SlideShare a Scribd company logo
1 of 1
« П А Й Ы М Ы М О Л П А Р А С А Т И Е С І »
Жахметова Балжан Көшкімбайқызының 50 жасқа толған мерейтойына арналған «Балбұлақ» газетінің кезекті саны
№2 қазан, 2015 жыл
Екі айда бір рет шығарылатын газет
Б А Л Б Ұ Л А Қ
Ә. Мусин атындағы Балқаш
гуманитарлы-техникалық колледжі
КОЛЛЕДЖ ------------- ОҚЫТУШЫ ----------- АТА-АНА
Отбасын құрайтын және оның босағасын бекітетін күш- махаббат. Әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың арасындағы бір -
біріне адал, шын берілген махаббат. Алайда махаббат басқа жақтан, сырттан келіп басқа қона қалатын нәрсе емес. Махаббат-орасан еңбек.
Махаббаттық еңбек дегеніміз- адам өзінен кейін балаларын өмірде қалдыруы – өзінің рухани байлығын солар арқылы жалғастыруға саналы түрде
ұмтылуы. Махаббат – ерліктің нәзік, осал, ерке баласы, адамның өзін балалары арқылы жалғастыруы – бұл махабатта ер жүрек болу деген сөз.
Туған күн иесіне…
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында
да түнгі аспанды бір тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз.
Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жарқырайды.
Ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді - олардың жұлдызы бір-екі жарқ
етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға
ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері сіз сияқты
айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар. Бүгінгі туған күнді осындай
ерекше жұлдыздың иесі - Сіз деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына
көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілейміз. Жұлдызыңыз
сөнбесін! Әрқашан да жоғарылап, жарқырай берсін!
ШК-12-9 A тобы
Арғымақтай аңқылдаған, ақ алмастай
жарқылдаған, дариядай сарқылдаған жарты ғасыр
өміріңізге енді осындай ғұмыр тілейміз!
Толеу Айжан ШК-13-9
***
Жүзіңізге шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне
өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты
серік етіп тербеле беріңіз деп тілеймін!
Иманалы Меруерт ШК-13-9
***
Ұлағатты ұстаздардың бірі – Балжан
Көшкімбаевна, сізді мерейлі туған күніңізбен шын
жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты
жолында талмай еңбек етіп жүре беруіңізге
тілектеспіз.
Нұрбаева Ажар ШК-13-9
***
Жаны жайсаң бір жанға
Өмір көктем, әр күндері шуақты,
Ұстаз бағбан тасытатын қуатты.
Балжан апай, сізге тілек іздедік,
Өзгеше бір әлемінен жыр атты
Өмір көктем, әр күндері шуақты,
Жолымызға сіз жақтыңыз шырақты.
Жаны жайсаң жан болған соң ұстазы,
Шәкірттерің өзіңізді ұнатты.
Мейірімді жүзіңізден аңғарған,
Аңғарумен теңеу таппай таңқалған.
Балжан апай, бұлақ болып ағамыз,
Бастау алып ұстаз деген заңғардан.
Сіз заңғарсыз, сіз биіксіз, көктемсіз,
Шуағыңды шәкірттерге төккенсіз.
Жаныңызға жаз, жүректерді жылытқан,
Ал мен үшін көңілі гүл көктемсіз.
Бақыт тілеп жырдан тілек арнадық,
Қуанышқа жақсы лебіз жалғадық.
Өмір бойы бақытты боп жүріңіз,
Әр жыл сайын шәкірт көші жалғанып.
Сіз біз үшін аяулысыз сенсеңіз,
Қуанамыз көңіл бізге бөлсеңіз.
50 жасыңыз құтты болсын ұстазым
Шындығында сіз келген жас 18
Гүлниза, Ақбота ШК-12-9 A
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім
Ауыр жүгін арқалап ұстаздықтың,
Оңашада ой өріп, ойға баттың.
Еңбегіңіз ерең ғой сіздің тәте,
Болашағына алаңсыз сан ұрпақтың.
Жүректерге құйдыңыз білім нәрін,
Күлімдеп жүрсін жанарың,
Ақыл айтып жүресіз әрқашанда
Болашақтың көрсетіп оң бағдарын.
Балжан тәте, шәкіртіңнің бірі едім,
Ақылыңды есте сақтап жүремін
Жартысындасыз ғасырдың, жүз жасаңыз.
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.
Шырайлым ШК-13-9
50 жас
Студенттер тілегі
Балжан апай
Байсалды жан,
ардақты ұстаз Балжан апай,
Көңіліңіз бізге деген аппақ қардай.
Мінекей, елу жастың шыңына келдің,
Нәсіп қып ұзақ ғұмыр жүз жасағай.
Ұшырып ұяңыздан шәкірттерді,
Әрқайсысын панасына қондырдыңыз.
Аямай шәкірт үшін маңдай терді,
Ақталғай ұзақ жылғы бейнетіңіз.
Шәкіртті тәлімімен нұрландырған,
Жөн сілтеп, білім беріп пана болған.
Сабақтан қателесіп кетсем егер,
Қатемді түзеп әркез, кешіре алған.
Меруерт ШК-14-9
Құрметті Балжан Көшкімбайқызы, сізді бүгінгі
мерекелі де, мерейлі 50 жасыңызбен құттықтаймын.
Сізді үлгі тұта отырып, мерейтойыңызбен құттықтап,
деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге
шығармашылық табыс тілеймін.
Имашева Райгүл ШК-13-9

More Related Content

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

пайымы мол парасат иесі

  • 1. « П А Й Ы М Ы М О Л П А Р А С А Т И Е С І » Жахметова Балжан Көшкімбайқызының 50 жасқа толған мерейтойына арналған «Балбұлақ» газетінің кезекті саны №2 қазан, 2015 жыл Екі айда бір рет шығарылатын газет Б А Л Б Ұ Л А Қ Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі КОЛЛЕДЖ ------------- ОҚЫТУШЫ ----------- АТА-АНА Отбасын құрайтын және оның босағасын бекітетін күш- махаббат. Әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың арасындағы бір - біріне адал, шын берілген махаббат. Алайда махаббат басқа жақтан, сырттан келіп басқа қона қалатын нәрсе емес. Махаббат-орасан еңбек. Махаббаттық еңбек дегеніміз- адам өзінен кейін балаларын өмірде қалдыруы – өзінің рухани байлығын солар арқылы жалғастыруға саналы түрде ұмтылуы. Махаббат – ерліктің нәзік, осал, ерке баласы, адамның өзін балалары арқылы жалғастыруы – бұл махабатта ер жүрек болу деген сөз. Туған күн иесіне… Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жарқырайды. Ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді - олардың жұлдызы бір-екі жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері сіз сияқты айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар. Бүгінгі туған күнді осындай ерекше жұлдыздың иесі - Сіз деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілейміз. Жұлдызыңыз сөнбесін! Әрқашан да жоғарылап, жарқырай берсін! ШК-12-9 A тобы Арғымақтай аңқылдаған, ақ алмастай жарқылдаған, дариядай сарқылдаған жарты ғасыр өміріңізге енді осындай ғұмыр тілейміз! Толеу Айжан ШК-13-9 *** Жүзіңізге шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп тербеле беріңіз деп тілеймін! Иманалы Меруерт ШК-13-9 *** Ұлағатты ұстаздардың бірі – Балжан Көшкімбаевна, сізді мерейлі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүре беруіңізге тілектеспіз. Нұрбаева Ажар ШК-13-9 *** Жаны жайсаң бір жанға Өмір көктем, әр күндері шуақты, Ұстаз бағбан тасытатын қуатты. Балжан апай, сізге тілек іздедік, Өзгеше бір әлемінен жыр атты Өмір көктем, әр күндері шуақты, Жолымызға сіз жақтыңыз шырақты. Жаны жайсаң жан болған соң ұстазы, Шәкірттерің өзіңізді ұнатты. Мейірімді жүзіңізден аңғарған, Аңғарумен теңеу таппай таңқалған. Балжан апай, бұлақ болып ағамыз, Бастау алып ұстаз деген заңғардан. Сіз заңғарсыз, сіз биіксіз, көктемсіз, Шуағыңды шәкірттерге төккенсіз. Жаныңызға жаз, жүректерді жылытқан, Ал мен үшін көңілі гүл көктемсіз. Бақыт тілеп жырдан тілек арнадық, Қуанышқа жақсы лебіз жалғадық. Өмір бойы бақытты боп жүріңіз, Әр жыл сайын шәкірт көші жалғанып. Сіз біз үшін аяулысыз сенсеңіз, Қуанамыз көңіл бізге бөлсеңіз. 50 жасыңыз құтты болсын ұстазым Шындығында сіз келген жас 18 Гүлниза, Ақбота ШК-12-9 A Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім Ауыр жүгін арқалап ұстаздықтың, Оңашада ой өріп, ойға баттың. Еңбегіңіз ерең ғой сіздің тәте, Болашағына алаңсыз сан ұрпақтың. Жүректерге құйдыңыз білім нәрін, Күлімдеп жүрсін жанарың, Ақыл айтып жүресіз әрқашанда Болашақтың көрсетіп оң бағдарын. Балжан тәте, шәкіртіңнің бірі едім, Ақылыңды есте сақтап жүремін Жартысындасыз ғасырдың, жүз жасаңыз. Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім. Шырайлым ШК-13-9 50 жас Студенттер тілегі Балжан апай Байсалды жан, ардақты ұстаз Балжан апай, Көңіліңіз бізге деген аппақ қардай. Мінекей, елу жастың шыңына келдің, Нәсіп қып ұзақ ғұмыр жүз жасағай. Ұшырып ұяңыздан шәкірттерді, Әрқайсысын панасына қондырдыңыз. Аямай шәкірт үшін маңдай терді, Ақталғай ұзақ жылғы бейнетіңіз. Шәкіртті тәлімімен нұрландырған, Жөн сілтеп, білім беріп пана болған. Сабақтан қателесіп кетсем егер, Қатемді түзеп әркез, кешіре алған. Меруерт ШК-14-9 Құрметті Балжан Көшкімбайқызы, сізді бүгінгі мерекелі де, мерейлі 50 жасыңызбен құттықтаймын. Сізді үлгі тұта отырып, мерейтойыңызбен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін. Имашева Райгүл ШК-13-9