SlideShare a Scribd company logo
1 of 104
Download to read offline
МАЗМҰНЫ

СОТ АКТІЛЕРІ
ҮЗІНДІЛЕР Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

азаматтық жəне əкімшілік істер
жөніндегі қадағалау сот алқасының
қаулылары......................................................... 4
СОТ АКТІЛЕРІ
ҮЗІНДІЛЕР Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қылмыстық істер жөніндегі қадағалау
сот алқасының қаулылары............................... 7
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ

Тұрғын үй-жайға меншік құқығы туралы
даулар бойынша сот практикасына шолу....... 8
Соттардың 2009 жылы сот төрелігін жүзеге
асыруы бойынша жұмыстарының
қорытындысы туралы анықтама.................... 29
ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР-2009ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары.................................................... 40
Қазақстан Республикасының заңдары.......... 42
СОТ ПРАКТИКАСЫНА СІЛТЕМЕ

......................................................................... 49
СОДЕРЖАНИЕ

СУДЕБНЫЕ АКТЫ
ИЗВЛЕЧЕНИЯ Постановления надзорной

судебной коллегии по гражданским и
административным делам Верховного Суда
Республики Казахстан...................................... 51
СУДЕБНЫЕ АКТЫ
ИЗВЛЕЧЕНИЯ

Постановления надзорной
судебной коллегии по уголовным делам
Верховного Суда Республики Казахстан....... 59

АНАЛИЗ.ТОЛКОВАНИЕ.ВЫВОДЫ.

Обзор судебной практики по спорам о праве
собственности на жилое помещение............. 61
Об итогах работы судов по отправлению
правосудия в 2009 году.................................... 82

НОВОЕ В ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ

Указы Президента Республики Казахстан..... 93
Законы Республики Казахстан........................ 95

УКАЗАТЕЛЬ СУДЕБНОЙ ПРАКТИКИ

........................................................................ 102
ҮЗІНДІЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ
АЗАМАТТЫҚ ЖƏНЕ ƏКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНАН

Мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі мүліктің сату
құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі
болып табылады
(үзінді)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

қаулы №4гп-40-10
О. Алматы қаласы Салық департаментінің Əуезов ауданы бойынша басқармасының
салықтарды тексеру нəтижесі бойынша салық жəне бюджетке төленетін өзге де төлемдер мен
өсімпұл төлеу туралы хабарламасын заңсыз деп тану туралы сотқа арыз берген.
Алматы қаласының № 2 Əуезов аудандық сотының шешімімен арыз ішінара
қанағаттандырылған. О.-дан өндірілетін жеке табыс салығы (бұдан əрі-ЖТС) 288 722 теңгеге
дейін, өсімақы 94 093 теңгеге дейін төмендетілген,
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен сот шешімі
ЖТС мен өсімақыны төмендету туралы бөлігінде бұзылып, О.-ның талабын қанағаттандырусыз
қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын бұзу жəне бірінші сатыдағы сот шешімін
қалдыру туралы өтінішінде О., бірінші сатыдағы соттың «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының» есебін назарға алуы орынды, яғни жылжымайтын мүліктің нарықтық
бағасы оған меншік құқығы тіркелген күнге сəйкес дұрыс саналған деп көрсеткен.
Ал Салық басқармасы өтінішке қатысты пікірінде МТС салық заңнамасына сəйкес дұрыс
есептелген деп көрсетіп, өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды.
Азаматтық істің материалдарын зерттеп жəне өтініштің уəждерін талқылап, Жоғарғы
Соттың қадағалау алқасы төмендегідей тұжырым жасады.
АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сəйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау
тəртібімен бұзуға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы негіз
болып табылады.
Аталған іс бойынша апелляциялық саты заңды дұрыс түсіндірмеу нəтижесінде
материалдық құқықтың елеулі бұзылуына жол берген.
2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сəйкес,
кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі бағаның өсімі меншіктік табысқа жатады. Осы норманың 2тармағында мүлікті сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті сату
кезіндегі құн өсімінен алынған мүліктік табыс болып табылатыны белгіленген.
Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті сату құны мен бағалау құнының арасындағы оң
айырма құн өсімі болып табылады.
Салық басқармасының 2009 жылғы наурыздағы тексеру құжаттарына орай, сату-сатып алу шартына сəйкес, О. 2007 жылғы 22 маусымда үйін жер учаскесімен қоса 54 900 000
теңгеге сатқан.Аталған жылжымайтын мүлік оған «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын
мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-да тіркелген сату-сатып алу шарты, пайдалануға қабылдап
алу акті, жер учаскесіне меншік құқығы туралы акті негізінде тиесілі болған. «Алматыгорзем»
техникалық паспорттау департаментінің актісіне сəйкес, 2007 жылғы 22 маусым мерзіміндегі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 5 575 700 теңге, ал «Алматы қаласы бойынша
жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-ның жауабына орай, үйдің 2007 жылғы салық
салынатын құны 1 577 210 теңге, жер учаскесімен қоса алғанда үйдің жалпы құны 7 153 210
теңге болған.
Яғни Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сəйкес, О. 47 746 790 теңге мүліктік табыс алғандықтан МТС-4 774 679 теңге, өсімпұл-1 134 640 теңге төлеуі тиіс деп деп көрсетілген
хабарламада.

4
ҮЗІНДІЛЕР
Бірінші сатыдағы сот 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 180-бабының 3тармағына сүйеніп, салық басқармасының хабарламасы бір бөлігінде заңсыз, аталған нормаға
сəйкес, сатып алу құны болмаған кезде, сатылатын мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі
мүлікті сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.
«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-ның 2009 жылғы
маусымдағы жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебіне сəйкес, жер учаскесі бар аталған
үйдің 2007 жылғы ақпандағы нарықтық құны 52 012 784 теңге болған.Олай болса, өсім құны
54 900 000-52 012 784=2 887216 теңге, өсімпұл-94 093 теңге деген тұжырымға келген.
Апелляциялық сот сатысы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, іске 2001 жылғы 12
маусымдағы Салық кодексінің 166-бабын қолдану керек, сатып алу құны болмаған кезде мүлікті
сату құны мен бағалау құнының арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады, сондықтан
О.-ның арызы қанағаттандырылуға жатпайды деп жаңа шешім шығарған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес,
апелляциялық сот алқасының салықтық қатынастарға 2001 жылғы маусымдағы Салық кодексін қолдану туралы тұжырымы дұрыс.
Алайда апелляциялық сот алқасы мен салық органы өкілетті мемлекеттік орган белгілеген мүліктік салық құнын бағалау құны болып табылады деп негізсіз қорытынды жасаған.
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының
1)тармақшасына сəйкес, жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілеріне салық салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде
бағалау жүргізіледі.
Заңның 2-бабының 1-1) тармақшасына сəйкес, бағалау-бағалау объектісінің нарықтық
немесе өзге құнын анықтау. Осылайша, басқаша көрсетілмесе, бағалау объектісінің нарықтық
құны бағалау құны болып табылады.
Осыған байланысты, бірінші сатыдағы соттың мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі
мүлікті сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады деген
тұжырымымен келісу керек.
Осы айтылғандардың негізінде, АІЖК 398-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың
қадағалау сот алқасы апелляциялық сот сатысының қаулысын бұзып, бірінші сатыдағы сот
шешімін күшінде қалдырды

Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартын бұзу туралы арызын
қайтарып алу құқығына кепілдік беретін ЕК 57-бабын сақтамағандықтан,
осы бөліктегі сот актысы өзгертілуге жатады
(үзінді)
қаулы №4гп-25-10

5

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

А.«Халықтық банк» АҚ-ның филиалында кепілмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып істеген. Бөлім жұмысын дұрыс жолға қоймағаны үшін оған 2009 жылғы 4 наурыза филиал
директорының бұйрығымен қатаң сөгіс берілген, содан кейін іле-шала 5 сəуірдегі бұйрықпен
4 сəуірден бастап Еңбек кодексінің 57-бабының 1-тармағы бойынша (қызметкердің өз бастамасымен) жұмыстан шығарылған, бұйрықта өзінің арызы негізінде босатылды деп көрсетілген.
А. əкімшілік жазаға тартылуын жəне еңбек шартының бұзылуын заңсыз деп санап,
əкімшілік жазаға тартылу туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта алу, амалсыз жұмыста
болмаған уақытының жалақысын төлеу жəне моральдық зиян өндіру туралы сотқа қадағалау
шағымын берген.
Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен А.-ның талаптары ішінара
қанағаттандырылып, А.-ға қатаң сөгіс жариялау туралы бұйрық бұзылған. Қалған бөлігінде
шағымды қанағаттандырудан бас тартылған.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз
қалдырған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

ҮЗІНДІЛЕР
Іс материалдарын зерттеп, Жоғарғы Сот алқасы төмендегідей тұжырымға келді.
АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сəйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау
тəртібімен бұзуға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы негіз
болып табылады.
Егер сот қолданылуға жататын заң нормасын қолданбаса, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе қате қолданылған болып табылады.
Аталған еңбек дауын шешкен кезде сот сатылары талап арыздың жұмысқа қайта алдыру
жəне амалсыз жұмыста болмаған уақытының жалақысын төлеу туралы бөлігінде материалдық
құқық нормаларын елеулі бұзған.
Еңбек кодексінің (бұдан əрі- ЕК) 57-бабының 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес, қызметкер
жұмыс берушіні бір айдан кем емес уақыт бұрын жазбаша ескертіп, өз еркімен еңбек шартын
бұзуға құқылы, ал қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша еңбек шартын аталған
ескерту мерзімі бітпестен бұзуға болады.
Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағында ескерту мерзімі өткеннен кейін қызметкер еңбек
шартын бұзу туралы арызын жазбаша түрде қайтарып алуға құқылы екендігі қарастырылған.
Осы дау бойынша сот тараптар 2009 жылғы 16 наурызда еңбек шартын бұзу жəне соңғы
жұмыс күні болып 2009 жылғы сəуір саналатыны туралы өзара келісімге келгенін анықтаған.
Талапкер соңғы жұмыс күнінің екінші жартысында 14-15 сағат аралығында филиал
кеңсесіне өз еркімен жұмыстан босату туралы арызын қайтарып алу туралы арыз берген.
Осыған қарамастан, 5 сəуір(жексенбі) күнгі бұйрықпен еңбек шарты бұзылады.
Соттар 3 сəуірде берілген арызда арыз иесінің қолы жəне тұратын жері көрсетілмегендіктен оны жасырын деп санау туралы, сондай-ақ арыз бергенде талапкер банктің құжаттар
айналымы жəне хат-хабарлар туралы ережесін пайдаланбағаны, директорға арызды тікелей
тапсыру мүмкіндігі болғаны туралы жауапкердің уəждерімен келіскен.
Солай болғанмен, жоғарыда аталған заң нормасы еңбек шартын бұзу туралы арызды
қайтарып алу нысанына (тəртібіне) қандайда бір шектеу қоймайды.
Осы нақты жағдайда талапкер заң талаптарын негізінен орындаған, ескерту мерзімінің
ішінде, жазбаша түрде банктің кеңсесіне арыз тапсырған, оны кеңсе мөрмен растаған.Арызды
талапкер өз қолымен жазып, тегін жəне лауазымын көрсеткен.
Мұндай жағдайда арызда қол қойылмағаны жəне тұратын жері көрсетілмегені оны жасырын деп санауға негіз болмайды. Құжатқа қатысты күмəнді сұрақтар болса, жұмыс беруші
талапкерден анықтауы керек еді, ал оның орнына талапкердің дүйсенбі күні жұмысқа шығуын
күтпей, демалыс күні жұмыстан шығару туралы асығыс бұйрық шығарған.
Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартын бұзу туралы арызын қайтарып алу құқығына
кепілдік беретін ЕК 57-бабын сақтамағандықтан, осы бөліктегі сот актысы өзгертіліп, талапкерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы жаңа шешім шығарылуы керек.
ЕК 177-бабына сəйкес, жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуы тиіс. Заңның
осы бабы бойынша лажсыз жұмыста болмаған, алты айдан аспайтын мерзім үшін орташа
жалақы өндіріледі.
Ал талапкердің моральдық зиян өндіру туралы талабы қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені жауапкердің əрекеттерімен оған моральдық зиян келтірілгені іс құжаттарымен
дəлелденбейді. Сондай-ақ сот алқасы талапкердің өз еркімен жұмыстан кету туралы арызды
өз бастамасымен жазғанын жəне ескерту мерзімінің бітуіне санаулы уақыт қалғанда қайтарып
алғанын ескерді.
Осы айтылғандардың негізінде, АІЖК 9-398-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың
қадағалау сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін жəне апелляциялық сатыдағы сот қаулысын
ішінара өзгертіп, талапкер А.-ны бұрынғы бөлім бастығы лауазымына жұмысқа қайта қабылдау
жəне лажсыз жұмыста болмаған алты ай мерзім үшін зейнетақы қорына төлем мен міндетті
салықтық төлемді шегергенде 1 268 400 теңге өндіру туралы жаңа шешім қабылдады.Қалған
бөлігінде сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

6
ҮЗІНДІЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНАН

Сот істі қайта қарағанда қылмыстық іс жүргізу құқығын өрескел бұзып,
жазаны күшейту немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану
мəселесі қойылмаса да сотталғанның жазасын ауырлатқан
(үзінді)
қаулы №4уп-119-09

7

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

Қызылорда қалалық сотының үкімімен Е., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің
«б»тармағымен мүлкін тəркілеп, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы
режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Қызылорда облыстық соты қылмыстық істер
жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз, сотталған мен қорғаушының апелляциялық
шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қадағалау шағымында қорғаушы сотталған Е.-ге қатысты алдын ала тергеу біржақты, тек
айыптау бағытында жүргізілгенін, сот ол кемшіліктерді жоймағанын, сонымен қатар сот істі екінші рет қарағанда ҚІЖК-нің 423-3-бабының 3-бөлігінің талаптарын өрескел бұзып, сотталғанға
бұрынғыдан ауыр жаза тағайындағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот қаулыларын
бұзуды, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.
Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы іс материалдарын зерттеп, төмендегідей тұжырым
жасады.
Сотталған Е.-нің қылмысы сот талқылауы барысында өз дəлелін толық тапқан. Оның
əрекеттері қылмыстық заңмен дұрыс дəрежеленген.
Е. осы іс бойынша кінəлі болып танылған Ж.-мен алдын ала сөз байласып, өзінің көптен
араласып жүрген танысы П.-дан алаяқтық жолмен алдап ақша алуды көздеген. Өзін сол кездегі
Қызылорда ішкі істер департаменті бастығының əпкесімін деп сендіріп, ал Ж.-ны оның əйелі
деп таныстырып: «інім өз қызметінде қалуы үшін керек болып тұр, үлкен лауазымда істейтін
адам ғой, он күннің ішінде қайтарады» деп əуелі 3 600 000 теңге, соңынан 2 400 000 теңге алып,
жəбірленушіге алаяқтық жолмен 6 000 000 теңге зиян келтірген.
Сонымен қатар Е.-ге қатысты сот қаулылары мына негіздерге сəйкес өзгертілуге жатады.
Аталған қылмыстық іс бірінші сатылы сотта мəні бойынша қаралып, Е. ҚК-нің 177-бабы
3-бөлігі бойыша кінəлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Іс
сотталғандардың апелляциялық шағымдарына, прокурордың наразылығына сəйкес облыстық
сотта қаралып, үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жолданған.
Бірінші сатылы сот істі қайта қарап, Е.-ні ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі бойыша кінəлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттаған. Бірінші үкімнің күшін жоюда жазаны
күшейту немесе əлдеқайда ауыр қылмыс туралы заңды қолдану мəселесі қойлмаса да Е.ге бұрынғы жазадан ауыр жазаны заңсыз қолданған, сөйтіп ҚІЖК-нің 423-3-бабы 3-бөлігінің
2-тармағының талаптарын өрескел бұзған.
«Бас бостандығынан айырудың кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы нормативтік қаулысына сəйкес, үкім бұзылғаннан
кейін соттар істі жаңадан қараған кезде жаза тағайындаудың жалпы негіздерінен басқа, ҚІЖКнің 423-3, 469-баптарының талаптарын назарға алуы керек. Алдыңғы үкімнің жеңілдігіне
не əлдеқайда ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты бұзылған жəне
сотталушының əс-əрекеттері шын мəнісінде осы заң бойынша дəрежеленген жағдайларда ғана
жазаны күшейтуге жол беріледі.
Облыстық сот алқасы апелляциялық тəртіппен істі қарағанда заң талабы бұзылуына назар аудармай, сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жəне ҚІЖК-нің 467-бабы 6-бөлігінің 2-тармағын
басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы Қызылорда қалалық сотының
сотталған Е. жөніндегі үкімін, Қызылорда облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының
қаулысын өзгертіп, тағайындалған жазаны 5 (бес) жылға дейін төмендетуге, үкімнің қалған
бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті.
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙҒА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ДАУЛАР БОЙЫНША
СОТ ПРАКТИКАСЫНА ШОЛУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

Талап арыздарды қабылдау тəртібінің сақталуы
Тұрғын үй-жайларға меншік құқығы туралы даулар талап қою бойынша іс жүргізу тəртібімен
қаралады.
АІЖК-нің 33-бабына сəйкес, жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға,
жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті
тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік
орналасқан жер бойынша қойылады.
Заңның осы ережелері негізге алына отырып, тұрғын үйге меншік құқығы туралы талаптар
оның орналасқан жері бойынша қаралады. Осыған қарамастан, Г.-нің С.-ға тиесілі үйді иелену
мерзімінің ескіруіне байланысты меншік құқығын тану туралы С-ға жəне əділет департаментіне
қойған талап арызы соттың 16.01.2009 жылғы ұйғарымымен қозғалыссыз қалдырылған жəне
С.-нің Алматы қаласында тіркелмеуіне байланысты кері қайтарылған. Солай бола тұра, талап
арызда С.-нің мекен-жайы даулы үй орналасқан мекен-жай бойынша, яғни Алматы қаласы,
Комсомол көшесі “Н”-үй деп көрсетілген. Сот АІЖК-нің 33-бабының жылжымайтын мүлікке
меншік құқығы туралы талаптар оның орналасқан жері бойынша қойылады деген талабын
ескермеген.
АІЖК-нің 150-бабына сəйкес, талапкер жауапкердің тегін, атын жəне əкесінің
атын (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін талап арызында көрсетуге міндетті.
Сот практикасын зерделеу сатушылар Қазақстан Республикасынан не даулы тұрғын үйжай тұрған елді мекеннен тыс жерге кеткенде не қайтыс болғанда тұрғын үй-жайды сату-сатып
алу шарттарын жарамды деп тану туралы істер бойынша талап арыздарды қабылдау кезінде
соттардың көп жағдайларда қиындықтарға кез болатынын көрсетті.
Осы санаттағы істер бойынша жауапкерлердің тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін
көрсету бөлігінде біркелкі сот практикасы жоқ.
Көп жағдайда талап арыздарда жауапкерлердің мекен-жайлары мүліктің орналасқан
жері бойынша емес, олардың белгілі болған соңғы тұрғылықты жері, мысалы «Ресей», «Германия», «РФ» деп көрсетіледі (Ш.-нің үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы П.-ға
қойған талабында жауапкердің мекен-жайы «Ресей Федерациясы» деп, М.-нің мəмілені жарамды деп тану туралы П.-ға қойған талап арызында жауапкердің мекен-жайы «Германия» деп
көрсетілген). АІЖК-нің 150-бабына сəйкес, жауапкердің тұрғылықты жері (тұратын жері) талап
арызда көрсетілуге міндетті болғандықтан, тараптарға талап арызда жауапкердің бұрынғы белгілі мекен-жайын немесе оның мүлкінің орналасқан жерін көрсету үшін уақыт беріліп, аталған
талап арыздар қозғалыссыз қалдырылуға жатады.
АІЖК-нің 51-бабына сəйкес, сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы
сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап
қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтініші бойынша
тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Солай бола тұра, мəмілелерді жарамды деп тану туралы талап арыздарда қойылған талап бойынша жауап бере алмайтын жауапкерлердің көрінеу қате
көрсетілгеніне қарамастан соттар АІЖК-нің 51-бабының талаптарын əрдайым
орындап отырмайды.
Мысалы, С.-нің өзі мен О., Р. арасындағы мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында мəміле тарабы болып табылмаса да «Шардара ауданы əкімінің Аппараты» ММ жауапкер ретінде көрсетілген.
А. өзі 2000 жылғы 21 қаңтарда П.-дан сатып алған үйді сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану туралы талабында «Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы бөлімін» жауапкер ретінде көрсеткен.
Немесе, Ч. əкім мəміле тарабы болмаса да, сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану
туралы Есік қаласының əкіміне талап қойып сотқа жүгінген.
Ж. өзі мен оған пəтерді сатқаннан кейін 8 ай өткен соң қайтыс болған Е.-нің арасындағы
сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану туралы қойған талабында Масақ селолық округін
жауапкер ретінде көрсеткен. Т. мəмілені жарамды деп тану туралы қойған талабында үй 1998
жылы Е.-ден сатып алынса да Қаражота селолық округін жауапкер ретінде көрсеткен.

8
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

2-117

9

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

Соттар аталған істер бойынша мəмілені жарамды деп тану туралы қойылған талап
бойынша тек басқа тарап жауапкер болуы мүмкін болса да талапкерлерге тиісті емес
жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруды ұсынбаған.
Талаптардың істердің басқа санаттары бойынша да тиісті емес жауапкерлерге қойылу жағдайлары кездеседі, алайда соттар АІЖК-нің 51-бабының нормаларын
қолданбаған.
Л. бұрынғы күйеуі Г. қайтыс болғаннан кейін үйдің 1/2 бөлігіне өзінің меншік құқығын тану
туралы талап арызында ОҚО əділет басқармасын жауапкер ретінде көрсеткен. Оның ұлы М.
шешесі Л.-ге қарсы жазған қарсы талап арызында əділет басқармасын үшінші тарап ретінде көрсетіп, ол да қайтыс болған əкесінің үйінің жартысына өзінің меншік құқығын тануды
сұраған.
Аталған жағдайларда əділет басқармасы не жауапкер үшінші тарап бола алмайды,
өйткені бұл орган мүлікке меншік құқығын жəне олармен жасалатын мəмілелерді тіркеумен айналысады əрі коммуналдық меншікті басқаруға уəкілетті орган болып табылмайды. Бұған қоса,
шешесінің талап арызында жауапкер ретінде көрсетілмегендіктен Л.-дің талап арызы қарсы
талап арыз болып табылмайды.
Талапкердің ұлы М. қайтыс болған əкесіне тиесілі үйдің екінші бөлігінде тұрып жатқандықтан, өзінің мұраны қабылдауының заңдық фактісін анықтау туралы жеке арызбен сотқа жүгінуге
құқылы болатын.
АІЖК-нің 48-бабына сəйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар азаматтық процесте тараптар болып табылады. АІЖК-нің 32-бабының 3-тармағына сəйкес, «заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің
орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін». Алайда, мұндай істе жауапкер ретінде заңды
тұлғаның өзін көрсету керек.
Солай бола тұра, заңды тұлғалардың филиалдары тараптар ретінде көрсетілген істер де
бар. Ал іс матералдарында судьяның талапкердің келісімімен тиісті емес тарапты тиісті тараппен ауыстыруды ұсынғаны туралы мəлімет жоқ.
Мысалы, А. мүлікті «Казавтодор» РМК Ақсу филиалынан бөтеннің заңсыз иелігінен алу
туралы талап қойған. Осы іс бойынша заңды тұлғаның өзі - «Казавтодор» РМК жауапкер ретінде көрсетілуге тиіс еді.
Қаратал аудандық қазынашылық басқармасының пəтерді жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызында Н. жауапкер ретінде көрсетілген. Ал шын мəнісінде, талап арыздың мазмұнына қарағанда, оған қоса тіркелген жекешелендіру шартынан пəтерді Н.
емес, оның күйеуі О.-ның (істің 5 жəне 41-парақтары) жекешелендіріп алғанын көруге болады,
алайда ол жауапкер ретінде көрсетілмеген. Бұған қоса, аудандық қазынашылық басқармасы
заңды тұлға-облыстық қазынашылық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады жəне іс бойынша тарап бола алмайды. Талап арызда жəне оған қоса тіркелген құжаттарда
аудандық қазынашылық басқармасының талап қою жөніндегі өкілеттіктері жазылмаған.
АІЖК-нің 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес, жеке тұлға немесе жұмыс
істейтін заңды тұлға жауапкер ретінде көрсетіледі.
Солай бола тұра, кейбір жағдайларда талап арыздарда қайтыс болған адамдар
жауапкер ретінде көрсетіледі.
Мысалы, К.-нің мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында 03.03.2008 жылы
қайтыс болған А. жауапкер ретінде көрсетілген. Мұндай талап арыз қозғалыссыз қалдырылып,
қайтыс болған адамға талап қойылмайтындықтан талапкерге тиісті емес жауапкерді тиісті
жауапкермен ауыстыру үшін мерзім берілуі қажет еді. АК-нің 13-бабының 2-тармағына сəйкес,
азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Істерді зерделеу барысында талап арыздарда жауапкердің мүлдем
көрсетілмейтіні немесе оның мекен-жайы көрсетілмейтіні анықталған жағдайлар да
кездесті.
Мысалы, «Қарағанды қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы
талап арызында жауапкер тіпті көрсетілмеген. Оның орнына «Қарағанды облысы қалалық ішкі
істер басқармасының мəліметтері бойынша табылған жоқ» деп жазылған.
Немесе, Р.-дің өз бетімен салған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап арызында
жауапкер көрсетілмеген, ал Астана қаласының Алматы ауданының əкімдігі мүдделі тұлға ретінде көрсетілген. Т.-нің үйге меншік құқығын тану туралы талабында, М.-нің мəмілені жарамды
деп тану туралы талап арызында тап осылай жауапкерлер көрсетілмеген.
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.
Талап арыздардың мəліметтері өзінің мазмұны бойынша АІЖК-нің 150-бабының талаптарына жауап бермейді жəне талапкерлерге кемшіліктерді түзеу жөнінде мерзім беріле отырып
қозғалыссыз қалдыруға жатады.
Г.-нің өзінің тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызында да жауапкер
көрсетілмеген, ал Əділет департаменті жəне Жер қатынастары бөлімі үшінші тарап ретінде
көрсетілген. Соттың осы талап арызды қабылдау, істі дайындау жəне қарауға тағайындау туралы ұйғарымдарында, сондай-ақ шешімде Көкшетау қалалық əкімдігінің істі қарауға қатысқан
өкілі жауапкер ретінде көрсетілген, алайда іс материалдарында əкімдіктің жауапкер ретінде
тартылғаны туралы не іс жүргізу құжаттары не өзге де құжаттар жоқ болып шықты.
Д.-нің пəтерді жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы А.-ға қойған қарсы талап арызында шартты берген жəне оған қол қойған орган жазылмаған. Жекешелендіру шарты
екі тарап арасында жасалатындықтан мəміленің екі тарабы да жауапкер ретінде көрсетілуге
тиіс болатын.
М.-нің жер учаскесі бар тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызында
26.01.2009 жылғы ұйғарыммен мүліктік емес сипаттағы талаптан мемлекеттік баж дұрыс
төленбегендіктен қозғалыссыз қалдырылуы негізді болып табылады. Алайда судья талап
арызда жауапкердің көрсетілмегеніне назар аудармаған.

Сот ісін жүргізу тілі туралы
Соттың М.-нің талап арызын қабылдау туралы ұйғарымында сот ісін жүргізу тілі
көрсетілмеген. Істің орыс тілінде қаралатыны туралы істі тыңдауға тағайындау туралы
ұйғарымда жазылған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары судьяларының сот ісін жүргізу
тілін анықтауы жөнінде де тап осындай практика байқалады (Б.-нің мəмілені жасалды деп тану
туралы Р.-ға қойған талабы жəне т.б.). Т.-нің П.-ға қойған талабы бойынша ұйғарымдардың
бірде-бірінде (қабылдап алу, дайындау, тағайындау туралы) сот ісін жүргізу тілінің мəселесі
шешілмеген.
Міне, осылайша, судьялар сот ісін жүргізу тілін кейбір істер бойынша талап арызды
қабылдап алу туралы ұйғарымдарда емес, істі тыңдауға тағайындау туралы ұйғарымдарда
белгілейді не сот ісін жүргізу туралы мəселені мүлдем шешпейді. АІЖК-нің 14-бабының 2бөлігінің мағынасы бойынша барлық қалған сот құжаттары жəне іс жүргізу əрекеттері талапты қабылдау кезінде белгіленген тілде жүргізілетіндіктен сот ісін жүргізу тілі талап арызды
қабылдау кезінде анықталады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

Талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру жəне
талап арыздарды кері қайтару
АІЖК-нің 155-бабына сəйкес, талап арыз АІЖК-нің 150-бабына жəне 151-бабының 1)-3)
тармақшасына сəйкес келмеген жағдайда судья арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым
шығарады, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды жəне оған кемшіліктерді жою
үшін уақыт береді.
Талап арыздың мазмұны АІЖК-нің 150-бабының 2-тармағының 1)-8) тармақшаларының
талаптарына сəйкес келуге тиіс, сондай-ақ талап арыздың көшірмелері жауапкерлердің жəне
үшінші тараптардың санына қарай (АІЖК-нің 151-бабының 1) тармақшасы); мемлекеттік баждың
төленгенін растайтын құжат (АІЖК-нің 151-бабының 2) тармақшасы) жəне өкілдің өкілеттігін
растайтын өзге құжат (АІЖК-нің 151-бабының 3) тармақшасы) қоса тіркелуі қажет.
Сот істерін зерделеу судьялардың заңның осы нормаларын кеңінен түсіндіруге жол беретінін жəне талап арыздарды қозғалыссыз қалдыратынын, содан кейін оларды талапкерлерге
заңда көрсетілмеген негіздер бойынша қайтарып беретінін байқатты. Мысалы, Н.-ның, К.-нің
жəне К.-нің Алматы қаласындағы 4 бөлмелі ортақ пəтерді бөлу туралы К.-ге талап арызында:
1) арыз беріліп отырған соттың атауы,
2) талапкерлердің атауы, олардың тұрғылықты жері, салық төлеушілердің тіркеу
нөмірлері;
3) жауапкердің тегі, аты, əкесінің аты, оның тұрғылықты жері, салық төлеушілердің тіркеу
нөмірлері;

10
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

11

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

4) талапкерлердің құқықтарының бұзылуының мəні жəне олардың талап арыздары көрсетілген (əкесі мен шешесі ажырасқан, шешесі өздері бірлесіп жинаған мүлікті –
автомобильдің құнының жартысын өзіне бөліп беру жолымен бөлуді сұрайды, шешесі балаларымен бірге соттан өздеріне пəтердің үш шағын бөлмесін бөліп беруді, балалардың əкесіне,
яғни өзінің күйеуіне отбасына жекешелендіріліп берілген төрт бөлмелі пəтердің төрттен бір
бөлігін, яғни көлемі 17,2 шаршы метрді құрайтын бір бөлмесін бөліп беруді сұрайды).
Бұған қоса, талапкерлер ас үйді, дəлізді, қойма бөлмесін, дəретхананы, жуынатын
бөлмені жəне т.б. ортақтасып пайдалануға қалдырған. Бөлмелердің аумағы мен орналасу реті
көрсетілген пəтер жоспары талапқа қоса тіркелген.
Пəтер мен автомобильдің бағасын талапкерлер белгілеген, талап бағасы көрсетілген,
бөлуге жататын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар жəне жауапкер үшін талап арыздың көшірмесі
қоса тіркелген. Талап арызға талапкерлердің өздері қол қойған, талап сомасының 1 пайызы
мөлшерінде мемлекеттік баж төленген, талапкерлер өкілдерсіз өздері əрекет жасаған.
Міне осылайша, талап арыздың мазмұны АІЖК-нің 150-бабының талабына толығымен
сəйкес келеді.
Демек, судья үшін тек талаптың мəнін анықтау ғана қалады, мұның өзі АІЖК-нің 166-бабына сəйкес, істі сотта қарауға дайындау барысында жүзеге асырылады. Алайда, судья осы
талап арызды 12.01.2009 жылғы ұйғарыммен, сөзбе-сөз келтіретін болсақ: «талап арыздың
мəтінінде, сондай-ақ оған қоса берілген қосымшада пəтерді осылай бөлудің мүмкіндігі
туралы, демек тұрғын үйдің бөлек есіктен кіретін бөлігінің бар екендігі көрсетілмеген,
осы бөліктің санитарлық норма ескеріле отырып адамның тұруына лайықталғаны
туралы дəлелдемесі де жоқ» деген себеппен қозғалыссыз қалдырған.
Яғни, судья талап арызды қозғалыссыз қалдырған жəне пəтерді бөлудің мүмкіндігі туралы құжаттардың ұсынылмауына байланысты ғана оны талапкерлерге кері қайтарған.
Солай бола тұра, талаптардың дəлелдерін растайтын тиісті құжаттардың талап арызға
қоса міндетті түрде тіркелуге тиіс екендігі АІЖК-нің 151-бабының 4) тармақшасында көрсетілген
жəне АІЖК-нің 155-бабына сəйкес, бұл талап арызды қозғалыссыз қалдыру негіздемелерінің
тізбесіне енбейді. Мұндай құжаттарды талапкер істі тыңдау барысында ұсына алатын еді.
Қойылған талаптардың дəлелденбеуі талапты қозғалыссыз қалдыру үшін емес, талаптан бас
тарту үшін негіз болып табылады.
А.-ның мəмілені жарамды деп тану туралы К.-ге қойған талап арызын судья қозғалыссыз
қалдырып, оны 9140 теңге мемлекеттік баж Петровка селосындағы Корнеев көшесіндегі
пəтерді бағалау бойынша есептелгеніне байланысты кері қайтарған. Талапкер болса Корнеев көшесіндегі пəтерге қатысты мəмілені жасалған деп тануды сұраған. Корнеев көшесіндегі
пəтердің нөмірі өзгертілуі туралы дəлелдеменің ұсынылмауы жəне К.-нің атына пəтерге құқық
белгілеуші құжаттың ұсынылмауы да талап арыздың кері қайтарылуына себеп болған.
Солай бола тұра, Петров селолық округі əкімдігінің 06.10.2008 жылы берілген № 760/111 анықтамасы талап арызға қоса тіркелген. Осы құжатта əкімдіктің қаулысымен Корнеев
көшесіндегі пəтердің нөмірінің Корнеев көшесіндегі 2-үйдің № 1 пəтері болып өзгертілгені туралы жазылған. Міне, осылайша, талапкер мемлекеттік бажды дұрыс төлеген. Ал даулы пəтердің
жауапкерге тиесілі екендігі туралы дəлелдемелердің ұсынылмағанына келетін болсақ, осы мəнжай талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіз болып табылмайды. Осы мəн-жай істі мəні
бойынша қарауға дейін анықталуы керек болатын. Оның үстіне техникалық паспорт, пəтерді
жекешелендіру шарты жəне жер учаскесінің К.-нің атына берілгені туралы акт талап арызға
қоса тіркелген болып шықты. А. кейіннен сотқа қайтадан жүгінген кезде əділет басқармасының
К.-нің аталған пəтерге меншік құқығының тіркелгені туралы анықтамасы ұсынылған.
Г.-нің мəмілені жарамсыз деп тану туралы К.-ге, Ж.-ге, Е.-ге қойған талап арызында
талапкердің тіркелген орны көрсетілмеуіне (талап арызда Мамлют ауданы, Чистое селосы деген мекен-жай көрсетілсе де), сондай-ақ мемлекеттік баждың мүліктік емес сипаттағы
талаптағыдай төленгеніне байланысты осы талап арыз судьяның ұйғарымымен қозғалыссыз
қалдырылған. 11.11.2008 жылы талап арыз кері қайтарылған. Осы ұйғарымға талапкер əйел
жеке шағым берген. Осы талап арызда оның нақтылы тұратын мекен-жайы көрсетілгені, ал
ол меншік құқығын дауламайтындықтан мемлекеттік бажды мүліктік емес сипаттағы талаптан
алынатындай мөлшерде төлегені айтылған. Ол өзінің меншік құқығы дау тудырмайды, өздері
некеге тұрған кезде сатып алған үй мен жер учаскесін Г. өзінің келісімінсіз сатты деп есептейді.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының 18.12.2008 жылғы қаулысымен бірінші
сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, талап арыз өндіріске қабылдану сəтінен бастап
қарау үшін сотқа жіберілген.
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.
Немесе, 30.01.2009 жылы Е. үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп тану жəне өзінің
меншік құқығын тану туралы Т.-ға жəне Оңтүстік Қазақстан облысының əділет басқармасына талап қойып сотқа жүгінген. Талапкер əйел мен жауапкердің арасындағы мəміленің жасалғанына
дəлел ретінде талап арызға Т.-нің үйдің оған 500 000 теңгеге сатылғаны туралы қолхаты
мен талапкер əйелдің осы үйде тұратыны туралы жəне барлық салықтар мен коммуналдық
төлемдердің төленгені туралы анықтамалар қоса тіркелген.
Мемлекеттік баж 3000 теңге көлемінде төленген.
Судьяның 09.01.2009 жылғы ұйғарымымен талап арыз мемлекеттік баждың үй құнының 1
пайызы мөлшерінде төленгенінен байланысты қозғалыссыз қалдырылған. Кейін талапкер əйел
тағы 2000 теңге төлеген. Соған қарамастан талап арыз кемшіліктер түзетілмеді деген себеппен
кері қайтарылған. Осы ретте, іс материалдарында даулы тұрғын үйдің сотқа талап қойылған
сəттегі құны туралы мəлімет жоқ. Осыған байланысты талап арызды қозғалыссыз қалдырып,
кері қайтарған кезде судьяның қандай соманы негізге алғаны түсініксіз. Кейіннен талапкер əйел
тағы 5000 теңге төлеген, бірақ соңынан оның екінші топтағы мүгедек екені анықталған жəне
мемлекеттік бажды төлеуден босатылған. Осыған байланысты оған 10 000 теңгені төлегені
туралы түбіртектерінің түпнұсқалары қайтарылып берілген, талап арыз соттың өндірісіне
қабылданған, алайда судьяның талапты қабылдау кезінде жөнсіз əуре-сарсаңға салуға жол
бергені анықталды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

Істерді сотта қарауға дайындау
Сот практикасына жасалған талдау көп жағдайларда істі сотта қарауға дайындау формальды жүргізілетінін көрсетіп берді. Судьялар істің дəлеледемелерді барынша толық əрі объективті қарауды қамтамасыз ететін осы сатысын жете бағаламайтынын байқатты.
Кейбір істер бойынша талап арыздардың көшірмелерінің жауапкерге тапсырылғаны туралы мəліметтер жоқ. Солай бола тұра, талап арыздың көшірмесі, ал қажет болған жағдайларда
– оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелері өзіне тапсырылған жағдайларда ғана жауапкер өзінің құқықтарын толық көлемінде пайдалана алады. «Қазақстан Республикасының
қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу жəне Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, судья жауапкерге талап арызға
пікір білдіруді ұсынбайды, керісінше міндеттейді. Ал АІЖК-ге енгізілген жаңа 169-1-бап талап
арызға пікірдің мазмұнын реттейді. Демек, судья талап арыздың көшірмесін оған қоса тіркелген
құжаттардың көшірмелерімен бірге жауапкерге жіберуге жəне жауапкерге белгіленген мерзімде
оған пікір білдіруді міндеттеуге тиіс.
Кейбір істердің материалдарынан істерді сотта қарауға дайындықтың мүлдем
жүргізілмейтінін байқауға болады. Мысалы, Ф. мен П.-нің ортақ пəтердегі үлесті бөлу туралы А.ға қойған талабы бойынша істі дайындау туралы ұйғарымда тыңдау үшін тараптарды шақыру
жəне арыздар мен басқа да құжаттардың көшірмелерін тапсыру, тараптарды тыңдау, талапкердің
өкіліне талап арызда көрсетілген мəн-жайларды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын жəне
жауапкердің қолында жоқ құжаттарды сотқа ұсынуды тапсыру, олардың АІЖК-нің 47, 25-баптарында, 49-бабының 1-бөлігінде, 156, 240-баптарында қарастырылған іс жүргізу құқықтарын
түсіндіру туралы көрсетілген. Одан əрі ұйғарымда АІЖК-нің аталған баптарының мазмұны жанжақтылы баяндалған. Алайда іс материалдарын зерделеу кезінде істі сотта қарауға дайындау туралы ұйғарымның көшірмесін тараптарға тапсырудан басқа ҚР АІЖК-нің 166-бабының 2тармағында көрсетілген, яғни істі сотта қарауға дайындау міндеттерін іске асыруға бағытталған
əрекеттердің ешқайсысы жүргізілмегені жəне істі 22.08.2008 жылы тыңдау тағайындалғаны
анықталды. Бастапқыда талап арызға қоса тіркелген 20 құжаттың көшірмелеріне азаматтарды тіркеу кітабынан басқа ешқандай қосымша дəлелдемелер сұратылмаған əрі ұсынылмаған,
талапкерлердің құжаттардың көшірмелерін ұсынғаны туралы мəліметтер де жоқ.
Ж.-нің өз бетімен тұрғызылған құрылысқа меншік құқығын тану туралы Астана қаласының
сəулет жəне қала құрылысы департаментіне қойған талабы бойынша істі сотта қарауға дайындау туралы ұйғарымда талап арыздың көшірмесін жауапкерге жіберу, тараптарды тыңдау, талапкерге құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы жəне т.б. көрсетілген.
Алайда істе талап арыздың көшірмелерінің жауапкерге жіберілгені туралы мəлімет
жоқ, судья құжаттардың көшірмелерін куəландырмаған, мұның өзі талапкердің құжаттардың
түпнұсқаларын ұсынбағанын білдіреді.

12
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

13

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

Судьяның істі сотта қарауға дайындау бойынша іс жүзінде ешқандай əрекет жасамастан дайындық мерзімін негізсіз созатын жағдайлары да кездеседі. Мысалы, М.-нің бірлесіп
жиған мүлікті бөлу туралы Н.-ге қойған талабы бойынша істі дайындау туралы ұйғарымда талап арыздың көшірмесін жауапкерге тапсыру, тараптарды əңгімеге шақыру, оларға міндеттері
мен құқықтарын түсіндіру (АІЖК-нің 47, 49-баптары), жауапкерден қарсылығының бар-жоғын
анықтау, сот отырысына шақыру қағазын тапсыру жəне куəлерді шақыру туралы мəселені
шешу көзделген.
Іс материалдарынан осы аталған əрекеттердің ішінен тек шақырту қағазының жіберілгенін жəне жауапкерге талап арыздың көшірмесінің тапсырылғанын көруге болады. Ал бұдан
кейін, бар-жоғы 7 парақтан тұратын іс материалдарын жауапкерге таныстырудың қажеттілігін
себеп етіп көрсетіп, судья ешқандай əрекет жасалмаса да 06.02.2009 жылы істі сотта қарауға
дайындау мерзімін 17.02.2009 жылға дейін ұзарту туралы ұйғарым шығарады.
Істі сотта қарауға жеткіліксіз дайындалудың нəтижесінде жəне талаптың мəнін
анықтамағандықтан С.-нің бұзылған құқықтары қалпына келтірілмеген күйінде қалған. Мысалы,
18.02.2008 жылы С. Бастөбе селосының Маресьев көшесіндегі сатып алу–сату шартын бұзу
туралы Т.-ға талап қойған. Талап арыздың мазмұнына қарағанда талапкер нотариат арқылы
куəландырылған шарттың негізінде үйді жауапкерге бір миллион теңгеге сатқан. Аталған шартта үйдің құны кейін төленеді деп көрсетілген. Кейіннен тараптар үйдің құнының 2008 жылғы 17
қарашаға дейін төленетіні туралы келісім жасасқан. Алайда Т. шарт пен келісімнің талаптарын
орындамай, аталған мерзімде үйдің құнын төлемеген. Осы жағдайға орай, талапкер шарттың
негізгі талаптарының орындалмауына байланысты оны бұзу туралы соттың алдына орынды
талап қойған. Жауапкерге АК-нің 402-бабының 2-тармағының негізінде шарттың бұзылатыны
туралы ұсыныстың жіберілгені туралы мəліметтің болуы талапкерге сотқа осындай талаппен
жүгінуге мүмкіндік беретін бірден-бір шарт болатын. Осы баптың талабы бойынша, шартты
өзгертуге немесе бұзуға екiншi тараптың ұсыныстан бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста
көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде
отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы
талапты сотқа мəлiмдей алады. Демек, заңнамамен істің осы санаты үшін дауды алдын ала
шешу тəртібі қарастырылмаған.
Алайда не талап арызда не оған қоса тіркелген құжаттарда бұл туралы көрсетілмеген.
Осыған байланысты сот АІЖК-нің 154-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде
талап арызды кері қайтаруға тиіс еді. Осы кемшіліктер түзетілгеннен кейін талапкер шартты
бұзу туралы талаппен сотқа жүгіне алар еді. Оның орнына істі сотта қарауға дайындау барысында (судья мерзімін бір айға дейін ұзартқан) осы кезең ішінде ешқандай əрекет жасамаған
С. талаптарды өзгерту жəне мəмілені жəне жауапкердің атына үйдің меншік құқығын тіркеуді
жарамсыз деп тану туралы 2009 жылы сотқа арыз берген. Осы арызда жауапкер ретінде əділет
басқармасы қосымша көрсетілген.
Судья белгісіз себептермен өз бетімен талап қоймаса да Қаратал жер қатынастары
бөлімін үшінші тарап ретінде іске қатыстырған.
Бұдан кейін судья талапкердің əйелі өзінің жұбай ретіндегі құқығының бұзылуына байланысты үйді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбесе де
С.-нің зайыбының үйді сатуға келісімі бар ма деп нотариусқа сұрау салған. Мұндай жағдайда
тап осындай мəлімет сотқа керек емес еді. Істі қарау 26.02.2009 жылға дейін созылған, сол күні
С. талап арызды қараусыз қалдыру туралы арыз түсірген.
С. мəмілені жəне жауапкердің сатылған үйге меншік құқығын жарамсыз деп тану туралы
Т.-ге жəне əділет басқармасына талап қойып, сотқа екінші рет 2009 жылғы 5 мамырда арыз берген. Мемлекеттік баждың мүліктік емес сипаттағы талаптан төленгендей төленуіне байланысты судьяның 2009 жылғы 8 мамырдағы ұйғарымымен талап арыз қозғалыссыз қалдырылған.
Талапкер 9363 теңге сомасындағы мемлекеттік бажды қосымша төлегеннен кейін судья талап
арызды сотттың өндірісіне қабылдаған. Т.-ға сотқа шақырту қағазын тапсыруға əрекеттенген сот
приставының мəліметі бойынша Т.-нің Алматыға кеткені жəне оның онда қай жерде тұратыны
анықталмаған. Кейіннен С.-дан талапты қараусыз қалдыру туралы екінші рет сотқа арыз
түскен.
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

ІСТІ МƏНІ БОЙЫНША ҚАРАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

Тұрғын үй-жайды сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы
дауларды қараудың практикасы
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мəміленің нысандарын жəне оны сақтамаудың
салдарын реттейтін нормаларды қолдануға байланысты даулар сот практикасында кеңінен
тараған. Көптеген істерді қараудың барысында байқалған бір ерекшелік, тараптардың шарттарды уақытында ресімдемей, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін сатып алушылардың өз
құқықтарын қорғауды сұрап сотқа жүгінуінде болып отыр. Мұндай жағдайларда, əдетте сатқан
адамдар басқа қалаға не тіпті республика шегінен тыс жерге кетіп қалады.
АК-нің 154-бабы міндетті түрде нотариаттық куаландыруға жататын мəмілелерді соттың
жарамды деп тану тəртібін реттейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік
қаулысының 8-тармағының 3-абзацында мүліктерді мəміле бойынша сатып алу, оларды иелену, пайдалану жəне оған билік ету фактілері заңнамаға сəйкес ресімделмесе, онда мұндай
фактілердің анықталуы мүмкін емес. Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе
мəмілені болған деп тану үшін жалпы тəртіп негізінде талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы деп
көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға
байланысты дауларды шешудің кейбір мəселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысымен де соттың мəмілені жарамды деп тану мүмкіндігі қарастырылған. Міне,
осылайша, азаматтық заңнамада да, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысында да «болған» мəміле ұғымы жоқ. Осының негізінде сот мəмілені жарамды
деп тани алады, мұның мəмілені болған деп танудан бір ерекшелігі, тараптар үшін белгілі бір
құқықтық салдарға əкеп соғады жəне олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын кепілдендіреді.
Қолданыстағы заңнама жылжымайтын мүлікпен жасалған мəмілелерді міндетті түрде
нотариалдық куəландыруды талап етпейді. Алайда сот практикасына жасалған талдау ҚР АКнің 154-бабының 1-тармағына сəйкес, мəмілелер жай жазбаша нысанда, сондай-ақ заңмен
қарастырылған немесе тараптардың келісімімен көрсетілген жағдайларда нотариаттық нысанда ресімделетіндіктен, соттардың мəмілелерді жарамды деп тану кезінде ҚР АК-нің 154-бабын ұқсастығы бойынша дұрыс қолданатынын көрсетіп отыр.
Демек, тұрғын үй-жайларын сату-сатып алу шартын нотариалдық куəландыруға болады.
Ол бойынша дау туындаған жағдайда АК-нің 152, 153 жəне 154-баптарына сілтеме жасауға
болады.
Осындай дауларды дұрыс шешу үшін соттар мəміле тараптары болып табылатын тұлғалар
тобын айқындауға, талап қою нысанасын дұрыс белгілеуге жəне мəміленің жасалғандығының
дəлелдемелерін тексеруге тиіс.
Сонымен бірге, осы санаттағы істерді қарау кезінде сот практикасында мынадай кемшіліктер орын алған:
- кейбір жағдайларда тұрғын үйді сату-сатып алу мəмілесінің жасалғандығының жазбаша
дəлелдемелері болмаған кезде, соттарда олар жарамды деп танылады;
- іс жүзінде мəміленің тарабы болып табылмайтын тұлғалар арасындағы мəмілелер жарамды болып танылады;
- соттарда істердің бірдей мəн-жайлары бойынша, бір жағдайда мəміле жарамды деп танылады, ал басқа жағдайда – меншік құқығы танылады. Яғни, мұндай дауларды қарауға үстірт
көзқарас байқалады, ал судьялар мəміленің нысанына, тараптарына, талап қою нысанасына
қойылатын заң талаптары бөлігінде заңдық дəлдікті сақтауға тырыспайды.
Мəміленің жасалғандығының дəлелдемесі ретінде, əдетте, сотқа сатып алушыдан
сатылған тұрғын үй құнын алғаны туралы сатушының қолхаттары беріледі.
Сонымен қатар, меншік иесінің талапкерге, оның зайыбына, балаларына немесе атаанасына берген сенімхат негізінде мəмілені жарамды деп тану практикасы да бар. Бұл ретте,
бірлескен меншік иелерінің бірі басқаларының еркін білдіруі туралы деректер болмаған кезде
сенімхат берген жағдайлар да анықталған.
Осылай, Б. сотқа С-ға, К-ге, Е-ге пəтерді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану
туралы талап қойып жүгінген. Мəміленің жасалғандығының дəлелдемесі ретінде меншік
иелерінің бірі – С-ның атынан Л-ның атына пəтерді сыйға беруге немесе сатуға берілген 1995

14
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.

15

БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010

жылғы 13 желтоқсандағы сенімхат көрсетілген («Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мəселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі №5 нормативтік қаулының 3-тармағына сəйкес, ол дəлелдеме болуы мүмкін). Ал жылжымайтын
мүлік орталығының деректері бойынша осы пəтерге меншік құқығы үш тұлғаға тіркелген (оның
балаларының мүддесінде де əрекет етуі туралы сенімхатта көрсетілмеген). Соттың 2009 жылғы
7 мамырдағы хатымен талап қанағаттандырылып, 1995 жылғы 13 желтоқсандағы сату-сатып
алу шарты жарамды деп танылды, алайда, бұл ретте сот мəміле тарабы деп жауапкерлерді
ғана көрсеткен, талапкер мəміле тарабы деп көрсетілмеген.
П-ның мəмілені жарамды деп тану туралы С-ға, Т-ға, Н-ға, О-ға берген талап арызының
мазмұнынан 1999 жылғы сəуірде пəтерді жауапкерлерден талапкердің өзі емес, ал оның əкесі
П.-ның сатып алғаны, ал талапкерге меншік иелері 1999 жылғы 24 желтоқсанда пəтерді сатуға
сенімхат бергені байқалады. Істің материалдарында пəтердің түпұсқа құжаттары жоқ, 1993
жылғы 26 тамыздағы жекешелендіру шартының ксерокөшірмесі бар, сенімхаттың түпнұсқасы
да жоқ, ол да көшірме түрінде тіркелген. Жауапкерлердің сатып алушыдан ақша алғаны туралы
мəліметтер жоқ, (бірақ, бұл жағдайда сенімхаттың болуын мəміленің жасалғандығының жазбаша дəлелдемесі деп тануға болады). Степногор қаласы əділет басқармасының анықтамасына
сəйкес Е. 2003 жылғы 13 ақпанда қайтыс болған, Т. Астана қаласына көшіп кеткен, О. РФ-ға
Омбы қаласына көшіп кеткен. Əділет басқармасының хабарламасы бойынша Е. Степногор
қаласы, Н. мекен-жайы бойынша тіркелген. Бұған қарамастан, ол сотқа шақырылмаған, талап қанағаттандырылып, П. мен жауапкерлер арасындағы мəміле жарамды деп танылған, ал
жоғарыда көрсетілген мəн-жайлар болғанда, жауапкерлердің біреуін болса да сотқа шақыру
мүмкіндігі болған еді.
ҚР АК-нің 118-бабының 1-тармағына сəйкес, жылжымайтын заттарға меншiк құқығы мен
басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы жəне тоқтатылуы
мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Сондықтан да меншік иесі өзінің құқықтарын мемлекеттік тіркегеннен кейін ғана жылжымайтын мүлікке қатысты мəмілені жасасуға құқылы. Сонымен қатар, даулы тұрғын үйге
жауапкерлердің осындай тіркеуді жүргізуі туралы мəліметтер болмағанда да, мəмілені жарамды деп тану туралы талаптарды соттар қанағаттандыратын жағдайлар кездеседі.
Осылай, азаматша Г. С-дан үйді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген. ОҚО əділет департаментінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №34/11
анықтамасына сəйкес, Арыс қаласы, Н. мекен-жайы бойынша орналасқан даулы үйге меншік
құқығы ешкімге тіркелмеген. Бұған қарамастан, талап қанағаттандырылып, талапкер мен жауапкер арасындағы мəміле жарамды деп танылған. Сонымен, сот С-ның үйге тіркелмеген меншік құқығын заңдастырды, ал сотқа мұндай талап түспеген.
Жауапкерлерге істі қарау күні мен орны туралы тиісті хабарланғаны туралы дəлелді
мəліметтер болмаған кезде, іске қолмен «пошта арқылы» деген белгі қойылған қолхаттар тіркеліп, сотқа шақыру қағазының жөнелтілгенін растайтын пошталық құжаттар болмағанда, соттар істерді қарай береді.
Т.-ның пəтерді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану туралы талабы бойынша істе
Қаратал ауданы əділет басқармасының хабарламасынан пəтерді сатушы Е-ның ШҚО, Бородулиха ауданы, Н. мекен-жайына көшіп кеткені белгілі болды. Алайда, сот оған талап арыздың
көшірмесін жібермеген, іс оның қатысуынсыз қаралды.
С.-ның ол мен Т. арасындағы мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында жауапкер ретінде əділет департаменті көрсетілген. Кейін С. сотқа қосымша талап арыз берген, онда
ол соттан (сөзбе-сөз) «Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылы, Н. мекен-жайы бойынша орналасқан
3 бөлмелі тұрғын үй пəтерін кейін меншік құқығын беріп, С.-ның пайдалануын жəне билік етуін
тануды» сұраған.
Сот талап мəнін нақтыламай жəне мəміле тараптарын анықтамай талапкер мен Т.
арасындағы мəмілені жасалған деп таныды, ал ол жарамды деп танылуы мүмкін еді.
Мəмілені жарамды деп тану туралы талаптарды тұрғын үй-жайларды
сатушыларға емес, əкімдіктерге талап қою жағдайлары кездеседі. Осылай, В. 2006
жылғы 9 тамызда ауызша келісім бойынша Б. мен А.-дан пəтерді сатып алу туралы мəмілені
жасалған деп тану жəне осы пəтерге құқық меншігін белгілеу туралы талаппен Есік қаласының
əкімдігіне жүгінген. Талап арыздың мазмұнынан сатушы Б. 2006 жылғы 21 тамызда, ал А. 2008
жылғы 7 қыркүйекте қайтыс болғаны белгілі болды.
Істі қарауға дайындау барысында талапкер талаптарын нақтылап, өзі мен Б. жəне А. арасында болған мəмілені жасалған деп тануды сұрады, бірақ жауапкерді ауыстыруды сұрамады
(істің 33 парағы).
ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ.
Соттың 2009 жылғы 13 наурыздағы шешімімен В-ның Есік қалалық əкімдігіне қойған талабы қанағаттандырылып, талапкер мен Б. жəне А. арасында жасалған мəміле жарамды деп
танылды (ал жауапкер соңғысын талап арызда, сондай-ақ талапты нақтылау туралы арызда
көрсетпеген).
Бұл жағдайда сот мынадай əрекет жасауға: істің тараптарын белгілеуге, талаптың нысанасын нақтылауға жəне тараптар мəмілені нақты жасасқанын жəне сатушылар тірі болған кезінде оны дауламағанын ескеріп, талапкердің тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талаптың
екінші бөлігін қанағаттандыруға тиіс еді. Бұл оқиғада мəмілені жарамды деп тану туралы емес,
істі қарау кезінде сатушылардың тірі болмағандығынан, АК-нің 259-бабының негізінде меншік
құқығын тану туралы талапты «Əкімдік аппараты» ММ-ге қоюға мүмкін еді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010

Соттар АІЖК-нің 66-бабы 2-тармағының жəне 166-бабы 2-тармағының 1)
тармақшасының талаптарын талап қою нысанасын нақтылау бөлігінде толық
көлемде орындамайды.
Осылай, К-нің Т-ға қойған қалап арызының мазмұнынан ол жауапкерден үйді 100 000
теңгеге сатып алғаны белгілі болды, ол туралы қолхат беріліп, үйдің құжаттары берілген. Бұған
қарамастан, ол соттан мəмілені жарамды деп тануды емес, ал оның үйге меншік құқығын тануды сұраған. Сот, талаптың нысанасын нақтыламай-ақ, 2009 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен
Ж-ның даулы үйге меншік құқығын таныған.
Осыған ұқсас, Н-ның Г.-ға қойған талап арызында мəмілені жарамды деп тану туралы емес,
ал даулы пəтерге меншік құқығын тану туралы талап қойылған. Талап арыздың мазмұнынан
талапкер жауапкерден пəтерді сатып алғаны, сатушыдан қолхат алғаны белгілі болды. Судья
талап нысанасын нақтыламай, талапты қанағаттандырып, талапкердің пəтерге меншік құқығын
таныған.
Жекелеген соттар, бұрынғыдай, сот актілерін ресімдеу кезінде салақтыққа жол береді.
Сот актісінің құрылымы анық болуға, ол стилистикалық жəне грамматикалық тұрғыдан дұрыс
жазылуға тиіс. Сот актілерін сауатты жазу жəне ресімдеу судьяның кəсіби мəдениетінің жоғары
деңгейін жəне сот қарауына қатысушыларға құрметін білдіруді көрсетеді. Сот актілерін ресімдеуде кездесетін қателер мен салақтық оның заңдылығы мен негізділігіне əсер етпегенімен, ол,
сөзсіз, сот актісінің мағынасын қабылдауды нашарлатады жəне сот билігінің беделін түсіреді.
Осылай, сотқа Ч. мен А.-нің Астана қаласындағы бірлескен пəтердегі үлесін бөліп шығару
туралы Ч. А.-ға берген талап арызы сотқа келіп түскен. Осы талап арызды қабылдағаннан
кейін, жауапкер А.-дан Ч. мен И.-ге олардың ортақ пəтердегі үлестерін тасталған деп тану жəне
оның осы үлестерге меншік құқығын тану туралы қарсы талап арыз келіп түсті.
Сонымен бірге, соттың қарсы талап арызды қабылдау туралы 2008 жылғы 18 қарашадағы
ұйғарымында жəне істі сотта қарауға дайындау туралы сол күні шығарылған ұйғарымында
ұқыпсыз қателік жəберілген, онда: «Ч.-ның жауапкер А.-ға қойған талап арызында талапкер
Ч. сотқа жауапкер А.-ға пəтердегі үлесін тасталған деп тану жəне пəтерге меншік құқығын тану
туралы талап арызбен жүгінген» деп көрсетілген. Демек, судья бастапқы талапкерлердің бірін
талапкер деп, екіншісін жауапкер деп көрсеткен, ал қарсы талап бойынша шын талапкер А.
мүлдем көрсетілмеген.

Тұрғын үй-жайға меншік құқығының тоқтатылуы туралы
дауларды қарау практикасы
Меншік иелері тұрғын үйлерін сатпай немесе басқа тұлғаларға жалға бермей, ұзақ уақыт
бойы үй-жайы туралы қандай да бір қамқорлық білдірмей, оны қалдырып кетуі жəне өзінің оған
меншік құқықтарынан бас тартуы ниетін анық білдіретін əрекеттер жасаған жағдайлар тұрғын
үй-жайларға меншік құқығының тоқтатылуы туралы даулардың туындауы үшін негіздемелер
болып табылады.
Осындай даулар бойынша талапкерлер əкімдіктер немесе «Түрғын үй қатынастарының
бөлімдері» ММ болып табылады. Əкімдер құқықтық қатынастардың дербес субъектілері
болмағанымен, олар жекелеген жағдайларда меншік құқығының тоқтатылуы туралы талап
қояды. Осылай, Степногор қаласының əкімі қала тұрғындары- Е-нің, А-ның, Б-ның, Р-ның, Дның, М.-ның меншік құқықтарын тоқтатып, пəтерге коммуналдық меншік құқығын тану туралы
талаппен сотқа жүгінген.

16
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010
2. бюллетень верховного суда 2010

More Related Content

More from Alexander Kravchenko

11. бюллетень верховного суда 2012 года
11. бюллетень верховного суда 2012 года11. бюллетень верховного суда 2012 года
11. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
9. бюллетень верховного суда 2012 года
9. бюллетень верховного суда 2012 года9. бюллетень верховного суда 2012 года
9. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
8. бюллетень верховного суда 2012 года
8. бюллетень верховного суда 2012 года8. бюллетень верховного суда 2012 года
8. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
7. бюллетень верховного суда 2012 года
7. бюллетень верховного суда 2012 года7. бюллетень верховного суда 2012 года
7. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
6. бюллетень верховного суда 2012 года
6. бюллетень верховного суда 2012 года6. бюллетень верховного суда 2012 года
6. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
5. бюллетень верховного суда 2012 года
5. бюллетень верховного суда 2012 года5. бюллетень верховного суда 2012 года
5. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
4. бюллетень верховного суда 2012 года
4. бюллетень верховного суда 2012 года4. бюллетень верховного суда 2012 года
4. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
3. бюллетень верховного суда 2012 года
3. бюллетень верховного суда 2012 года3. бюллетень верховного суда 2012 года
3. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
2. бюллетень верховного суда 2012 года
2. бюллетень верховного суда 2012 года2. бюллетень верховного суда 2012 года
2. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
1. бюллетень верховного суда 2012 года
1. бюллетень верховного суда 2012 года1. бюллетень верховного суда 2012 года
1. бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
10 бюллетень верховного суда 2012 года
10 бюллетень верховного суда 2012 года10 бюллетень верховного суда 2012 года
10 бюллетень верховного суда 2012 года
Alexander Kravchenko
 
1. бюллетень верховного суда 2011
1. бюллетень верховного суда 20111. бюллетень верховного суда 2011
1. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
12. бюллетень верховного суда 2011
12. бюллетень верховного суда 201112. бюллетень верховного суда 2011
12. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
9. бюллетень верховного суда 2011
9. бюллетень верховного суда 20119. бюллетень верховного суда 2011
9. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
8. бюллетень верховного суда 2011
8. бюллетень верховного суда 20118. бюллетень верховного суда 2011
8. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
7. бюллетень верховного суда 2011
7. бюллетень верховного суда 20117. бюллетень верховного суда 2011
7. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
6. бюллетень верховного суда 2011
6. бюллетень верховного суда 20116. бюллетень верховного суда 2011
6. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
5. бюллетень верховного суда 2011
5. бюллетень верховного суда 20115. бюллетень верховного суда 2011
5. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
Alexander Kravchenko
 
3. бюллетень верховного суда 2011
3. бюллетень верховного суда 20113. бюллетень верховного суда 2011
3. бюллетень верховного суда 2011
Alexander Kravchenko
 

More from Alexander Kravchenko (20)

11. бюллетень верховного суда 2012 года
11. бюллетень верховного суда 2012 года11. бюллетень верховного суда 2012 года
11. бюллетень верховного суда 2012 года
 
9. бюллетень верховного суда 2012 года
9. бюллетень верховного суда 2012 года9. бюллетень верховного суда 2012 года
9. бюллетень верховного суда 2012 года
 
8. бюллетень верховного суда 2012 года
8. бюллетень верховного суда 2012 года8. бюллетень верховного суда 2012 года
8. бюллетень верховного суда 2012 года
 
7. бюллетень верховного суда 2012 года
7. бюллетень верховного суда 2012 года7. бюллетень верховного суда 2012 года
7. бюллетень верховного суда 2012 года
 
6. бюллетень верховного суда 2012 года
6. бюллетень верховного суда 2012 года6. бюллетень верховного суда 2012 года
6. бюллетень верховного суда 2012 года
 
5. бюллетень верховного суда 2012 года
5. бюллетень верховного суда 2012 года5. бюллетень верховного суда 2012 года
5. бюллетень верховного суда 2012 года
 
4. бюллетень верховного суда 2012 года
4. бюллетень верховного суда 2012 года4. бюллетень верховного суда 2012 года
4. бюллетень верховного суда 2012 года
 
3. бюллетень верховного суда 2012 года
3. бюллетень верховного суда 2012 года3. бюллетень верховного суда 2012 года
3. бюллетень верховного суда 2012 года
 
2. бюллетень верховного суда 2012 года
2. бюллетень верховного суда 2012 года2. бюллетень верховного суда 2012 года
2. бюллетень верховного суда 2012 года
 
1. бюллетень верховного суда 2012 года
1. бюллетень верховного суда 2012 года1. бюллетень верховного суда 2012 года
1. бюллетень верховного суда 2012 года
 
10 бюллетень верховного суда 2012 года
10 бюллетень верховного суда 2012 года10 бюллетень верховного суда 2012 года
10 бюллетень верховного суда 2012 года
 
1. бюллетень верховного суда 2011
1. бюллетень верховного суда 20111. бюллетень верховного суда 2011
1. бюллетень верховного суда 2011
 
12. бюллетень верховного суда 2011
12. бюллетень верховного суда 201112. бюллетень верховного суда 2011
12. бюллетень верховного суда 2011
 
9. бюллетень верховного суда 2011
9. бюллетень верховного суда 20119. бюллетень верховного суда 2011
9. бюллетень верховного суда 2011
 
8. бюллетень верховного суда 2011
8. бюллетень верховного суда 20118. бюллетень верховного суда 2011
8. бюллетень верховного суда 2011
 
7. бюллетень верховного суда 2011
7. бюллетень верховного суда 20117. бюллетень верховного суда 2011
7. бюллетень верховного суда 2011
 
6. бюллетень верховного суда 2011
6. бюллетень верховного суда 20116. бюллетень верховного суда 2011
6. бюллетень верховного суда 2011
 
5. бюллетень верховного суда 2011
5. бюллетень верховного суда 20115. бюллетень верховного суда 2011
5. бюллетень верховного суда 2011
 
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
4. анализ судебной практики по спорам о праве собственности на жил. помещение
 
3. бюллетень верховного суда 2011
3. бюллетень верховного суда 20113. бюллетень верховного суда 2011
3. бюллетень верховного суда 2011
 

2. бюллетень верховного суда 2010

  • 1.
  • 2. МАЗМҰНЫ СОТ АКТІЛЕРІ ҮЗІНДІЛЕР Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулылары......................................................... 4 СОТ АКТІЛЕРІ ҮЗІНДІЛЕР Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулылары............................... 7 ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ Тұрғын үй-жайға меншік құқығы туралы даулар бойынша сот практикасына шолу....... 8 Соттардың 2009 жылы сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша жұмыстарының қорытындысы туралы анықтама.................... 29 ЗАҢНАМАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР-2009ЖЫЛ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары.................................................... 40 Қазақстан Республикасының заңдары.......... 42 СОТ ПРАКТИКАСЫНА СІЛТЕМЕ ......................................................................... 49
  • 3. СОДЕРЖАНИЕ СУДЕБНЫЕ АКТЫ ИЗВЛЕЧЕНИЯ Постановления надзорной судебной коллегии по гражданским и административным делам Верховного Суда Республики Казахстан...................................... 51 СУДЕБНЫЕ АКТЫ ИЗВЛЕЧЕНИЯ Постановления надзорной судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан....... 59 АНАЛИЗ.ТОЛКОВАНИЕ.ВЫВОДЫ. Обзор судебной практики по спорам о праве собственности на жилое помещение............. 61 Об итогах работы судов по отправлению правосудия в 2009 году.................................... 82 НОВОЕ В ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ Указы Президента Республики Казахстан..... 93 Законы Республики Казахстан........................ 95 УКАЗАТЕЛЬ СУДЕБНОЙ ПРАКТИКИ ........................................................................ 102
  • 4. ҮЗІНДІЛЕР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖƏНЕ ƏКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНАН Мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі мүліктің сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады (үзінді) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 қаулы №4гп-40-10 О. Алматы қаласы Салық департаментінің Əуезов ауданы бойынша басқармасының салықтарды тексеру нəтижесі бойынша салық жəне бюджетке төленетін өзге де төлемдер мен өсімпұл төлеу туралы хабарламасын заңсыз деп тану туралы сотқа арыз берген. Алматы қаласының № 2 Əуезов аудандық сотының шешімімен арыз ішінара қанағаттандырылған. О.-дан өндірілетін жеке табыс салығы (бұдан əрі-ЖТС) 288 722 теңгеге дейін, өсімақы 94 093 теңгеге дейін төмендетілген, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен сот шешімі ЖТС мен өсімақыны төмендету туралы бөлігінде бұзылып, О.-ның талабын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын бұзу жəне бірінші сатыдағы сот шешімін қалдыру туралы өтінішінде О., бірінші сатыдағы соттың «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының» есебін назарға алуы орынды, яғни жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы оған меншік құқығы тіркелген күнге сəйкес дұрыс саналған деп көрсеткен. Ал Салық басқармасы өтінішке қатысты пікірінде МТС салық заңнамасына сəйкес дұрыс есептелген деп көрсетіп, өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды. Азаматтық істің материалдарын зерттеп жəне өтініштің уəждерін талқылап, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы төмендегідей тұжырым жасады. АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сəйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібімен бұзуға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы негіз болып табылады. Аталған іс бойынша апелляциялық саты заңды дұрыс түсіндірмеу нəтижесінде материалдық құқықтың елеулі бұзылуына жол берген. 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сəйкес, кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі бағаның өсімі меншіктік табысқа жатады. Осы норманың 2тармағында мүлікті сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен алынған мүліктік табыс болып табылатыны белгіленген. Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті сату құны мен бағалау құнының арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады. Салық басқармасының 2009 жылғы наурыздағы тексеру құжаттарына орай, сату-сатып алу шартына сəйкес, О. 2007 жылғы 22 маусымда үйін жер учаскесімен қоса 54 900 000 теңгеге сатқан.Аталған жылжымайтын мүлік оған «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-да тіркелген сату-сатып алу шарты, пайдалануға қабылдап алу акті, жер учаскесіне меншік құқығы туралы акті негізінде тиесілі болған. «Алматыгорзем» техникалық паспорттау департаментінің актісіне сəйкес, 2007 жылғы 22 маусым мерзіміндегі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны 5 575 700 теңге, ал «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-ның жауабына орай, үйдің 2007 жылғы салық салынатын құны 1 577 210 теңге, жер учаскесімен қоса алғанда үйдің жалпы құны 7 153 210 теңге болған. Яғни Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сəйкес, О. 47 746 790 теңге мүліктік табыс алғандықтан МТС-4 774 679 теңге, өсімпұл-1 134 640 теңге төлеуі тиіс деп деп көрсетілген хабарламада. 4
  • 5. ҮЗІНДІЛЕР Бірінші сатыдағы сот 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 180-бабының 3тармағына сүйеніп, салық басқармасының хабарламасы бір бөлігінде заңсыз, аталған нормаға сəйкес, сатып алу құны болмаған кезде, сатылатын мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі мүлікті сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады. «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы» РМҚК-ның 2009 жылғы маусымдағы жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебіне сəйкес, жер учаскесі бар аталған үйдің 2007 жылғы ақпандағы нарықтық құны 52 012 784 теңге болған.Олай болса, өсім құны 54 900 000-52 012 784=2 887216 теңге, өсімпұл-94 093 теңге деген тұжырымға келген. Апелляциялық сот сатысы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, іске 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің 166-бабын қолдану керек, сатып алу құны болмаған кезде мүлікті сату құны мен бағалау құнының арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады, сондықтан О.-ның арызы қанағаттандырылуға жатпайды деп жаңа шешім шығарған. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, апелляциялық сот алқасының салықтық қатынастарға 2001 жылғы маусымдағы Салық кодексін қолдану туралы тұжырымы дұрыс. Алайда апелляциялық сот алқасы мен салық органы өкілетті мемлекеттік орган белгілеген мүліктік салық құнын бағалау құны болып табылады деп негізсіз қорытынды жасаған. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 1)тармақшасына сəйкес, жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілеріне салық салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде бағалау жүргізіледі. Заңның 2-бабының 1-1) тармақшасына сəйкес, бағалау-бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын анықтау. Осылайша, басқаша көрсетілмесе, бағалау объектісінің нарықтық құны бағалау құны болып табылады. Осыған байланысты, бірінші сатыдағы соттың мүлікке меншік құқығы пайда болған сəттегі мүлікті сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады деген тұжырымымен келісу керек. Осы айтылғандардың негізінде, АІЖК 398-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы апелляциялық сот сатысының қаулысын бұзып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартын бұзу туралы арызын қайтарып алу құқығына кепілдік беретін ЕК 57-бабын сақтамағандықтан, осы бөліктегі сот актысы өзгертілуге жатады (үзінді) қаулы №4гп-25-10 5 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 А.«Халықтық банк» АҚ-ның филиалында кепілмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып істеген. Бөлім жұмысын дұрыс жолға қоймағаны үшін оған 2009 жылғы 4 наурыза филиал директорының бұйрығымен қатаң сөгіс берілген, содан кейін іле-шала 5 сəуірдегі бұйрықпен 4 сəуірден бастап Еңбек кодексінің 57-бабының 1-тармағы бойынша (қызметкердің өз бастамасымен) жұмыстан шығарылған, бұйрықта өзінің арызы негізінде босатылды деп көрсетілген. А. əкімшілік жазаға тартылуын жəне еңбек шартының бұзылуын заңсыз деп санап, əкімшілік жазаға тартылу туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта алу, амалсыз жұмыста болмаған уақытының жалақысын төлеу жəне моральдық зиян өндіру туралы сотқа қадағалау шағымын берген. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен А.-ның талаптары ішінара қанағаттандырылып, А.-ға қатаң сөгіс жариялау туралы бұйрық бұзылған. Қалған бөлігінде шағымды қанағаттандырудан бас тартылған. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.
  • 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 ҮЗІНДІЛЕР Іс материалдарын зерттеп, Жоғарғы Сот алқасы төмендегідей тұжырымға келді. АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сəйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібімен бұзуға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы негіз болып табылады. Егер сот қолданылуға жататын заң нормасын қолданбаса, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе қате қолданылған болып табылады. Аталған еңбек дауын шешкен кезде сот сатылары талап арыздың жұмысқа қайта алдыру жəне амалсыз жұмыста болмаған уақытының жалақысын төлеу туралы бөлігінде материалдық құқық нормаларын елеулі бұзған. Еңбек кодексінің (бұдан əрі- ЕК) 57-бабының 1 жəне 2-тармақтарына сəйкес, қызметкер жұмыс берушіні бір айдан кем емес уақыт бұрын жазбаша ескертіп, өз еркімен еңбек шартын бұзуға құқылы, ал қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша еңбек шартын аталған ескерту мерзімі бітпестен бұзуға болады. Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағында ескерту мерзімі өткеннен кейін қызметкер еңбек шартын бұзу туралы арызын жазбаша түрде қайтарып алуға құқылы екендігі қарастырылған. Осы дау бойынша сот тараптар 2009 жылғы 16 наурызда еңбек шартын бұзу жəне соңғы жұмыс күні болып 2009 жылғы сəуір саналатыны туралы өзара келісімге келгенін анықтаған. Талапкер соңғы жұмыс күнінің екінші жартысында 14-15 сағат аралығында филиал кеңсесіне өз еркімен жұмыстан босату туралы арызын қайтарып алу туралы арыз берген. Осыған қарамастан, 5 сəуір(жексенбі) күнгі бұйрықпен еңбек шарты бұзылады. Соттар 3 сəуірде берілген арызда арыз иесінің қолы жəне тұратын жері көрсетілмегендіктен оны жасырын деп санау туралы, сондай-ақ арыз бергенде талапкер банктің құжаттар айналымы жəне хат-хабарлар туралы ережесін пайдаланбағаны, директорға арызды тікелей тапсыру мүмкіндігі болғаны туралы жауапкердің уəждерімен келіскен. Солай болғанмен, жоғарыда аталған заң нормасы еңбек шартын бұзу туралы арызды қайтарып алу нысанына (тəртібіне) қандайда бір шектеу қоймайды. Осы нақты жағдайда талапкер заң талаптарын негізінен орындаған, ескерту мерзімінің ішінде, жазбаша түрде банктің кеңсесіне арыз тапсырған, оны кеңсе мөрмен растаған.Арызды талапкер өз қолымен жазып, тегін жəне лауазымын көрсеткен. Мұндай жағдайда арызда қол қойылмағаны жəне тұратын жері көрсетілмегені оны жасырын деп санауға негіз болмайды. Құжатқа қатысты күмəнді сұрақтар болса, жұмыс беруші талапкерден анықтауы керек еді, ал оның орнына талапкердің дүйсенбі күні жұмысқа шығуын күтпей, демалыс күні жұмыстан шығару туралы асығыс бұйрық шығарған. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартын бұзу туралы арызын қайтарып алу құқығына кепілдік беретін ЕК 57-бабын сақтамағандықтан, осы бөліктегі сот актысы өзгертіліп, талапкерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы жаңа шешім шығарылуы керек. ЕК 177-бабына сəйкес, жұмысқа қайта алу туралы шешім дереу орындалуы тиіс. Заңның осы бабы бойынша лажсыз жұмыста болмаған, алты айдан аспайтын мерзім үшін орташа жалақы өндіріледі. Ал талапкердің моральдық зиян өндіру туралы талабы қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені жауапкердің əрекеттерімен оған моральдық зиян келтірілгені іс құжаттарымен дəлелденбейді. Сондай-ақ сот алқасы талапкердің өз еркімен жұмыстан кету туралы арызды өз бастамасымен жазғанын жəне ескерту мерзімінің бітуіне санаулы уақыт қалғанда қайтарып алғанын ескерді. Осы айтылғандардың негізінде, АІЖК 9-398-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін жəне апелляциялық сатыдағы сот қаулысын ішінара өзгертіп, талапкер А.-ны бұрынғы бөлім бастығы лауазымына жұмысқа қайта қабылдау жəне лажсыз жұмыста болмаған алты ай мерзім үшін зейнетақы қорына төлем мен міндетті салықтық төлемді шегергенде 1 268 400 теңге өндіру туралы жаңа шешім қабылдады.Қалған бөлігінде сот актілері өзгеріссіз қалдырылды. 6
  • 7. ҮЗІНДІЛЕР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНАН Сот істі қайта қарағанда қылмыстық іс жүргізу құқығын өрескел бұзып, жазаны күшейту немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану мəселесі қойылмаса да сотталғанның жазасын ауырлатқан (үзінді) қаулы №4уп-119-09 7 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 Қызылорда қалалық сотының үкімімен Е., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б»тармағымен мүлкін тəркілеп, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Қызылорда облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз, сотталған мен қорғаушының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған. Қадағалау шағымында қорғаушы сотталған Е.-ге қатысты алдын ала тергеу біржақты, тек айыптау бағытында жүргізілгенін, сот ол кемшіліктерді жоймағанын, сонымен қатар сот істі екінші рет қарағанда ҚІЖК-нің 423-3-бабының 3-бөлігінің талаптарын өрескел бұзып, сотталғанға бұрынғыдан ауыр жаза тағайындағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот қаулыларын бұзуды, қылмыстық істі қысқартуды сұраған. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы іс материалдарын зерттеп, төмендегідей тұжырым жасады. Сотталған Е.-нің қылмысы сот талқылауы барысында өз дəлелін толық тапқан. Оның əрекеттері қылмыстық заңмен дұрыс дəрежеленген. Е. осы іс бойынша кінəлі болып танылған Ж.-мен алдын ала сөз байласып, өзінің көптен араласып жүрген танысы П.-дан алаяқтық жолмен алдап ақша алуды көздеген. Өзін сол кездегі Қызылорда ішкі істер департаменті бастығының əпкесімін деп сендіріп, ал Ж.-ны оның əйелі деп таныстырып: «інім өз қызметінде қалуы үшін керек болып тұр, үлкен лауазымда істейтін адам ғой, он күннің ішінде қайтарады» деп əуелі 3 600 000 теңге, соңынан 2 400 000 теңге алып, жəбірленушіге алаяқтық жолмен 6 000 000 теңге зиян келтірген. Сонымен қатар Е.-ге қатысты сот қаулылары мына негіздерге сəйкес өзгертілуге жатады. Аталған қылмыстық іс бірінші сатылы сотта мəні бойынша қаралып, Е. ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі бойыша кінəлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Іс сотталғандардың апелляциялық шағымдарына, прокурордың наразылығына сəйкес облыстық сотта қаралып, үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жолданған. Бірінші сатылы сот істі қайта қарап, Е.-ні ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігі бойыша кінəлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттаған. Бірінші үкімнің күшін жоюда жазаны күшейту немесе əлдеқайда ауыр қылмыс туралы заңды қолдану мəселесі қойлмаса да Е.ге бұрынғы жазадан ауыр жазаны заңсыз қолданған, сөйтіп ҚІЖК-нің 423-3-бабы 3-бөлігінің 2-тармағының талаптарын өрескел бұзған. «Бас бостандығынан айырудың кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы нормативтік қаулысына сəйкес, үкім бұзылғаннан кейін соттар істі жаңадан қараған кезде жаза тағайындаудың жалпы негіздерінен басқа, ҚІЖКнің 423-3, 469-баптарының талаптарын назарға алуы керек. Алдыңғы үкімнің жеңілдігіне не əлдеқайда ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты бұзылған жəне сотталушының əс-əрекеттері шын мəнісінде осы заң бойынша дəрежеленген жағдайларда ғана жазаны күшейтуге жол беріледі. Облыстық сот алқасы апелляциялық тəртіппен істі қарағанда заң талабы бұзылуына назар аудармай, сот үкімін өзгеріссіз қалдырған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жəне ҚІЖК-нің 467-бабы 6-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы Қызылорда қалалық сотының сотталған Е. жөніндегі үкімін, Қызылорда облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысын өзгертіп, тағайындалған жазаны 5 (бес) жылға дейін төмендетуге, үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті.
  • 8. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙҒА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ДАУЛАР БОЙЫНША СОТ ПРАКТИКАСЫНА ШОЛУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 Талап арыздарды қабылдау тəртібінің сақталуы Тұрғын үй-жайларға меншік құқығы туралы даулар талап қою бойынша іс жүргізу тəртібімен қаралады. АІЖК-нің 33-бабына сəйкес, жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады. Заңның осы ережелері негізге алына отырып, тұрғын үйге меншік құқығы туралы талаптар оның орналасқан жері бойынша қаралады. Осыған қарамастан, Г.-нің С.-ға тиесілі үйді иелену мерзімінің ескіруіне байланысты меншік құқығын тану туралы С-ға жəне əділет департаментіне қойған талап арызы соттың 16.01.2009 жылғы ұйғарымымен қозғалыссыз қалдырылған жəне С.-нің Алматы қаласында тіркелмеуіне байланысты кері қайтарылған. Солай бола тұра, талап арызда С.-нің мекен-жайы даулы үй орналасқан мекен-жай бойынша, яғни Алматы қаласы, Комсомол көшесі “Н”-үй деп көрсетілген. Сот АІЖК-нің 33-бабының жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы талаптар оның орналасқан жері бойынша қойылады деген талабын ескермеген. АІЖК-нің 150-бабына сəйкес, талапкер жауапкердің тегін, атын жəне əкесінің атын (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін талап арызында көрсетуге міндетті. Сот практикасын зерделеу сатушылар Қазақстан Республикасынан не даулы тұрғын үйжай тұрған елді мекеннен тыс жерге кеткенде не қайтыс болғанда тұрғын үй-жайды сату-сатып алу шарттарын жарамды деп тану туралы істер бойынша талап арыздарды қабылдау кезінде соттардың көп жағдайларда қиындықтарға кез болатынын көрсетті. Осы санаттағы істер бойынша жауапкерлердің тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін көрсету бөлігінде біркелкі сот практикасы жоқ. Көп жағдайда талап арыздарда жауапкерлердің мекен-жайлары мүліктің орналасқан жері бойынша емес, олардың белгілі болған соңғы тұрғылықты жері, мысалы «Ресей», «Германия», «РФ» деп көрсетіледі (Ш.-нің үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп тану туралы П.-ға қойған талабында жауапкердің мекен-жайы «Ресей Федерациясы» деп, М.-нің мəмілені жарамды деп тану туралы П.-ға қойған талап арызында жауапкердің мекен-жайы «Германия» деп көрсетілген). АІЖК-нің 150-бабына сəйкес, жауапкердің тұрғылықты жері (тұратын жері) талап арызда көрсетілуге міндетті болғандықтан, тараптарға талап арызда жауапкердің бұрынғы белгілі мекен-жайын немесе оның мүлкінің орналасқан жерін көрсету үшін уақыт беріліп, аталған талап арыздар қозғалыссыз қалдырылуға жатады. АІЖК-нің 51-бабына сəйкес, сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Солай бола тұра, мəмілелерді жарамды деп тану туралы талап арыздарда қойылған талап бойынша жауап бере алмайтын жауапкерлердің көрінеу қате көрсетілгеніне қарамастан соттар АІЖК-нің 51-бабының талаптарын əрдайым орындап отырмайды. Мысалы, С.-нің өзі мен О., Р. арасындағы мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында мəміле тарабы болып табылмаса да «Шардара ауданы əкімінің Аппараты» ММ жауапкер ретінде көрсетілген. А. өзі 2000 жылғы 21 қаңтарда П.-дан сатып алған үйді сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану туралы талабында «Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы бөлімін» жауапкер ретінде көрсеткен. Немесе, Ч. əкім мəміле тарабы болмаса да, сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану туралы Есік қаласының əкіміне талап қойып сотқа жүгінген. Ж. өзі мен оған пəтерді сатқаннан кейін 8 ай өткен соң қайтыс болған Е.-нің арасындағы сатып алу-сату мəмілесін жарамды деп тану туралы қойған талабында Масақ селолық округін жауапкер ретінде көрсеткен. Т. мəмілені жарамды деп тану туралы қойған талабында үй 1998 жылы Е.-ден сатып алынса да Қаражота селолық округін жауапкер ретінде көрсеткен. 8
  • 9. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. 2-117 9 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 Соттар аталған істер бойынша мəмілені жарамды деп тану туралы қойылған талап бойынша тек басқа тарап жауапкер болуы мүмкін болса да талапкерлерге тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруды ұсынбаған. Талаптардың істердің басқа санаттары бойынша да тиісті емес жауапкерлерге қойылу жағдайлары кездеседі, алайда соттар АІЖК-нің 51-бабының нормаларын қолданбаған. Л. бұрынғы күйеуі Г. қайтыс болғаннан кейін үйдің 1/2 бөлігіне өзінің меншік құқығын тану туралы талап арызында ОҚО əділет басқармасын жауапкер ретінде көрсеткен. Оның ұлы М. шешесі Л.-ге қарсы жазған қарсы талап арызында əділет басқармасын үшінші тарап ретінде көрсетіп, ол да қайтыс болған əкесінің үйінің жартысына өзінің меншік құқығын тануды сұраған. Аталған жағдайларда əділет басқармасы не жауапкер үшінші тарап бола алмайды, өйткені бұл орган мүлікке меншік құқығын жəне олармен жасалатын мəмілелерді тіркеумен айналысады əрі коммуналдық меншікті басқаруға уəкілетті орган болып табылмайды. Бұған қоса, шешесінің талап арызында жауапкер ретінде көрсетілмегендіктен Л.-дің талап арызы қарсы талап арыз болып табылмайды. Талапкердің ұлы М. қайтыс болған əкесіне тиесілі үйдің екінші бөлігінде тұрып жатқандықтан, өзінің мұраны қабылдауының заңдық фактісін анықтау туралы жеке арызбен сотқа жүгінуге құқылы болатын. АІЖК-нің 48-бабына сəйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар азаматтық процесте тараптар болып табылады. АІЖК-нің 32-бабының 3-тармағына сəйкес, «заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін». Алайда, мұндай істе жауапкер ретінде заңды тұлғаның өзін көрсету керек. Солай бола тұра, заңды тұлғалардың филиалдары тараптар ретінде көрсетілген істер де бар. Ал іс матералдарында судьяның талапкердің келісімімен тиісті емес тарапты тиісті тараппен ауыстыруды ұсынғаны туралы мəлімет жоқ. Мысалы, А. мүлікті «Казавтодор» РМК Ақсу филиалынан бөтеннің заңсыз иелігінен алу туралы талап қойған. Осы іс бойынша заңды тұлғаның өзі - «Казавтодор» РМК жауапкер ретінде көрсетілуге тиіс еді. Қаратал аудандық қазынашылық басқармасының пəтерді жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызында Н. жауапкер ретінде көрсетілген. Ал шын мəнісінде, талап арыздың мазмұнына қарағанда, оған қоса тіркелген жекешелендіру шартынан пəтерді Н. емес, оның күйеуі О.-ның (істің 5 жəне 41-парақтары) жекешелендіріп алғанын көруге болады, алайда ол жауапкер ретінде көрсетілмеген. Бұған қоса, аудандық қазынашылық басқармасы заңды тұлға-облыстық қазынашылық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады жəне іс бойынша тарап бола алмайды. Талап арызда жəне оған қоса тіркелген құжаттарда аудандық қазынашылық басқармасының талап қою жөніндегі өкілеттіктері жазылмаған. АІЖК-нің 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес, жеке тұлға немесе жұмыс істейтін заңды тұлға жауапкер ретінде көрсетіледі. Солай бола тұра, кейбір жағдайларда талап арыздарда қайтыс болған адамдар жауапкер ретінде көрсетіледі. Мысалы, К.-нің мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында 03.03.2008 жылы қайтыс болған А. жауапкер ретінде көрсетілген. Мұндай талап арыз қозғалыссыз қалдырылып, қайтыс болған адамға талап қойылмайтындықтан талапкерге тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыру үшін мерзім берілуі қажет еді. АК-нің 13-бабының 2-тармағына сəйкес, азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Істерді зерделеу барысында талап арыздарда жауапкердің мүлдем көрсетілмейтіні немесе оның мекен-жайы көрсетілмейтіні анықталған жағдайлар да кездесті. Мысалы, «Қарағанды қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызында жауапкер тіпті көрсетілмеген. Оның орнына «Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының мəліметтері бойынша табылған жоқ» деп жазылған. Немесе, Р.-дің өз бетімен салған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап арызында жауапкер көрсетілмеген, ал Астана қаласының Алматы ауданының əкімдігі мүдделі тұлға ретінде көрсетілген. Т.-нің үйге меншік құқығын тану туралы талабында, М.-нің мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында тап осылай жауапкерлер көрсетілмеген.
  • 10. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. Талап арыздардың мəліметтері өзінің мазмұны бойынша АІЖК-нің 150-бабының талаптарына жауап бермейді жəне талапкерлерге кемшіліктерді түзеу жөнінде мерзім беріле отырып қозғалыссыз қалдыруға жатады. Г.-нің өзінің тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызында да жауапкер көрсетілмеген, ал Əділет департаменті жəне Жер қатынастары бөлімі үшінші тарап ретінде көрсетілген. Соттың осы талап арызды қабылдау, істі дайындау жəне қарауға тағайындау туралы ұйғарымдарында, сондай-ақ шешімде Көкшетау қалалық əкімдігінің істі қарауға қатысқан өкілі жауапкер ретінде көрсетілген, алайда іс материалдарында əкімдіктің жауапкер ретінде тартылғаны туралы не іс жүргізу құжаттары не өзге де құжаттар жоқ болып шықты. Д.-нің пəтерді жекешелендіру шартын жарамсыз деп тану туралы А.-ға қойған қарсы талап арызында шартты берген жəне оған қол қойған орган жазылмаған. Жекешелендіру шарты екі тарап арасында жасалатындықтан мəміленің екі тарабы да жауапкер ретінде көрсетілуге тиіс болатын. М.-нің жер учаскесі бар тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызында 26.01.2009 жылғы ұйғарыммен мүліктік емес сипаттағы талаптан мемлекеттік баж дұрыс төленбегендіктен қозғалыссыз қалдырылуы негізді болып табылады. Алайда судья талап арызда жауапкердің көрсетілмегеніне назар аудармаған. Сот ісін жүргізу тілі туралы Соттың М.-нің талап арызын қабылдау туралы ұйғарымында сот ісін жүргізу тілі көрсетілмеген. Істің орыс тілінде қаралатыны туралы істі тыңдауға тағайындау туралы ұйғарымда жазылған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары судьяларының сот ісін жүргізу тілін анықтауы жөнінде де тап осындай практика байқалады (Б.-нің мəмілені жасалды деп тану туралы Р.-ға қойған талабы жəне т.б.). Т.-нің П.-ға қойған талабы бойынша ұйғарымдардың бірде-бірінде (қабылдап алу, дайындау, тағайындау туралы) сот ісін жүргізу тілінің мəселесі шешілмеген. Міне, осылайша, судьялар сот ісін жүргізу тілін кейбір істер бойынша талап арызды қабылдап алу туралы ұйғарымдарда емес, істі тыңдауға тағайындау туралы ұйғарымдарда белгілейді не сот ісін жүргізу туралы мəселені мүлдем шешпейді. АІЖК-нің 14-бабының 2бөлігінің мағынасы бойынша барлық қалған сот құжаттары жəне іс жүргізу əрекеттері талапты қабылдау кезінде белгіленген тілде жүргізілетіндіктен сот ісін жүргізу тілі талап арызды қабылдау кезінде анықталады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 Талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру жəне талап арыздарды кері қайтару АІЖК-нің 155-бабына сəйкес, талап арыз АІЖК-нің 150-бабына жəне 151-бабының 1)-3) тармақшасына сəйкес келмеген жағдайда судья арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды жəне оған кемшіліктерді жою үшін уақыт береді. Талап арыздың мазмұны АІЖК-нің 150-бабының 2-тармағының 1)-8) тармақшаларының талаптарына сəйкес келуге тиіс, сондай-ақ талап арыздың көшірмелері жауапкерлердің жəне үшінші тараптардың санына қарай (АІЖК-нің 151-бабының 1) тармақшасы); мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (АІЖК-нің 151-бабының 2) тармақшасы) жəне өкілдің өкілеттігін растайтын өзге құжат (АІЖК-нің 151-бабының 3) тармақшасы) қоса тіркелуі қажет. Сот істерін зерделеу судьялардың заңның осы нормаларын кеңінен түсіндіруге жол беретінін жəне талап арыздарды қозғалыссыз қалдыратынын, содан кейін оларды талапкерлерге заңда көрсетілмеген негіздер бойынша қайтарып беретінін байқатты. Мысалы, Н.-ның, К.-нің жəне К.-нің Алматы қаласындағы 4 бөлмелі ортақ пəтерді бөлу туралы К.-ге талап арызында: 1) арыз беріліп отырған соттың атауы, 2) талапкерлердің атауы, олардың тұрғылықты жері, салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері; 3) жауапкердің тегі, аты, əкесінің аты, оның тұрғылықты жері, салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері; 10
  • 11. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. 11 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 4) талапкерлердің құқықтарының бұзылуының мəні жəне олардың талап арыздары көрсетілген (əкесі мен шешесі ажырасқан, шешесі өздері бірлесіп жинаған мүлікті – автомобильдің құнының жартысын өзіне бөліп беру жолымен бөлуді сұрайды, шешесі балаларымен бірге соттан өздеріне пəтердің үш шағын бөлмесін бөліп беруді, балалардың əкесіне, яғни өзінің күйеуіне отбасына жекешелендіріліп берілген төрт бөлмелі пəтердің төрттен бір бөлігін, яғни көлемі 17,2 шаршы метрді құрайтын бір бөлмесін бөліп беруді сұрайды). Бұған қоса, талапкерлер ас үйді, дəлізді, қойма бөлмесін, дəретхананы, жуынатын бөлмені жəне т.б. ортақтасып пайдалануға қалдырған. Бөлмелердің аумағы мен орналасу реті көрсетілген пəтер жоспары талапқа қоса тіркелген. Пəтер мен автомобильдің бағасын талапкерлер белгілеген, талап бағасы көрсетілген, бөлуге жататын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар жəне жауапкер үшін талап арыздың көшірмесі қоса тіркелген. Талап арызға талапкерлердің өздері қол қойған, талап сомасының 1 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленген, талапкерлер өкілдерсіз өздері əрекет жасаған. Міне осылайша, талап арыздың мазмұны АІЖК-нің 150-бабының талабына толығымен сəйкес келеді. Демек, судья үшін тек талаптың мəнін анықтау ғана қалады, мұның өзі АІЖК-нің 166-бабына сəйкес, істі сотта қарауға дайындау барысында жүзеге асырылады. Алайда, судья осы талап арызды 12.01.2009 жылғы ұйғарыммен, сөзбе-сөз келтіретін болсақ: «талап арыздың мəтінінде, сондай-ақ оған қоса берілген қосымшада пəтерді осылай бөлудің мүмкіндігі туралы, демек тұрғын үйдің бөлек есіктен кіретін бөлігінің бар екендігі көрсетілмеген, осы бөліктің санитарлық норма ескеріле отырып адамның тұруына лайықталғаны туралы дəлелдемесі де жоқ» деген себеппен қозғалыссыз қалдырған. Яғни, судья талап арызды қозғалыссыз қалдырған жəне пəтерді бөлудің мүмкіндігі туралы құжаттардың ұсынылмауына байланысты ғана оны талапкерлерге кері қайтарған. Солай бола тұра, талаптардың дəлелдерін растайтын тиісті құжаттардың талап арызға қоса міндетті түрде тіркелуге тиіс екендігі АІЖК-нің 151-бабының 4) тармақшасында көрсетілген жəне АІЖК-нің 155-бабына сəйкес, бұл талап арызды қозғалыссыз қалдыру негіздемелерінің тізбесіне енбейді. Мұндай құжаттарды талапкер істі тыңдау барысында ұсына алатын еді. Қойылған талаптардың дəлелденбеуі талапты қозғалыссыз қалдыру үшін емес, талаптан бас тарту үшін негіз болып табылады. А.-ның мəмілені жарамды деп тану туралы К.-ге қойған талап арызын судья қозғалыссыз қалдырып, оны 9140 теңге мемлекеттік баж Петровка селосындағы Корнеев көшесіндегі пəтерді бағалау бойынша есептелгеніне байланысты кері қайтарған. Талапкер болса Корнеев көшесіндегі пəтерге қатысты мəмілені жасалған деп тануды сұраған. Корнеев көшесіндегі пəтердің нөмірі өзгертілуі туралы дəлелдеменің ұсынылмауы жəне К.-нің атына пəтерге құқық белгілеуші құжаттың ұсынылмауы да талап арыздың кері қайтарылуына себеп болған. Солай бола тұра, Петров селолық округі əкімдігінің 06.10.2008 жылы берілген № 760/111 анықтамасы талап арызға қоса тіркелген. Осы құжатта əкімдіктің қаулысымен Корнеев көшесіндегі пəтердің нөмірінің Корнеев көшесіндегі 2-үйдің № 1 пəтері болып өзгертілгені туралы жазылған. Міне, осылайша, талапкер мемлекеттік бажды дұрыс төлеген. Ал даулы пəтердің жауапкерге тиесілі екендігі туралы дəлелдемелердің ұсынылмағанына келетін болсақ, осы мəнжай талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіз болып табылмайды. Осы мəн-жай істі мəні бойынша қарауға дейін анықталуы керек болатын. Оның үстіне техникалық паспорт, пəтерді жекешелендіру шарты жəне жер учаскесінің К.-нің атына берілгені туралы акт талап арызға қоса тіркелген болып шықты. А. кейіннен сотқа қайтадан жүгінген кезде əділет басқармасының К.-нің аталған пəтерге меншік құқығының тіркелгені туралы анықтамасы ұсынылған. Г.-нің мəмілені жарамсыз деп тану туралы К.-ге, Ж.-ге, Е.-ге қойған талап арызында талапкердің тіркелген орны көрсетілмеуіне (талап арызда Мамлют ауданы, Чистое селосы деген мекен-жай көрсетілсе де), сондай-ақ мемлекеттік баждың мүліктік емес сипаттағы талаптағыдай төленгеніне байланысты осы талап арыз судьяның ұйғарымымен қозғалыссыз қалдырылған. 11.11.2008 жылы талап арыз кері қайтарылған. Осы ұйғарымға талапкер əйел жеке шағым берген. Осы талап арызда оның нақтылы тұратын мекен-жайы көрсетілгені, ал ол меншік құқығын дауламайтындықтан мемлекеттік бажды мүліктік емес сипаттағы талаптан алынатындай мөлшерде төлегені айтылған. Ол өзінің меншік құқығы дау тудырмайды, өздері некеге тұрған кезде сатып алған үй мен жер учаскесін Г. өзінің келісімінсіз сатты деп есептейді. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының 18.12.2008 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, талап арыз өндіріске қабылдану сəтінен бастап қарау үшін сотқа жіберілген.
  • 12. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. Немесе, 30.01.2009 жылы Е. үйді сатып алу-сату шартын жарамды деп тану жəне өзінің меншік құқығын тану туралы Т.-ға жəне Оңтүстік Қазақстан облысының əділет басқармасына талап қойып сотқа жүгінген. Талапкер əйел мен жауапкердің арасындағы мəміленің жасалғанына дəлел ретінде талап арызға Т.-нің үйдің оған 500 000 теңгеге сатылғаны туралы қолхаты мен талапкер əйелдің осы үйде тұратыны туралы жəне барлық салықтар мен коммуналдық төлемдердің төленгені туралы анықтамалар қоса тіркелген. Мемлекеттік баж 3000 теңге көлемінде төленген. Судьяның 09.01.2009 жылғы ұйғарымымен талап арыз мемлекеттік баждың үй құнының 1 пайызы мөлшерінде төленгенінен байланысты қозғалыссыз қалдырылған. Кейін талапкер əйел тағы 2000 теңге төлеген. Соған қарамастан талап арыз кемшіліктер түзетілмеді деген себеппен кері қайтарылған. Осы ретте, іс материалдарында даулы тұрғын үйдің сотқа талап қойылған сəттегі құны туралы мəлімет жоқ. Осыған байланысты талап арызды қозғалыссыз қалдырып, кері қайтарған кезде судьяның қандай соманы негізге алғаны түсініксіз. Кейіннен талапкер əйел тағы 5000 теңге төлеген, бірақ соңынан оның екінші топтағы мүгедек екені анықталған жəне мемлекеттік бажды төлеуден босатылған. Осыған байланысты оған 10 000 теңгені төлегені туралы түбіртектерінің түпнұсқалары қайтарылып берілген, талап арыз соттың өндірісіне қабылданған, алайда судьяның талапты қабылдау кезінде жөнсіз əуре-сарсаңға салуға жол бергені анықталды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 Істерді сотта қарауға дайындау Сот практикасына жасалған талдау көп жағдайларда істі сотта қарауға дайындау формальды жүргізілетінін көрсетіп берді. Судьялар істің дəлеледемелерді барынша толық əрі объективті қарауды қамтамасыз ететін осы сатысын жете бағаламайтынын байқатты. Кейбір істер бойынша талап арыздардың көшірмелерінің жауапкерге тапсырылғаны туралы мəліметтер жоқ. Солай бола тұра, талап арыздың көшірмесі, ал қажет болған жағдайларда – оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелері өзіне тапсырылған жағдайларда ғана жауапкер өзінің құқықтарын толық көлемінде пайдалана алады. «Қазақстан Республикасының қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу жəне Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, судья жауапкерге талап арызға пікір білдіруді ұсынбайды, керісінше міндеттейді. Ал АІЖК-ге енгізілген жаңа 169-1-бап талап арызға пікірдің мазмұнын реттейді. Демек, судья талап арыздың көшірмесін оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерімен бірге жауапкерге жіберуге жəне жауапкерге белгіленген мерзімде оған пікір білдіруді міндеттеуге тиіс. Кейбір істердің материалдарынан істерді сотта қарауға дайындықтың мүлдем жүргізілмейтінін байқауға болады. Мысалы, Ф. мен П.-нің ортақ пəтердегі үлесті бөлу туралы А.ға қойған талабы бойынша істі дайындау туралы ұйғарымда тыңдау үшін тараптарды шақыру жəне арыздар мен басқа да құжаттардың көшірмелерін тапсыру, тараптарды тыңдау, талапкердің өкіліне талап арызда көрсетілген мəн-жайларды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын жəне жауапкердің қолында жоқ құжаттарды сотқа ұсынуды тапсыру, олардың АІЖК-нің 47, 25-баптарында, 49-бабының 1-бөлігінде, 156, 240-баптарында қарастырылған іс жүргізу құқықтарын түсіндіру туралы көрсетілген. Одан əрі ұйғарымда АІЖК-нің аталған баптарының мазмұны жанжақтылы баяндалған. Алайда іс материалдарын зерделеу кезінде істі сотта қарауға дайындау туралы ұйғарымның көшірмесін тараптарға тапсырудан басқа ҚР АІЖК-нің 166-бабының 2тармағында көрсетілген, яғни істі сотта қарауға дайындау міндеттерін іске асыруға бағытталған əрекеттердің ешқайсысы жүргізілмегені жəне істі 22.08.2008 жылы тыңдау тағайындалғаны анықталды. Бастапқыда талап арызға қоса тіркелген 20 құжаттың көшірмелеріне азаматтарды тіркеу кітабынан басқа ешқандай қосымша дəлелдемелер сұратылмаған əрі ұсынылмаған, талапкерлердің құжаттардың көшірмелерін ұсынғаны туралы мəліметтер де жоқ. Ж.-нің өз бетімен тұрғызылған құрылысқа меншік құқығын тану туралы Астана қаласының сəулет жəне қала құрылысы департаментіне қойған талабы бойынша істі сотта қарауға дайындау туралы ұйғарымда талап арыздың көшірмесін жауапкерге жіберу, тараптарды тыңдау, талапкерге құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы жəне т.б. көрсетілген. Алайда істе талап арыздың көшірмелерінің жауапкерге жіберілгені туралы мəлімет жоқ, судья құжаттардың көшірмелерін куəландырмаған, мұның өзі талапкердің құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбағанын білдіреді. 12
  • 13. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. 13 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 Судьяның істі сотта қарауға дайындау бойынша іс жүзінде ешқандай əрекет жасамастан дайындық мерзімін негізсіз созатын жағдайлары да кездеседі. Мысалы, М.-нің бірлесіп жиған мүлікті бөлу туралы Н.-ге қойған талабы бойынша істі дайындау туралы ұйғарымда талап арыздың көшірмесін жауапкерге тапсыру, тараптарды əңгімеге шақыру, оларға міндеттері мен құқықтарын түсіндіру (АІЖК-нің 47, 49-баптары), жауапкерден қарсылығының бар-жоғын анықтау, сот отырысына шақыру қағазын тапсыру жəне куəлерді шақыру туралы мəселені шешу көзделген. Іс материалдарынан осы аталған əрекеттердің ішінен тек шақырту қағазының жіберілгенін жəне жауапкерге талап арыздың көшірмесінің тапсырылғанын көруге болады. Ал бұдан кейін, бар-жоғы 7 парақтан тұратын іс материалдарын жауапкерге таныстырудың қажеттілігін себеп етіп көрсетіп, судья ешқандай əрекет жасалмаса да 06.02.2009 жылы істі сотта қарауға дайындау мерзімін 17.02.2009 жылға дейін ұзарту туралы ұйғарым шығарады. Істі сотта қарауға жеткіліксіз дайындалудың нəтижесінде жəне талаптың мəнін анықтамағандықтан С.-нің бұзылған құқықтары қалпына келтірілмеген күйінде қалған. Мысалы, 18.02.2008 жылы С. Бастөбе селосының Маресьев көшесіндегі сатып алу–сату шартын бұзу туралы Т.-ға талап қойған. Талап арыздың мазмұнына қарағанда талапкер нотариат арқылы куəландырылған шарттың негізінде үйді жауапкерге бір миллион теңгеге сатқан. Аталған шартта үйдің құны кейін төленеді деп көрсетілген. Кейіннен тараптар үйдің құнының 2008 жылғы 17 қарашаға дейін төленетіні туралы келісім жасасқан. Алайда Т. шарт пен келісімнің талаптарын орындамай, аталған мерзімде үйдің құнын төлемеген. Осы жағдайға орай, талапкер шарттың негізгі талаптарының орындалмауына байланысты оны бұзу туралы соттың алдына орынды талап қойған. Жауапкерге АК-нің 402-бабының 2-тармағының негізінде шарттың бұзылатыны туралы ұсыныстың жіберілгені туралы мəліметтің болуы талапкерге сотқа осындай талаппен жүгінуге мүмкіндік беретін бірден-бір шарт болатын. Осы баптың талабы бойынша, шартты өзгертуге немесе бұзуға екiншi тараптың ұсыныстан бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мəлiмдей алады. Демек, заңнамамен істің осы санаты үшін дауды алдын ала шешу тəртібі қарастырылмаған. Алайда не талап арызда не оған қоса тіркелген құжаттарда бұл туралы көрсетілмеген. Осыған байланысты сот АІЖК-нің 154-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде талап арызды кері қайтаруға тиіс еді. Осы кемшіліктер түзетілгеннен кейін талапкер шартты бұзу туралы талаппен сотқа жүгіне алар еді. Оның орнына істі сотта қарауға дайындау барысында (судья мерзімін бір айға дейін ұзартқан) осы кезең ішінде ешқандай əрекет жасамаған С. талаптарды өзгерту жəне мəмілені жəне жауапкердің атына үйдің меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану туралы 2009 жылы сотқа арыз берген. Осы арызда жауапкер ретінде əділет басқармасы қосымша көрсетілген. Судья белгісіз себептермен өз бетімен талап қоймаса да Қаратал жер қатынастары бөлімін үшінші тарап ретінде іске қатыстырған. Бұдан кейін судья талапкердің əйелі өзінің жұбай ретіндегі құқығының бұзылуына байланысты үйді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбесе де С.-нің зайыбының үйді сатуға келісімі бар ма деп нотариусқа сұрау салған. Мұндай жағдайда тап осындай мəлімет сотқа керек емес еді. Істі қарау 26.02.2009 жылға дейін созылған, сол күні С. талап арызды қараусыз қалдыру туралы арыз түсірген. С. мəмілені жəне жауапкердің сатылған үйге меншік құқығын жарамсыз деп тану туралы Т.-ге жəне əділет басқармасына талап қойып, сотқа екінші рет 2009 жылғы 5 мамырда арыз берген. Мемлекеттік баждың мүліктік емес сипаттағы талаптан төленгендей төленуіне байланысты судьяның 2009 жылғы 8 мамырдағы ұйғарымымен талап арыз қозғалыссыз қалдырылған. Талапкер 9363 теңге сомасындағы мемлекеттік бажды қосымша төлегеннен кейін судья талап арызды сотттың өндірісіне қабылдаған. Т.-ға сотқа шақырту қағазын тапсыруға əрекеттенген сот приставының мəліметі бойынша Т.-нің Алматыға кеткені жəне оның онда қай жерде тұратыны анықталмаған. Кейіннен С.-дан талапты қараусыз қалдыру туралы екінші рет сотқа арыз түскен.
  • 14. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. ІСТІ МƏНІ БОЙЫНША ҚАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 Тұрғын үй-жайды сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы дауларды қараудың практикасы Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мəміленің нысандарын жəне оны сақтамаудың салдарын реттейтін нормаларды қолдануға байланысты даулар сот практикасында кеңінен тараған. Көптеген істерді қараудың барысында байқалған бір ерекшелік, тараптардың шарттарды уақытында ресімдемей, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін сатып алушылардың өз құқықтарын қорғауды сұрап сотқа жүгінуінде болып отыр. Мұндай жағдайларда, əдетте сатқан адамдар басқа қалаға не тіпті республика шегінен тыс жерге кетіп қалады. АК-нің 154-бабы міндетті түрде нотариаттық куаландыруға жататын мəмілелерді соттың жарамды деп тану тəртібін реттейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік қаулысының 8-тармағының 3-абзацында мүліктерді мəміле бойынша сатып алу, оларды иелену, пайдалану жəне оған билік ету фактілері заңнамаға сəйкес ресімделмесе, онда мұндай фактілердің анықталуы мүмкін емес. Бұл жағдайда арызданушы меншік құқығын тану немесе мəмілені болған деп тану үшін жалпы тəртіп негізінде талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мəселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысымен де соттың мəмілені жарамды деп тану мүмкіндігі қарастырылған. Міне, осылайша, азаматтық заңнамада да, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысында да «болған» мəміле ұғымы жоқ. Осының негізінде сот мəмілені жарамды деп тани алады, мұның мəмілені болған деп танудан бір ерекшелігі, тараптар үшін белгілі бір құқықтық салдарға əкеп соғады жəне олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын кепілдендіреді. Қолданыстағы заңнама жылжымайтын мүлікпен жасалған мəмілелерді міндетті түрде нотариалдық куəландыруды талап етпейді. Алайда сот практикасына жасалған талдау ҚР АКнің 154-бабының 1-тармағына сəйкес, мəмілелер жай жазбаша нысанда, сондай-ақ заңмен қарастырылған немесе тараптардың келісімімен көрсетілген жағдайларда нотариаттық нысанда ресімделетіндіктен, соттардың мəмілелерді жарамды деп тану кезінде ҚР АК-нің 154-бабын ұқсастығы бойынша дұрыс қолданатынын көрсетіп отыр. Демек, тұрғын үй-жайларын сату-сатып алу шартын нотариалдық куəландыруға болады. Ол бойынша дау туындаған жағдайда АК-нің 152, 153 жəне 154-баптарына сілтеме жасауға болады. Осындай дауларды дұрыс шешу үшін соттар мəміле тараптары болып табылатын тұлғалар тобын айқындауға, талап қою нысанасын дұрыс белгілеуге жəне мəміленің жасалғандығының дəлелдемелерін тексеруге тиіс. Сонымен бірге, осы санаттағы істерді қарау кезінде сот практикасында мынадай кемшіліктер орын алған: - кейбір жағдайларда тұрғын үйді сату-сатып алу мəмілесінің жасалғандығының жазбаша дəлелдемелері болмаған кезде, соттарда олар жарамды деп танылады; - іс жүзінде мəміленің тарабы болып табылмайтын тұлғалар арасындағы мəмілелер жарамды болып танылады; - соттарда істердің бірдей мəн-жайлары бойынша, бір жағдайда мəміле жарамды деп танылады, ал басқа жағдайда – меншік құқығы танылады. Яғни, мұндай дауларды қарауға үстірт көзқарас байқалады, ал судьялар мəміленің нысанына, тараптарына, талап қою нысанасына қойылатын заң талаптары бөлігінде заңдық дəлдікті сақтауға тырыспайды. Мəміленің жасалғандығының дəлелдемесі ретінде, əдетте, сотқа сатып алушыдан сатылған тұрғын үй құнын алғаны туралы сатушының қолхаттары беріледі. Сонымен қатар, меншік иесінің талапкерге, оның зайыбына, балаларына немесе атаанасына берген сенімхат негізінде мəмілені жарамды деп тану практикасы да бар. Бұл ретте, бірлескен меншік иелерінің бірі басқаларының еркін білдіруі туралы деректер болмаған кезде сенімхат берген жағдайлар да анықталған. Осылай, Б. сотқа С-ға, К-ге, Е-ге пəтерді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану туралы талап қойып жүгінген. Мəміленің жасалғандығының дəлелдемесі ретінде меншік иелерінің бірі – С-ның атынан Л-ның атына пəтерді сыйға беруге немесе сатуға берілген 1995 14
  • 15. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. 15 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 2 / 2010 жылғы 13 желтоқсандағы сенімхат көрсетілген («Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мəселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі №5 нормативтік қаулының 3-тармағына сəйкес, ол дəлелдеме болуы мүмкін). Ал жылжымайтын мүлік орталығының деректері бойынша осы пəтерге меншік құқығы үш тұлғаға тіркелген (оның балаларының мүддесінде де əрекет етуі туралы сенімхатта көрсетілмеген). Соттың 2009 жылғы 7 мамырдағы хатымен талап қанағаттандырылып, 1995 жылғы 13 желтоқсандағы сату-сатып алу шарты жарамды деп танылды, алайда, бұл ретте сот мəміле тарабы деп жауапкерлерді ғана көрсеткен, талапкер мəміле тарабы деп көрсетілмеген. П-ның мəмілені жарамды деп тану туралы С-ға, Т-ға, Н-ға, О-ға берген талап арызының мазмұнынан 1999 жылғы сəуірде пəтерді жауапкерлерден талапкердің өзі емес, ал оның əкесі П.-ның сатып алғаны, ал талапкерге меншік иелері 1999 жылғы 24 желтоқсанда пəтерді сатуға сенімхат бергені байқалады. Істің материалдарында пəтердің түпұсқа құжаттары жоқ, 1993 жылғы 26 тамыздағы жекешелендіру шартының ксерокөшірмесі бар, сенімхаттың түпнұсқасы да жоқ, ол да көшірме түрінде тіркелген. Жауапкерлердің сатып алушыдан ақша алғаны туралы мəліметтер жоқ, (бірақ, бұл жағдайда сенімхаттың болуын мəміленің жасалғандығының жазбаша дəлелдемесі деп тануға болады). Степногор қаласы əділет басқармасының анықтамасына сəйкес Е. 2003 жылғы 13 ақпанда қайтыс болған, Т. Астана қаласына көшіп кеткен, О. РФ-ға Омбы қаласына көшіп кеткен. Əділет басқармасының хабарламасы бойынша Е. Степногор қаласы, Н. мекен-жайы бойынша тіркелген. Бұған қарамастан, ол сотқа шақырылмаған, талап қанағаттандырылып, П. мен жауапкерлер арасындағы мəміле жарамды деп танылған, ал жоғарыда көрсетілген мəн-жайлар болғанда, жауапкерлердің біреуін болса да сотқа шақыру мүмкіндігі болған еді. ҚР АК-нің 118-бабының 1-тармағына сəйкес, жылжымайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы жəне тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Сондықтан да меншік иесі өзінің құқықтарын мемлекеттік тіркегеннен кейін ғана жылжымайтын мүлікке қатысты мəмілені жасасуға құқылы. Сонымен қатар, даулы тұрғын үйге жауапкерлердің осындай тіркеуді жүргізуі туралы мəліметтер болмағанда да, мəмілені жарамды деп тану туралы талаптарды соттар қанағаттандыратын жағдайлар кездеседі. Осылай, азаматша Г. С-дан үйді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінген. ОҚО əділет департаментінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №34/11 анықтамасына сəйкес, Арыс қаласы, Н. мекен-жайы бойынша орналасқан даулы үйге меншік құқығы ешкімге тіркелмеген. Бұған қарамастан, талап қанағаттандырылып, талапкер мен жауапкер арасындағы мəміле жарамды деп танылған. Сонымен, сот С-ның үйге тіркелмеген меншік құқығын заңдастырды, ал сотқа мұндай талап түспеген. Жауапкерлерге істі қарау күні мен орны туралы тиісті хабарланғаны туралы дəлелді мəліметтер болмаған кезде, іске қолмен «пошта арқылы» деген белгі қойылған қолхаттар тіркеліп, сотқа шақыру қағазының жөнелтілгенін растайтын пошталық құжаттар болмағанда, соттар істерді қарай береді. Т.-ның пəтерді сату-сатып алу мəмілесін жарамды деп тану туралы талабы бойынша істе Қаратал ауданы əділет басқармасының хабарламасынан пəтерді сатушы Е-ның ШҚО, Бородулиха ауданы, Н. мекен-жайына көшіп кеткені белгілі болды. Алайда, сот оған талап арыздың көшірмесін жібермеген, іс оның қатысуынсыз қаралды. С.-ның ол мен Т. арасындағы мəмілені жарамды деп тану туралы талап арызында жауапкер ретінде əділет департаменті көрсетілген. Кейін С. сотқа қосымша талап арыз берген, онда ол соттан (сөзбе-сөз) «Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылы, Н. мекен-жайы бойынша орналасқан 3 бөлмелі тұрғын үй пəтерін кейін меншік құқығын беріп, С.-ның пайдалануын жəне билік етуін тануды» сұраған. Сот талап мəнін нақтыламай жəне мəміле тараптарын анықтамай талапкер мен Т. арасындағы мəмілені жасалған деп таныды, ал ол жарамды деп танылуы мүмкін еді. Мəмілені жарамды деп тану туралы талаптарды тұрғын үй-жайларды сатушыларға емес, əкімдіктерге талап қою жағдайлары кездеседі. Осылай, В. 2006 жылғы 9 тамызда ауызша келісім бойынша Б. мен А.-дан пəтерді сатып алу туралы мəмілені жасалған деп тану жəне осы пəтерге құқық меншігін белгілеу туралы талаппен Есік қаласының əкімдігіне жүгінген. Талап арыздың мазмұнынан сатушы Б. 2006 жылғы 21 тамызда, ал А. 2008 жылғы 7 қыркүйекте қайтыс болғаны белгілі болды. Істі қарауға дайындау барысында талапкер талаптарын нақтылап, өзі мен Б. жəне А. арасында болған мəмілені жасалған деп тануды сұрады, бірақ жауапкерді ауыстыруды сұрамады (істің 33 парағы).
  • 16. ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. Соттың 2009 жылғы 13 наурыздағы шешімімен В-ның Есік қалалық əкімдігіне қойған талабы қанағаттандырылып, талапкер мен Б. жəне А. арасында жасалған мəміле жарамды деп танылды (ал жауапкер соңғысын талап арызда, сондай-ақ талапты нақтылау туралы арызда көрсетпеген). Бұл жағдайда сот мынадай əрекет жасауға: істің тараптарын белгілеуге, талаптың нысанасын нақтылауға жəне тараптар мəмілені нақты жасасқанын жəне сатушылар тірі болған кезінде оны дауламағанын ескеріп, талапкердің тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талаптың екінші бөлігін қанағаттандыруға тиіс еді. Бұл оқиғада мəмілені жарамды деп тану туралы емес, істі қарау кезінде сатушылардың тірі болмағандығынан, АК-нің 259-бабының негізінде меншік құқығын тану туралы талапты «Əкімдік аппараты» ММ-ге қоюға мүмкін еді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНІ 2 / 2010 Соттар АІЖК-нің 66-бабы 2-тармағының жəне 166-бабы 2-тармағының 1) тармақшасының талаптарын талап қою нысанасын нақтылау бөлігінде толық көлемде орындамайды. Осылай, К-нің Т-ға қойған қалап арызының мазмұнынан ол жауапкерден үйді 100 000 теңгеге сатып алғаны белгілі болды, ол туралы қолхат беріліп, үйдің құжаттары берілген. Бұған қарамастан, ол соттан мəмілені жарамды деп тануды емес, ал оның үйге меншік құқығын тануды сұраған. Сот, талаптың нысанасын нақтыламай-ақ, 2009 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Ж-ның даулы үйге меншік құқығын таныған. Осыған ұқсас, Н-ның Г.-ға қойған талап арызында мəмілені жарамды деп тану туралы емес, ал даулы пəтерге меншік құқығын тану туралы талап қойылған. Талап арыздың мазмұнынан талапкер жауапкерден пəтерді сатып алғаны, сатушыдан қолхат алғаны белгілі болды. Судья талап нысанасын нақтыламай, талапты қанағаттандырып, талапкердің пəтерге меншік құқығын таныған. Жекелеген соттар, бұрынғыдай, сот актілерін ресімдеу кезінде салақтыққа жол береді. Сот актісінің құрылымы анық болуға, ол стилистикалық жəне грамматикалық тұрғыдан дұрыс жазылуға тиіс. Сот актілерін сауатты жазу жəне ресімдеу судьяның кəсіби мəдениетінің жоғары деңгейін жəне сот қарауына қатысушыларға құрметін білдіруді көрсетеді. Сот актілерін ресімдеуде кездесетін қателер мен салақтық оның заңдылығы мен негізділігіне əсер етпегенімен, ол, сөзсіз, сот актісінің мағынасын қабылдауды нашарлатады жəне сот билігінің беделін түсіреді. Осылай, сотқа Ч. мен А.-нің Астана қаласындағы бірлескен пəтердегі үлесін бөліп шығару туралы Ч. А.-ға берген талап арызы сотқа келіп түскен. Осы талап арызды қабылдағаннан кейін, жауапкер А.-дан Ч. мен И.-ге олардың ортақ пəтердегі үлестерін тасталған деп тану жəне оның осы үлестерге меншік құқығын тану туралы қарсы талап арыз келіп түсті. Сонымен бірге, соттың қарсы талап арызды қабылдау туралы 2008 жылғы 18 қарашадағы ұйғарымында жəне істі сотта қарауға дайындау туралы сол күні шығарылған ұйғарымында ұқыпсыз қателік жəберілген, онда: «Ч.-ның жауапкер А.-ға қойған талап арызында талапкер Ч. сотқа жауапкер А.-ға пəтердегі үлесін тасталған деп тану жəне пəтерге меншік құқығын тану туралы талап арызбен жүгінген» деп көрсетілген. Демек, судья бастапқы талапкерлердің бірін талапкер деп, екіншісін жауапкер деп көрсеткен, ал қарсы талап бойынша шын талапкер А. мүлдем көрсетілмеген. Тұрғын үй-жайға меншік құқығының тоқтатылуы туралы дауларды қарау практикасы Меншік иелері тұрғын үйлерін сатпай немесе басқа тұлғаларға жалға бермей, ұзақ уақыт бойы үй-жайы туралы қандай да бір қамқорлық білдірмей, оны қалдырып кетуі жəне өзінің оған меншік құқықтарынан бас тартуы ниетін анық білдіретін əрекеттер жасаған жағдайлар тұрғын үй-жайларға меншік құқығының тоқтатылуы туралы даулардың туындауы үшін негіздемелер болып табылады. Осындай даулар бойынша талапкерлер əкімдіктер немесе «Түрғын үй қатынастарының бөлімдері» ММ болып табылады. Əкімдер құқықтық қатынастардың дербес субъектілері болмағанымен, олар жекелеген жағдайларда меншік құқығының тоқтатылуы туралы талап қояды. Осылай, Степногор қаласының əкімі қала тұрғындары- Е-нің, А-ның, Б-ның, Р-ның, Дның, М.-ның меншік құқықтарын тоқтатып, пəтерге коммуналдық меншік құқығын тану туралы талаппен сотқа жүгінген. 16