SlideShare a Scribd company logo
Қайсарлық пен қаһармандықтың символы іспеттес келе жатқан Ұлы Жеңіске 70 жыл толу
мерекесіне орай Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
жоспарлаған Отан үшін от кешкен аға буын өкілдерінің жанкешті ерліктерін өскелең ұрпаққа
насихаттау мақсатындағы ауқымды іс-шаралардың бірі «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс
үшін»: Ұлы Отан соғысындағы Қарағанды, «Все для фронта, все для Победы»: Караганда в
Великой Отечественной войне атты виртуалды кітап көрмесі.
Көрменің мақсаты: сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің
есімін ел есінде мәңгі қалдыру. Қарағанды облысының соғыс жылдарындағы жанқиярлық тылдағы
еңбегі мен майдандағы өшпес ерліктері туралы мағлұмат беру. Оқырмандарды соғыс тақырыбына
жазылған әдебиеттермен жете таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады. Құрметті оқырман, бұл виртуалды кітап көрмесінен қан майданда
парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға
төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек
еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерліктерімен таныса аласыздар.
Бүкіл халық бірлесіп фашизмге қарсы тұрған Ұлы Отан соғысының күйдіргі жылдары
алшақтап барады. Жастар бұл оқиға жайлы тек кітаптар мен фильмдер арқылы, майданда соғысып
және Жеңіс үшін тылда жұмыс істеген ата-бабалар сөздерінен ғана біледі. Ұлы Жеңісті сыйлаған
майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау - басты борышымыз.
Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті
жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. Елбасына күн туған
кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім
қалған баласы үшін кектенді. Жауға қарсы шайқаста елі мен жерінің бейбіт өмірі үшін от кешіп,
кеудесін оққа төсеген жауынгерлер көрсеткен ерен ерлік өлшеусіз. Қарағанды облысының да бұл
жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған
қарағандылықтардың есімі әрқашан ел есінде сақталады.
Майдандағы армия қатарына Қарағанды облысынан 59935 адам барды. Облыста 72-ші
Красноград, 387- Перекоп және 310-Новгород атқыштар дивизиялары жасақталды. Мәскеу
түбіндегі шайқаста – 1267 адам, Ленинград үшін шайқаста – 1949, Сталинград түбінде – 2187,
Курск иінінде – 1405, Украинаны азат етуде – 6869, Беларуссияда – 688, Балтық бойында – 823,
Шығыс Еуропа халықтарын азат етуде – 934, Берлинді алуда – 375, жапон милитаристеріне қарсы
соғыста – 39 қарағандылық қатысты. Майданға аттанғандардың әрбір төртінші адамы елге
оралмады.
Жерлестеріміздің арасында немесе Қарағанды аймағында еңбек еткен 34 адам Кеңес
Одағының Батыры, 15 Даңқ Орденің толық кавалері бар. Фашизмге қарсы күресте көрсеткен
батырлығы мен ерлігі үшін 6600 қарағандылық Кеңес Одағының орден, медальдарымен
марапатталды.
Қарағанды облысында 2015 жылдың 1 ақпан күнгі дерек бойынша 274 Ұлы Отан соғысына
қатысушысы мен мүгедектері, 17122 тыл ардагерлері бар.
Майданды демеген қуатты күш
Соғыстың қиын-қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған
Қазақстанның индустриалды жүрегі - Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді.
Бұл жылдарда Қарағанды көмір бассейні қорғаныс өнеркәсібін жоғары сапалы отынмен
үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-45 жылдары
63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Жалпы 39 шахтада 43
мың адам жұмыс істеді, соның ішінде 12 мыңы майданға кеткен шахтерлердің әйелдері, апа-
қарындастары, қыздары.
Орталық Қазақстан еңбекшілерінің алдына қойылған басты мақсат - көмір мен түсті металл
өндіруді арттыру, майданға жан-жақты көмек көрсету. Қарағандының колхозшы шаруалары
соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Астық және басқа негізгі ауылшаруашылық
өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 пайызға артты.
Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа
белсене қатысты. Олар 100 миллион сомнан астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды,
«Қарағанды шахтері», «Қарағанды теміржолшысы», танк колонналары, «Қарағанды әйелдері»
санитарлық авиация звеносын, «Нүркен Әбдіров» ұшағын жасауға көп қаражат жинады.
Майданға екі жарым жыл ішінде 94 вагон азық-түлік, 37 мың жылы тон, 24 мың пима, 10
мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық, 22 мың пұттан астам астық, 55 трактор, 40 трактор
соқасы, 11 мың ірі қара, 44 мыңдай қой-ешкі, 2 млн. сомдай ақша т.б. керек-жарақтар жіберілді.
Облыстың әр кәсіпорындарында, барлық ұйымдарында майдан сұраныстарын мүлтіксіз
орындау жолындағы ерлік күрес өріс алды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Балқаш мыс қорыту
зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты
зауытының жабдықтары осында орналастырылды. Молибден рудасын өндіру басталды. Соғыстың
аяқ шенінде Балқаш өнеркәсібі - елімізде қорытылатын қара мыстың үштен бірін, молибден
өнімінің, түсті прокат пен вольфрамның едәуір бөлігін өндірді. Жезқазған өнеркәсібі қағаз,
жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық
шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті.
1944 жылы желтоқсанда Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ металлургия зауыты
іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс шаруашылықтары үлкен үлес қосты. Мал
шаруашылығын дамытқаны, сондай-ақ жоспардан тыс астық өнімдерін қамтамасыз еткені үшін
Қарағанды облысы және оның Осакаров ауданы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы
Қызыл Туымен марапатталды.
Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар
мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету,
госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Азат етілген
Донбасстың шахталарын тезірек қалпына келтіруге барынша жан-жақты көмек көрсетілді.
Қарағандыдан Донбассқа эшелондармен шахта жабдықтары және тау-кен машиналары, сондай-ақ
250 инженер, техник, тау-кен шеберлері және 250 кенші жіберілді. Қарағанды облысының
еңбекшілері Сталинградты, Харьковты және басқа азат етілген аудандарды қалпына келтіру
қорына бірнеше рет өздерінің бір күндік еңбекақыларын аударды.
Адамдардың отаншылдық сезімін күшейтіп, жеңіске деген сенімдерін нығайтуға арқау
болған әдебиет пен өнердегі Отан қорғау тақырыбы - қарағандылықтардың рухани өмірінде негізгі
желіге айналды. Госпитальдарда, әскерге шақыру пункттерінде, дала қостары мен шахталарда
өнер көрсететін концерттік бригадалар құрылды. Қарағандының мәдени өміріне Леся Украинка
атындағы Киев драма театрының, Мәскеу камера театрының көшіп келген ұжымы да белсене
қатысты.
1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей
Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары мәшһүр
халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті. Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке
жігерлендіруде айтыстың үлкен маңызы болды. 1943-1945 жылдар аралығында Сарыарқаның
суырып салма саңлақтарының сөз сайысы Балқашта, Жезқазғанда, Қоңыратта, көптеген аудан
орталықтарында болып өтті. Біздің жерлесіміз, әскери-тілші Баубек Бұлқышевтің
публицистикалық мақалалары Отан қорғаушылардың рухани бейнесін сипаттады, ол 1942-1943
жылдары "Комсомольская Правда" газетінің беттерінде "Шығыстың ұлына хат", "Өмір мен өлім
туралы" атты жарқын мақалаларды жариялады. Н.Тихонов "қазақ поэзиясының інжу-маржаны"
деп атаған Қ.Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" деген дастаны қазақ әдебиетінің соғыс
жылдары дүниеге келген тамаша туындылардың бірі болып табылады.
Біздің жерлестеріміз шығарған туындылар күресіп жатқан халықтың рухани қазынасын
құраған жұмыстардың қатарына ілікті. Мәселен, Е.Брусиловскийдің "Сарыарқа" және
В.Великановтың "Қазақ сифонияларында" Тәттімбет күйлерінің әуендері пайдаланылды.
Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар
мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету,
госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді.
Қарағандылықтар өздерінің осындай ерен еңбектерімен Ұлы Отан соғысындағы барша
халықтың фашизмді жеңуіне зор үлес қосты.
Майданды демеген қуатты күш
Тыл мен майдан бірлігі (Кітаптар)
Отты жылдар естелігі (Ардагерлер айтады... Ветераны говорят...)
«Есімізде сақтаймыз! Мақтанамыз!» (Юный краевед)
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» (ескерткіштер)
Мұрағаттар сөйлейді
Мылтықсыз майдан ерлері

More Related Content

Viewers also liked

Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο ΕλιάςΕντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
George Markatatos
 
3.2 democratie
3.2 democratie3.2 democratie
3.2 democratie
Maatschappijleer Sjm
 
Εγώ και εσύ μαζί!
Εγώ και εσύ μαζί!Εγώ και εσύ μαζί!
Εγώ και εσύ μαζί!
George Markatatos
 
R брокер
R брокерR брокер
R брокер
R-брокер
 
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakan
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakantugas pratikum komputer dan administrasi perpajakan
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakanilhamiii
 
Critique of reading book
Critique of reading bookCritique of reading book
Critique of reading book
mjpinpc
 
eLearning slideshow
eLearning slideshoweLearning slideshow
eLearning slideshow
Jill Marak
 
The Dating Guide
The Dating GuideThe Dating Guide
The Dating Guide
seberomilho
 
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cppppLa naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
Dany Omar Gonzales Talledo
 
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
Rezdy
 
Trove DBaaS
Trove DBaaSTrove DBaaS
Trove DBaaS
Nermina Miller
 
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
George Markatatos
 
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1Gandis Kharis
 
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
Gandis Kharis
 
Dating A 10
Dating A 10Dating A 10
Dating A 10
seberomilho
 
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own ContentHPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
samharlow
 

Viewers also liked (20)

Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο ΕλιάςΕντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
Εντυπώσεις μαθητών από Σχολείο Ελιάς
 
3.2 democratie
3.2 democratie3.2 democratie
3.2 democratie
 
Result 2014
Result 2014Result 2014
Result 2014
 
Εγώ και εσύ μαζί!
Εγώ και εσύ μαζί!Εγώ και εσύ μαζί!
Εγώ και εσύ μαζί!
 
R брокер
R брокерR брокер
R брокер
 
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakan
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakantugas pratikum komputer dan administrasi perpajakan
tugas pratikum komputer dan administrasi perpajakan
 
El panda,gtic
El panda,gticEl panda,gtic
El panda,gtic
 
Critique of reading book
Critique of reading bookCritique of reading book
Critique of reading book
 
Ts102809112 1
Ts102809112 1Ts102809112 1
Ts102809112 1
 
eLearning slideshow
eLearning slideshoweLearning slideshow
eLearning slideshow
 
The Dating Guide
The Dating GuideThe Dating Guide
The Dating Guide
 
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cppppLa naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
La naturaleza de la terminación anticipada (2).pptx.cpppp
 
Chapter9
Chapter9 Chapter9
Chapter9
 
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
Customer Engagement From Start to Finish [Rezdy Academy Webinar]
 
Trove DBaaS
Trove DBaaSTrove DBaaS
Trove DBaaS
 
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
Ο τόπος μας η Νάξος: Σύγχρονες και παραδοσιακές ασχολίες των κατοίκων της σε ...
 
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1
TEORI PERTUMBUHAN EKONOMI KLASIK (ekonomi kelas 11 ips) smt.1
 
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
Mobilitas sosial (sosiologi kelas xi ips) smt 1
 
Dating A 10
Dating A 10Dating A 10
Dating A 10
 
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own ContentHPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
HPU Flipped Classroom: Creating Your Own Content
 

More from Татьяна Воропаева

Душа, полная любви и света
Душа, полная любви и светаДуша, полная любви и света
Душа, полная любви и света
Татьяна Воропаева
 
Fotoarhiv abdirov
Fotoarhiv abdirovFotoarhiv abdirov
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий ВасильевичДелу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
Татьяна Воропаева
 
Мамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
Мамыраев Мартбек - Герой Советского СоюзаМамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
Мамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
Татьяна Воропаева
 

More from Татьяна Воропаева (20)

Душа, полная любви и света
Душа, полная любви и светаДуша, полная любви и света
Душа, полная любви и света
 
Fotoarhiv abdirov
Fotoarhiv abdirovFotoarhiv abdirov
Fotoarhiv abdirov
 
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий ВасильевичДелу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
Делу партии Ленина-Сталина и Родине предан: Власов Арсентий Васильевич
 
Мамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
Мамыраев Мартбек - Герой Советского СоюзаМамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
Мамыраев Мартбек - Герой Советского Союза
 
43
4343
43
 
42
4242
42
 
41
4141
41
 
40
4040
40
 
38
3838
38
 
37
3737
37
 
36
3636
36
 
35
3535
35
 
34
3434
34
 
33
3333
33
 
32
3232
32
 
31
3131
31
 
30
3030
30
 
29
2929
29
 
27
2727
27
 
26
2626
26
 

виртуал выс

  • 1. Қайсарлық пен қаһармандықтың символы іспеттес келе жатқан Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесіне орай Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жоспарлаған Отан үшін от кешкен аға буын өкілдерінің жанкешті ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатындағы ауқымды іс-шаралардың бірі «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін»: Ұлы Отан соғысындағы Қарағанды, «Все для фронта, все для Победы»: Караганда в Великой Отечественной войне атты виртуалды кітап көрмесі. Көрменің мақсаты: сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің есімін ел есінде мәңгі қалдыру. Қарағанды облысының соғыс жылдарындағы жанқиярлық тылдағы еңбегі мен майдандағы өшпес ерліктері туралы мағлұмат беру. Оқырмандарды соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттермен жете таныстыру. Көрме 4 бөлімнен тұрады. Құрметті оқырман, бұл виртуалды кітап көрмесінен қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерліктерімен таныса аласыздар. Бүкіл халық бірлесіп фашизмге қарсы тұрған Ұлы Отан соғысының күйдіргі жылдары алшақтап барады. Жастар бұл оқиға жайлы тек кітаптар мен фильмдер арқылы, майданда соғысып және Жеңіс үшін тылда жұмыс істеген ата-бабалар сөздерінен ғана біледі. Ұлы Жеңісті сыйлаған майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау - басты борышымыз. Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. Елбасына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Жауға қарсы шайқаста елі мен жерінің бейбіт өмірі үшін от кешіп, кеудесін оққа төсеген жауынгерлер көрсеткен ерен ерлік өлшеусіз. Қарағанды облысының да бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қарағандылықтардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Майдандағы армия қатарына Қарағанды облысынан 59935 адам барды. Облыста 72-ші Красноград, 387- Перекоп және 310-Новгород атқыштар дивизиялары жасақталды. Мәскеу түбіндегі шайқаста – 1267 адам, Ленинград үшін шайқаста – 1949, Сталинград түбінде – 2187, Курск иінінде – 1405, Украинаны азат етуде – 6869, Беларуссияда – 688, Балтық бойында – 823, Шығыс Еуропа халықтарын азат етуде – 934, Берлинді алуда – 375, жапон милитаристеріне қарсы соғыста – 39 қарағандылық қатысты. Майданға аттанғандардың әрбір төртінші адамы елге оралмады. Жерлестеріміздің арасында немесе Қарағанды аймағында еңбек еткен 34 адам Кеңес Одағының Батыры, 15 Даңқ Орденің толық кавалері бар. Фашизмге қарсы күресте көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 6600 қарағандылық Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. Қарағанды облысында 2015 жылдың 1 ақпан күнгі дерек бойынша 274 Ұлы Отан соғысына қатысушысы мен мүгедектері, 17122 тыл ардагерлері бар. Майданды демеген қуатты күш Соғыстың қиын-қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған Қазақстанның индустриалды жүрегі - Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді.
  • 2. Бұл жылдарда Қарағанды көмір бассейні қорғаныс өнеркәсібін жоғары сапалы отынмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-45 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Жалпы 39 шахтада 43 мың адам жұмыс істеді, соның ішінде 12 мыңы майданға кеткен шахтерлердің әйелдері, апа- қарындастары, қыздары. Орталық Қазақстан еңбекшілерінің алдына қойылған басты мақсат - көмір мен түсті металл өндіруді арттыру, майданға жан-жақты көмек көрсету. Қарағандының колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 пайызға артты. Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысты. Олар 100 миллион сомнан астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды, «Қарағанды шахтері», «Қарағанды теміржолшысы», танк колонналары, «Қарағанды әйелдері» санитарлық авиация звеносын, «Нүркен Әбдіров» ұшағын жасауға көп қаражат жинады. Майданға екі жарым жыл ішінде 94 вагон азық-түлік, 37 мың жылы тон, 24 мың пима, 10 мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық, 22 мың пұттан астам астық, 55 трактор, 40 трактор соқасы, 11 мың ірі қара, 44 мыңдай қой-ешкі, 2 млн. сомдай ақша т.б. керек-жарақтар жіберілді. Облыстың әр кәсіпорындарында, барлық ұйымдарында майдан сұраныстарын мүлтіксіз орындау жолындағы ерлік күрес өріс алды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Балқаш мыс қорыту зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты зауытының жабдықтары осында орналастырылды. Молибден рудасын өндіру басталды. Соғыстың аяқ шенінде Балқаш өнеркәсібі - елімізде қорытылатын қара мыстың үштен бірін, молибден өнімінің, түсті прокат пен вольфрамның едәуір бөлігін өндірді. Жезқазған өнеркәсібі қағаз, жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті. 1944 жылы желтоқсанда Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс шаруашылықтары үлкен үлес қосты. Мал шаруашылығын дамытқаны, сондай-ақ жоспардан тыс астық өнімдерін қамтамасыз еткені үшін Қарағанды облысы және оның Осакаров ауданы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету, госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Азат етілген Донбасстың шахталарын тезірек қалпына келтіруге барынша жан-жақты көмек көрсетілді. Қарағандыдан Донбассқа эшелондармен шахта жабдықтары және тау-кен машиналары, сондай-ақ 250 инженер, техник, тау-кен шеберлері және 250 кенші жіберілді. Қарағанды облысының еңбекшілері Сталинградты, Харьковты және басқа азат етілген аудандарды қалпына келтіру қорына бірнеше рет өздерінің бір күндік еңбекақыларын аударды. Адамдардың отаншылдық сезімін күшейтіп, жеңіске деген сенімдерін нығайтуға арқау болған әдебиет пен өнердегі Отан қорғау тақырыбы - қарағандылықтардың рухани өмірінде негізгі желіге айналды. Госпитальдарда, әскерге шақыру пункттерінде, дала қостары мен шахталарда өнер көрсететін концерттік бригадалар құрылды. Қарағандының мәдени өміріне Леся Украинка атындағы Киев драма театрының, Мәскеу камера театрының көшіп келген ұжымы да белсене қатысты. 1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары мәшһүр халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті. Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке жігерлендіруде айтыстың үлкен маңызы болды. 1943-1945 жылдар аралығында Сарыарқаның суырып салма саңлақтарының сөз сайысы Балқашта, Жезқазғанда, Қоңыратта, көптеген аудан орталықтарында болып өтті. Біздің жерлесіміз, әскери-тілші Баубек Бұлқышевтің
  • 3. публицистикалық мақалалары Отан қорғаушылардың рухани бейнесін сипаттады, ол 1942-1943 жылдары "Комсомольская Правда" газетінің беттерінде "Шығыстың ұлына хат", "Өмір мен өлім туралы" атты жарқын мақалаларды жариялады. Н.Тихонов "қазақ поэзиясының інжу-маржаны" деп атаған Қ.Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" деген дастаны қазақ әдебиетінің соғыс жылдары дүниеге келген тамаша туындылардың бірі болып табылады. Біздің жерлестеріміз шығарған туындылар күресіп жатқан халықтың рухани қазынасын құраған жұмыстардың қатарына ілікті. Мәселен, Е.Брусиловскийдің "Сарыарқа" және В.Великановтың "Қазақ сифонияларында" Тәттімбет күйлерінің әуендері пайдаланылды. Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету, госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Қарағандылықтар өздерінің осындай ерен еңбектерімен Ұлы Отан соғысындағы барша халықтың фашизмді жеңуіне зор үлес қосты. Майданды демеген қуатты күш Тыл мен майдан бірлігі (Кітаптар) Отты жылдар естелігі (Ардагерлер айтады... Ветераны говорят...) «Есімізде сақтаймыз! Мақтанамыз!» (Юный краевед) «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» (ескерткіштер) Мұрағаттар сөйлейді Мылтықсыз майдан ерлері