SlideShare a Scribd company logo
1 of 30
Ресей Федерациясы
й - Азия мен Еуропа құрлықтарында
орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние
жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан
арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара
болып табылады. Ресейдің мәдениеті дүниедегі ең
ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан кӛп.
Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет,
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі.
Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен
7% жылдамдықпен ӛсуде, бұл дүние жүзіндегі ең
жоғары ӛсу қарқындарының бірі. Орасан зор
табиғи байлықтары, қуатты қарулы күштері мен
білім деңгейі ӛте жоғары халқы — Ресей
қуатының кепілі.
Экономикалық-географиялық
жағдайы
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен ,
оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен ,
Монғолиямен , Қазақстанмен ,
Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста –
Украинамен , батыста – Финляндиямен ,
Беларусьпен , Эстониямен , Латвиямен ,
Норвегиямен шектеседі.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты
федерациялық бірліктер кіреді.
Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару,
сот және басқа органдары бар. Сонымен
қатар Ресей Федерациясы аумағында
мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары
қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция,
бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және
т.б. тағайындалған.
21 республика
46 облыс
9 өлке
2 федерадиялық деңгейдегі қала
(Мәскеу және Санкт-Петербург)
1 дербес облыс
4 дербес округ
Табиғат жағдайлары
Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең
алдымен, алып жатқан аумағының ӛте үлкен болуымен байланысты.
Ресей жерінің кӛпшілік бӛлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м
биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы
жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір
ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен
шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің
құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді.
Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын ӛркендетуді, ӛзендердің кеме
қатынасына қолайлы болуын, жол және кӛпір құрылыстарын салуды
жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да
жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының
болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне
дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы
тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа
массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Географиялық орны, жер бедері мен климаттық
жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай
табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра,
орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және
жалпақжапырақты ормандар), орманды дала,
дала, шӛлейт және шӛл зоналары. Таулы
аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай
табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының
мамандануына, халықтың орналасуы мен
тығыздығына, ӛнеркәсіп пен құрылыс
кешендерінің қалыптасуына ӛзіндік ықпалын
тигізеді.
Табиғат ресурстары
Ресей жері табиғат ресурстарының барлық
түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар
құрамы ӛте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан
астам аса маңызды кен орындары
барланған, оның 40%-дан астамы ӛндірісте
игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер
қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу
энергиясы, ӛзендердің су-энергетикалық
қоры жӛнінен 1-орынды, ал ӛңделетін жер
үлесі жӛнінен 3-орынды иеленеді.
Минералдық ресурстары
Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан
астамын отын-энергетикалық ресурстар
(газ, кӛмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба
байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас
пен бағалы металдар (алтын, күміс,
платина) құрайды. Минералдық, шикізат
ӛндіру Ресей экономикасының жетекші
саласы болып табылады.
Жер ресурстары
Жер ресурстарының жалпы қоры жӛнінен Ресей
дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер
қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі
— 11,5 га, бұл дүниежүзілік кӛрсеткіштен (3 га) әлдеқайда
жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға
жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл
шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы
шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де
осы үлеске кіреді. Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы
қара топырақтың 1/3 бӛлігі тиесілі.
Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы
нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда,
ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы,
жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде
қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен
қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шӛлейттену
процесіне ұшырауда.
Агроклиматтық ресурстары
Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл
шаруашылығының барлық салаларын дерлік ӛркендетуге
мүмкіндік береді. Кӛпшілік бӛлігі егіншілікті дамытуға
қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы
мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын)
жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан.
Ондай аудандарға Ресейдің орталық бӛлігі, Батыс Сібір
мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды
дала және дала зоналары жатады.
Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қарабидай, арпа,
бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір кӛкӛніс
түрлерін, малазықтық дақылдарды ӛсіруге мүмкіндік бар.
Ресейдің ең жылы бӛлігі Қара теңіз жағалауы мен
Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды кӛбірек қажет
ететін кӛкӛністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік
дақылдар да ӛсіріледі.
Орман ресурстары
Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі
ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына
шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл
кӛрсеткіш бойынша Ресей кӛшбасшы болып тұр. Ең кӛп
таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман
қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының кӛп бӛлігі
балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және
самырсын ағаштары да басым. Ормандардың кӛпшілігі
елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста,
одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.
Ормандар аумағының қысқаруына ӛрттің шығуы жиі
себепші болуда. Әсіресе орман ӛрттері Ресейдің азиялық
бӛлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі
байқалады.
Су ресурстары
Ресей жері су ресурстарына да ӛте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса ӛзен, 2 млн-ға
жуық кӛл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы ӛзен
ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл кӛрсеткіш оның
барлық бӛлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның ӛзен
ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы
кӛрсеткіштен 100 есе тӛмен. Ресейдің ең ұзын ӛзені — Лена (4 400 км), ең мол
сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында
Ресейде 40-тан астам ірі су бӛгендері салынған. Ең үлкені — Братск
(дүниежүзінде екінші орында) су бӛгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда
шоғырланған.
Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс
Еуропалық бӛліктегі артезиан алаптарына тән.
Суды пайдалануда ӛндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін
20%, суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы үшін 2%, ал қалған 6%
басқа қажеттіліктер үшін жұмсалады.
Ресей ӛзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме
жүзуге жарамды жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады.
Ресей ӛзендерінің энергетикалық әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі су-
энергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бӛліктегі үлесі
20%, ал Азиялық бӛлікте 80%-дан асады.
Биологиялық ресурстары
Ресейдің ормандары, ӛзендері мен кӛлдері
және теңіз жағалаулары биологиялық
ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе
Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь,
Енисей ӛзендері алабының кәсіптік балық
аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі
бағалы аңдардың кӛптеп таралуы аң
шаруашылығын дамытуға мүмкіндік
береді.
Рекреациялық ресурстары
Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың
күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-
рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар
(теңіз, ӛзен, кӛл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат
ескерткіштері, табиғи саябақтар ӛте кӛп таралған. Ондай аудандарға
Байкал, Телец, Селигер, Мещера кӛлдерінің айналасы, Уссури және
Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер
аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара
теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің кӛптеген бӛліктері
кіреді.
Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті
дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бӛлігінде
кӛбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен
саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге
таныстырудағы танымдық маңызы ӛте жоғары.
Ресейде табиғат ресурстарына тән
мынадай ортақ белгілер бар:
 ресурстар қоры ӛте мол және алуан түрлі;
 ресурстар ӛз дәрежесінде әлі толық
зерттелмеген;
 ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған
және олардың басым кӛпшілігі нашар
игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз
аудандарда шоғырланған;
 жақсы игерілген аудандардағы ресурс
қоры сарқылуға жакын.
Халқы
Ресей Федерациясы халқының саны 144
млн адамды құрайды. Бұл кӛрсеткіш
бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай,
Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және
Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-
орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы
бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық
санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді.
Халқының ұлттық құрамы
Ресей кӛп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен
ұлыстардың ӛкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар
Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жӛнінен басымы —
орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең
басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың
үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық
автономия құрылған, бірақ олардың кӛпшілігінде байырғы халыққа
қарағанда орыстардың саны басым.
Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық
(халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл
семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен
мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын
ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша кӛңіл
бӛлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының
байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады.
Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен
айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы ӛсіруден әлі
қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз
ұлттар мен ұлыстар мекендейді
Орналасуы
Елдің әртүрлі бӛліктерінде халық әркелкі
орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы
бойынша халық тығыздығының орташа
кӛрсеткіші 1 км2-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа
керсеткіштен 4 есе тӛмен. Ресей аумағының 1/4
бӛлігін ғана алып жатқан еуропалық бӛлікте
халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км2 аумақка 30
адамнан келеді. Ал елдің басым бӛлігін (3/4)
камтитын азиялық бӛліктің үлесіне барлық
халықтың 21 %-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы
мұнда 1 км2-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.
Ресейдегі халық тығыздығы:
 Солтүстік -4 адам/км²
 Солтүстік-Батыс - 39адам/км²
 Орталық- 60адам/км²
 Волга-Вятка - 31адам/км²
 Орталық қара топырақты- 46 адам/км²
 Волга бойы- 31адам/км²
 Солтүстік Кавказ- 49адам/км²
 Орал- 24,5адам/км²
 Батыс Сібір- 6адам/км²
 Шығыс Сібір- 2адам/км²
 Қиыр Шығыс- 1адам/км²
 Калининград облысы- 62,5адам/км²
 Ресей, орта есеппен- 8,5адам/км²
Халық тығыздығы
Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы
болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз
қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы
болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1
км2-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз
Таймырда бұл кӛрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен
олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын
әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады.
Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық
тығыздығы 1 км2-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық
бӛліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық
бӛліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды
қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі
ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік
осында орналасқан.
Солтүстікке және шығысқа қарай халық
тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бӛлігін
қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-
ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының
үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы
минералдық ресурстарды ӛндірумен тығыз
байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай,
Тува республикалары) де халық сирек
қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана
тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары.
Халықтың әркелкі орналасуы және кӛптттілік
аумақта ӛте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуына кедергі келтіретін
факторлардың бірі болып табылады.
Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және
ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға
жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте,
ауыл шаруашылығы ӛркендеген аудандарда кӛбірек. Кӛлік
қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және
демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен
байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде
ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл
шаруашылығында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала
халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және
Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ
республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық
округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан тӛмен. Ал ауыл
шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар
ӛлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.
Ірі қалалары
Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын
(халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100
мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500
мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер
қалаларға бӛлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын
қызметі кӛптеген саланы қамтиды. Ел
экономикасы мен әлеуметтік ӛмірінде, әсіресе
миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер
қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бӛлігі
шоғырланған.
Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны
бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында
қалыптасқан.
Мәскеу халық саны жӛнінен Еуропадағы ең ірі қала
болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып
жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда
1147 жылы жарық кӛрген. XV ғасырдан бастап біртұтас
Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—
1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін
атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық
және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса
ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам
жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам
ғылыми мекемелер жұмыс істейді
Шаруашылығы және ӛнеркәсібі
Ресей Федерациясы — ӛтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы
ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең
дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер
тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық
байланыс үзілді. Мұның ӛзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі
болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық
қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық
әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде
мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік
ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне ӛтуі. Жүргізілген қайта құрулар
нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық
құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық
байланыстарына да ӛзгерістер енгізілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы
аса маңызды буын болып саналады. Ӛйткені ауыл
шаруашылығы материалдық ӛндірістің шешуші саласы, ол
халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен
шектелмейді, сондай-ақ ӛнеркәсіптің кӛптеген салалары
үшін аса қажетті шикізат та ӛндіреді. Сонымен қатар
ӛндірілген ӛнімдерді дер шағында сапалы ӛңдеп, дәл
уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды
орындау мақсатында ауыл шаруашылығы
шаруашылықтың кӛптеген салаларымен тығыз қарым-
қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде
агроӛнеркәсіптік кешендер қалыптасады
Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан
құралатындығын сендер білесіндер, олар: ӛсімдік
шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде
ауылшаруашылық ӛнімдерінің үлесі жӛнінен
ӛсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни
жалпы ӛнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы
мал шаруашылығы ӛнімдерінің үлесінде. Жоғары
дамыған елдерде, керісінше мал
шаруашылығының ӛнімдерінің үлес салмағы
тӛмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы
алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал
шаруашылығын мүмкіндігінше ӛркендету.
Ӛсімдік шаруашылығы
Ресейдің ӛсімдік шаруашылығының басты
құрамдас бӛліктерше дәнді дақылдар,
техникалық дақылдар, кӛкӛніс пен бақша,
бақ және жүзім, малазықтық дақылдар
ӛсіру жатады. Онша ауқымды емес
жерлерде темекі мен шай ӛсіріледі. Жалпы
жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар,
5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық
дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың
үлесіне тиесілі.
Мал шаруашылығы
Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші
салаларға ірі қара ӛсіру, шошқа және қой
шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл
ішінде Ресейде мал басының саны 2—3
есеге дейін кеміп кетті. Мал
шаруашылығының ӛркендеуіне мал
азығының жеткілікті дайындалмауы, мал
тұқымын асылдандыру шараларының ӛз
дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

More Related Content

What's hot

Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)
Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)
Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)Rosane Domingues
 
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка zologym
 
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADO
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADOPROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADO
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADOLeandro Júnior
 
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docx
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docxRESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docx
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docxHerikaBraga
 
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)TCC - League of Legends (Construindo Lendas)
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)Roger Afonso Lima
 
A piscina Fernando Sabino
A piscina Fernando SabinoA piscina Fernando Sabino
A piscina Fernando SabinoRosemeire Silva
 
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdf
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdfArquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdf
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdfErlissonPinheiro
 
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-2
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-21 klas-bukvar-ishhenko-2018-2
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-2KnijekNet
 
Características do texto dramático
Características do texto dramáticoCaracterísticas do texto dramático
Características do texto dramáticoErnesto Ananias
 
Avaliacao diagnostica lp 9 ef
Avaliacao diagnostica lp 9 efAvaliacao diagnostica lp 9 ef
Avaliacao diagnostica lp 9 efMarcia Oliveira
 
Я досліджую світ. 4 клас. Волощенко
Я досліджую світ. 4 клас. ВолощенкоЯ досліджую світ. 4 клас. Волощенко
Я досліджую світ. 4 клас. ВолощенкоUlyana_M
 
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-word
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-wordInterpretacao de-texto-noticia-6º-ano-word
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-wordcatarina campese
 
Kатаральный Гингивит
Kатаральный Гингивит Kатаральный Гингивит
Kатаральный Гингивит Waleed K. O. Jaber
 
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015CÉSAR TAVARES
 

What's hot (20)

carta do leitor 2.docx
carta do leitor 2.docxcarta do leitor 2.docx
carta do leitor 2.docx
 
Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)
Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)
Diversidade sexual na escola (cartilha do projeto)
 
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка
Рослинний і тваринний світ у творчій спадщині Тараса Шевченка
 
Mensagem não seja uma pessoa
Mensagem não seja uma pessoaMensagem não seja uma pessoa
Mensagem não seja uma pessoa
 
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADO
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADOPROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADO
PROVA DO CONCURSO DA BRIGADA MILITAR 2017 SOLDADO
 
Plano aula 9
Plano aula 9Plano aula 9
Plano aula 9
 
Os gêneros textuais
Os gêneros textuaisOs gêneros textuais
Os gêneros textuais
 
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docx
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docxRESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docx
RESUMO ESTATUTO DA CRIANÇA E DO ADOLESCENTE.docx
 
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)TCC - League of Legends (Construindo Lendas)
TCC - League of Legends (Construindo Lendas)
 
Lei Maria da Penha.
Lei Maria da Penha.Lei Maria da Penha.
Lei Maria da Penha.
 
A piscina Fernando Sabino
A piscina Fernando SabinoA piscina Fernando Sabino
A piscina Fernando Sabino
 
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdf
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdfArquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdf
Arquivo 3 - Protagonismo Até altas Horas - Acolhimento Estudantes.pdf
 
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-2
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-21 klas-bukvar-ishhenko-2018-2
1 klas-bukvar-ishhenko-2018-2
 
Características do texto dramático
Características do texto dramáticoCaracterísticas do texto dramático
Características do texto dramático
 
Avaliacao diagnostica lp 9 ef
Avaliacao diagnostica lp 9 efAvaliacao diagnostica lp 9 ef
Avaliacao diagnostica lp 9 ef
 
Я досліджую світ. 4 клас. Волощенко
Я досліджую світ. 4 клас. ВолощенкоЯ досліджую світ. 4 клас. Волощенко
Я досліджую світ. 4 клас. Волощенко
 
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-word
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-wordInterpretacao de-texto-noticia-6º-ano-word
Interpretacao de-texto-noticia-6º-ano-word
 
Redação - Relato Pessoal
Redação - Relato PessoalRedação - Relato Pessoal
Redação - Relato Pessoal
 
Kатаральный Гингивит
Kатаральный Гингивит Kатаральный Гингивит
Kатаральный Гингивит
 
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015
Bullying e Ciberbullying - Lei 13.185/2015
 

Viewers also liked

ресей федерациясы
ресей федерациясыресей федерациясы
ресей федерациясыDan41k
 
Украина жайлы слайд
Украина жайлы слайдУкраина жайлы слайд
Украина жайлы слайдDan41k
 
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларқазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларDan41k
 
Презентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартПрезентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартTatiana Petrova
 
Ancient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointAncient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointalmiklas
 

Viewers also liked (9)

ресей федерациясы
ресей федерациясыресей федерациясы
ресей федерациясы
 
Украина жайлы слайд
Украина жайлы слайдУкраина жайлы слайд
Украина жайлы слайд
 
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшаларқазақстан республикасы бойынша қорықшалар
қазақстан республикасы бойынша қорықшалар
 
Презентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми мартПрезентация за 8-ми март
Презентация за 8-ми март
 
Франция мемлекеті
Франция мемлекеті Франция мемлекеті
Франция мемлекеті
 
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа  елдеріШығыс Еуропа  елдері
Шығыс Еуропа елдері
 
Қазақстанның көлік түрлері
Қазақстанның көлік түрлеріҚазақстанның көлік түрлері
Қазақстанның көлік түрлері
 
Франция
ФранцияФранция
Франция
 
Ancient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPointAncient Egypt PowerPoint
Ancient Egypt PowerPoint
 

More from Dan41k

ата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысDan41k
 
Атом физикасы слайд
Атом физикасы слайдАтом физикасы слайд
Атом физикасы слайдDan41k
 
1 мамыр
 1 мамыр 1 мамыр
1 мамырDan41k
 
Адам психикасы
Адам психикасыАдам психикасы
Адам психикасыDan41k
 
Зейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияЗейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияDan41k
 
Иоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдИоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдDan41k
 
Электр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдЭлектр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдDan41k
 
хх ғасырдың
хх ғасырдың хх ғасырдың
хх ғасырдың Dan41k
 
ұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдDan41k
 
үш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаүш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаDan41k
 
Тұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдТұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдDan41k
 
саяси сана
саяси санасаяси сана
саяси санаDan41k
 
саясат
саясатсаясат
саясатDan41k
 
рк топырак
рк топыракрк топырак
рк топыракDan41k
 
пирамида
пирамидапирамида
пирамидаDan41k
 
параметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерпараметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерDan41k
 
олжас
олжасолжас
олжасDan41k
 
мен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдмен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдDan41k
 
мал азығы
мал азығымал азығы
мал азығыDan41k
 
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдлогарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдDan41k
 

More from Dan41k (20)

ата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмысата ана және қоғамдық жұмыс
ата ана және қоғамдық жұмыс
 
Атом физикасы слайд
Атом физикасы слайдАтом физикасы слайд
Атом физикасы слайд
 
1 мамыр
 1 мамыр 1 мамыр
1 мамыр
 
Адам психикасы
Адам психикасыАдам психикасы
Адам психикасы
 
Зейін слайд презентация
Зейін слайд презентацияЗейін слайд презентация
Зейін слайд презентация
 
Иоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайдИоганн Себастьян Бах слайд
Иоганн Себастьян Бах слайд
 
Электр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайдЭлектр ток көздері. ом заңы слайд
Электр ток көздері. ом заңы слайд
 
хх ғасырдың
хх ғасырдың хх ғасырдың
хх ғасырдың
 
ұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайдұлы отан соғысының басталуы слайд
ұлы отан соғысының басталуы слайд
 
үш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теоремаүш перпендикуляр туралы теорема
үш перпендикуляр туралы теорема
 
Тұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайдТұсау кесу слайд
Тұсау кесу слайд
 
саяси сана
саяси санасаяси сана
саяси сана
 
саясат
саясатсаясат
саясат
 
рк топырак
рк топыракрк топырак
рк топырак
 
пирамида
пирамидапирамида
пирамида
 
параметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулерпараметрі бар тендеулер
параметрі бар тендеулер
 
олжас
олжасолжас
олжас
 
мен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайдмен және менің құқықтарым слайд
мен және менің құқықтарым слайд
 
мал азығы
мал азығымал азығы
мал азығы
 
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайдлогарифмдік теңдеулерді шешу слайд
логарифмдік теңдеулерді шешу слайд
 

ресей

  • 2. й - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. Ресейдің мәдениеті дүниедегі ең ұлы мәдениеттердің бірі, жетістіктері орасан кӛп. Саяси жағынан Ресей — ықпалы зор мемлекет, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен ӛсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары ӛсу қарқындарының бірі. Орасан зор табиғи байлықтары, қуатты қарулы күштері мен білім деңгейі ӛте жоғары халқы — Ресей қуатының кепілі.
  • 3. Экономикалық-географиялық жағдайы Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен , оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен , Монғолиямен , Қазақстанмен , Әзірбайжанмен , оңтүстік-батыста – Украинамен , батыста – Финляндиямен , Беларусьпен , Эстониямен , Латвиямен , Норвегиямен шектеседі.
  • 4. Әкімшілік-аумақтық құрылымы Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер кіреді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.
  • 5. 21 республика 46 облыс 9 өлке 2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург) 1 дербес облыс 4 дербес округ
  • 6. Табиғат жағдайлары Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының ӛте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің кӛпшілік бӛлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын ӛркендетуді, ӛзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және кӛпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
  • 7. Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шӛлейт және шӛл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, ӛнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына ӛзіндік ықпалын тигізеді.
  • 8. Табиғат ресурстары Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы ӛте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%-дан астамы ӛндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, ӛзендердің су-энергетикалық қоры жӛнінен 1-орынды, ал ӛңделетін жер үлесі жӛнінен 3-орынды иеленеді.
  • 9. Минералдық ресурстары Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, кӛмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат ӛндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады.
  • 10. Жер ресурстары Жер ресурстарының жалпы қоры жӛнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік кӛрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді. Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 бӛлігі тиесілі. Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шӛлейттену процесіне ұшырауда.
  • 11. Агроклиматтық ресурстары Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік ӛркендетуге мүмкіндік береді. Кӛпшілік бӛлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бӛлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады. Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қарабидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір кӛкӛніс түрлерін, малазықтық дақылдарды ӛсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бӛлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды кӛбірек қажет ететін кӛкӛністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдар да ӛсіріледі.
  • 12. Орман ресурстары Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл кӛрсеткіш бойынша Ресей кӛшбасшы болып тұр. Ең кӛп таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының кӛп бӛлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштары да басым. Ормандардың кӛпшілігі елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған. Ормандар аумағының қысқаруына ӛрттің шығуы жиі себепші болуда. Әсіресе орман ӛрттері Ресейдің азиялық бӛлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі байқалады.
  • 13. Су ресурстары Ресей жері су ресурстарына да ӛте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса ӛзен, 2 млн-ға жуық кӛл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы ӛзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл кӛрсеткіш оның барлық бӛлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның ӛзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы кӛрсеткіштен 100 есе тӛмен. Ресейдің ең ұзын ӛзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бӛгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бӛгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған. Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс Еуропалық бӛліктегі артезиан алаптарына тән. Суды пайдалануда ӛндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін 20%, суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы үшін 2%, ал қалған 6% басқа қажеттіліктер үшін жұмсалады. Ресей ӛзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме жүзуге жарамды жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады. Ресей ӛзендерінің энергетикалық әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі су- энергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бӛліктегі үлесі 20%, ал Азиялық бӛлікте 80%-дан асады.
  • 14. Биологиялық ресурстары Ресейдің ормандары, ӛзендері мен кӛлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей ӛзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың кӛптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
  • 15. Рекреациялық ресурстары Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи- рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, ӛзен, кӛл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар ӛте кӛп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера кӛлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің кӛптеген бӛліктері кіреді. Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бӛлігінде кӛбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы ӛте жоғары.
  • 16. Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар:  ресурстар қоры ӛте мол және алуан түрлі;  ресурстар ӛз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;  ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым кӛпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;  жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.
  • 17. Халқы Ресей Федерациясы халқының саны 144 млн адамды құрайды. Бұл кӛрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9- орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді.
  • 18. Халқының ұлттық құрамы Ресей кӛп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың ӛкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жӛнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың кӛпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым. Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша кӛңіл бӛлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы ӛсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді
  • 19. Орналасуы Елдің әртүрлі бӛліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа кӛрсеткіші 1 км2-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе тӛмен. Ресей аумағының 1/4 бӛлігін ғана алып жатқан еуропалық бӛлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км2 аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бӛлігін (3/4) камтитын азиялық бӛліктің үлесіне барлық халықтың 21 %-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км2-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.
  • 20. Ресейдегі халық тығыздығы:  Солтүстік -4 адам/км²  Солтүстік-Батыс - 39адам/км²  Орталық- 60адам/км²  Волга-Вятка - 31адам/км²  Орталық қара топырақты- 46 адам/км²  Волга бойы- 31адам/км²  Солтүстік Кавказ- 49адам/км²  Орал- 24,5адам/км²  Батыс Сібір- 6адам/км²  Шығыс Сібір- 2адам/км²  Қиыр Шығыс- 1адам/км²  Калининград облысы- 62,5адам/км²  Ресей, орта есеппен- 8,5адам/км²
  • 21. Халық тығыздығы Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл кӛрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бӛліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бӛліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.
  • 22. Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бӛлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%- ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды ӛндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және кӛптттілік аумақта ӛте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік- экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.
  • 23. Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы ӛркендеген аудандарда кӛбірек. Кӛлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан тӛмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар ӛлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.
  • 24. Ірі қалалары Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бӛлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі кӛптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік ӛмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бӛлігі шоғырланған.
  • 25. Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан. Мәскеу халық саны жӛнінен Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық кӛрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922— 1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді
  • 26. Шаруашылығы және ӛнеркәсібі Ресей Федерациясы — ӛтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның ӛзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне ӛтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да ӛзгерістер енгізілді.
  • 27. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Ӛйткені ауыл шаруашылығы материалдық ӛндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ ӛнеркәсіптің кӛптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та ӛндіреді. Сонымен қатар ӛндірілген ӛнімдерді дер шағында сапалы ӛңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың кӛптеген салаларымен тығыз қарым- қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроӛнеркәсіптік кешендер қалыптасады
  • 28. Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: ӛсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық ӛнімдерінің үлесі жӛнінен ӛсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы ӛнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы ӛнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының ӛнімдерінің үлес салмағы тӛмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше ӛркендету.
  • 29. Ӛсімдік шаруашылығы Ресейдің ӛсімдік шаруашылығының басты құрамдас бӛліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, кӛкӛніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар ӛсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай ӛсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
  • 30. Мал шаруашылығы Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара ӛсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының ӛркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының ӛз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.