SlideShare a Scribd company logo
1 of 96
Download to read offline
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
2
НЕЗАВИСИМОЕ АГЕНТСТВО
АККРЕДИТАЦИИ И РЕЙТИНГА
_________________________________________
Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба,
Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов
Астана 2015
РУКОВОДСТВО
по проведению самооценки для специализированной
аккредитации организаций технического и
профессионального образования
УДК 37.0
ББК 74.202
Р 84
Руководство по проведению самооценки для
специализированной аккредитации организаций технического и
профессионального образования Составители: Р.Г. Сейдахметова,
А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов –
Астана, 2016. – 96 с.
ISBN 978-601-7778-31-6
ISBN 978-601-7778-31-6
Сейдахметова Р.Г.,
Жумагулова А.Б.,
Скиба М.А.,
Шалабаева Ж.И.,
Гасимов Р.Г., 2016
© НААР, 2016
В Руководстве представлен обзор процесса аккредитации,
основные элементы процесса специализированной самооценки,
включая стандарты и критерии для проведения
специализированной самооценки организаций технического и
профессионального образования.
УДК 37.0
ББК 74.202
©
Р 84
Рекомендовано Экспертным советом
Независимого Агентства аккредитации и рейтинга
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
3
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын
мамандандырылған аккредиттеуге арналған өзін-өзі
бағалау жүргізу жөніндегі жетекшілік
НҰСҚАУ
Астана, 2015
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
4
МАЗМҰНЫ
Нұсқау мәртебесі	
Нұсқау мақсаты
Қолдану саласы
Терминдер мен анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Жалпы бағалау қағидаттары
Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі
Стандарт «Білім беру бағдарламасын басқару»
Стандарт «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі»
Стандарт «Педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі»
Стандарт «Білімалушылар»
Стандарт «Білім беру бағдарламасын
жүзеге асыруда қолданылатын ресурстар»
Жекелеген мамандықтар шеңберіндегі стандарттар
Өзін-өзі бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5
5
5
5
9
9
9
11
19
26
30
33
37
38
48
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
5
1. Нұсқау мәртебесі
Ұсынылып отырған нұсқау мамандандырылған аккредиттеу бойынша
Агенттіктің жалпы нұсқауының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Нұсқау мақсаты
Ұсынылып отырған нұсқаудың мақсаты аккредиттеуден өтетін техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКБ) мамандандырылған
аккредиттеудіөткізутәртібіменшарттардытүсіндіру,соныменбіргесараптамалық
бағалауды өткізу үшін негіз ретінде Агенттікке ұсынылатын өзін-өзі бағалау тура-
лы мамандандырылған есебін құрастыру бойынша ұсыныстарды ұсыну болып
табылады.
3. Қолдану саласы
Аталған нұсқау Агенттіктің бекітілген мамандандырылған аккредиттеу
стандарттарының негізінде құрастырылған. Өзін-өзі бағалау туралы есебін жазған
және тапсырған кезде берілген нұсқаудың шарттарын орындаудағы дәлдік,
дәйектілік және түбегейлік сипаты сараптама комиссиясының ТжКБ ұйымына са-
пары кезінде ТжКБ ұйымында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының
қызметін бағалауы үшін және Агенттік тарапынан аккредиттеу жөніндегі шешім
шығарудың негізі болып табылады. Осы нұсқау сонымен қатар ТжКБ ұйымында са-
паны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмысын ұйымдастыру үшін қолданылуы
мүмкін.
4. Терминдер мен анықтамалар
Осы нұсқауда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
• Ақпараттық ресурстар: кітапхана қорының, электронды
оқыту материалдарының және басқа да қолжетімді оқыту-әдістемелік
қамсыздандырудың жиынтығы.
• АТ-құзыреттілік: кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды
қолданумен байланысты құзыреттілік.
• Бағалау: талдау үдерісінде жиналған дәлелдеулер мен мәліметтерді
түсіндіру. Бағалау бағдарламаның білім беру мақсаттары мен білім алушылардың
оқу нәтижелерінің жетістіктері деңгейін анықтайды және бағдарламаны
жетілдіруге қатысты іс-әрекеттер мен шешімдерге алып келеді.
• Базалық құзырет: өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі
жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі («Білім берудің тиісті
деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 Қаулысы).
• Басқарушылық құжаттама: лауазымдық нұсқаулық, құрылымдық
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
6
бөлімшелер туралы ереже, үдерістерді басқару, әртүрлі рәсімдерді қолдану, жо-
спарлау бойынша құжаттама.
• ББ басшылығы: білім беру ұйымының алқалы басқару органдары, директор,
оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін директордың орын-
басары, бөлімше меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинет
меңгерушісі, әдіскер, әдістемелік, циклдық және пәндік комиссия меңгерушілері.
• Біліктілік деңгейі: орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен
жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын
талаптар деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Біліктілік деңгейі: тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, са-
нат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар
мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және
кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі
кәсіби шеберлік.
• Біліктілік: алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін
құзыретті орындау дайындығының деңгейі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту тура-
лы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысы).
• Біліктілік: алынған мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің
шеңберінде жұмысты құзіретті орындауға қажетті білім, әзірлік деңгейі.
• Біліктілік: қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық
дәрежесі (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Білім алушыларды аралық аттестаттау: білім алушының бір оқу пәнін
оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын
меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім (Қазақстан Ре-
спубликасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125
Бұйрығы).
• Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: олардың техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы N 125 Бұйрығы).
• Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау: бұл оқытушының
пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім
алушылардың білімін жүйелі тексеруі (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы).
• Білім беру бағдарламасы: пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы
білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын,
оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат («Білім берудің
тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт-
тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 Қаулысы).
• Білім беру бағдарламасы: сәйкес біліктілігі бар мамандарды даярлаудың
кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және өз құрамына түлектерді даярлаудың
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
7
нәтижесіне қойылатын талаптарды, оқу жоспарын, курстардың, пәндердің, оқу
модулдерінің жұмыс (оқу) бағдарламаларын және басқа материалдарды, со-
нымен бірге сәйкес білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін
тәжірибе бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін және әдістемелік материал-
дарды қосады.
• Білім беру қызметінің маркетингі: нарықта құндылығы бар мамандарды
әзірлеу мақсатында білім беру қызметін өндіруге шақыратын тұтынушылардың
қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруды зерттеуге бағытталған білім беру
ұйымы қызметінің түрі.
• Білім беру қызметінің мониторингі: білім беру қызметінің үдерістері мен
рәсімдері туралы мәліметтерді жинау және талдау.
• Білім беру сапасы: білім алушылар мен түлектердің білім деңгейінің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру ұйымы
белгілеген қосымша талаптарға сәйкестігі.
• Білім беру ұйымдарын аккредиттеу: білім беру қызметтерінің сапасы
туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар
екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стан-
дарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі (Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы).
• Білім беру ұйымының мүдделі тұлғалары: білім беру ұйымына тікелей
немесе жанама қатысы бар және білім беру ұйымының қызметіне әлеуетті
қызығушылық таныта алатын немесе мүдделі жеке және заңды тұлғалар
шеңбері. Атап айтқанда бұлар білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер,
білім алушылардың ата-аналары, жергілікті мемлекеттік органдар, ҚР Білім және
ғылым министрлігі, жұмыс берушілер, талапкерлер, басқа да қазақстандық және
әлемдік білім беру ұйымдары болып табылады.
• Білім: оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу
немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика
жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі (Ұлттық біліктілік
шеңбері).
• Валидация: нақты түрде болжамды пайдалануға немесе қолдануға арналған
талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау.
• Верификация: белгіленген талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда
куәландыру арқылы растау.
• Дағды: қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді
пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және
практикалық ойлауды пайдалану) (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Кәсіби стандарт: кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне
және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын
талаптарды айқындайтын стандарт (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Құзырет: білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде
маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу
қабілеттілігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
8
• Құзыреттер: оқу үдерісінде меңгерілген білімнің, дағдылар мен ептіліктің
динамикалық жиынтығы.
• Құзыреттілік: қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен
дағдысын қолдану қабілеті (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Құпиялылық саясаты: ұйымда бар немесе келешекте ие бола алатын және
таратудың ерекше шарттарына жататын немесе ұйымнан, бөлімшеден тыс толық
таратуға тыйым салынатын немесе басқа да шектеулі жағдайлар шеңберіндегі
ақпарат типтерін анықтайды. Сондай-ақ, саясат оның талаптары бұзылғаны үшін
жаза қолдануды қарастырады.
• Мамандандырылған аккредиттеу: білім беру ұйымы іске асыра-
тын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау (Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы).
• Нәтижелілік: жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған
нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.
• Оқыту нәтижелері: білім алушының оқу кезеңі және оның тиісті деңгейінде
аяқталған соң күтілетін білу, түсіну және/немесе білім деңгейін көрсете алу
тұжырымдамалары.
• Оқытудың түпкі нәтижесі: берілген білім беру бағдарламасы бойын-
ша оқуды бітірген уақытта білім алушы меңгеруі тиіс білім мен дағдылардың,
құзыреттің жиынтығы.
• Өзін-өзі бағалау рәсімі: мамандандырылған аккредиттеудің стандарттары
мен өлшемдерінің негізінде ТжКБ ұйымы өткізетін ішкі бағалау үдерісі (жалпы
ұйымның немесе білім беру бағдарламасының). Осының нәтижесінде өзін-өзі
бағалау туралы есеп құрастырылады.
• Рәсім: іс-әрекетті немесе үдерісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі.
• Салалық біліктілік шеңберлері: салада танылатын біліктілік деңгейлерінің
құрылымдық сипаттамасы (Ұлттық біліктілік шеңбері).
• Стратегиялық құжаттар: білім беру ұйымның ұзақ мерзімдегі
стратегиялық даму болашағын анықтайтын құжаттар, атап айтсақ, миссия, көрініс,
стратегия (немесе бөлімшелер, деңгейлер мен бағыттардың стратегиялары) және
білім беру ұйымының іс-әрекет жоспарлары.
• Сыртқы сараптау комиссияның ТжКБ ұйымына баруы: бұл аккре-
диттеу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сыртқы бағалаудың
компоненті. Сыртқы сарапшы-аудиторлар ТжКБ ұйымының өзін-өзі бағалау ма-
териалдарын тексеру мақсатында, оқытушы құраммен, білім алушылармен
және қызметкерлермен әңгімелесу және көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар
жасау үшін ТжКБ ұйымына іссапарға барады. ТжКБ ұйымының/білім беру
бағдарламасының аудиті бойынша комиссияның есебі іссапардың нәтижесі бо-
лып табылады.
• Талдау: бағдарламаның білім беру мақсаттарын және білім алушылардың
оқу нәтижесі жетістіктерін бағалауға арналған мәліметтерді әзірлеу, жинау және
анықтау үдерісі. Тиімді талдау өлшенетін мақсаттар мен нәтижеге сай келетін
тікелей, жанама, сандық және сапалық параметрлерді қолданады.
• Тиімділік: қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
9
байланыс.
• Үдеріс: «кірістерді» «шығыстарға» түрлендіретін өзара байланысты және
дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
5. Белгілеулер мен қысқартулар
Осы нұсқауда Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық рет-
теулер туралы» заңдарына сәйкес қысқартулар қолданылады.
Осы нұсқауда келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
• АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
• АРТА – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі;
• БАӨЖ – білім алушылардың өзіндік жұмысы;
• ББ – білім беру бағдарламасы;
• ҚР – Қазақстан Республикасы;
• ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
• МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
• ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру.
6. Жалпы бағалау қағидаттары
ТжКБ ұйымымен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасын бағалау
өзін-өзі бағалау есебінің негізінде келесі жалпы қағидаттарға сүйене отырып
жүргізіледі:
• Берілген есеп пен мәліметтердің АРТА стандарттарына сәйкес келуі;
• Аккредиттеу жөніндегі нұсқауда, атап айтқанда осы нұсқауда белгіленген
ережелерге сәйкес келуі;
• Өзін-өзі бағалау есебі мен онда көрсетілген мәліметтердің аккредиттелетін
білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ТжКБ ұйымы қызметінің
нақты нәтижелеріне сәйкестігі;
• Ұқсас бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бәсекелес ТжКБ ұйымдары
қызметінің алдыңғы қатарлы нәтижелеріне және ҚР білім беру ұйымдарының
озық тәжірибесіне сәйкестігі – яғни, аккредиттелетін білім беру бағдарламасының
қызметін салыстырмалы талдау мен техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесіндегі жалпы тенденцияларына сәйкестігі;
• Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі.
Білім беру бағдарламасы стандартта көрсетілген барлық өлшемдерге сай
болған жағдайда аккредиттеуден өте алады.
7. Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі
Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы жалпы түрінде АРТА
стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс, яғни есептің негізгі бөлімі
көрініс, миссия және стратегиядан бастап білім беру ұйымының ресурстары-
на дейінгі АРТА стандарттары бейнелейтін тарауларды қамтуы тиіс. Есеп жеке-
леген салалар шеңберіндегі білім беру бағдарламасының қызметін сандық әрі
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
10
сапалы бағалауды, ТжКБ ұйымы және білім беру бағдарламасы туралы жалпы
мәліметті және оның қызметі жөніндегі қысқаша тарихын қамтитын, кіріспе
мен қорытындыны санамағанда, кем дегенде 6 тараудан тұруы тиіс, мысалы,
білім беру бағдарламасын басқару, оның ерекшелігі, педагогикалық ұжым және
оқытудың тиімділігі, білім алушылар, ресурстар және т.б.
Есеп келесі пунктілерді қамтитын жалпы ақпараттан (профайлдан) баста-
луы тиіс: ТжКБ ұйымының атауы, заңды реквизиттері, директордың аты-жөні,
құрылтайшының атауы, байланыс ақпараттары, өзін-өзі бағалау туралы есебін
тапсырған күні, білім беру бағдарламасы басшылығының, есепті әзірлеуге жауап-
ты тұлғаның аты-жөні, білім беру бағдарламаларының тізімі, өзін-өзі бағалауды
жүргізген топ туралы ақпарат. Есептің барлық мәлімдемелері, пікірлері, жорамал-
дары мәтіннің негізгі бөлімі мен қосымшаларында қажетті құжаттармен бекітілуі
тиіс.
Есеп кестелерді, графикаларды, суреттерді, қажетті жерде көлемі бойын-
ша үлкен кестелері бар (А4 өлшемді парақтың жартысынан көбін қамтитын)
қосымшалардыжәнебасқадабіртұтасжәнеауқымдыақпараткөздерінқамтитын,
өзара байланысқан, қисынды және бірыңғай форматтау мен құрылымы бар мәтін
түрінде құрастырылуы тиіс.
Есеп келесі нысанда жазылуы тиіс: қаріп түрі – Times New Roman, қаріп өлшемі
– 12, жол аралығы – 1.5, атауға дейінгі және кейінгі азат жол аралығы – 6 пт-дан
көп емес, есептің басында автоматты түрде редакцияланатын кіріктірме мазмұны,
парақ беттері болуы тиіс. Есепті басып шығару А4 өлшеміндегі кітап ретінде беттеу
(portrait) арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қосымшаларда парақтарды
альбом ретінде беттеуге (landscape) жол беріледі. Есептегі бірінші қосымша
барлық берілген мәліметтердің дұрыстығын, дәлдігін, және түбегейлігін рас-
тайтын, ТжКБ ұйымының жетекшісі мен орындаушылардың қолдары қойылған,
қажет болған жағдайда кеңес беру үшін есепті құрастырушылардың байла-
ныс ақпараттары бар мәтінді қамтуы тиіс: «Мен, [ұйым жетекшісінің аты-жөні],
[есептің негізгі бөлігінің беттер саны, яғни қосымшаларын санамағанда] бет
қамтитын, осы [аккредиттелетін ТжКБ ұйымының атауы] өзін-өзі бағалау туралы
есебінде ТжКБ ұйымындағы және оның сыртындағы жағдайды толық мөлшерде
және жан-жақты сипаттайтын, аса сенімді, нақты және түбегейлі мәліметтер
көрсетілгендігін растаймын».
Өзін-өзі бағалау туралы есептің көлемі 100-200 бет негізгі мәтінен тұрады. Со-
нымен қатар, оған қосымшалар ретінде қосымша құжаттар пакеті тапсырылады.
Өзін-өзі бағалау туралы есеп барлық қосымшаларымен қоса АРТА-ға
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, электрондық нұсқада iaar@inbolx.
ru электрондық пошта мекен жайына, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда
есепті құрастырушылар мен ұйым жетекшісінің қолымен 2 (екі) данадан келесі
мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,
Қабанбай батыр даңғылы 42, КҚ 17.
7.1 Жекелеген стандарттар шеңберіндегі есептің құрылымы
Білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау туралы есебі АРТА
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
11
стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс және мазмұны мен түрі жағынан
АРТА стандарттарының барлық пунктілері бойынша ТжКБ ұйымымен берілген
жауаптар негізінде құрастырылуы мүмкін. Осы тарауда АРТА-ның жекелеген стан-
дарттар шеңберінде өзін-өзі бағалау туралы есепті құрастыру бойынша әрбір
стандарт бойынша қысқаша түсіндірмелерімен қоса ұсыныстар берілген.
Әр тараудың бірінші бөлімінде – «Жалпы ережелер» – ТжКБ ұйымында
қандайда бір стандарттардың бастауы мен себептері туралы тереңірек түсінік
болуы үшін, ал бұл өз кезегінде стандарт талаптарын тиімдірек орындауға
апарғандықтан берілген стандарттардың жалпы қағидаттары мен қисыны
келтіріледі. Екінші бөлімінде – «Бағалау өлшемдері» – нақты өлшемдер негізінде
сараптамалық бағалау жүргізілетін, және сәйкесінше өзін-өзі бағалау туралы есебі
жазылатын өлшемдер келтіріледі. Осы өлшемдер жауаптары есептің авторлары-
на бағыт көрсететін және аккредиттеуден өткізілетін ТжКБ ұйымының білім беру
бағдарламаларының жағдайын тереңірек және толығырақ бағалауға мүмкіндік
беретін жетекші сұрақтармен толықтырылады.
Өлшемдер талаптардың әртүрлі деңгейлерін орнатады:
• «міндетті», «тиісті» - ТжКБ ұйымын аккредиттеуден өткізу үшін орындауға
міндетті талаптарды білдіреді;
• «маңызды фактор» - аккредиттеу туралы шешім қабылдау кезінде
артықшылық беретін, орындауға басымды, бірақ міндетті емес талаптарды
білдіреді;
• «мүмкін» - өлшемді орындаудың ықтималды түрлерінің мысалдары бар
жерде қолданылады.
8. Стандарт «Білім беру бағдарламасын басқару»
8.1 Жалпы ережелер
Білім беру бағдарламасының барлық қызметі (бұдан әрі – ББ) ТжКБ ұйымының
стратегиясы, миссиясы, көрінісі және құндылықтарымен абсолютті түрде келісуі
тиіс. ББ мазмұны мен түрі, ББ басшылығымен қабылданатын шешімдер ТжКБ
ұйымының стратегиялық құжаттарымен сәйкес болуы тиіс. Бұл ТжКБ жекелеген
ұйым ретінде бір бағытта қозғалып, ұмтылуы үшін, ТжКБ ұйымының ресурстары
стратегиялық мақсаттарына сай келмейтін мақсаттарға жұмсалмауы және қайшы
келмеуі үшін қажет. Бұл орындалмаған жағдайда ұйымның қызметі мен дамуы
тиімсіз әрі нәтижесіз болады. ББ мазмұны мен түрін стратегиялық құжаттармен
келістіру тетіктері мүлдем әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен, ББ басшылығы сон-
дай тетіктер мен олардың нәтижелілігін көрсетіп беруі тиіс.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың табыстылығы, ең алдымен, әрбір
ББ-да болуы тиіс білім беру бағдарламасын дамыту жоспары мен мақсаттарын
жоспарлы, мақсатты және тиімді түрде жүзеге асыру негізінде анықталады. Даму
жоспарыменмақсаттарбағдарламақызметінеықпалететіннемесеықпалетеала-
тын ақпаратты талдау негізінде бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту
арқылы құрастырылады (мысалы, ішкі және сыртқы ортаны талдау, білім алушы-
лар мен педагогикалық ұжымның/қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау,
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
12
бағдарламаға қажет және қолжетімді ресурстарды, соның ішінде материалдық-
техникалық базаны және т.б. талдау). Даму жоспары мен мақсаттары барлық
мүдделі тұлғалар үшін айтарлықтай ашық, қолжетімді болуы тиіс. Жоспарлау
және басқа да қызмет түрлері барынша қажет және мүмкін дәрежеде барлық
мүдделі тұлғаларды қамтуы тиіс. Олар өз кезегінде жеке біреудің мүддесін емес,
қандай да бір маңызды мүдделі тұлғалар тобының қызығушылықтарын қорғауы
тиіс.
Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары, бағдарлама мақсаттары,
бағдарлама мақсаттары мен жоспарын қалыптастыру тетіктері, мүдделі топтар
арасында бағдарлама мақсаттары мен жоспары жөнінде ақпаратты тарату тетігі,
бағдарламаны ресурстық қамсыздандыру тетігі және даму жоспарын жүзеге
асыратын бағдарламаны басқару құрылымы да бағалануы тиіс. Сонымен бірге,
бағдарлама мақсаттарын алға тарту және даму жоспарын құрастыру үшін негіз
болатын тетіктер мен қырлары да бағалануы тиіс: бағдарлама аясында барлық
қызмет түрлерінің ҚР заңнамаларына толығымен сәйкес болуы, атап айтқанда,
ТжКБұйымыжоғарыбасшылығыныңжәнебағдарламабасшылығыныңбіліктілігін
бағалау, сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде лауазымдық міндеттердің үлестірімі,
ішкі және сыртқы ортаны бағалау, бағдарлама аясында сапалы оқытуды
ұйымдастыру үшін қажет ресурстардың болуы, басқарушылық есептілікті тал-
дау (соның ішінде алқалы басқару органдарының шешімдерін, есептерін және
директор бұйрықтарын). Барлық мүдделі топтардан, соның ішінде қызметкерлер
мен білім алушылардан, педагогикалық ұжымнан, жұмыс берушілерден сұхбат
алып, сауалнама жүргізіледі.
8.2 Бағалау өлшемдері
«8.2.1 ТжКБ ұйымы ББ дамыту жоспарын әзірлеуін, оның мүдделі тұлғалар,
білім алушылар мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғанын
көрсетеді».
• ТжКБ ұйымында оның нақты орнын талдау жүргізіледі ме? Талдау қалай
жүргізіледі, кіммен және қандай мақсатпен? Талдау нәтижелері қандай бол-
ды және анықталған нәтижелер стратегиялық жоспарлау мақсатында қалайша
қолданылды?
• ББ мақсаттары мемлекеттің, мүдделі тұлғалардың және білім алушылардың
нақты қандай мұқтаждықтарын қанағаттандырады? ТжКБ ұйымы мемлекеттің,
білім алушылардың және мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қалайша
анықтады, белгіледі, дәйектеді? ТжКБ ұйымының мүдделі тұлғалар шеңберіне
кімдер кіреді және неге?
«8.2.2 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарының қолда бар ресурстарға, еңбек
нарығының қажеттілігіне және ҚР білім беру саясатына адекваттығын қамтамасыз
етуі қажет».
• Қолда бар ресурстарды (қаржылық, ақпараттық, кадрлық құрамы,
материалдық-техникалық база) талдау қалай жүргізілді және осы талдаудың
нәтижелері қандай түрде келтірілді? Мысалы, ТжКБ ұйымы оқу жылының басын-
да жаңа білім алушылар контингентіне арналған компьютерлер, дәрісханалар
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
13
және т.б. жеткілікті екенін қалай есептейді? Дәрісханалардың жеткіліктілігін
бағалау қаншалықты барабар (адекватты), нақты болғаны талданады ма?
• ББ-ның даму жоспарын әзірлеген кезде ресурстарды талдау нәтижелері
қалайша қолданылды?
• Еңбек нарығының қажеттіліктері қалайша және қандай түрлі перспекти-
валарда талданды? ТжКБ ұйымының көзқарасы бойынша еңбек нарығының
қажеттіліктері деген не ? Еңбек нарығының қажеттіліктерін түсінуге жұмыс
берушілер тартылды ма – тартылса, қалай, кімдер, неге дәл осы жұмыс берушілер
және ТжКБ ұйымы қалайша олардың пікірлерін жинады? ТжКБ ұйымы осы
талдаудың дәлдігіне, адекваттылығына және растығына қалайша кепілдік берді?
ББ-ның даму жоспарын әзірлеген кезде еңбек нарығының қажеттілігін талдау
нәтижелері қалай қолданылды?
• ТжКБ ұйымы ББ-ның даму жоспарын Қазақстан Республикасының білім беру
саясатына қалайша сәйкестендірді – нақты қандай аспектілерде ұстанымдары
үйлесімді, қай жерінде үйлесімсіз және неге?
«8.2.3 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын қалыптастыруға мүдделі топтардың
өкілдерін, соның ішінде білім алушыларды, педагогикалық ұжымды және жұмыс
берушілерді тартуы қажет».
• ББ даму жоспарын қалыптастыру мен әзірлеу барысында мүдделі тұлғалар
қандай рөл ойнады?
• ББ даму жоспарын қалыптастыруға қатысу үшін мүдделі тұлғалар қалайша
таңдалды? ТжКБ ұйымы таңдалған мүдделі топ өкілдерінің көрнектілігіне (жеке
топ өкілінің жалпы топ мүддесіне сәйкестігі) қалай кепілдік берді?
• ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарының мазмұнына барлық мүдделі тұлғалардың
ықпал ету мүмкіндігі бар екендігіне қалайша кепіл берді?
• Жоспарды бекіткен кезде мүдделі тұлғалардың дауыс беру құқығы болды
ма? Қандай да бір стратегиялық құжаттарды бекітуге қарсы дауыс бергендердің
болуын куәландыратын құжаттар бар ма?
«8.2.4ТжКБұйымыББдамужоспарынқалыптастыруүдерістерініңайқындығын
көрсетеді. ТжКБ ұйымы мүдделі тұлғалардың ББ даму жоспарының мазмұны
және оны қалыптастыру үдерістері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз етеді».
• Жоспарды әзірлеу, қалыптастыру, бекіту және жүзеге асырудың (соның
ішінде жүзеге асырудың нәтижелері) барлық аспектілері туралы ақпаратты ТжКБ
ұйымы қалай таратады?
• ТжКБ ұйымы оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар жалпы
алғанда жоспардың негізгі ережелерін білетіндігіне кепіл бере алады ма және
қалайша? ТжКБ ұйымы білім алушылар, қызметкерлер, оқытушылар мен ТжКБ
ұйымының әріптестері, соның ішінде жұмыс берушілер ББ даму жоспары мен
жоспардағы соңғы өзгерістері туралы хабардар етілгенін растай алады ма ?
• ТжКБ ұйымында оның ББ даму жоспарын қалыптастыру мен жүзеге асыру
жөніндегі ақпарат (соның ішінде өзекті) тарататын арнайы ақпараттық ресурс
(веб сайт, стенд және т.б.) бар ма?
• ББ даму жоспарын қалыптастыру және жүзеге асыру үдерістері туралы
ақпаратқа мүдделі тұлғалар қалай қол жеткізе алады? Осы үдерістер туралы
мүдделі тұлғалар ТжКБ ұйымы өкілдерінен осы уақытқа дейін қандай ақпарат
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
14
алды – құжатталған мысалдарды келтіріңіз?
«8.2.5 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын қалыптастыру мен тұрақты түрде қайта
қараудың және оны іске асырудағы мониторинг жүйесінің тетіктерін анықтауы
тиіс».
• ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын жүзеге асыруды және осы жоспарды жүзеге
асырудың тиімділігін қалайша байқап отырады? Ресми бекітілген рәсім бар ма?
• ББ даму жоспарын жүзеге асырудың тиімділігі туралы есептер қандай түрде
құрастырылады? Есептер қаншалықты жиі құрастырылады және олар кімге
арналған, кімге қарастыруға беріледі?
• ББ даму жоспарын жүзеге асыру тиімділігін бағалаудың нәтижелері қалай
қолданылады?
• Соңғы уақыт аралығында жоспар қанша рет қайта қаралды?
• ББ даму жоспарын жүзеге асыру мониторингімен кім және қалай айналы-
сады?
«8.2.6 ТжКБ ұйымы ББ-ны жүзеге асыру туралы ақпаратты жүйелі түрде
жинақтайды және талдайды, барлық бағыттар бойынша өзін-өзі бағалау
жүргізеді, ББ даму жоспарын құрастырып, қайта қарастырады».
• ТжКБ ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері мен шешімдері ББ даму
жоспарына сәйкес келеді ме – оған қалай қол жеткізуге болады?
• ББ стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау және ресурстарды
бөлу үдерістері ББ даму жоспарына сәйкестігіне қалайша кепілдік бере алады?
• Стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау және ресурстарды бөлу
үдерістері қаншалықты жоспарға сәйкес келеді және неге?
• ТжКБұйымыныңішкіжәнесыртқыортасытуралыақпараттыжинаудыңүнемі
қолданыстағы жүйесі қалай құрастырылғанын сипаттап беріңіз, атап айтқанда,
білім алушылар контингенті мен оның негізгі сипаттамасына, түлектер мен
олардыңата-аналарыныңтаңдауларына,педагогикалықұжымныңконтингентіне,
білім беру қызметі нарығындағы ТжКБ ұйымының салмағына, қоғамдық пікірді
өлшеу мәліметтеріне қатысты (оқытушылар, білім алушылар және т.с.с.)?
• Осындай ақпарат қандай кезең үшін бар? Неліктен?
• Ақпарат қай мерзім үшін талдануда? Неге? Бағдарлама қызметінің кезеңі
қанша (мысалы, 1, 3, 5 жыл) және неге дәл солай?
• Осы ақпарат қандай түрде сақталады және қолданылады (қағаз
тасмалдағыштарда, Microsoft Office сияқты бағдарламаларда немесе
мамандандырылған деректер қорында)? Ақпаратты осындай түрде сақтаудың
артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекелдері қандай? Ақпаратты сақтау бой-
ынша бағдарламалық жасақтаманы дамыту қалай жоспарлануда?
• Осы ақпарат қандай біріктірме түрде (жиынтық кестелер, корреляциялық
талдау, жылдар аралығындағы динамиканы талдау, факторлы талдау және т.б.)
қолжетімді және нақты кімдерге?
• Ақпаратты талдау мен жинау ББ даму жоспарын қалыптастыру, жүзеге асы-
ру және қайта қарастыру үшін қалай жәрдемдеседі?
«8.2.7 ББ даму жоспары барлық мүдделі жақтар өкілдерінің қатысуымен ашық
талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде ТжКБ ұйымының
өкілетті алқалы органы жобаға өзгертулер енгізеді».
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
15
• ББ даму жоспары жариялы түрде талқылаудан өтеді ме?
• Жоспардыжариялытүрдеталқылауқалайжүзегеасады:кімқатысады,кімнің
дауыс беру құқығы бар, қандай қағидат бойынша қатысушылар таңдалады?
• Жариялытүрдеталқылаудыңшеңберіндемүдделітұлғалараталғанжоспарға
ұсыныстар мен түзетулерді қалай енгізе алады және осы ұсыныстар мен түзетулер
қалай қолданылады (есепке алынады, бекітіледі, дауыс беру ұйымдастырылады
және т.б.) – мысалдар келтіріңіз?
«8.2.8 ТжКБ ұйымы ББ қаржыландыру жүйесiнiң орнықтылық, тиiмдiлiк,
нәтижелiлiк, басымдылық, ашықтық, жауапкершiлiк, өкiлеттiктi табыстау, шектеу
және дербестiк қағидаларының iске асыру дәрежесiн көрсетедi».
• Аталған қағидалардың қайсысы ТжКБ ұйымында қолданылады?
• Олар қалайша түсіндірілген (анықталған)?
• ББ мысалында аталған қағидалар қалайша жүзеге асырылатынын көрсетіп
беріңіз.
«8.2.9 ББ-ны басқару:
 үдеріс арқылы қызметті (іс-әрекетті) басқаруды;
 жоспарлау, дамыту және үнемі жақсарту тетіктерін;
 мониторингті, соның ішінде жоспарларды жүзеге асыру мен қызмет ету ди-
намикасын анықтауға мүмкіндік беретін есеп беру үдерістерін құру;
 өзгерістердің тиімділігін талдауды;
 бөлімшелер қызметінің нәтижелігі мен тиімділігін және олардың өзара
қарым-қатынастарын бағалауды қамтуы тиіс».
• ТжКБ ұйымында басқару бірлігі не болып табылады – бөлімше ме, әлде
үдеріс пе? Мысалы, бөлімшелердің ішкі ережелері басым ба немесе бірнеше
бөлімшелерді қамтитын толық бизнес-үдерістер басым болып табылады ма?
• ТжКБ ұйымында үдерістер арқылы басқару қалай сипатталады, қалай
байқалады, не үшін қолданылады?
• Бағдарлама қызметінің нәтижелілігі қалай бағаланады – нақты не
бағаланады, қандай индикаторлар мен өлшемдер, олар немен байланысты:
бөлімшелер мен лауазымдармен бе, әлде бірнеше бөлімше мен лауазымды
тұлғаларды қамти алатын үдерістермен бе?
• ББ басшылығы қандай жоспарлау тетіктерін қолданады? Не жоспарланады,
қандай мақсатпен, жоспарлау нәтижесі, салдары қандай?
• Бағдарламада дамудың қандай тетіктері орнатылған – не дамытылып жа-
тыр, қалай, кім, неге дәл осылай, даму мақсаттары мен нәтижесі қандай? Дамыту
бойынша іс-әрекет қалай түсініледі? Осы іс-әрекеттің нәтижелері қандай?
• Бағдарлама үдерістердің, соның ішінде ББ-ны басқару үдерісінің үнемі
жақсаруын қалай қамтамасыз етеді?
• Бағдарлама басшылығы қалайша ұйым үшін және оның жекелеген қызмет
түрлері үшін потенциалды тәуекелдерді бағалайды, талдайды және анықтайды?
• Бағдарлама үшін тәуекел дегеніміз не? Мысалы, бағдарлама педагогикалық
ұжымның, білім алушылардың контингентінің сапасы мен санының төмендеу
тәуекелі қалай бағаланады? Осы тәуекелдердің ықпалын төмендету бойынша
жоспарлар әзірленеді ме? Қалай және кіммен? Қандай қағидаттар мен нобайы
негізінде?
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
16
• ББ аясында басшылыққа ұйымдағы ішкі жағдайдың дамуын байқап отыруға,
атап айтқанда, ББ даму жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесетін қандай есептілік
тетіктері қолға алынған?
• ББ-даөзгерістеренгізуүшіносыесептіліктіңнәтижелеріқалайқолданылады?
• Бастапқы жоспарлардың нақты жағдайға сәйкессіздігі жағдайында ББ даму
жоспарлары қалайша түзетіледі?
• ББ-ны жүзеге асырумен байланысты жекелеген бөлімшелердің тиімділігі
туралы қорытындылар қалай жасалады және қалай талданады? Талдау қандай
жиілікпен жүргізіледі? Осы мәліметтер қалай қолданылады? Осы мәліметтер
бөлімшелер қызметін түзету үшін қолданылады ма?
«8.2.10 ТжКБ ұйымында бiлiм беру бағдарламасының iске асыру регламентін
белгiлейтiн барлық негізгі бизнес-үдерістер құжаттандырылуы қажет».
• Негізгі бизнес-үдерістер, алдыңғы кезекте ББ-ны басқару және ұйымдық
құрылым бойынша үдерістер қалай және қаншалықты жете (мысалы, мұрағатта
қандай мерзім үшін осындай құжаттар бар) құжаттандырылатынын бейнелеңіз.
• ТжКБ ұйымында барлық негізгі бизнес-үдерістерді реттейтін (соның ішінде
білім беру қызметін басқару) ішкі және сыртқы нормативтік құқықтық актілердің
түбегейлі дерек қорлары бар ма? Бұл құжаттар кім үшін ашық және неге дәл осы
тұлғалар? Дерек қор арқылы кіруге рұқсаты жоқ тұлғалар ережелердің мазмұны
туралы қалай біле алады?
«8.2.11 ТжКБ ұйымы бизнес-үдерістердегі жауаптыларды нақты анықтағанын,
ББ іске асыру барысында қатысатын қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін
бір мағыналы түрде бөлгенін, алқалы органдар қызметін ажыратқанын көрсетуі
тиіс».
• Барлық бизнес-үдерістер айтарлықтай нақты анықталғанын және
бизнес-үдерістерді іске асыру үшін жауапты нақты лауазымдық тұлғалармен
байланысқанын дәлелдеңіз. ТжКБ ұйымындағы үдерістердің барлығы осы
үдерістерге жауапты нақты лауазымдық тұлғаларға бекітілген бе?
• Барлық қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары нақты белгіленген бе?
• Қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттер нақты белгіленгенін,
міндеттердің қайталанбайтынын,құжаттарда көрсетілген міндеттер мен құқықтар
шынымен жүзеге асырылатынын, сәйкес келетінін дәлелдеңіз.
«8.2.12 ТжКБ ұйымы осы үдерістің регламентін белгiлейтiн құжаттар мен бiлiм
беру бағдарламалардың мониторингін және мезгілдік пікір беруін (қайта қарау)
бекiту тәртiбiн көрсетуi керек».
• Мазмұны, басқару құрылымы, педагогикалық ұжым контингенті және
басқа да ББ негізгі аспектілері, сондай-ақ бағдарлама қызметін регламенттейтін
құжаттар қандай жиілікпен қайта қаралады және түзетіледі? Оған кім қатысады
және неге дәл осы тұлғалар? Бұл үдерісті толық сипаттап беріңіз.
• ББ және оны регламенттейтін құжаттарды қайта қарау қандай мақсатпен
жүзеге асырылады? Мысалы, көбінесе клиентке бағытталған, немесе ҚР Үкіметі
мен ҚР БҒМ-ның жаңа ережелеріне сәйкестікті қаматмасыз ету үшін бе?
• Регламенттейтін құжаттар мен ББ қайта қарау туралы шешім қандай
құжаттардың, фактілердің, ақпараттың негізінде қабылданады? Мысалы,
инфрақұрылым мен білім сапасымен қанағаттануының жоспарлы талдауы?
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
17
«8.2.13 ТжКБ ұйымы білім алушыларға, қызметкерлерге, мүдделі тұлғаларға
бағытталған хабарландыру мен кері байланыс жүйесінің болуын және тиімді
қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс».
• ТжКБ ұйымында/ББ-да кері байланыс қалайша жүзеге асады? Кері байланыс
қандай мақсатпен жүзеге асырылады: мысалы, клиенттердің мүддесін одан әрі
ескеру мақсатында ББ бизнес-үдерістерін және тетіктерін өзгерту үшін?
• Білім алушы оқу үдерісі барысындағы табыстары жайлы оқытушыдан кері
байланысты қалай алады?
• Білім алушылардан, қызметкерлерден, сыртқы орта өкілдерінен келіп түскен
барлық сауалдарға басшылық қалайша кері байланысты қамтамасыз етеді?
• ТжКБ ұйымында кері байланыстың мерзімдері, түрлері мен тәртібі бойынша
ережелер бар ма? Бағдарламаның, ТжКБ ұйымының басшылығына қабылдауға
кіру қаншалықты қиын? Дәлелдеңіз.
• ТжКБ ұйымы/бағдарлама басшылығы кері байланыс шеңберінде алған
ұсыныстарменбасқадаақпараттықалайқолданады?ТжКБұйымы/бағдарламаны
басқаруда кері байланыс шеңберінде алынған ұсыныстар мен ақпараттың қандай
үлесі қолданылады? Дәлелдеңіз.
• ТжКБ ұйымында/бағдарламада басшылық атына және бөлімшелерге түскен
сұрауларды, шағымдарды және басқа да өтініштерді қарастыру туралы ереже бар
ма? ТжКБ ұйымы/бағдарлама басшылығы сұраулар мен шағымдарға жауап беру
мерзімінің уақытында орындалуына қалай кепілдік береді? Тиісті статистика,
бақылау жүргізіледі ме?
• Білім алушылар, қызметкерлер және басқа да мүдделі тұлғалар ұсыныстары
мен ақпаратты ТжКБ ұйымының/бағдарламаның басшылығы мен бөлімше
жетекшілеріне қалайша тиімді түрде жеткізе алады? Сондай тиімді мүмкіндік
шыныменен бар екенін, адамдар тыңдалып және солардың берген ұсыныстары
негізінде нақты қадамдар жасалғандығын, бұл бір ғана мысал емес екенін
дәлелдеңіз.
«8.2.14 ББ басшылығы ББ-ның сапасын қамтамасыз ету жүйесінің табысты
қызмет етуін көрсетуі керек, оның ішіне жобалау, басқару және мониторинг,
олардың жақсаруы, фактілер негізінде шешімдерді қабылдау кіреді».
• Білім алушылар басшылар қызметі туралы, ТжКБ ұйымының басшылары ту-
ралы, алқалы органдардың қабылдаған шешімдері туралы не біледі, ТжКБ ұйымы
бойынша ресми ақпарат қалай таралады және барлық мүдделі топтар керек
болған жағдайда өздерін қызықтыратын ақпаратты таба алатынына ТжКБ ұйымы
қалай кепілдік бере алады, қандай ақпарат қолжетімді болып табылады?
• Бағдарламада құпиялылық саясаты бар ма? Қандай құжаттар мен ақпарат
құпия болып табылады?
• Педагогикалық кеңестің және басқа да алқалы органдар отырысының
хаттамалары, осы органдардың жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер,
отырыстардыңкүнтәртібі,директордыңжәнебасқадабасшылардыңбұйрықтары
қаншалықты қолжетімді ?
• ББ-дағы қолданыстағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін сипаттаңыз.
• Бағдарлама басшылығы оқытудың сапасына неліктен кепілдік бере алады –
қандай фактілердің, тетіктердің, статистиканың және т.б. негізінде?
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
18
• Оның тұрақты түрде жетілдірілуі қалай қамтамасыз етіледі?
• Қазіргі таңда бағдарлама басшылығы, бөлімше жетекшілері мен алқалы
органдардың шешім қабылдау қисыны қандай? Неге негізделіп шешім
қабылданады? Бұл ТжКБ ұйымының ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген
бе? Қандай құжаттардың негізінде және қалай шешім қабылданатынын көрсетіңіз
– қандай ақпаратқа, фактілерге, талдауға және т.б. сүйенеді?
«8.2.15 ББ басшылығы білім беру бағдарламасын басқару жүйесінің
ашықтығын дәлелдеп көрсетуі міндетті».
• ТжКБ ұйымында/ББ-да, жекелеген бөлімшелерде веб-сайт бар ма, ол қандай
қағида негізінде жасалған: мысалы, тұтынушыға немесе ТжКБ ұйымының ресми
«бейнесін» жасауға бағытталған ба?
• Білім алушылар, қызметкерлер мен барлық мүдделі тұлғаларды
ақпараттандыру үшін сайт қалай қолданылады – қандай ақпарат жариялана-
ды, қандай жиілікпен жаңартылады, не үшін сол ақпарат жарияланады, ТжКБ
ұйымының сайты арқылы ең өзекті ақпаратқа қол жеткізуге болады ма? Сайтта
қандай ақпарат жарияланбайды және неліктен: мысалы, қаржылық, бухгалтерия
жөнінде, тағайындаулар жөнінде, шиеленістер туралы және т.с.с.?
• Барлық мүдделі тұлғалардан кері байланыс алу үшін сайт қолданылады ма –
сауалнамалар, блогтар, шағым кітапшасы және т.б.? Стратегиялық жоспарлауды
жүзеге асыру үшін кері байланыстың нәтижелері қалай қолданылады?
«8.2.16 ТжКБ ұйымы ББ басқару үдерістерінде статистиканы жинақтау және
талдау жүйесінің бар болуын және қарқынды қолдануын дәлелдеп көрсетуі
міндетті».
• ББ бағалау қалай, кіммен және қандай жиілікпен өткізіледі – ББ қызметінің
тиімділігі, даму жоспарын жүзеге асырудың тиімділігі, ҚР заңнамасына сәйкестігі
және т.б.?
• ТжКБ ұйымында/ББ-да қандай мәліметтер жүйелі түрде жиналады
және талданады? Бұл үдеріс қаншалықты автоматтандырылған? Содан кейін
осы мәліметтер ТжКБ ұйымын басқару мен шешім қабылдау кезінде қалай
қолданылады? Құжатталған мысалдарды келтіріңіз.
«8.2.17ББбасшылығыоқытушылардың,қызметкерлердің,білімалушылардың
қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейін өлшеуді қамтамасыз етіп, өлшем
үдерістері аясында табылған кемшіліктерді жойғанын көрсетуі міндетті».
• ТжКБ ұйымында педагогикалық ұжымның, қызметкерлердің, білім
алушылардың қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейі қалай өлшенеді?
• Осы мәліметтер басшылықпен қалай қолданылады?
«8.2.18 ББ басшылығы білім алушыларға, оқытушыларға, ата-аналарға
қолжетімдігі мен ашықтығын дәлелдеп көрсетуі міндетті».
• Барлықмүдделітұлғалар үшінбасшылыққаншалықтыашық,қолжетімді? ББ-
ның басшыларында блогтары бар ма? Басшы өзінің блогымен қандай жиілікпен
қолданады?
• Басшыларда келушілер үшін қабылдау сағаттары бар ма – қабылдау уақыты
қаншалықты тиімді: мысалы, ТжКБ ұйымы келушілердің қанағаттануын зерттейді
ме?
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
19
9. Стандарт «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі»
1.1 Жалпы ережелер
Қазақстандық ТжКБ ұйымдарында академиялық еркіндікті кеңейту жұмыс
берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес келетін
түлектерді дайындау сапасы бойынша олардың жауапкершілігін арттыруды
білдіреді.
Кредиттік оқыту технологиясы ТжКБ ұйымдарына академиялық еркіндік бе-
руге және қоғамның әлеуметтік жауапты азаматтары мен кәсіпқойларға де-
ген мұқтаждығын қанағаттандыруға, сондай-ақ, тұлғаның кәсіби қалыптасуы
мен жеке дамуының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Білім беру
бағдарламалары жеке білім беру траекториясын құру, білім алушылардың
мүмкіншіліктері мен жеке қажеттіліктерін есепке алу мүмкіндігін қарастырады.
Білім беру бағдарламаларының өзіндік ерекшеліктері болады, бұл өз кезегінде
ББ жүзеге асыру үдерісіне ерекше сипат береді.
Білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар үшін ұлттық
және салалық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін
тұлғаның базалық және кәсіби құзыреттігін қалыптастыруға бағытталған
академиялық саясаты және тиісінше сапа кепілдігі рәсімдері мен стандарттары
болуы тиіс. Жалпы ТжКБ ұйымы және білім беру бағдарламасының басшылығы
сапаның маңыздылығын және оны қамтамасыз етуді мойындай отырып, сапа
мәдениетін дамытубойыншаміндеттердің жүзегеасырылуынкөрсетіп,өзмойны-
на алуы тиіс. Осы мақсаттарға жету үшін білім беру бағдарламасының басшылығы
үнемі өз сапасын көтеру мен қызметін жақсарту бойынша стратегияны әзірлейді
және енгізеді.
Бұл тарауда білім беру бағдарламаларының сапасын растайтын дәлелдер
келтірілген.
Ресми саясат пен рәсімдер білім беру бағдарламасының басшылығы өзінің
сапа кепілдігі жүйесінің тиімділігін әзірлеп, бақылай алатындай құрылымды
құрайды. Осындай құрылымның болуы білім беру бағдарламасы сапасының
нығаюына септігін тигізеді, бұл өз кезегінде қоғамда тұрақты оң имиджге
және білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін мойындауына әкеледі.
Академиялық саясат ТжКБ ұйымының, соның ішінде білім беру бағдарламасы
басшылығының ниетін және оны жүзеге асырудың құралдары мен тетіктерінің
тізімін көрсетуі тиіс. Рәсімдерді қолдану бойынша ұсыныстар тетіктер туралы
және оны жүзеге асырудың түрлері жайлы толық ақпаратты бере алады, соны-
мен қатар оны қолдануға мүдделі тұлғалар үшін анықтамалық ақпарат ретінде
қолданылуы мүмкін.
Академиялық саясат білім беру үдерісінің өзара байланысы мен қатынасын,
стандарттар мен сапаға қатысты ТжКБ ұйымының пиғылын, сапа кепілдігі
жүйесінің ұйымдастырылуын, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға
педагогикалық ұжым мен құрылымдық бөлімшелердің үлесі мен міндеттерін,
сапа кепілдігі рәсімдерінде білім алушылардың қатысуын, олардың көмегімен
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
20
академиялық саясат пен оны қайта қарау жүзеге асырылатын әдістерді көрсетуі
тиіс.
«Білім беру бағдарламасының ерекшелігі» стандарты аккредиттелетін
бағдарламалар аясында білім алушыларды кәсіби дайындау үдерісін бағалауға
бағытталған. Осы бөлімде оқыту нәтижесі болып табылатын түлектердің
білімі, дағдылары мен базалық және кәсіптік құзыреттіліктері және білім беру
қызметінің сапасын растайтын мәліметтер баяндалады. Осы бөлімнің мәтінінде
еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын және білім беру деңгейлерінің
біліктілік шеңберіне сәйкес келетін болашақ мамандардың базалық және кәсіптік
құзыреттігін қалыптастыруды растайтын дәлелдер келтіріледі.
ТжКБ ұйымының білім беру кеңістігін қалыптастыру ТжКБ ұйымы әрбір білім
беру бағдарламасы бойынша оқытудың түпкі нәтижесі мен оған жетудің жол-
дарын қаншалықты ашық, айқын, нақты анықтайтынына байланысты. Әрбір
бағдарламаға арнап ТжКБ ұйымы білім беру бағдарламасын дамытудың страте-
гиясы мен мақсаттарын тұжырымдайды, құжаттандырады. Сондай-ақ, білім беру
бағдарламасының мақсаттарына жетудің әдістері мен түзету тәсілдерін, сонымен
бірге осы әдістердің тиімділігін анықтайды.
Есепте әртүрлі бағдарламаларды, олардың мақсаттарын сипаттау, қызметті
жақсарту үшін жүзеге асырылған негізгі іс-әрекеттер көрсетіледі.
Білім беру бағдаламалары қалай жүзеге асырылатыны туралы қысқаша
мәліметтер келтіріңіз. ТжКБ ұйымы ұсынған бағдарламалардың негізгі түрлері
мен оның миссиясы арасындағы байланысты түсіндіріп беріңіз.
Білім беру бағдарламаларын бекіту мен қайта қарау, жобалау үдерісіне
жетекшілік ету әдістерін сипаттап беріңіз. Соңғы 5 жылда орын алған білім беру
бағдарламаларындағы басты өзгерістерді белгілеңіз және оларды дамыту пер-
спективасын сипаттаңыз.
9.2 Бағалау өлшемдері: ББ мазмұны
«9.2.1 ТжКБ ұйымы бiлімді, икемділікті, дағдыларды, базалық және кәсіптік
құзыреттілігін, жеке сапаларды қосатын бiлiм беру бағдарламасы түлектерінің
әзірленген үлгiлерiнiң (моделдерінің) бар болуын көрсетуi керек».
• ТжКБ ұйымында білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы негізгі әдіс-
тәсілдерді сипаттаңыз.
• Сіздің түсінігіңіз бойынша ББ түлегінің моделі дегеніміз не?
• Білім беру бағдарламасы түлегінің моделі қалайша әзірленді және оны
дайындауға кім қатысты?
• Оның негізі не болды?
• ТжКБ ұйымында жалпы ТжКБ ұйымы түлегінің үлгісі бар ма?
• Түлек моделін құрастыруға мүдделі тұлғалар қалай тартылады? Олардың
бұл үдеріске араласу деңгейі қандай – мысалы, тек кеңес беру, сауалдамалар-
мен шектеледі ме, әлде модель бойынша шешім қабылдаған уақытта дауыс беру
құқығы бар ма?
• Түлек моделі верификация (анықтау) мен валидациядан (сенімділікті тексе-
ру) қалай өтеді?
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
21
• Білім беру бағдарламасы түлегінің моделі мысалын келтіріңіз.
«9.2.2 ТжКБ ұйымы білім беру бағдарламасын әзірлеуде және олардың сапа-
сын қамтамасыз етуінде педагогикалық ұжым мен жұмыс берушілердің қатысуын
дәлелдеуге міндетті».
• Аталған мүдделі тұлғалар санаттары білім беру бағдарламаларын бекітуге,
олардың мазмұнын әзірлеуге қалай қатысады? Олардың бұл үдеріске араласу
деңгейі қандай?
• Жұмыс берушілер мен педагогикалық ұжымның қатысуын сипаттау арқылы
білім беру бағдарламаларын бекіту мен жобалау тәртібі туралы мәліметтер
келтіріңіз.
• Бағдарламаларды даярлау кезінде жұмыс берушілердің қатысу тәжірибесін
бейнелеңіз, олардың әзірлеуге қосқан үлесі мен ұсыныстарының мысалдарын
келтіріңіз.
• Білім беру бағдарламаларын басқаруда, олардың сапасын қамтамасыз ету-
де жұмыс берушілер мен педагогикалық ұжымның қатысу тәжірибесін көрсетіңіз.
«9.2.3 ТжКБ ұйымы оқу пәндерінің өзара байланыс қисынын, көлемін және
мазмұнынанықтауы,сондай-ақ,түлектердің базалықжәнекәсіптікқұзіреттілігінің
қалыптасуына пәндер мен кәсіби тәжірибенің ықпалын көрсетуі міндетті».
• Қандай жұмыс берушiлер әдеттегі болып табылады?
• ББ жобалау мен жүзеге асыруға жұмыс берушілер қалай тартылады?
• ББ жобалау мен жүзеге асыру үдерісіне тартылатын жұмыс берушілер қалай
таңдалады: жұмыс берушілерді тартудың көрнектілігін (репрезентативтілігін)
негіздеп беріңіз.
«9.2.4 ББ басшылығы оқу пәндерiнiң мазмұнында кәсiби контексттiң бар бо-
луын көрсетуi керек».
• Түлектердің базалық және кәсіптік құзыреттілігінің қалыптасуына пәндер
мен кәсіптік тәжірибелердің, өндірістік оқытудың ықпалын көрсетіңіз.
«9.2.5 ББ басшылығы теориялық және тәжірибелік-бағытталған пәндердiң
арасындағы тиiмдi тепе-теңдіктің бар болуын көрсетуi керек».
• Білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау үдерісін сипаттаңыз.
• Білім беру бағдарламасы мазмұнының қисынды-құрылымдық талдауы
қалай жүзеге асырылады? Көрсетіп беріңіз.
• Пәндер оқу жоспарына қалай қосылатынын көрсетіңіз.
• ББ ерекшелігі оқу жоспарына жаңа теориялық және тәжірибелік пәндерді
енгізуге қалай әсер етеді?
• ББ-ның теориялық және тәжірибелік-бағдарланған пәндері арасындағы
тиімділік тепе-теңдігі неде?
• Теориялық және тәжірибелік-бағдарланған пәндердің арасындағы балансқа
қалай қол жеткізіледі?
«9.2.6 Пәндердің тізімі мен мазмұны білім алушыларға қолжетімді болу тиіс.
Пәндер оқытылып жатқан саладағы әлемдік күн тәртібіндегі барлық сұрақтарға,
мәселелерге толық жауап беруі керек».
• Білім алушыларға оқу үшін ұсынылатын пәндер тізімі қалай жеткізілетінін
сипаттап жазыңыз.
• Пәндердің мазмұны білім алушыларға қолжетімді екенін көрсетіңіз.
РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ
ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
22
• Оқу пәндері мазмұнының өзектілігі мен заманауилығы қалай қамтамасыз
етілетінін көрсетіп беріңіз.
«9.2.7 Оқу бағдарламасының құрылымында білім алушылардың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай базалық және кәсіптік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік
тудыратын түрлі қызметтердің мазмұндары ескерілу керек».
• Оқыту пәндерін оқу барысында қандай қызмет түрлері қарастырылған?
• Қызмет түрлерінің оқыту нәтижелеріне сәйкестігін талдаңыз.
• Соның негізінде оқу үдерісінде әртүрлі қызмет түрлерінің көмегімен білім
алушылардың базалық және кәсіптік құзіреттілігінің қалай қалыптасатынын
сипаттаңыз.
• Оқу үдерісінде көрсетілген қызметтің әртүрлі түрлері көрсетілген оқу-
әдістемелік құжа ттаманы көрсетіңіз.
«9.2.8 Жұмыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын
жаңарту маңызды фактор болып табылады».
• ТжКБ ұйымында оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын
өзгертуге деген мұқтаждық қалай анықталады?
• Еңбек нарығындағы өзгерістер қалай талданады?
• Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің мүдделері
қалай есепке алынады?
• Білім беру бағдарламалары қандай жиілікпен жаңартылады?
• Оларды жаңартуға не себеп болады?
• Білім беру пәндерінің кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталғаны қалай
жүзеге асады?
• Жұмыс берушілердің нақты кәсіби дағдыларды дамытуға деген қажеттілігі
қалай зерттеледі және анықталады? Бұл ақпарат әрі қарай қалай қолданылады –
оның негізінде ББ-ға өзгерту енгізу туралы шешім қабылданады ма?
• Шешім қабылдауға жұмыс берушілер, білім алушылар, оқытушылар мен
мүдделі тұлғалар өкілдері қалай қатыстырылады?
• ББ-ға қатысты шешім қабылдау үдерісіне оқытушылар мен білім
алушылардың қатысуына бағалау жүргізілді ме, яғни оқытушылар мен білім
алушылардың ББ мазмұны мен түріне ықпал етуге қандай мүмкіндіктері бар?
• Жұмыс берушілерді, білім алушыларды, оқытушыларды және мүдделі
тұлғаларды тартудың көрнекілігі (репрезентативтілігі) қалай расталады?
9.3 Бағалау өлшемдері: ББ дараландыру
«9.3.1 ББ басшылығы оқу тіліне қарамай, білім алушыларға тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуі қажет».
• Білім алушыларға тең мүмкіндіктер қалай қамтамасыз етіледі?
• Оқу тіліне қарамастан білім алушыларға тең мүмкіндіктер қамтамасыз
етілгенін дәлелдеңіз.
«9.3.2 ББ басшылығы білім беру үдерісінің мәселелеріне қатысты білім
алушыларға кеңес беру және жекелеген көмек көрсету жүйесінің бар болуын
және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет».
• Білім беру үдерісінің мәселелеріне қатысты білім алушыларға кеңес беру
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо
руководство спец  типо

More Related Content

Similar to руководство спец типо

Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...akkemir
 
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
бастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулыбастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулы
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулыakkemir
 
Дуальное обучение и соц. партнеры
Дуальное обучение и соц. партнерыДуальное обучение и соц. партнеры
Дуальное обучение и соц. партнерыmanzyr
 
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptx
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptxБатырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptx
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptxAknietBaturbek
 
Portfolio ioi tkaz
Portfolio ioi tkazPortfolio ioi tkaz
Portfolio ioi tkazaralagaww
 
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...infoncepakz
 
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...KASIPKOR
 
Portfolio ppso pkaz
Portfolio ppso pkazPortfolio ppso pkaz
Portfolio ppso pkazaralagaww
 
Практика
ПрактикаПрактика
Практикаmanzyr
 
каз презентация МиА 26.06.15
каз презентация МиА 26.06.15каз презентация МиА 26.06.15
каз презентация МиА 26.06.15aralagaw
 
презентация спк қазақша
презентация спк қазақшапрезентация спк қазақша
презентация спк қазақшаErcnisedukz
 
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdfssuserb35bcc
 
396вававауауауауауа
396вававауауауауауа396вававауауауауауа
396вававауауауауауаnurlan93kz
 
Бастауыш сынып.pdf
Бастауыш сынып.pdfБастауыш сынып.pdf
Бастауыш сынып.pdfAigerimAlpisbay
 
Мұғалім портфолиясы
Мұғалім портфолиясыМұғалім портфолиясы
Мұғалім портфолиясыBilim All
 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерАйбек Қуандықұлы
 

Similar to руководство спец типо (20)

Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия о...
 
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
бастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулыбастауыштың  міндетті  стандарты  жаңа № 327  қаулы
бастауыштың міндетті стандарты жаңа № 327 қаулы
 
Дуальное обучение и соц. партнеры
Дуальное обучение и соц. партнерыДуальное обучение и соц. партнеры
Дуальное обучение и соц. партнеры
 
Mission and Vision.pptx
Mission and Vision.pptxMission and Vision.pptx
Mission and Vision.pptx
 
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptx
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptxБатырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptx
Батырбек Ақниет педагогикалык технологиялар.pptx
 
Portfolio ioi tkaz
Portfolio ioi tkazPortfolio ioi tkaz
Portfolio ioi tkaz
 
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
 
66
6666
66
 
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2016 жылғы қызметі және 2017 жылғы тапсырмалары тур...
 
Portfolio ppso pkaz
Portfolio ppso pkazPortfolio ppso pkaz
Portfolio ppso pkaz
 
Практика
ПрактикаПрактика
Практика
 
Akadkaz
AkadkazAkadkaz
Akadkaz
 
каз презентация МиА 26.06.15
каз презентация МиА 26.06.15каз презентация МиА 26.06.15
каз презентация МиА 26.06.15
 
презентация спк қазақша
презентация спк қазақшапрезентация спк қазақша
презентация спк қазақша
 
di.pptx
di.pptxdi.pptx
di.pptx
 
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
2022-2023 Әдс нұсқау хат.pdf
 
396вававауауауауауа
396вававауауауауауа396вававауауауауауа
396вававауауауауауа
 
Бастауыш сынып.pdf
Бастауыш сынып.pdfБастауыш сынып.pdf
Бастауыш сынып.pdf
 
Мұғалім портфолиясы
Мұғалім портфолиясыМұғалім портфолиясы
Мұғалім портфолиясы
 
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептерОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер
 

More from Марат Рахимбаев (20)

Rekom conf 2017
Rekom conf 2017Rekom conf 2017
Rekom conf 2017
 
Energy rus
Energy rusEnergy rus
Energy rus
 
Energy kaz
Energy kazEnergy kaz
Energy kaz
 
ТЭ-433
ТЭ-433ТЭ-433
ТЭ-433
 
ТЭ-423
ТЭ-423ТЭ-423
ТЭ-423
 
ТЭ-413
ТЭ-413ТЭ-413
ТЭ-413
 
ИС-433
ИС-433ИС-433
ИС-433
 
ИС-424
ИС-424ИС-424
ИС-424
 
ИС-423
ИС-423ИС-423
ИС-423
 
ЗИС-414
ЗИС-414ЗИС-414
ЗИС-414
 
АЖ-414
АЖ-414АЖ-414
АЖ-414
 
АЖ-413
АЖ-413АЖ-413
АЖ-413
 
презентация по проекту 12 04-2017 каз
презентация по проекту 12 04-2017 казпрезентация по проекту 12 04-2017 каз
презентация по проекту 12 04-2017 каз
 
Vbr
VbrVbr
Vbr
 
презентация по проекту 12 04-2017
презентация по проекту 12 04-2017презентация по проекту 12 04-2017
презентация по проекту 12 04-2017
 
кондитерские изделия
кондитерские изделиякондитерские изделия
кондитерские изделия
 
кинопаркинг
кинопаркингкинопаркинг
кинопаркинг
 
агенство для фермеров
агенство для фермеровагенство для фермеров
агенство для фермеров
 
кондитерские изделия
кондитерские изделиякондитерские изделия
кондитерские изделия
 
кинопаркинг
кинопаркингкинопаркинг
кинопаркинг
 

руководство спец типо

  • 1. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 2
  • 2. НЕЗАВИСИМОЕ АГЕНТСТВО АККРЕДИТАЦИИ И РЕЙТИНГА _________________________________________ Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов Астана 2015 РУКОВОДСТВО по проведению самооценки для специализированной аккредитации организаций технического и профессионального образования
  • 3. УДК 37.0 ББК 74.202 Р 84 Руководство по проведению самооценки для специализированной аккредитации организаций технического и профессионального образования Составители: Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов – Астана, 2016. – 96 с. ISBN 978-601-7778-31-6 ISBN 978-601-7778-31-6 Сейдахметова Р.Г., Жумагулова А.Б., Скиба М.А., Шалабаева Ж.И., Гасимов Р.Г., 2016 © НААР, 2016 В Руководстве представлен обзор процесса аккредитации, основные элементы процесса специализированной самооценки, включая стандарты и критерии для проведения специализированной самооценки организаций технического и профессионального образования. УДК 37.0 ББК 74.202 © Р 84 Рекомендовано Экспертным советом Независимого Агентства аккредитации и рейтинга
  • 4. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 3 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мамандандырылған аккредиттеуге арналған өзін-өзі бағалау жүргізу жөніндегі жетекшілік НҰСҚАУ Астана, 2015
  • 5. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 4 МАЗМҰНЫ Нұсқау мәртебесі Нұсқау мақсаты Қолдану саласы Терминдер мен анықтамалар Белгілеулер мен қысқартулар Жалпы бағалау қағидаттары Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі Стандарт «Білім беру бағдарламасын басқару» Стандарт «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі» Стандарт «Педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі» Стандарт «Білімалушылар» Стандарт «Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын ресурстар» Жекелеген мамандықтар шеңберіндегі стандарттар Өзін-өзі бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы Пайдаланған әдебиеттер тізімі 5 5 5 5 9 9 9 11 19 26 30 33 37 38 48
  • 6. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 5 1. Нұсқау мәртебесі Ұсынылып отырған нұсқау мамандандырылған аккредиттеу бойынша Агенттіктің жалпы нұсқауының ажырамас бөлігі болып табылады. 2. Нұсқау мақсаты Ұсынылып отырған нұсқаудың мақсаты аккредиттеуден өтетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКБ) мамандандырылған аккредиттеудіөткізутәртібіменшарттардытүсіндіру,соныменбіргесараптамалық бағалауды өткізу үшін негіз ретінде Агенттікке ұсынылатын өзін-өзі бағалау тура- лы мамандандырылған есебін құрастыру бойынша ұсыныстарды ұсыну болып табылады. 3. Қолдану саласы Аталған нұсқау Агенттіктің бекітілген мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының негізінде құрастырылған. Өзін-өзі бағалау туралы есебін жазған және тапсырған кезде берілген нұсқаудың шарттарын орындаудағы дәлдік, дәйектілік және түбегейлік сипаты сараптама комиссиясының ТжКБ ұйымына са- пары кезінде ТжКБ ұйымында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының қызметін бағалауы үшін және Агенттік тарапынан аккредиттеу жөніндегі шешім шығарудың негізі болып табылады. Осы нұсқау сонымен қатар ТжКБ ұйымында са- паны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмысын ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін. 4. Терминдер мен анықтамалар Осы нұсқауда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: • Ақпараттық ресурстар: кітапхана қорының, электронды оқыту материалдарының және басқа да қолжетімді оқыту-әдістемелік қамсыздандырудың жиынтығы. • АТ-құзыреттілік: кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты құзыреттілік. • Бағалау: талдау үдерісінде жиналған дәлелдеулер мен мәліметтерді түсіндіру. Бағалау бағдарламаның білім беру мақсаттары мен білім алушылардың оқу нәтижелерінің жетістіктері деңгейін анықтайды және бағдарламаны жетілдіруге қатысты іс-әрекеттер мен шешімдерге алып келеді. • Базалық құзырет: өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Басқарушылық құжаттама: лауазымдық нұсқаулық, құрылымдық
  • 7. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 6 бөлімшелер туралы ереже, үдерістерді басқару, әртүрлі рәсімдерді қолдану, жо- спарлау бойынша құжаттама. • ББ басшылығы: білім беру ұйымының алқалы басқару органдары, директор, оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін директордың орын- басары, бөлімше меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, әдіскер, әдістемелік, циклдық және пәндік комиссия меңгерушілері. • Біліктілік деңгейі: орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Біліктілік деңгейі: тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, са- нат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі кәсіби шеберлік. • Біліктілік: алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту тура- лы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Біліктілік: алынған мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты құзіретті орындауға қажетті білім, әзірлік деңгейі. • Біліктілік: қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Білім алушыларды аралық аттестаттау: білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім (Қазақстан Ре- спубликасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау: бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім беру бағдарламасы: пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт- тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Білім беру бағдарламасы: сәйкес біліктілігі бар мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және өз құрамына түлектерді даярлаудың
  • 8. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 7 нәтижесіне қойылатын талаптарды, оқу жоспарын, курстардың, пәндердің, оқу модулдерінің жұмыс (оқу) бағдарламаларын және басқа материалдарды, со- нымен бірге сәйкес білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибе бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін және әдістемелік материал- дарды қосады. • Білім беру қызметінің маркетингі: нарықта құндылығы бар мамандарды әзірлеу мақсатында білім беру қызметін өндіруге шақыратын тұтынушылардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруды зерттеуге бағытталған білім беру ұйымы қызметінің түрі. • Білім беру қызметінің мониторингі: білім беру қызметінің үдерістері мен рәсімдері туралы мәліметтерді жинау және талдау. • Білім беру сапасы: білім алушылар мен түлектердің білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру ұйымы белгілеген қосымша талаптарға сәйкестігі. • Білім беру ұйымдарын аккредиттеу: білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стан- дарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). • Білім беру ұйымының мүдделі тұлғалары: білім беру ұйымына тікелей немесе жанама қатысы бар және білім беру ұйымының қызметіне әлеуетті қызығушылық таныта алатын немесе мүдделі жеке және заңды тұлғалар шеңбері. Атап айтқанда бұлар білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары, жергілікті мемлекеттік органдар, ҚР Білім және ғылым министрлігі, жұмыс берушілер, талапкерлер, басқа да қазақстандық және әлемдік білім беру ұйымдары болып табылады. • Білім: оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Валидация: нақты түрде болжамды пайдалануға немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау. • Верификация: белгіленген талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау. • Дағды: қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану) (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Кәсіби стандарт: кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Құзырет: білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
  • 9. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 8 • Құзыреттер: оқу үдерісінде меңгерілген білімнің, дағдылар мен ептіліктің динамикалық жиынтығы. • Құзыреттілік: қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен дағдысын қолдану қабілеті (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Құпиялылық саясаты: ұйымда бар немесе келешекте ие бола алатын және таратудың ерекше шарттарына жататын немесе ұйымнан, бөлімшеден тыс толық таратуға тыйым салынатын немесе басқа да шектеулі жағдайлар шеңберіндегі ақпарат типтерін анықтайды. Сондай-ақ, саясат оның талаптары бұзылғаны үшін жаза қолдануды қарастырады. • Мамандандырылған аккредиттеу: білім беру ұйымы іске асыра- тын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). • Нәтижелілік: жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі. • Оқыту нәтижелері: білім алушының оқу кезеңі және оның тиісті деңгейінде аяқталған соң күтілетін білу, түсіну және/немесе білім деңгейін көрсете алу тұжырымдамалары. • Оқытудың түпкі нәтижесі: берілген білім беру бағдарламасы бойын- ша оқуды бітірген уақытта білім алушы меңгеруі тиіс білім мен дағдылардың, құзыреттің жиынтығы. • Өзін-өзі бағалау рәсімі: мамандандырылған аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерінің негізінде ТжКБ ұйымы өткізетін ішкі бағалау үдерісі (жалпы ұйымның немесе білім беру бағдарламасының). Осының нәтижесінде өзін-өзі бағалау туралы есеп құрастырылады. • Рәсім: іс-әрекетті немесе үдерісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі. • Салалық біліктілік шеңберлері: салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Стратегиялық құжаттар: білім беру ұйымның ұзақ мерзімдегі стратегиялық даму болашағын анықтайтын құжаттар, атап айтсақ, миссия, көрініс, стратегия (немесе бөлімшелер, деңгейлер мен бағыттардың стратегиялары) және білім беру ұйымының іс-әрекет жоспарлары. • Сыртқы сараптау комиссияның ТжКБ ұйымына баруы: бұл аккре- диттеу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сыртқы бағалаудың компоненті. Сыртқы сарапшы-аудиторлар ТжКБ ұйымының өзін-өзі бағалау ма- териалдарын тексеру мақсатында, оқытушы құраммен, білім алушылармен және қызметкерлермен әңгімелесу және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау үшін ТжКБ ұйымына іссапарға барады. ТжКБ ұйымының/білім беру бағдарламасының аудиті бойынша комиссияның есебі іссапардың нәтижесі бо- лып табылады. • Талдау: бағдарламаның білім беру мақсаттарын және білім алушылардың оқу нәтижесі жетістіктерін бағалауға арналған мәліметтерді әзірлеу, жинау және анықтау үдерісі. Тиімді талдау өлшенетін мақсаттар мен нәтижеге сай келетін тікелей, жанама, сандық және сапалық параметрлерді қолданады. • Тиімділік: қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы
  • 10. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 9 байланыс. • Үдеріс: «кірістерді» «шығыстарға» түрлендіретін өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. 5. Белгілеулер мен қысқартулар Осы нұсқауда Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық рет- теулер туралы» заңдарына сәйкес қысқартулар қолданылады. Осы нұсқауда келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады: • АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; • АРТА – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі; • БАӨЖ – білім алушылардың өзіндік жұмысы; • ББ – білім беру бағдарламасы; • ҚР – Қазақстан Республикасы; • ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; • МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; • ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру. 6. Жалпы бағалау қағидаттары ТжКБ ұйымымен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасын бағалау өзін-өзі бағалау есебінің негізінде келесі жалпы қағидаттарға сүйене отырып жүргізіледі: • Берілген есеп пен мәліметтердің АРТА стандарттарына сәйкес келуі; • Аккредиттеу жөніндегі нұсқауда, атап айтқанда осы нұсқауда белгіленген ережелерге сәйкес келуі; • Өзін-өзі бағалау есебі мен онда көрсетілген мәліметтердің аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ТжКБ ұйымы қызметінің нақты нәтижелеріне сәйкестігі; • Ұқсас бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бәсекелес ТжКБ ұйымдары қызметінің алдыңғы қатарлы нәтижелеріне және ҚР білім беру ұйымдарының озық тәжірибесіне сәйкестігі – яғни, аккредиттелетін білім беру бағдарламасының қызметін салыстырмалы талдау мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы тенденцияларына сәйкестігі; • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі. Білім беру бағдарламасы стандартта көрсетілген барлық өлшемдерге сай болған жағдайда аккредиттеуден өте алады. 7. Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы жалпы түрінде АРТА стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс, яғни есептің негізгі бөлімі көрініс, миссия және стратегиядан бастап білім беру ұйымының ресурстары- на дейінгі АРТА стандарттары бейнелейтін тарауларды қамтуы тиіс. Есеп жеке- леген салалар шеңберіндегі білім беру бағдарламасының қызметін сандық әрі
  • 11. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 10 сапалы бағалауды, ТжКБ ұйымы және білім беру бағдарламасы туралы жалпы мәліметті және оның қызметі жөніндегі қысқаша тарихын қамтитын, кіріспе мен қорытындыны санамағанда, кем дегенде 6 тараудан тұруы тиіс, мысалы, білім беру бағдарламасын басқару, оның ерекшелігі, педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі, білім алушылар, ресурстар және т.б. Есеп келесі пунктілерді қамтитын жалпы ақпараттан (профайлдан) баста- луы тиіс: ТжКБ ұйымының атауы, заңды реквизиттері, директордың аты-жөні, құрылтайшының атауы, байланыс ақпараттары, өзін-өзі бағалау туралы есебін тапсырған күні, білім беру бағдарламасы басшылығының, есепті әзірлеуге жауап- ты тұлғаның аты-жөні, білім беру бағдарламаларының тізімі, өзін-өзі бағалауды жүргізген топ туралы ақпарат. Есептің барлық мәлімдемелері, пікірлері, жорамал- дары мәтіннің негізгі бөлімі мен қосымшаларында қажетті құжаттармен бекітілуі тиіс. Есеп кестелерді, графикаларды, суреттерді, қажетті жерде көлемі бойын- ша үлкен кестелері бар (А4 өлшемді парақтың жартысынан көбін қамтитын) қосымшалардыжәнебасқадабіртұтасжәнеауқымдыақпараткөздерінқамтитын, өзара байланысқан, қисынды және бірыңғай форматтау мен құрылымы бар мәтін түрінде құрастырылуы тиіс. Есеп келесі нысанда жазылуы тиіс: қаріп түрі – Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, жол аралығы – 1.5, атауға дейінгі және кейінгі азат жол аралығы – 6 пт-дан көп емес, есептің басында автоматты түрде редакцияланатын кіріктірме мазмұны, парақ беттері болуы тиіс. Есепті басып шығару А4 өлшеміндегі кітап ретінде беттеу (portrait) арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қосымшаларда парақтарды альбом ретінде беттеуге (landscape) жол беріледі. Есептегі бірінші қосымша барлық берілген мәліметтердің дұрыстығын, дәлдігін, және түбегейлігін рас- тайтын, ТжКБ ұйымының жетекшісі мен орындаушылардың қолдары қойылған, қажет болған жағдайда кеңес беру үшін есепті құрастырушылардың байла- ныс ақпараттары бар мәтінді қамтуы тиіс: «Мен, [ұйым жетекшісінің аты-жөні], [есептің негізгі бөлігінің беттер саны, яғни қосымшаларын санамағанда] бет қамтитын, осы [аккредиттелетін ТжКБ ұйымының атауы] өзін-өзі бағалау туралы есебінде ТжКБ ұйымындағы және оның сыртындағы жағдайды толық мөлшерде және жан-жақты сипаттайтын, аса сенімді, нақты және түбегейлі мәліметтер көрсетілгендігін растаймын». Өзін-өзі бағалау туралы есептің көлемі 100-200 бет негізгі мәтінен тұрады. Со- нымен қатар, оған қосымшалар ретінде қосымша құжаттар пакеті тапсырылады. Өзін-өзі бағалау туралы есеп барлық қосымшаларымен қоса АРТА-ға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, электрондық нұсқада iaar@inbolx. ru электрондық пошта мекен жайына, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда есепті құрастырушылар мен ұйым жетекшісінің қолымен 2 (екі) данадан келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 42, КҚ 17. 7.1 Жекелеген стандарттар шеңберіндегі есептің құрылымы Білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау туралы есебі АРТА
  • 12. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 11 стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс және мазмұны мен түрі жағынан АРТА стандарттарының барлық пунктілері бойынша ТжКБ ұйымымен берілген жауаптар негізінде құрастырылуы мүмкін. Осы тарауда АРТА-ның жекелеген стан- дарттар шеңберінде өзін-өзі бағалау туралы есепті құрастыру бойынша әрбір стандарт бойынша қысқаша түсіндірмелерімен қоса ұсыныстар берілген. Әр тараудың бірінші бөлімінде – «Жалпы ережелер» – ТжКБ ұйымында қандайда бір стандарттардың бастауы мен себептері туралы тереңірек түсінік болуы үшін, ал бұл өз кезегінде стандарт талаптарын тиімдірек орындауға апарғандықтан берілген стандарттардың жалпы қағидаттары мен қисыны келтіріледі. Екінші бөлімінде – «Бағалау өлшемдері» – нақты өлшемдер негізінде сараптамалық бағалау жүргізілетін, және сәйкесінше өзін-өзі бағалау туралы есебі жазылатын өлшемдер келтіріледі. Осы өлшемдер жауаптары есептің авторлары- на бағыт көрсететін және аккредиттеуден өткізілетін ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларының жағдайын тереңірек және толығырақ бағалауға мүмкіндік беретін жетекші сұрақтармен толықтырылады. Өлшемдер талаптардың әртүрлі деңгейлерін орнатады: • «міндетті», «тиісті» - ТжКБ ұйымын аккредиттеуден өткізу үшін орындауға міндетті талаптарды білдіреді; • «маңызды фактор» - аккредиттеу туралы шешім қабылдау кезінде артықшылық беретін, орындауға басымды, бірақ міндетті емес талаптарды білдіреді; • «мүмкін» - өлшемді орындаудың ықтималды түрлерінің мысалдары бар жерде қолданылады. 8. Стандарт «Білім беру бағдарламасын басқару» 8.1 Жалпы ережелер Білім беру бағдарламасының барлық қызметі (бұдан әрі – ББ) ТжКБ ұйымының стратегиясы, миссиясы, көрінісі және құндылықтарымен абсолютті түрде келісуі тиіс. ББ мазмұны мен түрі, ББ басшылығымен қабылданатын шешімдер ТжКБ ұйымының стратегиялық құжаттарымен сәйкес болуы тиіс. Бұл ТжКБ жекелеген ұйым ретінде бір бағытта қозғалып, ұмтылуы үшін, ТжКБ ұйымының ресурстары стратегиялық мақсаттарына сай келмейтін мақсаттарға жұмсалмауы және қайшы келмеуі үшін қажет. Бұл орындалмаған жағдайда ұйымның қызметі мен дамуы тиімсіз әрі нәтижесіз болады. ББ мазмұны мен түрін стратегиялық құжаттармен келістіру тетіктері мүлдем әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен, ББ басшылығы сон- дай тетіктер мен олардың нәтижелілігін көрсетіп беруі тиіс. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың табыстылығы, ең алдымен, әрбір ББ-да болуы тиіс білім беру бағдарламасын дамыту жоспары мен мақсаттарын жоспарлы, мақсатты және тиімді түрде жүзеге асыру негізінде анықталады. Даму жоспарыменмақсаттарбағдарламақызметінеықпалететіннемесеықпалетеала- тын ақпаратты талдау негізінде бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту арқылы құрастырылады (мысалы, ішкі және сыртқы ортаны талдау, білім алушы- лар мен педагогикалық ұжымның/қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау,
  • 13. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 12 бағдарламаға қажет және қолжетімді ресурстарды, соның ішінде материалдық- техникалық базаны және т.б. талдау). Даму жоспары мен мақсаттары барлық мүдделі тұлғалар үшін айтарлықтай ашық, қолжетімді болуы тиіс. Жоспарлау және басқа да қызмет түрлері барынша қажет және мүмкін дәрежеде барлық мүдделі тұлғаларды қамтуы тиіс. Олар өз кезегінде жеке біреудің мүддесін емес, қандай да бір маңызды мүдделі тұлғалар тобының қызығушылықтарын қорғауы тиіс. Білім беру бағдарламасын дамыту жоспары, бағдарлама мақсаттары, бағдарлама мақсаттары мен жоспарын қалыптастыру тетіктері, мүдделі топтар арасында бағдарлама мақсаттары мен жоспары жөнінде ақпаратты тарату тетігі, бағдарламаны ресурстық қамсыздандыру тетігі және даму жоспарын жүзеге асыратын бағдарламаны басқару құрылымы да бағалануы тиіс. Сонымен бірге, бағдарлама мақсаттарын алға тарту және даму жоспарын құрастыру үшін негіз болатын тетіктер мен қырлары да бағалануы тиіс: бағдарлама аясында барлық қызмет түрлерінің ҚР заңнамаларына толығымен сәйкес болуы, атап айтқанда, ТжКБұйымыжоғарыбасшылығыныңжәнебағдарламабасшылығыныңбіліктілігін бағалау, сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде лауазымдық міндеттердің үлестірімі, ішкі және сыртқы ортаны бағалау, бағдарлама аясында сапалы оқытуды ұйымдастыру үшін қажет ресурстардың болуы, басқарушылық есептілікті тал- дау (соның ішінде алқалы басқару органдарының шешімдерін, есептерін және директор бұйрықтарын). Барлық мүдделі топтардан, соның ішінде қызметкерлер мен білім алушылардан, педагогикалық ұжымнан, жұмыс берушілерден сұхбат алып, сауалнама жүргізіледі. 8.2 Бағалау өлшемдері «8.2.1 ТжКБ ұйымы ББ дамыту жоспарын әзірлеуін, оның мүдделі тұлғалар, білім алушылар мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғанын көрсетеді». • ТжКБ ұйымында оның нақты орнын талдау жүргізіледі ме? Талдау қалай жүргізіледі, кіммен және қандай мақсатпен? Талдау нәтижелері қандай бол- ды және анықталған нәтижелер стратегиялық жоспарлау мақсатында қалайша қолданылды? • ББ мақсаттары мемлекеттің, мүдделі тұлғалардың және білім алушылардың нақты қандай мұқтаждықтарын қанағаттандырады? ТжКБ ұйымы мемлекеттің, білім алушылардың және мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қалайша анықтады, белгіледі, дәйектеді? ТжКБ ұйымының мүдделі тұлғалар шеңберіне кімдер кіреді және неге? «8.2.2 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарының қолда бар ресурстарға, еңбек нарығының қажеттілігіне және ҚР білім беру саясатына адекваттығын қамтамасыз етуі қажет». • Қолда бар ресурстарды (қаржылық, ақпараттық, кадрлық құрамы, материалдық-техникалық база) талдау қалай жүргізілді және осы талдаудың нәтижелері қандай түрде келтірілді? Мысалы, ТжКБ ұйымы оқу жылының басын- да жаңа білім алушылар контингентіне арналған компьютерлер, дәрісханалар
  • 14. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 13 және т.б. жеткілікті екенін қалай есептейді? Дәрісханалардың жеткіліктілігін бағалау қаншалықты барабар (адекватты), нақты болғаны талданады ма? • ББ-ның даму жоспарын әзірлеген кезде ресурстарды талдау нәтижелері қалайша қолданылды? • Еңбек нарығының қажеттіліктері қалайша және қандай түрлі перспекти- валарда талданды? ТжКБ ұйымының көзқарасы бойынша еңбек нарығының қажеттіліктері деген не ? Еңбек нарығының қажеттіліктерін түсінуге жұмыс берушілер тартылды ма – тартылса, қалай, кімдер, неге дәл осы жұмыс берушілер және ТжКБ ұйымы қалайша олардың пікірлерін жинады? ТжКБ ұйымы осы талдаудың дәлдігіне, адекваттылығына және растығына қалайша кепілдік берді? ББ-ның даму жоспарын әзірлеген кезде еңбек нарығының қажеттілігін талдау нәтижелері қалай қолданылды? • ТжКБ ұйымы ББ-ның даму жоспарын Қазақстан Республикасының білім беру саясатына қалайша сәйкестендірді – нақты қандай аспектілерде ұстанымдары үйлесімді, қай жерінде үйлесімсіз және неге? «8.2.3 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын қалыптастыруға мүдделі топтардың өкілдерін, соның ішінде білім алушыларды, педагогикалық ұжымды және жұмыс берушілерді тартуы қажет». • ББ даму жоспарын қалыптастыру мен әзірлеу барысында мүдделі тұлғалар қандай рөл ойнады? • ББ даму жоспарын қалыптастыруға қатысу үшін мүдделі тұлғалар қалайша таңдалды? ТжКБ ұйымы таңдалған мүдделі топ өкілдерінің көрнектілігіне (жеке топ өкілінің жалпы топ мүддесіне сәйкестігі) қалай кепілдік берді? • ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарының мазмұнына барлық мүдделі тұлғалардың ықпал ету мүмкіндігі бар екендігіне қалайша кепіл берді? • Жоспарды бекіткен кезде мүдделі тұлғалардың дауыс беру құқығы болды ма? Қандай да бір стратегиялық құжаттарды бекітуге қарсы дауыс бергендердің болуын куәландыратын құжаттар бар ма? «8.2.4ТжКБұйымыББдамужоспарынқалыптастыруүдерістерініңайқындығын көрсетеді. ТжКБ ұйымы мүдделі тұлғалардың ББ даму жоспарының мазмұны және оны қалыптастыру үдерістері жөнінде хабардар болуын қамтамасыз етеді». • Жоспарды әзірлеу, қалыптастыру, бекіту және жүзеге асырудың (соның ішінде жүзеге асырудың нәтижелері) барлық аспектілері туралы ақпаратты ТжКБ ұйымы қалай таратады? • ТжКБ ұйымы оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар жалпы алғанда жоспардың негізгі ережелерін білетіндігіне кепіл бере алады ма және қалайша? ТжКБ ұйымы білім алушылар, қызметкерлер, оқытушылар мен ТжКБ ұйымының әріптестері, соның ішінде жұмыс берушілер ББ даму жоспары мен жоспардағы соңғы өзгерістері туралы хабардар етілгенін растай алады ма ? • ТжКБ ұйымында оның ББ даму жоспарын қалыптастыру мен жүзеге асыру жөніндегі ақпарат (соның ішінде өзекті) тарататын арнайы ақпараттық ресурс (веб сайт, стенд және т.б.) бар ма? • ББ даму жоспарын қалыптастыру және жүзеге асыру үдерістері туралы ақпаратқа мүдделі тұлғалар қалай қол жеткізе алады? Осы үдерістер туралы мүдделі тұлғалар ТжКБ ұйымы өкілдерінен осы уақытқа дейін қандай ақпарат
  • 15. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 14 алды – құжатталған мысалдарды келтіріңіз? «8.2.5 ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын қалыптастыру мен тұрақты түрде қайта қараудың және оны іске асырудағы мониторинг жүйесінің тетіктерін анықтауы тиіс». • ТжКБ ұйымы ББ даму жоспарын жүзеге асыруды және осы жоспарды жүзеге асырудың тиімділігін қалайша байқап отырады? Ресми бекітілген рәсім бар ма? • ББ даму жоспарын жүзеге асырудың тиімділігі туралы есептер қандай түрде құрастырылады? Есептер қаншалықты жиі құрастырылады және олар кімге арналған, кімге қарастыруға беріледі? • ББ даму жоспарын жүзеге асыру тиімділігін бағалаудың нәтижелері қалай қолданылады? • Соңғы уақыт аралығында жоспар қанша рет қайта қаралды? • ББ даму жоспарын жүзеге асыру мониторингімен кім және қалай айналы- сады? «8.2.6 ТжКБ ұйымы ББ-ны жүзеге асыру туралы ақпаратты жүйелі түрде жинақтайды және талдайды, барлық бағыттар бойынша өзін-өзі бағалау жүргізеді, ББ даму жоспарын құрастырып, қайта қарастырады». • ТжКБ ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері мен шешімдері ББ даму жоспарына сәйкес келеді ме – оған қалай қол жеткізуге болады? • ББ стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау және ресурстарды бөлу үдерістері ББ даму жоспарына сәйкестігіне қалайша кепілдік бере алады? • Стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау және ресурстарды бөлу үдерістері қаншалықты жоспарға сәйкес келеді және неге? • ТжКБұйымыныңішкіжәнесыртқыортасытуралыақпараттыжинаудыңүнемі қолданыстағы жүйесі қалай құрастырылғанын сипаттап беріңіз, атап айтқанда, білім алушылар контингенті мен оның негізгі сипаттамасына, түлектер мен олардыңата-аналарыныңтаңдауларына,педагогикалықұжымныңконтингентіне, білім беру қызметі нарығындағы ТжКБ ұйымының салмағына, қоғамдық пікірді өлшеу мәліметтеріне қатысты (оқытушылар, білім алушылар және т.с.с.)? • Осындай ақпарат қандай кезең үшін бар? Неліктен? • Ақпарат қай мерзім үшін талдануда? Неге? Бағдарлама қызметінің кезеңі қанша (мысалы, 1, 3, 5 жыл) және неге дәл солай? • Осы ақпарат қандай түрде сақталады және қолданылады (қағаз тасмалдағыштарда, Microsoft Office сияқты бағдарламаларда немесе мамандандырылған деректер қорында)? Ақпаратты осындай түрде сақтаудың артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекелдері қандай? Ақпаратты сақтау бой- ынша бағдарламалық жасақтаманы дамыту қалай жоспарлануда? • Осы ақпарат қандай біріктірме түрде (жиынтық кестелер, корреляциялық талдау, жылдар аралығындағы динамиканы талдау, факторлы талдау және т.б.) қолжетімді және нақты кімдерге? • Ақпаратты талдау мен жинау ББ даму жоспарын қалыптастыру, жүзеге асы- ру және қайта қарастыру үшін қалай жәрдемдеседі? «8.2.7 ББ даму жоспары барлық мүдделі жақтар өкілдерінің қатысуымен ашық талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде ТжКБ ұйымының өкілетті алқалы органы жобаға өзгертулер енгізеді».
  • 16. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 15 • ББ даму жоспары жариялы түрде талқылаудан өтеді ме? • Жоспардыжариялытүрдеталқылауқалайжүзегеасады:кімқатысады,кімнің дауыс беру құқығы бар, қандай қағидат бойынша қатысушылар таңдалады? • Жариялытүрдеталқылаудыңшеңберіндемүдделітұлғалараталғанжоспарға ұсыныстар мен түзетулерді қалай енгізе алады және осы ұсыныстар мен түзетулер қалай қолданылады (есепке алынады, бекітіледі, дауыс беру ұйымдастырылады және т.б.) – мысалдар келтіріңіз? «8.2.8 ТжКБ ұйымы ББ қаржыландыру жүйесiнiң орнықтылық, тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, басымдылық, ашықтық, жауапкершiлiк, өкiлеттiктi табыстау, шектеу және дербестiк қағидаларының iске асыру дәрежесiн көрсетедi». • Аталған қағидалардың қайсысы ТжКБ ұйымында қолданылады? • Олар қалайша түсіндірілген (анықталған)? • ББ мысалында аталған қағидалар қалайша жүзеге асырылатынын көрсетіп беріңіз. «8.2.9 ББ-ны басқару:  үдеріс арқылы қызметті (іс-әрекетті) басқаруды;  жоспарлау, дамыту және үнемі жақсарту тетіктерін;  мониторингті, соның ішінде жоспарларды жүзеге асыру мен қызмет ету ди- намикасын анықтауға мүмкіндік беретін есеп беру үдерістерін құру;  өзгерістердің тиімділігін талдауды;  бөлімшелер қызметінің нәтижелігі мен тиімділігін және олардың өзара қарым-қатынастарын бағалауды қамтуы тиіс». • ТжКБ ұйымында басқару бірлігі не болып табылады – бөлімше ме, әлде үдеріс пе? Мысалы, бөлімшелердің ішкі ережелері басым ба немесе бірнеше бөлімшелерді қамтитын толық бизнес-үдерістер басым болып табылады ма? • ТжКБ ұйымында үдерістер арқылы басқару қалай сипатталады, қалай байқалады, не үшін қолданылады? • Бағдарлама қызметінің нәтижелілігі қалай бағаланады – нақты не бағаланады, қандай индикаторлар мен өлшемдер, олар немен байланысты: бөлімшелер мен лауазымдармен бе, әлде бірнеше бөлімше мен лауазымды тұлғаларды қамти алатын үдерістермен бе? • ББ басшылығы қандай жоспарлау тетіктерін қолданады? Не жоспарланады, қандай мақсатпен, жоспарлау нәтижесі, салдары қандай? • Бағдарламада дамудың қандай тетіктері орнатылған – не дамытылып жа- тыр, қалай, кім, неге дәл осылай, даму мақсаттары мен нәтижесі қандай? Дамыту бойынша іс-әрекет қалай түсініледі? Осы іс-әрекеттің нәтижелері қандай? • Бағдарлама үдерістердің, соның ішінде ББ-ны басқару үдерісінің үнемі жақсаруын қалай қамтамасыз етеді? • Бағдарлама басшылығы қалайша ұйым үшін және оның жекелеген қызмет түрлері үшін потенциалды тәуекелдерді бағалайды, талдайды және анықтайды? • Бағдарлама үшін тәуекел дегеніміз не? Мысалы, бағдарлама педагогикалық ұжымның, білім алушылардың контингентінің сапасы мен санының төмендеу тәуекелі қалай бағаланады? Осы тәуекелдердің ықпалын төмендету бойынша жоспарлар әзірленеді ме? Қалай және кіммен? Қандай қағидаттар мен нобайы негізінде?
  • 17. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 16 • ББ аясында басшылыққа ұйымдағы ішкі жағдайдың дамуын байқап отыруға, атап айтқанда, ББ даму жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесетін қандай есептілік тетіктері қолға алынған? • ББ-даөзгерістеренгізуүшіносыесептіліктіңнәтижелеріқалайқолданылады? • Бастапқы жоспарлардың нақты жағдайға сәйкессіздігі жағдайында ББ даму жоспарлары қалайша түзетіледі? • ББ-ны жүзеге асырумен байланысты жекелеген бөлімшелердің тиімділігі туралы қорытындылар қалай жасалады және қалай талданады? Талдау қандай жиілікпен жүргізіледі? Осы мәліметтер қалай қолданылады? Осы мәліметтер бөлімшелер қызметін түзету үшін қолданылады ма? «8.2.10 ТжКБ ұйымында бiлiм беру бағдарламасының iске асыру регламентін белгiлейтiн барлық негізгі бизнес-үдерістер құжаттандырылуы қажет». • Негізгі бизнес-үдерістер, алдыңғы кезекте ББ-ны басқару және ұйымдық құрылым бойынша үдерістер қалай және қаншалықты жете (мысалы, мұрағатта қандай мерзім үшін осындай құжаттар бар) құжаттандырылатынын бейнелеңіз. • ТжКБ ұйымында барлық негізгі бизнес-үдерістерді реттейтін (соның ішінде білім беру қызметін басқару) ішкі және сыртқы нормативтік құқықтық актілердің түбегейлі дерек қорлары бар ма? Бұл құжаттар кім үшін ашық және неге дәл осы тұлғалар? Дерек қор арқылы кіруге рұқсаты жоқ тұлғалар ережелердің мазмұны туралы қалай біле алады? «8.2.11 ТжКБ ұйымы бизнес-үдерістердегі жауаптыларды нақты анықтағанын, ББ іске асыру барысында қатысатын қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін бір мағыналы түрде бөлгенін, алқалы органдар қызметін ажыратқанын көрсетуі тиіс». • Барлық бизнес-үдерістер айтарлықтай нақты анықталғанын және бизнес-үдерістерді іске асыру үшін жауапты нақты лауазымдық тұлғалармен байланысқанын дәлелдеңіз. ТжКБ ұйымындағы үдерістердің барлығы осы үдерістерге жауапты нақты лауазымдық тұлғаларға бекітілген бе? • Барлық қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары нақты белгіленген бе? • Қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттер нақты белгіленгенін, міндеттердің қайталанбайтынын,құжаттарда көрсетілген міндеттер мен құқықтар шынымен жүзеге асырылатынын, сәйкес келетінін дәлелдеңіз. «8.2.12 ТжКБ ұйымы осы үдерістің регламентін белгiлейтiн құжаттар мен бiлiм беру бағдарламалардың мониторингін және мезгілдік пікір беруін (қайта қарау) бекiту тәртiбiн көрсетуi керек». • Мазмұны, басқару құрылымы, педагогикалық ұжым контингенті және басқа да ББ негізгі аспектілері, сондай-ақ бағдарлама қызметін регламенттейтін құжаттар қандай жиілікпен қайта қаралады және түзетіледі? Оған кім қатысады және неге дәл осы тұлғалар? Бұл үдерісті толық сипаттап беріңіз. • ББ және оны регламенттейтін құжаттарды қайта қарау қандай мақсатпен жүзеге асырылады? Мысалы, көбінесе клиентке бағытталған, немесе ҚР Үкіметі мен ҚР БҒМ-ның жаңа ережелеріне сәйкестікті қаматмасыз ету үшін бе? • Регламенттейтін құжаттар мен ББ қайта қарау туралы шешім қандай құжаттардың, фактілердің, ақпараттың негізінде қабылданады? Мысалы, инфрақұрылым мен білім сапасымен қанағаттануының жоспарлы талдауы?
  • 18. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 17 «8.2.13 ТжКБ ұйымы білім алушыларға, қызметкерлерге, мүдделі тұлғаларға бағытталған хабарландыру мен кері байланыс жүйесінің болуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс». • ТжКБ ұйымында/ББ-да кері байланыс қалайша жүзеге асады? Кері байланыс қандай мақсатпен жүзеге асырылады: мысалы, клиенттердің мүддесін одан әрі ескеру мақсатында ББ бизнес-үдерістерін және тетіктерін өзгерту үшін? • Білім алушы оқу үдерісі барысындағы табыстары жайлы оқытушыдан кері байланысты қалай алады? • Білім алушылардан, қызметкерлерден, сыртқы орта өкілдерінен келіп түскен барлық сауалдарға басшылық қалайша кері байланысты қамтамасыз етеді? • ТжКБ ұйымында кері байланыстың мерзімдері, түрлері мен тәртібі бойынша ережелер бар ма? Бағдарламаның, ТжКБ ұйымының басшылығына қабылдауға кіру қаншалықты қиын? Дәлелдеңіз. • ТжКБ ұйымы/бағдарлама басшылығы кері байланыс шеңберінде алған ұсыныстарменбасқадаақпараттықалайқолданады?ТжКБұйымы/бағдарламаны басқаруда кері байланыс шеңберінде алынған ұсыныстар мен ақпараттың қандай үлесі қолданылады? Дәлелдеңіз. • ТжКБ ұйымында/бағдарламада басшылық атына және бөлімшелерге түскен сұрауларды, шағымдарды және басқа да өтініштерді қарастыру туралы ереже бар ма? ТжКБ ұйымы/бағдарлама басшылығы сұраулар мен шағымдарға жауап беру мерзімінің уақытында орындалуына қалай кепілдік береді? Тиісті статистика, бақылау жүргізіледі ме? • Білім алушылар, қызметкерлер және басқа да мүдделі тұлғалар ұсыныстары мен ақпаратты ТжКБ ұйымының/бағдарламаның басшылығы мен бөлімше жетекшілеріне қалайша тиімді түрде жеткізе алады? Сондай тиімді мүмкіндік шыныменен бар екенін, адамдар тыңдалып және солардың берген ұсыныстары негізінде нақты қадамдар жасалғандығын, бұл бір ғана мысал емес екенін дәлелдеңіз. «8.2.14 ББ басшылығы ББ-ның сапасын қамтамасыз ету жүйесінің табысты қызмет етуін көрсетуі керек, оның ішіне жобалау, басқару және мониторинг, олардың жақсаруы, фактілер негізінде шешімдерді қабылдау кіреді». • Білім алушылар басшылар қызметі туралы, ТжКБ ұйымының басшылары ту- ралы, алқалы органдардың қабылдаған шешімдері туралы не біледі, ТжКБ ұйымы бойынша ресми ақпарат қалай таралады және барлық мүдделі топтар керек болған жағдайда өздерін қызықтыратын ақпаратты таба алатынына ТжКБ ұйымы қалай кепілдік бере алады, қандай ақпарат қолжетімді болып табылады? • Бағдарламада құпиялылық саясаты бар ма? Қандай құжаттар мен ақпарат құпия болып табылады? • Педагогикалық кеңестің және басқа да алқалы органдар отырысының хаттамалары, осы органдардың жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер, отырыстардыңкүнтәртібі,директордыңжәнебасқадабасшылардыңбұйрықтары қаншалықты қолжетімді ? • ББ-дағы қолданыстағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін сипаттаңыз. • Бағдарлама басшылығы оқытудың сапасына неліктен кепілдік бере алады – қандай фактілердің, тетіктердің, статистиканың және т.б. негізінде?
  • 19. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 18 • Оның тұрақты түрде жетілдірілуі қалай қамтамасыз етіледі? • Қазіргі таңда бағдарлама басшылығы, бөлімше жетекшілері мен алқалы органдардың шешім қабылдау қисыны қандай? Неге негізделіп шешім қабылданады? Бұл ТжКБ ұйымының ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген бе? Қандай құжаттардың негізінде және қалай шешім қабылданатынын көрсетіңіз – қандай ақпаратқа, фактілерге, талдауға және т.б. сүйенеді? «8.2.15 ББ басшылығы білім беру бағдарламасын басқару жүйесінің ашықтығын дәлелдеп көрсетуі міндетті». • ТжКБ ұйымында/ББ-да, жекелеген бөлімшелерде веб-сайт бар ма, ол қандай қағида негізінде жасалған: мысалы, тұтынушыға немесе ТжКБ ұйымының ресми «бейнесін» жасауға бағытталған ба? • Білім алушылар, қызметкерлер мен барлық мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру үшін сайт қалай қолданылады – қандай ақпарат жариялана- ды, қандай жиілікпен жаңартылады, не үшін сол ақпарат жарияланады, ТжКБ ұйымының сайты арқылы ең өзекті ақпаратқа қол жеткізуге болады ма? Сайтта қандай ақпарат жарияланбайды және неліктен: мысалы, қаржылық, бухгалтерия жөнінде, тағайындаулар жөнінде, шиеленістер туралы және т.с.с.? • Барлық мүдделі тұлғалардан кері байланыс алу үшін сайт қолданылады ма – сауалнамалар, блогтар, шағым кітапшасы және т.б.? Стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру үшін кері байланыстың нәтижелері қалай қолданылады? «8.2.16 ТжКБ ұйымы ББ басқару үдерістерінде статистиканы жинақтау және талдау жүйесінің бар болуын және қарқынды қолдануын дәлелдеп көрсетуі міндетті». • ББ бағалау қалай, кіммен және қандай жиілікпен өткізіледі – ББ қызметінің тиімділігі, даму жоспарын жүзеге асырудың тиімділігі, ҚР заңнамасына сәйкестігі және т.б.? • ТжКБ ұйымында/ББ-да қандай мәліметтер жүйелі түрде жиналады және талданады? Бұл үдеріс қаншалықты автоматтандырылған? Содан кейін осы мәліметтер ТжКБ ұйымын басқару мен шешім қабылдау кезінде қалай қолданылады? Құжатталған мысалдарды келтіріңіз. «8.2.17ББбасшылығыоқытушылардың,қызметкерлердің,білімалушылардың қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейін өлшеуді қамтамасыз етіп, өлшем үдерістері аясында табылған кемшіліктерді жойғанын көрсетуі міндетті». • ТжКБ ұйымында педагогикалық ұжымның, қызметкерлердің, білім алушылардың қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейі қалай өлшенеді? • Осы мәліметтер басшылықпен қалай қолданылады? «8.2.18 ББ басшылығы білім алушыларға, оқытушыларға, ата-аналарға қолжетімдігі мен ашықтығын дәлелдеп көрсетуі міндетті». • Барлықмүдделітұлғалар үшінбасшылыққаншалықтыашық,қолжетімді? ББ- ның басшыларында блогтары бар ма? Басшы өзінің блогымен қандай жиілікпен қолданады? • Басшыларда келушілер үшін қабылдау сағаттары бар ма – қабылдау уақыты қаншалықты тиімді: мысалы, ТжКБ ұйымы келушілердің қанағаттануын зерттейді ме?
  • 20. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 19 9. Стандарт «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі» 1.1 Жалпы ережелер Қазақстандық ТжКБ ұйымдарында академиялық еркіндікті кеңейту жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес келетін түлектерді дайындау сапасы бойынша олардың жауапкершілігін арттыруды білдіреді. Кредиттік оқыту технологиясы ТжКБ ұйымдарына академиялық еркіндік бе- руге және қоғамның әлеуметтік жауапты азаматтары мен кәсіпқойларға де- ген мұқтаждығын қанағаттандыруға, сондай-ақ, тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен жеке дамуының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Білім беру бағдарламалары жеке білім беру траекториясын құру, білім алушылардың мүмкіншіліктері мен жеке қажеттіліктерін есепке алу мүмкіндігін қарастырады. Білім беру бағдарламаларының өзіндік ерекшеліктері болады, бұл өз кезегінде ББ жүзеге асыру үдерісіне ерекше сипат береді. Білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар үшін ұлттық және салалық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес келетін тұлғаның базалық және кәсіби құзыреттігін қалыптастыруға бағытталған академиялық саясаты және тиісінше сапа кепілдігі рәсімдері мен стандарттары болуы тиіс. Жалпы ТжКБ ұйымы және білім беру бағдарламасының басшылығы сапаның маңыздылығын және оны қамтамасыз етуді мойындай отырып, сапа мәдениетін дамытубойыншаміндеттердің жүзегеасырылуынкөрсетіп,өзмойны- на алуы тиіс. Осы мақсаттарға жету үшін білім беру бағдарламасының басшылығы үнемі өз сапасын көтеру мен қызметін жақсарту бойынша стратегияны әзірлейді және енгізеді. Бұл тарауда білім беру бағдарламаларының сапасын растайтын дәлелдер келтірілген. Ресми саясат пен рәсімдер білім беру бағдарламасының басшылығы өзінің сапа кепілдігі жүйесінің тиімділігін әзірлеп, бақылай алатындай құрылымды құрайды. Осындай құрылымның болуы білім беру бағдарламасы сапасының нығаюына септігін тигізеді, бұл өз кезегінде қоғамда тұрақты оң имиджге және білім беру бағдарламасының жоғары деңгейін мойындауына әкеледі. Академиялық саясат ТжКБ ұйымының, соның ішінде білім беру бағдарламасы басшылығының ниетін және оны жүзеге асырудың құралдары мен тетіктерінің тізімін көрсетуі тиіс. Рәсімдерді қолдану бойынша ұсыныстар тетіктер туралы және оны жүзеге асырудың түрлері жайлы толық ақпаратты бере алады, соны- мен қатар оны қолдануға мүдделі тұлғалар үшін анықтамалық ақпарат ретінде қолданылуы мүмкін. Академиялық саясат білім беру үдерісінің өзара байланысы мен қатынасын, стандарттар мен сапаға қатысты ТжКБ ұйымының пиғылын, сапа кепілдігі жүйесінің ұйымдастырылуын, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға педагогикалық ұжым мен құрылымдық бөлімшелердің үлесі мен міндеттерін, сапа кепілдігі рәсімдерінде білім алушылардың қатысуын, олардың көмегімен
  • 21. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 20 академиялық саясат пен оны қайта қарау жүзеге асырылатын әдістерді көрсетуі тиіс. «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі» стандарты аккредиттелетін бағдарламалар аясында білім алушыларды кәсіби дайындау үдерісін бағалауға бағытталған. Осы бөлімде оқыту нәтижесі болып табылатын түлектердің білімі, дағдылары мен базалық және кәсіптік құзыреттіліктері және білім беру қызметінің сапасын растайтын мәліметтер баяндалады. Осы бөлімнің мәтінінде еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын және білім беру деңгейлерінің біліктілік шеңберіне сәйкес келетін болашақ мамандардың базалық және кәсіптік құзыреттігін қалыптастыруды растайтын дәлелдер келтіріледі. ТжКБ ұйымының білім беру кеңістігін қалыптастыру ТжКБ ұйымы әрбір білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың түпкі нәтижесі мен оған жетудің жол- дарын қаншалықты ашық, айқын, нақты анықтайтынына байланысты. Әрбір бағдарламаға арнап ТжКБ ұйымы білім беру бағдарламасын дамытудың страте- гиясы мен мақсаттарын тұжырымдайды, құжаттандырады. Сондай-ақ, білім беру бағдарламасының мақсаттарына жетудің әдістері мен түзету тәсілдерін, сонымен бірге осы әдістердің тиімділігін анықтайды. Есепте әртүрлі бағдарламаларды, олардың мақсаттарын сипаттау, қызметті жақсарту үшін жүзеге асырылған негізгі іс-әрекеттер көрсетіледі. Білім беру бағдаламалары қалай жүзеге асырылатыны туралы қысқаша мәліметтер келтіріңіз. ТжКБ ұйымы ұсынған бағдарламалардың негізгі түрлері мен оның миссиясы арасындағы байланысты түсіндіріп беріңіз. Білім беру бағдарламаларын бекіту мен қайта қарау, жобалау үдерісіне жетекшілік ету әдістерін сипаттап беріңіз. Соңғы 5 жылда орын алған білім беру бағдарламаларындағы басты өзгерістерді белгілеңіз және оларды дамыту пер- спективасын сипаттаңыз. 9.2 Бағалау өлшемдері: ББ мазмұны «9.2.1 ТжКБ ұйымы бiлімді, икемділікті, дағдыларды, базалық және кәсіптік құзыреттілігін, жеке сапаларды қосатын бiлiм беру бағдарламасы түлектерінің әзірленген үлгiлерiнiң (моделдерінің) бар болуын көрсетуi керек». • ТжКБ ұйымында білім беру бағдарламаларын қалыптастырудағы негізгі әдіс- тәсілдерді сипаттаңыз. • Сіздің түсінігіңіз бойынша ББ түлегінің моделі дегеніміз не? • Білім беру бағдарламасы түлегінің моделі қалайша әзірленді және оны дайындауға кім қатысты? • Оның негізі не болды? • ТжКБ ұйымында жалпы ТжКБ ұйымы түлегінің үлгісі бар ма? • Түлек моделін құрастыруға мүдделі тұлғалар қалай тартылады? Олардың бұл үдеріске араласу деңгейі қандай – мысалы, тек кеңес беру, сауалдамалар- мен шектеледі ме, әлде модель бойынша шешім қабылдаған уақытта дауыс беру құқығы бар ма? • Түлек моделі верификация (анықтау) мен валидациядан (сенімділікті тексе- ру) қалай өтеді?
  • 22. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 21 • Білім беру бағдарламасы түлегінің моделі мысалын келтіріңіз. «9.2.2 ТжКБ ұйымы білім беру бағдарламасын әзірлеуде және олардың сапа- сын қамтамасыз етуінде педагогикалық ұжым мен жұмыс берушілердің қатысуын дәлелдеуге міндетті». • Аталған мүдделі тұлғалар санаттары білім беру бағдарламаларын бекітуге, олардың мазмұнын әзірлеуге қалай қатысады? Олардың бұл үдеріске араласу деңгейі қандай? • Жұмыс берушілер мен педагогикалық ұжымның қатысуын сипаттау арқылы білім беру бағдарламаларын бекіту мен жобалау тәртібі туралы мәліметтер келтіріңіз. • Бағдарламаларды даярлау кезінде жұмыс берушілердің қатысу тәжірибесін бейнелеңіз, олардың әзірлеуге қосқан үлесі мен ұсыныстарының мысалдарын келтіріңіз. • Білім беру бағдарламаларын басқаруда, олардың сапасын қамтамасыз ету- де жұмыс берушілер мен педагогикалық ұжымның қатысу тәжірибесін көрсетіңіз. «9.2.3 ТжКБ ұйымы оқу пәндерінің өзара байланыс қисынын, көлемін және мазмұнынанықтауы,сондай-ақ,түлектердің базалықжәнекәсіптікқұзіреттілігінің қалыптасуына пәндер мен кәсіби тәжірибенің ықпалын көрсетуі міндетті». • Қандай жұмыс берушiлер әдеттегі болып табылады? • ББ жобалау мен жүзеге асыруға жұмыс берушілер қалай тартылады? • ББ жобалау мен жүзеге асыру үдерісіне тартылатын жұмыс берушілер қалай таңдалады: жұмыс берушілерді тартудың көрнектілігін (репрезентативтілігін) негіздеп беріңіз. «9.2.4 ББ басшылығы оқу пәндерiнiң мазмұнында кәсiби контексттiң бар бо- луын көрсетуi керек». • Түлектердің базалық және кәсіптік құзыреттілігінің қалыптасуына пәндер мен кәсіптік тәжірибелердің, өндірістік оқытудың ықпалын көрсетіңіз. «9.2.5 ББ басшылығы теориялық және тәжірибелік-бағытталған пәндердiң арасындағы тиiмдi тепе-теңдіктің бар болуын көрсетуi керек». • Білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау үдерісін сипаттаңыз. • Білім беру бағдарламасы мазмұнының қисынды-құрылымдық талдауы қалай жүзеге асырылады? Көрсетіп беріңіз. • Пәндер оқу жоспарына қалай қосылатынын көрсетіңіз. • ББ ерекшелігі оқу жоспарына жаңа теориялық және тәжірибелік пәндерді енгізуге қалай әсер етеді? • ББ-ның теориялық және тәжірибелік-бағдарланған пәндері арасындағы тиімділік тепе-теңдігі неде? • Теориялық және тәжірибелік-бағдарланған пәндердің арасындағы балансқа қалай қол жеткізіледі? «9.2.6 Пәндердің тізімі мен мазмұны білім алушыларға қолжетімді болу тиіс. Пәндер оқытылып жатқан саладағы әлемдік күн тәртібіндегі барлық сұрақтарға, мәселелерге толық жауап беруі керек». • Білім алушыларға оқу үшін ұсынылатын пәндер тізімі қалай жеткізілетінін сипаттап жазыңыз. • Пәндердің мазмұны білім алушыларға қолжетімді екенін көрсетіңіз.
  • 23. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 22 • Оқу пәндері мазмұнының өзектілігі мен заманауилығы қалай қамтамасыз етілетінін көрсетіп беріңіз. «9.2.7 Оқу бағдарламасының құрылымында білім алушылардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай базалық және кәсіптік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік тудыратын түрлі қызметтердің мазмұндары ескерілу керек». • Оқыту пәндерін оқу барысында қандай қызмет түрлері қарастырылған? • Қызмет түрлерінің оқыту нәтижелеріне сәйкестігін талдаңыз. • Соның негізінде оқу үдерісінде әртүрлі қызмет түрлерінің көмегімен білім алушылардың базалық және кәсіптік құзіреттілігінің қалай қалыптасатынын сипаттаңыз. • Оқу үдерісінде көрсетілген қызметтің әртүрлі түрлері көрсетілген оқу- әдістемелік құжа ттаманы көрсетіңіз. «9.2.8 Жұмыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын жаңарту маңызды фактор болып табылады». • ТжКБ ұйымында оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге деген мұқтаждық қалай анықталады? • Еңбек нарығындағы өзгерістер қалай талданады? • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің мүдделері қалай есепке алынады? • Білім беру бағдарламалары қандай жиілікпен жаңартылады? • Оларды жаңартуға не себеп болады? • Білім беру пәндерінің кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталғаны қалай жүзеге асады? • Жұмыс берушілердің нақты кәсіби дағдыларды дамытуға деген қажеттілігі қалай зерттеледі және анықталады? Бұл ақпарат әрі қарай қалай қолданылады – оның негізінде ББ-ға өзгерту енгізу туралы шешім қабылданады ма? • Шешім қабылдауға жұмыс берушілер, білім алушылар, оқытушылар мен мүдделі тұлғалар өкілдері қалай қатыстырылады? • ББ-ға қатысты шешім қабылдау үдерісіне оқытушылар мен білім алушылардың қатысуына бағалау жүргізілді ме, яғни оқытушылар мен білім алушылардың ББ мазмұны мен түріне ықпал етуге қандай мүмкіндіктері бар? • Жұмыс берушілерді, білім алушыларды, оқытушыларды және мүдделі тұлғаларды тартудың көрнекілігі (репрезентативтілігі) қалай расталады? 9.3 Бағалау өлшемдері: ББ дараландыру «9.3.1 ББ басшылығы оқу тіліне қарамай, білім алушыларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі қажет». • Білім алушыларға тең мүмкіндіктер қалай қамтамасыз етіледі? • Оқу тіліне қарамастан білім алушыларға тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілгенін дәлелдеңіз. «9.3.2 ББ басшылығы білім беру үдерісінің мәселелеріне қатысты білім алушыларға кеңес беру және жекелеген көмек көрсету жүйесінің бар болуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет». • Білім беру үдерісінің мәселелеріне қатысты білім алушыларға кеңес беру