SlideShare a Scribd company logo
1 of 31
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның
350 жылдығына орай
Жүсіп Баласағұнидың философиялық ілімі
Әл-Фараби атындағы кітапхана Кітапхана
қорының
топтамасы
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – XI
ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі
күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған
данышпан-ойшыл, энциклопедист-
ғалым, белгілі қоғам қайраткері.
Табиғаттану, риезиет (математика),
фәләкият (астрономия), тарих, араб-
парсы тіл білімі, т.б. ғылым
салаларын жете меңгерген ғұлама-
ғалым ретінде жақсы мәлім болған.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1015) - өмірі
туралы мәліметтер аз сақталған. Философия,
математика, медицина, астрономия, астрология,
өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа
ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, Жүсіп-
Құз-Орда деген атпен белгілі, орналасқан жері
әлі толық дәлелденбеген, Баласағұн қаласында
дүниеге келген. Яғни бұл қаланы Жетісудан,
анығырақ айтқанда, Шу өңірінде Тоқмақ
қаласының маңынан іздеу керек. Белгілі қазақ
тарихшысы У.Х.Шалекеновтің пікірінше бұл қала
Жамбыл облысында Ақтөбе төмпешігінде
орналасқан.
Араб, парсы тілдерін жетік меңгерген ол білімнің әр-түрлі
салаларында философиялық ғылыми еңбектер жазған. Сол
кездегі зиялы қауым көп нәрседен хабардар болып,
пәлсафа мен ғылым, поэзия және саясатпен айналысқан,
шахмат ойнауды білген. Өмірде кең көлемде мол тәжірибе
алған ол Қашқарға келеді де, осы жерде 18 ай болып, бас
алмай поэтикалық шығарма жазып бітіргенде 54 жаста
болған. Осылай деп алсақ Жүсіп Баласағұн біздің
ғасырымыздан 1015-1016 жылдарында туған болады. Түркі
тілдес халықтар поэзиясын зерттеген. А.Дильачардың пікірі
бойынша ол 1018 жылы туған. Осылардың ортасын алсақ,
Баласағұнның туған жылы 1017 жылы деп айтуға болады.
Өзінің әйгілі еңбегін ол Қараханид әулетінен шыққан
Табғаш Боғрахақан Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі
үшін хасс-хаджиб – «сарай министрі» немесе «бас
кемеңгер» дәрежесін алған. Өкінішке орай, Жүсіп
Баласағұнның қандай адам болғандығы, ұстаздары,
серіктері мен жақындары, сол кездегі шығармашылық
эволюциясы мен идеялық көзқарастары жөніндегі
мәліметтер өте аз, көпшілігі бізге жеткен жоқ.
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы
[Текст] : оқу құралы / әл-Фараби атын.
ҚазМҰУ; жалпы ред. басқ. Т. Кәкішұлы.
- Алматы : Қазақ ун-ті, 2001 - .
1-кітап. - 465, [3] б.
Асқаров, А. Асанбай. Ұлы Тұранның
ұлдары [Текст]: монография/А. Асанбай.
Асқаров. - Алматы : Нұрлы әлем, 1998. -
406,[2] б.
Қазақ. Жоғары оқу орындары
студенттеріне арналған оқу құралы.
– Алматы: Білім, 1994. - 176 б.
Жолдасбекұлы, М. Ж. Елтұтқа [Текст] : ел
тарихының әйгілі тұлғалары: [оқу құралы] / М.
Жолдасбекұлы, Қ. Сапарғалиұлы, А. Сейдімбек;
Л. Н. Гумилев атын. Еуразия Ұлттық ун-ті. -
Астана : "KUL TEGIN" баспасы, 2001. - 357 б.
Дербісәлиев, Ә. Қазақ даласының жұлдыздары
[Текст] : (тарихи-филол. зерттеу) / "Арқас"
өрбіту қорының кітапханасы. - Алматы : Рауан,
1995. - 237,I1I б.
Қасымжанов, А.Х. Ұлы даланың
зиялылары. - Алматы: Қазақ
университеті, 1996. - 157 б.
Келимбетов, Н. Древние
литературные памятники тюркских
народов: учебное пособие/Перевод
Г.Толегулулы. - Алматы :
Раритет, 2013. – 424 с.
Сүйіншәлиев, Х. Ж. Қазақ
әдебиетінің тарихы [Текст] :
оқулық / Х. Ж. Сүйіншәлиев.
- Алматы : Санат, 2006. -
899,[5] б.
Егеубай,А. Жүсіп
Баласағұн:Роман-
эссе.–Алматы: Арда,
2005. - 312 б.
Егеубай, Аскар. Жусуп
Баласагуни [Текст] : [роман-
эссе] / [пер. с каз. Б.
Джилкибаева]. - Алматы :
Раритет, 2013. - 399,[1] с.
Еңбек әлемге мәшһүр рухани
мұралардың бірі – «Құтты білік»
энциклопедиялық дастанын жазған
Жүсіп Баласағұн туралы. Даланың
дана перзенттерінің бірегейі Жүсіптің
түркі халқының мәдениеті мен
әдебиеті, дүниетанымы мен ел билеу
жүйесі, т.б. қасиеті жайында айтқан
асыл ойлары мен ғұмырбаяндық
тағдыр талайы тарихи кезең
суретімен қабыстырыла өріледі.
Ғұлама туралы тұңғыш рет
жазылып отырған кітап қалың
оқырманға арналады.
Балалар мен ересектерге арналып, қазақ және
орыс тілдерінде жазылған бұл көркемсуретті
туындыда ойшыл-ғалым, ақын, қоғам қайраткері
Жүсіп Баласағұнның өмір жолы суреттелген.
Шығарма балалардың танымына лайық, жеңіл,
көркем тілмен толық әрі әсерлі баяндалған.
Жанайдаров О. Жүсіп Баласағұн. Тарих,
тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2008. -
92 б.
Жүсіп Баласағұның есімін әлемдік
әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп
жазып қалдырған бірден-бір әдеби
мұрасы – «Құтты білік» дастаны. Бұл
дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың
орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси
өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени
дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б.
жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол
деректер беретін көркем туынды.
Баласағұн, Жүсіп. Құтты білік / Көне түркі тілінен
аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған
А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
Тарих - адамзат ақыл-
ойының қазынасы: Он
томдық.–Астана: «Фолиант»,
2005. Т.3: Ортағасырлық
тарихи ой. – 2005. – 512
бет.
Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір
әдебиеті [Текст]: жоғары оқу
орынд. филол. фак. студенттеріне
арн. оқулық. - Алматы : Ана тілі,
1991. - 261,[3] б.
Келімбетов, Н. Ежелгі
әдеби жәдігерліктер [Текст] :
монография / Келімбетов,
Немат. - Астана : Фолиант,
2004. - 478,[2] с.
«Құтадғу білік» поэмасы Батыстағы
әлемге австриялық шығыстанушы фон
Хаммер Пургшталь арқылы белгілі
болады. Қолжазба 1796 жылы
Ыстамбулда қолына түсіп, Вена
кітапханасына сыйға тартты. Бірінші
басылымы неміс тілінде басылып,
оған белгілі шығыстанушы Г. Вамбери
түсініктеме берді. Поэманы ғылыми
негізінде В.В.Радлов 1891-1910
жылдары түп-нұсқаны аударумен
салыстыра отырып, зерттеп шықты.
Поэманың кейбір үзінділерін орыс тіліне
бірінші рет С.Е.Малов аударып шықты. Еркін
аудармасы «Ғылым бақытқа ие» деген атпен
1971 жылы Н.Гребнев арқылы жүзеге асып,
К.Каримов «Құтадғу білікті» 1896 жылы өзбек
тіліне аударды. Р.Р. Арат осы үш қолжазбаның
/Вена, Каир, Наманган/ негізінде үлкен зерттеу
жұмысын жүргізіп, 1947 жылы ғылыми
жинақты жазып шықты. «Құтты ілім» атты
«Құтадғұ біліктің» толық мәтінін орыс тіліне
С.Н. Иванов /М.1983г./ аударып шықты.
Жекеленген бәйіттердің басылымы
академиялық дәрежеде академик А.Н.Кононов
пен С.Н.Ивановтың редакциялық етуімен
жүзеге асты.
«Құтты білік» («Құтадғу біліг») – әлем әдебиетінің
асыл мұраларының бірі саналатын, түркі тектес
халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Көне
дәуірдің бұл философиялық туындысында
халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани
байлығы терең ашылып көрсетілген. Сондай-ақ,
онда жалпы адам баласын ғасырлар бойы
толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл
өнері, ел басқару, моральдық-этикалық және т.б.
тұрмыстық мәселелер қамтылған.
Баласағұн, Жүсіп. Құтты білік /Көне
түркі тілінен аударған және алғысөзі мен
түсініктерін жазған А. Егеубай. – Алматы:
Тұлға., 1966. – 548 б.
Баласагунский, Ю. Наука быть
счастливым [Текст] :
монография / Пер. Н.
Гребнева. - М. : Худож. лит.,
1971. - 158 с.
Баласагунский, Ю. Благодатное
знание [Текст] / Изд. подгот. С.
Н. Иванов; АН СССР. - М. :
Наука, 1983. - 560 с.
Орта ғасырдағы көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп
Баласағұнның (1017-1075) «Құтты білік» дастаны – әлем
әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын
өлеңмен жазылған трактат. Түркі халықтарына ортақ
классикалық көне дәуір туындысында халқымыздың
рухани жан дүниесі мен өмір салты терең ашып
көрсетілген. Дастанда сондай-ақ жалпы адам баласын
ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу,
білім, тіл өнері ел басқару, құқықтық, этикалық және
т.б. Имандылық мәселелері қамтылған.
Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.: Жүсіп
Баласағұн. Құтты білік / көне түркі тілінен
аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған
А.Қ.Егеубаев. – Алматы: Таймас, 2007. - 536 б.
«Құтадғу білік» түркі халық тіліндегі бірінші
энциклопедиялық еңбек болып табылды. Бұл
еңбек автордың өмірді көрсетудегі
философиялық пайымдауының тереңділігін,
адам хұқының сол замандағы дамуын,
практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын
көрсетеді. Жүсіптің өмірге деген
көзқарасының үш жақты түбірі бар: ол –
философиялық, шамандық, исламдық. Ол
екі мәдениеттің – парсы-тәжік /Рудаки,
Фирдоуси/ пен түркі поэтикасынан жазбаша да
ауызша да нәр алған. Бұл жерде
Аристотельден басталатын әл-Фараби мен
Ибн-Сина жалғастыратын құдіретті мәдени-
философиялық дәстүр тұр. А.Н. Коновтың
айтуынша – Ж. Баласағұнның «Құтадғү білік»
поэмасы әзірге ертедегі түрік тілінде
жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман
идеологиясына негізделген және сол
«идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма.
Hâcib, Yusuf Has. Kutadgu Bilig [Mәтін] :
[şiir] / Yusuf Has Hâcib ; [proje M. Y.
Yilmaz ; ed. E. Üşenmez ; çeviri Z. B.
Temur]. - Eskişehir : Kültür Sanat Basimevi,
2013. - 96 s. : il. - ). - Bibliogr.: 96 s.
Баласағұн, Жүсіп. Ақыл кітабы [Мәтін] : [жинақ]
/ Жүсіп Баласағұн; [құраст. жауапты ред. К.
Серікбаева]. - Алматы : RS; Халықаралық Абай
клубы, 2015. - 363, [1] б.
Абитжанова, Жанар Алтынбекқызы.
Ж.Баласағұнның "Құтадғу билик"
шығармасы тіліндегі метафоралардың
қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы
[Текст] :моногр./Жанар Алтынбекқызы
Абитжанова.- Алматы : Полиграфия-
Сервис К, 2014. - 182, [2] б.
Бұл монографияда Ж.Баласағұнның
«Құтадғу билик» шығармасы тіліндегі
метафоралар, олардың семантикасы
және когнитивтік сипаты тіл тарихы
тұрғысынан зерттелген. «Құтадғу
билик» метафораларының түрлері,
мағыналық ерекшелігі, танымдық
негізділігі және қазіргі қазақ тілімен
сабақтастығы теориялық мәселе
ретінде қамтылған. Еңбек ғылыми
және көпшілік қауымға арналған.
Баласағұндық ғұлама, дана ақын, ойшыл білік
иесі Жүсіп Хас Қажыбтың айнаға қарағандай
болжағандары айна-қатесіз келді де тұрды. Құт
кітабының соңғы тарауларында Жүсіп білге:
«Тілім сөйлеп, қолым жазды бұл сөзді,
Қол да, тіл де семер – өлер, біл, өңдім!»
- деп жазып еді ғой. Ғұлама озды дүниеден. Қолы
семді. Тілі өлді. Шырағы сөнді. Құтты білігі
қалды. Он ғасыр асып бүгінгі бізге жетті.
Егеубай,А. «Жүсіп Баласағұн»
Жүсіп Баласағұн
Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында
айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды:
"Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз
болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер
әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың
қатыгездігіне наразы болмас едік".
Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті
– кісілік.
Ақылды қанша қараңғы болса да алысты
көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол
ашық.
Жатқан — тұрар, көтерілген — отырар, жарық —
сөнер, жүрген кісі — тоқтар.
«Білікті оймен алаңдар, біліксіз тура шауып арандар».
Білімсіздің көңілі - құм, құнсыз шөл. Өзіне әділден ғана
әділ үкім күтуге болады. Білікті аларын көздейді,
жалғандық пен алдауға төзбейді.
Ұлылық - мәнге деген ұғымталдықта, біліктілікке
деген ұмтылыста, жетеліге еретін ерікте, қасиетті
өрбітетін тіл өнерінде, әділетті әдепте.
Өмірдің қадірін білгеннің көңілге ілгені:
Ақиқатшыл дананың өсиетін ұмытпа, жеңіл-
желпі ырықты құрықта. Мәңгілік идеясының
тарихы тереңде, халық зердесіндегі көлемде.
Оның құпиясы - халыққа арналған ізгілікте,
адамды жарылқар қылықта, тірлігінде
пайданың үлесін арттырар қайырлы
әрекеттерде, қысқасы, нағыз ер, адамдық
қасиеттің иесінде.
Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар, Байыр
халық, әлем гүлге оранар! Олардың
мирасы - ағалық сөзін де, ел ұнатар ісін
де, көп алдындағы келбет көркінде, ойдың
сарасын ашатын көз қарасында, мінездегі
жарасымда.
Білімділікке жөн - істе сергек болу,
оған демеушілік ету, есті сөзді еске
түю, қайырымдылыққа бейім тұру.
Өмір мен өнердегі арың үшін, өнімді
ісің, өтімді уәжің үшін күресу - жақсы
мен жарастықтың мәніне жете алу. Биік
еңсе қателіктен құтқарады, шындықтан
шеттетпейді.
«Адам баласының бақыты да,
құдіреті де, сұлулығы да оның
қоғамға, халыққа берген пайдасында».
Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін.
Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан
жақсы.
Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер.
Рухани жаңару - өтімтал да өнімді өнері
арқылы замандастардың көңілі мен
жүрегіне кілт табуда, іргелі парықтың
нарқын анықтауда, кісілікке қызмет етуде,
халықтың мінін түзетуде, көрегендігімен
көптің үдесінен шығуда.
Уақыт пен кеңістіктің қуатты демін жеткізе алар жалғыз ғана күш бар. Ол
өлмейтін сөз өнері. Адамзат өмірінің қайталанбас өзекті өрнегін жеткізе
алатын да сөз құдіреті.Ұлы ойшылдар, асқақ ақындар, ой-талғамдарын
өлмейтін сөзбен жеткізген. Ал өлмейтін сөздің алтын сандығы – Кітап.
Адамзат баласы өзінің не бір асыл ойларын, қуаныштарын, мұңдарын,
қайғыларын, армандарын сол кітапқа тізіп сақтауға асыққан.
Кітап оқитын жас армандауды үйренеді. Соған бауыр басады. Сана да,
жүрек те саналы от боп жанып тұрады. Сол саналы от Ақиқаттан хабар
береді. Ақиқатты тап басып танитын жүрек қана. Ақиқат Адамды
Адамгершілігінен айырмайды. Адамзат баласын асқарға көтеретін де Ақиқат
қана.

More Related Content

More from Abilkair Zhakupov

More from Abilkair Zhakupov (11)

Zhana basilimdar
Zhana basilimdarZhana basilimdar
Zhana basilimdar
 
Magzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaevMagzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaev
 
Sovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasovSovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasov
 
Akhmet baitursinov
Akhmet baitursinovAkhmet baitursinov
Akhmet baitursinov
 
Noviepost
NoviepostNoviepost
Noviepost
 
Qasym qaysenov
Qasym qaysenovQasym qaysenov
Qasym qaysenov
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
Новые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультетНовые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультет
 
Пузиков м
Пузиков мПузиков м
Пузиков м
 
Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 

Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай

  • 1. Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай Жүсіп Баласағұнидың философиялық ілімі Әл-Фараби атындағы кітапхана Кітапхана қорының топтамасы
  • 2. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, энциклопедист- ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб- парсы тіл білімі, т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама- ғалым ретінде жақсы мәлім болған.
  • 3. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1015) - өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, Жүсіп- Құз-Орда деген атпен белгілі, орналасқан жері әлі толық дәлелденбеген, Баласағұн қаласында дүниеге келген. Яғни бұл қаланы Жетісудан, анығырақ айтқанда, Шу өңірінде Тоқмақ қаласының маңынан іздеу керек. Белгілі қазақ тарихшысы У.Х.Шалекеновтің пікірінше бұл қала Жамбыл облысында Ақтөбе төмпешігінде орналасқан.
  • 4. Араб, парсы тілдерін жетік меңгерген ол білімнің әр-түрлі салаларында философиялық ғылыми еңбектер жазған. Сол кездегі зиялы қауым көп нәрседен хабардар болып, пәлсафа мен ғылым, поэзия және саясатпен айналысқан, шахмат ойнауды білген. Өмірде кең көлемде мол тәжірибе алған ол Қашқарға келеді де, осы жерде 18 ай болып, бас алмай поэтикалық шығарма жазып бітіргенде 54 жаста болған. Осылай деп алсақ Жүсіп Баласағұн біздің ғасырымыздан 1015-1016 жылдарында туған болады. Түркі тілдес халықтар поэзиясын зерттеген. А.Дильачардың пікірі бойынша ол 1018 жылы туған. Осылардың ортасын алсақ, Баласағұнның туған жылы 1017 жылы деп айтуға болады. Өзінің әйгілі еңбегін ол Қараханид әулетінен шыққан Табғаш Боғрахақан Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-хаджиб – «сарай министрі» немесе «бас кемеңгер» дәрежесін алған. Өкінішке орай, Жүсіп Баласағұнның қандай адам болғандығы, ұстаздары, серіктері мен жақындары, сол кездегі шығармашылық эволюциясы мен идеялық көзқарастары жөніндегі мәліметтер өте аз, көпшілігі бізге жеткен жоқ.
  • 5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы [Текст] : оқу құралы / әл-Фараби атын. ҚазМҰУ; жалпы ред. басқ. Т. Кәкішұлы. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2001 - . 1-кітап. - 465, [3] б. Асқаров, А. Асанбай. Ұлы Тұранның ұлдары [Текст]: монография/А. Асанбай. Асқаров. - Алматы : Нұрлы әлем, 1998. - 406,[2] б.
  • 6. Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 1994. - 176 б. Жолдасбекұлы, М. Ж. Елтұтқа [Текст] : ел тарихының әйгілі тұлғалары: [оқу құралы] / М. Жолдасбекұлы, Қ. Сапарғалиұлы, А. Сейдімбек; Л. Н. Гумилев атын. Еуразия Ұлттық ун-ті. - Астана : "KUL TEGIN" баспасы, 2001. - 357 б.
  • 7. Дербісәлиев, Ә. Қазақ даласының жұлдыздары [Текст] : (тарихи-филол. зерттеу) / "Арқас" өрбіту қорының кітапханасы. - Алматы : Рауан, 1995. - 237,I1I б. Қасымжанов, А.Х. Ұлы даланың зиялылары. - Алматы: Қазақ университеті, 1996. - 157 б.
  • 8. Келимбетов, Н. Древние литературные памятники тюркских народов: учебное пособие/Перевод Г.Толегулулы. - Алматы : Раритет, 2013. – 424 с. Сүйіншәлиев, Х. Ж. Қазақ әдебиетінің тарихы [Текст] : оқулық / Х. Ж. Сүйіншәлиев. - Алматы : Санат, 2006. - 899,[5] б.
  • 9. Егеубай,А. Жүсіп Баласағұн:Роман- эссе.–Алматы: Арда, 2005. - 312 б. Егеубай, Аскар. Жусуп Баласагуни [Текст] : [роман- эссе] / [пер. с каз. Б. Джилкибаева]. - Алматы : Раритет, 2013. - 399,[1] с. Еңбек әлемге мәшһүр рухани мұралардың бірі – «Құтты білік» энциклопедиялық дастанын жазған Жүсіп Баласағұн туралы. Даланың дана перзенттерінің бірегейі Жүсіптің түркі халқының мәдениеті мен әдебиеті, дүниетанымы мен ел билеу жүйесі, т.б. қасиеті жайында айтқан асыл ойлары мен ғұмырбаяндық тағдыр талайы тарихи кезең суретімен қабыстырыла өріледі. Ғұлама туралы тұңғыш рет жазылып отырған кітап қалың оқырманға арналады.
  • 10. Балалар мен ересектерге арналып, қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркемсуретті туындыда ойшыл-ғалым, ақын, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмір жолы суреттелген. Шығарма балалардың танымына лайық, жеңіл, көркем тілмен толық әрі әсерлі баяндалған. Жанайдаров О. Жүсіп Баласағұн. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2008. - 92 б.
  • 11. Жүсіп Баласағұның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы – «Құтты білік» дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық-саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Баласағұн, Жүсіп. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
  • 12. Тарих - адамзат ақыл- ойының қазынасы: Он томдық.–Астана: «Фолиант», 2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 512 бет. Келімбетов, Н. Ежелгі дәуір әдебиеті [Текст]: жоғары оқу орынд. филол. фак. студенттеріне арн. оқулық. - Алматы : Ана тілі, 1991. - 261,[3] б. Келімбетов, Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер [Текст] : монография / Келімбетов, Немат. - Астана : Фолиант, 2004. - 478,[2] с.
  • 13. «Құтадғу білік» поэмасы Батыстағы әлемге австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь арқылы белгілі болады. Қолжазба 1796 жылы Ыстамбулда қолына түсіп, Вена кітапханасына сыйға тартты. Бірінші басылымы неміс тілінде басылып, оған белгілі шығыстанушы Г. Вамбери түсініктеме берді. Поэманы ғылыми негізінде В.В.Радлов 1891-1910 жылдары түп-нұсқаны аударумен салыстыра отырып, зерттеп шықты.
  • 14. Поэманың кейбір үзінділерін орыс тіліне бірінші рет С.Е.Малов аударып шықты. Еркін аудармасы «Ғылым бақытқа ие» деген атпен 1971 жылы Н.Гребнев арқылы жүзеге асып, К.Каримов «Құтадғу білікті» 1896 жылы өзбек тіліне аударды. Р.Р. Арат осы үш қолжазбаның /Вена, Каир, Наманган/ негізінде үлкен зерттеу жұмысын жүргізіп, 1947 жылы ғылыми жинақты жазып шықты. «Құтты ілім» атты «Құтадғұ біліктің» толық мәтінін орыс тіліне С.Н. Иванов /М.1983г./ аударып шықты. Жекеленген бәйіттердің басылымы академиялық дәрежеде академик А.Н.Кононов пен С.Н.Ивановтың редакциялық етуімен жүзеге асты.
  • 15. «Құтты білік» («Құтадғу біліг») – әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі саналатын, түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Көне дәуірдің бұл философиялық туындысында халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани байлығы терең ашылып көрсетілген. Сондай-ақ, онда жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық-этикалық және т.б. тұрмыстық мәселелер қамтылған. Баласағұн, Жүсіп. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. – Алматы: Тұлға., 1966. – 548 б.
  • 16. Баласагунский, Ю. Наука быть счастливым [Текст] : монография / Пер. Н. Гребнева. - М. : Худож. лит., 1971. - 158 с.
  • 17. Баласагунский, Ю. Благодатное знание [Текст] / Изд. подгот. С. Н. Иванов; АН СССР. - М. : Наука, 1983. - 560 с.
  • 18. Орта ғасырдағы көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1017-1075) «Құтты білік» дастаны – әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын өлеңмен жазылған трактат. Түркі халықтарына ортақ классикалық көне дәуір туындысында халқымыздың рухани жан дүниесі мен өмір салты терең ашып көрсетілген. Дастанда сондай-ақ жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері ел басқару, құқықтық, этикалық және т.б. Имандылық мәселелері қамтылған. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.: Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: Таймас, 2007. - 536 б.
  • 19. «Құтадғу білік» түркі халық тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылды. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам хұқының сол замандағы дамуын, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді. Жүсіптің өмірге деген көзқарасының үш жақты түбірі бар: ол – философиялық, шамандық, исламдық. Ол екі мәдениеттің – парсы-тәжік /Рудаки, Фирдоуси/ пен түркі поэтикасынан жазбаша да ауызша да нәр алған. Бұл жерде Аристотельден басталатын әл-Фараби мен Ибн-Сина жалғастыратын құдіретті мәдени- философиялық дәстүр тұр. А.Н. Коновтың айтуынша – Ж. Баласағұнның «Құтадғү білік» поэмасы әзірге ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма. Hâcib, Yusuf Has. Kutadgu Bilig [Mәтін] : [şiir] / Yusuf Has Hâcib ; [proje M. Y. Yilmaz ; ed. E. Üşenmez ; çeviri Z. B. Temur]. - Eskişehir : Kültür Sanat Basimevi, 2013. - 96 s. : il. - ). - Bibliogr.: 96 s.
  • 20. Баласағұн, Жүсіп. Ақыл кітабы [Мәтін] : [жинақ] / Жүсіп Баласағұн; [құраст. жауапты ред. К. Серікбаева]. - Алматы : RS; Халықаралық Абай клубы, 2015. - 363, [1] б.
  • 21. Абитжанова, Жанар Алтынбекқызы. Ж.Баласағұнның "Құтадғу билик" шығармасы тіліндегі метафоралардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы [Текст] :моногр./Жанар Алтынбекқызы Абитжанова.- Алматы : Полиграфия- Сервис К, 2014. - 182, [2] б. Бұл монографияда Ж.Баласағұнның «Құтадғу билик» шығармасы тіліндегі метафоралар, олардың семантикасы және когнитивтік сипаты тіл тарихы тұрғысынан зерттелген. «Құтадғу билик» метафораларының түрлері, мағыналық ерекшелігі, танымдық негізділігі және қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы теориялық мәселе ретінде қамтылған. Еңбек ғылыми және көпшілік қауымға арналған.
  • 22. Баласағұндық ғұлама, дана ақын, ойшыл білік иесі Жүсіп Хас Қажыбтың айнаға қарағандай болжағандары айна-қатесіз келді де тұрды. Құт кітабының соңғы тарауларында Жүсіп білге: «Тілім сөйлеп, қолым жазды бұл сөзді, Қол да, тіл де семер – өлер, біл, өңдім!» - деп жазып еді ғой. Ғұлама озды дүниеден. Қолы семді. Тілі өлді. Шырағы сөнді. Құтты білігі қалды. Он ғасыр асып бүгінгі бізге жетті. Егеубай,А. «Жүсіп Баласағұн»
  • 24. Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік". Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік. Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық. Жатқан — тұрар, көтерілген — отырар, жарық — сөнер, жүрген кісі — тоқтар.
  • 25.
  • 26. «Білікті оймен алаңдар, біліксіз тура шауып арандар». Білімсіздің көңілі - құм, құнсыз шөл. Өзіне әділден ғана әділ үкім күтуге болады. Білікті аларын көздейді, жалғандық пен алдауға төзбейді. Ұлылық - мәнге деген ұғымталдықта, біліктілікке деген ұмтылыста, жетеліге еретін ерікте, қасиетті өрбітетін тіл өнерінде, әділетті әдепте.
  • 27. Өмірдің қадірін білгеннің көңілге ілгені: Ақиқатшыл дананың өсиетін ұмытпа, жеңіл- желпі ырықты құрықта. Мәңгілік идеясының тарихы тереңде, халық зердесіндегі көлемде. Оның құпиясы - халыққа арналған ізгілікте, адамды жарылқар қылықта, тірлігінде пайданың үлесін арттырар қайырлы әрекеттерде, қысқасы, нағыз ер, адамдық қасиеттің иесінде.
  • 28. Бектер ізгі болса, ессіздік жоғалар, Байыр халық, әлем гүлге оранар! Олардың мирасы - ағалық сөзін де, ел ұнатар ісін де, көп алдындағы келбет көркінде, ойдың сарасын ашатын көз қарасында, мінездегі жарасымда. Білімділікке жөн - істе сергек болу, оған демеушілік ету, есті сөзді еске түю, қайырымдылыққа бейім тұру. Өмір мен өнердегі арың үшін, өнімді ісің, өтімді уәжің үшін күресу - жақсы мен жарастықтың мәніне жете алу. Биік еңсе қателіктен құтқарады, шындықтан шеттетпейді.
  • 29. «Адам баласының бақыты да, құдіреті де, сұлулығы да оның қоғамға, халыққа берген пайдасында».
  • 30. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін, Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы. Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер- Екі жалған бақытына бөленер. Рухани жаңару - өтімтал да өнімді өнері арқылы замандастардың көңілі мен жүрегіне кілт табуда, іргелі парықтың нарқын анықтауда, кісілікке қызмет етуде, халықтың мінін түзетуде, көрегендігімен көптің үдесінен шығуда.
  • 31. Уақыт пен кеңістіктің қуатты демін жеткізе алар жалғыз ғана күш бар. Ол өлмейтін сөз өнері. Адамзат өмірінің қайталанбас өзекті өрнегін жеткізе алатын да сөз құдіреті.Ұлы ойшылдар, асқақ ақындар, ой-талғамдарын өлмейтін сөзбен жеткізген. Ал өлмейтін сөздің алтын сандығы – Кітап. Адамзат баласы өзінің не бір асыл ойларын, қуаныштарын, мұңдарын, қайғыларын, армандарын сол кітапқа тізіп сақтауға асыққан. Кітап оқитын жас армандауды үйренеді. Соған бауыр басады. Сана да, жүрек те саналы от боп жанып тұрады. Сол саналы от Ақиқаттан хабар береді. Ақиқатты тап басып танитын жүрек қана. Ақиқат Адамды Адамгершілігінен айырмайды. Адамзат баласын асқарға көтеретін де Ақиқат қана.