SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______
Сабақтың тақырыбы: Көркемдеп оюға арналған ағаш түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен, ағаш оюға қолданылатын
материалдармен таныстыру.
Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды
қалыптастыру, білім, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: ою үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам,
тетіктердің дайындамасы, аспаптар салынған жұмыс қорабы.
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих.
Болжамдап отырған нәтиже: көркемдеп оюға арналған ағаш түрлерін меңгере алатын
тұлға.
Сабақ жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
ІV Жаңа материалды бекіту.
V Қорытынды
VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
Мұғалім ағаш ою туралы әңгімелейді. Ою түрлерімен таныстырады. Материалды
түсіндіру көрсетумен қатар жүреді.
Ою – бұл ағашты көркемдеп өңдеудің бір түрі. Ою техникасын орындау орындаушыдан
аса ұқыптылықты, кеңістік ойлауды, аспапты еркін меңгеруді және жоғары көркемдік
талғамды талап етеді. Ағаш оюдың көптеген түрлері бар. Оларды мынадай негізгі
топтарға бөлуге болады: жазықтық-қуыстап ою немесе тереңдете ою, жазықтық-бедерлі,
бедерлі, айшықты ою, мүсіндік немесе көлемдік ою және үй оюлары.
Қазақ халқының жазықтық, көлемді, өтпелі және әшекейлермен толықтырылатын ағаш
оюлары бірегей және қайталанбас. Киіз үйдің есіктері, қаңқасының жоғарғы цилиндрлік
бөлігі, уықтардың төменгі жағы, шаңырағы, сондай-ақ сандықтар, керуеттер, ыдыс-аяқ
сақтауға арналған құрастырмалы кебежелер, саз аспаптары ағаш оюлармен әшекейленді.
Ағаш ою - –ұл ағаш бұйымдарда орындалған бейне, сурет немесе өрнек. Ағаш ою
монументті – әсемдік өнер түрлерінің бірі болып табылады және қоғамдық ғимараттар
мен сәулет өнері құрылыстары интерьерлерін өңдеу мен әшекейлеу үшін қолданылады.
Оюды әсемдік қолданбалы өнер бұйымдары: жиһазды, саз аспаптарды, әшекейлеу үшін де
пайдаланады.
Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданады. Қандай да бір түрді таңдау
әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты.
Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланады. Жөке ағашы оңай және
таза кесіледі. Қаттылығының төмендегінен жөкені жиһаз дайындауда пайдаланбайды,
сондықтан оны қолдану тұрмыстық ұсақ бұйымдармен шектеледі.
Қандағаш та оңай кесіледі, формасын көп өзгертпейді, өңдеуге оңай көнеді және қызыл
ағашқа ұқсас болады. Осының бәрі оны жұмыстардың барлық түрлері үшін жарамды
етеді.
Ою үшін тамаша материал – қайың ағашы. Ол жөке мен қандағашқа қарағанда қаттырақ,
кесілуі қиындау, бірақ ою сапасы жақсырақ болады. Қайың ағашы жақсы боялады және
өңделеді Оның кемшіліктері – ылғалдылықты тез сіңіруі мен беруі, яғни тез кеуіп қалады,
сондай-ақ шытынауға, формасын өзгертуге бейімділігі. Бұл оны көлемі үлкен бұйымдарда
қолдануға мүмкіндік бермейді. Ұсақ бұйымдарды – ыдыс-аяқ, кәдесыйларды ою үшін
көктерек пен терек ағашын пайдаланады.
Еменді көлемі ірі әсемдік ою жұмыстарына және оюлармен әшекейленетін жиһаз
жасауда қолданады. Емен ағашы өте қаттылығы мен айырылуға бейімділігіне байланысты
өте айшықты және әсем болып шығады.
Оюмен әшекейленетін ұсақ бұйымдар үшін ағаштың сирек тұқымдары: алма, шие ағашы
және т.б. пайдаланылады. Ою үшін қылқан жапырақты тұқымдастардан қарағай, шырша,
самырсынды қолданады. Қарағайдан ежелден қаптамалар, қақпалар, ернеулерге арналған
әшекейлерді ойды.
Бұл ою ірі етіп жасалады, сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың қабаттарының
тығыздығының әркелкілігі жұмысқа қиындық келтірмейді.
Шырша қараға йдан гөрі оңайырақ кесіледі, бірақ оның бұтақтары көп және өте
қатты, сондықтан оны ою үшін сирек қолданады. Ою үшін сапасы жоғары ағашты
қолдану қажет.
Мұғалім ою түрлері, формалары мен өңдеудің алуан түрлілігі туралы әңгімелейді.
Оқушыларды қатыстыра отырып, ағашпен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін қайталайды.
Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдық
нұсқама өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді.
Ағымдағы нұсқама:
а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;
в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
ІV Жаңа материалды бекіту.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
V Қорытынды:
а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.
VІ Бағалау _____________________________________________________
VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________
Тексерілді ________________________________________________________
Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______
Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларды өрнектік немесе мазмұндық сарың бейнелері жөніндегі жұмыс
ережелерімен, суретті әзірлеу ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу,
оқушыларда көркемдік талғамды көркемдік білімді, икемділіктерді, дағдыларды
қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: оюдың үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам,
бөлшектердің дайындамалары аспаптар салынған қорап.
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, тарих.
Болжамдап отырған нәтиже: ағашты көркемдеп оюдың түрлерін меңгере алатын тұлға.
Сабақ жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
ІV Жаңа материалды бекіту.
V Қорытынды
VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
Оюдағы сурет сипатына орындау техникасы мен композицияның жазықтық құрылымы
ықпал етеді. Бедер материалды тереңдете оюдың нәтижесінде алынатын жарық пен
көлеңкенің, қуыстаулардың түр өзгерістері есебінен құралады. Ою заттың жалпы пішінін,
сондай-ақ композициялық әзірлеменің тұрақтылығын немесе белгілі бір серпінділігін
сақтауға мүмкіндік береді.
Оюда қандай да бір кескіндемелік картаның көшірмесін жасауға болмайды. Өйткені
сәндік қолданбалы өнердің техникасында көркемдіктің өз тілі мен жалпылау шегі бар.
Бізді қоршағандардың бәрі айқын нышандарға айналады. Оюда адамның психологиялық
көңіл-күйін беруге тырысу қажет емес – бұның сәті түспейді, өйткені сұлба тек
сызықтардан тұрады.
Кез келген әзірлемеде өрнектік немесе мазмұндық сарынның айқын бейнесі болуы тиіс.
Әрбір оюшының жұмыс мәнері мен шығармашылық қиялының өз ерекшеліктері бар,
сондықтан да оюдың бір түріндегі бірдей мазмұн жалпылаудың әртүрлі дәрежесінде
орындалатын болады. Бұл жердегі басты нәрсе – бұл оюды орындау техникасын еске ала
отырып, материалдың сәндік қасиеттерін пайдалану мен сақтауға тырысу.
Жазықтық-қуыстап оюда бейнелеулерді құруды геометриялық және пішіндік ою
техникасының сипатты ерекшеліктерін зерделеуден бастау ұсынылады. Пішіндік оюда
барлығы сызықтық ырғақта, ал геометриялық ою тұтастай алғанда, сондай-ақ жеке
алғанда әрбір ою элементінің бейнесін нақты құрумен орындалады. Алғашында барлық
әзірлемелерді әрбір элементті оюды жеке үйренуден бастау керек, одан кейін бұл
элементтерден белгілі бір тізбектер, жыланшалар түріндегі өрнектер, т.б. өрнектік
композициялық құрылады.
Геомтериялық оюды орындауға арналған сурет нобайы сызықтық пішінімен және
реңктік өтулер арқылы жасалады (1-сурет).
Сарамандық сабақтар үшін жарықтың жазықтықтағы реңктік өзгерісі көрсетілген
суретті пайдалану керек.
Суреттің көлеңке жақтары қара түспен, ал жарық ауысатын жақтарын негізгі реңктік
жарты дәрежесінде орындаған жөн. Әдетте, суреттің сипаты әсемделетін жазықтықтың
формасына байланысты болады. Мысалы, өрнектің тікбұрышты немесе шаршы бөлігін
бірнеше композициялық бөліктерге бөледі, олардың әрқайсысын бірдей элементтермен
әсемдейді. Бқл бөліктерді бір-бірінен пішіндік бунақтар – кертіктер арқылы бөледі. Егер
композиция шеңберде жасалса, онда шеңбердің бүкіл алаңын аймақтарға бөледі, ал
ортасына гүлөрнектің негізгі сарынын орналастырады.
Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім
ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын
тексереді.
Ағымдағы нұсқама:
а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;
в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
ІV Жаңа материалды бекіту.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
V Қорытынды:
а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.
VІ Бағалау _____________________________________________________
VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________
Тексерілді ________________________________________________________
Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______
Сабақтың тақырыбы: Қолда бар материалдардан бұйымдар дайындау
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларды ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу,
оқушыларда көркемдік талғамды көркемдік білімді, икемділіктерді, дағдыларды
қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: оюдың үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам,
бөлшектердің дайындамасы, аспаптар салынған қорап.
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, тарих.
Болжамдап отырған нәтиже: қолда бар материалдардан бұйымдар дайындай алатын
тұлға.
Сабақ жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
ІV Жаңа материалды бекіту.
V Қорытынды
VІ Бағалау
VІІ Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
Жұмысқа кіріспестен бұрын сабақтың мақсатын белгілеп алу керек. Сендер қандай
бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа
соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер. Бұдан кейін нобай сызуға кірісуге болады. Нобайдың
бірнеше нұсқасын дайындап, оның ішінен ең үздігін таңдап алады.
Енді материал таңдап алу қажет. Әсемдік-қолданбалы өнерде сан алуан материалдар
қолданылуы мүмкін. Олардың әрқайсысы өзінше көркем. Мысалы, әсемдік панноны
қатырма қағазға желімделген алуан түсті матаның немесе қағаздың қиындыларынан, түрлі
түсті уақ тастардан, теңіз ұлуларынан, тіпті әртүрлі реңктегі пияз қабықтарынан жасауға
болады.
Алайда материалды шебердің негізгі ойын ашып көрсететіндей етіп таңдап алу керек.
Одан кейін өздерің жұмыс істейтін аспапты және жұмыс орнын дайындаңдар.
Әртүрлі бұйымдар жасауға болатын толып жатқан материалдар бар. Олардың ішінде
ағаш ерекше орын алады.
Ағашты барлық жерден табуға болады. Олардан кәдесыйлар, сыйлықтар, мысалы,
мектеп дәлізін, сыныпты безендіруге болатын қызықты әсемдік бұйымдар жасауға
болады.
Табиғатпен қосымша авторлықта. Сендер әсемдік-қолданбалы өнер көрмелерінен
адамдардың, жануарлардың тұлғаларын еске салатын тамырларды, бұтақтарды жиі көрген
де боларсыңдар. Бұл – орманнан табылған заттар. Оларды табиғат жасаған. Ал адам
оларды көріп, көшіріп алды, ұқыптылықпен тазартты. Көруге қойылған мұндай бұйым
адамдарды таңдандырады, риза етеді.
Қолда бар материалдардан гүл өсіруге арналған құмыралар жасауға болады.
Бірегей құмыраны жасау үшін сендер кәдімгі түбіртекті аласыңдар. Ең бастысы, ол
форманы мен мөлшері жағынан ыңғайлы болуы керек. Гүл отырғызуға телімдегі қураған
ағаш кесіндісін (бастысы, мұны істеуге оның диаметрінің жеткілікті болуы) де бейімдеуге
болады.
Дайындау рәсімі барынша қарапайым: түбіртектің бетінен толып жатқан тесіктер
бұрғылайды, тесіктер неғұрлым бір-біріне жақын болса, соғұрлым жақсы (жұмыстың
жылдамдығы, қарапайымдылығы мен қолайлығы үшін электр бұрғыны пайдаланған жөн).
Түбіртекті «тесуді» аяқтағаннан кейін қашаумен (бірнешеуімен: әртүрлі формадағы және
мөлшердегі) болашақ «гүл өсіретін құмыраның» ішкі жағын қашау керек. Құмыраның
тереңдігін өз талғамдардың бойынша таңдап алыңдар, тіпті оны тесіп шығып, тазалауға да
болады. Одан кейін тесікке топырақ толтырылып, гүл отырғызылады.
Осы технология бойынша құмыраны кәдімгі бөренеден де жасауға болады.
«Бөренелік» бұйымның артықшылығы – онда бір-біріне тәуелсіз бірнеше құмыраны
бірден жасауға және оларға әртүрлі гүлдерді отырғызуға болатындығы.
Есік ағаш бөшкелерден жасалған құмыралар да әдеттегіден тыс болып көрінеді.
Дайындамасы (бөшкені) ортасынан кесіп, шеттерін қосымша құрсаулармен бекітеді және
антисептиктен өңдейді.
Егер сендерде жүзім сабақтарын тоқу таланты болса, оны өз аулаларыңды безендіру
кезінде қолдануға болады. Бағыттаушылар ретінде бірнеше металл шыбықтар қажетті
биіктікте жерге қағылады және жүзім сабағымен тоқылады.
Сондай-ақ көбікті бетон немесе кесектерден жасалған құмыралар да көзге жаман
көрінбейді. Бұл материалдар балға мен қашаудың көмегімен оңай өңделеді. Алайда бұл
жағдайда сендерге ыңғайлы кезек іздестіруге тура келеді. Ал құмыралар дайындаудың
жоғарыда баяндалған нұсқаларының артықшылығы – материалдардың оңай
табылатындығы мен қолжетімділігіне.
Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық тапсырманы орындауға бағыттау.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты орындалу үшін оқулықтағы жобалық жұмыстың үлгі тақырыбын
пайдалануға болады. Мысалы, қолда бар материалдардан жасалған гүл қоюға арналған
әсемдік тұғыр. Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік
техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды.
Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының
барысын тексереді.
Ағымдағы нұсқама:
а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;
в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
ІV Жаңа материалды бекіту.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
V Қорытынды:
а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.
ә) оқушылардың жұмысын бағалау.
VІ Бағалау _____________________________________________________
VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________
Тексерілді ________________________________________________________
ІІ тарау. Мамандық таңдау.
Көпсалалы жұмысшы кәсібімен танысу
Сабақты оқушылардың жұмысшы кәсібі жөніндегі түсініктерін анықтап, оларға түзету
енгізе отырып, дұрыс көзқарас қалыптастыратын «Қауымдастық» ойыны негізінде
өткізуді ұсынамыз. Ойын сыныппен жұмыс істеуге арналған.
Сыныптан 3 оқушы таңдап алынады, олар қауымдастықтың қойған сұрақтарының
көмегімен жасырған кәсіпті табуға тиіс. Тәжірибе оқушылардың барлығы бірдей
қауымдастықтың қойған сұрағының мәнін бірден түсіне қоймайтынын көрсетеді.
Сондықтан да алдымен бір мысалды талқылап көру орынды болады.
Жұмбақтың шешімін табушылар дәлізге шығып тұрады (кәсіптің ерекшелігін еңбек
құралын айтуға, яғни дұрыс сұрақтар қоюға тыйым салынады. Бұл үшін басқа ойын –
«Кәсіптік тап» ойыны бар). Сынып бұл кезде бір (оқушыларға қызғылықты болып
көрінген кез келгенін) кәсіпті тез жасырады. Бұдан кейін жұмбақ шешушілер кіреді,
оқушылар өз сұрақтарын қояды, сұрақтар нақты бір оқушыға қойылады. Жүргізуші
қысқаша 6 сұрақ пен 6 жауапты есепке алады, осыдан кейін табушылар командасы 30
секунд ішінде жұмбақтың шешімінің үш нұсқасын ұсынуы тиіс. Егер бір нұсқа дұрыс
болып шықса, шешуді табушы команда жеңген болып есептеледі.
Талқылау барысында жауаптардың қаншалықты сәтті болғаны (олар шешімін
табушыларды жаңылдырған жоқ па) анықталады, сондай-ақ нақты сұрақтарға жауап
бергендер өз жауаптарын негіздейді. Жүргізуші де қарастырылып отырған кәсіп туралы
оқушылардың түсініктеріне аздап түзетулер енгізе отырып, талқылауға қатыса алады.
Әдетте, кейбір 3-5 кәсіпті талқылаудың сәті түседі, сынып оқушыларының көпшілігі
кезекпе-кезек шешімді табушылар рөлінде болатындықтан, ешкім де жалыға қоймайды.
Әдетте, балалар мұндай жағдайларда кәсіптердің жартысынан астамының шешімін
табады. Мұндай дәстүрден тыс сабақтарды өткізуге таңдап алынған тақырып оқушыларға
неғұрлым жақын тілде өткізілуі керек және олардың эмоциялық қабылдаулары да есепке
алынуы қажет. Алайда мұның қатаң негізделген қызықсыз лекцияға қарағанда тиімдірек
болары анық.
Психосемантикалық әдістерді пайдаланып жүргізілген әртүрлі зерттеулерге қарағанда,
түрлі кәсіптер жөнінде адамдар ортақ көзқарас қалыптасқан.

More Related Content

Viewers also liked (9)

Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 
Lgi bejneleu (1)
Lgi bejneleu (1)Lgi bejneleu (1)
Lgi bejneleu (1)
 
Dene lgi (1)
Dene lgi (1)Dene lgi (1)
Dene lgi (1)
 
Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)
 
Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосыМұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосы
 
Bastauysh lgi (1)
Bastauysh lgi (1)Bastauysh lgi (1)
Bastauysh lgi (1)
 
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыБастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
 
Сынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосыСынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосы
 
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыСынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосы
 

More from Serjan Kasen

көрнекіліктер
көрнекіліктеркөрнекіліктер
көрнекіліктер
Serjan Kasen
 
көрнекіліктер.8 сынып
көрнекіліктер.8 сыныпкөрнекіліктер.8 сынып
көрнекіліктер.8 сынып
Serjan Kasen
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
Serjan Kasen
 
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-aAvtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
Serjan Kasen
 
Informatika szh lgisi
Informatika szh lgisiInformatika szh lgisi
Informatika szh lgisi
Serjan Kasen
 
Geo pourochnyj lgi
Geo pourochnyj lgiGeo pourochnyj lgi
Geo pourochnyj lgi
Serjan Kasen
 
Samopoznanie lgi szh
Samopoznanie lgi szhSamopoznanie lgi szh
Samopoznanie lgi szh
Serjan Kasen
 
Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)
Serjan Kasen
 
орыс тілінен үлгілер
орыс тілінен үлгілерорыс тілінен үлгілер
орыс тілінен үлгілер
Serjan Kasen
 
география үлгі
география үлгігеография үлгі
география үлгі
Serjan Kasen
 
матем үлгі 5, 10
матем үлгі 5, 10матем үлгі 5, 10
матем үлгі 5, 10
Serjan Kasen
 
д тарих үлгі
д тарих үлгід тарих үлгі
д тарих үлгі
Serjan Kasen
 

More from Serjan Kasen (20)

Muzika rus ulgi
Muzika  rus ulgiMuzika  rus ulgi
Muzika rus ulgi
 
көрнекіліктер
көрнекіліктеркөрнекіліктер
көрнекіліктер
 
көрнекіліктер.8 сынып
көрнекіліктер.8 сыныпкөрнекіліктер.8 сынып
көрнекіліктер.8 сынып
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
Dintanu ulgy
Dintanu ulgyDintanu ulgy
Dintanu ulgy
 
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-aAvtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
Avtomatty pulemetti-tekserip-arau zh-ne-ony_atys-a
 
Dio rus ulgi
Dio rus ulgiDio rus ulgi
Dio rus ulgi
 
Biologija ulgy
Biologija ulgyBiologija ulgy
Biologija ulgy
 
Informatika szh lgisi
Informatika szh lgisiInformatika szh lgisi
Informatika szh lgisi
 
Geo pourochnyj lgi
Geo pourochnyj lgiGeo pourochnyj lgi
Geo pourochnyj lgi
 
Samopoznanie lgi szh
Samopoznanie lgi szhSamopoznanie lgi szh
Samopoznanie lgi szh
 
A ylshyn-lgi szh
A ylshyn-lgi szhA ylshyn-lgi szh
A ylshyn-lgi szh
 
Fizika szh lgisi
Fizika szh lgisiFizika szh lgisi
Fizika szh lgisi
 
Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)
 
орыс тілінен үлгілер
орыс тілінен үлгілерорыс тілінен үлгілер
орыс тілінен үлгілер
 
география үлгі
география үлгігеография үлгі
география үлгі
 
Khimija ulgy
Khimija ulgyKhimija ulgy
Khimija ulgy
 
матем үлгі 5, 10
матем үлгі 5, 10матем үлгі 5, 10
матем үлгі 5, 10
 
д тарих үлгі
д тарих үлгід тарих үлгі
д тарих үлгі
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 

технология 9үлгі

  • 1. Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______ Сабақтың тақырыбы: Көркемдеп оюға арналған ағаш түрлері Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен, ағаш оюға қолданылатын материалдармен таныстыру. Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту. Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктер: ою үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, тетіктердің дайындамасы, аспаптар салынған жұмыс қорабы. Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих. Болжамдап отырған нәтиже: көркемдеп оюға арналған ағаш түрлерін меңгере алатын тұлға. Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. ІІІ Сарамандық жұмыс. ІV Жаңа материалды бекіту. V Қорытынды VІ Бағалау VІІ Үйге тапсырма Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. Мұғалім ағаш ою туралы әңгімелейді. Ою түрлерімен таныстырады. Материалды түсіндіру көрсетумен қатар жүреді. Ою – бұл ағашты көркемдеп өңдеудің бір түрі. Ою техникасын орындау орындаушыдан аса ұқыптылықты, кеңістік ойлауды, аспапты еркін меңгеруді және жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағаш оюдың көптеген түрлері бар. Оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: жазықтық-қуыстап ою немесе тереңдете ою, жазықтық-бедерлі, бедерлі, айшықты ою, мүсіндік немесе көлемдік ою және үй оюлары. Қазақ халқының жазықтық, көлемді, өтпелі және әшекейлермен толықтырылатын ағаш оюлары бірегей және қайталанбас. Киіз үйдің есіктері, қаңқасының жоғарғы цилиндрлік бөлігі, уықтардың төменгі жағы, шаңырағы, сондай-ақ сандықтар, керуеттер, ыдыс-аяқ сақтауға арналған құрастырмалы кебежелер, саз аспаптары ағаш оюлармен әшекейленді. Ағаш ою - –ұл ағаш бұйымдарда орындалған бейне, сурет немесе өрнек. Ағаш ою монументті – әсемдік өнер түрлерінің бірі болып табылады және қоғамдық ғимараттар мен сәулет өнері құрылыстары интерьерлерін өңдеу мен әшекейлеу үшін қолданылады. Оюды әсемдік қолданбалы өнер бұйымдары: жиһазды, саз аспаптарды, әшекейлеу үшін де пайдаланады. Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданады. Қандай да бір түрді таңдау әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты. Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланады. Жөке ағашы оңай және таза кесіледі. Қаттылығының төмендегінен жөкені жиһаз дайындауда пайдаланбайды, сондықтан оны қолдану тұрмыстық ұсақ бұйымдармен шектеледі. Қандағаш та оңай кесіледі, формасын көп өзгертпейді, өңдеуге оңай көнеді және қызыл ағашқа ұқсас болады. Осының бәрі оны жұмыстардың барлық түрлері үшін жарамды етеді.
  • 2. Ою үшін тамаша материал – қайың ағашы. Ол жөке мен қандағашқа қарағанда қаттырақ, кесілуі қиындау, бірақ ою сапасы жақсырақ болады. Қайың ағашы жақсы боялады және өңделеді Оның кемшіліктері – ылғалдылықты тез сіңіруі мен беруі, яғни тез кеуіп қалады, сондай-ақ шытынауға, формасын өзгертуге бейімділігі. Бұл оны көлемі үлкен бұйымдарда қолдануға мүмкіндік бермейді. Ұсақ бұйымдарды – ыдыс-аяқ, кәдесыйларды ою үшін көктерек пен терек ағашын пайдаланады. Еменді көлемі ірі әсемдік ою жұмыстарына және оюлармен әшекейленетін жиһаз жасауда қолданады. Емен ағашы өте қаттылығы мен айырылуға бейімділігіне байланысты өте айшықты және әсем болып шығады. Оюмен әшекейленетін ұсақ бұйымдар үшін ағаштың сирек тұқымдары: алма, шие ағашы және т.б. пайдаланылады. Ою үшін қылқан жапырақты тұқымдастардан қарағай, шырша, самырсынды қолданады. Қарағайдан ежелден қаптамалар, қақпалар, ернеулерге арналған әшекейлерді ойды. Бұл ою ірі етіп жасалады, сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың қабаттарының тығыздығының әркелкілігі жұмысқа қиындық келтірмейді. Шырша қараға йдан гөрі оңайырақ кесіледі, бірақ оның бұтақтары көп және өте қатты, сондықтан оны ою үшін сирек қолданады. Ою үшін сапасы жоғары ағашты қолдану қажет. Мұғалім ою түрлері, формалары мен өңдеудің алуан түрлілігі туралы әңгімелейді. Оқушыларды қатыстыра отырып, ағашпен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін қайталайды. Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау. ІІІ Сарамандық жұмыс. Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдық нұсқама өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді. Ағымдағы нұсқама: а) жұмыс орындарын ұйымдастыру; ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру; в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. ІV Жаңа материалды бекіту. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. V Қорытынды: а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау. ә) оқушылардың жұмысын бағалау. VІ Бағалау _____________________________________________________ VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________
  • 3. Тексерілді ________________________________________________________ Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______ Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларды өрнектік немесе мазмұндық сарың бейнелері жөніндегі жұмыс ережелерімен, суретті әзірлеу ережелерімен таныстыру. Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту. Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу, оқушыларда көркемдік талғамды көркемдік білімді, икемділіктерді, дағдыларды қалыптастыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктер: оюдың үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, бөлшектердің дайындамалары аспаптар салынған қорап. Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, тарих. Болжамдап отырған нәтиже: ағашты көркемдеп оюдың түрлерін меңгере алатын тұлға. Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. ІІІ Сарамандық жұмыс. ІV Жаңа материалды бекіту. V Қорытынды VІ Бағалау VІІ Үйге тапсырма Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. Оюдағы сурет сипатына орындау техникасы мен композицияның жазықтық құрылымы ықпал етеді. Бедер материалды тереңдете оюдың нәтижесінде алынатын жарық пен көлеңкенің, қуыстаулардың түр өзгерістері есебінен құралады. Ою заттың жалпы пішінін, сондай-ақ композициялық әзірлеменің тұрақтылығын немесе белгілі бір серпінділігін сақтауға мүмкіндік береді. Оюда қандай да бір кескіндемелік картаның көшірмесін жасауға болмайды. Өйткені сәндік қолданбалы өнердің техникасында көркемдіктің өз тілі мен жалпылау шегі бар. Бізді қоршағандардың бәрі айқын нышандарға айналады. Оюда адамның психологиялық көңіл-күйін беруге тырысу қажет емес – бұның сәті түспейді, өйткені сұлба тек сызықтардан тұрады. Кез келген әзірлемеде өрнектік немесе мазмұндық сарынның айқын бейнесі болуы тиіс. Әрбір оюшының жұмыс мәнері мен шығармашылық қиялының өз ерекшеліктері бар, сондықтан да оюдың бір түріндегі бірдей мазмұн жалпылаудың әртүрлі дәрежесінде орындалатын болады. Бұл жердегі басты нәрсе – бұл оюды орындау техникасын еске ала отырып, материалдың сәндік қасиеттерін пайдалану мен сақтауға тырысу.
  • 4. Жазықтық-қуыстап оюда бейнелеулерді құруды геометриялық және пішіндік ою техникасының сипатты ерекшеліктерін зерделеуден бастау ұсынылады. Пішіндік оюда барлығы сызықтық ырғақта, ал геометриялық ою тұтастай алғанда, сондай-ақ жеке алғанда әрбір ою элементінің бейнесін нақты құрумен орындалады. Алғашында барлық әзірлемелерді әрбір элементті оюды жеке үйренуден бастау керек, одан кейін бұл элементтерден белгілі бір тізбектер, жыланшалар түріндегі өрнектер, т.б. өрнектік композициялық құрылады. Геомтериялық оюды орындауға арналған сурет нобайы сызықтық пішінімен және реңктік өтулер арқылы жасалады (1-сурет). Сарамандық сабақтар үшін жарықтың жазықтықтағы реңктік өзгерісі көрсетілген суретті пайдалану керек. Суреттің көлеңке жақтары қара түспен, ал жарық ауысатын жақтарын негізгі реңктік жарты дәрежесінде орындаған жөн. Әдетте, суреттің сипаты әсемделетін жазықтықтың формасына байланысты болады. Мысалы, өрнектің тікбұрышты немесе шаршы бөлігін бірнеше композициялық бөліктерге бөледі, олардың әрқайсысын бірдей элементтермен әсемдейді. Бқл бөліктерді бір-бірінен пішіндік бунақтар – кертіктер арқылы бөледі. Егер композиция шеңберде жасалса, онда шеңбердің бүкіл алаңын аймақтарға бөледі, ал ортасына гүлөрнектің негізгі сарынын орналастырады. Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау. ІІІ Сарамандық жұмыс. Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді. Ағымдағы нұсқама: а) жұмыс орындарын ұйымдастыру; ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру; в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. ІV Жаңа материалды бекіту. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. V Қорытынды: а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау. ә) оқушылардың жұмысын бағалау. VІ Бағалау _____________________________________________________ VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________
  • 5. Тексерілді ________________________________________________________ Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______ Сабақтың тақырыбы: Қолда бар материалдардан бұйымдар дайындау Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларды ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту. Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге әдемілікті сезінуге тәрбиелеу, оқушыларда көркемдік талғамды көркемдік білімді, икемділіктерді, дағдыларды қалыптастыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекіліктер: оюдың үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, бөлшектердің дайындамасы, аспаптар салынған қорап. Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, тарих. Болжамдап отырған нәтиже: қолда бар материалдардан бұйымдар дайындай алатын тұлға. Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. ІІІ Сарамандық жұмыс. ІV Жаңа материалды бекіту. V Қорытынды VІ Бағалау VІІ Үйге тапсырма Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ. Жұмысқа кіріспестен бұрын сабақтың мақсатын белгілеп алу керек. Сендер қандай бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер. Бұдан кейін нобай сызуға кірісуге болады. Нобайдың бірнеше нұсқасын дайындап, оның ішінен ең үздігін таңдап алады.
  • 6. Енді материал таңдап алу қажет. Әсемдік-қолданбалы өнерде сан алуан материалдар қолданылуы мүмкін. Олардың әрқайсысы өзінше көркем. Мысалы, әсемдік панноны қатырма қағазға желімделген алуан түсті матаның немесе қағаздың қиындыларынан, түрлі түсті уақ тастардан, теңіз ұлуларынан, тіпті әртүрлі реңктегі пияз қабықтарынан жасауға болады. Алайда материалды шебердің негізгі ойын ашып көрсететіндей етіп таңдап алу керек. Одан кейін өздерің жұмыс істейтін аспапты және жұмыс орнын дайындаңдар. Әртүрлі бұйымдар жасауға болатын толып жатқан материалдар бар. Олардың ішінде ағаш ерекше орын алады. Ағашты барлық жерден табуға болады. Олардан кәдесыйлар, сыйлықтар, мысалы, мектеп дәлізін, сыныпты безендіруге болатын қызықты әсемдік бұйымдар жасауға болады. Табиғатпен қосымша авторлықта. Сендер әсемдік-қолданбалы өнер көрмелерінен адамдардың, жануарлардың тұлғаларын еске салатын тамырларды, бұтақтарды жиі көрген де боларсыңдар. Бұл – орманнан табылған заттар. Оларды табиғат жасаған. Ал адам оларды көріп, көшіріп алды, ұқыптылықпен тазартты. Көруге қойылған мұндай бұйым адамдарды таңдандырады, риза етеді. Қолда бар материалдардан гүл өсіруге арналған құмыралар жасауға болады. Бірегей құмыраны жасау үшін сендер кәдімгі түбіртекті аласыңдар. Ең бастысы, ол форманы мен мөлшері жағынан ыңғайлы болуы керек. Гүл отырғызуға телімдегі қураған ағаш кесіндісін (бастысы, мұны істеуге оның диаметрінің жеткілікті болуы) де бейімдеуге болады. Дайындау рәсімі барынша қарапайым: түбіртектің бетінен толып жатқан тесіктер бұрғылайды, тесіктер неғұрлым бір-біріне жақын болса, соғұрлым жақсы (жұмыстың жылдамдығы, қарапайымдылығы мен қолайлығы үшін электр бұрғыны пайдаланған жөн). Түбіртекті «тесуді» аяқтағаннан кейін қашаумен (бірнешеуімен: әртүрлі формадағы және мөлшердегі) болашақ «гүл өсіретін құмыраның» ішкі жағын қашау керек. Құмыраның тереңдігін өз талғамдардың бойынша таңдап алыңдар, тіпті оны тесіп шығып, тазалауға да болады. Одан кейін тесікке топырақ толтырылып, гүл отырғызылады. Осы технология бойынша құмыраны кәдімгі бөренеден де жасауға болады. «Бөренелік» бұйымның артықшылығы – онда бір-біріне тәуелсіз бірнеше құмыраны бірден жасауға және оларға әртүрлі гүлдерді отырғызуға болатындығы. Есік ағаш бөшкелерден жасалған құмыралар да әдеттегіден тыс болып көрінеді. Дайындамасы (бөшкені) ортасынан кесіп, шеттерін қосымша құрсаулармен бекітеді және антисептиктен өңдейді. Егер сендерде жүзім сабақтарын тоқу таланты болса, оны өз аулаларыңды безендіру кезінде қолдануға болады. Бағыттаушылар ретінде бірнеше металл шыбықтар қажетті биіктікте жерге қағылады және жүзім сабағымен тоқылады. Сондай-ақ көбікті бетон немесе кесектерден жасалған құмыралар да көзге жаман көрінбейді. Бұл материалдар балға мен қашаудың көмегімен оңай өңделеді. Алайда бұл жағдайда сендерге ыңғайлы кезек іздестіруге тура келеді. Ал құмыралар дайындаудың жоғарыда баяндалған нұсқаларының артықшылығы – материалдардың оңай табылатындығы мен қолжетімділігіне. Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық тапсырманы орындауға бағыттау. ІІІ Сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмысты орындалу үшін оқулықтағы жобалық жұмыстың үлгі тақырыбын пайдалануға болады. Мысалы, қолда бар материалдардан жасалған гүл қоюға арналған әсемдік тұғыр. Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды.
  • 7. Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді. Ағымдағы нұсқама: а) жұмыс орындарын ұйымдастыру; ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру; б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру; в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру. ІV Жаңа материалды бекіту. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. V Қорытынды: а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау. ә) оқушылардың жұмысын бағалау. VІ Бағалау _____________________________________________________ VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________ Тексерілді ________________________________________________________ ІІ тарау. Мамандық таңдау. Көпсалалы жұмысшы кәсібімен танысу Сабақты оқушылардың жұмысшы кәсібі жөніндегі түсініктерін анықтап, оларға түзету енгізе отырып, дұрыс көзқарас қалыптастыратын «Қауымдастық» ойыны негізінде өткізуді ұсынамыз. Ойын сыныппен жұмыс істеуге арналған. Сыныптан 3 оқушы таңдап алынады, олар қауымдастықтың қойған сұрақтарының көмегімен жасырған кәсіпті табуға тиіс. Тәжірибе оқушылардың барлығы бірдей қауымдастықтың қойған сұрағының мәнін бірден түсіне қоймайтынын көрсетеді. Сондықтан да алдымен бір мысалды талқылап көру орынды болады. Жұмбақтың шешімін табушылар дәлізге шығып тұрады (кәсіптің ерекшелігін еңбек құралын айтуға, яғни дұрыс сұрақтар қоюға тыйым салынады. Бұл үшін басқа ойын – «Кәсіптік тап» ойыны бар). Сынып бұл кезде бір (оқушыларға қызғылықты болып көрінген кез келгенін) кәсіпті тез жасырады. Бұдан кейін жұмбақ шешушілер кіреді, оқушылар өз сұрақтарын қояды, сұрақтар нақты бір оқушыға қойылады. Жүргізуші қысқаша 6 сұрақ пен 6 жауапты есепке алады, осыдан кейін табушылар командасы 30 секунд ішінде жұмбақтың шешімінің үш нұсқасын ұсынуы тиіс. Егер бір нұсқа дұрыс болып шықса, шешуді табушы команда жеңген болып есептеледі. Талқылау барысында жауаптардың қаншалықты сәтті болғаны (олар шешімін табушыларды жаңылдырған жоқ па) анықталады, сондай-ақ нақты сұрақтарға жауап бергендер өз жауаптарын негіздейді. Жүргізуші де қарастырылып отырған кәсіп туралы оқушылардың түсініктеріне аздап түзетулер енгізе отырып, талқылауға қатыса алады. Әдетте, кейбір 3-5 кәсіпті талқылаудың сәті түседі, сынып оқушыларының көпшілігі кезекпе-кезек шешімді табушылар рөлінде болатындықтан, ешкім де жалыға қоймайды. Әдетте, балалар мұндай жағдайларда кәсіптердің жартысынан астамының шешімін табады. Мұндай дәстүрден тыс сабақтарды өткізуге таңдап алынған тақырып оқушыларға неғұрлым жақын тілде өткізілуі керек және олардың эмоциялық қабылдаулары да есепке
  • 8. алынуы қажет. Алайда мұның қатаң негізделген қызықсыз лекцияға қарағанда тиімдірек болары анық. Психосемантикалық әдістерді пайдаланып жүргізілген әртүрлі зерттеулерге қарағанда, түрлі кәсіптер жөнінде адамдар ортақ көзқарас қалыптасқан.