SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
“Нұршуақ” бөбекжай-балабақшасы
Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі
Нурмаганбетова Гулден Дюсенбаевна
Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі.
Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін
шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан- Ана
М.Жұмабаев
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам
арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның
денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас
ұрпақтың көзін жеткізу-біздің басты мақсатымыз. Біздің қандай да болмасын
барлық тіршілігіміз дені сау шымыр денелі, жан -дүниесі таза, жайсаң жанды
даярлап беру, ұядан ұшыру екенін жақсы түсінеміз. Балалардың табиғатқа
деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни
табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады.
Сондықтан да балабақшадағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі-
балаларды айналамен таныстыру.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы
қорғау, аялау, оның берген сиын бағалай білу адамзат баласының алдындағы
өзекті мәселесі десек те болады. Сол себептен де адам баласына экологиялық
тәрбие беруді балабақша табалдырығынан бастап, үздіксіз білім беру қағидасы
негізінде жалғастырылуы тиіс. Балабақшадағы экологиялық тәрбие балаларды
табиғатпен таныстырудан бастау алып, әрмен қарай экологиялық тәрбие
үрдістеріне жалғасып, экологиялық сипат алады.
Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты:
Балалардың тірі табиғат туралы ұғымдарын кеңейте отырып, тірі
организмдердің қоршаған ортамен байланысын, өмір сүру заңдылықтарын
білу.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері:
-Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту.
-Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
-Табиғаттағы өзгерістерді байқау, салыстыру, талдау.
-Табиғаттағы тіршілік иелерінің байланыстарын білу.
-Туған өлке табиғатын сүю.
-Экологиялық тәрбие негізінде танымдық, шығармашылық, белсенділік
дағдыларын арттыру.
Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай жоспарлай отырып экологиялық тәрбие
берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік.
Атап айтсақ:
1.Ұиымдастырылған оқу іс-әрекеті
2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар.
3.Мерекелік шаралар.
4.Бос уақыттарда кітаптар оқу.
5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру.
6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі.
7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау.
8.Экологиялық ойындар ойнау.
Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында көптеген пәндер арқылы
сан түрлі қарастырылған. Мысалы: Көркем әдебиет арқылы күз, қыс, жаз, көктем
мезгілдеріне сәйкес бірнеше «Күз», «Жаңбыр», «Көктемгі күн», «Жазғы күн» сияқты
тақырыптар арқылы балаларға жалпы білім мен қатар экологиялық тәрбие берілсе, ол
әрмен қарай мерекелік шаралармен ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде
нақтылана түседі. Сол арқылы зор таным, дүние танудың алғашқы баспалдағы
қаланады. Баланың тілін ұстартып, ақыл- ойын, адамгершілігін қалыптастыруға
мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да
тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әректі барысында балаларға экологиялық
тәрбие беруге болады. Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «Жануарлар әлемі» тақырыбын
өткен кезде балалар жұмбақтар шешу арқылы тірі табиғаттың бірі- жануарлармен
танысты. Әрмен қарай олардың түрлері сызба арқылы таныстырылды. Балалар
жануарларды бірнеше топқа бөле отырып, олардың бір- бірімен ұқсастығымен қатар
айырмашылықтарын да анықтады. Сонымен бірге жануарларды күтіп-баптау оларға
қамқорлық жасаудың не үшін қажеттілігін олардың адамдар, өсімдіктер өмірімен тығыз
байланыста сұрақ-жауап арқылы анықталды.
Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгешеліктеріне орай балабақшада әртүрлі мерекелік
шараларды ұйымдастыру – экологиялық мәдениетке жетудің даңғыл жолы. Мереке –
балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды, шабыттандырады, өздерінің шығармашылық
қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Осындай мақсатта «Күз байлықтары»,
балабақшаішілік «Қош келдің, әз Наурыз!», «Алақай, жаз келді!»жазғы сауықтыру, «Қыс
қызығы» қысқы сауықтыру т.б мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырылады.
Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялық тәрбиенің бір түрі. Осы мақсатта «Қыс
қызығы» атты қысқы сауықтыру шарасы болып өтті.
Ондағы мақсат: салауатта өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын
сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын
сақтайтын тұлға қалыптастыру.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына көмектесе
отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!» ұранын алға ұстап, қазіргі таңда балабақша
топтарын, ауласын көгалдандыру, ағаштар, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға
қойылып келеді. Әрине жергілікті жердің қолайсыздығына қарамастан осындай
жұмысты жолға қою – үлкен еңбекті қажет етеді. Осы ретте топтағы тірі табиғат
бұрыштарындағы гүлдерді, құстар мен балықтарды күтіп баптау топ бөлмесінен бастау
алып, балабақша ауласындағы балалар еңбегімен жалғасады.
Балалар өлі табиғатты бақылау барысында топырақтың, ауа-райының өзгермелі
болатынын байқады. Мысылы: Құмның алғашқы қалпы сусымалы болатыны, оған су
құю арқылы саз балшыққа айналатындығын көрсетіп, одан балалар әр түрлі бейнелер
жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады; қардың суға айналуы, оның
қасиетін, қатты, жұмсақ, ұлпа және салқын болатынын ажыратады. Судың қатуын
бақылауда суды түрлі-түсті бояуға бояп, оны кішкене әр түрлі пішінді ыдысқа құйып, оны
қатырып қойып, келесі күндері судың аязға, салқынға қатып мұзға айналғандығын,
түсінің мөлдір екенін, жылтыр, оның пішіні құйылған ыдыстарға байланысты екенін
балалар бақылады. Осындай бақылау арқылы табиғаттың әр түрлі өзгерістерге
ұшырайтындығын көз жеткізеді. Осы мақсатта ата-аналармен тәрбиешілерге
экологиялық нұсқаулар кітапшаларын дайындадым.
Әзербайжан ұлты наурыз мерекесінде бір-бірінің отбасына арнап, бидай дәнін кішкене
ыдыстарға егіп, нанымыз көп болсын деген мақсатта сыйға тартады екен. Осы
тәжірибиені балаларға жасап көрсеттім. Бұл өсімдіктің басқа бөлме өсімдіктерінен
айырмашылығы, ол топырақсыз егіледі.
1.Ыдысқа бидайдың дәнін себеміз.
2.Себілген дәннің бетін екі қабат мәрлімен жабамыз.
3.Дәні қозғалмайтындай етіп су құямыз.
Оның 4-5 күнде бүршік жағанын, 10-15 күнде жайқалып өскенін байқадық.
Су –тіршілік көзі дегендей суда тіршілік ететін балықтарды бақыладық. Ол үшін бөлме
аквариумындағы балықтарды алдық. Оларға балалар жем шашып, қоректенуін, суда
жүзуін тамашалады. Балық желбезекпен тыныс алады, өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу
қызыметін атқарады, олар ұсақ балдырлар яғни, су өсімдіктерімен қоректенеді.
Балаларға аквариумдағы балықтарға ерекше күтімнің керектігін; олардың суын жиі
ауыстыру, бір күн тұрған суды кұю, аквариум ішіне тас, балдыр салу, тағамын
зоодүкенінен алу, жарык пен ауаның жеткілікті болу қажеттігі түсіндірілді. Күнделікті
өмірде балықтың адам ағзасына маңызы зор екенін әңгімеледім. Осындай бақылаудың
нәтежесінде алған білімдерін тиянақтау мақсатында балалар экокартаны жергілікті
жеріміздің балықтарының суреттерін салу арқылы толықтырды.
Біздің балабақшада табиғат бұрышында сонымен қатар тоты құстар да орын алған. Олар
арнайы торда жұптасып өмір сүреді. Тоты құстарға балалар жем, су беріп баптау арқылы
құстарды қамқорлауға, еңбектену дағдылары жетіліп, құстар тіршілігімен танысты. Бұл
құстарды бақылауда біздің байқағанымыз, олардың төтенше жағдай болғанда, бір-
біріне жанашырлық сезімдерін шырылдап сездіретіндігін, жұптарын айырып көргенде
бір-бірін жоқтайтындығын түсіндік. Сөйтіп, олардың әр кезде әртүрлі дыбыстауын
байқадық. Осы тәжірибе арқылы балаларға достық қарым-қатынастың қаншалықты
маңызды екенін ұғындырдым.
Бақылау барысында бақылаған балық, құс, өсімдіктер жалпы тірі табиғаттың ауасысыз,
сусыз өмір сүре алмайтындығын, ауаның түссіз, көзге көрінбейтінін және судың иіссіз,
сұйық, түссіз мөлдір, аққыш екенін айта отырып, ауаға, суға тәжірибе жасадық.
Балаларға стақанды көрсетіп ішінде не бар екенін сұрадым. Балалар қолдарындағы
стақандарды қарап оның бос екенін айтты. Балалар стақанды төңкеріп су құйылған
ыдысқа батырды. Бұл жағдайда стақанды түзу ұстау керек.
Стақанға су құйыла ма? Не үшін құйылмады? Осы сұрақтың жауабын балалармен бірге
шешуге тырыстық. Ал балалар өз пікірлерін білдірді.
Стақанда ауа болғандықтан, стақанға су кірмейтінін түсіндірілді.
Стақан түбіне кішкене ермексаздың көмегімен мақта, мата немесе қағаз жапсырамыз.
Балаларға міндетті түрде тәжірибенің алдында және соңында ұстатып көрсетеміз.
Стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Неге мақта су болмады?
Стақанда ауа болғандықтан,стақанға су кірмейді, сондықтан құрғақ.
Стақанды суға батырамыз, енді оны судың ішінде бетін жоғары қаратып бұрамыз. Суда
ауа көпіршіктері пайда болды.
-Олар қайдан пайда болды?
-Ауа стақанның ішінен шығып жатыр, оның орнына су толатынын түсінді.
Балаларға сабын көпіршіктерін үрлетеміз. Талқылау: Көпіршіктің ішінде не бар, олар неге
жеңіл, олар неге ұшады?
Сабын көпіршіктерінің ішінде ауа бар, ал ауа көпіршіктері өте жеңіл. Сондықтан олар
жеңіл ұшады.
Ауа судан жеңіл.
Балаларға допты және үрленген ойыншықтарды суға батыртым. Неге олар батпайды?
Ойыншықтар ауамен үрленген, ауа судан жеңіл болғандықтан судың бетіне қалқып
шықты.
Ауаны қалай ұстауға болады?
Полиэтилин қапшықтың ауызын ашып ауа толтырып, аузын қайта жіңішке жіппен буып
бекіту керек. Ауаны «ұстап» қапшыққа толтырғанымызды қайдан білеміз?
Қапшығымыз томпайып, аузын бууға келді.
Ауаны өлшеуге бола ма?
60 см жіңішке таяқшаны алып, ортасынан жіппен бекітеміз. Екі ұшына бірдей үрленген
шар байлаймыз, таяқшаны ортадағы жібінен көлденең байлап қоямыз. Егер бір шарды
инемен тессек шардың ішіндегі ауа шығып, таяқтың ұшы жоғары көтеріледі. Неге?
Бос шар жеңілдейді. Егер екінші шарды да осылай тессек , таяқшаның екі шеті теңеледі.
Үрленгендегі сияқты бос шар да тең болады.
Есту мүшесі арқылы ауаны аңғаруға бола ма?
Қолдарына шарды алып оны үрлетім, біртіндеп қысып ауасын шығарады, осы кезде
ауаны көрмесе де, дауысын естиді.
Ауаның дауысын естуге болса, оны сезінуге бола ма?
Жаңағы үрлеген шарының ауасын қолыңмен бетіңе тақап қойып шығарыңдар.Осы кезде
бетіңе ауаның әсер еткенін терің арқылы сезінесің немесе тері тітіркенуі мүмкін екеніне
көз жеткіздік.
Судың үш күйі : сұйық, мұз, бу.
-Суды үстел немесе жерге құйсақ, ол не істейді? (Төгіледі)
-Демек су сұйық.
-Суға шүберекті малып алсақ, шүберекке не болады? (Су болады)
-Оны далаға жайып қойсақ не болады? (Кеуіп кетеді)
-Демек, су бу болып ұшып кетеді.
-Ал, сулы шүберекті мұздатқышқа немесе салқынға қойсақ, ол қатып қалады.
-Демек, су мұз болады.
1-тәжірибе: Суға қант, тұз салып тәжірбие жасадық. Байқағанымыз қант еріді. Судан
қанттың тәтті дәмі шықты. Тұз да еріді. Судан тұздың ащы дәмі шықты.
2-тәжірибе: Суды шыны бетіне тамызып, астын қыздырдық.Су қайда кетті?
-Су бу болып ұшып кетті. Оның орнында із қалды. Бұл оның құрамында қоспалар бар
екенін дәлелдейді.
3-тәжірбие: Стақандағы суға кішкене саз балшық салып араластырдық. Су
лайланды. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре
алмадық. Себебі саз суға араласқанымен, еріген жоқ.
Осындай тәжірибиелер жасатуда тірі және өлі табиғаттағы құбылыстардың
құбылмалылығын, өзгермелігін көзбен көру арқылы түсінді. Тәжірибиелерді қорыта
келе мынадай диагностика жасақтадым. Ол мынадай бөлімдерден тұрады.
1.Балықтар түрлерін меңгеруі.
2.Құстардың түрлерін меңгеруі.
3.Судың қасиетін айыра білуі.
4.Бөлме өсімдіктерін күту кезіндегі іс-әрекеті.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті -ойын. Экологиялық ойынның өзіндік
ерекшеліктер мен тәрбиелік мәні бар. Экологиялық ойынның мақсаты:балаларды
тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата
білуге үйрету. Бұл экологиялық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде,
серуен кезінде,тәрбиелік шараларда қолданамын. Осы мақсатта «Экологиялық
ойындар» жинағын жасақтадым. Сонымен қатар ата-аналар мен тәрбиешілер үшін
мынадай кітапшалар жинақтадым. Атап айтсам, «Экологиялық сөздіктер», «Табиғат
құбылыстары», «Өсімдіктер әлемі», «Үй жануарлары», «Құстар –біздің досымыз»,
«Жануарлар әлемі», «Экологиялық нұсқаулар» деп аталады.
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие
берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру,
олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты
тәрбиелеу- нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың
басты құралы.
презентация Microsoft office power point

More Related Content

Similar to презентация Microsoft office power point

учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеAsem Sarsembayeva
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалаAsem Sarsembayeva
 
325wewererewr33
325wewererewr33325wewererewr33
325wewererewr33nurlan93kz
 
гульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білемізгульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білемізoquzaman
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршгnurlan93kz
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неRauan Ibraikhan
 
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docxАдамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docxssuser38f048
 
6 сынып -пример400
6 сынып  -пример4006 сынып  -пример400
6 сынып -пример400nurlan93kz
 
Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы Erjan Beisenhojaev
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaSerjan Kasen
 
эколог. ассорти
эколог. ассортиэколог. ассорти
эколог. ассортиAsem Sarsembayeva
 
Елім толған сұлулық
Елім толған сұлулықЕлім толған сұлулық
Елім толған сұлулықMarzhanZhumakhan
 

Similar to презентация Microsoft office power point (20)

терезе алдындағы бау бақша (жоба)
терезе алдындағы бау бақша (жоба)терезе алдындағы бау бақша (жоба)
терезе алдындағы бау бақша (жоба)
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
абдульманова г.ж
абдульманова г.жабдульманова г.ж
абдульманова г.ж
 
ррр
рррррр
ррр
 
жайлау тех карта
жайлау тех картажайлау тех карта
жайлау тех карта
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
 
325wewererewr33
325wewererewr33325wewererewr33
325wewererewr33
 
гульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білемізгульнура зерттейміз,білеміз
гульнура зерттейміз,білеміз
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
и.ж.сабитова
и.ж.сабитоваи.ж.сабитова
и.ж.сабитова
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
 
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docxАдамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
Адамзаттың табиғатсыз күні ж 1.docx
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
ерейментау онири
ерейментау онириерейментау онири
ерейментау онири
 
6 сынып -пример400
6 сынып  -пример4006 сынып  -пример400
6 сынып -пример400
 
Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы  Жаратылыстану табиғат жайлы
Жаратылыстану табиғат жайлы
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-saba
 
эколог. ассорти
эколог. ассортиэколог. ассорти
эколог. ассорти
 
Елім толған сұлулық
Елім толған сұлулықЕлім толған сұлулық
Елім толған сұлулық
 
абдульманова г.ж
абдульманова г.жабдульманова г.ж
абдульманова г.ж
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

презентация Microsoft office power point

  • 1. “Нұршуақ” бөбекжай-балабақшасы Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі Нурмаганбетова Гулден Дюсенбаевна
  • 2. Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан- Ана М.Жұмабаев Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу-біздің басты мақсатымыз. Біздің қандай да болмасын барлық тіршілігіміз дені сау шымыр денелі, жан -дүниесі таза, жайсаң жанды даярлап беру, ұядан ұшыру екенін жақсы түсінеміз. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады. Сондықтан да балабақшадағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі- балаларды айналамен таныстыру.
  • 3. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғау, аялау, оның берген сиын бағалай білу адамзат баласының алдындағы өзекті мәселесі десек те болады. Сол себептен де адам баласына экологиялық тәрбие беруді балабақша табалдырығынан бастап, үздіксіз білім беру қағидасы негізінде жалғастырылуы тиіс. Балабақшадағы экологиялық тәрбие балаларды табиғатпен таныстырудан бастау алып, әрмен қарай экологиялық тәрбие үрдістеріне жалғасып, экологиялық сипат алады. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: Балалардың тірі табиғат туралы ұғымдарын кеңейте отырып, тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысын, өмір сүру заңдылықтарын білу. Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері: -Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту. -Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. -Табиғаттағы өзгерістерді байқау, салыстыру, талдау. -Табиғаттағы тіршілік иелерінің байланыстарын білу. -Туған өлке табиғатын сүю. -Экологиялық тәрбие негізінде танымдық, шығармашылық, белсенділік дағдыларын арттыру.
  • 4. Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай жоспарлай отырып экологиялық тәрбие берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. Атап айтсақ: 1.Ұиымдастырылған оқу іс-әрекеті 2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар. 3.Мерекелік шаралар. 4.Бос уақыттарда кітаптар оқу. 5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру. 6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі. 7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау. 8.Экологиялық ойындар ойнау.
  • 5. Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында көптеген пәндер арқылы сан түрлі қарастырылған. Мысалы: Көркем әдебиет арқылы күз, қыс, жаз, көктем мезгілдеріне сәйкес бірнеше «Күз», «Жаңбыр», «Көктемгі күн», «Жазғы күн» сияқты тақырыптар арқылы балаларға жалпы білім мен қатар экологиялық тәрбие берілсе, ол әрмен қарай мерекелік шаралармен ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде нақтылана түседі. Сол арқылы зор таным, дүние танудың алғашқы баспалдағы қаланады. Баланың тілін ұстартып, ақыл- ойын, адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әректі барысында балаларға экологиялық тәрбие беруге болады. Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «Жануарлар әлемі» тақырыбын өткен кезде балалар жұмбақтар шешу арқылы тірі табиғаттың бірі- жануарлармен танысты. Әрмен қарай олардың түрлері сызба арқылы таныстырылды. Балалар жануарларды бірнеше топқа бөле отырып, олардың бір- бірімен ұқсастығымен қатар айырмашылықтарын да анықтады. Сонымен бірге жануарларды күтіп-баптау оларға қамқорлық жасаудың не үшін қажеттілігін олардың адамдар, өсімдіктер өмірімен тығыз байланыста сұрақ-жауап арқылы анықталды.
  • 6.
  • 7. Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгешеліктеріне орай балабақшада әртүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру – экологиялық мәдениетке жетудің даңғыл жолы. Мереке – балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды, шабыттандырады, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Осындай мақсатта «Күз байлықтары», балабақшаішілік «Қош келдің, әз Наурыз!», «Алақай, жаз келді!»жазғы сауықтыру, «Қыс қызығы» қысқы сауықтыру т.б мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырылады. Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялық тәрбиенің бір түрі. Осы мақсатта «Қыс қызығы» атты қысқы сауықтыру шарасы болып өтті. Ондағы мақсат: салауатта өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға қалыптастыру. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!» ұранын алға ұстап, қазіргі таңда балабақша топтарын, ауласын көгалдандыру, ағаштар, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға қойылып келеді. Әрине жергілікті жердің қолайсыздығына қарамастан осындай жұмысты жолға қою – үлкен еңбекті қажет етеді. Осы ретте топтағы тірі табиғат бұрыштарындағы гүлдерді, құстар мен балықтарды күтіп баптау топ бөлмесінен бастау алып, балабақша ауласындағы балалар еңбегімен жалғасады.
  • 8. Балалар өлі табиғатты бақылау барысында топырақтың, ауа-райының өзгермелі болатынын байқады. Мысылы: Құмның алғашқы қалпы сусымалы болатыны, оған су құю арқылы саз балшыққа айналатындығын көрсетіп, одан балалар әр түрлі бейнелер жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады; қардың суға айналуы, оның қасиетін, қатты, жұмсақ, ұлпа және салқын болатынын ажыратады. Судың қатуын бақылауда суды түрлі-түсті бояуға бояп, оны кішкене әр түрлі пішінді ыдысқа құйып, оны қатырып қойып, келесі күндері судың аязға, салқынға қатып мұзға айналғандығын, түсінің мөлдір екенін, жылтыр, оның пішіні құйылған ыдыстарға байланысты екенін балалар бақылады. Осындай бақылау арқылы табиғаттың әр түрлі өзгерістерге ұшырайтындығын көз жеткізеді. Осы мақсатта ата-аналармен тәрбиешілерге экологиялық нұсқаулар кітапшаларын дайындадым. Әзербайжан ұлты наурыз мерекесінде бір-бірінің отбасына арнап, бидай дәнін кішкене ыдыстарға егіп, нанымыз көп болсын деген мақсатта сыйға тартады екен. Осы тәжірибиені балаларға жасап көрсеттім. Бұл өсімдіктің басқа бөлме өсімдіктерінен айырмашылығы, ол топырақсыз егіледі. 1.Ыдысқа бидайдың дәнін себеміз. 2.Себілген дәннің бетін екі қабат мәрлімен жабамыз. 3.Дәні қозғалмайтындай етіп су құямыз.
  • 9.
  • 10. Оның 4-5 күнде бүршік жағанын, 10-15 күнде жайқалып өскенін байқадық. Су –тіршілік көзі дегендей суда тіршілік ететін балықтарды бақыладық. Ол үшін бөлме аквариумындағы балықтарды алдық. Оларға балалар жем шашып, қоректенуін, суда жүзуін тамашалады. Балық желбезекпен тыныс алады, өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу қызыметін атқарады, олар ұсақ балдырлар яғни, су өсімдіктерімен қоректенеді. Балаларға аквариумдағы балықтарға ерекше күтімнің керектігін; олардың суын жиі ауыстыру, бір күн тұрған суды кұю, аквариум ішіне тас, балдыр салу, тағамын зоодүкенінен алу, жарык пен ауаның жеткілікті болу қажеттігі түсіндірілді. Күнделікті өмірде балықтың адам ағзасына маңызы зор екенін әңгімеледім. Осындай бақылаудың нәтежесінде алған білімдерін тиянақтау мақсатында балалар экокартаны жергілікті жеріміздің балықтарының суреттерін салу арқылы толықтырды. Біздің балабақшада табиғат бұрышында сонымен қатар тоты құстар да орын алған. Олар арнайы торда жұптасып өмір сүреді. Тоты құстарға балалар жем, су беріп баптау арқылы құстарды қамқорлауға, еңбектену дағдылары жетіліп, құстар тіршілігімен танысты. Бұл құстарды бақылауда біздің байқағанымыз, олардың төтенше жағдай болғанда, бір- біріне жанашырлық сезімдерін шырылдап сездіретіндігін, жұптарын айырып көргенде бір-бірін жоқтайтындығын түсіндік. Сөйтіп, олардың әр кезде әртүрлі дыбыстауын байқадық. Осы тәжірибе арқылы балаларға достық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін ұғындырдым. Бақылау барысында бақылаған балық, құс, өсімдіктер жалпы тірі табиғаттың ауасысыз, сусыз өмір сүре алмайтындығын, ауаның түссіз, көзге көрінбейтінін және судың иіссіз, сұйық, түссіз мөлдір, аққыш екенін айта отырып, ауаға, суға тәжірибе жасадық.
  • 11. Балаларға стақанды көрсетіп ішінде не бар екенін сұрадым. Балалар қолдарындағы стақандарды қарап оның бос екенін айтты. Балалар стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Бұл жағдайда стақанды түзу ұстау керек. Стақанға су құйыла ма? Не үшін құйылмады? Осы сұрақтың жауабын балалармен бірге шешуге тырыстық. Ал балалар өз пікірлерін білдірді. Стақанда ауа болғандықтан, стақанға су кірмейтінін түсіндірілді. Стақан түбіне кішкене ермексаздың көмегімен мақта, мата немесе қағаз жапсырамыз. Балаларға міндетті түрде тәжірибенің алдында және соңында ұстатып көрсетеміз. Стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Неге мақта су болмады? Стақанда ауа болғандықтан,стақанға су кірмейді, сондықтан құрғақ. Стақанды суға батырамыз, енді оны судың ішінде бетін жоғары қаратып бұрамыз. Суда ауа көпіршіктері пайда болды. -Олар қайдан пайда болды? -Ауа стақанның ішінен шығып жатыр, оның орнына су толатынын түсінді. Балаларға сабын көпіршіктерін үрлетеміз. Талқылау: Көпіршіктің ішінде не бар, олар неге жеңіл, олар неге ұшады? Сабын көпіршіктерінің ішінде ауа бар, ал ауа көпіршіктері өте жеңіл. Сондықтан олар жеңіл ұшады. Ауа судан жеңіл. Балаларға допты және үрленген ойыншықтарды суға батыртым. Неге олар батпайды? Ойыншықтар ауамен үрленген, ауа судан жеңіл болғандықтан судың бетіне қалқып шықты.
  • 12. Ауаны қалай ұстауға болады? Полиэтилин қапшықтың ауызын ашып ауа толтырып, аузын қайта жіңішке жіппен буып бекіту керек. Ауаны «ұстап» қапшыққа толтырғанымызды қайдан білеміз? Қапшығымыз томпайып, аузын бууға келді. Ауаны өлшеуге бола ма? 60 см жіңішке таяқшаны алып, ортасынан жіппен бекітеміз. Екі ұшына бірдей үрленген шар байлаймыз, таяқшаны ортадағы жібінен көлденең байлап қоямыз. Егер бір шарды инемен тессек шардың ішіндегі ауа шығып, таяқтың ұшы жоғары көтеріледі. Неге? Бос шар жеңілдейді. Егер екінші шарды да осылай тессек , таяқшаның екі шеті теңеледі. Үрленгендегі сияқты бос шар да тең болады. Есту мүшесі арқылы ауаны аңғаруға бола ма? Қолдарына шарды алып оны үрлетім, біртіндеп қысып ауасын шығарады, осы кезде ауаны көрмесе де, дауысын естиді. Ауаның дауысын естуге болса, оны сезінуге бола ма? Жаңағы үрлеген шарының ауасын қолыңмен бетіңе тақап қойып шығарыңдар.Осы кезде бетіңе ауаның әсер еткенін терің арқылы сезінесің немесе тері тітіркенуі мүмкін екеніне көз жеткіздік. Судың үш күйі : сұйық, мұз, бу. -Суды үстел немесе жерге құйсақ, ол не істейді? (Төгіледі) -Демек су сұйық. -Суға шүберекті малып алсақ, шүберекке не болады? (Су болады) -Оны далаға жайып қойсақ не болады? (Кеуіп кетеді) -Демек, су бу болып ұшып кетеді. -Ал, сулы шүберекті мұздатқышқа немесе салқынға қойсақ, ол қатып қалады. -Демек, су мұз болады.
  • 13. 1-тәжірибе: Суға қант, тұз салып тәжірбие жасадық. Байқағанымыз қант еріді. Судан қанттың тәтті дәмі шықты. Тұз да еріді. Судан тұздың ащы дәмі шықты. 2-тәжірибе: Суды шыны бетіне тамызып, астын қыздырдық.Су қайда кетті? -Су бу болып ұшып кетті. Оның орнында із қалды. Бұл оның құрамында қоспалар бар екенін дәлелдейді. 3-тәжірбие: Стақандағы суға кішкене саз балшық салып араластырдық. Су лайланды. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмадық. Себебі саз суға араласқанымен, еріген жоқ. Осындай тәжірибиелер жасатуда тірі және өлі табиғаттағы құбылыстардың құбылмалылығын, өзгермелігін көзбен көру арқылы түсінді. Тәжірибиелерді қорыта келе мынадай диагностика жасақтадым. Ол мынадай бөлімдерден тұрады. 1.Балықтар түрлерін меңгеруі. 2.Құстардың түрлерін меңгеруі. 3.Судың қасиетін айыра білуі. 4.Бөлме өсімдіктерін күту кезіндегі іс-әрекеті.
  • 14. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті -ойын. Экологиялық ойынның өзіндік ерекшеліктер мен тәрбиелік мәні бар. Экологиялық ойынның мақсаты:балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Бұл экологиялық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, серуен кезінде,тәрбиелік шараларда қолданамын. Осы мақсатта «Экологиялық ойындар» жинағын жасақтадым. Сонымен қатар ата-аналар мен тәрбиешілер үшін мынадай кітапшалар жинақтадым. Атап айтсам, «Экологиялық сөздіктер», «Табиғат құбылыстары», «Өсімдіктер әлемі», «Үй жануарлары», «Құстар –біздің досымыз», «Жануарлар әлемі», «Экологиялық нұсқаулар» деп аталады. Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу- нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.