SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Жұбановтыңқазақ музыка өнерімен
мәдениетіндегіалатынорны.
Ерназарова Айгуль Сахабеденовна
Музыка бөлімінің оқытушысы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:Қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан, алғашқы оркестрдің
ұйымдастырушысы, жетекшісі, зерттеуші, композитор Ахмет Жұбановтың
өмір жолы мен шығармашылығынан, «Абай» операсы, әндері, оркестрге
арналған шығармалары жайлы түсінік беру
2.Дамытушылығы:Композитордың шығармашылығы арқылы
оқушылардыңмузыкалық жанрға деген опера, романс,әнді, күйді, оркестр
шығармаларын тыңдағанда айырмашылықтарынтүсіну, музыкалық
қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелігі:Қазақ музыкасы мен өнерін құрметтейтін, халқының мәдени
асыл мұраларынұрпақтан ұрпаққа әрі қарай жалғастырушы азамат тұлға
қалыптастыру
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқыту технологиясы:ұжымдық оқыту
Сабақта қолданылатынәдіс-тәсілдер:әңгімелесу, практикалық жұмыс,
топпен жұмыс, музыка тыңдау, аспаптарда ойнау
Оқытудың техникалық құрал жабдықтары:музыка орталығы, диск,
домбыра,қобыз,фортепиано
Көрнекіліктері: А.Жұбанов слайд, композитор еңбектері, сөзжұмбақ,
класстер, қобыз аспабы, фортепиано
Музыкалық материал: А.Жұбанов «Абай» операсынан«Ажардың»
ариясы, «Бикүйі» , әні «Қарлығаш», және қобызбенфортепианоға арналған
«Көктем» шығармасынтыңдау
Сабақ барысы: I Ұйымдастырукезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бойыншанегізгі сұрақтар слайдқа жазып көрсету
1.Композитордыңалғашқы шығармашылығының басталуы
2. «Абай» операсыныңмазмұнынайт
3.Қандай әндері және романстары бар?
4.Оркестргеөңдепжазған музыкалары жайлы айт
5. «Ғасырлар пернесі» кітабы туралы айтып өт
Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуір Ақтөбе облысының Жұрын ауданында
туды.Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер.
Қазақстанның халық артисі , өнертану ғылымының докторы , профессор, академик.
Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және
жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат
көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім
иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан
А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке
келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың
музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық
мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте,
Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі
істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми
кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану
секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтының музыка
бөлімі,Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақ консерваториясы, ондағы халық
аспаптар кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу
құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды.
Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе
шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады.
А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми
экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй
нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін
жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілерге үйрету
арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдессіз еңбекқорлық пен іскерліктің
үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды
меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі
Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс
халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио,
скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
Ұжымдық оқыту
Тапсырма. Бұл тапсырманың мәні оқушыларды достыққа, бірігіп ортақ промлемалық
жағдайды шешуге, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Негізгі шарты:
1.Шағын топтарға бөлу
2.Тапсырма беріледі
3.Тапсырманы қорғайды
4.Жұмысты бағалау
(әр топқа бір тапсырма жеке-жеке карточкамен үлестіріліп беріледі)
«Абай» операсы
Опера – сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық
шығарма.Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі.Оны орындауға
жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.
«Абай» операсыкомпозиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамидимен бірігіп жазған,
либретосы М.Әуезовтікі.Алғаш рет 1944 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына
100 жыл толу қарсаңында қойылды.Режиссеры – Құрманбек Жандарбеков. «Абай»
операсы ұлт композиторларының қолынан шыққан тұңғыш қазақ операсы болатын.
«Абай» операсында халық музыкасы мүлде басқаша пайдаланылған. Мұнда бұрынғы
операдағылардай «Әннен кейін ән емес», кәсіби, опералық өнердің формалары:
ариялар,речетивтер, ансамбль мен хорлар әрқайсысы өз орнында, қаз-қалпында сақталып
отырған.Сонымен қатар опера музыкасы ұлттық бояуында жоймай, музыка тілі көпшілік
үшін түсінікті ұлттық интонацияға толы болып шыққан.Операның басталуындағы
азғантай кіріспе біріне-бірі қарама-қарсы екі күшті өз маңына жинайды. Ол күштің бірі-
адамдардың бас бостандығы мен бақытын аңсап,бас айналдыратын ескі әдет-
ғұрыптыңшырмауынан шығуды аңсаса,екінші оған қарама-қарсы халықты қараңғылықта
ұстапезе беруді көусейді.Адамдардың бас бостандығы мен бақытынаңсау идеясыоперада
Айдар мен Ажардың арасындағы адал махаббатмаңына топталған.Опера бірден
қашқындарды қуған драмалық тартыстан басталады.Бірін-бірі құлай сүйген екі жас өлім
алдында өз серттерінің беріктігіне тағы да анттасады. Үнді де, ырғақты естілетін Айдар
мен Ажар мелодиясына мейірімсіз, топас, Жиренше мен Нұрымбеттің даурықпа айқайы
қарсы қойылады. Айдардың «Абай аға қайдасыз, сіз?» - деген жалынышты үнін естіген
кезде байсалды кең үнімен Абай ариясы басталады. Операдағы үлкен бір есте қалатын
оқиға билер сотының көрінісі. Бұл сахна бір жағынан қазақ халқының дәстүрлі ақындар
айтысы өнерін түсіреді. Бірақ билер сотындағы айтыс өнер таластыру немесе бәйге алу
үшін емес, әділдік пен әділетсіздіктердің тартысы. Ал операдағы Абай әділетші ол Айдар
жағында Әзімге қарсы айтысқа- тартысқа түсіп әділетсіздерді жеңіп шығады.
Операдағы Әзім бейнесі өте тайыз, сенімсіз, жеңіл вальс типтес әр түслі музыкалар
арқылы берілген. Ал Абай бейнесі оған мүлдем қарама-қарсы: ашық, үнді, батыл,
қарапайым да ойлы музыкалар арқылы суреттеледі. Пераның үшінші бөліміндегі той
кезіндехалықтың ән мен күйлері шебер пайдаланған. Бұл әуендер операның өзегімен бірге
өрліп, аралас қиылысып жатады. Сондай-ақ, осы бөлімінде айтылатын Абай ариясы да
келешекке сенген оптимисттік бағытта, өте жарқын, кең сазда естіледі. Осы қуаныштың
құлпырып шарықтау, кульминация шегіне жеткен кезде бақыт құшағында жүрген
Айдардың «Айттым, сәлем Қаламқас» әнін айтып тұрғанда, оқыс жығылуы Абайды
тітіркендіреді. Сонымен қатар «Абай» операсының өзінен бұрынғы опералардан тағы бір
өзгешелігі операда вокалдық ансамбльге арнайы әуеннің орын берілген.
«Опера» сөзжұмбағын шеш.
1. Әншілер тобы.
2. Хорды орындайтын дауыстар.
3. Музыкалық шығармадағы негізгі бүкіл бойына
жүріп отыруы.
4. А.Жұбанов операсы
5. А.Жұбанов әні
Ш бөлім Сабақты бекіту
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның
скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы
бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке
шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан
бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен
айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» деген тырнақалдыкітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде
Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде
көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға
түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы
консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ
халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы
күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық
О п е р а
ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музы касының ғылыми тарихын жасауға қосылған
қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға
буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және
қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты.
Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы»,
«Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі
ұшан - теңіз.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан
ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және
вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының
көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров»
(1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.
А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде
қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең
көрнекті белестердің бірі болып қалады.
А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа
ордендермен, медальдармен марапатталған.
Тест тапсырмалары:
1.Ахмет Жұбанов алғашқы еңбек жолын қандай мамандықпен бастады?
A.Музыкант
B.Артист
C.Оқытушы
D.Ғалым
E.Дирижер
2.Жұбановтың қазақ халық әнші композиторлары туралы еңбегі қалай аталады?
A. «Өскен өнер»
B. «Ғасырлар пернесі»
C. «Замана бұлбұлдары»
D. «Музыка әліппесі»
E. «Ән-күй сапары»
Халқымыздың аяулы азаматы, белгілі ғалым, дарынды композитор Ахмет Жұбанов
жан-жақты шығармашылығы ұлттық музыка өнеріміздің мәңгі көнермейтін тарихи
беті.Бар саналы ғұмырын ол қазақ сазының өсуі мен қалыптасуына арнап,өлмейтін,
өшпейтін із қалдырып кетті.Бір өзі ғалым, академик,педагог, композитор, дирижер,
қазақстан халық әртісі, қоғам қайраткері Ахмет Жұбановтың үлгілі өмірі, қажырлы еңбегі
болашақ өнер сүйетін жастарға әрқашан шамшырақтай жанып тұрмақ. Оның ғылыми
еңбектері мен музыкалық туындылары өскелең өміріміздің қажетіне жарайтыны сөзсіз.
V. Қорытынды: Құрылған сөзжұмбақты шешу арқылы сабақты бір нәтижеге келтіреміз.
1Ахмет Жұбанов операсы
2.А.Жұбановпен бірігіп опера жазған композитор
3. «Абай» операсындағы мейірімсіз кейіпкер
4.Қобыз және фортепианоға арналған шығармасы
5.Ансамбль құрылғандағы алғашқы домбырашылардың бірі
6.Ахмет Жұбанов мамандығы
7.Жұбанов жазған еңбектерінің бірін ата
8. Қай әлемдік композитордың шығармасын А.Жұбанов оркестрге өңдеп жазған?
9. «Құрманғазы» операсын аяқтаған композитор
10.Ахметтің алғашқы сольфеджио т.б музыкалық сабақтардан дәріс алған ұстазы
11.Жұбанов әндерінің бірі
12. «Қарлығаш» әнінің сөзі кімдікі?
а.жубаноов ашық сабақ

More Related Content

Similar to а.жубаноов ашық сабақ

148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx4v4ptfvzfr
 
Ән атасы- Әміре
Ән атасы- Әміре Ән атасы- Әміре
Ән атасы- Әміре Orleu Taraz
 
ұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміoquzaman
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017oquzaman
 
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіАбай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіNurlan Abilhanov
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыабай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыBilim All
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикаoquzaman
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылAbilkair Zhakupov
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыBilim All
 

Similar to а.жубаноов ашық сабақ (20)

киелі аспап қобыз
киелі аспап   қобызкиелі аспап   қобыз
киелі аспап қобыз
 
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
 
Ән атасы- Әміре
Ән атасы- Әміре Ән атасы- Әміре
Ән атасы- Әміре
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
ұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлемі
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
 
1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык
 
бюллетень 056
бюллетень 056бюллетень 056
бюллетень 056
 
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіАбай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Абай «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
отчет слайд 2016 (1) г
отчет слайд 2016 (1) готчет слайд 2016 (1) г
отчет слайд 2016 (1) г
 
Iliaszhansugirov
IliaszhansugirovIliaszhansugirov
Iliaszhansugirov
 
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасыабай құнанбаев «ескендір» поэмасы
абай құнанбаев «ескендір» поэмасы
 
физикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирикафизикалық құбылыстар және лирика
физикалық құбылыстар және лирика
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
 
ашық сабақ анар
ашық сабақ  анарашық сабақ  анар
ашық сабақ анар
 
атырау қаласы
атырау               қаласыатырау               қаласы
атырау қаласы
 

а.жубаноов ашық сабақ

  • 1. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Жұбановтыңқазақ музыка өнерімен мәдениетіндегіалатынорны. Ерназарова Айгуль Сахабеденовна Музыка бөлімінің оқытушысы Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан, алғашқы оркестрдің ұйымдастырушысы, жетекшісі, зерттеуші, композитор Ахмет Жұбановтың өмір жолы мен шығармашылығынан, «Абай» операсы, әндері, оркестрге арналған шығармалары жайлы түсінік беру 2.Дамытушылығы:Композитордың шығармашылығы арқылы оқушылардыңмузыкалық жанрға деген опера, романс,әнді, күйді, оркестр шығармаларын тыңдағанда айырмашылықтарынтүсіну, музыкалық қабілеттерін дамыту 3.Тәрбиелігі:Қазақ музыкасы мен өнерін құрметтейтін, халқының мәдени асыл мұраларынұрпақтан ұрпаққа әрі қарай жалғастырушы азамат тұлға қалыптастыру Сабақ түрі: Бекіту сабағы Оқыту технологиясы:ұжымдық оқыту Сабақта қолданылатынәдіс-тәсілдер:әңгімелесу, практикалық жұмыс, топпен жұмыс, музыка тыңдау, аспаптарда ойнау Оқытудың техникалық құрал жабдықтары:музыка орталығы, диск, домбыра,қобыз,фортепиано Көрнекіліктері: А.Жұбанов слайд, композитор еңбектері, сөзжұмбақ, класстер, қобыз аспабы, фортепиано Музыкалық материал: А.Жұбанов «Абай» операсынан«Ажардың» ариясы, «Бикүйі» , әні «Қарлығаш», және қобызбенфортепианоға арналған «Көктем» шығармасынтыңдау Сабақ барысы: I Ұйымдастырукезеңі II Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы бойыншанегізгі сұрақтар слайдқа жазып көрсету 1.Композитордыңалғашқы шығармашылығының басталуы 2. «Абай» операсыныңмазмұнынайт 3.Қандай әндері және романстары бар?
  • 2. 4.Оркестргеөңдепжазған музыкалары жайлы айт 5. «Ғасырлар пернесі» кітабы туралы айтып өт Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы 29 сәуір Ақтөбе облысының Жұрын ауданында туды.Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі , өнертану ғылымының докторы , профессор, академик. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Қ.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті. Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі,Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптар кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады. А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдессіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады. Ұжымдық оқыту Тапсырма. Бұл тапсырманың мәні оқушыларды достыққа, бірігіп ортақ промлемалық жағдайды шешуге, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Негізгі шарты: 1.Шағын топтарға бөлу 2.Тапсырма беріледі 3.Тапсырманы қорғайды 4.Жұмысты бағалау (әр топқа бір тапсырма жеке-жеке карточкамен үлестіріліп беріледі)
  • 3. «Абай» операсы Опера – сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы-драмалық шығарма.Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі.Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады. «Абай» операсыкомпозиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамидимен бірігіп жазған, либретосы М.Әуезовтікі.Алғаш рет 1944 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толу қарсаңында қойылды.Режиссеры – Құрманбек Жандарбеков. «Абай» операсы ұлт композиторларының қолынан шыққан тұңғыш қазақ операсы болатын. «Абай» операсында халық музыкасы мүлде басқаша пайдаланылған. Мұнда бұрынғы операдағылардай «Әннен кейін ән емес», кәсіби, опералық өнердің формалары: ариялар,речетивтер, ансамбль мен хорлар әрқайсысы өз орнында, қаз-қалпында сақталып отырған.Сонымен қатар опера музыкасы ұлттық бояуында жоймай, музыка тілі көпшілік үшін түсінікті ұлттық интонацияға толы болып шыққан.Операның басталуындағы азғантай кіріспе біріне-бірі қарама-қарсы екі күшті өз маңына жинайды. Ол күштің бірі- адамдардың бас бостандығы мен бақытын аңсап,бас айналдыратын ескі әдет- ғұрыптыңшырмауынан шығуды аңсаса,екінші оған қарама-қарсы халықты қараңғылықта ұстапезе беруді көусейді.Адамдардың бас бостандығы мен бақытынаңсау идеясыоперада Айдар мен Ажардың арасындағы адал махаббатмаңына топталған.Опера бірден қашқындарды қуған драмалық тартыстан басталады.Бірін-бірі құлай сүйген екі жас өлім алдында өз серттерінің беріктігіне тағы да анттасады. Үнді де, ырғақты естілетін Айдар мен Ажар мелодиясына мейірімсіз, топас, Жиренше мен Нұрымбеттің даурықпа айқайы қарсы қойылады. Айдардың «Абай аға қайдасыз, сіз?» - деген жалынышты үнін естіген кезде байсалды кең үнімен Абай ариясы басталады. Операдағы үлкен бір есте қалатын оқиға билер сотының көрінісі. Бұл сахна бір жағынан қазақ халқының дәстүрлі ақындар айтысы өнерін түсіреді. Бірақ билер сотындағы айтыс өнер таластыру немесе бәйге алу үшін емес, әділдік пен әділетсіздіктердің тартысы. Ал операдағы Абай әділетші ол Айдар жағында Әзімге қарсы айтысқа- тартысқа түсіп әділетсіздерді жеңіп шығады. Операдағы Әзім бейнесі өте тайыз, сенімсіз, жеңіл вальс типтес әр түслі музыкалар арқылы берілген. Ал Абай бейнесі оған мүлдем қарама-қарсы: ашық, үнді, батыл, қарапайым да ойлы музыкалар арқылы суреттеледі. Пераның үшінші бөліміндегі той кезіндехалықтың ән мен күйлері шебер пайдаланған. Бұл әуендер операның өзегімен бірге өрліп, аралас қиылысып жатады. Сондай-ақ, осы бөлімінде айтылатын Абай ариясы да келешекке сенген оптимисттік бағытта, өте жарқын, кең сазда естіледі. Осы қуаныштың құлпырып шарықтау, кульминация шегіне жеткен кезде бақыт құшағында жүрген Айдардың «Айттым, сәлем Қаламқас» әнін айтып тұрғанда, оқыс жығылуы Абайды тітіркендіреді. Сонымен қатар «Абай» операсының өзінен бұрынғы опералардан тағы бір өзгешелігі операда вокалдық ансамбльге арнайы әуеннің орын берілген.
  • 4. «Опера» сөзжұмбағын шеш. 1. Әншілер тобы. 2. Хорды орындайтын дауыстар. 3. Музыкалық шығармадағы негізгі бүкіл бойына жүріп отыруы. 4. А.Жұбанов операсы 5. А.Жұбанов әні Ш бөлім Сабақты бекіту 1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған. 1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі. 1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады. 1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» деген тырнақалдыкітапшасы жарық көрген. 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген. 1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді. Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық О п е р а
  • 5. ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музы касының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды. А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз. Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы. А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады. А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған. Тест тапсырмалары: 1.Ахмет Жұбанов алғашқы еңбек жолын қандай мамандықпен бастады? A.Музыкант B.Артист C.Оқытушы D.Ғалым E.Дирижер 2.Жұбановтың қазақ халық әнші композиторлары туралы еңбегі қалай аталады? A. «Өскен өнер» B. «Ғасырлар пернесі» C. «Замана бұлбұлдары» D. «Музыка әліппесі» E. «Ән-күй сапары» Халқымыздың аяулы азаматы, белгілі ғалым, дарынды композитор Ахмет Жұбанов жан-жақты шығармашылығы ұлттық музыка өнеріміздің мәңгі көнермейтін тарихи беті.Бар саналы ғұмырын ол қазақ сазының өсуі мен қалыптасуына арнап,өлмейтін, өшпейтін із қалдырып кетті.Бір өзі ғалым, академик,педагог, композитор, дирижер, қазақстан халық әртісі, қоғам қайраткері Ахмет Жұбановтың үлгілі өмірі, қажырлы еңбегі болашақ өнер сүйетін жастарға әрқашан шамшырақтай жанып тұрмақ. Оның ғылыми еңбектері мен музыкалық туындылары өскелең өміріміздің қажетіне жарайтыны сөзсіз. V. Қорытынды: Құрылған сөзжұмбақты шешу арқылы сабақты бір нәтижеге келтіреміз.
  • 6. 1Ахмет Жұбанов операсы 2.А.Жұбановпен бірігіп опера жазған композитор 3. «Абай» операсындағы мейірімсіз кейіпкер 4.Қобыз және фортепианоға арналған шығармасы 5.Ансамбль құрылғандағы алғашқы домбырашылардың бірі 6.Ахмет Жұбанов мамандығы 7.Жұбанов жазған еңбектерінің бірін ата 8. Қай әлемдік композитордың шығармасын А.Жұбанов оркестрге өңдеп жазған? 9. «Құрманғазы» операсын аяқтаған композитор 10.Ахметтің алғашқы сольфеджио т.б музыкалық сабақтардан дәріс алған ұстазы 11.Жұбанов әндерінің бірі 12. «Қарлығаш» әнінің сөзі кімдікі?