SlideShare a Scribd company logo
1 of 3
Download to read offline
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(19) KZ (13) A4 (11) 29939
(51) A61P 33/10 (2006.01)
A61K 31/00 (2006.01)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
ӨНЕРТАБЫСҚА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ПАТЕНТ СИПАТТАМАСЫ
(21) 2013/1318.1
(22) 08.10.2013
(45) 15.06.2015, №6 бюл.
(72) Серикова Айнур Темешовна; Дюсембаев
Сергазы Турлыбекович
(73) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім
атындағы университеті» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
(56) KZ 5689 А, кл. А61К 31/00, 1998
(54) АНГОР ЕШКІЛЕРІНІҢ ЭЙМЕРИОЗДЫ-
СТРОНГИЛЯТОЗДЫ ИНВАЗИЯЛЫҚ
АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
ӘДІСІ
(57) Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік)
саласына, оның ішінде ветеринариялық
паразитоценология бөліміне жатады және ангор
ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды
инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу
әдісінде, сульфамонометоксин 55-60 мл малдың
әрбір килограмм салмағына күніне 1 рет 5 күн
қатарынан береді және ниацид емдеудің бірінші
күні 0,5 мл 20-25 кг салмағына, 1 рет тері астына
егеді.
Ұсынылған әдісті қолданғанда препараттардың
экстенсивтік және интенсивтік тиімділіктері,
осыларға сәйкес 93,4-100% және 95,3-100% дейін
жоғарлайды.
(19)KZ(13)A4(11)29939
29939
2
Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік)
саласына, оның ішінде ветеринариялық
паразитоценология бөліміне жатады. Осы уакытқа
дейін белгілі болған қазіргі уақытта әртүрлі
малдардың; эймериоздарын емдегенде, алдын алуда
сульфаниламид препараттары кеңінен қолданылады.
Ең алғаш рет бұрыңгы Советтер Одағында
сульфаниламид препараттарын эймериозга қарсы
малдарға А.Д. Носик қолданды («Каракулеводство и
звероводство». - 1950. - №4, с.69-70). Автор
сульфанитрол және дисульфин препараттарын
сынады.
Ұсақ мүйізді малдардың (қой-ешкі)
эймериоздарына М.Е. Шевченко (Труды
Оренбурского СХИ. - 1963. - Т.15. с.168-183)
норсульфазолды 0,05 грамм малдың әр килограмм
салмағына күніне; 3 рет, арасына 3 күн үзіліс салып,
3 күндік курспен колданды.
Ал Г.А. Соколов (Уч. зап. Витебского
ветеринарного института. -1969. И .22. с.101)
эймермериозға қарсы сульфадимезинді әрбір бас
малға 0,5 грамм мөлшерінде күніне 2 рет 3 күн
қатарынан берді.
Бірақ бұл жоғарыда көрсетілген
сулфьфаниламид препараттары денеге қысқа
мерзімде әсер ететін сульфаниламидтер тобына
жатады. Оларды малға күніне 2-3 рет беру керек,
бүл малдәрігерінің жұмыстарын қиындатады.
Сондықтан денеге ұзақ мерзімді әсер ететін
(пролангирді) сульфаниламидтерді қолданған
тиімді. Осыған сәйкес қой эймериозына қарсы өте
тиімді сульфапиридазин, сульфадиметоксин
препараттары (У.Р. Мавлянов, Л.Ф. Даминова.
Труды Тажд. СХИ. - 1977. -Т.31. с.181-189;
М.М Искаков. Вестник с.-х. Науки Казахстана. -
1994. N 9. с.105-109) қолданылды.
Қой эймериозына қарсы өте тиімді
сульфаниламид- сульфамонометоксин екені
анықталды (М.М. Искоков. А.с. СССР N 1515444,
1987).
Ангор ешкілерінің эймериозына қарсы
сульфадиметоксин, сульфапиридазин,
сульфамонометоксин қолдану ұсынылды (М.М.
Искаков. Вестник науки Акмолинского СХИ. - 1996.
- N 3. с.146-151). Бұл препараттарды 50 мг
мөлшерде малдың әрбір киллограмм салмағына,
күніне 1 рет жеммен қосып, 2 бес күндік курспен
арасына 3 күн узіліс салып бергенде, ең тиімді
сульфамонометоксин екені анықталды.
Сульфамонометоксиннің эймерийлерге қарсы
экстенсивтік тиімділігі - 93%, интенсивтік
тиімділігі - 94,2% болды.
Бірақ сульфаниламид препараттары эймериозға
(моноинвазия) қарсы ғана тиімді әсерлерін тигізеді.
Әртүрлі меншікті ешкі өсіретін
шаруашылықтарда көбінесе ассоциативті (аралас)
эймериозды-гельмитозды инвазиялар кезігеді.
Шаруашылықтарда емдеу, алдын алу шараларын
жүргізгенде аралас инвазиялар ескерілмейді,
шаралар тек бір бағытта жүргізіледі, көбінесе
гельмитоздарға қарсы, сирек жағдайда - эймериозға.
Ал антигельминтиктер эймерийлерге қарсы,
керісінше эймерийлерге қарсы қолданылатын
дәрілер құрттарға әсер етпейді.
Осы ретте қойлардың аралас эймериозды-
нематодирозды инвазиясын емдеу әдісі белгілі
(М.М. Искаков. Предварительный патент
Республики Казахстан N950550.1. Бюл. N1,
15.01.98). Бұл әдісті қолданғанда препараттардың
экстенсивтік, интенсивтік тиімділіктері 96-100%
болды.
Жоғарыда көрсетілген мағлұматтарды ескере
отырып, алдымызға қойылған мақсат - ангор
ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды аралас
инвазиялық ауруын емдеудің тиімді әдісін анықтау
болды.
Ұсынылған әдісте сульфамонометоксин ниацид
препаратымен бірге қолданылды.
Ниаңид көптеген эндо және экзопаразиттерге
(дененің ішінде және сыртында) қарсы өте тиімді,
кең түрде әсер ететін жаңа препараттар қатарына
жатады. Препарат мөлдір түсті, стерильді, таза,
қолдануға бірден болатын ерітінді ретінде
шығарылады.
Сульфамонометоксинді ешкінің әрбір килограмм
салмағына 55-60 мг, күніне бір рет 5 күн қатарынан
береді, ниацидті 0,5 мл малдың 20-25 кг салмағына,
сульфамонометоксинді бергендегі бірінші күні тері
астына бір рет егеді.
Әдісті қолдану. Сульфамонометоксинді құрғақ
жемге (құрама жем, ұнтақталған астық, дән) қосып,
жақсылап араластырады. Осы жемді астауларға
бөліп салады, күніне бір рет, таңертен мал
жайылымға шығар алдында береді.
Сульфамонометоксинді бес күн қатарынан береді,
бірінші күні малдардың терісінің астына ниацидті
бір рет егеді.
Ұсынылып отырған әдіс ангор ешкілерінің
аралас, эймериозды- стронгилятозды ауруларын
емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл әдісті колданғанда сульфам онометоксиннің
эймерийлерге қарсы экстенсивтік тиімділігі 93,4%,
интенсивтік тиімділігі 95,3%, ал ниацидтің
стронгиляттарға қарсы экстенсивтік және
интенсивтік тиімділігі 100% болады. Әдісті
қолданып сынау.
Сульфамонометоксинді ниацидпен қосып сынау,
эймерийлермен және стронгиляттармен
зақымдалған 3-4 айлық лақтарда жүргізілді.
Жүргізілген тәжірибиеде лақтардың эймерийлермен
зақымдалу экстенсиві 70-100%, стронгиляттармен-
60-90%, осыларга сәйкес инвазия интенсиві
эймериялармен 10-200 ооцист және 3-12 стронгилят
жұімыртқалары микроскоптың бір алаңында болды
(үлкейткіш объектив -8, окуляр -7.
Препараттарды сынаудың бірінші сатысында
сульфамонометоксин малдың әрбір килограмм
салмағына 55-60 мг, күніне 1 рет 5 күн қатарынан
берілді, ниацид малдың 20-25 кг салмағына 0,5 мл
мөлшерде 1 рет, сульфамонометоксинді бергендегі
бірінші күні тері астына егілді.
Тәжірибе соңында эймерийлермен зақымдалу
экстенсиві 2-8%, инвазия интенсиві 1-10 ооцист
29939
3
болды. Ал стронгилят жұмыртқалары зерттеген
сынамаларда табылмады.
Ангор ешкілерінің аралас эймерикозды-
стронгилятозды инвазияларының алдын алу үшін
(профилактика) сульфамонометоксинді 55-60 мг
малдың әрбір килограмм салмағына, күніне 1 рет 5
күн қатарынан жеммен қосып береді. Ниацид
малдың 20-25 кг салмағына 0,5 мл мөлшерде 1 рет,
сульфамонометоксинді бергендегі бірінші күні, тері
астына егеді.
Препараттарды беру мерзімі.
Маусым айынан бастап қазан айын қоса, ай
сайын шаруашылықтағы ешкілердің 10 процентінен
нәжістерін алып, Дарлинг әдісімен тексереді. Егер
эймериозды-стронгилятозды инвазия анықталса,
бірден препараттарды беріп, аурудың алдын алады.
Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды
аралас инвазияларын емдегенде және алдын алғанда
осы әдісті қолдану препараттардың экстенсивтік
тиімділігін 93,4%, интенсивтік тиімділігін 95,5%
жоғарлатуға мүмкіндік береді.
ӨНЕРТАБЫСТЫҢ ФОРМУЛАСЫ
Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды
инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу әдісі,
сульфамонометоксинді жеммен қосып беріп,
былайша ерекшелінетін, сульфамонометоксинді
күніне 1 рет 55-65 мг/кг-нан бес күн беріледі және
қосымша бірінші күні ниацидті 0,5 мл 20-25 кг
салмағына, 1 рет тері астына егеді.
Орындаушы Н.Киселева
Корректор К.Нгметжанова

More Related Content

More from ivanov1566359955

More from ivanov1566359955 (20)

7359
73597359
7359
 
7358
73587358
7358
 
7357
73577357
7357
 
7356
73567356
7356
 
7355
73557355
7355
 
7354
73547354
7354
 
7353
73537353
7353
 
7352
73527352
7352
 
7351
73517351
7351
 
7350
73507350
7350
 
7349
73497349
7349
 
7348
73487348
7348
 
7347
73477347
7347
 
7346
73467346
7346
 
7345
73457345
7345
 
7344
73447344
7344
 
7343
73437343
7343
 
7342
73427342
7342
 
7341
73417341
7341
 
7340
73407340
7340
 

29939ip

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (19) KZ (13) A4 (11) 29939 (51) A61P 33/10 (2006.01) A61K 31/00 (2006.01) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ӨНЕРТАБЫСҚА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАТЕНТ СИПАТТАМАСЫ (21) 2013/1318.1 (22) 08.10.2013 (45) 15.06.2015, №6 бюл. (72) Серикова Айнур Темешовна; Дюсембаев Сергазы Турлыбекович (73) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (56) KZ 5689 А, кл. А61К 31/00, 1998 (54) АНГОР ЕШКІЛЕРІНІҢ ЭЙМЕРИОЗДЫ- СТРОНГИЛЯТОЗДЫ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ӘДІСІ (57) Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік) саласына, оның ішінде ветеринариялық паразитоценология бөліміне жатады және ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу әдісінде, сульфамонометоксин 55-60 мл малдың әрбір килограмм салмағына күніне 1 рет 5 күн қатарынан береді және ниацид емдеудің бірінші күні 0,5 мл 20-25 кг салмағына, 1 рет тері астына егеді. Ұсынылған әдісті қолданғанда препараттардың экстенсивтік және интенсивтік тиімділіктері, осыларға сәйкес 93,4-100% және 95,3-100% дейін жоғарлайды. (19)KZ(13)A4(11)29939
  • 2. 29939 2 Өнертабыс ветеринария (малдәрігерлік) саласына, оның ішінде ветеринариялық паразитоценология бөліміне жатады. Осы уакытқа дейін белгілі болған қазіргі уақытта әртүрлі малдардың; эймериоздарын емдегенде, алдын алуда сульфаниламид препараттары кеңінен қолданылады. Ең алғаш рет бұрыңгы Советтер Одағында сульфаниламид препараттарын эймериозга қарсы малдарға А.Д. Носик қолданды («Каракулеводство и звероводство». - 1950. - №4, с.69-70). Автор сульфанитрол және дисульфин препараттарын сынады. Ұсақ мүйізді малдардың (қой-ешкі) эймериоздарына М.Е. Шевченко (Труды Оренбурского СХИ. - 1963. - Т.15. с.168-183) норсульфазолды 0,05 грамм малдың әр килограмм салмағына күніне; 3 рет, арасына 3 күн үзіліс салып, 3 күндік курспен колданды. Ал Г.А. Соколов (Уч. зап. Витебского ветеринарного института. -1969. И .22. с.101) эймермериозға қарсы сульфадимезинді әрбір бас малға 0,5 грамм мөлшерінде күніне 2 рет 3 күн қатарынан берді. Бірақ бұл жоғарыда көрсетілген сулфьфаниламид препараттары денеге қысқа мерзімде әсер ететін сульфаниламидтер тобына жатады. Оларды малға күніне 2-3 рет беру керек, бүл малдәрігерінің жұмыстарын қиындатады. Сондықтан денеге ұзақ мерзімді әсер ететін (пролангирді) сульфаниламидтерді қолданған тиімді. Осыған сәйкес қой эймериозына қарсы өте тиімді сульфапиридазин, сульфадиметоксин препараттары (У.Р. Мавлянов, Л.Ф. Даминова. Труды Тажд. СХИ. - 1977. -Т.31. с.181-189; М.М Искаков. Вестник с.-х. Науки Казахстана. - 1994. N 9. с.105-109) қолданылды. Қой эймериозына қарсы өте тиімді сульфаниламид- сульфамонометоксин екені анықталды (М.М. Искоков. А.с. СССР N 1515444, 1987). Ангор ешкілерінің эймериозына қарсы сульфадиметоксин, сульфапиридазин, сульфамонометоксин қолдану ұсынылды (М.М. Искаков. Вестник науки Акмолинского СХИ. - 1996. - N 3. с.146-151). Бұл препараттарды 50 мг мөлшерде малдың әрбір киллограмм салмағына, күніне 1 рет жеммен қосып, 2 бес күндік курспен арасына 3 күн узіліс салып бергенде, ең тиімді сульфамонометоксин екені анықталды. Сульфамонометоксиннің эймерийлерге қарсы экстенсивтік тиімділігі - 93%, интенсивтік тиімділігі - 94,2% болды. Бірақ сульфаниламид препараттары эймериозға (моноинвазия) қарсы ғана тиімді әсерлерін тигізеді. Әртүрлі меншікті ешкі өсіретін шаруашылықтарда көбінесе ассоциативті (аралас) эймериозды-гельмитозды инвазиялар кезігеді. Шаруашылықтарда емдеу, алдын алу шараларын жүргізгенде аралас инвазиялар ескерілмейді, шаралар тек бір бағытта жүргізіледі, көбінесе гельмитоздарға қарсы, сирек жағдайда - эймериозға. Ал антигельминтиктер эймерийлерге қарсы, керісінше эймерийлерге қарсы қолданылатын дәрілер құрттарға әсер етпейді. Осы ретте қойлардың аралас эймериозды- нематодирозды инвазиясын емдеу әдісі белгілі (М.М. Искаков. Предварительный патент Республики Казахстан N950550.1. Бюл. N1, 15.01.98). Бұл әдісті қолданғанда препараттардың экстенсивтік, интенсивтік тиімділіктері 96-100% болды. Жоғарыда көрсетілген мағлұматтарды ескере отырып, алдымызға қойылған мақсат - ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды аралас инвазиялық ауруын емдеудің тиімді әдісін анықтау болды. Ұсынылған әдісте сульфамонометоксин ниацид препаратымен бірге қолданылды. Ниаңид көптеген эндо және экзопаразиттерге (дененің ішінде және сыртында) қарсы өте тиімді, кең түрде әсер ететін жаңа препараттар қатарына жатады. Препарат мөлдір түсті, стерильді, таза, қолдануға бірден болатын ерітінді ретінде шығарылады. Сульфамонометоксинді ешкінің әрбір килограмм салмағына 55-60 мг, күніне бір рет 5 күн қатарынан береді, ниацидті 0,5 мл малдың 20-25 кг салмағына, сульфамонометоксинді бергендегі бірінші күні тері астына бір рет егеді. Әдісті қолдану. Сульфамонометоксинді құрғақ жемге (құрама жем, ұнтақталған астық, дән) қосып, жақсылап араластырады. Осы жемді астауларға бөліп салады, күніне бір рет, таңертен мал жайылымға шығар алдында береді. Сульфамонометоксинді бес күн қатарынан береді, бірінші күні малдардың терісінің астына ниацидті бір рет егеді. Ұсынылып отырған әдіс ангор ешкілерінің аралас, эймериозды- стронгилятозды ауруларын емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдісті колданғанда сульфам онометоксиннің эймерийлерге қарсы экстенсивтік тиімділігі 93,4%, интенсивтік тиімділігі 95,3%, ал ниацидтің стронгиляттарға қарсы экстенсивтік және интенсивтік тиімділігі 100% болады. Әдісті қолданып сынау. Сульфамонометоксинді ниацидпен қосып сынау, эймерийлермен және стронгиляттармен зақымдалған 3-4 айлық лақтарда жүргізілді. Жүргізілген тәжірибиеде лақтардың эймерийлермен зақымдалу экстенсиві 70-100%, стронгиляттармен- 60-90%, осыларга сәйкес инвазия интенсиві эймериялармен 10-200 ооцист және 3-12 стронгилят жұімыртқалары микроскоптың бір алаңында болды (үлкейткіш объектив -8, окуляр -7. Препараттарды сынаудың бірінші сатысында сульфамонометоксин малдың әрбір килограмм салмағына 55-60 мг, күніне 1 рет 5 күн қатарынан берілді, ниацид малдың 20-25 кг салмағына 0,5 мл мөлшерде 1 рет, сульфамонометоксинді бергендегі бірінші күні тері астына егілді. Тәжірибе соңында эймерийлермен зақымдалу экстенсиві 2-8%, инвазия интенсиві 1-10 ооцист
  • 3. 29939 3 болды. Ал стронгилят жұмыртқалары зерттеген сынамаларда табылмады. Ангор ешкілерінің аралас эймерикозды- стронгилятозды инвазияларының алдын алу үшін (профилактика) сульфамонометоксинді 55-60 мг малдың әрбір килограмм салмағына, күніне 1 рет 5 күн қатарынан жеммен қосып береді. Ниацид малдың 20-25 кг салмағына 0,5 мл мөлшерде 1 рет, сульфамонометоксинді бергендегі бірінші күні, тері астына егеді. Препараттарды беру мерзімі. Маусым айынан бастап қазан айын қоса, ай сайын шаруашылықтағы ешкілердің 10 процентінен нәжістерін алып, Дарлинг әдісімен тексереді. Егер эймериозды-стронгилятозды инвазия анықталса, бірден препараттарды беріп, аурудың алдын алады. Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды аралас инвазияларын емдегенде және алдын алғанда осы әдісті қолдану препараттардың экстенсивтік тиімділігін 93,4%, интенсивтік тиімділігін 95,5% жоғарлатуға мүмкіндік береді. ӨНЕРТАБЫСТЫҢ ФОРМУЛАСЫ Ангор ешкілерінің эймериозды-стронгилятозды инвазиялық ауруларын емдеу және алдын алу әдісі, сульфамонометоксинді жеммен қосып беріп, былайша ерекшелінетін, сульфамонометоксинді күніне 1 рет 55-65 мг/кг-нан бес күн беріледі және қосымша бірінші күні ниацидті 0,5 мл 20-25 кг салмағына, 1 рет тері астына егеді. Орындаушы Н.Киселева Корректор К.Нгметжанова