Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушылардың ойлау жүйесін шыңдау
2.
Б а ян д а м а
“Жаңа технология элементтерін ойын
түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы
оқушылардың ойлау жүйесін шыңдау”
«Қ. Игенбайұлы атындағы орта мектеп-башасы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Бергенжанова Роза
Сарсенгалиевна. ШҚО. Үржар ауданы. Елтай ауылы.
.
3.
Қай заманда да,қай халықтың өмірінде болсын өмір
қажетінен туындайтын ойын – бала үшін іс-әрекетке,
еңбекке, қимыл-қозғалысқа бастаушы болумен қатар,
дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті.
Халық даналығындағы – ойнай білмеген, ойлай да
білмейді, ойында озған өмірде де озады – деген аталы
сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі
баланың ойынға деген, қарым-қатынасы, мінез-құлық
көріністері олар өсіп есейген өмірінде де жалғаса береді.
Алдымен «ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл
адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын
қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
4.
Ұлы педагог Сухомлинский“Ойын баланың алдынан
өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
дамытады. Ойынсыз ақыл–ойдың қалыптасуы мүмкін
де емес” – деп айтқан екен. Демек, бастауыш сынып
оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасын,
мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу үрдісіне
үздіксіз дамыту, сабақта алған білімдерін практикада
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын
түрлерін қолданудың орны ерекше. Тиімді қолданылған
ойын түрлері мұғалімнің түсіндірген материалын
оқушының зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне
көмектеседі. Ойынның түрлерін балалардың жас
ерекшеліктеріне, сабақтың мазмұны мен тақырыбына
сай таңдап алған дұрыс. Әр сабақта орнымен
қолданылған ойын түрлері оқушыларды өздігінен
жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді.
5.
Ойын-тапсырмалар
Бұл ойынның негізін
заттармен әрекет,
сөздік тапсырмалар
құрайды. Ойын міндеттері
мен әрекеттері бір нәрсені
болжауға негізделеді.
Ойын-саяхаттар
Олар ертегілерге
ұқсас. Олар
фактілер немесе
оқиғаларды
бейнелейді.
Ойын-болжамдар
Бұл ойындар “Не
болар еді..?”, “Мен
не істер едім, егер...”
деген сұрақтарға
негізделеді.
Ойын-әңгімелер
Өзара әрекет
жасауға, бірлесіп
ойлануға мүмкіндік
туғызады.
Ойын-жұмбақтар
Олар баланың ой
әрекетін белсендіреді.
Оқушы қиялының
дамуына әсер
етеді.
Ойын балаларға ізденушартын қояды, жеңіске деген
қызығушылығын оятады, белсенділігін арттырады.
Ойынның нәтижесінде:
БАЛАНЫҢ БОЙЫНДА
ойлау
тапқырлы
қ
шыдамдылық белсенділік
ұйымдастырушылық
қасиеттері қалыптасады.
17.
Қорыта келгенде, бастауыш
сыныптыңоқу үрдісінде ойын
түрлерін пайдалану, біріншіден
оқушылардың білімін берік
меңгерту құралы болса, екіншіден
балалардың сабаққа деген
қызығушылығын, белсенділігін
арттырып, білім сапасын көтеру
болып табылады.