SlideShare a Scribd company logo
1 of 9
Download to read offline
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
1
I Международные педагогические чтения
«Педагогические инновации как условие повышения качества образования»,
посвященные 25-летию Независимости Республики Казахстан, 20-летию школы-лицея
Туран, 15-летию колледжа университета Туран». Алматы, 27-29 октября 2016г.
Балғазиева Мақпал Тілеутаевна
Алматы мемлекеттік политехникалық колледж, Алматы, Қазақстан
ИННОВАЦИЯ – БҮГІН, НӘТИЖЕ - ЕРТЕН
Организаторы:
Университет Туран
НПП РК «Атамекен»
Cambridge English Language Assessment Part of the University of Cambridge
Ассоциация колледжей г.Алматы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
2
Аннотация
Мақалада болашақ мамандарды даярлау мақсатында, колледжде білім беру
процессінде инновациялық технологиялардың қажеттілігі негізделген. Білім беру
процессінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда,
өзімнің жұмыс тәжірибем көрсетілген. Көрсетілгендей, бұл ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалануда колледж студентерінің
танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырды. Оқыту үрдісін жаңаша
ұйымдастыру студентке өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның
шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына,
алған білімін тәжірибеде қолдануына себебін тигізді.
Кілттік сөздер: инновация, инновациялық технология, ақпараттық-
коммуникациялық технология, дипломдық жоба.
Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны
осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу,
бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»
дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті
дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты
тәрбиелейміз.Талаптарға сай болу үшін әрбір ұстаз жаңа педагогикалық ойлау
қабілетімен, рефлексиялық мәдениеттің негіздерін меңгергендігімен, өзінің
педагогикалық қызметінде жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ой-өрісімен,
шығармашылық қуаттылығымен ерекшеленуі тиіс.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт
өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге
асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы
ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын
іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын
арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен
парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін
бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен
қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологиялар бар. Соның ішінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланамын.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының
жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
3
сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану
қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-
өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі –
жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке
тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және
ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты
қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық
технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану студенттің өз мамандығына
қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын
шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге
қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
2007 жылдан бастап есту қабілеті нашар еститін балаларға инновациялық
технологиялар және оқыту әдістерді қолдана отырып, «Технология разработки
программного обеспечения» пәні бойынша, «Операционные системы и
программное обеспечение» пәні бойынша сабақтар өткіздім. Осы технологияны
пайдалана отырып аудио-видео құралдарын, компьютер, интерактивті тақта,
интернет, компьютер – мультимедaялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешен, инновациялық сайт технологияларды пайдаланып сабақтар
жүргізіп келемін.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу
орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу
екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан, ғылыми- техникалық прогрестен қалыспай,
жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі
пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша,
оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Колледж оқытушылары үшін ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың пайдаланудың тиімділігі:
 оқушының өз бетімен жұмысына;
 уақытын үнемдеуге;
 білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
 шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды
түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
 қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
 қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
 экономикалық тиімділігі;
 іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
(би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с);
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
4
 қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
 оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Менің педагогикалық мақсатым: арнайы пәндерді оқытуда оқушылардың
өзіндік танымдық белсенділігін арттыратын білім беру әдістері мен түрлерін
іздестіру және қолдану.
Жоғарыда аталған мақсатты іске асыру барысындағы менің алға қойған
міндеттерім:
1. электронды колледж (e-learning) талабы бойынша ақпаратты-инновациялық
технологияларды жетілдіру;
2. Халықаралық сапа менеджмент жүйесінің талабына сай білікті маман
даярлау;
3. арнайы пәндерді оқыту бойынша жаңа оқу жоспарлары мен білім
бағдарламаларын құрастыруға атсалысу;
4. ақпараттық-коммуникациялық жаңа инновациялық педагогикалық
технологияларды меңгеруде өзімнің әдістемелік деңгейімді жетілдіру;
5. нәтижеге жету үшін білім алушылар бойында жеке тұлғалық ой-өрістерін
дамыту, ізденімпаздық, ғылыми-шығармашылық деңгейлерін арттыру;
6. өзімнің және педагог әріптестерімнің педагогикалық қызметтік деңгейін
көтеруге үлес қосу;
7. тәлімгер ұстаз ретінде педагогикалық тәжірибемді колледж, қала және
Республика деңгейінде ортаға салу.
Педагогикалық қызметтегі жетістіктерім келесі көрсеткіштер бойынша
бағаланады:
Педагогика саласында 10 жыл, соның ішінде Алматы мемлекеттік
политехникалық колледжінде 10 жылдан бері еңбек етудемін. Білімім жоғары,
санатым бірінші.
Педагогикалық мақсатымның міндеттерін іске асырудағы қызметтік
жетістіктерім:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Алматы мемлекеттік
политехникалық колледжде «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы
бойынша 350 ден астам қала тұрғындарын, бюджеттік ұжымдардың
қызметкерлерін, оқытушыларды компьютерлік сауаттылыққа оқыттым.
Алматы қаласының Білім басқармасы №3 бұйрығына сәйкес Алматы
мемлекеттік политехникалық колледжде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша
«ЭЕМ операторы» біліктілігіне мамандар дайындаудың қысқа мерзімді курсында
300 тыңдаушыларға дәріс бердім.
Алматы қалалық Білім басқармасының №147-бұйрығы және «Жұмыспен
қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталығының
жолдамасымен келген тыңдармандар үшін колледжде «ЭЕМ операторы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
5
мамандығы бойынша курс ашылды. Осы бағдарламаның аясында 150 адамға дәріс
бердім.
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжімізде «Создание
профессиональных блок-схем» тақырыбында өткізілген мастер-класқа арнайы
пәндерден сабақ беретін оқытушыларға өткіздім.
Колледж оқытушылары арасында «Интерактивті оқыту әдісінің
мүмкіндіктерін сабақта пайдалану» тақырыбында өткізілген мастер-класқа әр
циклдік пәндік комиссия мүшелерінен 28 тыңдаушылар қатысты.
«Prezi.com сервисімен онлайн презентация құру» тақырыбында өткізілген
мастер-класқа арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушыларға өткіздім.
Колледжімізде жыл сайын өткізілетін қысқы педагогикалық оқуда «Кәсіптік
білім беруде жалпы пәндерді оқытудағы ғылыми-шығармашылық бағыттар»
тақырыбында баяндама оқыдым.
«Профессиональная компетентность специальности ВТ и ПО» тақырыбында
колледждер арасында қалалық семинар өткіздім.
«Үйдегі компьютерді алыстан басқару – қажетті интерактивті құрал»
тақырыбында өткізілген мастер-класқа арнайы пәндерден сабақ беретін
оқытушыларға өткіздім.
Алматы мемлекеттік политехникалық колледж базасында
«Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі»
қалалық педагогикалық курсқа қатыстым.
Мастер-класс қорытындысы бойынша қатысушылар өз пәндерінен
тәжірибелік жұмыстар орындады және бағдарламаның терең мүмкіндіктерін
үйренуге ат салысты.
2016 жылы колледжде озық педагогикалық іс-тәжірибем таратылды.
Педагогикалық кеңесте менің озық педагогикалық іс-тәжірибемді жас
мамандар арасында және қалалық деңгейде басқа техникалық және кәсіптік оқу
мекемелерінде тарату шешімі қабылданды.
Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін студенттердің қызығушылығы мен
шығармашылық белсенділігін арттыру қажет.
Сапалы білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана
отырып студенттерді шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету - олардың кәсіби
мәдениеттерін көтеріп, оқу, ғылыми, тәрбие үдерістерінің тұтастығын қамтып,
техникалық және кәсіби оқу орындарындағы мамандардың кәсіби-техникалық
деңгейлерін өсірді.
Менің алдыма қойған мақсатымның өзі де шығармашыл студенттердің
ізденімпаздық, ғылыми-шығармашылық деңгейлерін арттыру болғандықтан, осы
бағытта атқарылған көптеген оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың
нәтижесінде 1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық
қамтамасыздандыру» мамандығының 1304043 «техник-бағдарламашы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
6
біліктілігінің П4А тобының студенті Сейтжан Ж. 2015 жылғы 18 ақпанда Алматы
мемелекеттік политехникалық колледжінде «Web дизайн» бойынша World Skills
International кәсіби шеберлікке арналған қалалық чемпионаты өтті. Осы байқауға
шығармашыл студенттерім қатысып, жаңашыл іс-әрекеттерді жақсы меңгерген,
ізденімпаз тұлға екендіктерін көрсетті және 1-ші орынды иеленді.
Байқау Қазақстан енген World Skills International халықаралық қозғалыс
аясында өткізілді. Байқаудың мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу,
олардың мәртебесін көтеру және бүкіл әлем бойынша біліктіліктерін және кәсіби
дайындау стандартын жетілдіру болып табылды. Байқау нәтижесі www.politeh.kz
мекен-жайы бойынша сайтта жарияланды.
Студентің зерттеу жұмысына Дипломдық жобалауды даярлау студенттің
өзіндік жұмысы ретінде қарастырылды. Дипломдық жобалау кезінде студенттің өзі
колледжде алған білімдерін пайдалана отырып, белгілі бір өндірістік мәселелерді
шешуде инженерлік білімдерін де байыта түсірді. Сонымен қатар, дипломдық
жобалау кезінде студенттің қажетті ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын әрі
қарай дамыта түсірді, жобалау кезінде болатын мәселені ойдағыдай жетісті шешу
үшін қажетті мәліметтерді сауатты түрде алуға үйретеді. Дипломдық жобаны жасау
кезінде жалпы инженерлік, арнайы, экономикалық, жалпы білімдік пәндер
жиынтығы толымды түрде пайдаланылды, яғни белгілі бір өндірістік мәселенің
жан- жақтылығын білдіреді де, оқу кезінде алған білімдерін әртүрлі инженерлік
бағытта толықтыра түсірді. Диплом жазу кезеңі студент жұмысының өзіндік,
шығармашылық кезеңі болады. Студенттің болашағына, оның кәсіптік дағдысы
мен шығармашылық мүмкіншілігіне оқытушының әсер етуі үлкен рөл атқарды.
Осы маңызды әрі қиын мәселелерді шешу оқытушыға көп байланысты. Студенттің
жұмысын дұрыс бағыттап, әрбір студенттің жеке дарындылығын толығымен ашып,
жоба жұмысымен қызықтыру қажет және мамандығына сүйіспеншілікті таныту
керек. Жетекшінің мына жұмыстарды атқаруы тиіс:
1) дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға тапсырма береді;
2) дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудың (дипломдық жобалаудың)
барлық кезеңіндегі жұмыстың күнтізбелік графигін жасауда студентке көмек
тигізеді;
3) студентке қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және архивтік
материалдарды, типтік жобаларды, тақырып бойынша, т. б. материалдарды
ұсынады;
4) кеңес беру кестесін белгілейді, оны өткізу кезінде дипломдық жобаны
(жұмысты) жасаудың күнтізбелік графигін қадағалаудың ағымды бақылауын жасап
отырады;
5) дипломдық жобаны (жұмыстың) барлық тарауларының көлемін белгілейді
де, диплом қорғаушы мен кеңес берушілердің жұмыстарын үйлестіреді;
Әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде 1304000 «Есептеуіш техника және
бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 1304043 «техник-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
7
бағдарламашы» біліктілігінің П4Е тобының студенті Альмуханбетов С.
«Разработка автоматизированного рабочего места куратора группы по работе с
электронным журналом «EJ» атты тақырыбында дипломдық жоба құрды. Осы
ретте Қазақстанда енген «Zhastar Innovation» көрмесіне шақырылды. Көрменің
мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру және
бүкіл әлем бойынша біліктіліктерін және кәсіби дайындау стандартын жетілдіру
болып табылды.
Қоғамдық Мейірімділік қорының нұсқауымен, Алматы қаласында 2005
жылдың 29-наурыз айында мүмкіндігі шектеулі, есту қабілеті нашар еститін
балаларға арналғаг, Азиялық Білім орталығы құрылды.
Азиялық Білім Орталығының қолдауымен, 2007 жылы Алматы мемлекеттік
политехникалық колледжде, есту қабілеті нашар еститін балаларға арналған
«техник-бағдарламашы» бойынша бөлім ашылды.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін толық
пайдаланып, өмірге қажеттіктерін пайдалануға жол ашу мен қатар шығармашылық
еркіндігі мен белсенділігімді қалыптастырдым, студенттердің жаңа мүмкіндігін
аштым, студенттердің белсенділіктерін арттырдым.
Осы ретте Абдиева Салтанат - Web-сайт «Фотогалерея», Байжакова Макпал -
Информационный сайт «Актёры», Вахобов Вахоб Разработка web-сайта для
компании ООО «Асил», Нурмухамбетов Айбар Разработка web-сайта для
ресторана «Мухтар» ИП Косаев бітіруші түлектерге жетекші болдым.
Алматы қаласында орналасқан Технопарк «Алатау» мекемесінде дипломдық
жобаларын қорғап, үздік жоба деп танылды.
Сонымен, өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын
дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде
және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық
қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік берді.
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып,
шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырды. Өз
сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі
идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп
талдауда да маңызы зор болды. Бұл студент және оқытушы жаңа ақпараттарды
жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді.
Әр оқытушы сабақ өткізген кезде студентке сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті
тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері
анық деп білемін.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу
студенттің сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз
бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап
беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік берді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
8
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді:
оқытушы үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы
жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-
тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру
жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және
оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты
қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Өз тәжірибемде ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздеймін.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын
арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта
көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен
қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру
негізгі міндеттердің біріне айналды.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік
негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай
оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттің өз бетімен ізденісі, пәнге деген
қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы
жағдай туғызып отыр. Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында
көрсеткен нәтиже: студенттің оқуға қызығушылығын артады, іскерлік дағдысы,
ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра
біледі, ойын жүйелі түрде жеткізуді үйренеді. Инновация білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады. Студенттің жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей
отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық
қабілетін дамытуда әр түрлі бизнес-ойын түрлерін, топтастыру, сәйкестендіру,
толықтыру стратегияларын, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығуларын,
электронды оқулықтарды кеңінен қолданып келемін.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін,
ізденімпаздығын қалыптастырды. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру студентке
өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының
өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізді. Мұндай жаңа
технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі
талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын
көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылды.
Оқушыға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру
оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар сабақ
барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»
Алматы қаласының білім басқармасы
9
үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға,
бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік
береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі,
оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең
маңызды бөлігі.
Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы ертеңгі
келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы,
қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа
оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін
жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз
Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті
жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін оқытушы өзі оқытатын
пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта
әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді.
Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған оқытушының іс-
әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ильенкова С.Д., Шумпетер Й. Инновации в образовании: Учебник. М.: Юнити,
2008;
2. Сумнительный К. Е. Инновации в образовании: вымысел и реальность. –
Москва, 2007;
3. Хуторской А.В. Педагогическая инноватика: методология, теория, практика:
Научное издание, – М.: Изд. УНЦ ДО, 2005;
4. Штинова Г. Н. Инновации в образовании: от теории к технологиям:
монография. – Н. Новгород, 2007;
5. Интернет ресурстары.

More Related Content

Similar to инновация бүгін, нәтиже - ертен мақала готово

Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалануБілім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалануАйбек Қуандықұлы
 
Portfolioakademkaz
PortfolioakademkazPortfolioakademkaz
Portfolioakademkazaralagaww
 
1010аввав
1010аввав1010аввав
1010аввавnurlan93kz
 
Газета
ГазетаГазета
Газетаmanzyr
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуіSaule Abdykanova
 
материалы конференции 2012 12-12
материалы конференции 2012 12-12материалы конференции 2012 12-12
материалы конференции 2012 12-12ds936
 
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...infoncepakz
 
даулетова д.о.
даулетова д.о.даулетова д.о.
даулетова д.о.KBerik
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016bekzhan90
 
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
Мұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебіМұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебі
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебіakkemir
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копияAsem Sarsembayeva
 
Ақпараттық дайджест №8
Ақпараттық дайджест №8Ақпараттық дайджест №8
Ақпараттық дайджест №8KASIPKOR
 
джонисова на конкурс
джонисова на конкурсджонисова на конкурс
джонисова на конкурсAsem Sarsembayeva
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...Сания Боранбаева
 

Similar to инновация бүгін, нәтиже - ертен мақала готово (20)

Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалануБілім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
 
Portfolioakademkaz
PortfolioakademkazPortfolioakademkaz
Portfolioakademkaz
 
1010аввав
1010аввав1010аввав
1010аввав
 
16.09.20
16.09.2016.09.20
16.09.20
 
Газета
ГазетаГазета
Газета
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
 
материалы конференции 2012 12-12
материалы конференции 2012 12-12материалы конференции 2012 12-12
материалы конференции 2012 12-12
 
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и разв...
 
7523ty
7523ty7523ty
7523ty
 
Аменов А.Ш
Аменов А.ШАменов А.Ш
Аменов А.Ш
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
даулетова д.о.
даулетова д.о.даулетова д.о.
даулетова д.о.
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016
 
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
Мұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебіМұғалжар  ауданы «Ақкемер»  тірек  мектебі
Мұғалжар ауданы «Ақкемер» тірек мектебі
 
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdfGylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копия
 
Ақпараттық дайджест №8
Ақпараттық дайджест №8Ақпараттық дайджест №8
Ақпараттық дайджест №8
 
реферат
рефератреферат
реферат
 
джонисова на конкурс
джонисова на конкурсджонисова на конкурс
джонисова на конкурс
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БА...
 

More from Rauan Ibraikhan

Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Rauan Ibraikhan
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыRauan Ibraikhan
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріRauan Ibraikhan
 
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама Rauan Ibraikhan
 
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысRauan Ibraikhan
 
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаRauan Ibraikhan
 
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыRauan Ibraikhan
 
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметRauan Ibraikhan
 
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программированиеRauan Ibraikhan
 
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрRauan Ibraikhan
 
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работыRauan Ibraikhan
 
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpRauan Ibraikhan
 
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруRauan Ibraikhan
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағRauan Ibraikhan
 
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасыRauan Ibraikhan
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеRauan Ibraikhan
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуRauan Ibraikhan
 
Ұстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімҰстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімRauan Ibraikhan
 

More from Rauan Ibraikhan (20)

Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттері
 
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама
 
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмыс
 
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
 
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралы
 
Анкета
АнкетаАнкета
Анкета
 
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәлімет
 
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программирование
 
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнр
 
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работы
 
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по Php
 
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығару
 
Оқу құралы
Оқу құралыОқу құралы
Оқу құралы
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағ
 
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасы
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
 
Ұстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімҰстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есім
 

инновация бүгін, нәтиже - ертен мақала готово

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 1 I Международные педагогические чтения «Педагогические инновации как условие повышения качества образования», посвященные 25-летию Независимости Республики Казахстан, 20-летию школы-лицея Туран, 15-летию колледжа университета Туран». Алматы, 27-29 октября 2016г. Балғазиева Мақпал Тілеутаевна Алматы мемлекеттік политехникалық колледж, Алматы, Қазақстан ИННОВАЦИЯ – БҮГІН, НӘТИЖЕ - ЕРТЕН Организаторы: Университет Туран НПП РК «Атамекен» Cambridge English Language Assessment Part of the University of Cambridge Ассоциация колледжей г.Алматы
  • 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 2 Аннотация Мақалада болашақ мамандарды даярлау мақсатында, колледжде білім беру процессінде инновациялық технологиялардың қажеттілігі негізделген. Білім беру процессінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда, өзімнің жұмыс тәжірибем көрсетілген. Көрсетілгендей, бұл ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануда колледж студентерінің танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырды. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру студентке өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына, алған білімін тәжірибеде қолдануына себебін тигізді. Кілттік сөздер: инновация, инновациялық технология, ақпараттық- коммуникациялық технология, дипломдық жоба. Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.Талаптарға сай болу үшін әрбір ұстаз жаңа педагогикалық ойлау қабілетімен, рефлексиялық мәдениеттің негіздерін меңгергендігімен, өзінің педагогикалық қызметінде жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ой-өрісімен, шығармашылық қуаттылығымен ерекшеленуі тиіс. Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологиялар бар. Соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланамын. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті,
  • 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 3 сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін- өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану студенттің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. 2007 жылдан бастап есту қабілеті нашар еститін балаларға инновациялық технологиялар және оқыту әдістерді қолдана отырып, «Технология разработки программного обеспечения» пәні бойынша, «Операционные системы и программное обеспечение» пәні бойынша сабақтар өткіздім. Осы технологияны пайдалана отырып аудио-видео құралдарын, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедaялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешен, инновациялық сайт технологияларды пайдаланып сабақтар жүргізіп келемін. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан, ғылыми- техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Колледж оқытушылары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдаланудың тиімділігі:  оқушының өз бетімен жұмысына;  уақытын үнемдеуге;  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;  шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;  қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;  экономикалық тиімділігі;  іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с);
  • 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 4  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;  оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Менің педагогикалық мақсатым: арнайы пәндерді оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін арттыратын білім беру әдістері мен түрлерін іздестіру және қолдану. Жоғарыда аталған мақсатты іске асыру барысындағы менің алға қойған міндеттерім: 1. электронды колледж (e-learning) талабы бойынша ақпаратты-инновациялық технологияларды жетілдіру; 2. Халықаралық сапа менеджмент жүйесінің талабына сай білікті маман даярлау; 3. арнайы пәндерді оқыту бойынша жаңа оқу жоспарлары мен білім бағдарламаларын құрастыруға атсалысу; 4. ақпараттық-коммуникациялық жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруде өзімнің әдістемелік деңгейімді жетілдіру; 5. нәтижеге жету үшін білім алушылар бойында жеке тұлғалық ой-өрістерін дамыту, ізденімпаздық, ғылыми-шығармашылық деңгейлерін арттыру; 6. өзімнің және педагог әріптестерімнің педагогикалық қызметтік деңгейін көтеруге үлес қосу; 7. тәлімгер ұстаз ретінде педагогикалық тәжірибемді колледж, қала және Республика деңгейінде ортаға салу. Педагогикалық қызметтегі жетістіктерім келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: Педагогика саласында 10 жыл, соның ішінде Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде 10 жылдан бері еңбек етудемін. Білімім жоғары, санатым бірінші. Педагогикалық мақсатымның міндеттерін іске асырудағы қызметтік жетістіктерім: Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Алматы мемлекеттік политехникалық колледжде «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы бойынша 350 ден астам қала тұрғындарын, бюджеттік ұжымдардың қызметкерлерін, оқытушыларды компьютерлік сауаттылыққа оқыттым. Алматы қаласының Білім басқармасы №3 бұйрығына сәйкес Алматы мемлекеттік политехникалық колледжде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «ЭЕМ операторы» біліктілігіне мамандар дайындаудың қысқа мерзімді курсында 300 тыңдаушыларға дәріс бердім. Алматы қалалық Білім басқармасының №147-бұйрығы және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келген тыңдармандар үшін колледжде «ЭЕМ операторы»
  • 5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 5 мамандығы бойынша курс ашылды. Осы бағдарламаның аясында 150 адамға дәріс бердім. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжімізде «Создание профессиональных блок-схем» тақырыбында өткізілген мастер-класқа арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушыларға өткіздім. Колледж оқытушылары арасында «Интерактивті оқыту әдісінің мүмкіндіктерін сабақта пайдалану» тақырыбында өткізілген мастер-класқа әр циклдік пәндік комиссия мүшелерінен 28 тыңдаушылар қатысты. «Prezi.com сервисімен онлайн презентация құру» тақырыбында өткізілген мастер-класқа арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушыларға өткіздім. Колледжімізде жыл сайын өткізілетін қысқы педагогикалық оқуда «Кәсіптік білім беруде жалпы пәндерді оқытудағы ғылыми-шығармашылық бағыттар» тақырыбында баяндама оқыдым. «Профессиональная компетентность специальности ВТ и ПО» тақырыбында колледждер арасында қалалық семинар өткіздім. «Үйдегі компьютерді алыстан басқару – қажетті интерактивті құрал» тақырыбында өткізілген мастер-класқа арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушыларға өткіздім. Алматы мемлекеттік политехникалық колледж базасында «Кәсіпқор»холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» қалалық педагогикалық курсқа қатыстым. Мастер-класс қорытындысы бойынша қатысушылар өз пәндерінен тәжірибелік жұмыстар орындады және бағдарламаның терең мүмкіндіктерін үйренуге ат салысты. 2016 жылы колледжде озық педагогикалық іс-тәжірибем таратылды. Педагогикалық кеңесте менің озық педагогикалық іс-тәжірибемді жас мамандар арасында және қалалық деңгейде басқа техникалық және кәсіптік оқу мекемелерінде тарату шешімі қабылданды. Қазіргі таңда сапалы білімді меңгерту үшін студенттердің қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру қажет. Сапалы білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып студенттерді шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету - олардың кәсіби мәдениеттерін көтеріп, оқу, ғылыми, тәрбие үдерістерінің тұтастығын қамтып, техникалық және кәсіби оқу орындарындағы мамандардың кәсіби-техникалық деңгейлерін өсірді. Менің алдыма қойған мақсатымның өзі де шығармашыл студенттердің ізденімпаздық, ғылыми-шығармашылық деңгейлерін арттыру болғандықтан, осы бағытта атқарылған көптеген оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде 1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 1304043 «техник-бағдарламашы»
  • 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 6 біліктілігінің П4А тобының студенті Сейтжан Ж. 2015 жылғы 18 ақпанда Алматы мемелекеттік политехникалық колледжінде «Web дизайн» бойынша World Skills International кәсіби шеберлікке арналған қалалық чемпионаты өтті. Осы байқауға шығармашыл студенттерім қатысып, жаңашыл іс-әрекеттерді жақсы меңгерген, ізденімпаз тұлға екендіктерін көрсетті және 1-ші орынды иеленді. Байқау Қазақстан енген World Skills International халықаралық қозғалыс аясында өткізілді. Байқаудың мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру және бүкіл әлем бойынша біліктіліктерін және кәсіби дайындау стандартын жетілдіру болып табылды. Байқау нәтижесі www.politeh.kz мекен-жайы бойынша сайтта жарияланды. Студентің зерттеу жұмысына Дипломдық жобалауды даярлау студенттің өзіндік жұмысы ретінде қарастырылды. Дипломдық жобалау кезінде студенттің өзі колледжде алған білімдерін пайдалана отырып, белгілі бір өндірістік мәселелерді шешуде инженерлік білімдерін де байыта түсірді. Сонымен қатар, дипломдық жобалау кезінде студенттің қажетті ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын әрі қарай дамыта түсірді, жобалау кезінде болатын мәселені ойдағыдай жетісті шешу үшін қажетті мәліметтерді сауатты түрде алуға үйретеді. Дипломдық жобаны жасау кезінде жалпы инженерлік, арнайы, экономикалық, жалпы білімдік пәндер жиынтығы толымды түрде пайдаланылды, яғни белгілі бір өндірістік мәселенің жан- жақтылығын білдіреді де, оқу кезінде алған білімдерін әртүрлі инженерлік бағытта толықтыра түсірді. Диплом жазу кезеңі студент жұмысының өзіндік, шығармашылық кезеңі болады. Студенттің болашағына, оның кәсіптік дағдысы мен шығармашылық мүмкіншілігіне оқытушының әсер етуі үлкен рөл атқарды. Осы маңызды әрі қиын мәселелерді шешу оқытушыға көп байланысты. Студенттің жұмысын дұрыс бағыттап, әрбір студенттің жеке дарындылығын толығымен ашып, жоба жұмысымен қызықтыру қажет және мамандығына сүйіспеншілікті таныту керек. Жетекшінің мына жұмыстарды атқаруы тиіс: 1) дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға тапсырма береді; 2) дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудың (дипломдық жобалаудың) барлық кезеңіндегі жұмыстың күнтізбелік графигін жасауда студентке көмек тигізеді; 3) студентке қажетті негізгі әдебиетті, анықтамалық және архивтік материалдарды, типтік жобаларды, тақырып бойынша, т. б. материалдарды ұсынады; 4) кеңес беру кестесін белгілейді, оны өткізу кезінде дипломдық жобаны (жұмысты) жасаудың күнтізбелік графигін қадағалаудың ағымды бақылауын жасап отырады; 5) дипломдық жобаны (жұмыстың) барлық тарауларының көлемін белгілейді де, диплом қорғаушы мен кеңес берушілердің жұмыстарын үйлестіреді; Әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде 1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 1304043 «техник-
  • 7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 7 бағдарламашы» біліктілігінің П4Е тобының студенті Альмуханбетов С. «Разработка автоматизированного рабочего места куратора группы по работе с электронным журналом «EJ» атты тақырыбында дипломдық жоба құрды. Осы ретте Қазақстанда енген «Zhastar Innovation» көрмесіне шақырылды. Көрменің мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру және бүкіл әлем бойынша біліктіліктерін және кәсіби дайындау стандартын жетілдіру болып табылды. Қоғамдық Мейірімділік қорының нұсқауымен, Алматы қаласында 2005 жылдың 29-наурыз айында мүмкіндігі шектеулі, есту қабілеті нашар еститін балаларға арналғаг, Азиялық Білім орталығы құрылды. Азиялық Білім Орталығының қолдауымен, 2007 жылы Алматы мемлекеттік политехникалық колледжде, есту қабілеті нашар еститін балаларға арналған «техник-бағдарламашы» бойынша бөлім ашылды. Ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өмірге қажеттіктерін пайдалануға жол ашу мен қатар шығармашылық еркіндігі мен белсенділігімді қалыптастырдым, студенттердің жаңа мүмкіндігін аштым, студенттердің белсенділіктерін арттырдым. Осы ретте Абдиева Салтанат - Web-сайт «Фотогалерея», Байжакова Макпал - Информационный сайт «Актёры», Вахобов Вахоб Разработка web-сайта для компании ООО «Асил», Нурмухамбетов Айбар Разработка web-сайта для ресторана «Мухтар» ИП Косаев бітіруші түлектерге жетекші болдым. Алматы қаласында орналасқан Технопарк «Алатау» мекемесінде дипломдық жобаларын қорғап, үздік жоба деп танылды. Сонымен, өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік берді. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырды. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл студент және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр оқытушы сабақ өткізген кезде студентке сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық деп білемін. Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу студенттің сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік берді.
  • 8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 8 Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: оқытушы үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. Өз тәжірибемде ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздеймін. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттің өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: студенттің оқуға қызығушылығын артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра біледі, ойын жүйелі түрде жеткізуді үйренеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Студенттің жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі бизнес-ойын түрлерін, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегияларын, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығуларын, электронды оқулықтарды кеңінен қолданып келемін. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырды. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру студентке өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылды. Оқушыға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты
  • 9. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МКҚМ «Алматы мемлекттік политехникалық колледжі» Алматы қаласының білім басқармасы 9 үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін оқытушы өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді. Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған оқытушының іс- әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Қолданылған әдебиеттер 1. Ильенкова С.Д., Шумпетер Й. Инновации в образовании: Учебник. М.: Юнити, 2008; 2. Сумнительный К. Е. Инновации в образовании: вымысел и реальность. – Москва, 2007; 3. Хуторской А.В. Педагогическая инноватика: методология, теория, практика: Научное издание, – М.: Изд. УНЦ ДО, 2005; 4. Штинова Г. Н. Инновации в образовании: от теории к технологиям: монография. – Н. Новгород, 2007; 5. Интернет ресурстары.