SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Тақырыбы:«Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз»
Құрметтіоқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызғахош
келдіңіздер!
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққоғамымызды қатты алаңдатып отырғанкелеңсіз
көріністердің бірі екені еш жасырынемес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болыпкүресу
мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқыққорғауоргандары мен сот жүйесі
де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтыңалдын алуға
баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескерте
отырып, осындай жағдайларды болдырмаумақсатындатәрбие сағатымыздың
тақырыбын «Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» депалып отырмыз.
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру;
«Жемқорлық» дегенне екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарынкеңейту;
3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру;
Тәрбиесағатының барысы:
1. Ұйымдастырукезеңі. (келген қонақтарымызбентаныстырыпкету)
2. Дөңгелек үстел.
(Бір парақ қағазға «Отан» тақырыбынатоптағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
Әр топ өз шығармасыноқып, қорғайды.
«Менің көзқарасым» әр топтан бір оқушы шығып, сыбайлас жемқорлықжайында өз
ойларын айтады.
1-ші топ.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып
табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді
және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін
пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып
табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл
жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін
өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың
жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің,
қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттыңбасым бағыттарының бірі» деп
көрсетті.
2-ші топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес
мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген
адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін
пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше
пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер
мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың
аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып
алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең
пәрменді заңдардың бірі болып табылады.
Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің
күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық
көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты
құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік
органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
3-ші топ. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері
шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-
алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери
полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар
қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында
тәулік бойы қабылданады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің
қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлық бейнеролик
Ситуациалық жағдай
1 топтың тапсырмасы:Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырғанЕрлан мен
Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі.
Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол
мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойындаарам ойы жоқ
Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын
екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынанбұл істің қалжың
емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен
құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығынескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл
істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығынҚайратқажақсылап
ұғындырады.
Сұрақтар:1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы:Нұрлан 5 - сыныптаоқиды. Нұрланның білім алуға деген
талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орыналарлық қабілеті бар.
Бірақ ата - анасыныңтәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланныңата - анасы
бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде
тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға
байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сыныпжетекшісі осы жағдайға
байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме
жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақуәде беріп құр шығарып
салады. Бірер күн өткен соңжаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың
басты міндеті екенін біле тұра оны орындаудаәке - шешесі салғырттықтанытады.
Сұрақтар:1. Нұрланның ата - анасының қылығынқалай бағалайсыздар?
2. Сыныпжетекшісінің орнындаболсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып,
тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқакелген соң,
өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысынаөзінше бір есеп беріп
отыратынболды. Жалғастың қыркүйекайындағы тынымсыз еңбекке толы күндері
өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір
қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс
клубына жазылмақшы болыпбір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді.
Ата - анасы Жалғастың ойынақарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін
үйірмеге өзіжазғызыпқойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарыныңөте
қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүрукеректігін баса айтты. Ал, Жалғастың
бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті.
Үнемі ата - анасыныңайтқанын дұрыс санап, соны басты назарғаалатын Жалғас тағы
да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?
Слайдпенжемқорлыққабайланысты мысалдаркелтіру:
1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысынбелгілі - бір сыйлықты (гүл,
сағат,портрет.....)сыйласажемқорлыққа жатады ма?
3. Жоғарғы оқуорындарындабілім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына
үстел жасағаны , жемқорлыққа жатады ма?
Ортақ сұрақ
Түнгімезгілде сағат (22 .00 ) кейін көшеде жүрген мектеп оқушысынжасөспірімдер
инспекторлары ұстап алса, оған қандай заңдар қолданады? Ата-аналарға қандай
көлемде айып пұл салуға болады?Оған сыныпжетекші жауап беруге тиісті ме ?
«Менің отбасым» тақырыбынасуретсалу (әкесі,анасы,баласы)
музыка ойнап тұрады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес форумындасөйлегенсөзі. (таспаға жазылған)
 Құрметті форумға қатысушылар!
 Бүгінгі басқосуымыз қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес
шараларына арналып отыр. Осы мәселе жөнінде нақты әңгіменің уақыты жетті
деп санаймын.
 Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына
кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша,
мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.
 Біз экономикамызды барыншадамытып, саяси жүйемізді жетілдіріп жатырмыз.
Білімді, мәдениетті әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру жолында
алдымызға стратегиялық мақсат қойып отырмыз.
 Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір
нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз.
 Жемқорлықпенкүрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана
міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.
 Бүгін мен сіздермен осы мәселе төңірегінде, қордаланған проблемалар мен
оларды шешудің заңнамалық және нақты іс-шаралары жөнінде ашық сөйлесуді
жөн көріп отырмын.
 Бүгінгі басқосудың қаншалықты маңызды екенін баршаңыз де сезініп отырған
боларсыздар.
 Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы біздің ғана емес, бүкіл әлемнің бас
ауруына айналғанын жаңа айттым.
 Бүгінде жаһандық сипат алған бұл індет тұтастай мемлекеттердің
экономикасын күйретіп жіберу қаупін туғызып отыр.
 Олай болса, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілуі қажет. Ешкімнің
лауазымына, шен-шекпеніне қараудың қажеті жоқ. Қылмыс жасаған адам
қандай жағдайда да жауапқа тартылуы тиіс.
 Қоғам бізден нақты іс-әрекетті күтіп отыр. Баршамыздың ел алдындағы
қызметіміз де, беделіміз де бірлесіп істеген жұмыстың нәтижесіне байланысты.
 Тағы да қайталап айтамын, бұл істе "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндет
үлкен. Партияның орталық, жергілікті жердегі басшылығы, мүшелері халықты
жұмылдыра отырып, жемқорлықтың алдын алу мен жою шараларын белсенді
жүргізуі керек.
 Қазақта "Ауруын жасырғанөледі" дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес
жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға
қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.
 Назар аударып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет.
Бейнеролик көрсетіледі (жемқорлыққажол жоқ)
Оригами жасау.(Раушан гүлі)(келген қонақтарға жасалған гүлдерді
сыйлыққа тарту)
«Жүрек жылуы» тілек арнау. (әр топ бір-біріне тілек айтады)
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз»
Өткізген:Б.З.Абдильманова

More Related Content

Similar to Zhemkorlykt.s.

«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
bekzhan90
 

Similar to Zhemkorlykt.s. (18)

Азаматтық қоғамның әрекет ету шарттары
Азаматтық қоғамның әрекет ету шарттарыАзаматтық қоғамның әрекет ету шарттары
Азаматтық қоғамның әрекет ету шарттары
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
Блялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptxБлялов.Т. Бала құқығы.pptx
Блялов.Т. Бала құқығы.pptx
 
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және ба...
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және ба...Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және ба...
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және ба...
 
«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және б...
«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және б...«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және б...
«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын алу және б...
 
789вавауаууц
789вавауаууц789вавауаууц
789вавауаууц
 
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
 
Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)
 
Девиантты балалар
Девиантты балаларДевиантты балалар
Девиантты балалар
 
200920010к
200920010к200920010к
200920010к
 
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасы
 
Баланың бас ұстазы-ата ана
Баланың бас ұстазы-ата анаБаланың бас ұстазы-ата ана
Баланың бас ұстазы-ата ана
 
Жемқорлық
Жемқорлық Жемқорлық
Жемқорлық
 
Kitfdу
KitfdуKitfdу
Kitfdу
 
Мемлекет және оның атқаратын функциялары
Мемлекет және оның атқаратын функцияларыМемлекет және оның атқаратын функциялары
Мемлекет және оның атқаратын функциялары
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?
 
12333
1233312333
12333
 
Ата ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docxАта ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docx
 

Zhemkorlykt.s.

  • 1. Тақырыбы:«Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» Құрметтіоқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызғахош келдіңіздер! Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққоғамымызды қатты алаңдатып отырғанкелеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырынемес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болыпкүресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқыққорғауоргандары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтыңалдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ жеткіншектер өздерің екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмаумақсатындатәрбие сағатымыздың тақырыбын «Жемқорлықпен күресу- басты міндетіміз» депалып отырмыз. Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «Жемқорлық» дегенне екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарынкеңейту; 3. Патриоттық тәрбие қалыптастыру; Тәрбиесағатының барысы: 1. Ұйымдастырукезеңі. (келген қонақтарымызбентаныстырыпкету) 2. Дөңгелек үстел. (Бір парақ қағазға «Отан» тақырыбынатоптағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.) Әр топ өз шығармасыноқып, қорғайды. «Менің көзқарасым» әр топтан бір оқушы шығып, сыбайлас жемқорлықжайында өз ойларын айтады. 1-ші топ. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді. Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттыңбасым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
  • 2. 2-ші топ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. 3-ші топ. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын- алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді. Сыбайлас жемқорлық бейнеролик Ситуациалық жағдай 1 топтың тапсырмасы:Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырғанЕрлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойындаарам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынанбұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығынескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл
  • 3. істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығынҚайратқажақсылап ұғындырады. Сұрақтар:1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген? 2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды? 2 - топтың тапсырмасы:Нұрлан 5 - сыныптаоқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орыналарлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасыныңтәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланныңата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сыныпжетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақуәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соңжаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындаудаәке - шешесі салғырттықтанытады. Сұрақтар:1. Нұрланның ата - анасының қылығынқалай бағалайсыздар? 2. Сыныпжетекшісінің орнындаболсаңыз не істер едіңіз? 3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай? 3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқакелген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысынаөзінше бір есеп беріп отыратынболды. Жалғастың қыркүйекайындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болыпбір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойынақарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзіжазғызыпқойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарыныңөте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүрукеректігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасыныңайтқанын дұрыс санап, соны басты назарғаалатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды. Сұрақтар:1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз? 2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр? 3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па? Слайдпенжемқорлыққабайланысты мысалдаркелтіру:
  • 4. 1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма? 2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысынбелгілі - бір сыйлықты (гүл, сағат,портрет.....)сыйласажемқорлыққа жатады ма? 3. Жоғарғы оқуорындарындабілім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасағаны , жемқорлыққа жатады ма? Ортақ сұрақ Түнгімезгілде сағат (22 .00 ) кейін көшеде жүрген мектеп оқушысынжасөспірімдер инспекторлары ұстап алса, оған қандай заңдар қолданады? Ата-аналарға қандай көлемде айып пұл салуға болады?Оған сыныпжетекші жауап беруге тиісті ме ? «Менің отбасым» тақырыбынасуретсалу (әкесі,анасы,баласы) музыка ойнап тұрады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумындасөйлегенсөзі. (таспаға жазылған)  Құрметті форумға қатысушылар!  Бүгінгі басқосуымыз қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес шараларына арналып отыр. Осы мәселе жөнінде нақты әңгіменің уақыты жетті деп санаймын.  Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.  Біз экономикамызды барыншадамытып, саяси жүйемізді жетілдіріп жатырмыз. Білімді, мәдениетті әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру жолында алдымызға стратегиялық мақсат қойып отырмыз.  Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз.  Жемқорлықпенкүрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.  Бүгін мен сіздермен осы мәселе төңірегінде, қордаланған проблемалар мен оларды шешудің заңнамалық және нақты іс-шаралары жөнінде ашық сөйлесуді жөн көріп отырмын.  Бүгінгі басқосудың қаншалықты маңызды екенін баршаңыз де сезініп отырған боларсыздар.  Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы біздің ғана емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналғанын жаңа айттым.  Бүгінде жаһандық сипат алған бұл індет тұтастай мемлекеттердің экономикасын күйретіп жіберу қаупін туғызып отыр.
  • 5.  Олай болса, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілуі қажет. Ешкімнің лауазымына, шен-шекпеніне қараудың қажеті жоқ. Қылмыс жасаған адам қандай жағдайда да жауапқа тартылуы тиіс.  Қоғам бізден нақты іс-әрекетті күтіп отыр. Баршамыздың ел алдындағы қызметіміз де, беделіміз де бірлесіп істеген жұмыстың нәтижесіне байланысты.  Тағы да қайталап айтамын, бұл істе "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндет үлкен. Партияның орталық, жергілікті жердегі басшылығы, мүшелері халықты жұмылдыра отырып, жемқорлықтың алдын алу мен жою шараларын белсенді жүргізуі керек.  Қазақта "Ауруын жасырғанөледі" дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.  Назар аударып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Бейнеролик көрсетіледі (жемқорлыққажол жоқ) Оригами жасау.(Раушан гүлі)(келген қонақтарға жасалған гүлдерді сыйлыққа тарту) «Жүрек жылуы» тілек арнау. (әр топ бір-біріне тілек айтады)
  • 6. «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» Өткізген:Б.З.Абдильманова