2. бюллетень верховного суда 2012 года

1,814 views

Published on

0 Comments
0 Likes
Statistics
Notes
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

No Downloads
Views
Total views
1,814
On SlideShare
0
From Embeds
0
Number of Embeds
126
Actions
Shares
0
Downloads
9
Comments
0
Likes
0
Embeds 0
No embeds

No notes for slide

2. бюллетень верховного суда 2012 года

  1. 1. МАЗМҰНЫ СОТ АКТІЛЕРІ ҮЗІНДІЛЕР СОТ АКТІЛЕРІ ҮЗІНДІЛЕР Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулылары...........4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулылары..................................10 ШЕШІМДЕР Судьялардың республикалық тәртіптікбіліктілік алқасының шешімдері......................13 ТАЛДАУ. ТҮСІНДІРУ. ТҰЖЫРЫМ. ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰРАЛ Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу...........................................................16 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  2. 2. СОДЕРЖАНИЕ СУДЕБНЫЕ АКТЫ ИЗВЛЕЧЕНИЯ Постановления надзорной судебной коллегии по гражданским и административным делам Верховного Суда Республики Казахстан........................................28 Постановления надзорной судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан..............................55 КОММЕНТАРИЙ Производство по уголовным делам в судебных инстанциях (по Закону РК от 9 января 2012 года).........................................61 АНАЛИЗ.ТОЛКОВАНИЕ.ВЫВОДЫ ОБЗОР ОБЗОР судебной практики по гражданским делам по вопросам применения таможенного законодательства...................................................78 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 3
  3. 3. ҮЗIНДIЛЕР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ҚАУЛЫЛАРЫ Жауапкер тиісті түрде сотқа шақырылмай, іс оның қатысуынсыз қаралғандықтан ол заңды құқығын қорғай алмаған (үзінді) қаулы 3гп-883-11 Талапкер Б. зайыбы А. екеуінің ортақ некесінен 2008 жылғы 2 қыркүйекте туған баласы М.-ны өзінің тәрбиелеуіне беруді сұрап сотқа талап арыз берген. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2011 жылғы 15 маусымдағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, М. кәмелеттік жасқа толғанша әкесінің қолында тұратын болып белгіленген. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. А. сот шешімімен келіспей, іс өзінің қатысуынсыз қаралғанын, сол себепті заңды құқықтарын қорғай алмағандығын көрсетіп, сот шешімін бұзуды сұрап Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген. Қадағалау сот алқасы азаматтық істің материалдарын зерттеп, дау айтылған сот актісінің күшін төмендегі негіздерге байланысты бұзған. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс құжаттарына және өтініш деректеріне қарағанда, Б. Қазақстан Республикасы Әскери Қарулы күштерінде капитан шеніндегі офицер болғандықтан, ерлізайыптылар Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы әскери қалашықта тұрған. Бірақ соңғы кездері Б. өз отбасына немқұрайлы қарап, А.-ға менсінбеушілік танытып, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасаған. Отбасындағы келеңсіз қарым-қатынастарға орай, А. 2011 жылғы сәуір айында Семей қаласында тұратын анасының үйіне уақытша кетіп қалған. Күйеуінің тарапынан татуласу ниеті болмағанан кейін, А. ұлы М.-ны өзі тәрбиелейтінін айтқан. Осы сөзден кейін Б. баланың тәрбиесіне алимент төлемейтінін айтып, екі жастағы баланы күштеп алып кетіп, Қызылорда облысы, 4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  4. 4. ҮЗIНДIЛЕР Шиелі ауданында тұратын әке-шешесінің қолына апарып тастаған. Бірақ араларында қаншама түсінбеушіліктер болса да, ерлі-зайыптылар телефон арқылы бірбірімен хабарласып жүрген. Талапкер Б. 2011 жылғы тамыз айының аяғында татуласу ниетімен Семей қаласында анасымен бірге тұрып жатқан А.-ға келіп, өзінің әскери қызметі Қызылорда облысына ауысатынын, енді сол жаққа көшетіндерін айтқан. Және әскери қызметі Қызылорда облысына ауысып, ата-анасына жақын болуға мүмкіндік алу үшін баланың тәрбиесін өзіне беру туралы сотқа арыз бергенін, соттың сондай шешім шығарғанын, бірақ бұл шешімнің екеуінің отбасылық қатынастарына ешқандай ықпалы жоқтығын айтып А.-ны сендірген. Содан кейін А. күйеуіне ілесіп Қызылорда облысы, Шиелі ауданына тұратын оның әке-шешесінің үйіне көшіп барған. Алайда кейіннен Б.-ның әскери қызметі ауыспағанын білген. Жаңа орында А.-ны күйеуіне қоса ата-енесі бірге жәбірлеп, қорлауының салдарынан ол қатты жан күйзелісіне ұшыраған. Күйеуі мен ата-енесі А.-ны үйден қуып жіберіп, баласын алып қалған. АІЖК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 2) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес, сот шешімі өтініштің не наразылықтың деректеріне қарамастан бұзылуға жататындығы қарастырылған. Бұл ретте өтініш иесінің сотқа тиісті түрде шақырылып, істің қарауына қатыстырылмағандықтан өз мүддемді қорғай алмадым, ана ретіндегі құқығым бұзылды деген уәждері орынды. Сондықтан іс бойынша қабылданған сот шешімін заңды және орынды деп тануға болмайды, оның күші жойылуға, ал іс сотқа қайта қарауға жіберілуге жатады. Істі қайта қараған кезде, сот жоғарыда аталған кемшіліктерді жойып, тараптарды іске қатыстырып, олардың деректерін жан-жақты тексеріп, іс бойынша алынған дәлелдерге заң тұрғысынан баға беріп, заңды және негізді шешім қабылдауға тиіс. 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 5
  5. 5. ҮЗIНДIЛЕР Адвокаттар алқасының мүшесін қызметтен босату туралы қаулы қабылдауға тек жалпы жиналыс құзыретті екенін сот ескермеген (үзінді) қаулы 3гп-18-12 Талапкер А. жауапкер Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының (бұдан әрі – Адвокаттар алұасы) қаулыларын жарамсыз деп тауып, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2010 жылғы 9 сәуірдегі ұйғарымы бойынша Адвокаттар алқасының 2010 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен А.-ны бұрынғы қызметіне қайта орналастырған, осы алқаның 2010 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен А.-ны қызметінен қайта босатқан жалпы жиналыстың шешімдері азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деп танылып, АІЖК 247-бабының 1-тармағына сәйкес іс өндірістен қысқартылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 7 маусымдағы ұйғарымымен аудандық соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2010 жылғы 2 шілдедегі шешімімен Адвокаттар алқасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен А.-ны алқа мүшелігінен босатуы заңсыз деп танылып, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру туралы оның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Аталған соттың кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 14 қазандағы қаулысымен апелляциялық сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. А. іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, олардың күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрап, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасына өтініш берген. Қадағалау сот алқасы іс бойынша талапкер мен оның өкілінің өтінішті қолдаған түсініктерін, Адвокаттар алқасы өкілінің қарсы пікірін тыңдап, прокурор-дың сот қаулыларының күші жойылып, іс сол сотқа қайта қарауға жолдануға жатады деген қорытындысын ескеріп, іс құжаттарын зерттеп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, істі сотқа қайтадан қарауға қайтарды. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың неме- 6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  6. 6. ҮЗIНДIЛЕР се іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Соттар А.-ның талап арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген негізбен, АІЖК-нің 247-бабының 1-тармағын басшылыққа алып, істі өндірістен қысқартқан. Бұл шешімдер Адвокаттар алқасы Жарғысының 5.2.9тармағына сілтеме жасалып қабылданған, алайда, бұл ретте Адвокаттар алқасы басшылығының шешімдеріне қарсы берілген адвокаттардың шағымдарын қарау адвокаттардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататындығы туралы жалпылама түсініктеме ғана қарастырылған. Демек, адвокатты алқа мүшелігінен шығару үшін негіз ретінде Жарғының бұл тармағын басшылыққа алуға келмейді, себебі, ол алқаның жалпы іс-әрекеттерін көрсететін ереженің бір бөлігі ғана болып табылады деген А.-ның пікірін соттар ескермеген. Осы Жарғының 5.2.3 және 5.4-тармақтарына сәйкес, адвокаттар төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссияның төрағасын адвокаттар қоғамының жалпы жиналысында жасырын түрде дауыс беру арқылы сайлайды, сондай-ақ Жарғының 5.10-тармағының талабына сәйкес, адвокаттар төралқасы, оның төрағасы жалпы жиналыста, жасырын дауыспен 4 жыл мерзімге сайланады. Жарғының 5.6-тармағының талабы бойынша осы органдардың (5.2.11 және 5.2.12) мүшелері мен басшыларын мерзімінен бұрын кері шақырту туралы мәселе адвокаттар алқасы мүшелерінің ¼ бөлігінің ұсынымы бойынша жалпы жиналыста қаралады. Жарғының 5.2.3, 5.2.7, 5.2.11, 5.2.12-тармақтарына сәйкес, жиналысқа қатысушылардың 2/3 даусы болған жағдайда аталған мәселелер бойынша шешім қабылданады. Бұл ретте Адвокаттар алқасы даулы қаулыларды қабылдағанда Жарғының көрсетілген тармақтарының талаптарын сақтамаған деген арызданушының уәждері назарға алынбаған. Сонымен қатар, А.-ның өзіне қатысты қаулы қабылдағанда Адвокаттар алқасының «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31бабы 1-бөлігінің 2) және 5) тармақтарына сілтеме жасауы орынсыз, себебі, адвокаттар алқасының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе адвокаттардың жалпы жиналысының ғана құзырына жатады, яғни Адвокаттар алқасы даулы шешімдерді қабылдаған кезде Жарғы мен заң талаптарын сақтамаған деген уәждері орынды. Бірақ олар соттардың назарынан тыс қалған. Сонымен бірге, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2010 жылғы 19 сәуірдегі ұйғарымындағы Адвокаттар алқасының шешімдері сот отырысында қаралуға жатпайды деген тұжырымдар заң талаптарына қайшы келеді. Бұл жағдай 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 7
  7. 7. ҮЗIНДIЛЕР талапкердің мүддесін қорғауға кедергі келтіреді. А.-ның Адвокаттар алқасының қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылса да, жоғарыда келтірілген сот ұйғарымдары күшінде қалса, талап арыздың мақсаты орындалмайды деген деректері назар аударатын жағдайлар болып табылады. Себебі, Адвокаттар алқасының 2010 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен А. төрағалық қызметіне бекітілгеніне қарамастан, алқаның 2010 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен сол төрағалық орынға Т. қайта бекітіліп отыр. Сондай-ақ А.-ның үстінен қылмыстық іс қозғалуы оны адвокаттар алқасы төрағасының қызметінен босатуға себеп болған. Алайда Түркістан қаласы прокурорының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен оған қатысты қозғалған қылмыстық іс оның іс-әрекетінде қылмыс белгісінің болмауына байланысты өндірістен қысқартылған. Осы орайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес, адамның қылмыс жасағандығын бекітетін соттың заңды күшіне енген үкімі болмаса, ол кінәсіз деп саналады деген арызданушы деректері ескерілуге жатады. Сонымен қоса А.-ның жалпы жиналыстың шешімінсіз 1 327 700 теңгеге автокөлік сатып алуы, оны адвокаттар алқасының мүшелігінен шығаруға себеп болды деп көрсетілген даулы қаулыда. Бірақ төралқа отырысының 2008 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен осы автокөлікті сатып алу үшін 1 327 700 теңге ақша бөлінгендігі ескерілмеген. Сол төралқа отырысына қатысып, автокөлік сатып алуға ақша бөлу туралы шешім қабылдаған Т., С., К. және басқа төралқа мүшелерінің А.-ны қызметінен босату туралы қаулы қабылдауының қандай заңдық негізі бар деген талапкер өкілінің уәжі орынды. Алайда олар да сот назарынан тыс қалған. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарамастан, соттар «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-бөлігінің 2) және 5) тармақтарына және Адвокаттар алқасы Жарғысының 4.10.1-тармағына сүйеніп, Адвокаттар алқасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен А.-ның Адвокаттар алқасының мүшелігінен босатылуын заңды деп тапқан. Алайда Жарғының аталған тармағында Әділет министрлігінің талабы бойынша адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу негіздемелері ғана қарастырылған. А.-ға қатысты ондай мәселе іс жүзінде туындамаған. Керісінше, 2010 жылғы 6 қаңтарда Әділет министрлігі Адвокаттар алқасының А.-ға қатысты 2009 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысын қайта қарап, оның күшін жоюды сұрап ұсыныс берген. Бұл ұсыныс орындалмаған, сондықтан А. талап арызбен сотқа жүгінген. Аталған жағдайларды назарға алып, соттар «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 нормативтік 8 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  8. 8. ҮЗIНДIЛЕР қаулысының 5-тармағында, Еңбек кодексінің 172-бабында қарастырылған мерзімдер (3 ай) дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімінің қарар бөлігінде оны көрсетіп, дауды мәні бойынша шешеді деген норманы өз қаулыларында ескерген. Арызданушы соттың бір ай мерзімді өткізіп алды деген тұжырымын орынды деп санауға негіздер жоқ деп есептейді, себебі, талапкер Әділет министрлігіне жүгінген, Адвокаттар алқасы министрліктің ұсынысын орындамағаннан кейін ғана сотқа жүгінген. Алайда А. талап беру мерзімін белгісіз себептермен өткізіп алды деген сот тұжырымы іс материалдарындағы мәліметтерге сәйкес тексерілмей қалған. Сондықтан соттардың талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру негіздемесі ретінде АК-нің 179-бабының 3-тармағына сүйенуі күмән туғызады. Аталған жағдайлар дауды заң талаптарына сәйкес шешу үшін маңызы бар мән-жайлар толық анықталмай, тараптардың уәждері жан-жақты зерделенбей қалғандығын көрсетеді. Бұл ретте сот актілерін заңды деп тануға негіздер жоқ, сондықтан жоғарыда келтірілген дәлелдемелерге байланысты Адвокаттар алқасының 2010 жылғы 23 қаңтардағы және 2010 жылғы 6 ақпандағы қаулылары азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындықтан, істі қысқарту керектігі туралы сот ұйғарымдарының күші жойылуға тиіс. Сонымен қатар, Адвокаттар алқасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысын құзыреті бар жалпы жиналыс емес, құзыреті жоқ адвокаттар алқасының төралқасы, кворумы болмағанына қарамастан қабылдады, сондықтан қаулы заңсыз деп танылуға жатады деген А.-ның деректері де соттардың назарынан орынсыз тыс қалған. Талап арыздың бұл бөлігі Адвокаттар алқасының жалпы жиналысының басқа шешімдерімен тікелей байланысты болғандықтан, іс бойынша қабылданған сот актілерін заңды және орынды деп тануға болмайды. Олардың күші жойылып, іс сотқа қайта қарауға жіберілуге жатады. 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 9
  9. 9. ҮЗIНДIЛЕР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ҚАУЛЫЛАРЫ Өкім, шешім шығаруға өкілеттігі жоқ адамның әрекетін сот лауазымды адамның қызметтік жағдайын пайдалануы деп қате саралаған (үзінді) қаулы 2уп-33-12 Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының №2 сотының 2011 жылғы 9 тамыздағы үкімімен, Қ., бұрын сотталмаған: ҚК-нің 311-бабының 2-бөлігімен 5 жылға мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 4 қазандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен Қ. лауазымды адам бола тұра, қызметтік жағдайын пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін пара алғанына кінәлі деп танылған. Қорғаушы А. сотталған Қ.-ның мүддесін қорғап қадағалау алқасына берген өтінішінде сот қаулыларымен келіспей, іс бойынша жинақталған дәлелдемелер күмәнді, сот тергеуі біржақты және толық еместігін көрсетіп, сот тұжырымы істің нақты мән-жайына сәйкес келмесе және дәлелдемелер күмәнді болса, істегі сейілмеген күдіктер айыпталушының пайдасына шешілуге тиіс деген заң талабына сәйкес, сот қаулыларының күшін жойып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған. Қадағалау сот алқасы қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, сотталған Қ.-ға қатысты сот қаулылары төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді. Қылмыстық істегі дәлелдемелерге қарағанда, Қ. Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасының Сазды полиция бөлімінің көші-қон полиция бөлімшесі инспекторының қызметін атқаратын лауазымды адам бола тұра, Ресей Федерациясының азаматы С.-ның Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғандығы туралы ӘҚБтК-нің 394-бабы 2-тармағымен хаттама жасауы керектігін 10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  10. 10. ҮЗIНДIЛЕР біле тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы құжатты толтырмай, 30 000 теңге пара алған. Сотталған Қ.-ның осы қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі екендігі алдын-ала тергеуде жинақталып, тергеліп, сотта жан-жақты және толық тексерілген дәлелдердің жиынтығымен толық бекітілген. Алайда Қ.-ның әрекеттеріне тергеу және сот органдары заңдық тұрғыдан дұрыс баға бермеген. Соның салдарынан оның қылмыстық әрекеті дұрыс сараланбаған. Қ. лауазымды адам ретінде пара алды деген сот қорытындысы істегі дәлелдерге сәйкес келмейді. ҚК-тің 307-бабының 3-тармағында көрсетілген ескертулерге сәйкес, тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша биліктің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрылымдарында ұйымдастырушылықәкімшілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар болып саналады. Көші-қон полициясы Ішкі істер министрлігіне қарайтындықтан оның лауазымды тұлғалары билік өкілдері ретінде танылады. ҚК-нің 320-бабының ескертуіне сәйкес, қызмет жағынан тәуелсіз адамдарға қатысты заңмен белгіленген тәртіпте өкім ету өкілеттігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары билік өкілдері деп танылады. Лауазымды тұлғаның өкім ету өкілеттілігіне оның басқа тұлғаға қатысты бұйрық, қаулы, шешім, үкім шығару және басқада осыларға ұқсас әрекеттерін жатқызуға болады. Ресей азаматы Ш.-ның жауаптарында қарағанда ол уақытша тіркеу құжатын созуды бір күнге кешіктіріп алған. Көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы Қ. тіркеу құжатын созуды кешіктіргені үшін әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама жасайтынын және материалды соттың қарауына жіберетінін айтып, осы әрекеттерді жасамау үшін ақша сұраған. Ш. оған 30000 теңге әкеліп берген. Куәлар : Н., М. өз жауаптарында Қ.-ның қызметтік құзіреттеріне сәйкес, құқық бұзушылық туралы материалдар жинауға ғана құзырлы екенін көрсеткен. Сотқа ұсынылған ресми құжаттар мен дәлелдемелер бойынша Қ. Ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жинауға, яғни құқық бұзушыдан түсініктеме алуға, хаттама толтыруға, соттылығы туралы анықтама және басқа да құжаттарды дайындауға, содан кейін материалдарды полиция бөлімінің 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 11
  11. 11. ҮЗIНДIЛЕР көші-қон полиция бөлімшесінің бастығының бекітуімен әкімшілік сот қарауына жіберуге міндетті екені анықталған. Ал шетелдік азаматтың көші-қон карточкасының мерзімін ұзарту немесе осы мерзімді бұзған адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, жаза қолдану Қ.-ның қызметтік міндетіне кірмеген. Осыған орай, қадағалау сот алқасы Қ.-ны лауазымды адамдар қатарына жатқызуға болмайды деген қорытындыға келді. Алайда сотталған Қ. лауазымды тұлға болмаса да мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға ретінде пара берушінің пайдасына әрекет жасау үшін ақша түрінде пара алған. Сондықтан оның қылмыстық әрекеті ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігімен қайта саралануға жатады. Сотталған Қ.-ның қылмыстық әрекетін қайта саралау нәтижесінде оның іс-әрекеттері ауыр қылмыс санатынан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауысатындықтан, оның бірінші рет қылмыстық жауапқа тартылып отырғанын және жеке басының мінездемелерін ескеріп, жазаны жеңілдетіп, ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігімен қайта жаза тағайындауға негіз бар. Қадағалау сот алқасы ҚІЖК-нің 467-бабы 1-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып сотталған Қ.-ға қатысты сот үкімін өзгертіп, оның қылмыстық әрекетін ҚК-нің 311-бабының 2-бөлігінен осы баптың бірінші бөлігіне қайта саралап, оған бес жыл мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыру, мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, сотталған Қ.-ны негізгі жазасының қалған бөлігін өтеуден және қамаудан босатты. 12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  12. 12. ШЕШIМДЕР Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының Ш Е Ш І М ДЕРІ Судьяға тәртіптік жаза тағайындағанда тәртіп бұзушылықтың сипаты мен мәні, судьяны мінездейтін деректер, кінәсінің дәрежесі ескерілуге тиіс (үзінді) Қызылорда облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының 2011 жылғы 9 тамыздағы шешімімен Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.-ға көпсалалы тауар биржасы АҚ өткізген сауда-саттықты жарамсыз деп тану және № 29 санды сауда-саттықтың қорытындысы жөніндегі хаттама мен № 30 санды сауда саттықтың қорытындысы жөніндегі хаттаманы жарамсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарау барысында өрескел заң бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жаза ретінде «сөгіс» жарияланды. Судья С. өзінің тәртіптік жауапкершілікке тартылуын негізсіз және заңсыз деп санап, Қызылорда облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының шешімін бұзып, істі өндірістен қысқартуды сұраған. Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы өз шағымын қолдаған судья С.-ның сөзін, Жоғарғы Сот Төрағасы өкілінің тәртіптік іс негізсіз қозғалғандықтан қысқартылуға жатады деген пікірін тыңдап, судьяның шағымы төмендегі мән-жайларға байланысты қанағаттандырылуға жатады деп есептейді. Судья С. жоғарыда көрсетілген талап арызды қарау барысында іс құжаттарының заңға сәйкес ұсынылмағанын, атап айтқанда, жауапкерлердің СТН, банктік реквизиттері көрсетілмегенін, хаттаманы бұзу туралы талаптың заңға сілтеме жасалған негіздемесі, заңды тұлғаның қандай құқығы бұзылғаны немесе құқығының бұзылу қаупінің мәні көрсетілмегенін, талаптарды негіздейтін нақты құжаттар тіркелмегенін (сауда саттыққа қатысу үшін брокермен немесе трейдермен жасалған шарттар, заңды тұлғаның сауда саттыққа қатысу жөнінде жазған өтініші және т.б. құжаттар), сондай-ақ талапта көрсетілген №29 және №30 саудасаттық хаттамаларының тұпнұсқалары тіркелмегенін анықтаған. АІЖК-нің 83-бабының 3-тармағына сәйкес, сотқа ұсынылатын құжаттар тұпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған нұсқада тапсырылады. 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 13
  13. 13. ШЕШIМДЕР Аталған талап арыз АІЖК-нің 150, 151-баптарының талаптарына сай болмауына орай, судья С. оны қозғалыссыз қалдырып, рәсімдеу барысында жіберген кемшіліктерді жою үшін уақыт берген, кейіннен көрсетілген кемшіліктер жойылмаған соң, талап арызды талапкерге қараусыз кері қайтарған. Істі апелляциялық сатыда қараған судья талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін іс жургізу заңдарында қарастырылған кемшіліктер болмағанын көрсетіп, ұйғарымды бұзған. Сонымен қатар, заңда қарастырылмаған негіздермен талап арызды қозғалыссыз қалдыру, кері қайтару арқылы істі созбалаңға салу талапкердің бұзылған құқығын сот арқылы қорғау құқығын шектеп, азаматтардың сот билігіне сенімін төмендетті деп көрсетіп, судья С.-ның үстінен жеке ұйғарым шығарған. Қызылорда облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасы судья С.-ға заң талаптарын бұзуға жол бергені үшін тәртіптік жаза ретінде «сөгіс» жариялаған. Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының мұндай шешімі заң талаптарына қайшы келетіндіктен бұзылып, тәртіптік іс өндірістен қысқартылуға жатады. Судья С. шағымында апелляциялық алқаның ұйғарымына орай, кемшіліктері жөнделмеген, тіпті тиісті тұлға қол қоймаған талап арызды қайта қабылдауға, қарауға мәжбүр болғаны, талапкер өз уәждерінің дәлелі ретінде ұсынуға тиісті құжаттарды сотқа ұсынбағандықтан сот отырысын бірнеше мәрте кейінге қалдыруға, жауапкерлерден барлық құжаттарды өтініп сұрауға тура келгені, істі мәні бойынша қарағанда талапкердің талабы негізсіз екендігі істегі барлық құжаттармен өз дәлелін тапқаны туралы жазған. Судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы тәртіптік іс қозғау барысында және судья С.-ға тәртіптік жаза түрін белгілегенде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 40-бабының 2-бөлігінің талаптарын орындамаған, яғни тәртіп бұзушылықтың сипаты мен мәнін, судьяны мінездейтін деректерді кінәсінің болмашы екендігін, судьяның талап арызды қайтаруы талапкердің сол негіз және сол нысан бойынша сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтірмейтінін назарға алмаған. Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 43-бабының 1-тармағын, 44-бабының 2), 4) тармақшаларын, «Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы Ережесінің» 38-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа алып, Қызылорда облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік комиссиясының судья С.-ға тәртіптік жаза ретінде «сөгіс» жариялау туралы шешімінің күшін жойып, тәртіптік істі өндірістен қысқартты. 14 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  14. 14. ШЕШIМДЕР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, судья еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады (үзінді) Жамбыл облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының 2011 жылғы 21 шілдедегі шешімімен Жамбыл облыстық сотының судьясы И.-ға еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде ескерту жарияланған. Осы шешіммен И.-ға қатысты қозғалған тәртіптік істің қылмыстық істі қарау барысында заң бұзушылыққа жол бергені жөніндегі бөлігі өндірістен қысқартылған. Судья И. өзінің шағымында судьялардың облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі заңға сәйкес келмейтінін, еңбек тәртібін өрескел бұзбағанын, тек бір мәрте жұмыстан 15 минут ерте кеткенін, 24 жыл судья қызметін атқарған кезеңде еңбек тәртібін ешуақытта бұзбағанын көрсетіп, тәртіптік-біліктілік алқасының шешімін бұзып, істі өндірістен қысқартуды сұраған. Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы шағымның уәждерімен танысып, Жоғарғы Сот төрағасының өкілінің пікірін тыңдап, судья И.-дың шағымын төмендегі мән-жайларға байланысты қанағаттандырды. Судьяны еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту заңда қарастырылмаған. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 39-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, судья еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігі көзделген. Жамбыл облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасы судья И. жұмыс күні аяқталудан 15 минут бұрын жұмыс орнын дәлелсіз тастаған, ол еңбек тәртібін өрескел бұзбағанымен, еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берген деген қорытындыға келіп, оған тәртіптік жаза ретінде ескерту жариялаған. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының мұндай шешімі заң талаптарына қайшы келетіндіктен бұзылып, тәртіптік іс өндіріспен қысқартылуға жатады. Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44, 46-баптарын, «Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік – біліктілік алқалары туралы Ереженің 38 -тармағының 5- тармақшасын басшылыққа алып, Жамбыл облысы судьяларының тәртіптік-біліктілік алқасының облыстық сот судьясы И.-ға тәртіптік жаза ретінде ескерту жариялау туралы шешімін бұзып, ол жөніндегі тәртіптік істі өндірістен қысқартты. 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 15
  15. 15. ТА Л Д А У . Т Ү С I Н Д I Р У . Т Ұ Ж Ы Р Ы М 2006 жылғы 16 қаңтарда ««Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануымен республикада алқабилер институтын енгізу басталды. Бұл заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне еніп, алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің заңнамалық тұғыры толыға түсті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Жоғарғы Сот судьясы Ә.Ж.Құрықбаевтың алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу практикасы мен өзекті мәселелерін талдауға арналған тәжірибелік оқу құралы жарық көрмек. Автор алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің құқықтық негізі, тәртібі туралы мәселелерді нақты сот практикасымен байланыстыра отырып талдайды. Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қарау кезінде жиі кездесетін кемшіліктер мен оларды реттеу шаралары жөнінде нақты ұсыныстар береді. Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу (тәжірибелік құралдан үзінді) Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу - қылмыстық істерді қарауға және шешуге халық өкілдерін тарту болып табылады. Бұл ретте сот құрамы бір жағынан қылмыстық оқиғаның (фактының) болған немесе болмағанын анықтау және қылмыс болған жағдайда жаза тағайындау мәселелерін шешуге құқық берілген кәсіпқой емес алқабилерден, екінші жағынан барлық мәселені құқықтық тұрғыдан шешуге құқылы кәсіпқой судьядан тұрады. Алқаби – санасы заң қағидаттарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде тек арұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын алқа құрамына қылмыстық істер жүргізу заңының талабына сай іріктеліп алынған адам. Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу нысандары енгізілгеннен бастап жылдан жылға алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау еселенуде. 16 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  16. 16. ТА Л Д А У Мысалы, 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 42, 2009 жылы – 59 қылмыстық іс қаралса, 2010 жылы алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер саны бірнеше рет өсті. 2010 жылы республиканың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары алқабилердің қатысуымен 323 адамға қатысты 258 қылмыстық істі қарады. Алқабилер қатысқан сот 43 адамға қатысты ақтау үкімдерін шығарды. Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер санының өсуі мұндай сотқа деген халық сенімінің артуын, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту шараларының кеңінен қолданылуын көрсетеді. Сонымен бірге алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер санының көбеюі осы соттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты бірқатар проблемаларды туындатты. Бұл – алқабилерге кандидаттардың тізімдерін жасау сапасына, алқабилер алқасын қалыптастыруға, істі алдын ала тыңдауды ұйымдастыруға және сот отырысын жүргізуге, төрағалық етушінің алқабилермен арақатынасына, алқабилерге қойылатын сұрақтарды тұжырымдауға байланысты туындаған проблемалар. 1. Алқабиге кандидаттардың тізімін жасау «Алқабилер туралы» Қазақстан Респкбликасының Заңына (бұдан әрі –Заң) сәйкес, алқабилердi iрiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар iрiктелетiн жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен азаматтардан осы Заңның 10-бабында белгiленген, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкес келуiн тексеру үшiн қажет ақпаратты сұратуға құқылы. Жергiлiктi атқарушы органдардың сауалдарына жауаптар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей олардың мекен-жайына жiберiлуге тиiс. Облыс (Астана, республикалық маңызы бар қала) аумағында алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыруды уәкілетті атқарушы орган жүзеге 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 17
  17. 17. ТА Л Д А У асырады, сайлаушылардың тізімдерінің ішінен «кездейсоқ таңдау» жолымен жүзеге асырады. Уәкілетті органға тізімдерді қалыптастыруға тиісті өңірлік сот төрағасының ұсынымын алғаннан кейін бір ай мерзім беріледі. Бұл мерзім алқабилерге кандидаттардың өте сапалы тізімін жасау үшін жетпейді. Алқабиге кандидаттарды тексеру және заң талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды тізімнен алып тастау үшін жергілікті уәкілетті билік органдары құқықтық статистика басқармасына, АХАЖ органдарына, ішкі істер департаментіне, қаржы полициясына сауалдар жібереді. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті уәкілетті билік органдары бір айдың ішінде тексеру жүргізуге үлгермей, соттарға сапасыз жасалған тізімдерді асығыс жібереді. Сондықтан кейде тізімдерде алқабиге кандидаттардың тұрғылықты мекенжайлары, жұмыс орны, тіркелген жері дұрыс болмай шығады, тізімге кейде көзі көрмейтін, нашар еститін мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер, 65 жастан асқан азаматтар енгізіледі. Әдетте, сотқа жүзден екі жүзге дейін алқабиге кандидаттар шақырылады. Сотқа шақырылғандар толық келмейді. Кейде сотқа келген алқабиге кандидаттардың саны заңда көрсетілген 25 адамға да толмай қалады. Осының салдарынан соттар алқабилерге кандидаттарды толық қалыптастыра алмай, сот процесін бірнеше мәрте кейінге қалдыруға мәжбүр болады. Бұл ретте алқабиге кандидаттардың тізімдерін уақытында әрі сапалы жасау үшін жергілікті атқарушы органның құрылымында алқабиге кандидаттардың тізімін қалыптастыратын, бір жыл бойы алқабилерге кандидаттардың тізімін жасаумен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган құру қажет. Сондай-ақ облыстық және және оған теңестірілген қалалық соттардың төрағалары жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдарды жіберумен шектеліп қана қоймай, тізімдерді қалыптастыру кезінде белсенділік танытып, олармен тығыз жұмыс жасауға тиіс. Төрағалар өз ұсынымдарында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау үшін алқабилерге кандидаттардың қажетті санын нақты көрсетуі тиіс (мысалы, 5000-нан 10000-ға дейін кандидат). Бұдан басқа, алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына осы тізімдердің нақтылығы мен толықтығы үшін жауапкершілік жүктеу қажет. Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің сайлау тізімдерін тексеруді жүзеге асыру және қажет жағдайда, осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) 18 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  18. 18. ТА Л Д А У аумағында тұратын азаматтардың толық тізімін жасау үшін басқа да деректер қорын пайдалану міндеттерін заңнамалық тұрғыда бекіту дұрыс болар еді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, жергілікті атқарушы органдардың веб-сайттарында және атқарушы органдардың үй-жайларының ақпараттық қабырғаларында алқабилерге кандидаттардың тізімдерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарландырулар орналастыру практикасын қолдаған дұрыс. Азаматтардың алқабилерге кандидаттардың тізімдерімен еркін танысуын қамтамасыз ету қажет. Алқабилерге кандидаттардың сотқа келмеу проблемасын шешу үшін алқабилер жұмысының жауапкершілігі, міндеттері, маңызы және жұмыс істеу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн. Азаматтарды өз міндеттерін тиісінше орындауға көндіру үшін құқықтық тәсілдерімен бірге насихаттау, иландыру әдістерін біріктірген дұрыс. Жергілікті атқарушы органдардан алқабилерге кандидаттардың тізімін алғаннан кейін облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары облыстық сот аппаратының күшімен тізімге енген алқабиге кандидаттарға сауалнама жүргізуге тиіс. Сауалнама ұсынылған тізімдердегі алқабиге кандидаттардың лайықтылығын, олар туралы мәліметтердің дұрыстығы мен дәйектілігін тексеруге және соңғы тізімді жасауға көмектесер еді. Алқабилерге кандидаттардың тізімінің дұрыстығын және нанымдылығын тексеру үшін сауалнамалар жүргізу практикасы - уақыт талабы, сапалы сауалнама тізімге кездейсоқ адамдардың енуін едәуір азайтар еді. 2. Айыпталушының қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш жасау құқығы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы Заңымен алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. 2007 жылдан бастап қылмыстық іс жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылуда. 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 19
  19. 19. ТА Л Д А У Айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш жасау құқығы; істі алдын ала тыңдауды өткізу тәртібі; алқабилерді іріктеу және алқабилер құрамын қалыптастыру тәртібі; пайдалануға жарамсыз дәлелдемелерді алып тастау ережесі; тараптардың жарыссөз жүргізу, сот тергеуін жүргізу тәртібі; төрағалық етушінің жүгіну тәртібі; кеңесу бөлмесінде судьялар мен алқабилер жауап беруге тиісті сұрақтарды құрастыру тәртібі; кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс беруді жүргізу тәртібі; алқабилердің қатысуымен сот шығарған үкімдерге апелляциялық шағым жасау және наразылық білдіру тәртібі аталған заңмен анықталды. 2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңде сот қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделген қылмыстар бойынша істерді алқабилердің қатысуымен қарады. 2010 жылғы қаңтар айынан бастап іс жүргізу заңнамасы алқабилер сотының құзыретін кеңейтті. Аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарайтын мамандандырылған соттар құрылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 165, 166, 166-1, 167, 168 (бірінші бөлігі), 169, 233 (үшінші және төртінші бөлігі) – баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, алқабилердің қатысуымен қарастырылуы мүмкін барлық аса ауыр қылмыстар бойынша істер осы соттың қарауына берілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі ҚІЖК) 546-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мұндай өтінішті мәлімдеуге айыпталушының өзі ғана құқылы екенін атап өткен жөн. Айыпталушының қорғаушысы оның атынан мұндай өтініш жасауға құқылы емес. Алдын ала тергеу аяқталып, іс материалдары танысуға ұсынылған соң істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш жасау сияқты бастапқы рәсім өз ісін алқабилердің қатысуымен соттың қарауын қалайтын адамдардың құқықтарын шектейтін. Бұған қоса, айыпталушыға өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш айту құқығын түсіндіру туралы міндетті тергеушіге жүктеу оның іс жүргізу рөліне сәйкес келмейді, өйткені ол айыптау үкімінің шыққанына мүдделі. Алқабилердің қатысуымен қаралатын сот ісін жүргізу сот төрелігін жүзеге асырудың өте күрделі нысаны болып табылады және сотталушының құқықтарын сақтаудың қосымша кепілдіктерін қамтиды. Алдын ала тергеу органдары істің алқабилердің қатысуымен қаралуына мүдделі емес. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың 20 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  20. 20. ТА Л Д А У құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін, сондайақ сотта істің алқабилердің қатысуымен қарау мүмкіндігін толық жүзеге асыру мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, айыпталушыға алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарланып, іс материалдары танысу үшін ұсынылған кезде ғана емес, сондай-ақ келесі кезеңде, оның ішінде, басты сот талқылауы тағайындалғанға дейін айыпталушы өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімдеуге құқылы екені бекітілді. Сонымен, айыпталушы соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы құқығын қылмыстық іс жүргізудің келесі үш кезеңінде: 1) айыпталушыға алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарланған және істің барлық материалдары танысу үшін ұсынылған кезде; 2) прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысып, айыптау қорытындысын дайындаған кезде; 3) басты сот талқылауы тағайындалғанға дейін алдын ала тыңдау өткізілген кезде мәлімдей алады. Тергеушi алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн айыпталушыға iс материалдарын танысуға ұсынған кезде, судья алдын-ала тыңдауды жүргізген кезде оған өз ісінің сотта алқабилердiң қатысуымен қаралуы туралы өтiнiш беру құқығын ғана емес, сондай-ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкiмiне шағым жасау және шағымды қарау ерекшелiктерiн қоса, осындай өтiнiштi қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсiндiруге мiндеттi. Егер адам ҚІЖК-нің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, ҚІЖК-нің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, аса ауыр қылмыстардың кем дегенде біреуі кірсе, айыпталушы өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуы туралы ұсыныс жасауға құқылы. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса және кем дегенде олардың бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiш бiлдiрсе, қылмыстық іс барлық сотталушыларға қатысты алқабилердiң қатысуымен жүргiзiледi. Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарайтын сот құрамы айыпталушының кінәлі екендігі және жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде тең жағдайда жауап беретін бір судья және он алқабиден тұрады. Сонымен қатар, ҚІЖК-нің 569-бабының 10-бөлігіне сәйкес, судья кінәлі деп танылған адамның әрекетінің қандай қылмыс болып табылатынын және оның 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 21
  21. 21. ТА Л Д А У әрекетіне қылмыстық заңда көзделген қандай норма қолданылатыны туралы мәселені шешеді. Тергеушi тергеу әрекеттерi мен оның құқығын түсiндiру аяқталғандығын айыпталушыға хабарлау жөнiндегi хаттамада айыпталушының өз iсiнің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуы туралы не алқабилердiң қатысуымен қаралу құқығын пайдаланудан бас тартуы туралы өтiнішін көрсетуге мiндеттi. Қылмыстық іс сотқа беру үшін прокуратураға жолданғаннан кейін мәлімделген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді және ол осы іс қарауына жататын сотқа дереу жіберіледі. Алдын ала тыңдау кезінде сотталушының өз iсiнің сотта алқабилердiң қатысуымен қаралуы туралы өтiніші сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргiзiлгенге дейiн және алдын ала тыңдау барысында өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішінен бас тартуға құқылы. Айыпталушының өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтiнiшiнен бас тартуы алдын ала тыңдау барысында өтініш расталғаннан кейін қабылданбайды. Заң тергеуші мен судьяға соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауының артықшылықтарын түсіндіруді міндеттейтінін назарда ұстаған жөн. Бұл артықшылықтарға: а) заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелерді жарамсыз деп тану және оларды сот талқылауынан алып тастау; б) адвокат пен сотталушының жарыссөз кезіндегі мүмкіндіктерінің әлдеқайда кеңдігі; в) сотта сотталушының бұрынғы соттылығы жөнінде мәліметті жариялауға жол бермеу; г) судьяның, алқабилердің адамды кінәлі иә кінәсіз деп табуы жатады. Бұған қоса, тергеуші мен судья сотталушыға алқабилердің қатысуымен шығарылған сот үкіміне мәні бойынша емес, тек формальдық негіздері (қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу) бойынша ғана шағым жасай алатынын түсіндіруге міндетті. Айыпталушы алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн іс материалдарымен таныстыру кезiнен бастап, басты сот отырысы тағайындалғанға дейін аталған өтінішті мәлімдеуге құқылы. Басты сот отырысы тағайындалғаннан кейін айыпталушының өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы мәлiмдеген өтініші қабылданбайды. Айыпталушының өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қандай нысанда мәлімдеуі керектігі заңда белгіленбеген. 22 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  22. 22. ТА Л Д А У ҚІЖК-нің 276-бабына сәйкес, іс материалдарымен танысқаннан кейін айыпталушы жазбаша да, ауызша да өтініш мәлімдеуі мүмкін. Осыған байланысты, айыпталушы өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша мәлімдей алады деп санаймыз. Мұндай өтініштің мазмұны іс материалдарымен танысу немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Айыпталушының мұндай өтініші жазбаша түрде түскен болса, ҚІЖК-нің 546бабының 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, айыпталушының жазбаша өтінішінің мазмұны тергеушінің хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында міндетті түрде жазылады. Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргiзiлгенге дейiн және алдын ала тыңдау барысында өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы мәлiмдеген өтінішінен бас тартуға құқылы. Айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтiнiшiнен бас тартуы алдын ала тыңдау барысында өтініш расталғаннан кейін қабылданбайды. 3. Алдын-ала тыңдау және алқабилердің қатысуымен іс қараудың ерекшеліктері Істі алдын ала тыңдау – сот отырысы талқылауына дайындық кезеңдерінің бірі. ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес, судья аса ауыр қылмыстар бойынша алдын ала тыңдауды тараптардың қатысуымен өткізеді. Егер айыпталушының өз iсiнің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуы туралы өтiнiшi болса, судья алдын ала тыңдау өткізеді. Судья алдын ала тыңдауды соттың жабық отырысында жеке-дара, міндетті түрде прокурордың, өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлiмдеген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдауды өткізген кезде судья мына мән-жайларды: 1) айыпталушының өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қаншалықты дәйекті және саналы түрде мәлімдегенін, істі алқабилердің қатысуымен қарау, үкімге шағым жасау ерекшеліктерін қоса алғанда, мұндай өтініш қанағаттандырылған жағдайда оның заңдық салдарын айыпталушының түсінгенін; 2) іс бойынша бірнеше адам айыпталған жағдайда, олардың әрқайсысының 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 23
  23. 23. ТА Л Д А У iсті алқабилердің қатысуымен қарау туралы мәлімдеген өтініштерінің болуын немесе оған қарсылықтың болмауын; 3) іс материалдарынан алып тастауға жататын, алқабилердің қабылдауларына қолайсыз және заң бұзылып алынған, заңды күші жоқ дәлелдемелердің бар жоғын; 4) тараптар сот талқылауына ұсынатын дәлелдемелер шеңберін және тараптардың осы дәлелдемелерді ұсыну мүмкіндігінің қамтамасыз етілуін; 5) ҚІЖК-нің 303-бабында көрсетілген, басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың бар-жоғын, істі алқабилердің қатысуымен қарауға дейін жеткізбей, қосымша тергеу үшін қайтаруға негіздің бар - жоғын; 6) іс бойынша істі қысқартуға негіздің бар-жоғын анықтайды. Айыпталушының істі алдын ала тыңдауға қатысудан бас тарту немесе оның қатысуынсыз істі қарау жөніндегі өтініші тиісті түрде расталуы қажет. Айыпталушының өз iсiн алқабилердің қатысуымен қарау туралы немесе одан бас тарту туралы бұдан бұрын мәлiмдеген өтініші туралы мәліметтер ұсынылуы қажет. Екі немесе одан да көп адамға тағылған айып бойынша іс материалдарын зерделеу барысында, істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы айыпталушылардың әрқайсының ұстанымы көрсетілген хаттамалардың бар-жоғын тексеру қажет. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы ең болмаса бір сотталушының өтініші болған жағдайда, алдын ала тыңдау іс бойынша барлық сотталушылардың және олардың қорғаушыларының қатысуымен өткізілетіні белгіленген. Алдын ала тыңдау барысында алқабилер қатысатын сот бойынша айыпталушының ұстанымының үш нұсқасы болуы мүмкіндігіне назар аудару керек: а) алқабилер қатысатын сотта өз құқығын пайдалануға тілек білдіруі; б) алқабилер қатысатын соттан бас тартуы; в)іс бойынша бірнеше айыпталушылар болса, басқа айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішке қарсылық білдірмеуі. Судья сот отырысы басталғанда қандай істің қаралатынын жариялайды, отырысқа қатысушы тараптарға және басқа да қатысушыларға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы екенін хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсылықтарды шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Судья 24 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  24. 24. ТА Л Д А У сотталушының айыптау мәнін түсінгенін анықтайды, қажет жағдайда оған айыптау мәнін түсіндіреді және оның өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы берген өтінішін растайтын-растамайтынын сұрайды. Егер мұндай өтініш мәлімделмесе немесе мұндай өтінішті мәлімдеуден бас тартылса, онда судья заң талабы бойынша сотталушыға ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішін мәлімдеу құқығын қайтадан түсіндіруге міндетті. Сотта алқабилердің қатысуымен істер қаралғанда қорғаушының қатысуы міндетті екендігін атап өткен жөн. ҚІЖК-нің 73-бабының 2-бөлігіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды. Сондықтан айыпталушылардың кем дегенде біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішін мәлімдеген сәттен бастап қорғаушының қатысуы қамтамасыз етіледі. Егер алқабилер қатысқан сот қарайтын іс бойынша бірнеше адам айыпталса, оларға ҚК-нің қандай баптары бойынша айып тағылғанына қарамастан, барлығы қорғаушылармен қамтамасыз етілуге тиіс. Егер сотталушы ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өз өтінішін растаса, онда судья осы өтініштің қанағаттандырылғаны туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді. Іс бойынша бірнеше айыпталушы болып, біреуінің бас тартқанына қарамастан, екіншісі істің алқабилердің қатысуымен қаралуы туралы өтінішін растаса, онда сот істі алқабилердің қатысуымен қарайды. Егер іс бойынша бір айыпталушы болып, ол ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішін растамаса немесе одан бас тартса, ҚІЖК-нің 301-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да негіздер болмаған кезде, судья алдын ала тыңдау аяқталды деп жариялайды. Істі бұдан әрі жүргізу қалыпты тәртіппен жүзеге асырылады. Алдын ала тыңдау – алқабилер қатысқан сотта дәлелдемелерді жинау және бекіту кезінде жол берілген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуды жойуға мүмкіндік беретін және басты сот талқылауы үшін ұтымды жағдай жасайтын іс жүргізу кезеңі болып табылатынын атап өткен жөн. Істің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуы туралы судьяның қаулысы түпкілікті болып табылады. Қаулы қабылданғаннан кейін сотталушының өз ісін алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартуы мәселесі қайта қаралмауға тиіс. Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша судья мына шешімдердің бірін қабылдайды: 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 25
  25. 25. ТА Л Д А У 1) басты сот талқылауын тағайындау туралы; 2) қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы; 3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы; 4) қылмыстық істі тоқтату туралы. Судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда сот істі алқабилердің қатысуымен қарайтынын көрсетеді және сот отырысына шақырылуға тиіс алқабиге кандидаттардың санын анықтайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиіс. Заң шығарушы сотқа келуге тиісті алқабилерге кандидаттардың саны осындай болуы алқа құрамына мұқият іріктеуге және процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп есептейді. 26 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012
  26. 26. С I ЛТ Е М Е СОТ ПРАКТИКАСЫНА СІЛТЕМЕ (ақпан, 2012 жыл) 030.000.000. 030.001.000 030.002.000 060.000.000. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасы 4-бет Жауапкер тиісті түрде сотқа шақырылмай, іс оның қатысуынсыз қаралғандықтан ол заңды құқығын қорғай алмаған (үзінді) 030.000.000. 030.001.000 030.002.000 060.000.000. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасы 6-бет Адвокаттар алқасының мүшесін қызметтен босату туралы қаулы қабылдауға тек жалпы жиналыс құзыретті екенін сот ескермеген (үзінді) 170.000.000 180.000.000 190.000.000 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы 10-бет Өкім, шешім шығаруға өкілеттігі жоқ адамның әрекетін сот лауазымды адамның қызметтік жағдайын пайдалануы деп қате саралаған (үзінді) 2/2012 БЮЛЛЕТЕНЬ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 27
  27. 27. ИЗВЛЕЧЕНИЯ ПОСТАНОВЛЕНИЯ НАДЗОРНОЙ СУДЕБНОЙ КОЛЛЕГИИ ПО ГРАЖДАНСКИМ И АДМИНИСТРАТИВНЫМ ДЕЛАМ ВЕРХОВНОГО СУДА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Суд не вправе по своей инициативе изменять предмет или основание иска и в соответствии с частью 2 статьи 219 ГПК разрешает дело в пределах заявленных истцом требований (извлечение) постановление 3гп-3-12 К. обратилась в суд с иском к М. о взыскании долга в размере 7 766 127 тенге, мотивируя тем, что в период с июня по декабрь 2009 года с целью создания семьи проживала вместе с ответчиком в его домостроении в городе Шымкент мкр. Кайтпас-1. Она за счет своих сбережений провела строительно-монтажные работы по завершению строительства указанного домостроения, в частности, заказала рабочий проект на сумму 604 803 тенге, купила строительные материалы и инструменты на сумму 2 996 514 тенге. Для оснащения интерьера домостроения привезла из Китая бытовую, сантехнику и другой товар на общую сумму 1 389 945 тенге. Впоследствии по завершении строительства приобрела мебель, аксессуары для кухни и иное имущество на общую сумму 2 057 600 тенге. В дальнейшем отношения с ответчиком не сложились. На неоднократные просьбы вернуть принадлежащее ей имущество и затраченные средства на улучшения домостроения ответчик не реагирует. В связи с этим, просила суд взыскать с ответчика с учетом ставки рефинансирования 7 766 127 тенге и 433 601 тенге - за услуги представителя. Решением Аль-Фарабийского районного суда города Шымкента от 05 апреля 2011 года, оставленным без изменения постановлением апелляционной судебной коллегии Южно-Казахстанского областного суда от 13 июня 2011 года и постановлением кассационной судебной коллегии Южно-Казахстанского областного суда от 19 августа 2011 года, иск удовлетворен частично, с М. в пользу К. взыскан долг в размере 3 991 754 тенге, в остальной части исковых требований отказано. В ходатайстве М. просил отменить судебные акты, мотивируя тем, что вывод суда не соответствует материалам дела, и не дана надлежащая оценка обстоятельствам спора и представленным доказательствам. Надзорная судебная коллегия Верховного Суда принятые по делу судебные акты отменила и дело направила на новое рассмотрение по следующим основаниям. 28 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ БЮЛЛЕТЕНI 2/2012

×