SlideShare a Scribd company logo
1 of 1
Дүниеге әйел заты болып келген соң
                           еркек құшағын аңсайды екенсің

   Өмірге келген бар әйел затының арманы күйеуге тиіп, дүниеге бала алып келу болар. Ал ол
арманының орындалмайтынын білетін адамдардың ішкі дүниесіне үңіліп жатқандар шамалы.
Өз басына түспеген адамдар ол жағдайдың байыбына бара бермейді. Сондықтан да оларға
оңай. Біреулер «асырап ала салмайсың ба немесе соған да ренжисің ба күйеуге тиіп, туып
жатқандардың да қуанып жатқандары шамалы. Оны күтіп-бағады, асырап-киіндіреді, өскенде
қайыр күтеді. Ол балада сана болса парызын өтейді, ақылы болмаса қарамай да тастап кетеді»
деп өмірде болған оқиғаларды айтады. Екіншілер «осы күніңе де шүкір де қол-аяғы, көзі жоқ,
құлағы естімейтін, мылқау адамдар да бар ғой, ішіндегісін сыртқа айтып, түсіндіре алмайтын
деп те жұбататындар бар. Шынында соларға қарап тәубама келгендей боламын. Бірақ пенде
болып жаратылған соң армандамай қалай тұрасың. Менің кемшілігім бойымның
қысқалығында болып тұр. Лилепудтар қатарына жатамын.
    Арманым көп. Бірақ орындалмайтынын білемін. Анамның ішінде жатқанымда, әкем ішіп
келіп көп ұрады екен. Менің осы халімнің кесірі содан деп де ойлаймын. Туылғанда
білінбепті. Өсе келе байқаған әке-шешем қолдың қысқалығынан алысқа апарып емдете алмай
уақыт өткізіп алыпты. Кейін өзім зерттеп білсем бұл мүгедектіктен дер кезінде емделсе
жазылып, кетуге бойды қалыпты адамның бойымен теңестіруге мүмкіншілік бар екен.
Өскенде осы жағдайды біліп қатты қайғырдым. Арақ пен ақшаның жетіспеушілігінен
қаншама адам ауырып, өліп те кетті десеңші...
     Қазір жасым жиырма тоғызда. Мен оқыған мүгедектерге арналған интернатта жатқан
адамдардың, қайғылары бір болған соң бір-бірін жақсы түсінеді. Ал сыртқа шықсам басқа
жұрт маған үрке қарайды, туысқандарым қасына алып жүруге ұялары, балалар мазақтайды.
Сол кезде көшеде естімегенсіп жүрген сияқты боламын да, ашуымды үйге келіп анамнан
аламын. «Мені неге емдетпедіңдер» деп жылаймын. Бейшара анам өкінетінін айтып,
жұбатады. Сыртқа шыққым келмейді. Киім аларда қиналамын, автобусқа мінерде биік болса
әбіржимін.
    Күндізгі уақытта адамдар болғасын білінбей уақыт өтеді, ал түн маған ауыр. Таңға дейін
аунап шағамын. Жалғыздық жаныма батады. Еркек құшағын аңсаймын. Бірақ мендей
адаммен ешкімнің де болғысы келмейтінін білемін. Мені ұятсыз деп отырған да
шығарсыздар. Бірақ бұл табиғаттың заңы емес пе? Еркек пен әйел жұптасып өмір сүру үшін
жаралған ғой.
     Мен теледидардан, кітаптан еркек пен әйелдің байланысын оқығанды жақсы көремін.
Бірақ сол оқиғалар өзімнің басымнан өтпейтініне қынжыламын. Мен үшін саябақта
жігітіңмен қол ұстасып қыдырғанның өзі бір ғанибет. Сіңілдерімнің таныстарымен телефон
арқылы сөйлесіп, танысып, араласып тұрамын. Бірақ олар менің жағдайымды білмейді. Бір
жігітпен жылдан аса сырласып жүріп кездесуге барғанмын. «Мені көріп түсінер, дос болып
қалармыз» деп ойладым. Ол теріс айналып кетті, одан кейін қоңырау шалмайтын болды. Оған
бауыр басып қалған едім. Енді сөйлесіп жүрген жігіттермен кездесуге де қорқамын.
Араласпай кеткеннен гөрі алдаусырап сөйлесіп жүргенім артық. Қанша жігіт кездесуге
шақырады. Бойымның кесірінен бара алмаймын. Күйінемін, аңсаймын. Бала туғым келеді.
Туған перзентімнің болғанын қалаймын. Оларға еш ұрыспай жақсы тәрбие беретінімді
елестетемін. «Бірақ бала сүйіп ертеңгі күні бір жері мүгедек болып, мен құсап өмір бақи
жылап өте ме» деп қорқамын. Адамдармен араласқым, көңіл көтергім келеді. Жігіттермен
кездескім келеді. Ниетімді түсінетіндер де, түсінбейтіндер де бар. Жаным жабырқау, өмірім
күмәнді. Менің басымдағы қара бұлт сейіле ме екен ...
                                                                                  Мұңлық.

More Related Content

Featured

Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 

Featured (20)

PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
Unlocking the Power of ChatGPT and AI in Testing - A Real-World Look, present...
 
12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work12 Ways to Increase Your Influence at Work
12 Ways to Increase Your Influence at Work
 
ChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slidesChatGPT webinar slides
ChatGPT webinar slides
 
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike RoutesMore than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
More than Just Lines on a Map: Best Practices for U.S Bike Routes
 
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
 
Barbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy PresentationBarbie - Brand Strategy Presentation
Barbie - Brand Strategy Presentation
 

документ Rtf2222

  • 1. Дүниеге әйел заты болып келген соң еркек құшағын аңсайды екенсің Өмірге келген бар әйел затының арманы күйеуге тиіп, дүниеге бала алып келу болар. Ал ол арманының орындалмайтынын білетін адамдардың ішкі дүниесіне үңіліп жатқандар шамалы. Өз басына түспеген адамдар ол жағдайдың байыбына бара бермейді. Сондықтан да оларға оңай. Біреулер «асырап ала салмайсың ба немесе соған да ренжисің ба күйеуге тиіп, туып жатқандардың да қуанып жатқандары шамалы. Оны күтіп-бағады, асырап-киіндіреді, өскенде қайыр күтеді. Ол балада сана болса парызын өтейді, ақылы болмаса қарамай да тастап кетеді» деп өмірде болған оқиғаларды айтады. Екіншілер «осы күніңе де шүкір де қол-аяғы, көзі жоқ, құлағы естімейтін, мылқау адамдар да бар ғой, ішіндегісін сыртқа айтып, түсіндіре алмайтын деп те жұбататындар бар. Шынында соларға қарап тәубама келгендей боламын. Бірақ пенде болып жаратылған соң армандамай қалай тұрасың. Менің кемшілігім бойымның қысқалығында болып тұр. Лилепудтар қатарына жатамын. Арманым көп. Бірақ орындалмайтынын білемін. Анамның ішінде жатқанымда, әкем ішіп келіп көп ұрады екен. Менің осы халімнің кесірі содан деп де ойлаймын. Туылғанда білінбепті. Өсе келе байқаған әке-шешем қолдың қысқалығынан алысқа апарып емдете алмай уақыт өткізіп алыпты. Кейін өзім зерттеп білсем бұл мүгедектіктен дер кезінде емделсе жазылып, кетуге бойды қалыпты адамның бойымен теңестіруге мүмкіншілік бар екен. Өскенде осы жағдайды біліп қатты қайғырдым. Арақ пен ақшаның жетіспеушілігінен қаншама адам ауырып, өліп те кетті десеңші... Қазір жасым жиырма тоғызда. Мен оқыған мүгедектерге арналған интернатта жатқан адамдардың, қайғылары бір болған соң бір-бірін жақсы түсінеді. Ал сыртқа шықсам басқа жұрт маған үрке қарайды, туысқандарым қасына алып жүруге ұялары, балалар мазақтайды. Сол кезде көшеде естімегенсіп жүрген сияқты боламын да, ашуымды үйге келіп анамнан аламын. «Мені неге емдетпедіңдер» деп жылаймын. Бейшара анам өкінетінін айтып, жұбатады. Сыртқа шыққым келмейді. Киім аларда қиналамын, автобусқа мінерде биік болса әбіржимін. Күндізгі уақытта адамдар болғасын білінбей уақыт өтеді, ал түн маған ауыр. Таңға дейін аунап шағамын. Жалғыздық жаныма батады. Еркек құшағын аңсаймын. Бірақ мендей адаммен ешкімнің де болғысы келмейтінін білемін. Мені ұятсыз деп отырған да шығарсыздар. Бірақ бұл табиғаттың заңы емес пе? Еркек пен әйел жұптасып өмір сүру үшін жаралған ғой. Мен теледидардан, кітаптан еркек пен әйелдің байланысын оқығанды жақсы көремін. Бірақ сол оқиғалар өзімнің басымнан өтпейтініне қынжыламын. Мен үшін саябақта жігітіңмен қол ұстасып қыдырғанның өзі бір ғанибет. Сіңілдерімнің таныстарымен телефон арқылы сөйлесіп, танысып, араласып тұрамын. Бірақ олар менің жағдайымды білмейді. Бір жігітпен жылдан аса сырласып жүріп кездесуге барғанмын. «Мені көріп түсінер, дос болып қалармыз» деп ойладым. Ол теріс айналып кетті, одан кейін қоңырау шалмайтын болды. Оған бауыр басып қалған едім. Енді сөйлесіп жүрген жігіттермен кездесуге де қорқамын. Араласпай кеткеннен гөрі алдаусырап сөйлесіп жүргенім артық. Қанша жігіт кездесуге шақырады. Бойымның кесірінен бара алмаймын. Күйінемін, аңсаймын. Бала туғым келеді. Туған перзентімнің болғанын қалаймын. Оларға еш ұрыспай жақсы тәрбие беретінімді елестетемін. «Бірақ бала сүйіп ертеңгі күні бір жері мүгедек болып, мен құсап өмір бақи жылап өте ме» деп қорқамын. Адамдармен араласқым, көңіл көтергім келеді. Жігіттермен кездескім келеді. Ниетімді түсінетіндер де, түсінбейтіндер де бар. Жаным жабырқау, өмірім күмәнді. Менің басымдағы қара бұлт сейіле ме екен ... Мұңлық.