SlideShare a Scribd company logo
1 of 9
Download to read offline
2
1-бап. Атауы, орналасқан жері және қызмет мерзімі
Бірлестіктің орыс тіліндегі атауы:
"PMI Eurasia Chapter " қоғамдық бірлестігі;
Бірлестіктің қазақ тіліндегі атауы:
"PMI Eurasia Chapter " Қоғамдық Бірлестігі;
Бірлестіктің ағылшын тіліндегі атауы:
Public Union “PMI Eurasia Chapter”;
Қысқартылған атауы: "PMI Eurasia Chapter" ҚБ;
Қоғамдық Бірлестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000 (Z10K1D2), Астана қ., Сарыарқа ауданы,
Ш. Қосшығұлұлы к-сі, 3/1 үй, 25-пәтер.
Бірлестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.
2-бап. Заңды мәртебесі
2.1. Өз мәртебесі бойынша бұдан әрі «Бәрлестік» деп аталатын "PMI Eurasia Chapter" азаматтардың ерікті
бірігуінің, ортақ мақсаттар мен міндеттерге жетуінің нәтижесінде құрылған қоғамдық Бірлестік нысанындағы
мүшелігі бар коммерциялық емес жергілікті ұйым болып табылады.
2.2. Жарғылық міндеттерін орындай отырып, Бірлестік Қазақстан Конституциясының, «Қоғамдық Бірлестіктер
туралы» ҚР Заңының, ҚР Азаматтық кодексінің, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының, басқа да
заңдар мен құқықтық актілердің, осы жарғының негізінде қызмет жасайды.
2.3. Қызметінің барысында Бірлестік төмендегі қағидалар мен нормаларды басшылыққа алады:
 Бірлестік өз қатысушыларының (мүшелерiнiң) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару,
қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi;
 Бірлестік ешбір саяси партияның саяси қызметн қолдап әрекет етпейді, сондай-ақ кез келген басқа
ұйымның саяси қызметіне тартылмайды;
 Бірлестік ақпараттың ашықтығы және оған қолжетімділік қағидаларын ұстанады;
 Бірлестік Қатысушылар (мүшелер) үшін пайда алу мақсатынсыз және алған пайданы қатысушыларына
(мүшелеріне) бөлусіз коммерциялық емес ұйым ретінде қызмет жасайды.
2.4. Бірлестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, азаматтық
айналымда Бірлестіктің органдары білдіреді, өз балансы және есеп айырысу шоты, өз атауы көрсетілген мөрі,
мөртабандары бар. Заңды тұлға құқықтарын Бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап иеленеді.
2.5. Бірлестік өз меншігіне және басқа да затқа құқықтардың негізінде оқшауландырылған мүлік ала алады және өз
міндеттемелері бойынша сол мүлікпен жауап береді. Бірлестіктің құрылтайшылары мен қатысушылары (мүшелері)
Бірлестіктің мінлеттемелері бойынша жауапкершілік көтермейді, ал Бірлестік оның құрылтайшылары мен
қатысушыларының (мүшелерінің) міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2.6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірлестік:
өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға құқылы;
міндеттерді көтереді;
Бірлестіктің негізгі қызметіне, оның мақсаттары мен міндеттеріне жататын және оның коммерциялық емес
ұйым ретінде қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті шарттарды (келісімшарттарды, келісімдерді) жасасады;
сотта талапкер және жауапкер ретінде өз атынан әрекет етеді;
өз атауы көрсетілген бейнелемесі және басқа да атрибутикасы, соның ішінде эмблемалары, тулары,
жалаушалары болуы мүмкін;
қолданыстағы заңнамада осы нысандағы ұйымдар үшін қарастырылған барлық құқықтарды және
жеңілдіктерді пайдаланады.
2.7. Бірлестік жарғыда көзделген қызметін Астана қаласының аумағында жүзеге асырады.
2.8. «Қоғамдық Бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қоғамдық және
мемлекеттік институттардың ынтымақтасуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық
бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың
мiндеттерiн жүктеуге және Бірлестікті мемлекеттің қаржыландыруына жол берiлмейдi.
3-бап. Қызметінің мақсаттары және мәні
3.1. Бірлестіктің мақсаты Қазақстан Республикасында жобаларды басқару тәжірибесін, ғылымын және
мамандығын белсенді дамыту болып табылады.
Бірлестік қызметінің мәні:
 Жобаларды басқаруда кәсіпқойлықты арттыру.
 Қазақстанда жобаларды басқарудың сапасы мен ауқымдылығына өз үлесін қосу.
 Жергілікті жобаларды басқару жөніндегі кәсіпқойлардың мүшелігін белсенді жалдау және ұстап қалу
жоспары арқылы дамыту.
3
 Оның мүшелерінің, сондай-ақ жобаларды басқаруға мүдделі және оған қатысатын басқа да
тұлғалардың арасында жобаларды басқару идеяларымен, қосымшаларымен және мәселелер
шешімдерімен еркін басқару үшін форум ұсыну.
 Жергілікті кәсіпорындарға. Университеттерге және кәсіби қауымдастықтарға жобаларды кәсіби
басқару қағидалары мен әдістерін ілгері бастыру.
 Жобаларды басқару бойынша кәсіпқойлықты жергілікті жобалар менеджерлерінің қажеттіліктерінің
негізінде сапалы бағдарламаларды әзірлеу және ұсыну арқылы қолдау және арттыру.
 Жергілікті жобалар менеджерлерінің дағдыларын бекіту және сертификаттау бағдарламаларын PMI®
қолдау үшін білім бағдарламаларын (тренингтерді, семинарларды, конференцияларды) құру және
ұсыну.
 Қайырымдылық қызметіне қатысу.
3.2 Лицензиялауды қажет ететін қызмет түрлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензия алған соң жүзеге
асырылады.
3.3 Қоғамдық Бірлестік кәсіпкерлік қызметті жарғылық мақсаттарға жету қажетті көлемде жүзеге асыра алады.
3.4 Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінің кірістері Бірлестік мүшелерінің арасында бөлінбейді және жарғы
мақсаттарына жұмсалады. Бірлестіктің кірісті қайырымдылық мақсатта пайдалануына жол беріледі.
4-бап. Бірлестіктің құқықтары және міндеттері
4.1. Мақсаттарына жету үшін Бірлестік құқылы:
 өз қызметі туралы ақпаратты еркін таратуға;
 материалдарды бұқаралық ақпарат құрадарында жариялауға, өз бұқаралық ақпарат құралдарын, соның
ішінде ғылыми, ақпараттық-талдамалы журналдарын, ақпараттық бюллетеньдерді және жекелеген
басылымдарды құруға, баспа және жарнама қызметін жүргізуге;
 тәжірибе дәрістерін, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды,
викториналарды, фестивальдарды, конкурстарды, консультацияларды, жарияланымдарды,
репортаждарды, сұхбаттарды, очерктерді, көркем туындыларын, БАҚ-нда баспа және интернет
басылымдарында бағдарламаларды ұйымдастыруға;
 жарғылық мақсатта Бірлестіктің Бірлестік белгілеген тәртіппен атынан шәкіртақыларды, гранттарды,
сыйлықақыларды, жүлдерлерді, сыйлықтарды тағайындуға;
 деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді және талдауды, соның ішінде деректер базасын басқаруды
ұйымдастыруға;
 деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістемелері мен бағдарламаларын әзірлеуге;
 ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына сараптама жүргізуге;
 ғылыми еңбектерді, баяндамаларды, хабарламаларды шығаруға;
 ғылыми бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша тапсырмаларды орындауға;
 ақпараттық материалдарды баспа түрінде, электронды тасмылдағыштарда, аудио-, фото, бейне/, кино
өнімдері және т.б. түрінде дайындауға және таратуға;
 әлеуметтік сипаттағы өнімдерді (әлеуметтік кино-, бейнероликтерді, интернет басылымдарын) жасап
шығару үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
 білім бағдарламаларын ұйымдастыруға және әзірлеуге, оқу және ғылыми тағылымдамаларды, ғылыми
сабақтарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға;
 ғылыми-зерттеу сапарларын және ғылыми алмасуды ұйымдастыруға және қаржыландыруға,
халықаралық кездесулерге, семинарларға, конференцияларға қатысу, зерттеулерді жүргізу үшін
шетелден ғылыми қызметкерлерді, халықаралық мамандарды шақыруға;
 семинарлардың, конференцияларды, дөңгелек үстелдердің, соның ішінде халықаралық деңгейдегі
семинарлардың, конференцияларды, дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысуға;
 сыйлықтарды, шәкіртақыларды және марапатттарды тағайындауға және сыйлауға;
 халықаралық, мемлекеттік және үкіметтік емес бағдарламаларды, Бірлестіктің мүдделер аясына кіретін
жобалар мен істерін қаржыландыруға және оларға қатысуға;
 Бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктерін Астана қаласында құруға;
 Заңға сәйкес басқа да коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды құруға, басқа да ұйымдарға
қатысуға, қауымдастықтар мен одақтарға кіруге, соның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға
мүше ретінде кіруге;
 Бірлестіктің жарғылық қызметіне қаражат жинау және тарту, оның бағдарламалары мен жобаларын
демеушілік және өзге көмек ретінде қаржыландыру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
 өз құқықтарын, өз қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтарын мемлекеттік билік органдарында,
соттарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында және қоғамдық Бірлестіктерде білдіруге және
қорғауға;
 кәсіпкерлік қызметті Бірлестіктің жарғылық мақсаттарына жету үшін қажетті және сол мақсаттарға
сәйкес көлемде жүргізуге. Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер Бірлестіктің
қатысушыларының және (немесе) құрылтайшыларының арасында бөлінбейді және тек қана жарғылық
4
мақсаттарға жету үшін қолданылу керек. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерге ҚР заңнамасына
сәйкес салық салынуға тиіс;
 «Қоғамдық Бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарда және қоғамдық
Бірлестіктердің қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерде қарастырылған өкілеттіктерді
толық көлемде жүзеге асыруға.
4.2. Бірлестік міндетті:
 Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
 өз мүшелеріне лардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
 ақша қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы өз мүшелеріне хабарлауға;
 тұрақты қызмет ететін басқарушы органның орналасқан жерінің және басшылар туралы мәліметтердің
өзгергені туралы Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне кіргізілген мәліметтер көлемінде
тіркеуші органға хабарлауға.
5-бап. Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері), олардың құқықтары мен міндеттері, мүшелікті иелену және оны
жоғалту шарттары мен талаптары.
5.1. PMI® мүшелігі бар, 18 жасқа толған азаматтар Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) бола алады. Бірлестік
өз мүшелерінің қатарына PMI® мүшелері болып табылмайтын адамдарды қабылдамайды. Бірлестіктегі мүшелік
Бірлестіктің мақсаттарын ілгері жылжытуға мүдделі кез келген адам үшін ерікті және ашық болып табылады.
Мүшелікке нәсіліне, діни сеніміне, тері түсіне, жасына, жынысына, отбасылық жағдайына, ұлтына, дініне немесе
дене не ақыл-ой кемшіліктеріне қарамастан қатысуға қатысты барлық адамдар кіре алады.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен қатар Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері)
бола алады.
Бірлестіктің Құрылтайшылары қатысушылар болып табылады және оладың тиісті құқықтары мен міндеттері бар.
Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) тең құқыққа ие және тең міндеттерді көтереді.
Бірлестіктің оның мүшелерінің Жалпы Жиналысы бекіткен PMI® мүшелік санаттарына сәйкес келетін мүшелік
санаттары бар.
5.2. Әрбір қатысушы (мүше) құқылы:
 Жалпы Жиналысқа қатысуға;
 Жарғының ережелеріне сәйкес Бірлестікті басқаруға қатысуға;
 Бірлестіктің басқарушы және бақылау-ревизиялық органдарына сайлауға және сайлануға;
 Бірлестік өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;
 Бірлестіктің қызметіне байланысты мәселелер бойынша оның кез келген органдарына ұсыныс жасауға;
 Бірлестіктің қызметі және Бірлестік жоспарлаған іс-шаралар туралы ақпарат алуға;
 одан еркін түрде шығуға;
 басқа мүшелерден осы Жарғы бойынша міндеттемелерін тиісінде орындауын талап етуге.
5.3. Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) міндетті:
 Бірлестіктің жарғысын сақтауға;
 Бірлестіктің Жалпы Жиналысына қатысуға;
 міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;
 Бірлестіктің басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;
 өздері сайланған органдардың жұмысына белсенді қатысуға.
5.4 Кіру жарналары мен мүшелік жарналарын Бірлестіктің мүшелері мәндетті түрде төлеуге тиіс. Төленген кіру
және мүшелік жарналары қайтарылмайды.
5.5. Бірлестікке мүше болу және одан айырылу:
 PMI® мүшесі болып табылатын және 18 толған кез келген заңды тұлға Президентке өтініш жазу және тең
құқықты мүше ретінде қатысушылардың (мүшелердің) кезектен тыс Жалпы Жиналысында мүше ретінде
бекітілген сәттен бастап Бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) бола алады;
 қатысушылардың (мүшелердің) саны ашық болып қалады. Бірігу Бірлестік Мүшелігінің Сертификаты
түрінде рәсімделеді;
 Бірлестіктің кез келген мүшесі Президентке шығу туралы өтініш бергеннен кейін бір ай өткен соң
Бірлестіктен шыға алады;
 Бірлестіктен шығу туралы өтініш шығатын қатысушының (мүшенің) Жарғының ережелерін орындаудан
бір жақты бас тартуы болып табылады;
 Бірлестік мүшесі Жарғыда көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда, мүшелік жарналарды
төлемеген уақытта немесе басқа да дәлелді себептерге қатысты мүшеліктен айрылуы мүмкін;
 Бірлестік мүшелігінен айырылу уақыты болып Қатысушылардың Жалпы жиналысының оны Бірлестік
мүшелігінен шығару жөніндегі шешімінің қабылдануы жатады;
 Мүшеліктен шығу тәртібін Бірлестікке қатысушылардың Жалпы жиналысы белгілейді.
5
6-бап. Бірлестіктің мүлкі
6.1. Өзінің жарғылық мақсаттарына жету үшін Бірлестік шаруашылық және қаржылық қызметін қолданыстағы
заңнамаға сәйкес жүзеге асырады және жарғыда көзделген қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті
мүлікті меншіктенуге құқылы.
6.2.Бірлестікке оның қатысушылары берген мүлік Бірлестіктің меншігі болып табылады.
6.3. Қатысушылардың Бірлестіктің мүлкіне, соның ішінде мүшелік жарналарға мүліктік құқықтары жоқ.
6.4. Бірлестіктің ақшалай және басқа нысандағы мүлкінің құрылу көздері мыналар болып табылады:
қатысушылардан түскен ерікті түсімдер;
мүшелік және кіру жарналары;
өз шаруашылық қызметінен және оның қатысуымен құрылатын дербес заңды тұлғалардың қызметінен
түскен кірістер мен түсімдер;
ерікті мүліктік жарналар, гранттар, өтеусіз негіздегі аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың, соның
ішінде шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі;
банктердің несиелері;
мақсатты бөлінген қаржылар, соның ішінде халықаралық, мемлекеттік, коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдарының гранттары және ҚР мен шет мемлекеттердің Қорлары;
Бірлестіктің меншігінен түсетін кірістер;
акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдардан алынатын дивидендтер (кірістер,
пайыздар).
6.5. Бірлестіктің өз шаруашылық қызметінен, сондай-ақ заңнамамен тыйым салынбаған басқа да пайда көздерінен
алған барлық қаражаттарын Бірлестік жарғылық қызметті жүзеге асыруға және оны дамытуға, жарғылық мақсаттар
мен міндеттердің шеңберінде оның бағдарламалары мен жобаларын қаржыландыруға жұмсалатын резервтерді
құруға жұмсалады.
6.6. Бірлестіктің кірістері оның шығындарынан асып кеткен жағдайда олардың айырмасы жарғылық қызметті
дамытуға және қайырымдылық мақсаттарға жіберіледі және оның қатысушыларының (мүшелерінің) арасында
бөлінбеуге тиіс.
7-бап. Басқару органдары
7.1. Бірлестіктің қызметін басқару үшін төмендегі органдар құрылады:
Жоғарғы басқару органы – Бірлестікке қатысушылардың Жалпы Жиналысы;
Алқалы атқарушы орган – Президент басқаратын Директорлар кеңесі;
Бақылау-ревизиялық орган – ревизиялық комиссия.
8-бап. Бірлестіктің Жалпы Жиналысы
8.1. Бірлестіктің жоғарғы басқару оргары Бірлестіктің Президенті жылына кемінде бір рет шақыратын
қатысушылардың (мүшелердің) Жалпы Жиналысы болып табылады. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының
шақырылатыны, оны өткізу орны мен күні туралы Президент хабарлайды.
Кезектен тыс Жалпы Жиналыс Бірлестік қатысушыларының кемінде 2/3 бөлігінің талабы бойынша шақырылуы
мүмкін. Кезектен тыс Жалпы Жиналысты өткізудің бастамашылары бұл туралы Бірлестіктің барлық
қатысушыларына хабарлауға тиіс.
8.2. Бірлестік мүшелерінің Жалпы Жиналысы Бірлестік мүшелерінің 2/3 бөлігінен кем емес саны қатысып отырған
жағдайда заңды болып есептеледі. Жалпы Жиналыста Бірлестіктің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Кворум
болмаған жағдайда Бірлестік мүшелерінің кемінде ½ бөлігі қатысып отырған жағдайда заңды болатын Жалпы
Жиналыс қайта шақырылады.
8.3. Жалпы Жиналыстың қатысушыларының кемінде 2/3 бөлігі дауыс беруге тиіс Бірлестіктің қызмет тоқтату
туралы шешімді қоспағанда, шешімдердің барлығы Жиналысқа қатысып отырған қатысушылар санының, оған
қоса Бірлестік мүшелерінің олардың атынан сол мүше қол қойған сенімхаттың негізінде қатысып отырған
өкілдерінің қарапайым көпшілігімен қабылданады.
Жалпы Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Жалпы жиналыс төрағасы мен хатшысы хаттама мазмұнының дұрыстығын растағаннан кейін ғана хаттамаға қол
қояды.
8.4. Жалпы Жиналыстың құрамына барлық қатысушылар (мүшелер) (немесе оларыдң өкілдері) кіреді.
Жалпы жиналыстың қатысушылары (мүшелері) Жалпы Жиналыстың жұмысына қатысумен тікелей байланысты
шығындарды өтеуді қоспағанда, өз міндеттерін қоғамдық негізде орындайды.
8.5. Бірлестіктің Жалпы жиналысының құзіреттілігіне кіретіндер:
 Бірлестік қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
 Бірлестіктің стратегиялық даму жоспарын және бағдарламасын қарау және бекіту;
 Қоғамдық Бірлестіктің мүшелігіне қабылдауды бекіту;
 Бірлестіктің мүшелерін істен шығару;
 Бірлестіктің басқа заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдерді
қабылдау;
6
 Жарғыға толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы шешімдерді қабылдау;
 Бірлестіктің ерікті тарату және қайту ұйымдастыру;
 Бірлестіктің басқару органдарының құзыреттерін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерін құру және тоқтату
тәртібін анықтау;
 Атқарушы орган – Бірлестіктің Директорлар кеңесін сайлау және қайтарып алу;
 Президенттің жетекшілігімен атқарушы орган – Директорлар кеңесінің қаржылық есептілігін ұсыну
тәртібін және мерзімділігін анықтау және олардың нәтижелерін бекіту;
 Президенттің жетекшілігімен атқарушы орган – Директорлар кеңесінің қаржылық есептемелерін қарау;
 Ревизиялық Комиссияны құру;
 Ревизиялық органдардың Бірлестік қызметіне тексеру жүргізу тәртібін анытау, олардың нәтижелерін
бекіту;
 Бірлестіктің басқа органдарының құзыретіне кірмейтін Бірлестік қызметінің басқа да ең маңызды
мәселелерін қарау.
Көрсетілген өкілеттіктердің бір бөлігі Жалпы Жиналыстың шешімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасымен беруге тыйым салынатын өкілеттіктерді қоспағанда, Президентке берілуі мүмкін.
8.6. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының мәжілістерін әр мәжілісте жиналысқа қатысушылардың ішінен сайланатын
жиналыстың Төрағасы басқарады.
8.7. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының мәжілісін және дауыс беруді өткізу тәртібін Жарғы мен заңнаманың
негізінде Жиналыстың Төрағасы анықтайды.
9-бап. Бірлестіктің Директорлар кеңесі
9.1. Бірлестіктің атқарушы органы 5 жыл мерзімге сайланған Президент басқаратын Директорлар кеңесі (бұдан әрі
мәтін бойынша – ДК) болып табылады.
ДК Бірлестік мүшелерінен сайланған және Бірлестіктің толыққанды мүшелері болып табылатын Бірлестіктің
лауазымды тұлғаларынан тұрады. Лауазымды тұлғалардың өкілеттік мерзімі осы лауазымда екі (2) мерзіммен
шектелген, бір орнында төрт (4) жылдан артық емес және жалпы ДК алты (6) жылдан артық емес, екі (2) жылды
құрайды. Бұл орындар жыл сайынғы сайлаулар үшін алты (6) лауазым ашық қалатындай етіп орналасқан.
9.2. Ұйымдастыру және басқару құрылымына сәйкес Бірлестіктің ДК жеті лауазымы бар: Президент, вице-
президент, хатшы, қаржылық директор, мүшелік және еріктілер директоры, кәсіби даму және университеттік
қатынастар жөніндегі директор, байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор.
9.3. Президент ДК басқарады, ДК отырыстарында төрағаның міндетін атқарады, соның ішінде ДК мақұлдауымен
барлық қажетті тағайындауларды орындайды. Президент Тағайындаулар жөніндегі комитеттен басқа, барлық
комитеттер бойынша қатысу және дауыс беру құқығымен ДК мүшесі болып табылады.
Алдыңғы Президент сайланған ДК тәлімгері және кеңесшісі ретінде әрекет етеді.
Алдыңғы Президент Бірлестіктің, Жарғының және Келісімнің мақсаттарына сәйкес Бірлестіктің басқа мүшелерінің
қызметін жібере отырып, жаңадан сайланған Президентке көмек көрсетеді. Осы лауазымға сайланған алдыңғы
Президент Бірлестікке үш жылдық бейілдігін береді. Алдыңғы Президент жаңадан сайланған Президентке
мерзімнің бірінші жылында көмектеседі.
Президенттің құзыретіне Бірлестіктің ағымдағы қызметіне байланысты барлық мәселелер кіреді, оның шешімі ДК
басқа мүшелерінің құзыретіне және Бірлестіктің Жалпы Жиналысының айрықша құзыретіне жатпайды.
Президентті сайлау тәртібін Бірлестіктің Жалпы Жиналысы айқындайды.
Президент Бірлестіктің Жалпы Жиналысына есеп береді және Бірлестіктің Жалпы Жиналысының алдында
Директорлар кеңесі қызметінің нәтижелері туралы жылына кемінде бір рет есеп береді.
Президент сенімхатсыз өзіне берілген өкілеттіктер шегінде, Бірлестіктің атынан барлық әрекеттерді жүзеге
асыруға құқылы: оның мүдделерін ұсынуға, Бірлестіктің жеке мүлкіне иелік етуге, банктерде шот ашуға, орындау
үшін міндетті бұйрықтарды беруге, Бірлестіктің қызметкерлерін қалыптастыруға және басқа әрекеттерді
орындауға.
Президент Бірлестіктің Жалпы Жиналысының шешімдерін орындауға міндетті.
Президент құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие.
9.4. Хатшының міндетіне Бірлестіктің ДК отырысының хаттамалары мен күнтізбелерін құжаттау, тарату және
қолдау, қаржылық емес есептерді жүргізу, Бірлестіктің мүшелеріне, ДК ақпарат тарату кіреді.
9.5. Қаржылық директор Бірлестіктің операциялық қызметі үшін қажетті Бірлестіктің қаржаттарын бақылап дәне
басқаруы тиіс. Қаржылық директор Бірлестік атынан келісімшарттарға рұқсат ете алады, Бірлестік атынан артық
қаражатты инвестициялай алады, Бірлестіктің операциялық қызметі үшін қажетті Бірлестіктің қаржаттарын алып
және оларды тарата алады. Қаржылық директор сайланған лауазымды тұлғалардың әрқайсысының қатысуымен
Бірлестіктің жылдық бюджетін жасайды. Қаржылық директор қорлармен тұрақты басқаруды көрсете отырып, ДК
қаржылық есептілігін дайындайды және ұсынады. Қаржылық директор Бірлестіктің жыл сайынғы отырысы
7
шектерінде теңгерім және пайдалар мен залалдар туралы жылдық есепті ұсынады. Қаржылық директор ДК
мақұлдауға тиіс Кандидатуралар жөніндегі комитетінің бір мүшесін сайлайды.
9.6. Мүшелік және еріктілер директоры жаңа мүшелерді тарту, бар мүшелерді жібермеу және Бірлестіктің
ережелеріне сәйкес біліктілігі жоқ мүшелерді шығару бойынша шараларды жүргізу керек. Мүшелік және еріктілер
директоры Бірлестіктегі мүшелік жоспарын әзірлеу және қолдау, оның ішінде жаңа мүшелерді қабылдау бойынша
шаралар және жұмыс берушілермен серіктестік құру, сондай-ақ бар мүшелерді жібермеу бағдарламасын әзірлеу
және енгізу үшін жауапты болады. Сонымен қатар, тиісті ақпаратты қамтитын барлық мүшелердің тізімін үнемі
қолдайды. Мүшелік және еріктілер директоры еріктілерге қолдау көрсетеді, еріктілердің мүмкіндіктерін
анықтайды, еріктілердің белсенділігін үйлестіруді жүзеге асырады, еріктілерді оқытуды және еріктілердің
жетістіктерін мойындауды жүзеге асырады. Мүшелік және еріктілер директоры мүшелердің пікірлерін сұрайды
және Бірлестіктің қызметіне олардың ең жақсы мүдделерін білдіреді.
9.7. Кәсіби даму және университеттік қатынастар жөніндегі директор барлық кәсіби бағдарламаларды, соның
ішінде Бірлестіктің кітапхана қорын, тәлімгерлік бағдарламасын, стипендиялық бағдарламаны, коммерциялық емес
кәсіби қызметтерді және кәсіби желілік бағдарламаларды қадағалайды. Кәсіби даму және университеттік
қатынастар жөніндегі директор PMP Prep Workshop сияқты барлық оқыту және сертификаттау бағдарламаларын
ұйымдастыру және үйлестіруге жауапты.
9.8. Байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор барлық байланыс арналарын бақылап және
үйлестіруі және Бірлестік туралы ақпаратты іштей және сырттай уақтылы таратуы керек. Байланыс арналарына
веб-қызметтер (веб-сайт, электронды хабарлар, электрондық репозиторийлер) және басқа да байланыс түрлері
кіреді. Байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор маркетинг, жарнама, демеушілік,
Ділмарлар бюросы, бұқаралық ақпарат құралдармен қарым-қатынас және Бірлестік ұйымдастырған оқиғаларды
түсіндіруді қамтитын барлық функцияларды бақылайды.
9.9. ДК отырысы Президенттің шақыруы немесе ДК үш (3) мүшесінің жазбаша сұрауы бойынша өткізіледі. Егер
кез келген уақытта ең кемінде ДК жартысы қатысатын болса, кворум болды деп есептеледі. Әрбір мүше бір дауыс
беруге құқылы және қатыса алады және тек жеке дауыс бере алады. ДК өзінің қалауы бойынша отырысты
телеконференция, факсимильды байланыс немесе басқа заңды жарамды құралдар арқылы жүргізе алады.
Отырыстар ДК бекіткен процедураларға сәйкес өткізіледі.
9.10. Егер ДК кіретін лауазымды тұлға жарналарды төлемеу себебінен Бірлестіктің мүшесі болмаса немесе егер
лауазымды тұлға дәлелсіз себептермен ДК кейінгі екі (2) отырысына қатыспаса, ДК лауазымды бос деп
жариялайалады. Жеке тұлға Президентке жазбаша хабарлама жібере отырып, қызметтен кетуі мүмкін. Егер
хабарламада өзгеше көрсетілмесе немесе ДК анықталмаса, қызметтен кету ДК жазбаша хабарлама алғаннан кейін
күшіне енеді.
9.11 Лауазымды тұлға өзінің міндеттерін жүйелі орындамаған жағдайда ДК мүшелерінің ресми жиналысында жеке
ДК мүшелерінің отырысында қатысушылардың үштен екісінің (2/3) немесе ДК үштен екісінің (2/3) дауыс беру
арқылы лауазымынан шеттетілуі мүмін.
9.12. Егер директор лауазымы бос болса, онда Директорлар кеңесі мерзімнің қалған бөлігі ішінде лауазымның
міндеттерін орындау үшін мұрагерді тағайындай алады. Егер Президент ағымдағы өкілеттік мерзімін аяқтай
алмаса немесе қаламаған болса, онда бұрынғы Президент Президенттің өкілеттік мерзімінің қалған бөлігіндегі
міндетін және лауазымын орындауы тиіс.
9.13. Лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау осы Жарғының 9-бабының 1-тармағында және 5-бабының 1-
тармағында көрсетілген өкілеттік шарттарына сәйкес жыл сайын жүргізіледі. Бірлестіктің барлық мүшелері
сайлауға қатысуға құқылы. Нәсіліне, түсіне, діни сезіміне, жынысына, жасына, отбасылық жағдайына, ұлттық
шығу тегіне, дініне, дене немесе ақыл-ой қабілетсіздігіне байланысты сайлау рәсімдеріне және тағайындауларына
қатысты кемсітушілікке тыйым салынады.
10-бап. Тексеру комиссиясы
Бірлестіктің қаржылық және шаруашылық қызметін тексеруді 2 жыл мерзімге қатысушылардың Жалпы
Жиналысымен сайланған бақылау-тексеру комиссиясы жүргізеді.
Бақылау-тексеру комиссия мүшелерінің саны шектелмейді.
Бірлестіктің Президенті комиссия мүшелеріне кіре алмайды.
Тексеру комиссиясы Бірлестіктің жылдық есебіне және теңгеріміне қорытынды дайындайды. Жалпы Жиналыстың
кемінде 2/3 мүшелерінің талабы бойынша кезектен тыстексеру жүргізілуі тиіс.
Бірлестіктің барлық лауазымды тұлғалары тексеру комиссияның сұрауы бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды
ұсынуға міндетті.
Лауазымды тұлғалар тарапынан теріс пайдалану немесе Бірлестіктің маңызды мүдделеріне қауіп төнген жағдайда
Тексеру комиссиясы Жалпы Жиналыста осы жайында хабардар етуге міндетті.
8
11-бап. Бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қатысушылардың Жалпы Жиналысында қабылданады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар сот төрелігі органдарында
мемлекеттік тіркеуге жатады және осы тіркеу сәтінен бастап заңды күшіне енеді.
12-бап. Бірлестікті тарату және қайта ұйымдастыру
12.1 Бірлестікті қайта ұйымдастыру:
 Бірлестіктің қатысушыларының Жалпы Жиналысының шешімімен;
 қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де негіздемлер бойынша жүргізіледі.
12. 2. Бірлестікті тарату:
 Бірлестіктің қатысушыларының Жалпы Жиналысының шешімімен;
 соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
12.3. Тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес таратудың тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
12.4. Бірлестік таратылғаннан кейін қалған Мүлік жарғыда көзделген мақсаттарға бағытталады.
12.5. Қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Президент __________________________
Логотипі "ҚБ Проджект Менеджмент Институты, Евразия чаптер" (бұдан
әрі-ҚБ) үш элементтен тұрады: Шаңырақ символынан, РМІ – Project
Management Institute арнайы логотиптінен, сондай-ақ еуразиялық чаптер
атауынан.
• Шаңырақ логотипі- Қазақстан Республикасы Еуразияның орталығы ретінде
және көк түс ұлттық рәміздерімен байланысты, сонымен қатар, адалдық,
сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді бейнелейді.
• PMI арнайы логототипі - ҚБ өз қызметінде PMI әдістемелерін қолданатын
білдіреді
• "ҚБ Проджект Менеджмент Институты, Евразия чаптер" толық атауы
«Eurasia Chapter» логотипіне ысқартылуы ҚБ-тің өңіраралық бірізділігін
ескеру мақсатымен жасалған.
PMI логотипінің барлық элементтерінің ара қатынасы мен орналасуы,
®белгісін қоса алғанда, белгіленген төлемі болып табылады және өзгермеуі
немесе көшірілмеуі тиіс.

More Related Content

Featured

Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 

Featured (20)

Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
 
12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work
 
ChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slidesChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slides
 
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike RoutesMore than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
 
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
 

Charter

  • 1.
  • 2. 2 1-бап. Атауы, орналасқан жері және қызмет мерзімі Бірлестіктің орыс тіліндегі атауы: "PMI Eurasia Chapter " қоғамдық бірлестігі; Бірлестіктің қазақ тіліндегі атауы: "PMI Eurasia Chapter " Қоғамдық Бірлестігі; Бірлестіктің ағылшын тіліндегі атауы: Public Union “PMI Eurasia Chapter”; Қысқартылған атауы: "PMI Eurasia Chapter" ҚБ; Қоғамдық Бірлестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000 (Z10K1D2), Астана қ., Сарыарқа ауданы, Ш. Қосшығұлұлы к-сі, 3/1 үй, 25-пәтер. Бірлестіктің қызмет мерзімі шектелмеген. 2-бап. Заңды мәртебесі 2.1. Өз мәртебесі бойынша бұдан әрі «Бәрлестік» деп аталатын "PMI Eurasia Chapter" азаматтардың ерікті бірігуінің, ортақ мақсаттар мен міндеттерге жетуінің нәтижесінде құрылған қоғамдық Бірлестік нысанындағы мүшелігі бар коммерциялық емес жергілікті ұйым болып табылады. 2.2. Жарғылық міндеттерін орындай отырып, Бірлестік Қазақстан Конституциясының, «Қоғамдық Бірлестіктер туралы» ҚР Заңының, ҚР Азаматтық кодексінің, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының, басқа да заңдар мен құқықтық актілердің, осы жарғының негізінде қызмет жасайды. 2.3. Қызметінің барысында Бірлестік төмендегі қағидалар мен нормаларды басшылыққа алады:  Бірлестік өз қатысушыларының (мүшелерiнiң) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi;  Бірлестік ешбір саяси партияның саяси қызметн қолдап әрекет етпейді, сондай-ақ кез келген басқа ұйымның саяси қызметіне тартылмайды;  Бірлестік ақпараттың ашықтығы және оған қолжетімділік қағидаларын ұстанады;  Бірлестік Қатысушылар (мүшелер) үшін пайда алу мақсатынсыз және алған пайданы қатысушыларына (мүшелеріне) бөлусіз коммерциялық емес ұйым ретінде қызмет жасайды. 2.4. Бірлестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда Бірлестіктің органдары білдіреді, өз балансы және есеп айырысу шоты, өз атауы көрсетілген мөрі, мөртабандары бар. Заңды тұлға құқықтарын Бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап иеленеді. 2.5. Бірлестік өз меншігіне және басқа да затқа құқықтардың негізінде оқшауландырылған мүлік ала алады және өз міндеттемелері бойынша сол мүлікпен жауап береді. Бірлестіктің құрылтайшылары мен қатысушылары (мүшелері) Бірлестіктің мінлеттемелері бойынша жауапкершілік көтермейді, ал Бірлестік оның құрылтайшылары мен қатысушыларының (мүшелерінің) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 2.6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірлестік: өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға құқылы; міндеттерді көтереді; Бірлестіктің негізгі қызметіне, оның мақсаттары мен міндеттеріне жататын және оның коммерциялық емес ұйым ретінде қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті шарттарды (келісімшарттарды, келісімдерді) жасасады; сотта талапкер және жауапкер ретінде өз атынан әрекет етеді; өз атауы көрсетілген бейнелемесі және басқа да атрибутикасы, соның ішінде эмблемалары, тулары, жалаушалары болуы мүмкін; қолданыстағы заңнамада осы нысандағы ұйымдар үшін қарастырылған барлық құқықтарды және жеңілдіктерді пайдаланады. 2.7. Бірлестік жарғыда көзделген қызметін Астана қаласының аумағында жүзеге асырады. 2.8. «Қоғамдық Бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қоғамдық және мемлекеттік институттардың ынтымақтасуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және Бірлестікті мемлекеттің қаржыландыруына жол берiлмейдi. 3-бап. Қызметінің мақсаттары және мәні 3.1. Бірлестіктің мақсаты Қазақстан Республикасында жобаларды басқару тәжірибесін, ғылымын және мамандығын белсенді дамыту болып табылады. Бірлестік қызметінің мәні:  Жобаларды басқаруда кәсіпқойлықты арттыру.  Қазақстанда жобаларды басқарудың сапасы мен ауқымдылығына өз үлесін қосу.  Жергілікті жобаларды басқару жөніндегі кәсіпқойлардың мүшелігін белсенді жалдау және ұстап қалу жоспары арқылы дамыту.
  • 3. 3  Оның мүшелерінің, сондай-ақ жобаларды басқаруға мүдделі және оған қатысатын басқа да тұлғалардың арасында жобаларды басқару идеяларымен, қосымшаларымен және мәселелер шешімдерімен еркін басқару үшін форум ұсыну.  Жергілікті кәсіпорындарға. Университеттерге және кәсіби қауымдастықтарға жобаларды кәсіби басқару қағидалары мен әдістерін ілгері бастыру.  Жобаларды басқару бойынша кәсіпқойлықты жергілікті жобалар менеджерлерінің қажеттіліктерінің негізінде сапалы бағдарламаларды әзірлеу және ұсыну арқылы қолдау және арттыру.  Жергілікті жобалар менеджерлерінің дағдыларын бекіту және сертификаттау бағдарламаларын PMI® қолдау үшін білім бағдарламаларын (тренингтерді, семинарларды, конференцияларды) құру және ұсыну.  Қайырымдылық қызметіне қатысу. 3.2 Лицензиялауды қажет ететін қызмет түрлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензия алған соң жүзеге асырылады. 3.3 Қоғамдық Бірлестік кәсіпкерлік қызметті жарғылық мақсаттарға жету қажетті көлемде жүзеге асыра алады. 3.4 Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінің кірістері Бірлестік мүшелерінің арасында бөлінбейді және жарғы мақсаттарына жұмсалады. Бірлестіктің кірісті қайырымдылық мақсатта пайдалануына жол беріледі. 4-бап. Бірлестіктің құқықтары және міндеттері 4.1. Мақсаттарына жету үшін Бірлестік құқылы:  өз қызметі туралы ақпаратты еркін таратуға;  материалдарды бұқаралық ақпарат құрадарында жариялауға, өз бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде ғылыми, ақпараттық-талдамалы журналдарын, ақпараттық бюллетеньдерді және жекелеген басылымдарды құруға, баспа және жарнама қызметін жүргізуге;  тәжірибе дәрістерін, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, викториналарды, фестивальдарды, конкурстарды, консультацияларды, жарияланымдарды, репортаждарды, сұхбаттарды, очерктерді, көркем туындыларын, БАҚ-нда баспа және интернет басылымдарында бағдарламаларды ұйымдастыруға;  жарғылық мақсатта Бірлестіктің Бірлестік белгілеген тәртіппен атынан шәкіртақыларды, гранттарды, сыйлықақыларды, жүлдерлерді, сыйлықтарды тағайындуға;  деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді және талдауды, соның ішінде деректер базасын басқаруды ұйымдастыруға;  деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістемелері мен бағдарламаларын әзірлеуге;  ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына сараптама жүргізуге;  ғылыми еңбектерді, баяндамаларды, хабарламаларды шығаруға;  ғылыми бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша тапсырмаларды орындауға;  ақпараттық материалдарды баспа түрінде, электронды тасмылдағыштарда, аудио-, фото, бейне/, кино өнімдері және т.б. түрінде дайындауға және таратуға;  әлеуметтік сипаттағы өнімдерді (әлеуметтік кино-, бейнероликтерді, интернет басылымдарын) жасап шығару үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;  білім бағдарламаларын ұйымдастыруға және әзірлеуге, оқу және ғылыми тағылымдамаларды, ғылыми сабақтарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға;  ғылыми-зерттеу сапарларын және ғылыми алмасуды ұйымдастыруға және қаржыландыруға, халықаралық кездесулерге, семинарларға, конференцияларға қатысу, зерттеулерді жүргізу үшін шетелден ғылыми қызметкерлерді, халықаралық мамандарды шақыруға;  семинарлардың, конференцияларды, дөңгелек үстелдердің, соның ішінде халықаралық деңгейдегі семинарлардың, конференцияларды, дөңгелек үстелдердің жұмысына қатысуға;  сыйлықтарды, шәкіртақыларды және марапатттарды тағайындауға және сыйлауға;  халықаралық, мемлекеттік және үкіметтік емес бағдарламаларды, Бірлестіктің мүдделер аясына кіретін жобалар мен істерін қаржыландыруға және оларға қатысуға;  Бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктерін Астана қаласында құруға;  Заңға сәйкес басқа да коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды құруға, басқа да ұйымдарға қатысуға, қауымдастықтар мен одақтарға кіруге, соның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға мүше ретінде кіруге;  Бірлестіктің жарғылық қызметіне қаражат жинау және тарту, оның бағдарламалары мен жобаларын демеушілік және өзге көмек ретінде қаржыландыру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;  өз құқықтарын, өз қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтарын мемлекеттік билік органдарында, соттарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында және қоғамдық Бірлестіктерде білдіруге және қорғауға;  кәсіпкерлік қызметті Бірлестіктің жарғылық мақсаттарына жету үшін қажетті және сол мақсаттарға сәйкес көлемде жүргізуге. Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер Бірлестіктің қатысушыларының және (немесе) құрылтайшыларының арасында бөлінбейді және тек қана жарғылық
  • 4. 4 мақсаттарға жету үшін қолданылу керек. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерге ҚР заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс;  «Қоғамдық Бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарда және қоғамдық Бірлестіктердің қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерде қарастырылған өкілеттіктерді толық көлемде жүзеге асыруға. 4.2. Бірлестік міндетті:  Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;  өз мүшелеріне лардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;  ақша қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы өз мүшелеріне хабарлауға;  тұрақты қызмет ететін басқарушы органның орналасқан жерінің және басшылар туралы мәліметтердің өзгергені туралы Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне кіргізілген мәліметтер көлемінде тіркеуші органға хабарлауға. 5-бап. Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері), олардың құқықтары мен міндеттері, мүшелікті иелену және оны жоғалту шарттары мен талаптары. 5.1. PMI® мүшелігі бар, 18 жасқа толған азаматтар Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) бола алады. Бірлестік өз мүшелерінің қатарына PMI® мүшелері болып табылмайтын адамдарды қабылдамайды. Бірлестіктегі мүшелік Бірлестіктің мақсаттарын ілгері жылжытуға мүдделі кез келген адам үшін ерікті және ашық болып табылады. Мүшелікке нәсіліне, діни сеніміне, тері түсіне, жасына, жынысына, отбасылық жағдайына, ұлтына, дініне немесе дене не ақыл-ой кемшіліктеріне қарамастан қатысуға қатысты барлық адамдар кіре алады. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтарымен қатар Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) бола алады. Бірлестіктің Құрылтайшылары қатысушылар болып табылады және оладың тиісті құқықтары мен міндеттері бар. Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) тең құқыққа ие және тең міндеттерді көтереді. Бірлестіктің оның мүшелерінің Жалпы Жиналысы бекіткен PMI® мүшелік санаттарына сәйкес келетін мүшелік санаттары бар. 5.2. Әрбір қатысушы (мүше) құқылы:  Жалпы Жиналысқа қатысуға;  Жарғының ережелеріне сәйкес Бірлестікті басқаруға қатысуға;  Бірлестіктің басқарушы және бақылау-ревизиялық органдарына сайлауға және сайлануға;  Бірлестік өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;  Бірлестіктің қызметіне байланысты мәселелер бойынша оның кез келген органдарына ұсыныс жасауға;  Бірлестіктің қызметі және Бірлестік жоспарлаған іс-шаралар туралы ақпарат алуға;  одан еркін түрде шығуға;  басқа мүшелерден осы Жарғы бойынша міндеттемелерін тиісінде орындауын талап етуге. 5.3. Бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) міндетті:  Бірлестіктің жарғысын сақтауға;  Бірлестіктің Жалпы Жиналысына қатысуға;  міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;  Бірлестіктің басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;  өздері сайланған органдардың жұмысына белсенді қатысуға. 5.4 Кіру жарналары мен мүшелік жарналарын Бірлестіктің мүшелері мәндетті түрде төлеуге тиіс. Төленген кіру және мүшелік жарналары қайтарылмайды. 5.5. Бірлестікке мүше болу және одан айырылу:  PMI® мүшесі болып табылатын және 18 толған кез келген заңды тұлға Президентке өтініш жазу және тең құқықты мүше ретінде қатысушылардың (мүшелердің) кезектен тыс Жалпы Жиналысында мүше ретінде бекітілген сәттен бастап Бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) бола алады;  қатысушылардың (мүшелердің) саны ашық болып қалады. Бірігу Бірлестік Мүшелігінің Сертификаты түрінде рәсімделеді;  Бірлестіктің кез келген мүшесі Президентке шығу туралы өтініш бергеннен кейін бір ай өткен соң Бірлестіктен шыға алады;  Бірлестіктен шығу туралы өтініш шығатын қатысушының (мүшенің) Жарғының ережелерін орындаудан бір жақты бас тартуы болып табылады;  Бірлестік мүшесі Жарғыда көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда, мүшелік жарналарды төлемеген уақытта немесе басқа да дәлелді себептерге қатысты мүшеліктен айрылуы мүмкін;  Бірлестік мүшелігінен айырылу уақыты болып Қатысушылардың Жалпы жиналысының оны Бірлестік мүшелігінен шығару жөніндегі шешімінің қабылдануы жатады;  Мүшеліктен шығу тәртібін Бірлестікке қатысушылардың Жалпы жиналысы белгілейді.
  • 5. 5 6-бап. Бірлестіктің мүлкі 6.1. Өзінің жарғылық мақсаттарына жету үшін Бірлестік шаруашылық және қаржылық қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады және жарғыда көзделген қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті мүлікті меншіктенуге құқылы. 6.2.Бірлестікке оның қатысушылары берген мүлік Бірлестіктің меншігі болып табылады. 6.3. Қатысушылардың Бірлестіктің мүлкіне, соның ішінде мүшелік жарналарға мүліктік құқықтары жоқ. 6.4. Бірлестіктің ақшалай және басқа нысандағы мүлкінің құрылу көздері мыналар болып табылады: қатысушылардан түскен ерікті түсімдер; мүшелік және кіру жарналары; өз шаруашылық қызметінен және оның қатысуымен құрылатын дербес заңды тұлғалардың қызметінен түскен кірістер мен түсімдер; ерікті мүліктік жарналар, гранттар, өтеусіз негіздегі аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі; банктердің несиелері; мақсатты бөлінген қаржылар, соның ішінде халықаралық, мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының гранттары және ҚР мен шет мемлекеттердің Қорлары; Бірлестіктің меншігінен түсетін кірістер; акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдардан алынатын дивидендтер (кірістер, пайыздар). 6.5. Бірлестіктің өз шаруашылық қызметінен, сондай-ақ заңнамамен тыйым салынбаған басқа да пайда көздерінен алған барлық қаражаттарын Бірлестік жарғылық қызметті жүзеге асыруға және оны дамытуға, жарғылық мақсаттар мен міндеттердің шеңберінде оның бағдарламалары мен жобаларын қаржыландыруға жұмсалатын резервтерді құруға жұмсалады. 6.6. Бірлестіктің кірістері оның шығындарынан асып кеткен жағдайда олардың айырмасы жарғылық қызметті дамытуға және қайырымдылық мақсаттарға жіберіледі және оның қатысушыларының (мүшелерінің) арасында бөлінбеуге тиіс. 7-бап. Басқару органдары 7.1. Бірлестіктің қызметін басқару үшін төмендегі органдар құрылады: Жоғарғы басқару органы – Бірлестікке қатысушылардың Жалпы Жиналысы; Алқалы атқарушы орган – Президент басқаратын Директорлар кеңесі; Бақылау-ревизиялық орган – ревизиялық комиссия. 8-бап. Бірлестіктің Жалпы Жиналысы 8.1. Бірлестіктің жоғарғы басқару оргары Бірлестіктің Президенті жылына кемінде бір рет шақыратын қатысушылардың (мүшелердің) Жалпы Жиналысы болып табылады. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының шақырылатыны, оны өткізу орны мен күні туралы Президент хабарлайды. Кезектен тыс Жалпы Жиналыс Бірлестік қатысушыларының кемінде 2/3 бөлігінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін. Кезектен тыс Жалпы Жиналысты өткізудің бастамашылары бұл туралы Бірлестіктің барлық қатысушыларына хабарлауға тиіс. 8.2. Бірлестік мүшелерінің Жалпы Жиналысы Бірлестік мүшелерінің 2/3 бөлігінен кем емес саны қатысып отырған жағдайда заңды болып есептеледі. Жалпы Жиналыста Бірлестіктің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Кворум болмаған жағдайда Бірлестік мүшелерінің кемінде ½ бөлігі қатысып отырған жағдайда заңды болатын Жалпы Жиналыс қайта шақырылады. 8.3. Жалпы Жиналыстың қатысушыларының кемінде 2/3 бөлігі дауыс беруге тиіс Бірлестіктің қызмет тоқтату туралы шешімді қоспағанда, шешімдердің барлығы Жиналысқа қатысып отырған қатысушылар санының, оған қоса Бірлестік мүшелерінің олардың атынан сол мүше қол қойған сенімхаттың негізінде қатысып отырған өкілдерінің қарапайым көпшілігімен қабылданады. Жалпы Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді. Жалпы жиналыс төрағасы мен хатшысы хаттама мазмұнының дұрыстығын растағаннан кейін ғана хаттамаға қол қояды. 8.4. Жалпы Жиналыстың құрамына барлық қатысушылар (мүшелер) (немесе оларыдң өкілдері) кіреді. Жалпы жиналыстың қатысушылары (мүшелері) Жалпы Жиналыстың жұмысына қатысумен тікелей байланысты шығындарды өтеуді қоспағанда, өз міндеттерін қоғамдық негізде орындайды. 8.5. Бірлестіктің Жалпы жиналысының құзіреттілігіне кіретіндер:  Бірлестік қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;  Бірлестіктің стратегиялық даму жоспарын және бағдарламасын қарау және бекіту;  Қоғамдық Бірлестіктің мүшелігіне қабылдауды бекіту;  Бірлестіктің мүшелерін істен шығару;  Бірлестіктің басқа заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдерді қабылдау;
  • 6. 6  Жарғыға толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы шешімдерді қабылдау;  Бірлестіктің ерікті тарату және қайту ұйымдастыру;  Бірлестіктің басқару органдарының құзыреттерін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерін құру және тоқтату тәртібін анықтау;  Атқарушы орган – Бірлестіктің Директорлар кеңесін сайлау және қайтарып алу;  Президенттің жетекшілігімен атқарушы орган – Директорлар кеңесінің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібін және мерзімділігін анықтау және олардың нәтижелерін бекіту;  Президенттің жетекшілігімен атқарушы орган – Директорлар кеңесінің қаржылық есептемелерін қарау;  Ревизиялық Комиссияны құру;  Ревизиялық органдардың Бірлестік қызметіне тексеру жүргізу тәртібін анытау, олардың нәтижелерін бекіту;  Бірлестіктің басқа органдарының құзыретіне кірмейтін Бірлестік қызметінің басқа да ең маңызды мәселелерін қарау. Көрсетілген өкілеттіктердің бір бөлігі Жалпы Жиналыстың шешімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен беруге тыйым салынатын өкілеттіктерді қоспағанда, Президентке берілуі мүмкін. 8.6. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының мәжілістерін әр мәжілісте жиналысқа қатысушылардың ішінен сайланатын жиналыстың Төрағасы басқарады. 8.7. Бірлестіктің Жалпы Жиналысының мәжілісін және дауыс беруді өткізу тәртібін Жарғы мен заңнаманың негізінде Жиналыстың Төрағасы анықтайды. 9-бап. Бірлестіктің Директорлар кеңесі 9.1. Бірлестіктің атқарушы органы 5 жыл мерзімге сайланған Президент басқаратын Директорлар кеңесі (бұдан әрі мәтін бойынша – ДК) болып табылады. ДК Бірлестік мүшелерінен сайланған және Бірлестіктің толыққанды мүшелері болып табылатын Бірлестіктің лауазымды тұлғаларынан тұрады. Лауазымды тұлғалардың өкілеттік мерзімі осы лауазымда екі (2) мерзіммен шектелген, бір орнында төрт (4) жылдан артық емес және жалпы ДК алты (6) жылдан артық емес, екі (2) жылды құрайды. Бұл орындар жыл сайынғы сайлаулар үшін алты (6) лауазым ашық қалатындай етіп орналасқан. 9.2. Ұйымдастыру және басқару құрылымына сәйкес Бірлестіктің ДК жеті лауазымы бар: Президент, вице- президент, хатшы, қаржылық директор, мүшелік және еріктілер директоры, кәсіби даму және университеттік қатынастар жөніндегі директор, байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор. 9.3. Президент ДК басқарады, ДК отырыстарында төрағаның міндетін атқарады, соның ішінде ДК мақұлдауымен барлық қажетті тағайындауларды орындайды. Президент Тағайындаулар жөніндегі комитеттен басқа, барлық комитеттер бойынша қатысу және дауыс беру құқығымен ДК мүшесі болып табылады. Алдыңғы Президент сайланған ДК тәлімгері және кеңесшісі ретінде әрекет етеді. Алдыңғы Президент Бірлестіктің, Жарғының және Келісімнің мақсаттарына сәйкес Бірлестіктің басқа мүшелерінің қызметін жібере отырып, жаңадан сайланған Президентке көмек көрсетеді. Осы лауазымға сайланған алдыңғы Президент Бірлестікке үш жылдық бейілдігін береді. Алдыңғы Президент жаңадан сайланған Президентке мерзімнің бірінші жылында көмектеседі. Президенттің құзыретіне Бірлестіктің ағымдағы қызметіне байланысты барлық мәселелер кіреді, оның шешімі ДК басқа мүшелерінің құзыретіне және Бірлестіктің Жалпы Жиналысының айрықша құзыретіне жатпайды. Президентті сайлау тәртібін Бірлестіктің Жалпы Жиналысы айқындайды. Президент Бірлестіктің Жалпы Жиналысына есеп береді және Бірлестіктің Жалпы Жиналысының алдында Директорлар кеңесі қызметінің нәтижелері туралы жылына кемінде бір рет есеп береді. Президент сенімхатсыз өзіне берілген өкілеттіктер шегінде, Бірлестіктің атынан барлық әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы: оның мүдделерін ұсынуға, Бірлестіктің жеке мүлкіне иелік етуге, банктерде шот ашуға, орындау үшін міндетті бұйрықтарды беруге, Бірлестіктің қызметкерлерін қалыптастыруға және басқа әрекеттерді орындауға. Президент Бірлестіктің Жалпы Жиналысының шешімдерін орындауға міндетті. Президент құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие. 9.4. Хатшының міндетіне Бірлестіктің ДК отырысының хаттамалары мен күнтізбелерін құжаттау, тарату және қолдау, қаржылық емес есептерді жүргізу, Бірлестіктің мүшелеріне, ДК ақпарат тарату кіреді. 9.5. Қаржылық директор Бірлестіктің операциялық қызметі үшін қажетті Бірлестіктің қаржаттарын бақылап дәне басқаруы тиіс. Қаржылық директор Бірлестік атынан келісімшарттарға рұқсат ете алады, Бірлестік атынан артық қаражатты инвестициялай алады, Бірлестіктің операциялық қызметі үшін қажетті Бірлестіктің қаржаттарын алып және оларды тарата алады. Қаржылық директор сайланған лауазымды тұлғалардың әрқайсысының қатысуымен Бірлестіктің жылдық бюджетін жасайды. Қаржылық директор қорлармен тұрақты басқаруды көрсете отырып, ДК қаржылық есептілігін дайындайды және ұсынады. Қаржылық директор Бірлестіктің жыл сайынғы отырысы
  • 7. 7 шектерінде теңгерім және пайдалар мен залалдар туралы жылдық есепті ұсынады. Қаржылық директор ДК мақұлдауға тиіс Кандидатуралар жөніндегі комитетінің бір мүшесін сайлайды. 9.6. Мүшелік және еріктілер директоры жаңа мүшелерді тарту, бар мүшелерді жібермеу және Бірлестіктің ережелеріне сәйкес біліктілігі жоқ мүшелерді шығару бойынша шараларды жүргізу керек. Мүшелік және еріктілер директоры Бірлестіктегі мүшелік жоспарын әзірлеу және қолдау, оның ішінде жаңа мүшелерді қабылдау бойынша шаралар және жұмыс берушілермен серіктестік құру, сондай-ақ бар мүшелерді жібермеу бағдарламасын әзірлеу және енгізу үшін жауапты болады. Сонымен қатар, тиісті ақпаратты қамтитын барлық мүшелердің тізімін үнемі қолдайды. Мүшелік және еріктілер директоры еріктілерге қолдау көрсетеді, еріктілердің мүмкіндіктерін анықтайды, еріктілердің белсенділігін үйлестіруді жүзеге асырады, еріктілерді оқытуды және еріктілердің жетістіктерін мойындауды жүзеге асырады. Мүшелік және еріктілер директоры мүшелердің пікірлерін сұрайды және Бірлестіктің қызметіне олардың ең жақсы мүдделерін білдіреді. 9.7. Кәсіби даму және университеттік қатынастар жөніндегі директор барлық кәсіби бағдарламаларды, соның ішінде Бірлестіктің кітапхана қорын, тәлімгерлік бағдарламасын, стипендиялық бағдарламаны, коммерциялық емес кәсіби қызметтерді және кәсіби желілік бағдарламаларды қадағалайды. Кәсіби даму және университеттік қатынастар жөніндегі директор PMP Prep Workshop сияқты барлық оқыту және сертификаттау бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіруге жауапты. 9.8. Байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор барлық байланыс арналарын бақылап және үйлестіруі және Бірлестік туралы ақпаратты іштей және сырттай уақтылы таратуы керек. Байланыс арналарына веб-қызметтер (веб-сайт, электронды хабарлар, электрондық репозиторийлер) және басқа да байланыс түрлері кіреді. Байланыс, әлеуметтік медиа және маркетинг жөніндегі директор маркетинг, жарнама, демеушілік, Ділмарлар бюросы, бұқаралық ақпарат құралдармен қарым-қатынас және Бірлестік ұйымдастырған оқиғаларды түсіндіруді қамтитын барлық функцияларды бақылайды. 9.9. ДК отырысы Президенттің шақыруы немесе ДК үш (3) мүшесінің жазбаша сұрауы бойынша өткізіледі. Егер кез келген уақытта ең кемінде ДК жартысы қатысатын болса, кворум болды деп есептеледі. Әрбір мүше бір дауыс беруге құқылы және қатыса алады және тек жеке дауыс бере алады. ДК өзінің қалауы бойынша отырысты телеконференция, факсимильды байланыс немесе басқа заңды жарамды құралдар арқылы жүргізе алады. Отырыстар ДК бекіткен процедураларға сәйкес өткізіледі. 9.10. Егер ДК кіретін лауазымды тұлға жарналарды төлемеу себебінен Бірлестіктің мүшесі болмаса немесе егер лауазымды тұлға дәлелсіз себептермен ДК кейінгі екі (2) отырысына қатыспаса, ДК лауазымды бос деп жариялайалады. Жеке тұлға Президентке жазбаша хабарлама жібере отырып, қызметтен кетуі мүмкін. Егер хабарламада өзгеше көрсетілмесе немесе ДК анықталмаса, қызметтен кету ДК жазбаша хабарлама алғаннан кейін күшіне енеді. 9.11 Лауазымды тұлға өзінің міндеттерін жүйелі орындамаған жағдайда ДК мүшелерінің ресми жиналысында жеке ДК мүшелерінің отырысында қатысушылардың үштен екісінің (2/3) немесе ДК үштен екісінің (2/3) дауыс беру арқылы лауазымынан шеттетілуі мүмін. 9.12. Егер директор лауазымы бос болса, онда Директорлар кеңесі мерзімнің қалған бөлігі ішінде лауазымның міндеттерін орындау үшін мұрагерді тағайындай алады. Егер Президент ағымдағы өкілеттік мерзімін аяқтай алмаса немесе қаламаған болса, онда бұрынғы Президент Президенттің өкілеттік мерзімінің қалған бөлігіндегі міндетін және лауазымын орындауы тиіс. 9.13. Лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау осы Жарғының 9-бабының 1-тармағында және 5-бабының 1- тармағында көрсетілген өкілеттік шарттарына сәйкес жыл сайын жүргізіледі. Бірлестіктің барлық мүшелері сайлауға қатысуға құқылы. Нәсіліне, түсіне, діни сезіміне, жынысына, жасына, отбасылық жағдайына, ұлттық шығу тегіне, дініне, дене немесе ақыл-ой қабілетсіздігіне байланысты сайлау рәсімдеріне және тағайындауларына қатысты кемсітушілікке тыйым салынады. 10-бап. Тексеру комиссиясы Бірлестіктің қаржылық және шаруашылық қызметін тексеруді 2 жыл мерзімге қатысушылардың Жалпы Жиналысымен сайланған бақылау-тексеру комиссиясы жүргізеді. Бақылау-тексеру комиссия мүшелерінің саны шектелмейді. Бірлестіктің Президенті комиссия мүшелеріне кіре алмайды. Тексеру комиссиясы Бірлестіктің жылдық есебіне және теңгеріміне қорытынды дайындайды. Жалпы Жиналыстың кемінде 2/3 мүшелерінің талабы бойынша кезектен тыстексеру жүргізілуі тиіс. Бірлестіктің барлық лауазымды тұлғалары тексеру комиссияның сұрауы бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынуға міндетті. Лауазымды тұлғалар тарапынан теріс пайдалану немесе Бірлестіктің маңызды мүдделеріне қауіп төнген жағдайда Тексеру комиссиясы Жалпы Жиналыста осы жайында хабардар етуге міндетті.
  • 8. 8 11-бап. Бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қатысушылардың Жалпы Жиналысында қабылданады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар сот төрелігі органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады және осы тіркеу сәтінен бастап заңды күшіне енеді. 12-бап. Бірлестікті тарату және қайта ұйымдастыру 12.1 Бірлестікті қайта ұйымдастыру:  Бірлестіктің қатысушыларының Жалпы Жиналысының шешімімен;  қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де негіздемлер бойынша жүргізіледі. 12. 2. Бірлестікті тарату:  Бірлестіктің қатысушыларының Жалпы Жиналысының шешімімен;  соттың шешімі бойынша жүргізіледі. 12.3. Тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес таратудың тәртібі мен мерзімдерін белгілейді. 12.4. Бірлестік таратылғаннан кейін қалған Мүлік жарғыда көзделген мақсаттарға бағытталады. 12.5. Қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. Президент __________________________
  • 9. Логотипі "ҚБ Проджект Менеджмент Институты, Евразия чаптер" (бұдан әрі-ҚБ) үш элементтен тұрады: Шаңырақ символынан, РМІ – Project Management Institute арнайы логотиптінен, сондай-ақ еуразиялық чаптер атауынан. • Шаңырақ логотипі- Қазақстан Республикасы Еуразияның орталығы ретінде және көк түс ұлттық рәміздерімен байланысты, сонымен қатар, адалдық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді бейнелейді. • PMI арнайы логототипі - ҚБ өз қызметінде PMI әдістемелерін қолданатын білдіреді • "ҚБ Проджект Менеджмент Институты, Евразия чаптер" толық атауы «Eurasia Chapter» логотипіне ысқартылуы ҚБ-тің өңіраралық бірізділігін ескеру мақсатымен жасалған. PMI логотипінің барлық элементтерінің ара қатынасы мен орналасуы, ®белгісін қоса алғанда, белгіленген төлемі болып табылады және өзгермеуі немесе көшірілмеуі тиіс.