SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Байназарова Салтанат Даулетовна
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
«№ 4 Ақкөл орта мектебі» ММ
Ақмола облысы Ақкөл ауданы
Ұйымдастырушы: Блялова Сауле Даулетовна
Сабақтың тақырыбы: «Үш бәйтерек»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға
таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту.
Дамытушылық: ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық
жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа
үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің
тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру.
Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын
жазушылардың шығармалар жинағы, техникалық құралдар, викториналық сұрақтар,
магнитофон.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Бүгінгі бізідің ашық сабағымыздың тақырыбы «Үш бәйтерек». Сабақта біз
І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы
мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық.
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер,
дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның
дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген
құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер,
қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен,
тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол
тапты.
ІІ. Негізгі бөлімі.
1 – жүргізуші. «Туған жерім – Сарыарқа».
- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді
болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған .
Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш
Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын,
қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің
орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені
біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи
алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз
жасында Нілді заводына жіберді.
2 – жүргізуші:
Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық - әлеуметтік көзқарастырының
қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары
Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы
мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.
1 – оқушы «Ананың хаты»
«Балам, сағындым,
Ұмыттың ғой, бізді, тіпті,
Бір келмедің не қылдым?
Оқу іздеп кеткеніңнен
Ауылға бір қайтпадың.
Біз не көрдік жеткеніңнен,
Елге уәж айтпадың.
Жас күнінде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп, тербетіп.
Арманым жоқ, деп ойлаушы ем,
Қалқам өссе ер жетіп.
Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігіт боп жеткен соң,
Қалжырадым, ойла, жаным,
Сен алысқа кеткен соң.
Пәлен жерде сені сырттан
Ұлық болды деседі.
Ағайының естіп жұрттан,
Гулеп желдей еседі.
Арманым зор неғылайын,
Елге келіп тұрмадың.
Маған салып сары уайым,
Артқа мойын бұрмадың.
Ойла енді, кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үй іші де тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.
Қалжырадым, сағындым мен,
Бір кеп көрін көзіме.
Ұмытқандай не қылдым мен,
Жауап қайтар сөзіме!»
1 - жүргізуші
Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының
әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе
қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты.
Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін,
адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.
2 – оқушы «Жұмыскерлерге»
( Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарының жұмыскерлеріне арналады)
Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш.
Өлшеген нан, қара суды қылып ас.
Тұрмыс лажын жер астынан іздеген,
Күндіз – түні алысқаның көмір тас.
Ауыр балға, ауыр қайла, күрегің.
Күшті қолда: болат жұмыр білегің.
Балшық басқан, күйе басқан жалаңаш,
Бауырларым, теңелуің – тілегім.
Жүректің де әлі – ақ бітер жарасы,
Орнар бақыт бітіп дүние аласы.
Қажымандар, михнатта – рахат бар,
Бауырларым, қалың нашар баласы.
1 – жүргізуші
С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі
мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция
шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында
суреттелген.
Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы
және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына
өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.
3 – оқушы
Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділідік, тендік іздеген.
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген,
Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,
Сендерге арналды бұл әндер.
2 – жүргізуші
1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С.Сейфуллиннің әдеби
қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған
Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басынатабыну кеселінен
жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25
ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.
«Анаға жауап»
Амансың ба, байғұс апа?
Денің сау ма, әп – еке?
Қайтардың ба, болып қапа?
Әжемдей боп тәп екең?
Қалжырадым, сағындым деп,
Елге қайт деп жылайсың!
Ұмытқандай неғылдым деп,
Тез хат сал деп сұрайсын.
Тапқан жолым қазіргі осы,
Жат – ау саған тілдерім.
Біздің үкім әзірге осы,
Жалпы теңтік ілгері.
Қайт деп, апа, жылай берме,
Жүремін ғой, жазып хат.
Жазғытұрым барам елге,
Партком берсе рұқсат!
1 – жүргізуші
Екінші бәйтерегіміз – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу
ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі -
өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын
естіп өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың
өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті.
4 оқушы
Жер таппан жерде жетер Жетісуым:
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым
Асқардың аспан сүйген сілекейін,
Жан барма таппайтұғын, айтпайтұғын.
Тарбиған Тарбағатай жердің құты,
Барлық – ол «қыдыр түннен көшкен жұрты».
Оранған ақ кебенек аруақты Алтай
Төгіліп бізге таман жатыр мұрты.
5 оқушы
Қып – қызыл жамағандай тауды мыспен,
Қорғасын қорығындай су – күміспен.
Құймақы, қоңыр қара жақпарлары
Арналып отырғандай алып күшпен.
Таутеке, марал, бұғы тағылары,
Тау – тасын мекендеген қысы – жазы.
6 оқушы
Ыстықкөл жер айнасы мөлтілейді,
Балқашты қамыс қамап желкілейді.
Атанған алты өзені Жетісудың
Балқашқа бауырым деп еңкілдейді.
Неше елді аттандырған құтты қоныс
Әлі тұр әсемдігі тауысылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісуы бәрі осындай!
2 – жүргізуші
Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты
курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты.
«Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы
«Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен
басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен
жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен
Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен
еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен
суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі,
қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады.
7 – оқушы «Туған жер»
Мен өзім тауда туып, тасындаөстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.
Жөңкенің жоғары ала басындаөстім,
Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім.
Аспанда ақиығы шаңқылдаған
Құздардыңқұламалы астындаөстім.
Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген,
Тасы жоқ, таусыз жердіжерсінбеген.
Алматым Алатаудың бауырында
Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден.
1 – жүргізуші
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс
Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ
баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан
көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен
достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері
атанған Ілияс Жансүгіров кесепат – кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы
опат болды.
2 – жүргізуші
Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі,
Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан
әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет
пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі
«Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын –
жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін
жазды.
Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін,
ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді.
8 оқушы
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.
Туысқандық, құрдастыққа асыға –
Алалықты арандағы жой, қазақ!
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да!
Азынаулақ миың болса басыңда,
Партия – штат, дау – шарыңды қой, қазақ!
1 – жүргізуші
Ақынның «Байдыңқызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан»
атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет
Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік
сипаттарымен ерекше орын алады.
Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді
шыға бергенде үзіліп кетті.
Б. Майлин «Арман».
Арман! Арман!
Дүние жалған-
Мың құлпырдың күніне,
Күйдін,жандын,
Малды алдың,
Жеттің ақыр түбіне.
Өткен арман!
Алуан,алуан-
Өмір сүрген дәуренім.
Бәрі бітіп,
Сәнім кетіп,
Осы күні әуремін.
Бояудан тон-
Көрінген соң,
Қайнағаны сорымның.
Зарлап – зарлан!
Арман, арман!
Бөгелгені жолымның.
2- жүргізуші:
Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен
Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп,
шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.
1 - жүргізуші:
Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары
кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың
отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын-
сүргінге ұшырап, атылды.
2 - жүргізуші:
Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен
шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты дамәнді болыптабылады.
10 оқушы
Заман қалай, адам қалай өзгерді
Өзгергендішүкір қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында
Шындықты айтып шыңғыратынкез келді.
Айтса нанар сенгіш халық едік қой.
Халқымыздыңқамын жеген ұлдарын
О, ғаламат, халық жауы дедік қой!
Қорытындыбөлімі
1.Викторина өткізу
1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты? (Садуақас)
2. Сәкеннің өмір сүргенжылдары (1894-1938)
3. Бейімбет Майлиннің шын аты (Бимағамбет)
4. Бейімбетті кім тәрбиеледі ( шешесі)
5. Ілияс Жансүгіровтыңтуған жері (Алматы облысы, Ақсу ауданы)
6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды?(әкесінің)
7. Ілияс Жансүгіровтыңқай поэмасындаАқан сері өмірі бейнеленген
(Құлагер)
8. Сәкеннің туған жері? (Ақмола облысы)
9. Бейімбет Майлиннің туған жері. (Қостанайуезі)
10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырмажылдығы қай жылы тойланды?
(1936)
11. Қазақтың үш бәйтерегін ата (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).
Мектеп кітапханашысына сөз беріледі.
Сәкеннің әнін тындау және шырқау

More Related Content

What's hot

Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлыsanvia
 
вертуальная выставка
вертуальная выставкавертуальная выставка
вертуальная выставкаJako Bektibaev
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріBilim All
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыnurbolat84
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)Nina Panasenko
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан УәлихановҚазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан УәлихановАйбек Қуандықұлы
 
омирбаяндык альбом
омирбаяндык альбомомирбаяндык альбом
омирбаяндык альбомAsem Sarsembayeva
 
055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауауууууууууууууnurlan93kz
 

What's hot (20)

Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлы
 
вертуальная выставка
вертуальная выставкавертуальная выставка
вертуальная выставка
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
гылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауыгылыми жоба байкауы
гылыми жоба байкауы
 
сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)сасанова инабат. (1)
сасанова инабат. (1)
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастырубес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан УәлихановҚазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
барышева л.№32мг
барышева л.№32мгбарышева л.№32мг
барышева л.№32мг
 
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожалучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
 
омирбаяндык альбом
омирбаяндык альбомомирбаяндык альбом
омирбаяндык альбом
 
қыс
қысқыс
қыс
 
урок жумабекова
урок жумабековаурок жумабекова
урок жумабекова
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу
 

Similar to үш байтерек б.с.д.

алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptBIka
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаAsem Sarsembayeva
 
2012выаывавыав
2012выаывавыав2012выаывавыав
2012выаывавыавnurlan93kz
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикаoquzaman
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиипdianazhumi
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”sanvia
 
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptxssuser7a793e
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыDan41k
 

Similar to үш байтерек б.с.д. (20)

7878fd
7878fd7878fd
7878fd
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
Iliaszhansugirov
IliaszhansugirovIliaszhansugirov
Iliaszhansugirov
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
қыс
қысқыс
қыс
 
баян шы5аруо
баян  шы5аруобаян  шы5аруо
баян шы5аруо
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урока
 
2012выаывавыав
2012выаывавыав2012выаывавыав
2012выаывавыав
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
 
ашық сабақ ыбырай
ашық сабақ ыбырайашық сабақ ыбырай
ашық сабақ ыбырай
 
Қауырсын Қалам
Қауырсын ҚаламҚауырсын Қалам
Қауырсын Қалам
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
 
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясы
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

үш байтерек б.с.д.

  • 1. Байназарова Салтанат Даулетовна Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі «№ 4 Ақкөл орта мектебі» ММ Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ұйымдастырушы: Блялова Сауле Даулетовна Сабақтың тақырыбы: «Үш бәйтерек» Сабақтың мақсаты: Білімділік: ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. Дамытушылық: ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа үйрету. Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру. Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын жазушылардың шығармалар жинағы, техникалық құралдар, викториналық сұрақтар, магнитофон. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. - Бүгінгі бізідің ашық сабағымыздың тақырыбы «Үш бәйтерек». Сабақта біз І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты. ІІ. Негізгі бөлімі. 1 – жүргізуші. «Туған жерім – Сарыарқа». - Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген. Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.
  • 2. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді. 2 – жүргізуші: Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық - әлеуметтік көзқарастырының қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. 1 – оқушы «Ананың хаты» «Балам, сағындым, Ұмыттың ғой, бізді, тіпті, Бір келмедің не қылдым? Оқу іздеп кеткеніңнен Ауылға бір қайтпадың. Біз не көрдік жеткеніңнен, Елге уәж айтпадың. Жас күнінде көп ойлаушы ем, Сені әлдилеп, тербетіп. Арманым жоқ, деп ойлаушы ем, Қалқам өссе ер жетіп. Болмай шықты ойлағаным, Сен жігіт боп жеткен соң, Қалжырадым, ойла, жаным, Сен алысқа кеткен соң. Пәлен жерде сені сырттан Ұлық болды деседі. Ағайының естіп жұрттан, Гулеп желдей еседі. Арманым зор неғылайын, Елге келіп тұрмадың. Маған салып сары уайым, Артқа мойын бұрмадың. Ойла енді, кім мені күтті, Қартайдым, кем саулығым. Үй іші де тозып бітті, Тозды баста жаулығым. Қалжырадым, сағындым мен, Бір кеп көрін көзіме. Ұмытқандай не қылдым мен, Жауап қайтар сөзіме!» 1 - жүргізуші Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты.
  • 3. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді. 2 – оқушы «Жұмыскерлерге» ( Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарының жұмыскерлеріне арналады) Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш. Өлшеген нан, қара суды қылып ас. Тұрмыс лажын жер астынан іздеген, Күндіз – түні алысқаның көмір тас. Ауыр балға, ауыр қайла, күрегің. Күшті қолда: болат жұмыр білегің. Балшық басқан, күйе басқан жалаңаш, Бауырларым, теңелуің – тілегім. Жүректің де әлі – ақ бітер жарасы, Орнар бақыт бітіп дүние аласы. Қажымандар, михнатта – рахат бар, Бауырларым, қалың нашар баласы. 1 – жүргізуші С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды. Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 3 – оқушы Сендерге, қарындастар, Сендерге, інілер, Сендерге арналды бұл әндер! Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, Әділідік, тендік іздеген. Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып, Еркіндік, кеңдік іздеген, Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар, Сендерге арналды бұл әндер. 2 – жүргізуші 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басынатабыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады. «Анаға жауап» Амансың ба, байғұс апа? Денің сау ма, әп – еке?
  • 4. Қайтардың ба, болып қапа? Әжемдей боп тәп екең? Қалжырадым, сағындым деп, Елге қайт деп жылайсың! Ұмытқандай неғылдым деп, Тез хат сал деп сұрайсын. Тапқан жолым қазіргі осы, Жат – ау саған тілдерім. Біздің үкім әзірге осы, Жалпы теңтік ілгері. Қайт деп, апа, жылай берме, Жүремін ғой, жазып хат. Жазғытұрым барам елге, Партком берсе рұқсат! 1 – жүргізуші Екінші бәйтерегіміз – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен. Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. 4 оқушы Жер таппан жерде жетер Жетісуым: Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым Асқардың аспан сүйген сілекейін, Жан барма таппайтұғын, айтпайтұғын. Тарбиған Тарбағатай жердің құты, Барлық – ол «қыдыр түннен көшкен жұрты». Оранған ақ кебенек аруақты Алтай Төгіліп бізге таман жатыр мұрты. 5 оқушы Қып – қызыл жамағандай тауды мыспен, Қорғасын қорығындай су – күміспен. Құймақы, қоңыр қара жақпарлары Арналып отырғандай алып күшпен. Таутеке, марал, бұғы тағылары, Тау – тасын мекендеген қысы – жазы. 6 оқушы Ыстықкөл жер айнасы мөлтілейді, Балқашты қамыс қамап желкілейді. Атанған алты өзені Жетісудың Балқашқа бауырым деп еңкілдейді. Неше елді аттандырған құтты қоныс Әлі тұр әсемдігі тауысылмай.
  • 5. Суретін сөз баяндап жеткізе алмас, Жерінің Жетісуы бәрі осындай! 2 – жүргізуші Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. 7 – оқушы «Туған жер» Мен өзім тауда туып, тасындаөстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім; Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы қасында өстім. Жөңкенің жоғары ала басындаөстім, Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім. Аспанда ақиығы шаңқылдаған Құздардыңқұламалы астындаөстім. Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, Тасы жоқ, таусыз жердіжерсінбеген. Алматым Алатаудың бауырында Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден. 1 – жүргізуші 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат – кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. 2 – жүргізуші Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.
  • 6. Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. 8 оқушы Келді теңдік, туды теңдік басыңа, Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа. Туысқандық, құрдастыққа асыға – Алалықты арандағы жой, қазақ! Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма! Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да! Азынаулақ миың болса басыңда, Партия – штат, дау – шарыңды қой, қазақ! 1 – жүргізуші Ақынның «Байдыңқызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады. Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті. Б. Майлин «Арман». Арман! Арман! Дүние жалған- Мың құлпырдың күніне, Күйдін,жандын, Малды алдың, Жеттің ақыр түбіне. Өткен арман! Алуан,алуан- Өмір сүрген дәуренім. Бәрі бітіп, Сәнім кетіп, Осы күні әуремін. Бояудан тон- Көрінген соң, Қайнағаны сорымның. Зарлап – зарлан! Арман, арман! Бөгелгені жолымның. 2- жүргізуші: Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті. 1 - жүргізуші: Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын- сүргінге ұшырап, атылды.
  • 7. 2 - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты дамәнді болыптабылады. 10 оқушы Заман қалай, адам қалай өзгерді Өзгергендішүкір қазір көз көрді. Арың менен ақиқаттың алдында Шындықты айтып шыңғыратынкез келді. Айтса нанар сенгіш халық едік қой. Халқымыздыңқамын жеген ұлдарын О, ғаламат, халық жауы дедік қой! Қорытындыбөлімі 1.Викторина өткізу 1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты? (Садуақас) 2. Сәкеннің өмір сүргенжылдары (1894-1938) 3. Бейімбет Майлиннің шын аты (Бимағамбет) 4. Бейімбетті кім тәрбиеледі ( шешесі) 5. Ілияс Жансүгіровтыңтуған жері (Алматы облысы, Ақсу ауданы) 6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды?(әкесінің) 7. Ілияс Жансүгіровтыңқай поэмасындаАқан сері өмірі бейнеленген (Құлагер) 8. Сәкеннің туған жері? (Ақмола облысы) 9. Бейімбет Майлиннің туған жері. (Қостанайуезі) 10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырмажылдығы қай жылы тойланды? (1936) 11. Қазақтың үш бәйтерегін ата (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). Мектеп кітапханашысына сөз беріледі. Сәкеннің әнін тындау және шырқау