SlideShare a Scribd company logo
1 of 17
РЕСЕЙ
ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Географиялық жағдайы
• Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік-
шығысында Солтүстік Кореямен , Монғолиямен ,
Қазақстанмен , Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста –
Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларусьпен ,
Эстониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі.
• Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр
түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай
континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес,
соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге
болады:
• Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты
алып жатыр.
• Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып
жатыр.
• Қиыр Шығыс Ресейі.
• Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында
орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін
қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші
орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан
шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын
есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге
созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды
Географиялық сипаттамасы
• Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і
Азияда орналасқан. Оның
жағалауларын үш мұхиттың суы
шайып жатыр. Ресей Федерациясының
шекарасының жалпы ұзындығы 58,3
мың км, соның ішінде теңіздік шекара
38 мың км-ді құрайды.
• Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте
орналасуы оның экономикалық-
географиялық жағдайының қолайлы
жағы болып табылады. Өйткені
Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің
40%-дан астамы, халықтың басым
көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда,
Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік
шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен
құрлық арқылы байланысқан. Ресей
құрамына енетін Калининград облысы
анклав болып табылады, өйткені оның
елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы
жоқ.
Өсімдік және жануар шаруашылығы
• Өсімдік шаруашылығы
• Бидай жинауы
• Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас
бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар,
көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық
дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес
жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы
жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы
картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-
ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
• Мал шаруашылығы
• Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға
ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары
жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының
саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-
кестені қараңдар). Мал шаруашылығының
өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы,
мал тұқымын асылдандыру шараларының өз
дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
тарихы
• Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын
ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет
сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу
айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-
моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша
болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. XVIII ғасырда шведтермен болған
соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне
шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік
алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта
құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының
белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
Орыс мәдениеті
• Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері
негізінен төмендегі факторларға тығыз
байланысты болды. Олар:
• көптеген этикалық топтар мен халықтар
мекендеген орасан зор территорияны игеру;
христиан дінінің ерекше тармағы —
православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-
дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;
• уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-
еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау
дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі
жол бермеу;
• жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне
бағындыру.
әкімшілік- аумақтық құрылымы
• Әкімшілік-аумақтық құрылымы
• Ресей Федерациясы құрамына тең
құқықты федерациялық бірліктер[13]:
• 21 республика
• 9 өлке
• 46 облыс
• 2 федерадиялық деңгейдегі қала
(Мәскеу және Санкт-Петербург)
• 1 дербес облыс
• 4 дербес округ Әрбір федерациялық
бірліктің заң шығару, сот және басқа
органдары бар. Сонымен қатар Ресей
Федерациясы аумағында мемлекеттік
биліктің бірыңғай органдары қызмет
етеді, жалпыға ортақ Конституция,
бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі
және т.б. тағайындалған.
Табиғат жағдайы
• Табиғат жағдайлары
• Байкөл, ғарыштық түсірім.
• Васюган өзені.
• Балтық теңізі.
• Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан
аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей
жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын)
мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып
жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс
Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен
Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен
шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер
бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді
жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар
ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме
қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір
құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер
бедері құрылымының қолайсыз жақтары да
жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау
жоталарының болмауы арктикалық ауа
массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін
еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр
Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен
келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне
кедергі жасайды.
Река Васюган в Томской
области, вид с вертолёта.
Табиғат зоналары
• Географиялық орны, жер бедері мен климаттық
жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде
мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады:
тундра, орманды тундра, ормандар (тайга,
аралас және жалпақжапырақты ормандар),
орманды дала, дала, шөлейт және шөл
зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері
тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл
шаруашылығының мамандануына, халықтың
орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен
құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік
ықпалын тигізеді.
Табиғи ресурстар
• Минералдық ресурстары
• Елдегі минералдық
ресурстардың 70%-дан
астамын отын-энергетикалық
ресурстар (газ, көмір, мұнай),
15%-ын кенсіз қазба
байлықтар, 13%-ын
металдар, 1 %-ын алмас пен
бағалы металдар (алтын,
күміс, платина) құрайды.
Минералдық, шикізат өндіру
Ресей экономикасының
жетекші саласы болып
табылады, оған ЖЮ
мөлшерінің 33%-дан астамы
тиесілі.
• Жер ресурстары
• Жер ресурстарының жалпы
қоры жөнінен Ресей
дүниежүзіндегі ең алдыңғы
қатарлы ел. Елдің жалпы жер
қоры — 1709,8 млн га. Жан
басына шаққандағы жер
үлесі — 11,5 га, бұл
дүниежүзілік көрсеткіштен (3
га) әлдеқайда жоғары.
Алайда жер қорының 1/3-і
ғана пайдалануға жарамды,
онда Ресей халқының 95%-ы
қоныстанып, бүкіл
шаруашылық салалары
құрылымдарының 93%-ы
шоғырланған
• Агроклиматтық ресурстары
• Агроклиматтық ресурстар Ресей
жерінде ауыл шаруашылығының
барлық салаларын дерлік
өркендетуге мүмкіндік береді.
Көпшілік бөлігі егіншілікті
дамытуға қолайлы, топырақ
құнарлылығы, жоғары
ылғалдылығы мен қарқынды
температуралар (10°С-тан
асатын) жиынтығы жеткілікті
қоңыржай белдеуде орналасқан.
Ондай аудандарға Ресейдің
орталық бөлігі, Батыс Сібір мен
Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып
жатқан орманды дала және
дала зоналары жатады.
• Биологиялық ресурстары
• Ресейдің ормандары, өзендері
мен көлдері және теңіз
жағалаулары биологиялық
ресурсқа да аса бай болып
келеді. Әсіресе Баренц, Охот,
Беринг теңіздері мен Обь,
Енисей өзендері алабының
кәсіптік балық аулауда маңызы
жоғары. Ормандарда терісі
бағалы аңдардың көптеп
таралуы аң шаруашылығын
дамытуға мүмкіндік береді.
• Су ресурстары
• Ресей жері су ресурстарына да
өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан
аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар.
Ресейде бір жыл ішіндегі жан
басына шаққандағы өзен
ағынымен қамтамасыз етілуі 30
мың м3-ге тең, алайда бұл
көрсеткіш оның барлық бөлігінде
бірдей емес. Орталық қара
топырақты ауданның өзен
ағынымен қамтамасыз етілуі
Шығыс Сібір мен Қиыр
Шығыстағы көрсеткіштен 100
есе төмен. Ресейдің ең ұзын
өзені — Лена (4 400 км), ең мол
сулы езені — Енисей. Сонымен
қатар сумен қамтамасыз ету
мақсатында Ресейде 40-тан
астам ірі су бөгендері салынған.
Ең үлкені — Братск
(дүниежүзінде екінші орында) су
бөгені. Тұщы судың аса мол
қоры Байқалда шоғырланған
• Рекреациялық ресурстары
• Ресейдің алуан түрлі табиғат
жағдайы рекреациялық
ресурстардың күрделі
жиынтығын қалыптастыруға
негіз болған. Табиғи-
рекреациялық ресурстардан
қолайлы қойнаулар мен
жағалаулар (теңіз, өзен, көл),
таулар мен ормандар,
минералды сулар, табиғат
ескерткіштері, табиғи саябақтар
өте көп таралған. Ондай
аудандарға Байкал, Телец,
Селигер, Мещера көлдерінің
айналасы, Уссури және Қиыр
Шығыс тайгасы, Краснояр
Бағаналары, Камчаткадағы
Гейзер аңғары, Алтай-Саян
және Орал таулары, Солтүстік
Кавказ бен Қара теңіз жағалауы,
сондай-ақ ірі езен жүйелерінің
көптеген бөліктері кіреді.
Халқы
• Халқы
• Ресей халқының тығыздығы.
• Ресей халқының
демографиялық пирамидасы,
2011 жыл.
• Ресей Федерациясы халқының
саны 2008 жылы 142 млн
адамды құрады. Бұл көрсеткіш
бойынша Ресей дүниежүзінде
Қытай, Үндістан, АҚШ,
Индонезия, Бразилия және
Пәкстан, Бангладеш,
Нигериядан кейін 9-орын алады.
Ресей ғалымдарының болжамы
бойынша, алдағы онжылдықта
елдегі халық санының қыскаруы
одан әрі жалғаса береді. Енді
елдің демографиялық
көрсеткіштерімен танысайық.
Демографиялық көрсеткіштер
• Демографиялық көрсеткіштер
• Ресей аумағында XX ғасырдың 90-
жылдарынан бері халықтың ұдайы
өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі
кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім
коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы
мен өлім-жітімнің артуына байланысты
1992 жылдан бері табиғи өсу теріс
көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы
жылдары демографиялық
көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи
өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия,
Тува республикаларында, Ханты-
Манси АО-де байқалады. Жалпы
алғанда, елде адамның өмір жасының
ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл
керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі
кезде 66,6 жасты кұрайды.
Сыртқы экономикалық
байланыстар
• Сыртқы сауда
• 1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ
арасында серіктестік пен достастық
келісімге қол қойылды
• Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық
Одақ елдеріне өз экспортының үлесін
40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар
Батыс Еуропаның жоғары дамыған
мемлекеттерімен арадағы байланысты
күшейтіп, оның үлесін 50—60%-ға
дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері
қатарынан Германия, Италия,
Жапония, АҚШ, Ұлыбритания
мемлекеттерін көруге болады. Мұндай
сауда- экономикалық байланыстар
ТМД елдерімен де жаңа деңгейге
көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда
айналымы 578,9 миллиард АҚШ
долларын құрайды, оның 355,5
миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал
233,4 миллиард АҚШ доллары импорт
үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы
мен басты бағыттарына мәтіндегі
картадан да айқын көз жеткізуге
болады.
Ірі қалалары
• Халқының саны бойынша
Ресей қалалары шағын
(халық саны 50 мың адамға
дейін), орта (50—100 мың
адам), ірі (100—500 мың
адам), аса ірі (500 мыңнан 1
млн адамға дейін) және
миллионер қалаларға
бөлінеді. Үлкен қалалардың
атқаратын қызметі көптеген
саланы қамтиды. Ел
экономикасы мен әлеуметтік
өмірінде, әсіресе миллионер
қалалардың маңызы зор.
Миллионер қалаларда елдегі
барлық қала халқының 1/4
бөлігі шоғырланған.
• Ресейдегі миллионер
қалалар, 2008 ж.
(Ресей статистикалық
анықтамалығының деректері
бойынша)
Қала
Халық саны,
млн адам
Қала
Халық саны,
млн адам
Төменгі
Новгород
1,3 Үфі 1,1
Санкт-
Петербург
4,6 Омбы 1,13
Новосибирск 1,4 Қазан 1,1
Мәскеу 10,4 Самара 1,13
Екатеринбург 1,3 Челябинск 1,1
Туризм
• Ресей жері табиғат жағдайының
алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты
көркем де көрікті жерлерінің көп
болуымен ерекшеленеді. Ондай
аудандар қатарына Солтүстік Кавказ
бен Қара теңіздің жанға жайлы
курорттары мен жағажайлары, Байкал
көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты
әсем жағалаулары, Орал, Алтай және
Саян тауларының баурайларындағы
таулық туристік базалар жатады.
• Сонымен қатар тарихи және сәулет
ескерткіштері, мұражайлар, өркениет
мұралары сақталып қалған ежелгі
қалалар мен қазіргі ғылым мен
мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған
әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса
құнды ұлттық байлықтары болып
саналады.

More Related Content

What's hot

Introduction to Central Asia
Introduction to Central AsiaIntroduction to Central Asia
Introduction to Central AsiaKathy Pham
 
Russia and the separatists in Eastern Ukraine
Russia and the separatists in Eastern UkraineRussia and the separatists in Eastern Ukraine
Russia and the separatists in Eastern UkraineDonbassFullAccess
 
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR Zara Lissa
 
Geography powerpoint new
Geography powerpoint newGeography powerpoint new
Geography powerpoint newpandiraj87
 
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?DonbassFullAccess
 
Armenia: A History
Armenia: A HistoryArmenia: A History
Armenia: A Historyjurban16
 
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahunUmi Salwa Kamal Arifin
 
English year 4 examination paper
English year 4 examination paperEnglish year 4 examination paper
English year 4 examination paperzura (email)
 

What's hot (11)

Central Asia People and Places
Central Asia People and PlacesCentral Asia People and Places
Central Asia People and Places
 
Introduction to Central Asia
Introduction to Central AsiaIntroduction to Central Asia
Introduction to Central Asia
 
Russia and the separatists in Eastern Ukraine
Russia and the separatists in Eastern UkraineRussia and the separatists in Eastern Ukraine
Russia and the separatists in Eastern Ukraine
 
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR
Bahasa Inggeris Pemahaman Year 5 KSSR
 
Geography powerpoint new
Geography powerpoint newGeography powerpoint new
Geography powerpoint new
 
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?
Ukraine and the Minsk II agreement On a frozen path to peace?
 
Armenia: A History
Armenia: A HistoryArmenia: A History
Armenia: A History
 
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun
81210105 abm-peralihan-kertas-2-akhir-tahun
 
Midwest Region
Midwest RegionMidwest Region
Midwest Region
 
Notes year 3 module 4
Notes year 3 module 4Notes year 3 module 4
Notes year 3 module 4
 
English year 4 examination paper
English year 4 examination paperEnglish year 4 examination paper
English year 4 examination paper
 

Viewers also liked

ресей
ресейресей
ресейDan41k
 
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларқазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларDan41k
 
Украина жайлы слайд
Украина жайлы слайдУкраина жайлы слайд
Украина жайлы слайдDan41k
 
Презентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартПрезентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартTatiana Petrova
 
Ancient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointAncient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointalmiklas
 

Viewers also liked (7)

ресей
ресейресей
ресей
 
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларқазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
 
Украина жайлы слайд
Украина жайлы слайдУкраина жайлы слайд
Украина жайлы слайд
 
АҚШ
АҚШАҚШ
АҚШ
 
қытай халық республикасы
қытай халық республикасықытай халық республикасы
қытай халық республикасы
 
Презентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартПрезентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми март
 
Ancient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointAncient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPoint
 

More from Dan41k

ата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысDan41k
 
Атом физикасы слайд
Атом физикасы слайдАтом физикасы слайд
Атом физикасы слайдDan41k
 
1 мамыр
 1 мамыр 1 мамыр
1 мамырDan41k
 
Адам психикасы
Адам психикасыАдам психикасы
Адам психикасыDan41k
 
Зейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияЗейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияDan41k
 
Иоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдИоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдDan41k
 
Электр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдЭлектр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдDan41k
 
хх ғасырдың
хх ғасырдың хх ғасырдың
хх ғасырдың Dan41k
 
ұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдDan41k
 
үш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаүш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаDan41k
 
Тұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдТұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдDan41k
 
саяси сана
саяси санасаяси сана
саяси санаDan41k
 
саясат
саясатсаясат
саясатDan41k
 
рк топырак
рк топыракрк топырак
рк топыракDan41k
 
пирамида
пирамидапирамида
пирамидаDan41k
 
параметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерпараметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерDan41k
 
олжас
олжасолжас
олжасDan41k
 
мен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдмен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдDan41k
 
мал азығы
мал азығымал азығы
мал азығыDan41k
 
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдлогарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдDan41k
 

More from Dan41k (20)

ата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмыс
 
Атом физикасы слайд
Атом физикасы слайдАтом физикасы слайд
Атом физикасы слайд
 
1 мамыр
 1 мамыр 1 мамыр
1 мамыр
 
Адам психикасы
Адам психикасыАдам психикасы
Адам психикасы
 
Зейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияЗейін слайд презентация
Зейін слайд презентация
 
Иоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдИоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайд
 
Электр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдЭлектр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайд
 
хх ғасырдың
хх ғасырдың хх ғасырдың
хх ғасырдың
 
ұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайд
 
үш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаүш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теорема
 
Тұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдТұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайд
 
саяси сана
саяси санасаяси сана
саяси сана
 
саясат
саясатсаясат
саясат
 
рк топырак
рк топыракрк топырак
рк топырак
 
пирамида
пирамидапирамида
пирамида
 
параметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерпараметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулер
 
олжас
олжасолжас
олжас
 
мен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдмен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайд
 
мал азығы
мал азығымал азығы
мал азығы
 
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдлогарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
 

ресей федерациясы

  • 2. Географиялық жағдайы • Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік- шығысында Солтүстік Кореямен , Монғолиямен , Қазақстанмен , Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста – Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларусьпен , Эстониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі. • Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады: • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр. • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр. • Қиыр Шығыс Ресейі. • Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды
  • 3. Географиялық сипаттамасы • Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды. • Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық- географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
  • 4. Өсімдік және жануар шаруашылығы • Өсімдік шаруашылығы • Бидай жинауы • Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%- ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі. • Мал шаруашылығы • Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12- кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
  • 5. тарихы • Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар- моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
  • 6. Орыс мәдениеті • Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: • көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт- дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; • уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс- еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; • жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
  • 7. әкімшілік- аумақтық құрылымы • Әкімшілік-аумақтық құрылымы • Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер[13]: • 21 республика • 9 өлке • 46 облыс • 2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург) • 1 дербес облыс • 4 дербес округ Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.
  • 8. Табиғат жағдайы • Табиғат жағдайлары • Байкөл, ғарыштық түсірім. • Васюган өзені. • Балтық теңізі. • Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды. Река Васюган в Томской области, вид с вертолёта.
  • 9. Табиғат зоналары • Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
  • 10. Табиғи ресурстар • Минералдық ресурстары • Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі. • Жер ресурстары • Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған
  • 11. • Агроклиматтық ресурстары • Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады. • Биологиялық ресурстары • Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
  • 12. • Су ресурстары • Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған • Рекреациялық ресурстары • Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи- рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.
  • 13. Халқы • Халқы • Ресей халқының тығыздығы. • Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл. • Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.
  • 14. Демографиялық көрсеткіштер • Демографиялық көрсеткіштер • Ресей аумағында XX ғасырдың 90- жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты- Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
  • 15. Сыртқы экономикалық байланыстар • Сыртқы сауда • 1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды • Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 50—60%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді. 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.
  • 16. Ірі қалалары • Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған. • Ресейдегі миллионер қалалар, 2008 ж. (Ресей статистикалық анықтамалығының деректері бойынша) Қала Халық саны, млн адам Қала Халық саны, млн адам Төменгі Новгород 1,3 Үфі 1,1 Санкт- Петербург 4,6 Омбы 1,13 Новосибирск 1,4 Қазан 1,1 Мәскеу 10,4 Самара 1,13 Екатеринбург 1,3 Челябинск 1,1
  • 17. Туризм • Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады. • Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады.