6 сынып Жоспар. Үлгермеуші оқушымен жұмыс
Пән:__________________________
Оқушының
аты-жөні_____________________
Сыныбы:______________________
Пән мұғалімі:__________________
Жеке оқушымен жұмыс
дәптері
Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп
Тараз 2013-2014оқужылы
6 сынып. Қазақ тілі
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары
№ Мазмұны Мерзімі
1 Сөз тұлғасы 1
2 Сөз тұлғасы 1
3 Дара және күрделі сөздер 1
4 Дара және күрделі сөздер 1
5 Біріккен сөздер 1
6 Біріккен сөздер 1
7 Қос сөздер 1
8 Қос сөздер 1
9 Қысқарған сөздер 1
10 Тіркесті сөздер 1
11 Атауыш, көмекші, одағай сөздер 1
12 Зат есім 1
13 Зат есім 1
14 Сын есім 1
15 Сын есім 1
16 Сан есім 1
17 Сан есім 1
18 Есімдік 1
19 Есімдік 1
20 Етістік 1
21 Етістік 1
22 Етіс 1
23 Етіс 1
24 Есімше 1
25 Есімше 1
26 Көсемше 1
27 Көсемше 1
28 Тұйықетістік 1
29 Үстеу 1
30 Үстеу 1
31 Еліктеу сөз 1
32 Одағай 1
33 Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер 1
34 Шылау 1
1.СӨЗ ТҰЛҒАСЫ
1.Төмендегі сөздердің қосымшаларын тап.
Жазушы, дәріхана, айлакер, сазгер, оқытушы, мейрамхана, ақылгөй, аспаз
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
2.Жалғау нешеге бөлінеді? Төмендегі мақал-мәтелдегі жалғаулардың астын
сыз.
Жақсымен жанассаң,
Атаққа ілінерсің.
Жаманмен жанассаң,
Шатаққа ілінерсің.
3.Мәтінді көшіріп жаз.
САҚЫП
Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде
қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң, жалаң аяқ далада
жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы
жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп Сақып аһ
ұрып айтты дейді.:
– Әй, құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір, менің жүруге аяғымды
аман сақтағаныңа! Мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса,
жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,–
дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. СӨЗ ТҰЛҒАСЫ
1.Төмендегі сөздердің түбірін тап.
Кітапхана, етікші, қоныс, көлшік, жүзгіш, оқулық, тәртіпті, ақылшы.
2.Мәтіннен жалғауларды тауып, қай түрі екенін айт.
- Николай түскенде жұрт кенеледі дегені қайда? Нашардың қолы теңдікке жетпейді.
Малыңды сұрасаң, партиясына айтады. Досы қорғай түрегеледі, қасының қолынан
келмейді. Екі ортада кедей өшетін болды ғой! Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан
Николайға да зауал болып еді.
(Ж.Аймауытов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз. АТА НАСИХАТЫ
Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай,
араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына беріп:
– Сындырыңдар!– дейді.
Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.
Әкесі сабауларды алып, шешеді де:
– Бір-бірлеп сындырыңдар!– дейді.
Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:
– Араздасып, араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл
болыңдар, жау жеңуі қиын болар!
Тірліктің күші – бірлікте. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
1. Төмендегі сөздерден күрделі сөздер жаса.
Ата, ауыл, ас, көк, ет, жылы, үш, он, ала, ақ.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Үлгі: Ақтау, жылы-жұмсақ, он екі.
2. Өлеңнен қос сөздерді тап.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын. (С. Сейфуллин)
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ
Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол – иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп,
мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.
Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді»,
ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.
Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып,
иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды.
Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.
Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан
ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса
сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ
_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
4.ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанының аясында, бал татыған айна сулы, түрі де
аспан, сыры да аспан шарап сулы Марқа көлі.(Ж.Аймауытов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Сөйлемдегі қысқарған сөздерді тап.
- Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған
қаулысын РКП (б) Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше республика жалауына «Түрік
Советтік Республикасы» деп жазылмай қоя тұрсын, - деді. (Ш.Мұртаза)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ӘДЕП
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір
жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен
әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды.
Қасындағы бай:
– Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас
ұрасыз?– деп айтты.
Сонда әкім:
– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан
әдепсіз болып қалайын ба деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
5. БІРІККЕН СӨЗДЕР
1.Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.
...Үш жыл ұдайымен қала бетін көрмеген Асқар Шу елінен Әулиеатаға,
Ақмолаға, Атбасарға жәрмеңкеге баратын керуенмен почтаға саларсың деп,
сенімді адамдар арқылы Ботагөзге талай хат берді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса.
Алтын, күміс, нұр, бақыт, ай, күн, еш.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын
десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:
– Әй, түлкі батыр, неғылып тұрсың?– депті.
Түлкі айтты:
– Ой, неғыласың, батыр, жаным райыс1 тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі
ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнықсуы бар екен,– деді.
Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түскенде, түлкіекең
секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып,
жөніне кетті дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. БІРІККЕН СӨЗДЕР
1.Көп нүктенің орнына тиісті түбірлерді қойып, біріккен сөздер жаса.
...су, ...тау, Екі...түз, Көк..., ...орда, ...басы, ақ...
Керекті сөздер: Қара, жеті, ел, алаш, тал, бөкен, бас.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Дыбыстық өзгерістерге ұшыраған түбірлерді бастапқы түбірінде жаз.
Ботагөз, бүгін, қыстыгүні, Жангелді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА
Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы
құзғын қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:
– Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың?–
депті.
Оған қарға айтты дейді:
– Рас, сауысқан мырза, еркін наныңқырамаймын; саны көп, сапасы жоқ сөйлеген мылжың
шын сөзді азайтады деп білемін,– депті-міс. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
7. ҚОС СӨЗДЕР
1.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жаз.
Елеңдеп қарасып ақтар да тілмаш арқылы бұл «хабарды» естіп үрпиісіп, үрейленіп,
аттарына, көліктеріне қарай тұра-тұра жүгіріп, жалма-жан, апыл-ғұпыл аттана жөнелді...
Бұл әскер ауылға таянғанда Танабай ауылы - Танабай үйі жын тигендей, апалаң-
топалаң болып жатты. (С. Сейфуллин)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі қос сөздерден қайталама қос сөздер жаз.
Табын-табын, екі-үш, тап-таза, жап-жасыл, оқта-текте, анда-санда, ата-ана, бақа-шаян,
қыз-келіншек, төбе-төбе, жігіт-мігіт.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ПОЛКАН ДЕГЕН ИТ
Біз оқып жүрген шағымызда ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар
еді. Терезеден қарап тұрғанымызда әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп
өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады.
Сонда мен тұрып айттым:
– Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңды берер,– деп. Біраз
қарап тұрсақ та кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып
қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен,
маған қарап айтты:
– Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші
балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те
болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр,– деді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
8. ҚОС СӨЗДЕР
1.Төмендегі қос сөздерге мысал жаз.
Мая-мая, қып-қызыл, астан-кестен, бес-бестен.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырат.
- Жылқысы егіннен шықпай түрып, қазір ғана жүген-ноқта, арқан-баумен
барындар да, таңдап-таңдап жүріп тура отыз құр атын ұстап әкеліңдер.
(М. Әуезов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЕКІ СОҚА
Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі
кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде
жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмісше жылтырап тұрды,
дүкендегі соқа тот басып, қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты.
Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады:
– Не себепті сен мұнша жалтырайсың?– деп.
– Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей
жарқырап тұрар едің,– деді. (Спандияр КӨБЕЕВ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
9. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
1. Төмендегі қысқарған сөздерге сөйлем құра.
10 мм, 2 кг, 20 га, 10 т.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Қысқартып жазуға болатын қандай мемлекеттерді білесің?
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
МЕН ҚАЛАЙ ОҚУҒА БАРДЫМ
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді.
Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен.
Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп, ойға қалдым. Үйге қайтып келдім.
Оқуға барамын дедім. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға
апарып берді. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10.ТІРКЕСТІ СӨЗДЕР
1.Төмендегі сөздерден тіркесті сөздер жаса.
Қоңыр, көк, қара, қызыл, ақшыл, ала, сары, сұр, ақ, екі, бес.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Көп нүктеніц орнына тиісті тіркесті қой.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақылау, кірпі шаш,
қырыс маңдай,.............. жігітпін. Жасым .............. Олар күліп жарқылдап
отырғанда төрде жатқан .............,..........., қара мұрт орыс оянып қырынан
жатып, Ақбілекке көз салды. (Ж.Аймауытов)
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЕКІ БАЛЫҚШЫ
Екі балықшы балық сүзді. Сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады. Бір
балықшы тұрып:
– Сүзегі жаман!– деді.
Екінші балықшы:
– Сүзегі жақсы, сен өзің бос тартасың!– деді.
Сөйтіп, екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды.
Керіскеннің кесірі – келесіні кетірер. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
11. АТАУЫШ, КӨМЕКШІ,ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
1.Сөйлемненатауышсөздің астын бір, көмекші сөздің астын ирек сызықпен
сыз.
Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у-
шу болып жатқан жоқ.
(С.Сейфуллин)
2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз түрлеріне ажырат.
Қарға баласын «...» дер,
Кірпі баласын «...» дер.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ТОРҒАЙ МЕН ҚАРЛЫҒАШ
Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай
істеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты:
– Мұның не, бейшара? Ақылың алжасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп
жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиеді. Айтпады деме! Басыңа тигенде
білерсің.
Торғай Қарлығаш сөзін тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса беріпті. Күні толған соң
жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастап
Торғайдың өзін шағып өлтіріпті: Сонда Қарлығаш көріп айтыпты:
– Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
12. ЗАТ ЕСІМ
1.Өлеңнен жалқы есімдерді тауып, қалай жазылатынын түсіндір.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға,
Бөлектау: «Ой, бауырым!» - дер
анадайда.
Оқжетпес найза қия - қыранға ұя,
Қарасаң жанның шері тарамай ма?
Солардың ортасында Бурабай көл,
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек, ұқсайды
Айға.
Бурабай - Арқа арасы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1.Мақал-мәтелдердің жалғасын жазып, ішіндегі зат есімдерді тап.
а) Ақыл азбайды,
...............................
ә) Тіл тас жарады,
...............................
б) Көп іздеген адам
...............................
3.Мәтінді көшіріп жаз.
КӨРТЫШҚАН МЕН КІРПІ
Кірпі келіп, Көртышқанның інінен аз күнге қоныс сұрады.
Көртышқан қоныс берді. Тышқанның балаларына Кірпінің қылқаны қадалып, әбден
бәле болды. Бір күні Тышқан Кірпіге айтты:
– Біраз тұрдың ғой, енді інімізді босатсаң екен. Қылқаның қадалып, балаларымыздың
мазасы кетіп болды.
Сонда Кірпінің айтқаны:
– Бұл орын маған жайлы, басқа орынның керегі жоқ. Саған жайсыз болса, жайлы орын
ізде!
Қонақ мықты болса, қожасын билер. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
13. ЗАТ ЕСІМ
1.Мәтіннен жалқы есімдерді тап.
Нұра өзеніне таяу жерлердегі әдемі көлдердің бірі: Жаман көл, Шөпті көл, Маржан
көл, Ағашты көл, Күрең көл, Шұңғыл көл, Балықты көл, Шошқалы көл, Сұлу көл, тағы
басқа көлдер бар еді. Сол көлдердің бірі - Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты
ауыл отыр.(С. Сейфуллин)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Қазақстандағы күрделізат есімге жататын жер-су, қала аттарын жаз.
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
НАҒЫЗ ЖІГІТ
— Айналайын, Олжас, сен қайратты жігітсің ғой,— деді әжесі оның алдына бір
тәрелке ыстық кеспе қойып.— Мынаны тауысып іш, сонда кешке дейін қарның ашпайды!
Ұқтың ба?!
— Мақұл!— деді бес жасар немересі. Айтқандай-ақ Олжас алдындағы кеспені
терлеп-тепшіп сүйсіне ішті. Мұны көрген әжесі:
— Міне, нағыз жігіт тамақты осылай ішеді!— деп оның арқасынан қақты. Содан соң
немересіне сүт қатқан бір кесе шай құйды. Олжас кесесіне шайқасықты толтыра құмшекер
салып, екінші рет ұмтыла бергенде әжесі оған:
— Олжасжан, шайға шекерді көп салма, тісің ауырады!— деп тоқтатты. Олжас сәл
ойланып қалды да:
— Әже-ау, нағыз жігітсің деп мені жаңа ғана мақтаған жоқсың ба?!— деді
қуақыланып.— Ендеше нағыз жігіт шекерді де аямай жейді!..
— Құлыным-ау, мен сенен шекер аяп отырғаным жоқ, өзіңді аяғаным ғой!— деп
күлді әжесі. Олжастың сөз тапқырлығына біз де риза болдық. (Мұхтар ҚҰРМАНАЛИН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
14. СЫН ЕСІМ
1.Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.
Бұл 15 шақты кісінің бірі - орта бойлы, семіз, көсе, орта жаска келген құба кісі үй иесі,
ауылдың қожасы ел ішіндегі ықпалды бай Танабай мықырлау бойлы, қырқылжың, салпы
ерін, үлкен ауыз, өңсіз, құбақан кісі - Танабайдың ауылдасы, ақылдысы Әбділда. Орта
жасқа келген, семіздеу, қызыл шырайлы бәйбіше қаһарлы, ашулы түрмен өзен жаққа
қарап тұр. (Б.Майлин)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық сын есімдерге ажыратып
жаз.
Таулы, орманды, ақшыл, үлкен, баласы, көкшіл, қысқа, әзілқой, сулы, майлы, боз, ащы,
төзімді, қайратты.
Сапалық Қатыстық
3.Мәтінді көшіріп жаз.
КӨМЕК
Асқардың әкесі жұмыстан шаршап келіп, төсекке жатса – ұйықтап кетіпті. Сәлден
кейін оянып, көзін тырналай ашты да, сыртқа жүгірді. Есік алдында Асқар кездесті.
– Балам-ау, атқа жоламағаның жақсы болған. Мінезі жаман еді, теуіп жібере ме деп,
қатты қорыққанымды қарашы.
– Әке, бірдеме айтайын ба? – деді Асқар сәл қибыжықтап.
– Айта ғой, балам.
– Мен сол атты көршінің кішкентай баласы Әсетті теуіп жіберер деп, босатып қоя
бердім. (Шәкен КҮМІСБАЕВ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
15. СЫН ЕСІМ
1.Төмендегісын есімдердің антонимін жаз.
Үлкен, кәрі, жақсы, ауыр, кір, қараңғы, терең, сусыз, орманды, көлді.
Үлгі: ащы-тұщы, жақсы-жаман.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мән-
мағынасын айт.
а) Ұлтарақ......... жер болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбелін......... болса да,
Туып өскен ел қымбат.
ә) Туған жердің торғайы,
Тұрымтай......... көрінер.
Құлыны тай........ көрінер,
б) Құртақан торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
в) Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ТАПСЫРМА
Балабақшадан қайтқан Адай үйге қабағы түсіп, ренжіп келді де, үлкен бөлмеге кірген
соң, бұрышқа барып тұрды да қойды. Демалып жатқан атасы немересінің бұл жайын
сұрады.
– Ақлима апай үйге барған соң, бір сағат бұрышта тұр деген еді. Мен бүгін Қалимен
төбелесіп қалдым,– деді Адай.
Атасы оның қылығына күліп, тік көтеріп алды да, құшырлана бетінен сүйді. Сонан
соң өзінің қасына отырғызды.
– Мен Ақлима апайыңа бұрышқа тұр деген тапсырмаң орындалды дейін.
– Жоқ, өтірік айтуға болмайды.
Ақыры Асқар бір сағат тік тұрып, тәрбиешінің тапсырмасын орындады. (Шәкен
КҮМІСБАЕВ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
16. САН ЕСІМ
1. Дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз.
Бір, он екі, жүз, тоқсан, он бес, төрт, екі жүз елу, мың, қырық, жиырма үш,
жеті, тоғыз, алтау, екеу, елу бесінші, бес-бестен, үш-үштен.
Дара сан есім Күрделі сын есім
2.Төмендегі сан есімдерді цифрмен жаз.
Он бесте, он екінші, екінші мектеп, бесеу, жүздей, бес-бестен,
жиырмаларда, отызыншы қазан, жиырма бірінші ғасыр.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ҚҰСТАР НЕ ДЕЙДІ
Бір қу кісі елге:
– Құстың тілін білемін,– деп мақтаныпты. Сонда тыңдаушылар:
– Қане, айта қойшы, анау құстар не дейді?– деп сұрайды. Қу құстар жаққа құлағын
түріп тұрады да:
– Қарға: «Қанша екен, қанша екен?..», Құзғын: «Шық, қымбат, шық, қымбат!» деп
отыр,– дейді. (Балтабай ӘДІЛОВ)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
17.САН ЕСІМ
1.Төмендегі сан есімдердің цифрмен берілгендерін сөзбен, сөзбен
жазылғандарын цифрмен жаз, дара, күрделісін ажырап
30—40, он бесінші үй, үшеу, елу шакты, бес жарым, төрт-төрттен, екінші, сексен
тоғыздай.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі мақал-мәтелдердендара және күрделісан есімдерді ажыратып,
цифрмен жаз.
а) Болар бала - он бесінде бас болар,
Болмас адам - қырық бесінде жас
болар.
ә) Ер жігіт - бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
б) Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЖАМАН ЖОЛДАС
Екі дос кісі жолда келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру
екен. Екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң, бұл жігіт ауру жолдасын тастап, өзі бір
үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге
құлады да, созылып өлген кісі болды да жатты. Есітуі бар еді, «аю өлген кісіге тимейді»
деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң, тастап
жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
– Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
– Аю құлағыма ақыл сыбырлады: «Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын
адаммен жолдас болма» деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
18. ЕСІМДІК
1.Шешендік сөздерден есімдікті тауып, мағынасына қарай ажырат.
а) Мезгілсіз өлімнен сақта, ә) Ер жігіт атқа мінген ол не болар,
Азапты көріңнен сақта. Қолынан дәулет кетіп, бақ көшкен соң.
Өзі кезде, өзі би, Қария үйде отырған ол не болар,
Кер ауыз келіннен сақта. Баланың «жай отыр» деп сөзіөткен соң.
(«Шешендік сөздер»)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой.
а) Ел-елдің ... жақсы, Нары ... лайық.
Өз елің бәрінен жақсы. Жаман болар жігіттің,
ә) Адам болар жігіттің. ... жұмысқа қыры жоқ.
Жары ... лайық. б)Атаңа не қылсаң,
Керуен бастар жігіттің, Алдыңа ... келер.
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Зеректік
Англияның Броун деген білімді ұстасы судың үстіне көпір салуды
ойлайды. Қалай салсам деп келе жатқанда, өрмекшінің өрмегін көреді. Ол
тоқтап ойланады: бұл астында тіреуі жоқ екен, осындай көпір қолайлы
болады деп. Сонымен су үстіне екі ұзын шынжыр тартады. Ортасына тақтай
салады. Екі басынқұрғақ жерге, биік бағанаға байлап, көпір салды. Шынжыр
арқылы көпір істеу содан қалған екен.
(Ы.Алтынсарин)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
19. ЕСІМДІК
1.Жырдағы есімдіктерді тап. Қай жырдан алынған үзінді екенін айт.
Бектері де, халқы да сенімді екен.
Сол үшін де елін сонша (ұзақ)
билеген екен.
Ел ұстап, төрелік еткен.
Өздері қаза болған.
Баршасы түргеш халқының
Сол жерде қаза тауыпты.
Ол ат сонда құлады,
Ізгі халқы қырылды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2 Жіктеу есімдіктерін жазып, сөйлем құра.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Бауырмал
Ерболға суық тиіп ауырып қалды. Үйіне дәрігер қыз келді. Ерболға ине салмақ
болды.
Ербол:
- Иненің керегі жоқ, салдырмаймын! – деді. Анасының қасына
тығылды. Ағасының жылаған даусын естіп, үш жасар Бауыржан жүгіріп келді.
- Апатай, дәріні маған-ақ салыңызшы,- деді, көзінен жас шықты.
Дәрігер қыз кішкентай баланың бауырмалдығына риза болды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
20. ЕТІСТІК
1.Төмендегі етістіктерден сөйлем құра.
Келе жатыр, сөйледі, жазда ойнап жүр, айтты.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып сөйлем
құра. Сөйле, жаз, қара, жүгір, айтыс, оқы, кел.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Жігітті жолдасынан таниды
Данышпан қарияға бір жас жігіт келіп:
- Ақсақал, мен қандай жігітпін? Айтыңызшы, - депті.
Қарт жігіттің жолдасын шақырып алады. Онымен сөйлеседі, сынайды. Сосын әлгі
жігіттің өзін шақырады. Жігіт келген соң:
- Сен жаман жігіт емессің, адамшылығың да, ақылың да бар екен, - депті.
- Оны қайдан білдіңіз, мені сынап көрмедіңіз ғой, - дейді сонда жігіт.
- Жігітті жолдасынан таниды» деген мақалға сендім, - деп қарт күледі.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
21. ЕТІСТІК
1.Мәтіннен дара және күрделі етістікті тап.
Әрине, адам біліп үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды.
Сол алған білім, өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығына
пайдалануға салса, табылмайтын нэрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша
адам баласының керегіне пайдасына жаратуы керек. (Ш.Құдайбердиев)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Мақал-мәтелдегікөп нүктенің орнына тиісті етістікті қой және түбірін
тап.
а) Отты үрлеген ..................,
Шындықты ................. табады.
ә) Жақсыға .................., жазылып қайтарсың,
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Ақыл, ғылым, бақыт
Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі бір-бірімен таласады. Оларды сарапшы тыңдайды.
Сарапшы бақытқа айтады: «Сен тұрақсыз, опасызсың. Орын таңдамай қонасың.
Қонасың да бір күні ұшып кетесің. Ақылмен кездесуің керек, сонда көп жасайсың».
Одан соң сарапшы ғылымға былай дейді: «Дүниеде сен күштісің. Жоқтан бар, бардан
жоқ жасайсың. Түзеу де, бұзу да қолыңнан келеді. Сен де ақылмен кездесуің керек, сонда
көп жасайсың».
Үшінші ақылға: «Адамға сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстінде келсең, тез кетіп
қаласың. Ашудың бұзған заттарын өзің жөндейсің. Ақыл, сен адам бол. Ғылым, сен ат
бол. Бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, жамандық болмайды», - депті сарапшы.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
22. ЕТІС
1. Төмендегі сөздерден ырықсыз етіс жаса.
Тап, төк, сат, жақ, тарт, түсір, кестір, айт.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Жырдан етістерді тап және етістің қай түрі екенін ажырат.
Ырғай сапты сүңгімен,
Ырғай, ырғай сайысты.
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті,
Бүге-бүге тұрысты.
(«Қобыланды батыр»)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
БАЙ БАЛАСЫ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ
Асан – бай баласы. Үсен – жарлы баласы. Екеуі құрдас. Бір күні балалар ойнап
жүреді. Сол кезде ауыл көшіп кетеді. Екі бала қалып қояды. Асан жылай бастайды. Үсен
ойланып тұрады да, Асанға:
- Жылама. Екеуіміз көшкен ауылды іздейік,- дейді. Асан:
- Қайдан табамыз? Қай жаққа кеткенін көрген жоқпыз, - деп жылайды.
Үсен үндемейді. Асанды ертіп, көшкен ауылдың орнына келеді. Жерде бір сынған
ине жатыр екен. Соны алады. Бір пышақ тауып алады. Бір уыс қыл тауып алады. Көшкен
ауылдың жолдағы ізін көреді. Сол ізбен Асан мен Үсен жүре береді.
Біраз жүрген соң, жол екіге бөлінеді. Асан тағы жылайды. Үсен ойланып:
- Мына жолмен жүреміз. Малдың жас тезегі бар, - дейді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
23.ЕТІС
1.Жырдың үзіндісінен өздік етісті тап.
Енді біліп түйінді,
Асыл киім киінді
- Бағымды Алла ашсын! - деп,
Пірлеріне сыйынды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі сөздерден ортақ етіс жаса.
Қой, сой, сыз, түй, тос, қой, сой.
(«Қыз Жібек»)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК
Менің туған жерім – Баянауыл. Баянауыл – жер жаннаты. Әрбір адам өзінің туған
жерін құрмет тұтады. Мен үшін Баянауыл – қымбатты, қасиетті жер. Оның табиғаты өте
әсем. Баянауыл мөлдір көлдерімен, бұлағымен, таңғажайып тауларымен әйгілі. Көлдерді
жағалай таулар бар. Тауларда шырша, қайың, қарағайлар өседі.
Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы. Мысалы, киіктер ауырған кезде
шөп арасынан мүжгін іздеп табады да, оны ұзақ шайнайды. Бірнеше күннен кейін олар
сауығып кетеді. Адамдар бұрын онымен өкпе, асқазан ауруларын емдеген. Оны қазақтың
женьшені деп те атайды. Сонымен бірге итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты жеміс-
жидектер де көп.
Бұл аймақтың жер қойнауы да өте бай. Жер астында күміс, алтын, мырыш,
қорғасын, малахит бар. Барлығы 26 элементтен тұрады.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
24. ЕСІМШЕ
1.Төмендегі сөздерден келер шақ есімше жасап, сөйлем құра.
Қол, жүр, аш, жап, төк.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1.Мақал-мәтелден есімшелерді тап. Ішінде есімшесі бар мақал-мәтел жаз.
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Ес күйінгенде, күйінген батыр,
Ел сүйінгенде, сүйінген батыр.
Ерегісте мыңға татыр.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЖАЛҚАУДЫҢ ЖАЗАСЫ
Баяғыда бір жалқау болыпты. Ол ештеңе істемейді. Ертеден кешке дейін әке-шешесі
оны тамақтандырады. Баланы ешкім жұмсамайды. Жұмсағанда бәрібір жалқау істемейді.
Баланы бәрі еркелетіп жүре береді. Жалқау орнынан мүлдем қозғалмайды. Бір орында
тамақ ішеді, сол орнында ұйықтайды.
Бір күні баланың ата-анасы бір жаққа қыдырып кетеді. Баласын ертіп апарайын десе,
жалқау бала көнбейді. Ол орнынан қозғалуға да ерінеді. Анасы баласына жалынады.
Жалқау жүрмейді.
Әкесі мен анасы кетеді. Жалқау су ішкісі келеді. Анасын шақырады. Әкесін
шақырады. Ешкім келмейді. Үйде ешкім жоқ еді. Жалқау бала даусымды еститін шығар
деп, қатты айғайлайды. Даусы да шықпай қалыпты. Орнынан тұрайын десе, тұра алмайды.
Өйткені қол-аяғынан күш кеткен. Денесін май басып кеткен. Өз аяғына күші жетпейді.
Міне, жалқау болсаң, осылай қор боласың!
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
25. ЕСІМШЕ
1.Мәтіндегі есімшелерді тап.
Билер сөзінде ұлт-азаттық, пәлсапалық, үгіт, әлеуметтік сарындар мол.
Сымға тартқан күмістей нәзік сұлулық та қоңыраудай сыңғырлаған әсем
үнділік те, шықтай таза мөлдірлік те, от шашқан жалынды жігер де, майдан
қыл суырғандай шеберлік те бар. (С.Негимов)
2. Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнағын қой.
а) Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көр...........
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көр...........
ә) Жақсы келін қүрдасыңдай бол.......,
Жақсы ұлың сырласыңдай бол...........
3.Мәтінді көшіріп жаз.
АЙ НЕГЕ ЖАЛАҢАШ?
Ай өзіне көйлек тіктіріп алғысы келді. Тігінші Айдың бойын өлшеп алады. Көйлек
тіге бастайды. Көйлек дайын болады. Ай көйлекті өлшеп көреді. Ол әрі кішкентай, әрі
қысқа болып шығады.
- Иә, мен қателескен екенмін,- дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта тіге бастайды.
Тігіншінің уәде берген уақытында Ай көйлегін алуға тағы
келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмейді. Ол көйлегі де қысқа болады.
- Кешіріңіз. Тағы да дұрыс өлшемеген екенмін, - дейді тігінші.
Сонымен қайта өлшейді. Қайтадан көйлекті тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға
келе жатады. Тігінші аспаннан келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен үлкен Айды
көреді. Ол не істерін білмейді. Қаша бастайды. Ай әрі іздейді, бері іздейді. Тігіншіні таба
алмай қалады. Осыдан бастап Ай жалаңаш болып қалды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
26. КӨСЕМШЕ
1.Мәтіннен көсемшелерді тап.
Ауылдар қысқы үйлерін тастан, жазғытұрым жылжып қонатын көлдеріне көшіп
келді. Қыс бойы тамырларына орап, жер қойнына жеткізе терең тығып сақтап қалған
гүлдерін дала мырза жер бетіне түгел шашып жібергендей. Кеше ғана қоңырқайланып
жатқан жер бетінің бүгінгі өрнегін ауызбен айтып жеткізе алмайтын. Таңертең жортып
келе жатқан ат шашасынан ақ меруерттер шашылып отырады. (Ғ.Мүсірепов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Жаңылтпаштағы көсемшені тауып, қай шақта тұрғанын айт.
Бұлақ ақты
Тулап ақты
Шулап қатты
Бұлақ ақты.
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
АҚЫЛДЫ ЕГІНШІ
Патша серуенге шығады. Жолдан бір егіншіні кездестіреді. Егінші өте қарапайым
адам екен. Егінші патшаға ұнап қалады. Патша онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Екеуі
біраз әңгімелеседі. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі еместігін біледі.
Егінші жерді күніне 15 теңге үшін жалдап тұратынын айтады. Патша оның жалақысының
аздығына таң қалады. Патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын
еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:
- Жалақым өзіме қанағаттанарлық. Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады.
Ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін.
Бір бөлігін біріктіріп қор жинаймын, - дейді. Патша еш нәрсе түсінбейді. Ақ көңіл егінші
күлімсіреп:
- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды өтеймін дегенім - бала кезімде үлкен
қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем еді. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін.
Ақшамның бір бөлігін қор ретінде жинаймын дегенім - балаларымның біліміне төлеймін.
Болашақта маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма
жұмсаймын, - дейді.
Патша риза болады. Намысты шаруаның маңдайынан сүйеді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
27. КӨСЕМШЕ
1.Көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтарын қатыстырып,
сөйлемдер жаз.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Мәтіндегі көсемшелерді тауып, қай шақта тұрғанын айт.
Қазақ ордасы ежелгі түркі тайпаларының бір бөлігін атамекенге ұлыс етіп
ұйымдастыруымен катар, олардың жүрт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады. Кешегі
Алтын Орда қонысының басқа тарабындағы бауырларымыз қырылып-жойылып,
жанышталып, топтасып жатқанда - қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін сақтап, ұлан-
байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды. (М.Мағауин)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЖҰБАНЫШ
Бір күні кедей адам қалаға дейін жалаң аяқ, жаяу барады. Оның аяқ киімі жоқ. Аяқ
киім алайын десе, ақшасы да жоқ. Аяқтарын құм күйдіріп, тастар тіліп кетті. Аяғы жара
болып кетті. Ормандағы хайуандардың аяқтары тастан, тікеннен ауырмайды. Олардың
аяқтарын қорғайтын бір заттың болатыны белгілі. Ал өзіне сондай мүмкіндік бермеген
кедей Алланың әділетсіздігін айтып, тағдырын ойлап қайғырады.
Көп жаяу жүріп, әрең қалаға келеді. Әбден шаршайды. Қаладағы мешіттің алдынан
екі аяғы жоқ, қайыр тілеп отырған қайыршыны көреді. Мұны көріп ойланып қалады.
“Тағдырыма өкінгенім дұрыс емес екен. Аяқ киімім жоқ болса да, аяғым бар. Ал мына
бейшара бір кесек нан үшін әрі-бері зорға жүреді. Тіпті жүре алмайды. Жерде құрт сияқты
жылжиды. Ал мен өзім аяғыммен жүремін. Жүремін, нан тауып жеймін. Сонда мен де
бақытты екенмін ғой. Бұрынғы жылағаным, шағымым үшін кешіре гөр, АЛЛА!- деп,
мешітке кіріп, тізе бүгіп дұға етеді. Өзінің қателігін түсінеді.
Мешіттен риза болып шығады. Жолға аттанады. Тас жолда бірнеше күн жүріп,
аяқтарының терісі қатаяды. Ол аяқ киімінің жоқ екенін ұмытып та кетті.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
28. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК
1. Төмендегі сөздерден тұйық етістік жаса.
Ал, қал, тал, жүз, түс, таң, тұр, кір, сөйле.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Өлеңдегі тұйық етістікті тап және кімнің өлеңі екенін айт.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөнуге?
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ҚАЙЫҢНЫҢ КӨЗ ЖАСЫ
Тамыз айы. Күн ыстық. Қанат есік алдына шықты. Біраз ойланып тұрды. Ауыл
шетіндегі көл маңы балаларға толы. Олар ойнап, суға шомылып жүр. Қанат көлге
барғысы келмеді. Есік алдында өсіп тұрған қайыңның бір бұтағын сындырып алды. Оны
ат қып мініп, ауыл шетіне қарай шаба жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп тұрған.
Қанат кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын көрді. Қайта-қайта
қарап, таң-тамаша болып тұр. Осы сәтте көрші қарт таяп келді.
Қанат оған:
– Ата, айтыңызшы. Бұдан неге су ағып тұр? – деді.
– Су емес... Қайыңның көз жасы. Біреу бұтағын сындырған. Соған жылап тұр. Тілі
жоқ айтатын. Табиғат перзенті ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы
алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы...
Қанат ұялды. «Енді сындырмаймын, ата» деген сөзді іштей қайталай берді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
29. ҮСТЕУ
1.Мөлшер, күшейткіш үстеулерді жазып шық және мәтіннен үстеулердің
астын сыз.
Ертеңіне таң атқаннан кешке дейін, Итбай мен Қарағұлдың жұмысы киітке
мінген ат болды; үстін қырып, жалын тарап, сылап-сипап, келген-кеткен
кісіге мақтап, оттап жүрген жерінен айдап жүргізіп көрсетіп, жануарларға
дейін беріледі. Қыстау төңірегіндегі жазғытұрғы шаруасын бітірген соң,
елдің алды бие байлап, арты байламай жайлауға көше бастады.
(С.Көбеев)
2.Төмендегіүстеулерден сөйлем құра және үстеудің мағынасына қарай қай
түрі екенін ажырат.
Бірте-бірте, тіпті, әдейлеп, амалсыздан.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ЖЕТЕС БИ
Көпшілік бас қосқан үлкен бір үлкен жиында Жетес биді бір беделді ақсақал
сынайды:
– Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде? – деп сұрайды.
Сонда Жетес би:
– Адамның сәні – өнер, білім, ақыл,
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақыл.
Сөздің сәні – өнегелі нақыл,
Пікірдің сәні – ойландырар мақұл, – деп жауап беріпті.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
30. ҮСТЕУ
1.Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат.
Түн ортасы ауа жел бәсендеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерде әлденемен шұғылданып
ербеңдеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп
кеттік. Даланың өн бойында мыңдап өрген қаптаған мал. Есілдің тұс-тұсынан ағылған
халық көз тұндырады. (С.Мұқанов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Төмендегі үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құра және осы
үстеулерді құрамына қарай ажырат.
Биыл, былтыр, бүрсігүні, қыстыгүні, қолма-қол, қаннен қаперсіз, тым, дәл,
өте.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ҮШ ЖАЛҚАУ
Ертеде ағайынды үш жалқау жігіт болған. Олар бас көтермей ұйықтай беретін.
Бір күні олар жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, үлкен өрік ағашының
көлеңкесіне дем алып отырады. Бірінші жалқау:
- Е...., мына өріктер піссе ... - депті.
Екіншісі:
- Ауызға келіп түссе ... - депті.
Сонда үшінші жалқау жігіт:
- Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
31. ЕЛІКТЕУ СӨЗ
1.Сөйлемдердегі еліктеу сөздердің астын сыз.
Сасқан Асқар, жүгіріп келе жатыр еді, мандайы ағашқа тарс ете түсіп, есі ауып қала
жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті. Кенжетайға әлі де ұмтылып жүрген Кошкин, жалт
беріп Горбуновқа бұрылып пакетті оның қолынан тез жұлып алып, қойнына тығып,
алақанымен баса қойды. (С.Мұқанов)
2.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөзді жазып, қай түрі
екенін ажырат.
Осымен бір жарты сағаттай уақыт өткенде, есіктің сыртында ... дыбыстар шықты.
Асығып, ерсіл қарсылы кактыққан көп кісінің ... жүрісі естілді. Камера іші толған жұрт
түгелімен ... етіп шошынып, есікке ... қарады. Сол-ақ екен, келесі секундта барлық абақты
іші дозақ үніндей жат суық үн шығарып, көп мылтық даусы .., ... естіліп қалды. (М.Әуезов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
КІТАП ОҚУҒА ҚҰМАРЛЫҚ
Кітап оқуға құмарлығым маған жұрттан талай қорлық та көрсетті. Соған әрі
ренжисің, әрі күлкің де келеді.
Көрші тігінші әйелден алатын кітаптарым маған қымбат көрінетін. Мен жалданған
үйдегі кәрі кемпір кітапты көрсе, пешке жағып жібереді екен деп қорқатынмын.
Түрлі-түсті бояумен басылған кішкене кітаптарды таңертең нан әкелетін дүкеннен
алып жүрдім. Мен сол кішкентай кітаптарды алып оқимын. Әрбір оқып шыққан кітабым
үшін бір тиын төлейтін едім. Кітапты отын жаратын сарайдың ішінде, кейде шатырдың
ішінде оқимын. Ал бұл жерлер әрі кітап оқуға қолайсыз, әрі суық...
Кейде шам жағып алып, қызық кітаптарды түнімен оқитынмын. Бірақ үй иесі кемпір
май шамның түнде қысқарып қалатынын сезіп, оның қалғанын жаңқамен өлшеп қоятын
болды. Маған көрсетпей жаңқаны да тығатын. Мен жасырған жаңқаны тауып алып,
оның ұшын сындырып тастап жүрдім. Сонда да май шамның қысқарғаны таңертең
сезілсе, ас үйде ұрыс болатын.
Бұл өте ауыр жағдай мені ренжітіп те жүрді, әрі кітап оқуға деген құмарлығымды
арттырды. (М.Горький)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
32. ОДАҒАЙ
1.Сөйлемдердегі одағайларды тауып, тиісті тыныс белгісін қой.
Тыңдаушылардың Серікбайдан басқа барлығы Көкбай әңгімесі басталғаннан-ақ
ентелеп:
- Е е пәле пәле е е!..
-Бәрекелді... бәрекелді... е е! -деп, иісінгендей мекіреніп, құлай тыңдап отырып, Көкбай
оқтағанда, Өтеу:
-Айтып едім ғой, қырғыз істі бастапты деп! «Атаң көрі» деп алып, бір бастаса ол
тоқтамайды. (М. Әуезов)
2. Төмендегі одағайларгасөйлем құрап жазжәне олар одағайдың қай түріне
жатады.
Аухау-аухау, пұшайт-пұшайт, құрау-құрау, қауыс-қауыс.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ТӘКАППАРЛЫҚ
Виниямин Франклин деген даңқты білім иесі он сегіз жасында Мидера деген
қалаға барады. Сол жерде бір қарттың үйінде қонақ болады. Қарт оны есіктен шығарып
салады. Франклин сөйлесіп келе жатып алдындағы есікті аңғармайды. Есікке
жақындағанда қарт дауыстап:
- Еңкей, еңкей, - депті. Есік аласа екен, Франклин маңдайын соғып алады. Сонда
қарт күліп айтыпты:
- Бұл кішкентай реніш сізге ақыл болар. Ұмытпаңыз, сіз жассыз. Өмірің
алдыңда. Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен қарап жүрсең, бұдан артық
соққылардан құтыларсың.
Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпайды. Әрдайым айтушы еді:
«Сол қарттың ақылы маған пайдалы болды. Басын жоғары көтерген тәкаппарлардың ісінің
болмағанын білемін»,- деуші еді.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
33. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР. КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР
1.Төмендегі сөздерге көмекші есімдер тіркеп жаз.
Үй, қала, кітап, дәптер, жол, тау, мектеп.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып, оны тіркесіп тұрған сөзімен
жазып көрсет.
Мана аяғын баса алмаған Сыздық кабинетке қолтықтаумен кірді де, Семенякиннің
сұрауларына білген тілмен жауап айтпақ болып еді, ешнәрсе түсіндіре алмады. Сұрақ
жауаптарды бір милиция протокол ғып жазып отырды.
Артынан байқасам, басын бір-екі жерден қамшы тіліп кеткенмен Сыздық талықсыр
халге жеткен жоқ екен, жауап беріп болғаннан кейін, ол больницаға барып жарасына дәрі
жақтырып байлатты да, жанжал орнына аттанған бізбен бірге кетті.
(С.Мұқанов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3.Мәтінді көшіріп жаз.
МЕЙІРІМ
Мұз сұп-суық еді. Шатырда ілініп күнде тұрады. Балалар қызығып ұстаса, суық екен.
Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды.
Сол үшін құрбан болып, су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетінің бәрін көретін. Кенет мұзды көрді.
Күлімдеді де:
- Неткен сұлу едің?- деді Күн.
- Сен де,- деді Мұз.
Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты. Көктемнің мейірімі ерекше
болатын.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
34. ШЫЛАУ
1. Мәтіндегі шылаулардың астынсызып, қандай қызмет атқарыптұрғанын
айт.
Ғаббастың бар айыбы, - домбыра білмейді, ал әншілігіне және даусының биіктігіне
келгенде, одан зор әншіні о кезде көрмегендіктен бе, әлде, расы солай ма - күні бүгінге
дейін ол маған, менің әр уақытта кездестіретін ірі әншілерімнің бәрінен де жоғары
сияқтанады да тұрады. Ол Біржанның және Балуан Шолақтың әндерін көп айтады,
солардың ішінде ең сүйсініп айтатыны - Балуан Шолақтың «Ғалиясы». (С.Мұқанов)
2.Көп нүктеніңорнына тиісті шылауларды қойып, қай түріекенін ажырат.
Бүгін............. таңертеңгі шайдан ............. Абай әке қасынан шығып, Майбасардың
пәтеріне келе жатты. Терісінен ескен болымсыз ............. жел лебі білінеді.
Күрең құнан шығырдың таңдайасы жылы-жұмсағы ас үйге ............ әкетілді. Келген
жұртты Майбасар үйге .............. бастап, енді жайланып отырыспаққа бет алған кезде,
қақпа ашылып, Қарабас кірді. (М. Әуезов)
3.Мәтінді көшіріп жаз.
ОҚЫМЫСТЫ БАЛА
Бір бала қалада оқып, жазғытұры аулына келді. Әкесі:
- Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады. Қолыңа тырнауыш ал. Мен шапқан
шөпті жинап, көмек бер, - деді. Баланың жұмыс істегісі келмей:
- Мен әр түрлі ғылымдар оқып қайттым. Қазақтың сөздерін ұмыттым, тырнауыш
деген не нәрсе? - деді.
Осы сөзді айтқаны-ақ сол еді. Сыртқа шықса, жерде жатқан тырнауыштың басын
байқамай аяғымен басып қалды. Тырнауыштың сабы тақ етіп маңдайына тиді. Сонда ғана
тырнауыштың не нәрсе екені есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып:
- Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен, - деп ашуланды.
(М.Дулатов)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________

улгермеуши окушымен жумыс. 6 сынып

  • 1.
    6 сынып Жоспар.Үлгермеуші оқушымен жұмыс Пән:__________________________ Оқушының аты-жөні_____________________ Сыныбы:______________________ Пән мұғалімі:__________________ Жеке оқушымен жұмыс дәптері Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп Тараз 2013-2014оқужылы
  • 2.
    6 сынып. Қазақтілі Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары № Мазмұны Мерзімі 1 Сөз тұлғасы 1 2 Сөз тұлғасы 1 3 Дара және күрделі сөздер 1 4 Дара және күрделі сөздер 1 5 Біріккен сөздер 1 6 Біріккен сөздер 1 7 Қос сөздер 1 8 Қос сөздер 1 9 Қысқарған сөздер 1 10 Тіркесті сөздер 1 11 Атауыш, көмекші, одағай сөздер 1 12 Зат есім 1 13 Зат есім 1 14 Сын есім 1 15 Сын есім 1 16 Сан есім 1 17 Сан есім 1 18 Есімдік 1 19 Есімдік 1 20 Етістік 1 21 Етістік 1 22 Етіс 1 23 Етіс 1 24 Есімше 1 25 Есімше 1 26 Көсемше 1 27 Көсемше 1 28 Тұйықетістік 1 29 Үстеу 1 30 Үстеу 1 31 Еліктеу сөз 1 32 Одағай 1 33 Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер 1 34 Шылау 1
  • 3.
    1.СӨЗ ТҰЛҒАСЫ 1.Төмендегі сөздердіңқосымшаларын тап. Жазушы, дәріхана, айлакер, сазгер, оқытушы, мейрамхана, ақылгөй, аспаз __________________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2.Жалғау нешеге бөлінеді? Төмендегі мақал-мәтелдегі жалғаулардың астын сыз. Жақсымен жанассаң, Атаққа ілінерсің. Жаманмен жанассаң, Шатаққа ілінерсің. 3.Мәтінді көшіріп жаз. САҚЫП Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң, жалаң аяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп Сақып аһ ұрып айтты дейді.: – Әй, құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір, менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа! Мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) __________________________________________________________________ _______________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 4.
    2. СӨЗ ТҰЛҒАСЫ 1.Төмендегісөздердің түбірін тап. Кітапхана, етікші, қоныс, көлшік, жүзгіш, оқулық, тәртіпті, ақылшы. 2.Мәтіннен жалғауларды тауып, қай түрі екенін айт. - Николай түскенде жұрт кенеледі дегені қайда? Нашардың қолы теңдікке жетпейді. Малыңды сұрасаң, партиясына айтады. Досы қорғай түрегеледі, қасының қолынан келмейді. Екі ортада кедей өшетін болды ғой! Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан Николайға да зауал болып еді. (Ж.Аймауытов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _______________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. АТА НАСИХАТЫ Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына беріп: – Сындырыңдар!– дейді. Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды. Әкесі сабауларды алып, шешеді де: – Бір-бірлеп сындырыңдар!– дейді. Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады: – Араздасып, араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі қиын болар! Тірліктің күші – бірлікте. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ) __________________________________________________________________ _______________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 5.
    3. ДАРА ЖӘНЕКҮРДЕЛІ СӨЗДЕР 1. Төмендегі сөздерден күрделі сөздер жаса. Ата, ауыл, ас, көк, ет, жылы, үш, он, ала, ақ. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Үлгі: Ақтау, жылы-жұмсақ, он екі. 2. Өлеңнен қос сөздерді тап. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. (С. Сейфуллин) __________________________________________________________________ _______________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол – иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды. Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді. Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды. Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді. Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ _______________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________
  • 6.
    4.ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІСӨЗДЕР 1.Сөйлемнен біріккен сөздерді тап. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанының аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан шарап сулы Марқа көлі.(Ж.Аймауытов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Сөйлемдегі қысқарған сөздерді тап. - Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған қаулысын РКП (б) Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше республика жалауына «Түрік Советтік Республикасы» деп жазылмай қоя тұрсын, - деді. (Ш.Мұртаза) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ӘДЕП Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай: – Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?– деп айтты. Сонда әкім: – Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 7.
    5. БІРІККЕН СӨЗДЕР 1.Сөйлемненбіріккен сөздерді тап. ...Үш жыл ұдайымен қала бетін көрмеген Асқар Шу елінен Әулиеатаға, Ақмолаға, Атбасарға жәрмеңкеге баратын керуенмен почтаға саларсың деп, сенімді адамдар арқылы Ботагөзге талай хат берді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса. Алтын, күміс, нұр, бақыт, ай, күн, еш. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп әлгі апанға келіп, түлкіні көріп: – Әй, түлкі батыр, неғылып тұрсың?– депті. Түлкі айтты: – Ой, неғыласың, батыр, жаным райыс1 тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнықсуы бар екен,– деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түскенде, түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 8.
    6. БІРІККЕН СӨЗДЕР 1.Көпнүктенің орнына тиісті түбірлерді қойып, біріккен сөздер жаса. ...су, ...тау, Екі...түз, Көк..., ...орда, ...басы, ақ... Керекті сөздер: Қара, жеті, ел, алаш, тал, бөкен, бас. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2. Дыбыстық өзгерістерге ұшыраған түбірлерді бастапқы түбірінде жаз. Ботагөз, бүгін, қыстыгүні, Жангелді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы құзғын қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан: – Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың?– депті. Оған қарға айтты дейді: – Рас, сауысқан мырза, еркін наныңқырамаймын; саны көп, сапасы жоқ сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін,– депті-міс. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 9.
    7. ҚОС СӨЗДЕР 1.Мәтіндегіқос сөздерді теріп жаз. Елеңдеп қарасып ақтар да тілмаш арқылы бұл «хабарды» естіп үрпиісіп, үрейленіп, аттарына, көліктеріне қарай тұра-тұра жүгіріп, жалма-жан, апыл-ғұпыл аттана жөнелді... Бұл әскер ауылға таянғанда Танабай ауылы - Танабай үйі жын тигендей, апалаң- топалаң болып жатты. (С. Сейфуллин) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі қос сөздерден қайталама қос сөздер жаз. Табын-табын, екі-үш, тап-таза, жап-жасыл, оқта-текте, анда-санда, ата-ана, бақа-шаян, қыз-келіншек, төбе-төбе, жігіт-мігіт. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ПОЛКАН ДЕГЕН ИТ Біз оқып жүрген шағымызда ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым: – Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңды берер,– деп. Біраз қарап тұрсақ та кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты: – Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр,– деді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 10.
    8. ҚОС СӨЗДЕР 1.Төмендегіқос сөздерге мысал жаз. Мая-мая, қып-қызыл, астан-кестен, бес-бестен. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырат. - Жылқысы егіннен шықпай түрып, қазір ғана жүген-ноқта, арқан-баумен барындар да, таңдап-таңдап жүріп тура отыз құр атын ұстап әкеліңдер. (М. Әуезов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЕКІ СОҚА Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып, қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады: – Не себепті сен мұнша жалтырайсың?– деп. – Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің,– деді. (Спандияр КӨБЕЕВ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 11.
    9. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР 1.Төмендегі қысқарған сөздерге сөйлем құра. 10 мм, 2 кг, 20 га, 10 т. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2. Қысқартып жазуға болатын қандай мемлекеттерді білесің? __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. МЕН ҚАЛАЙ ОҚУҒА БАРДЫМ Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен. Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп, ойға қалдым. Үйге қайтып келдім. Оқуға барамын дедім. Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 12.
    10.ТІРКЕСТІ СӨЗДЕР 1.Төмендегі сөздердентіркесті сөздер жаса. Қоңыр, көк, қара, қызыл, ақшыл, ала, сары, сұр, ақ, екі, бес. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Көп нүктеніц орнына тиісті тіркесті қой. Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақылау, кірпі шаш, қырыс маңдай,.............. жігітпін. Жасым .............. Олар күліп жарқылдап отырғанда төрде жатқан .............,..........., қара мұрт орыс оянып қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. (Ж.Аймауытов) 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЕКІ БАЛЫҚШЫ Екі балықшы балық сүзді. Сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады. Бір балықшы тұрып: – Сүзегі жаман!– деді. Екінші балықшы: – Сүзегі жақсы, сен өзің бос тартасың!– деді. Сөйтіп, екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды. Керіскеннің кесірі – келесіні кетірер. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 13.
    11. АТАУЫШ, КӨМЕКШІ,ОДАҒАЙСӨЗДЕР 1.Сөйлемненатауышсөздің астын бір, көмекші сөздің астын ирек сызықпен сыз. Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у- шу болып жатқан жоқ. (С.Сейфуллин) 2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз түрлеріне ажырат. Қарға баласын «...» дер, Кірпі баласын «...» дер. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ТОРҒАЙ МЕН ҚАРЛЫҒАШ Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай істеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты: – Мұның не, бейшара? Ақылың алжасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиеді. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің. Торғай Қарлығаш сөзін тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса беріпті. Күні толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастап Торғайдың өзін шағып өлтіріпті: Сонда Қарлығаш көріп айтыпты: – Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 14.
    12. ЗАТ ЕСІМ 1.Өлеңненжалқы есімдерді тауып, қалай жазылатынын түсіндір. Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға, Бөлектау: «Ой, бауырым!» - дер анадайда. Оқжетпес найза қия - қыранға ұя, Қарасаң жанның шері тарамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл, Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек, ұқсайды Айға. Бурабай - Арқа арасы, жер еркесі, Ертеде қоныс болған Абылайға. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 1.Мақал-мәтелдердің жалғасын жазып, ішіндегі зат есімдерді тап. а) Ақыл азбайды, ............................... ә) Тіл тас жарады, ............................... б) Көп іздеген адам ............................... 3.Мәтінді көшіріп жаз. КӨРТЫШҚАН МЕН КІРПІ Кірпі келіп, Көртышқанның інінен аз күнге қоныс сұрады. Көртышқан қоныс берді. Тышқанның балаларына Кірпінің қылқаны қадалып, әбден бәле болды. Бір күні Тышқан Кірпіге айтты: – Біраз тұрдың ғой, енді інімізді босатсаң екен. Қылқаның қадалып, балаларымыздың мазасы кетіп болды. Сонда Кірпінің айтқаны: – Бұл орын маған жайлы, басқа орынның керегі жоқ. Саған жайсыз болса, жайлы орын ізде! Қонақ мықты болса, қожасын билер. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 15.
    13. ЗАТ ЕСІМ 1.Мәтінненжалқы есімдерді тап. Нұра өзеніне таяу жерлердегі әдемі көлдердің бірі: Жаман көл, Шөпті көл, Маржан көл, Ағашты көл, Күрең көл, Шұңғыл көл, Балықты көл, Шошқалы көл, Сұлу көл, тағы басқа көлдер бар еді. Сол көлдердің бірі - Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр.(С. Сейфуллин) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Қазақстандағы күрделізат есімге жататын жер-су, қала аттарын жаз. __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. НАҒЫЗ ЖІГІТ — Айналайын, Олжас, сен қайратты жігітсің ғой,— деді әжесі оның алдына бір тәрелке ыстық кеспе қойып.— Мынаны тауысып іш, сонда кешке дейін қарның ашпайды! Ұқтың ба?! — Мақұл!— деді бес жасар немересі. Айтқандай-ақ Олжас алдындағы кеспені терлеп-тепшіп сүйсіне ішті. Мұны көрген әжесі: — Міне, нағыз жігіт тамақты осылай ішеді!— деп оның арқасынан қақты. Содан соң немересіне сүт қатқан бір кесе шай құйды. Олжас кесесіне шайқасықты толтыра құмшекер салып, екінші рет ұмтыла бергенде әжесі оған: — Олжасжан, шайға шекерді көп салма, тісің ауырады!— деп тоқтатты. Олжас сәл ойланып қалды да: — Әже-ау, нағыз жігітсің деп мені жаңа ғана мақтаған жоқсың ба?!— деді қуақыланып.— Ендеше нағыз жігіт шекерді де аямай жейді!.. — Құлыным-ау, мен сенен шекер аяп отырғаным жоқ, өзіңді аяғаным ғой!— деп күлді әжесі. Олжастың сөз тапқырлығына біз де риза болдық. (Мұхтар ҚҰРМАНАЛИН) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 16.
    14. СЫН ЕСІМ 1.Мәтіннендара және күрделі сын есімдерді теріп жаз. Бұл 15 шақты кісінің бірі - орта бойлы, семіз, көсе, орта жаска келген құба кісі үй иесі, ауылдың қожасы ел ішіндегі ықпалды бай Танабай мықырлау бойлы, қырқылжың, салпы ерін, үлкен ауыз, өңсіз, құбақан кісі - Танабайдың ауылдасы, ақылдысы Әбділда. Орта жасқа келген, семіздеу, қызыл шырайлы бәйбіше қаһарлы, ашулы түрмен өзен жаққа қарап тұр. (Б.Майлин) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық сын есімдерге ажыратып жаз. Таулы, орманды, ақшыл, үлкен, баласы, көкшіл, қысқа, әзілқой, сулы, майлы, боз, ащы, төзімді, қайратты. Сапалық Қатыстық 3.Мәтінді көшіріп жаз. КӨМЕК Асқардың әкесі жұмыстан шаршап келіп, төсекке жатса – ұйықтап кетіпті. Сәлден кейін оянып, көзін тырналай ашты да, сыртқа жүгірді. Есік алдында Асқар кездесті. – Балам-ау, атқа жоламағаның жақсы болған. Мінезі жаман еді, теуіп жібере ме деп, қатты қорыққанымды қарашы. – Әке, бірдеме айтайын ба? – деді Асқар сәл қибыжықтап. – Айта ғой, балам. – Мен сол атты көршінің кішкентай баласы Әсетті теуіп жіберер деп, босатып қоя бердім. (Шәкен КҮМІСБАЕВ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 17.
    15. СЫН ЕСІМ 1.Төмендегісынесімдердің антонимін жаз. Үлкен, кәрі, жақсы, ауыр, кір, қараңғы, терең, сусыз, орманды, көлді. Үлгі: ащы-тұщы, жақсы-жаман. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мән- мағынасын айт. а) Ұлтарақ......... жер болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбелін......... болса да, Туып өскен ел қымбат. ә) Туған жердің торғайы, Тұрымтай......... көрінер. Құлыны тай........ көрінер, б) Құртақан торғай да, Өз ұясын қорғайды. в) Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық. 3.Мәтінді көшіріп жаз. ТАПСЫРМА Балабақшадан қайтқан Адай үйге қабағы түсіп, ренжіп келді де, үлкен бөлмеге кірген соң, бұрышқа барып тұрды да қойды. Демалып жатқан атасы немересінің бұл жайын сұрады. – Ақлима апай үйге барған соң, бір сағат бұрышта тұр деген еді. Мен бүгін Қалимен төбелесіп қалдым,– деді Адай. Атасы оның қылығына күліп, тік көтеріп алды да, құшырлана бетінен сүйді. Сонан соң өзінің қасына отырғызды. – Мен Ақлима апайыңа бұрышқа тұр деген тапсырмаң орындалды дейін. – Жоқ, өтірік айтуға болмайды. Ақыры Асқар бір сағат тік тұрып, тәрбиешінің тапсырмасын орындады. (Шәкен КҮМІСБАЕВ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 18.
    16. САН ЕСІМ 1.Дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз. Бір, он екі, жүз, тоқсан, он бес, төрт, екі жүз елу, мың, қырық, жиырма үш, жеті, тоғыз, алтау, екеу, елу бесінші, бес-бестен, үш-үштен. Дара сан есім Күрделі сын есім 2.Төмендегі сан есімдерді цифрмен жаз. Он бесте, он екінші, екінші мектеп, бесеу, жүздей, бес-бестен, жиырмаларда, отызыншы қазан, жиырма бірінші ғасыр. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ҚҰСТАР НЕ ДЕЙДІ Бір қу кісі елге: – Құстың тілін білемін,– деп мақтаныпты. Сонда тыңдаушылар: – Қане, айта қойшы, анау құстар не дейді?– деп сұрайды. Қу құстар жаққа құлағын түріп тұрады да: – Қарға: «Қанша екен, қанша екен?..», Құзғын: «Шық, қымбат, шық, қымбат!» деп отыр,– дейді. (Балтабай ӘДІЛОВ) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 19.
    17.САН ЕСІМ 1.Төмендегі санесімдердің цифрмен берілгендерін сөзбен, сөзбен жазылғандарын цифрмен жаз, дара, күрделісін ажырап 30—40, он бесінші үй, үшеу, елу шакты, бес жарым, төрт-төрттен, екінші, сексен тоғыздай. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі мақал-мәтелдердендара және күрделісан есімдерді ажыратып, цифрмен жаз. а) Болар бала - он бесінде бас болар, Болмас адам - қырық бесінде жас болар. ә) Ер жігіт - бір күнде бір кісілік, Бір күнде мың кісілік. б) Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЖАМАН ЖОЛДАС Екі дос кісі жолда келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен. Екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң, бұл жігіт ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да, созылып өлген кісі болды да жатты. Есітуі бар еді, «аю өлген кісіге тимейді» деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң, тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты: – Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті? Ауру айтты дейді: – Аю құлағыма ақыл сыбырлады: «Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын адаммен жолдас болма» деді,– дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 20.
    18. ЕСІМДІК 1.Шешендік сөздерденесімдікті тауып, мағынасына қарай ажырат. а) Мезгілсіз өлімнен сақта, ә) Ер жігіт атқа мінген ол не болар, Азапты көріңнен сақта. Қолынан дәулет кетіп, бақ көшкен соң. Өзі кезде, өзі би, Қария үйде отырған ол не болар, Кер ауыз келіннен сақта. Баланың «жай отыр» деп сөзіөткен соң. («Шешендік сөздер») __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой. а) Ел-елдің ... жақсы, Нары ... лайық. Өз елің бәрінен жақсы. Жаман болар жігіттің, ә) Адам болар жігіттің. ... жұмысқа қыры жоқ. Жары ... лайық. б)Атаңа не қылсаң, Керуен бастар жігіттің, Алдыңа ... келер. 3.Мәтінді көшіріп жаз. Зеректік Англияның Броун деген білімді ұстасы судың үстіне көпір салуды ойлайды. Қалай салсам деп келе жатқанда, өрмекшінің өрмегін көреді. Ол тоқтап ойланады: бұл астында тіреуі жоқ екен, осындай көпір қолайлы болады деп. Сонымен су үстіне екі ұзын шынжыр тартады. Ортасына тақтай салады. Екі басынқұрғақ жерге, биік бағанаға байлап, көпір салды. Шынжыр арқылы көпір істеу содан қалған екен. (Ы.Алтынсарин) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 21.
    19. ЕСІМДІК 1.Жырдағы есімдіктердітап. Қай жырдан алынған үзінді екенін айт. Бектері де, халқы да сенімді екен. Сол үшін де елін сонша (ұзақ) билеген екен. Ел ұстап, төрелік еткен. Өздері қаза болған. Баршасы түргеш халқының Сол жерде қаза тауыпты. Ол ат сонда құлады, Ізгі халқы қырылды. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2 Жіктеу есімдіктерін жазып, сөйлем құра. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. Бауырмал Ерболға суық тиіп ауырып қалды. Үйіне дәрігер қыз келді. Ерболға ине салмақ болды. Ербол: - Иненің керегі жоқ, салдырмаймын! – деді. Анасының қасына тығылды. Ағасының жылаған даусын естіп, үш жасар Бауыржан жүгіріп келді. - Апатай, дәріні маған-ақ салыңызшы,- деді, көзінен жас шықты. Дәрігер қыз кішкентай баланың бауырмалдығына риза болды. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 22.
    20. ЕТІСТІК 1.Төмендегі етістіктерденсөйлем құра. Келе жатыр, сөйледі, жазда ойнап жүр, айтты. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып сөйлем құра. Сөйле, жаз, қара, жүгір, айтыс, оқы, кел. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. Жігітті жолдасынан таниды Данышпан қарияға бір жас жігіт келіп: - Ақсақал, мен қандай жігітпін? Айтыңызшы, - депті. Қарт жігіттің жолдасын шақырып алады. Онымен сөйлеседі, сынайды. Сосын әлгі жігіттің өзін шақырады. Жігіт келген соң: - Сен жаман жігіт емессің, адамшылығың да, ақылың да бар екен, - депті. - Оны қайдан білдіңіз, мені сынап көрмедіңіз ғой, - дейді сонда жігіт. - Жігітті жолдасынан таниды» деген мақалға сендім, - деп қарт күледі. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 23.
    21. ЕТІСТІК 1.Мәтіннен даражәне күрделі етістікті тап. Әрине, адам біліп үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім, өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығына пайдалануға салса, табылмайтын нэрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне пайдасына жаратуы керек. (Ш.Құдайбердиев) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Мақал-мәтелдегікөп нүктенің орнына тиісті етістікті қой және түбірін тап. а) Отты үрлеген .................., Шындықты ................. табады. ә) Жақсыға .................., жазылып қайтарсың, Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың. 3.Мәтінді көшіріп жаз. Ақыл, ғылым, бақыт Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі бір-бірімен таласады. Оларды сарапшы тыңдайды. Сарапшы бақытқа айтады: «Сен тұрақсыз, опасызсың. Орын таңдамай қонасың. Қонасың да бір күні ұшып кетесің. Ақылмен кездесуің керек, сонда көп жасайсың». Одан соң сарапшы ғылымға былай дейді: «Дүниеде сен күштісің. Жоқтан бар, бардан жоқ жасайсың. Түзеу де, бұзу да қолыңнан келеді. Сен де ақылмен кездесуің керек, сонда көп жасайсың». Үшінші ақылға: «Адамға сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстінде келсең, тез кетіп қаласың. Ашудың бұзған заттарын өзің жөндейсің. Ақыл, сен адам бол. Ғылым, сен ат бол. Бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, жамандық болмайды», - депті сарапшы. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 24.
    22. ЕТІС 1. Төмендегісөздерден ырықсыз етіс жаса. Тап, төк, сат, жақ, тарт, түсір, кестір, айт. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Жырдан етістерді тап және етістің қай түрі екенін ажырат. Ырғай сапты сүңгімен, Ырғай, ырғай сайысты. Итерісіп тұрысты, Ат тізесін бүгісті, Бүге-бүге тұрысты. («Қобыланды батыр») __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. БАЙ БАЛАСЫ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ Асан – бай баласы. Үсен – жарлы баласы. Екеуі құрдас. Бір күні балалар ойнап жүреді. Сол кезде ауыл көшіп кетеді. Екі бала қалып қояды. Асан жылай бастайды. Үсен ойланып тұрады да, Асанға: - Жылама. Екеуіміз көшкен ауылды іздейік,- дейді. Асан: - Қайдан табамыз? Қай жаққа кеткенін көрген жоқпыз, - деп жылайды. Үсен үндемейді. Асанды ертіп, көшкен ауылдың орнына келеді. Жерде бір сынған ине жатыр екен. Соны алады. Бір пышақ тауып алады. Бір уыс қыл тауып алады. Көшкен ауылдың жолдағы ізін көреді. Сол ізбен Асан мен Үсен жүре береді. Біраз жүрген соң, жол екіге бөлінеді. Асан тағы жылайды. Үсен ойланып: - Мына жолмен жүреміз. Малдың жас тезегі бар, - дейді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 25.
    23.ЕТІС 1.Жырдың үзіндісінен өздікетісті тап. Енді біліп түйінді, Асыл киім киінді - Бағымды Алла ашсын! - деп, Пірлеріне сыйынды. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі сөздерден ортақ етіс жаса. Қой, сой, сыз, түй, тос, қой, сой. («Қыз Жібек») __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК Менің туған жерім – Баянауыл. Баянауыл – жер жаннаты. Әрбір адам өзінің туған жерін құрмет тұтады. Мен үшін Баянауыл – қымбатты, қасиетті жер. Оның табиғаты өте әсем. Баянауыл мөлдір көлдерімен, бұлағымен, таңғажайып тауларымен әйгілі. Көлдерді жағалай таулар бар. Тауларда шырша, қайың, қарағайлар өседі. Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы. Мысалы, киіктер ауырған кезде шөп арасынан мүжгін іздеп табады да, оны ұзақ шайнайды. Бірнеше күннен кейін олар сауығып кетеді. Адамдар бұрын онымен өкпе, асқазан ауруларын емдеген. Оны қазақтың женьшені деп те атайды. Сонымен бірге итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты жеміс- жидектер де көп. Бұл аймақтың жер қойнауы да өте бай. Жер астында күміс, алтын, мырыш, қорғасын, малахит бар. Барлығы 26 элементтен тұрады. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 26.
    24. ЕСІМШЕ 1.Төмендегі сөздерденкелер шақ есімше жасап, сөйлем құра. Қол, жүр, аш, жап, төк. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 1.Мақал-мәтелден есімшелерді тап. Ішінде есімшесі бар мақал-мәтел жаз. Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер. Ес күйінгенде, күйінген батыр, Ел сүйінгенде, сүйінген батыр. Ерегісте мыңға татыр. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЖАЛҚАУДЫҢ ЖАЗАСЫ Баяғыда бір жалқау болыпты. Ол ештеңе істемейді. Ертеден кешке дейін әке-шешесі оны тамақтандырады. Баланы ешкім жұмсамайды. Жұмсағанда бәрібір жалқау істемейді. Баланы бәрі еркелетіп жүре береді. Жалқау орнынан мүлдем қозғалмайды. Бір орында тамақ ішеді, сол орнында ұйықтайды. Бір күні баланың ата-анасы бір жаққа қыдырып кетеді. Баласын ертіп апарайын десе, жалқау бала көнбейді. Ол орнынан қозғалуға да ерінеді. Анасы баласына жалынады. Жалқау жүрмейді. Әкесі мен анасы кетеді. Жалқау су ішкісі келеді. Анасын шақырады. Әкесін шақырады. Ешкім келмейді. Үйде ешкім жоқ еді. Жалқау бала даусымды еститін шығар деп, қатты айғайлайды. Даусы да шықпай қалыпты. Орнынан тұрайын десе, тұра алмайды. Өйткені қол-аяғынан күш кеткен. Денесін май басып кеткен. Өз аяғына күші жетпейді. Міне, жалқау болсаң, осылай қор боласың! __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 27.
    25. ЕСІМШЕ 1.Мәтіндегі есімшелердітап. Билер сөзінде ұлт-азаттық, пәлсапалық, үгіт, әлеуметтік сарындар мол. Сымға тартқан күмістей нәзік сұлулық та қоңыраудай сыңғырлаған әсем үнділік те, шықтай таза мөлдірлік те, от шашқан жалынды жігер де, майдан қыл суырғандай шеберлік те бар. (С.Негимов) 2. Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті есімшенің жұрнағын қой. а) Жаманның үсті су болса, Кеппестей көр........... Жаман адамға мал бітсе, Кетпестей көр........... ә) Жақсы келін қүрдасыңдай бол......., Жақсы ұлың сырласыңдай бол........... 3.Мәтінді көшіріп жаз. АЙ НЕГЕ ЖАЛАҢАШ? Ай өзіне көйлек тіктіріп алғысы келді. Тігінші Айдың бойын өлшеп алады. Көйлек тіге бастайды. Көйлек дайын болады. Ай көйлекті өлшеп көреді. Ол әрі кішкентай, әрі қысқа болып шығады. - Иә, мен қателескен екенмін,- дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта тіге бастайды. Тігіншінің уәде берген уақытында Ай көйлегін алуға тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмейді. Ол көйлегі де қысқа болады. - Кешіріңіз. Тағы да дұрыс өлшемеген екенмін, - дейді тігінші. Сонымен қайта өлшейді. Қайтадан көйлекті тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші аспаннан келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен үлкен Айды көреді. Ол не істерін білмейді. Қаша бастайды. Ай әрі іздейді, бері іздейді. Тігіншіні таба алмай қалады. Осыдан бастап Ай жалаңаш болып қалды. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________
  • 28.
    26. КӨСЕМШЕ 1.Мәтіннен көсемшелердітап. Ауылдар қысқы үйлерін тастан, жазғытұрым жылжып қонатын көлдеріне көшіп келді. Қыс бойы тамырларына орап, жер қойнына жеткізе терең тығып сақтап қалған гүлдерін дала мырза жер бетіне түгел шашып жібергендей. Кеше ғана қоңырқайланып жатқан жер бетінің бүгінгі өрнегін ауызбен айтып жеткізе алмайтын. Таңертең жортып келе жатқан ат шашасынан ақ меруерттер шашылып отырады. (Ғ.Мүсірепов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Жаңылтпаштағы көсемшені тауып, қай шақта тұрғанын айт. Бұлақ ақты Тулап ақты Шулап қатты Бұлақ ақты. ________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. АҚЫЛДЫ ЕГІНШІ Патша серуенге шығады. Жолдан бір егіншіні кездестіреді. Егінші өте қарапайым адам екен. Егінші патшаға ұнап қалады. Патша онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Екеуі біраз әңгімелеседі. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі еместігін біледі. Егінші жерді күніне 15 теңге үшін жалдап тұратынын айтады. Патша оның жалақысының аздығына таң қалады. Патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап: - Жалақым өзіме қанағаттанарлық. Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп қор жинаймын, - дейді. Патша еш нәрсе түсінбейді. Ақ көңіл егінші күлімсіреп: - Ақшаның бір бөлігімен қарызымды өтеймін дегенім - бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем еді. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамның бір бөлігін қор ретінде жинаймын дегенім - балаларымның біліміне төлеймін. Болашақта маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, - дейді. Патша риза болады. Намысты шаруаның маңдайынан сүйеді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 29.
    27. КӨСЕМШЕ 1.Көсемшенің -ғалы,-гелі, -қалы, -келі жұрнақтарын қатыстырып, сөйлемдер жаз. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Мәтіндегі көсемшелерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. Қазақ ордасы ежелгі түркі тайпаларының бір бөлігін атамекенге ұлыс етіп ұйымдастыруымен катар, олардың жүрт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады. Кешегі Алтын Орда қонысының басқа тарабындағы бауырларымыз қырылып-жойылып, жанышталып, топтасып жатқанда - қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін сақтап, ұлан- байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды. (М.Мағауин) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЖҰБАНЫШ Бір күні кедей адам қалаға дейін жалаң аяқ, жаяу барады. Оның аяқ киімі жоқ. Аяқ киім алайын десе, ақшасы да жоқ. Аяқтарын құм күйдіріп, тастар тіліп кетті. Аяғы жара болып кетті. Ормандағы хайуандардың аяқтары тастан, тікеннен ауырмайды. Олардың аяқтарын қорғайтын бір заттың болатыны белгілі. Ал өзіне сондай мүмкіндік бермеген кедей Алланың әділетсіздігін айтып, тағдырын ойлап қайғырады. Көп жаяу жүріп, әрең қалаға келеді. Әбден шаршайды. Қаладағы мешіттің алдынан екі аяғы жоқ, қайыр тілеп отырған қайыршыны көреді. Мұны көріп ойланып қалады. “Тағдырыма өкінгенім дұрыс емес екен. Аяқ киімім жоқ болса да, аяғым бар. Ал мына бейшара бір кесек нан үшін әрі-бері зорға жүреді. Тіпті жүре алмайды. Жерде құрт сияқты жылжиды. Ал мен өзім аяғыммен жүремін. Жүремін, нан тауып жеймін. Сонда мен де бақытты екенмін ғой. Бұрынғы жылағаным, шағымым үшін кешіре гөр, АЛЛА!- деп, мешітке кіріп, тізе бүгіп дұға етеді. Өзінің қателігін түсінеді. Мешіттен риза болып шығады. Жолға аттанады. Тас жолда бірнеше күн жүріп, аяқтарының терісі қатаяды. Ол аяқ киімінің жоқ екенін ұмытып та кетті. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 30.
    28. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК 1.Төмендегі сөздерден тұйық етістік жаса. Ал, қал, тал, жүз, түс, таң, тұр, кір, сөйле. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Өлеңдегі тұйық етістікті тап және кімнің өлеңі екенін айт. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге. Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге. Бос мақтанға салынып, Бекер көкірек керуге. Қалай сабыр қыласың, Жазықсыз күнде сөнуге? __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ҚАЙЫҢНЫҢ КӨЗ ЖАСЫ Тамыз айы. Күн ыстық. Қанат есік алдына шықты. Біраз ойланып тұрды. Ауыл шетіндегі көл маңы балаларға толы. Олар ойнап, суға шомылып жүр. Қанат көлге барғысы келмеді. Есік алдында өсіп тұрған қайыңның бір бұтағын сындырып алды. Оны ат қып мініп, ауыл шетіне қарай шаба жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп тұрған. Қанат кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын көрді. Қайта-қайта қарап, таң-тамаша болып тұр. Осы сәтте көрші қарт таяп келді. Қанат оған: – Ата, айтыңызшы. Бұдан неге су ағып тұр? – деді. – Су емес... Қайыңның көз жасы. Біреу бұтағын сындырған. Соған жылап тұр. Тілі жоқ айтатын. Табиғат перзенті ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы... Қанат ұялды. «Енді сындырмаймын, ата» деген сөзді іштей қайталай берді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 31.
    29. ҮСТЕУ 1.Мөлшер, күшейткішүстеулерді жазып шық және мәтіннен үстеулердің астын сыз. Ертеңіне таң атқаннан кешке дейін, Итбай мен Қарағұлдың жұмысы киітке мінген ат болды; үстін қырып, жалын тарап, сылап-сипап, келген-кеткен кісіге мақтап, оттап жүрген жерінен айдап жүргізіп көрсетіп, жануарларға дейін беріледі. Қыстау төңірегіндегі жазғытұрғы шаруасын бітірген соң, елдің алды бие байлап, арты байламай жайлауға көше бастады. (С.Көбеев) 2.Төмендегіүстеулерден сөйлем құра және үстеудің мағынасына қарай қай түрі екенін ажырат. Бірте-бірте, тіпті, әдейлеп, амалсыздан. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ЖЕТЕС БИ Көпшілік бас қосқан үлкен бір үлкен жиында Жетес биді бір беделді ақсақал сынайды: – Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде? – деп сұрайды. Сонда Жетес би: – Адамның сәні – өнер, білім, ақыл, Жердің сәні – жеміс, өнім, дақыл. Сөздің сәні – өнегелі нақыл, Пікірдің сәні – ойландырар мақұл, – деп жауап беріпті. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 32.
    30. ҮСТЕУ 1.Мәтіннен үстеулердітауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат. Түн ортасы ауа жел бәсендеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерде әлденемен шұғылданып ербеңдеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік. Даланың өн бойында мыңдап өрген қаптаған мал. Есілдің тұс-тұсынан ағылған халық көз тұндырады. (С.Мұқанов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Төмендегі үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құра және осы үстеулерді құрамына қарай ажырат. Биыл, былтыр, бүрсігүні, қыстыгүні, қолма-қол, қаннен қаперсіз, тым, дәл, өте. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ҮШ ЖАЛҚАУ Ертеде ағайынды үш жалқау жігіт болған. Олар бас көтермей ұйықтай беретін. Бір күні олар жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, үлкен өрік ағашының көлеңкесіне дем алып отырады. Бірінші жалқау: - Е...., мына өріктер піссе ... - депті. Екіншісі: - Ауызға келіп түссе ... - депті. Сонда үшінші жалқау жігіт: - Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________
  • 33.
    31. ЕЛІКТЕУ СӨЗ 1.Сөйлемдердегіеліктеу сөздердің астын сыз. Сасқан Асқар, жүгіріп келе жатыр еді, мандайы ағашқа тарс ете түсіп, есі ауып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті. Кенжетайға әлі де ұмтылып жүрген Кошкин, жалт беріп Горбуновқа бұрылып пакетті оның қолынан тез жұлып алып, қойнына тығып, алақанымен баса қойды. (С.Мұқанов) 2.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөзді жазып, қай түрі екенін ажырат. Осымен бір жарты сағаттай уақыт өткенде, есіктің сыртында ... дыбыстар шықты. Асығып, ерсіл қарсылы кактыққан көп кісінің ... жүрісі естілді. Камера іші толған жұрт түгелімен ... етіп шошынып, есікке ... қарады. Сол-ақ екен, келесі секундта барлық абақты іші дозақ үніндей жат суық үн шығарып, көп мылтық даусы .., ... естіліп қалды. (М.Әуезов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. КІТАП ОҚУҒА ҚҰМАРЛЫҚ Кітап оқуға құмарлығым маған жұрттан талай қорлық та көрсетті. Соған әрі ренжисің, әрі күлкің де келеді. Көрші тігінші әйелден алатын кітаптарым маған қымбат көрінетін. Мен жалданған үйдегі кәрі кемпір кітапты көрсе, пешке жағып жібереді екен деп қорқатынмын. Түрлі-түсті бояумен басылған кішкене кітаптарды таңертең нан әкелетін дүкеннен алып жүрдім. Мен сол кішкентай кітаптарды алып оқимын. Әрбір оқып шыққан кітабым үшін бір тиын төлейтін едім. Кітапты отын жаратын сарайдың ішінде, кейде шатырдың ішінде оқимын. Ал бұл жерлер әрі кітап оқуға қолайсыз, әрі суық... Кейде шам жағып алып, қызық кітаптарды түнімен оқитынмын. Бірақ үй иесі кемпір май шамның түнде қысқарып қалатынын сезіп, оның қалғанын жаңқамен өлшеп қоятын болды. Маған көрсетпей жаңқаны да тығатын. Мен жасырған жаңқаны тауып алып, оның ұшын сындырып тастап жүрдім. Сонда да май шамның қысқарғаны таңертең сезілсе, ас үйде ұрыс болатын. Бұл өте ауыр жағдай мені ренжітіп те жүрді, әрі кітап оқуға деген құмарлығымды арттырды. (М.Горький) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________
  • 34.
    32. ОДАҒАЙ 1.Сөйлемдердегі одағайлардытауып, тиісті тыныс белгісін қой. Тыңдаушылардың Серікбайдан басқа барлығы Көкбай әңгімесі басталғаннан-ақ ентелеп: - Е е пәле пәле е е!.. -Бәрекелді... бәрекелді... е е! -деп, иісінгендей мекіреніп, құлай тыңдап отырып, Көкбай оқтағанда, Өтеу: -Айтып едім ғой, қырғыз істі бастапты деп! «Атаң көрі» деп алып, бір бастаса ол тоқтамайды. (М. Әуезов) 2. Төмендегі одағайларгасөйлем құрап жазжәне олар одағайдың қай түріне жатады. Аухау-аухау, пұшайт-пұшайт, құрау-құрау, қауыс-қауыс. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. ТӘКАППАРЛЫҚ Виниямин Франклин деген даңқты білім иесі он сегіз жасында Мидера деген қалаға барады. Сол жерде бір қарттың үйінде қонақ болады. Қарт оны есіктен шығарып салады. Франклин сөйлесіп келе жатып алдындағы есікті аңғармайды. Есікке жақындағанда қарт дауыстап: - Еңкей, еңкей, - депті. Есік аласа екен, Франклин маңдайын соғып алады. Сонда қарт күліп айтыпты: - Бұл кішкентай реніш сізге ақыл болар. Ұмытпаңыз, сіз жассыз. Өмірің алдыңда. Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен қарап жүрсең, бұдан артық соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпайды. Әрдайым айтушы еді: «Сол қарттың ақылы маған пайдалы болды. Басын жоғары көтерген тәкаппарлардың ісінің болмағанын білемін»,- деуші еді. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
  • 35.
    33. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР.КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР 1.Төмендегі сөздерге көмекші есімдер тіркеп жаз. Үй, қала, кітап, дәптер, жол, тау, мектеп. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 2.Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып, оны тіркесіп тұрған сөзімен жазып көрсет. Мана аяғын баса алмаған Сыздық кабинетке қолтықтаумен кірді де, Семенякиннің сұрауларына білген тілмен жауап айтпақ болып еді, ешнәрсе түсіндіре алмады. Сұрақ жауаптарды бір милиция протокол ғып жазып отырды. Артынан байқасам, басын бір-екі жерден қамшы тіліп кеткенмен Сыздық талықсыр халге жеткен жоқ екен, жауап беріп болғаннан кейін, ол больницаға барып жарасына дәрі жақтырып байлатты да, жанжал орнына аттанған бізбен бірге кетті. (С.Мұқанов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3.Мәтінді көшіріп жаз. МЕЙІРІМ Мұз сұп-суық еді. Шатырда ілініп күнде тұрады. Балалар қызығып ұстаса, суық екен. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Сол үшін құрбан болып, су боп ағып кетуге бар еді. Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетінің бәрін көретін. Кенет мұзды көрді. Күлімдеді де: - Неткен сұлу едің?- деді Күн. - Сен де,- деді Мұз. Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты. Көктемнің мейірімі ерекше болатын. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________
  • 36.
    34. ШЫЛАУ 1. Мәтіндегішылаулардың астынсызып, қандай қызмет атқарыптұрғанын айт. Ғаббастың бар айыбы, - домбыра білмейді, ал әншілігіне және даусының биіктігіне келгенде, одан зор әншіні о кезде көрмегендіктен бе, әлде, расы солай ма - күні бүгінге дейін ол маған, менің әр уақытта кездестіретін ірі әншілерімнің бәрінен де жоғары сияқтанады да тұрады. Ол Біржанның және Балуан Шолақтың әндерін көп айтады, солардың ішінде ең сүйсініп айтатыны - Балуан Шолақтың «Ғалиясы». (С.Мұқанов) 2.Көп нүктеніңорнына тиісті шылауларды қойып, қай түріекенін ажырат. Бүгін............. таңертеңгі шайдан ............. Абай әке қасынан шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Терісінен ескен болымсыз ............. жел лебі білінеді. Күрең құнан шығырдың таңдайасы жылы-жұмсағы ас үйге ............ әкетілді. Келген жұртты Майбасар үйге .............. бастап, енді жайланып отырыспаққа бет алған кезде, қақпа ашылып, Қарабас кірді. (М. Әуезов) 3.Мәтінді көшіріп жаз. ОҚЫМЫСТЫ БАЛА Бір бала қалада оқып, жазғытұры аулына келді. Әкесі: - Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады. Қолыңа тырнауыш ал. Мен шапқан шөпті жинап, көмек бер, - деді. Баланың жұмыс істегісі келмей: - Мен әр түрлі ғылымдар оқып қайттым. Қазақтың сөздерін ұмыттым, тырнауыш деген не нәрсе? - деді. Осы сөзді айтқаны-ақ сол еді. Сыртқа шықса, жерде жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып қалды. Тырнауыштың сабы тақ етіп маңдайына тиді. Сонда ғана тырнауыштың не нәрсе екені есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып: - Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен, - деп ашуланды. (М.Дулатов) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________