SlideShare a Scribd company logo
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(19) KZ (13) A4 (11) 29940
(51) A61P 33/10 (2006.01)
A61K 31/00 (2006.01)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
ӨНЕРТАБЫСҚА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ПАТЕНТ СИПАТТАМАСЫ
(21) 2013/1319.1
(22) 08.10.2013
(45) 15.06.2015. бюл. №6
(72) Серикова Айнур Темешовна; Дюсембаев
Сергазы Турлыбекович
(73) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім
атындағы университеті» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
(56) Искаков М.М. Ғылыми ұсыныстар. Семей,
1995, б. 11
(54) АНГОР ЕШКІЛЕРІНІҢ АРАЛАС
ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНДА
СУЛЬФАНИЛАМИД ЖӘНЕ
АНТГЕЛЬМИНТТІК ПРЕПАРАТТАРЫН
ҚОЛДАНУ ӘДІСІ
(57) Бұл ашылған әдіс ветеринария саласына, оның
ішінде ветеринариялық паразитоценология бөліміне
жатады және ангор ешкілерінің аралас инвазиялық
ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолдануға
болады.
Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларын
емдеу және алдын алу әдісінде, сульфадиметоксин
55-65 мг малдың әрбір кг салмағына күніне 1 рет
5 күн қатарынан және капсульды нафтамон емдеудің
бірінші күні 0,24 мг малдың әрбір килограмм
салмағына (дәрінің белсенді әсер ететін зат мөлшері
бойынша), 1 рет сульфадиметоксинмен қосып
береді.
Ұсынылған әдісті қолданғанда препараттардың
экстенсивтік және интенсивтік тиімділіктері,
осыларға сәйкес 84,5-100% және 89,8-100% дейін
жоғарлайды.
(19)KZ(13)A4(11)29940
29940
2
Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік)
саласына, оның ішінде ветеринариялық
паразитоценология бөліміне жатады. Осы уакытқа
дейін белгілі болған қазіргі уақытта әртүрлі
малдардың эймериоздарын емдегенде, алдын алуда
сульфаниламид препараттары жиі қолданады.
Ұсақ мүйізді малдардың эймериоздарына қарсы
сульфанитрол, дисульфан (М.Е. Шевченко.// Труды
Оренбургского СХИ. - 1963. - Т. 15. с.168-183)
сульфадимезин (Г.А. Соколов. // Уч. зап Витебского
Ветеринарного института - 1969. Т.22. с.101),
сульфадимезин, норсульфазол натрия
(Искаков М.М.// Сборник научных трудов
КазНИВИ. - Алма-Ата. - 1990. с.178-183).
Көрсетілген сульфаниламидтер денеге қысқа
уақытта әсер ететін сульфаниламидтер тобына
жатады. Сондықтан оларды малға күніне 2-3 рет
беру керек, 5-6 күн қатарынан. Бұл
малдәрігерлерінің жұмыстарын қиындатады, көп
жұмыс күшін қажет етеді.
Сондықтан денеге ұзақ әсер ететін
сульфаниламидтерді (пролонгирді) қолданған
тиімді. Осы ретте сульфадиметоксин,
сульфапиридазин, сульфамонометоксин қой
эймериозына қарсы қолданылады (М.М. Искаков.//
Вестник с.-х. науки Казахстана. - 1994. - N 9.
с.105-109, М.М. Искаков А.с. СССР N 1515444,
1987).
Ангор ешкілерінің эймериозына қарсы
сульфамонометоксин, сульфадиметоксин,
сульфапиридазин 50 мг малдың әрбір кг салмағына
2 бес күндік курспен арасына 3 күн үзіліс салып
қолданылды (М.М. Искаков// Вестник с.-х. науки
Акмолинского СХИ. -1996. N 3. с.151-156).
Осы шаруашылықтарда емдеу, алдын алу
шараларын жүргізгенде, аралас инвазиялық аурулар
ескерілмейді, шаралар бір бағытта ғана, көбінесе
гельминтоздарға қарсы жүргізіледі.
Осы ретте қойлардың аралас эймериозды-
нематодирозды инвазиясын емдеу, алдын алу үшін
сульфамонометоксин цидектинмен қосып қолдану
әдісі ұсынылған (М.М. Искаков. Предварительный
патент Республики Казахстан N 950550.1. Бюл. N 1,
15.01.98). Бұл әдісті қолданғанда препараттардың
экстенсивтік, интенсивтік тиімділіктері 96-100%
болды.
Қойылған мақсат - ангор ешкілерінің аралас
инвазиялық ауруларын емдеудің тиімді әдісін
анықтау болды.
Ұсынылған әдісте сульфадиметоксин
микрокапсулды нафтамон препаратымен бірге
қолданылды.
Микрокапсулды нафтамон нематөдтар қарсы кең
түрде әсер ететін, өте тиімді антигельминттер
қатарына жатады. Қойдың стронгилятоз ауруларына
қарсы қолданғанда бұл препараттардың тиімділігі
нематодирлерге, гемонхтарға, трихостронгилдерге,
остертагийлерге қарсы 100% болды (М.М. Искаков.
Ғылыми ұсыныстар. - Семей, 1994. б.11).
Сульфадиметоксинді ангор ешкілерінің әрбір
килограмм салмағына 55-60 мг, күніне 1 рет 5 күн
қатарынан береді, микрокапсулды нафтамонды
0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына (дәрінің
белсенді әсер ететін зат мөлшері бойынша), 1 рет
жеке немесе жеммен, емдеудің бірінші күні
сульфаметоксинмен қосып береді.
Әдісті қолдану.
Сульфадиметоксинді құрғақ жемге (құрама жем,
ұнталанған астық, дән) қосып, жақсылап
араластырады. Осы жемді астауларға бөліп салады,
күніне бір рет, таңертең мал жайылымға шығар
алдында береді. Сульфадиметоксинді бес күн
қатарынан, бірінші күні микрокапсулды
нафтамонды да қосып береді.
Ұсынылып отырған әдіс ангор ешкілерінің
аралас инвазиялық ауруларын емдеудің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл әдісті қолданғанда, сульфадиметоксиннің
эймерийлерге қарсы экстенсивтік тиімділігі 84,5%,
интенсивтік тиімділігі 89,8%, ал микрокапсульды
нафтамонның стронгиляттарға (гельминттер-
нематодтар) қарсы экстенсивтік және интенсивтік
тиімділігі 100% болады.
Әдісті қолданып сынау.
Сульфаметоксинді микрокапсульды
нафтамонмен қосып сынау, эймерийлермен және
стронгиляттармен зақымдалған 4-5 айлық лақтарда
жүргізілді. Жүргізілген тәжірибелерде лақтардың
эймерийлермен зақымдалу экстенсиві 80-100%,
стронгиляттармен - 50-80%, осыларға сәйкес
инвазия интенсиві эймерийлермен 15-300 ооцист
және 2-10 стронгилят жұмыртқалары микроскоптың
бір алаңында болды (үлкейткіш обьектив - 8,
окуляр - 7).
Препараттарды сынаудың бірінші сатысында
сульфадиметоксинді 40, 50 мг малдың әрбір
килограмм салмағына күніне 1 рет 3 күн қатарынан,
нафтамон микрокапсульды бірінші күні 1 рет
0,15 мг малдың әрбір килограмм салмағына (дәрінің
белсенді әсер ететін зат мөлшері бойынша) берілді.
Осы ретте емдеу тиімділіктері 45-60% болды.
Сынаудың екіншіт сатысында сульфадиметоксин
малдың эрбір кг салмағына 55-65 мг, күніне 1 рет 5
күн қатарынан берілді, микрокапсульды нафтамон
0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына,
емдеудің бірінші күні сульфадиметоксинмен қосып
берілді.
Тәжірибе соңында эймерийлермен зақымдалу
экстенсивті 8-20%, инвазия интенсиві 3-28 ооцист
болды. Ал стронгилят жүмыртқалары табылмады.
Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық
ауруларының алдын алу үшін сульфадиметоксинді
55-65 мг малдың әрбір кг салмағына, күніне 1 рет 5
күн қатарынан, микрокапсульды нафтамон 0,24 мг
малдың әрбір килограмм салмағына,
сульфадиметоксинмен емдеудің бірінші күні қосып
берілді.
Препараттарды беру мерзімі.
Маусым айынан қараша айына дейін айына 1 рет
ешкілердің 10 процентінен нәжістерін алып,
Дарлинг әдісімен тексереді. Егер аралас инвазиялық
аурулар (эймериозды-гельминтозды) анықталса,
препараттарды беріп, аурудың алдын алады.
Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды
аралас инвазияларын емдегенде, алдын алғанда осы
әдісті қолдану препараттардың экстенсивтік
29940
3
тиімділігін 84,5%, интенсивтік тиімділігін 89,8-
100% жоғарлатуға мүмкіндік береді.
ӨНЕРТАБЫСТЫҢ ФОРМУЛАСЫ
Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық
ауруларында сульфаниламид және антгельминттік
препараттарын қолдану әдісі, сульфадиметоксинді
жеммен қосып беріп, былайша ерекшелінетін,
сульфадиметоксин 55-65 мг малдың әрбір
килограммына күніне 1 рет 5 күн қатарынан,
қосымша емдеудің бірінші күні 0,24 мг
микрокапсулды нафтамон жеке немесе жеммен
беріледі.
Орындаушы Н.Киселева
Корректор К.Нгметжанова

More Related Content

More from ivanov1566359955

7365
73657365
7364
73647364
7363
73637363
7362
73627362
7361
73617361
7360
73607360
7359
73597359
7358
73587358
7357
73577357
7356
73567356
7355
73557355
7354
73547354
7353
73537353
7352
73527352
7351
73517351
7350
73507350
7349
73497349
7348
73487348
7347
73477347
7346
73467346

More from ivanov1566359955 (20)

7365
73657365
7365
 
7364
73647364
7364
 
7363
73637363
7363
 
7362
73627362
7362
 
7361
73617361
7361
 
7360
73607360
7360
 
7359
73597359
7359
 
7358
73587358
7358
 
7357
73577357
7357
 
7356
73567356
7356
 
7355
73557355
7355
 
7354
73547354
7354
 
7353
73537353
7353
 
7352
73527352
7352
 
7351
73517351
7351
 
7350
73507350
7350
 
7349
73497349
7349
 
7348
73487348
7348
 
7347
73477347
7347
 
7346
73467346
7346
 

29940ip

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (19) KZ (13) A4 (11) 29940 (51) A61P 33/10 (2006.01) A61K 31/00 (2006.01) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ӨНЕРТАБЫСҚА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАТЕНТ СИПАТТАМАСЫ (21) 2013/1319.1 (22) 08.10.2013 (45) 15.06.2015. бюл. №6 (72) Серикова Айнур Темешовна; Дюсембаев Сергазы Турлыбекович (73) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (56) Искаков М.М. Ғылыми ұсыныстар. Семей, 1995, б. 11 (54) АНГОР ЕШКІЛЕРІНІҢ АРАЛАС ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНДА СУЛЬФАНИЛАМИД ЖӘНЕ АНТГЕЛЬМИНТТІК ПРЕПАРАТТАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСІ (57) Бұл ашылған әдіс ветеринария саласына, оның ішінде ветеринариялық паразитоценология бөліміне жатады және ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады. Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу әдісінде, сульфадиметоксин 55-65 мг малдың әрбір кг салмағына күніне 1 рет 5 күн қатарынан және капсульды нафтамон емдеудің бірінші күні 0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына (дәрінің белсенді әсер ететін зат мөлшері бойынша), 1 рет сульфадиметоксинмен қосып береді. Ұсынылған әдісті қолданғанда препараттардың экстенсивтік және интенсивтік тиімділіктері, осыларға сәйкес 84,5-100% және 89,8-100% дейін жоғарлайды. (19)KZ(13)A4(11)29940
  • 2. 29940 2 Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік) саласына, оның ішінде ветеринариялық паразитоценология бөліміне жатады. Осы уакытқа дейін белгілі болған қазіргі уақытта әртүрлі малдардың эймериоздарын емдегенде, алдын алуда сульфаниламид препараттары жиі қолданады. Ұсақ мүйізді малдардың эймериоздарына қарсы сульфанитрол, дисульфан (М.Е. Шевченко.// Труды Оренбургского СХИ. - 1963. - Т. 15. с.168-183) сульфадимезин (Г.А. Соколов. // Уч. зап Витебского Ветеринарного института - 1969. Т.22. с.101), сульфадимезин, норсульфазол натрия (Искаков М.М.// Сборник научных трудов КазНИВИ. - Алма-Ата. - 1990. с.178-183). Көрсетілген сульфаниламидтер денеге қысқа уақытта әсер ететін сульфаниламидтер тобына жатады. Сондықтан оларды малға күніне 2-3 рет беру керек, 5-6 күн қатарынан. Бұл малдәрігерлерінің жұмыстарын қиындатады, көп жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан денеге ұзақ әсер ететін сульфаниламидтерді (пролонгирді) қолданған тиімді. Осы ретте сульфадиметоксин, сульфапиридазин, сульфамонометоксин қой эймериозына қарсы қолданылады (М.М. Искаков.// Вестник с.-х. науки Казахстана. - 1994. - N 9. с.105-109, М.М. Искаков А.с. СССР N 1515444, 1987). Ангор ешкілерінің эймериозына қарсы сульфамонометоксин, сульфадиметоксин, сульфапиридазин 50 мг малдың әрбір кг салмағына 2 бес күндік курспен арасына 3 күн үзіліс салып қолданылды (М.М. Искаков// Вестник с.-х. науки Акмолинского СХИ. -1996. N 3. с.151-156). Осы шаруашылықтарда емдеу, алдын алу шараларын жүргізгенде, аралас инвазиялық аурулар ескерілмейді, шаралар бір бағытта ғана, көбінесе гельминтоздарға қарсы жүргізіледі. Осы ретте қойлардың аралас эймериозды- нематодирозды инвазиясын емдеу, алдын алу үшін сульфамонометоксин цидектинмен қосып қолдану әдісі ұсынылған (М.М. Искаков. Предварительный патент Республики Казахстан N 950550.1. Бюл. N 1, 15.01.98). Бұл әдісті қолданғанда препараттардың экстенсивтік, интенсивтік тиімділіктері 96-100% болды. Қойылған мақсат - ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларын емдеудің тиімді әдісін анықтау болды. Ұсынылған әдісте сульфадиметоксин микрокапсулды нафтамон препаратымен бірге қолданылды. Микрокапсулды нафтамон нематөдтар қарсы кең түрде әсер ететін, өте тиімді антигельминттер қатарына жатады. Қойдың стронгилятоз ауруларына қарсы қолданғанда бұл препараттардың тиімділігі нематодирлерге, гемонхтарға, трихостронгилдерге, остертагийлерге қарсы 100% болды (М.М. Искаков. Ғылыми ұсыныстар. - Семей, 1994. б.11). Сульфадиметоксинді ангор ешкілерінің әрбір килограмм салмағына 55-60 мг, күніне 1 рет 5 күн қатарынан береді, микрокапсулды нафтамонды 0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына (дәрінің белсенді әсер ететін зат мөлшері бойынша), 1 рет жеке немесе жеммен, емдеудің бірінші күні сульфаметоксинмен қосып береді. Әдісті қолдану. Сульфадиметоксинді құрғақ жемге (құрама жем, ұнталанған астық, дән) қосып, жақсылап араластырады. Осы жемді астауларға бөліп салады, күніне бір рет, таңертең мал жайылымға шығар алдында береді. Сульфадиметоксинді бес күн қатарынан, бірінші күні микрокапсулды нафтамонды да қосып береді. Ұсынылып отырған әдіс ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларын емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолданғанда, сульфадиметоксиннің эймерийлерге қарсы экстенсивтік тиімділігі 84,5%, интенсивтік тиімділігі 89,8%, ал микрокапсульды нафтамонның стронгиляттарға (гельминттер- нематодтар) қарсы экстенсивтік және интенсивтік тиімділігі 100% болады. Әдісті қолданып сынау. Сульфаметоксинді микрокапсульды нафтамонмен қосып сынау, эймерийлермен және стронгиляттармен зақымдалған 4-5 айлық лақтарда жүргізілді. Жүргізілген тәжірибелерде лақтардың эймерийлермен зақымдалу экстенсиві 80-100%, стронгиляттармен - 50-80%, осыларға сәйкес инвазия интенсиві эймерийлермен 15-300 ооцист және 2-10 стронгилят жұмыртқалары микроскоптың бір алаңында болды (үлкейткіш обьектив - 8, окуляр - 7). Препараттарды сынаудың бірінші сатысында сульфадиметоксинді 40, 50 мг малдың әрбір килограмм салмағына күніне 1 рет 3 күн қатарынан, нафтамон микрокапсульды бірінші күні 1 рет 0,15 мг малдың әрбір килограмм салмағына (дәрінің белсенді әсер ететін зат мөлшері бойынша) берілді. Осы ретте емдеу тиімділіктері 45-60% болды. Сынаудың екіншіт сатысында сульфадиметоксин малдың эрбір кг салмағына 55-65 мг, күніне 1 рет 5 күн қатарынан берілді, микрокапсульды нафтамон 0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына, емдеудің бірінші күні сульфадиметоксинмен қосып берілді. Тәжірибе соңында эймерийлермен зақымдалу экстенсивті 8-20%, инвазия интенсиві 3-28 ооцист болды. Ал стронгилят жүмыртқалары табылмады. Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларының алдын алу үшін сульфадиметоксинді 55-65 мг малдың әрбір кг салмағына, күніне 1 рет 5 күн қатарынан, микрокапсульды нафтамон 0,24 мг малдың әрбір килограмм салмағына, сульфадиметоксинмен емдеудің бірінші күні қосып берілді. Препараттарды беру мерзімі. Маусым айынан қараша айына дейін айына 1 рет ешкілердің 10 процентінен нәжістерін алып, Дарлинг әдісімен тексереді. Егер аралас инвазиялық аурулар (эймериозды-гельминтозды) анықталса, препараттарды беріп, аурудың алдын алады. Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды аралас инвазияларын емдегенде, алдын алғанда осы әдісті қолдану препараттардың экстенсивтік
  • 3. 29940 3 тиімділігін 84,5%, интенсивтік тиімділігін 89,8- 100% жоғарлатуға мүмкіндік береді. ӨНЕРТАБЫСТЫҢ ФОРМУЛАСЫ Ангор ешкілерінің аралас инвазиялық ауруларында сульфаниламид және антгельминттік препараттарын қолдану әдісі, сульфадиметоксинді жеммен қосып беріп, былайша ерекшелінетін, сульфадиметоксин 55-65 мг малдың әрбір килограммына күніне 1 рет 5 күн қатарынан, қосымша емдеудің бірінші күні 0,24 мг микрокапсулды нафтамон жеке немесе жеммен беріледі. Орындаушы Н.Киселева Корректор К.Нгметжанова