Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі
«Ұлттықтеңге–
Ұлт мақтанышы»
Қоғамтану пәнінің оқытушысы: Кулбаева Айкул Турлыбековна
Оқу тобы: № 92 «1201000» Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану
1
2.
«Бекітемін»
Директордың оқу
ісі жөніндегіорынбасары
Т.Тұрымтаева
_______________________
Сабақтың тақырыбы: « Ұлттық теңге – Ұлт мақтанышы».
Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым
Халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің
баюына және гүлденуіне ықпал етсін».
Н.Ә.Назарбаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге Қазақстан Ұлттық валютасы теңге жайында,
оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел
экономикасында алатын орнын анықтау.
Дамытушылық: Студенттердің теңге жайындағы білімдерін одан әрі
дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін
дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: Өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын
құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу
жолында әрекет етуге насихаттау, үнемшілдікке, еңбекшілдікке,
тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, іздену және т.б
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, теңге банкноттары, слайдтар,
мақал-мәтелдер, дүние жүзінің саяси картасы , сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті, География.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
А) студенттердің сабаққа қатысуын түгендеу.
Ә) оқу бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру.
Б) назарларын сабаққа аудару
II.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Ақша дегеніміз не?
2. Ақшаның қасиеттері
3. Ақшаның атқаратын қызметтері
4. Нумизматика ғылымы.
5. Теңгенің шығу тарихы.
.
Жаңа сабақты түсіндіру.
2
3.
Ақша адам баласыүшін аса қажетті зат. Ақша – жалпыға бірдей балама
ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша
барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы
экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ақша айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін
ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде
жатыр.
Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.VII ғасырда
ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды.
Ақша дегеніміз- қандайда бір затты сатып алу үшін қолданылатын,
заттың құнын білдіретін, металдан , қағаздан жасалған белгілер
Ақшаның қасиеттері.
1. Тұрақтылығы. Бүгін, ертең оның құны мүмкіндігіше бір деңгейде
сақталуы керек.
2. Ықшамдылығы. Қолданылатын ақшалар адамдар өзімен алып
жүруге ықшамды болу үшін олар кішкене және жеңіл болу керек.
3. Ұзақ мерзімділігі. Ақша жасалатын материал берік болып, «Ұзақ
өмір сүруге» бейімді болу керек. Осы себепті ақша үшін ең сапалы
қағаздар қолданылады.
4. Біртектестігі. Бірдей құнды ақшалардың бағасы да бірдей болу
керек.
5. Бөлінімділігі. Ақша бірнеше бөлімге бөлінуі керек. ( 10 тг, 20 тг, 50
тг, 100 тг).
6. Ажыратылымдылығы: Ақша жасау қиынға түсіп, олар жеңіл
танылуы керек. Қолданылатын қағаз сапасы мен ондағы кұрделі
суреттер ақшаны жасауды қиындата түседі.
Ақшаның атқаратын қызметі.
1. Ақша айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез-келген
тауарды сатып алуға болады;
2. Ақша құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен біз нарыққа
ұсынылған кез-келген тауардың құнын өлшейміз;
3. Ақша жиналатын қаржы қызметін атқарады, егер тауар өндіруші
тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ
уақыт пайдаланбаса, онда оның ақшалары қазына құру құралы
қызметін атқарады.
4. Ақша –төлем құралы Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қооймай
несиеге де сатылады. Сатып алушы ақшанын орнына өз тарапынан
борышқорлық міндеттемелер береді. Осы міндеттеменің мерзімі
жеткен соң ақша төленеді, сөйтіп ақша төлем құралы қызметін
атқарады
5. Ақша- халықаралық төлем қаржысы. Дүние жүзілік рынокта ақша
халықаралықтардың төлем қаржысы ретінде пайдаланылады.
3
4.
Нумизматика ғылымы.
Кез-келген ақшаданәрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының
бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын
зерттейтін арнайы ғылым саласы бар.
Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т.б.
ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен
зерделенеді.
Нумизматика ғылым ретінде XVIII ғасырдың екінші жартысында
пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.
Теңгенің шығу тарихы.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол
Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы, авторлық топтың
жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына
тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта –
еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының
бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің де өз шығу
тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебі бұл –
өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс.
Қазақстан өз төл теңгесін шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін
жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Олар барлық дүние жүзіндегі
мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер
тарихымен танысты. Алайда Қазақстанда ұлттық ақша жасайтын арнайы
мамандар мен шеберханалардың жоқтығынан бұл саланың қызметкерлерін
шетелден іздеуге тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды
ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды. Теңге беттеріне
4
Ақша- жалпыға
бірдей балама
ретінде қызмет
ететін ерекше
тауар
Ақша- құн
өлшемі
Ақша- қаржы
жинау және
қорлану құралы
Ақша- төлем
құралы
Ақша -айналыс
құралы
Ақша –
халықаралық
төлем
қаржысы
Ақша –
халықаралық
төлем
қаржысы
5.
қазақтың біртуар перзенттерініңсуреттері салынып, сапалы қағаздан
жасалды. Әрбір мемлекет валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге
көріне бермейтін сапа белгілері болады. Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі
саны – 18.
1993 жылғы 15-қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта
аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз
айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде
шығарылды.
Әр мемлекеттің ақшасы – оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін
анықтайтын нышан. Төл теңгемізге ұлт қайраткерлерінің, батырлардың,
хандардың т.б. суреттері салынды.
1 теңгелікте Әбунасыр әл-Фараби, 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте
Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте
Әбілқайыр хан, 100 теңгелікте Абылай хан бейнесі салынған. Қазіргі күні бұл
қағаз ақша металл түрімен ауыстырылды. 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000
теңгеліктерде Әбунасыр әл-Фараби бейнеленген.
Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
«Әр елде - өз валютасы»
1. Төменде аталған елдердің валюта атауларын атаңыз және сол
елдерді картадан көрсету
1. Ресей – рубль
2. Қытай – юань
3. Қырғызстан – сом
4. Өзбекстан – сум
5. Германия - марка
6. АҚШ – доллар
7. Түркіменстан – манат
8. Түркия – лира
9. Швеция – крона
10.Үндістан – рупия
2. берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап.
Слайдттан теңгедегі ұлы тұлғалардың бейнелерін көрсету және қысқаша
мәлімет беру
3. Мақал – мәтелдердің жалғасын тап.
1.Теңге ......... өсер,
Жылқы ..........өсер.
2.Есепсіз ...... жоқ.
3.Алтын тапсаң ....... ал.
4.Тамшыдан тама берсе ........ болар.
5. Ақша ашпайтын .......жоқ.
6. Ар -намысы таза адамның ..........аз болады.
7. Ақша болса- алақанда...... қайнайды
8. Ақша ..... тырысады, есеп ...... тырысады
5
6.
9.Ақшада...... жоқ
10. Малбаққанға , ....... адалдан тапқанға бітеді
4. Ақшаға байланысты ырымдар.
1.Қалтаңызда ақшаны -умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда
қаржыдан тапшылық көресіз және де ақша өзін ұнемдеп, ұқыпты түрде
ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
2.Ал «ақша жоқ»- деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша
ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен, яғни жок десең, жоғала
береді
3.Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да табиғаттың
құрылым бөлшектері сияқты таңертең оянып, түнде ұйықтайды.
4. Қолыңызда ақша тұрақтамаса ,өзгеден емес ,ақшаны қадірлей алмаған
өзіңізден көріңіз
Сөзжұмбақ
1 Ұ
2 Л
3 Т
4 Т
5 Ы
6 Қ
7 Т
Е
9 Ң
10 Г
1
1
Е
1. Ақшаның атқаратын қызметі
2.АҚШ-ң валютасы
3.Ақшаның қасиеті
4.Қандайда бір елдің ақша бірлігі
5. Алғаш қағаз ақша қай елде пайда болды?
6.Ұлттық теңге 1993жылы қай айдан бастап енгізілді?
7. Ақша тарихын зерттейтін ғылым
6
7.
8.Еуропа бөлігінде көпқолданысқа енген валюта
9.Қазақстан валютасы
10.Қазақ теңгесі қай елде басылды?
11.Вен нумизматигі
Пысықтау.
1) Ақша тарихын зерттейтін ғылым?
2) Ақша дегеніміз не?
3) ҚР-ң Ұлттық валютасы қашан енгізілді?
4) Ақшаның қасиеттерін ата ?
5) Ақша қандай қызметтер атқарады?
6) 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Бизнес сөздік (берілген сөздерге түсініктеме беру)
1.Валюта
2.Банкнот
3.Номинал
4.Инкассация
5.Транзит
6. Инфляция
7