SlideShare a Scribd company logo
1 of 100
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Ауа қабаты Планетадағы барлық организмдердің тіршілік етуіне қолайлы жағдай 
туғызады. Тірі организмдер ауаның көмегімен таралатын оттегі газымен дем алады. 
Жер бетіндегі жайқалған жасыл әлем тіршілік дүниелеріне қажетті мөлшерде 
көмірқышқыл газын бөледі. Тапсырма. Егер ауа қабаты жоғалып кетсе Жер бетінде 
қандай өзгерістер болады?Жер бетіндегі тіршілік дүниесінің дамуы жаңа ғылым саласы- 
биосфераны қалыптастырды. Ол гректің «bios-ғұмыр» деген сөзінен алынды. 
Сондықтан биосфера деп Жер бетіндегі тіршілік организмдерінің өмір сүретін аймағын 
айтамыз. Биосфера литосфераның жоғарғы қабатын, гидросфераны, сондай-ақ жер 
бетінен 25-30 км биіктіктегі өмір сүретін ортаны қамтиды. Құрлықтың төменгі 
бөлігіндегі 4 км тереңдіктегі тірі организмдер биосфераға кіреді. Ал, гидросферадағы 
биосфераның шекарасы мұхит қайраңдарының 10-11 км тереңдіктерін қамтиды. 
Қысқасы, ауа қабатында өмір сүріп жатқан басқа организмдер (оның ішінде адамдар да 
кіреді) биосфера ортасы болып табылады. Биосфера сонымен қатар басқа қабаттармен 
салыстырғанда тіршілік организмдері белсенді түрде әрекет ететін кеңістік болып 
табылады. Өйткені аталмыш қабаттың кел келген аймағында өмір сүріп жатқан организм 
сол жердің тіршілік ерекшелігін, табиғи болмысын қалыптастырады. Мұндағы табиғат 
көріністері мен ондағы әрекеттер басқа қабаттармен салыстырғанда әрі алуан, әрі 
белсенді әрекеттерге толы. Тірі организм иелерінің салыстырмалы түрде басқа 
организмдерден аз болғанына қарамастан олар Жердің табиғат ерекшеліктерін 
қалыптастыруда маңызды орынға ие.Тірі организмдердің әрекеті негізінде жердің 
бетінде топырақ пайда болды. Бүгінгі жер келбетіндегі атмосфера мен гидросфера 
қабатының пайда болуына ең алдымен тірі организмдер зор үлес қосты. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Атмосфера қабатында ауаның қозғалуы желдің пайда болуына әкеліп соғады. Желдің 
табиғи ортаға тигізетін әсері әр түрлі. Төменде қатты желдің салдарынан пайда болатын 
«Торнадо» атты құйын туралы оқыңдар. Желдің табиғи ортадағы көрінісін біз 
үстіміздегі киіміміздің желбірегенінен, астықты алқаптағы бидай сабақтарының 
тербелісінен, аспандағы бұлттарды көшіріп бара жатқанынан байқаймыз. Бірақ жел осы 
айтылған дүниелермен шектелмейді. Тылсым табиғат аясында жел әсерінен болатын 
сұрапыл құбылыстар болады. Құйын тек қана жердің бетінде ғана болып қоймайды. Кей 
уақытта жер бетінде пайда болған құйынға көктегі көшкен бұлттардың ширығып, аспан 
көгінде басқа құйынды қалыптастыруы ғажап емес. Бұл көріністі құмды даладан көрсең 
өз көзіңе өзің сенбейтін күй кешесің. Аяқ астынан пайда болған құйын лезде құдды ұзын 
жылан секілді ирелеңдеп жан-жағын жайпап аспанға қарай шарпып көтеріледі. 
Табиғаттың мұндай сұрапыл күштерін Америкада «торнада» деп атайды. Жоғарыда 
айтылған құбылыс Америка жағалауында болса, мұхит бетінде құм даладағыыдай ұзын 
қара жылан енді судың ішінен шыққандай әсер аласың. Мұхит айдынында болған 
осындай оқиғаның куәсі болған бір адам құйынның су түбіндегі балықтарды көкке 
алып шығып, жартысын қайта суға лақтырып, қалғандарын жауынға ұқсаған құйынды 
нөсерімен жағалаудағы елді-мекендерге көктен түсіргенін көрген. Америка былай 
тұрсын, балықтар жауған нөсерді Атлант мұхиты мен Балтық теңізі жағалауындағы 
Шотландия, Норвегия және Дания жерлеріндегі адамдар көріп қайран қалған. 1949 
жылы Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландия аралында пайда болған құйын жағалау елді- 
мекендерінің төбесінен мыңдаған балықтарды жаудыртқан. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Tornado 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Өзің білетін материктердің атын ата? 
2. Дүние жүзінде қанша мұхит бар? 
Глобусқа немесе картаға қарап отырып Жер шарындағы мұхит пен құрлықтың үлесі 
қандай екенін салыстыр. Енді мұхиттан құрлықты бөлек алып қарастыр. 
Демек, орасан құрғақ жерді алып жатқан бөлікті материк деп атаймыз. Карта бетінен 
қанша құрлықты таптың? Олардың аттарын атай аласың ба? 
Сонымен, Жердің бетінде алты құрлық (материк) бар екен. Оларға: Еуразия, Африка, 
Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида. Олар бір- бірінен 
территориясы, пішіні, жер бедері және табиғат ерекшеліктері жағынан түрліше болып 
келеді. 
Құрлықтар жөнінде адамдар әртүрлі пікірлер айтып келді. Дегенмен, көптеген ғалымдар 
алты құрлықтың бір кездері тұтас бір құрлық болды деп жорамалдап отыр. Ол 
материктің аты Пангея болды. Енді біз Пангея құрлығының қандай пішінде болғаны 
жөнінде білу үшін төмендегі тәжірибе жұмыстарын жүргізейік. 
1. Тәжірибе жұмысына керекті әлем картасын, қарындаш, көшірме қағазын, таза қағаз, 
калька, қатты қағаз бен қайшыны дайында. 
2. Кальканың көмегімен, оны картаның бетіне қойып сызып шық. 
3. Қатты қағаздың бетіне көшірме қағазын қойып, бетін калькамен бастыр. 
4. Картадағы құрлық шекаралары бар суретті контур бойынша қайта сыз. 
5. Енді қатты қағаз бетіндегі құрлықтар контурын қайшымен әдемілеп кес. 
6. Сенің қолыңда алты материктің бөлшегі қалу керек. Енді олады бір-біріне 
жақындатып көр. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Continent 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Жердің жаратылысын зерттеп жүрген ғалымдар көп жылғы зерттеулеріне 
сүйене отырып, Пангея материгінің болғаны жөнінде нақты болжам жасады. 
Олар Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы таулы қыраттың 
Шотландия мен Скандинавия түбегіндегі таулардың жасы, құрылымы және 
жаратылысы жағынан көп ұқсастықтарын тапты. 
Сол сияқты Оңтүстік Америка мен Африка құрлықтары тау қыртыстарының 
да арасындағы ұқсастықтар ғалымдар тарапынан дәлелденді. 
Сонымен Пангея құрлығының 200 млн жыл бұрын қандай күйде болғаны 
белгілі болды. Пангея екіге бөлінген күннен бастап қалған материктер 
ақырындап бір-бірінен алшақтай бастады. Ал, бұл құбылыс осы күнге дейін 
жалғасып келеді. Оған дәлел ретінде жер бетіндегі литосфера қабатының 
жылжуын айтсақ жеткілікті. 
Бүгінде Солтүстік Америка мен Еуропа құрлықтарында бөліну үрдісі 
байқалуда. Австралия құрлығы Азияға қарай жылжуда. Олардың жылжу 
жылдамдығы жылына 2см. Төмендегі суреттердің көмегімен құрлықтардың 
көне дәуірде қалай жылжығаны жөнінде мағлұмат аласың. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Бүгінгі құрлықтар арасында салыстырмалы түрде шекаралық аймағы бар – төрт 
Әлемдік мұхит орналасқан. 
Олардың ішіндегі ең үлкені Тынық мұхиты. Мұхит Жер шарының үштен бір 
бөлігін алып жатыр. Қалған үш мұхиттың айдыны Тынық мұхитына сыйып 
кетеді. Мұхиттың ең терең жері 11 км (Мариан қайраңы) дейін барады. 
Өзінің алып жатқан орны бойынша екінші орынды Атлант мұхиты алады. Ол 
Тынық мұхитынан екі есе кіші. Картада Тынық мұхиты үлкен табақ сияқты 
көрінсе, Атлант мұхиты солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан жібек 
арқан сияқты көрініс береді. 
Оңтүстік жарты шарды толығымен алып жатқан Үнді мұхиты үшінші орында 
тұр. 
Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі Солтүстік мұзды мұхит толығымен солтүстік 
жарты шарды алып жатыр. Мұхиттың орталық бөлігін мәңгі-бақи мұз басып 
тұр. Су бетінің көпшілігін мұз басқандықтан мұхит суының тұзы шамалы 
болады. Оған қоса судың тұщылануына алып мұз құрсаулары мен оған құятын 
өзендердің сулары үлкен әсер етеді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Pangea#mediaviewer/File:Snider- 
Pellegrini_Wegener_fossil_map.svg 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Антарктида – қиыр солтүстіктегі мұздықтар материгі. Ол туралы көп білсеңдер, 
жаратылыстану ғылымының басқа сырларын білуге мүмкіндік туады. Іске сәт! 
Антарктида жері - мәңгі-бақи алып мұздықтардың мекені. Тау басына үйіліп 
қалған алып мұздықтар көбейе келе, бірін-бірі жаншып үшкір тұмсықтарымен 
мұхитты қақ жарып қалыңдай береді. Суға шайылған алып мұздықтардың 
төменгі жағы бірер уақыттан соң биік тауға айналып сумен бірге қозғала 
бастайды. Ол мұз тауларды – Айсбергтер дейді. 
Мұхит айдынында қалқып жүрген айсбергтердің формалары әр түрлі болады. 
Олар бірде ортағасырлық көне шаһарлар сияқты көрінсе, кейде ғайыптан пайда 
болған алтын сарайға ұқсап кетеді. Күн ашық күндері олар көздің жауын 
алғандай керемет жарқыраса, батқан күннің сәулелерінен олар түрлі-түсті реңге 
енеді. Аспан бұлттанып тұрса – айсбергтер қалың тұманның арасынан 
сұрланып тұрады.Кейбір айсбергтердің төменгі бөлігі бірнеше жүздеген тереңге 
кетіп ұзақ уақыт қалқып жүреді. Полярлық белдеулерде олар мұзжарғыш кеме 
сияқты өзінің жүрісінен танбай қалқи береді. Айсбергтерге, әсіресе қалың 
тұман басқан күндері абайсызда соқтығысып қплған кемелердің аман қалуы 
екіталай.1912 жылдың сәуір айында Солтүстік Американың жағалауларындағы 
айсбергтердің біріне соғылған «Титаник» атты ағылшын кемесі суға батып 
кеткен. Кеме ұзындығы 200 м, болатын, ал массасы 46 000 тоннаға дейін жүк 
көтере алатын дүние жүзіндегі ең алып кеме болған. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Жердің қабығы неден құралады? 
2. Тау жыныстары қалай құралады? 
Табиғат аясына шыққанда сен өзен жағалауларынан немесе тау етегінен неше түрлі 
тастарды қызықтап теріп алғаның рас па? Сенің қолыңдағы құм уысыңнан сусылдап 
жерге түсті ме? Қолыңа ұстаған тас күнге жарқырады ма? Мүмкін сен қолыңа қара 
көмірді ұстап, саз балшықтан бұйым жасаған да шығарсың? 
Енді бір сәт ойланшы? Осы заттар неден жасалады және оның құрамында не бар? 
Байқасаң олар біркелкі жатпайды. Бір жерде тас жатса, екінші бір жерде құм-шағылдар 
шашыранды тұрғыда кездеседі. Оларды ғылымда минералдар дейді. Минерал туралы 
естідің бе? 
Ендеше минерал ұғымы Жер қыртысының жаратылысы мен құрылымына байланысты 
екенін түсін. 
Жер қыртысының (қабығының) құрылысы, оның шөгіндеі қабаттарынан алынған 
минералдардың ерекшеліктеріне қарай анықталады. Құрамы жағынан біртекті және 
өзінің табиғи жаратылысымен ерекшеленетін табиғи денелерді минералдар дейді. 
Минералдардың 3000 астам түрлері кездеседі. Олар тығыздығымен, түсімен, 
жарқырауымен, түссіздігімен және салмағымен ерекшеленеді. Мысалы ашық-жасыл 
малахитқа, күңгірт-сары пиритқа тән. Түссіз кварцтың тығыздығының қаттылығы 
сонша, онымен шыны әйнекке өрнек салуға болады. Слюданың жұмсақтығы сонша, 
оның жарқыраған бетінде қолдың ізі қалады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Жер қыртысының қойнауында минералдардан әр түрлі тау жыныстары құралады. 
Олардың қатарына гранит жатады. Ол итальян тілінен аударылғанда «granite-зерлі» 
деген ұғымды білдіреді. 
Тапсырма. Гранит минералына терең зер салып, оның мұндай атауға ие болған себебін 
түсіндір. 
Гранит қызғылт, сұр түрлі-түсті зерлі бөлшектерден: далалық шпат, сырты жылтыр 
пластинка түріндегі-слюда және жартылай түссіз күйіндегі-кварц түрінде кездеседі. 
Сондай-ақ біртекті минерал ретінде кездесетін тау жыныстарынан құралған граниттер 
бар. Оған кварцтың қатты күйінде және құм шағылы түрінде кездесетін түрлерін айтсақ 
жеткілікті. 
Тау жыныстарын оның құралу ерекшеліктеріне қарай үш типке жатқызыды. Бірінші 
типтегі жыныстарға мантия қабатынан балқыған күйінде жер бетіне шыққан 
минералдар жатады. Балқыған магмалық атқылау күштері мантия қабатынан орасан 
қысымның әсерінен жоғары қарай көтеріліп жер бетіне жайылып, жан-жағын өртеп, 
айналадағы жыныстарды араластырып, соңында салқындап тау жыныстарына айналады. 
Бұл зұлмат күш тек вулкандық процестердің арқасында ғана мүмкін болмақ. Сол себепті, 
аталмыш жолмен пайда болған тау жыныстары магмалық жыныстар деп аталады. 
Олардың ішіндегі көпшілікке таныс түрі-пемза (өте жеңіл тау жыныстары) аталады. 
Тапсырма. Пемза тау жынысын қолыңа ұстап көр. Оның бетіндегі кедір-бұдыр 
жапыраққа ұқсас суреттерге назар аудар. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Магмалық сұйық оттың жердің жарылған бөліктерінен беткі қабатқа жайылса, ол суыған 
соң базальтқа айналады. Оның түсі қоңырқай немесе қою қара болып келеді. Ежелгі 
кеншілер оны алғаш игерген кезде «мәңгілік тас ескерткіш» деп ат қойған екен. 
Келесі тау жынысының түрі тау жартастарының тас қиыршықтары болып табылады. Тас 
қиыршықтар таудың ұшар бастарынан қатты аяздан (қатқан мұз) жарылып немесе ұдайы 
соққан желдің күшінен мүжілу салдарынан уақталып жерге түскен жыныстардан 
құралады. Бұған көз жеткізу үшін мынадай тәжірибелер жасаған жөн. 
1. Мұғалімнің көмегімен граниттің бір бөлшегін отқа қатты қыздырып, дереу су 
құйылған ыдысқа сал. 
2. Ыдысқа салынған гранитті үш минут ұстаған соң қайта отқа қыздыр. 
3. Бұл үрдісті бірнеше рет қайтала. 
4. Соңында гранитті қатты затпен ұрған кезде оның ұсақ бөлшекке айналу себебін 
түсіндір. 
Өзің куә болған ұсақ граниттің бөлшектері тау басынан жерге құлаған соң өзен суы 
арқылы теңіз-мұхиттарға тасымалданады. Осылайша ұзақ жылдар бойы қалыптасқан 
үрдіс су асты мен жер астындағы шөгінді жыныстардың пайда болуына әкеліп соғады. 
Шөгінді жыныстар тірі организмдердің өлі денелерге айналуынан да пайда болады. 
Батпақты немесе шалшық сулы жерлердегі судың төменгі бөліктеріндегі тірі 
организмдер көп жағдайда ауаның жетіспеушілігі салдарынан басқа күйге еніп, көп жыл 
өткен соң торфтың пайда болуына септігін тигізеді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Мұхит түбіндегі тірі организмдер (ескекаяқ, шаян, молюскалар т.б) қаңқалары да 
жоғарыда айтылған үрдістерді бастан кешіреді. Нәтижеде тұрмыста жиі қолданылатын 
известняк атты шөгінді жыныс пайда болды. Мұхит айдынының жылы ағыстар 
тоғысатын жерлерінде тұз шөгінділері көп кездеседі. Бұл үрдістер бор, гипс және 
известняктың пайда болуына мүмкіндік туғызады. 
Үшінші типке жер бетіндегі тау жыныстарының уақыт өте келе жер қойнауларына 
тереңдеп кететін метаморфты жыныстар жатады. Ол грек тілінен аударғанда 
«metamorfo-өзгеру» деген ұғымды білдіреді. 
Олар жер астына тереңдеген сайын басқа шөгінділерге айналады. Мысалы, кәдімгі теңіз 
ұлуларынан пайда болған известняк уақыт өте келе мраморға айналады. 
Жер бетіндегі құм-шағылдардың жердің қойнауына шөгуі тастақ гранитті 
қалыптастырады. Олар қатты тау жыныстарын құрап, уақыт өте келе кварцтың пайда 
болуына ұйытқы болады. 
Тапсырма. Балалар! Аталмыш кітап арқылы қатты, түссіз және түрлі-түсті минералдар 
мен тау жыныстары туралы толық мағлұматтар беру мүмкін емес. Сондықтан, сендер 
геологиялық мұражайға міндетті түрде саяхат жасаңдар. Ол жерде біздер айтқан тау 
жыныстарынан басқа неше түрлі минералдармен танысуға мүмкіндік бар. 
Мұражайға бара алмасаңдар жергілікті жергілікті жердегі тау жыныстары туралы 
геологиялық карта жасаңдар. Олардың жалпы жаратылысы туралы өз түсініктеріңді 
дәптерге жазыңдар. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Айналаңды қоршаған тастар туралы сен ойландың ба? Ендеше төмендегі. 
Тастардың өз өмірі, өз тарихы және өз құпиясы бары анық. Тастар адамзат баласына 
алда талай сырлар ашады. Олардың ғұмыры тірі организмдермен салыстырғанда 
анағұрлым ұзақ. 
Тастар мұхит пен теңіздің, таулар мен жазықтықтың қанша өмір сүргенін айтып береді. 
Біз вулкандық процестердің әсерінен жер рельефтері мен тау қыраттарының пайда 
болғанын білу үшін тастардың тығыздығынан құралған шөгінді жыныстар 
қатпарларынан білеміз. Тастарға айналған жануарлар мен өсімдіктердің бейнесі арқылы 
ғалымдар аталмыш нысанның тастардың орналасқан аймақтары мен қатпарларға ғана 
тән екеніне назар аударған. Қазіргі кезде көп табылып жатқан тас бейнелердегі 
жануарлар мен өсімдіктер суретіне қарап, сол кездегі тау жыныстарының түрін 
анықтауға болады. Көптеген өзендер жағалауында көне кораллдар шөгінділерінен 
құралған известняк қалдықтары сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша аталмыш 
известняктардың пайда болуына дейінгі геологиялық үрдістер 300млн жыл бұрын 
болған. Мұндай үрдістер тек мұхит суының жылы (экваторлық белдеуге тән) ағысына 
тән болуы ықтимал. Кораллдардың уақыт өте келе шөгінді жыныстарға айналуы табиғат 
зонасының экваторлық белдеуге жақын орналасуынан болуы әбден мүмкін. 
Сондай-ақ гранитті тастардың да пайда болуы жергілікті жердің климаттық 
ерекшеліктеріне байланысты. Еуропаның солтүстік шығыс аймақтарында гранитті 
тастардың кездесуі, бұл жерде бір миллион жыл бұрын қатты аязды алқаптың бірі 
болғанын айғақтайды. Скандинавия түбегінен ғаламдық жылу процесінің салдарынан 
ауқымды мұздық оңтүстікке қарай жылжуы, гранитті тастардың да қоса көшуіне себеп 
болған. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Тау жыныстары мен минералдарды адамдар қалай пайдаланады? 
2. Пайдалы қазбаларды тұрмыста пайдаланудың тиімділігі неде? 
Адамзат перзенті ежелгі дәуірден бері табиғаттағы түрлі тау жыныстары мен 
минералдарды өз мақсаттарына пайдаланып келді. Тарихтан алғашқы адамдардың 
тастан жасалған (балта, ұшқы, пышық, қырғыш т.б) түрлі құралдардың болғаны мәлім. 
Адамдардың известняк қалдықтары орналасқан жерлерді қазғаны жөнінде де деректер 
бар. Біздің жыл санауымызға дейін (б.ж.д) 12 000 жыл бұрын адамдар өзен аңғаплары 
мен тау шатқалдарынан алтын қалдықтарын тауып, қажеттеріне жаратқан. Кейін олар 
темір қоспасы араласқан пайдалы қазбаларды тауып, игере бастаған. 
Бүгінде Жер қойнауындағы қазба байлықтарын жаппай игеру науқаны қарқынды 
жүргізілуде. Адамдардың тау жыныстары мен минералдарды игеру әрекеттері пайдалы 
қазбалар атты атаудың пайда болуына септігін тигізді. Пайдалы қазбаларды игеру 
елімізде бірқалыпты емес. Оларды игеретін жерлерді кен орындары деп атайды. 
Пайдалы қазбаларды, оның ішінде тау жыныстары мен минералдарды игеретін кен 
орындары олардан металл өндіреді. Айталық, темір, болат, қалайы металдарын магнитті, 
қоңыр және қызыл темір қоспасы бар минералдардан алады. Мысты мысаралас 
қоспалар кенінен, қорғасынды қорғасынаралас қоспалар, ал алюминиді бокситті кен 
орындарынан игереді. Сонымен қатар адамдар кен орындарына жатпайтын 
минералдардан да өнім өндіреді. Оларға тас, құм, саз балшық, гранит, известняк және 
мрамор жатады. Қатты тұз кесегі тамақ және химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. 
Апатит минералынан ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды өндіреді. 
Тапсырма: Адамдардың тау жыныстары мен минералдарды пайдалануы жөнінде әңгіме 
құрастыр. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Limestone 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Mineralogy 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Жанғыш пайдалы қазбаларды тек шикізат күйінде ғана пайдаланып қоймай, олардан 
синтетикалық мата, пластмасса, жарылғыш заттар, дәрі-дәрмек, бояу, әтір, сабын, 
техникалық майлар және басқа химиялық өнімдер өндіріледі. 
Пайдалы қазбаларды игеру мен өндіру өте қиын іс. Ең алдымен жер қойнауын қазып 
карьер жасап, оған шахталар орналастырылады. Карьерден миллиондаған тонна тау 
жыныстарын қопаратын және таситын қондырғылар орналастырылады. Кейін қазылып 
алынған минералдарды өңдейтін арнайы кен орындары мен зауыттар салынады. 
Пайдалы қазбаларды игеру науқаны реттелмесе, онда жақын болашақта көптеген кен 
орындары, атап айтқанда:қорғасын, мырыш, мыс және экономикалық маңызы бар мұнай 
орындары тұралап қалу қаупі ықтимал. Сондықтан жер қойнауындағы пайдалы қазбалар 
кен орындарын сауатты игеру ісі дұрыс ұйымдастырылған жөн. 
Адамдар тұрмысына қажетті газ, мұнай және көмірдің орнын басатын балама энергия 
көздерін ғалымдар іздестіруде. Бүгінде Күн энергиясын, жер қойнауындағы жылу 
көздері мен жел күштерін пайдалану тәжірибелері бар. Пайдалы қазбаларды өндіру 
барысында адам баласы өте ауқымды энергия күштерін пайдалана отырып қоршаған 
ортаның табиғатына зор ықпал етуі, атмосфера, гидросфера қабаттары мен өсімдік- 
топырақ жамылғысын зиянды металл қалдықтарының таралуына себепші болуда. 
Мұндай тығырықтан шығудың бір жолы минералдар мен тау жыныстарынан өндірген 
металл қалдықтарын қайта өңдеуден өткізу жолдары қарастырылуда. Айталық, тас 
көмірді өңдеу барысында пайда болған шлактардан «шлакоблок» атты құрылыс 
материалын дайындауға болады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Табиғат аясы сан мыңдаған құбылысқа толы. Солардың қатарына саз балшық та бар. Ен 
Сен қолыңа саз балшықты ұстап көрдің бе? Рас, сен оның ауылда құрылыс 
материалдары үшін пайдаланатынын көрген шығарсың. Олар тек қоңыр күйінде емес, 
сондай-ақ қызыл,көк, көгілдір және ақшыл түсті де болып келеді. Саз балшықтардың 
миллиардтан астам тонналары жердің бетінде жайылып жатыр. 
Ерте заманнан бері адамдардың саз балшықты күйдіріп, одан құрылыс материалына 
қажетті кірпіш жасайтыны белгілі. Ол кірпіштен үй тұрғызады. Қасиетті Түркістан 
қаласындағы Ахмет Йассауи кесенесін тұрғызған кірпіштің құпиясы әлі ашылмаған. 
Ерте уақытта Ұлы даланың құмды алқабында Күйік Ұста атты бір шебер өмір сүріпті. 
Ұста өзі мекен еткен Оғланды қонысынан саз балшықты тасып, алдымен өзіне үй 
тұрғызыпты. Ол өзі тұрғызған үйге қайран қалыпты. Байқаса: үй қыста жылы, ал жазда 
салқын болған екен. Уақыт өте келе Күйік Ұста балшықтан ыдыс жасапты. Бір күні 
ұстаның баласы абайсызда ыдысты жерге түсіріп алса, ол сынбай қалыпты. Бұдан Күйік 
Ұста саз балшықтың беріктігіне көз жеткізіп одан басқа бұйымдар жасауға кірісіпті. 
Ұста балшықтың басқа қасиеттерінің бар екеніне көз жеткізіп, одан сабын жасаудың 
жолын тауыпты. Балшықтың адам денесіне жаққанда суықты тартып алатын да қаситі 
табылыпты. Жергілікті жердегі молда балшық табылған жерді Аллаһ тағаланың жері деп 
атапты. Көп уақыт өткен соң геологтар аталған балшықтың құрылысын зерттеп оған 
бентонит деп ат қойыпты. Бірақ оны Күйік Ұстаның тапқаны жөнінде толық мағлұматты 
ешкім бермеген көрінеді. Бентонит балшығын қазір Италия ғана өндіруге және сатуға 
құқылы. Бентонитті алтын мен мұнай қорларын іздеу барысында бұрғылау 
жұмыстарына пайдаланады. Оның қоспасын шифер материалына араластырғанда 
құрылыс материалы әрі жеңіл, әрі берік болып шығады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Топырақ дегеніміз не? 
2. Жер жамылғысының құнарлығының негізі топырақ болуының себебі неде? 
Жер бетіндегі өсімдік жамылғы мен басқа тірі биологиялық организмдер өмірі үшін аса 
маңызды рөл атқаратын қабат ол топырақ қабаты болып табылады. Топырақ жамылғысы 
бір көзбен қарағанда байқала бермейтін көп қырлы күрделі дүние. Оған көз жеткізу үшін 
күрекпен жерді қазған кезде топырақ қабатындағы өсімдіктер тамырларының тереңдеп 
кеткені арқылы байқаймыз. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі бөлігінде өте тығыз 
орналасса, төмендеген сайын азайып бара жатқанын көреміз. 
Топырақ - жауын құрты, құмырсқа, қоңыз және басқа жәндіктер тұқымдарының мекен 
ететін жері. Онда сонымен бірге саршұнақтар, дала тышқаны, суыр және басқа ірі 
хайуандар мекендейді. Топырақ қабатында көзге көрінбейтін тірі организмдер де 
мекендейді. Оларға: саңырауқұлақтар, балдырлар, бактериялар жатады. Оларды тек 
микроскоп арқылы көреміз.Егер жердің әр шаршы сантиметрін есептеп қарағанымызда 
біз миллионнан астам микроскопиялық тірі организмдерді көреміз. 
Топырақ дегеніміз не? Көптеген ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи ортадағы 
климаттың, су мен тау жыныстарының, тірі организмдердің бір-бірімен тығыз 
байланысы негізінде пайда болған жер бетіндегі құнарлы қабат болып табылады. 
Топырақтың ерекше бір қасиеті барлық заттардың құрамын өз бойында сұйық, қатты 
және газ күйінде сақтай береді. Олардың ішінде суда еритін немесе ерімейтін, от пен 
судың әсерінен түрлі өзгерістерге ұшырайтын және өз қалпын сақтап қалатын денелер де 
жатады. Айтылған тұжырымымыз дәлелді болу үшін төмендегі тәжірибелерге назар 
аударайық. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Топырақты таңда. Оның түрі мен түсіне назар аудар. Оның құрамы неден тұратынын 
анықта. 
2. Топырақтың бір түйірін ыдыстағы судың ішіне таста. Ол үрдістен не байқадың? 
3. Енді бір уыс топырақты темір қалбырға сал. Мұғалімнің көмегі арқылы оны отпен 
қыздыр. Қызған топырақтың бетін шыны әйнекпен жап. Нені байқадың? 
4. Топырақ салынған ыдысты одан ары отпен қыздыра түс. Осы жағдайда қандай үрдісті 
байқадың? Отты сөндіріп суыған топырақты бақыла. Оның түсінде өзгеріс байқала ма? 
Мәнісін түсіндір. 
6. Темір қалбырдағы топырақты енді шыны ыдысқа сал. Су құйған кезде топырақтың 
түсі өзгерді ме? Ыдыстың түбінде не қалғанын бақылай түс. Себебін түсіндір. 
7. Ыдыстағы судың біраз бөлігін тазартудан (фильтрация) өткіз. Таза судың тамшысын 
арнайы шыны тақтайдың үстіне тамызып отқа қыздыр. Қызған шынының үстіндегі су 
тамшысы кеуіп қалған соң, орнында дақ қалды ма? 
8. Атқарылған тәжірибелер бойынша өз ойыңды тиянақтап, топырақтың құрылысы 
жөнінде толық сипаттама бер. Аталмыш тәжірибелер арқылы сендер топырақ 
құрылысының саз балшықтан, құмнан және басқа ерімейтін минералды заттардан 
тұратынын білдіңдер. Топырақ қабатында тірі организмдердің шірінділері мен 
қаңқалары сақталады.Топырақ бетіндегі тірі организмдердің қаңқалары сонда тіршілік 
ететін миллиондаған бактериялар мен құрт-құмырсқалардың талауына түсіп, уақыт өте 
келе үлкен дененің ұсақ организмдерге айналып, топырақ құрамының бір бөлшегі 
болуына себебін тигізеді. Оларға: жауын құрты, құрттар, саңырауқұлақтар және түрлі 
микроскопиялық бактериялар жатады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Шіріндіге айналған тірі организмдер топырақтың гумустық қабатын қалыптастырады. 
Бұл қабат топырақтың өсімдік дүниесіне өте маңызы бар құнарлы алқап деп аталады. 
Мұндай жағдай топырақтың өсімдік дүниесіне аса қажетті ауа мен ылғалдың жеткілікті 
дәрежеде қамтамасыз етуіне оң ықпал етеді. 
Олардың ішіндегі ең құнарлы топырақты аймаққа қара топырақты жерлер жатады. Бұл 
өңірде гумус қабаты батпақ пен құмды өзіне желімдеп тартып, ылғалдың топырақ 
бетінде ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. 
Топырақ құрамында құм көбірек болса, онда ол құмаралас топырақ болып табылады. 
Мұндай жерлердегі топырақтың құнарлығы өте кедей болады. Өйткені топырақ 
арасындағы құм-шағылдар арқылы су еш кедергісіз сіңіп өтумен бірге, топырақ 
құрамындағы минералды тұздарды шайып өтеді. 
Саз араласқан топырақ су мөлшерін бойында ұзақ сақтағанымен ауаны қажетті 
мөлшерде өткізбейді. Жауынды күндері саз топырақ шектен тыс ылғалданып, жабысқақ 
болып төменгі қабатына ауаның енуіне кедергі келтіреді. Жауын көп жаумаған кездері 
топырақ қатып қалады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Топырақтың құнарлығын арттыру үшін оған арнайы күтім мен шаралар қажет. Қатып 
қалған топырақты жерлерді жыртқан жөн. Жырту барысында топырақтың құнарлығын 
арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар себіледі. Ылғалдылығы мөлшерден тыс 
жерлерде құрғату жұмыстары жүргізіледі. Керісінше, ылғал жетіспейтін жерлерді 
арнайы құбырлар қазып суарады. 
Адамзат перзентінің ғұмыры топырақпен тығыз байланысты болғандықтан, оны шексіз 
байлық көзі дейді. Дүние жүзінде сан ғасырлар бойы құнарлығын бойына жинақтап 
келген миллиондаған гектар жерлер қазіргі таңда жойылу қаупінде тұр. Топырақ 
жамылғысын сақтау барша қауымның алдында тұрған өзекті мәселесі болуы шарт. 
Төмендегі тәжірибелер арқылы жауын құртының топырақ құнарлығын 
қалыптастырудағы рөлі жайында әңгімелеп бер. 
1. Пішіні 24х30 болып келетін арнайы террариум ыдысына бірдей етіп құмі қара 
топырақ және саз балшықты орналастыр. 
2. Террариумның екі ортасын бөліп тұратын арнайы шыны немесе ағаш материалды қой. 
3. Террариумның бір жағына бірнеше жауын құртын жіберген соң, террариумның 
сыртын күн түспейтін материалмен қараңғы етіп жауып қой. 
4. Бірнеше күннен кейін жауын құрттарының террариумның ішіндегі әрекетіне мұқият 
бақылау жаса. Ондағы топырақ қабаттарын салыстыр. 
5. Жауын құрттарының топырақ құнарлығына әсер етуі жөнінде өз тұжырымымыңды 
жаса. 
6. Қол жеткізген нәтижелерді күнделік дәптеріңе жаз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Тапсырма. Ауданы 1 гектар құнарлы жерде 4,5 миллион жауын құрттары бар. Бір 
сөткенің ішінде бір құрттың салмағы 0,5грамм қара топырақты өңдегені белгілі болса, 
онда ауданы 20 гектар жерді өңдеуге қанша уақыт жұмсалады? Есептеу көрсеткіштеріне 
сүйене отырып, жауын құрттарының топырақ жамылғысына тигізетін пайдасы жөнінде 
мысалдар келтір. 
Жауын құрттарының өсімдік-топырақ жамылғысына тигізетін пайдасы жөнінде 
хабардар болдың. Енді осы туралы ғалымдардың зерттеулеріне назар аудар. 
Жер бетіндегі топырақ жамылғысына жауын құрттарының он жылғы атқарған 
жұмыстарын есептеп, бөлер болсақ, онда олардың қалыңдығы 5 см жетеді екен. 
Жауын құрттары шын мәнісінде өсімдік жамылғысының өсуіне қажетті мөлшерде 
топырақты дайындайды. Олар топырақты өңдеп қана қоймай, топырақ құнарлығына 
ауаның да өз мөлшерінде сіңуіне жағдай туғызады. 
Олар өз өнімдерін жерге егуге дайындаған құдды дихан сияқты, өсімдіктерінің өз 
қалауы бойынша өсулеріне жағдай туғызумен айналысады. Жауын құрттары жапырақ 
сабақтарын және басқа организмдерді ұсақтап, өз алаңдарына молынша тасып, олардың 
қара топырақпен араласуына үлкен әрекет қылады. 
Топыраққа араласқан жапырақтар мен басқа организмдер ұнтақтары топырақты құнарлы 
қатпарын құрап, планетамыздың көп бөлігіне таралады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Суретте Жердің қандай қабаттары көрсетілген? 
2. Жер қабығының қалыңдығы басқа аймақтарда бірдей таралған ба? 
3. Жердің сыртқы қабаттарын өзіңнің жұмыс дәптеріңе кесте бойынша тізіп жаз. 
Жердің сыртқы қабаттары: 
4. Төмендегі суретке қарап отырып биосфераның шекараларын ажыратып айтып бер. 
5. Жұмыс дәптеріңе гидросфера қабатын құрайтын бөліктерді атап жаз. 
6. Американ жазушысы Клиффорд Саймактың «Келесі аялдама» кітабындағы 
жатпланеталықтың: Жер қатты немесе сұйық планета ма?, деп сұрағанда сен қалай деп 
жауап берер едің? 
7. Жер бетінде қанша құрлық бар? Олардың атын ата. Картаны пайдалана отырып әр 
құрлықты әлемдік мұхиттың айдыны шаятынын түсіндір. 
8. Ай планетасына ұшып барған ғарышкерлер көктен жерге қарағанда біздің планетамыз 
........ көрінеді екен. Бұл көрініс Жер сыртындағы бірнеше қабаттар мен ....... білдіреді 
екен. Оны ғылымда ...... мұхит деп атайды. Жер планетасындағы мұхиттар мен 
теңіздерде су қорының .......% сақталған. Олардың ішіндегі .... % адамдар өміріне қажетті 
тұщы су қорын құрайды. Тұщы су қорлары ...... бассейндері мен ...... сақталған. Әрбір 
адамға күнделікті өмірде өз қызметін атқару барысында екі литр су қажет. Сол себепті 
тұщы су қорын сақтау үшін ...... және бейрационалды пайдалануды қалай дұрыс жолға 
қоямыз. Демек, бұл ұсынысты қолдау адам мен тіршіліктің орнықты дамуына қажетті 
жаңа ....... мен ..... өнеркәсіп орындарының халық игілігіне айналуына оңтайлы жағдай 
туғызу керек деген сөз. Керекті сөздер: 2%, қолайсыз, 98%, әлемдік, мұхит пен теңіз 
сулары, тазарту, көгілдір, жер, өзен, жабық, мұздық, ластану. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
9. Дәптерің алып төмендегі тапсырмаларды орында. 
Тау жыныстары мен минералдар. Тау жыныстары мен минералдары топтары. 
Жаратылыс негіздер.і Мысалдар.Магмалық. Шөгінді. Метаморфты 
10. Шөгінді жыныстар неге жер қабығының терең бөліктерінде орналасқан? 
11. Кен орнына жатпайтын пайдалы қазбалар түрін ата. 
12. Пайдалы қазбалар орындарын болашақ үшін сақтаудың қандай маңызы бар? 
13. Дәптеріңе төмендегі кесте бойынша топырақ құрамын анықтап жаз. 
14. Құмаралас және сазды топырақты арнайы ыдысқа салып таразымен өлше. Оларды 
қажет мөлшердегі сумен ылғалдандыр. Енді оларды жазық ыдысқа орналастыр. Біраз 
уақыт өткен соң оларды таразыға салып қайта өлше. Екеуінің қайсысы тез құрғайды? 
Себебін түсіндір. 
15. Топырақ құнарлы болу үшін оның құрамында қандай заттар болуы керек? 
16. Топырақтың құнарлығын арттыру қандай шараларды қолға алған жөн? 
17. Жауын құрттарын өз өсімдіктерінің қалыпты жағдайда өсуіне бар күшін салушы 
диханшымен салыстырудың қиындығы неде деп ойлайсың? 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Ү. ТІРІ ТАБИҒАТ ДЕНЕЛЕРІ. ОРГАНИЗМДЕР 
Тіршілік дүниесінің алуан түрлі сипаты 
Жан-жануарлар дүниесі 
Өсімдік әлемі 
Саңырауқұлақтар патшалығы 
Қарапайым организмдер патшалығы 
Бактериалар дүниесі 
Вирустар 
«Тірі табиғат денелері. Организмдер» тақырыбын зерделеу 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Тіршілік дүниесінің алуан түрлі сипаты 
1. Адамдар неге тірі организмдерді топтарға бөледі? 
2. Тірі организмдерді қандай топтарға бөлуге болады? 
Тірі табиғат дүниесі әлі ашылмаған таңғажайып сырға толы. Оның сырын білу үшін ұлы 
географиялық жаңалықтар ашқан қайраткерлер сияқты алыс сапарларға шығып, орасан 
қиындықтарды бастан кешірудің қажеті жоқ. Ол таңғажайып әлем - алдымызда! Оларды 
тек байқай білу керек. 
Ол үшін далаға шығып алдыңдағы қалың орманның ішінде серуендеп, немесе есік 
алдындағы көлшіктен бір тамшы суды алып микроскоппен зер салып қарасаң болды- 
сенің алдыңда саған бейтаныс әлем есігін ашады. Әлем қаншалықты ғажап болған 
сайын, ол соншалықты ашылмаған жұмбақ сияқты. Әр жыл өткен сайын ғалымдар 
бұрын мәлім болмаған тірі организмдер туралы жаңалықтар ашу үстінде. 
Ғылыми ашылулар табиғатта жиі болатын өзгерістерге байланысты толассыз 
жүргізілуде. Осыдан миллиондаған жылдар бұрын Жер бетінде қазірге жануарларға 
ұқсамайтын хайуандар өмір сүрген. Мәселен, динозаврларды алайықшы... 
Тірі организмдердің алуан түрлі ерекшелігіне қалай сипаттама беруге болады? Осы 
туралы сен ойландың ба? Күнделікті өмірде сенің айналаңдағы тірі организмдер 
әрекетінде қаншама құбылыстар болып жатады? Оларды сен еріксіз топқа бөлесің? 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Age_of_Discovery 
#mediaviewer/File:Explos.png 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Тапсырманы орында: 
1. Қолыңа он түрлі заттарды ал. 
2. Оларды үш немесе төрт топқа бөл. Қай заттарды бірінші топқа жатқыздың? 
3. Төмендегі суретке зер сала отырып ондағы тірі организмдерді қандай топтарға бөлер 
едің? 
Тірі организмдер дүниесіне терең зер сала білсең, оларды бірнеше топтарға бөлу саған 
қиынға соқпайды. Тірі организмдер табиғатын жеке топтарға бөле отырып, өз ретінде 
оларды біртұтас жүйеге келтіру ғалымдарға оңайға түскен жоқ. Оған бір жыл тұрмақ 
жүздеген жыл уақыт кетті. Ол зерттеулер бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенімен әлі 
тоқтаған емес. Табиғаттағы тірі организмдердің әр алуандық жаратылысы әлі құпия 
және шексіз. 
Тірі организмдерді топтарға бөлу барысында олардың туыстық көрсеткіштері, ішкі 
және сыртқы құрылымы, даму ерекшеліктері, шығу тегі мен басқа белгілері есепке 
алынады. Тірі организмдер жүйесіндегі негізгі көрсеткіш түр деп анықталады. Мысалы, 
барлық қояндарды, немесе орман қоңыздарын бір түр деп қарастырады. 
Түрлерді бір «кірпіштен» қаланған орасан тірі организмдер сарайы деуге саяды. 
Көптеген ғалымдардың пікірінше Жер шарында екі миллионнан астам тірі организмдер 
түрі кездеседі. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Назар аудар: 
Далада немесе орман ішінде келе жатып, еріксіз құмырсқаның илеуіне тап боласың. 
Енді осы тақырыпқа арналған әңгімеге құлақ түр. 
Егер бір құмырсқаны ұстап алып жалғыз өзін белгісіз бір аралға қоя берсек, ол өмір сүре 
алмайды. Бес, алты құмырсқаны да тап солай қалдырсаң да бәрібір. Топтардың өмір 
сүруі үшін олардың белгілі дәрежедегі қауымдастық мүшелері мен сандарының болуы 
заңды құбылыс. Сол себепті бір немесе бірнеше құмырсқадан құралған топтың одан ары 
қарай өмір сүре алатынына кепілдік бере аламыз ба? 
Құмырсқалар тобы үшін аталған сан жеткіліксіз. Оларды, мысалы орманның қоңыр 
құмырсқасын алсақ: күзетші құмырсқа, әскери құмырсқа, жол бастаушы құмырсқа және 
басқалары өз істеріне жауапты. Олар өз алдына бөлек түрге бөлінбейді. Демек түр 
дегеніміз бөлек құмырсқа емес, ол құмырсқалар бірлестігі болып тұр. 
Айналадағы табиғи ортаның бір «кірпіші» болып қаланған құмырсқалар бірлестігі емес, 
құмырсқа түрі екеніне назар аудар. 
Сонымен, түрлер бірнеше ірі топтар құрамына кіреді екен. Тірі табиғат дүниесіндегі ең 
ірі топтарға тірі организмдер патшалығы жатады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Жануарлар дүниесінің жалпы белгісі қандай? 
2. Олар қандай жерлерді мекендейді? 
Жалпы тірі организмдер патшалығы туралы сөз қозғалғанда біз әңгімені жануарлар 
дүниесінен бастаймыз. Адам баласының биологиялық түр ретінде жан-жануарлар 
патшалығына жататынын айтып кеткеніміз жөн. 
Шамамен 1,5 миллион түрлердің басын құрайтын жануарлар патшалығының негізгі 
белгісі қандай? Мәселен, олардың қоректену дүниесі қалай? 
Жан-жануарлардың қоректену үрдістері аса күрделі. Олар өсімдіктермен, 
саңырауқұлақтармен, бактериялармен және өздерін-өзі жеу арқылы қоректенеді. Олар 
биосферадағы басқа организмдер бойындағы дайын заттарды тартып алып қоректенуі - 
жануарлар дүниесінің басқа дүниелерден ерекшелігін білдіреді. 
Жануарлар бойында мінез-құлық ерекшеліктері бола ма? Қазақ халқының «бөрі азығы 
жолда» деген мақалында осы айтылған дүниеге қатысты нәрсе бар ма? Күнделікті өмірде 
өзіне қажетті қорек көздерін табу үшін немесе басқа жыртқыштардан өзін сақтау үшін 
жануарлар жер бетінде миграция (орын ауыстырып қозғалуға) жасауға мәжбүр болады. 
Кейбір өз орнынан қозғалмайтын да жануарлар түрі кездеседі. 
Қорыта айтқанда Жануарлар патшалығы дегеніміз - белгілі табиғи ортадағы ұшатын, 
жүгіретін, жүретін, бауырлап жүретін, жүзетін, секіретін тірі организмдер мекені. Бір 
жерден екінші жерге жылдам орын ауыстыруға бейімділік көптеген тірі организмдерге 
тән қасиет. Осыған қоса биосфералық ортада өте баяу қозғалатын немесе мүлдем 
қозғала алмайтын жануарлар дүниесі бар. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Суреттерге зер сала отырып, олардың ішіндегі баяу қозғалатын, қозғалмайтын және өте 
белсенді қозғалатын жан-жануарлар түрлерін ата. Ұдайы өзгерістерге ұшырып тұратын 
биосфералық ортада белсенді қозғалатын жануарлардың өз бағытынан аумай жүруіне 
қандай жағдаяттар әсер етуі мүмкін. 
Ойлансақ, ол әр жануарға тән сезім органы екен. Демек, әр жануар табиғаттағы қараңғы 
мен жарықты, ыстық пен суықты, дыбыс пен иісті сезетін арнайы органы арқылы бір 
жерден екінші жерге орын ауыстырады деген сөз. Бұл көріністі сен күнделікті өмірден 
байқап та жүрсің. Мәселен, мысықты немесе үйдегі итті алайық. Олардың бойындағы 
сезім органдарының ерекшелігін сен байқадың ба? 
Дәл осы қасиеттер су ішіндегі балықтың бойында бар ма? 
Тапсырма. Осы сұраққа жауап табу үшін сен үйіңдегі аквариумдағы балықтардың 
қозғалыстарын мұқият бақыла. Балықтардың гидросфера ортасында тіршілік ететінін 
білдің. Олардан басқа қандай тіршілік ортасы бар? 
Жан-жануарлар құрлықта, көкте, суда және топырақ қабатында тіршілік етеді. 
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жер бетінде әлі күнге дейін белгісіз болып келе 
жатқан тірі организмдер түрлері көп. Олардың тіршілік ету ерекшеліктері олардың 
қозғалуымен қатар табиғи ортадағы географиялық ерекшеліктерге байланысты. Әр 
жануар түрі табиғи ортаның өзгешелігіне қарай, тұрғылықты жердің жаратылыс 
заңдарына бағынып, бейімделеді. Жануарлар арасында қоғам мен адамға келтіретін 
пайдасының қаншалықты екенін төмендегі ертегіден байқауға болады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Халық ертегілері табиғи өмірден алынады. Сол сияқты біздің тақырыбымызға қатысы 
бар жануарлар өмірі де халық ертегілері мен аңыз әңгімелерінде ұдайы көрініс табады. 
Енді соған назар аударайыұқ 
Құс патшасы бүркітке сауысқан торғайдың табиғатқа келтіретін зияны көп екенін, 
сондықтан оны жауапқа тарту жөнінде талап қояды. Сонда сауысқан тұрып: 
- Торғайдың зияны көп. Ол адамдардың бақшасына рұқсатсыз ұшып барып, олардың 
қамбаларындағы астықтың дәнін ұрлайды. Егін даласына барып бидайдан түк 
қоймайды, онымен қоймай жеміс те ұрлайды, депті. 
Мұны естіген кірпі шыдай алмай, торғайды қорғауға бел буыпты да, былай депті: 
- Торғайдың зиянынан гөрі пайдасы көп. Қыс болса олар арам шөптің бұтақтарын 
жейді. Жаз болса бүкіл егін мен жеміс бақшаларын арамтамақ жәндіктерден сақтайды. 
Ал егін алқаптарын ше? Олар оны да түрлі зиянкестерден, әсіреме сараншалардан 
тазартады. Осындай жақсылығы үшін торғай бидай дәнін сыйға тартуға аянамыз ба?,- 
кіпікшешен торғайды аман алып қалыпты. 
Тапсырма: Балалар жоғарыда айтылғандар ертегі-аңызға ұқсағанымен, оның түбінде 
шындық жатыр. Осыған орай еді сендер, жалпы табиғат ортасында қанша зиян 
келтіретін, немесе пайда келтіріетін құстардың түрлеріне сипаттама бере аласыңдар ма? 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Өсімдік дүниесінің басқа әлемнен айырмашылығы қандай? 
2. Табиғат ортасындағы өсімдік жамылғысының маңызы неде? 
Біздің планетамызда бір жарым миллионнан астам өсімдік түрлері кездеседі. Табиғат 
ортасының қай бөлігінде болмасын, ол жерде өсімдік жамылғысы бар. Дегенмен, 
олардың өте көп және қалың орналасқан бөліктері бар. Ол жер- планетамызыдың ең 
ылғалды аймағы болып табылатыг тропикалық ормандар алқабы болып табылады. Бұл 
жерде ауа райы өте ылғалды. Жауын күн сайын жауып, арасында күн жарқырап 
тұрғандықтан өсімдіктің сан алуан түрлері, әсіресе ағаштар өте биік болып өседі. Олар 
биіктеген сайын бір-біріне шырмалып күн сәулесінің топырақ қабатына толық түсуіне 
мүмкіндік бермейді. Жер мен күн сәулесі бәрібір бір-бірімен тығыз байланысты. Ол 
байланыс күн сәулесіне алақанын айқара ашқан ағаш жапырақтары арқылы топыраққа 
ұдайы сіңіп отырады. Қалың орман алқабындағы сан мыңдаған жапырақтар күн сайын 
көктен түскен күн сәулесін өзіне қабылдап, жан-жағына өмір сыйлайды. Сол себепті 
өсімдік жамылғысын жердің беті мен күн сәулесі арасындағы дәнекер деп те атайды. 
Оның үлкен себебі күн сәулесін өзінің бойына жапырақ арқылы сіңіріп алған өсімдік 
барлық тірі организмдерге аса қажетті көмірқышқыл газын ауаға бөліп шығарады. Күн 
сәулесі арқылы жер бетіне түскен энергия көзін өз бойына сіңіру арқылы органикалық 
заттардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызған процесті «фотосинтез» деп атайды. Ол 
гректің «photo-жарық» және «sinteze-қосылу» сөздерінен алынған. 
Фотосинтез – жалпы өсімдіктер Патшалығының аса маңызды жүйесі болып табылады. 
Күн сәулесінің өсімдік жамылғысына қаншалықты әсер ететіне көзіңді жеткізгің келсе, 
төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Күн сәулесінің өсімдік жамылғысына қаншалықты әсер ететіне көзіңді жеткізгің келсе, 
төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. 
1. Кез келген өсімдік дәнін арнайы ағаш қораптың ішіндегі топырақ қабатына сеуіп 
отырғыз. Қорапты әрі жылы және күн сәулесі толық түсетін жерге орналастыр. Топырақ 
ылғалды болған жөн. 
2. Біраз уақыт өткен соң топырақ бетіне дәннен бөлінген жапырақша сабақтарын 
байқайсың. Енді қораптың жартысын қараңғы етіп бір затпен жауып қой. 
3. Үш күн өткен соң қораптың жарық бөлігі мен қараңғы бөлігіндегі өсімдік 
сабақтарының түсіне мән беріп бақыла. 
Күн сәулесін өз бойына қабылдаған өсімдіктің сабағы мен жапырақтары – жасыл түсті 
болып келеді. Ал, оған жарық түспей өсетін өсімдіктердің түрі сұр болып келеді. Сол 
себепті жасыл түс-бұл барлық өсімдік патшалығына тән құбылыс. 
Өсімдік дүниесінің жасыл түсті көрініс беру қасиеті – хлорофилл деп аталады. Оны грек 
тілінен аударғанда «hlores-жасыл» және «fillum-жапырақ» деген ұғымды білдіреді. 
Өсімдік құрамында хлорофилл болмаған жағдайда, жапырықтар мен сабақтар күн 
сәулесін өз бойына қабылдауы мүмкін емес еді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Өсімдік дүниесінің аталмыш қасиетін зерттеп, оған теерң мән берген атақты ғалыи 
Климент Тимирязев былый деген: 
«Ең алғаш күн сәулесі жарқырап шыққанда, оның шуағы тұңғыш рет жемісі жоқ жер 
топырағына емес жайқалған бидай сабағының жапырағына түсті. Оны хлорофилді 
бидай дәні десек те болады. Бидай сабағына түскен сәуле бірден жоқ болып кеткенмен, 
кейін ол сол бидай дәнінен жасалған нан түйіршіктері арқылы, бізге тамақ күйінде 
қайта оралды. Ол оралып қана қойған жоқ, ол біздің бұлшық етіміз бен жүйкеміздің 
жаратылуына себепкер болды..» 
Өсімдіктер тек бізге ғана емес, жан-жануарларға, саңырауқұлақтарға, бактериялар мен 
қарапайым организмдерге қуат береді. Олардың топырақ қабатының қалыптасуына және 
пайдалы қазбалардың құрылымына үлкен әсер етеді. Тас көмір, батпақты торфтар, 
мұнай, табиғи газ- өсімдік жамылғысының миллиондаған жылдар бойы жеп астында 
шіріп келе жатқан қалдықтарының жиынтығынан құралады. Ауаның атмосферадағы 
жағдайы мен таза қалпы да өсімдіктің қызметіне байланысты. Медицина тілімен 
айтқанда өсімдік жамылғысы жердің «өкпесі» сияқты. 
Табиғат байлықтарын болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін өсімдік жамылғысының 
қоршаған орта үшін атқаратын қызметін білу аса қажет іс. Бүгінде сыры мол құпия 
табиғаттың басқа салалары сияқты өсімдік жамылғысы адамзат перзенті тарапынан 
ерекше қамқорлықты қажет етіп отыр. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B8 
%D0%BC%D0%B8%D1%80%D1%8F%D0% 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Есіңде жүрсін! 
Әрбір өсімдіктің бүгінгі қалпында өткен дәуірлерден қалған із болатыны анық. Олардың 
көне құпиясын білген сайын, бүгінгі сан алуын өсімдік жамылғысының сыры бізге 
мәлім боа бастайды. 
Кез келген өсімдіктің , атап айтқанда зәулім еменнің бұтақтарының орналасуына назар 
аудары көп дүниені аңғартады. Оның діңгегі өткен дәуірдегі жасыл сабақ болса, 
бұтақатры оның кішігірім сабақтары, ал ұштары бүгінгі қалпы екені байқалып тұр. 
Кейбір бұтақтардағы жапырақтар ерте сарғайса, немесе бүршік атпасы, оған белгісіз бір 
табиғи күштердің тигізген ықпалы деп қарауымыз керек. 
Керісінше, кейбір бұтақтардың ұштары ерекше жайқалып, жаңа сабақтарын жая бастаса 
оған тұрғылықты жердің әсем табиғаты шипалы ауасы оң әсерін тигізді деп біліеміз. 
Өсімдіктердің дамуы мен таралуы тарихнамасын білу- олардың туыстық 
ерекшеліктерін терең тануға және ажырата білуге мүмкіндік береді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Саңырауқұлақтардың жалпы ерекшелігі неде? 
2. Адам және басқа тірі организмдер үшін саңыырауқұлақтың атқаратын қызметі 
қандай? 
Саңырауқұлақтар дүниесі сырға толы. Табиғат жаратылысының ерекше бір белгісі 
болып табылатын саңырауқұлақтардың өмірі ғалымдар үшін әлі талас тудыртуда. 
Біреулер оны өсімдіктер қатарына жатқызса, кейбіреулер- жан-жануарлар қатарына 
кіргізуде. Олардың бір қасиеті, өз организмдерінде өсімдік пен жануарларға тән 
белгілерінің болуы. 
Тапсырма. Саңыракқұлақтар мен басқа өсімдік әлемінің ерекшеліктері бар ма? Олардың 
жан-жануарлармен байланысы қандай? Мұғалімнің көмегімен төмендегі сөйлемдерге 
тиісті атаудыв қойып жазыңдар. 
Саңырауқұлақтар ......... сияқты бір орнында қозғалмай өседі. Олар ......... ұқсас өзінің 
өсуін тоқтатпайды. Саңырауқұлақтар ........ сияқты бойында хлорофиллдер 
бомағандықтан дайын оттегіні бойына сіңіреді. Дегенмен, олар басқа ........ қарағанда 
көмірқышқыл газын өзінің тамыры іспеттес қалқаны арқылы қабылдайды. 
Саңыракқұлақтардың өсімдік патшалығына ұқсас болғанымен оның жаратылысы, 
дамуы мен құрылысы басқа өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінен өзгешелігі – 
оның саңырауқұлақтар Патшалығы деп бөлек қарастырылуына себеп болды. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Flora 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Flora 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Ғалымдар көптеген саңырауқұлақтар сырын ашқанмен, әлі олардың құпиясы көп. Біз 
саңырауқұлақтарды көктемгі жауыннан кейін ормандағы ағаштардың түбінен жинап 
алатын өсімдік деп түсінеміз. Бұл оның бір ғана белгісі. Айталық, қараңғы тас үңгірдің 
ішінде, немесе жер астындағы үйшікте бола қалсаң сен міндетті түрде саңырауқұлақты 
кездестіресің. Одан сен бірден ормандағы түріне ұқсамайтын мүлде басқа иісті сезесің. 
Осы айтқан тұжырымның растығына көз жеткізу үшін арнайы эксперимент жүргіз. 
1. Шыны ыдыстың ішіне нанға оралған ылғалды қағазды орналастыр. Оның бетін құрғақ 
жапырақтармен жауып, жылы жерге қой. 
2. Біраз күнгі бақылаудан кейін нан құқымы өзінен өзі көгеріп, бүршіктене бастап, 
нәтижесінде жабайы саңырауқұлақ өсіп шығатынын көруіңе болады. 
3. Беткі қалпағы ағарып өскен саңырауқұлақтың сыртында, біраз уақыттан соң қара 
дақтар көбейе бастайды. 
4. Енді саңырауқұлақты мектепке әкеліп мұғалімнің көмегімен микроскоп арқылы 
тексер. Одан қандай құбылысты байқадың? 
Жабайы саңырауқұлақтар дақтары тамақ қалдықтары мен басқа да өлі денеге айналған 
тірі организмдердің бойында қалыптасып, өзінің бірнеше топтарын құрайды. Олардың 
көбі топырақ қабатында өседі. Сондай-ақ ағаштардың бұтақтарында, кесілген бұтақ 
жантақтарында олардың өсе беруі ғажап емес. Ағаштың бүйірінен тұяқ сияқты қиып 
өскен трутовик саңырауқұлағы өсімдіктің шіруіне әкеліп соғады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Табиғат аясында 100 мыңнан астам өсетін саңырауқұлақтар түрін ғалымдар дәлелдеп 
отыр. Олардың біразы көзге көрінбейді. Өзіміз күнде жейтін нан ұнының ашытқысының 
құрамында көзге көрінбейтін саңыракқұлақ бар. Ол сонымен бірге сыра дайындау 
технологиясында кеңінен қолданылады. 
Табиғат ортасында саңырауқұлақ өте маңызды рөл атқарады. Олар органикалық 
қалдықтардың бір жерге жинақталып, нәтижесінде топырақ қабатынан тазартылып 
шығуына себеп болып топырақ құнарлығының арта түсуіне ұйытқы болады. 
Саңырауқұлақтар адамдар өмірінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Олар 
қаншалықты пайда келтіргенмен, соншалықты зиян шектіреді. Саңырауқұлақтарды 
адамдар дәрі-дәрмек, тамақ жасау және басқа өнімдерді дайындауда пайдаланады. 
Олардың арасында адам денсаулығына зиян келтіретін түрлері кездеседі. Кейбір улы 
саңырауқұлақты жеген адамдар айықпас ауру-сырқауға ұшырайды, сонымен қатар олар 
құрылыс материалдарын, шаруашылық нысандарын, тері және басқа материалдардан 
жасалған заттарды зақымдайды. Адамдар улы саңырауқұлақтардан сақтанудың түрлі 
жолдарын іздестіруде. 
Адамдардың саңырауқұлақтар дүниесін тануға және оған араласу ниеттері ғыылыми 
тұрғыда жете зерттелген жөн. Улы саңырауқұлақтарды химиялық жолмен жою- адамға 
пайдалы саңырауқұлақтардың да жойылып кету қаупін туғызады. Сол үшін миллион 
жылдар бойы өсіп-өніп келе жатқан саңырауқұлақтар дүниесін табиғи ортадағы тепе- 
теңдік заңдылығын сақтай отырып зерттеу және қорғау жұмыстарын қатар жүргізу 
керек. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Pharmacology 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Есіңде жүрсін! 
Саңырауқұлақтар әлемі әрі қызық және құпия. Олардың ішіндегі жасыл түсті рокфор 
пеницилі адам тұрмысында ерекше рөл атқарған. Ол кәдімгі ірімшікпен қатар пайда 
болды. Францияның бір малшысы өзінің отар қойын Рокфор ауылындағы тау аңғарына 
қарай айдайды. Лезде жауған нөсер қойшының малымен бірге тау үңгірлерінің біріне 
жасырынуына мәжбүр етеді. Жаңбыр басылған соң қойшы малдарын үңгірден далаға 
айдап шығып, өзінің жейтін таңғы асын ұмытып кетеді. 
Бір аптадан кейін малшы өзі мекен еткен тау үңгірін қайта паналайды. Сол жерде ол өзі 
ұмыт қалдырған тамағына кез болып, нанның шіріп, ал ақ ірімшіктің жасыл түске еніп 
кеткенін көріп таң қалады. Қарны ашқан малшы жасыл саңырауқұлақ араласқан 
ірімшікті жеуге бел байлайды. Ірімшіктің өзі жеп жүрген ірімшіктерден дәмді болғанын 
байқаған қойшы бұл қуанышты хабарды ауылына жеткізеді. 
Бұл көрініске таң қалған ауылдастары ірімшіктің дәмін татып «керемет дәм» деп таңдай 
қағысыпты. Сол кезден бастап Рокфор ауылының тұрғындары өздерінің ірімшіктерін тау 
үңгіріне қарай таси бастапты. Мұны естіген көрші елдер дәл рокфорлықтар сияқты 
жасыл саңырауқұлақ араласқан ірімшікті дайындауға кірісіпті. 
Тапсырма. Ендігі арада сендер саңырауқұлақтар патшалығы туралы толық мәліметтер 
алдыңдар. Сол себепті өздерің мекен етіп жатқан жерлердегі мұғалімнің көмегімен көзге 
көрінетін және көрінбейтін, үлкенді-кішілі, зиянды-пайдалы саңырауқұлақтар туралы 
мағлұматтар жинаңдар, оны теріп мектеп микроскопы арқылы тексеріңдер. Алған 
нәтижелеріңді күнделік дәптерлеріңе жазыңдар. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Cheese 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ
ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ

More Related Content

Similar to ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ

Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығыТабиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығыErjan Beisenhojaev
 
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04Muhamedrahim Kursabaev61
 
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзйtbv8j66zqq
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
география үлгі
география үлгігеография үлгі
география үлгіSerjan Kasen
 
Гидросфера және дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера  және дүниежүзілік су  айналымыГидросфера  және дүниежүзілік су  айналымы
Гидросфера және дүниежүзілік су айналымыАйбек Қуандықұлы
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неRauan Ibraikhan
 
Реактивті қозғалыс. Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.
Реактивті қозғалыс.  Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.Реактивті қозғалыс.  Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.
Реактивті қозғалыс. Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.Айбек Қуандықұлы
 

Similar to ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ (9)

Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығыТабиғаттың байлығы- деннің саулығы
Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
 
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
 
Солтүстік америка материгі
Солтүстік америка материгіСолтүстік америка материгі
Солтүстік америка материгі
 
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй
73594.pptx.pptолол6189292@/&.&.&&2&1’цбцжйзй
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
география үлгі
география үлгігеография үлгі
география үлгі
 
Гидросфера және дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера  және дүниежүзілік су  айналымыГидросфера  және дүниежүзілік су  айналымы
Гидросфера және дүниежүзілік су айналымы
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
 
Реактивті қозғалыс. Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.
Реактивті қозғалыс.  Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.Реактивті қозғалыс.  Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.
Реактивті қозғалыс. Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері.
 

More from Muhamedrahim Kursabaev61

Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Muhamedrahim Kursabaev61
 
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)Muhamedrahim Kursabaev61
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруMuhamedrahim Kursabaev61
 
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevThe Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevMuhamedrahim Kursabaev61
 
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Muhamedrahim Kursabaev61
 
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02Muhamedrahim Kursabaev61
 
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираГеоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираMuhamedrahim Kursabaev61
 

More from Muhamedrahim Kursabaev61 (10)

Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
Экология оқулығы. М.Қыдырбайұлы. Астана 2016
 
Kungei Tarbagatai in East Kazakhstan
Kungei Tarbagatai in East KazakhstanKungei Tarbagatai in East Kazakhstan
Kungei Tarbagatai in East Kazakhstan
 
Этнопарк "AtaLand"
Этнопарк "AtaLand" Этнопарк "AtaLand"
Этнопарк "AtaLand"
 
Amanzholov Seitkaly
Amanzholov SeitkalyAmanzholov Seitkaly
Amanzholov Seitkaly
 
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
 
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevThe Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
 
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
 
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02
 
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираГеоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
 

ТАБИҒАТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ

  • 1. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 2. Ауа қабаты Планетадағы барлық организмдердің тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызады. Тірі организмдер ауаның көмегімен таралатын оттегі газымен дем алады. Жер бетіндегі жайқалған жасыл әлем тіршілік дүниелеріне қажетті мөлшерде көмірқышқыл газын бөледі. Тапсырма. Егер ауа қабаты жоғалып кетсе Жер бетінде қандай өзгерістер болады?Жер бетіндегі тіршілік дүниесінің дамуы жаңа ғылым саласы- биосфераны қалыптастырды. Ол гректің «bios-ғұмыр» деген сөзінен алынды. Сондықтан биосфера деп Жер бетіндегі тіршілік организмдерінің өмір сүретін аймағын айтамыз. Биосфера литосфераның жоғарғы қабатын, гидросфераны, сондай-ақ жер бетінен 25-30 км биіктіктегі өмір сүретін ортаны қамтиды. Құрлықтың төменгі бөлігіндегі 4 км тереңдіктегі тірі организмдер биосфераға кіреді. Ал, гидросферадағы биосфераның шекарасы мұхит қайраңдарының 10-11 км тереңдіктерін қамтиды. Қысқасы, ауа қабатында өмір сүріп жатқан басқа организмдер (оның ішінде адамдар да кіреді) биосфера ортасы болып табылады. Биосфера сонымен қатар басқа қабаттармен салыстырғанда тіршілік организмдері белсенді түрде әрекет ететін кеңістік болып табылады. Өйткені аталмыш қабаттың кел келген аймағында өмір сүріп жатқан организм сол жердің тіршілік ерекшелігін, табиғи болмысын қалыптастырады. Мұндағы табиғат көріністері мен ондағы әрекеттер басқа қабаттармен салыстырғанда әрі алуан, әрі белсенді әрекеттерге толы. Тірі организм иелерінің салыстырмалы түрде басқа организмдерден аз болғанына қарамастан олар Жердің табиғат ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды орынға ие.Тірі организмдердің әрекеті негізінде жердің бетінде топырақ пайда болды. Бүгінгі жер келбетіндегі атмосфера мен гидросфера қабатының пайда болуына ең алдымен тірі организмдер зор үлес қосты. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 3. Атмосфера қабатында ауаның қозғалуы желдің пайда болуына әкеліп соғады. Желдің табиғи ортаға тигізетін әсері әр түрлі. Төменде қатты желдің салдарынан пайда болатын «Торнадо» атты құйын туралы оқыңдар. Желдің табиғи ортадағы көрінісін біз үстіміздегі киіміміздің желбірегенінен, астықты алқаптағы бидай сабақтарының тербелісінен, аспандағы бұлттарды көшіріп бара жатқанынан байқаймыз. Бірақ жел осы айтылған дүниелермен шектелмейді. Тылсым табиғат аясында жел әсерінен болатын сұрапыл құбылыстар болады. Құйын тек қана жердің бетінде ғана болып қоймайды. Кей уақытта жер бетінде пайда болған құйынға көктегі көшкен бұлттардың ширығып, аспан көгінде басқа құйынды қалыптастыруы ғажап емес. Бұл көріністі құмды даладан көрсең өз көзіңе өзің сенбейтін күй кешесің. Аяқ астынан пайда болған құйын лезде құдды ұзын жылан секілді ирелеңдеп жан-жағын жайпап аспанға қарай шарпып көтеріледі. Табиғаттың мұндай сұрапыл күштерін Америкада «торнада» деп атайды. Жоғарыда айтылған құбылыс Америка жағалауында болса, мұхит бетінде құм даладағыыдай ұзын қара жылан енді судың ішінен шыққандай әсер аласың. Мұхит айдынында болған осындай оқиғаның куәсі болған бір адам құйынның су түбіндегі балықтарды көкке алып шығып, жартысын қайта суға лақтырып, қалғандарын жауынға ұқсаған құйынды нөсерімен жағалаудағы елді-мекендерге көктен түсіргенін көрген. Америка былай тұрсын, балықтар жауған нөсерді Атлант мұхиты мен Балтық теңізі жағалауындағы Шотландия, Норвегия және Дания жерлеріндегі адамдар көріп қайран қалған. 1949 жылы Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландия аралында пайда болған құйын жағалау елді- мекендерінің төбесінен мыңдаған балықтарды жаудыртқан. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 4. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 5. http://en.wikipedia.org/wiki/Tornado Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 6. 1. Өзің білетін материктердің атын ата? 2. Дүние жүзінде қанша мұхит бар? Глобусқа немесе картаға қарап отырып Жер шарындағы мұхит пен құрлықтың үлесі қандай екенін салыстыр. Енді мұхиттан құрлықты бөлек алып қарастыр. Демек, орасан құрғақ жерді алып жатқан бөлікті материк деп атаймыз. Карта бетінен қанша құрлықты таптың? Олардың аттарын атай аласың ба? Сонымен, Жердің бетінде алты құрлық (материк) бар екен. Оларға: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида. Олар бір- бірінен территориясы, пішіні, жер бедері және табиғат ерекшеліктері жағынан түрліше болып келеді. Құрлықтар жөнінде адамдар әртүрлі пікірлер айтып келді. Дегенмен, көптеген ғалымдар алты құрлықтың бір кездері тұтас бір құрлық болды деп жорамалдап отыр. Ол материктің аты Пангея болды. Енді біз Пангея құрлығының қандай пішінде болғаны жөнінде білу үшін төмендегі тәжірибе жұмыстарын жүргізейік. 1. Тәжірибе жұмысына керекті әлем картасын, қарындаш, көшірме қағазын, таза қағаз, калька, қатты қағаз бен қайшыны дайында. 2. Кальканың көмегімен, оны картаның бетіне қойып сызып шық. 3. Қатты қағаздың бетіне көшірме қағазын қойып, бетін калькамен бастыр. 4. Картадағы құрлық шекаралары бар суретті контур бойынша қайта сыз. 5. Енді қатты қағаз бетіндегі құрлықтар контурын қайшымен әдемілеп кес. 6. Сенің қолыңда алты материктің бөлшегі қалу керек. Енді олады бір-біріне жақындатып көр. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 7. http://en.wikipedia.org/wiki/Continent Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 8. Жердің жаратылысын зерттеп жүрген ғалымдар көп жылғы зерттеулеріне сүйене отырып, Пангея материгінің болғаны жөнінде нақты болжам жасады. Олар Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы таулы қыраттың Шотландия мен Скандинавия түбегіндегі таулардың жасы, құрылымы және жаратылысы жағынан көп ұқсастықтарын тапты. Сол сияқты Оңтүстік Америка мен Африка құрлықтары тау қыртыстарының да арасындағы ұқсастықтар ғалымдар тарапынан дәлелденді. Сонымен Пангея құрлығының 200 млн жыл бұрын қандай күйде болғаны белгілі болды. Пангея екіге бөлінген күннен бастап қалған материктер ақырындап бір-бірінен алшақтай бастады. Ал, бұл құбылыс осы күнге дейін жалғасып келеді. Оған дәлел ретінде жер бетіндегі литосфера қабатының жылжуын айтсақ жеткілікті. Бүгінде Солтүстік Америка мен Еуропа құрлықтарында бөліну үрдісі байқалуда. Австралия құрлығы Азияға қарай жылжуда. Олардың жылжу жылдамдығы жылына 2см. Төмендегі суреттердің көмегімен құрлықтардың көне дәуірде қалай жылжығаны жөнінде мағлұмат аласың. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 9. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 10. Бүгінгі құрлықтар арасында салыстырмалы түрде шекаралық аймағы бар – төрт Әлемдік мұхит орналасқан. Олардың ішіндегі ең үлкені Тынық мұхиты. Мұхит Жер шарының үштен бір бөлігін алып жатыр. Қалған үш мұхиттың айдыны Тынық мұхитына сыйып кетеді. Мұхиттың ең терең жері 11 км (Мариан қайраңы) дейін барады. Өзінің алып жатқан орны бойынша екінші орынды Атлант мұхиты алады. Ол Тынық мұхитынан екі есе кіші. Картада Тынық мұхиты үлкен табақ сияқты көрінсе, Атлант мұхиты солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан жібек арқан сияқты көрініс береді. Оңтүстік жарты шарды толығымен алып жатқан Үнді мұхиты үшінші орында тұр. Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі Солтүстік мұзды мұхит толығымен солтүстік жарты шарды алып жатыр. Мұхиттың орталық бөлігін мәңгі-бақи мұз басып тұр. Су бетінің көпшілігін мұз басқандықтан мұхит суының тұзы шамалы болады. Оған қоса судың тұщылануына алып мұз құрсаулары мен оған құятын өзендердің сулары үлкен әсер етеді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 11. http://en.wikipedia.org/wiki/Pangea#mediaviewer/File:Snider- Pellegrini_Wegener_fossil_map.svg Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 12. Антарктида – қиыр солтүстіктегі мұздықтар материгі. Ол туралы көп білсеңдер, жаратылыстану ғылымының басқа сырларын білуге мүмкіндік туады. Іске сәт! Антарктида жері - мәңгі-бақи алып мұздықтардың мекені. Тау басына үйіліп қалған алып мұздықтар көбейе келе, бірін-бірі жаншып үшкір тұмсықтарымен мұхитты қақ жарып қалыңдай береді. Суға шайылған алып мұздықтардың төменгі жағы бірер уақыттан соң биік тауға айналып сумен бірге қозғала бастайды. Ол мұз тауларды – Айсбергтер дейді. Мұхит айдынында қалқып жүрген айсбергтердің формалары әр түрлі болады. Олар бірде ортағасырлық көне шаһарлар сияқты көрінсе, кейде ғайыптан пайда болған алтын сарайға ұқсап кетеді. Күн ашық күндері олар көздің жауын алғандай керемет жарқыраса, батқан күннің сәулелерінен олар түрлі-түсті реңге енеді. Аспан бұлттанып тұрса – айсбергтер қалың тұманның арасынан сұрланып тұрады.Кейбір айсбергтердің төменгі бөлігі бірнеше жүздеген тереңге кетіп ұзақ уақыт қалқып жүреді. Полярлық белдеулерде олар мұзжарғыш кеме сияқты өзінің жүрісінен танбай қалқи береді. Айсбергтерге, әсіресе қалың тұман басқан күндері абайсызда соқтығысып қплған кемелердің аман қалуы екіталай.1912 жылдың сәуір айында Солтүстік Американың жағалауларындағы айсбергтердің біріне соғылған «Титаник» атты ағылшын кемесі суға батып кеткен. Кеме ұзындығы 200 м, болатын, ал массасы 46 000 тоннаға дейін жүк көтере алатын дүние жүзіндегі ең алып кеме болған. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 13. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 14. 1. Жердің қабығы неден құралады? 2. Тау жыныстары қалай құралады? Табиғат аясына шыққанда сен өзен жағалауларынан немесе тау етегінен неше түрлі тастарды қызықтап теріп алғаның рас па? Сенің қолыңдағы құм уысыңнан сусылдап жерге түсті ме? Қолыңа ұстаған тас күнге жарқырады ма? Мүмкін сен қолыңа қара көмірді ұстап, саз балшықтан бұйым жасаған да шығарсың? Енді бір сәт ойланшы? Осы заттар неден жасалады және оның құрамында не бар? Байқасаң олар біркелкі жатпайды. Бір жерде тас жатса, екінші бір жерде құм-шағылдар шашыранды тұрғыда кездеседі. Оларды ғылымда минералдар дейді. Минерал туралы естідің бе? Ендеше минерал ұғымы Жер қыртысының жаратылысы мен құрылымына байланысты екенін түсін. Жер қыртысының (қабығының) құрылысы, оның шөгіндеі қабаттарынан алынған минералдардың ерекшеліктеріне қарай анықталады. Құрамы жағынан біртекті және өзінің табиғи жаратылысымен ерекшеленетін табиғи денелерді минералдар дейді. Минералдардың 3000 астам түрлері кездеседі. Олар тығыздығымен, түсімен, жарқырауымен, түссіздігімен және салмағымен ерекшеленеді. Мысалы ашық-жасыл малахитқа, күңгірт-сары пиритқа тән. Түссіз кварцтың тығыздығының қаттылығы сонша, онымен шыны әйнекке өрнек салуға болады. Слюданың жұмсақтығы сонша, оның жарқыраған бетінде қолдың ізі қалады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 15. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 16. Жер қыртысының қойнауында минералдардан әр түрлі тау жыныстары құралады. Олардың қатарына гранит жатады. Ол итальян тілінен аударылғанда «granite-зерлі» деген ұғымды білдіреді. Тапсырма. Гранит минералына терең зер салып, оның мұндай атауға ие болған себебін түсіндір. Гранит қызғылт, сұр түрлі-түсті зерлі бөлшектерден: далалық шпат, сырты жылтыр пластинка түріндегі-слюда және жартылай түссіз күйіндегі-кварц түрінде кездеседі. Сондай-ақ біртекті минерал ретінде кездесетін тау жыныстарынан құралған граниттер бар. Оған кварцтың қатты күйінде және құм шағылы түрінде кездесетін түрлерін айтсақ жеткілікті. Тау жыныстарын оның құралу ерекшеліктеріне қарай үш типке жатқызыды. Бірінші типтегі жыныстарға мантия қабатынан балқыған күйінде жер бетіне шыққан минералдар жатады. Балқыған магмалық атқылау күштері мантия қабатынан орасан қысымның әсерінен жоғары қарай көтеріліп жер бетіне жайылып, жан-жағын өртеп, айналадағы жыныстарды араластырып, соңында салқындап тау жыныстарына айналады. Бұл зұлмат күш тек вулкандық процестердің арқасында ғана мүмкін болмақ. Сол себепті, аталмыш жолмен пайда болған тау жыныстары магмалық жыныстар деп аталады. Олардың ішіндегі көпшілікке таныс түрі-пемза (өте жеңіл тау жыныстары) аталады. Тапсырма. Пемза тау жынысын қолыңа ұстап көр. Оның бетіндегі кедір-бұдыр жапыраққа ұқсас суреттерге назар аудар. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 17. Магмалық сұйық оттың жердің жарылған бөліктерінен беткі қабатқа жайылса, ол суыған соң базальтқа айналады. Оның түсі қоңырқай немесе қою қара болып келеді. Ежелгі кеншілер оны алғаш игерген кезде «мәңгілік тас ескерткіш» деп ат қойған екен. Келесі тау жынысының түрі тау жартастарының тас қиыршықтары болып табылады. Тас қиыршықтар таудың ұшар бастарынан қатты аяздан (қатқан мұз) жарылып немесе ұдайы соққан желдің күшінен мүжілу салдарынан уақталып жерге түскен жыныстардан құралады. Бұған көз жеткізу үшін мынадай тәжірибелер жасаған жөн. 1. Мұғалімнің көмегімен граниттің бір бөлшегін отқа қатты қыздырып, дереу су құйылған ыдысқа сал. 2. Ыдысқа салынған гранитті үш минут ұстаған соң қайта отқа қыздыр. 3. Бұл үрдісті бірнеше рет қайтала. 4. Соңында гранитті қатты затпен ұрған кезде оның ұсақ бөлшекке айналу себебін түсіндір. Өзің куә болған ұсақ граниттің бөлшектері тау басынан жерге құлаған соң өзен суы арқылы теңіз-мұхиттарға тасымалданады. Осылайша ұзақ жылдар бойы қалыптасқан үрдіс су асты мен жер астындағы шөгінді жыныстардың пайда болуына әкеліп соғады. Шөгінді жыныстар тірі организмдердің өлі денелерге айналуынан да пайда болады. Батпақты немесе шалшық сулы жерлердегі судың төменгі бөліктеріндегі тірі организмдер көп жағдайда ауаның жетіспеушілігі салдарынан басқа күйге еніп, көп жыл өткен соң торфтың пайда болуына септігін тигізеді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 18. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 19. Мұхит түбіндегі тірі организмдер (ескекаяқ, шаян, молюскалар т.б) қаңқалары да жоғарыда айтылған үрдістерді бастан кешіреді. Нәтижеде тұрмыста жиі қолданылатын известняк атты шөгінді жыныс пайда болды. Мұхит айдынының жылы ағыстар тоғысатын жерлерінде тұз шөгінділері көп кездеседі. Бұл үрдістер бор, гипс және известняктың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Үшінші типке жер бетіндегі тау жыныстарының уақыт өте келе жер қойнауларына тереңдеп кететін метаморфты жыныстар жатады. Ол грек тілінен аударғанда «metamorfo-өзгеру» деген ұғымды білдіреді. Олар жер астына тереңдеген сайын басқа шөгінділерге айналады. Мысалы, кәдімгі теңіз ұлуларынан пайда болған известняк уақыт өте келе мраморға айналады. Жер бетіндегі құм-шағылдардың жердің қойнауына шөгуі тастақ гранитті қалыптастырады. Олар қатты тау жыныстарын құрап, уақыт өте келе кварцтың пайда болуына ұйытқы болады. Тапсырма. Балалар! Аталмыш кітап арқылы қатты, түссіз және түрлі-түсті минералдар мен тау жыныстары туралы толық мағлұматтар беру мүмкін емес. Сондықтан, сендер геологиялық мұражайға міндетті түрде саяхат жасаңдар. Ол жерде біздер айтқан тау жыныстарынан басқа неше түрлі минералдармен танысуға мүмкіндік бар. Мұражайға бара алмасаңдар жергілікті жергілікті жердегі тау жыныстары туралы геологиялық карта жасаңдар. Олардың жалпы жаратылысы туралы өз түсініктеріңді дәптерге жазыңдар. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 20. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 21. Айналаңды қоршаған тастар туралы сен ойландың ба? Ендеше төмендегі. Тастардың өз өмірі, өз тарихы және өз құпиясы бары анық. Тастар адамзат баласына алда талай сырлар ашады. Олардың ғұмыры тірі организмдермен салыстырғанда анағұрлым ұзақ. Тастар мұхит пен теңіздің, таулар мен жазықтықтың қанша өмір сүргенін айтып береді. Біз вулкандық процестердің әсерінен жер рельефтері мен тау қыраттарының пайда болғанын білу үшін тастардың тығыздығынан құралған шөгінді жыныстар қатпарларынан білеміз. Тастарға айналған жануарлар мен өсімдіктердің бейнесі арқылы ғалымдар аталмыш нысанның тастардың орналасқан аймақтары мен қатпарларға ғана тән екеніне назар аударған. Қазіргі кезде көп табылып жатқан тас бейнелердегі жануарлар мен өсімдіктер суретіне қарап, сол кездегі тау жыныстарының түрін анықтауға болады. Көптеген өзендер жағалауында көне кораллдар шөгінділерінен құралған известняк қалдықтары сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша аталмыш известняктардың пайда болуына дейінгі геологиялық үрдістер 300млн жыл бұрын болған. Мұндай үрдістер тек мұхит суының жылы (экваторлық белдеуге тән) ағысына тән болуы ықтимал. Кораллдардың уақыт өте келе шөгінді жыныстарға айналуы табиғат зонасының экваторлық белдеуге жақын орналасуынан болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ гранитті тастардың да пайда болуы жергілікті жердің климаттық ерекшеліктеріне байланысты. Еуропаның солтүстік шығыс аймақтарында гранитті тастардың кездесуі, бұл жерде бір миллион жыл бұрын қатты аязды алқаптың бірі болғанын айғақтайды. Скандинавия түбегінен ғаламдық жылу процесінің салдарынан ауқымды мұздық оңтүстікке қарай жылжуы, гранитті тастардың да қоса көшуіне себеп болған. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 22. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 23. 1. Тау жыныстары мен минералдарды адамдар қалай пайдаланады? 2. Пайдалы қазбаларды тұрмыста пайдаланудың тиімділігі неде? Адамзат перзенті ежелгі дәуірден бері табиғаттағы түрлі тау жыныстары мен минералдарды өз мақсаттарына пайдаланып келді. Тарихтан алғашқы адамдардың тастан жасалған (балта, ұшқы, пышық, қырғыш т.б) түрлі құралдардың болғаны мәлім. Адамдардың известняк қалдықтары орналасқан жерлерді қазғаны жөнінде де деректер бар. Біздің жыл санауымызға дейін (б.ж.д) 12 000 жыл бұрын адамдар өзен аңғаплары мен тау шатқалдарынан алтын қалдықтарын тауып, қажеттеріне жаратқан. Кейін олар темір қоспасы араласқан пайдалы қазбаларды тауып, игере бастаған. Бүгінде Жер қойнауындағы қазба байлықтарын жаппай игеру науқаны қарқынды жүргізілуде. Адамдардың тау жыныстары мен минералдарды игеру әрекеттері пайдалы қазбалар атты атаудың пайда болуына септігін тигізді. Пайдалы қазбаларды игеру елімізде бірқалыпты емес. Оларды игеретін жерлерді кен орындары деп атайды. Пайдалы қазбаларды, оның ішінде тау жыныстары мен минералдарды игеретін кен орындары олардан металл өндіреді. Айталық, темір, болат, қалайы металдарын магнитті, қоңыр және қызыл темір қоспасы бар минералдардан алады. Мысты мысаралас қоспалар кенінен, қорғасынды қорғасынаралас қоспалар, ал алюминиді бокситті кен орындарынан игереді. Сонымен қатар адамдар кен орындарына жатпайтын минералдардан да өнім өндіреді. Оларға тас, құм, саз балшық, гранит, известняк және мрамор жатады. Қатты тұз кесегі тамақ және химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Апатит минералынан ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштарды өндіреді. Тапсырма: Адамдардың тау жыныстары мен минералдарды пайдалануы жөнінде әңгіме құрастыр. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 24. http://en.wikipedia.org/wiki/Limestone Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 25. http://en.wikipedia.org/wiki/Mineralogy Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 26. Жанғыш пайдалы қазбаларды тек шикізат күйінде ғана пайдаланып қоймай, олардан синтетикалық мата, пластмасса, жарылғыш заттар, дәрі-дәрмек, бояу, әтір, сабын, техникалық майлар және басқа химиялық өнімдер өндіріледі. Пайдалы қазбаларды игеру мен өндіру өте қиын іс. Ең алдымен жер қойнауын қазып карьер жасап, оған шахталар орналастырылады. Карьерден миллиондаған тонна тау жыныстарын қопаратын және таситын қондырғылар орналастырылады. Кейін қазылып алынған минералдарды өңдейтін арнайы кен орындары мен зауыттар салынады. Пайдалы қазбаларды игеру науқаны реттелмесе, онда жақын болашақта көптеген кен орындары, атап айтқанда:қорғасын, мырыш, мыс және экономикалық маңызы бар мұнай орындары тұралап қалу қаупі ықтимал. Сондықтан жер қойнауындағы пайдалы қазбалар кен орындарын сауатты игеру ісі дұрыс ұйымдастырылған жөн. Адамдар тұрмысына қажетті газ, мұнай және көмірдің орнын басатын балама энергия көздерін ғалымдар іздестіруде. Бүгінде Күн энергиясын, жер қойнауындағы жылу көздері мен жел күштерін пайдалану тәжірибелері бар. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында адам баласы өте ауқымды энергия күштерін пайдалана отырып қоршаған ортаның табиғатына зор ықпал етуі, атмосфера, гидросфера қабаттары мен өсімдік- топырақ жамылғысын зиянды металл қалдықтарының таралуына себепші болуда. Мұндай тығырықтан шығудың бір жолы минералдар мен тау жыныстарынан өндірген металл қалдықтарын қайта өңдеуден өткізу жолдары қарастырылуда. Айталық, тас көмірді өңдеу барысында пайда болған шлактардан «шлакоблок» атты құрылыс материалын дайындауға болады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 27. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 28. Табиғат аясы сан мыңдаған құбылысқа толы. Солардың қатарына саз балшық та бар. Ен Сен қолыңа саз балшықты ұстап көрдің бе? Рас, сен оның ауылда құрылыс материалдары үшін пайдаланатынын көрген шығарсың. Олар тек қоңыр күйінде емес, сондай-ақ қызыл,көк, көгілдір және ақшыл түсті де болып келеді. Саз балшықтардың миллиардтан астам тонналары жердің бетінде жайылып жатыр. Ерте заманнан бері адамдардың саз балшықты күйдіріп, одан құрылыс материалына қажетті кірпіш жасайтыны белгілі. Ол кірпіштен үй тұрғызады. Қасиетті Түркістан қаласындағы Ахмет Йассауи кесенесін тұрғызған кірпіштің құпиясы әлі ашылмаған. Ерте уақытта Ұлы даланың құмды алқабында Күйік Ұста атты бір шебер өмір сүріпті. Ұста өзі мекен еткен Оғланды қонысынан саз балшықты тасып, алдымен өзіне үй тұрғызыпты. Ол өзі тұрғызған үйге қайран қалыпты. Байқаса: үй қыста жылы, ал жазда салқын болған екен. Уақыт өте келе Күйік Ұста балшықтан ыдыс жасапты. Бір күні ұстаның баласы абайсызда ыдысты жерге түсіріп алса, ол сынбай қалыпты. Бұдан Күйік Ұста саз балшықтың беріктігіне көз жеткізіп одан басқа бұйымдар жасауға кірісіпті. Ұста балшықтың басқа қасиеттерінің бар екеніне көз жеткізіп, одан сабын жасаудың жолын тауыпты. Балшықтың адам денесіне жаққанда суықты тартып алатын да қаситі табылыпты. Жергілікті жердегі молда балшық табылған жерді Аллаһ тағаланың жері деп атапты. Көп уақыт өткен соң геологтар аталған балшықтың құрылысын зерттеп оған бентонит деп ат қойыпты. Бірақ оны Күйік Ұстаның тапқаны жөнінде толық мағлұматты ешкім бермеген көрінеді. Бентонит балшығын қазір Италия ғана өндіруге және сатуға құқылы. Бентонитті алтын мен мұнай қорларын іздеу барысында бұрғылау жұмыстарына пайдаланады. Оның қоспасын шифер материалына араластырғанда құрылыс материалы әрі жеңіл, әрі берік болып шығады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 29. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 30. 1. Топырақ дегеніміз не? 2. Жер жамылғысының құнарлығының негізі топырақ болуының себебі неде? Жер бетіндегі өсімдік жамылғы мен басқа тірі биологиялық организмдер өмірі үшін аса маңызды рөл атқаратын қабат ол топырақ қабаты болып табылады. Топырақ жамылғысы бір көзбен қарағанда байқала бермейтін көп қырлы күрделі дүние. Оған көз жеткізу үшін күрекпен жерді қазған кезде топырақ қабатындағы өсімдіктер тамырларының тереңдеп кеткені арқылы байқаймыз. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі бөлігінде өте тығыз орналасса, төмендеген сайын азайып бара жатқанын көреміз. Топырақ - жауын құрты, құмырсқа, қоңыз және басқа жәндіктер тұқымдарының мекен ететін жері. Онда сонымен бірге саршұнақтар, дала тышқаны, суыр және басқа ірі хайуандар мекендейді. Топырақ қабатында көзге көрінбейтін тірі организмдер де мекендейді. Оларға: саңырауқұлақтар, балдырлар, бактериялар жатады. Оларды тек микроскоп арқылы көреміз.Егер жердің әр шаршы сантиметрін есептеп қарағанымызда біз миллионнан астам микроскопиялық тірі организмдерді көреміз. Топырақ дегеніміз не? Көптеген ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи ортадағы климаттың, су мен тау жыныстарының, тірі организмдердің бір-бірімен тығыз байланысы негізінде пайда болған жер бетіндегі құнарлы қабат болып табылады. Топырақтың ерекше бір қасиеті барлық заттардың құрамын өз бойында сұйық, қатты және газ күйінде сақтай береді. Олардың ішінде суда еритін немесе ерімейтін, от пен судың әсерінен түрлі өзгерістерге ұшырайтын және өз қалпын сақтап қалатын денелер де жатады. Айтылған тұжырымымыз дәлелді болу үшін төмендегі тәжірибелерге назар аударайық. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 31. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 32. 1. Топырақты таңда. Оның түрі мен түсіне назар аудар. Оның құрамы неден тұратынын анықта. 2. Топырақтың бір түйірін ыдыстағы судың ішіне таста. Ол үрдістен не байқадың? 3. Енді бір уыс топырақты темір қалбырға сал. Мұғалімнің көмегі арқылы оны отпен қыздыр. Қызған топырақтың бетін шыны әйнекпен жап. Нені байқадың? 4. Топырақ салынған ыдысты одан ары отпен қыздыра түс. Осы жағдайда қандай үрдісті байқадың? Отты сөндіріп суыған топырақты бақыла. Оның түсінде өзгеріс байқала ма? Мәнісін түсіндір. 6. Темір қалбырдағы топырақты енді шыны ыдысқа сал. Су құйған кезде топырақтың түсі өзгерді ме? Ыдыстың түбінде не қалғанын бақылай түс. Себебін түсіндір. 7. Ыдыстағы судың біраз бөлігін тазартудан (фильтрация) өткіз. Таза судың тамшысын арнайы шыны тақтайдың үстіне тамызып отқа қыздыр. Қызған шынының үстіндегі су тамшысы кеуіп қалған соң, орнында дақ қалды ма? 8. Атқарылған тәжірибелер бойынша өз ойыңды тиянақтап, топырақтың құрылысы жөнінде толық сипаттама бер. Аталмыш тәжірибелер арқылы сендер топырақ құрылысының саз балшықтан, құмнан және басқа ерімейтін минералды заттардан тұратынын білдіңдер. Топырақ қабатында тірі организмдердің шірінділері мен қаңқалары сақталады.Топырақ бетіндегі тірі организмдердің қаңқалары сонда тіршілік ететін миллиондаған бактериялар мен құрт-құмырсқалардың талауына түсіп, уақыт өте келе үлкен дененің ұсақ организмдерге айналып, топырақ құрамының бір бөлшегі болуына себебін тигізеді. Оларға: жауын құрты, құрттар, саңырауқұлақтар және түрлі микроскопиялық бактериялар жатады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 33. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 34. Шіріндіге айналған тірі организмдер топырақтың гумустық қабатын қалыптастырады. Бұл қабат топырақтың өсімдік дүниесіне өте маңызы бар құнарлы алқап деп аталады. Мұндай жағдай топырақтың өсімдік дүниесіне аса қажетті ауа мен ылғалдың жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етуіне оң ықпал етеді. Олардың ішіндегі ең құнарлы топырақты аймаққа қара топырақты жерлер жатады. Бұл өңірде гумус қабаты батпақ пен құмды өзіне желімдеп тартып, ылғалдың топырақ бетінде ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Топырақ құрамында құм көбірек болса, онда ол құмаралас топырақ болып табылады. Мұндай жерлердегі топырақтың құнарлығы өте кедей болады. Өйткені топырақ арасындағы құм-шағылдар арқылы су еш кедергісіз сіңіп өтумен бірге, топырақ құрамындағы минералды тұздарды шайып өтеді. Саз араласқан топырақ су мөлшерін бойында ұзақ сақтағанымен ауаны қажетті мөлшерде өткізбейді. Жауынды күндері саз топырақ шектен тыс ылғалданып, жабысқақ болып төменгі қабатына ауаның енуіне кедергі келтіреді. Жауын көп жаумаған кездері топырақ қатып қалады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 35. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін оған арнайы күтім мен шаралар қажет. Қатып қалған топырақты жерлерді жыртқан жөн. Жырту барысында топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар себіледі. Ылғалдылығы мөлшерден тыс жерлерде құрғату жұмыстары жүргізіледі. Керісінше, ылғал жетіспейтін жерлерді арнайы құбырлар қазып суарады. Адамзат перзентінің ғұмыры топырақпен тығыз байланысты болғандықтан, оны шексіз байлық көзі дейді. Дүние жүзінде сан ғасырлар бойы құнарлығын бойына жинақтап келген миллиондаған гектар жерлер қазіргі таңда жойылу қаупінде тұр. Топырақ жамылғысын сақтау барша қауымның алдында тұрған өзекті мәселесі болуы шарт. Төмендегі тәжірибелер арқылы жауын құртының топырақ құнарлығын қалыптастырудағы рөлі жайында әңгімелеп бер. 1. Пішіні 24х30 болып келетін арнайы террариум ыдысына бірдей етіп құмі қара топырақ және саз балшықты орналастыр. 2. Террариумның екі ортасын бөліп тұратын арнайы шыны немесе ағаш материалды қой. 3. Террариумның бір жағына бірнеше жауын құртын жіберген соң, террариумның сыртын күн түспейтін материалмен қараңғы етіп жауып қой. 4. Бірнеше күннен кейін жауын құрттарының террариумның ішіндегі әрекетіне мұқият бақылау жаса. Ондағы топырақ қабаттарын салыстыр. 5. Жауын құрттарының топырақ құнарлығына әсер етуі жөнінде өз тұжырымымыңды жаса. 6. Қол жеткізген нәтижелерді күнделік дәптеріңе жаз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 36. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 37. Тапсырма. Ауданы 1 гектар құнарлы жерде 4,5 миллион жауын құрттары бар. Бір сөткенің ішінде бір құрттың салмағы 0,5грамм қара топырақты өңдегені белгілі болса, онда ауданы 20 гектар жерді өңдеуге қанша уақыт жұмсалады? Есептеу көрсеткіштеріне сүйене отырып, жауын құрттарының топырақ жамылғысына тигізетін пайдасы жөнінде мысалдар келтір. Жауын құрттарының өсімдік-топырақ жамылғысына тигізетін пайдасы жөнінде хабардар болдың. Енді осы туралы ғалымдардың зерттеулеріне назар аудар. Жер бетіндегі топырақ жамылғысына жауын құрттарының он жылғы атқарған жұмыстарын есептеп, бөлер болсақ, онда олардың қалыңдығы 5 см жетеді екен. Жауын құрттары шын мәнісінде өсімдік жамылғысының өсуіне қажетті мөлшерде топырақты дайындайды. Олар топырақты өңдеп қана қоймай, топырақ құнарлығына ауаның да өз мөлшерінде сіңуіне жағдай туғызады. Олар өз өнімдерін жерге егуге дайындаған құдды дихан сияқты, өсімдіктерінің өз қалауы бойынша өсулеріне жағдай туғызумен айналысады. Жауын құрттары жапырақ сабақтарын және басқа организмдерді ұсақтап, өз алаңдарына молынша тасып, олардың қара топырақпен араласуына үлкен әрекет қылады. Топыраққа араласқан жапырақтар мен басқа организмдер ұнтақтары топырақты құнарлы қатпарын құрап, планетамыздың көп бөлігіне таралады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 38. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 39. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0 Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 40. 1. Суретте Жердің қандай қабаттары көрсетілген? 2. Жер қабығының қалыңдығы басқа аймақтарда бірдей таралған ба? 3. Жердің сыртқы қабаттарын өзіңнің жұмыс дәптеріңе кесте бойынша тізіп жаз. Жердің сыртқы қабаттары: 4. Төмендегі суретке қарап отырып биосфераның шекараларын ажыратып айтып бер. 5. Жұмыс дәптеріңе гидросфера қабатын құрайтын бөліктерді атап жаз. 6. Американ жазушысы Клиффорд Саймактың «Келесі аялдама» кітабындағы жатпланеталықтың: Жер қатты немесе сұйық планета ма?, деп сұрағанда сен қалай деп жауап берер едің? 7. Жер бетінде қанша құрлық бар? Олардың атын ата. Картаны пайдалана отырып әр құрлықты әлемдік мұхиттың айдыны шаятынын түсіндір. 8. Ай планетасына ұшып барған ғарышкерлер көктен жерге қарағанда біздің планетамыз ........ көрінеді екен. Бұл көрініс Жер сыртындағы бірнеше қабаттар мен ....... білдіреді екен. Оны ғылымда ...... мұхит деп атайды. Жер планетасындағы мұхиттар мен теңіздерде су қорының .......% сақталған. Олардың ішіндегі .... % адамдар өміріне қажетті тұщы су қорын құрайды. Тұщы су қорлары ...... бассейндері мен ...... сақталған. Әрбір адамға күнделікті өмірде өз қызметін атқару барысында екі литр су қажет. Сол себепті тұщы су қорын сақтау үшін ...... және бейрационалды пайдалануды қалай дұрыс жолға қоямыз. Демек, бұл ұсынысты қолдау адам мен тіршіліктің орнықты дамуына қажетті жаңа ....... мен ..... өнеркәсіп орындарының халық игілігіне айналуына оңтайлы жағдай туғызу керек деген сөз. Керекті сөздер: 2%, қолайсыз, 98%, әлемдік, мұхит пен теңіз сулары, тазарту, көгілдір, жер, өзен, жабық, мұздық, ластану. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 41. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 42. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 43. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 44. 9. Дәптерің алып төмендегі тапсырмаларды орында. Тау жыныстары мен минералдар. Тау жыныстары мен минералдары топтары. Жаратылыс негіздер.і Мысалдар.Магмалық. Шөгінді. Метаморфты 10. Шөгінді жыныстар неге жер қабығының терең бөліктерінде орналасқан? 11. Кен орнына жатпайтын пайдалы қазбалар түрін ата. 12. Пайдалы қазбалар орындарын болашақ үшін сақтаудың қандай маңызы бар? 13. Дәптеріңе төмендегі кесте бойынша топырақ құрамын анықтап жаз. 14. Құмаралас және сазды топырақты арнайы ыдысқа салып таразымен өлше. Оларды қажет мөлшердегі сумен ылғалдандыр. Енді оларды жазық ыдысқа орналастыр. Біраз уақыт өткен соң оларды таразыға салып қайта өлше. Екеуінің қайсысы тез құрғайды? Себебін түсіндір. 15. Топырақ құнарлы болу үшін оның құрамында қандай заттар болуы керек? 16. Топырақтың құнарлығын арттыру қандай шараларды қолға алған жөн? 17. Жауын құрттарын өз өсімдіктерінің қалыпты жағдайда өсуіне бар күшін салушы диханшымен салыстырудың қиындығы неде деп ойлайсың? Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 45. Ү. ТІРІ ТАБИҒАТ ДЕНЕЛЕРІ. ОРГАНИЗМДЕР Тіршілік дүниесінің алуан түрлі сипаты Жан-жануарлар дүниесі Өсімдік әлемі Саңырауқұлақтар патшалығы Қарапайым организмдер патшалығы Бактериалар дүниесі Вирустар «Тірі табиғат денелері. Организмдер» тақырыбын зерделеу Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 46. Тіршілік дүниесінің алуан түрлі сипаты 1. Адамдар неге тірі организмдерді топтарға бөледі? 2. Тірі организмдерді қандай топтарға бөлуге болады? Тірі табиғат дүниесі әлі ашылмаған таңғажайып сырға толы. Оның сырын білу үшін ұлы географиялық жаңалықтар ашқан қайраткерлер сияқты алыс сапарларға шығып, орасан қиындықтарды бастан кешірудің қажеті жоқ. Ол таңғажайып әлем - алдымызда! Оларды тек байқай білу керек. Ол үшін далаға шығып алдыңдағы қалың орманның ішінде серуендеп, немесе есік алдындағы көлшіктен бір тамшы суды алып микроскоппен зер салып қарасаң болды- сенің алдыңда саған бейтаныс әлем есігін ашады. Әлем қаншалықты ғажап болған сайын, ол соншалықты ашылмаған жұмбақ сияқты. Әр жыл өткен сайын ғалымдар бұрын мәлім болмаған тірі организмдер туралы жаңалықтар ашу үстінде. Ғылыми ашылулар табиғатта жиі болатын өзгерістерге байланысты толассыз жүргізілуде. Осыдан миллиондаған жылдар бұрын Жер бетінде қазірге жануарларға ұқсамайтын хайуандар өмір сүрген. Мәселен, динозаврларды алайықшы... Тірі организмдердің алуан түрлі ерекшелігіне қалай сипаттама беруге болады? Осы туралы сен ойландың ба? Күнделікті өмірде сенің айналаңдағы тірі организмдер әрекетінде қаншама құбылыстар болып жатады? Оларды сен еріксіз топқа бөлесің? Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 47. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 48. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 49. http://en.wikipedia.org/wiki/Age_of_Discovery #mediaviewer/File:Explos.png Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 50. Тапсырманы орында: 1. Қолыңа он түрлі заттарды ал. 2. Оларды үш немесе төрт топқа бөл. Қай заттарды бірінші топқа жатқыздың? 3. Төмендегі суретке зер сала отырып ондағы тірі организмдерді қандай топтарға бөлер едің? Тірі организмдер дүниесіне терең зер сала білсең, оларды бірнеше топтарға бөлу саған қиынға соқпайды. Тірі организмдер табиғатын жеке топтарға бөле отырып, өз ретінде оларды біртұтас жүйеге келтіру ғалымдарға оңайға түскен жоқ. Оған бір жыл тұрмақ жүздеген жыл уақыт кетті. Ол зерттеулер бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенімен әлі тоқтаған емес. Табиғаттағы тірі организмдердің әр алуандық жаратылысы әлі құпия және шексіз. Тірі организмдерді топтарға бөлу барысында олардың туыстық көрсеткіштері, ішкі және сыртқы құрылымы, даму ерекшеліктері, шығу тегі мен басқа белгілері есепке алынады. Тірі организмдер жүйесіндегі негізгі көрсеткіш түр деп анықталады. Мысалы, барлық қояндарды, немесе орман қоңыздарын бір түр деп қарастырады. Түрлерді бір «кірпіштен» қаланған орасан тірі организмдер сарайы деуге саяды. Көптеген ғалымдардың пікірінше Жер шарында екі миллионнан астам тірі организмдер түрі кездеседі. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 51. Назар аудар: Далада немесе орман ішінде келе жатып, еріксіз құмырсқаның илеуіне тап боласың. Енді осы тақырыпқа арналған әңгімеге құлақ түр. Егер бір құмырсқаны ұстап алып жалғыз өзін белгісіз бір аралға қоя берсек, ол өмір сүре алмайды. Бес, алты құмырсқаны да тап солай қалдырсаң да бәрібір. Топтардың өмір сүруі үшін олардың белгілі дәрежедегі қауымдастық мүшелері мен сандарының болуы заңды құбылыс. Сол себепті бір немесе бірнеше құмырсқадан құралған топтың одан ары қарай өмір сүре алатынына кепілдік бере аламыз ба? Құмырсқалар тобы үшін аталған сан жеткіліксіз. Оларды, мысалы орманның қоңыр құмырсқасын алсақ: күзетші құмырсқа, әскери құмырсқа, жол бастаушы құмырсқа және басқалары өз істеріне жауапты. Олар өз алдына бөлек түрге бөлінбейді. Демек түр дегеніміз бөлек құмырсқа емес, ол құмырсқалар бірлестігі болып тұр. Айналадағы табиғи ортаның бір «кірпіші» болып қаланған құмырсқалар бірлестігі емес, құмырсқа түрі екеніне назар аудар. Сонымен, түрлер бірнеше ірі топтар құрамына кіреді екен. Тірі табиғат дүниесіндегі ең ірі топтарға тірі организмдер патшалығы жатады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 52. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 53. 1. Жануарлар дүниесінің жалпы белгісі қандай? 2. Олар қандай жерлерді мекендейді? Жалпы тірі организмдер патшалығы туралы сөз қозғалғанда біз әңгімені жануарлар дүниесінен бастаймыз. Адам баласының биологиялық түр ретінде жан-жануарлар патшалығына жататынын айтып кеткеніміз жөн. Шамамен 1,5 миллион түрлердің басын құрайтын жануарлар патшалығының негізгі белгісі қандай? Мәселен, олардың қоректену дүниесі қалай? Жан-жануарлардың қоректену үрдістері аса күрделі. Олар өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен, бактериялармен және өздерін-өзі жеу арқылы қоректенеді. Олар биосферадағы басқа организмдер бойындағы дайын заттарды тартып алып қоректенуі - жануарлар дүниесінің басқа дүниелерден ерекшелігін білдіреді. Жануарлар бойында мінез-құлық ерекшеліктері бола ма? Қазақ халқының «бөрі азығы жолда» деген мақалында осы айтылған дүниеге қатысты нәрсе бар ма? Күнделікті өмірде өзіне қажетті қорек көздерін табу үшін немесе басқа жыртқыштардан өзін сақтау үшін жануарлар жер бетінде миграция (орын ауыстырып қозғалуға) жасауға мәжбүр болады. Кейбір өз орнынан қозғалмайтын да жануарлар түрі кездеседі. Қорыта айтқанда Жануарлар патшалығы дегеніміз - белгілі табиғи ортадағы ұшатын, жүгіретін, жүретін, бауырлап жүретін, жүзетін, секіретін тірі организмдер мекені. Бір жерден екінші жерге жылдам орын ауыстыруға бейімділік көптеген тірі организмдерге тән қасиет. Осыған қоса биосфералық ортада өте баяу қозғалатын немесе мүлдем қозғала алмайтын жануарлар дүниесі бар. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 54. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 55. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 56. Суреттерге зер сала отырып, олардың ішіндегі баяу қозғалатын, қозғалмайтын және өте белсенді қозғалатын жан-жануарлар түрлерін ата. Ұдайы өзгерістерге ұшырып тұратын биосфералық ортада белсенді қозғалатын жануарлардың өз бағытынан аумай жүруіне қандай жағдаяттар әсер етуі мүмкін. Ойлансақ, ол әр жануарға тән сезім органы екен. Демек, әр жануар табиғаттағы қараңғы мен жарықты, ыстық пен суықты, дыбыс пен иісті сезетін арнайы органы арқылы бір жерден екінші жерге орын ауыстырады деген сөз. Бұл көріністі сен күнделікті өмірден байқап та жүрсің. Мәселен, мысықты немесе үйдегі итті алайық. Олардың бойындағы сезім органдарының ерекшелігін сен байқадың ба? Дәл осы қасиеттер су ішіндегі балықтың бойында бар ма? Тапсырма. Осы сұраққа жауап табу үшін сен үйіңдегі аквариумдағы балықтардың қозғалыстарын мұқият бақыла. Балықтардың гидросфера ортасында тіршілік ететінін білдің. Олардан басқа қандай тіршілік ортасы бар? Жан-жануарлар құрлықта, көкте, суда және топырақ қабатында тіршілік етеді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жер бетінде әлі күнге дейін белгісіз болып келе жатқан тірі организмдер түрлері көп. Олардың тіршілік ету ерекшеліктері олардың қозғалуымен қатар табиғи ортадағы географиялық ерекшеліктерге байланысты. Әр жануар түрі табиғи ортаның өзгешелігіне қарай, тұрғылықты жердің жаратылыс заңдарына бағынып, бейімделеді. Жануарлар арасында қоғам мен адамға келтіретін пайдасының қаншалықты екенін төмендегі ертегіден байқауға болады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 57. Халық ертегілері табиғи өмірден алынады. Сол сияқты біздің тақырыбымызға қатысы бар жануарлар өмірі де халық ертегілері мен аңыз әңгімелерінде ұдайы көрініс табады. Енді соған назар аударайыұқ Құс патшасы бүркітке сауысқан торғайдың табиғатқа келтіретін зияны көп екенін, сондықтан оны жауапқа тарту жөнінде талап қояды. Сонда сауысқан тұрып: - Торғайдың зияны көп. Ол адамдардың бақшасына рұқсатсыз ұшып барып, олардың қамбаларындағы астықтың дәнін ұрлайды. Егін даласына барып бидайдан түк қоймайды, онымен қоймай жеміс те ұрлайды, депті. Мұны естіген кірпі шыдай алмай, торғайды қорғауға бел буыпты да, былай депті: - Торғайдың зиянынан гөрі пайдасы көп. Қыс болса олар арам шөптің бұтақтарын жейді. Жаз болса бүкіл егін мен жеміс бақшаларын арамтамақ жәндіктерден сақтайды. Ал егін алқаптарын ше? Олар оны да түрлі зиянкестерден, әсіреме сараншалардан тазартады. Осындай жақсылығы үшін торғай бидай дәнін сыйға тартуға аянамыз ба?,- кіпікшешен торғайды аман алып қалыпты. Тапсырма: Балалар жоғарыда айтылғандар ертегі-аңызға ұқсағанымен, оның түбінде шындық жатыр. Осыған орай еді сендер, жалпы табиғат ортасында қанша зиян келтіретін, немесе пайда келтіріетін құстардың түрлеріне сипаттама бере аласыңдар ма? Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 58. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 59. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 60. 1. Өсімдік дүниесінің басқа әлемнен айырмашылығы қандай? 2. Табиғат ортасындағы өсімдік жамылғысының маңызы неде? Біздің планетамызда бір жарым миллионнан астам өсімдік түрлері кездеседі. Табиғат ортасының қай бөлігінде болмасын, ол жерде өсімдік жамылғысы бар. Дегенмен, олардың өте көп және қалың орналасқан бөліктері бар. Ол жер- планетамызыдың ең ылғалды аймағы болып табылатыг тропикалық ормандар алқабы болып табылады. Бұл жерде ауа райы өте ылғалды. Жауын күн сайын жауып, арасында күн жарқырап тұрғандықтан өсімдіктің сан алуан түрлері, әсіресе ағаштар өте биік болып өседі. Олар биіктеген сайын бір-біріне шырмалып күн сәулесінің топырақ қабатына толық түсуіне мүмкіндік бермейді. Жер мен күн сәулесі бәрібір бір-бірімен тығыз байланысты. Ол байланыс күн сәулесіне алақанын айқара ашқан ағаш жапырақтары арқылы топыраққа ұдайы сіңіп отырады. Қалың орман алқабындағы сан мыңдаған жапырақтар күн сайын көктен түскен күн сәулесін өзіне қабылдап, жан-жағына өмір сыйлайды. Сол себепті өсімдік жамылғысын жердің беті мен күн сәулесі арасындағы дәнекер деп те атайды. Оның үлкен себебі күн сәулесін өзінің бойына жапырақ арқылы сіңіріп алған өсімдік барлық тірі организмдерге аса қажетті көмірқышқыл газын ауаға бөліп шығарады. Күн сәулесі арқылы жер бетіне түскен энергия көзін өз бойына сіңіру арқылы органикалық заттардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызған процесті «фотосинтез» деп атайды. Ол гректің «photo-жарық» және «sinteze-қосылу» сөздерінен алынған. Фотосинтез – жалпы өсімдіктер Патшалығының аса маңызды жүйесі болып табылады. Күн сәулесінің өсімдік жамылғысына қаншалықты әсер ететіне көзіңді жеткізгің келсе, төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 61. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 62. Күн сәулесінің өсімдік жамылғысына қаншалықты әсер ететіне көзіңді жеткізгің келсе, төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. 1. Кез келген өсімдік дәнін арнайы ағаш қораптың ішіндегі топырақ қабатына сеуіп отырғыз. Қорапты әрі жылы және күн сәулесі толық түсетін жерге орналастыр. Топырақ ылғалды болған жөн. 2. Біраз уақыт өткен соң топырақ бетіне дәннен бөлінген жапырақша сабақтарын байқайсың. Енді қораптың жартысын қараңғы етіп бір затпен жауып қой. 3. Үш күн өткен соң қораптың жарық бөлігі мен қараңғы бөлігіндегі өсімдік сабақтарының түсіне мән беріп бақыла. Күн сәулесін өз бойына қабылдаған өсімдіктің сабағы мен жапырақтары – жасыл түсті болып келеді. Ал, оған жарық түспей өсетін өсімдіктердің түрі сұр болып келеді. Сол себепті жасыл түс-бұл барлық өсімдік патшалығына тән құбылыс. Өсімдік дүниесінің жасыл түсті көрініс беру қасиеті – хлорофилл деп аталады. Оны грек тілінен аударғанда «hlores-жасыл» және «fillum-жапырақ» деген ұғымды білдіреді. Өсімдік құрамында хлорофилл болмаған жағдайда, жапырықтар мен сабақтар күн сәулесін өз бойына қабылдауы мүмкін емес еді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 63. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 64. Өсімдік дүниесінің аталмыш қасиетін зерттеп, оған теерң мән берген атақты ғалыи Климент Тимирязев былый деген: «Ең алғаш күн сәулесі жарқырап шыққанда, оның шуағы тұңғыш рет жемісі жоқ жер топырағына емес жайқалған бидай сабағының жапырағына түсті. Оны хлорофилді бидай дәні десек те болады. Бидай сабағына түскен сәуле бірден жоқ болып кеткенмен, кейін ол сол бидай дәнінен жасалған нан түйіршіктері арқылы, бізге тамақ күйінде қайта оралды. Ол оралып қана қойған жоқ, ол біздің бұлшық етіміз бен жүйкеміздің жаратылуына себепкер болды..» Өсімдіктер тек бізге ғана емес, жан-жануарларға, саңырауқұлақтарға, бактериялар мен қарапайым организмдерге қуат береді. Олардың топырақ қабатының қалыптасуына және пайдалы қазбалардың құрылымына үлкен әсер етеді. Тас көмір, батпақты торфтар, мұнай, табиғи газ- өсімдік жамылғысының миллиондаған жылдар бойы жеп астында шіріп келе жатқан қалдықтарының жиынтығынан құралады. Ауаның атмосферадағы жағдайы мен таза қалпы да өсімдіктің қызметіне байланысты. Медицина тілімен айтқанда өсімдік жамылғысы жердің «өкпесі» сияқты. Табиғат байлықтарын болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін өсімдік жамылғысының қоршаған орта үшін атқаратын қызметін білу аса қажет іс. Бүгінде сыры мол құпия табиғаттың басқа салалары сияқты өсімдік жамылғысы адамзат перзенті тарапынан ерекше қамқорлықты қажет етіп отыр. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 65. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 66. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B8 %D0%BC%D0%B8%D1%80%D1%8F%D0% Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 67. Есіңде жүрсін! Әрбір өсімдіктің бүгінгі қалпында өткен дәуірлерден қалған із болатыны анық. Олардың көне құпиясын білген сайын, бүгінгі сан алуын өсімдік жамылғысының сыры бізге мәлім боа бастайды. Кез келген өсімдіктің , атап айтқанда зәулім еменнің бұтақтарының орналасуына назар аудары көп дүниені аңғартады. Оның діңгегі өткен дәуірдегі жасыл сабақ болса, бұтақатры оның кішігірім сабақтары, ал ұштары бүгінгі қалпы екені байқалып тұр. Кейбір бұтақтардағы жапырақтар ерте сарғайса, немесе бүршік атпасы, оған белгісіз бір табиғи күштердің тигізген ықпалы деп қарауымыз керек. Керісінше, кейбір бұтақтардың ұштары ерекше жайқалып, жаңа сабақтарын жая бастаса оған тұрғылықты жердің әсем табиғаты шипалы ауасы оң әсерін тигізді деп біліеміз. Өсімдіктердің дамуы мен таралуы тарихнамасын білу- олардың туыстық ерекшеліктерін терең тануға және ажырата білуге мүмкіндік береді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 68. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 69. 1. Саңырауқұлақтардың жалпы ерекшелігі неде? 2. Адам және басқа тірі организмдер үшін саңыырауқұлақтың атқаратын қызметі қандай? Саңырауқұлақтар дүниесі сырға толы. Табиғат жаратылысының ерекше бір белгісі болып табылатын саңырауқұлақтардың өмірі ғалымдар үшін әлі талас тудыртуда. Біреулер оны өсімдіктер қатарына жатқызса, кейбіреулер- жан-жануарлар қатарына кіргізуде. Олардың бір қасиеті, өз организмдерінде өсімдік пен жануарларға тән белгілерінің болуы. Тапсырма. Саңыракқұлақтар мен басқа өсімдік әлемінің ерекшеліктері бар ма? Олардың жан-жануарлармен байланысы қандай? Мұғалімнің көмегімен төмендегі сөйлемдерге тиісті атаудыв қойып жазыңдар. Саңырауқұлақтар ......... сияқты бір орнында қозғалмай өседі. Олар ......... ұқсас өзінің өсуін тоқтатпайды. Саңырауқұлақтар ........ сияқты бойында хлорофиллдер бомағандықтан дайын оттегіні бойына сіңіреді. Дегенмен, олар басқа ........ қарағанда көмірқышқыл газын өзінің тамыры іспеттес қалқаны арқылы қабылдайды. Саңыракқұлақтардың өсімдік патшалығына ұқсас болғанымен оның жаратылысы, дамуы мен құрылысы басқа өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінен өзгешелігі – оның саңырауқұлақтар Патшалығы деп бөлек қарастырылуына себеп болды. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 70. http://en.wikipedia.org/wiki/Flora Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 71. http://en.wikipedia.org/wiki/Flora Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 72. Ғалымдар көптеген саңырауқұлақтар сырын ашқанмен, әлі олардың құпиясы көп. Біз саңырауқұлақтарды көктемгі жауыннан кейін ормандағы ағаштардың түбінен жинап алатын өсімдік деп түсінеміз. Бұл оның бір ғана белгісі. Айталық, қараңғы тас үңгірдің ішінде, немесе жер астындағы үйшікте бола қалсаң сен міндетті түрде саңырауқұлақты кездестіресің. Одан сен бірден ормандағы түріне ұқсамайтын мүлде басқа иісті сезесің. Осы айтқан тұжырымның растығына көз жеткізу үшін арнайы эксперимент жүргіз. 1. Шыны ыдыстың ішіне нанға оралған ылғалды қағазды орналастыр. Оның бетін құрғақ жапырақтармен жауып, жылы жерге қой. 2. Біраз күнгі бақылаудан кейін нан құқымы өзінен өзі көгеріп, бүршіктене бастап, нәтижесінде жабайы саңырауқұлақ өсіп шығатынын көруіңе болады. 3. Беткі қалпағы ағарып өскен саңырауқұлақтың сыртында, біраз уақыттан соң қара дақтар көбейе бастайды. 4. Енді саңырауқұлақты мектепке әкеліп мұғалімнің көмегімен микроскоп арқылы тексер. Одан қандай құбылысты байқадың? Жабайы саңырауқұлақтар дақтары тамақ қалдықтары мен басқа да өлі денеге айналған тірі организмдердің бойында қалыптасып, өзінің бірнеше топтарын құрайды. Олардың көбі топырақ қабатында өседі. Сондай-ақ ағаштардың бұтақтарында, кесілген бұтақ жантақтарында олардың өсе беруі ғажап емес. Ағаштың бүйірінен тұяқ сияқты қиып өскен трутовик саңырауқұлағы өсімдіктің шіруіне әкеліп соғады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 73. Табиғат аясында 100 мыңнан астам өсетін саңырауқұлақтар түрін ғалымдар дәлелдеп отыр. Олардың біразы көзге көрінбейді. Өзіміз күнде жейтін нан ұнының ашытқысының құрамында көзге көрінбейтін саңыракқұлақ бар. Ол сонымен бірге сыра дайындау технологиясында кеңінен қолданылады. Табиғат ортасында саңырауқұлақ өте маңызды рөл атқарады. Олар органикалық қалдықтардың бір жерге жинақталып, нәтижесінде топырақ қабатынан тазартылып шығуына себеп болып топырақ құнарлығының арта түсуіне ұйытқы болады. Саңырауқұлақтар адамдар өмірінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Олар қаншалықты пайда келтіргенмен, соншалықты зиян шектіреді. Саңырауқұлақтарды адамдар дәрі-дәрмек, тамақ жасау және басқа өнімдерді дайындауда пайдаланады. Олардың арасында адам денсаулығына зиян келтіретін түрлері кездеседі. Кейбір улы саңырауқұлақты жеген адамдар айықпас ауру-сырқауға ұшырайды, сонымен қатар олар құрылыс материалдарын, шаруашылық нысандарын, тері және басқа материалдардан жасалған заттарды зақымдайды. Адамдар улы саңырауқұлақтардан сақтанудың түрлі жолдарын іздестіруде. Адамдардың саңырауқұлақтар дүниесін тануға және оған араласу ниеттері ғыылыми тұрғыда жете зерттелген жөн. Улы саңырауқұлақтарды химиялық жолмен жою- адамға пайдалы саңырауқұлақтардың да жойылып кету қаупін туғызады. Сол үшін миллион жылдар бойы өсіп-өніп келе жатқан саңырауқұлақтар дүниесін табиғи ортадағы тепе- теңдік заңдылығын сақтай отырып зерттеу және қорғау жұмыстарын қатар жүргізу керек. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 74. http://en.wikipedia.org/wiki/Pharmacology Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 75. Есіңде жүрсін! Саңырауқұлақтар әлемі әрі қызық және құпия. Олардың ішіндегі жасыл түсті рокфор пеницилі адам тұрмысында ерекше рөл атқарған. Ол кәдімгі ірімшікпен қатар пайда болды. Францияның бір малшысы өзінің отар қойын Рокфор ауылындағы тау аңғарына қарай айдайды. Лезде жауған нөсер қойшының малымен бірге тау үңгірлерінің біріне жасырынуына мәжбүр етеді. Жаңбыр басылған соң қойшы малдарын үңгірден далаға айдап шығып, өзінің жейтін таңғы асын ұмытып кетеді. Бір аптадан кейін малшы өзі мекен еткен тау үңгірін қайта паналайды. Сол жерде ол өзі ұмыт қалдырған тамағына кез болып, нанның шіріп, ал ақ ірімшіктің жасыл түске еніп кеткенін көріп таң қалады. Қарны ашқан малшы жасыл саңырауқұлақ араласқан ірімшікті жеуге бел байлайды. Ірімшіктің өзі жеп жүрген ірімшіктерден дәмді болғанын байқаған қойшы бұл қуанышты хабарды ауылына жеткізеді. Бұл көрініске таң қалған ауылдастары ірімшіктің дәмін татып «керемет дәм» деп таңдай қағысыпты. Сол кезден бастап Рокфор ауылының тұрғындары өздерінің ірімшіктерін тау үңгіріне қарай таси бастапты. Мұны естіген көрші елдер дәл рокфорлықтар сияқты жасыл саңырауқұлақ араласқан ірімшікті дайындауға кірісіпті. Тапсырма. Ендігі арада сендер саңырауқұлақтар патшалығы туралы толық мәліметтер алдыңдар. Сол себепті өздерің мекен етіп жатқан жерлердегі мұғалімнің көмегімен көзге көрінетін және көрінбейтін, үлкенді-кішілі, зиянды-пайдалы саңырауқұлақтар туралы мағлұматтар жинаңдар, оны теріп мектеп микроскопы арқылы тексеріңдер. Алған нәтижелеріңді күнделік дәптерлеріңе жазыңдар. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 76. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 77. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 78. http://en.wikipedia.org/wiki/Cheese Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014