 түрден астам түрлер енгізілген, олардың ішінен тек 81 түрі ғана қорық аймақтарында қорғалады. Сүтқоректілердің түр құрамының біршама бӛлігі таулы аймақтарда (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысы) мекендейді, ал балық түрлерінің басым бӛлігі Каспий теңізі алабында. Қызыл кітапқа 39 жыртқыш құстардың 15 түрі және 178 сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Сирек кездесетін жануарларды табиғаттан алу процесі (қарақұйрық, арқар, ителгі, дуадақ) «Жануарлар әлемінің бӛлек түрлерін жеке жағдайларда аулауды шектеу және пайдалану ережелері туралы» заңда реттеледі. Осы құжаттарға сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар мен сүт қоректілерді (бүркіт, дуадақ, арқар, қарақұйрықтар) аулауға квота беру жүргізіледі. Арнайы рұқсат беруде әрбір түр популяциясының нақты жағдайы шешуші фактор болып табылады. Аң аулау үшін Ұлттық Ғылым Академиясының Зоология институты – СИТЕС Ғылыми қоғамының шешімімен бекітілген СИТЕС-КЛОХ әкімшілік органымен бекітіледі. 2000 жылы 10 бүркіт және 350 дуадақ түрлерін аулауға, 2001 жылы – сәйкесінше 40 және 425 особь аулауға рұқсат берілген. 2002 жылы 10 ителгілерді аулауға квота берілген, ал дуадақ түрлерін аулауға берілетін квота біршама азайтылған. Қолданылатын негізгі әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография с основами экологии. – М.: 2003. 2. Второв А.Г., Дроздов Н.Н. Биогеография. – М.: 2001. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. Қосымша әдебиеттер 1. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985
  • 22. 2. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М.: 1997. 3. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 4. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005.
  • 23. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӚБЕ ӚҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Факультет Тарих Кафедра География 5B011600 – «География» шифр, мамандық оқыту бағыты бойынша студенттерге арналған ВG 2303 Биогеография пәнді оқытудағы әдістемелік ҧсынымдар Ақтӛбе қ. 2015 ж.
  • 24. Орындаушы(лар) г.ғ.к., география кафедрасының доц. Сергеева А.М. (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні) “___”____________20__ ж. ________________________ _______ __________________ (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні) “___”____________20__ ж. КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж. География кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т. (дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
  • 25. Пәнді оқыту процесінде үнемі қажетті ұсынылған әдебиеттер тізіміне (негізгі және қосымша) назар аудару керек. Әдебиеттер Негізгі 1. Второв.П.П., Дроздов Н.Н. Биогеография. - М.: Владос – Пресс, 2001. 2. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Криволуцкий, Мяло Е.Г. Биогеография с основами экологии. – М.: «Академкнига», 2003. 3. Шілдебаев Ж.Б., Сергеева А.М., Темірова А.М., Ізімова Р.І. Биогеография. – Алматы: "Дәуір", 2012. - 368 б. 4. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Биогеография мира.- М.: 1985 5. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира.-М.: 1997. 6. Темірова А.М., Сергеева А.М. Биогеография. – Ақтӛбе: 2004. 7. Петров К.М. Биогеография. – М., «Академический проект», 2006. 8. Агаханянц О.Е., Кирвель И.И. Биогеография с основами экологии. – Минск, «Техно принт», 2005. Қосымша 9. Уиттекер Р. Сообщества и экосистемы.- М.: 1980. 10.Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. – Алматы: «Ғылым», 2001 11.Виноградов Б.В. Основы ландшафтной экологии. – М.: ГЕОС, 1998 12.Кофанов А.И., Кудряшев В.А. Морская биогеография. –М.: «Наука», 2000 13.Петров К.М. Биогеография океана. Биологическая структура глазами географа.- СПб.: СПб унив., 1999 14.Атлас Казахской ССР. Т.1. Природные условия и ресурсы. – М., ГУГК СССР, 1982. 15.Байтенов М.С. Флора Казахстана. Иллюстрированный определитель семейств и родов. Том I. –Алматы, «Ғылым», 1998. 16.Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. 17.Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы, «Бастау», 1999. 18.Киселев В.Н. Биогеография с основами экологии. – Минск, 1995. 19.Красная Книга Казахстана. –Алматы, 1996. 20.Красная книга Казахской ССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчесновения виды животных и растений. Ч. 2. Растения. – Алма-Ата, «Наука», 1981. 21.Қазақстанның географиялық атласы. – Алматы, «Глобус», 2003. 22.Лопатин И.К. Зоогеография. – Минск., 1989. 23.Охрана редких видов растений и растительности Казахстана. – Алма- Ата, «Наука», 1987. 24.Перспективы формирования природно-заповедного фонда Казахстана. – Алма-Ата, «Наука», 1987.
  • 26. 25.Физическая география Республики Казахстан. Учебное пособие. //под общ. ред. Жаналиевой Г. М. – Алматы, «Қазақ университеті», 1998. 26.Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. –Алматы, «Қазақ университеті», 2003. 27.Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. – Алматы, «Санат», 1995. 28.Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана (географические аспекты природопользования и охраны природы). – Алматы, «Қазақ университеті», 2006. 29.Чупахин В.М. Природное районирование Казахстана. – Алма-Ата, 1970. 30.Карта природно-заповедного фонда. Республики Казахстан. Масштаб 1: 3500000 // под ред. М.К. Назарчук. – Алматы, «Экопроект», 1998. 31.Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Позвоночные животные //под общей редакций Е.В. Гвоздева. Ч. 1. – Алма-Ата, «Наука», 1983. 32.Атлас Казахской ССР. Т.1. Природные условия и ресурсы. – М., ГУГК СССР, 1982. 33.Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы, «Бастау», 1999. 34.Ақбасова А.Ж. Экология : Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. - Алматы : Бастау, 2003. - 292 б. 35.Экологический кодекс Республики Казахстан. - Алматы: ЮРИСТ, 2009. - 172 с. 36.Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования: Учебник. – Алматы: ЭкономикС, 2003. - 592 с. 37.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері: оқулық. - Алматы: РБК, 1995. - 292 б. ресми сайттар: 38.Сайт Национального географического общества США - полный перечень ресурсов по природопользованию. Режим доступа: http://www.nationalgeographic.com/eye/links.html. Пәннің тақырыптарын оқыту ҧсынымдары: № 1 Тақырыпты оқытуда «Биогеографиялық ғылым дамуының негізгі кезеңдері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдері. ХVІІІ ғ. биогеографияның ғылым ретінде дамуы. Бұған дейінгі еңбектерді биология, медицина саласының ғалымдары мен Ұлы географиялық ашылулар кезіндегі саяхатшылар күнделігі мен мәліметтері негізінде жинақтап келген ғылымға неміс географы А. Гумбольдтың үлесі. Биогеография ғылымы табиғаттағы ӛсімдіктер мен жануарлардың таралуы заңдылығын зерттейтін ғылым. ХХ ғасырдың аяғындағы биогеографияда жаңа бағыттардың қалыптасуы. «Популяциялық биогеография», «Геногеография», «Популяциялық генетика», т.б. № 2 Тақырыпты оқытуда «Биосфера биотасының геохимиялық ерекшеліктері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биосферадағы зат алмасу, азот,
  • 27. кӛміртегі, оттегі, фосфор айналымдарының байланысын нақты мысалдармен ашып кӛрсету. № 3 Тақырыпты оқытуда «Биоценоздар, оның қалыптасуы мен кезеңдері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Биоценоздардың түрлері мен жіктелуінің кезеңдері. Биоценоздың негізгі заңдылықтарын сипаттау, талдау, мысалдар келтіру. № 4 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтағы ӛсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулер бойынша таралуы» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Құрлықты зоналық аудандастырудағы тікелей әсерлер мен жанама әсерлер. Биік белдеулердегі түрлер, олардың шығу тегі, таралуы және даму ерекшелігі. № 5 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтың флоралық аудандастырылуы» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Материктердің флорасы мен фаунасын салыстыра зерттеудің флоралық және фауналық аудандастыруға негізделуі. Құрлықты флоралық аудандастырудағы қазіргі жүйе /А.Л. Тахтаджян (1978)/. Құрлықты флоралық аудандауды жіктеу негіздері: патшалық, облыс, округтер мен провинциялар. Патшалықтар: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Австралиялық, Кап. Патшалықтардың ішіндегі ең ірісі және құрлықтың жартысынан кӛп бӛлігін алып жатырған- Голарктикалық патшалық. Кап - патшалықтардың аумақ бойынша ең кішісі. № 6 Тақырыпты оқытуда «Құрлықтың фауналық аудандастырылуы» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Құрлықты фауналық аудандастырудың қалыптасу және даму кезеңдері. Құрлықты фауналық аудандастыруда зерттеуші ғалымдардың үлесі. Фауналық аудандастырудың ерекше әдісі құрлықтағы жануарларды омыртқалылар мен омыртқасыздардың топтарына жіктеу. Аудандастырудың әр түрлі рангаларындағы айырмашылық эндемиктер. Қазіргі құрлықты фауналық аудандастыруда П.П. Второв пен Н.Н. Дроздов жасаған жүйенің қолданылуы. № 7 Тақырыпты оқытуда «Қазақстанның ұлттық табиғи бақтарына сипаттама» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Қазақстанның ұлттық табиғи бақтарының саны, негізгі қорғау нысандары, табиғатты қорғау заңы туралы толық мағлұматтар беру. № 8 Тақырыпты оқытуда «Қазақстан табиғатын қорғау мәселелері» айрықша кӛңіл бӛлу керек: Қазақстандағы биокӛптүрлілік және оның пайдаланылуына экологиялық баға беріңіздер. Қазақстанда түрлер мен түрлер бірлестігін қорғау мәселелері. Ӛзіндік жҧмысты (ҥй тапсырмалары) орындауға арналған ҧсынымдар: Оқытылған тақырып бойынша үй тапсырмасын орындауда келесілерді білуі тиіс: Тақырып бойынша теориялық материалдар «Биогеография» пәнінің негізгі мақсат-міндеттері, ӛзекті мәселелерін, биосфера, биоценоз, биогеоценоз, экожүйенің анықтамасын, оның негізгі түсінігі, элементтер және олардың арасындағы байланысты, экожүйе мен геожүйе арасындағы географиялық айырмашылықтардың негізін, геожүйеге экологиялық факторлардың және олардың жергілікті әсер ету процестерін қарастырады.