SlideShare a Scribd company logo
1 of 116
ҮІ. ЗАТТАР 
Жансыз заттардың құрамы 
Заттардың табиғи ортадағы қалпы 
Заттардың өзгеру ерекшеліктері 
Таза және аралас заттар 
«Заттар» тақырыбын зерделеу 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Табиғат денелерінің құрылысы қалай? 
2. Заттардың құрамындағы түрлі дүниелер туралы не білесің? 
Айналаңа көзсалсаң өзіңе таңсық қаншама құбылыстарды байқайсың. Сені қоршаған 
ортадағы тірі және өлі табиғат денелері, сонымен бірге адамдар қолынан жасалған 
нысандар заттардан құралады. Төмендегі суретте біз алюминийден жасалған сымтемірді, 
ыдысты, қайықты, ұшақты т.б заттарды көріп тұрмыз. Ол дүниелер немесе денелер бір 
ғана алюминий затынан тұрады. Дегенмен бұл атаулардың бір-бірінен айырмашылығы 
бар екенін де білеміз. Алдымен «алюминий ыдысын» біз дене ретінде қабылдаймыз. 
Мұнда «ыдыс» дене болса, «алюминий» зат болып тұр. Сол сияқты су, әйнек, темір, 
парафин, мыс, қант, ас тұзы да заттар болып табылады. Заттардың миллионнан астам 
түрлері болады. Заттар көп жағдайда бір-бірімен ұқсас болғанымен, әрқайсысы өзінің 
ерекшелігімен сипатталады. Әр заттың өзіне тән құрылымы болады. Көптеген 
заттардың құрылымын біздер өзіміздің сезім органдары арқылы елестетеміз. Ол 
заттарды біз түсіне, салмағына, түссіз тұнығына, жылтыр және жұмсақтығына қарай 
ажыратамыз. Кейбір заттар қатты болып келсе, басқалары жұмсақ болып келеді. Сондай- 
ақ олардың ішінде ащы-тәтті, тұзды-тұзсыз тағы басқа ьолып жатқан түрлері кездеседі. 
Кейбір заттарды оның исі арқылы танимыз. Оның тірі организмге әсер етуі арқылы біз 
зиянды және пайдалы жақтарын білеміз. Заттардың құрылысын білу- оларға сипаттама 
беру деген сөз. Сипаттама беру барысында біз олардың өзіне тән құрылымына назар 
аударамыз. Мәселен, ас тұзы туралы мағлұмат бергенде біз төмендегідей сипаттама 
береміз: Ас тұзы түссіз зат. Оны ұнтақтау кезінде ақ түске енеді.. Дәмі бойынша ащы. 
Өте нәзік келеді. Суда тез ериді. Температуралық көрсеткіші қалыпты жағдайда. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014 
Тапсырма: Жоғарыда айтылған тұжырымдар негізінде судың, қанттың, және парафиннің
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Назар аудар! 
Бір кездері Еуропада қанттың құндылығы сонша, халықтар оны тек арнайы 
дәріханалардан ғана шипа ретінде сатып алған. Бұл үрдіс қашан ғылыми жаңалық 
ашылғанға дейін жалғасып келді. 1747 жылы неміс ғалымы Андреас Сигизмунд 
Маргофф қант қызылшасынан тұңғыш «еуропалық» шекерді ойлап тапқаннан кейін 
халықтың қолы қантқа ұзағынан жетті. 
Кейін қантты басқа өсімдік шикізаттарынан өндіре бастады. Оңтүстік Америка, Куба, 
Африка мен Азияның кейбір жерлерінде өсетін қант тростнигі, Еуропаның қоңыржай 
белдеулерінде қызылша, ал Канада жерінде қанттың үйеңкі ағашыгың сөлінен өндірді. 
Үйеңкіде қантты құрамы 5% ғана болды. Әр маусымда әр ағаш шамамен 50-100 литр 
шырын беретін болса, онда одан 3-5 килограмм ғана шекер өндіруге болатын еді. Қант 
қызылшасының құрамында құмшекердің үлесі 16-20% болды. 
Шекердің ең көп мөлшері қант тростнигінде болды. Ондағы қанттың құрамы 16-26% 
дейін жеткен. Сондай-ақ азиялық пальма ағашында қанттың 14% құрамы бар екені 
белгілі болды. 
Қайың ағашының сөлінде қанттың бар екені белгілі. Бірақ ондағы шекердің мөлшері 0,5- 
1,2% ғана екен. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Sugar 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Заттардың табиғи ортадағы қалпы қандай жағдайда болуы мүмкін? 
2. Әр заттың құрылысы өзінің агрегаттық күйінен қандай жағдайда тәуелді болады? 
Заттардың құрылымын зерттей келе, біздер олардың қалыпты жағдайын білуімізге 
болады. Енді өзімізге жақсы таныс судың заттық құрылымын зерделеп көрейік. 
1. Петри табақшасына мұз түйіршегін сал. Алдымен оның формасын мұқият бақыла. 
Сәлден соң мұзды шыны ыдысқа ауыстырып сал. Мұздың формасы өзгерді ме? Ал 
көлемі ше? 
2. Енді мұзды арнайы ыдысқа салып отқа қыздыр. Еріген суды шыны ыдысқа қайта құй. 
Мұздың формасы қандай күйге енді? Судың көлемі өзгеріске ұшырады ма? 
3. Енді суды қайта отқа төзімді ыдысқа құй. Мұғалімнің көмегімен оны көлемі біраз 
азайғанша отқа қатты қыздыр. Қызған кездегі судың жарты бөлігі қайда кетті? 
4. Алған нәтижелерді төмендегі кестені толтыра отырып сипаттама бер. Күнделік 
дәптеріңе жаз. 
Заттардың қалпы. Судың әртүрлі қалпы Заттардың қалпы. Көлемі. Формасы. Мұз. Су. 
Су буы 
Тәжірибелерге қарап отырып, біздер әр заттың қатты, сұйық және газ түрінде 
кездесетініне көз жеткіздік. Демек, зат қатты күйінде өзінің өзінің формасы мен көлемін 
жоғалтпайтынын білдік. Заттардың арасында кейбіреулерінің тығыз, пластикалық және 
нәзік болатыны белгілі болды. Солд себепті кейбір қатты заттардың формасын өзгерту 
қиын. Мысалға, ауыр тасты жаншу немесе қалың темірді майыстыру оңай емес. Оларды 
майыстыру, ұсату немесе сындыру оңай. Әйтсе, кейбір пластикалық заттардың 
формасын өзгерту қиынға соқпайды. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Сонымен, қатты заттарды оның өзіне қарсы күшке төтеп бере алатын қабілетіне қарай 
ажыратады. Екі қатты затты бір-бірінен оларды қыру арқылы анықтайды. Мысалы, 
темірмен мысты қырса онда із қалады, ал керісінше мыспен темірді тырнасаң ешқандай 
белгі қалмайды. Бұдан темірдің мысқа қарағанда берік екеніне көз жеткіземіз. Ал мыс 
пен күмісті салыстырсақ, олардың екеуі де бір-біріне із қалдырады. Демек, олардың 
беріктігі шамалас. 
Осындай жолмен басқа да заттардың құрылымын анықтауға болады. Бүгінгі ғылым мен 
техниканың қарыштап дамып тұрған жағдайында заттардың беріктігін анықтаудың 
күрделі және дәл болжай алатын мүмкіндіктер туындауда. 
Жоғарыдағы эксперимент жасау барысында біздер сұйық заттардың тұрақты формада 
тұра алмайтынын білдік. Сұйық заттар өздері сыйған ыдыстың көлеміне сай форманы 
иеленеді. Ондағы сұйықтың көлемі өзгермейді. Егер сұйық затты кесеге құйсақ, ол кесе 
сияқты форманы құрайды. Ол төгілген жағдайда жердің жазық бетімен жан-жаққа қарай 
ағып кетеді. 
Сұйық заттардың ерекшелігі олардың қою болып келгендігімен есептелінеді. Олардың 
жерге төгілуі бірқалыпты емес. 
Тапсырма. Бір ыдысқа су құйып, келесі ыдысқа кристалдандырылмаған жаңа балды 
құйып қой. Енді екеуін аударған кезде қайсысы тез ағатынын бақыла. 
Алғашында сен мұз бен суды қыздырған кезде сұйықтың қатты мен газтәрізді заттардың 
арасындағы нәрсе екенін білдің. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Сұйық пен газ заттардың уақытша қалпы екеніне енді көзіміз жетті. Дегенмен, олардың 
арасында өзгешелік бар. Газ күйіндегі затты арнайы ыдысқа толтырсақ, ол оның барлық 
көлемін қамтиды. Керісінше, сұйық затты ыдысқа құйсақ ол бастапқы көлемін сақтап 
қалады. 
Айталық, ұшатын шарға үрлеп жел толтырдық. Шардағы ауаның тығыздығы 
жоғарлайды. Біз шарды үрлеп болған соң неге оның ұшын жіппен байлаймыз? 
Кейбір заттар қатты қалпынан сұйықты айналып өтіп бірден газ қалпына келе салады. 
Оған мысал ретінде балмұздақ қорабына араластырып салатын «құрғақ мұзды» 
жатқызуға болады. 
Жер бетіндегі ең ерекше заттың құрылымына – плазманы жатқызамыз. Ол жердің 
жоғарғы қабатындағы ауа температурасының күрт өзгеруі барысында газтәрізді 
қалыптан найзағай жарқылының күші арқылы пайда болады. Плазма қалпында ғарыш 
кеңістігіндегі көптеген заттардың бөлшегі бола алады. 
Жер жоғарғы бөлігіндегі атмосфера қабаты негізінен Күн сәулесі арқылы шағылысқан 
плазмалық қалыпты құрайды 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Араб тілінен «алмас» сөзін аударғанда әрі қатты және берік деген ұғымды білдіреді. 
Шынында алмас- өте қатты әрі аса берік зат. Оның мұндай ерекшелігі оның таралуы мен 
кеңінен қолданылуына себепші болды. Алмасты жер астындағы мұнай кенін іздеу 
барысында бұрғылайтын ұңғыманың ұшына орналастырады. Одан жасалған кесетін 
және бұрғылайтын құрылыс материалдары ұшақ жасайтын арнайы конструкторлық 
мекемелерде қолданылады. 
Алмастың өте жұқа күйінде оратылған вольфрамдық сымтемір арқылы электр 
шамының инесін жасайды. Өте берік және қатты күйдегі балқытылған қоспаларды алмас 
қосылған химиялық жуғыш қорабы арқылы тазартып, жаймалайды. 
Алмастың түссіз және жылтырақ реңі бар бөлшектері қайта өңделіп, көздің жауын 
алатын бриллиант тастары ретінде барша жұрттың игілігіне айналады. Алмас көне 
дәуірден-ақ аса бағалы тас ретінде бағаланып келді. Оның ерекше қасиетіне терең назар 
аударған адамдар ұзақ ғасырлар бойы асыл тастың байлық пен мәртебе әкелетін, адам 
бойына беріктік пен дарындылықты, махаббат пен татулықты және қаһармандық пен 
қаталдықты қалыптастыратын магиялық күші барына сеніп, аса жоғары бағалаған. 
Алмастың аса көлемді тастарын иеленген адам байлық пен биліктің символы ретінде 
танылған. Ол туралы тарих бетінде қаншама оқиғалар болды десеңізші?! 
Ағылшын королінің тәжі ешкімге теңдесі жоқ «Коинур» атты аса қымбат алмас тасынан 
жасалған. ХІХ ғасырдың ортасында ол тәжді Ауған шаһы Шуджа иеленеді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Заттардың қалыпты күйі қандай жағдайларда өзгерістерге ұшырайды? 
2. Заттардың қалыпты жағдайын адамзат перзенті қалай пайдаланады? 
Үйіміздегі бөлмемізде ауа температурасы оттегі күйінде газ тәрізді қалыпта болады. 
Сондай-ақ су-сұйық, парафин болса қатты күйінде болады. Енді қандай жағдайларда 
олар бір күйден екінші күйге ауыса алады? Осы ойымызды дәлелдеу мақсатында 
эксперимент жұмыстарын жүргіз. 
1. Көктемгі сең жүру барысында лабораториялық термометрдің (-10 С ден +110 С) 
көмегімен мұздың температурасын өлше. Өлшеу кезінде термометрдің жоғарғы бағаны 
сенің көз мөлшеріңмен сәйкес болсын. Мұз қандай температурада еритінін анықта. 
2. Мұз еріп бітердің алдында термометрмен барлық үрдісті мұқият бақыла. Температура 
қалай өзгерді? Мұздың қалай ерігенін байқадың ба? 
3. Мұғалімнің көмегімен еріген мұздың суын арнайы ыдысқа салып отқа қыздыр. Су 
қызып қайнағанша термометрдің көмегімен соңына дейін бақыла. Су қандай 
температурада қайнады? Қайнаған су қандай күйде болады? 
4. Күнделік дәптеріңе судың бір күйден екінші күйге өткені жөнінде кесте сыз. Онда су 
температурасының қай кезеңде өзгергенін көрсет. 
Су температурасының қалай өзгергенін көзіңмен көрген соң, сен заттардың бір күйден 
екінші күйге еркін өте беретінін сездің. Қалай дегенмен заттың мұндай жеңіл өзгеруіне 
басқа қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін? 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Арнайы ыдысқа қарды салып болған соң оны жылы жерге әкел. Бұл жерде ыдыстағы 
қар ере бастайды. Аралары бөлінген тақтайдың үстіне біраз су құйып, қар салынған 
ыдысты оның үстіне қой. 
Оған молынан тұзды сеп. Ыдысты бір қолыңмен ұстаған күйі қасықпен тұзды 
араластыр. Ыдыстың түбінде бәрібір кішігірім мұз сақталады. Мұндай құбылыстың 
себебі неде? 
Енді оның құпиясын ашу үшін ыдстың ішіне термометрді сал. Ыдысқа тұз салғанға 
дейін термометр 0 С көрсетеді. Өйткені еріген қар мен мұздың температурасы 0 С тең 
емес пе? 
Қар салынған ыдысқа тұзды араластырған соң температура бірден төмендей бастайды. 
Біз ыдысқа 300 грамм қар салып, оған 100 грамм тұз қоссақ, температура бірден -18 С 
бірден жетіп қарға араласқан тұз баяу ериді. Мұндай температурада ыдыстың астындағы 
тақтайшадағы таза су қата бастайды. 
Бұл көріністі сен күн аязды және көктайғақ болған кезеңде байқаған боларсың. Жол 
үстіне шашылған тұз қатты аязға қарамастан көктайғақты біртіндеп еріте бастайды. 
Тапсырма: Өткен сабақтарды пысықтай отырып гранит тасының жаратылысы туралы 
айтып бер. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Таза заттардың қоспа заттардан айырмашылығы неде? 
2. Қоспа заттарды бөлу жөніндегі тәсілдерді сен білесің бе? 
Тапсырма. Өткен сабақтарда гранит тасының құрылысы жөнінде мағлұмат алдық. Оған 
мұқият көз жіберіп біздер оның бетіндегі түссіз қатты кристаллдардың бар екенін 
байқадық. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Сен тағы граниттің бетінде 
жарқырап тұрған қара түсті бұдырларды да көрдің. Оның қасында ашық қызыл түсті 
бұдырды да байқаған шығарсың. Оны аты қалай аталады? 
Гранитті толық зерттей келе сен оның бойындағы түссіз кварцтың, қара түсті слюданың 
және қызыл түсті шпаттың бар екеніне көзің жетті. 
Табиғат аясында әрбір зат ешқандай қоспасыз таза күйінде кездеспейді. Сол себепті 
бізді әрдайым сан мыңдаған қоспадан құралған заттар қоршап тұрады. Бір көргеннен кез 
келген заттың қоспасы жоқ деп ойлап қалуың мүмкін. 
Заттардың құрамы өте ұсақ бөлшектерден құралады. Егер біздің алдымыздағы заттың 
ұсақ бөлшектері ұқсас келсе, онда ол таза заттар деп саналады. 
Таза заттар ғылым мен техниканың дамуына аса қажет. Олардың ішіндегі айырықша 
тазалары электроника, радиотехника, атом энергетикасы және басқа маңызды халық 
шаруашылығы салаларға пайдалынады. Таза заттар шынында қоспа заттардан қалай 
ажыратылады? Оны анықтау оңай емес. Ғалымдардың пікірінше әрбір қоспасы бар 
заттың бойында өзіне тән құрылымдары жетерлік. Сол себепті олардың құрылымын білу 
арқылы, қоспасы бар затты анықтауға болады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Екі қатты заттың қоспасынан таза затты өндіріп алуды үйрен. Төменгі суретте 
көрсетілген судың көмегімен өзен құмы мен ағаш ұнтағының қоспасын айыру әдісіне 
назар аудар.Төмендегі күкірт пен темір ұнтақатары қоспасын ажырату мақсатында 
эксперимекнт жұмысын жүргіз. 
1. Қоспаларды таза қағаздың бетіне шашып төк. 
2. Магнитті алып, оның жанына жұқа қағазды қоса қыстыр. 
3. Қағазбен көмкерілген магнитті қоспаларға жақындат. 
4. Енді магнитті жоғары көтер. Қандай көріністі байқадың? Алған нәтижелерді күнделік 
дәптеріңе жазып қой. Екі затты ажырату барысында олардың құрылысының қандай 
ерекшеліктерін байқадың? Табиғат ортасында тек қана қатты заттар ғана емес, сонымен 
бірге сұйық заттардың қоспалары кездеседі. Мысал ретінде су мен өсімдік майы 
қоспасын алып қара. Олардың қоспасын арнайы бөлгіш құрал арқылы ажырата аласың. 
1. Сұйықты екіге бөлетін құралдың тетігін жап. 
2. Екі заттың қоспасын бөлгіштің ішіне құй. 
3. Құралдың ішіндегі екі қоспаның екі қабат болып өзгергенінше бақылап отыр. 
4. Бөлгіш құралдың тетігін ашып, оның төменгі қабатын алып жатқан суды ағызып 
жібер. Қоршаған ортамыздағы көптеген өзендер мен көлдердің суы лай болып келеді. 
Демек су қабатында суға ерімеген көзге көрінетін немесе көрінбейтін әртүрлі химиялық 
бөлшектер бар деген сөз. Аталмыш бөлшектердің ішіндегі салмақтары ауыр болып 
келетіндері судың төменгі қабатына шөксе, жеңілдері су қабатында қалқып жүріп, 
нәтижесінде судың лайсаң болуына әкеліп соғады. Оларды фильтрация (сүзу) әдісі 
бойынша тазалайды. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Түрлі заттар қоспасының судағы лай түрінде кездесуі – қоспа болып табылады. Таза 
суда түс, иіс және дәм де бомайды. Бұл орайда Ертіс өзені мен Жайық өзені суларының 
дәмі мен түстері арасында өзгешеліктер болады. Ал, теңіз бен мұхит суы –ішуге 
жарамсыз. Неге жарамсыз екенін білесің бе? 
Су арнасы өз бағытында жердің беті мен судың төменгі бөліктерінде алуан түрлі 
заттармен қатынасқа түседі. Осындай бір жағдайда олар суға еру барысында өзінің 
құрылысы мен сапасын жоғалтады. 
Сол себепті ең «таза» және «ауыз суға арналған» тұщы сулардың құрамында әр түрлі 
заттар болады. Ол заттардың көбі тірі организмдер үшін аса қажет. Бірақ, су құрамында 
керісінше адам денсаулығына зиянды заттар кездеседі. Ондай суды ішкен адам не 
жануар ауруға шалдығады. 
Табиғи ортадағы су өзінің құрамына еріп сіңген және тірі организмдер үшін аса маңызды 
рөл атқаратын еріген оттегіні қалыптастырады. Олар болмаса, онда суда тіршілік ететін 
балықтар мен басқа жәндіктер өмір сүре алмайды. 
Біз судың жалпы Жер шарында ең көп тараған зат екенін жақсы білеміз. Ондағы мұхит, 
теңіз, өзен-көл тіпті құбыр суларының құрамында қаншама заттар бар екенін білесің бе? 
Осы ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі экспериментті жүзеге асыр. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Суретке қарап отырып фильтрді орналастыр. Оған тазартқыш құралды сал. 
Фильтрге бірнеше тамшы суды тамыз. 
2. Енді фильтр мен тазартқыш құралды таза ыдысқа орналастыр 
3. Лай суды фильтр арқылы ыдысқа құй. 
4. Лай суды құйып болған соң фильтрге назарыңды аудар. Онды қалдық заттар көріне 
ме? Ыдыстағы судың түсі қандай? Фильтрден өткізілген су таза ма, жоқ қоспа зат па? 
Өзіңнің жеке көзқарасыңды білдір. 
5. Мұғалімнің көмегі арқылы техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып 
ыдыстағы суды отқа қойып қайнат. Су қайнаған кезде ыдыс ішіндегі буға араласқан 
қоспа заттарды көрдің бе? Бұл көрініс нені аңғартады? 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1.Төмендегі денелер мен заттарды топтарға бөл: дартархан, кесе, оттегі, кілт, мұз, 
қалайы, шырақ, ұшақ, су, құс, темір, гипс, ағаш. Денелер.............Заттар 
2. Сөйлемдер арқылы керекті ұғымдарды пайдаланып жаз: Бұйымды жасаған мынадай 
қасиеттеріне назар аударады (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік). 
Резеңкені дөңгелек жасау үшін пайдаланғанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) 
мынадай қасиетіне назар аударады. 
Ауыр затты кесетін құралдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, қаттылық, 
нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады. 
Шыныдан арнайы бұйымдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) 
мынадай қасиетіне назар аударады. 
Бүгінгі таңда әйнектен бұйымдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) 
мынадай қасиетіне назар аударады. 
Сыныптағы тақтаға есеп жазуға аса қажет бордың (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) 
мынадай қасиетіне назар аударады 
3. Белгілі бір заттың құрамы мен құрылысын қалай анықтауға болады? 
4. Төмендегі кез келген заттың құрамы мен құрылысы жөнінде толық сипаттама (су, 
оттегі, темір, крахмал т.б) бер. Ол зат жөнінде ғылыми-көпшілік басылымдардағы 
мағлұматтарды салыстыра отырып баянда. 
5. Шойын темірдің кесегі өңдеу шеберханасына жеткізілгенде неге балқыған күйінде 
болуы керек? 
6. Қандай заттарды таза деп атайды? Олар жөнінде мысал келтір. 
7. Табиғат ортасында денелер көп пе, жоқ әлде заттар көп пе? Оның себебін түсіндір. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
ҮІІ. ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Атомдық бөлшектер 
Атомның құрылысы 
Химиялық элементтер 
Заттардың алуан түрлі бейнесі 
Қарапайым һәм күрделі жансыз заттар 
Органикалық және бейорганикалық заттар 
«Қоршаған ортадағы заттардың құрылымы» тақырыбын зерделеу 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Atom 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Atom#mediaview 
er/File:Isotopes_and_half-life.svg 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Атомдық бөлшектер 
Атомның құрылысы 
Атом құрылысын білу табиғаттағы түрлі құбылыстардың себебін қарапайым тұрғыда 
түсінуге мүмкіндік берді. Ол құбылысты қанттың суға салған кездегі еріген күйі арқылы 
байқауға болады. Қанттың еруі оның бөлшектерінің су бөлшектерінің арасына таралуы 
көрінісін қалыптастырады. Осы ойымызды ары қарай дамыту үшін төмендегі 
экспериментке назар аударайық. 
1. Екі кесеге бірдей етіп жартылай бұршақ пен сүт қойыртпағы (манная) түйіршіктерін 
сал. Ол екеуі екі түрлі затты құрайды деп есепте. 
2. Енді сүт қойырытпағы түйіршігін бұршақ салынған кесеге сеуіп, араластыр. Екеуінің 
қоспасы ыдыстың қанша көлемін алды? Қоспалар араласқанда неге ыдыс толмай қалды? 
Бұл тәжірибеден сен заттардың бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектерден тұратынын білдің. 
Ол бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атом болып табылады. Мұны айтқаг көне грек ойшылы 
Демокрит болды. Оның тұжырымымы практика жүзінде дәлелденбегенімен, түпкілікті 
ойының дұрыс екені мәлім болды. 
ХҮІІ ғасырдың ортасында көнегрек ойшылдарының идеялары француз ғалымы Пьер 
Гассенди (1592-1655) ары дамытты. Ол Демокриттің ғылыми еңбектерін жиырма 
жылдан астам уақыт зерттеді. 
ХҮІІІ ғасырдың ортасында орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) 
атомның құрылысы жөнінде ғылыми жаңалықтар ашып, жоғарыда аталған 
ойшылдардың идеясын ары қарай дамытты. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Ұлы грек ойшылы Демокрит өз дәрісінде қоршаған ортадағы сан алуан құбылыстың 
пайда болуы түрлі бағыттар бойынша қоғалып тұратын және жойылмайтын атомдық 
есепке бағындырылған деген. 
Бір сөзінде ғұлама: «..тәтті мен ащы, ыстық мен суықтың бар екеніне күман жоқ болса, 
онда атом мен бос кеңістіктің бары ақиқат»,-деген екен. Қоршаған ортаның алуан түрлі 
заттардың қозғалысын тудыртатын атомнан тұратынын ол сан рет айтты. 
Гүлдердің иісін мысал ретінде келтірген ол: «..гүл жапырағынан бөлініп шыққан атом, 
адамның жан-дүниесіне еніп, оның сезімінде аромат қалыптастырады»,-деп 
тұжырымдады. Осы ойын дәлелдеу барысында ол табиғаттағы құбылыстар өздігінен 
туындамайды, өйткені әр нәрсенің себебі бар деп пайымдады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Атом құрылысы жөнінде не білесің? 
2. Атом құрылысы ұдайы өзгерісте ме, жоқ әлде тұрақты қалыпта ма? 
Атомның құрылысын біз бөлінбейтін, өте ұсақ және қарапайым заттың бөлшегі деп 
тұжырымдадық. Дегенмен, аталмыш сұраққа жауап іздеу мақсатында ғалымдар осы 
кезге дейін айтылған атомның құрылысы туралы пікірдің өзгеруіне жаңа зерттеулер 
жүргізіп, үлес қосты. 
Атомның өте ұсақ бөлінбейтін бөлшектерден тұратынын білдік. Енді атом туралы 
біліміңнің тереңдеуі үшін төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. 
1. Қолыңа кәдімгі қара қарындашты ал. Оның қара түсі көмірқышқыл атомдарынан 
тұратын графит заты болып табылады. 
2. Дәптерге қарындашпен ұзындығы 3 см болатын сызық сыз. Демек, 3 см ұзындықта 
100 миллион атаом болса, енінде 1 миллион атом болады деген сөз. 
Енді сол сызылған сызықты бөлменің ұзындығы бойынша алсақ, біз жартылай 
дөңгелектің ішіндегі орта тұсында орналасқан атом ядросының орнын басар едік. 
Бөлмені айнала қозғалған электрондар ортадағы ядродан белгілі қашықтықта 
орналасады. Электрондардың көптігі сонша, олар ядроны айналған уақытта өздерінің 
бірнеше қабаттарын қалыптастырады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Graphite 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Сөйтіп, қарындаштан бөлме, бөлмеден- дала, даладан- нүкте, нүктеден- кеңістік, 
кеңістіктен ары қарай шексіз қашықтықта атом электрондары бір ядроға бағына 
өздерінің қабаттарын қалыптастыра береді. 
Мысалға, ядро- бақтың ішіндегі алма болса, оны айналатын электрондар шамамен 1 км 
қашықтықта орналасады. Демек, атом ядросы мен оны айналатын электрондар 
арасындағы қашықтық- электрон бөлшектерінің көлемінен бірнеше есе көп деген сөз. 
Ядроны айналған электрондар өз қабаттарында саны жағынан біркелкі болмайды. 
Сол себепті әр қабатта өзіне тән нақты электрондар саны болады. Электрондар ядроны 
айналып қашықтаған сайын оладың қабаттары арта түседі. Мысалы, ядроға жақын 
қабатта 2 электрон айналып жүрсе, келісі қабатта- 8, үшінші қабатта -18 т.б электрондар 
айналып, өзінің қабаттарын кеңейте береді. 
Қабаттар шекарасындағы үйкеліс салдарынан бір немесе бірнеше атом электрондары 
жойылады, немесе келесі қабаттың бір бөлшегіне айналып кетеді. Атомның үйкелістен 
бөлшекке айналуын иондану дейді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Аса қиын және таңғажайып болып табылатын атомның құрылысы жөніндегі ғылымның 
қарыштап дамуы радиоактивті заттардың пайда болуымен тығыз байланысты. Атом 
ядросының қатты үйкеліс немесе жарылыс әсерінен шашыранды сипат алуы 
радиоактивті құбылыстарды туғызды. Оны 1896 жылы уран атомының шашыранды 
сипат алуын зерттеген француз ғалымы А.Беккерел болды. Уранның радиоактивті атомы 
көзге көрінбейтін сәулелер шашады. Ол арнайы есептеуіш құралдар арқылы қабылдап 
алынады. 
Бүгінде ғалымдар арнайы қондырғы - атом реакторларын салды. Олардың ішіндегі 
уран атомы өз бойынан бірнеше есе көп орасан энергия бөліп шығаратыны ескеріліп, 
нәтижесінде атомдық электр станциялары салынды. Айталық, уранның бірнеше грамы 
ондаған тонна көмірдің қызуымен бірдей. Сол себепті уранның бірнеше түйірі зәулім 
бір сарайды қыс бойы жылытып шығуға жетеді. Қазақстанда атомдық электр станциясы 
Ақтау қаласында салынды. 
Бірақ адамзат перзенті атом энергиясы саласындағы ғылыми жетістіктерді халық 
игілігіне емес, басқа мақсаттарға пайдаланды. 1945 жылы Жапонияның Хиросима мен 
Нагасаки қаласына АҚШ-тың тастаған атомдық бомбасының қасіретін адамдар күні 
бүгінге дейін тартып келеді. Бомбаның әсерінен қаладағы үйлер құлап, өртке оранды. 
Ал, жарылыс әсерінен пайда болған радиоактивті заттардың таралуы тірі организмдер 
мен адамдар өміріне үлкен қауіп төндіріп зор қасіреттерге ұшыратты. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Ғалымдарға бүгінде атомның қанша түрлері белгілі? 
2. Химиялық элементтердің атаулары туралы бұрын-соңды естіп білдің бе? 
Ғалымдар бүгінде атомның құрылысын одан ары зерттеу барысында сутегі атомының 
оттегі атомынан бөлек екенін, ал көмірқышқыл атомының алюминий атомына ұқсас 
екенін анықтады. Бұдан біз- табиғатта атомның бірнеше түрі: сутегі атомы, 
көмірқышқыл атомы, уран атомы т.б түрлері бар деп қорытынды жасаймыз. 
Бүгінде атомның 109 түрі бар екені белгілі болып отыр. 
Атомның әр түрі өзінің құрамы мен құрылысы ерекшеліктеріне байланысты химиялық 
элемент деген атауға ие. 
Әр атомның түрі, немесе химиялық элементтің атаулары бар. Мысалға сутегі, оттегі, 
темір, мыс т.б айтуға болады. Әрбір химиялық элементтің дүниесіне терең зер салсақ ол 
жөнінде көптеген мағлұматтарға кез боламыз. Сен ол туралы естіп-білдің бе? 
Мәселен «фосфор» атауы гректің «fos-жарық» және «fero-жеткізу» деген сөзінен 
алынған. Демек, фосфор ұғымы жарықты жеткізуші күш деген сөз. Қазақстан жері 
химиялық элементтерге бай. Онда уран, фосфор, алюминий, мыс және темір өндіретін 
ірі кәсіпорындар бар. Кейбір химиялық элементтер атауы ашылған елдің құрметіне 
берілген. Қазан университетінің профессоры Карл Клаус 1844 жылы ашқан рутений 
элементі (Ресейдің латынша атауы) орыс елінің құрметіне берілген. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Тапсырма. Химиялық элементтердің ашылу жөнінде тарихи мағлұматтар білгің келе 
ме? Онда кітапханадан В.Ричтің «Химиялық элементтерге саяхат», Н.А.Фигуровскийдің 
«Элементтердің атауы мен шығу тегі туралы», Н.Нұрахметовтың «Химия оқулығы» 
атты басқа ғалымдардың еңбектерімен таныс 
Химиялық элементтер жеке атауларын иеденіп қана қоймай, химиялық белгі деп 
аталатын қысқартылған әріпін иеленеді. Әр белгі бір атом деп саналады. 
Бүгінгі әлем ғалымдарына ортақ химиялық белгілерді щвед ғалымы (1779-1848) ғылыми 
айналымға енгізді. 
Ол химиялық белгіні барлық атом дүниесінің қыры мен сырын ұғынуға жол ашатын 
әліпбиі болуы керек деп тұжырым жасаған. Берцелиус латын әліпбиінің бас әріптерін 
химиялық белгінің орнына пайдаланудың тиімді жолын ұсынған. 
Мысалы, көмірқышқылы латынша «Carbonium» деп оқылғандықтан оны- С әріпімен, ал 
кальций «Calcium» деп оқылғандықтан оны- Са белгілерімен көрсетуді жөн санаған. 
Ғалымның ұсынысын бүкіл әлем ғалымдары мойындап, нәтижесінде ол бүкіл 
шартарапқа таралды. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Химиялық элементтердің атаулары Күн системасындағы планеталар есімдерімен 
байланысты. Мысалы, селен (грек тілінде «Selenа-Ай») және теллурий (Telluris-Жер) 
және уран, нептун, плутонии сияқты атаулар бар. 
Кейбір атаулар көнегрек мифологиясына байланысты бір химиялық элементке Тантал 
аты қойылған. Зевстың сүйікті ұлы Тантал құдайлар алдында жасаған қылмысы үшін 
аяусыз жазаланған. 
Оны құдайлар басынан күнді шағырайтып, алдына дәмді тамақ пен жемістің иісін 
бұрқыратып, өзін тамағына дейін судың ішіне байлап қойған. Ол су ішейін десе, су 
аузына жетпей бұрылған, ал жеміс жейін десе, оның бұтақтары майысып кеткен деседі 
аңыз. 
Танталды ғалымдар көпке дейін кен орындарында басқа элементтерден қоспасын айыра 
алмай әбігерге түскен. Бірақ, көп кешікпей химик-ғалымдар өздерінің мақсаттарына 
жетіп, көпшіліктің алғысына бөленді. 
Сол себепті кейбір химиялық элементтерге ұлы ғалымдардың есімдері берілген. Оған 
кюрий (Пьер и Мария Кюри), эйнштейний (Альберт Эйнштейн) және менделеевий 
(Дмитрий Менделеев) атауларын айтып кетуге болады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Заттар неге химиялық элементтерге қарағанда анағұрлым үлкен болып келеді? 
2. Химиялық формулалар арқылы нені білуге болады? 
Бізді қоршаған заттардың сан алуан түрлі бейнесі бар. Ғалымдардың пайымдауынша 
олардың саны 7 миллионнан астам болса, бүгінгі таңда заттардың жаңа түрлері пайда 
болуда. 
Олардың осындай алуан түрлі сипат алуының себебі неде болуы мүмкін? 
Өйткені, химиялық элементтер табиғатта жеке атом ретінде өте сирек кездеседі. Жеке 
атом немесе химиялық элементтері әртүрлі атомдар бір-біріне қосылып, бұрынғыдан 
бетер үлкен бөлінбейтін бөлшекке айналып –нәтижесінде молекула түзеді. 
Молекулалардың құрылысы туралы білгің келе ме? 
Олардың құрылысын білу үшін сенің алдымен әр атомның молекулаларды қалыптастыру 
барысындағы алатын орны жөнінде біліммен қарулануыңды қажет етеді. 
Табиғаттағы көзге көрінбейтін атом бөлшектерін модель деп айтады. Сондықтан атом 
моделі кішкентай шар болса, молекула моделі -әр түрлі конструкциядағы және атом- 
шарлар түрлерінің жиынтығы болып табылады. 
Төмендегі суретте су молекуласының жалпы көрінісі кесте түрінде бейнеленген. Онда су 
молекуласы 3 атомнан: сутегінің екі атомы (Н), оттегі атомы (О). Енді химиялық 
белгілер арқылы бізд су молекуласы атомының құрамын былай деп жазамыз: Н2О. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Біз химиялық белгілерді пайдалана отырып басқа заттардың химиялық формуласын 
есептеп шығаруымызға болады. Яғни, химиялық формула - заттардың молекулалық 
құрылысын айқындайды. 
Молекуладағы атомдардың сандық көрсеткіші химиялық белгінің жанында арнайы 
индекс көрсеткіші бойынша сипатталады. 
Молекуладағы атомның сандық көрсеткіштері бір, екі және мыңдаған атомдар ретінде 
сипатталуы мүмкін. 
Мысалы, қант молекуласын төмендегі формула бойынша жазуға болады: С12Н22О11. 
Сонымен, қант молекуласында қанша атом бар екен? Атомның қай химиялық 
элементтері қант молекуласының құрылуына себеп болды? Ондағы көмірқышқыл 
атомының, судегі мен оттегі атомдарының үлесі қанша? Енді осы ойымызды одан ары 
дамыту барысында төмендегі эксперимент жұмыстарын жүргізейік. 
1. Өз біліміңді қорытындылау мақсатында атом мен молекула моделін жасауға ниеттен. 
2. Қолыңа пластилин алып одан үш түсті атом (оттегі, сутегі. көмірқышқылы) шарын 
илеп шығар. Енді оларды көмірқышқылы газы (СО2), су (Н2О), оттегі (О2), метан 
(СН2) және сутегі (Н2) молекулалары бейнеленген пластилин шарлармен қос. 
Көптеген заттардың ішінде молекула құрамдары бола бермейді. Сол себепті кейбір 
заттар беймолекулярлық құрылымда кездеседі. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Қара түсті жұмсақ графитті біз қарындаш орнына пайдаланамыз. Ал, түссіз, болаттай 
берік шыныны оңай кесетін алмастың жөні бөлек. Бір қызығы екеуінің жаратылысы бір. 
Олар көмірқышқылы атомынан тұрады. Біреуі қатты болса, екіншісі- жұмсақ. 
Графиттен отқа төзімді (шамамен +2000 С мен +3000 С) арнайы материал дайындайды. 
Алмастың төзімділік шегі +700 С. Графиттің электр қуатын өткізгіштік қасиеті болса, 
алмаста ол жоқ. Екі элементтің атомдары бір, бірақ құрылысы әр түрлі болып келуінің 
себебі неде? 
Өйткені, бұл заттар кристаллданған құрылымдардан тұрады. Төмендегі суреттегі 
графиттің тор тәрізді көрінісінде әр атомның жанында 3 элементі болса, алмас 
атомының жанында 4 элемент қосылған торын байқаймыз. Бұдан біз кристаллдар 
құрамының заттың ішіндегі атомдардың орналасуы ретінің бір-бірімен твғыз 
байланысты екеніне көз жеткіземіз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Заттардың қандай белгілеріне байланысты қарапайым және күрделі деп бөледі? 
2. «Химиялық элемент» пен «қарапайым зат» ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы 
қандай? 
Бізге әр түрлі заттардың молекулалары атомдардан тұратыны белгілі болды. 
Молекулалардың моделі жөніндегі жинақтаған білімімізді пысықтау мақсатында 
төмендегі тапсырмаларды орында: 
1. Сутегі, оттегі, көмірқышқыл газы, метан және судың молекулярлық моделіне терең 
назар аудар. Олардың ішіндегі көмірқышқылы мен сутегі молекулаларының ортақ 
белгісі бар ма? 
2. Молекулаларды 2 топқа бөл. Көмірқышқыл газы, су және метанды неге бір топқа 
жатқыздық? Ал, оттегі мен сутегі молекулаларының екінші топқа біріккен себебі неде? 
3. Аталған молекулалардың топтарға бөлінуі себептері мен белгілерін сипатта. Алған 
нәтижеңді күнделік дәптерің жаз. 
Мұғалімнің және достарыңның кеңестері арқылы төмендегі сөйлемдерге тиісті 
атауларды қойып оқы: Атомның бір ғана химиялық элементінен ....... мен....... 
молекулалары болып табылады. Ал, .... мен ..... және ....... молекулалары әр түрлі 
химиялық элементтерден тұрады. Сондықтан, оттегі мен сутегі молекулаларын .......... 
деп, көмірқышқыл газы, су және метан молекулаларын ............ деп анықтама береміз. 
Барлық заттар құрамындағы химиялық элементтердің көрсеткіштеріне байланысты 
қарапайым және күрделі заттар деп бөлінетініне тәжірибе арқылы көз жеткіздік. Демек, 
бұл атаулар табиғи ортадағы қай жерде болмасын, әрдайым бір-бірімен байланыста 
көрініс береді деген сөз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Мысалы, мыс химиялық элементі бір ғана мыс атомы затынан құралғандықтан 
қарапайым заттар қатарына жатады. Сол сияқты, сутегі де, фосфор да жоғарыда аталған 
қасиеттерге ие. 
Бірақ, кейбір қарапайым заттар, атап айтқанда отегі атомында жағдай мүлде бөлек. 
Көмірқышқылы химиялық элементі атомынан екі қарапайым зат- оттегі (О2) және озон 
(О3) пайда болады. Оттегі мен озон молекулаларындағы атомның сандық 
көрсеткіштері әр түрлі. 
Дәл осындай құбылыс көмірқышқыл газы атомында байқалғанын өткен сабақта айтып 
өттік. Ондағы тор бейнесіндегі кристаллдық белгілер атомдардың орналасу 
ерекшеліктерін көрсетіп тұр. 
Сондықтан химиялық зат пен қарапайым заттың арасындағы өзгешелікті ажырату үшін 
төмендегі кестеге көз жүгіртейік. 
«Химиялық элемент» пен «қарапайым зат» ұғымдарының салыстырмалы 
көрсеткіштері 
Салыстыру көрсеткіштері. Ұғымдар. Химиялық элемент. Қарапайым заттар. Анықтама. 
Құрылысы. Бір-біріне ұқсас атомдар түрлері. Атомның бір ғана химиялық элементтен 
құраған заты. 
Белгілері Химиялық белгі. Химиялық формула. 
Тапсырма. Төмендегі сөйлемге тиісті атауды қойып, оның мағынасына мән беріңдер. 
(N2) атты ........ молекуласы 2 азот ......... тұрады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Химиялық элементтердің ашылу тарихы қай қоғамда болмасын, көп жағдайда оқыс 
оқиғаларға толы. Олардың соңы бақытты сәттермен аяқталып жатады. 
Лондондағы Корольдік колледждің 18 жасар студенті Генри Перкин жазғы демалыс 
кезінде қаладағы химиялық лабораторияда жұмыс істеді. Ол бояудың бір түрі болып 
табылатын хинин элементінің сырын білмекші болды. Хинин-шын мәнісінде өте күрделі 
химиялық зат болды. Оның құрамы жөнінде Перкинде мағлұмат жеткіліксіз болды. 
Бір күні сәтсіз аяқталған химиялық эксперименттен кейін жас ғалым үстелдің бетін 
сүртіп жатқан қолындағы шүберектің алқызыл тамаша түске өзгеріп кеткеніне таң 
қалып, оның қалай пайда болғанына көз жеткізу үшін эксперимент жұмысын ары қарай 
жалғастыра береді. 
Ол кездері матаны әр түрлі түске бояу үшін адамдар арнайы бояуды өсімдіктерден 
немесе жан-жануарлардан үлкен қиындықпен алатын. Мәселен, салмағы 1 грамм 
болатын көне пурпур бояуын дайындау үшін 150 мыңнан астам бағалы терісі бар 
хайуанның терісін дайындау керек болды. Мұндай әдемі түсі бар киімді киюді көп 
адамдар армандағанымен, оның қиындығы мен қымбаттылығы қатты ойландырған еді. 
Сондай бояуды жасауда миллиондаған гектар жерлерге көптеген өсімдіктер (марена, 
индиго т.б) плантациялары жыртылып, егілген еді. Ал, Г.Перкин болса оның арзан 
бағалы матаның көмегі арқылы шағын бөлменің ішінде жүзеге асырды. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/William_Henry_Perkin 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан қандай айырмашылығы бар? 
2. Органикалық заттардың қандай кластары саған белгілі? 
Өткен сабақтардан біздер қарапайым заттарға жататын алмас пен графит жөнінде біраз 
мағлұмат алдық. Олардың қай химиялық элеметтің атомы екенін анықта. 
Құрамында көміртегі элементі бар миллиондаған күрделі заттар бар. Сол себепті оларды 
органикалық заттар деп атайды. Олардың көпшілігі барлық организмдердің қалыпты 
өмір сүрулеріне маңызды рөл атқарады. Органикалық заттардың кластарына: майлар, 
белоктар және қышқылдар жатады. 
Органикалық заттардың аса маңызды класына- белоктар жатады. Белоктар тірі организм 
құрылысының негізі. Олар өмір сүруге аса қажетті жерлерде әрекет жасайды. Белоктың 
реттеуші қызметі арқылы тірі организмдер қозғалады. Қан құрамындағы белокты- 
гемоглобин дейді. Ол арқылы оттегі бүкіл организмге таралады. Келесі класқа- 
қышқылдар жатады. Олар тірі организмдердің энергия көзімен қоректенуіне, қуат 
алуына ұйытқы болады. Олардың көбі бізге таныс. Мысал ретінде, оған жеміс-жидектер 
құамындағы глюкозаны алуға болады. Оны қант-кәмпит, мармелад, қатты кәмпит 
(карамель) және басқа тағамдар дайындауда пайдалынады. Глюкоза- адам бойындағы 
қан құрамына кіреді. 
Тапсырма. Қышқылдар класының бір түрі болып табылатын қант қышқылы қызметі 
мен ерекшелігі туралы мағлұмат бер. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Сонымен бірге қышқылдар қатарына крахмал жатады. Ол тамақ өнеркәсібінде жиі 
қолданылады. Тағам бетіндегі көк және күлгін түсті түстердің араласуы крахмалға 
байланысты. Суға иодтың сұйығынан 10 тамшыға жуық тамыз. Петри табақшасының 
ішіне төмендегі тағамдарды орналастыр: а) қайнатылған картоп, б) шикі картоп, в) ақ 
түсті нан, г) қант кесегі, д) ас тұзы ; Арнайы құралмен (пипетка) жоғарыда дайындаған 
сұйықтың ішінен тағамдардың бәріне бір тамшыдан тамыз. Тағамдардың түстері өзгерді 
ме? Аталған тағамдардың құрамында крахмал бар ма? 
Келесі органикалық заттардың класына - майларды жатқызамыз. Майлар тірі 
организмдер өмірі үшін аса қажетті белоктар мен қышқылдар сияқты маңызды орын 
алады. Олар организмдердің құрылыс материалдары іспеттес қосымша энергия көзі 
болып табылады. Тірі организм денесіндегі май қабаттары адамдар мен жан- 
жануарлардың ішкі органдарын сыртқы күштерден, ыстық пен суықтан сақтайды. 
Сонымен біздер органикалық заттардың көптеген түрлерінің бірқатар кластарымен 
таныс болдық. Ал, құрамында көміртегі жоқ заттарды қай топқа жатқызуға болады? 
Рас, оларды бейорганикалық немесе минералды заттар деп атайды. Олар органикалық 
заттарға қарағанда құрамы мен құрылысы жағынан қарапайым болып келеді. Оның бір 
ғана ерекшелігі құрамында көміртегінің болмауы. Қалай десек те, органикалық және 
бейорганикалық заттардың арасында нақты шекара жоқ екендігі белгілі. Мысалы 
көмірқышқыл газы (СО2) мен известняктың (СаСО3) құрамында көміртегі элементі 
болғанымен, біз оларды бейорганикалық заттарға жатқызамыз. Бейорганикалық заттарға 
Жер бетіне ең көп таралған суды, сондай-ақ темір, ас тұзы т.б жатқызамыз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Organic_chemistry 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Қант қышқылы құрамына атомның қандай түрлері кіреді? 
2. Заттардың әр алуан дүниесін қалай түсіндіруге болады? 
3. Оттегінің бөлінбейтін ұсақ бөлшектері: а) химиялық элемент; б) қарапайым заттар 
4. Төмендегі суреттерге назар аударып, соңында қарапайым заттар мен күрделі 
заттардың ерекшеліктерін түсіндір 
5. Төмендегі сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына «молекула» және «атом» 
атауларын қойып жазыңдар 
А – Ауа оттегі ....... құрамына кіретін қоспа. Б – Су қабатында оттегі ерігенде ...... оттегісі 
су ..... арасына таралады. В – Су .......... сутегі мен оттегі ........ құрамдарынан тұрады. 
Г – Иод сұйығының исі иод ...... булану үрдісі кезінде ауа таралуымен ерекшеленеді 
6. Төмендегі кестені толтыр: Заттар. Құрамы. Мысалдар. Қарапайым заттар 
Химиялық элементтері әр түрлі атомдардан құрады 
7. Химиялық символ (белгі) мен химиялық формула нені білдіреді? 
8. Қандай органикалық заттарды білесің? Олардың бейорганикалық заттардан 
айырмашылығы қандай? 
9. Озон молекуласының сандық көрсеткіші үш оттегі атомынан тұрғаны белгілі болса, 
онда озонның химиялық формуласы қандай? Нәтижені есептеп жаз. 
10. Молекулярлық қарапайым заттардың моделі көрсетілген суретке қарап отырып, 
олардың химиялық формуласын жаз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
11. Төменде түрлі заттардың мынадай формулалары берілген:О2, H2O, SO2, H2, N2, 
Мына О2, H2O, SO2, H2, N2,CH4, AI, Si, CO2, Cu, H2S. Аталған заттардың 
молекулалары қандай атомнан тұралы? Олардың ішіндегі қарапайым және күрделі 
заттарды ата. 
12. Тағам содасының күрделі затқа жататынын мұғалімнің көмегі арқылы эксперимент 
жұмыстарын жүргізіп, іс жүзінде дәлелде. 1. Тағам содасын ыдысқа салып отқа қой. 
Сода түйіршіктері қозғалып, ары-бері шашыраған көрінісіне мән бердің бе? 2. Соданың 
бетін салқын темір пластинамен жап. Темір пластинаның бетіндегі көрініске назар аудар. 
Ол көрініс ненің белгісі екенін түсіндіріп бер. 3. Тағам содасы мен темір пластинаға 
жабысқан сода түйіршіктері сырттай қарағанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса, 
экспериментті одан ары жалғастыр. 4. Енді екі шыны ыдыс алып біріне- тағам содасын, 
екіншісіні темір пластинаға жабысқан түйіршіктерді салып судың көмегімен еріт. 
5. Екі ыдысқа фенолфталеин атты дәрінің жартысын таста. Бірінші ыдыста қандай 
көрініс байқалды? Екінші ыдыстағы түйіршіктер бастапқы қалынан өзерді ме? Осы 
тәжірибеден кейін тағам содасын күрделі заттар қатарына жатқызуға бола ма? Дәлел 
келтір. 
13. Чайнвордтың шешуін тап 
1. Молекула құрамына кіретін бөлшек. 2. Тіршілік организмдерінің тыныс алуына 
қажетті зат. 3. Табиғатта кең таралған сұйық заттың қатты күйіндегі көрінісі. 
4. Дененің пайда болуына әсер ететін дүние. 5. Көнегрек ойшылы, «Табиғаттағы заттар 
дүниесі» поэмасын жазған ақын. 6. Органикалық заттар құрамына жататын химиялық 
элемент.7. Орыс ғалымы, тұңғыш академик 8. Заттардың құрылымдық ерекшеліктері. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
ҮІІІ. КЛЕТКАЛАР 
Тіршілік дүниесінің элементарлық бөлшектері 
Клеткалардың құрылысы 
Көпклеталы организмдер 
«Клеткалар» тақырыбын зерделеу 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Тіршілік дүниесінің элементарлық бөлшектері 
1. Клеткалар туралы жаңалық қалай ашылды? 
2. Оларды не үшін өмір сүру заңдылығының элементарлық бөлшегі деп атайды? 
Жер бетіндегі барлық тіршілік дүниесі - бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, 
жан-жануарлар мен адамдар клеткалардан тұрады. Осы құпия бір дүниенің қалай 
ғылыми жаңалық болып ашылғаны бүгінде көп адамдарды таң қалдырмаса да, өз 
дәуірінде ол керемет ғылыми жаңалық болды. 
Өз дәуірінің жасампаз тұлғасы ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703) клеткалар 
туралы ғылыми жаңалықты кездейсоқ жағдайда ашты. 
Ғалым кәдімгі бөтелке тығынын қолына алып, оны өткір пышақпен жұқа қылып теріні 
сыпырғандай кесе бастайды. Жұқалап кесілген әр қабықшаның айналасын дөңгелей 
біткен жұмыртқа тәрізді иректелген пішіндер оны қайран қалдырады. Ол жөнінде Р.Гук: 
«..қолымдағы жұмсақ тығынды мен пышақпен жайлап кесіп, одан жұқа қылып бір 
қабықшаны алдым да, оны қара түсті затқа жапсырдым. Сосын олардың бетіне әйнекті 
қойып жарық түсіргенде араның ұясына ұқсайтын кедір-бұдыр суреттерді көрдім. Ол 
бұдырлар немесе клеткалар өте ұсақ иірімдер сияқты өз орындарында дұрыс тұрмағанын 
байқадым..»,-деп сипаттады. 
Тіпті Роберт Гук те, оның замандастары да дәл сол күннен бастап жалпы тірі 
организмдер клеткаларын зерттеудің алғашқы қадамының жасалғанын білмеген де еді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Р.Гук клетка ұғымын шағын үйшіктер, камералар немесе басқа организмдер паналайтын 
орын деп түсіндірді. Клеткадағы үйшіктер көзге көрінгенімен олардың басқа түрлері 
мен жалпы құрылымдарын елестету мүмкін емес деді ғалым. 
Сөйтіп, уақыт өте келе «клетка» сөзі ғылыми айналымға еніп, көзге көрінетін немесе 
көрінбейтін тірі организмдердің ұсақ үйшіктеріндегі қызметінің өмір бірлігі мен 
элементарлық негізі болды. Клеткалар өмір заңына тән барлық тірі организмдер 
қызметін атқаратын, олардың таралуы, дамуы мен өсуі, қызметін тоқтатуы және көбеюі 
сияқты маңызды тіршілік бірліктері ретінде қарастырылады. 
Олардың пішіні өте ұсақ. Мысалы, адам бойындағы бір тамшы қанның (1 мм3) ішінде 5 
млн жуық қызыл шарлар қозғлып жүрсе, солардың әрқайсысы –бір клетка. Оның 
ұзындығы 7-8 микрон. Микрон бір милиметрдің мыңнан бір бөлігі. Бактериялардың да 
әрқайсысы бір клеткаға жатады. Бір тамшы суда 40 млн бактериялардың өмірі, шағын 
көлдегі балықтар сиқты. 
Клеткалардың өмірі саған қызық па? Оған көз жеткізу үшін төмендегі тәжірибе 
жұмыстарын жүргіз. 
1. Жартылай қызара бастаған қызанақты, алманы және қауынды мұқият бақыла. 
Олардың жалпы өсуінің құрылысы қалай деп ойлайсың? 
2. Енді олардың әрқайсысының кішкене бөлігін алып, лупаның көмегімен бақыла. 
Көрген-түйген нәтижелеріңді дәптерге жаз. 
3. Жеміс клеткаларының түрлері мен формалары туралы жеке көзқарасыңды 
қалыптастыр. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Табиғат ортасындағы барлық тірі организм өкілдерінің әрқайсысында өздеріне тән 
ерекше заңдылық бар. Мейлі, ол кішкентай саңырауқұлақ болмаса қанатын жайған кезде 
қолтығына қаптаған балапандары сыйып кететін тауық болсын, өрмекші мен ұзындығы 
30 метрлік кит болсын олардың бәрі Карл Бэрдың (ХІХ ғ) айтуынша өз өмірлерін 
иненің жасауындай ғана микроскопиялық клеткадан бастайды екен. Бұл клетка- 
ұрықтандырылған жұмыртқа тәрізді ұрық (зигота). 
Адамның, иттің, тауықтың т.б ұрықтары ересек жануарлардың жұмыртқа-клеткаларына 
ұқсамайды. Ол ұрықтанғанға дейін шар тәрізді формада болады. Ұрық клеткасына 
түскен сперматозоид жұмыртқаның өзгеруіне түткі болады. Алдымен жұмыртқа төтке 
бөлінеді. Уақыт өте ол 8-ге сосын 16 бөлікке бөлінеді. Бұл кезде жұмыртқа өзінің 
формасын жоғалтып, тірі организм денесінің кейпіне енеді. Енді организмдегі 
клеткалар дәл жоғарыда айтқандай бірнеше бөлікке бөліне бастайды. Олар жүзге, 
мыңға және уақыт өте келе миллионға бөлінеді. Осындай ғажайып көріністер әуел 
бастан бір-бірімен тығыз байланыста қалыптасып, дами береді. 
Енді тірі организмнің бойында көптеген үйшіктер қалыптасты. Бас кезінде бас пен 
аяқтың қайда екені белгісіз болады да, сәл уақыттан соң дененің негізгі үйшік- 
клеткалары біртіндеп өсе бастайды. Соңында дененің әр бөлігі бөлектеніп ұрық-клетка 
кәдімгі жануардың кейпіне келеді. Ол өмірге келгенде ең басындағы ұрық-клеткаға 
тіптен ұқсамайды. 
Тапсырма. Клеткалар өмірі туралы қосымша мағлұмат алу үшін микроскоп керек 
болады. Сондықтан ол туралы өткен тақырыпты қайталап оқы. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
http://en.wikipedia.org/wiki/Karl_Ernst_von_Baer 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Клеткалардың құрылысы қандай? 
2. Клетканың ішінде қандай процестер жүріп жатады? 
Тақырып түсінікті болу үшін қолыңа микроскопты алып пиаздың сыртқы қабатын 
тексер. 
1. Микроскопты жұмысқа жайында. 
2. Шыны тақтайшаның бетін ұқыпты тазалап сүрт. 
3. Суретке қарап пияз қабығын зерттеу жұмысына қалай пайдаланудың әдісімен таныс. 
4. Шыны тақтайшаның бетіне екі тамшы суды тамыз. 
5. Пияздың ішкі жағынан қысқышпен екі жағы көрінетін таза қабықтың бөлігін кесіп ал. 
6. Оны шыны тақтайшаға орналастырып, бетін жап. 
7. Енді оның үстіне еритін иодтың тамшысын тамыз. 
8. Сусорғыш қағазбен тақтайшадағы артық ылғалды сорып ал. 
9. Пиязды арнайы үстелдің бетіне қой. Оның бетінде клеткалар байқалды ма? Оның қай 
бөліктері ерекше көрініп тұр? 
10. Дәптеріңе пияз қабықшасынан байқаған бірнеше клеткаларды айнытпай сал.. 
Бір ғана пияз қабықшасындағы клеткаларды анықтаған соң, біз олардың күрделі 
құрылысына назар аудардық. Демек клетка сыртқы қорғаныс қабатын иеленеді. Ол 
жалпы риаяздың ішкі дүниесін сырты күштерден сақтап, оның формасының өзгеріске 
ұшырамауына да үлкен көмегін тигізетіні хақ. Пияздың сыртқы қабаты арқылы су 
сіңіріліп, сонымен бірге еріген басқа заттардың пияздың ішкі қабатына өтуіне ұйтқы 
болады. Бұл үрдістен пияз қабаттарында жұқа пленка- клетка мембранасы қалыптасады. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Мембрана - зиянды заттардың ішкі қабатқа өтуіне тосқауыл болады. Оның соншама 
нәзік және күшті пленкасы сабынның көпіршігіне ұқсайды 
Эксперимент жұмысын жүргізіп жатқанда клетканың ортасындағы алтын түсті қабатты 
байқадың ба? Жартылай сұйық болып келетін клетканың бұл мүшесін цитоплазма 
дейді. Оның ішінде клетканың барлық ішкі организмдері, атап айтқанда кішігірім дене- 
ядро да орналасқан. 
Клетка ішіндегі барлық организмдердің бір-біріне бағынып біртұтас микроәлемді 
қалыптастырғаны, жалпы клетканың қандай табиғи жағдайда болмасын (ауа райы, 
климат, т.б) өзінің қалыпты тіршілік дүниесін сақтап қалуға негіз болады. Былайша 
айтқанда, клетка ішінде цехы, транспорты, байланысы, қоймалары бар мини-зауыт деуге 
болады. 
Онда әрдайым кейбір заттардың жойылып, жаңа заттардың пайда болуы, жаңа 
клеткалардың қалыптасуы үрдісі жүріп жатады. Зауытпен салыстырғандағы бір 
ерекшелік клеткадағы бір күйден екінші күйге өтетін үрдіс өте қарқынды жүреді. Олар 
өмір бірліктерінің негізгі көрінісі- организмнің өсуі, дамуы және көбеюі сияқты маңызды 
дүниелердің қалыпты жағдайда сақталуын қамтамасыз етеді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Білгенге маржан! 
Әр клетка құрамындағы мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі өз-өзін реттеуі 
болып табалады. Ол сабын көпіршігіне ұқсайды. Егер көпіршіктердің ішінен біреуін 
алып ортасынан бөлсек- ол екі көпіршікке айналып кетеді. Олар пішіні жағынан тым 
ұсақ болса да, бәрі бірге әрекет жасайды. Екі көпіршік соқтығысқанда үлкен бір 
көпіршік пайда болады. 
Мембрана аяқ астынан басқа күйге көшкенде, көпіршіктердің бөлінуі мен қосылу 
әрекеттері белсенді жүреді. 
Клетканың қызметі басқа организмдерге қарағанда мүлде ерекше. Егер біз инемен 
клетканың жоғарғы арқылы сұғатын болсақ, ине шыққаннан кейін ол жерлер тез арада 
қайта қалпына келеді. 
Микропышақ арқылы клетканы екіге бөлсек, кесілген әр клеткадағы мембрана 
қабаттары белсенді түрде қайта жинақталып, өз қызметтерін жалғастыра береді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
1. Көпклеткалы организмдердің клеткалары неге әртүрлі құрылымды иеленеді? 
2. Көпклеткалы организмдердің клеткалары қызметінің ерекшелігі қандай? 
Біздің, яғни адам организмінде шамамен он триллион (10 000 000 000 000) клеткалар 
бар. Расында, ойландыратын дүние!? 
Мұндай құбылыстың негізгі мазмұны - аса күрделі, құрылысы жағынан әр түрлі болып 
келетін көпклеткалы организмдердің біртұтас тіршілік ортасын қалыптастыруы болмақ. 
Көпклеткалы организмдегі клеткалардың құрылымы біркелкі емес. Олар өздері 
атқаратын қызметі мен құрылымына қарай бір-бірінен өзгеше болып біртұтас организмді 
құрайды. 
Жоғарыда айтылған тұжырымымызды дәлелдеу мақсатында мынадай эксперимент 
жүргізейік. 
1. Мұғалім берген микропрепаратты микроскоп арқылы мұқият бақыла. 
2. Ондағы клеткалардың құрылысы мен орналасу ретіне мән бер. Олардың құрылымы 
неге өзгеше? 
3. Эксперименттен көрген-түйген дүниелеріңді салыстыра отырып дәптеріңе жаз, 
суретін сал. 
4. Клеткалар құрылысы жөнінде жеке пікіріңді қалыптастыр. 
Енді өзің көз жеткізген клеткалардың құрылысын көз алдыңа елестетіп, өз ретінде 
олардың барлығын біртұтас организм жүйесі деп қабылдап, ой түйсек- көпклеткалы 
организмнің аса күрделі дүние екенін сеземіз. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Адам организмі көпклеткалы. Адам денесінің кез келген нүктесі алдымен жұқа тері 
қабатынан басталады. Тері қабаты денені сыртқы күштерден қорғайды. Сыртқы қабаттан 
кейін келесі ішкі тері қабаты шығады. Ол денедегі бұлшық ет пен май қабаттарымен 
шектеседі. 
Денедегі бұлшық ет клеткалары адам организмін қозғалысқа түсіріп, асқазанның жұмыс 
істеуіне, тыныс жолдары мен кеуде клеткаларының белсенді әрекетке көшуіне себепші 
болады. 
Қан айналымы жүйесінде көптеген клеткалар іске қосылады. Олар екіге бөлініп бірі- 
қызыл түстісі өкпе тұсында оттегіден қуат алып, оның барлық организмге таралуын 
реттесе, екінші ақ түстісі - денені сыртқы ортадан келетін ауру қоздырушы 
бактериялардан қорғайды. 
Сүйек және буын клеткалары адам скелетінің қалыптасуына ұйытқы болады. Олар адам 
денесінің өз қажетінше қозғалуына жағдай жасап, бұлшық еттердің қимылдауына негіз 
болады. 
Сол себепті клетканың адам бойындағы қызметі қатаң тәртіп бойынша жүргізіледі. 
Организмдегі клеткалар тобы өзіне тән функцияларды атқарады. Осындай ерекше 
құбылыс-адамның көпклеткалы біртұтас әрекет жасау заңдылығын қалыптастырады. 
Табиғаттағы барлық тірі организмдерге тән ерекше құбылыс- ол әрбір тірі организм 
өкілінің кішкентай ғана ұрық клеткасынан жаратылған заңдылығы. Оны ұрық клеткасы 
дейді. 
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04
ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04

More Related Content

More from Muhamedrahim Kursabaev61

The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)Muhamedrahim Kursabaev61
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруMuhamedrahim Kursabaev61
 
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevThe Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevMuhamedrahim Kursabaev61
 
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Muhamedrahim Kursabaev61
 
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираГеоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираMuhamedrahim Kursabaev61
 

More from Muhamedrahim Kursabaev61 (7)

Этнопарк "AtaLand"
Этнопарк "AtaLand" Этнопарк "AtaLand"
Этнопарк "AtaLand"
 
Amanzholov Seitkaly
Amanzholov SeitkalyAmanzholov Seitkaly
Amanzholov Seitkaly
 
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
The history of nomads and indigenous peoples dwelling (yurt)
 
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыруХаншатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
Ханшатыр жанындағы Талдыкөлді ЕХРО 2017 туристері орталығына айналдыру
 
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.KursabaevThe Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
The Taskesken petroglyphs in East Kazakhstan. M.Kursabaev
 
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
Атамекен балалар ұйымының тарихы (1988-2011)
 
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мираГеоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
Геоархеологическо-туристический потенциал жилище номадов и коренных народов мира
 

ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-04

  • 1. ҮІ. ЗАТТАР Жансыз заттардың құрамы Заттардың табиғи ортадағы қалпы Заттардың өзгеру ерекшеліктері Таза және аралас заттар «Заттар» тақырыбын зерделеу Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 2. 1. Табиғат денелерінің құрылысы қалай? 2. Заттардың құрамындағы түрлі дүниелер туралы не білесің? Айналаңа көзсалсаң өзіңе таңсық қаншама құбылыстарды байқайсың. Сені қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат денелері, сонымен бірге адамдар қолынан жасалған нысандар заттардан құралады. Төмендегі суретте біз алюминийден жасалған сымтемірді, ыдысты, қайықты, ұшақты т.б заттарды көріп тұрмыз. Ол дүниелер немесе денелер бір ғана алюминий затынан тұрады. Дегенмен бұл атаулардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін де білеміз. Алдымен «алюминий ыдысын» біз дене ретінде қабылдаймыз. Мұнда «ыдыс» дене болса, «алюминий» зат болып тұр. Сол сияқты су, әйнек, темір, парафин, мыс, қант, ас тұзы да заттар болып табылады. Заттардың миллионнан астам түрлері болады. Заттар көп жағдайда бір-бірімен ұқсас болғанымен, әрқайсысы өзінің ерекшелігімен сипатталады. Әр заттың өзіне тән құрылымы болады. Көптеген заттардың құрылымын біздер өзіміздің сезім органдары арқылы елестетеміз. Ол заттарды біз түсіне, салмағына, түссіз тұнығына, жылтыр және жұмсақтығына қарай ажыратамыз. Кейбір заттар қатты болып келсе, басқалары жұмсақ болып келеді. Сондай- ақ олардың ішінде ащы-тәтті, тұзды-тұзсыз тағы басқа ьолып жатқан түрлері кездеседі. Кейбір заттарды оның исі арқылы танимыз. Оның тірі организмге әсер етуі арқылы біз зиянды және пайдалы жақтарын білеміз. Заттардың құрылысын білу- оларға сипаттама беру деген сөз. Сипаттама беру барысында біз олардың өзіне тән құрылымына назар аударамыз. Мәселен, ас тұзы туралы мағлұмат бергенде біз төмендегідей сипаттама береміз: Ас тұзы түссіз зат. Оны ұнтақтау кезінде ақ түске енеді.. Дәмі бойынша ащы. Өте нәзік келеді. Суда тез ериді. Температуралық көрсеткіші қалыпты жағдайда. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014 Тапсырма: Жоғарыда айтылған тұжырымдар негізінде судың, қанттың, және парафиннің
  • 3. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 4. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 5. Назар аудар! Бір кездері Еуропада қанттың құндылығы сонша, халықтар оны тек арнайы дәріханалардан ғана шипа ретінде сатып алған. Бұл үрдіс қашан ғылыми жаңалық ашылғанға дейін жалғасып келді. 1747 жылы неміс ғалымы Андреас Сигизмунд Маргофф қант қызылшасынан тұңғыш «еуропалық» шекерді ойлап тапқаннан кейін халықтың қолы қантқа ұзағынан жетті. Кейін қантты басқа өсімдік шикізаттарынан өндіре бастады. Оңтүстік Америка, Куба, Африка мен Азияның кейбір жерлерінде өсетін қант тростнигі, Еуропаның қоңыржай белдеулерінде қызылша, ал Канада жерінде қанттың үйеңкі ағашыгың сөлінен өндірді. Үйеңкіде қантты құрамы 5% ғана болды. Әр маусымда әр ағаш шамамен 50-100 литр шырын беретін болса, онда одан 3-5 килограмм ғана шекер өндіруге болатын еді. Қант қызылшасының құрамында құмшекердің үлесі 16-20% болды. Шекердің ең көп мөлшері қант тростнигінде болды. Ондағы қанттың құрамы 16-26% дейін жеткен. Сондай-ақ азиялық пальма ағашында қанттың 14% құрамы бар екені белгілі болды. Қайың ағашының сөлінде қанттың бар екені белгілі. Бірақ ондағы шекердің мөлшері 0,5- 1,2% ғана екен. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 6. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 7. http://en.wikipedia.org/wiki/Sugar Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 8. 1. Заттардың табиғи ортадағы қалпы қандай жағдайда болуы мүмкін? 2. Әр заттың құрылысы өзінің агрегаттық күйінен қандай жағдайда тәуелді болады? Заттардың құрылымын зерттей келе, біздер олардың қалыпты жағдайын білуімізге болады. Енді өзімізге жақсы таныс судың заттық құрылымын зерделеп көрейік. 1. Петри табақшасына мұз түйіршегін сал. Алдымен оның формасын мұқият бақыла. Сәлден соң мұзды шыны ыдысқа ауыстырып сал. Мұздың формасы өзгерді ме? Ал көлемі ше? 2. Енді мұзды арнайы ыдысқа салып отқа қыздыр. Еріген суды шыны ыдысқа қайта құй. Мұздың формасы қандай күйге енді? Судың көлемі өзгеріске ұшырады ма? 3. Енді суды қайта отқа төзімді ыдысқа құй. Мұғалімнің көмегімен оны көлемі біраз азайғанша отқа қатты қыздыр. Қызған кездегі судың жарты бөлігі қайда кетті? 4. Алған нәтижелерді төмендегі кестені толтыра отырып сипаттама бер. Күнделік дәптеріңе жаз. Заттардың қалпы. Судың әртүрлі қалпы Заттардың қалпы. Көлемі. Формасы. Мұз. Су. Су буы Тәжірибелерге қарап отырып, біздер әр заттың қатты, сұйық және газ түрінде кездесетініне көз жеткіздік. Демек, зат қатты күйінде өзінің өзінің формасы мен көлемін жоғалтпайтынын білдік. Заттардың арасында кейбіреулерінің тығыз, пластикалық және нәзік болатыны белгілі болды. Солд себепті кейбір қатты заттардың формасын өзгерту қиын. Мысалға, ауыр тасты жаншу немесе қалың темірді майыстыру оңай емес. Оларды майыстыру, ұсату немесе сындыру оңай. Әйтсе, кейбір пластикалық заттардың формасын өзгерту қиынға соқпайды. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 9. Сонымен, қатты заттарды оның өзіне қарсы күшке төтеп бере алатын қабілетіне қарай ажыратады. Екі қатты затты бір-бірінен оларды қыру арқылы анықтайды. Мысалы, темірмен мысты қырса онда із қалады, ал керісінше мыспен темірді тырнасаң ешқандай белгі қалмайды. Бұдан темірдің мысқа қарағанда берік екеніне көз жеткіземіз. Ал мыс пен күмісті салыстырсақ, олардың екеуі де бір-біріне із қалдырады. Демек, олардың беріктігі шамалас. Осындай жолмен басқа да заттардың құрылымын анықтауға болады. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап дамып тұрған жағдайында заттардың беріктігін анықтаудың күрделі және дәл болжай алатын мүмкіндіктер туындауда. Жоғарыдағы эксперимент жасау барысында біздер сұйық заттардың тұрақты формада тұра алмайтынын білдік. Сұйық заттар өздері сыйған ыдыстың көлеміне сай форманы иеленеді. Ондағы сұйықтың көлемі өзгермейді. Егер сұйық затты кесеге құйсақ, ол кесе сияқты форманы құрайды. Ол төгілген жағдайда жердің жазық бетімен жан-жаққа қарай ағып кетеді. Сұйық заттардың ерекшелігі олардың қою болып келгендігімен есептелінеді. Олардың жерге төгілуі бірқалыпты емес. Тапсырма. Бір ыдысқа су құйып, келесі ыдысқа кристалдандырылмаған жаңа балды құйып қой. Енді екеуін аударған кезде қайсысы тез ағатынын бақыла. Алғашында сен мұз бен суды қыздырған кезде сұйықтың қатты мен газтәрізді заттардың арасындағы нәрсе екенін білдің. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 10. Сұйық пен газ заттардың уақытша қалпы екеніне енді көзіміз жетті. Дегенмен, олардың арасында өзгешелік бар. Газ күйіндегі затты арнайы ыдысқа толтырсақ, ол оның барлық көлемін қамтиды. Керісінше, сұйық затты ыдысқа құйсақ ол бастапқы көлемін сақтап қалады. Айталық, ұшатын шарға үрлеп жел толтырдық. Шардағы ауаның тығыздығы жоғарлайды. Біз шарды үрлеп болған соң неге оның ұшын жіппен байлаймыз? Кейбір заттар қатты қалпынан сұйықты айналып өтіп бірден газ қалпына келе салады. Оған мысал ретінде балмұздақ қорабына араластырып салатын «құрғақ мұзды» жатқызуға болады. Жер бетіндегі ең ерекше заттың құрылымына – плазманы жатқызамыз. Ол жердің жоғарғы қабатындағы ауа температурасының күрт өзгеруі барысында газтәрізді қалыптан найзағай жарқылының күші арқылы пайда болады. Плазма қалпында ғарыш кеңістігіндегі көптеген заттардың бөлшегі бола алады. Жер жоғарғы бөлігіндегі атмосфера қабаты негізінен Күн сәулесі арқылы шағылысқан плазмалық қалыпты құрайды Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 11. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 12. Араб тілінен «алмас» сөзін аударғанда әрі қатты және берік деген ұғымды білдіреді. Шынында алмас- өте қатты әрі аса берік зат. Оның мұндай ерекшелігі оның таралуы мен кеңінен қолданылуына себепші болды. Алмасты жер астындағы мұнай кенін іздеу барысында бұрғылайтын ұңғыманың ұшына орналастырады. Одан жасалған кесетін және бұрғылайтын құрылыс материалдары ұшақ жасайтын арнайы конструкторлық мекемелерде қолданылады. Алмастың өте жұқа күйінде оратылған вольфрамдық сымтемір арқылы электр шамының инесін жасайды. Өте берік және қатты күйдегі балқытылған қоспаларды алмас қосылған химиялық жуғыш қорабы арқылы тазартып, жаймалайды. Алмастың түссіз және жылтырақ реңі бар бөлшектері қайта өңделіп, көздің жауын алатын бриллиант тастары ретінде барша жұрттың игілігіне айналады. Алмас көне дәуірден-ақ аса бағалы тас ретінде бағаланып келді. Оның ерекше қасиетіне терең назар аударған адамдар ұзақ ғасырлар бойы асыл тастың байлық пен мәртебе әкелетін, адам бойына беріктік пен дарындылықты, махаббат пен татулықты және қаһармандық пен қаталдықты қалыптастыратын магиялық күші барына сеніп, аса жоғары бағалаған. Алмастың аса көлемді тастарын иеленген адам байлық пен биліктің символы ретінде танылған. Ол туралы тарих бетінде қаншама оқиғалар болды десеңізші?! Ағылшын королінің тәжі ешкімге теңдесі жоқ «Коинур» атты аса қымбат алмас тасынан жасалған. ХІХ ғасырдың ортасында ол тәжді Ауған шаһы Шуджа иеленеді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 13. 1. Заттардың қалыпты күйі қандай жағдайларда өзгерістерге ұшырайды? 2. Заттардың қалыпты жағдайын адамзат перзенті қалай пайдаланады? Үйіміздегі бөлмемізде ауа температурасы оттегі күйінде газ тәрізді қалыпта болады. Сондай-ақ су-сұйық, парафин болса қатты күйінде болады. Енді қандай жағдайларда олар бір күйден екінші күйге ауыса алады? Осы ойымызды дәлелдеу мақсатында эксперимент жұмыстарын жүргіз. 1. Көктемгі сең жүру барысында лабораториялық термометрдің (-10 С ден +110 С) көмегімен мұздың температурасын өлше. Өлшеу кезінде термометрдің жоғарғы бағаны сенің көз мөлшеріңмен сәйкес болсын. Мұз қандай температурада еритінін анықта. 2. Мұз еріп бітердің алдында термометрмен барлық үрдісті мұқият бақыла. Температура қалай өзгерді? Мұздың қалай ерігенін байқадың ба? 3. Мұғалімнің көмегімен еріген мұздың суын арнайы ыдысқа салып отқа қыздыр. Су қызып қайнағанша термометрдің көмегімен соңына дейін бақыла. Су қандай температурада қайнады? Қайнаған су қандай күйде болады? 4. Күнделік дәптеріңе судың бір күйден екінші күйге өткені жөнінде кесте сыз. Онда су температурасының қай кезеңде өзгергенін көрсет. Су температурасының қалай өзгергенін көзіңмен көрген соң, сен заттардың бір күйден екінші күйге еркін өте беретінін сездің. Қалай дегенмен заттың мұндай жеңіл өзгеруіне басқа қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін? Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 14. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 15. Арнайы ыдысқа қарды салып болған соң оны жылы жерге әкел. Бұл жерде ыдыстағы қар ере бастайды. Аралары бөлінген тақтайдың үстіне біраз су құйып, қар салынған ыдысты оның үстіне қой. Оған молынан тұзды сеп. Ыдысты бір қолыңмен ұстаған күйі қасықпен тұзды араластыр. Ыдыстың түбінде бәрібір кішігірім мұз сақталады. Мұндай құбылыстың себебі неде? Енді оның құпиясын ашу үшін ыдстың ішіне термометрді сал. Ыдысқа тұз салғанға дейін термометр 0 С көрсетеді. Өйткені еріген қар мен мұздың температурасы 0 С тең емес пе? Қар салынған ыдысқа тұзды араластырған соң температура бірден төмендей бастайды. Біз ыдысқа 300 грамм қар салып, оған 100 грамм тұз қоссақ, температура бірден -18 С бірден жетіп қарға араласқан тұз баяу ериді. Мұндай температурада ыдыстың астындағы тақтайшадағы таза су қата бастайды. Бұл көріністі сен күн аязды және көктайғақ болған кезеңде байқаған боларсың. Жол үстіне шашылған тұз қатты аязға қарамастан көктайғақты біртіндеп еріте бастайды. Тапсырма: Өткен сабақтарды пысықтай отырып гранит тасының жаратылысы туралы айтып бер. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 16. 1. Таза заттардың қоспа заттардан айырмашылығы неде? 2. Қоспа заттарды бөлу жөніндегі тәсілдерді сен білесің бе? Тапсырма. Өткен сабақтарда гранит тасының құрылысы жөнінде мағлұмат алдық. Оған мұқият көз жіберіп біздер оның бетіндегі түссіз қатты кристаллдардың бар екенін байқадық. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Сен тағы граниттің бетінде жарқырап тұрған қара түсті бұдырларды да көрдің. Оның қасында ашық қызыл түсті бұдырды да байқаған шығарсың. Оны аты қалай аталады? Гранитті толық зерттей келе сен оның бойындағы түссіз кварцтың, қара түсті слюданың және қызыл түсті шпаттың бар екеніне көзің жетті. Табиғат аясында әрбір зат ешқандай қоспасыз таза күйінде кездеспейді. Сол себепті бізді әрдайым сан мыңдаған қоспадан құралған заттар қоршап тұрады. Бір көргеннен кез келген заттың қоспасы жоқ деп ойлап қалуың мүмкін. Заттардың құрамы өте ұсақ бөлшектерден құралады. Егер біздің алдымыздағы заттың ұсақ бөлшектері ұқсас келсе, онда ол таза заттар деп саналады. Таза заттар ғылым мен техниканың дамуына аса қажет. Олардың ішіндегі айырықша тазалары электроника, радиотехника, атом энергетикасы және басқа маңызды халық шаруашылығы салаларға пайдалынады. Таза заттар шынында қоспа заттардан қалай ажыратылады? Оны анықтау оңай емес. Ғалымдардың пікірінше әрбір қоспасы бар заттың бойында өзіне тән құрылымдары жетерлік. Сол себепті олардың құрылымын білу арқылы, қоспасы бар затты анықтауға болады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 17. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 18. Екі қатты заттың қоспасынан таза затты өндіріп алуды үйрен. Төменгі суретте көрсетілген судың көмегімен өзен құмы мен ағаш ұнтағының қоспасын айыру әдісіне назар аудар.Төмендегі күкірт пен темір ұнтақатары қоспасын ажырату мақсатында эксперимекнт жұмысын жүргіз. 1. Қоспаларды таза қағаздың бетіне шашып төк. 2. Магнитті алып, оның жанына жұқа қағазды қоса қыстыр. 3. Қағазбен көмкерілген магнитті қоспаларға жақындат. 4. Енді магнитті жоғары көтер. Қандай көріністі байқадың? Алған нәтижелерді күнделік дәптеріңе жазып қой. Екі затты ажырату барысында олардың құрылысының қандай ерекшеліктерін байқадың? Табиғат ортасында тек қана қатты заттар ғана емес, сонымен бірге сұйық заттардың қоспалары кездеседі. Мысал ретінде су мен өсімдік майы қоспасын алып қара. Олардың қоспасын арнайы бөлгіш құрал арқылы ажырата аласың. 1. Сұйықты екіге бөлетін құралдың тетігін жап. 2. Екі заттың қоспасын бөлгіштің ішіне құй. 3. Құралдың ішіндегі екі қоспаның екі қабат болып өзгергенінше бақылап отыр. 4. Бөлгіш құралдың тетігін ашып, оның төменгі қабатын алып жатқан суды ағызып жібер. Қоршаған ортамыздағы көптеген өзендер мен көлдердің суы лай болып келеді. Демек су қабатында суға ерімеген көзге көрінетін немесе көрінбейтін әртүрлі химиялық бөлшектер бар деген сөз. Аталмыш бөлшектердің ішіндегі салмақтары ауыр болып келетіндері судың төменгі қабатына шөксе, жеңілдері су қабатында қалқып жүріп, нәтижесінде судың лайсаң болуына әкеліп соғады. Оларды фильтрация (сүзу) әдісі бойынша тазалайды. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 19. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 20. Түрлі заттар қоспасының судағы лай түрінде кездесуі – қоспа болып табылады. Таза суда түс, иіс және дәм де бомайды. Бұл орайда Ертіс өзені мен Жайық өзені суларының дәмі мен түстері арасында өзгешеліктер болады. Ал, теңіз бен мұхит суы –ішуге жарамсыз. Неге жарамсыз екенін білесің бе? Су арнасы өз бағытында жердің беті мен судың төменгі бөліктерінде алуан түрлі заттармен қатынасқа түседі. Осындай бір жағдайда олар суға еру барысында өзінің құрылысы мен сапасын жоғалтады. Сол себепті ең «таза» және «ауыз суға арналған» тұщы сулардың құрамында әр түрлі заттар болады. Ол заттардың көбі тірі организмдер үшін аса қажет. Бірақ, су құрамында керісінше адам денсаулығына зиянды заттар кездеседі. Ондай суды ішкен адам не жануар ауруға шалдығады. Табиғи ортадағы су өзінің құрамына еріп сіңген және тірі организмдер үшін аса маңызды рөл атқаратын еріген оттегіні қалыптастырады. Олар болмаса, онда суда тіршілік ететін балықтар мен басқа жәндіктер өмір сүре алмайды. Біз судың жалпы Жер шарында ең көп тараған зат екенін жақсы білеміз. Ондағы мұхит, теңіз, өзен-көл тіпті құбыр суларының құрамында қаншама заттар бар екенін білесің бе? Осы ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі экспериментті жүзеге асыр. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 21. 1. Суретке қарап отырып фильтрді орналастыр. Оған тазартқыш құралды сал. Фильтрге бірнеше тамшы суды тамыз. 2. Енді фильтр мен тазартқыш құралды таза ыдысқа орналастыр 3. Лай суды фильтр арқылы ыдысқа құй. 4. Лай суды құйып болған соң фильтрге назарыңды аудар. Онды қалдық заттар көріне ме? Ыдыстағы судың түсі қандай? Фильтрден өткізілген су таза ма, жоқ қоспа зат па? Өзіңнің жеке көзқарасыңды білдір. 5. Мұғалімнің көмегі арқылы техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ыдыстағы суды отқа қойып қайнат. Су қайнаған кезде ыдыс ішіндегі буға араласқан қоспа заттарды көрдің бе? Бұл көрініс нені аңғартады? Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 22. 1.Төмендегі денелер мен заттарды топтарға бөл: дартархан, кесе, оттегі, кілт, мұз, қалайы, шырақ, ұшақ, су, құс, темір, гипс, ағаш. Денелер.............Заттар 2. Сөйлемдер арқылы керекті ұғымдарды пайдаланып жаз: Бұйымды жасаған мынадай қасиеттеріне назар аударады (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік). Резеңкені дөңгелек жасау үшін пайдаланғанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады. Ауыр затты кесетін құралдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, қаттылық, нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады. Шыныдан арнайы бұйымдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады. Бүгінгі таңда әйнектен бұйымдар жасағанда оның (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады. Сыныптағы тақтаға есеп жазуға аса қажет бордың (тығыздығы, пластикалық, нәзіктік) мынадай қасиетіне назар аударады 3. Белгілі бір заттың құрамы мен құрылысын қалай анықтауға болады? 4. Төмендегі кез келген заттың құрамы мен құрылысы жөнінде толық сипаттама (су, оттегі, темір, крахмал т.б) бер. Ол зат жөнінде ғылыми-көпшілік басылымдардағы мағлұматтарды салыстыра отырып баянда. 5. Шойын темірдің кесегі өңдеу шеберханасына жеткізілгенде неге балқыған күйінде болуы керек? 6. Қандай заттарды таза деп атайды? Олар жөнінде мысал келтір. 7. Табиғат ортасында денелер көп пе, жоқ әлде заттар көп пе? Оның себебін түсіндір. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 23. ҮІІ. ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Атомдық бөлшектер Атомның құрылысы Химиялық элементтер Заттардың алуан түрлі бейнесі Қарапайым һәм күрделі жансыз заттар Органикалық және бейорганикалық заттар «Қоршаған ортадағы заттардың құрылымы» тақырыбын зерделеу Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 24. http://en.wikipedia.org/wiki/Atom Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 25. http://en.wikipedia.org/wiki/Atom#mediaview er/File:Isotopes_and_half-life.svg Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 26. Атомдық бөлшектер Атомның құрылысы Атом құрылысын білу табиғаттағы түрлі құбылыстардың себебін қарапайым тұрғыда түсінуге мүмкіндік берді. Ол құбылысты қанттың суға салған кездегі еріген күйі арқылы байқауға болады. Қанттың еруі оның бөлшектерінің су бөлшектерінің арасына таралуы көрінісін қалыптастырады. Осы ойымызды ары қарай дамыту үшін төмендегі экспериментке назар аударайық. 1. Екі кесеге бірдей етіп жартылай бұршақ пен сүт қойыртпағы (манная) түйіршіктерін сал. Ол екеуі екі түрлі затты құрайды деп есепте. 2. Енді сүт қойырытпағы түйіршігін бұршақ салынған кесеге сеуіп, араластыр. Екеуінің қоспасы ыдыстың қанша көлемін алды? Қоспалар араласқанда неге ыдыс толмай қалды? Бұл тәжірибеден сен заттардың бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектерден тұратынын білдің. Ол бөлінбейтін ұсақ бөлшектер - атом болып табылады. Мұны айтқаг көне грек ойшылы Демокрит болды. Оның тұжырымымы практика жүзінде дәлелденбегенімен, түпкілікті ойының дұрыс екені мәлім болды. ХҮІІ ғасырдың ортасында көнегрек ойшылдарының идеялары француз ғалымы Пьер Гассенди (1592-1655) ары дамытты. Ол Демокриттің ғылыми еңбектерін жиырма жылдан астам уақыт зерттеді. ХҮІІІ ғасырдың ортасында орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) атомның құрылысы жөнінде ғылыми жаңалықтар ашып, жоғарыда аталған ойшылдардың идеясын ары қарай дамытты. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 27. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 28. Білгенге маржан! Ұлы грек ойшылы Демокрит өз дәрісінде қоршаған ортадағы сан алуан құбылыстың пайда болуы түрлі бағыттар бойынша қоғалып тұратын және жойылмайтын атомдық есепке бағындырылған деген. Бір сөзінде ғұлама: «..тәтті мен ащы, ыстық мен суықтың бар екеніне күман жоқ болса, онда атом мен бос кеңістіктің бары ақиқат»,-деген екен. Қоршаған ортаның алуан түрлі заттардың қозғалысын тудыртатын атомнан тұратынын ол сан рет айтты. Гүлдердің иісін мысал ретінде келтірген ол: «..гүл жапырағынан бөлініп шыққан атом, адамның жан-дүниесіне еніп, оның сезімінде аромат қалыптастырады»,-деп тұжырымдады. Осы ойын дәлелдеу барысында ол табиғаттағы құбылыстар өздігінен туындамайды, өйткені әр нәрсенің себебі бар деп пайымдады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 29. 1. Атом құрылысы жөнінде не білесің? 2. Атом құрылысы ұдайы өзгерісте ме, жоқ әлде тұрақты қалыпта ма? Атомның құрылысын біз бөлінбейтін, өте ұсақ және қарапайым заттың бөлшегі деп тұжырымдадық. Дегенмен, аталмыш сұраққа жауап іздеу мақсатында ғалымдар осы кезге дейін айтылған атомның құрылысы туралы пікірдің өзгеруіне жаңа зерттеулер жүргізіп, үлес қосты. Атомның өте ұсақ бөлінбейтін бөлшектерден тұратынын білдік. Енді атом туралы біліміңнің тереңдеуі үшін төмендегідей эксперимент жұмыстарын жүргіз. 1. Қолыңа кәдімгі қара қарындашты ал. Оның қара түсі көмірқышқыл атомдарынан тұратын графит заты болып табылады. 2. Дәптерге қарындашпен ұзындығы 3 см болатын сызық сыз. Демек, 3 см ұзындықта 100 миллион атаом болса, енінде 1 миллион атом болады деген сөз. Енді сол сызылған сызықты бөлменің ұзындығы бойынша алсақ, біз жартылай дөңгелектің ішіндегі орта тұсында орналасқан атом ядросының орнын басар едік. Бөлмені айнала қозғалған электрондар ортадағы ядродан белгілі қашықтықта орналасады. Электрондардың көптігі сонша, олар ядроны айналған уақытта өздерінің бірнеше қабаттарын қалыптастырады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 30. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 31. http://en.wikipedia.org/wiki/Graphite Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 32. Сөйтіп, қарындаштан бөлме, бөлмеден- дала, даладан- нүкте, нүктеден- кеңістік, кеңістіктен ары қарай шексіз қашықтықта атом электрондары бір ядроға бағына өздерінің қабаттарын қалыптастыра береді. Мысалға, ядро- бақтың ішіндегі алма болса, оны айналатын электрондар шамамен 1 км қашықтықта орналасады. Демек, атом ядросы мен оны айналатын электрондар арасындағы қашықтық- электрон бөлшектерінің көлемінен бірнеше есе көп деген сөз. Ядроны айналған электрондар өз қабаттарында саны жағынан біркелкі болмайды. Сол себепті әр қабатта өзіне тән нақты электрондар саны болады. Электрондар ядроны айналып қашықтаған сайын оладың қабаттары арта түседі. Мысалы, ядроға жақын қабатта 2 электрон айналып жүрсе, келісі қабатта- 8, үшінші қабатта -18 т.б электрондар айналып, өзінің қабаттарын кеңейте береді. Қабаттар шекарасындағы үйкеліс салдарынан бір немесе бірнеше атом электрондары жойылады, немесе келесі қабаттың бір бөлшегіне айналып кетеді. Атомның үйкелістен бөлшекке айналуын иондану дейді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 33. Аса қиын және таңғажайып болып табылатын атомның құрылысы жөніндегі ғылымның қарыштап дамуы радиоактивті заттардың пайда болуымен тығыз байланысты. Атом ядросының қатты үйкеліс немесе жарылыс әсерінен шашыранды сипат алуы радиоактивті құбылыстарды туғызды. Оны 1896 жылы уран атомының шашыранды сипат алуын зерттеген француз ғалымы А.Беккерел болды. Уранның радиоактивті атомы көзге көрінбейтін сәулелер шашады. Ол арнайы есептеуіш құралдар арқылы қабылдап алынады. Бүгінде ғалымдар арнайы қондырғы - атом реакторларын салды. Олардың ішіндегі уран атомы өз бойынан бірнеше есе көп орасан энергия бөліп шығаратыны ескеріліп, нәтижесінде атомдық электр станциялары салынды. Айталық, уранның бірнеше грамы ондаған тонна көмірдің қызуымен бірдей. Сол себепті уранның бірнеше түйірі зәулім бір сарайды қыс бойы жылытып шығуға жетеді. Қазақстанда атомдық электр станциясы Ақтау қаласында салынды. Бірақ адамзат перзенті атом энергиясы саласындағы ғылыми жетістіктерді халық игілігіне емес, басқа мақсаттарға пайдаланды. 1945 жылы Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қаласына АҚШ-тың тастаған атомдық бомбасының қасіретін адамдар күні бүгінге дейін тартып келеді. Бомбаның әсерінен қаладағы үйлер құлап, өртке оранды. Ал, жарылыс әсерінен пайда болған радиоактивті заттардың таралуы тірі организмдер мен адамдар өміріне үлкен қауіп төндіріп зор қасіреттерге ұшыратты. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 34. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 35. 1. Ғалымдарға бүгінде атомның қанша түрлері белгілі? 2. Химиялық элементтердің атаулары туралы бұрын-соңды естіп білдің бе? Ғалымдар бүгінде атомның құрылысын одан ары зерттеу барысында сутегі атомының оттегі атомынан бөлек екенін, ал көмірқышқыл атомының алюминий атомына ұқсас екенін анықтады. Бұдан біз- табиғатта атомның бірнеше түрі: сутегі атомы, көмірқышқыл атомы, уран атомы т.б түрлері бар деп қорытынды жасаймыз. Бүгінде атомның 109 түрі бар екені белгілі болып отыр. Атомның әр түрі өзінің құрамы мен құрылысы ерекшеліктеріне байланысты химиялық элемент деген атауға ие. Әр атомның түрі, немесе химиялық элементтің атаулары бар. Мысалға сутегі, оттегі, темір, мыс т.б айтуға болады. Әрбір химиялық элементтің дүниесіне терең зер салсақ ол жөнінде көптеген мағлұматтарға кез боламыз. Сен ол туралы естіп-білдің бе? Мәселен «фосфор» атауы гректің «fos-жарық» және «fero-жеткізу» деген сөзінен алынған. Демек, фосфор ұғымы жарықты жеткізуші күш деген сөз. Қазақстан жері химиялық элементтерге бай. Онда уран, фосфор, алюминий, мыс және темір өндіретін ірі кәсіпорындар бар. Кейбір химиялық элементтер атауы ашылған елдің құрметіне берілген. Қазан университетінің профессоры Карл Клаус 1844 жылы ашқан рутений элементі (Ресейдің латынша атауы) орыс елінің құрметіне берілген. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 36. Тапсырма. Химиялық элементтердің ашылу жөнінде тарихи мағлұматтар білгің келе ме? Онда кітапханадан В.Ричтің «Химиялық элементтерге саяхат», Н.А.Фигуровскийдің «Элементтердің атауы мен шығу тегі туралы», Н.Нұрахметовтың «Химия оқулығы» атты басқа ғалымдардың еңбектерімен таныс Химиялық элементтер жеке атауларын иеденіп қана қоймай, химиялық белгі деп аталатын қысқартылған әріпін иеленеді. Әр белгі бір атом деп саналады. Бүгінгі әлем ғалымдарына ортақ химиялық белгілерді щвед ғалымы (1779-1848) ғылыми айналымға енгізді. Ол химиялық белгіні барлық атом дүниесінің қыры мен сырын ұғынуға жол ашатын әліпбиі болуы керек деп тұжырым жасаған. Берцелиус латын әліпбиінің бас әріптерін химиялық белгінің орнына пайдаланудың тиімді жолын ұсынған. Мысалы, көмірқышқылы латынша «Carbonium» деп оқылғандықтан оны- С әріпімен, ал кальций «Calcium» деп оқылғандықтан оны- Са белгілерімен көрсетуді жөн санаған. Ғалымның ұсынысын бүкіл әлем ғалымдары мойындап, нәтижесінде ол бүкіл шартарапқа таралды. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 37. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 38. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 39. Білгенге маржан! Химиялық элементтердің атаулары Күн системасындағы планеталар есімдерімен байланысты. Мысалы, селен (грек тілінде «Selenа-Ай») және теллурий (Telluris-Жер) және уран, нептун, плутонии сияқты атаулар бар. Кейбір атаулар көнегрек мифологиясына байланысты бір химиялық элементке Тантал аты қойылған. Зевстың сүйікті ұлы Тантал құдайлар алдында жасаған қылмысы үшін аяусыз жазаланған. Оны құдайлар басынан күнді шағырайтып, алдына дәмді тамақ пен жемістің иісін бұрқыратып, өзін тамағына дейін судың ішіне байлап қойған. Ол су ішейін десе, су аузына жетпей бұрылған, ал жеміс жейін десе, оның бұтақтары майысып кеткен деседі аңыз. Танталды ғалымдар көпке дейін кен орындарында басқа элементтерден қоспасын айыра алмай әбігерге түскен. Бірақ, көп кешікпей химик-ғалымдар өздерінің мақсаттарына жетіп, көпшіліктің алғысына бөленді. Сол себепті кейбір химиялық элементтерге ұлы ғалымдардың есімдері берілген. Оған кюрий (Пьер и Мария Кюри), эйнштейний (Альберт Эйнштейн) және менделеевий (Дмитрий Менделеев) атауларын айтып кетуге болады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 40. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 41. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 42. 1. Заттар неге химиялық элементтерге қарағанда анағұрлым үлкен болып келеді? 2. Химиялық формулалар арқылы нені білуге болады? Бізді қоршаған заттардың сан алуан түрлі бейнесі бар. Ғалымдардың пайымдауынша олардың саны 7 миллионнан астам болса, бүгінгі таңда заттардың жаңа түрлері пайда болуда. Олардың осындай алуан түрлі сипат алуының себебі неде болуы мүмкін? Өйткені, химиялық элементтер табиғатта жеке атом ретінде өте сирек кездеседі. Жеке атом немесе химиялық элементтері әртүрлі атомдар бір-біріне қосылып, бұрынғыдан бетер үлкен бөлінбейтін бөлшекке айналып –нәтижесінде молекула түзеді. Молекулалардың құрылысы туралы білгің келе ме? Олардың құрылысын білу үшін сенің алдымен әр атомның молекулаларды қалыптастыру барысындағы алатын орны жөнінде біліммен қарулануыңды қажет етеді. Табиғаттағы көзге көрінбейтін атом бөлшектерін модель деп айтады. Сондықтан атом моделі кішкентай шар болса, молекула моделі -әр түрлі конструкциядағы және атом- шарлар түрлерінің жиынтығы болып табылады. Төмендегі суретте су молекуласының жалпы көрінісі кесте түрінде бейнеленген. Онда су молекуласы 3 атомнан: сутегінің екі атомы (Н), оттегі атомы (О). Енді химиялық белгілер арқылы бізд су молекуласы атомының құрамын былай деп жазамыз: Н2О. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 43. Біз химиялық белгілерді пайдалана отырып басқа заттардың химиялық формуласын есептеп шығаруымызға болады. Яғни, химиялық формула - заттардың молекулалық құрылысын айқындайды. Молекуладағы атомдардың сандық көрсеткіші химиялық белгінің жанында арнайы индекс көрсеткіші бойынша сипатталады. Молекуладағы атомның сандық көрсеткіштері бір, екі және мыңдаған атомдар ретінде сипатталуы мүмкін. Мысалы, қант молекуласын төмендегі формула бойынша жазуға болады: С12Н22О11. Сонымен, қант молекуласында қанша атом бар екен? Атомның қай химиялық элементтері қант молекуласының құрылуына себеп болды? Ондағы көмірқышқыл атомының, судегі мен оттегі атомдарының үлесі қанша? Енді осы ойымызды одан ары дамыту барысында төмендегі эксперимент жұмыстарын жүргізейік. 1. Өз біліміңді қорытындылау мақсатында атом мен молекула моделін жасауға ниеттен. 2. Қолыңа пластилин алып одан үш түсті атом (оттегі, сутегі. көмірқышқылы) шарын илеп шығар. Енді оларды көмірқышқылы газы (СО2), су (Н2О), оттегі (О2), метан (СН2) және сутегі (Н2) молекулалары бейнеленген пластилин шарлармен қос. Көптеген заттардың ішінде молекула құрамдары бола бермейді. Сол себепті кейбір заттар беймолекулярлық құрылымда кездеседі. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 44. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 45. Білгенге маржан! Қара түсті жұмсақ графитті біз қарындаш орнына пайдаланамыз. Ал, түссіз, болаттай берік шыныны оңай кесетін алмастың жөні бөлек. Бір қызығы екеуінің жаратылысы бір. Олар көмірқышқылы атомынан тұрады. Біреуі қатты болса, екіншісі- жұмсақ. Графиттен отқа төзімді (шамамен +2000 С мен +3000 С) арнайы материал дайындайды. Алмастың төзімділік шегі +700 С. Графиттің электр қуатын өткізгіштік қасиеті болса, алмаста ол жоқ. Екі элементтің атомдары бір, бірақ құрылысы әр түрлі болып келуінің себебі неде? Өйткені, бұл заттар кристаллданған құрылымдардан тұрады. Төмендегі суреттегі графиттің тор тәрізді көрінісінде әр атомның жанында 3 элементі болса, алмас атомының жанында 4 элемент қосылған торын байқаймыз. Бұдан біз кристаллдар құрамының заттың ішіндегі атомдардың орналасуы ретінің бір-бірімен твғыз байланысты екеніне көз жеткіземіз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 46. 1. Заттардың қандай белгілеріне байланысты қарапайым және күрделі деп бөледі? 2. «Химиялық элемент» пен «қарапайым зат» ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай? Бізге әр түрлі заттардың молекулалары атомдардан тұратыны белгілі болды. Молекулалардың моделі жөніндегі жинақтаған білімімізді пысықтау мақсатында төмендегі тапсырмаларды орында: 1. Сутегі, оттегі, көмірқышқыл газы, метан және судың молекулярлық моделіне терең назар аудар. Олардың ішіндегі көмірқышқылы мен сутегі молекулаларының ортақ белгісі бар ма? 2. Молекулаларды 2 топқа бөл. Көмірқышқыл газы, су және метанды неге бір топқа жатқыздық? Ал, оттегі мен сутегі молекулаларының екінші топқа біріккен себебі неде? 3. Аталған молекулалардың топтарға бөлінуі себептері мен белгілерін сипатта. Алған нәтижеңді күнделік дәптерің жаз. Мұғалімнің және достарыңның кеңестері арқылы төмендегі сөйлемдерге тиісті атауларды қойып оқы: Атомның бір ғана химиялық элементінен ....... мен....... молекулалары болып табылады. Ал, .... мен ..... және ....... молекулалары әр түрлі химиялық элементтерден тұрады. Сондықтан, оттегі мен сутегі молекулаларын .......... деп, көмірқышқыл газы, су және метан молекулаларын ............ деп анықтама береміз. Барлық заттар құрамындағы химиялық элементтердің көрсеткіштеріне байланысты қарапайым және күрделі заттар деп бөлінетініне тәжірибе арқылы көз жеткіздік. Демек, бұл атаулар табиғи ортадағы қай жерде болмасын, әрдайым бір-бірімен байланыста көрініс береді деген сөз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 47. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 48. Мысалы, мыс химиялық элементі бір ғана мыс атомы затынан құралғандықтан қарапайым заттар қатарына жатады. Сол сияқты, сутегі де, фосфор да жоғарыда аталған қасиеттерге ие. Бірақ, кейбір қарапайым заттар, атап айтқанда отегі атомында жағдай мүлде бөлек. Көмірқышқылы химиялық элементі атомынан екі қарапайым зат- оттегі (О2) және озон (О3) пайда болады. Оттегі мен озон молекулаларындағы атомның сандық көрсеткіштері әр түрлі. Дәл осындай құбылыс көмірқышқыл газы атомында байқалғанын өткен сабақта айтып өттік. Ондағы тор бейнесіндегі кристаллдық белгілер атомдардың орналасу ерекшеліктерін көрсетіп тұр. Сондықтан химиялық зат пен қарапайым заттың арасындағы өзгешелікті ажырату үшін төмендегі кестеге көз жүгіртейік. «Химиялық элемент» пен «қарапайым зат» ұғымдарының салыстырмалы көрсеткіштері Салыстыру көрсеткіштері. Ұғымдар. Химиялық элемент. Қарапайым заттар. Анықтама. Құрылысы. Бір-біріне ұқсас атомдар түрлері. Атомның бір ғана химиялық элементтен құраған заты. Белгілері Химиялық белгі. Химиялық формула. Тапсырма. Төмендегі сөйлемге тиісті атауды қойып, оның мағынасына мән беріңдер. (N2) атты ........ молекуласы 2 азот ......... тұрады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 49. Білгенге маржан! Химиялық элементтердің ашылу тарихы қай қоғамда болмасын, көп жағдайда оқыс оқиғаларға толы. Олардың соңы бақытты сәттермен аяқталып жатады. Лондондағы Корольдік колледждің 18 жасар студенті Генри Перкин жазғы демалыс кезінде қаладағы химиялық лабораторияда жұмыс істеді. Ол бояудың бір түрі болып табылатын хинин элементінің сырын білмекші болды. Хинин-шын мәнісінде өте күрделі химиялық зат болды. Оның құрамы жөнінде Перкинде мағлұмат жеткіліксіз болды. Бір күні сәтсіз аяқталған химиялық эксперименттен кейін жас ғалым үстелдің бетін сүртіп жатқан қолындағы шүберектің алқызыл тамаша түске өзгеріп кеткеніне таң қалып, оның қалай пайда болғанына көз жеткізу үшін эксперимент жұмысын ары қарай жалғастыра береді. Ол кездері матаны әр түрлі түске бояу үшін адамдар арнайы бояуды өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан үлкен қиындықпен алатын. Мәселен, салмағы 1 грамм болатын көне пурпур бояуын дайындау үшін 150 мыңнан астам бағалы терісі бар хайуанның терісін дайындау керек болды. Мұндай әдемі түсі бар киімді киюді көп адамдар армандағанымен, оның қиындығы мен қымбаттылығы қатты ойландырған еді. Сондай бояуды жасауда миллиондаған гектар жерлерге көптеген өсімдіктер (марена, индиго т.б) плантациялары жыртылып, егілген еді. Ал, Г.Перкин болса оның арзан бағалы матаның көмегі арқылы шағын бөлменің ішінде жүзеге асырды. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 50. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 51. http://en.wikipedia.org/wiki/William_Henry_Perkin Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 52. 1. Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан қандай айырмашылығы бар? 2. Органикалық заттардың қандай кластары саған белгілі? Өткен сабақтардан біздер қарапайым заттарға жататын алмас пен графит жөнінде біраз мағлұмат алдық. Олардың қай химиялық элеметтің атомы екенін анықта. Құрамында көміртегі элементі бар миллиондаған күрделі заттар бар. Сол себепті оларды органикалық заттар деп атайды. Олардың көпшілігі барлық организмдердің қалыпты өмір сүрулеріне маңызды рөл атқарады. Органикалық заттардың кластарына: майлар, белоктар және қышқылдар жатады. Органикалық заттардың аса маңызды класына- белоктар жатады. Белоктар тірі организм құрылысының негізі. Олар өмір сүруге аса қажетті жерлерде әрекет жасайды. Белоктың реттеуші қызметі арқылы тірі организмдер қозғалады. Қан құрамындағы белокты- гемоглобин дейді. Ол арқылы оттегі бүкіл организмге таралады. Келесі класқа- қышқылдар жатады. Олар тірі организмдердің энергия көзімен қоректенуіне, қуат алуына ұйытқы болады. Олардың көбі бізге таныс. Мысал ретінде, оған жеміс-жидектер құамындағы глюкозаны алуға болады. Оны қант-кәмпит, мармелад, қатты кәмпит (карамель) және басқа тағамдар дайындауда пайдалынады. Глюкоза- адам бойындағы қан құрамына кіреді. Тапсырма. Қышқылдар класының бір түрі болып табылатын қант қышқылы қызметі мен ерекшелігі туралы мағлұмат бер. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 53. Сонымен бірге қышқылдар қатарына крахмал жатады. Ол тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылады. Тағам бетіндегі көк және күлгін түсті түстердің араласуы крахмалға байланысты. Суға иодтың сұйығынан 10 тамшыға жуық тамыз. Петри табақшасының ішіне төмендегі тағамдарды орналастыр: а) қайнатылған картоп, б) шикі картоп, в) ақ түсті нан, г) қант кесегі, д) ас тұзы ; Арнайы құралмен (пипетка) жоғарыда дайындаған сұйықтың ішінен тағамдардың бәріне бір тамшыдан тамыз. Тағамдардың түстері өзгерді ме? Аталған тағамдардың құрамында крахмал бар ма? Келесі органикалық заттардың класына - майларды жатқызамыз. Майлар тірі организмдер өмірі үшін аса қажетті белоктар мен қышқылдар сияқты маңызды орын алады. Олар организмдердің құрылыс материалдары іспеттес қосымша энергия көзі болып табылады. Тірі организм денесіндегі май қабаттары адамдар мен жан- жануарлардың ішкі органдарын сыртқы күштерден, ыстық пен суықтан сақтайды. Сонымен біздер органикалық заттардың көптеген түрлерінің бірқатар кластарымен таныс болдық. Ал, құрамында көміртегі жоқ заттарды қай топқа жатқызуға болады? Рас, оларды бейорганикалық немесе минералды заттар деп атайды. Олар органикалық заттарға қарағанда құрамы мен құрылысы жағынан қарапайым болып келеді. Оның бір ғана ерекшелігі құрамында көміртегінің болмауы. Қалай десек те, органикалық және бейорганикалық заттардың арасында нақты шекара жоқ екендігі белгілі. Мысалы көмірқышқыл газы (СО2) мен известняктың (СаСО3) құрамында көміртегі элементі болғанымен, біз оларды бейорганикалық заттарға жатқызамыз. Бейорганикалық заттарға Жер бетіне ең көп таралған суды, сондай-ақ темір, ас тұзы т.б жатқызамыз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 54. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 55. http://en.wikipedia.org/wiki/Organic_chemistry Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 56. 1. Қант қышқылы құрамына атомның қандай түрлері кіреді? 2. Заттардың әр алуан дүниесін қалай түсіндіруге болады? 3. Оттегінің бөлінбейтін ұсақ бөлшектері: а) химиялық элемент; б) қарапайым заттар 4. Төмендегі суреттерге назар аударып, соңында қарапайым заттар мен күрделі заттардың ерекшеліктерін түсіндір 5. Төмендегі сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына «молекула» және «атом» атауларын қойып жазыңдар А – Ауа оттегі ....... құрамына кіретін қоспа. Б – Су қабатында оттегі ерігенде ...... оттегісі су ..... арасына таралады. В – Су .......... сутегі мен оттегі ........ құрамдарынан тұрады. Г – Иод сұйығының исі иод ...... булану үрдісі кезінде ауа таралуымен ерекшеленеді 6. Төмендегі кестені толтыр: Заттар. Құрамы. Мысалдар. Қарапайым заттар Химиялық элементтері әр түрлі атомдардан құрады 7. Химиялық символ (белгі) мен химиялық формула нені білдіреді? 8. Қандай органикалық заттарды білесің? Олардың бейорганикалық заттардан айырмашылығы қандай? 9. Озон молекуласының сандық көрсеткіші үш оттегі атомынан тұрғаны белгілі болса, онда озонның химиялық формуласы қандай? Нәтижені есептеп жаз. 10. Молекулярлық қарапайым заттардың моделі көрсетілген суретке қарап отырып, олардың химиялық формуласын жаз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 57. 11. Төменде түрлі заттардың мынадай формулалары берілген:О2, H2O, SO2, H2, N2, Мына О2, H2O, SO2, H2, N2,CH4, AI, Si, CO2, Cu, H2S. Аталған заттардың молекулалары қандай атомнан тұралы? Олардың ішіндегі қарапайым және күрделі заттарды ата. 12. Тағам содасының күрделі затқа жататынын мұғалімнің көмегі арқылы эксперимент жұмыстарын жүргізіп, іс жүзінде дәлелде. 1. Тағам содасын ыдысқа салып отқа қой. Сода түйіршіктері қозғалып, ары-бері шашыраған көрінісіне мән бердің бе? 2. Соданың бетін салқын темір пластинамен жап. Темір пластинаның бетіндегі көрініске назар аудар. Ол көрініс ненің белгісі екенін түсіндіріп бер. 3. Тағам содасы мен темір пластинаға жабысқан сода түйіршіктері сырттай қарағанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса, экспериментті одан ары жалғастыр. 4. Енді екі шыны ыдыс алып біріне- тағам содасын, екіншісіні темір пластинаға жабысқан түйіршіктерді салып судың көмегімен еріт. 5. Екі ыдысқа фенолфталеин атты дәрінің жартысын таста. Бірінші ыдыста қандай көрініс байқалды? Екінші ыдыстағы түйіршіктер бастапқы қалынан өзерді ме? Осы тәжірибеден кейін тағам содасын күрделі заттар қатарына жатқызуға бола ма? Дәлел келтір. 13. Чайнвордтың шешуін тап 1. Молекула құрамына кіретін бөлшек. 2. Тіршілік организмдерінің тыныс алуына қажетті зат. 3. Табиғатта кең таралған сұйық заттың қатты күйіндегі көрінісі. 4. Дененің пайда болуына әсер ететін дүние. 5. Көнегрек ойшылы, «Табиғаттағы заттар дүниесі» поэмасын жазған ақын. 6. Органикалық заттар құрамына жататын химиялық элемент.7. Орыс ғалымы, тұңғыш академик 8. Заттардың құрылымдық ерекшеліктері. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 58. ҮІІІ. КЛЕТКАЛАР Тіршілік дүниесінің элементарлық бөлшектері Клеткалардың құрылысы Көпклеталы организмдер «Клеткалар» тақырыбын зерделеу Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 59. Тіршілік дүниесінің элементарлық бөлшектері 1. Клеткалар туралы жаңалық қалай ашылды? 2. Оларды не үшін өмір сүру заңдылығының элементарлық бөлшегі деп атайды? Жер бетіндегі барлық тіршілік дүниесі - бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар мен адамдар клеткалардан тұрады. Осы құпия бір дүниенің қалай ғылыми жаңалық болып ашылғаны бүгінде көп адамдарды таң қалдырмаса да, өз дәуірінде ол керемет ғылыми жаңалық болды. Өз дәуірінің жасампаз тұлғасы ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703) клеткалар туралы ғылыми жаңалықты кездейсоқ жағдайда ашты. Ғалым кәдімгі бөтелке тығынын қолына алып, оны өткір пышақпен жұқа қылып теріні сыпырғандай кесе бастайды. Жұқалап кесілген әр қабықшаның айналасын дөңгелей біткен жұмыртқа тәрізді иректелген пішіндер оны қайран қалдырады. Ол жөнінде Р.Гук: «..қолымдағы жұмсақ тығынды мен пышақпен жайлап кесіп, одан жұқа қылып бір қабықшаны алдым да, оны қара түсті затқа жапсырдым. Сосын олардың бетіне әйнекті қойып жарық түсіргенде араның ұясына ұқсайтын кедір-бұдыр суреттерді көрдім. Ол бұдырлар немесе клеткалар өте ұсақ иірімдер сияқты өз орындарында дұрыс тұрмағанын байқадым..»,-деп сипаттады. Тіпті Роберт Гук те, оның замандастары да дәл сол күннен бастап жалпы тірі организмдер клеткаларын зерттеудің алғашқы қадамының жасалғанын білмеген де еді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 60. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 61. Р.Гук клетка ұғымын шағын үйшіктер, камералар немесе басқа организмдер паналайтын орын деп түсіндірді. Клеткадағы үйшіктер көзге көрінгенімен олардың басқа түрлері мен жалпы құрылымдарын елестету мүмкін емес деді ғалым. Сөйтіп, уақыт өте келе «клетка» сөзі ғылыми айналымға еніп, көзге көрінетін немесе көрінбейтін тірі организмдердің ұсақ үйшіктеріндегі қызметінің өмір бірлігі мен элементарлық негізі болды. Клеткалар өмір заңына тән барлық тірі организмдер қызметін атқаратын, олардың таралуы, дамуы мен өсуі, қызметін тоқтатуы және көбеюі сияқты маңызды тіршілік бірліктері ретінде қарастырылады. Олардың пішіні өте ұсақ. Мысалы, адам бойындағы бір тамшы қанның (1 мм3) ішінде 5 млн жуық қызыл шарлар қозғлып жүрсе, солардың әрқайсысы –бір клетка. Оның ұзындығы 7-8 микрон. Микрон бір милиметрдің мыңнан бір бөлігі. Бактериялардың да әрқайсысы бір клеткаға жатады. Бір тамшы суда 40 млн бактериялардың өмірі, шағын көлдегі балықтар сиқты. Клеткалардың өмірі саған қызық па? Оған көз жеткізу үшін төмендегі тәжірибе жұмыстарын жүргіз. 1. Жартылай қызара бастаған қызанақты, алманы және қауынды мұқият бақыла. Олардың жалпы өсуінің құрылысы қалай деп ойлайсың? 2. Енді олардың әрқайсысының кішкене бөлігін алып, лупаның көмегімен бақыла. Көрген-түйген нәтижелеріңді дәптерге жаз. 3. Жеміс клеткаларының түрлері мен формалары туралы жеке көзқарасыңды қалыптастыр. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 62. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 63. Білгенге маржан! Табиғат ортасындағы барлық тірі организм өкілдерінің әрқайсысында өздеріне тән ерекше заңдылық бар. Мейлі, ол кішкентай саңырауқұлақ болмаса қанатын жайған кезде қолтығына қаптаған балапандары сыйып кететін тауық болсын, өрмекші мен ұзындығы 30 метрлік кит болсын олардың бәрі Карл Бэрдың (ХІХ ғ) айтуынша өз өмірлерін иненің жасауындай ғана микроскопиялық клеткадан бастайды екен. Бұл клетка- ұрықтандырылған жұмыртқа тәрізді ұрық (зигота). Адамның, иттің, тауықтың т.б ұрықтары ересек жануарлардың жұмыртқа-клеткаларына ұқсамайды. Ол ұрықтанғанға дейін шар тәрізді формада болады. Ұрық клеткасына түскен сперматозоид жұмыртқаның өзгеруіне түткі болады. Алдымен жұмыртқа төтке бөлінеді. Уақыт өте ол 8-ге сосын 16 бөлікке бөлінеді. Бұл кезде жұмыртқа өзінің формасын жоғалтып, тірі организм денесінің кейпіне енеді. Енді организмдегі клеткалар дәл жоғарыда айтқандай бірнеше бөлікке бөліне бастайды. Олар жүзге, мыңға және уақыт өте келе миллионға бөлінеді. Осындай ғажайып көріністер әуел бастан бір-бірімен тығыз байланыста қалыптасып, дами береді. Енді тірі организмнің бойында көптеген үйшіктер қалыптасты. Бас кезінде бас пен аяқтың қайда екені белгісіз болады да, сәл уақыттан соң дененің негізгі үйшік- клеткалары біртіндеп өсе бастайды. Соңында дененің әр бөлігі бөлектеніп ұрық-клетка кәдімгі жануардың кейпіне келеді. Ол өмірге келгенде ең басындағы ұрық-клеткаға тіптен ұқсамайды. Тапсырма. Клеткалар өмірі туралы қосымша мағлұмат алу үшін микроскоп керек болады. Сондықтан ол туралы өткен тақырыпты қайталап оқы. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 64. http://en.wikipedia.org/wiki/Karl_Ernst_von_Baer Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 65. 1. Клеткалардың құрылысы қандай? 2. Клетканың ішінде қандай процестер жүріп жатады? Тақырып түсінікті болу үшін қолыңа микроскопты алып пиаздың сыртқы қабатын тексер. 1. Микроскопты жұмысқа жайында. 2. Шыны тақтайшаның бетін ұқыпты тазалап сүрт. 3. Суретке қарап пияз қабығын зерттеу жұмысына қалай пайдаланудың әдісімен таныс. 4. Шыны тақтайшаның бетіне екі тамшы суды тамыз. 5. Пияздың ішкі жағынан қысқышпен екі жағы көрінетін таза қабықтың бөлігін кесіп ал. 6. Оны шыны тақтайшаға орналастырып, бетін жап. 7. Енді оның үстіне еритін иодтың тамшысын тамыз. 8. Сусорғыш қағазбен тақтайшадағы артық ылғалды сорып ал. 9. Пиязды арнайы үстелдің бетіне қой. Оның бетінде клеткалар байқалды ма? Оның қай бөліктері ерекше көрініп тұр? 10. Дәптеріңе пияз қабықшасынан байқаған бірнеше клеткаларды айнытпай сал.. Бір ғана пияз қабықшасындағы клеткаларды анықтаған соң, біз олардың күрделі құрылысына назар аудардық. Демек клетка сыртқы қорғаныс қабатын иеленеді. Ол жалпы риаяздың ішкі дүниесін сырты күштерден сақтап, оның формасының өзгеріске ұшырамауына да үлкен көмегін тигізетіні хақ. Пияздың сыртқы қабаты арқылы су сіңіріліп, сонымен бірге еріген басқа заттардың пияздың ішкі қабатына өтуіне ұйтқы болады. Бұл үрдістен пияз қабаттарында жұқа пленка- клетка мембранасы қалыптасады. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 66. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 67. Мембрана - зиянды заттардың ішкі қабатқа өтуіне тосқауыл болады. Оның соншама нәзік және күшті пленкасы сабынның көпіршігіне ұқсайды Эксперимент жұмысын жүргізіп жатқанда клетканың ортасындағы алтын түсті қабатты байқадың ба? Жартылай сұйық болып келетін клетканың бұл мүшесін цитоплазма дейді. Оның ішінде клетканың барлық ішкі организмдері, атап айтқанда кішігірім дене- ядро да орналасқан. Клетка ішіндегі барлық организмдердің бір-біріне бағынып біртұтас микроәлемді қалыптастырғаны, жалпы клетканың қандай табиғи жағдайда болмасын (ауа райы, климат, т.б) өзінің қалыпты тіршілік дүниесін сақтап қалуға негіз болады. Былайша айтқанда, клетка ішінде цехы, транспорты, байланысы, қоймалары бар мини-зауыт деуге болады. Онда әрдайым кейбір заттардың жойылып, жаңа заттардың пайда болуы, жаңа клеткалардың қалыптасуы үрдісі жүріп жатады. Зауытпен салыстырғандағы бір ерекшелік клеткадағы бір күйден екінші күйге өтетін үрдіс өте қарқынды жүреді. Олар өмір бірліктерінің негізгі көрінісі- организмнің өсуі, дамуы және көбеюі сияқты маңызды дүниелердің қалыпты жағдайда сақталуын қамтамасыз етеді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 68. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 69. Білгенге маржан! Әр клетка құрамындағы мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі өз-өзін реттеуі болып табалады. Ол сабын көпіршігіне ұқсайды. Егер көпіршіктердің ішінен біреуін алып ортасынан бөлсек- ол екі көпіршікке айналып кетеді. Олар пішіні жағынан тым ұсақ болса да, бәрі бірге әрекет жасайды. Екі көпіршік соқтығысқанда үлкен бір көпіршік пайда болады. Мембрана аяқ астынан басқа күйге көшкенде, көпіршіктердің бөлінуі мен қосылу әрекеттері белсенді жүреді. Клетканың қызметі басқа организмдерге қарағанда мүлде ерекше. Егер біз инемен клетканың жоғарғы арқылы сұғатын болсақ, ине шыққаннан кейін ол жерлер тез арада қайта қалпына келеді. Микропышақ арқылы клетканы екіге бөлсек, кесілген әр клеткадағы мембрана қабаттары белсенді түрде қайта жинақталып, өз қызметтерін жалғастыра береді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 70. 1. Көпклеткалы организмдердің клеткалары неге әртүрлі құрылымды иеленеді? 2. Көпклеткалы организмдердің клеткалары қызметінің ерекшелігі қандай? Біздің, яғни адам организмінде шамамен он триллион (10 000 000 000 000) клеткалар бар. Расында, ойландыратын дүние!? Мұндай құбылыстың негізгі мазмұны - аса күрделі, құрылысы жағынан әр түрлі болып келетін көпклеткалы организмдердің біртұтас тіршілік ортасын қалыптастыруы болмақ. Көпклеткалы организмдегі клеткалардың құрылымы біркелкі емес. Олар өздері атқаратын қызметі мен құрылымына қарай бір-бірінен өзгеше болып біртұтас организмді құрайды. Жоғарыда айтылған тұжырымымызды дәлелдеу мақсатында мынадай эксперимент жүргізейік. 1. Мұғалім берген микропрепаратты микроскоп арқылы мұқият бақыла. 2. Ондағы клеткалардың құрылысы мен орналасу ретіне мән бер. Олардың құрылымы неге өзгеше? 3. Эксперименттен көрген-түйген дүниелеріңді салыстыра отырып дәптеріңе жаз, суретін сал. 4. Клеткалар құрылысы жөнінде жеке пікіріңді қалыптастыр. Енді өзің көз жеткізген клеткалардың құрылысын көз алдыңа елестетіп, өз ретінде олардың барлығын біртұтас организм жүйесі деп қабылдап, ой түйсек- көпклеткалы организмнің аса күрделі дүние екенін сеземіз. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 71. Адам организмі көпклеткалы. Адам денесінің кез келген нүктесі алдымен жұқа тері қабатынан басталады. Тері қабаты денені сыртқы күштерден қорғайды. Сыртқы қабаттан кейін келесі ішкі тері қабаты шығады. Ол денедегі бұлшық ет пен май қабаттарымен шектеседі. Денедегі бұлшық ет клеткалары адам организмін қозғалысқа түсіріп, асқазанның жұмыс істеуіне, тыныс жолдары мен кеуде клеткаларының белсенді әрекетке көшуіне себепші болады. Қан айналымы жүйесінде көптеген клеткалар іске қосылады. Олар екіге бөлініп бірі- қызыл түстісі өкпе тұсында оттегіден қуат алып, оның барлық организмге таралуын реттесе, екінші ақ түстісі - денені сыртқы ортадан келетін ауру қоздырушы бактериялардан қорғайды. Сүйек және буын клеткалары адам скелетінің қалыптасуына ұйытқы болады. Олар адам денесінің өз қажетінше қозғалуына жағдай жасап, бұлшық еттердің қимылдауына негіз болады. Сол себепті клетканың адам бойындағы қызметі қатаң тәртіп бойынша жүргізіледі. Организмдегі клеткалар тобы өзіне тән функцияларды атқарады. Осындай ерекше құбылыс-адамның көпклеткалы біртұтас әрекет жасау заңдылығын қалыптастырады. Табиғаттағы барлық тірі организмдерге тән ерекше құбылыс- ол әрбір тірі организм өкілінің кішкентай ғана ұрық клеткасынан жаратылған заңдылығы. Оны ұрық клеткасы дейді. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 72. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014
  • 73. Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014